Kerey.kz/Керей.кз » Зуқа батыр 150 жыл

Қазақ жерінің қилы тағдыры
Бүгінгі таңда, 1920 жылы құрылып, 1925 жылы бірігуі аяқталған Қазақ республикасының 1925-1936 жылдардағы жер көлемі мен қазақ халқының саны туралы нақты ғылыми зерттеу жұмысы жоқ.

Олай деуге, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2000 жылдардың бірінші онжылдығында шығарған «Қазақстан тарихы» атты академиялық 5 томдықта берілген деректер мен сол ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында жарық көрген ресми еңбектердегі статистикалық мәліметтердің мүлдем сәйкес келмейтіні негіз болады. Біз, аталған институт ғалымдары шығарған академиялық 5 томдықтағы мәліметтердің дұрыстығына үлкен күмән келтіреміз және онда халық санының да, жер көлемінің де кемітіліп берілгені туралы мәлімдейміз.

Бүгін осы мақаламызда халық санына қатысты емес, жеріміздің көлемі мен оны жырымдау тарихына қатысты тоқталатын боламыз. 1924 жылдың соңында Орта Азия мен Қазақстанда болған ұлттық-мемлекеттік межелеу саясатынан кейін барлық қазақ жері бір республика құрамына біріктірілді. Қазақ АКСР аумағы КСРО-ның 13,3%-ын, РКФСР-дың 15%-ын құрап, өзінің аумағы бойынша Сібір өлкесі мен Якут (Саха) АКСР-інен кейін 3-орынды иеленді. Енді, сол кездегі республика жерінің көлемі туралы дереккөздері не дейді?

Бірінші кезекте РКФСР Халық комиссарлар кеңесі төрағасының орынбасары болған Т.Рысқұловтың 1927 жылы шыққан «Қазақстан» атты еңбегіне тоқталайық. Онда ол: «Қазақ жерінің ауданы, Мәскеудегі мемлекет баспасының 1926 жылы шығарған «Бүтін Кеңестер Одағы» деген кітапта 2 миллион 800 мың шаршы шақырым, бүтін Кеңестер Орталық санақ басқармасының есебінше 3 миллион 039 мың шаршы шақырым. Бұл есепті Қазақстан үкіметі де дұрыс деп бекітіп отыр», – деп көрсетеді. Ал 1928 жылы жарық көрген «Қазақ Автономиялық Социалистік Кеңестік Республикасы Орталық Атқару Комитетінің 13-сайланған БОАК-тің 3-сессиясындағы есебіне материалдар» атты еңбекте Қазақ АКСР территориясы 2 995 482 шаршы километрді құрайды деп нақты көрсетілген. Ал академиялық 5 томдықтың 4- томында межелеу аяқталған кезде Қазақстан аумағы 2,7 млн шаршы шақырымды құрады деп, Қазақстанның бүгінгі таңдағы аумақ көлемін көрсетеді. Яғни бұл басылымға сенсек, Қазақстан 1925 жылдан бері ешқандай жерінен айырылмаған сияқты.

Енді, өткен ғасырдың 30-80 жылдарында жарық көрген Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі тарихына қатысты еңбектерге сүйене отырып осы жылдардағы Қазақстанның жер көлеміндегі өзгерістерге шолу жасайық: 1931 жылы – 2 814,6 мың шаршы км; 1938 жылы – 2 744,5 шаршы км; 1941 жылы – 2 434,7 мың шаршы км; 1951 жылы – 2 753,6 мың шаршы км; 1965 жылы – 2 715,1 шаршы км; 1978 жылы – 2 717 мың шаршы км; 1987 жылы – 2 717,3 мың шаршы км болды. Бүгінгі таңда, интернеттегі ашық дереккөздеріне сенсек, Қазақстан Республикасының жер көлемі 2 724 902 шаршы километрді (біз қараған басқа дереккөздері бойынша 2 717,3 мың шаршы км) құрайды. Яғни 1925-1987 жылдар аралығында Қазақстан шамамен 300 мың шаршы км жерінен айырылғаны көрініп тұр…

Қазақ жеріне кім көз тікпеді?! Жерімізді бөлшектеп, оны жырымдауға байланысты ерінбегеннің барлығы неше түрлі жобалар жасады. Мысалы, 1926 жылы 4 маусымда БОАК жанынан құрылған Қазақ АКСР-ы мен Қырғыз Автономиялы облысының оңтүстік аудандарындағы жерге орналастыруды зерттеу жөніндегі ерекше комиссияның төрағасы М.Серафимов Қазақстанның оңтүстік губерниялары мен Қырғыз АО-ның аумағындағы орыс-казактар мен украиндар үшін жеке автономиялы облыс құрып, оны тікелей РКФСР-ға бағындырайық деген ұсыныс жасады. Бұл сол кезеңдегі Т.Рысқұлов, М.Мырзағалиев, Ж.Бәрібаев сияқты және т.б. қазақ қайраткерлерінің қарсылығының нәтижесінде жүзеге аспай қалды.

Сонау ХХ ғасырдың 20-30 жылдарының өзінде Жетісу жерінде Ұйғыр автономиялы облысын құру туралы идея ешбір тарихи негізсіз ұйғырлардың тарапынан көтеріліп, орталыққа осындай ұсыныспен хаттар жазылып отырды. Бірақ аз ұлттарға қатысты большевиктердің нақты ұстанымы мен саясаты қалыптасқан елде бұл ұсыныстар қолдау таба қоймады. Бірақ «іштен шыққан жау жаман» демекші, біраз уақыт ұмытылып қалған осы әңгімені 1947 жылы Қазақстан Компартиясының сол кездегі бірінші хатшысы Жұмабай Шаяхметов қайта көтеріп, орталығы Панфилов (қазіргі Жаркент) болып отырған сол кездегі Талдықорған облысының Панфилов және Октябрь аудандарынан, Алматы облысының Шелек, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Нарынқол және Кеген аудандарынан тұратын Ұйғыр автономиялы облысын Қазақ КСР-інің аумағында құру туралы ұсыныспен И.В.Сталинге 2 рет, БК(б)П ОК мүшелері Н.С.Патоличевке, А.А.Ждановқа жеке-жеке қайталап хат жолдады.

Сол кезеңде, Ж.Шаяхметов картасын сызып Ұйғыр автономиялы облысын құруды жоспарлаған аудандардағы ұйғырлардың саны 20%-дан сәл ғана асатынын ескерсек, оның мұндай ұсыныс жасауына қандай түленнің түрткі болғанын арнайы зерттеу қажет! «Жобаланатын Ұйғыр облысы аумағында, – дейді Ж.Шаяхметов, – Шамамен 23 мың ұйғыр бар немесе олар халықтың жалпы санының 20%-дан астамы болады. Жаңадан құрылған облыс Қазақстан мен оған іргелес республикаларға шашылған ұйғыр халқының тартылыс орталығы болады деп сеніммен айтуға болады, нәтижесінде оның халқы қысқа мерзімнен кейін едәуір артып, ұйғыр пайызы анағұрлым жоғары болады». Шын мәніне келгенде, 1881-1884 жылдар аралығында патша үкіметінің шешімімен Қазақстанның Жетісу аумағы мен Солтүстік Қырғызстанға Шығыс Түркістаннан көшіріліп қоныстандырылған 45 мың ұйғыр ұрпағының Қазақстан жерінде автономия сұрауға ешқандай құқықтық та, моральдық та қақысы жоқ болатын.

1924 жылғы Орта Азия мен Қазақстанда болған ұлттық-мемлекеттік межелеуден кейін Қазақ АКСР құрамына қосылған Қарақалпақ автономиялы облысы (ҚАО) 1930 жылы 15 наурыздағы БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті бюросының шешімімен республика құрамынан шығарылып, РКФСР құрамына қосылуы тиіс болды. Ф.И.Голощекиннің ұсынысы бойынша аумағында қазақтар басымдыққа ие болып отырған Тамды, Тақтакөпір және Қоңырат аудандары Қазақ АКСР құрамында қалдырылуы тиіс еді. Бірақ ҚАО түгелімен Өзбек КСР-і құрамына қосылды. Бұл аз болғандай, 1930 жылдардың басынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының Бостандық ауданы мен бірқатар жерлерін Өзбекстанға қосу жөнінде қайта-қайта бастама көтерілді. Бірақ Елтай Ерназаровтың және басқа да кеңестік қазақ қайраткерлерінің ерекше қарсылығы нәтижесінде бұл сұмдыққа жол берілмеді. Өкінішке қарай, 1930-1934 жылдардағы ашаршылық салдарынан осы аймақтардағы халықтың басым бөлігін құрап келген қазақ халқы қырғынға ұшырап, басымдық өзбек халқына көшті. Бұл жағдай, Өзбек КСР басшылығы үшін ежелден қазақ халқының жері болып келген табиғаты тамаша Бостандық ауданын сұрауға таптырмас «негіз» болды. 1936-1937 жылдары Қазақ КСР үкіметі Өзбек КСР-іне уақытша пайдалану үшін 329 мың га жер берді.

И.В.Сталин қайтыс болып, билікке Н.С.Хрущев келгеннен кейінгі жылдары қазақ жеріне көз аларту көршілеріміз бен КОКП ОК тарапынан қайта-қайта орын алды. Мәселенің басы Қазақстанда «тың жерлерді игеруден» басталды. Обалы не керек, Жетісуды жатқа қиғанымен, Арқаны қимай, Қазақстанда «тың жерлер жоқ» деуден танбаған Ж.Шаяхметов 1954 жылы 5-6 ақпанда өткен Қазақстан Компартиясы ОК-нің ІХ пленумында «Қазақстан Компартиясы ОК-не жетекшілік жасауым жаңа талаптарға сай келмейді» деп «мойындаған» болатын. Осы «мойындаудан» кейін сөз сөйлеуге жазылған 39 адамның 25-і сөз сөйлеп, олардың басым көпшілігі Ж.Шаяхметов пен И.Афоновты сынап, оларды жерден алып, жерге салды. Әсіресе екінші болып сөз алған ҚКП Ақтөбе обкомының бірінші хатшысы Ж.Тәшенов күні кеше ғана өзін қызмет бабымен өсірген Ж.Шаяхметовті сынауда өзгелерден қатты ерекшеленді.

Міне, осыдан кейін көп ұзамай 1955 жылы 12 сәуірде ҚКП ОК-нің IV пленумында Ж.Тәшенов ҚКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы болып сайланды.

Дәл сол Е.Б.Тайбеков пен Н.Д.Оңдасыновты орнынан босатып, Ж.Тәшеновті ҚКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы етіп сайлаған ҚКП ОК-нің 1955 жылғы сәуір пленумы Дінмұхамед Қонаевты ҚКСР Министрлер Кеңесінің төрағасы етіп сайлаған болатын.

Өкінішке қарай, 1956 жылы 21 қаңтарда ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы Жұмабек Тәшенов пен Әбдіғали Әмриев қол қойған «Бостандық ауданын және Бетпақ даланың бір бөлігін Қазақ ССР-і құрамынан Өзбек ССР-і құрамына беру туралы қаулысы» бойынша аталған жерлер Өзбек КСР-не берілді.

1956 жылы 13 ақпанда өткен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының мәжілісінде сөз сөйлеген Ж.Тәшенов өзінің бұл әрекетін «Бұл шешім қазақ халқының өзбек халқына деген шексіз сенімі мен сүйіспеншілігінің, еліміздің халықтары арасында қалыптасқан бауырластық қатынастардың айқын дәлелі болып табылады» деп, өзін ақтауға тырысты.

Ал тарихи деректер не дейді?

1956 жылы 21 қаңтарда жалпы аумағы 5 000 шаршы километрге жуық Бостандық ауданы; Оңтүстік Бетпақ дала каналы аймағындағы көлемі 95 мың гектар жер; Орталық Бетпақ дала каналының сол жақ тармағы аймағында орналасқан көлемі 75 мың гектар жер; Қазақ КСР үкіметі 1936-1937 жылдарда Өзбек КСР-інің уақытша пайдалануына берген көлемі 329 мың гектар жер көршімізге берілді. Сол кезде Бостандық ауданында 17 колхоз, 2 машина-трактор станциясы, 49 628 адам (оның ішінде өзбектер – 25,4%, қазақтар – 17,5%, орыстар мен украиндар – 23%, тәжіктер 16,3%, қырғыздар – 7%, басқа ұлттар – 10,8 %) болатын. Яғни жалпы аумағы 10 000 шаршы км (шамамен 1 млн га жер) болатын қазақ жерінен өз еркімізбен мәңгіге айырылдық…

КСРО-дағы тың игеру науқаны аясында 1960 жылға қарай Н.Хрущевтің Қазақстанға қатысты волюнтаристік жаңа саясаты қалыптасты. Қазақ халқының өз жерінде азшылыққа айналып, ұлт қайраткерлерінің КОКП ОК алдындағы дәрменсіздігін сезінген ол Қазақстанда Тың өлкесін құрып, оны тікелей Москвадан басқаруды жоспарлай бастады.

1960 жылы 19 қаңтарда өткен Қазақстан Компартиясы ОК-нің ХVІІ пленумында Д.Қонаев ҚКП ОК-нің бірінші хатшысы болып сайланып, Қазақ КСР-індегі ең жоғарғы саяси билікке қол жеткізді. Ал 1960 жылы 26 қаңтарда ҚКП ОК бюросы Ж.Тәшеновті Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы етіп бекітті. Бір қызығы, Ж.Тәшеновті Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы қызметінен босатып, Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің төрағасы етіп бекіту туралы ҚКП ОК-нің 12 ақпандағы ұсынысы да, Д.Қонаевты ҚКП ОК-нің бірінші хатшысы етіп бекіту туралы 19 қаңтардағы шешімі де КОКП ОК Президиумы тарапынан тағы да бір күнде – 19 ақпанда мақұлданды.

1960 жылы 25 қаңтарда ҚКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақ ССР Совхоздар министрлігін құру туралы» жарлығы шығып, министрлік Ақмола қаласына орналастырылды. ҚКСР Совхоздар министрлігіне Қостанай, Ақмола, Көкшетау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының ауыл шаруашылығына басшылық ету міндеті жүктелді. Совхоздар министрі болып бұрын ешқашан Қазақстанда жұмыс істемеген, 1953-1955 жылдары КСРО совхоздарының министрі болған А.И.Козлов тағайындалды. 26 қаңтарда ҚКП ОК хатшыларының міндеттері бөлініп, бекітілді. Д.Қонаев бірінші хатшы әрі ОК бюросына жетекшілік жасауы тиіс болса, Қазақстанға ешқашан қатысы болмаған, 1960 жылға дейін Ресейдің Новгород, Пермь обкомдарының бірінші хатшысы болған Т.Соколов ҚКП ОК-нің Солтүстік облыстарындағы жұмыс жөніндегі бюросының төрағасы болып бекітілді.

1960 жылы 26 желтоқсанда «Республиканың солтүстік облыстарында шаруашылық және мәдениет құрылысын басқаруды онан әрі жақсарту және олардың орасан мол ресурстарын неғұрлым толық пайдалану» деген желеумен ҚКСР ЖК Президиумы төрағасының орынбасары К.Крюкова мен Президиум хатшысы үшін С.Мұқанов қол қойған «Қазақ ССР құрамында Тың өлкесін құру туралы» жарлық шықты. Ол бойынша ҚКСР құрамында Тың өлкесі құрылып, Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының жері осы өлкеге енгізіліп, өлкенің әкімшілік орталығы Ақмола қаласы болып белгіленді. Осы жарлықпен Ақмола облысы таратылып, оның аудандары тікелей Тың өлкесінің қарамағына берілді. 28 желтоқсанда өткен Тың өлкекомының Пленумында Т.И.Соколов бірінші хатшы, С.Б.Ниязбеков екінші хатшы болып сайланды. Ал 29 желтоқсанда шыққан ҚКСР ЖК Президиумының «Тың экономикалық әкімшілік ауданын құру туралы» жарлығы бойынша орталығы Ақмола қаласы болған Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және таратылған Ақмола облысының Ақмола, Атбасар, Балкашин, Баранкөл, Вишнев, Есіл, Калинин, Қима, Қорғалжын, Макин, Новочеркас, Сталин, Шортанды, Еркіншілік аудандарын біріктіретін Тың экономикалық әкімшілік ауданы құрылып, 1957 жылы құрылған Қостанай және Солтүстік Қазақстан экономикалық әкімшілік ауданы таратылды. Тың өлкелік кеңесі аткомының құрамы бекітіліп, бұрын ешқашан Қазақстанға қатысы болмаған, КСРО Мемжоскомы төрағасының орынбасары болып істеген В.В.Мацкевич атком төрағасы болып бекітілді. Осылайша, Хрущев үй ішінен үй тігіп, Тың өлкесін тікелей Москваға бағындырды. Көп ұзамай, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан өлкелері құрылып, Шығыс Қазақстан өлкесін құру жоспарлана бастады. Бірақ бұл аймақтарды Қазақстаннан бөліп алып, оны Ресей құрамына қосу туралы мәселе көтерілген жоқ.

Шындығында, Н.Хрущевтің көмекшісі А.С.Шевченкомен самолет үшін шекісіп қалғаннан кейін, оның үстіне республика шаруашылығының тоқсан түрлі саласына дұрыс басшылық жасай алмаған Ж.Тәшеновті 1961 жылы 6 қаңтарда ҚКП ОК бюросы «жұмысын дұрыс атқара алмағаны үшін» деген негіздемемен Қазақ КСР Минкеңесі төрағасы қызметінен босатты. Қызметінен алынғаны аз болғандай, 1961 жылы 1 ақпанда Ж.Тәшенов ҚКП ОК бюросының мүшесі міндетінен де босатылды. Қызметінен алынған Ж.Тәшенов 1961 жылдың 19 сәуіріне дейін жұмыссыз жүрді.

1961 жылдың 19 сәуірінде өткен ҚКП ОК бюросының мәжілісінде ол Оңтүстік Қазақстан облаткомы төрағасының орынбасары қызметіне жіберілді. Ж.Тәшенов 1961 жылы 25 сәуірде ҚКП Оңтүстік Қазақстан обкомының қарауына келіп, 3 ай 20 күнгі жұмыссыздықтан кейін 26 сәуірден бастап облатком төрағасының орынбасары қызметіне кірісті. ҚКП Оңтүстік Қазақстан обкомының бұл шешімі арада бірнеше ай өткен соң барып, 1961 жылы 11 қазанда ҚКП ОК хатшылығы тарапынан бекітілді…

Қазақ жерінде тың игеретін жер жоқ деген Ж.Шаяхметовті жамандап, тың игеруді белсене қолдаған, Тың өлкесі құрылған кезде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып отырған, тек қана 1961 жылдың басында жұмыссыз қалып, қызметі төмендеп, Шымкент облысында жұмыс істеген Ж.Тәшенов қай кезде және қай жерде қазақ жерлерін қорғағаны түсініксіз?!

Н.Хрущевтің Тың өлкесіне Қарағанды облысын қосу әрекеті «көмір өндірісін төмендетіп аламыз» деген ҚКП ОК-нің бірінші хатшысы Д.Қонаевтың қасарыса қарсы тұруы және КСРО Минкеңесінің төрағасы Хрущевтің орынбасары А.И.Микоянның қолдауы барысында жүзеге аспай қалды. Тың өлкесін Қазақстаннан бөліп алу бағыты одан ары жалғасты: 1961 жылы 3 ақпанда Тың өлкелік соты ұйымдастырылды; 1961 жылы 11 наурызда ҚКСР ЖК Президиумының «Қазақ ССР Дайындау министрлігін және Қазақ ССР Министрлер Советінің Тың өлкесі жөніндегі Дайындау бас басқармасын құру туралы» жарлығы бойынша құрылған басқарма тікелей Тың өлкесіне бағынатын болды. 1961 жылы 21 наурызда ҚКСР ЖК Президиумының төрағасы И.Шәріповтің жарлығы бойынша Хрущев «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталды. 1961 ж. 20 наурызда ҚКСР Совхоздар министрлігі таратылып, осы министрлік негізінде еңбекшілер депутаттарының Тың өлкелік Кеңесі аткомының совхоздар басқармасы құрылды және Ақмола қаласын Целиноград қаласы деп атау туралы ҚКСР ЖК Президиумының жарлығы жарияланды. 1961 жылы 21 сәуірде ҚКСР Тың өлкесінің құрамында Целиноград облысы құрылып, облыс құрамына енген Ақмола ауданының аты Целиноград ауданы болып өзгертілді.

1962 жылы 20 қыркүйекте тағы да 421 мың га жер Өзбекстанға берілді. 1962 жылдың қарашасында РКФСР-дың Челябі облысы мен ҚазКСР-ның Қостанай облысы арасында біріншінің пайдасын көздеген территориялық ауыс-түйістер орын алды. 1965 жылдың желтоқсанында бұл шешім қайта қаралды. Бір сөзбен айтқанда, «Хрущев жылымығы» ҚазКСР-ның территориялық тұтастығына орасан зор қауіп төндіріп, қазақ жерін орыстандыру ерекше жүргізілді. Қазақ халқы өз жерінде азшылыққа айналып, 1962 жылы 29%-ды құрады. Н.Хрущев С.Кенжебаев, Ж.Тәшенов, Д.Қонаев сияқты және т.б. қазақ қайраткерлерін орнынан алып, қызметін төмендетуге тікелей себепкер болды.

Қазақстанды бірнеше өлкеге бөліп, жұлма-жұлмасын шығарып, әрбір өлкені Москвадан келген Т.Соколов сияқты эмиссарларға бағындырған Н.Хрущев 1962 жылдың соңына қарай Маңғышлақ түбегін Түрікменстанға беру туралы бастама көтерді. Бірақ оның бұл әрекетіне Д.Қонаев тағы да қарсылық білдіріп, нәтижесінде бұл бастама аяқсыз қалды. Ал 1962 жылғы желтоқсан айының басында Н.Хрущев Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіретін аудандарын Өзбекстанға беру туралы алдын ала бекітілген жоспарын Оңтүстік Қазақстан өлкелік партия комитетінің хатшысы И.Юсуповтың ұсынысы арқылы КОКП ОК Президиумында бекітіп, бұл шешімді орындауды Д.Қонаевқа табыстады. Бірақ Д.Қонаев бұл шешімді орындауға келісе қоймады.

Осыдан кейін бірінші хатшы Д.Қонаев 1962 жылы 26 желтоқсанда өткен ҚКП ОК-нің пленумында орнынан алынып, бұл орынға 1914 жылы туған И.Юсупов «сайланды». ҚКП ОК-нің шешімі 1963 жылы 19 қаңтарда өткен КОКП ОК Президиумының мәжілісінде мақұлданды. И.Юсуповтың ҚКП ОК-нің бірінші хатшысы болып «сайлануына» тек қана оңтүстіктегі мақта өсіретін қазақтың жерлерін Өзбекстанға беру үшін ғана емес, Қытай Халық Республикасы мен КСРО арасындағы шиеленіскен саясат та әсер еткені түсінікті. Бұл енді өз алдына бөлек әңгіме.

Ал 1962 жылы 30 желтоқсанда қызметіне кірісер-кіріспестен бұрын, ҚКП ОК-нің бірінші хатшысы И.Юсупов Мақтаарал және Киров аудандарын Өзбекстанға беруді ұсынып, Орталық комитетке хат жолдады. Осы хаттың негізінде, 1963 жылы 17 қаңтарда КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша Шымкент және Қызылорда облыстарының 171,7 мың адамы, 27 ауыл кеңесі, 2 поселкелік кеңесі, 208 елді мекеннен тұратын 3663 мың га жерлері Өзбекстанға беріліп, 1963 жылы 19 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақ КСР және Өзбек КСР арасындағы шекараны ішінара өзгерту туралы» Жарлығымен бұл алыс-беріс заңдастырылды.

Арада екі жылдай уақыт өткенде, 1964 жылғы қазан пленумында Н.Хрущев тағынан тайып, ол орынға Л.Брежнев келді. Осыдан көп ұзамай, 1964 жылы 7 желтоқсанда өткен ҚКП ОК-нің пленумында Д.Қонаев қайтадан ҚКП ОК бірінші хатшысы болып сайланып, бұл шешім 1965 жылы 4 қаңтарда өткен КОКП ОК Президиумының мәжілісінде толықтай мақұлданды.

1963 жылы 17 қаңтарда Өзбекстанға берілген қазақ жерлерін қайтару оңайға соққан жоқ. Арада 8 жыл өткеннен кейін, 1971 жылы 22 ақпанда Өзбекстан КП ОК хатшысы Ш.Рашидов пен Қазақстан КП ОК хатшысы Д.Қонаев бірлесе отырып, Л.Брежневтің атына Киров, Мақтаарал және Жетісай (1965 жылы құрылды) аудандарын Қазақстанға қайтаруды сұраған хат жолдады. Осындай хаттың жазылуы жай ғана формализм болатын. Осы хаттың негізінде 1971 жылы 23 сәуірде КОКП ОК Саяси бюросы аталған жерлерді Қазақстанға қайтару туралы шешім қабылдады. 1971 жылы 28 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша екі республика шекарасындағы ішінара өзгерістер заңдастырылды. Ал осындай жағдайға қол жеткізу үшін Д.Қонаевтың қаншама тер төккені әзірге бір өзі мен бір Аллаға ғана белгілі болар. Бұл мәселе де алдағы уақытта кешенді зерттеуді талап етеді. Сондықтан Д.Қонаев Қазақстанның жерлерін Өзбекстанға беруге қарсы болмады деп айту (Тәшенов Саян Жұмабекұлының сөзі) тарихқа да, ақиқатқа да қиянат болмақ.

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты

Материал «Жас Алаш» газетінен алынды

Оспан Батырдың Чойбалсан маршалға жазған хаты
Суретте Оспан Батырдың 1944 жылы наурыз айында Чойбалсан маршалға жазған хаты берілген. Хатта Оспан Батырдың өз қолы қойылған, мөрі (таңбасы) басылған.

Хаттың аудармасы:

Аса құрметті маршал жолдасқа сәлем

(жазамын мәнісі:)

Ол жақтағы біздің әскерлердің кемшілік* нәрселер болса біздің мына барған кісілерден айтып жіберіңіздер. Және де сол әскерлер жауды қамап алған екен, асса 10 күн, қала берсе 6-7 күн, шамалары болса қамасын, егер азық басқалай нәрселері болса оны бұл жерден толық қып береміз, кемшілік* нәрселеріне біз міндеттіміз, сол үшін әскерлерге осы хабарларды даньбау* арқылы тиілсе екен деп құрметпен Батыр Оспан (қолтаңбасы, мөрі).

33. 3/3

Қысқаша түсіндірме:

Кемшілік*: хатта бұл сөз мінездеме мағынасында емес, қажеттілік, бұйымтай, керек-жарақ сияқты әлеуметтік һәм тұрмыстық мағынада қолданып тұр.

Даньбау* (қытайша:电报): диань бао, телеграмма яғни жеделхат.

Ескерту: Хат нұсқасы 2016 жылы Моңғолияда жарық көрген “Оспан Батыр” атты 440 беттік ғылми еңбектен алынды. Еңбекті шығарушылар:

Х.БАТ-ОЧИРЫН БОЛД

Х.БАТ-ОЧИРЫН ТУЯА

1943 жылғы Оспан-Чойбалсан кездесуі, екіжақты ортақ келсімшарттарға отыруы жаңа саяси кезеңнің басталуы еді. Сол жылы Алтайда ұлт-азаттық көтеріліспен жүйелі айналысатын уақытша үкімет құрылды. Уақытша үкіметтің төрағасы, қоманданы, жеке әскері және алған қойған саяси мақсаттары болды. Уақытша үкіметтің туы, іс-қағазы, үкімет ағзалары болды. Суретте көрсетілген хат үлгісі, қолтаңба һәм мөр соның тарихи дәлелі еді. Бірақ, кейін совет одағы Алтайда құрылған осы уақытша үкіметке бүйрегі аз бұрылды, өңірдегі саяси жобаның картасын қайта шилап жаңа саяси ойындарды ұйымдастырды. Мұның бірқанша себебі бар еді, олар:

Бірінші себеп: Германияда құрлыған Түркістан Легионының дін істерін басқаратын легион мүфтилігі құрылады да, олар совет құрамындағы түркі мұсылмандарға саяси һәм рухани пропаганда жасай бастайды. Совет орталық билігі Германияның діни пропагандасының ықпалын әлсірету мақсатында 1943 жылы Ташкенде діни басқарма САДУМ-ды жасақтап шығады. САДУМ-ға қарасты Қазақстан діни басқармасы да құрылады, оны Қазиат деп атайды. САДУМ жасақтала сала елдегі діни ахуалды қайта жандандырған-сымақ болады, мешіттер қайтадан соғылады, діни кітаптар қайтадан жарық көреді. САДУМ құрыла сала Моңғолия Баян-Өлгийде, Алтай, Шәуешек, Құлжада өз пропагандасын бастап кетеді. Әсіресе Құлжа тараншы, өзбек, татарлары САДУМ ықпалына ұшырап совет пропагандасын аймақтарға тарата бастайды. Бірақ, Алтай халқы бұрынғы ишандық және қазылық Бұхара ислам мектебі мен дәстүрін берік сақтағандықтан советтік діни саясаттың ықпалын, діни кадрларын мойындамай қойды. Алтайда Әбілпейізұлы Көгедай ұрпақтары керейдің хан-төресі, Бұхаралық Мұхамбет ишан ұрпақтары керейдің ешені (ишаны) болып бекітілгеніне жүз жылдар өткендіктен діни һәм саяси өмірлерін бір жолда өзгерту аса қиын еді. Сол себепті советтің саяси һәм дін атын жамылған рухани пропагандасы бұл өлкені айналып өтіп жатты. Алтай сол беті тұра берсе қазақтардың кейінгі саяси жағдайы советтің өңірдегі сыртқы саясатына сөзсіз кереғар ықпал етеді, бұл советтің пайдасына шешілмейді. Бұл бірінші себеп!

Екінші себеп: Алтай халқы 1939-40 жж бастап ұлт-азаттық төңкеріске белсенді араласқандықтан өлкедегі қытайдың әскери күші негізінен Алтайға аууып Құлжа сияқты халқы тығыз, этникалық құрамы күрделі өңірлер стратегиялық жақтан бейғам қалады. Былайша айтқанда Іле уалаятындағы қытайдың әскери күші Алтайға жұмсалып бұл аймақ барынша қорғаныссыз күйде қалып қояды. Ол кезде яғни 1943-44 жж Алматыда “Шыңжаң мәселесі” жіті қадағаланып бақылауда еді. Жүздеге кадрлар “Шыңжаң мәселесі” бойынша тыңдаудан, дайындықтан өтетін. Оларды Жәркент, Қорғас арқылы бейғам ел Құлжаға жеткізу тиімді-тін. Сосын совет пен САДУМ адамдары Құлжада көбірек үгіт-нәсихат жүргізді, тіпті Құлжадағы совет консульствосы өте белсенді болды.

Үшінші себеп: Іле уалаяты қазақ халқының басым санды болуына қарамастан көпұлтты, көпдінді, көптілді аймақ еді. Совет үшін өңірдегі саясатқа татырмас мүмкіндік. Үкімет құрамын әр халықтан жасақтау, нақты қай этникалық топтың мүддесін анық көрсетпеу кейінгі бөлу мен билеудің бүгінгі алғы шарты-тын. Совет консулы, САДУМ кадрлары 1943 жылдан бастап Құлжадағы бай-шонжарларға ашық үгіт-нәсиқат жасап алдын астыртын төңкеріс жасауға келістірді.

Бұл өлкенің тарихына қатысты ғылми айналымға түскен еңбектерде өңірге тіке қатысты діни-рухани мәселелер аса ауқымды зерттелмей келеді. Егер шындап кірісіп зерделенсе бір ғана діни-рухани мәселелерден өңірдің саяси тарихына қатысты кейбір жанама факторларды анық байқауға болатын еді.

Елдес ОРДА

01.02.2021

Ерке батыр- Бұқарбай Елтоқұлы
Жұмашәріп Шәһадатұлы Дәндібай тегі

(Жазушы, Педагок, поблицик)

Әр заман өзінің әйгілі адамдарын тудырып сол тұлғаның бойындағы түрлі қасиеттері арқылы жеткен деңгейі көлемінде ортасына әйгілеп отырады. Заман тұлғаға тиянақ, тұлға заманға қозғаушы рөлда дамиды. Қоғамдық даму барысында заман кемелденіп, тұлға сомдалады. Заман бір тарихи дәуірдің рухани бетбейнесі. Онда хан- қараша, би- қазы, көсем- шешен, батыр- бағлан… т.б лардың бәрі де саяси- заң, дін- мәдениет, шаруашылық т.б қатарлы көптеген салаларда араласа бой көрсетіп сол заманның өзіндік тынысын қалыптастырады.

Ендеше сол нар тұлғалардың ішінде батыр образын осы мақалада қаузалатын өзек ете ой өрістетейік. Аллаға шүкір, қазақта батыр баршылық, себебі біз хандық тегіміз арысы Еділқаған (әтилә), Елжаукүнбилерден бастау алып, берісі Тұғұрұлхан, Жошыхандар мен олардың хан ұрпақтарымен күшейе жонданып Орхон – Енесейден Қаратеңізге, Сібірден солтүстік Йіндияға дейінгі ұланқайыр алқапта көшіп- қонып еркін өмір сүріп әлемге әйгілі «көшпелілер мәдениетін» жаратқан рухы үстем ұлы елдің ұрпағымыз. Осыншама алып територияға көз алартқандармен де, сілекейлерін шұбырта қанды шеңгелін салғандармен де жан аямай күресе білген жауынгер халықпыз. Сондықтан да бізде, батырлар көп, әрине көп болуға да тиіс. Бәрінің де алуға тиісті орны, ұлықтанарлық бағалы үлесі бар баһадұрлар. Қайсы біреулердің «істерге жұмыс таппағандай сүйегі қурап қалған ата – бабасының саудыраған сүйегін қайта тірілдіріп ойдан батыр жасауға әуестеніп кетті» деп сөзуарлана сөгіп жүрген желөкпе жеңіл байламдарын тарих сыны сіңірмейді. Е, ондай ата – бабасының кешесін ұрпағының ертеңіне байламайтын, тектік тәрбиенің тереңіне бойламайтын талғауы таяз, ойламы ояз пікірсымақтар қанша гулегенімен бәрін де шешетін әділқазы – уақыт. Бәрінде айқындайтын таразы – дәлелді пәкіт. Замана тынысын кеңейте жасап отырған қоғамымызды дамытуда ең маңызды орында тұратыны- ұрпаққа беретін оңды тәрбие. Сол тәрбиенің шоқтықтысы- ақ ұлт рухын көтеру. Ал ұлт рухын көтеруде әлемнің алдынғы ондығынан орын алған алып територияға йе еткен де, оны қалай қорғауды үйреткен де сол батырлардағы даналық, даралық, қаһармандық. Оның үстіне бірінен бастау ала бірінен өріс таба күшйген коммунизімдік жүйе екі алып көршімізде «бір көсем, бір партия, бір жолдан» өзге тәрбие тетіктеріне тиым салып осы бір үш тағанды негіз еткен әтейістік идейаның ұрығын 2- 3 ұрпақ бойына құлақтан тебе құйып рухсыздандырудың уымен суара ұлтсыздандырудың құйына батырып үлгірді. Қазірде кейбір аға буындарымыз бен олардың өкшесін баса алғашқы дәмін тата қалған ішінара орта буындарымыз қазақ егемендігінің ертеңі емес, тарпы құрып тамтығы қалған солбір айтылмыш қызыл жүйені аңсап ес жия алмай жүр. Егеменді елдің жаңа заман ұрпақтарын отанын сүйетін, егемен елін қорғай алатын, ұлт рухын көтеріп дінін, тілін, ділін рухани тәрбиенің өзегі ете тәрбиелей алғанда ғана біз оларды әлгіндей құлықсыздықтан да, ұлтсыздықтан да қорғай аламыз. Рухани дүниемізге өзек ететін әрқандай тәрбиеде нанымды дәлел, иланымды дәйек болғанда ғана өз мәресіне жетеді. Әрине мұндай дәлел- дәйектер ұлысын жиыстырып, ұлтын ұйыстыра елдігінің ертеңі үшін жол таба білген хандары мен билерінің, халқының рухын көтеріп, ауыз біршілігін сақтау жолында еңбек еткен әйгілі жыраулары мен көсем ойлы шешендерінің, ұлтына ұран болған батыр- бағландарының бойларынан көптеп табылады. Бұл идиял ұрпақ жаддынан бірінші орында орын алғанда ғана олардың елге, жерге, ұлтқа деген сүйіспеншілігі артады. Олай болса өскен елі, өркендеген жері қанық, рухы жанымызға жақын жарқын образдардың бірі болған Бұқарбай батыр Елтоқұлы жәйлі бүгінге жеткен аңыз- дерек көздері негізінде ой бөлісейік.

Көтеріп отырған тақырыбымыз образын өмір шындығынан сомдап, қаректірін қоғам қайшылықтарынан ашатын көркем әдебиет емес. Ел ауызына аңыз, жұрт назарына таныс болған нақты тұлға туралы болғандықтан, әуелі осы мақалаға тақырып болып отырған тұлға аты мен тегі де бізге біраз дәлел- дәйектерден мәлімет беретіндей.

10, Текте бар тегеуірін

К31,өтеріп отырған батырдың әкесінің аты Елтоқ. Ол «үш ителі, бес күйік» деп бөлінетін ителі рйының ең өскені «күйік атасы» ішіндегі «Елтоқ» деп аталатын кіші ру аты. Ата жолымызда қазақ көрінген көкаттының кез келгенімен ру атын атамайды. Қазақ шежіресіндегі үлкенді – кішілі ру аттарының бәрі де кісі аттары. Олардың қай- қайсысыда бірі, не ел таныған батыр, би болуымен; енді бірі, жұртқа әйгілі өнер иесі болуымен; қалаберді, ұрқының елден ерек өсіп көбейуімен ру атына айланып танымал тұлға болып қалыптасқан. Рулы елге ат болған «Елтоқ» аты да кемінде осы үш қырдың бірі негізінде ру аты болып қалыптасқандығы белгілі. Елтоқ жөнінде «Аблай хан ордасының әскери қару – жарақ жасау шеберлерінің бас ұстасы болған» деген аңыз бар. Сосын тарихта ителі руы топтаса қоныстанған солтүстік қазақстан өңірінде тарихи картаға түскен «Елтоқ көлі» атты жер аты бары да дәлелденіп отыр. «Бұқарбай батыр» жәйлі жазылып ел ішінде сақталып қалған көне дастанда:

«…Бабасы Елтоқ шебер әрі ұста,

Танылды шеберлігі солбір тұста.

Ақсауыт, бадана, қалқан, семсер- қылыш…

Тамсантып өтетұғұн қолдан – қолға»- деген өлең жолдары да Елтоқ атаның ел атына да (ру атынада), жер атына да айланып, өзінің ерен өнерімен хан орданың қару- жарақ жасайтын шеберлерінің бірі болғандығын дәлелдейді. Қашанда аңыз тегі ақиқат. Еш дерек- дәлелсіз тектен – текке аңыз шықпайды, шықты деген күннің өзінде осыншама елге таралып бүгінге жетпейді. Міне Бұқарбай батыр осындай тектен шығып өнегелі тәрбие көрген үлкен тұлға.

2, Аталы елге ұран болған ұлылық

Қазақ халқының ұзаққа жалғасқан ақсақалдық билік түзімінде атасы бөлек бір ел белгілі санға толып, санатқа көтерілгенде оның руын, таңбасын, ұранын белгілеп арнайы асылған «айрылыс қазан» дейтін ортақ дәмнен татысып, дуалы ауыз ақсақалдары «береке батасын» беріп бөліп шығаратын салт болған. Осындай арыдан жалғасқан ата жолы Бұқарбай тұсында да жалғасын тауып ителі руының кезекті иесі Бұқарбай батыр болып, ардақты аты еліне ұран болғандығы да бұлтартпас тарихи шындық. «Онекі абақ керей» атанатын қазақ құрамындағы үлкен ұлыстың «ителі» атты қомақты шоғырын ұлысқа, ұлтқа еңбегі сіңбеген атсыз, тексіз біреуге сеніп тапсырама? Ел- жұртына бас боларлық місі болмаған кісінің аясына айрандай ұйып «үш ителі, бескүйік» атты аумақты ел тұрар ма?, Жау жасқанар айбаты, ұлыс үмітін сеніп ұстататын санаты болмаған кісі үлкен бір тайпаға ұран бола алар ма?, Міне осының бәрі оның үлкен ақыл- парасаттың да, елін, жерін жаудан қорғаған айлалы да айбынды батырлықтың да иесі екенін айғақтайды.

3, Хан орданың топ бұзар саңлақтары

Хан мемелекеттің тірегі, елдің ұйтқысы. Қай заман, қай елде болсын мемелекет басшысын да, хан ордасын да қорғайтын арнайы жасақ жасақталатыны да, үлкен шайқастарда шеп бұзар атойшыл батырлар тобы болатыны да белгілі. Ел ауызындағы аңыз- деректерде «Бұқарбай батыр Абылай ханның атойшыл 25 батырларының бірі болған» деп айтылады. Хандықтың жазба материялдары неше ғасырға жалғасқан Қалмақ шапқыншылығындағы отқа оранған сұрапыл соғысты жылдарда өртенді, жоғалды, қолды болды. Ел тарихына қатысты деректерді тас жазулар мен ел арасындағы аңыздардан, қытай, орыс, парыс тб қатарлы жазба дерек сақтаған ел тарихынан іздеп жүрген қазіргі халде осындай ел ішіне кең таралған аңыздарға жүгінбесімізге де амалсызбыз. Мейлі хан ордасын қорғасын, мейлі үлкен ұрыстарда шеп бұзар атойшылдардың қатарында болсын бұл аңыз Бұқарбайдың жәй батыр емес, мемелекеттік билік жағынан талданған, немесе хан көзіне ерен еңбегімен түскен әйгілі батырлардың бірі болғандығын көрсетеді.

4, Сексеннің сеңгіріндегі «Ақбуралы атойшыл»

Үш ғасырдан астам ұзақ жылдарға созылған қалмақ шапқыншылығынан елін, жерін қорғау жолындағы жанкешті соғыстарда қазақ халқынан отанын қорғау жолында жан пидә қылған батырлар аз болмады. Олардың ішінде аттысы да, жәяуы да, түйелісі де болып өзінде бар мүмкіндіктердің бәрін де еліне, жеріне арнады. Сол тұстың бір айтақалсын айғағы саналатын «Бұқарбай батыр» атты дастанда сексеннің сеңгіріндегі қарт батырдың түйе мініп жорыққа аттанып жеңіспен оралғаны жырланады. «түйеге мінгеннің төбесі тәңірге жақын» дегендей жау жортуылшылары атты жасақ ішінен түйелі батыр көрсе «Бұқарбай бар екен ішінде» деп ыға да, бұға да қорғаныста болатыны айтылады. Қазақ жасақтарынң соғысында түйе жануардың да өзіндік ролы болған, тек Бұқарбайдың «Атой атаны» ғана емес әйгілі Райымбек батырдың «Ақбурасы» да, Абылайханның «Киелі бурасы» да елге таныс, жұртқа аңыз болған керіктер. Сексен жасына дейін қайратынан қайтпаған батыр тұлғасы, әрине, бүгінгі жастар үшін де, қарттар ұшін де өшпес өнеге, таптырмас тағылым.

5, Атағына сай арын, дәрменіне сай дарын

«Аты шыққан жігітке қыз амырақ» дегендей ел сүйінерлік ерен еңбегімен ел- жұртына әйгілі болған тұлғадар қай ел, қай заманда болсада неше түрлі теңеулермен тілсімдене аңызға айналып ұрпақтан- ұрпаққа ауыса жетіп отыратыны да ақиқат. Тағыбір назарға алатын дәйек – Бұқарбай батыр туралы: «Бұқарбай батыр елден ерек ат көтергісіз алып денелі болғандықтан ақбураға мініп соғыс салады екен, сондығынан да ғой оның «Ақ буралы батыр» атануы.» «Ол бір жағы бозғыл, бір жағы торы реңді пері силаған дүлдүл мінеді екен, сондығынынан да оны «Сырлы батыр» деп атапты.» «Сексеннің сеңгірінде де қайсы біреулерше селкілдеп отырмай соғысқа аттанған ерлігін де, «ноқта ағасы» аталған орны мен жасын да силап оны «Аға батыр» атап кетіпті.» «Бұқарбай батыр қазақтың бас батырлары Бөгенбай, Қабанбай, Ержәнібектермен бірге қазақтың жоңғар шапқыншыларына қарсы әйгілі «Аңырақай шайқасы» қатарлы көптеген шайқастарына, оңтүстікті тыныштандыру жолындағы «Қырғыздармен соғысы», «Тәшкентті қайтару шайқасы» қатарлы ірілі – ұсақты 500 ден астам шайқастарға қатынасып әйгілі жырау Бұқар атадан бата алыпты.»… деген сияқты толып жатқан нақты дерекке бергісіз аңыздар тарап бүгінге жеткен. Осыншама ірілі- ұсақты шайқастардан аман- сау жеңісті оралып сексен жасына дейін қаратамақ қанжары мен алмас ұшты ақнайзасын қолдан тастамай елі үшін еңбек ету дегенде үлкен парасат, айлалы ақыл, алып күштен келетіні кімге болсада белгілі.

6, Ерліктің де, іскерліктің де бодауы – «Ерке батыр»

Бүгінге жеткен аңыз – деректерде де, этнограф, жазушы, қазақ халқының арғы – бергі тұрмыс- салтына байланысты жартас суреттері мен дәстүрлі ою – өрнектерін зерттеуші ғалым Баяхымет Жұмабайұлы жазған «Бұқарбай батыр» кітәбі мен ең көнекөз деректердің бірегейі- «Бұқарбай батыр» дастанында да жоғарда айтылған атақтармен бірге Бұқарбай батырдың хан Аблай жағынан «Ерке батыр» атанғаны айтылады. Бұқарбай батыр жасаған дәуір қалмақ шапқыншыларының тынымсыз сұғанақтық жасап ел тыныштығын белгілі дәрежеде бүлдіргендігі себепті ел бірлігіне білте түскен ауыр заман- тын. Сондықтан да батырлар мен ел иелері (ру басылары) елді қоныстандыру, тыныштандыру түрлі – түсті дау- дамайларын шешу істеріне де жиі араласып тұруға мәжбүр еді. Бұқарбай батырдың «Ерке батыр» аталуында, әрине, басты себеп оның талай реткі ірі шайқастарда хан көзіне түсе жеңісті ұрыс жүргізе алған естен кетпес ерліктері болғандығымен бірге өзіне тиеселі рулы елін басқаруда ерекше көзге түскен іскерлігінен де бөле қарауға болмайтын секілді. Осының нәтижесінде ол билер кеңесіне де қатынаса алатын, әйгілі Аблай ханмен де пікіресе алатын мүмкіндіктері болғандығы жәйлы да бүгінге жеткен аңыздар аз емес. «Ерке батыр» жоғарда атап өткендей оның жасаған ерліктерімен қоса өзінің және көлігінің бөгенайларына қарай аталған жәй ұғым емес. «Ерке батыр» атауының аржағында өзгеден ерек бір еркіндіктің нышаны білінеді. Жоғардағы аңыз – деректердің бәрін сабақтай келгенде оның «Ерке батыр» аталуына оның тегіндегі «Ноқта аға» атты ежелгі лауазымда себеп болдыма деген болжам да жоқ емес.

«Ноқта ағасы» тек ителі руында ғана емес, қазақ жүздеріндегі көптеген рулардың біразында кезігеді. Санаулы ғана қазақ класик жазушыларының бірі, әйгілі қаламгер Сәбит Мұқан атамыздың пәйімінше: «Ноқта ағасы белгілі бір атаға тәуелді баланың үлкені. Отымның алды, суымның тұнығы» – деп құрметпен қараған әке оған сайгүлік ат, сетер атан еншілейтін салт болған. Сетер атанның мұрынын тесіп бұйда өткізбей ноқтамен бас білдіріп, көшкенде тұңғыш ұлды сайгүлігіне міндіріп, ноқталы сетер атанын жетелетіп көш алдын бастатып отырады. Артынан ерген іні- бауырлары алдындағы ағасына құрметпен қарап берекелі де бейбіт өмір сүрулеріне өнеге болсын деген ізгі ниеттен туындаған осыбір аталы салттан «ноқта ағасы» дейтін атау қалыптасқан деген мазмұнда уәж айтады. Қайткен күнде де шындыққа жанасады. Мұны көлденең тартып отырудағы себептердің бірі Аблайхан тұсында «Елтоқата хан ордасының қару- жарақ соғатын бас ұсталарының бірі », ал оның ұлы «Бұқарбай батыр хан ордасының топ бұзар 25 батырының бірі болған, билер кеңесіне қатынасу мүмкіндігі де берілген», хан жағынан «Ерке батыр» атанған,- деген сияқты ел ауызына аңыз- деректер таралып бүгінге жеткен. Мұндай іс қай ел, қай дәуірде болсын ең әуелі, өнер мен еңбекке қарай талданатыны ақиқат. Солайда қазақы танымда теккеде ерекше мән беріледі. Хан орда билігінің қармағында болатын осы шағын топта әкелі – балалы Елтоқ пен Бұқарбайдың болуы өздерінің елін, жерін қорғау жолындағы көзге түскен асқын өнер, адуын батырлықтарынан да болды. Солайда «Ноқта ағалық» тек те әсер етті,- дейтін ой- жоба да жоқ емес. Өйткені арғы заман ханордалардан жеткен дерек жоқ. Солайда ұлы хан Аблай тұсында Абақ Керейдің ноқта ағасы атанған ителі атаң әулетінен әйгілі Зуха батырдың ұлы атасы Нұрмұхамет абыз хан ордасында зікірші болғандығы; кейіндеп онекі Абақ Керейге ұран болған Ержәнібек Керей әулетіне қолқалап әкеліп «төре» еткен Әбілпейізхан ұрпақтары алтай керейлеріне төрелік еткенде төре ордасында өзге керейлер сөзіне тоқтайтын «Керейдің ноқта ағасынан біреу болу керек» деп ұйғарып, әдетте қарадан қыз алмайтын төрелер ордасына ителі Айпара апамызды келін қып түсіргені де ел- жұрт білетін бертінгі тарих.

Мейлі қалай айтсақта Бұқарбай батыр ел – жұртын жаудан қорғауда ерен еңбек еткен, отаны үшін отқа түсуден тайынбаған сол тұстың әйгілі бас батырлары Бөгенбай, Қабанбай, Науырызбай, Ержәнібек қатарлы аға батырларының өкшесін баса бой көрсете алған олармен үзеңгілес қанды көйлек қас батырлардың бірі. Ұрпаққа рухы үлгі, ел – жұртына ту боларлық отан ардагері.

Батыр рухы өшпейді, туы қашанда жығылмайды!

2020 жыл 10 науырыз

Ақсақ қасқырдың айласы
Атақты Зуқа батырды білесіңдер ғой. Батыр атамыз бүкіл Алтайды уысында ұстап тұрды. Сол жылдары батырдың жылқышылары қос-қос жылқысын қыста жоңғар ойпатына, құмға отарлатып қайтады екен. Онда жабайы жылқы – тарпаңдар көп болады. Тарпаңдар жылқыдан кішілеу, құланнан ірі болады. Оның айғыры үйірін қасқырға алдырмайды. Тіптен, кез келген құйынды, қарлы боранда ыққан жылқыны алып шыға алады.

Соны білетін жылқышылар жылқы үйірлерін тарпаңдарға жақындатып, қосып, алыстан қарауылдап бағады екен. Осылайша тарпаңдармен қан араласыпты. Тіптен бір тарпаң айғыры жылқыға үйірлесіпті.

Сонымен көктемде отардан қайтқанда әлгі тарпаңның айғырын да қоса қайырып, Алтайға оралыпты. Бірде жылқышылар тарпаң айғырды қолға үйрету үшін ұстамақ болады. Алайда тарпаң өте қандес, жансебіл екен. Жылқышылар үлкен сайдағы орман арасына қамап, қолдарына құрықтары мен шалмаларын ұстап, қаумалай бастайды.

Сол маңға жер шалып жүрген Зуқа батыр да келіп қалыпты. Асауды ұстауға батыр да қасындағы серіктерімен қоса жан салып кіре кетеді. Белі жуан мықты аттарымен сайланып келген жылқышылардан қашып құтылмасын білген тарпаң айғыр Зуқа батырға қарай тап беріпті. Батырдың астындағы сыралғы айғыр да тарпаңға қарсы шапқан. Екі айғыр бір-біріне қарсы келіп, шайнаса кеткенде Зуқаның қолы тарпаңның кекіліне ілінген екен. Қарулы батыр тарпаңды бастан басып, тұқыртып әкеткенде әккі жылқышылар қаптап келіп, байлап алыпты.

Сол тарпаңның айғыры қолға да үйренген. Ең кереметі – үйірін қасқырға да алдырмай, бораннан да ыңғайлы жерге ықтатып, алып шығады екен.

Бір жолы, үйірлі көкжалдың айтағына түсіпті. Әсілінде, қасқыр үйірі тарпаңды аңдып, байқап жүреді екен. Бірде ақсақ ақ қасқыр қиралаңдай қашып құлынға тап берген ғой. Тарпаң қуып беріпті. Ақ қасқыр ақсаңдай қашып, айғырды құздың басына шырғалап әкеткен. Дәл сол кезде аңдыған қасқырлар жан-жақтан жабылғанда тарпаң құздан бір-ақ секіріпті.

Міне, болған оқиға. “Құлынның таңын да тарттырмаған” тарпаң айғырдан айласын осылай асырған бөріні қалай ақылсыз деуге болады. Марқұм Зуқа батырдың тағдыры да сол тарпаңның тағдырындай болды. Елдің қамы үшін өзін жауға байлап берді, – деп ескіні еске түсірген ақсақал көзіне ыстық жас алды.

Сакен Ибраимұлы‎  facebook парақшасынан алынды

Көгедай ордасы
Қытай дерегінде: «Көгедай қазақтың гүңі (сұлтаны), Әбілпейіздің алтыншы ұлы, Цяньлүнның 55 жылы (1790 ж.) патшаға сәлем бере келген, патшамыз оған асыл тас тағылған қос көзді тәж кигізген» делінген Көгедай ордасы (княздігі) – ХVIII ғасырдың соңында Қазақ Хандығы ыдырай бастаған мезгілде пайда болған, Жоңғардан босаған жерге қайта қоныс аударған қазақтардың қазіргі Қытайдың Алтай аймағы мен Шығыс Қазақстанның шығыс аудандарында құрған княздігі. Сипаты жағынан Еділ қалмақтары көшкеннен кейін құрылған Еділ-Жайық арасындағы Бөкей Ордасына ұқсайды, бірі батыстағы шығыстан келген Еділ қалмақтарынан босаған территорияға қайта қоныс тепкен қазақтар жағынан құрылса; бірі Жоңғар мемлекеті жойылып олардан босаған қазақ жерінде құрылды. Бұлардың айырмасы: Бөкей ордасы Патшалық Ресейге бағынса, Көгедай ордасы Мәнжоу империясына сырттай бодан болды.

Атамекенге оралу

1755 жылы шығыста Мәнжоу империясы мен батыста Қазақ ордасының шабуылынан соң Жоңғар мемлекеті жойылады, Жоңғарлар қырғынға ұшырап Жоңғар иелігіндегі Қазақ жері босатыла бастайды, десе де Мәнжоу Цинь империясы қазақтардың атамекеніне қоныстануына барынша кедергі жасайды. Бұл өңірлерге шығыстан, Цахар мұңғұлдарын, сібелер, дағұрлар, мәнжоуларды және Қашқариядан ұйғұр егіншілерін (6000-нан аса адамды Ілеге апарып егін салдырған, Іледегі Мәнжоу әскерінің астығы үшін) көшіріп әкеледі. Құлжа, Үрімжі, Шәуешек қалалары салына бастайды. Осы қалаларға қазақтар керуен тартып келіп, сауда жасайды. Қазақ малшылары ептеп шекарадан өтіп мал отарлата бастайды, 1750-1770 жылдары Жоңғар жойылғаннан кейін қазақтар бейбіт өмірдің арқасында саны молайып кетеді де, «мал өседі, жер өспейді» деген қағида бойынша иелеген жерлері тарылып, ендігі жерде кең әрі тың жайылымдарды қажет етеді.  1771 жылы торғауыттар шығысқа Жоңғарияға көшеді де, Кіші жүздің атақонысының біразы қайтадан қазақтардың қолына көшеді. 180 мың торғауыттан 60 мыңнан артығы ғана Ілеге жетеді, оны Цинь империясы Іле, Бұратала, Қобықсарыға орналастырады, Алтайда ұраңқай мен қалдық дөрбіттер мекендеп тұрады…

Қазақтардың көшіп келіп жатқан қалың нөпірін кері қайтаруға күші келмейтінін түсінген Цинь патшалығы ақырында Алтай мен Тарбағатай және Іле өңірін ресми түрде мұнда келіп орныққан қазақтарға бекітіп берді. Бұл туралы Цинь патшалығының Абылай ханға жолдаған мына хатында айтылады:

«…сендер бірнеше ондаған жылдардан бері ептеп ішкерілеп жылжып еніп келесіңдер. Біздің генерал шонжарларымыздың өтініші бойынша әсілі сендерді жазаға тарту керек еді. Бірақ, патша сендерге кеңпейілдік жасады. Сендердің шекара қарауымыздың бер жағында жатқан иен жерлерге келіп мал бағуларыңа рұқсат жарлығын жариялады. Бұның бәрі сендердің бізбен елдескендерің үшін патшаның жасаған шапағаты. Өздерің өсіп-өркендеумен қатар көршілес елдермен де тату тұрып, патшаның мейір-шапағатына мәңгі бөлене беріңдер» (Цинь патшасы Гаузүун патшалығының орда естелігі. Тайпей. 1964, 793 том, 20 бет).

Бұл – 1772 жылдан кейінгі оқиға, Мәнжоу билеушілері қазақтарға торғауыт қатарлы мұңғұл руларына жайылымдық жерлерді бөліп бергеннен кейін барып рұхсат береді.

Көгедайды төре сайлау

XVIII ғасырдың екінші жарымында Шыңғыс тауынан қоныс аударып Қалба тауына қоныс тепкен абақ керей бұл жерде көп жыл тұрады, көршілес моңғолдардан басқа арғын, найман, уақ руларымен жер дауы, жесір дауы, құн дауы көбейе береді, бұның басты себебі: жоңғарлар жойылғаннан кейінгі 20 жыл бейбіт өмір кешкен қазақтардың малы мен басы өсіп бұрынғы өріс-қоныстың тарылуына байланысты деп түсінген жөн. Басқа елдер Керейге: «Көмген іргесі, орнатқан ошағы жоқ, ырықты төресі, күл төгер төбесі жоқ, жан күмәнға толмайды» (Татанайұлы Ар. Тарихи дерек, келелі кеңес) деп тойтара береді, бұл кезде абақ керейде төре жоқ екен, сырт ел құрметпен қарайтын, 12 абақ бірдей бағынатын ел басшысы керек болады. Осыны ойлаған Ер Жәнібек батыр мұқым керей баласын шақырып кеңес құрып, ел айтқанына көнетін хан ұрпағынан төре сайлап алуға кіріседі.
1784 жылы Қазыбектің үлкен ұлы Тауасар би бастаған 17 адамды Әбілманбет ханның баласы Әбілпейіздің төренің ордасына аттандырады. Әбілпейіз төре арнайы тарту-таралғысымен келген қонақтарды шын ықыласымен күтіп алады. Тауасардың бұйымтайы оңайшылықта шешіле қоймайды, себебі: Әбілпейіз екі әйел алған кісі екен, үлкен ханымынан: Жанқожа, Ханқожа, Орысты, Пиды, Ағадай, Ақтай, ғада атты ұлдары; кіші әйелі Тұмар ханымнан: Көгедай, Сәмен, Жабағы атты үш ұлы бар екен. Үлкен әйелінің балалары ат тізгінін тартып мініп, ел басқаруға жарап қалғандықтан осылардың бірін қалап сұраған екен, ханымы бұған: «Ел шетінде қиыр жайлап шет қонып жүрген керейге баламды қаңғыта алмаймын» деп көнбепті. Әбілпейіз: «Бәйбішіден туған ұлдарымның барлығының үкі тағып қойған жері бар еді, кіші әйелім Тұмар ханымнан туған Көгедайды алыңдар, сұраған адамды бермеді демеңдер, Көгедайым жас болса да бас болады!» дейді…

Осылайша Әбілпейіз Тұмар ханымды Көгедай, Сәмен, Жабағы атты үш ұлымен, оған қоса шаңырағына екі құл, бір күң мінгізеді, олардың малын бағып, отын жағуға 11 үйлі малшы-жалшы қосып береді, оған қоса екі үй молла-қожасы қосылып 17 үйімен абақ керейге бірақ көшіріп жеткізеді.  Тұмар ханым балаларымен келгеннен кейін Жәнібек батыр 12 абақ баласымен қоса Әбілмәнбет хан ұрпақтарынан, арғын, найман, қоңырат, қыпшақ, уақ баласынан кісі шақыртып төре сайлайды. Көгедайды 12 абақ баласынан 12 мықты жігіт ақ кигізге салып көтеріп барлық жиналған жұртпен бірге  Қалба тауының биігіне алып шығады. Осы биікте ақсарбас қой сойылып, 12 абақ баласынан бірден кісі шығып: «Көгедайға қарсы келмейміз! Айтқанына бойұсынып, әміріне көнеміз, қарсы келгенімізді қан атсын!» деп қолдарын қанға матырып, құран ұстап ант береді. Осылайша 12 жасар Көгедай абақ керей төресі болады.

Бұл 1785 жыл еді, 1790 жылы Жәнібек батыр Көгедайға Мәнжоу Цинь империясына қарасты ел болуға кеңес береді, осы жылы оған інілері Сәмен мен Жабағыны, басқа да ел біліктілерін қосып империя астанасы Пекинге аттандырады. Бұл туралы халық аузында:

Көгедайды көтеріп,

Көктеменің кезінде.

Көкпектіде отырғанда,

Көк қасқа тай сойып,

Көп тілеу тілеп,

Хан жолына аттандырды! Делінетін тәмсіл бар.

Көнсадақ Ахмет ақын мұны:

Барлыбай, Шұбаш ерген Көгедайға,

Жанторы, Байқанда бар осы жайда.

Ежен хан Көгедайға мәнсап беріп,

Ұқсады Абақ елі туған айға, – деп жырлаған. Олар 1791 жылы Қалбаға қайтып келеді. Олар келгенде Ер Жәнібек: «Жігіті бар ел жаудан қорықпайды,

шешені бар ел даудан қорықпайды,

төресі бар ел ханнан қорықпайды,

орының болды кемелді,

Керей енді теңелді!» деп тақпақтай қарсы алған екен.

Ал абақ керей  Ер Жәнібек батырдың бастауында Сыр бойынан ауды дегенге келсек, бұрынғы замандарда қазақтар қыста оңтүстікті барып қыстайтын да жазда Сарыарқаға келетін, сөйтіп Орта жүз рулары жылына 1000-1200 шақырым көшетін болған. Ал торғауыттар бұдан тек бір жыл бұрын орналасқан екен. Елдің ең батысы Қалба тауында, ал шығысы Маңырақ, Сауыр-Сайқаннан асып Қабаға, тіпті Үліңгір бойына жетіп тоқтайды. 1790 жылы (Циянлұнның 55 жылы) Көгедай 18 жасында Пекинге барып Мәнжоудың Циянлұн патшасына жолығып өзін, абақ керей елін, Зайсан төңірегінен Алтайдың күн бетіне дейінгі жерін мәлімдеп тізімге алдырады, патша Көгедайға «Гүң» (сұлтан) лауазымын береді.

1821 жылы жазылған Қытай дерегінде: «Көгедай қазақтың гүңі (сұлтаны), Әбілпейіздің алтыншы ұлы, Цяньлүнның 55 жылы (1790 ж.) патшаға сәлем бере келген, патшамыз оған асыл тас тағылған қос көзді тәж кигізген» (Шынжаң туралы қысқаша шолу) делінген. Ол Алтайдағы абақ керейдің 12 ұтығын билеген.

Көгедай ордасының территориялық өзгерісі

Көгедай төре сайланған алғашқы жылдардағы абақ керейдің мекені қазіргі Шығыс Қазақстанның Жарма, Көкпекті, Күршім, Катонқарағай, Зайсан аудандары онымен қоса шығыстағы Алтайдың Жеменей, Буыршын, Қаба, Бурылтоғай, Алтай аудандары төңірегі болады. «Шыңжаң туралы қысқаша шолу» атты кітапта: «Елүн өзені таудан шығыпсолтүстікке қарай 50 шақырым ағып барып көлдің (Зайсан көлі) оңтүстік шығыс бұрышына құяды. Оның шығыс жағалауы қазақ гүңі Көгедайдың қыстауы… Бөкүн өзенінің батысы Көгедайдың жайлауы, Көгедай қазақтың оңтүстік бөлігінің уаңы (ханы) Әбілпейіздің алтыншы ұлы, оған Цяньлұн патша гүң атағын берген» делінген.

Көгедай 1824 жылы 51 жасында қайтыс болады. Қамбар төремен арадағы араздықтан болған мал барымтасында ауылға келген қуғыншыларды қумақ болғанда жамбасына сойыл тиіп, содан бір жыл өткен соң қаза болады. Екі інісі құнын даулап Цинь патшасына арыз жазады. 87 жасқа келген Нұрбала атты әже Көгедайды былай жоқтаған екен:

Жетісінде бас болған,

Жетелі дегдар қарағым,

Бірін ала көрмеген Абақтың күллі жаранын.

Құты едің еліңнің, Сайыпқыран сарбазым…

Көгедайдан кейін 1824 жылы оның ұлы Ажы гүң болады, 1832 жылы ордаға қарасты абақ керей баласы 15 мың түтіннен асып мыңбасылар сайланады.

Жәдік руы екі мыңбасы, жәнтекей руы үш мыңбасы, шеруші, молқы, қарақас, тиелі, меркіт, шыбарайғыр, жастабан, сарбас руларына бірден мыңбасы сайланады.

Сонымен қатар абақ кереймен қоныстас найманны руларынан бір мыңбасы сайланады. 1836 жылы абақ керейлер Алтайдың Буыршын ауданында құрылтай өткізіп би сайлайды, Көкен, Топан, Бейсенбі, Құлыбек сияқты төрт би сайланып шығады. Сонымен қатар Қазақ Хандығының бұрынғы заң-жарғыларына негізделіп «төрт би төре заңы» жасалады.

Цинь империясы сырттай иеленіп алман-салық жинағаны болмаса, елдің ішкі істеріне араласпайды, ел ішіндегі мәнсаптар мен дау-шарларды елбасылары өздері шешіп отырады.

Көгедай ұрпақтарының әрекеті

1864 жылы Ажы төре 1000 отбасымен Зайсаннан ауа көшіп, сауырға ордасын тігеді. Сол жылы «Қызылаяқ шапқыншылығы» басталады.

1836 жылы тынымсыз шығысқа ілгерілеген қазақтарды тоқтату үшін дөрбіттер 3 мың әскермен Өр Алтайға шабуыл жасап, Беген байдың ауылын шауып, 30 отау, 170 түтінді байлап әкетеді. Алтай елі оларға қарсы аттанады, қаша соғысқан дөрбіттер Ізғұтты батырды өлтіреді, бұл оқиға ел есінде «Беген шабылған қара сеңгір» немесе «Сайын ноян шапқан» деган атпен қалады.

Осы оқиғадан кейін Ажының жарлығымен Жарқынбай қол бастап қарсы аттанады. Осы соғыстан кейрын мекендеген керей рулары шығысқа үркін көше бастайды. Алтайдағы елден де басқа жақтарға қоныс аудару белең бере бастайды, мысалы 1868-1880 жылдары Тарбағатайдың Майлы-Жайыр тауларына 1000-нан аса түтін көшіп барады. Қобдаға қарай 1000-нан аса отбасы қоныс аударады. 1867-1868 жылдары қызылаяқтар Алтай еліне шабуыл жасайды, олар Буыршындағы Құланбай ауылдарын, онан Ертісті өрлеп есін Өр Алтай тұтасымен қазақтардың қолына көшеді.

1864 жылдан кейін Шығыс Қазақстанның аудандаағасы, қазыбек, шыбарайғыр, елгелді руларын шабады. Оларға қарсы Көбеш батыр, Далай мерген, Сыдықай батыр, Тұрым батырлар аттанады, олар қызылаяқтарды қан-жоса етіп қырғындап, Қобдаға асырып тастайды.

1877 жылы Ажы өліп орнына ұлы Қасымхан отырады, ол өте жуас болады, Алтайға Шаған Кеген атты ұлық келіп, елге салынатын салықты арттырады. 1883 жылы Шыңжаң өлке болып құрылады. Осы жылы Бөке батыр бастаған 1000-нан астам отбасы Боғдаға көшеді. Сонымен бірге 1000-нан астам отбасы Зайсаннан Жеменейге көшіп келеді де, абақ керейден Зайсанда бір болыс ел ғана қалады.

Ал кезінде Ер Жәнібектен бері Қалбаның оңтүстігіндегі Шұбартауды мекендеген керейлер де сол жерде түпкілікті қоныстанып қалады. Осылайша Көгедай ордасының территориясы Қазақстан шекарасынан сыртқа ысырылады, бұл сол замандағы екі ірі империяның жер бөлісінің зардабы еді. 1870 жылдары Іле генералы Алтайға 500 әскермен жұн ғалдайды жібереді. 1890 жылдан бастап Қасымханның ұлы Жеңісхан гүң болады.

1887 жылдан 1902 жылға дейін Алтайды Тарбағатай аймағы арқылы басқарады, бұған Алтай қазақтары наразы болады, 1902 жылы елбасылары арыз беріп орталық үкіметке дейін жолдайды, өтініштері орындалып Алтай қайтадан Пекинге төте қарайтын болады.

1883 жылдан 1906 жылға дейін Алтайдағы елдің жарымы Еренқабырға, Боғда, Баркөл, Қобда сияқты жерлерге ауады, басты себеп саны өскен ел үшін кең жайылымдық жер керек еді. Көгедай ұрпағы ауып барған елменде бірге кетіп сол барған жеріне билік жүргізді, мысалы Майлы-Жайырда Мамырбек, Еренқабырғада Сатархан, Қобдада Қожамжар төре билік жүргізеді.

1880 жылдары Жұртбай Қыран өзені бойында мектеп ашады, бұл кейінгі «Абақия» мектебіне айналады. 1904 жылы Мәми бейсі медресе салдырады, 1910 жылдардан бастап жаңаша мектептер ашыла бастайды. 1920 жылдардан бастап бұл мектептерде «Ахмет Байтұрсын емлесі» қолданыла бастайды. 1933 жылы Шәріпхан Көгедаевтің тұсында Алтай бетінде жалпы беттік мектептер ашылып оқушы саны 6200-ге жетеді, Алтайда «Ерікті Алтай» газеті шығады.  1936 жылы «Жаңа Алтай» журналы шығады.

Алтайдағы аласапыран

1912 жылы Мәнжоу Цинь империясы құлап орнына Қытай республикасы құрылады, оның тұңғыш құрылтайына Алтайдан уәкіл болып Баймолла мен Зәкария барып қатынасады, Пекин Жеңісханның ұлы Әленге «уаң» (хан) лауазымын береді.

1919 жылы Алтай аймағының орталыққа төте қарайтын статусын жойып, Шыңжаң провициясына біріктіреді.

1921 жылы Ресейден Бакич бастаған ақ орыстар Алтайды басып алып, елге ауыр лаң салады.

Зуқа батырдың басы ілінген Алтай қаласындағы қара көпір

1921-1928 жылдар арасында Алтайда Қытай билігі орнап аудан қалашықтары салына бастайды, озбыр үкіметке қарсы шыққан қазақтар Зуқа батырдың айналасына топталады, сонымен Алтайда Зуқа қозғалысы Барлыққа келіп 1928 жылы батырды қастандықпен өлтіргенге дейін жалғасады.

1933 жылы Шыңжаңда саяси өзгеріс туып, Шың Шысай билікке келіп, коммунистік саясат жүргізеді, 10000-нан аса совет әскерін кіргізеді. Алтайда Әлен уаң мен оның інісі Шәріпхан Көгедаев әкімшілік билік жүргізеді, Шәріпхан басқарған алты жылда Алтайда өте көп жұмыстар атқарылып Алтайдың бет-бейнесі өзгере бастайды. 1938 жылы Баркөлдегі қазақтар үкіметке қарсы көтеріліс жасап, шығыстағы өлкелерге ауа көшеді, бұның арты Тибет асқан көшке ұласады. 1939 жылы Көктоғай ауданындағы дінбасы ғұлама Ақыт қажы бастап қолға алынады, Шәріпханнан тартып мыңдаған адам түрмеге қамалады, бұған қарсы 1940 жылы Есімхан-Ырысхан бастаған көтеріліс бұрқ ете түседі. Неше мыңға жеткен көтерілісшілерді жеңе алмаған соң үкімет өтірік бітім жасайды. 1941 жылы ел Халел тәйжінің бастауында қайта көтеріледі, бірақ бұл жолы сәтсіздікпен аяқталып, көптеген ел басылары қолға алынады.

Осы көтерілісті Оспан батыр жалғастырып, 1944 жылы Өр Алтайды алып «Алтай қазақтары төңкерістік үкіметін» құрады. 1945 жылдың соңына дейін Алтайдың 90% жерін азат етеді. Әленнің орнына Зәкихан уаң болады. 1945 жылы Алтай ШТР-дың бір аймағына айналады, 1946 жылдың соңында Оспан батыр ШТР-ға қарсы соғысын бастап, 1947 жылы Бәйтікке шегінеді.

Оспан батыр

1949 жылы Қытай коммунистерінің 100 мың әскері Шыңжаңға кіреді, ШТР-нің сатқын, үкіметі Совет Одағының пәрменімен Қытайға қосылады, бұрынғы билік түзі күшінен қалдырылады. Осылайша Көгедай ордасының тарихы сонау1206 жылдан бері жалғасып келе жатқан Шыңғысхан әулеттерінің билігімен түбегейлі аяқталады.

Фотосуреттерді түсірген Заңғар КӘРІМХАН.

Автор: Ерзат КӘРІБАЙ

e-history.kz

https://e-history.kz/kz/publications/view/kogedai_ordasi__5061

Гималай асқан көш куәгері Арыстан қажының өмірі жайлы кітап жарық көрді
Кеше, 17 наурыз Алматыдағы Manar Palace-та Арыстан қажы Шәдетұлының (Зуқа батырдың немересі) 80 жас мерей тойына орай, той иесінің өмірін арқау еткен, жазушы Байахмет Жұмабайұлының «Аңсаған арман» атты кітабының тұсаукесері өтті. Арыстан қажы туралы деректі филым көрсетілді.

Мерей той мен ғұмырнамалық еңбектің тұсаукесеріне алыс-жуық шетелдерден және еліміздің әр жерінен ел ағалары, әдебиет пен өнер өкілдері, өзге де сыйлы қонақтар келіп қатысты. Алыс-жуқтан жеткен ағайын.

Аталған кітаптың тұсауын мерей той иесімен бірге Зиябек Қабдылдинов, Досан Баймолда, Әмірхан Меңдеке және Нәбижан Мұхаммедханұлы қатарлы тарихшы, қаламгерлер кесті.

«Аңсаған арман» кітабы Бұланайды (Гималай) асып, Үндістан мен Пәкістанды басып Алтайдан Анадолыға жетіп, Еуропаны айналып тәуелсіз Қазақ еліне келген Арыстан Шәдетұлының өмірін арқау еткен.

Қазақтың «Қара жорға» биін Қазақстанға қайта жаңғыртып әкелген адам – Арыстан қажы Шәдетұлы екенін бүгінде екінің бірі біледі. 1999 жылы осынау ұлттық биді ел алдына, сахнаға алып шыққанда алаш жұрты ақсақалдың қайсарылғымен өнеріне сүйсінді. Руханиятқа қосқан өлшеусіз еңбегі ел ішіне тарап, атағы тек қазақ даласына ғана емес, қазақ баласы мекен еткен әрбір елге тарап жатты. Бүгінде бұл биді баладан бастап, егде тартқан қартта, жасы да, жасамысы да билейді. “Қара жорғаның” әуенін естіген ел ғана емес, билеген бұқараның көңіліне қуаныш ұялатады, рухына күш береді. Алтайдан бастап Анадолы еліне дейін барған бала Арыстанға бұл биді әкесі 7 жасында Шәдет Зуқақажыұлы үйретіпті.

Ел басына күн туып, ерлер етігмен су кешкен Алтайдағы ағайындардың қиын заманы қазақ тарихындағы өшпесте, өкінішті сәттердің бір бөлігі, тармағы. Күші көп жаумен жан кеткенде айқасып, ақыры қасқырдан қашқан қойдай үдере көшкен елдің басындағы ауыр тағдырды Арыстан бала кезінен көрді. Көзбен көрмек түгілі көзге елестетудің өзі ауыр соғатын сонау өткен заманды шақты бүгінгі тірі куәгері де осы Арыстан қажы Шәдетұлы.

7 жасында Қытайдың Гансу өлкесінен бастап Гималайдың құзды тауларын асудағы азапты күндердіде басынан өткерді. Үндістан, Пәкістанға жаяу барғанда, жат жерде жұртына азық тауып, тағдырдың тәлкегіне түскен халқының көңіліне медеу болғанда, тірлігене қажетті дүниені тауып берген адамдардың бірі де осы Арыстан қажы. Өжет, қай іске болсада белсенді жас Арыстан жат жердің белгілі, ел бастаған адамдарымен де тез тіл табысып, қалайда еңіреген елін қиын сәттерден алып шығып отырды.

Ол жат жұртта жұртының намысын жаныды, бөтен елде бөлінбей, біріге жүруге барын салды. Түркияға тұрақтаған қазақтарға ғана емес, тұрғылықты тұрғындарға да табанды еңбек етумен табысқа жетуге болатынын дәлеледі. Түркия, кейін Германияда 40 жыл ғұмырын өткізгенде де қазақтың қайсар халық екенін дәлелдеді.

Қазақтың тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің еуропа келген сәттерінде бірнеше рет жолығып, елдік жолындағы жұмыстарды талқылады. Көші-қон жолын жандандыруға жол ашты. Өзі ғана емес Еуропа елдеріне тарыдай шашылып кеткен қазақтарды да Елбасымен кездестіріп, еңселерін көтерді.

Арыстан қажы үшін 1995 жылы Атамекен Қазақстанға қоныс аударған жыл бақты күндердің бастау әлған сәттері боп саналады. Еңсесін енді тіккен еліне қолғабыс етуден де қарап қалған жоқ. Халықтың басын біріктіріп, жұртын жинап, жұмыла жүріп мешіт салғызды.

Ежелгі мекен Алтайғада бірнеше рет барып, арманда кеткен ерлердің, аруақтардың басына құран бағыштап қайтты. Тәуелсіз елде түтін түтетіп отырған абыз ақсақал көпке үлгі боларлық істерден қашанда қалыс қалған емес. Елін жаудан арашалауда атой салған батыр бабалар рухына да бірнеше рет ас берді. Жиындар өткізді. Тарихи кітаптардың шығуына жәрдем қылды.

Тағдырдың қилы, ірелең жолдарынан именбеген абыз ақсақал туралы айтар аңызда, аталы сөзде әлі талай томадарға арқау болары сөзсіз. Сексеннің сеңгіріне шықан Арыстан қажы Шәдетұлы бүгінде тек өз ұрпақтарының ғана емес, күллі қазақтың мақтанышы

болып қала бермек.

Тұсаукесерден кейін Бұланай асқан көш туралы талқы кеңес өткізіліп, шараның соңғы Арыстан қажының 80 жас мерей тойының дастарханына ұласты.

Жұмабай Мәдібайұлы

Kerey.kz

Оспан Батыр тобын түбегейлі жою кезіне жұмылдырылған әскерй күштер.
1951-шы жылы Оспан Батыр (Ospan Batur) ұсталып Үрімжіге жөткелген соң, Цинхай, Гансу провинциясындағы Қазақтардың бағынғаны бағынады, бағынбағаны қаруын тастамай күресіп иен таудан түспей қояды.

Төмендегі суретке түсінік: Оспан Батырды ұстау, Оспан тобын түбегейлі жою кезіне жұмылдырылған әскерй күштер. Сонымен қатар цинхай, гансу провинциясындағы қолды боп бағынған Қазақтар. ол кезде ер азаматтардың көбі қаруын тастамай тауға шығып алған. суретте қытай жаңа үкіметі қолына өткен Қазақ жас балалары, әйелдер мен кәрі шал-кемпірлер. Бұл Қазақтар кейін Гансу провинциясы Ақсай ауданы мен Цинхай провинциясы Қолмұт қаласы, Мақай елді-мекеніне топтастырылған. Көбі атамекені Алтай, Баркөлге қайтып кеткен. Одан ерте қимылаған Қазақтар Тибетті кесіп өтіп Үндістан, Пакістан асқан.

Eldeç Orda

Отандық ғалымдар Назарбаев Шыңғысханның ұрпағы екенін дәлелдеп шықты (видео)
Қазақстанда жүргізілген генетикалық зерттеулер таң қаларлық нәтиже берді. Отандық ғалымдар Нұрсұлтан Назарбаевтың Шыңғысханның ұрпағы екенін дәлелдеп шықты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.Facebook арқылы бөлісуВконтакте бөлісті

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ШЫҢҒЫСХАННЫҢ ҰРПАҒЫ ЕКЕНІ АНЫҚТАЛДЫ. КОЛЛАЖ: NUR.KZ

Бұл туралы “Хабар” арнасының “Генеалогия казахов” атты бағдарламасында айтылды.

Генетика бойынша ғалымдар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен атақты Шыңғыс ханның туыстық қатынаста екенін анықтаған.

“Қазақ жүздерін зерттей отырып, біз ұлы жүздің, оның ішінде Ошақты, Шапырашты және өзгелердің Шыңғыс хан туысы болып келетінін анықтадық. Бүгінде ұлы жүздің ең жарқын өкілі – біздің президент”, – дейді ДНҚ сарапшысы Ғабит Баимбетов.

М.Мағауин: “Шыңғыс ханның ең негізгі мұрагері – қазақ халқы”
Назарларыңызға kitap.kz сайтында жазылған жазушы Мұхтар Мағауиннің Шыңғыс хан жайлы айтқан сөзін ұсынғалы отырмын.

Жазуыма ешқандай бөгет болмаса да, тыныштық керек болғаннан кейін Прагада тұратын ұлымның қолына кеттім. Ол жаққа барғаннан кейін үлкен жұмысты бастау керек болды. Жеті күннен кейін-ақ жазуға отырдым. Алдымен бір шағын әңгіме жаздым. Содан кейін «Жармақ» деген көлемі үлкен болмаса да, салмағы ауыр роман жаздым. Өте тез жазылды. 18 күнде жазып бітірдім. Бір топ әңгіме жаздым. Содан кейін «Шыңғыс ханға» отырдым. Шыңғыс ханды жазуымның көп себебі бар. Айтылмаған сөз қалған жоқ, бәрін айтқанбыз. Менің «Алтын дәптер» дейтін студент кезде бастаған үлкен дәптерім болды. Соның ішінде болашақта жазатын барлық шығармаларымның сюжеті, сұлбасы бір ауыз сөзбен айтылған. Соның ішінде, мысалы, «Аласапыранның» сұлбасы бар, одан 15, 20, 25 жыл өткеннен кейін жазылған шығармалар бар. Қолма-қол жазылған шығармалар да бар. Бірақ, соның ішінде Шыңғыс ханның сұлбасы жоқ. Өйткені, совет заманында Шыңғыс ханның атын атамау керек болды. Атайтын болсаң, тек жамандау керек. Шыңғыс хан – бүкіл әлемге танылған тұлға. Ұлы тұлға, ұлы қолбасы. Ұлы мемлекет, ұлы империя құрған адам. Оны Цезарьмен де, Наполеонмен де, Атилламен де салыстыруға болмайды. Ол бәрінен жоғары. Шыңғыс хан қазақтың ұғымында әулие, ұлы хан. Аңыз бойынша, Тәңірінің нұрынан жаралған. Өзінің асыл тумысын дәлелдеу үшін халықтың алдында шешесі «садағыңды күннің сәулесіне ілдір» дейді. Киіз үйде шаңырақтан түсіп тұрған сәулеге садағын атқанда, жебесі сол сәулеге ілініп тұрып қалды деседі. Ал қалған билікке таласқан Шыңғыстың туыстарының оқтары ілінбейді. «Садағын сағымға ілдірген Шыңғыс хан» деп айтатыны содан. Бұл, әрине, аңыз. Бірақ, Шыңғыс ханға деген сенімнің көрінісі.

«ШЫҢҒЫСТАН ТУҒАН ХАНДАР-АЙ…»

700-800 жыл бойы, оның ішінде қазақ хандығы құрылған заманнан бастап Шыңғыс хан әулие болды. Қазтуған жыраудың атынан айтылған Мұрат ақынның зарын мақалаларымда талай рет айтып келтіргенмін:

Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз,

Қайран саланың жатқан аңғары-ай.

Ақ шалмалы пірлердің

Мешітке жаққан шамдары-ай!

Кәпірден теңдік алуға,

Қайтып та келер деймісің,

Мұсылманның баласы,

Шыңғыстан туған хандар-ай…

Мұрат – азаттық жыршысы, отаршылдыққа қарсы өлеңдер шығарған. Ғасырдың басында халық көсемі, ағартушы Ғұмар Қараш айтады:

Шыңғыс, Бату хандық құрып тұрған ел,

Қарақыпшақ Қобыландылар туған ел,

Ерегескен дұшпан-жауын қуған ел

Емес пе едің – жұртым саған не болды?!..

«АДАМЗАТТА ШЫҢҒЫСТАЙ ЕР ТУМАЙДЫ»

Осы сөзді дәл қазір айтуға болады. Ал Мағжан «Адамзатта Шыңғыстай ер тумайды» деген. Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Абайлар «Қазақ рулары Шыңғыс ханға өзі қосылды» деп айтқан. Орыс совет идеологиясы келіп жеткенге дейін бүкіл қазақ Шыңғыс ханды құрметтеген, қадір тұтқан. Ал одан кейін ұлттық санамыздан айырылғанымыз соншалық, орыстың идеологиясымен, орыс болғанда үлкен ғылымның идеологиясымен ғана емес, мектеп оқулығы дәрежесіндегі шовинистік идеологиямен әбден миымыз уланған. Шыңғыс ханды әлі күнге жауыз деп жүргендер сол санадан әлі арыла алмай отыр. Қазақтың жағдайы түсінікті. 70 жылдың ішінде ұлттық санасынан, дәстүр-салтынан айырылды. Қымыз ішуді, құрт қайнатуды ұмытып, барынан айырылды. Ол түсінікті жағдай, идеология солай болды. Қазаққа кінә қоймай-ақ қояйық. Ал арғы жақта – Қытайда бір жарым миллион қазақ отыр. Еліміз бар, жұртымыз бар деп көңілге медеу тұтатын едім. Олардың қазіргі замандағы сайттары – «Күлтегін» мен «Сен – қазақты» қарап отырамын. Қытайдағы қазақ совет идеологиясынан тыс болды. Оның үстіне, Қытай идеологиясы бойынша, Шыңғыс хан Ұлы мемлекетті негіздеуші адам. Шыңғыс хан бастады, ал Шыңғыс ханның немересі Құбылай біржолата бекітті. Сонда сол жақтағы қазақ неге Шыңғыс ханды балағаттап жатады? Мұндағылар жауыз деп сыпайы айтса, ондағылар түгін қалдырмай, арам қалмақ, пәлен-түген деп балағаттайды, оның ішінде «неге жазады?» деп мен де кетіп жатамын. Қайран қалатын нәрсе. Совет идеологиясынан тыс болды, Қытайдың бүгінгі идеологиясында да Шыңғыс хан жаман деген нәрсе жоқ. Сонда қайдан келді бұл? Анығын айту керек, бұл елдің, халықтың азып-тозып, ұлттық санадан біржола дерлік айырылғанының көрінісі. Бірақ, басқа халқымыз жоқ, осы халықтың санасы ашылу керек, осы халықтың ішінде санасы жоғары азаматтар бар, жастар да көп, арғы бетте де азшылық болса да сондай азаматтар бар, солар түсінуі керек. Шыңғыс ханды қанша жамандағанмен, жаман боп қалмайды. Бүкіл дүниежүзі мойындап отыр. Шыңғыс хан жөнінде неше мың мақала, зерттеу, жүздеген кітап жазылған.Ағылшын жазды, француз жазды, неміс жазды, американ жазды, жапон жазды. Шыңғыс ханды жапон өзіне тартады, қытай өзіне тартады, қазір орыстар Шыңғыс ханды славян болды деп өзіне тартып жатыр. Ал шын мұрагері, шын ұрпағы бола тұра, біз одан қашып құтыла алмай жатырмыз. Қаншама кітап жазылса да, айналып келгенде Шыңғыс хан әлі жоқ. Шыңғыс ханды ұлы қолбасы, данагөй саясаткер, ұлы империя құрған дейді. Шыңғыс ханның жасаған істері кейінгі заманға жалғасты дейді. Халықтардың арасындағы қатынас, дінге көзқарас турасында, халықаралық құқықтар саласында Шыңғыс ханның ашқан жаңалықтары өте көп. Еуропа соған енді жетіп жатыр, әйтпесе жетпей де қалып жатқан жайлар бар.

ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ БЕЙНЕСІН ЖАҢАДАН ЖАСАУ КЕРЕК

Шын мәнінде, Шыңғыс ханның бейнесі, шын тарихи тұлғасы әлі ашылған жоқ. Сонымен қатар, Шыңғыс ханға қатысты көптеген деректер бұрмаланады, нақты жеріне жетпей айтылады. Өйткені, қалай дегенмен, Шыңғыс ханның өзінің жұрты емес, жат жұрт, жауласқан жұрт. Монғол ағайындарға бұл ретте риза болу керек. Олар совет заманында да, идеология заманында да Шыңғыс ханнан ешқашан айырылған жоқ. Ол кезде ақтау үшін Шыңғыс ханның моңғолдың мемлекетін құрған әуелдегі қызметі дұрыс болды, кейінгі кездегі жаулаушылығы теріс болды деп екіжақты етіп шығарды. Шыңғыс ханның 800 жылдығын тойлады. Сол тойды ұйымдастырған, ескерткіш қойған Монғолияның компартиясының екінші хатшысы қудаланып, ақыры азапталып өлтірілді. Бірақ, бәрібір айныған жоқ. Олар – біржақты. Шыңғыс ханды тек монғол деп қарайды.

Бір сөзбен айтқанда, Шыңғыс ханға қатысты деректердің бәрі жер астында жатқан жоқ. Халықаралық тілдерге аударылған, оның ішінде орыс тіліне түгелдей дерлік аударылған. Шыңғыс ханның бейнесін жаңадан жасау керек. Болды! Арада жазған Рашид-әд-дин, Жүзжани, Жүвейни бар, қытай деректері бар, тағы басқа Еуропаның деректері бар. Барлығын да жинақтап, қарап келгенде, Шыңғыс ханның басқа бейнесі шығады. Асылық айтқаным емес, Шыңғыс ханның ең толық, ең нақты, ең әділ бағасын айғақтайтын, Шыңғыс ханның бүкіл ғұмырбаянын толық қамтитын, сол Шыңғыс хан ғана емес, ХІІІ ғасырдағы бүкіл түрік қауымының, Орталық Азияның тарихын айқындайтын кітап жаздым деп ойлаймын. Анық ақиқаты сол. Үш кітап бітті. Үшінші кітаптың күні кеше ғана алғашқы данасы шықты. Бірер айдың ішінде таралып, сатуға түсу керек. Алда төртінші кітап қалды. Тәңірі қуат берсе, бір жарым, екі жылдың ішінде оны да бітіріп қаламыз.

«ОТЫРАРДЫ ҚИРАТТЫ» ДЕГЕН ОРЫНСЫЗ СӨЗ

Шыңғыс хан «Отырарды қиратты» дегенге байланысты талай рет айттым да, жаздым да. Отырар Қарахан әулетінің құрамындағы шағын ғана мемлекет-қала болған. Илек хандардың басы, сұлтандардың сұлтаны деген Осман Самарқанда отырған, Османның інісі Қадыр Ферғананы билеген, сосын кіші қалаларда кіші туыстары болған. Османның немере інісі Тәж-әд-Дин Білге хан Отырарды билеп отырған. 1210 жылы парсы патшасы Хорезмшах Аладдин Мұхаммед Самарқанды басып алады. Тәж-әд-Дин Білге ханды тұтқынға алады. Османды бір жылдан кейін өлтіреді. Отырарды тонайды, қаншама халқы қырылады, қаншамасы шетке қашады. Отырар бай қала, көпестердің барлығы татар даласы Шыңғыс ханға қарай қашады. Отырарды мұсылман дінбасыларына дейін тастап кетеді. Артынан Тәж-әд-Дин Білге ханның басын алған. Ол туралы екінші кітапта толық жазылған. Содан кейін өзінің орнына Отырарды билеуге өзінің шешесінің әлде ағасынан, әлде інісінен туған Қайыр ханды отырғызады. Ал Шыңғыс хан келіп, Отырарды азат еткен. Керуеннің тоналуы және басқа да толып жатқан жағдайлар бар. Бізде советтің тарих ғылымының азып-тозғаны соншалық, қарақшыларды жақтай біледі. Тарихшылардың барлығы Отырарда керуеннің қырғынға ұшырауын үлкен жауыздық деп бағалаған. Адам қайран қалатын жағдайлар болған. Мысалы, өзіміздің Сарайшық қаласы. 1480 жылы Ермак Сарайшық қаласын басып алады. Содан қаладағы бүкіл халықты қырады. Ең соңында Алтын Орда хандарының күмбездері бар қабірді, сүйектерді қазып алып, үйіп өртейді. Соны кезінде Иван Грозныйдың өзі айыптаған. Осыны Тәжікстанда бәрі жауыздық деп айтады. Ал совет тарихшылары дұрыс жасады дейді. Қаланы тазарту керек деп есептейді. Сол сияқты жағдайлар өте көп.

Шыңғыс ханның зерттелмегені соншалық, Отырар, ондағы қырғын мәселесі және одан кейінгі жағдайлар да теріс пайымда баяндалады. Мысалы, Шыңғыс хан оның алдында Қытаймен соғысты. Солтүстік Қытайды қиратып, бағындырды. Оған Жалайыр Мұқалы-ноянды қойды. Қытайды біржола талқандау керек еді. Ел есін жию керек еді. Оңтүстік Қытай тағы тұр. Сол кезде мына жақтан жаңа майдан ашуға мәжбүр болды. Өйткені керуенді тонады, елшілерді өлтірді. Осы туралы екінші кітапта айттым. Соғыс жариялаған Шыңғыс хан емес, соғыс жариялаған Хорезмшах Аладдин Мұхаммед. Ал Шыңғыс хан қабыл алған. Тілегенің соғыс болса, аласың деген.

Бір сөзбен айтқанда, Шыңғыс ханның нақты тарихы, Шыңғыс ханның нақты мұрагері, ең негізгі мұрагері – қазақ халқы. Өйткені Шыңғыс хан ту көтерген кезде кейін монғол деп аталған татар даласындағы 25 ру – тікелей біздің бабаларымыз соның астында болған. Сосын барлық дәстүр-салты да монғол емес, түріктік.Шыңғыс ханның мөрі туралы екінші кітапта арнайы тарау жаздым. Мөрдің беті түрікше жазылған. Оны ешкім теріске шығара алмайды. Ал енді ойлап қараңыз, Орыс мемлекетінің мөрі ағылшын тілінде, француз тілінде болуы мүмкін бе? Англия корольдігінің мөрі неміс тілінде болуы мүмкін бе? Түрік мемлекеті – түрік тілінде. Сол сияқты толып жатқан мәселелердің бәрін нақтылауға тура келді.

Тәңірі қолдап, үш кітапты жазып шықтық. Енді төртінші кітапты жазсақ, Шыңғыс ханның жеке басы тәмам болады. Оның ар жағында тағы басқа әңгіме шығып жататын болады.

ҚАЗАҚ – ҮЛКЕН ХАЛЫҚ

Аудару деген – күрделі мәселе. «Абай жолының» өзі әлі күнге дейін дұрыстап аударылған жоқ. «Абай» көркем шығарма боғландықтан, оны аударудың қиындығы бар. Ал Шыңғыс ханды аудару үшін тарихтан хабары бар, орыс тілін жақсы білетін маман керек. Алдағы уақытта болатын шығар. Дәл қазір оған алаңдаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Адамның ғұмыры шектеулі. Мен қазір 74-ке келдім. Жүзге келсек те, жазатын нәрсеміз таусылмайтын сияқты. Кезінде әңгімелерімді аударта бастадым да, соншалықты машақаты көп екенін байқап, тоқтатып қойдым. 70-жылдың аяғында аударылу керектігін аңдағаннан кейін, керек болғасын аударта бастадым. Өте көп уақытым кетті. Мысалы, «Аласапыранның» екі кітабын екі-үш айда жаздым, ал екі кітапты аудартуға екі жылдай кетіп қалды. Жолма-жол аударма жасалады, бірден аударатын адам аударғасын тағы қарайсың. Соны зая кеткен бос уақыт деп кейін жаздым да. Енді еліміз орнында тұратын болса, халқымыз аман болатын болса, дүние оңалатын болса, біз бармыз ба, жоқ па, жоқшысы табылу керек. Ал керек болмайтын болса, жазған нәрсе ескерткіш болады да қалады. Әлгі құрып кеткен халықтардың құрдымға кеткен тілдері бар ғой. Сол сияқты. Бірақ, Құдайға шүкір, Қазақстан шегінде 11 миллион қазақ бар. 1 миллион халықтың өзі жойылуы мүмкін емес нәрсе. Қазақ – үлкен халық. Дүние оңалады деп ойлаймын.

Суреттер EL.KZ сайтынан алынды.

blogtime.kz

ҚҰРАЛАЙДЫ КӨЗГЕ АТҚАН ҚҰНДАҚБАЙ МЕРГЕН ҚАШАНҒА ДЕЙІН “БАНДЫ” АТАНДЫ?
Әкемнен естіген әңгіме: 5-6 жасар кезім-ау. Етекте отырған тау Орақтының  шағын ауылы тарс-тұрс  атылған мылтық үнін естіп, азан-қазан болды. Еркектер шитісін, айыр-сүйменін  дайындап, атына жүгіріп, әйелдер балаларды, қыздарды сай-салаға, ши арасына жасырып әлек. Осы кезде қырмен шауып келе жатқан адамдар да көрінді. Бір түп бұтаның  түбінде отырып бәрін көрдік. Алдағы отыз қаралы – қазақ жігіттері екен, ал соңында шұбап келе жатқан – орыстар. Ол кезде ақ-қызылыңды  қайдан түсінейік, бізге бәрі орыс болатын. Әуелі ойнап жүр екен дедік. Өйткені, қашып келе жатқандардың ең соңындағы бір адам атын шыр айналдырып тоқтай қалса, артынан қуып келе жатқан орыстар аттарынан түсе салып, жерге жабысады. Анау бір-екі рет тарс еткізіп, шаба жөнелгенде солдаттар да айғайлай атқа қонады. Суыр секілді әр жерден қылтиған балаларға үлкендердің мұнысы қызық көрінді.  Бір кезде қашқын жігіт тағы да атын шыр айналдырып, тарс-тарс еткізіп еді, орыстардың екеуі  ұшып түсті. Қалғандары жерге жабысты. Бұл кезде сарбаздар Сатылыға қарай  ұзап, көзден таса бола бастаған. Жалғыз мерген де атының басын бұрып, қаша жөнелді. Тым жақындауға батпай келе жатқан солдаттар жапа-тармағай атқанда жаңағы жалғыз қайқаң ете қалғандай болды. Сонда біздің ауылдың қарттары: «Қайран Құндақбай-ай, оқ тиді-ау», – деп жылаған.  Сөйтіп, қуғыншылар мен қашқындар қырмен ұзай берді. Құндақбай батыр құтылыпты. Араға күн салып  «Батыр аман!» деген хабарды ұзынқұлақ жеткізгенде әкем Сарыбайдың жанына жиылып, күңкілдесіп отырған үш-төрт шалдың түксиген қабағы жадырап сала берген.

Сол шайқаста Құндақбай мергеннің жігіттерін алға сап, олар ұзап кетуі үшін бір қора атты әскерді  жалғыз өзі бөгеп келе жатқанын кейін білдік қой. Мергеннің оғы мүлт кетпейді, сондықтан ол бұрыла қалғанда ана жаманның бәрі жапалақша жалп етеді екен ғой. Қыр басындағы көрініс әлі күнге көз алдымнан кетпейді.

Осы әңгімені айтқанда әкем бір күрсініп алатын. Ол кезде Балғалы деген шағын ауылда тұрамыз. Үлкендер Құндақбай жайлы көп айта бермейтін. Тек Орынбасар, Бөлеген Құндақбаев деген бозбалаларды үлкен кісілер «Өй, бандының күшігі», – деп қағытқанда «ақ бозды» жеңмен сүртіп жүрген біз түсінбеуші едік. Кейін білдік. Олардың Құндақбай батырға еш қатысы жоқ екен, тіпті аталас та емес. Тек сойы бөлек, ірі денелі, мінезді бозбалалардың қылығы мен  фамилиясы үлкендердің жүрегінің түкпіріндегі батырдың өр бейнесін оятып, еске түсіріп жібереді екен ғой.

Құндақбай – Күреңбелдің аңызы, біреуге – қылмыскер, біреуге – дала Робин  Гуды. Көзге ілінгенді қалт жібермейтін қолмерген болған адам екен. Совет үкіметі мергенді барынша жағымсыз етіп сипаттады, ұры-қарыға, басбұзар бандыға теліді. Соған ел сенгендей болғанымен Құндақбай туралы қарттардың әңгімелері көкейде өзгеше ой туғызатын. «Банды» Құндақбай жайлы көлемді мақалалар, көркем шығармалар әлі күнге  некен-саяқ. Сондықтан жұрт арасында қанды суша шашқан, тақымы кеппеген ұры жайлы кеңестік «деректерге» сенетіндер кездесіп қалады.  Ондай мәліметтер сол кезде ГПУ-да қызмет еткен адамдар жазып кеткен естеліктерде де баршылық. Жарайды, рет-ретімен айталық.

Құндақбай Төлендіұлы жасынан отаршылардың қара пиғылына қарсы шыққан адам екен. 2013 жылы  «Күреңбел қасіреті» деген кітап шығарып, мергенді Кіндікбай деген есіммен бас кейіпкерлердің бірі етіп енгізген  Құрманбай Еспенбетов ағамыз ел аузынан  Құндақбай жайлы көп дерек жинапты. Айтуынша, 1916 –17 жылдары Черкасск қорғанын талқандап, сол аймақты қан сасытқан атаман Анненковтан қашып, босқын болған Найман ауылдарын дәл осы Құндақбай мерген Көксу, Сатылы асулары арқылы Қытайға қарай өткізіп жіберген.  Ақты түре қуған қызылдардың билігі келгенде де маңдайға қызыл жұлдыз тағып, шекеден қарағандардың қазақтың шекесін қыздырмасын мерген бірден түсініпті. Сөйтіп өзі де арғы бетке көшіп кеткен. Өзіне ғана мәлім тау соқпақтары арқылы туған жерге жиі келіп, елден хабар алып тұрады. Большевиктердің қазаққа жасаған қиянатын көріп, көптеген ауылдарды көшіріп әкетеді. Ел ашыққанда кедеймен қолындағысын бөліспеген байлардың малын айдап, жұртқа үлестіріп берген. Кәмпескеге ұшыраған талай түлікті бір өңірден екінші өңірге қиқулай қуып, ашөзегіне түсе бастаған қазағына азық еткен. Міне, Құндақбайдың «ұрлығы», «баукеспелігі» осы. «Құлжада жата бермей, неге жортып жүрсің?» – дегендерге айтқан: «Келсем біреудің ақысын жегендерді тезге салуға, не құдайын ұмытқандарды жөнге салуға келемін», – деген батыр сертін Құрманбай аға кітабына енгізіпті.  1917–31 жылдар аралығында Күреңбел,  Қапал маңынан көшіп, қызылдар қиянатынан құтылған көп қазақтың арашашысы – Құндақбай.

1919–21 жылдары қазақты бір аштыққа ұрындырып,  одан кейін «Кіші Қазанның» қазандығына қуыра бастаған Совет үкіметінің саясатына қарсы болған қазақ көп. Тек осы Күреңбел өлкесінен атақты Тезек төренің ұлы Құдиярхан, Мұртазаның ұрпағы Омар төре, қызыл қаңлы Құндақбай секілді біраз адам кәдімгідей қарсылық көрсеткен. ГПУ осылардың бәрін бір-біріне қосып үлкен банды етіп сипаттай салған. Сондықтан Құндақбай Құдиярхан серіктерінің тізімінде аталады. Қолға түскен сарбаздарды тергегенде де елі үшін күрескен азаматтардың есімін  бір-бірімен байланыстыруға талпынған. Профессор Аман Шотаев пен өлкетанушы Азамат Ақылбеков ҰҚК мұрағатындағы  құжаттардан Құдиярханның 1930 жылдың 19 қарашасында ату жазасына кесілгенін тауып, анықтаған екен.  № 4341 сол істе  Малайсары ауданы, № 7 ауылдан ұсталған Қарабеков Бектастың тергеу хаттамасындағы жауабы: «…Құдиярхан, баласы Омар, Құндақбай, Нұртазинов Омар, т.б. ешқандай да «бандит» емес, бәрін де танимын. Ешкімге тиісіп көрген жоқ, ал Сіздер «банда» деп отырған Әлімжандарыңыз бізге жолай да алмайды, қорқады. Винтовканы Тұяқбаев Ерназар екеуіміз бірге Алматыдан сатып алдық. Аң аулауға қолданамыз. Үкіметке өткізу керектігін білмедік…».

Бұдан чекистердің қару асынған қарапайым аңшыға дейін банды деп тіркей бергенін байқаймыз. Ал, Омар төренің серігі болып, сонысы үшін қызылдың қиянатын көп көрген Бектас ақсақал беріде, 1989 жылы 84 жасында қайтыс болыпты. Қазағының азаттығы үшін күрескен азаматтардың бір-біріне жанашыр, үнемі байланыста  болғаны ГПУ құжаттарынсыз-ақ түсінікті.

Құдиярхан атылғаннан кейін Ералы төренің шөбересі Омар большевиктермен 2 жылдай күреседі. Қазақтың құрдымға кете бастағанын көріп атқа қонған намысты жігіттердің іс-әрекетіне Омар төре ұйытқы болады. Азаматтарды ашындырғаны – аз уақыт ішінде қазақтың екі мәрте аштыққа ұрынғаны еді. Күреңбелді жайлаған Жалайыр, Қаңлы, Суан босып, адам төзгісіз күйге түседі. Осы кезеңде еті тірі, жүрегінің түгі бар батырлар елді құтқаруға күш салады. Біраз ауылдарды Алтынемел, Көксу  асулары арқылы Қытайға өткізеді. Омар төре 1933 жылы көз жұмыпты.  Азамат Ақылбеков «Каждый стремиться к истокам…» деген жазбасында Омардың Керегетас деген жерде ГПУ қызметкерлерінің қарауылына іліккенін айтады. Аңдыған жаудың тасадан атылған оғы іштен тиіп, бұратыла құлаған Омар төре жаулары төніп келгенде: «Иттер-ай, еркекше ашық келмей, қатынша қалтарыстан аттыңдар-ау. Аттым сені, Қабыкен!» – деп, көз жұмыпты. Жазуы солай ма, әлде төре қарғысы тиді ме, Қабыкен көп ұзамай қайтыс болады. Бастаудан су ішкенде ішіне құрт түсіп, ол да бұралып,  қатты қиналып өліпті.

Жоғарыда аталғандардың, әсіресе, Құндақбай Төлендіұлының большевиктермен қатты егескенін, алдырмас жау болғанын чекистердің жазбаларынан-ақ түсінуге болады. Батырдың есімі ХХ ғасырдың орта шенінде басылған қазақстандық ЧК жайлы кітаптың барлығында бар. «Казақстан» баспасынан жарық көрген  «Незримый фронт» (1967 ж.), «Чекисты Казақстана» (1971 ж.)  және «Мы из ЧК» деген кітаптарда Совет үкіметі үшін аянбай күрескен ардагерлердің естеліктері жинақталған.  «Мы из ЧК» кітабындағы Ф. Ивановтың  «Преступление в урочище Чурук» атты очеркі Құндақбай бандысы жасады делініп жүрген бір қылмыс жайлы.  Онда Құндақбайдың сенімді үш жігіті жас өкіметтің жеріне арнайы келіп, Балабеков деген белсендіні асып өлтіріп, екі күннен кейін қайта барып мәйітін өртеп жібергені баяндалады. Қайсар комотряд  бандылардан қаймықпай, ерлікпен қаза табады…

Енді  осы оқиғаның ел ішінде қалай айтылатынына назар аударайық. «Күреңбел қасіретінде» де бір уәкілдің өлімі жайлы эпизод бар. Жаңағы Балабеков (кітапта фамилия жоқ, бұл прототип болуы мүмкін) кедейлердің қыз-келіншегіне маза бермейтін, күйеуін тапаншамен қорқытып, көзінше  әйелін зорлайтын озбырдың нақ өзі болған екен. Сол уәкіл Қиғаш деген жігіттің әйеліне тиісіп, дегеніне жете алмай сабап, басын жарып кетеді. Ауылда болмағандарына бармағын шайнап, намыстанған Асылбек бай, Хамза, Рақым, Қиғаш деген төрт кісі әлгінің артынан қуып барып,  Хамза  ақылы шолақ, ашуы тез уәкілмен жекпе-жекке шығады. Және жеңсе аман кететініне уәде береді.  Бір-біріне  қамшы сілтескенде уәкілдің шадыр мінез аты ойқастап, ала қашады да иесін  жарға жығады. Уәкіл мойны үзіліп өледі.  Жігіттердің қылмысы: «қандастың қанын, қарындастың жасын кешкен албастының соңы сен бол», – деп қурай, ағаш жинап өз ажалымен өлген уәкілдің өлігін өртеп жіберіп, алас жасағандары.  Және бұл оқиға,  Иванов жазғандай, Ақтөбешұрықта (Шұрықтың дұрыс атауы) емес, осы күнгі  «Сарыбұлақ» совхозының №2 фермасының маңында болыпты.  Хамзалар уәкіл сүйегінің қалдығын,  ат-әбзелдерін жар түбіне көмген екен. Бертін келе сол жерден үзеңгі табылыпты…

Совет қызметкерін  кім өлтіргенін таба алмай тығырыққа тірелген ГПУ басшылары Сарыөзек маңындағы ауылдардан 35 адамды қаматады. Солардың он алтысы  жаңағы  жігіттер тұратын «Он екінші ауылдан» екен. Мұны естіген Асылбек бай мен Хамза  өз еркімен милицияға барып беріледі де ауылдастарын босатуды өтінеді.  Ауылдас 16 адам азаттық алыпты, ал өзге ауылдардан ұсталған 18 адам… олар із-түссіз жоғалған. «Бұл болған оқиға. Хамзадан қалған ұрпақ бар. Бір немересі Талдықорғанда тұрады. Сол оқиғаға қатысқан, жекпе-жекті көзбен көрген Рақымның туыстары да бар, Сарыөзекте. Олардың Құндақбайға еш қатысы болмаған. Намыстан күйіп кеткен қарапайым қазақтар ғой», – дейді Құрманбай Еспенбетов.

Бұл дерек  Құндақбайға осы өлкеде болған барлық оқиғаның теліне бергенін дәлелдейді. «Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан». Деректермен таныса түскен сайын қазақ жігіттерін ең қатты шамырқандырғаны ұжымдастырудың ұраны да, аштықтың ылаңы да емес, қарагөз қарындастың көрген қорлығы екенін түсінесің. Чекистердің жазбасындағы банды Құндақбаймен «ауызжаласқан контра Омардың» да осындай бір оқиғасы бар. Ол Бектас атаның естелігінде де сипатталған. Онда  жігіттердің Матай тауының етегіндегі бір ауылда 7 солдаттың бас көтерер 4 азаматты қылышпен турап тастап,  жас қыздарды бір киізүйге жиып, зорлап  жатқанының үстінен түскені  айтылады. Омар төренің  жігіттері жаңағы алты орыс, бір тілмаш  татарды қолға түсіріп, ауыл сыртына алып шығып,  лақша бақыртып бауыздапты. Нақақ қан төкпейтін жігіттер осыны  «дақпырты алысқа кетсін,  большевиктер естіп, қазақ қызын қорлауға қорықсын», – деп жасаған екен.

Генерал-майор  А. Тілеулиев жетекшілік етіп, подполковник       Я. Я. Милованов, подполковник     А. С. Ивановтар құрастырып, 1980 жылы жарық көрген «Ответный удар» кітабындағы «Садырбай и Миша» деген очеркте  бандының ортасына сатқындардың қалай енгені, 1930-31 жылдары Құндақбайдың қыр соңынан қалмаған Беляев дегеннің отрядының сарбаздармен үш мәрте соғысқаны айтылады. Сол шайқастардың бірінде Беляев тас-талқан болып жеңіледі. Қотырқай, Шаған таулары арасындағы Қараңғысай деген жерде Құндақбай соңына ерген елді құтқарып, аман алып кетеді. Сол атыс кезінде оқ тиіп өлген ірі қараның сүйегі, арбаның сынықтары бертінге дейін шашылып жатыпты.  Қолкүрес шебері, Азияның бес дүркін чемпионы Әбдуәли Тастанов ағамыз: «Шаған тауында «Құндақбай үңгірі» деген үңгір әлі бар. Мерген жігіттерімен осы үңгірді талай мәрте паналаған екен. Бала күнімізде сол үңгірдің ішіне кіріп ойнаушы едік», – дейді.

Құндақбай мен қызыл отрядтың екінші қақтығысы «Шайтансай» шатқалында болған. Сәлім бай секілді көптеген ауқатты адамды ауылымен  Құлжаға аман жеткізіп, аштықтан қиналған қазақтың арасында есімі аңызға айналған Құндақбай батыр Күреңбелге тағы келіп, Хасан Көпесбайұлының ел-жұртын арғы бетке асырмақ болады. Ауылдың көшкелі жатқанын бір сатқын айтып қойып, көш аранға тап болады. Елең-алаңда  ұйқыдағы жұртқа оқ боратқан отряд ешкімді аямайды. Тұтас ауылдан үш-ақ адам – Хасанның өзі, бір баласы және бір әйел тірі қалады. Құндақбай жігіттермен шегіне атысып әзер құтылыпты. Тұтқынға түскен Хасанды большевиктер абақтыға жабады, баласын жетімдер үйіне жібереді. Осы ұрыстан кейін ГПУ қызметкерлері Талдықорғандағы ОГПУ басшысы Ивановқа «Құндақбай өлді, құрттық» деп есеп беріп, кейін өтірігі ашылып, масқара болады.

Үшінші шайқас аштық пен қорлық сүйегіне өткен қазақ атқа қонып, мерген қызылға қарсы қол жинаған 1932 жылы,  Түлкілісай деген жерде болған. Құндақбай батырдың жасақ жинауын чекистер «Ақ гвардияшылардың тапсырмасы. Конокрад қазақ революцияны қайдан білсін, айтақпен жүр» деп жазды. Қытай жақтан тапсырма беріп отырған «әміршісі» есебінде біресе  ақтың орыс офицері, біресе  сол ақтардың сапында болған қапалдық  Қаныбеков деген қазақ айтылады.  Десе де отаршылармен  15 жылдан аса уақыт алысқан Құндақбайдай ер біреудің айтқанымен қол жинады дегенге сенетіндер аз.

Түлкілісай шайқасы жайлы жазба  мәлімет жоқтың қасы. Чекистер бұл жайлы айтқысы келмеген. Есесіне Түлкілісайдың басында «Кісіқырылған» деген жер бар. Оның қасіретті тарихы ел арасында ауыздан ауызға айтылып келеді.   Басши ауылында ұзақ жыл ұстаздық еткен Жанқыдыр Қыдырбайұлы осы оқиғаны әкесінен естіген қарттардың бірі:

«Әкем Жиенқұлтегі Қыдырбайдан естідім, 1931-32 жылдың шамасы болса керек. Құндақбайдың жиған жігіттеріне аштықтан ыңыршағы шыққан ауылдар қосылып Түлкіліге көп халық жинала бастайды. Барып көрген адам ол сай біраз жүрген соң үшке бөлінетінін, олар  Түлкілі, Теректі, Қыздың сайы деп аталатынын біледі. Күнгейінде Басши жазығы, теріскейінде Қоғалы жатыр. Теректі – тұйық сай, текше жартастарға тіреледі. Ал қалған екеуімен тау арасын жарып өтіп, Қытайға қарай шығуға болады.  Құндақбай елді Қыздың сайының басына, қатар жатқан Теректі бітер тұсқа топтастырса керек. Осы жерден қол жинайды, арып-ашып көмек сұрай келген ауылдарды топтастырып, Сатылы асуы арқылы арғы бетке өткізумен айналысады.  Құндақбайдан көмек сұрағандар көп болған екен. Қашып-пысқан қазақтың, Құндақбай жігіттерінің Түлкілінің түбіне жасырынғанын сатқындар милицияға жеткізеді.  Тау ішіне жау қайдан келсін  деген қамсыз жұрт аз күзет қойып, ұйқыға кеткен бір түнде қызылдар операциясын бастайды.  Бейқам күзетші де мызғып кетсе керек, жақын маңда қараңдап жүргендерді байқамайды. Отряд командирінің бұйрығымен солдаттар бұқпантайлап келіп жақын  маңдағы  жартастардың басына екі пулемет қояды. Таң ата ел үдере тұрып, қозғала бастағанда  екі пулемет сақылдап сала береді. Қалтарысқа тығылып үлгермеген қарт, бала-шаға, қыз-келіншектерді, жылқыларды қарша бораған оқ баудай түсіріп көп адам өледі. Тастарды паналап үлгерген аз  жігіт атыса бастайды.  Пулеметтің оғы  Құндақбайға да тиіп, жеңіл жаралайды.  Құндақбай атысып отырып 10-15 жігітпен сытылып кетеді. Жау қаштылаған отряд бірен-саран тарс еткен мылтықтың үнін өшірем деп екілене түскенде тауда ортекеше орғып жүретін Құндақбай айналып, ту сырттарынан шығыпты. Мерген алыстан көздеп, екі пулеметшіні бір-бір оқпен жер жастандырады. Мылтық қайдан атылғанын түсінбей орнынан көтерілген комотряд та мұрттай ұшады.  Осыдан кейін мерген пулеметке ұмтылған солдаттарды жалғыз оққа жалындырып, маңына жолатпайды. Оқбүркер қарудан бір, командирден екі айырылып есі шыққан ротаны Құндақбайдың жігіттері қырып салып, қызылдардың азы ғана қашып құтылады. Ал Құндақбайлар құдай сақтап тірі қалған, жараланған адамдарын тездетіп жинап, Қытайға қарай жүреді. Өлген адамдарды көмуге де мұрсаттары болмайды.

Түлкілі басындағы қырғынды қоғалылық  қазақтар естіп, үш-төрт күннен кейін өліп жатқан  марқұмдарды сол маңға таспен бастырып, жерлейді. Ал сол қанды оқиғадан кейін бұл жер «Кісіқырылған» аталып кетіпті».

Түлкілі шайқасындағы масқарасын  жасырмақ болған чекистер жоғарыға тағы да «Құндақбай бандының көзін жойдық» деп есеп береді. «Күреңбел қасіретіне» бұл шайқас кірмепті. Авторы: «Естідім. Бірақ, нақты деректер таба алмадым. Түлкілісайда 1960 жылдары да адам сүйектері шашылып жатқан екен», –  дейді. Ол көмусіз қалған байғұс қазақтың сүйегі ме, Құндақбай жусатып салған солдаттардың сүйегі ме? Өлкетанушылар зерттеп, анықтайтын бір түйткіл осы.

Большевиктер жазбасы бойынша Құндақбай большевиктер оғынан қаза тапқан. Бірде қызыл әскердің операциясы сәтті болып, Құндақбай сарбаздарымен қоршауға түседі. Бір-екі адамның құтылып кеткені  болмаса банды түгел  қырылады… «Комотряд, снабженный подробными сведениями о расторжении главных сил бандитов, вскоре провел успешную операцию. Многие бандиты сдались. Кундакбай с наиболее верными своими приспешниками ушел к границе, но там, в районе Дубуна, был окружен заранее предупрежденными пограничниками и разгромлен. Только нескольким бандитам удалось вырваться из окружения. Сам Кундакбай был убит».  («Ответный удар», 1980 жыл).

Мергеннің қаза тапқаны жайлы әңгіме ел арасында да бар. Құндақбай расымен қоршауға түседі. Тек «бандиттердің» бәрі беріле салмаған. Қарттардың айтуынша, жігіттерді бұл жолы да Құндақбайдың мергендігі құтқарады. Ол екі серігімен жартасқа бекініп, қараң еткенді қағып түсіп, солдаттарға бас көтертпейді. Осыны пайдаланып сарбаздары сытылып кетеді. Оғы таусылғанша атысқан мерген сол жартастың басында сан жарадан жантәсілім етеді. Көрдіңіз бе, халық батырдың рас-өтірігі белгісіз өлімін де өр аңызға айналдырған!

Ел ішінде Құндақбай тірі кеткен, 60-жылдары бері қайтқан қандастармен бірге оралып, бөтен аты-жөнмен Кербұлақ ауданындағы «Амангелді» совхозында тұрып, қартайып көз жұмған деген де әңгіме бар.  Құрманбай Еспенбетов осы аңыздардың бәрін жоққа шығарып отыр. Ол кісі: «Құндақбай Құлжаға аман-есен жеткен, 40-жылдардағы Қытайдағы ұлт-азаттық соғысына қатысқан. Сол жақта қайтыс болған. Мұны арғы беттен оралған азамат, «Күреңбел қасіреті» кейіпкерлерінің бірі қарақалпақ Ермұраттың баласы Ақантайдың аузынан естіген адамдар бар. Ақантай арғы бетте батырдың сенімді серігі болған», – дейді. Сол Ақантай Ермұратұлының айтуынша, Құндақбай қалың қытайдың да жүрегін шайлықтырып, арғы бетте де аңызға айналыпты. Ол былай болған екен: ұлт-азаттық соғыста Құндақбай өзіне ұзақ уақыт адал дос әрі аудармашы болған Үйсінді (Ю-сунь) түн ортасында  қытай сарбаздарының қосынына жіберіп, мылтықтарының оқатарын (боек) бүлдіртеді.  Содан кейін өзі сол әскердің ортасына сап ете қалады. Мылтығын көлденең ұстап еркін  келе жатқан қазақты көрген қытай солдаттары қаруларына жармасып, ата бастайды. Бірақ сан мылтықтың бірінен тырс еткен дыбыс шықпайды. Құндақбай болса жалғыз мылтықпен сес көрсетіп, қалың қытайды отырғызып кетіпті. Содан кейін қытайлар арасында мылтық оғы дарымайтын көкжалдай киелі, көзінің оты бар  батыр туралы аңыз тарапты.

Міне, бары осы. Қолдағы кітаптарда, тарихи жазбаларда Құндақбай Төлендіұлы жайлы мәлімет өте аз. Жеке зерттеп жүрген өлкетанушылар, тарихшылар болса тапқан құжаттарын жариялап, даланың батыр ұлы жайлы елге білдіре түссе ғажап болар еді. Ал, әзірге ол – ақиқатынан аңызы басым тұлға. 95 жыл дегенде Кейкінің кетпенмен шабылған басына қолымыз жетті-ау, әйтеуір, ал Құндақбайдың сүйегі қайда қалды? Шатқалда қаза тапса қай тұсқа қаны тамды, Қытайда көз жұмса моласы қайда? Ата-әкелеріміз есімін құлағымызға сыбырлап айтқан батыр есімін ұрпағымыз  біліп жүруі үшін оған неге бір ескерткіш қоймаймыз немесе көше атын беріп, дәріптемейміз? Әлде қазақ тәуелсіз болғалы ширек ғасыр өтсе де Құндақбай «банды» болып қала бере ме?

Барлық оқиға осы Жетісу жерінде болғандықтан Құндақбайға қатысты тарихтағы жағымды-жағымсыз кейіпкерлердің бәрінің ұрпақтары  осы жерде өскен, өнген. Сондықтан, пікір де, көзқарас та әртүрлі болуы заңдылық. Бірақ «Әке үшін бала жауап бермейді» дегенді қаперде ұстап, бір нәрсені ескеру керек.  Кеңес үкіметіне қарсы соғыстардың Жетісуда да болғаны, оның қол-басшылары, сардарлары, даңқты сарбаздары да болғаны – ақиқат.  Біз солардың ең атақтысы, талай аштың аузына су тамызып аман алып қалған,  мекенін қорғаған көкжалдай желке күжірейтіп, күн-түн тынбай жортып, талай ауылды қорлық-зорлықтан құтқарған Құндақбайды да жете тани алмай жатырмыз.

С. Сейфуллиннің шығармасындағы Кудряков деген жалғыз кулакты Абдолла Қарсақбаев ағамыздың «Даладағы қуғын» фильмінде қалың әскер ерткен дала батыры Құдіреге айналдыруында бір сыр бар-ау… Тау шатқалы арқылы Қытайға өтіп қайтып оралу, екі пулемет секілді детальдар Жетісуды меңзейді-ау, Құдіре Құндақбайдың прототипі емес пе екен деп ойлаймын кейде…  Әлде бұл режиссердің Құлан Кейкіге сомдаған ескерткіші ме екен, әлде  маңғыстаулық Құрмаш мергенді ел ұмытпасын  дегені… Әлде біз әлі білмейтін мың Құндақбай-Кейкі-Құрмаш-Ораздардың бәрінің рухына бір туынды арнады режиссер ағамыз…

Саясат мұрнынан жетелеген қызыл хамиттердің дәуірі өткелі қашан, ал біз  Кеңес заманында  Абдолла ағамыз экраннан әлемге айтқызған «Еркін даланың батыры» деген сөзді қайталауға қаймығамыз!  Хамитке «Мен қазақ деген ел болғым келеді!», – деуші ме еді Құдіре?..

Серік Әбікенұлы,

журналист.

zhetysu-gazeti.kz