Kerey.kz/Керей.кз » Қазақ дәстүрі
“Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.
“Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.
“Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады.
Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды.
Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады.
Сол кезде ғана қазақ тілі нағыз мемлекеттік тілге айналады. Сол кезде ғана мемлекеттік бюрократиялық аппарат қазақша іс-қағаз жүргізуге көшеді.
Конституцияда қазақ тілінен басқа тіл аталмауы керек.
Zhalgas Yertay
ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..
Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз.
Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады.
Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді.
Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір жауапты қызметкері Шоқанмен таныса тұрып: «Сіз расымен тірісіз бе?! Қашғарға барды дегені рас па өзі? Әлде, бергі жағында тасаланып жатып, өткен-кеткеннен мәлімет жинап қайтып келдіңіз бе?» − деп қыршаңқы сұрақ қояды.
Сонда, Шоқан шамданбай, жайдары қалпын сақтай тұрып: «Рас айтасыз. Сіздің алдыңызда мен емес, менің елесім тұр. Ал, Қашғар сапарына келетін болсақ, денем әлі Омбыда, жаным Қашғарда. Солардың көмегімен Қашғар туралы еңбек жаздым!» − деген екен.
Орыс Географиялық Қоғамының мәжілісінде бірнеше сағат бойына Қашғар сапары туралы баяндама жасаған Шоқанға қойылған сұрақтар да аз болмапты. Көбісі таңданып отырса, енді біразы күдікпен қарайды. Тыңдаушылардың ортасында отырған, ғылым әлемінен алыстау бір сылқым әйел Шоқанға француз тілінде: «Азиялықтар бірнеше әйел алады деуші еді. Сіздің неше әйеліңіз бар?» − деп сұрақ қояды.
Сонда, Шоқан бір сәт те тосылмастан, француз тілінде: «Шығыста көп әйел алатын дәстүрдің бары рас. Әзірше өзімнің жалғыз ғана жарым бар. Ол − ғылым», − деген екен.
Мамыр айындағы шеру кезінде Шоқан бір кінәзбен абайламай соқтығысып қалады. Сұр шекпенді жатжұрттыққа кінәз ытырына қарап: «Осы елдің ішін неге тазартпайды екен?!» − депті.
Сонда, Шоқан кідірместен: «Ал, сіз Разиннің ел ішін қалай тазартқанын оқымап па едіңіз?» − деп іле жауап қатады. Бұл жауаптың мәнісі, соның алдында ғана белгілі тарихшы Н.И. Костоморовтың Степан Разин көтерілісі туралы «Бунт Стеньки Разина» деген кітабы жарық көрсе керек.
Омбы зиялылары бас қосқан кеште астроном, саяхатшы ғалым Эдуард Струве сөз сөйлеп тұрып, «тұрғылықты қазақтар Ресейден қоныс аударған казактарды жек көреді» деген сөзді айтып қалады. Мұны жақтырмаған Шоқан дереу орнынан атып тұрып: «Тұрғылықты қазақтар қоныс аударушы казактарды жек көреді деген сөз бекер. Мен қазақпын, казак досымның құрметіне тост көтеріп, оны сүйемін!» – деп, жанында отырған Г.Н. Потанинды құшағына алып, құшырлана сүйген екен.
Дерек көзі: e-history.kz
Тіл жөнінде талай жазылды ғой…
Бірақ бұрыннан айтылатын екі принцип сол баяғы өзгермейді. Себебі оны уақыт және өзге елдердің тәжірибесі дәлелдеді:
1. Заң, жарлық, ереже, шешімдермен тілге сұраныс туғызу. Онсыз тіл ешкімге керек емес. Тіл ақша табуға, білім алуға, өзгемен байланысқа түсуге қажет болғанда ғана сұранысқа ие болады, сонда ғана адамдар мәжбүрлі түрде үйренеді.
Шетелде оқығың келе ме, IELTS, TOEFL тапсыр. Ол үшін ағылшын оқы. Халықаралық компанияда істеп, көп жалақы алғың келе ме, алдыңғы сөйлемде жазылған шарттарды орында. Сұраныс туғызу механизмі осылай жұмыс істейді.
2. Тіл иесі саналатын ұлт өкілдерінің принципшілдік танытуы. Яғни, тілің кең тарасын десең, оны кең қолдан. Үйде, түзде, басқа жақта.
Англияда түріктің кафесіне кірсең, өзара түрікше сөйлесетін. Астанада үй жөндейміз деп өзбек, тәжік құрылысшыларын жалдадық. Өзара тек ана тілінде сөйлеседі.
Қазір Қазақстаннан талай отбасы АҚШ-қа көшіп жатыр. Көшін, барған жерін желіге салып отырады. Ет асады, домбырада ойнауы мүмкін, наурыз тойлайды – бәрі қазақы. Бірақ өзара тек орысша сөйлеседі. Бала-шаға ағылшын тілін үйренетіні хақ, енді қазақшасын ұмытпасын, үйде қазақша сөйлесейік дейтін принцип жоқ. Оған қоса, ана тіліне қажеттілік те жоқ. Себебі сондағы басқа қазақтар да орысша араласады.
Шетелге шықсаңыз да, шетелден үйге оралайын деп әуежайға келсеңіз де, бірен-саран болмаса, қазақтың басым бөлігі негізінен орысша сөйлеседі.
Қалада зумер буынға жататын жастарды жиі көрем. Фитнес, жұмыс, дүкен, саябақ, басқа жерде. Қарым-қатынас тілі орысша. Кейде орысша қиналып кеткенде ғана амалсыз қазақшаға өтеді. Яғни, оларға ана тілі күнделікті өмірде аса керек болмай тұр.
Мен ауылдан Алматыға 2005 жылы келгенде жағдай шамамен осындай еді. Бірақ 2025 жылы Астанадағы жағдай дәл сондай болғанына таңым бар…
Nurmukhamed Baigarayev
…ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз.
Әлеуметтік желіде осы отандасымызды қызу талқылап жатыр екен. Көбі сын айтып жатыр. Видео жазбаның толық нұсқасы жоқ, пікір-талас тудырған бөлігі ғана тарап жатыр екен. Соған байланысты өз ойымды айта кетпекшімін:
Бірінші, отандасымыздың видеосы, фотосы әлеуметтік желіде желдей есіп тарап жатыр. Ол азаматтың (азаматшаның) жеке құпиясы саналатын фотосы, видео жазбасы кімнің рұқсатымен тарап жатыр екен? Өз басым осы постты жазу үшін ол азаматтың (азаматшаның) видеодағы бейнесін қара бояумен өшіріп тастауды жөн көрдім. Және рұқсатынсыз фото бейнесін жеке парақшама салғаным үшін одан кешірім сұраймын. Діни ұстанымы, ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз.
Екінші, отандасымыздың діни ұстанымына байланысты айтқан сөздері қоғамда қатты пікір тудырған екен. Тіпті оны “ұлт дұшпаны” есебінде күстәналап жатыр. Бұл қарындасымыздың (иә әпкеміз) көктен аяғы салбырап түскен жоқ қой, осы елдің тумасы, осы елдің өнімі. Неге біз салдармен күресіп жатырмыз деген ой туады?! Жауапкершілікті кім арқалайды?
Үшінші, Біздің айналамызда ар-ұятыма қорған болсам, ұжданымды қорлатпасам, әке-шешеме ұятты болмасам екен-, деген саф таза ниетпен Тәңірінің ақиқатын іздеп діни руханиятқа жақын болған қаншама қаракөз отандастарымыз бар. Тым құрыса сол отандас жандарға дұрыс діни құндылық сыйлай алдық ба? Соларға рухани азықты нақты көрсетіп беріп жүрміз бе? дәл керекті кезінде бәріне үлгердік бе, сұрақ көп әрине! Біз ұсына алмаған кезімізде жаттың құндылығы оларды іліп әкетті…
Төртінші, қандай дінге сенеді, қай мазһапқа ниетін бұрады өз ісі. Дінмен тіке күресіп дінді тұтынушы азаматтарды күстәналау дұрыс емес. Өйткені ол оның ішкі жеке сенімі. Дінмен күрескеннен көрі отандық діни құндылықты ұсынған дұрыс. 1991 жылдан бері ұлттық діни концепция дұрыс ұсынылмады, әлсіз болды, есесіне шетелдік діни құндылықтар күшті қызмет атқарды. Міне, отыз жылдан кейін олар нәтижесін беріп жатыр.
Бесінші, отандық діни құндылық өндірілмесе бұғанасы қатпаған өрімдей жастар жат діни құндылықтың тұтынушысына, құрбанына айналады. Ал салдармен алысу ешқашан оңды нәтиже берген емес.
Алтыншы, эмоциясына еркінлік берген және діни көзқарасын әлеуметтік желіде бүкпесіз ашық айтқан отандасымыздың діни ұстанымын мазақ қылудан келекелеуден аулақпын. Діни көзқарасына келіспесем де құрмет қыламын. Ниеті түзу, жүрегі мейрімді қаракөз қазақтың қызы ғой. Қыз баланы қалай құрметтеп еркелететін халық едік, сол дарқан мінезіміз қайда кеткен?! Әдептен аттап ойындағысын бүкпесіз айтып жұрттың қитығына тиген шығар, қателік тек онда ғана емес қой. Ол бар болғаны сіз және бізден кеткен тарихи қателіктің құрбаны! Бұғанасы әлі қатпаған жас қызбен жұлысып қайда бармақпыз?. Тәк ендеше жауапкершіліктің бір ұшы өзімізде тұр.
Жетінші, қоғамда діни сенім тақырыбы әдеп пен этиканың масштабынан шығып кетті. Діни тұтынушы да, сын-пікір айтушы да этика сақтамайды, нәтижесінде діни сенім жеке тұлғалардың адами психологиясына кері әскер етуде. Жан-жақтан қаумалаған сұрақтар мен кекесін комментариилар кесірінен діни сабыр жұқарып “арс” ете түсетін “жүйке” пайда болған. Яғни шамадан тыс мыжғылай беруден кейбір діни тұтынушы азаматтар “ерегесу” кезеңіне өтіп кетті. Сондықтан қоғамда “қайтесің ал” дейтін көңіл күй пайда болған. Бұл күймен ешкім ұшпаққа жеткен емес. Мейірім жетіспейді, діннің фундаменталды функциясы сол емес бе еді.
Сегізінші, біздің қоғамда түбегейлі шешімін таппаған қаншама түйіткіл бар. Руханиятты айтпағанда саяси, әлеуметтік, экономикалық және білім беру саласының мәселелері шаш етектен. Аталған мәселелердің көбі қоғамда ойып отырып ваккум қалыптастырды. Бұл ваккумның мысқал күші атом бомбасынан да күшті. Тұтас бір қоғам сол жойқын ваккумның құрбаны болды. Шөліркеген халық дінге ұмтылды, өйткені мәжбүр еді, бірі көшпенді өркениеттің рухани төл танымын идеал санады, біреулер орта шығыстың мәдениетін дін деп түйсінді, және біреулер басқа діни құндылықтарға бүйрегі бұрылып жүр. Бәрінің түп негізі таза ой, саф ниет һәм Тәңіріне деген риясыз аңқау махаббаттан еді. Сол кезде діни құндылық дұрыс ұсынылмады…
Тоғызыншы, біздің қоғамда кез-келген азаматтың сенім еркіндігі бар. Қандайда бір классик тарихи дінге сенсе де, сенбесе де еркі. Бірақ тарихи дінмен ашық күресу меніңше дұрыс емес. Күрескеннің орнына құндылық ұсынуың керек. Яғни мәдени, рухани һәм адами құндылық ұсынуың керек. Аталған өз құндылығыңды ұсына алмасаң, туған халқың импортталған жат діни-мәдени құндылықтың тұтынушысына айналады. Сол кезде кімге өкпелейміз?.
Оныншы, адамның тұлғалық бейнесі бәрінен жоғару тұру керек. Діни, саяси ұстанымына байланысты олардың адами хақы мен құқы бұзылмауы шарт. Мысалы, біреу үшін құдай шексіз, мекенсіз, бейнесіз, күйсіз болуы мүмкін; ал біреулер үшін құдай сиыр немесе тышқанның бейнесінде көрінуі мүмкін. Екеуіне де тең қарау керек. Біздің қоғамда тәңір мен құдайды бір-біріне қарсы қояды. Ол дұрыс емес. Тәңір бар жерде құдай, құдай бар жерде тәңір өлмейді.
Елдес ОРДА
04.03.2024
ҚҰНАНБАЙДЫҢ САПАРҒА АТТАНАР АЛДЫНДА ҰЛЖАНҒА АЙТҚАНЫ:
Бәйбіше, үй серігім ғана емес, өмір серігім едің. Ұзақ кешкен тірлікте қай белдің астында жүрсем де, артымда отырған бір бел өзің едің. Өзіме тағдыр бақ берген жанмын деуші ем. Айтыспасақ та, жер танытып отыратын қабақ пен жүрек бар еді, соған сенуші ем де, кейде шәлкес, кейде қия да басып кете беруші ем. Бағыма масайып еркелегенім болса керек. Енді қай дөңнің басында қалармыз, кім біледі. Сенің айтар кінәң болса да, менің саған артар бір түйірдей назым жоқ. Адал жүрек, ақ бейілің үшін балаларыңның бағы ашылсын. Мен айтарды өзің айтыпсың. Менің арманымды өз арманың етіпсің. – деді Бұл – жүрер алдындағы Құнанбайдың Ұл­жанға айтқан сөзі. Қалың туыс, үйірлі ағайын, шоғырлы бала-шаға, дос-жаран, та­мыр-таныс, нешеме әйелдер ішінен жалғыз Ұлжанмен арыздасты.
Ұлжанның нұрлы біткен ақшыл-қызғылт жүзі ішін тоңазытқан сезімнен көкшіл тартып, қатты өзгерді. Бірақ көпке шейін үндемей отырып, жүрек тоқтатты:
- Мырза, аталық арманыңды ақтар балаң болсын. Сен үшін де, өзім үшін де тілер бар тілегім осы ғана! Мынадай сапарыңа кінә түгіл, наз ертсем, оным білместік болар еді. Мені дардай етіп көтеріп айттың. Бірақ мен ондай емеспін ғой. Әр кездегі ісімді ойласам, өзімнің де кінәм көп. Жөн бе, теріс пе, білмеймін, мырза, – деп күйеуінің бетіне салмақпен қарады.”
Мұхтар Әуезов,
“Абай Жолы”
ИТЕЛІНІҢ ТҰРПАН МЕН ЖЕМСАРЫДАҒЫ ТАРИХЫ
Ителі не үшін Абақ Керейдің «ноқта ағасысы» болды?
Әуелі, құлағы тың, ұраны күн, шырағы мың оқырман, сіз өз шежіреңізді кіші руыңыздан бастап таратсаңыз да, үлкен рудан таратсаңыз да, арғы үлкен ұлыстан таратсаңыз да ұзаса 15-25 атаның арасында болады. Олай есептей беретін болсаңыз Керей де, Найман да, Албан да бірнеше ғасыр бұрын ғана өмір сүрген тұлға болып қалады да, мың жыл бұрын тарихта аты аталатын осы тайпалардың тарихымен қайшы келеді. Мұның себебі мынау. Сіздің ұлысыңыздың, руыңыздың тарихы кемінде мың жылды құрайды да, ру шежіреңіздің ең басындағы бірнеше адам мың жыл бұрынғы адамдар. Осы ұмытылмас бірнеше түркіше байырғы бабаның есіміне кейінгі ғасырлардағы арабшаланған есімдегі аталар есімі жалғанады. Әрқашан ру атаулары ең ескі және ұмытылмайды. Ең ескі бірнеше есім ғана сақталып, одан кейінгі аталар ұмытылып, жаңа аталар тізімі сол ұмытылмас есімдерге жалғанып отырған. Сондықтан, ежелгі тарихта аталған аталарыңыздың есімін бірнеше ғасыр бұрынғы адам деп жаңылыс тудырмауларыңыз керек. Мысалы, Шеруші, Қарақас атаулары, олардан өрбитін Шаппас, Одырай, Байым, Қосым атаулары да тым ескі. Ал, оған кейінгі Қазақ хандығының орта тұсындағы аналардың есімі тікелей жалғанған. Өткенде, Молқы туралы мақаламызда осындай жаңсақ ойға берілу, Молқыны бірер ғасыр бұрынғы адам ретінде қарайтын қателіктер жүз берді.
Ендеше, Ителінің Тұрпан мен Жемсарыдағы тарихы туралы кеңінен сөз өрбітеміз.
742(744)-848 жылдар арасында өмір сүрген Хұйх қағанатында көшпенді рулардың оң қанаты Хұйх деп аталса, сол қанаты Қарлық деп аталған. Қарлықтар Молқы, Шіңгіл(Шігіл, Шығыл, Шыбыл), Ташлық деген үш белімнен тұрған. Хұйх қағанаты тарихта Хұйх, Хұйғыр, Ұйғыр деген атаулармен де аталады. Хұйх деген сөз көк деген сөздің жуандықпен дыбысталған нұсқасы. Хұйх қағанаты ыдырағаннан кейін бір бөлім Хұйх тайпалары Абақ ұлысынан шыққан Есен деген көсемнің бастауымен Тұрпан мен Боғдаға шоғырланып, Күйік қағанатын құрады. Күйік деген атау да Хұйх атауының заңды жалғасы болатын, көк деген мағынаны беретін еді. Көк атауы көшпенділер танымында ақшыл, бозғылт түсті білдірген.
Көк атауын оған дейін де 552-603 жылдар арасында өмір сүрген «Кюк Түрік(Көк Түрік)» қағанаты өз атауы ретінде қолданған еді. Ғұн заманынан бері көк ұғымының сан түрленіп сәтті жалғасып келе жатқанын байқаймыз. Кунг – Ғұн. Көктүрік – Көк. Хуйх, Хұйху, Құйғыр, Ұйғыр – Көк, Кюк. Күйік – Көк.
Ителі руының Ителі атанбай тұрған кездегі ескі атауы – Көкбұлақ. Мұны Ителі шежіресі растайды. Бұл атау Күйік қағанатын Хұйх қағанатының негізін қалаған Көк(Күйік, Хұйх) тайпасы мен сол қанат Хұйхтардың басты тайпасы Молғ(Болғ) тайпасының біріккен атауынан тұрады. Бұл атауды Хұйхтың( Көктің, Күйіктің) Болғ(Молғ, Бұлақ) тайпасы деп те түсінуге болады. Қалай дегенде де ол кездегі Болғ(Молғ) тайпасының ұғымы өте кең болатын. Ителінің Тыныбек тарауының Ақмалай деп те айтылуы Молғтың Моли болып дыбысталған нұсқасының Малай болып өзгерген түрі деуге болады. Хұйх қағанаты ыдырағаннан кейін 13 жыл уақыт өткенде, 861 жылы Күйік қағанаты құрылды. Қағанаттың құрушысы Абақ-Есен деген адам бугінгі Ителі шежіресінде Есенбақты деп сақталған. Абақ тайпасының атауы ретінде ескі уақытта Бақ, Боғ деген атаулар қатар жүрген. Қағанатты сырттағы елдер Тоғыс елі деп атады. Ал, қағанаттың Күйік деп аталып кетуіне мемлекет астанасының Күйік деп аталуы себепкер болған. Күйік қаласы бүгінгі Тұрпан жерінде салынып, ол «қысқы астана» делінген.«Жазғы астана» ретінде бүгінгі Жемсары ауданы жеріндегі Бесбалық қаласы белгіленген. Күйік қағанатының аумағына Құбы құмы, Құмыл, Тұрпан, Қарашәрі, Ақсу, Еренқабырға аумақтары кірді. Күйік қағанатын Абақ тайпасының құрғаны туралы деректер нақтыланған. Күйік қағанаты билеушісін «тегін(тын)» және «едіге» деген титулмен атады. Бұл атау құт-құт деген қосар сөздің итқұт болып оңтүстік диалектісімен дыбысталуынан келген. Осы идқұт, едқұт, едіге атаулары Қазақ дүние танымында Едіге, Жәдігер болып айтылады. Ителі шежіресінде де осыған ұқсас Жәдігер деген атаның есімі бар. Көкбұлақ атауынан өзгерген Ителі атауының мағынасы бөрі атауын тергеуден келіп шыққан ит атауымен және иди(идиге) деген билеуші әулет атымен терең қабатта тоғысады. Осы идиге, идиг, идигут деген қағанаттың билеуші лауазымымен тығыз қатысты көрінеді. Иди-елі, яғни билеуші әулеттердің елі, билеушілердің тұқым-жұрағатынан қалыптасқан деген ұғымды өз түйіншегінен шешіп аламыз. Осы Күйік қағанатының өркениеттеріне жүрілген қазба жұмыстары барысында ат тұяқты адамның мүсіні қазып алынған. Бұл «ат елі» деген ұғымды көзге тартады. Ат сөзінің лингвистикалық тұрғыдан қарағанда әуелі құт деген сөзден келген тарихы бар. Идиге ұғымы да құт сөзінің қосарланып екі қайталануынан келіп құттың құты деген мағына тудыратынын білеміз. Өзбектердің атты от дейтіні, ұйғырлардың атты іәт деп дыбыстайтыны аттың ид, ит болып дыбысталу мүмкіндігін де алға тартады. Аттың да, иттің де құт ретінде, яғни қазына ретінде алдыңғы жетілікке кіруі осы атауларымен тығыз байланысты. Тұрпандағы Едіқұт ежелгі қала орны деп жүргені сол Абақ Керейлер құрған Күйік қағанатының 9 ғасырда салған қаласы. Ал, ит ұғымымен байланыстыруға тура келсе, Ақ Ғұндарды зерттеуші ғалымдардың олардың өзін Хител деп атағанын, хит сөзінің ит деген мағынаны білдіретінін, олардың өздерін ит ел деп атау себебі бөріні төтем етіп оның атын тіке атамай ит деуі деп түсіндіреді. Ителінің бұрынғы атының Көк және Бұлақ атауынан құралатынына қарасақ, бұған дейін біз осы жердегі Бұлақ сөзін бөрінің сипаттамасы ретінде волк, бөрік, ұлғ, ұлу, болғ деген атаулармен бір екенін айтқанбыз. Көк бөрі деген ұғымды білдіретін Көк Болғ сөзі Көкбұлақ болып айтылып кеткен. Бөріні төтем ету ниеті бойынша ол Ақ Ғұндардағы жағдай бойынша Ит-Елі деген ұғымға ауысқан. Хұйх қағанаты кезіндегі ең маңызды рудың бірінің Болғ екені тарихқа аян. Молқылар да осыдан тарайды. Молқы шежіресінде Молқының бұрынғы аты Болқы еді дегені сол.
Кен, хан сөздері қала ұғымында жұмсалатындықтан Күйік қаласының Күйікхан деген атауын алған, яғни ежелгі Күйік қаласының тұрғындары негізінде қалыптасқан кіші ру аты Киіпхан, Қайыпхан деген екі түрлі атпен Ителі ішінде жүр. Молқы шежіресінде Қайып болып сақталған. Ал, Хұй қағанатының атауы Ителі шежіресінде Қиғлық, Құйғлық деген атаулармен сақталған. Күйік атауы Күйік руы ретінде сақталса, Күйік елі, көк елі деген ұғым Көгал деген атпен сақталған. Абақ-Есеннің аты Есенбақты атауынан тыс, Есен, Изен деген атаулармен де сақталған. Есен, Изен атауы Есенбақтыға дейін де ескі Керей тарихында бар атаулар. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасым тауып көп қойылып келе жатқан есім.
Ителі шежіресіндегі Тыныбек атауы мемлекет билеушісінің атына қосылатын тегін деген сөздің тын болып айтылуынан қалыптасқан. Бақы-Есен, яғни Есенбақты(Изенбақты) едігеден кейін ел тізгінін Елбақты(Ел-Абақ) тегін, одан кейін Арсыланбақты тегін(Соңғы Есен қаған), одан кейін Есенбақты тегін, онан соң Арсылан Құтлық Құл бақ тегін(Қалматай), одан соң Құлбақ өкен(оң хан), Бақ Арсылан Тын(Атан) Күйік тархан(Атанас), одан кейін Белг(Белгі), Оғантемір, одан соң Баршық(Борсық) артқы тегін, Көшпес қатарлылар ел басқарды. Ең соңы Құлашшы едіге, Қуаныш едіге, Есентемір(Шыңтемір) едігелермен аяқталады. Ғалымдар тегін деген лауазымның Тиянуаң деген, яғни Құдай қойған патша деген ұғымның көшпелілер тілінде жаңғырған нұсқасы деп қабылдайды. Тянуаң атауының кейінгі нұсқалары: Тегін, Атан, Тан, Тын, Тегін, Тоқ. Ал, Ителі шежіресіндегі қожалардың есебінен діни атауға бейімдеген Ахметәлі деген есімді Ақбақты, Ақбақлы деген есімнің бұрмаланған нұсқасы деп айта аламыз.
1209 жылы Күйік қағанатының едігесі Бешул Ерте(Бесшал-Өтел деген аттағы Ителі шежіресімен жақындық табады) Шыңғыс ханға тілеулестік қылып, Қарақидан мемлекетіне қарсы шықты. Сондықтан, Күйік қағанаты өз тәуелсіздігін сақтап қалды. Юань патшалығының соңғы кезінде Шағатай хандығы Күйік қағанатын үлкен тосқындықтарға ұшырады. Күйік қағанаты 1368 жылға дейін өмір сүрген, көшпенділер тарихындағы ғұмыры өте ұзақ қағанаттардың бірі болды. 507 жылдық тарих біз үшін ұлы тарих.
Ителі руының Абақ Керейдің «ноқта ағасы» болу себебін біз Күйік қағанатын құрушы Абақ руынан шыққан ақсүйек әулеттердің бір ру болып жиналып, топталған тобының әуелде Хұйх-БолғКөк-Бұлақ), кейін Ителі атанған жағдайымен ұштастырамыз. Ежелгі уақытта қағанаттың тізгінін ұстағандардың ұрпағы болған Ителі руынан 18 ғасырда Ер-Жәнібек, Шәу жырау қатарлы Абақ Керейдің рулық бөліністерін қайта ұйымдастырушы тұлғалар «Абақ Керейдің ноқта ағасы» деген ағалық сипат бергенін бажайлай аламыз. Енді, Ителі шежіресіндегі Елтоқ руының атауына үңілейік. Күйік қағанаты кезінде өзін Елғ-Абақ(Ел-Абақ, Елбақты) тегін деп атаған билеушіні білеміз. Бірақ, бұл атау қайткен күнде де Елтоқ атауымен жанаса қоймайды. Ал, осы қағанаттың құрылуынан бір жарым ғасыр уақыт бұрын өмір сүрген Абақ руының Орхон өлкесіндегі әмірі Елғ-тоқ деген адамды осы Елтоқ атауымен ұштастыра аламыз. Орхон өлкесінде өлке бастығы тоқ деген лауазыммен аталған. Елғ тоқ дегеніміз Елтоқ деген атпен бүгінгі шежіреге сиған. Иүйгу халқы ішінде Ақтоқ, Тоғыс деген рулар бар. Орхон өлкесіндегі Абақтардың 118 жылы жайлы Күйік қағанатынан алға өтіп, 7-8 ғасырлардағы Абақтардың өміріне шолу жасаймыз.
Абақ тайпасы осы қағанатты құруға дейін Орхон аймағына ерекше шоғырланған болатын. 7 ғасырдың орта шенінде Абақтардың басында олардың танымал адамы ретінде Сүбе-Керей тұрды. Ол Абақ елін Батыс Түрік қағанатынан кейін өз қарауында ұстап келген Соянт елін жеңу үшін Таң патшалығымен одақтасады. Кейін Хұйхтар жерінде Таң патшалығы Орхон өлкесін құрады. Орхон өлкесінің әмірлігіне 647 жылы Керен-Баян тағайындалды. Бұл әкімшіліктің әмірін «тоқ» деп атайтын. Ол сонымен бірге Таң патшалығының патша сарайының оң қанат сарай қарауылын басқарды. Оның қарауына сарайдың қалған 15 қарауыл қанаты кіретін. Таң патшалығының билеушісінің амандығы оның қабағының астында еді. 11 жыл әмір болған Керен-Баяннан кейін Орхон өлкесінің әмірлігіне Абақ руынан шыққан Сүбе тағайындалды. Сүбе бұл орында көп отырған жоқ. Сүбеден кейін Құтыбақ(Көтібақ) Таң патшалығының патша сарайының оң қанат атты әскерлер қарауылын басқарды. Мұрагерлік бойынша 21 жыл бойы Орхон өлкесінің әмірі болды. Ол Таң патшалығының астанасының басты қорғаушысы болды. Ол маңызды ақсүйек әулеті болып есептелді. Құтыбақтан кейін Абақтар 686 жылы Таң патшалығына қарсы көтеріліс жасады. 28 жылдан кейін барып Таң патшалығына қарады. 720 жылдың алды-артында Орхон өлкесінің әмірі болған Елғ тоқ Таң патшалығының Оң қанат әскерінің қолбасшысы болды. Елғ тоқтан кейінгі Шама Орхон өлкесінің әмірі болып тұрғанда, ол жаңа салынған үш әскери қорғаныс қаласының бірі болған Соқ-Қиянға патша жарлығымен көшірілді. Шамадан кейін Елшібай 15 жыл Орхон өлкесінің әмірі болды. Ол Шығыс Түрік қағанатының қамқорлығына бөленді. 756 жылы Орхон өлкесінің әмірі болған Қойынбақты(Абақ-Қойын) Таң патшалығының сол қанат әскерлерінің сардары, Хыби өлкесінің бақылаушысы қатарлы әскери лауазымды орындарда болды. Ол Орхон өлкесінің әмірлігінде 9 жыл болды. Гансу өлкесіндегі Иүйгу(Сары Ұйғыр) ұлтының халық әнінде «Иүйгулардың шыққан жері Шожының қасы» деген жол бар. Осы ұғым Шонжы өңірінің ескі тарихымен яғни Боғдамен қабысуы мүмкін. Ежелгі Хұйх, Күйік мемлекеттерінің құрамында болып, кейін шығысқа көшкен осы қауымның Боғдадан кетуі Абақ Керейлердің ежелден бергі құт қонысы болған Боғда таудың тарихын тарих қатпарларымен жымдастыра түседі.
Бір қызығы, Таң патшалығының мемлекет атауының ескі оқылуы – Тоғ. Тұрпанда құрылған кейінгі Құйғыр қағанатының аты – Тоғыс. Тоғыс атауын басында ғалымдар Тоғ-Ғуз деп, Тоғыз Оғыз деп қате түсініп, оны Сыр бойындағы Оғыздармен шатастырып, біраз еңбекке Керейлерді Тоғыз Оғыз дейтін жаңсақ түсінік кірген. Кейін мұның тек Тоғыс, Тоғыз деген сөз екені анықталған. Ителі шежіресінде Тоғыс кіші руы бар. Жетісуда құрылған Түркеш(Торғыс) қағанатының жармақтарында Таң патшалығының ақшасындағы Юань деген жазу бар. Тоқ сөзі мен Тоғыс сөзі Таң, Теңгір, Теңгис, Таңғис деген құдайлық атаудың түрліше дыбысталуынан келген. Бұдан сырт, Тан, Атан, Тана, Тоң, Тонг, Тенг, Тақ деген нұсқалар да бар. Таң патшалығы да, Түрік қағанаты да, Абақ жұрты да, Түркеш қағанаты да көшпенді әулеттердің мемлекеттері. Таң патшалығының сарай күзетін Абақтарға сеніп тапсыруы, Абақтардың Тұрпан мен Боғдада Тоғыс мемлекетін құруы, Таң патшалығының Тоқ деп оқылуы, Таң патшалығының атауындағы әріп бейнесі мен Абақтардың абақ таңбасының жақындығы қатарлы жәйттер Таңдықтардың Құйғыр(Хұйх) қағанатындағылармен белгілі туыстығы барын айқындай түсетіндей.
Пайдаланған әдебиеттер:
«Ителі шежіресі»
«Абақ Керей төр шежіресі»
«Молқы шежіресі»
Гың Шымин,«Көне Түркі жазба ескерткіштерін зерттеу»
Гың Шымин,«Күйік Хұйғыр қағанаты»
Фолькер Рыбацки, «Көне Түркі жазбаларындағы Түркі және Хұйх билеушілерінің титулдары»
Авторы: Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы
Алтайдан Жездіге дейін (Сапарнама)
Сарыарқаны сарыала күз көмкерген алтын шуақты сәттің бірінде – Моңғолдың нөмірі бірге санатты ақыны, осызаманғы ғұламасы Гүн сойлы Аюурзана екеуіміз 20-21 қыркүйекте Елордада өткізілген «Қазіргі заман сөз энергиясы» Еуразиялық әдеби форумға шақырылған едік. Бұл реткі шара КСРО тұсында 1973 жылы Алматы қаласында ұйымдастырылған дейді. Арада 45 жыл өткеннен кейінгі халықаралық әдеби басқосуды ҚР Мәдениет спорт министрлігі қолдауымен жуық шамада жаңарған Қазақстан Жазушылар Одағы қайта жаңғыртқан. Межесі – қазақ әдебиетін әлемге ұсыну, ұраны – Рухани жаңғыру.
Тәуелсіздік тұғырына қонған елдің бүгінгі дәуренін күллі ғаламға паш ету. Бұған Қытай, Ресей, Моңғолия, Қырғыз, Өзбек, Иран, Әзербайжан, Молдав,Украина өкілдері тобымен жеткен. Дырдудан тыс – рухани сәтті жиын.
Еуразия құрлығынан Туркия, Алмания, Қыпшақия, Польша, Болгария тсс. елдері “қызу қолдап” өз жазармандарын жолдаған. Елорданың күзгі аспаны осылайша бір сәтке ұлы әдебиетпен түрен көтерді. Хош. Әр тілдегі ақын, жазушылардың жылы жүздесулері өз адына бір әңгіме. Бұл жолғы айтар сөзіміздің жүлгесі бөлек. Сонымен соңғы кезде бүткіл ғаламдық тұрғыда өзекті сарапқа айланған Шыңғыс қаған тарихына қатысты пікірталастар өрбіп жатқанынан хабарларға аз – кем кідірейік. Әрине бұл сауал Аюурды да мазалайтынын іштей сезетін едік. Ол, «Моңғолдың құпия шежіресін» (МҚШ) талдап ересен бір тосын әрі тұтқиылдан сараптама ұсынған тұлға.МҚШ-ге деген тың көзқарас, аталы зерттеу жасап “Тәңір наме” (2016) кітабын жария еткелі көп болмаған.
Замана классигі Мұхтар Мағауин Шыңғыс қаған тарихына қатысты төрт томдық еңбегін жария еткен тұс қызықты әрине! Әлеуметтік желілерде осынау тарих төңірегінде дау – дамай көп. Осыған сәйкес Ұлы қағанның тұңғышы Жошының басына баруға бірсыпыралары үміттенетін секілді. Бұрындары сәті түспеген, сәті түскендерде ниет болмаған. Біз де сонау 1990 жылдары Моңғолдың «Ням гариг» газетіне Жошы туралы жазыппыз. Талантты, мінезді ақын Жүкел Қамайдың Жошы қаған десе, Оспан батыр десе делебесі қозып оқи жөнелетін керемет бір ермен иісті өлеңдері де есімде.
Жер шалғай, ауыл алыс тсс. себептер бар. Кешіккенбіз. Қандай жағдай қалай болса да біз осы жолы Жошыға барып қайтуды жоспарладық… Ойымызды әуелгіде түркі танушы, тарихшы Қаржаубай Сартқожаға, белгілі публицист, халықаралық журнализмнің өрелі, шүріппелі беренді маманы (magic bullet theory) досым Қуандық Шамақайға, әйгілі ақын бауырым Дәулеткерей Кәпұлы айтып, ақылдасып мақұлдасып көрдік.Ұлықбек Есдәулет ағаға айттық, мұрсат, қолдау күттік. Ұлыаға бірден құптады.
Бізді де қас қабағымыздан оқыса керек, алшыны оңынан иірді. «Сабақты ине сәтімен…» Ат-көлік қамдалды.
Жолбасшымыз – Қазақстан Жазушылар Одағы Қарағанды обылыстық филиалының жетекшісі белгілі ақын Серік Болатұлы Сағынтай. Сағынтай хас ақын – «…Өмірді өзіңменен бірге сүріп, қара жол шұбалады түнге сіңіп…» Еріксіз селт етесің?! Мағжанның сүгіреті секілді кейпі бар, өлең-үні де ұқсас. Маған сыйлаған кітабындағы «Жарты қап кітап» әңгімесі де ойландырады. Жинақ – «Қарға» деп аталыпты!!! Американың Аллен Тейт (John Orley Allen Tate-1899-1979) есімді ақынының бояуындай күңгір үнді күгірт реңдер.
Көлік құлағында Жексен Әбдірахман. Қарағандыдан таң бозымен торғай шырылдағанда аттандық. Сәріде даланы боз тұман жапқан. Алдымызда шамамен бес жүз шақырымға жуық жол. Арман,сағыныш болған ұлы дала, шексіз түзем.Оңтүстік батысқа қарайғы көсілген тас жолмен ұштыртып келеміз. Нұра өзені қылаң беріп ағарып атқан таң нұрымен бүлкілдеп ағып жатыр. Әне, міне дегенше Шерубай өткеліне де жеттік. Жексен жігіт ағасы екен, қатты ысылған тиянақты іскер.
Құдды бізге жолға арнайы әзірленген энциколпедиялық тірі анықтамалық, далалық дана атқосшы, түземдік оратор! Ол, «Дипломсыз –академик, кітапсыз – жазушы…» екен. Кезінде осындай (ат тергеуді) атақты қазақ ауызша тарихының білгірі Ақселеу Сейдімбек берсе керек.
Мінеки Ұлы дала бойында Жақсы Сарысу, Жаман Сарысу өзені маңындағы Есен,Талды, Байқаса, Манақа секілді ірілі – ұсақты өзен – суларды ілестіріп ағып жатыр. Сарысу Атасумен астасып Түйемойнаққа дейін келіп мүлдем қиястап Бетпақты қынарлап барып Шиелімен Сырдәрияға құяды екен. Алыста – Атасу. «Атасу» кен байыту өндірісі де көрінер… Әлемде алдыңғы ондықта. ТМД-да үштіктен түспейтін марганецтен шамамен 10-15 млн тонна қоры бар, тіпті темір рудасының қоры 20 млрд саналатын киелі Атасу!
Ойпырай, маңғаздана барып бір шетін мұнарға сіңірген әйгілі Иманжүсіптің (Құтпанұлы) жырына «Бұғылы-Тағылы» деп арқау болған Бұғылы, Тағылы, және кербез Сүмбіл, Қотыртау сілемдері қандай ғажап! Сонау бір көрінген қоңыр тауды Тектұрмас биігі деп атайды екен. Мінезді, құбылмалы табиғаты алақұйын жықпылды қойнау. Бір шетінде күн шуақ, екінші шетінде ақтүтек боран бола қалса қалыпты жағдай деңіз. Бұғылының атақты Ақойы. Ақойдың қойыны толған кен, содан магниттік өрісі көп дейді. Бұл жерден ұялы телефонмен сөйлесу қиямет. Қайран қаймақты өңір кезінде КСРО тұсында қуғындағы қайманаларды қамайтын заһарлы зындан, тікенді түрме Карлактың шаруашылығы болған ұйық. Ақойдан кейін еңселі Батық ауылының адырлары көрінеді. Жаңарқаның жазиралы өңіріне іліккенде Сәкеннің әні әуелеп келіп құлаққа шалынғандай. Құдырет!
Мынау оң жақта Атасу мен Сарысуға таяу таяқ тастамда Сәкеннің керұйығы Иманақ тауы (массиві) бізбен ілесіп келеді! Жексен Алашшыл. Сәкенге бір соғып еді тоқтай қоймады. Тұрсынбек Кәкіш хакім атам айтқан мемуарлардың басынан түсіп түгендеп барып аяғынан бірақ қайырады.
Сол жағымызда бағзы Ақдала, алыста Ешкіөлмес, оқшаулау Болаттау, бұйырғынды Ақтау, Ақбастау, Қызылтау, Ортау.
Уа, дейсің! Көлденең түстікте Көнектау (Көн иек) Екі жарыла аққан ескі Көң, жаңа Көң өзендері. Осы көне Көнектің кең етегін басып Жошының қызы, ханышайымы Жүбейн әулие ананың кесенесі тұр. Біз барар Кеңгірдің өтінде екінші қызы ажарлы патшайымы Бұлғын ененің кесенесі тағы бар. Әулие Нарбақта Тұяқ шешеннің кесенесі тсс. көп көненің кең ортасы. Маң даланың шетінде маңғаз Манақа сұлап жатыр.
Қорғажың өкпе тұсы Теңіз, сәл әріректе Алпамыс эпостық жырындағы Гүбаршын – Баршын мекені. Құлдай аққан Құдайменде бидің есімін егелеген ен қойнаулы көделі өзен бойын көбелеп сан мыңғырған желқұйрық жылқылар. Жылқы аунаған түкті өріс тебіні. Ілияс Есенберлиннің “Қаһарындағы” Қараменде Қоңырқұлжаның қара мекені. Жерұйық!
Жаңарқадан өте Қарауылтөбенің басына орналасқан қазақтың әз һәм ұлы тұлғасы Ақселеу Сейдімбек ағаның жаңа қорғаны тұр. «О, тоба!!!» Сейдімбек атаның қарашаңырағына түсіп, кемеңгер Ақселеу Сланұлы рухына зиярат, мінәжат жасадық!
Ауылда шөп – шалаң күзгі қарбалас шақ. Даланың жусан аңқыған пішенін жинаған қаурыт, құр семіз мезгілі.
Жезқазғанға да келіп жеттік. Мінеки әлемге “Қазақмыс” атымен танылған корпорация шамамен жылына 500-600 мың тонна мыс катод өнімін экспортқа беретін орын. Өндіріс мұржасы будақтай бастады! Жезді мен Жаманайбаттың 20 млн тоннаға жуық мыс қоры түгел, вольфрам кені шөккен мидай дала неткен бай!
Жездінің мысы жержүзінде термоядро және электрозатқа қат өнім. Бөрте-өзеннің (Үжің) төркінімен аталатын кең Қоңыратта алтын мен күміс кені толып жатыр! Кезінде Мәскеу билеп тұрған күлгін сорлы кезде Қазақтың түсті металдарының түгелі, мыстың үштен бірі, қорғасынның төрттен үші, мырыштың тең жартысы бүткіл Ресейдің қалтасына тоғытылатын.
Ауылбасы қарт абызым Мұзараф Ақанұлы ағаның шаңырағында ас мәзіріне бағындық. Сәтбаевтың рухы сіңген аға сексеннің сеңгірінде.Өте сергек. Бәйбішесі Шабал Бейсенқызы ағарту саласының ардагері, қырық үш жыл ұстаз, отыз жыл мектеп хакімі болған. Қазір – шүкірлі, есентүгел әжімді әжетай, мейірімді отанасы. Қазақтың дарқандығы мен меймана кемеңгерлігін осы арада көрсетті әжеміз. Бидай аңқыған қоңыр нан, қаймақ қатқан күрең шәй. Атшаптырым дастархан. Бір сағыныш! Әжем есіме оралды! Аюур досым бек ұстамды, алайда осыншама құрметке аң – таң. Хош көрдік!
Бізді қарсы алуға келген Төлеген Нұрмағанбетұлы ғалым, «Жезқазғансирекметалл» кәсіпорынды басқарған. Менделеев кестесінің 55-і сирекметалға тиеселі болса соны жатқа білетін сирек маман.
Ол, бүгіндері «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ұлтжанды серкесі, серт сынды аға.Сөзі шымыр, ойы ұстамды абыз. Жезді мысының құрамында болатын осмий секілді сирек кездесер жігітағасы. (Осмийдің 1 грамы ғаламдық нарықта 30 доллар!) Жездіде бұндай элементтер жетеді. Жер қыртысын түртіп қалсаң түрлі түсті асылдар жамырап шыға келеді.
Сонымен бірге ҚЖО Жезқазған аймақтық филиалының төрағасы, «Ұлытау және Ұлт» журналының директоры, ақын, журналист Батырбек Тынышбайұлы, «Ұлытау және Ұлт» журналының жауапты хатшысы, «Тілтану» орталығының төрағасы ақын, ғалым, аудармашы Ғазиз Елеусізбайұлы. Ғазиз ақын; «…Менің жаным – қайшылықтар алаңы, менің жаным – түсініксіз басқаға…» деп жыр жазады, һәм «Ақын мен ажал» пьесасын сахналаған драматург. Сәтбаев қаласының бас дәрігері Жомарт Мұзарафұлы нағыз ақын жанды, білікті азамат.
- «Біз – Ханын қадірлеп,биін бағалаған халықпыз…» – деп аталы батагөй алаулы лепесімен Мұзараф аға бата берді. Бұрынғы етене таныстардай дидарғайып жүздесу осылай басталды. Мәзір басындағы кеңес – дөңестегі мазар басында жалғассын дедік!
Иә, Шыңғыс қаған хақындағы әрқилы әңгімелер өрбіп, басылар емес. Шынында дүние тарихының бір ірі бөлігі Шыңғыс қағанға тиеселі болса соның белгілі кезеңі өткен жері Қазақтың Ұлы даласы. «Моңғолдың құпия шежіресін» бағзы байырғыдан жаңа моңғол тіліне бейімдеген Цэндийн Дамдинсүрэн қағанның есімін «Чинггис» деп жазады. Көптеген ғалымдар оны – «Теңіз» сөзімен де шендестіреді?! Бұл да жаңсақ ұғым болуы мүмкін.Білмеймін!
Қаған 1162 жылқы жылы көкектің 16-сы күні таңға жуық өмірге келді дейтін қисынды қызықты мәліметтер де кездеседі! Тарихшы Ш.Нацагдорж – «…Темужин ІІІ үш мүшелдік су тұлпар жылы жаздың алғашқы айында, Еуропа жыл санауының 1162 жылы көкектің 16-сы ай тоғайған күні туды…» деп жазды.
Қалайда іштегі бір жасын есепке алғанда 1163 жыл һәм қара қой жылы екі жаста деп санайтындар бар. Есімі Темужин («Те…» түбірі – «Шың» мағынылы – РС). Шешесі – Олқұн тайпасынан Өэлүн ене 19 жаста, әкесі Ес-укей 25 жасар. Есүкейдің кіндігінен 6 ұл 1 қыз туды делінеді.Темужиннің інісі Бек Белгу-тей, Хасар (Қасаға) 1164 жылы көкше мешінде, Хачиун (Қашаға) 1166 жылы қызыл итте туды. Ал, Темуке (Темірке). (Темуке отшы кенже).Темулен (Темірлен) құба (қыз).
Сегіз жастағы Темужинге әкесі Қоңырат Дөй шешеннің қызы Бөрте-өзенді (Үжің ) айттырады. Құдадан қайтар жолда Есүкей 1170 жылы татарлар қолынан у ішіп қаза тапты. (Ванчинбалын Инжаннаши «Көк шежіре»1991ж), Пэн Дая Сюй Тиннің «Қара татарлар шежіресі (Хэйда шилюэ)» жазбаларында татарды қытайша -«Дадань» деп келтіреді.(Хэрээд Жамсрангийн Баясах «Моңғол тарихнамасына қатысты екі түрлі көне дерек» Улаанбаатар, 2006. 410 б.)
Сонау 1177 жылы қызғылт тауық жылы Темужин 17 жасқа толды.1178 сары ит жылы Бөрте-өзенге ұрын барып түтін түтетіп,шаңырақ көтерді. Осы жылы Керейттің (Хэ Ван – асқақ уаң – РС) Уаң қағаны Тұғырылдың иығына қара бұлғын терісінен тіккен жарғақты (МҚШ – де жархаг деп атайды – РС) жапты. Уаң қаған Темужиннің өкіл әкесі болған.
Темужин 1179 жылы сары доңызда 18 жасқа келгенде әкесін өлтірген қарақшы дадань қанқұйлыдан өшін алып, жеңіспен оралғанда Жошы (Шошы) туды. Темужиннің дала тектілерін өз маңына топтастыра бастаған жылы болса осы ақ сиыр һәм 1181 жыл. Соңыра Иранда Өз-темір, Қазан хан (1271- 1304)-ның тұсында Рашид ад- Диннің (1247-1318) деректері бойынша – Меркіт тайпасына қолды болған Бөртені Керейттің Уаң ханы құтқарып қалғаны туралы аңыз бар. Осы жолда келе жатқанда ен далада Жошы дүниеге келеді. (Рашид ад – Дин І том, І кітап 98 бб.)
Қара барыс жылы 1182 жылы 21 жасар Темужиннің екінші баласы Шаға-тай өмірге келді. Соңынан 1186 жыл һәм қызыл итте Өге-тей туды. (Өге – жоғары, биік деген мағынаны білдіреді – Р.С) Көне түркі сөздігінде «тай», «тэй» жалғау, шылаулары әйтеуір тегін берілмесе керек. Мысалы, «Тай бегі – қарауылбасы», «Тай білге – салықшы» тсс. («Древнетюркский словарь» Ленинград, 527 с. 1969 г.)
Сарыжағал тауық жылы Темужин 28 жасында Бүткіл Моңғолдың хан тағына отырып Чинггис (Те…) деген айбарлы атақ алып, Ұлы құтқарушы Қаған мұратына жетті.
Уақыт сырғып өткен 7-ші жылда қағанның 32 жасында Бөрте-өзен төртінші ұлы Толыайға босанды. Бұл 1193 жыл һәм қара тышқан жылы. Ай – айнадай толғанда туған ұлға – «Толыай» деген есім бұйырылады. (Бұл менің тарихты «бүгіншілеген» қиялым емес, шұқшия тектелген тұлғалардың тұжырымдардың бірі.Моңғол аңызында 33 жасты толысқан мүшелдік (мөчлөг) жасқа теңейді. Моңғолдар айнаны да толь деп атайды). Көптеген ғалымдар осы жеті жылда Шыңғыс қағанның бір неше қыздары өмірге келді деп тұжырымдауға құштар.Солай да болар!
Тарихшы Баабар; Шыңғыс қағанда 4 ұл, 5 қыз болды деп қағанның әйелдерінің саны 500-ге жуық еді дейді. Қағанның кіші ханымы Құланнан туған Күшілік хан.
Шыңғыс қаған 1219-1224 жылдары Қазақ даласын жаулап алды.Жошы бұл кезде 39 жаста болса керек. Қазақ даласындағы қыпшақтар Шығыс Еуропаға қарай жөңкіліп көше бастаған тұста – Ертістен Есіл әріде Сырдәрия, Арал теңізі мен Каспийге дейінгі ұлы алап, Іле,Тәңіртауына қарай созылған Алтын Орда, Шағатай ұлысына қараған аймақтың бел омырытқасы осы – Жезді, Ұлытау өңірі. Ертіс дәриясынан Орал тауларына дейінгі аумақ Жошыға мұра болған. Жошы қаған 1227 жылы 48 жасында, 65-ке келген әкесі Шыңғыс қағаннан бұрынырақ екеуі де дүниеден көшіпті.
Жошының күмбезі – Жездідегі ең көне сәулет. Жезқазған қаласынан 45 шақырымда Қаракеңгір өзеннінің жағасына орналасқан. Жошы өлгеннен кейін бір жылдан кейін тұрғызылған болуы мүмкін. Күмбездің іргесін әуелі қазған Георгий Герасимович Герасимов есімді ғалым өзінің («Паятники архитехтуры долины реки Кара – Кенгир в центральном Казахстане.1957 г. 59 с.») еңбегінде біршама тыңғылықты таңбалаған.
Жошы күмбезін Қазақ мемлекеті қорғауға алған. Керемет. Кесененің артында Хан сарайының қалған алтын құндақты орыны да қоршаулы. Дүние тарихында Шыңғыс қағанға қатысты ең анық тарихи ұстындар осы өлкеде ғана сақталған.Ал ендіше!? Енді бұны әлемдік санатқа жеткізудің жолы ғана қарастырылса. Кесененің қабырғасы күйдірілген нарттай қызыл кірпіштен қаланған. Хасбетінің жолақты бедері кезінде ақықпен айшықталса керек қазір орны ғана қалған, төбесіндегі қыштан көмкерілген жасыл күмбезі жайнап тұр. Кезінде күмбездің төбетәжін (ганжир) орыстың әскерлері атып түсірсе керек.
Алты қадам аршын жебе жетер арада – Домбауыл, қарсы беттегі қырқада – Алаша хан мазарын түгел араладық. Қазақтың алтынды байтағы талай тарихты қойнына тығып үнсіз жатыр.
Жезді өңірі келешекте әлемді таңқалдыратын өзгеше технологиялық өндірістердің орталығы болатын мүмкіндікке ие. Темір қоры жағынан Қазақстан АҚШ-тын соңына қалдырып кетерін Дональд Жон Трамп ерте сезген секілді! Қалайда Қазақтың геостратегиясы әлем назарын тартты. Мұндағы басты мәселе – жол!
Жезді – Астана – Ақтау –Каспийге дейін ең қарқынды супер болат жолы да салынар. Мүмкін 500 шақырым/сағ-ттық қарқынға жетіп барар-ды. Арман орындалсын!
Францияның – «Лион Сент Экзюпериі», Ұлыбританияның – «Стартфорды» (179,6 шақырым/сағ). Олар да қиялдаған.
Жапонияның Осоко – Токио жүйрік жолы 1964 жылы төселген. Қазір басқасын салуда олар. Испания, Тайвань қарқынды жолдары да әйгілі. Мұндағы ғана Шанхайда 430 шақырым/сағ жол салынды емес пе. Бейжің – Нәнжінаралық бір мың километрді 280 шақырым/сағ қарқынмен 219 минут жүгіріп өтетінетін темір жол өмірге келді. Жереми Хартиллдің (Jeremy Hartill) зерттеуі бойынша әзірге әлемдік қарқын 160 шақырым/сағ!!! Сарыарқаға осы бақ бұйырғай!
Құдіретті қазақтың Ұлы даласымен қайта аңыратып келеміз. Байлықтың алтын ұйығы Жезді! Осы игіліктерді Қазақ елі тек қана Қаратаудың қойнында жатқан фосфоритінің құнымен ғана ала салуға болады екен – ау! Қазақ даласында фосфориттің мөлшерлі қоры 2 млрд тоннаға жетіп жығылады. Таяу мезет, сәтті кезде ғана тек мақта, күріш пен бидайды ғана экспортқа қарата бейімдей жөнелсе бұл қазақ – бүткіл Еуразияның біршама елдерін Шыңғыс қағандай бағындыра алады.
Сұлусудан (өзен) нәр таттық. Серік Сағынтай өлең оқыды. Сыңғыр назым бір келкі! Жексен жылқы туралы аңыздарға түскен! Ой, Жексен әмбебап!
Тоқан-Темірден Есім ханға дейінгі он төрт, Есімнен Жәңгір Сәмеке, Әбілмәмбетке ұласқан алты, Әз-Тәуке, Абылайдан Қасым, Кенесарыға дейінгі алты санды алтын тақ егелерінің Қаған бабасы – Жошы жасасын!
Моңғолия,
2018 қазанның 1-3 жаңасы
Ең бастысы – Ұлттық мұраларымызға зақым келмеген.
“…Шамамен сағат 16.00 кезінде 200-дей шабуыл жасаушы музей ғимаратына кірді. Жүгіріп алдарынан шықтым. Барлығы дерлік жастар. Бар дауысыммен айқайлап, ештеңеге тиіспеуін өтіндім. Сөзге тоқтамай, электронды құрылғыларды қирата бастады. Арасында біреулері менің сөздерімді естіп, қалғанына тоқтау салды. Оларға «Бұл заттардың барлығы – ата-бабамыздан қалған асыл мұра. Сындырмаңыздаршы, бұларды өртесек, біздің тарихымызда ештеңе қалмайды. Ертеңгі күні сіздерге керек болады ғой» деген сөзімді кейбірі тыңдады. Тыныштық орнатып, менен «Алтын адамның» оригиналы қайда?», «Алтын заттар қайда тұр?», «қылыштар бар ма?» деп сұрай бастады. «Алтын адамның» түпнұсқасының бізде емес екенін айттым. Бұл уақытта музей залдарында негізгі жарық емес, кезекші жарық шамдары жанып тұрған. Соның көмегі тиді ме деп ойлаймын, кейбір заттар қараңғыда анық көріне қоймады. Музей туралы, музейдің қазір және болашақта не үшін керек екенін тоқтамай айта беріппін. Араларына кіріп, бірде ортасына шығып, барынша көндіруге тырыстым. Менімен бірге тұрған музей қызметкерлері естіген екен, арасында тұрған біреуі мені «өлтіріп кетейік» деп, жан-жағындағыларға айтқан. Мен мұны естімедім. Бір кезде арасындағы 20 шақтысы діни рәсімдерін жасап, музейде тыныштық орнады. Құлшылықтарын жасаған соң, барлығы сөзге тоқтады. Арасындағы біреуіне бағына бастады. Шамамен 5 сағаттай уақыт өткен соң, сырттан қара пальто киген екі жігіт келді. Жақсы киінген, түзу адамдар сияқты көрінді. Ол екеуі топты басқарып жүргендермен сөйлесіп, Алматы әуежайына кететінін, біраз уақыттан соң қайтып келетінін және музей ғимараты олардың штабына айналатынын айтты. Үнсіз бас изеп, олардың тезірек кетуін тіледік. Ішінен 20 шақты адам тағы да діни рәсімдерге сәйкес құлшылық жасап болған соң, барлығы біреуінің командасымен сыртқа шықты. Бұл шамамен 21.00-ден асқан уақыт болатын», – деді Б.Дәндіқарақызы.
200-дей шабуылшы музейде болған уақытта ғимараттың қор сақтайтын арнайы жертөлесінде жаралы әскери мамандар болған.
«Біз музейге шабуыл жасағандармен алысып жатқанда, музейдің бункерінде құқық қорғау органдарының 15 қызметкері жаралы жатқан еді. Әкімдік ғимаратына шабуыл басталғанда оларды музейдің ең түпкі қоймасына тыққан өзіміз едік. Музейдегі 2 қызметкер жаралыларға білгендерінше медициналық көмек жасады. Арасында қол-аяғына, көзі мен кеудесіне оқ тигендері болды. Түрлері өте аянышты, жап-жас балалар. Оларға қарап жыларман болдық. Шабуылдаушылар бес сағаттай музейде болған кезде бункерде құқық қорғау органдарының 15 адамы жаралы жатқанын білмеді. Барынша білдірмеуге тырыстық. Араларында біреуі барынша тіміскілеп, сақтық танытып, бірдеңеге сезіктеніп жүргенін байқадым. Оны да сөзге тартып, көңілін аулауға тырыстық», – деді музей директорының орынбасары.
Музейге келтірілген материалдық залал көлемі жақын күндері анықталатын болады. Ең бастысы – Ұлттық мұраларымызға зақым келмеген.
«Екі күн бойы музейге қонып, әріптестеріміз ұлттық мұраларымызды сақтап қалды. Қазір үйдемін. Мен әйел адам болғандықтан маған дұрыс қарады ма әлде музейдің киесі, бабалар рухы мені қолдады ма ма білмеймін, осы жағдайдан аман қалдық. Өмірімде мұндай қорқынышты жағдайға түсіп көрмеппін. Бетпе бет келгенде қорықпаған едім. Қазір бір қорқынышты түс көрген сияқтымын», – дейді Бибігүл Дәндіқарақызы…
Оқиға 2022 жылғы 5 қаңтарда болған. Бүлікшілер Алматы қаласындағы орталық музейге кірген бетте «Алтын адамды» және музейдегі алтын заттарды іздеген….
Дереккөз: kazmuseum.kz сайты.
15 жаралыны жасырып, аман сақтап қалғандарға айрықша алғыс. Тарихи мұраларды жанын сала қорғаған жандарға респект!
ТӘҢІРШІЛДІК — қазақтың көнермейтін көне дүние танымы
Тәңіршілдік — қазақтың көнермейтін көне дүние танымы. Тәңіршілдік ұғымында көп діндер қатарлы Жаратушыны бар деп есептейді, бірақ Ол адамдарға елші жібермейді, Көктен кітап түсірмейді, жаратылысқа (сіз бен бізге) “сәлем” жолдамайды — деген наным-сенім бар. Жаратушы барлығын жерге қалдырған, бәрі айналып тұратын механизм. Сондықтан жақсылық жасасаң да, жамандық жасасаң да өзіңе айналып келеді. Сол себепті Тәңіршілдік ұғымындағы ең негізгі ғибадат — шын көңілден жақсылық жасау, барыңды бөліп беру. Оны репрессия жылдарында Қазақ даласына айдалып келген өзге ұлттар жақсы біледі. Ал қазақ неге қырғынға ұшырады..? Оған Ислам жауап бере алмайды, оған Тәңіршілдік жауап береді: қазақ қашан да жауынгер халық болған, кеше ғұндар қытайларға қауіп төндірсе, бүгін сол қытайлардың ұрпақтары бізге қауіп төндіріп отыр. Кеше Алтын Орда орыстарды ойнатса, бүгін Ресей бізді ойнатып жатыр. Бірақ қазақ қанша жауынгер болғанымен, қай дәуірде болса да, қай елді жауласа да жойып жіберуден аулақ болған, ертең айналып келетін дүние екенін Тәңіршілдік ұғымынан білген, сол себепті, яғни қырып жібермегеніміз үшін біз де кешегі репрессияда жойылып кетуден аман қалдық. Механизм ба..? Механизм! Бүкіл жаратылыс механизм. Жердің айналуы арқылы күн мен түннің ауысуы да механизм. Сондықтан бұл ұғымды ғұндар таң-іңір деп түсінген. Күн мен түн, туу мен өлу, жарық пен қараңғы, бәрі де айналып тұрады, өйткені жаратылыс солай, ай жерді, жер күнді, күн галактиканы айналып жүреді, өмір бұл — қозғалыс, өмір бұл — шеңбер. Егер жер күнді айналмай қалса, яғни тоқтап қалса — тіршілік те тоқтайды. Тіпті адам баласының өмірге келіп-кетуі де механизм. Тәңірлік ұғымында адам түбегейлі өлмейді, өз ұрпағынан қайтып туады, яғни өз ұрығынан өзі қайтып өмірге келеді. Тәңіршілдікте “адам өмірге не үшін келеді” деген сұраққа: адам өмірді айналдыру үшін келеді — деп жауап береді. Ал Исламда: Алла адамды Өзіне (Аллаға) құлшылық ету үшін жаратты — дейтіндер бар. Құлшылыққа бас ұрудың артында коммерция немесе қандай да бір мүдде, идеология жатқан болуы мүмкін. Ал Тәңіршілдіктегі “құлшылық” ол — есесіз жақсылық жасау, ондай жақсылық коммерциямен бір қазанда қайнамайды. Есесіз жақсылық көрген адам: Тәңірден қайтсын — деп ризашылығын білдіретін болған, оған жақсылық жасаған адам да риза болып қалған, өйткені тәңіршілдер біледі бұл өмірдің бумеранг екенін. Бұл менің Тәңіршілдік туралы жеке түсінігім, бірақ Тәңіршілдік дін статусына ешқашан көтеріле алған емес, себебі ода Исламдағыдай пайғамбар жоқ, Исламдағыдай Көктен түскен кітап жоқ (Көктен кітап түспейтінін бәріміз білеміз), және ешқашан діни жорық жасамаған. Егер Тәңіршілдер діни жорық жасағанда, Араб түбегінен де, Парсы жағалауынан да бұл күндері Шыңғыс, Кетбұға, Үкітай, Төле, Жолшы есімді арабтар мен ирандарды кездестіруіміз мүмкін еді. Бұл Тәңіршілдік туралы жеке ойым болғанымен, жеке сенімім емес, бір кездердегі Ұлы Империяның ілімі, наным-сенімі. Алтын Орда Тәңірі ілімін қалай Исламға айырбастады — солай билігінен айырылды. Өйткені Тәңіршілдікте: қарапайым ғана өмірді түсіндіру болатын, ал Исламда қорқытып-үркіту болды. Әйтпесе жарты әлемді уысында ұстаған көшпенділер басқаша қалай өз билігінен айырылып қалуы мүмкін еді..? Ат тұяғының дүбірімен-ақ жауының тізесін қалтыратқан көшпенділер жорығының мақсаты дін тарату яки сол жергілікті халықты дәстүрінен, наным-сенімінен айыру емес, бәлки бытыраңқы халықтарды біріктіріп, басқару тетігін бір жүйеге түсіру болатын. Ал, басқару жүйесі бір қалыпты елдерді көшпенділер даласына тұмсығын тыққаны үшін түре қуып тастап отырған, мысалы: Хиуа хандығы, сол кезде Отырар парсымен біте қайнасып кеткен хиуалықтардың қолында болатын және Дешті Қыпшақтың есебінен өз аумағын кеңейту жоспарлары да болған. Шыңғысхан келіп, оларды түре қуып тастады. Әйтпесе Шыңғысхан киіз үйде отырған қазақты шаппаған болатын. “Отырар кітапханасын өртеді” деген әңгіме бар, соғыс болған жерде кітапхана түгіл одан да зоры өртеніп кетеді. Шыңғысхан нақ сол кітапхананы өртеу үшін шабуылдайтындай надан емес, оның әділдігі сонша жау тараптан шебер жауынгер тұтқынға түссе, өлтіріп тастамай, өз қатарына қосып алған, шеберлікті, артықшылықты бағалай білген адам. Бірақ сол бөтен жұрттың жауынгер, данышпан, көрегендерін өз қатарына қоса тұрып “тәңіршіл болуың керек” деп шарт қоймаған. Сондай бабаларымыз өмірді — шеңбер деп түсінген. Қандай әрекет қыласың — соған жараса артықшылығың алдыңнан шығады деген қарапайым да терең түсінікте болған, Шыңғысхан әскерінің жылдам қимылдауы да сол түсініктен туған. Өмір — шеңбер, бір басында өзің, бір басында қозғалысыңның жемісі. Егер қазір жақсы қозғалсаң — айналып келгендегі нәтижесі: жақсы өнім, зор жетістік, мол несібе. Және тәңіршілдер Тәңірден жақсы әйел сұраған, текті жерден қыз алуға тырысқан, бұл — Тәңір заңдылығы, өйткені қозғалысыңды берекелі ететін әйел адам. Қозғалысыңа бөтен біреу қиянат қылса да — Тәңір заңдылығына қарсы шыққан болып есептеледі. Егер қол астыңда біреу жұмыс атқарса, ақысын лайықты түрде бер, бұл оның қозғалысы, өмірі. Яки біреудің қозғалыспен жасаған еңбегін (егін болсын, мал болсын) ұрлама, заңдылыққа қарсы шыққан болып есептелесің, бұның соңы баянды болмайды. Әйел тақырыбына қайта оралсам, Тәңіршілдер әйел адамға айызын қандырушы ретінде яки ұрпағын көбейтуші ғана ретінде қарамаған, от басы, ошақ қасының берекесі ретінде қараған. Сондықтан ырыс-несібе сұрайтын Тәңірдің әйел бейнесінде елестеткен, Ол — Ұмай ана. Әйел адамды екінші сатыға қойғанымен, оған өзіне лайықты құрмет көрсеткен. Тәңіршілдерде тоқал алу кем де кем болған. Тоқалды қандай жағдайда алған..? Егер ағасы қайтыс болса, жеңгесін екінші әйел етіп алған, егер үйленбеген болса тіпті бірінші әйел етіп алған, сонымен бар өмірін бірге көрген. “Егер қайынісі болмаса ше” деген заңды сұрақ туады. Онда қайынағасы алған, бірақ негізінен қайынісіне тиетін болған. Сондықтан тәңіршілдер бойжеткен қызы мен өлікті оң жаққа қойып отырған, екеуі де қайтып келмейтіндер. “Тәңіршілдер тоқал алмаса, Шыңғысханның 500 әйелі болған” деуіңіз мүмкін. Шыңғысхан шаманнан: қалай қылсам ұзақ өмір сүрем — деп сұрағанда, шаман: көп әйел ал, ол сенің ұзақ өмір сүруіңе септігін тигізеді — деген. Сірә шаманның айтқысы келген: қазақтың “ұрпағыңмен мың жасайсың” деген сөзіне саяды. Шыңғысхан көп жағдайда жаулаған жерлерінің қыздарына үйленген. Жалпы, Тәңіршілдік өмірге келіп, кете салған дін емес, оны ұстанған небір ұлы тұлғалар бар. Ендеше сол тұлғаларды, тарихымызды зерттеу барда — Тәңіршілдік бар. Сәлеммен, мәңгілік тақырыпты әрең түйіндеген Бақберген.
Бақберген Арысланбай
Кйіз үйдің жабдықтарының атаулары
Болат Бопайұлы
Қазақ кйіз үйі- 7-8 ғасырларда кеңінен қолданылған. Осынау ұлы даланы қоныс еткен ата – бабаларымыз осыдан үш мың жыл бүрын да кйіз мәдениетін жарыққа шығарғанын күллі әлем көзіндегі ғылымй деректер дәлелдейді.
Қазақ халқының арғы ата- бабалары саналатын Сах, Ғүн, Қаңлы, Үйсін, Аландар заманында-ақ Кйіз үй мәдениетін толық қалыптастырғаны шындық.
Мен бұл жерде Кйіз үй тарихын айтқалы отырғам жоқ. Жақыннан бері оқушылардан маған Кйіз үйдің жабдық атаулары туралы өте көп сүрақтар келіп тұсті. Жеке- жеке жауап та бердім. Бырақ сүрақтар көбейе берді. Ақыры ФБ желісінде ортақ жауап беруді жөн көрдім.
Қазақ кйіз үйінің сыртқы жабдықтарына қарай :
1. Үзікті кйіз үй,
2. Көтерме турдықты кйіз үй,
3. Бітеу турдықты кйіз үй,
4. Бүтін турдықты кйіз үй. Болып бөлінеді.
Кйіз үйдің сыртқы жабдықтары :
1. Турлық,
2. Үзік,
3. Түндік,
4. Таңғыш,
5. Бас арқан,
6. Белдеу қүр,
7. Шалма арқан,
8. Шалғыш бау,
9. Желбау,
10. Басқүр.
11.Турдық бау,
12. Үзік бау,
Міне кйіз үйдің сыртқы жабдықтар осылар.
Кйіз үйдің қаңқасын- ” Сүйегі ” дейді.
Кйіз үй сүйегіне – Шаңырақ, керге,уық, сықырлаулық ( Есік )жатады.Бұлар кйіз үй қаңқасын үстап тұрады.
Қазақ кйіз үй сүйек пішініне қарай:
1. Алтын орда,
2. Ақ орда,
3. Ақ отау,
4. Қарша үй,
5. Қара лашық,
6. Қара қос,
7. Абылайша,
8. Жолым үй,
9. Қара шаңырақ,
10. Бозым үй,
11. Итарқа,
12. Күрке,
13. Жарты лашық,
14. Жадағай үй,
15. Шошаима үй,
16. Жаппа үй,
17. Домалақ үй,
18. Тошала үй,
19. Қапсырма қос,
20. Күмбез қос.
Бұл кйіз үйдің сыртқы жабдықтарына, пішініне қарай бөлінген атаулары.
Қазақ кйіз үйінің уық санына қарай аталуы:
1. Қырық басты үй,
2. Алпыс басты үй,
3. Сексен басты үй,
4. Тоқсан басты үй,
5. Жүз басты үй,
6. Жүз жирма басты үй.
Қазақ кйіз үйдің шаңырғына қадаған уық санына ” басты үй ” деп атаған.
Кереге туралы түсінік
Қазақ кйіз үйдің қалған керегесінің санына қарай:
1. Екі қанатты үй,
2. Төрт қанатты үй,
3. Алты қанаты үй,
4. Сегіз қанатты үй,
5. Он Қанаты үй,
6. Он екі қанатты үй . Деп бөледі. Керегені – “үй қанаты” деп атайды. Одан сырт “Қазақ үлгі” және ” Қалмақ үлгі” деп екі тұрлі үлгіге айырады.Бұл үлгілер 7-8 ғасырлардан бері қалпын қүратпай сақталып келеді.
Керегенің басына сай- сай сызықтар салады. Ол сызықтарды ” Қанша” десе,Кереге желісіне көк өткізеді. Оы ” Домбы” дейді.Қарышадан тескен тесікке қайс бау балайды . Оны ” Таспа бау ” деп атайды. Кйіз үйдің негізгі қаңқасын, сүйегін үстап тұратын түғыры- ” Кереге” деп аталады.
Қазақ керегенің әр тал ағашын- ” Желі”, ” Кереге желісі” дейді. Кереге желісінің үзын тұрін- ” Ерсі” нмесе ” Ерсісі” десе, қысқа тұрін” Балашық” дейді. Бір керегеде он төрт ерсі, тоғыз балашық, тоғыз сағанақ болады. Сағанақ- кереге көгінің шетіне шығып тұратын шолақ таяқша бөлегін-” Сағанақ” деп атайды. Кйіз үйдің кереге қанаттары және босағасы осы сағанақтары қйуласып, таңғышпен байланады.оның екі жағын “мойын алқым” дейді. Керегенің көктеліп біткен бір бөлегін -”Қанат” дейді. Қанат саны үйдің үлкен- кішілігіне қарай саны артып отырады. Қанат қосылған сайын үй кеңейіп үлкейе береді.Қазақ кйіз үйінің қанат саны екі, төрт, алты, сегіз, он, он екі, он төрет, он алты, ары қарай отыз қанатқа дейін ұлғайя береді.
Кереге желісінің ерсісі- екі метр ден екі жарым метірге дейін болады, Балашығы – бір метр сексен сантиметр, ең кіші қысқа тұрі отыз сантиметрге дейін қысқарады. ал керегенің Уық баилайтын жерін – ” Кереге басы”, не ” Кереге шегі” дейді.
Қазақ кйіз үйін жасау шеберлері Керегенің жасалу әдісіне қарай -” Желкөз кереге” және ” Торкөз кереге” деп екіге бөледі.
Желкөз кереге – он бір, он үш, он бес ,он жеті, жирма үш, одан да көп көкті болып келе береді. Көгінің көбейуіне қарай – Жетпіс бес , Сексен бас, тоқсан бас, тоқсан бес бас, жүз бас, жүз бес бас деп бас саны да артып отырады. Бұл жердегі көк , бас деп отырғаны Уық сан мен Шаңырақтың уықты сүғатын тесігі.
Қазақ қара өлеңінде ” Кереге тоқсан басты, сексен Уық ” деген өлеңінде тұсіндіріп кеткен.
Қазақ шеберлері желкөз керегені жасағанда көзін үлкен етіп жасайды да, ортасынан бір желіні көктемей қалтырып кетіп отырады.Осылай еткенде кереге оңай жазылып, оңай жиналатын болады. Ал торкөз керегнің көзі тар болады, не жүдырық сиятындай етіп жасайды. Торкөз кереге берік мықты болады. Боранға , қатты соққан желге қүлап қалмайды, бырақ жазылып – жиналуы қиындау болады. Керегедегі басының жасалуына қарай парық болады. Қазақ шеберлрі қалыптастырған Торкөзді кереге жирма басты болса, Желкөзді кереге он жеті басты болып келеді. Бұл өлшем негізінен үзақ уақыт тәжірибеден өтіп түрақталған өлшем болып қалды.
Қазақ тілінде :
1. Керегең кең болсын,
2. Керегең берік болсын,
3. Керегең сөгілмесін,
4. Керегең шайқалмасын,
5. Керегең қүтты болсын,
6. Керегеңе жамандық жуымасын.
Деген сөздер баталы сөздерде жолықса, қағыс тілінде де мынадай ашты сөздеріді жолықтырамыз:
1. Керегесін ит қомдамын,
2. Керегесіне ит сарысын,
3. Керегеге таңылып қалсын,
4. Керегесі шайқалсын, Т. Б. Қарғыс сөздер бар.
Уықтың ерекшілігі
Уық- Кереге мен Шаңрақтың арасын қосып үстап тұратын , бір басы түлу, екінші басы йлген жіңішке сырық. Кйіз үйдің негізгі жабдықтарының бірі-” Уық” деп аталады.
Қазақтың кйіз үй жасайтын шеберлерін – “үйші” деп атайды. Үйшілер Уықты негізінен самбы талдардан жасаған. Уықтың кереге басына байланатын жағын ймектеу әрі жалпақ етіп жасайды. Илген жалпақ жағын” Уық йні” немесе ” Уық қарыншасы” десе, тұзу жағын- ” Қары” немесе ” Қарымы” дейді. Ал Уықтың шаңырақ көзіне сүғатын үшталған үшын- ” Қаламы” деп атайды. Уықтың кереге басына байланатын жағын тесіп, оған бау өткізеді. Ол бауды- ” Уықбау” деп атайды. Уықбаудың үзындығы екі де үш метр болады. Қазақ кйіз үиінің Уық саны кереге бас санына тең келеді.Уық саны , уықтың үзын- қысқалығы кйіз үй көлемінің үлкен- кішілігіне байланысты болады. Кйіз үйдің уық санын есептеу әдісі де бар, Әдетте кйіз үй маңдайшасына алты уық байланады.Қалған уық санын кереге басына байланысты есептейді. Мүнда Желкөз кереге мен Торкөз керегенің уық санын анық парықтап алсаң ешқашан уық санынан жаңылмайсың. Уықтың қаламы- төрт қырлы болып жасалады. Сода шаңырақты шайқалтпай үстап түруына септігін тйгізеді.
Уық жасау үшін уық ағашты салып жібітетін от күлін- “Қоз” немесе ” Қозан” дейді. Уықтың қарынша, не алақанына сызық салатын қүралды-” Қырнауыш” деп атайды. Уықтың йінін жасаитын қазықтарды- ” Тез” не ” Тезге салу” дейді. Уық алақанына салған сызықты- ” Ырау”, ” Ыраулы” дейді. Уықтар ды боияитын топырақ нілін-” Жоса” деп атайды. Бүрынғы замандағы байлар Уықтарын күміс не сүйектермен өрнек салдырып та жасстатын болған.
Қазақ тілінде:
1. Уық берік болсын,
2. Уық сынбасын,
3. Уығың алтын болсын,
4. Уығың үзын болсын,
5. Бір уық болып қадал.
Деген сөздер ақ баталы алғыс сөздерінен кездеседі. Ал қарғыстанда уық туралы сөздер табылады:
1. Уығың сыңғыр, уығың сынсын,
2.Борт-борт сынып уығың ,
Борбайыңа қадалсын.
3. Уығың көзіңе қадалсын,
4. Уығың сынып жолда қал. Деген қарғыс сөздер де бар.
Шаңырақ туралы тұсінік
Шаңырақ- Кйіз үйдің төбесі . Уықтардың жоғары қараған жағын біріктіріп үстап тұратын ,күлдіреуіштері бар, мықты ағаштан жасалған шеңберді – ” Шаңырақ ” деп атайды.
Шаңырақ кйіз үй сүектерінің ең негізгілерінің бірі болып саналады.Үй жасау шеберлері Шаңырақты талдан, қайың сынды мықты ағаштардан жасайды. Оның үлкен шеңберінде доға етіп иіп жасаған сегіз күлдіреуіші болады.Шаңырақ шеңберінің айналасында уық өткізуге арналған тесік болады. Оны ” Шаңырақ көзі” дейді. Шаңырақ шеңбері екі метрден бастап , алты метрге дейін үлкейе береді.Шаңырақтың дөңгелек шеңберін- ” Түғын ” деп атайды.Айналасындағы төрт қырлы тесіктерді- ” Қаламдық” не ” Қаламдықтар ” дейді. Шаңырақтың шеңберінің үстіне доға етіп иіп жасаған сегіз ағашты- ” Күлдіреуіш ” деп атайды. Шаңырақтың күлдіреуінің тор жағындағы бос қалған орынды- ” Жарықтық” дейді. Жарық тұсетін жер болғандықтан. Шаңырақ шеңберіндегі көздер есеппен жасплады. Төрт қанат үйдің шаңырағының көздері елу де алпыс болса, алты не сегіз қанаты үйлердің көздері жүз не жүз жирма болады.Әр көзге бірден уық шашылады.Қазақ байларының мүндай үлкен шаңырақтарын мықты азаматтар атқа мініп үлкен бақанмен көтеріп тұрып тігетін болған. Шаңырақ көздерін жасайтын темір аспапты- ” Көзеу” деп атайды. Шаңырақтың екі жағына термелеп, өрмелеп әдемі етіп тоқылған қор бау тағады. Ол бауды- ” Желбау ” дейді. Үй тіккенде сол желбаудан үстап , шаңырақты бақанмен көтеріп түрып уық шаншиды. Шаңырақтың күлдіреуішін қозғалатпай үстап арнайы жасалған көлделең ағаш болады. Ол ағашты – ” Бақалық” не ” Қарғаша “деп атайды.Ондай ағаш әр шаңырақта төрттен болпды.
Қазақ шаңырағы – ” Табақ шаңырақ” және ” Шабақ шаңырақ” болып екіге бөлінеді.
Ортасын тегіс ағаштан оиулап, тұрлі нақышпен өрнектеп әсемдеп жасаған шаңырақты” Табақ шаңырақ” десе, ортасы табақсыз , күлдіреуішпен жасалған шаңырақты- ” Шабақ шаңырақ” деп атайды.
Қазақ халқының салт- дәстүрінде Шаңырақ киелі саналады, иелі бағаналады.Сондықтан шаңырақ ағаштарын таза жосамен боияп, кей жерлерін алтынмен аптап , күміспен күптеп кереметей етіп жасайды.
Қазақ -атадан қалған үйді- “Қара шаңырақ” деп атайды.Ата- ана тұрған үй -”үлкен үй” немесе ” Қара шаңырақ” деп таниды.Қазақ салтында қара шаңыраққа кенже ұл ие болады. Басқа балалар қара шаңырақтан енші алып отау болып бөлініп шығады.
Қазақ тіліндегі қара шаңырақ сөзі кейінгі кезде кең мағынада қолданыла бастады. ” Мадениет орталығының қара шаңырағы”, “Ғылым ордасының қара шаңырағы”, ” Жазушылар одағының қара шаңырағы” Т. Б. Лар.
Ал қазақтың ағыстары мен қарғыс сөздерінде тіптен көп орын иелейді.
1. Шаңырақ бйік болсын,
Ірге кең болсын.
2. Шаңыраққа бақ қонсын.
3. Шаңырақ шайқалмасын.
5. Шаңырағың кең болсын.
6. Шаңырағыңнан шаттық кетпесін.
Деген тірестер бата -тілек сөздерде кездессе, қарғыс сөздерден де табылады.
1. Шаңырағың қүрысын,
2. Шаңырағың шалқалсын,
3. Шаңырағың өртенсін.
Міне осындай қарғыс сөздер айтылады. Бал тамған сөз ден у да тамады деген осы болар.
Сықырлауық туралы тұсінік
Сықырлауық- кйіз үйге арналған дәстүрлі есікті- ” Сықырлауық” деп атайды. Сықырлауық , екі босағадан ,маңдайшадан, табалдырықтан , екі жаққа қарай жарылып ашылатын екі жарты жарма есіктен қүралып ,бір есік болып шығады. Қазақ кйіз үй тариқында бір жағына қарай ашылатын есіктер сирек кездеседі. Жоқ десек те болады. Себебі есікті қазақ халқы бақыт қақпасы деп жақсы ырымға бағалайды. Кіріп- шыққан адамдарға жақсылық тілеп тұрады деп санайды.Сондықтан Қазақ есікті үй жасаушыларға жасатпайды. Қазақ шеберлері арасында арнаулы есік жасаушы шеберлер болады. Оны- ” Есікші ” деп атайды.
Соларға ақысын беріп ,арнайы тапсырыспен жасатады. Қазақтың есік жасайтын шеберлері -есіктің маңдайша, екі босаға, табалдырық, екі жарма есік бөшектерін шегесіз қиуластырып қүрастырады. Шеге істетпейді.
Кйіз сықырлауығы- кйіз керегесінің бйіктігіне лайықтап өлшеммен жасалады. Көп ретте есік бйіктігі 170-175 СМ , ені 120- 122 СМ көлемінде болады.Екі босаға мен табалдырық және маңдайшасының ендері 7- 8 СМ шамасында болады.Маңдайшасының жоғары жағынан уық байлайтын 6 тесік болады. Оны- ” Уық қодырғы” деп атайды.Маңдайшаның астыңғы жағының , табалдырықтың үстінгі жағының екі бастарынан қос босағаның бас -аияқтары сүғынып тұратын түзу бүрышты – ” Босаға үиясы” деиді. Ашпалы екі есіктің топсасы ретінде босаға жағынан жоғары және төменгі шеттерінен маңдайша мен табалдырыққа арнайы жасалған дөңгелек үияларға кіріп тұратын Сықырлауық аталатын дөңестер шығарады. Бүл дөңестер маңдайша мен табалдырық кіріп тұрғандықтан, есікті ашып- жапқанда сықырлаған дыбыс шығарып тұрады. Осыған бағып кйіз үйдің есігін – “Сықырлауық ” деп атаған екен.
Қазақ сықырлауықтың ашылып – жабвлатын екі жарты есігін әдемі бойяулармен боияп, қазақша оиу-өрнек салып сәндеп жасайды.Сүйек ,мүиіз, күміс , алуан тұрлі асыл тастармен безедіріп жасайды. Маңдайша , босаға, табалдырықтың екі жанында солай безендіреді, әшекейлейді.
Қазақ кйіз үйінің есігі екі қабат болып келеді.
Бірі- сыртқы есік. Ши мен кйізден, қымбат маталардан әшекейлеп жасайды. Енді бірі- ағаштан жасаған жоғарыда айтылған ағаш есік немесе сықырлауық.
Қазақ дәстүрінде есіктің маңдайшасын тартпа, босағасын керме, табалдырығын таптама деген ырымдар бар. Үйткені есік киелі.
Одан өмір де кіреді, өлім де шығады. Есік – бақыт қақпасы деп сенген.
1 Ақ босағаны ақ ниетпен атта,
2.Босағаға сүиеніп тұрма.
3. Алтыннан болсын босағаң,
4. Босағаға жатпа,
5. Қайтып Келер есігіңді қатты серіппе,
6. Жат босағаны айналма.
7. Есік көргенді алма, бесік көргенді ал.
8. Заманақыр боларда табалдырық тау,
Көршің үлкен жау, іргең толы дау болар,
9. Күиеу есік көргелі келді,
10. Келін оң аияқпен босаға аттады.
Міне ,осы сөз тіркестірінің тігісінде терең дәстүрлік ұғымдар марқадай жамырап жатыр.
-Жалғасы бар-
Болат Бопайұлы