Kerey.kz/Керей.кз » kerey.kz

Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?
Еуропа жүрегінде ашылған гештальт. Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

Елімізде Алматы халқы жаңа такси ашып, ал Шымкент халқы өзбек көршісімен бірге кешкі матчты тамашалайын деп отырғанда қазақ үмітін арқалаған Airbus моторын дүрілдетіп, Брюссельге ұшып кеткен болатын. Президент Тоқаев геосаяси қақтығыстар, сауда соғыстары, санкциялық қысым мен логистикалық тәуекелдер күшейіп жатқан бұл заманда Қазақстанның инвестиция үшін ең тыныш айлақ екенін тағы бір еске салу үшін бара жатқаны анық. Тура осы сапар алдында Fitch Қазақстанның ВВВ рейтингін растап, мықты аргументті қалтамызға салып жіберді. Брюссель Еуропа капиталының сөресі екенін білеміз. Сол сөреде жатқан миллиард еуро инвестицияға біз қол салғанда, бастысы ешкім “тәйт” демеуі керек.

Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесуі жай ғана дипломатиялық протокол емес. Бұл Қазақстанның Еуропадағы экономикалық позициясын күшейтетін маңызды саяси сигнал.

Бельгия көлемі жағынан шағын мемлекет болғанымен, Еуропаның қаржылық және логистикалық орталықтарының бірі саналады. Әлемдегі ең ірі порттардың бірі – Антверпен дәл осы елде орналасқан. Еуропалық Одақтың көптеген экономикалық және қаржылық шешімдеріне бельгиялық бизнес пен институттардың ықпалы жоғары.

Президент Тоқаевтың айтуынша, соңғы жиырма жылда Бельгиядан Қазақстан экономикасына тартылған тікелей инвестициялар көлемі 15 миллиард доллардан асқан. Бұл өте қомақты көрсеткіш. Бельгия Қазақстандағы ең ірі он инвестор елдің қатарына кіреді.

Бір қарағанда, екі ел арасындағы сауда айналымы аса үлкен емес сияқты көрінуі мүмкін. Былтырғы көрсеткіш 580 миллион доллардан асты. Бірақ мұнда басты мәселе көлемде емес. Маңыздысы, Бельгия Қазақстанды ұзақ мерзімді серіктес ретінде қарастыруын жалғастырып отыр.

Бүгінде елімізде бельгиялық капиталдың қатысуымен құрылған 110-нан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Соңғы жылдары Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Еуропа үшін Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі экономика және маңызды шикізат жеткізушісі болып отыр. Әсіресе сирек кездесетін металдар, жасыл энергетика, көлік дәліздері мен өңдеу өнеркәсібі бағыттарында қызығушылық артып келеді.

Бұл жерде Бельгияның рөлі ерекше. Себебі Еуропаға бағытталған көптеген логистикалық тізбектер дәл осы ел арқылы өтеді. Сондықтан Қазақстанның Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуы бельгиялық бизнес үшін де маңызды.

Тағы бір назар аударатын жайт – бүгінде Еуропа өндірісті Қытайдан толық әкетпесе де, жеткізу тізбектерін әртараптандыруға белсенді кірісті. Осындай жағдайда Қазақстан жаңа өндірістер мен инвестицияларды тартатын алаңға айнала алады. Оның үстіне еліміз Еуропа мен Азия арасындағы табиғи көпір қызметін атқарып отыр.

Президент Тоқаев пен Барт де Вевердің кездесуі осы тұрғыдан алғанда болашаққа жасалған инвестиция деуге болады. Себебі халықаралық капитал ең алдымен саяси тұрақтылыққа, болжамды саясатқа және сенімді әріптестікке келеді. Ал Бельгияның Қазақстанға қызығушылығы сақталып қана қоймай, жаңа бағыттар бойынша кеңейіп жатқаны еліміздің инвестициялық тартымдылығы әлі де жоғары екенін көрсетеді.

Қарапайым тілмен айтқанда, Еуропа Қазақстанға ақша салуды жалғастырып жатыр. Бұл біздің экономика үшін жақсы жаңалық.

Айбар Олжаев

Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.
Zhalgas Yertay

Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр

Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған.

Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды.

Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр?

Мәселе санға емес, санаға тіреліп тұрған сияқты. Біз тәуелсіз елі бар халық ретінде әлі күнге дейін өз күшімізді толық сезініп үлгермедік-ау.

Кейде қазақтар өзара қазақша сөйлесіп тұрып, орысша сөйлеуге ыңғайы бар адам келсе, бірден бәрі орысшаға көше салады.

Кейде қазақша сұрақ қойған адамға қазақтың өзі орысша жауап беріп тұрады.

Кейде баласы қазақша сөйлеп жүрсе де, ата-анасы оны орыс мектебіне береді. Себебі оның қазақша білгеніне емес, орысша білмей қалатынына алаңдайды.

Кейде мемлекеттік органда істейтін қазақ қызметкер қазақ азаматымен орысша сөйлесуді табиғи нәрсе деп қабылдайды.

Мұның бәрінің демографияға түк қатысы жоқ. Бұл психология мәселесі. Бірнеше ғасыр бойы тарихи санамызда қалған инерция. Ғалымдар мұны әртүрлі атап жатады ғой. Біреуі символдық үстемдік дейді. Басқасы тіл иерархиясы дейді. Енді бірі отарлық сананың сарқыншағы деп жатады. Атауы маңызды емес. Маңыздысы – құбылыстың өзі бар.

Біз кейде өз елімізде өз тілімізді қолдануға моральдық рұқсат сұрап тұрғандай көрінеміз. Ал шын мәнінде оған ешкімнен рұқсат сұраудың қажеті жоқ.

Қазақ тілі – осы елдің мемлекеттік тілі. Тарихи тілі. Осы жердің табиғи тілі. Қазақша сөйлеу ешкімге қарсы әрекет емес. Қазақша сөйлеу – қалыпты нәрсе.

Қазақша қызмет сұрау – қалыпты нәрсе.

Баласын қазақ мектебіне беру – қалыпты нәрсе.

Қазақша құжат жүргізу – қалыпты нәрсе.

Қазақша бизнес жасау – қалыпты әрекет.

Біз кейде мұны күрес, талап, саяси ұстаным сияқты қабылдаймыз. Бірақ шын мәнінде бұл – қалыпты өмір болуы керек.

Бірақ бар жауапкершілікті халыққа артып қою да дұрыс емес. Қазақтардың өз күшін сезінуі, әрине, маңызды.

Алайда мемлекет өз жауапкершілігін халықтың мойнына ысыра салмауы керек. Ал бізде қазіргі жағдай солай. Кез келген елде қоғамдық норманы алдымен билік қалыптастырады.

Егер министр қазақша сөйлемесе, әкім қазақша талап етпесе, мемлекеттік орган қазақша жұмыс істеуді міндет санамаса, онда қарапайым азаматтан талапшыл әрі батыл болуды күтудің өзі қисынсыз.

Адамдар биліктің әрекетіне қарап үйренеді. Мемлекет қандай тілді беделді деп көрсетсе, қоғам соған бейімделеді. Қазақстанда қазақ тілінің алдында тұрған ең үлкен қайшылық – осы.

Бір жағынан мемлекет қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялайды. Екінші жағынан мемлекеттік аппараттың едәуір бөлігі қазақ тілін басқару тілі ретінде емес, салтанатты жиындардың тілі ретінде қабылдайды.

Қазақша құттықтайды. Қазақша ән айтады. Қазақша концерт өткізеді. Бірақ шешім қабылдау, құжат әзірлеу, жұмыс жүргізу, талқылау басталған кезде орыс тіліне ауысып кете салады.

Бұл қоғамға нақты сигнал беріп тұр. Жұмыс жүргізу тілі басқа деген сигнал.

Сондықтан қазақ тілінің мәселесін тек қазақтардан іздеу жеткіліксіз. Мәселенің екінші жағы саяси ерікке келіп тіреледі.

Тарихқа қарасақ, әлемдегі ешбір тіл жай ғана нарықтың немесе демографияның күшімен толық үстемдікке жеткен жоқ. Француз тіліне Франция мемлекеті сүйенді. Неміс тіліне Германия мемлекеті сүйенді. Түрік тіліне Түркия мемлекеті сүйенді. Өзбек тіліне Өзбекстан мемлекеті сүйеніп отыр.

Ал мемлекеттік тілдің артында мемлекет тұрмаған жерде тілдің дамуы баяулайды.

Тіл халық саны аз болғандықтан емес, сол халық өз тіліне толық сенбегендіктен әлсіреген жағдайлар аз емес. Және керісінше де болған, кей тілдер халық өз күшін сезінген кезде күрт күшейген.

Қазір қазақ тілінің болашағын қазақтардың таңдауы мен мемлекеттің саясаты бірге анықтайды.

Егер қазақтар қазақша сөйлеуді табиғи норма деп қабылдаса, мәселенің жартысы шешіледі. Егер билік қазақ тілін шын мәнінде басқару тіліне айналдырса, қалған жартысы шешіледі.

Халық бір жаққа, билік бір жаққа тартқан жерде нәтиже баяу болады. Ал халықтың сұранысы мен мемлекеттің саясаты бір арнаға тоғысқан кезде тілдің күшеюі табиғи процеске айналады.

Қазақ тілінің ең үлкен проблемасы – қазақтардың өз күшін әлі толық бағамдап үлгермегенінде және мемлекеттің сол күшті толық мойындамай жатқанында деп ойлаймын.

Өз елінің иесі екенін сезінген халықтың қолдайтын билігі пайда болған кезде, ол тілдің болашағына сырттан ешкім ықпал ете алмайды.

Математик Henry Cohn 12 өлшемде 841 kissing arrangement табылғанын растады.
NU математика тобы үшін ғана емес, жалпы әлемдік математика қауымдастығында маңызды жаңалық.

Әріптестеріміз 12 өлшемді евклидтік кеңістіктегі kissing number үшін жаңа төменгі шекара тапты. Бұған дейінгі төменгі шекара 840-қа тең болатын және оны британ математиктері Джон Лич пен Нил Слоун 1971 жылы дәлелдеген еді. 55 жыл бойы математиктер бұл нәтижені жақсартуға тырысып келді. Енді ол нәтиже жақсарды:

12 өлшемде kissing number кемінде 841-ге тең.

Жаңа нәтиже терең математикалық идеялар мен қуатты GPU-есептеулердің үйлесімі арқылы алынды.

Сфералық кодтар мен шарларды тығыз орналастыру теориясының жетекші мамандарының бірі, MIT профессоры Henry Cohn (Maryna Viazovska-мен бірге 24 өлшемдегі әйгілі жұмыстың авторларының бірі) осы саладағы негізгі ақпарат көзі болып саналатын сайтты жүргізеді. Henry Cohn 12 өлшемде 841 kissing arrangement табылғанын растады.

Durvudkhan Suragan

Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста
Altyn Magauina

Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр.

Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі.

Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі.

Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде, адамгершілігінде, қиындыққа төтеп бере білуінде.

Өмір Ғалым мен жары Әлияға сынақтың сынағын берген екен. Алайда олардың қандай жағдайда да сабыр мен парасаттан айнымағандарына куә боп келе жатырмыз. Әсіресе балаларына деген шексіз махаббаты бен қамқорлықтары – нағыз ерлік пен ата-аналық адалдықтың үлгісі. Олардың күндіз-түні талмай жасап келе жатқан қамқорлықтары көпшілікке көрінбеуі мүмкін, бірақ оның қадірін Алла да, жақындары да біледі.

Ғалым – достыққа адал, сөзіне берік, жүрегі жұмсақ, жаны таза азамат. Біз Ғалымды қиын сәтте жаныңнан табылатын, қуанышта шын көңілмен қуана білетін, ешкімге жамандық ойламайтын асыл қасиеттері үшін ерекше құрметтейміз.

Осы айтулы мерейтойында Ғалым баурымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық пен береке тілейміз. Алла Тағала әрбір жасаған жақсылығыңның, әрбір төккен маңдай теріңнің сауабын еселеп қайтарсын.

Шаңырағыңнан қуаныш кетпесін, жүрегіңнен үміт үзілмесін.

Алдағы жылдарың бүгінгіден де жарқын, бүгінгіден де берекелі болсын. Халыққа қызмет етіп жүрген еңбегің еленіп, абыройың арта берсін.

Елу жасың құтты болсын, қадірлі бауырымыз!

Алла Тағала өзіңді және отбасыңды әрдайым қорғап, деніңе саулық, жаныңа тыныштық, өміріңе береке нәсіп етсін.

Ата-бабаларымыздың аруағы қолдап, жолың әрдайым ашық болсын!

Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция
Арма ағайын!

Шағын сараптама

Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады.

Екінші, саяси және мәдени шешімдердің қабылдануы қазақ этногенезінің қалыптасуын негіздеп отырды. Бір уақыттарда “қазақ” деген ұғым Керей мен Жәнібек ханға ерген һәм оны құптаған ру-тайпаларға қарата айтылса, бір уақытта Қасым ханға бағынышты һәм оның құзіретіне салық тапсырушы барлық аймақтарға қарата айтылды. Тіпті бір уақытта “қазақ” ұғымы Алты Алаш деген концепция аясында біріккен киіз туырлықты көшпенді ру-тайпаларды көрсетсе, бір уақыттарда үш жүз құрамына енген руларды көрсетті.

Үшінші, біздің қазіргі буын ұрпақ сол 18- ғасырдағы саяси, әлеуметтік һәм әкімшілік және экономикалық-шаруашылық жағдайына байланысты сол заманның шарттары негізінде қабылданған “үш жүз” концепциясымен әлі өмір сүріп жатырмыз. Біздің тарих, мәдениет, шежіре, ұлттық өнер атаулының бәрі аталмыш “үш жүздің” концепциясы негізінде жазылады, жасалады. Бүгінгі саяси философиямыз да әне сол “үш жүзге” құралған.

Төртінші, тағы да алаңдайтын бір мәселе: “үш жүз” концепциясымен Ұлық Ұлысқа тіке секіргіміз келетіні. Яғни тарихи методологияның дұрыс болмауы. Қазақстан – Жошы ұлысының тарихи мирасы дейтін біржақты ұранымен ортағасыр кезеңіне қызығушылық таныту. Сөйтіп тарихымызға тікелей қатысы бар Шағатай ұлысы және Моғолстанды одан да ерте кезең Дешті-Қыпшақ дәуірін біртіндеп назардан тыс қалдырып жатырмыз.

Бесінші, қазақ хандары өз дәуірінің саяси, экономикалық және мәдени, рухани дағдарыстары мен қиындықтарынан сәтті шығуы үшін түрлі саяси-рухани концепцияларды қабылдап отырған. Сөйтіп өзіне қарасты көшпенді рулардың тұтастығын сақтап қалды. “Киіз туырлық”, “Алты Алаш”, “Үшжүз”, тб ұғымдар заманның шартына сай қалыптасқан этногенездік сұрыпталуды жеделдеткен дала концепциясы еді. Соңғы үш жүз жылда концепция жаңармады, оны жаңартуға мұрсат та болмады, отарлану мүмкіндік бермеді. Әйтпесе қазақтың хан-сұлтандары 19-20 ғасырдың шартына сай жаңа концепция қабылдайтын еді. Бірақ мәселенің түйіні одан да тереңде жатыр.

Алтыншы, яғни 21 ғасырда біз әлемдік өркениет принциптеріне сай жаңа этноқұрылым қалыптастырамыз десек “үшжүз” концепциясын қайта қарауымыз керек. Бұл концепция өз міндетін әлдеқашан атқарып болды. Бізді 17-18 ғасырдың қиындықтарынан бүгінге дейін аман-сау алып келді. Енді біз үш жүзден құралатын өз этногенезімізді сақтай отырып жаңа концепция қабылдауымыз керек. Әйтпесе біз 18 ғасырдың “бу машинасымен” 21 ғасырда қайда барамыз?!

Жетінші, Үш жүзден құралатын қазақты Ұлық Ұлыстың тікелей мұрагері ретінде көру ұмтылысы қаншалық дұрыс?. Меніңше ұлттық болмысты құрайтын “жүз” концепциясын қайта қарастырмайынша ортағасырдың саяси, мәдени һәм рухани болмысын толығымен сабақтастыру өте қиын. Бұл жерде бір-біріне қарама-қайшылық өте көп. Ең қарапайым мысал, үш жүзден құралатын қазақ тайпалары тек Ұлық Ұлыстың құрамында болмады есесіне Шағатай ұлысының кейінгі Моғолстанның да құрамында болды. Тіпті Ұлы Моңғол жорығына бас имеген дешті-Қыпшақтың кейбір ру-тайпалары да біздің тарихымыз аясында қарастырылуы тиіс, оларды Ұлық Ұлысқа бағынбады деп бөле қарау ғылыми этикаға жатпайды. Дегенмен біз қазір Ұлық Ұлыс туралы көбірек дәріптеп ал Шағатай мен Моғолстанды тіпті Дешті-Қыпшақты назардан тыс қалдырып жатырмыз. Алтын Орда қаншалық ұлықталса Шағатай ұлысы да, Моғолстан да соншалық ұлықталуы керек.

18- ғасырдың концепциясын қалай жаңартамыз?

Қараңызшы, Қазақстандағы славян немесе қандайда бір халықтың өкілі қазақ мектебіне барады, қазақтың тілі мен мәдениетін жеттік меңгерген, өзін осы елдің төл ұрпағы сезінеді, домбыра шертеді, тіпті айтысқа қатысады, сіз келесіз де оны 18-ғасырдың ескі мизамы бойынша “сен жүзге жатпайсың, сол үшін қазақ бола алмайсың” дейсіз бе?! Сізше, қазақ деген кім? Мысалы бір уақыттарда “қазақ” деп Керей мен Жәнібек ханды қолдаған саяси-рухани көзқарасы бөлек ру-тайпаларды солай атады…

Бір жылдары Алты сан Алашты атады. Бір уақыттарда Қасым ханға салық тапсырған, Афрасиабты билеген Қайып пен хан Тәукеге бағынышты елді атады. Қазақтың хан-сұлтандары, орда кеңесшілері, стратегтері һәм билері өз дәуірінің қиындығынан сәтті шығатын стратегиялық концепцияларды жаңартып қабылдап отырды. Ресейдің отарлық саясаты болмаса концепция үздіксіз жаңарып бүгінге де жетіп біз басқа таным түсінікпен өмір сүрген жаңа этногенездің бастауында отыратын едік.

Меніңше бүгінгі рухани, мәдени дағдарысымыз өте тереңде жатыр. Біз 300 жыл бойы орындала алмаған ғасырлық жүктің тапсырмасын арқалаған әлсіз ұрпақпыз. 30 жылда біз 300 жыл бойы кешіккен жүкті сезіне алдық ба, ол да қызық.

Қош, біз қалай болмасын 18- ғасырдың саяси, мәдени һәм рухани концепциясын қайта қабылдауымыз керек. Мысалы Шыңғыс хан өз заманында “киіз туырлықты” деген ұлы концепция қабылдады. Біз 21 ғасырда қандай концепция қабылдаймыз?!

Бірінші, “үшжүз” ұғымы туралы жаңа анықтама қабылдау. Бұрын үшжүз концепциясы қалай еді? Сізге бір мысал айтайын, бұрынғы кезде қалмақтың не башқұрттың ауылын шапқанда жүздеп-мыңдап құлдыққа түскен азаматтары қазақ арасында жүріп тез сіңіп кететін болған. Неге? Құл боп қазақтың малын бағып отынын жарып жүрген әлгі тұтқынды сол ауылдың ақсақалы кейін баурына басып әлгіге сол елден қыз алып беріп үйлендіріп және одан тараған ұрпақты сол ауылдың шежіресіне қосып жаңа ата ретінде бөліп тарататын-ды. Бұрын сол шежіре 5 ата болса анау 6-атаға айналып одан тараған ел сол шежіренің құрамында құқы тең қорғалатын болған. Ерекше жағдайда болмаса оның тегін ешкім тектеп бетіне баспаған. Бұл бұрынғы үшжүз концепциясы. Жеті атаға толған соң шежіреден аталық шығарып руларды қайтадан түзіп отыру 20- ғасырдың басына дейін өз болмысымен жетіп отырды. Ал одан кейінгі әкімшілік құрылым, экономикалық және шаруашылық негіздері шежірелік тұрпатты сол бұрынғы күйінше қалдырып оны 21 ғасырға бейімдеу қызметін тоқтатып алды. Яғни бүгінгі шежіреде адам аттарының тізбегі ғанс аталғаны болмаса шежіре дегеніңіз өз мәніндегі шежіре емес. Ешбір шежіреде түтін саны мен жеті атаға дейінгі шарт толса да “бөлініп” шыққан ешкімді көрмейсің. Проблема ма, үлкен проблема. Ол үшін алдымен “үшжүз” концепциясын 21 ғасырдың саяси, экономикалық, әлеуметтік және әлемдік өркениеттік принциптерге негізделіп қайта қарастыруымыз керек.

Екіншісі, қазақ деген ұғымның 21 ғасырдағы саяси, әкімшілік және экономикалық һәм рухани анықтамасын кеңейтуіміз керек. Бұрынғы уақытта “қазақ” ұғымы деп Алты Алашты, киіз туырлықты халықты және үш жүзден құралған этноқұрамды меңзесе, 21 ғасырдағы “қазақ” ұғымы адамзаттық өркениет принциптеріне сәйкес келетін қандайда бір саяси, діни һәм мәдени түсініктен де кең әрі ауқымды біртұтас ұғымды қамтуы тиіс. Дәлірек айтқанда 21 ғасырда қазақ болуы үшін монголид болуы, қазақ болуы үшін мұсылман болуы, қазақ болуы үшін “үшжүзге” бөлінуі шарт емес, ол сонымен ғана шектелмеуі осы ұғымдарды да өз ішіне қамтыған аса ауқымды этно-мәдени кекістікті құрауы тиіс. Яғни ешқандай діни сенімі болмаса да сол азамат қазақ болып анықтала алады, христиан болса да өзін қазақ сезінсе онда ол “қазақ” бола алады. Атап айтқанда 21 ғасырдағы “қазақ” ұғымы үш жүзден, мұсылмандық наным-сенімнен және христиандық мәдениеттен, атеистік танымнан да бір кеңістік жоғарыда тұрған ұғым болуы тиіс.

Үшінші, ХХ ғасыр басында осы тақырып бойынша Ә.Бқкейхан, М.Шоқай және Т.Рысқұловтар заманының қиындығы мен тығыздығына қарамастан терең зерттеп ойлана келе жаңа концепция қабылдаған еді. Яғни “Алаш” және “Түркістан” концепциясы. Аталған концепция аясында “қазақ”, “үшжүз” туралы ұғымдар жаңа сапа негізінде өркениет принциптеріне сай 20- ғасырға трансформацияланатын еді. Өкінішке қарай заманның ауқымы жар бермеді және аталған тарихи ұғымдар маркистік-лениндік принциптерге негізделген советтік идеологияға қарай икемделіп бейімделді. 1991 жылдары егемендік кезеңінде бұл үрдіс тағы да толығымен шешілмеді. 2000 жылдары біртұтас “қазақстандық ұлт” концепциясы қоғамда ерекше дүмпу тудырды, ұлт зиялылары қазақтілді қауымды қазақстандық ұлт доктринасы аясында жойып алудан алаңдады. Меніңше қазір “қазақ доктринасын” жаңаша қабылдаудың шарты пісіп жетілді.

Төртінші, қазақ доктринасында қазақтың этнотерриториясы анықтала отырып яғни Аратүрік, Шүлен таулары, Еренқабырға, Алтай, Тәңіртау және Ібір-Сібір, ұлы Арқа, Есілдің бойы, Жайық пен Еділдің тұтас алабы, Қап тауы мен Теңнің басы, Маңғышылақ пен Амудария сағалары, Тәңіртаудың Сейхун-Жейхунмен жағаласа түйіскен Перғана алқабы, Алатау түркі-моғол, дешті-қыпшақ һәм славян текті түрлі этностарды “қазақ” атауымен біріктіріле отырып жаңаша этногенезді құрайды. Қазақтың жаңа этногенезі анықтамасында түркі-моғол (шамамен 80%), славян (шамамен 15%) һәм ирани (шамамен 5%) үш тұғыр бар. Осы үш этноқұрылым бүгінгі “қазақты” құрайды. Тілі – байырлы түркі және дешті-қыпшақ тілі негізінде қалыптасқан- қазақ тілі. Тарихы – қандайда бір тарихи мемлекеттерге басымдық берілмейді, аталған географиялық және этнотерриторияда үстемдік құрған барлық тарихи оқиғалар тең жағдайда академиялық тарих ретінде бірге қарастырылады. Мәдениеті мен наным-сенімі қандайда бір тарихи наным-сенімге басымдық берілмейді, аталған этнотерриториядағы байырғы халықтың қолданыстағы мәдениеті сақталады және әрбір тарихи наным-сенімдерге тең құқылы қаралады һәм қорғалады.

Бесінші, мысал ретінде ұсынылған доктринаның құрылымы қоғамда ашық талқылаудан өтуі тиіс. Және Қазақстандағы әрбір азамат және әрбір діни сенімдер мен мәдени құрылымдар соның ішінде қорғалуы тиіс. Сол кезде біз ұрпақ сабақтастығы арқылы “үшжүздік” концепцияны ақырындап 21-ғасырға трансформациялай аламыз. Ал егер трансформациялау ісі дұрыс жүрмесе “үшжүз” концепциясы 21- ғасырда біздің көптеген жаңа шарттарымызға сіңбей, түбі жоқ түсініксіз “кедергілерге” алып келеді. Ол кезде “үшжүзді” ешкім заманға сай бейімдеп трансформациялайық демеуі мүмкін, ол кезде “осы үшжүздің бізге не қажеті бар” деуі мүмкін.

Алтыншы, бұл тақырыпты 30 жыл бұрын ерте қолға алып тұғырлы концепциясын қабылдауымыз керек еді. Іргелес елдерде мысалы Қытай мен Ресейде ХХ ғасырда аталған тақырып бойынша көп дискуссия болды. Әсіресе қытай тарихшылары мен саясаттанушылары бұл тақырып аясында ерекше пікір-талас жасады. Олар соңында “中华民族” деген концепция қабылдады. Және бәрі осы тұғырнамаға тоқтады.

Елдес ОРДА

15.06. 2026

КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ
Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады…

Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт қарайтынымыз да рас” деген ой жалғыз маған ғана емес, басқа тыңдаушыларға да келді деп ойлаймын.

“Ал біз осылай болғанда мынау отырған жастар ше?” деп, әлсін- әлсін артқы қатарларда отырған жастарға қарап қоям. Іштері пысып отырғандай көрінді маған. “Қалай түсіндіруге болады бұларға? Көкбай сендерге “ескі ақынның” бірі емес, ерекше ақын екенін қай қырынан көрсетіп беруге болар еді?” деп ойлап қоям.

Қазақтың ата-бабасы ұлы идеялар туғызған биік парасат иесі. Көкбай шығармаларында осыны растайтын қаншама мысал бар емес пе? Осыны жастарға көрсетіп, насихаттай алсақ, сол идеяларға қайта жан беруге болады ғой. Сол кезде тағы ұлы істерге жол ашуға болады ғой?! “Бұрын су жүгірген арықпен және аршып, қазып жіберсе және жүреді” емес пе? НЕГЕ БІЗ МҰНЫ ЖАСТАРҒА ЖЕТКІЗЕ АЛМАЙ ЖҮРМІЗ? НЕГЕ БІЗ МАҚТАНЫШ ТУДЫРАТЫН ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ КӨРСЕТЕ АЛМАЙ ЖҮРМІЗ?! Орнымнан атып тұрғым келді. Мына қалғып- шұлғып отырған жастарға арнап біраз сөз айтқым келді… Әттең, уақыт тар. Баяндамашы да асықты, жүргізуші де жиынды қорытындылай бастады… Ал менің жеткізгім келгені мынау еді.

Бірде институтқа бір белгілі саясаткер жігіт іздеп келді. “Мына балама бата берсеңіз деп келдім. Дарынды инженер-зерттеуші ретінде халықаралық деңгейде танылып жүрген бала, “стартапер”. Осы ұлыма бата сұрап келдім. Халықаралық зерттеу командасын басқарады, Ұлыбританияда аса беделді халықаралық байқау өтпек, командасы соған қатысқалы жатыр еді”- деп, ағынан жарылды.

“Бата” дегенде менің есіме Бөгембайдың жас Абылайға бата бергені есіме түсті. Сосын Арқадағы Шақшақ Жәнібекке арнайы бата сұрап барғаны… Көкбай ақынның «Сабалақ» дастанындағы. “Сабалақ”, әлі елге таныла қоймаған жас Абылай, қарт Бөгенбайға еріп, жоңғарға аттанып, мол олжамен оралғанда: «Ал, бала, тиесілі олжаңды ал, еңбек сенікі» дегенде баланың айтқан жауабы санамда қалқып шыға берді:

Бала айтты: “Бөке, мен олжа алмаймын,

Дүниеге мойын бұрып көз салмаймын.

Ықыласыңмен бір бата берер болсаң,

Құдайым қабыл қылса құр қалмаймын”.

Міне сөз! Бәлки бабаларымыздың ұлылығының кілті осы жерде! Олар үшін дүние-мүлік, олжа, жеке пайда ешқашан маңызды болған емес. Неге? Себебі олардың жүрегінде биік мұрат, игі мақсат болған! Сондықтан жастарымыздың парасаты биік, пайымы кең болуы үшін, “дүние, күнкөріс” деп ұсақталып кетпеуі үшін олардың жүрегіне ұлы мақсат, ізгі арман орналастыру керек деп тұр ғой ақын Бабам!

Ал енді Түркістанда хан тағына мінген жас Абылай Арқадағы Шақшақ Жәнібектің батасын алу қажет болып, нөкерлерімен Торғай даласына келеді.

Шақшақ Жәнібек қазақтың білімдісі,

Өзі ер, өзі тақуа, молда кісі.

Сол уақытта қазақтың бір ден қойған

Ақсақал, ел ағасы, ырымдысы.

Біз білетін Жәнібек — батыр, ел басына күн туғанда бас көтерер төреге жарымай, жерге қарап қалғанда бар жауапкершілікті өз мойнына аударып алған ел ағасы, шебер дипломат. Ал мына жерде “өзі ер, өзі тақуа, молда кісі”. “Ер” деп қазақ кімді айтады? Дүниеге мойын бұрып қарамайтын хас сопыны айтады, жүрегінде бір Аллаға деген махаббатын аялап сақтаған? Сондағы Шақшақ Жәнібектің Абылайға айтып тұрған сөзі қандай ғажап.

- Тәж-тағың құтты болсын, балам,- деді,

Дүниеге болма ешқашан алаң,- деді…

Таныдыңыз ба – тағы сол сөз емес пе? Осы екі ауыз сөзде тұтас далалық философия жатыр емес пе?! Қара бастың қамын қайғырушы қашан хан болушы еді?! Хан үшін байлық та, мансап та мұрат емес! Оның жалғыз уайымы — елдің қамы: ел жүгін қалай жеңілдетемін, әділетті қалай сақтаймын, елдің бірлігін қалай ұстаймын? Жалғыз осының қайғысындағы адам ғана хан болуға ылайық! Қазақтың түсінігі осы. Көкбай ақын ойдан шығарған емес. Керек болса, хан таққа отырғанда халық бар малын “ханталапай” ғып талап алады! “Дүние емес енді саған керегі!” дегенге ишара болар бәлкім…

Ал Абылай ханның таққа отыру сәті де қандай көркем суреттелген:

Жұрт шуылдап айтады ақсарбасын,

Хан салды мойнына ақ сәлдесін…

Ақ сәлде — “Мен әділдіктің кепілімін” деген ишарат. Жауапкершіліктің, тазалықтың ишарасы. Хан әділдіктің кепілі болуы тиіс! “Мен тақта отырғанда ешбір қазы, сот әділетсіз шешім қабылдамайды, ешбір жуан озбырлық жасамайды” деген мағына бар сәлде салмақта. Керек десеңіз, ақ сәлде өлгендегі ер кебіні, “қара бастың қамы емес менің уайымым” дегенге ишара. “Сабалақ” боп, кебенек киіп жүргені де, бәлкім, соның нышаны…

Жас бала таққа мініп, киді тәжді,

Бірдей көріп қалтқысыз көп пен азды.

Тақуа, жас күнінен сопы болып,

Ұстатты руза, намаз, зекет, хажды…

Хан мойнына ақ сәлдесін салып, таққа отырып жатқанда халық ханталапай жасап жатыр – ханның малын талап алып. Өйткені бұдан былай ханға жеке дүние тиесілі болмауы керек: “Сен енді жеке адам емессің, елдің адамысың, енді сен халыққа қалтқысыз қызмет ету керексің” деген халықтың сенімі шығар бұл. Бәлкім, “Патша- көңіл” деген сөз соған дәлел. Мал үшін, пайда үшін қам жеген адам қашан “патша- көңіл” болады?! Керісінше, патша болмаса да, көңілі патша адамдар болады. Әділдігіңе елдің көзін жеткізе алсаң, елге адалдығыңды мойындата алсаң, қара халыққа пана бола алсаң, сен ештеңеден мұқтаж болмайсың. Халықтың өзі-ақ сені ардақтап, төбесіне жыға ғып шаншып көтереді, қолына ту ғып тұтады. Билік пен халықтың жұмылған жұдырықтай бірлігі деген осы!

Міне, Көкбай ақын жазған дала демократиясының түп негізі! Нағыз демократия — ұранда емес, қағазда да емес, биік мінберден айтылатын әдемі сөздерде емес. Далалық демократия — сенімге құрылған демократия. Ел алдындағы жауапкершілікке. “Елім” деген ханына халқының сүйіспеншілігіне. Сол — қазақ ханы үшін ең биік мәртебе, құрмет, ең әділ, ең мейірбан хандар ғана бөленген ондай сыйға.

Осыларды айтып:

- Міне, көрдің бе?- дегем сонда әлгі балаға. – Ал сен Көкбай деген ақынның атын да естімегенсің, солай ма?

Бала үндемей бас изеді, әкесі шынын айтты:

- Бұл түгілі мен естімеппін”,- деді…

- Ал сен осындай биік пайым, осындай асқақ идеялар насихатталаған Еуропаның қай шығармасын айта аласың?

Біз әлі Ұлы Даланың ұлылық сырын пайымдай алмай жүрміз. Рухани қаһармандарын, идеалдарын танып білген жоқпыз. Ақындарымыз бен жырауларымыздың көкірегінде қандай ұлы мұрат тұтқанын, олардың шығармаларында қандай биік дүниетаным көрініс тапқанын әлі бағалай алмай жүрміз. Осымен қайтіп ел боламыз?!

“Өркениеттік субъектілік” деген ұғым бар ғылымда. Ол халықтың жалпы ел ту ғып ұстанарлық құндылықтар, принциптер тудыра алу қабілеті. Әр сөзден МӘН іздеп, әр істі терең МАҒЫНАҒА байлағысы келетін қабілет. Мағнауият, яки руханият деген осы. Біз қазір өзге мәдениет, өзге өркениеттің принциптерін көшіріп, калька жасамақпыз. Бар өнеріміз осы. Сосын кеп “Бізде неге креатив жоқ?” деп таңқаламыз. Егер халық үнемі өзгенің үлгісімен өмір сүріп, өзін өзгенің көзімен сынап, бойына өзгенің көйлегін өлшеп жүре берсе, өркениеттік тұрғыда ол субъект емес, объектінің статусына түседі. “Тұтынушылық психология” осыдан туады – қазақ оны “құл-құтан” дейді.

Ал қазақ мәдениеті өзге өркениеттің көшірмесі емес, өзіндік болмысымен ерекшеленетін, ерекше дүниетанымға, биік пайымға, терең рухани парасатқа негізделген. Біз 165 жылдығын тойлап отырған Көкбай ақынның шығармашылығы тағы соның айғағы. “Біз қазіргідей тарихтың бір шеткері қуысында үнсіз тұрған кездейсоқ периферия емеспіз. Біздің өз өркениеттік үніміз бар” деп айқайлап тұрған асқақ үн бар оның дастандарында. Қазақтың сана болмысына тән орасан зор өркениеттік қуат бар. Оның поэзиясында өзге жұрттың дайын үлгісімен емес, қазақтың еп-ерекше рухани өзегінен туған жасампаздық потенциал бар…

Менің кешегі кездесуде жастарға айтқым келгені осы еді…

Саят Ыбырай

Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері
Арма әлеумет!

31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас.

Алдымен суреттерге түсініктеме:

Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі.

Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар.

Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым.

Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала түрмесіндегі саяси тұтқындарды босатады. Өкініштісі түрмелегі саяси тұтқындардың кейбірі ату жазасына ұшырап мәйіті сол жерге тасталған еді. Суретте сол көріністің бірі көрсетілген. Көтерілісшілер түрме құрбандарының мәйітін тазалап, аурлап жерлеуде.

Бесінші сурет: арнайы көрнекілік үшін, жазба авторы.

Әлқисса

Шығыс Түркістан өңірі географиялық тарихы жағынан Жоңғария және Қашқария деп екі үлкен бөлікке бөлінеді. Қазақтар Жоңғарияның құрамындағы Іле аңғары, Еренқабырға-Боғда бөктері, Тарбағатай, Алтай таулары жүлгесінде өмір сүреді.

Шығыс Түркістан өңірі Цин империясы бақылауындағы шекаралық аймақ болғанымен 19.ғасырдың соңғы жартысында Ағылшын және Ресей империясының талас-тартыс зонасына айналды. Алпауыт елдер үшін Ауғанстан қалай буфферлік аймаққа айналса екі империя үшін Шыңжаң дәл солай саяси буфферлік зонаға айналды. Соған байланысты тұрғылықты қазақтар мен ұйғырлар ұзақ жылдар бойы империялық саяси пиғылдың үнемі құрбанына айналып отырды.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдары аталған аймақта Советтік саяси һәм экономикалық басымдық әлдеқайда терең сипат алды. Ағылшын империясының ықпалын әлсірету мақсатында Мәскеу нақты саяси жоспарларды кезең-кезеңі бойынша жүзеге асырды.

1934 жылы Совет Одағының әскери операциясы негізінде өңірде буфферлік үкімет құрылды. Уақытша үкімет Қытай орталық үкіметінен ат кекілін кесісті. Совет Одағының әуе күштері Құмыл қаласында әуе әскери базасын құрды, сонымен Орталық Гоминдань үкіметімен байланыс кілт үзілді.

Мәскеудің саяси мақсаты Шығыс Түркістанда буфферлік коммунистік үкімет құру арқылы социалистік база жасақтау және ішкі қытайда партизандық іс-қимылмен айналысып жүрген қытай коммунистерін Үрімжіге топтау еді. Сонымен қытайлық коммунистердің базасы Шыңжаңға жақын шекаралық аймақтарға қарай көшірілетін болды. Сол жылдары Коминтерн адамдары жүздеп, мыңдап қытайға жіберілді. Моңғолия географиялық жақтан ыңғайлы аймақ болғандықтан Өлгий өңіріне жіберілген Коминтерн адамдары Шығыс Түркістанға жіберілді.

Ресейлік империяның аймақтағы ықпалына байланысты қазақ интеллигенциясы екіге жарылды. Ш.Көгедайұлы бастаған төрелер ұрпағы Ресейлік ықпалмен санаса отырып ұлтты сақтап қалуды және Қазақ ССР-мен саяси, мәдени байланысты үзбеуді көздеді. Елісқан Әліпұлы бастаған аттөбеліндей аз ғана топ өзіне ерген 3000-ға жуық түтін көштің легімен Шыңжаңнан ішкі Қытай аумағына яғни Гансу, Цинхай өңіріне көшті. Салыстырмалы түрде бұл аймақ Ағылшын империясының қызығушылығы оянған күрделі аймақ еді. Тибет пен Гансу коридорына ғылыми экспедиция ұйымдастырып жүрген Еуропалық бақылаудың назарына енді көшпелі қазақтар іліге бастады. Елісқан Әліпұлының саяси мақсаты Гансу-Цинхай-Шыңжаң шекарасында әскери база құрып коммунистік билікпен күресу еді. Ол үшін алпауыт күш керек, мақсат- Гоминь билікпен ынтымақтасу және Гоминдань арқылы Ағылшын күштеріне жүгіну. Дегенмен ол кезде қытайдың өзінде орталықтанған саяси-әскери билік жоқ-тын. Оның орнына аймақ-аймақты жекелеген әлі жеткен әскери және қаржылық топтар билейтін. Елісқан елі көшіп барған Гансу мен Цинхайды Ма әулеті билеп төстейтін.

Қош, Советтік билікті жақтаған қазақ интеллигенциясы буфферлік үкіметтің әкімшілік, саяси және мәдени салаларына тығыз араласты. Үкімет қаржысымен мәдени-ағарту ұйымдары құрылды және жаппай мектеп ашу, театр құру, мәдени өмір мен баспасөз қызметін жақсарту науқаны басталды. 1934-39 жылдары бір ғана Алтай өңірінің өзінен 60-қа жуық қазақ мектебі бой көтерді. Ірі және шағын қалалар мен ауылды елдімекендерде педагогикалық курстар ашылды. Ол жерде жүздеген орта деңгейлі мектеп мұғалімдері білімін жетілдірді. Мәдениет пен баспасөз, рухани салаларға үкіметтік жоспар енгізіліп қаражаты бөлінді. Тұтас бір кезеңді қамтыған алтын дәуір басталды.

Дегенмен 1937 жылдан бастап барлау органдары құрылды. 1938 жылдан бастап бақылау мен барлау қызметі күшейді. 1939 жылдан бастап саяси тұтқындау басталды. Дәл осы жылы неше он мың азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Үрімжі, Шәуешек, Құлжа мен Алтай қалаларында саяси лагерлер мен түрмелер салынды. Ол жерлерде қазақ оқығандары мен атқамінерлері тергелді, ауыр азапты сұраққа тартылды. Барлау және тергеу қызметі Советтік НКВД-ның жүйесі бойынша жасалды. Тіпті кей жағдайда Советтік НКВД тергеушілері де Шыңжаңда белсенді қызмет атқарды.

Алтай, Тарбағатай, Іле және Еренқабырға мен Боғда, Баркөл өңірінен неше мыңдаған адамдар тергеуга алынып түрмеге жабылды. Түрмеден тірі шыққан адамдар қатары аз болды. Басты тағылған айып – “Жапон тыңшысы”, “Ағылшын шпионы”, тб. Нәтижесінде 1939-41 жж. аралығында қазақ оқығандарының дені саяси қуғын-сүргіннің құрбанына айналды. 1940 жылдан бастап саяси қысым мен қуғын-сүргінге байланысты ұлт-азаттық көтерілістер пайда болды. Көтеріліс негізінде 1943-44 жылы Ақүй үкіметі, кейін Құлжа қаласында Шығыс Түркістан Республикасы құрылды. Уақытша үкімет Совет Одағының буфферлік аймақтағы ықпалын сақтауға жоспарланған нысанға айналды. Нәтижесінде халықтың қаны мен жаны арқылы келген үкімет стратегиялық ойыншыққа айналды. 1946 жылы уақытша үкімет таратылып орнына келісімпаз коалициялық билік жасақталған соң қазақ интеллигенциясы тағы екіге бөлінді. Бірі Советшіл-Шығыс Түркістаншылдар; екіншісі Ағылшын әлеміне үміт артқан Гоминданьдық Чин Түркістаншылдар. Манас өзені екі саяси зонаның шекара сызығына айналды. Дарияның екі жағалауы мыңдаған әскерилердің шеп құрған аймағына айналды.

Ұлт азаттық көтеріліс алғаш рет бұрқ ете қалған тұста Советтік майлы жілікке мойынсұнбаған Елісқан елінің бағыты Гансудан өтіп Цинхай мен Тибет арқылы Ағылшын империясы бақылауындағы Пәкістанға жеткен еді. 3000-нан астам түтін үй, 18 мыңнан астам қазақтың дені Гансу мен Тибетте қалып тек үш мыңға жуығы (жолда көрмегенді көріп) Пәкістанға жетеді. Пәкістандағы Ағылшын үкіметі оларды таулы аймақта оңашалап жыл бойы карантинге ұстайды. Карантин салдарынан және ұзақ жыл 6000 метр биік Тибет жоталарында өмір сүріп бірден ылғал аймаққа келгендіктен түрлі оба тарап үш мыңның басым бөлігі тағы қырылып қалады. Көшті бастап барған Елісқан Әліпұлы да сол жерде көз жұмды. Аман қалған аз ғана қазақ он жылдан астам уақыт Пәкістанда тұрып кейін Түркияға көшеді. Көштің жұқанағы ғана Түркияға жетеді.

Чин Түркістаншыл қазақ интеллигенциясының бір бөлігі 1950 жылдан кейін Тибеттің сары жон жотасы арқылы Үндістан бақылауындағы Кашмир аймағына жетеді. Кашмирге орныққан соң олар 1930 жылдары елден көшіп кеткен Елісқан елімен байланыс жасап Пәкістанмен қарым-қатынас орнатады.

Арғы беттің тарихы қысқаша осындай, біліп жүрейік, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдерін еске алып жүрейік. Рухы шад болсын!

Елдес ОРДА

31.05.2026

ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»
Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық сұхбаттарды сұрыптап алып, оқырман жадында қайта жаңғыртуды дәстүрге айналдырып отыр. Сонымен бұл жолы 2006 жылы (21 сәуірде)  «Жас қазақ» газетінде жарық көрген белгілі шығыстанушы ғалым, журналист (ол кезде небәрі отыз жастағы) ҒАЛЫМ БОҚАШТЫҢ осыдан тура жиырма жыл алдында жарияланған мақаласын қайыра қағазға қотарып, біраз жерін ықшамдап назарларыңызға ұсынуды жөн санап отырмыз.

Абылай заманы өткесін-ақ реанимациядан шықпаған қазақтың тарихи жадысы әр ғасырдың басында бір, аяғында бір тілге келіп, отарсыздандыру атты препаратты талап етіп сандырақтайды… XX ғасырдың басында бір аласұрып жатып Сұлтанмахмұттың аузымен «Алаш туы астында Күн сөнгенше сөнбейміз!» деп салды. Көріпкелдікпен сеніп айтты ма екен, жоқ әлде солай болғанын жан-тәнімен қалап қана айтқан қайран сөз бе? Бірақ күмәндануға және келмейді. Өйткені, Мағжанның жүрегіне жазылған формула, яғни, «Күннен туған Ғұн екенім» рас болса, күн сөнгенше өшіп қалмауды ғана ойлап бықсып жатуға хақым жоқ! Менің жануым керек, жарқырауым керек, жарығымды жер-жаһан көруі тиіс! XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басы осы бір ұлттық идея қайта түлеген, тарихи жадыға жан кірген кезеңге айналуы тиіс еді. Амал не, тарихты өткен шақтың қалау райына салып тәпсірлеуден түк шықпайды. Шығыс Еуропа мен Балтық елдері, Оңтүстік-Шығыс Азия аймағының жеке батырлары отарлықтың қамытынан бас босатып, терісі түлеген жылан құсап тастап шығып жатқанда біз ғана әрі-сәрі күй кештік, «Ассалаумағалейкүм!» деп есіктен өзі кірген Азаттыққа самарқау ғана «Здрасьте…» дедік. Ары қарайғы он бес жылдың ішінде қызығы мен шыжығы аралас қандай күй кешіп жатқанымыз жалпыға аян… Бір күннің ішінде далиған даламызды алға салып, «әлемдегі тоғызыншы мемлекет» болып шыға келдік. Тәңір берген ырзығымыз газ бен мұнайды алға салып «елуінші болмақ» және ойда бар.

Он бес жылдың ішінде сол даланы мекен еткен ел-жұрттың урбандалып кеткен ештеңесі жоқ. Халықтың тең жартысы (түгелге жуығы қазақ) ауылда тұрады. Бірақ ЖІӨ-дегі ауыл шаруашылығының үлесі сол ауыл халқының саны сияқты қырық тоғыз пайыз болмай-ақ қойсын, ең құрыса он пайызға жетпейді. Биыл жеті-сегіз пайыз күйінше қалды. Оның есесіне он бес жылдың ішінде өзінің тілі келмегесін «Ассалаумағалейкүмге» – «Здрасьтені», ол аз болса әлемдік масштабта «Да благославит тебя Господь» пен «Шаломды» араластырып «еуразиялық акцентпен» (диалект деуге аузым бармайды) сөйлегісі келетін жаңа бір саяси элита қалыптасты. Осы бір жасанды акцентті саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік саланы түгел қамтуға тиіс ұлттық идея ретінде көретін көпірік ауыздар көбейді. Билік басындағы аузы дуалылардың мұндай масқара кейіпке ұшырауы тегін түбінен тартып білмеу, төңірегін жарытып танымау шығар, сірә. Қазіргі дүниежүзінде саяси-қоғамдық, әлеуметік-экономикалық өмірі барынша тұрақты екі жүйе үзеңгі қағыстырып келе жатыр.  Біріншісі – жоспарлы экономика мен нарық зандарын, социализм мен дәстүрлі қоғам институтын ұштастырған тоталитарлық аппараттың басқару жүйесі. Екіншісі – тек нарық экономикасының шарттары мен жаһандану процесіне жүгінген, жеке адамның бостандығы мен тандау еркіне ешкімнің қол сұқпауын қадағалайтын азаматтық қоғам институттары салтанат құрған жүйе. Әуелгі жүйе бір ғана Қытайдан тұрады. Екінші жүйедегілер: АҚШ-ты михраб қылған Канада, Австралия, Жана Зеландия, Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг сияқты «құбыласы дұрыс елдер мен қарт құрлық Еуропада одақтасып отырған жұрт.

Әлемнің қалған дамушы мемлекеттеріндегі ішкі-сыртқы саясат пен экономика бір ғана Үлкен Кісінің денсаулығына, бір ғана отбасының тәбетіне, бір ғана саяси топтын амбициясына, бір ғана әскери режимнің мүддесіне тәуелді күйі қалт-құлт етіп тұр.

Бұл елдерге мұраты адал бизнес-әріптес, стратегиясы ұзақ инвестор екібастан жоламайды. Саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы барлық қарым-қатынас мұндай елдерде жасанды, жалған түрде дамиды. Алдындағы шағын ғана шаруасын қорып, мемлекеттен дәнеңе дәметпеуді үйренген қара жаяу халықтан басқасы, яғни, саясаткері мен зиялысы тура мағынасында сөйлеп, тура мағынасында түсінуден қалады. Өзін-өзі алдау жанрының фарсқа айналған небір үлгілерін мұндай елдердегі БАҚ-тан, мемлекеттік органдардың құжаттарынан көптеп кездестіресіз. Сөйте тұра, дамушы елге тән ахуалымыз мүшкіл екен деп бірден Батыс тәріздес ашық-шашық азаматтық қоғам құруға ұмтылсақ, онсыз да құрдымға кеткелі тұрған ұлттық құндылықтарымыз алты кемпірдің аузында аңыз боп қалмақшы, жарты ғасырдың ішінде-ақ жарытымсыз фольклор үлгісіне айналмақ. Іс бұлайша насырға шапса, тамшы қаны тамырында тулаған қазақ жазғы демалыста баласын Мұңғұлияның Баян Өлгийіне этнографиялық экспедицияға жіберіп, салт-дәстүрін сырттан қызықтауға мәжбүр болады.

Ал Қытай сияқты экономикасы –  будан, саяси жүйесі –  тоталитарлық ел құру үшін мемлекеттің өзі этникалық жағынан біртектес болуы шарт. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі қоғамдық институттары да мызғымайтын емендей күйге жетуі тиіс. Экономикасын теориялық тұрғыда болсын нарыққа бұрып үлгерген біздің елдің Қытайдың жолын ұстануы о бастан қиял-ғажайып еді. Бұл тұрғыдан келгенде «Қазақстан –  жаңа Қытай болуға ұмтылған ел» деген тәрізді АҚШ-та Квинт, Ресейде Илларионов айтып жүрген көпшік сөз кекесінге көбірек ұқсайды. Енді осы екі алып жүйе әлемге ең көп тараған Батыс және Хансу менталитетін қалыптастырып отыр. Батыс менталитеті – өзгенің малына келген де барымташыл, өз малына келгенде барынша сақ, бір қарағанға бауырмал, бірақ құшағына бір алғасын қапсыра қатып қалатын қолының қары қатты, жаһанданған бүгіннің ағылшын тілді менталитеті.

Хансу болса – барлауы күшті, барлануы қиын, қанын ішіне тартқан, үнсіз сес көрсете білетін, заманын күтіп жатқан болашақтың қытай тілді менталитеті. Бұдан басқа мінезі жұмсақ бола тұра жырындыға айналған, күштінің жолын кеспеуді, сөйте тұра әлімжеттікке көнбеуді жетік меңгерген ағылшын мен ұлттық тілінде қатар сөйлейтін Оңтүстік-Шығыс Азиялық «мысық мінезді» менталитет және бар. Бұған ағылшын-француз тілді жасқаншақ африкалық менталитет пен испан-португал тілді дүмбілездеу латын америкалық менталитетті, Құлағу Бағдатты шапқан заманнан бері «Бізді не қара басты?» деген сауалға жауап іздеуден шаршап, тығырыққа тірелген Таяу Шығыстың араб тілді жайбасар менталитетін, Таяу Шығыс пен Батыс менталитетінің буданы – жаңа түрік (yeni turk) менталитетін, өзіне ұқсамайтынның бәрін не жау, не сайқымазақ көретін, өзіне түсініксіз тілде сөйлегеннің бәрін топас деп танитын дарақы һәм дөрекі орыстілді кеңестік менталитетті және қосыңыз. Өкініп, бармақ шайнататын жайт – дәл осы кеңестік менталитеттен арылмаған қалпы ел естімеген «еуразиялық мінез» тапқанымыз. Әсілі, үнемі идеал көріп, ұмтылуға тиіс қазақы табиғи мінезімізді хакім Абайдан артық таныған кім бар дейсіз? Апырау, бұларды айналып өтіп, өз жолымызды табатынымыз қайда? Он бес жылдың ішінде сайқымазақ «қайраткерлері» дарақтың басына дарақы ұран жазылған ақ жайма іліп, одан қалса бірін-бірі сотқа беруден аса алмаған «ұлттық идея» жолындағы күресіміз қайда қалады? Амал не, атеизм апиынына уланғандар ауруынан айықпай тұрып «ұлттық идеяны» жаңғырту туралы қайтіп жар салса да, жаңалық аша алмай жатыр.

Өйткені, жетпіс жыл бойы жүрегімізді қарайтып, жұлынымызға сіңген өзіміздің және дүниежүзінің тарихына деген біржақты, кердең көзқарас көзімізді теориялық шел болып басып тұр. Адамзаттың саяси-экономикалық сахнадағы қарым-қатынасын екі таптың күресі, социалистік лагерь мен капиталистік әлемнің бәсекесі деп қана түсінген кеңестік буын өкілдері әлі күнге дейін сол райынан қайтар емес.

Ықылым заманнан бері әрбір империяға идеологиялық ұстын болған, әрбір империялық ұлтқа тарихи миссиясын ұқтырған, рухтандырып отырған Құдірет бар еді. Біздің сорымыз сорпадай қайнаған кезең сол Құдіретті жоқ деуден басталған. Жаһандануға бейім екі ірі өркениеттің – Ислам мен Христиандықтың (ХХ ғасырдың ортасынан бері Иудейлік-Христиандық Одақтың) жетінші ғасырдан бері жалғасып келе жатқан итжығыс күресі де сол Құдіретке деген талас. Бұл бәсеке жағрафиялық аймақпен шектеліп қалған қытай және үнді өркениетінен де ықпалды, ғұмыры келте коммунистік кезеңнен де өміршең, дүниежүзілік салыстырмалылық теориясынан да маңызды. Әр ғасырда атауы да өзгеріп отырады.  Бірін-бірі «Ібілістің еліне», я «Зұлымдық белдеуіне» теңеуге құмар. Екеуі де «әлемді зұлымдықтан тазартатын миссиясына» сенеді. Дүниежүзілік тарихтың сценарийі осы екі өркениеттің арасындағы теологиялық, әскери және ғылыми-техникалық тайталасқа тәуелді екеніне шүбә болмаса керек-ті. Жо-жоқ, күмәнданатындар көп болып шықты. Әсіресе, post-кеңестік кеңістіктің ішінде жалғыз өзі рго-кеңестік анклав жасауға ұмтылып отырған біздің елдегі «идеологтар».

XV ғасырдың ортасында ту тіккені нақты дерекке түсіп, дербес ел атанған Қазақ мемлекетінің бес жарым ғасырлық тарихына күле қарап жүргендер дүниежүзі тарихына келгенде «Ғылыми коммунизмнің» сандырағына шаң жуытпайды. «Өркениет арасындағы не қақтығыс ол?! Шешілмейтін мәселе жоқ! Немене ол соншама? Жинаңдар бәрін осында, кең дастарханда басын қосып, бір шәугім шай, бір табақ ет беріп дегендей, стақан қағыстырып татуластырып жібереміз! Шығарып саларда қалтасына сәлем-сауқатын және салсаң кім жібімейді. Өзіміз сияқты адам емес пе? Маркс айтқан «Сананы тұрмыс билейді» деп. Керек десең Еуропа мен Азияның арасын көпір болып жалғап жіберетін Еуразиялық елміз біз! Екі құрлыққа ортақ Еуразилық өркениеттің негізін қалап жатырмыз. Өркениетаралық қақтығыс жоқ ешқандай! Хантингтоның да, Льюисің де сандалмасын. Бәрі сол бай мен кедейдің, монополист пен жұмысшының, жер иеленуші мен шаруаның, қанаушы тап пен қаналушы таптың күресінен кеп шығады. Капиталистік әлем мен Социалистік лагерьдің арасындағы шайқаста туады барлығы!».

Бүгінгі саяси лексикаға салсақ, «бәріміздін есебімізден ішіп-жеп отырған» дамыған елдер (G-7) мен солардың жабығынан сығалап тұрған дамушы елдердің, одан қалса «Жеті Жуанның» жуындысына таласып жатқан Үшінші Әлемнің, осы үштіктің ара-қатынасына байланысты бәрі. Сөз саптауымыз сол күйі. Кеше «кедейлік жойылса, коммунизм орнайды» дейтінбіз, бүгін «кедейлік жойылса – террор тоқтайды» дейміз. Байқасаңыз, «буржуазия» «олигархия» болып, ал «пролетариат «әлеуметтік деңгейі төмен топ» болып шыға келді, «капитализмнің» орнын «Батыс үлгісіндегі демократия» басса, «социализмді» «Біздің үлгідегі демократия» ығыстырып шығарды. «Біздің үлгідегі демократияның» тамыры қайда екенін білімдінің іші сезeр. Бұл саладағы лексикамыздың Ресейдің саяси тіліне ең жақын диалект ретінде дамып келе жатканын кім білмейді?

«Халық – Құдайдың бір аты дейді қазақ. Расында да солай. Арабшадан аударғанда  «Жаратушы» деген сипатын ашады. Сол халықтың төбелін бір алда, торысын екі алда, бірақ һәммасын үнемі алдай алмайсың ғой? «Өз демократиясын өзі жасап алған» елдің өзіне тән жоғарыдан жобаланған ұлттық, я мемлекеттік идеясы да «жаңа түрікшілдік» пен «араб социализмі» сияқты жасанды, һәм әсерсіз, «орыс стандарты» сияқты даңғой ұғым болып қала береді. «Коммунизм елесін» көзден таса қылғысы келмейтін «біздің үлгідегі демократия» ешқашан шынайы ұлтшылдық пен ағартушылыққа, әділет пен тазалыққа бастап бара алмайды. Барғысы да келмейді. Міне, осылайша ескі терминдер өзгерген. Өңделген. Бірақ жөнделмеген. «Коммунизмде дүкен ашық тұрады. Сатушы болмайды. Қалаған затынды тегін алып жүре бересің» деген сөзге өз атамның да, нағашы атамның да селт еткенін көргенім жоқ. Селкілдеп  күлгенін көрдім. Ал бүгін жиі еститін «Есебі түгел елу ел бар. Есігіне жақын тұрмыз. Ебін тауып ішіне кірсек, ел қатарлы ішіп-жейміз» деген сөз әлгі күлкіні көз алдыма келтіреді. Неге?  Ешбір заманда «Қарының тоқ болады. Көйлегің көк болады. Қатының қойныңда болады. Атың астыңда болады» деген «ұлтық идея» қазақтың қанын қыздырған емес. «Жерім тұл болады, дін ұстауым мұң болады, тілім жым болады, қатын-балам күң болады» деген қауіп қана қамшылап тұрды намысымызды. Сондықтан да туған жерімді, дәстүрлі дінімді, ана тілімді, мәдениетімді мансұқ етіп, кіріптар қылып, «дамыған елу мемлекеттің қатарын да» елуінші, жә тіпті қырық тоғызыншы болып разы кейіпте тұрғанша кие ұрсын, әруақ атсын мені!» демей ме Қазақ Шалға мінезі тартып туғандар?

Ұлттық идеяны ішіп-жеуге  байлау «бұқараны тиімді түрде басқарудың» біз бойлай алмайтын терең стратегиялық әдісі шығар, бәлкім? Бірақ халқыңды тарих сахнасындағы ешкімге ұсамайтын тағдырына үңілтуден, сендіруден артық кандай ұлттық идея болуы мүмкін?!!

Тарихи тұрғыдан келсек, күні кеше ғана Ұлық Ұлыс ыдырап, Речь Посполита әлсіреп жатқан тұста Новгородты саяси сахнадан тайдырып, Украина мен Смоленскіні өзіне қаратып Ресей атанған көршіміздің боданына айналмас бұрын ежелгі Қазақ Ордасы кім еді? Ең әуелі мұсылман әлемінің бір бөлшегі еді. Сосын барып саны бойынша османлыдан кейін екінші тұрған түркі тектілерді Орталық Азиядағы төресі еді. Донай мен Алтайдың арасын билеген Жошы Ұлысының мұрагері еді. Отырардың кітапханасын Бағдаттың Бәйтуль Хикмасына (әлемдегі алғашқы Ғылым Академиясы) жалғаған, Түркістаннан төрткүл дүниеге руханият сәулесін шашқан Жерұйық-тын.

Қожа Ахмет Йасауидың дәргейінен бата алып шыққан шәкірт біткен Биік Осман Дәулетінде де, Ұлы Монғол Империясында да, Мәмлүктің Мысырында да  әміршінің рухын қайраған сарай тәрбиешісі болды. Мазары Анкараның түбінде қалған Мейрам Қажы, сонау Бангладештегі бенгалдың бетін құбылаға бұрып барып Силхетте жай тапқан Шах Джалал – Түркістаннан шыққан көп шәкірттің бізге мәлімі ғана. «Үйде туып, түзде өлген», Әзірет Сұлтанның іргесінде жатуды жөн көрген хандарым қандай еді? Сөзге тоқтаған батырым, сөз таба алған биім қандай еді? Сананы отарсыздандыру «шер толқытып шығарған ой түбіндегі сөз»,  яғни, аса ауқымды мәдени саясат арқылы тарихи жадыны тірілтуден басталуы керек болатын. Бұл тарихи миссияны орындау үшін мемлекетіміз ең әуелі мәдениет және ақпарат кеңістігін бүтіндеуі тиіс еді. Әсіресе, ұлттық идеяны ыммен ұқтыратын ірі БАҚ-қа, кино жобаларға, мультипликациялық анимациялық фильмдерге зәру болатынбыз. Ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік салалары әрбірден соң осы екі кеңістікті сыртқы ықпалы мен ішкі бүліктен қорғаушы ретінде көрінуі керек-тін.

Амал не, сыртқы саясаттағы көпвекторлық ішкі саясатқа жұққан сәттен бастап мемлекеттік биліктің ұясына Анархия жұмыртқа салатынын парықтамадық.

«Қазақстандық патриотизмнің басты белгісі көпұлттылық идеясы» деп шуладық. Сол «көп ұлттың» патриоттығы қандай дәрежеде деген терең әлеуметтік зерттеу жасалған жоқ. Түрі қазақтан бөлек көрінсе, саны екіден асса болды ұлттық-мәдени орталық ашып беру, «Қазақстан халықтары» атты альбом-кітаптарға қазақ халқының өзі (!) кірмей қалып жатуы еліміздегі мемлекет қалыптастырушы өзек ұлттың рөлі әбден әлсірегенін көрсетеді. Беделді бір басылымның бас редакторы Президент Әкімшілігіндегі базбір қызметкердің: «Біз – көпұлтты мемлекетпіз. Біздің елде 130 ұлт тұрады» деп өзеурегенін көріп: «Жоқ, қателесіп тұрсыз. Біздің елде 131 ұлт тұрады» деп салады. Әлгі шенеунік қайран қалып: «Мен білмейтін ол қандай 131-ші ұлт?» дейді. Сонда жаңағы редактор: «Ә, естімеген екенсіз ғой. Кеше Жамбыл облысында екі қап марихуана арқалаған бір пуштун қырғыз-қазақ шекарасынан өтіп, Ресейге бара жатқанда біздің территорияда ұсталыпты. 131-ші ұлттың өкілі сол болады» деген. Бұл әңгімені ұлтаралық араздық тудыру үшін айтты деу қисынсыз. Меніңше, мемлекет қалыптастырушы негізгі ұлттың беделін аяқ асты қылып, тілі мен мәдениетін өз жерінде өгей ету, өзгенің алдында үнемі қыспаққа алу күндердің бір күнінде жаңағы «қазақстандық ұлттың» басына жай түсіретін «жарым ес жақсылық» («медвежья услуга») болып шығады. Мұндай солақай саясат ұлтаралық араздық тудырушы басты фактордың нағыз өзі.

Ұлттық идеясы айқындалған біртекті қоғам құруға ұмтылған жағдайда Қазақстан өзінің алпыс пайызына тең ең ірі этникалық тобына, ең негізгі саяси сегментіне, яғни, қазақ ұлтына иек артуы тиіс еді. Мәселе тек иек артуға емес, қазақ ұлтын отар- сыздандырып, жаппай ағарту шараларын ұйымдастыруға, берісі бес, арысы он жыл ішінде шеттегі қазақтарды барынша көп көшіріп әкелуге саяды. Әсіре «қазақстаншылдар» ойлап тапқан «сырттан келген қазақтың дені тыңшы» деген лағынет атқыр қаскөй теорияны Парламентте жайбарақат талқылап отыра беретін сұйық қанымызды осы жолмен ғана тазарта аламыз. Сөйте тұра, ұлттық идея жағынан біртекті елге айналудың басты шарты елді жаппай қазақтандыру, демек, қазақ еместерді қысым көрсету арқылы азайту деп түсіну қате. Қазақ еместер қазақы ортаға, қазақ мәдениетіне шынайы елітетіндей саяси-әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық интеграцияның әділ тетіктерін іске қосу ләзім. Әуелі «қазақ этноцентризмі» мен «қазақ лингвоцентризмі»  ұғымдары нақты саяси ұғымға айналуы керек. Бұған жетудің бір-ақ жолы бар — «қазақ билігінің» өзі тазаруы керек, «қазақ билігінің» имиджі имантаразы кейіпке кіруі қажет. Заң шығарушы мен заңның орындалуын қадағалаушы билік тармағы «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» принципіне, ал атқарушы билік тармағы «Ханның малы қазынаның малы» принципіне қайтадан мойынұсынбайынша тегіңнің тегін емес екеніне кімді иландырасың. Батыс Еуропаны иммигранттардың  астында қалдырған құдырет – осы екі қағиданы қолданып, һәм қадағалап отырғаны емес пе?

Ал дәл қазір іштен де, сырттан да көз қадаған сыншы жұрт «қазақ билігі» деп нені түсінеді: Ұлттық идея жағынан алғанда бүгінгі «қазақтың саяси элитасы» – кеңестік кызылкөз террор үрейін ұшырып, жігерін құм қылған, намысын шұлғау етіп орап, кеудесін ұлтарақ қып таптаған, отарлық сана сүйегіне шейін сіңген, кеше кедейлігін, бүгін байшыкештігін мақтан тұтатын өктем жүйенің өтірік мәдениеті, әсіресе, жай сөйлемге жиырма боқтық қосып сөйлейтін дөрекі тілі жеті ұрпағына жетерлік болып әрбір молекуласына жабысып қалған, өткен тарихы кем дегенде мың сериялы телехикая болса, соның тоғыз жүз тоқсан тоғызы тарихи жадынан жойылып, ең соңғы, «қазақты адам қылған сәбет» атты сценарийі кәлимадан артық ойынан шықпайтын, тілінен түспейтін топ. Саяси-экономикалық стратегиясы жағынан келгенде бүгінгі «қазақтың саяси элитасы» дегеніміз жекеменшік бизнес-секторды мемлекеттік қызметтің шаруашылық бөлімі деп түсінетін, мемлекеттік қызметте отырып кез келген  ірі бизнес жобаның үлесіне кіру – мемлекеттік кепіл деп түсіндіретін экс-партноменклатура! Ең қатерлі дерттің симптомы осы номенклатураның тілінде тұр. Тіл – ұлттың негізгі айқындауыш факторы, индентификаторы, мінезі. Билік қай ұлттың тілінде сөйлесе, сол ұлттың мінезін бойына сіңіреді. Мінезі әбден айныған күн қағынан жеріген қалпы «аға ұлттың» құрамдас бөлігіне айналуды аңсайды. Біз тұрмақ Шығыстағы алып көршіміздің халқы саяси лидері ауысқан кезең «Подмосковные вечераны» айтпайтын, Мәскеуде оқымаған, Ресей дегенде сағынышы сазып тұрмайтын саясаткер келді билікке» деп жатты. Оның қаупі мен біздің селқостығымыз салыстыруға келе ме? Ендеше неге бейқамбыз? Діни философияның алыбы Толстойдың өзін «орыс төңкерісінің айнасына» айналдырып жіберген қызыл террордың идеологиясы орыс мәдениетін тәуір талқандады. Оны жасанды «кеңестік мәдениетке» айналдырып, жеккөрінішті қылды. Бір қынжылатын жайт, қазіргі Кремльдің сол қателікті түзеп, «Күміс ғасырдың» ғажап үнін қайта сыңғырлатуға күш салып жатқаны шамалы. Әлбетте, «Жеті Жуанға сегізінші Арық» болып қосылғысы келетін («Мы остаемся членом большой Восьмерки для того, чтобы она не превратилась в сборище жирных котов» деген Путиннң өз сөзі) Ресей өзін ең құрыса «қияли Еуразиялық құрлықтың» бірден-бір ықпалды мемлекеті ретінде сезінгісі келеді. Сол себепті Орталық Азиядағы мәдениет кеңістігінде ықпалын бір мысқал болсын жоғалтқысы жоқ. Мәскеу үшін Украинаны қайдам, бірақ «Қазақстандағы мәдени және ақпараттық экспансиям әлсіреп кетті-ау» деп қайғыруға еш себеп жоқ. Мұндай сұрақ тумауы үшін Ресейдікінен гөрі біздің мемлекеттік қызмет орындары көбірек еңбек сіңіріп жатыр. Мәдени-ақпараттық кеңістіктегі шекарамызды айқындап алмай тұрып жаһандану процесіне құшақ жайған түр таныту, әлдеқашан жаһанданып кеткен ірі БАҚ-тың басын қосып, жоғарыда айтылған жабайы тәсілмен «татуластырып жіберуге тырысу», комплиментті сұрап алу (кейбірде сатып алу) бізге абырой әпермейді, керісінше қатер төндіреді. Бұл жағынан келгенде кез-келген интеграциялық процесс әуелі тар шеңберде пісіп-жетілсе ғана өміршең болады. Президентіміздің аузынан ара-тұра шығып қалатын Орталық Азия мемлекеттерінің Одағын құру идеясы біз үшін Еуразиялық Одақтан да, «әлемдік діндердің арбитрі болу» мәртебесінен де маңызды. Орталық Азияда ең әуелі мәдени интеграцияны күшейту жаһандану ғасырында жанымызды сақтап қалуға сеп болар еді. Неге?

Жыл сайын азайып келе жатқан ұлттық тілдердің тағдырына  шынайы алаңдайтын қайраткер сөйлеушісінің саны жүз миллионнан әрең асатын отыз шақты түркі тілдерін оңтайланған, ортақ бір емле, бір қағида, бір әліпбиге көшіру жайын көбірек ойлар еді. Ал қазақ тілінің өзі ресми құжат түрінде, мемлекеттік белгі ретінде емлесі бекіп, толық орфографиялық  сөздігі шықпай тұрып жан-жақты ғылым, һәм ақпарат тіліне айнала алмайды. Мемлекеттік тілді «дамытуға» бөлініп жатқан жұқалтаң қаржының өзінен аты зор. Әр облыста битін сығып, қанын жалап отырған Тіл Басқармалары Астана алақанын ысқылап іске кiрiспейінше бейқам отыра беруге бейіл. Олардың құзырында ештеңе жоқ. Сол себепті қазақ тілінің «сүйкімді бейнесін», ғылыми терминологиясын қалыптастыру, Қазақстанның мәдени-ақпараттық кеңістігіндегі рөлін күшейту, дәстүрлі қоғам институттарын қолдан келгенше насихаттау стратегиялық маңызы зор міндет ретінде мемлекеттік саясатқа айналмайынша бәрі бос сөз күйінше қалады. Демократиялық жүйеге, азаматтық қоғамға біржола бет бұрған ел ретінде кез-келген стратегиямызға, мәдени-ақпараттық саясатымызға ешкімді күшпен  иландыра алмаймыз. Қолдана алатын жалғыз қаруымыз – БАҚ. Оның ішіндегі ең қуаттысы теледидар. Бұл жерде де біз намысты қолдан беріп отырмыз. Телеарналардың түгелі дерлік орыстілді. Және айналдырған екі-үш саяси топтың өзара бөліп алған қолшоқпарлары. Тәуелсіз деген тіркесі бар телеарналар, керісінше, құрылтайшысына ең тәуелді БАҚ ретінде танылып болды. Бұлардың телеөнімдері қай елдің саясатын, қай ұлттың құндылығын насихаттайтынын айтып жатудың өзі артық.

Осы кемшілікті шама-шарқымша толтырамын деген игі ниет 2001 жылы «Қазақстан республикаликалық телерадиокорпорациясына Есетжан Қосыбаев пен Ғалым Доскен бастап келген шығармашылық топтың аяқ алысынан бірден  байқалды. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «Қазақ Радиосының» техникалық құрал-жабдықтары бір ауыз сөзбен айтқанда «феодализмнен капитализмге бір-ақ секірді. Бірақ «қазақстандық идеяның» жанкүйерлері азаттық кезеңінде тұңғыш рет эфирге шыға бастаған  ұлттық тележобалардын авторларын жүнше  түткісі келді. Әртүрлі арандату әрекеттеріне барды, лаң салды. Келе-келе бұларға биліктің төңірегіндегі тағы бірнеше интригант топ қосылды. Одан қалса «Абайдың сөздерін уағызға кіргізе алмаймыз. Ол кісінің діни білімі жоқ» деген сияқты «афоризмдерді» қарша боратып, бар білетін атеистік терминологиясын шариғатпен қабыстыра алмай масқара болып отырған «№1 мұсылманымыз», саясат пен дін мәселесіне келгенде әліпті таяқ деп түсінбейтін сауатсыз аноним жазғыштар қосылды. Абай айтатын «дұшпандығы – кейіс емес, күндестік» мұндай пақырлардың Құдай алдынан жарылқасын! Мұхтар Мағауин ағамызша айтар болсақ: «Иманды болсын»! Бұл тақырыпқа қатысты көп айтылды, көп жазылды. Желдің қайдан, қалай, қайтіп соғатынын көзі қарақты жұрттың іші жақсы сезеді. Қандай жала жабылса да, «Құдайдан қайтсын!» дейміз. «Жүйесіз сөз иесін табады». Хош, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «Қазақ Радиосы» шағаласына дейін орысша шаңқылдайтын телегей-теңіз қазақстандық ақпарат айдынындағы жалғыз қазақы арал еді.  Жақында бұл аралға да «қазақстандық идеяның» туы тігілді. «Қазақстан» телерадиокорпорациясын шын мәнінде түлеткен, студияда кеш батырып, түсіру алаңында таң атырып, талмай ізденумен болған, шығармашылық таланты төңірегін тәнті еткен Ғалым сынды азамат ағам туралы, жылқышы, һәм ертекші Доскен шалдың бар жақсы қасиетін бойына сіңіріп өскен Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер қазақ туралы айтпай қалуды намыссыздық деп білемін. Ғалым Доскеннің басқару кезеңіндегі «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясындағы барша игі өзгерісті екі жыл бұрын «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатымда түгел тарқатып шыққанмын. Доскен сияқты мемлекетшіл азаматқа қатысты қазақ мәдениетінің ту сыртында отырып өкім шығарғыш, ұлттық мәдени кеңістікке қатысы шамалы пендеге осындай маңызды саланың тізгін-шылбырын ұстатудың не сыры бар? Көптің көкейінде жүрген күмәнді сауал осы. Президентімізден әділ төрелік тілеген көп сұрақтың бірі.

2001 жылдың желтоқсаны. Азаттықтың он жылдығы қарсаңында Президенттен сұхбат алуға дайындалып отырмыз. Ғалым Доскен қай кездегі әдетімен ойға келмейтін тың ұсыныстар айтады. Жарық түсірудің қатпары көп тәсілдері мен оператордың жұмысына қатысты режиссерлік шешімдері өз алдына. «Теледидарда Президенттің сөзге құлақ қоюшы, датқа назар салушы бейнесі жоғалып бара жатыр, көпшілік телеарналар мемлекет басшысын сирек жымиятын, тек ұрсып сөйлейтін, зекіп айтатын, өз сөзінен басқа ештеңені естімейтін адам ретінде көрсетуге бейім» дейді. Сондықтан да мен сұхбат алып отырып сұрақты ұзақтау қоятын болдым. Тіпті әділ билеуші туралы кішігірім хикая айтып үлгірдім. Сол бір қырық үш минутқа созылған телекөрсетілімдегі жеті сауалдың әлқиссасы да Доскеннің ойында туған еді.

«Президент мырза, қазақ тарихына көз салып отырсаңыз, Керей мен Жәнібектің заманынан бастап, әрбір ханның өзіне тән кезеңі, ел басқару қолтаңбасы қалыптасыпты. Қасым ханның «Қасқа жолы болсын», Есім ханның «Ескі жолы» болсын, әз-Тәукенің туы биік тұсы болсын, Абылайдың аласапыран уақыты болсын, Кенесарының зар заманы болсын, Қонаевтың қиын өткелі болсын. Өзіңізді бір сәт болашақтың тарихшысы ретінде сезініп, «Назарбаев кезеңін» қалай сипаттар едіңіз?»

Он жылдық мерекенің қарсаңында отырған Президенттің бұл сұраққа жауап бергісі келмеген. Сауалды айналып өткен. Он бес жылдық мерейтойдың алдында сол сұрақты тура мағынасында қайта қоюға мәжбүрміз:

«Алла Жар, Президент мырза! Дәрежеңді артық еткен Тәңірге мадақ! Тағыңа байланған бағымызды төбемізге тұттық! Дат, тақсыр! Сұрайтын сөзім бар. Бізге мынаны ұқтырғын: қырық жыл қырғында рухымның өзегіне талшық болып, бүгінге аман алып шыққан ұлттық намысымды, құны – бес жарым ғасыр бойы төгілген қан мен терге тең аманатты қол-аяғым босаған заман қолдан беріп отырғаным қалай?!!! Ертең Тәңірі алдында, бүгін қазақ алдында қандай жауап айтпақсың?!!! «Бір шылбырды бердік Саған, берген соң қайтып бұзылмақ жоқ». Ендеше, Сен де бұзылма!!! Қазаққа керегі – БІР ТӘҢІРІ, БІР ҚАҒАН, БІР ЖҮРЕК! Ол жүректің тілі –  қазақ, құбыласы –  Қағба, тегі– Көк Бөрі, жұлдызы – Күн! Осыдан айнымасаң, Алаш сенікі!»

«Жас қазақ» газеті, 2006 жыл

Ел қорғаны – Алмат Сардар
Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.

«Аржағы да атақты ер…»

Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды қатты қалжыратып жіберсе, жоңғарлармен қайта-қайта тұтанған қанқасап шайқастар қазақтың жаужүрек ерлерін тарих төріне шығарды. Сондай батырлардың бірі — Киікбай Әлібекұлы болыпты. Ғалым ұсынған деректерге жүгінейік: қазақ халқының бес ғасырлық тарихын жазған ғалым-зерттеуші Ә.Хасенов сол кезеңнің аға батырлары ретінде адай Назар, Шотан, Есенқұл, Сабытай, тілеу Орыс, шөмекей Киікбай, сыбан Жанай, балталы Оразымбет, бағаналы Баянбай, табын Бөкенбай, сіргелі Елшібек, ақкете Алтайларды атаған («Үш ғасыр иінінде», «Қазақ әдебиеті» газеті, 07.02.1992 ж.). Әбілқайыр хан тұсында өмір сүрген Киікбай батыр 1717-1718 жылдары туып, 1795-1796 жылдар шамасында дүние салған. Қазақ жеріне, әсіресе Кіші жүз аймағына қалмақтармен қатар, Хиуа, Қоқан хандықтары көз сүзіп, елді әлсін-әлсін дүрбелеңге түсірген шақта қол бастап, жаудың бетін қайтарған батыр, сол ұрыстарда бірнеше рет ауыр жараланған. Ұлағаты мол жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романында Киікбай Әбілқайыр ханның сенімді батырларының бірі, оған қолдау көрсеткен ықпалды тұлға ретінде суреттеледі. Киікбайдың ұлы Тобаберген де (1766-1840 жж.) өз аймағының беделді, ел сөзін ұстаған азаматтарының бірі болған дейді шежіре тарих. Ол Ресейдің «Гүберлі» деген жерінде (қазіргі Орск қаласының маңы) жаугершілік шайқаста 76 жасында қаза тапқан, сүйегін бір жыл аманатқа қойып, келесі жылы Ырғыздан 25 шақырым жердегі Майтөбеге әкеліп жерлейді. Алмат сардар Тобаберген арыстың ұлы, Киікбай батырдың немересі, яғни «аржағы да атақты» болған әулеттің перзенті еді(қараңыз:Рахымжан Өтеміс. Алашқа аты мәлім Алмат сардар…//9.08.2024. aqtobegazeti).

Алматтың елшілік қызметі

Алмат Тобабергенұлы 1804 жылы Ырғыз жерінде дүниеге келген. Кіші жүздің Шөмекей руының Бозғұл бұтағынан шыққан. Шежіре бойынша таратсақ: Бозғұл-Келдібай-Сейін(Желдер)-Бекет-Шобдар-Қалақ-Әлібек-Киікбай-Тобаберген-Алмат. Жастайынан өзінің алғырлығымен өз замандастары арасында беделді болып, патшалық Ресей өкілдерінің назарына ілігіп, қызметке алынған(Әйтеке би эн. 88-бет, Ақтөбе эн. 265-бет). 1830 жылдардан бастап-ақ ел билігіне араласа бастады. Осы кезеңде орыс елшілігінің атынан Хиуа хандығына барып, келіссөз жүргізіпті. Ол орыс әскерлерімен бірге Бұхара хандығына (1833-1834 жж.) сапар шеккен экспедицияның жол басшысы болған. Олардың Алматты таңдауы бекерден-бекер болмаса керек. Ол ел-жер тарихын жетік білетіні, мұсылманша алған терең білімі, қажырлы қайратты адамдармен қарым-қатынастағы ерекшеліктері ескерілген болуы керек. Бұл туралы экспедиция жетекшісі Петр Иванович Демезонның 1833 жылдың 10-шы қарашасында Орск қаласынан Бұхара керуені жолға шығады. “Керуен басшысы бұхаралық Нияз Мұхаммед және жол бастаушысы Алмат болды” – деп жазады(Талмай шапқан тарлан, 7-бет). Алмат Тобабергенұлының арқасында Орта Азия сапары орыстарға зор мәні бар эксспедиция болады.  Алмат Тобабергенұлы 1846 жылдың 23 наурызында түтін салығын жинау тобының жетекшісі, 1851 жылы №54 дистанция, 1860-1868 жылдары №31 дистанция бастығы болып қызмет атқарса, 1869-1876 жылдары Ырғыздағы “Қожакөл” болыс басқарушысы болып тағайындалған.

1834 жылы қазан айында осы жылға дейін істеген жұмысы Ресей патшасы Николай І-дің көңілінен шығып Анна лентасы мен қылышпен марапатталды(“Записке о Бухарском ханстве” 10-бет). Алмат Бұхара хандығына тұтқынға түскен 60- тан астам Ресей азаматтарын тұтқынан босауына жәрдемдесу үшін талай мәрте дипоматиялық келіссөздер жасасып оң нәтижеге қол жеткізгендігі жөнінде нақты архив құжаттары сақталған. 1829 жылы мамыр айында Шөмекей руының 400 түйе, 1000 жылқы, 1000 сиыр, 50 мың қойды барымталаған Хиуалық Тұрысбек бастаған басқыншылардан малдарын кері қайтарып алған. 1836 жылы корнет Айтовты тұтқынан босату кезінде Алмат Тұрысбекпен кездесіп қалады. Оның өзің шырамытып тұрғанын байқаған Алмат: “О, Тұрысбек, құдай тас төбеннен ұрсың! Ағаң Құдайқұлды көрмей көрсоқыр болдың ба?” – деп айқара құшақтап, есеңгіретіп, құтылып кеткен көрінеді. Тар жерде жол табудың өзң оның ақылдылығын, батылдылын көрсетсе керек. Оның елге жасаған тағы бір қызметі 1864 жылы Орынбор генерал-губернаторына арнайы хат жазып, Ырғыз қазақтарына судың аса қажеттігін, егін егумен айналысудың тиімділігін дәлелдеген болатын. Ол сондай-ақ Шөмекей, Шекті, Төртқара рулармен болған арадағы дау-жанжалды бейбіт жолмен шешуге белсене араласып, шекараларды анықтауда басты рөл атқарған.

Алматтың Кенесары ханға жасаған жақсылығы

Алмат Тобабергенұлының неменесі Маханұлы Рахи(марқұм) 1999 жылы 14-ақпанында Сарбасовқа хат жазған екен. Хатта өзіңін Алмат бабасы өз заманында “Ырғыз уезі болмай тұрғанда, яғни 1845 жылға дейін Кенесары хан, Наурызбай 4-5 жыл Ырғызда тұрған ғой. Сол уақытта Алмат Кенесарымен кездесті деген деректі жолықтыра алмадым. Кездеспеулері мүмкін емес”, – іздестіруімді өтінгенді.

Ақсақалдың болжамы қате кеткен жоқ, әдебиетші, зерттеуші Қуаныш Ахметовтың “Табанын тауға тіреген тарлан атты”, “Жұлдыз” журналындағы (2001) мақаласында тайға таңба басқандай мұрағат құжаттар бар.

Бас штабтың поручигі Герн былай депті, “Орск бекінісіне қайтар сапардан бір күн бұрын Кенесары менің қасындағы құрметті қазақ керуенбасы алматпен жүздескісі келді. Онымен бірнеше сағат әңгімелесіп, Алматтан жоғарғы мәртебелі сізге(Обручевке В.А.) және маған хаттар беріп жіберді Кенесары онымен сөйлескенде өз жағдайының, әсіресе, қыс айларында ауыр екендігін екендігін айтыпты. Ежелден ата-бабалары мекендеген Ұлытау аймағы оған иелікке беріле қойса, үкіметке адал болуға ант беруге, әкімшіліктің барлық талаптарын орындауға әзір екендігін мәлімдепті. Мынау мен үшін аса маңызды хабар деп ұққан Алмат қазақ дәстүрімен менен сүйінші сұрады. Қолымда сүйіншіге ыңғайлы ештеңе болмай, мен  оған Орскге барған соң төбетей сыйлауға уәде бердім. Оның үстіне біздің бүкіл керуеннен Кенесарымен тең ғана, Алмат жалғыз өзі кездескен соң оның үстіне олардың бұрынан аралас-құралас, сыйлас екендігін білген соң шекаралық комиссия басшылығы осындай адаммен таныссын, деп Алматты Орынборға алып келдім. Шындығында да шекаралық комиссияның төрағасы онымен 2-3 мәрте кездесіп әңгімелескеннен кейін маған онымен таныстырғаным үшін ризашылығың білдірді”. Бұл деректерден Алмат Тобабергенұлының үлкен қайраткер, саясаткер болғандығын, қазақ хандығының тәуелсіздігі жолында күрескен хан Кенесарымен болғандығы және бәйбішесі Күнімжанды патша қамауынан босатып Кенесарыға табыстаушы да болғанын көреміз.

«Балқы Базардың Алматқа арнаған толғауы…»

Майдан өте сұлу болыпты. «Шүйінішбай дегеннің қызы еді», – дейді оны Қ. Молдахметов есімді қармақшылық азамат. (Қараңыз: Базар жырау мен сардар Алмат.// «Тұран-Қазалы» газеті, 8.01. 2005 жыл) Алайда Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында тұратын  Майданның інілерінің, сіңлісі Айжаннан өрген жиендерінің деректері, рулық шежіре бұл пікірді теріске шығарады. Растайық. Балқы Шөмекей руының Бозғұл тайпасынан тарайды дедік. Балқының бір баласы Пұшық. Осы Пұшықтан – Құдайсүгір, Сатыбалды туады. Құдайсүгірден – Мәттек. Мәттектен – Сарыбас. Сарыбастан – Төртбай, Тезекбай, Жетекбай, Бесбай. Төртбайдан – Бектемір, Естемір, Темірбай және Майдан, Айжан атты екі қыз. Ескерте кетейік, пайдаланып отырған мағлұматтардың бірқатарын Майданмен бір атадан өретін Қасымхан, Еламан есімді азаматтардан алдық. Туыстығын ашып көрсетейік. Төртбайдың Бектемірінен – Нұржан. Нұржаннан – Тәжімағанбет (1915 – 1968), Тәжімағанбеттен – Қалқаман, Еламан (1955), Күләйім. Ал Төртбайдың туған бауыры Бесбайдан – Күмісбай. Күмісбайдан – Тілеш. Тілештен – Бақтыбай. Бақтыбайдан – Қасымхан (1948). Базар Майдан қызды бұрыннан өзара уәде байласқан жігітіне алып берген. «Аты – Кетебай, жыраудың жақын інісі», – деп куәландырады Ш.Алдашев. (Қараңыз: «Жұлдыз» журналы, №5, 1981жыл). Қармақшылық Қ.Молдахметов мұны:«Сәлім есімді кісінің баласы-тұғын», – деген мәліметімен қостайды (Қараңыз: Базар жырау мен сардар Алмат.// «Тұран-Қазалы» газеті, 8.01. 2005 жыл). Қолдағы Жауқашты Балқылар шежіресінің бірнеше нұсқасын мұқият әлденеше сүзіп шықтық. Аталған кісілер есімдерін кездестірмедік. Бұны әлі де анықтай түсу қажет күмәнсіз шындықты індету үшін.  Жаз жайлауы Мамытты мекендеп жүрген кезі екен Базардың. Отарбай атасынан тараған ет жақындарымен бірге. Ағайындарға астыртын сәлем айтыпты Сыр бойындағы: «Қыз атастырылған еліне көп ұзамай ұзатылмақ», – деп. Хабарды ести сала Мамытқа суыт жетеді бірнеше жігітті бастап Базардың әлгі туысы. Тілеулес ағасының ұқыпты ойластырған ақыл-айласының арқасында, жұрт қалың ұйқыға енген шақта, қиындықсыз Майданды алып шығып, із тастап үлгереді. Сол заманда  жер дауы, жесір дауы – үлкен мәселе екен. Арты шуға айналады. Майдан атастырылған ру осал емес-ті. Шобдар жұрты еді. «Жарты патша» атанған, Әлім-Шөменге аса беделді би, сардар Алмат Тобабергенұлының елі. Майданның атастырылған болашақ күйеуі – Естай деген екен, атақты шонжармен туысады. Шөмекей руының Бозғұл тайпасынан, Шобдар аталығы. Ұғынықты болсын таратып көрсетейік туыстығын. Шобдардан – Қалақ. Қалақтан – Әлібек, Арыстан. Әлібектен – Киікбай батыр. Киікбайдан – Тобаберген, Қожас, Бабас, Айдос, Сүгіртай. Тобабергеннен – Алмат (1804 – 1892). Алматтан – Самырат, Төремұрат, Қосмұрат, Мақан, Пірмақан. Ал Бабастан – Қожағұл,Ысмайыл, Сүйінбай, Мойнақ, Тұрым, Қашқын. Осы Қашқыннан – Шынтай. Шынтайдан – Естай(Жабасақтағы марқұм Көпбай ақсақалдың атасы). Сонда ол Алматпен төрт-ақ атадан тоғысады (Мәліметті беруші Тельман аға Шағатай баласы (1934), Қожастың нәсілі). Содан дүрліккен Шобдар шырақ алып Базардың соңына түседі. Кенжеғара болысын басқарып тұрған шағы екен Алматұлы Самыраттың (Нақты деректер бойынша бұл 1875 – 1889 жылдар аралығы. – Б.К.). Қолында билігі бар ол қатуланып жазалауға бекінеді. Басынан қиқу кетпей түртпекке қатты ұшыраған Базардың амалы таусылады. Ақыры жолын табады қыспақтан шығудың. Әйгілі Төртқара Жаныс биге жүгінеді. Әлім-Шөмен ішінде беделі өте жоғары, қара қылды қақ жарған әділдігімен дүйім елге аты таныс. Базардың дарынына қанық би оның арыз-мұңын тыңдап, дауды шешудің уақытын белгілепті. Сонымен не керек, уағдалы мерзімде екі жақтың шағымы тыңдалып, кесімді уәж айтылыпты: «Шынтай баласы Естайға Майданның сіңлісі Айжан айып өтеуі болсын!» – деп. Осы бәтуаға бәрісі тоқтапты. Сырғып айлар өтеді, жылжып жылдар өтеді. «Жақсы адамның ашуы жібек орамал кепкенше…». Қай кезде де ақылын жоғалтпаған, қаркесті Алмат қарт Базарға хабар салыпты дейді бірде: «Келсін, жыр айтсын!» – деп. «Келсін, жыр айтсын!» – деуі де сылтау сөз. Астары – Базармен қайта табысудың амалы-тұғын. Ескі күннің бір данагөй шалы айтыпты ғой: «Екі жақсы қосылса, Бірін-бірі қия алмас, – Екі жаман дос болса, Бір мекенге сия алмас», – деп. Өкпесі тарқаған жырау да ағасымен жарасудың сәті түскеніне қуанады. Бірақ әлдебір себептермен сәл уақыт оздырып алады. Әйтсе де жолға шығады. Аққұмдағы Алматтың ордасына жеткен Базар (Аққұм – қазір Әйтеке би ауданына қарасты жер. – Б.К.) табалдырықтан енді аттап, үйге ене бергенде ағалық доқ көрсеткен би жорта: «Кірме, көрінбе көзіме!» – деп ақырып жіберіпті дейді. Сонда сасып қалған жырау бір аяғы іште, бір аяғы сыртта: «Алайма сардар, алайма, алайма сардар, алайма», – деген сөздерді әлденеше қайталап барып, аздан соң төгілте жөнеліпті әрі қарай:

Болғанда ағам – Алмат, жеңгем – Күміс,

Ешкімге біткен емес мұндай туыс.

Ақырып Алмат ағам сыртқа шықса,

Болады Әлім, Шөмен бір-ақ уыс (толық нұсқасын қараңыз: Кәртен Б. Шаңдоз жырдың толғауы-Балқы Базар. Adyrna.kz. 28.01.2016).

Халықты алдап қазына іздеген емші сымақ

Бұл оқиға 1992 жылы  26-шы көкегінде айында болыпты. Өзбекстандық емші Әбдімәлік Талипов деген емші Жабасақ ауылына келіпті. Ауылдың кеңес төрағасы Ж.Шоқпаров пен сол кездегі конторда жұмыс жасайтын ауыл азаматтары барып жағдайын біліп тұрған. Барғанда айтатын:“адам аз келеді маған, ақша көп түсуі керек”. Тағы бірде “қасиетті мешіт бар жер екен, айналысы лас соңы тазарту, жөңдеу керек”,-деді. Сол кезде Жабасақ ауылдық кеңесінің төрағасы Ж.Шоқпаров:айналасын  азарту дұрыс. Бірақ біз биыл жаңа мешіт саламыз-деген. Сонымен 10 мамыр күні сағат 3-те сеансқа барсам 70-ке жуық адам жиналған. Ал Талипов жоқ. Сосын шамалыдан кейін көмекшісі Хасан келіп:“Талипов сырқаттанып қалды, ертең келіңдер”-деп халықты таратып жіберді. Көңілін сұрайын деген оймен қонақ үйге барғанда, емші диванда жатыр. Ауырғаң адамға ұқсамайды. Ол бір кезде: “Қазір мешітті жөңдеймін”-деді. Ауыл ақсақалдарының айтуынша байырғы заманда Алмат әулеті Жабасақтағы Самырат мешітінің орнына алтын-күміс, бағалы заттарын көмген екен. Бұл емші халықты пайдаланып сол заттарды Науаи облысындағы Алмат ұрпақтарынан біліп келген болса керек. Тұсқайта аудан әкімі мен орынбасары А.Ермағанбетов, директордың орынбасары А.Бірманов, Ж.Шоқпаров үшеуі барғанда мешітті қазып жатыр екен. “Бұл жерде құран бар, соңы аламын”-деді. 12 мамырда Аққұм орта мектебінің директоры Байнязов пен шофер А.Жоламанов барса мешітті саз балшыққа ацналдырып, ішін адам көргіс етіп бүлдірген. Кірмек болған адамдарды есіктен қуғаң. Ақыр аяғында Жабасақ ауылдық кеңесі мен аудан басшылығы Ә.Талиповты ауылдан еріксіз қуып шығуға мәжбүр болған. Ол өзіңе қарсылық көрсеткен қызметкерлерге жұдырық жұмсаған. Егер нағыз емші болса қасиетті орынды қорламай, адамдарға қол көтермейтін еді.(Қараңыз:Емшінің хикаясы…//1992.06.27).

Әлеуетті әулет ұрпақтары

Алмат Тобабергенұлының – Самырат(Шахмұрат), Төремұрат, Мақмұрат, Қосмұрат, Пірмақан атты ұлдары болған. Алмат қазіргі Жабасақ, Аққұмды жәйлау етіп, Ырғыздың Қарақоғасында қыстау салған. Балалары да әкесінің дара жолын жалғап, абройын асқақтатып ел-жұрттың аузыңда қалған ұлы тұлғалар. Алматтың үлкен ұлы Самырат Ырғыз болысын басқарған. Алмат үлкен ұлы Самыратқа(Шахмұрат) арғы атасы Тархан болған шақшақ Жәнібектің ұрпағы Мұсаның қызы Мамишаны айттырған. Халық «Самыраттың Аққұмы» деп атап кеткен. Жабасақ ауылына 1902 жылы мешіт салып, Бұқар медресінен білім алған Мұқантай деген молданы мешіттің иманы қылып қойып, балалардың көзің ашқан. Кейін Төремұрат Кенжеғара болыс басшысы болғанда осы шырайлы өлке Аққұм жәйлауында мекендеген екен. Төремұраттың немерелері Файзолла Әбдісаламов Ақтөбеден шыққан тұңғыш кино операторы, Қазақ КСР-ның Еңбек сіңірген өнер қайраткері(1960)(ҚСЭ, 6-том, 8-бет, Ақтөбе энц. 288-бет) болса, ал Ғалымжан Әбдісаламов қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби скрипкашысы. Файзолла мен Ғалымжан сол сардар Алматтың екінші ұлы Төремұрат болыстың немересі, Әбдісаламның баласы.

«Бекзада болып өсті ұлдары да…»

Алматтан қыздарын айтпағанда, бес ұл туады. Кіші екі ұлы жастай қайтыс болған. Үлкені Самұрат (1845-1922 жж.) әкенің ел басқару ісін жас кезінен жалғастырған, 1861 жылдан патша үкіметінің қызметінде болып, кейін №54, 31 дистанциялардың бастығы, Ырғыз уезіндегі Қожакөл, Кенжеқара болыстықтарының басқарушысы, Ырғыз уезі бастығының көмекшісі, уезд биі болып қырық жылдан астам қызмет атқарады. Өз қаржысына орысша, мұсылмандық мектептер, мешіт салдырған. Қазіргі Әйтеке би ауданының Аққұм деген жерінен баласы Самұратқа арнап, қабырғалары қарағайдан қиыстырылған 12 бөлмелі зәулім үй тұрғызады. Бұл үй туралы Сейілхан Оразымбетов ағамыз былай деп жазған еді: «…Аққұмның сұлу табиғатына Самұрат үйінің (басқа да қосалқы құрылыстарымен) архитектурасы үйлестіріліп салынғанға ұқсайды. Қабырғасы еңселі, төбесі қаңылтырланған, суағары өрнектеліп өрілген жылан ауыз түтікшелі, терезелері ашпалы, көк шыныдан тұтқасы бар емен есікті бұл үйдің сыртын төңіректің көктемгі реңіне түстес жасыл көк бояумен қанықтыра боятса керек. Әсіресе жаздың сағымды күндерінде қозыкөш жерден ашық теңіздегі кемедей мұнарлана қалқып көрінетін, бұлтты  түндерде биік қабақтың суға түскен көлеңкесіндей көзге ілігетін осы бір көрінісі бөлек көк үй жайлы көзі көргендер елжірей айтып, көрмегендері сол айтқанды елти тыңдайды. Сонан болар, асылды жасықтан айыра білген ел аузының әңгімелері небір көркем де сұлу құрылыстарды күні бүгінге дейін Самұраттың осы көк үйіне теңеп айтуды үрдіс еткен». 1905 жылы Орынборда өткен қазақ құрылтайына қатысып, сөз сөйлеген. 1913 жылы Петербургтегі Романовтар әулетінің таққа отырғанына 300 жыл толу салтанатына Орынбор губерниясы делегациясының құрамында қатысады. Адал қызметі үшін патшадан дворян атағымен, зерленген қалпақ пен алтын медальмен, әр жылдары Станислав, Анна ленталарымен, күміс медальмен, басқа да бағалы сыйлықтармен марапатталған. Құрманалы ақынның:

Алматтан туған белгілі,

Мынау жүрген Самұрат.

Әлім-Шөмен ішінде,

Бәйгеден келген тарлан ат, — деп жырға қосуы оның өз заманының қайраткер тұлғасы болғанын айғақтаса керек. Алматтың дистанция бастығы ретінде қолға алған ең басты да бірінші шаруасы — мал соңында көшіп-қонып жүрген халықты отырықшылыққа бейімдеу болды. Бұндай шешім оған бозбала жігіт шағында Орта Азия елдерімен қоса, Ресейдің Орынбор, Орск, Уфа қалаларында бірнеше рет болып, қала тұрмысының ерекшеліктерін көріп, бойына сіңірген кезде-ақ келген болу керек. Өйткені, елінің үлкен-кішілеріне «Орыс халқының үйлерінің сәні мен салтанатын көргенде өз аулымның іргесінен жел үріп, төбесінен тамшы ағатын үйлерін есіме алып, көңілім орта түседі» дейді екен. Жаңа лауазым сол орта көңілінің орнын толтыруға мүмкіндік берді. Сөйтіп, Ырғыздың қалың қопалы, мол сулы жерлерінен Төремұрат деген баласына 12 бөлмелі, Әбдіразақ деген немересіне 6 бөлмелі төбесі қаңылтырмен шатырланған қалалық үлгідегі үйлер салдырған.Төремұрат (1848-1933 жж.) Қожакөл болысының кандидаты, Ырғыз уезі бастығының кіші көмекшісі, Кенжеқара болысының басқарушысы қызметтерін атқарған. Әкесі сияқты ол да «Құрметті азамат» атағына ие болады. Самұрат та, Төремұрат та Меккеге барып, қажылық парыздарын өтеген. Елі Самұратты «Үлкен қажы», Төремұратты «Кіші қажы» деп атайды екен. Махан (1865-1933 жж.) да ел билігіне араласқан, Кенжеқара болысының кандидаты, Аманкөл болысының басқарушысы болған. Әйгілі Базар жырау 1892 жылы Алмат қайтыс болғанда қара шаңырақта отырған ұлы Маханға арнайы келіп:

Алтекем емес еді қалыс адам,

Жоқ еді ақ кеуіліне алыс адам.

Бекзада болып өсті ұлдары да,

Қыздары кем болған жоқ ханшадан.

Артпақшы абыройы адамзаттың,

Береке тұқымына дарыса адам.

Ешуақытта етпес ісін ашқарақтың,

Бір тегі уызында жарыса адам… — деп көңілқос айтқан екен. Бір айта кетерлік жәйт — Алмат ұрпақтары шеттерінен өнерлі һәм қолөнер шебері болған. Немерелері Абыл, Халық, Қанилар домбырашы, қобызшы ретінде танылып, Ырғыз халық театрының іргесін қалаушылар болса, Төремұрат пен Қосмұрат және бірнеше немерелері тігін тігуге, арба, шана, басқа да тұрмысқа қажетті заттар жасайтын ұсталыққа машықтанған. Абыл Маханов Алматы филармониясы оркестрінің домбырашысы, 1936 жылы Мәскеудегі қазақ өнері мен әдебиетінің алғашқы онкүндігіне қатысқан. 37-нің қанды қасабында халық жауы деген жаламен ұсталып, атылған. Оның інісі Қани да домбырашы, ат әбзелдерін жасайтын шебер, ол да 37-де ұсталып, он жылға сотталған. Шөбересі Әбсаламов Файзолла қазақтың тұңғыш кинооператорларының бірі болса, оның інісі Ғалымжан Әбсаламов елімізге Әлім Алмат деген есіммен белгілі қазақтың тұңғыш скрипкашысы(Жабасақтың Аққұм ауылында дүниеге келген), Мәскеудегі онкүндікке қатысқан. Соғыстың алғашқы күндерінде немістерге тұтқынға түсіп, кейінгі бүкіл ғұмыры шетте өткен. Париж, Вена консерваторияларын бітіріп, Ыстанбұл симфониялық оркестрінің скрипкашысы болды, 2018 жылы 102 жасында Түркияның Ыстанбұл қаласында дүниеден өтті. Оның бұралаң жолды қиын да қызықты тағдыры, Мұстафа Шоқайдың әйелі Мариямен аналы-балалы қарым-қатынасы туралы жазылған туған жерінің бұрмалап(Қарақоға деп), өтірік десертация қорғаған Күлпаш Ілиясованың «Әлім Алмат: өмірі мен өнері», «Тағдыр-тарих:Скрипкашы Әлім Алматтың күнделікті өмірі»  атты  кітабы бар. Немересі Рахи Маханов соғыстан майдан даласына бір аяғын қалдырып, аман оралған соң Ырғыз ауданында жауапты қызметтер атқарды. Тәуелсіздіктің нұрлы сәулесі рухани өмірімізге шуағын төккен 90-жылдары кезінде «патшаға қызмет етіп, шенін тағып, шекпенін киген шынжыр балақ, шұбар төс» деп саясаттың қара таңбасы таңылған, ұрпақтары үреймен күн кешкен атасын жарыққа шығарудың — алматтанудың жолын бастаған осы ағамыз болатын. Сондай-ақ замана ызғарымен тарыдай шашылып, өзбек елінің Тамды және өзіміздің Алматы, Қостанай, Қызылорда, Жетіқара өңірлерінде тұратын туыстарын іздеп тауып, ағайындық қарым-қатынасты қайта орнықтырды(қараңыз:Рахымжан Өтеміс. Алашқа аты мәлім Алмат сардар…//9.08.2024. aqtobegazeti).

Сөзіміздің тобықтай түйінің айтсақ аталған фактілерді негізге ала отырып таза шыңдықты сіздерге жеткізуге тырыстық. Өзіміздің көзіміз жеткен таңбалы тприхты қайта жаңғыртып, келер ұрпаққа ешқандай бұрмалаусыз, нақты ақпаратпен бөлістік. Кезінде Жабасақ өңірін жайлаған төрт аталы Шөмекейдің бас биі болған, билігі мен парасаттылығың елдің мүддесіне жұмсай білген сардар Алмат Тобабергенұлы туралы көптеген деректерді сіздерге ұсындық. Киелі мекен, тарихы терең Жабасағымыздың отанымыздың төріңде ойып алатын орны қандай екенің жұрт назарына жеткізу біздің басты мақсатымыз. Жайнай бер Жабасағым!

Асқар Рахымжанұлы

тарихшы

Иранның ракетасы азайғанымен нысанаға тию дәлдігі артқан. Себебі неде?
Фруд БЕЖАН

Израильге шабуыл жасалған сәт. 29 наурыз 2026 жыл.

Соғыстың алғашқы күні Иран Израиль мен АҚШ-тың ракетаға қарсы жүйелерін қирату үшін жүздеген баллистикалық ракета жіберген. Көп ракета құлатылды. Ал қазір Иран ракета атуды азайтып, күніне ондаған ракета жібере бастады. Ашық дереккөздерге сүйенген әскери сарапшылар Иранның ракета атуы азайғанымен дәл тиюі жоғарылған дейді. Мұның себебіне үңіліп көрдік.

“АҚШ пен Израильдің соққылары Иранның ракета жіберу қондырғыларына айтарлықтай зиян келтіргені анық. Мұны атылатын ракеталардың азаюынан байқауға болады. Бірақ Иран ракеталарын үнемдеуге үшін кіші, бірақ маңызды деп шешкен нақты нысандарды дәл ата бастады” дейді Вашингтондағы Stimson Center сараптама институтының ғылым қызметкері Келли Грико.

Қазір Иран АҚШ-тың Таяу шығыстағы маңызды әскери нысандары мен радиолокация жүйелерін, АҚШ-тың одақтасы саналатын араб елдерінің мұнай-газ инфрақұрылымдарын, Израильдің өндірістің және энергетикалық нысандарын ата бастаған. Тегеран аз ракета атып негізгі әскери мақсаттарына (қақтығыс аумағын кеңейту, әлемдік экономикада тұрақсыздық тудыру, АҚШ пен оның одақтастарын шығынға ұшырату) жетіп жатқанға ұқсайды.

“РАКЕТАЛАРЫ АЗ ҚАЛДЫ”

26 наурызда АҚШ президенті Иранның “аз ракетасы қалды” деп мәлімдеген. Вашингтон соғыс басталғалыИранның ракета атуы 90 пайызға азайғанын айтады. Ал Израиль Иранның ракета қондырғыларының 70 пайызы қиратылды дейді.

Дегенмен Таяу Шығыста күнде әуе дабылы қағылып жатыр. Иранның ракеталарының атуын бақылап отырған әскери сарапшылардың есебінше, Иран күніне 20-30 зымыран атып жатыр. Бұған қоса, ауыр соққы жасайтын ондаған арзан дрондарды да жіберуге көшкен.

Ал Reuters агенттігінің ақпараты АҚШ пен Израильдің мәлімдемесіне қарама-қайшы. Агенттік 27 наурызда дереккөздеріне сілтеп, АҚШ Иранның ракета қорының үштен бірін ғана жойды деп жазды.

Женева халықаралық қатынастар институтының Иран бойынша сарапшысы Фарзан Сабеттің пайымдауынша, Иран “ракеталары мен дрондарының үлкен қорына инвестиция салып, оларды елдің қиын таулы аймақтарына жақсылап орналастырып, тыққан”.

“Трамп әкімшілігі мен Израиль Иранның ракета мен дрондарының шығынын үлкейтіп көрсетуі мүмкін. АҚШ пен Израиль Иранның ракета қоры мен зымыран ату қондырғыларының күшін дұрыс бағаламаса керек” дейді.

Батыс жағалау аймағына түскен ракета. 24 наурыз 2026 жыл.

Иранның қысқа қашықтыққа ұшатын баллистикалық ракеталарының саны екі мыңнан сегіз мыңға дейін деп айтылады.

“Иран әскерилері істен шыққан ракеталар мен қондырғыларды тез жөндеуді үйреніп отыратынын білеміз. Демек олар АҚШ пен Израиль қираттық деген ракеталар мен қондырғыларды қалпына келтіре алады” дейді Сабет.

ИРАННЫҢ ДӘЛДІГІ

Сарапшылар Иранның ракета арсеналы азайса да дәл тигізу үлесі артып келе жатқанын айтады.

The Wall Street Journal газетінің жазуынша, Израиль ракетаға қарсы ең мықты жүйелерін іске қосқан.

Ал The Washington Post дерегінше, соғыс басталғалы АҚШ 850-ден аса “Томагавк” ракеталарын атқан. Америка жылына жүздеген “Томагавк” ракетасын шығарады.

Responsible Statecraft онлайн-журналы Иран әуе қорғанысының радарларына да соққы жасап, соның салдарынан АҚШ пен Израильдің қорғанысы әлсіреуі мүмкін деп жазады.

27 наурызда Иранның ракеталары мен дрондары “Сұлтан ханзада” әуе базасына ракета-дрондармен соққы жасап, кемі 12 америкалық әскери жараланған. Бензин құятын екі KC-135 ұшағы бүлінген.

21 наурызда Иранның ракеталары Израильдің Арад және Димон қалаларына жетіп, ондаған адам зардап шекті. Бұл қалаларды Израильдің ядролық зерттеу орталықтары мен реакторлары орналасқан.

Сарапшылардың сөзінше, Иранның дәлдігі осы қалпында қара бермек, ал тараптар бейбіт келісімне келмесе не соғыста үлкен өзгеріс болмаса Иранның бұл дәлдігі арта беруі де мүмкін.

Азаттық радиосының Таяу Шығыс бойынша тілшісі Фруд Бежанның мақаласы ағылшын тілінен ықшамдалып аударылды

Азаттық радиосы