Kerey.kz/Керей.кз » Қазақ хандығына 550 жыл
БҰЛАНТЫ-АҢЫРАҚАЙ ШАЙҚАСТАРЫ: ЖАЛҒАНЫ МЕН ШЫНДЫҒЫ
СӨЗ БАСЫ
«Совет өкіметі тұсында қазақ тарихы бұрмаланып, теріс түсінік берілді» деген сөз жиі айтылады қазір. Басылым беттерінде болсын, тарихшылардың бас қосқан жиындарында болсын. Жалғаны жоқ, анық еді. Куәміз, 70-жылдардағы қазақ тарихы оқулығының қалыңдығы пышақтың қырындай ғана-тын. Оның өзі мардымды оқытылмады. Бұл шежіреміздің отар кездегі күйі еді…
Ал қазіргі тарихымыз бұрынғыдан да бетер сорақы жағдайға түсті. Білім мен ғылымға көңіл бөлудің орнына бүгінгі қазақ ру-тайпа ұймасынан шыға алмай жүр. Осы күні әркім өз аталасының немесе бабасының би болғанын, жырау не батыр болғанын ойдан шығарған жалған деректерімен үздіксіз насихаттап, кейін оған сан миллиондаған қаржы шашып, кітап шығару, ас беріп, кесене, ескерткіш орнату сықылды т.б. берекесіз істің соңына түскен.
Өкінішке қарай, жағымсыз бұл әрекеттерге ауыз бірлік танытып, қарсы тұрар қазақ көрінбейді әзірге. Керісінше, бірен-саран сын айтқандарды құдіреті жетсе алты қырдан асырып, қуып тастағысы-ақ келеді…
«Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» дейді қазақ.  Демек, қателесу, жаңсақтасу – әр пендеге тән нәрсе екен.
Айтпағымыз, тарихымыздың бұрмалануы – тек отарлық саясатқа байланысты емес-ті, халық ілтипатына іліккен, зор құрметіне бөленген тұлғалардың да кейбір жаңсақ пайымдары, қате түсініктері де себеп болды…
Тарих трайбалистердің немесе атағы зорлардың басыбайлы меншігі емес. Олар қалай айтса, қалай жазса, солай қабылдануы керек деген. Ақиқатты бұлай кіріптар қылу –  адамдық қасиетті жоғалту, екіжүзділік. Кейінгілерге теріс өнеге.
Ел назарына ұсынбақ пікіріміз «XVIII ғасырдың бірінші жартысында болды» делінетін Бұланты (Білеуті), Аңырақай шайқастарына қатысты орын алған бұрмалаушылықтар, қисынсыз жайттар жайында.
ДИВАЕВ ЖЕТКІЗГЕН АҢЫЗДЫҢ МАЗМҰНЫ
Бұланты (Білеуті), Аңырақай шайқастары турасындағы «көзге жас келтіріп», «жан тебірентіп» айтылатын осы күнгі түрлі хикаяларға этнограф Ә. Диваевтың ел аузынан жазып алған, кейін «Перовскій уездъ – зданіе Кокъ-Кесене»  деген тақырыппен жария болған шағын аңызы негіз етілген.
Бұл ел әңгімесінің шығу тарихына себеп болған жайт дереккөзде былай деп таңбаланған: «Зданіе Кокъ-кесене. Сведенія о надгробномъ мавзолев «Кок-кесене» имется в Протоколахъ Туркест. Кружка за 1899-1900 г. стр. 12 ст. В. Каллаура. Этот памятникъ находится въ 5 в. къ северу от ст. Тюмень-Арыкъ, Перовскаго уезда и въ 8 верстахъ къ югу Саганака (Сунакъ-Ата)… Несколько леть спустя А. Диваевъ, заинтересованный статей В.А. Каллаура о «Развалинихъ мавзолея Кокъ-Кесене», написал следущія, помещ. въ Прилож. къ. Проток. Турк. Кр. люб. арх. за 1905 стр. 40-42» (Қараңыз: Древности Киргизской степи и Оренбургскаго края. Составилъ И.А. Кастенье. Типо-лит. Т-ва «Каримовъ, Хусиновъ и «К-о» въ Оренбурге. 1910. Стр. 187-188).
Сыр бойы қазақтарының айтуымен қағазға түзілген аңыздың мазмұны мынадай: Ақкесене және Көккесене өңірлерін үш жүз жылдан астам бұрын Уса мен Зирен деген қалмақтар билеген екен. Олар Сырдарияның сағасы мен Қарықтыдан (Арал теңізі) төмен, Сары Үйшік пен Үйшік маңына қоныстаныпты. Аңыз әңгімелерге қарағанда, ол кезде қазақтардың көпшілігі қалмақтарға бағынып тұрған. Аз ғана бөлігі бұдан төменірек, Кіші жүз қазақтарының арасын мекендеген. Олар Адай, Беріш және Аспан-Бозғұл болып бөлінген, басшысы Тайлақ деген батыр екен. Одан соң Ошақты руының қазақтары Перовск уезін, Ұлытауды, Кішітауды мекендеген.
Ошақтының Тасжүрек бөлімінен шыққан Саңрық деген батыр бопты, Тайлақ батырға шешесі жағынан туыс екен.
Саңрық отыз бес жасында Тайлақтан шақырту алып, кеңеске қатысады, онда қалмақтардан құтылу мәселесі сөз болады.
Кеңестің ұйғарымымен Тайлақ пен Саңрық қасына лайықты, қайсар адамдарды жинап, қалмаққа қарсы аттанады. Соғыс үш жылға созылып, ақырында қалмақтар Білеуті-Бұлантыға қарай қашады. Қазақтар Қарасиыр деген жерде жеңіске жетеді. Осы себептен «Қалмақ қырылған» аталып кеткен.
Одан әрі аңыздың айтуынша, жаудың Қарасиырда жеңілгені туралы хабар үш Алаштың  ұлына жетеді. Осыдан кейін бүкіл қазақ бірігіп, қалмақтарды қуып шығуға бел буады. Түркістанды босатқанға шейін шайқас тағы да үш-төрт жылға созылған.
Осы екінші кезектегі соғыста қалмақтар Итішпес көлінде және Итішпестің Алакөл жағында, Арал теңізінің солтүстігіндегі тауларда толық жеңіліс табады. Шайқастың соңғы болған жері «Аңырақай» деп аталған» (Қараңыз: Древности Киргизской степи и Оренбургскаго края. Составилъ И.А. Кастенье. Типо-лит. Т-ва «Каримовъ, Хусиновъ и «К-о» въ Оренбурге. 1910. Стр. 188-189).
Куә боп отырмыз, Ә. Диваевтың Сыр бойында ел аузынан жазып алған «Қалмақ қырылған», «Аңырақай» атауларын иеленген жерлерге байланысты аңыз әңгімесінде есімдері аталатын батырлар – Саңрық пен Тайлақ қана. Рулардан – Адай, Беріш, Аспан мен Бозғұл.
М. ТЫНЫШПАЕВТЫҢ ПАЙЫМДАРЫ МЕН ЖОРАМАЛДАРЫ ХАҚЫНДА
Бұланты (Білеуті), Аңырақай шайқастары жайлы мәліметтер ұсынып, өз болжамдарын баяндап кеткен тұлғаның тағы бірі – қазақтың ардагер ұлы, теміржол инженері М. Тынышпаев (1879-1937). Ол 1927 жылы жазған «Актабан-Шубырынды. Великие бедстия и великие победы казаков» аталатын мақаласында Бұланты (Білеуті), Аңырақай шайқастары жайлы айтпақ ойына А. Диваевтың ел аузынан естіген жаңағы Көк кесене жайындағы аңызын тірек қылған.
М. Тынышпаев бүй дейді: «Предание об анракайских победах сохранилос и у казаков Пишпекского и Алматинского уездов; но Анракай находится не там, где указывает А. Диваев, а в 120 верстах на юго-восток от южной оконечности оз. Балхаш, известной у казаков под именем «Ит-ишпес Алакуль» (Озеро Ала-Куль, воду которого не станет пить даже собака, т.е Сункайты (на карте речка «Суу-қайтын»), Аксуексай (лог «Белый коста») и известная гора Хан-тау; на этих горах находятся урочища «Улькен Орда конган» и «Киши Орда конган» (место стоянки, или ставки Старшего хана и Младшего хана).
Других преданий, касающихся этого периода, у нас нет. Но тут на помощ идет географи с характерными названиями урочищ. У кочевников, особенно у казаков и киргизов, есть прекрасная черта – давать урочищим названи по крупным событиям, когда-либо там совершившимся. Первым таким пунктом является неболшая горка  «Ордабасы» (на карте искаженная в «Урба-бас») в 5 верстах от ст. Бадам и в 30 верстах на запад от Чимкента. …Дальней след прохождения на восток казахских войск мы видим в названии лога Абуль-хайр, против пос. Подгорное» (Қараңыз: Тынышпаев М.  Великие бедствие… (Актабан-Шубырынды). – Алма-Ата: Жалын,1991. Стр. 144-146).
Ә. Диваев жеткізген аңыз әңгімені Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі жер-су атауларымен осылай тоғыстырып, толықтырған.
Бірақ М. Тынышпаев айтып кеткен пікірлердің шүбәлі тұстары да баршылық. Солардың түбін індетіп, ақиқатына жетейік.
Бір де бір дереккөзде ұшыраспайтын «Бұланты шайқасы 1726 жылы болды» деген мәліметті алғаш ұсынушы – М. Тынышпаев екен. Қолындағы еңбектерде баяндалған жайттарды, жер-су атауларына байланысты туған ойларын қорыта келіп, мынадай жорамалға келген: «Таким образом, можно считать установленными, что первые победные наступления казаков относятся к 1726 году или немного позже (1727 год)…» (Қараңыз:Тынышпаев М.  Великие бедствие… (Актабан-Шубырынды). – Алма-Ата: Жалын,1991. Стр. 149).
Міне, тікелей куә боп отырмыз, аңыз әңгімедегі Бұланты (Білеуті) өзені бойында, Аңырақайда болды делінетін шайқастардың мерзімі нақты айғақтар бойынша негізделмеген, М. Тынышпаевтың «Таким образом, можно считать установленными…» деген сөзі ұсынып отырған бұл мәліметінің анық емес екенін толық дәлелдеп тұр. Ол «Великие бедствие…» атты еңбегінде  «Ақтабан шұбырындыны»  «1723 жылы болды» деп тұжырымдаған. Осы пікірін аңыздағы «соғыс үш жылға созылды» деген сөзге негіз етіп, өз шамалауымен жорамал жасаған. Тәптіштеп айтсақ, 1723 жылға үш жылды қосып, «Бұланты шайқасы 1726 жылы өткен» деген деректі ұсынған.
Ақиқатында анық мәліметтер жоңғар шапқыншылығы мерзімі турасында М. Тынышпаев айтқан болжамды жоққа шығарады. Кейінгі тарихшылар оның жаңсақ пайымына сүйеніп, адасып жүр. Бұл жайындағы дәлелдерімізді басылым бетіне жариялаған ек (Қараңыз: Кәртен Б. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы 1723 жылы емес, 1722 жылы болған.// Республикалық «Түркістан» газеті, №42 (1522), 20 қазан, 2023 жыл).
Енді екіншісіне көшейік. «Бұланты (Білеуті), Аңырақай шайқастарында үш жүздің біріккен әскеріне Әбілқайыр басқолбасшы болды» делінетін дерек те М. Тынышпаевтың жазбасынан басқа ешбір құжатта кездеспейді. Былай дейді Мұхамеджан атамыз бұл жөнінде: «В освободительной войне 1725-1726 годов алчыны сыграли выдающуюся роль; это видно из того, что главнокомандующим всеми киргизскими силами был избран их хан, престарелый Абулхаир (астын сыздық.-Б.К.) (Қараңыз: Тынышпаев М.  Великие бедствие… (Актабан-Шубырынды). – Алма-Ата: Жалын, 1991. Стр. 37).
М. Тынышпаев бұл тұжырымын поручик Я. Гавердовскиийдің «Дневные записки в степи Киргиз-кайсакской в 1803-м и 1804-м гг.» атты еңбегіндегі 1710 жылы өткен Қарақұм жиыны жайындағы деректен «По окончании присяги совершалось общее богомоление, и разделено было жертвенное брашно, приготовленного из белого коня. …Орды избрали в сие время султана Абулхаира, как старшего сына из фамилии ханской, а Буканбая благодарный народ провозгласил своим предводителем» деген жолдарды А. Левшиннің бөліп алып, «Хан Абульхайр избран главным предводителем, и белый конь, принесенный по обычаю народному в жертву, был принят залогом будущего успеха» (астын сыздық.-Б.К.) деп өзгертіп, басқа бір деректерге еш себепсіз бұрмалап жалғаған бір ауыз сөзіне сүйеніп жасаған (Қараңыз: Левшин А. И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей (под общей редакцией академика М. К. Козыбаева). – Алматы, «Санат», 1996. Стр. 167-168).
Бұрында да айтқан ек. Бейхабар қалған қарындас болса біле жүрсін, сол пікірімізді қайыра ұсынайық.
А. Левшин өзінің үш томдығында Ресей империясының архивінде сақтаулы тұрған, өзінен бұрынғы «Книга Большему чертежу или древняя карта» (1627) аталатын еңбектегі, сондай-ақ, Унковскийдің (1722-1724), Палластың (1768-1774), Рычковтың (1771), Гавердовскийдің (1803-1804), Мейендорфтың (1820-1821), тағы басқалардың жазбаларындағы деректерді емін-еркін пайдаланған. Соларды мазмұндап шыққан. Бұл – аталған адамдардың кітаптарын А. Левшин түзген томдармен бастан аяқ салыстырып, мұқият сүзіп шыққанда көз жеткізген бұлтартпас шындық.
Vostlit.info сайтында жарияланған «Рукописное наследие поручика Я. П. Гавердовского по истории, географии и этнографии Казахской степи» атты мақаласында И. Ерофеева да ап-анық қып былай деп айтқан:«Несмотря на то, что его монография не была опубликована, благодаря изданию Г. И. Спасским небольших отрывков из нее в журнале «Сибирский вестник» она стала известна в 20-х гг. XIX в. (ч. 3. Спб., 1823., с. 43-60) крупному российскому исследователю истории и этнографии казахов А. И. Левшину (1797-1879), который основательно использовал оригинальные материалы Я. П. Гавердовского во многих разделах своего трехтомного труда «Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей» (ч. 1-3. Спб., 1823.), но согласно еще неизжитой тогда архаичной традиции в российской историографии – без конкретных ссылок на авторство своего полузабытого предшественника» (астын сыздық.-Б.К.).
Сонымен «Бұланты (Білеуті) мен Аңырақай шайқасында үш жүздің біріккен әскеріне Әбілқайыр басқолбасшы болды» делінетін дәйексіз дерекке әуелі негіз болған – жоғарыда біз ашып көрсеткен А. Левшиннің бұрмалаған сөзі.
Күмәнді үшінші жайтты баяндайық. Әлгіндегі «В освободительной войне 1725-1726 годов алчыны сыграли выдающуюся роль; это видно из того, что главнокомандующим всеми киргизскими силами был избран их хан, престарелый Абулхаир» деген пікірінен кейін М. Тынышпаев сөзін былай деп жалғастырған: «Но в разгар победоносного шествия в сердце Джунгарии киргизские ханы рассорились до того,  что  Абулхаир  во  главе  своей  Младшей Орды и Самеке с кыпчаками, найманами и частью аргынов ушли к русской границе и там приняли русское подданство» (Қараңыз: Тынышпаев М.  Великие бедствие… (Актабан-Шубырынды). – Алма-Ата: Жалын, 1991. Стр. 37).
Мұнан соң бұның себебін ол бүй деп көрсетеді: «…что после анракайской победы Болат-хан умер (астын сыздық.-Б.К.) и на его место надлежал выбрать Старшего Хана. Претенденов было три: первый – хан Младшей Орды Абул-хайр… второй – брат Болата Шахмухамед (Самке), …третий – сын Болата, молодой Абульмамбет. Выбор, по-видимому, не абсолютного большинста пал на Абульмамбета. Такой обиды не мог стерпеть старик Абуль-хайр…» (Қараңыз: Тынышпаев М.  Великие бедствие… (Актабан-Шубырынды). – Алма-Ата: Жалын, 1991. Стр. 148).
Кейінгі жазушылардың, қазақ тарихшыларының «Өркөкірек Әбілқайыр хандық таққа таласып, қолдау таппағасын соғысты жалғастырмай өкпелеп кетіп қалды» деп бірінен бірі көшіріп ап, кінәлап, қаралап, жалаулатып жүргендері де – М. Тынышпаевтың осы сөзі.
Еске сала кетейік, Әбілқайыр ханның туған жылы бір мәліметте «1680» деп көрсетілсе, басқа бір деректе «1693» делінген. Олай болса, М. Тынышпаевтың «…что главнокомандующим всеми киргизскими силами был избран их хан, престарелый Абулхаир», «Такой обиды не мог стерпеть старик Абуль-хайр…» деп отырған Әбілқайыры 1726 жылы 33 не 46 жаста. Анығы бұл кезде ол қарт кісі емес.
А. Левшин кітабына Болат ханның ата тегін таратқан шежірені енгізіп, бүй деген: «О Пулата, сын Тявки-хана и отце Абульмагамета, показанным в таблице, не могли мы собрать никаких сведений, вероятно, потому, что он ничем себя не прославил» (Қараңыз: Левшин А. И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей (под общей редакцией академика М. К. Козыбаева). – Алматы, «Санат», 1996. Стр. 165).
Өзінен бұрынғы саяхатшылардың, Қазақ ордасына жасалған экспедициялардың қағазға түсірген жазбаларымен жақсы таныс, архив құжаттарымен жұмыс істеген А. Левшин осылай деп отырғанда сонда М. Тынышпаев Болат ханның Аңырақай шайқасынан кейін өлгені, оның орнына талас болғаны жайлы жаңағы өзі айтқан мәліметтерді қайдан алған?!
Левшиннің жоғарыда сілтеме жасалынған «Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей» атты кітабы 1996 жылы қайта жарық көрген. Осы нұсқасында: «Болат (Пулат), хан Среднего жуза (ок. 1718-1923), сын хана Тауке», – делінген. Бұл Тынышпаевтың мәліметіне қайшы боп тұр (Қараңыз: Левшин А. И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей (под общей редакцией академика М. К. Козыбаева). – Алматы, «Санат», 1996. Стр. 601). Айта кетейік, түсініктемелері мен есімдер көрсеткішін жазғандардың бірі – әлгі Ерофеева екен.
Айтпағымыз, бұның да нақты дереккөзі көрсетілмеген. Сенімсіз.
Патша өкіметіне жолданып, архивтерде сақталынған хаттарда, сондай-ақ, XVIII ғасырда орыс шенеуніктерінің Қазақ ордасы туралы қағазға түсірген жазбаларында Тәукенің, Қайыптың, Әбілқайырдың, Сәмекенің, Есімнің, Барақтың, басқа да сұлтан-батырлардың, тіпті жәй адамдардың да есімдері тайға таңба басқандай таңбаланған. Ал хан бола тұрып Болат бір де бір рет ауызға алынбаған. Елеусіздеу болса да. Мүлде ескерусіз қалған.
Баяндап өткен осы жайттар М. Тынышпаевтың әлгіндегі пікірлерінің көп жағдайда дәйексіз екенін көрсетеді. Сондай-ақ, оның: «Еще не умолкли народные ликования по поводу анракайской победы и победные трифумы Абулхайра, Барака, Абульмамбета, гонца Аблая, уже затмившего всех остальных выдающейся храбростью, и целой плеяды народных героиов-батыров…», – дегені де жәй өз долбары (Қараңыз: Тынышпаев М.  Великие бедствие… (Актабан-Шубырынды). – Алма-Ата: Жалын, 1991. Стр. 147).
Ақиқатқа тоқтасақ, Бұланты (Білеуті) мен Аңырақайда өткен қазақ-жоңғар соғысы турасындағы, оған Әбілқайырдың, Барақтың, Әбілмәмбеттің, Абылайдың, т.б. қатысқандары жайындағы мәліметтер пікір өзегі боп отырған аңыз әңгімеде де, XVIII ғасыр оқиғаларын қамтитын архив құжаттарында да жоқ. Түзілмеген. Ескі замандағы, анықтап айтқанда, XIX ғасырдағы зерттеушілердің біреуі де, тіпті қазақ тарихшылары пір тұтатын А. Левшин де өз еңбектерінде бұл туралы тіс жармаған.
ЕЛ ӘҢГІМЕСІ МАЗМҰНЫНЫҢ САН ТҮРЛЕНІП, ӨЗГЕРУІ
Ел ішінен Ә. Диваев жазып алған «Бұланты (Білеуті) мен Аңырақайда өтті» делінетін соғысқа қатысты халық аңызын негіз етіп, теміржол инженері Мұхаметжан ата Тынышпевтың Жетісу өңірдегі жер-су атауларына жасаған өзіндік тұжырымдарын, сонымен қатар оның кейбір дәйексіз жорамалдарын әр рудан шыққан осы заманымыздың белсенді пысықайлары мен көтерем тарихшылары өздерінің ойдан жамап-жасқаған, күмәнге толы әңгімелерімен одан әрі толықтырған.
Солардың бірі – Ерофеева. Ол «Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик» (1999), «Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675-1821 гг.» (1-том, 2014), «Рыцарь звания чести, Казахский батыр Бокенбай Карабатырулы» (2017) (бұл 2018 жылы «Ар-намыстың Ақтаңгері қазақ батыры Бөкенбай Қарабатырұлы» деген атаумен қазақшаға аударылған) атты кітаптарында архивтік деректерді, тарихтағы белгілі оқиғаларды әдеп шеңберін аттап өтіп, өрескел бұрмалаған. Сол қиянаттарын «Бөкенбайдың батырлығы жалған деректерге құрылған» (07.02. 2025 жыл. Halyqline.kz), «Ерофееваның ғылымдағы бейбастақтығы» (20.04. 2025 жыл. Kerey.kz) деп аталатын мақалаларымызда нақты айғақтар келтіріп, жан-жақты ашып көрсеткенбіз-ді.
Мүлде еркінсініп кеткен Ерофеева М. Тынышпаевтың жорамалында келтірілген адамдардың қатарына Бұлқайырды қосып, «Хан Абулхаир полководец, правитель и политик» аталатын кітабында былай деп жазады: «С конца 1728 г. единое казахское ополчение во главе с ханом Абулхаиром развернуло энергичные наступательные действия против джунгаров… В борьбе за независимость своей страны крупными боевыми отрядам казахов командовали султаны Абулмамбет, Барак, Абылай, Булхаир и некоторые другие чингизиды» (Қараңыз: Ерофеева И. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. Научное издание. – Алматы, «Санат», 1999. Стр. 147).
Ерофеева мұнымен тоқталмаған, Диваев жеткізген аңызды, оған пікір білдіріп, өз байламын, жорамалын айтқан М. Тынышпаевтың сөздерін одан әрі түрлендіріп, былай дейді: «Наряду с ними, выдающуюся роль в организации всеобщей борьбы с джунгарской агрессией сыграли ряд видных представителей «черной кости», такие, как батыры Богенбай, и Есет из поколения жетыру Младшего жуза, Богенбай из рода канжигалы, его тезка (Богенбай) из рода шакшак аргын Среднего жуза, батыры Кабанбай, Жанибек, Отеген, Тайлак, Саурык, Малай сары и многие другие» (Қараңыз: Ерофеева И. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. Научное издание. – Алматы, «Санат», 1999. Стр. 147).
Ерофеева мұнан кейін тағы бір «еңбегінде» аталған аңызды былайша «жетілдіріп», толықтырған: «Жоңғарларға қарсы шабуылға шығу жорығының басынан аяғына дейін Бөкенбай батыр үш жүздің біріккен әскери күштерінің жоғары қолбасшысы Әбілқайырмен иық тірестіре жүріп күресті және оның тікелей тапсырмасы бойынша Ұлытаудың оңтүстік беткейі мен Бұланты өзенінің аңғарынан Шу-Іле аймағына дейінгі әртүрлі географиялық нүктелерде өте күрделі әскери операциялар атқарды» (Қараңыз: Ерофеева И.В. Ар-намыстың Ақтаңгері қазақ батыры Бөкенбай Қарабатырұлы. / Ауд. Мейірхан Ақдәулетұлы. – Алматы: Servise Press, 2018 жыл, 102-бет).
Ақиқатында, Табын Бөкенбайдың Бұланты (Білеуті), Аңырақай шайқастарына қатысқанын айғақтайтын ешқандай мәлімет жоқ. Бұл да – Ерофееваның ойдан шығарып қосқан өз өтірігі!
«АҢЫРАҚАЙ» СӨЗІ ШЫНЫМЕН АҢЫРАП ЖЫЛАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ МА?
Қаузап отырған мәселеге тікелей байланысы болғандықтан мына бір жайтқа да тоқтала кеткенді жөн көрдік. Аңызда былай делінген сөйлем бар: «Место последняго пункта боя было названо Анракай, т.е. местомъ стона и рыданій, потому, что здесь произошло поголовное истребленіе калмыковъ». (Аудармасы: Шайқастың соңғы нүктесі болып, қалмақтардың ыңырсып боздап, түгелдей қырылған жері «Аңырақай» деп аталады) (Қараңыз: Древности Киргизской степи и Оренбургскаго края. Составилъ И.А. Кастенье. Типо-лит. Т-ва «Каримовъ, Хусиновъ и «К-о» въ Оренбурге. 1910. Стр. 189).
Осындағы жер аты – «Аңырақай» сөзі әр түрлі ұғым береді екен. Бұған моңғол тілінде де дыбысталуы ұқсас «ангархай» деген атау бар, бұл жайында бүй делінген: «1. Саңылау, тесік, жарық: шалпы – еденнің саңылауы; 2. Аңырақ, аңқиған, ашылған; 3. Ауыс. аңқылдақ, ашық ауыз» (Қараңыз: Базылхан Б. Монгол – казах толь. – Өлгеий, 1984, 41-бет).
Ал қазақ тілінде басқаша мағынада: «Аңырақай. Желі көп, құмайт ашық жер» (Қараңыз: Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі./ Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008, 50-бет).
Басына қайғы түсіп, жылаған адамды қазақ «бозады» дейді, «аңырады» дейді. Немесе қимылдың, істің өткен шақ мәнін білдіретін есімшенің -ған жұрнағы жалғанған атаумен «аңыраған» деп айтады. Қалмақтардың соғыста жеңіліп, шынымен ыңырсып боздап, аңырап жылауына тікелей байланысты болса жердің аты мағынасы мүлде үйлеспейтін «аңырақай» сөзімен емес «аңыраған» деп аталуы тиіс-тұғын. Бірақ өңірдің өзіне тән географиялық сипатын, тұрақты климатын білдіретін «желі көп, құмайт ашық жер» деген түсініктегі «аңырақай» атауы берілген. Дұрысы – осы.
«Карта Туркестанскаго генералъ губернаторства Хивинскаго Бухарскаго и Коканскаго ханствъ съ пограничными частями Средней Азіи» аталатын картада (Составилъ Подполк. Люсилинъ) Аңырақай тауы көрсетілген. Солтүстік тұсында «Пески Тау-кумъ» (Баднакъ-кумъ)» деп таңбаланған жазу тұр (Қараңыз: 1-карта). Зер салып қарағанда, осы құмның тармағы бірі оңтүстік-батыс жақта, енді бірі шығыс бетте қарама-қарсы орналасқан Түлкіліқоңыр тауы мен Шөладыр тауының араларынан өтіп, Аңырақай тауының етек тұсына дейін сұғына еніп жатқаны байқалады. Таудан үздіксіз аңырай (гуілдеп, уілдеп) ескен желдің аталған биіктердің ортасындағы аңғарды қуалап соғатыны белгілі боп тұр сонда.
Сөзімізді «аңырақай» атауына көңіл бөліп, зерттеген тілші-ғалым Әбілбек Нұрмағамбетұлының пікірімен жалғайық, ол: «Аңырақай – бір зерттеуші мұны тау жотасының атауы десе, енді біреулері тау аралығындағы аңғар, шатқал деп ұғындырады. Біздің байқаумызша, тау аралығындағы үңгір, аңғар атауы деп байымдайтындардікі жөн сияқты. Мұны дәлелдеу үшін алысқа бармай-ақ, қырғыз тілінің сөздігіне жүгінсек те жеткілікті. К.К. Юдахин құрастырған «қырғызша-орысша сөздікте» «аңырақай» сөзінің мағынасы – «үлкен аңғар, кең шатқал» деп түсіндірілген…», – дейді (Қараңыз: Нұрмағамбетұлы Ә. Жер-судың аты – тарихтың хаты: Орта мектептің оқушыларына арналған. – Алматы: Балауса, 1994. 7-бет).
Ғалым айтқан еңбекпен танысып шықтық, онда былай делінген екен: «Аңырақай – что-либо имеющее вид большой расщелины; большое пустов пространство (напр. очень широкое ущелье)» (Қараңыз: Киргизско-русский словарь. В двух книгах. Около 40 000 слов. Сост. К.К. Юдахин. – Ф. : Главная редакция Киргизской Советской Энциклопедии. 1985. Стр. 60).
Ә. Нұрмағамбетұлы пікірін: «Ерекшелік тек сөз түбірі «аң»-ға қосылған жұрнақтарда ғана болып отыр. «Аңырақайда» ертедегі жұрнақ сақталған. Мұндай жұрнақ моңғол тілінде жиі кездеседі», – деп қорытындылайды (Қараңыз: Нұрмағамбетұлы Ә. Жер-судың аты – тарихтың хаты: Орта мектептің оқушыларына арналған. – Алматы: Балауса, 1994. 7-бет).
Қазақ топонимикасын алғаш зерттеушілердің бірі, ғалым Айтым Әбдірахманов та «аңырақай» есімінің түркі-моңғол тіліне ортақ түбірден шығуы ықтималдығын айтып, сараптау жүргізген, сол талдауын берейік, бүй дейді ол: «Сөздің (аңырақай-Б.К.) этимологиясын былай көрсетуге болады: аң (түбір) +ыр (зат есімнен етістік туғызатын жұрнақ) +а (көсемше жұрнағы) +қай (етістіктен зат есім жасайтын көне жұрнақ)… – дей келіп сөзін былай деп жалғастырады. – Ал енді сөз аяғындағы -қай (кей, ақай//екей) қосымшасы бір кезде түркі-монғол тілдеріне ортақ болған да, түркі тілдерінде бұл өлі жұрнаққа айналған (астын сыздық-Б.К.). Мәселен, бұл жұрнақтан түркі тілдерінде сол+ақай, оң+қай, күн+гей теріс+кей, дең+гей, төс+кей, сіл+е+кей, йме+кей, құба+қай, құда+ғай (әдеби тілде құда+ғи) т.б. сөздер жасалған. Бұл жұрнақ күн, төс, сіл, көме(й), құда сияқты зат есімдерге қосылуымен бірге, сол, оң, тең (дең), құба сияқты сын есімдерге де жалғанған. Ғай>ай жұрнағы арқылы етістіктен зат есім жасалу фактісі де жоқ емес, Хай (хэй, –хой) жұрнағының етістіктен және зат есімнен сын есім жасау қасиеті бурят тілінде сақталған…» (Қараңыз: Қазақ тіл білімінің антологиясы. Әбдірахманов А. Топономика жэне этимология. – Павлодар: С.Торайғыров атындагы Павлодар мемлекеттік университеті, 2010.  42-43-беттер).
Келтірілген дәлелдерді саралай келіп, аңыздағы «Место последняго пункта боя было названо Анракай, т.е. местомъ стона и рыданій, потому, что здесь произошло поголовное истребленіе калмыковъ» деген жолдар «аңырақайдың» мағынасын ашу үшін ескілікті әңгімеге жанынан қосып, өз пайымын баяндай кеткен ұлтыбашқұрт Ә. Диваевтың сәтсіз топшылауы деп тұжырымдаймыз.
Қысқа қайырғанда, аңыздағы «Шайқастың соңғы нүктесі болып, қалмақтардың ыңырсып боздап, түгелдей қырылған жері «Аңырақай» деп аталады» деген пікірдің қисыны жоқ!
«ҚАРАСИЫР», «БІЛЕУТІ» АТАУЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ БҰРМАЛАУЛАР
«Бұланты (Білеуті) шайқасы өтті» делінетін жер-судың аттарына қатысты өз ой-пікірлерін жазған кейбір тарихшылардың сөздері бір-біріне тіпті жанаспайды. Қарама-қайшы. Нақтылық жоқ. Диваев жеткізген аңыздағы жер атауын әрқайсысы өз долбарымен сан құбылтқан. Дәлелдер келтірейік.
Ернар Оразбек есімді тарихшы өзінің «Исторические топонимы Улытау в народный памяти: семантика, этимология, этиология» деген мақаласында былай деп жазады: «Вариант «Карасиыр / Қарасиыр» (где «сиыр» – «корова») вообще ошибочен, такового не существует. Вариант «Карасуир», в правильной форме – «Қарасуыр», существует, но не имеет отношения к интересующим нам объектам. «Қарасуыр» – так называется речка в бассейне реки Ащымиир / Ащымиір. Исток ее начинается с юго-западных отрогов Улытауских гор, с родниковых вод. На севере местности Карасуыр впадает слева в реку Ащымиир. Весной наблюдается максимум воды, подпитываемой тающими снегами и подпочвенными источниками; в апреле – половодье; летом мелеет, разбиваясь на плесы / қарасу. В верховьях реки, в ее долине расположены пресноводные колодцы, находятся жайлау / летовки. «Суыр» означает «сурок» (Қараңыз: «Бұланты шайқасы: Зерттеулер тарихы. Ғылыми-ақпараттық альбом / Халықаралық ғылыми-практикалық конференция мен 2010-2014 жылдары өткізілген «Бұланты» архео-этнографиялық экспедицияларының материалдары / Б. С. Қожахметов, Э. Р. Усманова, Л. Н. Плетникова, Л. А. Сембинованың редакциясымен. Ұлытау.: «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы, 2015 ж. 34-35 беттер).
Ал И. Ерофеева «Ландшафтно-геоморфологические факторы формирования наступательной стратегии и тактики казахов-кочевников в войне с джунгарами 1723-1730 гг.» атты мақаласында Е. Оразбектің жаңағы пікірімен келіспейді, былай депті: «Самое крупное поражение джунгары потерпели от казахского ополчения на территории Буланты-Белеуитты в урочище Карасиир, точнее – Карасире, (астын сыздық.-Б.К.) которое позднее получило у казахов название Калмаккырган – «Место гибели калмыков» (Қараңыз: «Бұланты шайқасы: Зерттеулер тарихы. Ғылыми-ақпараттық альбом / Халықаралық ғылыми-практикалық конференция мен 2010-2014 жылдары өткізілген «Бұланты» архео-этнографиялық экспедицияларының материалдары / Б. С. Қожахметов, Э. Р. Усманова, Л. Н. Плетникова, Л. А. Сембинованың редакциясымен. Ұлытау.: «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы, 2015 ж. Стр. 70).
Бірінің «Вариант «Карасиыр / Қарасиыр» (где «сиыр» – «корова») вообще ошибочен, такового не существует. Вариант «Карасуир», в правильной форме – «Қарасуыр…» деп себептерін жан-жақты ашып көрсетпей шорт кесіп, «Қарасиыр» атауын «қате» санауы, енді бірінің «Самое крупное поражение джунгары потерпели от казахского ополчения на территории Буланты-Белеуитты в урочище Карасиир, точнее – Карасире…» деп өз долбарымен «Қарасире» деп жөн-жосықсыз «түзетуі» – шала танымнан.
Жалпы жер-су атауларын зерттеуде нақтылыққа жету үшін тарихи лексикология мен жалпы тіл білімі салаларына сүйену шарт.
Ел әңгімесі ап-анық қып былай баяндаған: «Наконец калмыки бежали на Блауты-Буланты, понеся полный погромъ, при чемъ самый блистательный бой одержанъ киргизам и въ местности Кара-Сіиръ (астын сыздық.-Б.К.). Местност и по сіе время называется Калмак-Крылганъ (астын сыздық.-Б.К.) т.е. «гибелб калмыков» (Қараңыз: Древности Киргизской степи и Оренбургскаго края. Составилъ И.А. Кастенье. Типо-лит. Т-ва «Каримовъ, Хусиновъ и «К-о» въ Оренбурге. 1910. Стр. 188).
Міне, куә боп отырмыз, «қалмақтар жеңіліс тапқан Қарасиыр деген жер осы уақытқа дейін Қалмаққырылған аталып келеді» депті мәліметті беруші қазақтар. XX ғасырдың басында.
Әлі де сол атауы өшпеген. Куәлік берейік. «Атамекен» географиялық энциклопедиясында былай деп түзілген: «Ұлытау ауданы – Қарағанды облысының батыс бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлініс… Жер бедері негізінен аласа таулы ұсақ шоқылы болып келеді. …Ұлытаудан басталып оңтүстікке және батысқа қарай Қалмаққырылған, Қарасиыр (астын сыздық.-Б.К.), Байқоңыр, Жымықы, Жыңғылдыөзек, т.б. ұсақ өзендер ағады» (Қараңыз: Атамекен: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. 594-бет).
Аталған энциклопедияда тағы да былай таңбаланған: «Қарасиыр уран кен орны (астын сыздық.-Б.К.), Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қызыларай аулының солтүстігінде орналасқан… Кен орнына 1950-60 жылы Волхов геологиялық экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қарасиыр бұлағының (астын сыздық.-Б.К.) Дауылтас төбешігінен 100 метрдей үңгір қазылған…» (Қараңыз: Атамекен: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. 356-бет).
Тілші-ғалым Т. Жанұзақ та «Қарасиыр» атауының осы күні де сақталғанына куәлік беріп, өз ойын былай бөліседі: «Қарасиыр (Карасиыр) – ауыл, Ақтоғай ауданы; жер, бұрынғы Жезді ауданы. Атаудың екінші сыңарындағы сиыр сөзінің кәдімгі сиыр малына қатысы жоқ сияқты. Түркі, моңғол тілдерінде сай, сайр, чайтұлғаларында айтылып, «құрғаған өзен, сайдағы өзен, өзен» мағыналарын береді. …көне түркі, монғол тілдеріндегі сайр сөзі айтыла келе тіліміздің дыбыстық заңына сай сөзі сиыр тұлғасына айналып, тілімізде берік қалыптасқан. Сонда Қарасиыр атауы: «Құрғаған өзен, сайдағы үлкен өзен» мағынасында қойылған. Кейіннен бұл өзен жағасына орналасқан ауыл осы өзен атымен аталған» (Қараңыз: Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2008. 88-бет).
Нақтылап тексергенімізде «сай», «сайр» есімдері «құрғаған өзен, сайдағы үлкен өзен» ұғымын бермейді екен, ғалым жаңсақтасқан. Моңғол тілінде «сай – (өзен) арна малта тасы», «сайр – малта тас, голын сайр – өзеннің малта тасы» деген мағыналарда боп шықты (Қараңыз: Базылхан Б. Монгол – казах толь. – Өлгеий, 1984, 406-бет).
Қазақ-моңғол сөздігін басқа да құрастырушылар өз еңбектерінде «сайр – ұсақ қайрақ тас» деп көрсеткен (Қараңыз: Моңғолша-қазақша сөздік. Құрастырушылар С. Хабшей. Ә. Мініс. 10 000-ға жуық сөз. Моңғол Мемлекет Баспасы. Уланбатыр. – 1954 жыл, 148-бет).
«Топонимический словарь Горного Алтая» аталатын кітапта мынадай деректер ұсынылған: «Сары-Сеер (Сарыеер, Сары-сэр) г., мыс; между pp. Камга и Кокши, система Телецкого оз. Сары см. Сары-Ачык; алт. диал. Сеер – небольшое возвышение, кряжек; ср. монг. сээр – холм, гряда; основное значение – позвоночный хребет, позвонок Сары сеер – букв, желтое небольшое возвышение, кряжек» (Қараңыз: Молчанова О.Т. Топонимический словарь Горного Алтая. Горно-Алтайское отделение Алтайского книжного издательства. 1979. Стр. 286).
Еңбектің авторы О. Молчанованың куәландыруынша, «сеер» сөзі алтай диалектісінде «шағын биіктік», «жота» деген ұғымдарды білдірсе, моңғолшада да «төбе», «жота» мағыналарын береді екен.
Келтірілген бұл айғақтарды негіз етіп, мынадай екі түрлі жорамал жасауға болатын сияқты:
а) күллі түркі жұртының ортақ қолданысындағы түстің ерекшелігін білдіретін атау – «қара» сөзі мен алтай, моңғолдың «сеер» немесе «сээр» (төбе) есімдері біріктіріліп, көне дәуірде «қара төбе» деген ороним ұғымын білдірген, уақыт өте қазақ тілінің фонетикасына бейімделіп,  тілімізде «қара+сиыр» боп орныққан;
ә) «қара» сөзі мен «сайр» есімі біріктіріліп, бір замандарда «өзеннің қара малта тастары» немесе, «өзеннің қара қайрақ тастары» деген мағынаға ие болған, келе-келе дыбыстық өзгерістерге ұшырап, «қара+сиыр» атауы қалыптасқан.
Мына бір жайтқа да бұрыла кетейік осы тұста. «Қазақстан географиялық атауларының сөздігі» атты еңбекте: «Қалмаққырған (Білеуітті), Қалмаккырган (Белеутты) – өз., Жез. ауд», – деп түзілген (Қараңыз:Қазақстан географиялық атауларының сөздігі. Алматы: Ғылым. 1990. 161-бет).
Бұрынырақта жарық көрген осы сықылды еңбектерді пайдаланылғаны байқалады «Атамекен» географиялық энциклопедиясында да былай деп қайталанады: «Қалмаққырылған (Белеуітті, Білеу), Қалмаққырған – Шалқар алабындағы өзен». (Қараңыз: Атамекен: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. 320-бет).
Айтпағымыз, Қалмаққырған (Қалмаққырылған) мен Білеутіні бір өзен деп бұлай қарастыру – мүлде қате.
«Карта земель Оренбургскаго, Уральскаго и Башкирскаго казачихъ войскъ» аталатын картада бастауларын Ұлытау жақтан алып, батысқа бағытталып ағып жатқан бір-бірінен бөлек үш өзен көрсетілген. «Р. Улькенъ-эспе Р. Белеуты», «Р. Калмакъкырганъ» деп таңбаланған өзендердің ағысы орта тұстарында солтүстікке қарай иіліс жасап, бір арнаға тоғысады да соңында Шұбар теңізге құйылады. Ал үшіншісі «Р. Буланты» делінген, бұның да аяғы осында тіреледі (Қараңыз: 2-карта).
«Карта Среднеазіатскихъ владеній Россійской имперіи и прилежащихъ странъ» деп аталатын тағы бір картада жаңағы үш өзеннің бірі – «Р. Буланты» таңбаланған, ал ортадағы «Қалмаққырған» өзені (Калмакъкырганъ) «Р. Міюръ» деп өзгертілген. Мұның себебін картадағы «Исправлена по новейшимъ сведеніямъ Л.И. Бородовскимъ» деген жазудан ұғуға болады. Ал Белеутінің өз атауы сақталып, «Р. Улькенъ-эспе (Белеудты)» деп түзілген (Қараңыз: 3-карта).
Қолымызда Ресей империясы тұсында Қазақ даласының жер-су есімдері әр жылдары   түсірілген тағы бірнеше карта бар. «Қалмаққырылғанның» географиялық атауы кейін өзгеріске түскен кезде бұлардың біреуінде болмаса біреуінде жазылуы керек-тін «Қарасуыр» немесе «Қарасире» деп алмастырылып. Керісінше, «Р. Аще-Міюръ», Р. Туши-Міюръ», «Р. Міюръ» деп таңбаланған…
Енді «Білеуті» есіміне де тоқтала кетейік. Ғалым Г. Конкашпаев өз еңбегінде: «Белеуты» (Белеутты), ур. Гривистый», – депті (Қараңыз: Конкашпаев Г.К. Словарь казахских географических названий». – Алма-Ата:  Издательство Академии наук Казахской ССР. 1963. Стр. 31.).
«Урочище» – «тоғайлы сай-сала», «батпақты», ал «гривистый» сөзі – «жалды» деген ұғымдарды беретіні баршаға белгілі. Өзен төңірегіндегі жер бедері, көрініс негізге алынып, «белеуты» атауының мағынасы осылайша жорамалданған тәрізді.
«Белеуты» немесе «білеуті» сөздері әр жылдары жарыққа шыққан «Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктерінде» мүлде кездеспейді. Мұның анығына жету – біраз ізденісті қажет етті.
Ақыры мағынасын моңғол-қазақ сөздігінен ұшыраттық, онда бүй деп көрсетілген:
а) «Билүү. I. Білеу, қайрақ…»;
ә) «Билүүдэ-х. Қайрау, өткірлеу: хутга – пышақ қайрау…» (Қараңыз: Базылхан Б. Монгол-казах толь. Өлгий, 1984. 75-бет.)
Бұны одан әрі бекіте түсейік. «Большой современный русско-монгольский …» аталатын тағы бір сөздікте былай делінген:
а) «Точильщик. Билүүдэч»;
ә) «Точильный. Билүүн, гуранзан, билүүдэх…» (Қараңыз: Кручкин Ю. Большой современный русско-монгольский – монгольско-русский словарь = Орос-монгол – монгол-орос орчин үеийн хэлний дэлгэрэнгүй толь бичиг // Ю. Кручин. – М.: АСТ: Восток – Запад, 2006. Стр. 522.).
Мінекей, «билүүдэ-х» сөзі «қайрау, өткірлеу» деген түсінік берсе, «билүүдэч» орысша  «точильщик»(қайрақшы, шарықшы) деген ұғымды білдіреді екен. Бұлар уақыт өте қазақ тілінің фонетикасына икемделіп, «білеуті» боп орныққаны ап-анық байқалып тұр.
Пікірімізді «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіндегі» мына анықтамалар да дәлелдей түседі, былай дейді онда: «Білеу (көне). Ұзынша келген жұқа тасқайрақ» (Қараңыз: Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі./ Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008, 164-бет).
Қазақтың осы «білеу» деген атауы жоғарыда айғаққа тартқан моңғолдың  «билүү» сөзімен дыбысталуы жағынан өте жақын, ал мағынасы бірдей.
Білеуті өзенінің маңайында әрқилы пішініндегі тастардың  молдығын ешкім жоққа шығара алмайды. Олардың ыңғайлысын сол төңіректі ескі замандарда қоныс еткендердің күнделікті тіршіліктерінде қажеттеріне жаратып, балта, пышақ, т.б. қайрауға да пайдаланылғандарын бажайлау қиын емес. Мұны атаудың қазақша да, моңғолша да ұқсас мағыналары, фонетикалық бітімдері растап, бекітіп тұр.
«БҰЛАНТЫ ШАЙҚАСЫ: ЗЕРТТЕУЛЕР ТАРИХЫ» НЕ ДЕЙДІ?
Этнограф Әбубәкір Диваевтың Сыр бойында ел аузынан жазып алып, 1905 жылы «Перовскій уездъ – зданіе Кокъ-Кесене» деген тақырыппен жарық көрген шағын аңызы бойынша 2010-2014 жылдар аралығында «Бұланты» архео-этнографиялық экспедиция ұйымдастырылып, халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілген.
Бұл істерге халық әңгімесіне байланысты өз пікірін білдіріп, «Бұланты (Білеуті) шайқасы 1726-1727 жылдар шамасында болған» деген жорамалды ұсынушы М. Тынышпаевтың сөзі негіз етілгені белгілі. Енді осы тұрғыдан атқарылған жұмыстарға, табылған дәлел-деректерге тоқталайық.
«Бұланты шайқасы: Зерттеулер тарихы» деген еңбекке енген «Монгольские захоронения конца XIII – начала XIV вв. В Улытау» аталатын мақалада былай делінген: «Археологиялық қазба жұмысы нәтижесінде сүйек қаңқасымен қоса көмілген буддизмге қатысы бар құрал-жабдық табылды: ғұрыптық салттық қоңырау, буддалық символ бейнесіндегі тақта. Сонымен қатар темір және сүйек жебелерімен тоз қорамсақ табылды. Радиокарбондық даталау әдісі және жерлеу құрал-жабдық хронологиялық жағынан анықтау негізінде бұл жерлеу кешені 1260-1300 жылдар аралығында салынғаны белгілі болды» (астын сыздық.-Б.К.) (Қараңыз:«Бұланты шайқасы: Зерттеулер тарихы. Ғылыми-ақпараттық альбом / Халықаралық ғылыми-практикалық конференция мен 2010-2014 жылдары өткізілген «Бұланты» архео-этнографиялық экспедицияларының материалдары / Б. С. Қожахметов, Э. Р. Усманова, Л. Н. Плетникова, Л. А. Сембинованың редакциясымен. Ұлытау.: «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы, 2015 ж. 162-бет).
Осы Қарасуыр (аңызда Қарасиыр-Б.К.) мекенінен табылған қабірлердегі төрт адамның  антропологиясына былай деп тұжырым жасалған: ми сауытының барлық ендік өлшемінің ең үлкен мөлшерімен сипатталады, бет сүйектері жоғары, беттерінің жалпақтығы назомалярлық және зигомаксиллярлық деңгейде, мұрын сүйектері аздап шығыңқы дейді. Сарапталып зерттелген үш бас сүйек краниологиялық зерттеулердің қорытындысы бойынша Орталық Азиялық моңғол тектес нәсілге жатқызылған. Ал төртіншісінің бас сүйегі еуропеоидтік боп шыққан (Қараңыз: «Бұланты шайқасы: Зерттеулер тарихы. Ғылыми-ақпараттық альбом / Халықаралық ғылыми-практикалық конференция мен 2010-2014 жылдары өткізілген «Бұланты» архео-этнографиялық экспедицияларының материалдары / Б. С. Қожахметов, Э. Р. Усманова, Л. Н. Плетникова, Л. А. Сембинованың редакциясымен. Ұлытау.: «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы, 2015 ж. 173-бет).
Көлемі шағын аңызда айтылатын Бұланты (Білеуті) шайқасын тың деректермен толықтырып, шындыққа жету мақсатында қазба жұмыстарын жүргізген археологтар табылған осы мүрделермен ғана шектелген. Басқа деректер айтпайды. Зерттеуді былай деп қорытындылаған: «Историческая интрига погребального комплекса усопки Карасуыр (дұрысы Қарасиыр төбесі.-Б.К.). Результаты датирования погребального комплекса концом XIII века – началом XIV века позволяют рассматривать данный комплекс в свете исторических событий в Великой Степи. Раскопанные погребения не связаны с так называемой «Булантинской битвой» 1727 года»(астын сыздық.-Б.К.)  (Қараңыз: «Бұланты шайқасы: Зерттеулер тарихы. Ғылыми-ақпараттық альбом / Халықаралық ғылыми-практикалық конференция мен 2010-2014 жылдары өткізілген «Бұланты» архео-этнографиялық экспедицияларының материалдары / Б. С. Қожахметов, Э. Р. Усманова, Л. Н. Плетникова, Л. А. Сембинованың редакциясымен. Ұлытау.: «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы, 2015 ж. 167-бет).
Ә. Диваев жеткізген аңыздағы шайқастың Білеуті-Бұланты өзендері маңдарында өткені шын болса, соғыстың аты – соғыс екі жақтан да сандаған адамның өлгені еш шүбәсіз. Сонда сол төңіректегі топырақ астында сақталып, бұл оқиғадан жеті ғасыр алыс жатқан қаңқалар мен мата жұқаналары табылғанда кейін «Қалмақ қырылған» аталып кеткен Қарасиырда, 1726-1727 жылдар шамасында қан майданда ажал құшқан адамдар сүйектерінің, сондағы қолданылған соғыс қарулары қалдықтарының бірен-саран болса да кезікпеуі – расымен дүдәмал ойға қалдырады…
Фольклортану ғылымының тұжырымдауынша, аңыз – халық ауыз әдебиетінің бір жанры. Ондағы оқиғалар өмірден алынғанмен, бірден-бірге жеткізушілердің жеке ой-толғамдарымен,  танымдарымен толықтырылып, көркем шығарма кейпіне айналып кеткен дейді.
Пікірімізге арқау қылған ел әңгімесі де бағзы заманда өткен, сұлбасы шала-пұла ғана сақталған, шындығы тым көмескі, болған мерзімі белгісіз, фольклорлық сипаты басым оқиғаға қатысты. Осы аңызды бейәдеп беріректегілердің шектен шығып, әсірелеп бұрмалағанын, сан құбылтқанын сөз ұғып, дәлелге тоқтайтын, қазірде саны аз қалған қарындасқа жан-жақты ашып көрсетіп отырмыз. Өзімізге парыз санап. Һәм кейінгі келер буын да жалған тарихтың соңынан еріп кетпесін, ақиқатқа байыппен қарасын деп сақтандырған ниет еді бұл.
Бөрібай КӘРТЕН,
Ақтөбе қаласы.
Тарбағатайдағы ұлт-азаттық күрес
(Осы тарихи оқиғаның  70 жылдығына арналады)
Қазақ жерінің шығысындағы Тарбағатай жеріде тарихтың тарғалаң жылдарыныда бөліске түсіп жарымы қазіргі Қытай жерінде қалғаны белгілі. Осы қасиетті топырақ ежелден атам қазақтың құтты қонысы болып келген еді, осы Тарбағатайдың арғы бетінде (1944-1962) жылдарға дейін түрлі тарихи, саяси оқиғалар болып жатты, ішінде ең көрнектісі 1944-1947 жылдар аралығында болған ұлт-азаттық күрестер еді.  Деседе осы күрестер болған қазақтың төрт аймағының екеуінде яғни Алтаймен Іледе болған ұлт-азаттық күрестері туралы көп айтылыпта жазылыпта келеді, деседе Тарбағатай жерінде болған күрестер айтылмай келеді, болған тарих тасада қалмау керек, ендеше Тарбағатайдағы оқиғалар қалай болды? Кімдер қозғалыс бастады? Соңы немен аяқталды? Осы сауалдарға тарихи деректермен сол оқиғаға қатысқан куагерлердің естеліктері , тарихи картиналар арқылы жауап беруді жөн көрдік.  Үйткені осы оқиғаларды тек Қытайдағы Тарбағатай қазақтарының тарихы деп қарауға болмайды, үйткені 1931-1962 жылдарға дейін арнайы тапсырмамен Тарбағатайға барған жүздеген Кеңестік қазақ азаматтары болды, 1955-1962 жылдары Тарбағатайдан 60 мыңнан астам қазақ бері көшті, олардың Қазақстандағы ұрпақтарының ұзын саныда 600 мыңнан әлде қайда асып кеткені белгілі, сонымен бірге Кеңестер одағы КГБ генералы Белияның Алматыда тұрып басшылық еткен «Шығыс Түркістан операциясы» қимылына 3000-10000 ға дейін Орта Азиялық қазақ, өзбек, қырғыз, ұйғыр, орыс, татар  әскерлері ат салысты. Тіпті осы қатарда Моңғолиядағы қазақтарда ат салысты.
Тарбағатай ежелден қазақ жері!
Тарбағатай жерін әуелде сақтар, онан ғұндар мен телелер(оғыздар), түріктер, түргештер, қарлықтар, наймандар, керейлер мекендеп келген.  Шыңғыс қағанның империясы орнаған кезде оның мұрагері Өгедай қағанның ордасыда осы тарлан Тарбағатайдың Еміл бойында болды, онан кейінгі қаған Күйік Сауыр тауын, Маңырақты жәйлаған. Бастысы Тарбағатай жерінің малға аса жәйлі болуымен байланысты екенінде гүмән жоқ! Кейінгі Моғолстан мемлекетініңде құрамына осы Тарбағатай мен Алтай, Іле,  Санжы(Бесбалық), Баркөл кірген. Ол туралы Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің әйгілі «Тарихи Рашиди» еңбегінде былай дейді: «Моғолстан шығыста қалмақ жерлерімен(ойраттармен) Баркөл,  Ертіс, Еміл арқылы шектеседі»- дейді. Моғолстанда  дені ұлы жүздің басты рулары (Дулат, қаңлы, жалайыр т.б ) мен орта жүзге тән кей рулар (керей, найман, меркіт, күрлеуіт) мекендеген.  Деседе осынау қасиетті мекенді  15-16 ғасырлардағы толассыз соғыстардан кейін ойраттар иелеп алды. Демек 1756 –жылы жоңғар мемлекеті құлағаннан кейін осы мекенге қазақтар ат басын бұрып жаппай орала бастаған. Абылай хан өзінің манчжур императорына жазған хатында: « Тарбағатай ежелден ата қонысымыз еді, оны біздерге қайтарып берсеңіздер екен»- деп анық айтқан. 1771 жылдан кейін қазақтардың көші арқылы осы жерлердегі ойраттар сан жағынан ырықсыз орынға түсіп кішігірім қақтығыстардан соң шығысқа қарай ығыса берген.  Алтай өңірі мен Сауыр тауына керейлер, Тарбағатайға наймандар, Ілеге ұлы жүз рулары орналасты.  1864-1883 жылдардағы Ресей мен Цинь империясы арасындағы шегара келісімдерінен кейін өзге аймақтар сияқты Тарбағатайда екіге бөлінді. Зайсан, Көкпекті, Катонқарағайды жәйлаған абақ керейлер дені Циньге қарасты жерлерге көшкен, олар 5000 нан астам түтін еді, олар Алтайға симайтын болғандықтан жаппай Тәңіртаудың Еренқабырға, Боғда тауларына, Баркөлге көшті, тағыбір бөлімі Тарбағатайдың Майлы, Жәйір, Барлық тауларына келіп қоныстанды. Іледегі елден 20000 қазақ Ресейге қарасты жерлерге көшкен(албан, суан рулары) соң олардан босап қалған жерлерге найманның қызай руы келіп орналасқан.  1883- жылы Шыңжаң провинция болып құрылдыда Тарбағатай оған қарасты бір аймақ болып қалдыда ондағы қазақтар саны 30 мыңнан асып төріт үкірдай(болыс) ел болды. Тарбағатай тауы маңындағы дөртуіл елі бір үкірдай, Орқашар тауын мекендеген байжігіт рулары бір үкірдай,  Барлық тауының батыс қапталын мекендеген мәнбеттер(байжігіттің бір руы) бір үкірдай, Майлы-Жәйірді мекендеген керейлер бір үкірдай, тағы Жәйірдің терістігінде 300 үйден аса уақтар екі зәңгі болды.
1897-жылғы Шәуешек базары.
1912-жылы Цинь империясы құлағаннан кейін қытай миллитаристерінің билігі орнады. 1933 жылдан бастап Тарбағатай жерінде аудандық үкіметтер орнап ауыл көлеміндей Дөрбілжін, Қобық, Шәуешек(18-ғасырдың ортасынан бері бар), Шағантоғай аудандары орнады. Ол кезде Шиху мен Сауан Үрімжі аймағына қараса Толы ауданы әлі құрылмаған болатын.
1883-1944 аралығында Тарбағатайдағы елде аса үлкен өзгеріс болмады, ел өсіп іргесі беки түсті. 1883 -жылмен салыстырғанда халық саны 3 еседей артты, оған тағы 1916-1933 жылдары кеңестік жүйедегі соғыс, ашаршылық, қуғын-сүргіннен ауған қазақтар қосылып 1944- жылы қазақ саны 100 мыңнан асты.
Тарбағатайдағы ұлыт-азаттық күрестің туындауы
1934-1944 жылдардағы Шыңжаңның дара билеушісі Шың Шысайдың озбыр саясаты бүкіл Шыңжаң халқын күйзеліске ұшыратты. 1931-1938 жылдары Баркөл өңіріндегі қазақтардың күресі болып оған, Моңғолия арқылы кеңестер одағыда әскер кіргізіп басып-жаншуға әшкере ат салысты, осының салдарынан әлемге әйгілі «Тибет асқан қазақ көші» трагедиясы басталды, Баркөлден ауған 20 мыңнан астам қазақтың жарымынан көбі қытай, дұңған әскерлерімен соғыста оққа ұшты немесе қырғандалды, біразы тибеттің ысынан қаза тапса, мыңнан аса адам Үндістандағы қапырық ыстық пен обадан көз жұмды. Осылардың арасында Тарбағатайдан Баркөлге барған Ділдәбай (найман терістаңбалы руынан 1883-жылы барған) мен Шақпақбай (1930 жылы барған, Шақпақбай уақ руынан, Зуқа батырды өте пір тұтқан адам, 1929 жылы Зуқа батыр қастандықпен өлтірілгеннен кейін үміт үзіп Баркөлге Зуқаның ұлы Сұлтаншәріпке қосылған) елдеріде бар еді.
Бір бөлім ел қоныс тапшылығы мен Тарбағатайдағы Қытай ұлықтарымен шығыса алмай Еренқабырға тауына көшуге мәжбүр болған. Еренқабырға тауы  орналасқан Усу(Шиху қаласы)мен Сауан ауданы Үрімжі аймағына қарады. Осы өңірге 1870-1890 жылдарға дейін Шығыс Қазақстанның Жарма ауданында, Зайсан ауданында тұратын атақты керей Ер Жәнібек батырдың ұрпақтары мен руластарынан неше жүз үй ауып (Жәнтекейдің жәйлау, сары, есдәулет рулары) келіп мекендеген болатын, ол өңірге тағы Майлы тауынан 1919- жылы Түсіп Бозанұлы бастаған 300 үйден аса қазақтар(Барқы, қарақас рулары) келсе, 1935 жылы Майлы-жәйірдан Қалибек райымбекұлы бастаған қазақтар ауып келді.
Осы Қалибек Райымбекұлының баласы Қасен Өр Алтай өзінің «Елім-айлап өткен өмір» атты тарихи естелігінде былай дейді: «Мен 1933- жылы Жәйірда туылыппын, әкем 1935- жылы Тарбағатайдағы қытай ұлықтарына жақпағандықтан ауып Еренқабырғаға барған.  1936- жылы сол Еренқабырғада Жүніс қажы бас болып «Ұлтты қорғау ұйымы» құрылған. Жүніс қажы бастық болып, Қалибек орынбасары болған. Олардың мақсаты Такламакан шөлінен өтіп Пәкістанға жетуді көздеген әрі оған даярлықта көрген, бірақ ел ішіндегі жансыздардың кесірінен бұл жоспар сезіліп қалып Қалибекке миллион сом қытай ақшасы айыппұл салынған».  Бұған қарағанда Елісқан бастаған елдің Пәкістанға көшуімен Шыңжаңның өзге өңіріндегі қазақтардыңда байланысы барлығы аңдалады, әрине Баркөл елі 1883- жылдан бастап ауған Алтай қазақтары, 1934- жылы Елісқан әкесі Әліпке ас бергенде жер-жердегі қазақтарға шақырту жіберіп аста ашық түрде Шың Шысайға қарсы соғысуды дәріптеген.
Елісқан Әліпұлы
1938- жылдың соңында Баркөл елінің дені Гансу, Цинхайға көштіде , 1939- жылдан бастап тұтас Шыңжаңдағы ел басылары жаппай тұтқындалды. Алтайдан Шәріпқан төре, Бұқат бейсі, Қалел тәйжі бастаған 40 тан аса адам, Іледен Әуелқан төре, Махсұт бастаған отыздан астам адам қолға алынды.  Осылардың қатарында Тарбағатайдағы төрт үкірдай(Омар, Қанағат, Таңғыт т.б) тағыда басқа рубасылар мысалы Уәйіс зәңгі қолға алынды. Әбдеш ілгідайда жолда бара жатып сақшыдағы күйеу баласы Сансызбай Иіс ұлының жеткізген хабарын алып бармай қалады. Еренқабырға елінен Ожаубай, Жүніс қажы, Мұхаметжан молла, Қалибектерде қолға алынды. Осылардың ішінде Омар үкірдай, жүніс қажы, Ожаубай қатарлы адамдар түрмеде өлтірілді. Омар үкірдайдың түрмеде жазған мынадай өлеңі бізге жетіп отыр;
Есекті жылқы екен деп малданыппыз,
Өкіл деген сөзіне алданыппыз,
Жатырмыз тас түрмеде зіндан жәйлап,
Іште кек, бойда қайрат қыж-қыж қайнап.
Дәрмен жоқ бұлқынуға амал нешік,
Қол –аяқ шынжыр арқан шандып байлап.
Ұйқысыз, не күлкісіз күні түні,
Зарығып арттағы елмен жерді ойлап.
Жатыр-ау бала-шаға , ауыл-аймақ,
Қозданып шала жанған оттай жәйнап.
Бұл заман қара түнек басқан заман,
Бақ-дәулет басымыздан қашқан заман.
Безініп ата қоныс қара жұрттан,
Біреуді- біреу аңдып ыбыр-сыбыр.
Өтірік өсек гулеп асқан заман,
Болар ек төртеу түгел бір төбеде,
Құтылсақ бұл пәледен есен-аман.
Омар Рақыш ұлы
(Өлең мен сурет «Қытайдағы қазақ төрелер шежіресі»-нен алынды)
Омар Рақыш ұлы керей еліне 1935-1941 жылдары үкірдай болған(17 мыңнан астам адам), ел ішіне алты жаңаша мектеп ашып елді сауаттандыруға үлкен үлес қосқан еді. Оған  1941-жылы шығарылған үкім: «Алтайдағы Шәріпқанмен (екеуі аталас туыс) астасып Совет одағымен контрабанда жүргізіп коммунизмді үгіттеген, шегерадан жасырын қару жарақ кіргізіп елді қаруландырып керей азаматтарын үкіметті аударуға желіктірді, Сауандағы Шөмішбаймен( Қамза  Ұшар ұлының әкесі) астасып ел бүлдірді…»- болған екен. Бұған қарағанда Майлы-Жәйір еліндеде қытай билігіне қарсы қозғалыс дайындығы болғаны байқалады. Шың Шысай билігі дәуіренде жер-жерде тұтқындалған қазақ, ұйғырлар жане өзге ұлттар саны неше жүз мыңға жетіп 70-80 мыңы өлтірілген. Оның ішінде Кеңестер одағынан бас сауғалап келген алаш зиялыларыда көп болған, оларды анықтау, тергеуге Кеңестер одағынан келген КГБ жансыздары жұмыс істеді.
1939-жылдың соңы жаппай қазақтардан қару жинау науқаныменде әйгілі болды. 1934-1941 жылдары Шың Шысай Кеңестер одағымен достық саясат жүргізді(іс жүзінде  советтің бір провинциясы болып қалды), ол уақытта көптеген жаңаша мектептер ашылып сауаттылық артты, көптеген Тарбағатай қазақтары Алматы, Ташкент қалаларында оқыды. Көптеген кендер ашылып(соның бі Майтау мұнай кені), тас жолдар салынды, почта, телеграф желілері құрылды, қазақ тілінде газет журналдар жарық көрді.
1934-1944 Шыңжаң губернаторы-Шың Шысай
Осы барыста Кеңестер одағының экономикалық ықпалы артып, кеңестік товарларға иек арту құбылысы жаппай көзге шалынды. Оқу-ағарту арқылы ашық ойлы, зиялы қазақ азаматтары жетіліп шықты. Бұлай болуына Қазақстаннан келген азаматтардың әсіресе «Алаш орда» зиялыларының ықпалында баса айта кетуге тура келеді, соның бірі ретінде «Шұбартау көтерілісі» кезінде ауған зиялы азаматтардың бірі Нәриман Жабағытай ұлы жане Оспан батырдың кеңесшісі Ғаббас мүфтиді айтуға болады.
1940 –жылы Шың Шысай әскерінің зорлығымен қорлығына шыдамаған Алтай қазақтары Есімқан, Ырысқан, Оспан батырлардың бастауында көтеріліс жасады. Жеті айға созылған соғыс арқылы Қытай үкіметімен келіссөзге қол жеткізіп уақытша тоқтады. Бірақ арада көп өтпей Қалел Тәйжі, Сүлеймен батыр бастап қазақтар тағыда көтеріліс жасадыы, үйткені келіссөздегі шарттардың дені аяқсыз қалып адам ұстау қайта басталған еді. Бұл көтеріліс жеңіске жетпегінімен сөніп қалмады, Оспан батыр оны батыл жалғастырып 1944-жылы биік өреге көтерді, 1945-жылы күзде «Алтай қазақтарының төңкерістік уақытша үкіметі» ін құрып Көктоғай, Шіңгіл аудандарын алды, бұл қозғалысқа Моңғолия көмек беріп 300 ден аса қарулы қазақ(бұларды Қалқабай Орын ұлы, Қабилар бастап келген) тағы мыңнан астам түрлі қарулар берді.
Оспан батыр жане Алтай қазақ қарулы күштері
1944-жылдың тамыз айында Іленің Нылқы деп аталатын таулы ауданында Әкбар Есбосынұлы, Сейт Көрпебайұлы бастаған қарулы топ пайда болып 800 адамнан астыда бір мезет аудан қалашығын басып алды.
Осы уақыттарда 1941-1944 жылдары Тарбағатай өңірінде тағыда көптеген азаматтар қолға алынды, солардың қатарында жазушы Қажығұмар Шабдан ұлы, этнограф Жағыда Бабалық ұлы,  Балқаш Бапинда бар еді. Шәуешек қаласында Дубек Шалғынбай ұлы бастаған қазақ азаматтары «Жауынгер группа» құрды, оның көбі Шәуешектегі гимназия оқушылары еді. Олар Тарбағатайдың жер-жерінде ұлт-азаттыққа үгіттейтін көптеген әрекеттер жасады, деседе ұйымның көп мүшелері қытай үкіметі жағынан қолға алынды.
Кеңестер одағында төтеше жазумен шыққан «қазақ елі»журналы. Үш аймаққа кең тараған ұлттық оянуға үлес қосқан журналы болған.
Аймақ туралы:
Тарбағатайаймағына ол кезде Шәуешек, Дөрбілжін, Шағантоғай, Қобық төрт аудан қараған(Шихумен Сауан 1945-жылы қосылды).Халық саны 170мыңдай болып, оның 100 мыңнан артығын қазақ ұстайтын. Өзге моңғол 20мың, қытай 26-27 мың,  ұйғыр 10мындай болған, онан өзге орыс, татар, дұңған, татар, дағұр ұлттары болған.(Үш аймақ төңкерісі тарихы. 141-бет.  Ұлттар баспасы. Пекин. 2000ж )
Қазіргі Тарбағатайа аймағы
Майлы тауындағы азаттық күрес
Тарбағатай аймағындағы ұлт-азаттық күрес екі жерде пайда болды бірі  Майлы тауында, енді бірі Еренқабырға тауында тұтанды.
Майлы партизандары туралы деректерде былай делінген:
«Тарбағатай аймағының батыс оңтүстік өңіріндегі таулы  райондарда қазақ малшылары партизандар отриядын ұйымдастырып, Бұраталадағы Моңғол атты әскерлер баталионының көмегімен олар 200 адамға көбейіп Шағантоғайдың Ұзынбұлақ деген жерінде гоминдаң әскери бөлімдерімен соғысты. 6-айдың 16-күні олар 300 адамға көбейіп «Майлы партизандар отрияды» болып құрылып Нұрсапа Сейтжанұлы мер Қали Қизамаденұлы жауапты болды. Олар Толы,Шағантоғай өңірінде белсенді қимыл жасап гоминдаң әскерлері мен сақшыларына соққы берді»(Үш аймақ төңкерісі тарихы.142-143 бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2000ж)
Сурет. Нұрсапа Сейтжанұлы, Қали Қизамаденұлы
Осы үш аймақтағы ұлт-азаттық күрестің куәгері әрі қатардағы жауынгері болған Қожай Доқасұлы өзінің «Отқа оранған жылдар» кітабында Майлы партизандары туралы былай мәлімет келтіреді:
«Гоминдаңға қарсы оқты тұңғыш рет Алтайда Есімқан, Нылқының Ластай тауында Әкбар Есбосын ұлы, Еренқабырғада Нұрпай, Майлы-Жәйірда Байкенже, Нұрсапа Сейтжандар атты…Бесінші үлкен топ Толы партизандары. Нұрсапа, Қайса, Байкенжелер бастаған 200 адам».(Отқа  оранған жылдар.  Қожай Доқас ұлы. 6-8 беттер.Ұлттар баспасы. Пекин.  2001)
Оспанның батыры болған Нұрғожай өз естелігінде былай дейді:« Тарбағатай қозғалысында Қалибек тобын басшылыққа алдық, Нұрсапа батыр жәйіндада естіген едім, бірақ бұларды әңгімелемедім, үйткені қозғалыс басшысы Қалибек әлі тірі болғандықтан ол туралы өзі айта жатар…».
Майлыда күрес енді басталған кезде Іле өңірі негізінен азат болған еді, Іленің шығыс аудандары қазақты негіз еткен аудандар болып, осы аудандағы малшыларға «Он мың ат» салығы түскен болатын, бұл Нылқы көтерілісіне әкеліп соққан білте болды. Қазақты негіз еткен, қосымша ұйғыр, моңғол, орыстарда бар партизандар барған сайын күшейді, оларды басу үшін Құлжа қаласындағы қытай әскерінің көбін шығыстағы тауларға жіберіп бастықтыру керек болды, осы кезде Құлжадағы қытай әскері азайған қолайлы сәтті пайдаланған Кеңес жансыздары шегарадан мыңдап өтіп бұқараша киініп Құлжаға кірді. Олар Нылқыдағы партизандарды көмекке шақырды, партизандар бір бөлігі жауды айналдыра тұруға қалдырып негізгі бөлігі жасырын түрде Құлжаға аттанды. Бұл стратегияны Алматыдағы Белия басқарды, Құлжа шайқасында Кеңестік әскерлерге(негізі  орыстармен татарлар) Александров қолбасшылық етті. Қала алынды, бірақ қазақ партизан қолбасылары Әкбар мен Сейт бірдей қаза болды.
Әкбар Есбосынұлы
Алматыда алдын ала дайындалған «Шығыс Түркістан республикасы» ертесі-ақ Құлжада құрылып Әлихан төре деген өзбек президент болып шыға келді, үкіметте 16 жора болып тек Әбілқайыр төре ғана қазақ болды, 8 жора ұйғырдан қойылды. бұл 12.11.1944 жылы болған оқиға еді. Іледе 450мың халықтың қақ жарымы қазақ болғаеына, Іледегі жерлік қарулы күштіңде көбі қазақ болғанына қарамастан Кеңестер одағының күшімен қазақ жеріне қазақтың күшімен қазақ емес қуыршақ үкімет орнады.
КГБ генералы Белия, Шығыс Түркістан операциясының бас қолбасшысы.
Құлжада Шығыс Түркістан республикасының құрылу салты
ШТР дың іс жүзіндік басшысы Иганов.
ШТР президенті Әлихан төре(өзбек)
Тарбағатайдағы көлемі үлкенірек азаттық қозғалыстың Майлы тауында басталуының бірнеше себептері бар:
Майлы тауы шет район, қала-қалашықтардан алыс, әрі таулы, адырлы болып жер жағыдайы күрделі. Толы ауданына қарағанымен ол кезде Толы ауданы құрылмаған болып Дөрбілжін ауданына қараған, Дөрбілжін қалашығы тым алыста, әскерлер келгенімен жер сырын білмейді.
Майлының бір шеті Қазақстанмен тиіп жатады, ол шегарада Кеңестің Қызылқайың шегара қарауылы бар. Кеңестер одағы ол кезде Іледегі ұлт-азаттық қозғалысты бар күшпен қолдап жатқан кез, Майлы таудағы қазақтарға осы қарауыл арқылы қару жеткізіп отырды.
Майлыдағы жәнтекей руының батыры көбен Мұқыұлынан бастап осындағы елдің 80 нен аса азаматы Манчжур империясы кезінде шегара күзететін жасақ қатарына алынған. 1920-1933 жылдарыда қытай үкіметі осы шегара жасақтарын сақтап қалып көбеннің ұлы Сәлімжанға 80 қарулы азаматты қаруландырып әскер қатарында ұстауына ерік берген, сол үшін 1939-1944 ке дейін ол әскерлердің қаруы жиып алынғанымен жасырып қалған қарулар бар, мылтық ата  алатын азаматтар көп болды.
Майлының оңтүстігі Бұраталамен шектеседі, ол кезде Бұратала Ілеге қарайтын, Іледегі қозғалыс жеңістерге жетіп Бұраталада қытай әскері аз болғандықтан қарулы қозғалысқа қолайлы болды.
Майлының жан жағында Тәңіртау мен Барлықтың қиын шатқалдары бар, оңтүстігі мен шығысында Жоңғар жазығы болып аң көп болады, ондағы азаматтарда аң атуға машыққан мерген жігіттер көп болды.
Майлыдағы ұлт-азаттық күрес туралы осы күрестің куәгері әрі қатысушысы Айтқазы Түйтекұлы«Майлы партизандары» деген тарихи деректі ессе жазған, негізі оқиға барысын осы шығармадағы деректер бойынша беруді жөн көрдік.
Осындай тиімділіктердің арқасында 1944-жылдың соңында Майлы елі көтелііске шыға бастады,  алғашқы әрекетті жәнтекейдің атантай руының азаматтары бастады, олар Әбілмәжін Серікбайұлы, Ахыметқан Есбай ұлы(молқы),  Қамал, Қабышан бастаған топ еді, олар ашық қарулы топ құрып шегараға жақын қиын жерлерге барып әскери машық өткізеді, Қызылқайың арқылы жылқы өткізіп қару сатып алады. Кейін жансыздардың сырды ашып қоюына байланысты топ мүшелері жаппай қуғындалып қолға түседі, олардың үй-ішін Шәуешекке апарып қамайды, ақыры көп азаматтар амалсыз елге қайтады, Қамал, Қабышандар Шәуешекке апарылып тергеліп Үрімжіге апара жатқан жолда олар қулықтарын асырып өздерін айдап келе жатқан әскерлерді байлап, қаруын тартып алып қашып кетеді. Әбілмәжінді айламен қолға түсірген қытай әскері Үрімжіге айдап апарып кескілеп өлтіреді. Оның ұсталғаны бір аптадан кейін белгілі болғандықтан арттан қуғандар жете алмай елге қайтып келеді.
Әбілмәжін бастаған топ әрекеті сәтсіз болғанымен күрес тоқтап қалмады, күресті енді Жәнтекейдің барқы руының азаматы Нұрсапа Сейітжан ұлы бастады. Нұрсапа Майлы , Жәйір, Барлық тауларын мекендеген керей, найман, уақ азаматтарының сорпа бетіне шығарларын іріктеп әр руға бірден басшы сайлап жасырын топ құрады, осы топ жетекшілері мына азаматтар екен:
1-    топ . Барқы –жантас, бастық –Нұрсапа, орынбасары-Жақыпжан, Біләл, жер аты –Қарашоқы.
2-    топ . Атантай руы, Бастық Қасейін қажы, Шеттікбай батыр, Ахыметқан(молқы), жер аты- Ақсай.
3-    топ. Қарақас руы, Басшы Қали Қизамаденұлы, Мұсажан Асан, жер аты- Дүйсенбай дүрін.
4-    топ. Найман терістаңбалы, ұлы жүз шанышқылы. Бастық- Ақпанбек, Манап, Нұрмұхамет, Әушей. Жер аты-Суыр айтақ сайы.
5-    Топ. Барқы, ақсары(ашамайлы керей), бастық-Қайса батыр, жер аты- Аққойтас.
6-    топ.  Жәдік, бастық- Мажан, Бодамбай, Үркенбай, жер аты- Таңбалы.
7-    Топ. Шеруші, Бастық – Ахат Кәрібай, Долда, Жұматай, жер аты –Қаракемер, Ақтұмсық.
8-    Топ. Жастабан, бастықтары-Көкебай, Қыдырмолла, Құдайберген. Жер аты- Қара адыр.
9-    Топ. Ботақара, бастығы- Мұқай, Қанапия, Тұрсынбай. Жер аты-Әңгірті.
10- Топ, есіргеп, барқы-бөгенбай, бастығы- Шалдан, Ғалымғазы, жер аты- Шалғай.
11- Топ, атантай, шыбарайғыр. Бастығы-Ботай Ыбырай ұлы, Айтан, Базарбек, жер аты- Көпсүйек.
12- Топ, меркіт, бастығы- Қали Шора ұлы, жер аты-Аша толағай.
13- Топ. Жаңа уақ, бастығы- Қиярстан, жер аты-Ақтас, Аршаты.(Нұрсапа Сейтжан ұлы. Ұрпағыма. 69-70 бет. Форма плюс баспасы. Қарағанды. 2019ж)
Осы ауқымды топ барлығы бірігіп тұтас қимылдай алмады, 1944- жылы Шың Шысай биліктен кетіп орынына У Жұңшин келді, ол бір бөлім адамдарды түрмеден босатып, елді алдауға кірісті, үгітшілер отриядын елге жіберіп астық, кездеме, шай таратты. Сонымен қатар Дөрбілжінге жақын Жәйір тауындағы ел арасына әскер , сақшы жіберді. Тағы Майлыдағы елді Жәйірға көшуін, симағандар Орқашарға келіп жәйлауін бұйырды, осыған орай ел екіге жарылды, шеруші, төре рулары негізінен тағы бір бөлім уақтар, өзге руларданда айталық жантастардың да біразы Жәйірда қалуға мәжбүр болды, ал жастабан руы түгелдей, атантай руы 1/3 і Барлық тауында қалды, деседе Майлыға көшкендер саны қалған екі таудан көп болды, бұл ондағы елдің қытай үкіметінен түбегейлі бет бұрғандығының белгісі еді. Олар тыныш жатпай Алтай мен Іледегі қозғалыстар турылы хабарлар алып тұрады.
Соғыс оты тұтанды
Қытай үкіметінен ірге айырғаннан кейін Майлыдағы ел қиындықпен қысты өткіздіде 1945-жылы көктемде ресіми соғыс бастады, Қайса батыр, Мұсажандарды Іледе орныққан «Шығыс Түркістан» үкіметінен көмек сұрауға аттардырды, осыдан көп өтпей Кеңестік әскери ақылшы Байкенже Орақұлы Майлыға келді. Сонымен қатар көтерілісшілер Қызылқайың шегара бекетіндегі Кеңес азаматы Сансызбай Иісұлы арқылы қару алдырады. Сансызбай алғаш барған азаматтарға 8 германка беріп қайтарады әрі оларға: «Керей елдің серкесі»- деуші еді, серкеліктеріңді көрсетіп  Тарбағатай елін азаттыққа бастаңдар!- деп сәлем айтады. Бұл Сансызбай 1932-1933 жылдары Кеңестер одағының арнайы қызыметімен Шыңжаңдағы қазақтарға жіберілген  төрт түйінді адамның бірі еді, Ілеге Фатих барса, Баркөлге Абай барған еді. Сансызбай Майлыдағы төрт мықты әулеттің бірі Кәрібай ауылының қызы – Қапипаға үйлен еді, сонымен қатар Нұрсапаларда осы Сансызбай ауылы байғаналармен  құдандалы болған. Тарбағатай ел басыларынң аз қолға алынуынада осы Сансызбай әсер еткен, оны жоғарыда өз қайнағасы Әбдешке  жасырын сәлем айттырып: « Үрімжіге бармасын, барса қайтпайтын қатерлі сапар!»- деп ескертуінен байқауға болады, ол 1941 ге дейін Тарбағатай аймақтық сақшыда істеген(ол ғана емес өзгеде  көптеген кеңестік азаматтар болған), 1941-жылы Шың Шысай Кеңестер одағымен ат кекілін кесісіп, Кеңес азаматтарын қуғындай бастағанда жасырын қайтып кетедіде, 1945- жылы Тарбағатай тұтас азат болғанда аймақтық ішкі істердің орынбасары болады. Демек осы қозғалысқа Кеңестер одағы қолдау білдірген, Сансызбай Шәуешек гиминазиясындағы оқушылардыда аттанысқа келтіруге адам жібереді, туыстарын жасырын Дөрбілжін еліне жіберіп көтеріліске адам тарта бастайды.
Сансызбай Иісұлы
Ақыры көтерілісшілер бас қосып көкқасқа тайға бата жасап қолдарын қанға батырып серт береді, топ бастығы Нұрсапа Сейітжанұлы , орынбасары Қали Қизамаденұлы, атойшы 70 жастағы Шеттікбай батыр болады.
Шажыдаға атыс. Майлы тауының оңтүстік жағында орналасқан  Шажы деген жерде Гоминдаң қытай үкіметінің полиция штабі болып 50 ден аса әскер тұратын, көтерілісшілер соғысты осылармен қақтығысу арқылы бастады. Көтерілісшілер жалғаннан хал сұраған болып әскерлерге қой әкеліп олардың жәйін барлап қайтады. Келесі күні осы маңды 100 ден аса көтерілісші қоршап алады, оларға Нұрсапа басшы болады. Алдымен кеш бата штаптың жанынан ағып өтетін өзенге өтірік су алмақ болып екі мықты азамат келіп екі жау әскерін ұрып жығып қаруын тартып аладыда атыс содан басталады, көтерілісшілерде қару саны 20 дан аспайды, оны Нұрсапа Әлібек, Қалй сияқты мерген азаматтарға үлестіріп береді, Шеттікбай қаратамақ найза алса, өзге азаматтар шоқпармен қаруланады.  Атыс түн бойы жалғасады, таң ата жау жақтың мылтық үні өшеді, сүйтсе қулығын асырған жау әскері өзен суы арқылы біртіндеп , түнімен еңбектеп қашқан екен, 5-6 адамы өлгенде оннан аса қаруы қалыпты.
Байыншоқы соғысы. Майлы тауының солтүстік беткейінде Байыншоқы деген биік шоқы бар. Осы стратегиалық орынға екі жақ таласады, шоқына алған жақ ырықты орынға өтіп Майлы-Барлықтың бірталай жерін бақылап көріп отыратын еді. Жау армиясынан 70-80 адам осы шоқыға қарай беттегенін барлаушылардан естіп білген Нұрсапа бастаған 200 ден астам адам шоқыға қарай беттейді, таяған кезде жау әлдеқашан келіп шоқы басына пулеметін енді орнатқалы жатыпты, көтерілісшілер жауды қоршап жаппай атыс бастап шоқыға қарай ілгерілейді, соғыс қызған кезде Бұратала азат болып сол жақтан Тоқты Әлимов деген отрияд бастығы бар 80 ұйғыр соғысқа келіп қатысады, олар коллектив жаназа шығанған соң соғысқа араласады, соғыс жарты күнге созылады, ақыры жау шоқыдан айырылады, пулеметшікті мергендердің бірі қадап атып түсіреді, шоқыға жаппай лап қойған атыста Байкенженің маңдайынан оқ тиіп қаза болады. Ұйғыр партизаннан бірі оққа ұшады, көтерілісшілер жауды жеңіп 40 қа жуық адамын атып өлтіреді. 50 ден аса қару олжа алады, қалған жау қашып кетеді.  Бір мерген азаматтың шәші қасқаланып қалыпты сүйтсе оқ жанап өткен екен, ол өзі: «Бағана атысып жатқанда басым шым ете қалып тымағым ұшып кеткен еді, сүйтсем оқ екен ғой»- деп күліпті, отырғандар: «қырық жыл қырғын болсада ажалды өледі» -деген рас екен десіпті. Осы соғыстан кейін Майлы тауы қытай әскерінен тазартылады, енді Барлықтағы елді көшіріп алуды жоспарлайды.
Айырдағы атыс.  Айыр асуы барлық тауының Шағантоғай бетінен Толы бетіне қарай асатын асуы. Көтерілісшілер  Барлық тауындағы жастабан, атантай руын Майлыға көшіріп алу үшін 100 ден аса қарулы топ аттандырады. Олар ондағы елге барып үгіт айтып түгел дерлік көшуге көндіреді. Көш асудан аса бере  Да Шауие деген қытай байдың қойларын бөліске салады. Осы сәтте  «Жау жетті! Аттан!» салып бір атты азамат келеді, ол Барлықтағы мәнбет елінің азаматы Нұрахымет екен, ол Шәуешектен көшкен елді шабуға бір рота әскер жібергенін хабарлайды. Осылайша елді асырып жіберген көтерілісшілер асудан бекініс алып тасаланадыда жаудың келуін күтіп жатады. Жау жүз қадамнан бері таяғанда қолбасшы Нұрсапаның : «атыңдар!»- деген бұйрығымен оқ борап жау қырыла бастайды, көтрілісшілер биікте болғандықтан ырық бермейді, әлде –неше сағатқа созылған соғыста 50 ден аса жау әскері өліп қалғаны қашып кетеді, белгілі бір мерген қатар келе жатқан екі әскерді бір оқпен атып өлтірсе, шоқпаршы бір азамат еңіске қарай шауып 6-7 жау әскерін ұрып өлтіргені ел ауызында қалады.
Ұты соғысы. Көтерілісшілер Майлы тауын толық алғаннан кейін Майлы мен Жәйір арасындағы Үрімжіге баратын машина жолындағы Ұты қарауылын алуды көздейді.  Қарауылда 20-30 қытай әскері болады, кейбірі қытай емес екен деген хабар алады.  Көтерілісшілер қарауылды қоршап шабуылға өтеді, неше сағатқа созылған атыста жау жақтың күші азайғаны байқалады, көтерілісшілер «Жәнібек!»- деп ұран салып лап қойып бекініске кіре бастайды, Шеттікбай батыр бекініске алдымен жетіп бірнеше жауды найзалап өлтіріп есіктен симай әрең кіргенде жаулар оны маңдайынан атып, нақ майданда ерлікпен қаза болады. Шанышқылы Әрін деген азамат онан кейін кіріп бірнешеуін жәйратсада өзі ауыр жаралы болады. Осылайша Ұты қарауылы басып алынып 20 дан астам жау жойылып қарулары олжаланады, ұйғыр, қазақтан бірнешеуі бар екен, олар қол көтеріп бағынады. Осы кезде Іледен шыққан Лескин , Байділдә Доскенов  бастаған кеңестік жане жерлік орыстардан құралған, ішінара қазақтарыда бар «кеңсай атты полк» келеді, олар көтерілісшілермен қосылып , жараланған Әрінді арнаулы машинамен Құлжадағы әскери дохтырханаға апарып емдетеді. Әрін ауыр жараланғандықтан неше ай жатып қалады, оның ауылда қалған Мәлік, Манап деген інілеріне жазған хаты кейін елге таралады, онда:
Аттарыңнан айналайын Мәлік, Манап,
Хат жаздым екеуіңді анықтап ап,
Ағаларың соғыста жараланып,
Кетіпті батыр атым елге тарап.
Құлжада неше ай бойы жатқанымда,
Хат жазуға жарамадың екі қарақ… деген жолдары ел есінде.
7-айдың басында Шығыс  Түркістан  ұлттық  армиясы бас қолбасшы Палинов Лескмннің кеңсай атты әскер 3-полкын, Ерде Мыңиевтың моңғол атты әскер баталионын, қорғаушылар баталионын бастап Сәнтай, Бұраталадан өтіп Тарбағатай аймағына (Шихуға) кірді.
7-айдың ортасында олар (Кеңсай атты полк) Ұзынбұлақта майлы партизандарымен бірігіп ұлттық армия бас қолбасшылығының Тарбағатайды азат ету жөніндегі бұйрықты жариялады. Ұлттық Армия мен Майлы партизандары алдымен Ұзынбұлақ шоқысы мен Үш қарасуды алды, 7-айдың 15-күні Шағантоғай ауданын алды. Майлы партизандары мен моңғолатты әскері баталионы Шихумен Шәуешекке баратын жолдағы Ұрымтал бекет Ұтыны алды.(Үш аймақ  төңкерісі тарихы. 144-бет.  Ұлттар баспасы. Пекин. 2000ж)
Кеңсай аттыполк командиры-Фатей Иванович Лескин
Кеңестер одағының әскери ақылшысы Байділдә Доскенов
Ұты алынған соң  көтірілісшілер Жәйірдағы елді қосып алу үшін елшілікке жәдік Бодамбайды жібереді, артынан әскер бастап Қали батыр(Қали Қизамаденұлы) барады. Осының алдында «құйыршық» атанған бір топ банды( дақпырттарға негізделгенде олар Оспанның батыры Жылқайдар бастағандар делінеді, бірақ нақ соларма емеспе белгісіз, Кеңестік жансыздардың арандатуы болуыда мүмкін) Жәйірдағы ескі уақты шауып, көп мал айдап кетіпті, Сасан деген кісі бастап бірқанша адамды атып кетіпті, сонан кейін гоминдаң қытай үкіметі керей ілгідайі шеруші Әбдешке 40 тан аса құрал берген екен. Жәйірда үлкен жиын болып ақырғы шешім қытай билігінен қол үзу болып ел тұтасымен Майлыға беттеп көшеді, Бәйге төбе деген жерде жеңіс тойы тойланады. Тойдан кейін Майлы партизандары 700 адамнан астыда керей азаматтарын негіз еткен «Тарбағатай 6-атты полк» құрылды.
24-күні ұлттық армия Кеңсай атты әскер 3- полкы Жаматыға барып онда майлы партизандарымен бірігіп Көлденеңге баруға, қалған бөлімдерін дереу Толыға шабуыл жасауға бүйырды. 25-күні Кеңсай аттыплок пен Майлы партизандары Дөрбілжіннен көмекке келе жатқан жауды Толыда қоршауға алып қатты шайқасып жауды түгел жойып Толыны алды. Ол кезде Толы(Моңғолша айна деген сөз) бар жоғы 40-50 үй ғана бар бекет болатын.
Шағантоғай ауданы өңірінде Жағыда Бабалық ұлы бастаған партизандардан 70-80 адам ұйымдасып Шағантоғайды азат етуге ат салысты.Осы партизандар Майлы партизандары, Іледен келген ұлттық армия бірініп Шағантоғайды азат етті.
Тарбағатайдың өзге аудандарын азат ету соғыстары
27-күні көтерілісшілер мен ұлттық армия Сарғусынды алып Дөрбілжінге шабуылға өтті. Ұлттық армия Дөрбілжін аудан қалашығына хат жазып адам жіберіп, ондағы гоминдаң арммясын тізе бүгуге үндеді, олар бас тартқан соң қалашыққа шабуылға өтті. Борап тұрған зеңбірек оғы астында кеңсай 3-атты полк 1-баталионыны қалашықтың солтүстігінен, 2-баталионын оңтүстіктен, 3-баталионы қалашықтың шығысынан сұрапыл шабуылға өтіп небары төрт сағат шайқасып 29-күні түстен кейін қалашық қорғанын бұзған соң ұлттық армия қалашықты басып алды әрі Алтайдан келе жатқан он әскери  автомобилды қолға түсірді.
Ұлттық армия Дөрбілжінді алған соң Шәуешекке аттанды, ондағы қытай әскерлері дараланып, көмексіз халде зәре-құты ұшты. 7-айдың 29-күні ұлттық армия алдыңғы бөлімдері Шәуешектің  оңтүстік қала маңына барып, Дөрбілжін ауданынан тізе бүккен аудан әкімі Жияу Нәйчың қатарлыларды қалаға жіберіп тізе бүгуге нәсихаттады. Тарбағатай уәлиі Пиң Рұң әдетте халықтың ақша, мал-мүлікін сорып рахатқұмарлыққа берілуді ғана білетін. Ол Дөрбілжіннің қолдан кеткен хабарын ести сала ес-ақылдан адасты. Ол дереу армия, үкімет органдарын жинап жиын ашсада пікір бірлігіне келе алмады. Ол Шәуешектегі Совет одағы консулына адам жіберіп шегарадан өтіп паналауды сұрады. Совет жақ тек қару-жарақтарын түгел тапсырған соң ғана өтуіне рұхсат берді. 30-күні ұлттық армия Шәуешекті қоршауға алды. Сол күні түнде Пиң Рұң қаладағы мәнсаптылар, офицерлер, әскерлер жане қытай бұқарасынан жиыны 1400 дей адамды бастап Бақты арқылы Совет одағына қашып өтті. 31-күні Шәуешек азат болды. Ұлттық армия мен Майлы партизандары Толы, Шағантоғай, Дөрбілжін, Шәуешекті азат ету барысында жаудың екі полк әскерін жойды, олжаға түскен қарулармен қосынын қаруландырды.
Ұлттық  армия Тарбағатайдағы егіншілер мен малшылардан әскер алып ұлттық армияға қабылдады. 8-айдың 10-күні ұлттық армия қолбасшылығы штабы бұйрық түсіріп Майлы партизандарынан «Тарбағатай 6-атты полк»ты құрды. Тағы «Дөрбілжін 4-атты полк» құрылды, олар кеңсай атты әскер полкімен бірігіп атты бригадаға айналып саны 2400 ден асты. Олардан бір бөлім күшті шығарып Шихуға шабуыл жасада, енді негізгі күш Қобыққа шабуыл жасады.(Үш аймақ төңкерісі тарихы. 145-146-беттер.Ұлттар баспасы. Пекин. 2000ж)
Шәуешек азат болғанкезде ұлтармия Шәуешекте. 1945-жыл, қазан айы.
Қобық партизандары жане Қобықтың азат етілуі
Қобықсары ауданы 1771-жылы шығысқа көшкен Еділ қалмақтары яғни тұрғұттардың ұрпақтары шоғырлы қоныстанған жерлердің бірі, деседе 1916-1933 жылдары Шығыс Қазақстан жерінен ауып келген неше мың қазақта бар еді.
Зұңғұруп 1944-жылы жазда Қобықтағы моңғол-қазақтан 200 азаматты аттанысқа келтіріп Моңғолияға барып көмек алды әрі әскери машық өткізді. Қазақ азаматтарына Мәулітқан Нұғыманұлы,  Ағыбай Мәсәлімұлы  басшы болды. Олар қайта айналып келіп Қобыққа шабуылға өтті, бірақ Жеменеймен Қобықтан 900 әскер екі жақтан қыспаққа алған соң амалсыз Совет шегарасына өтіп кетті. 1945-жылы жазда Лескин мен Доскеновтың бастауында кеңсай атты полк келген соң Қобыққа шабуыл жасап сегіз күн соғысып 15-тамызда Қобықты басып алды, 200 жаудың жүзін атып өлтірді. 14 қазақ, 9 моңғол жауынгер, бір орыс әйел қаза тапты(Қожай Доқасұлы.  Отқа  оранған жылдар. 184-185 беттер )
Тарбағатай жерінде қазақ,  моңғолдан өзге бір бөләм орыстарда қарулы әрекеттер жасады. Шияугуайда Еминов, Динисков бастаған орыс партизандары, Шәуешекте Рияпов бастаған орыс партизандары болған. 9-айдың 18-күні Динисков Сауан қалашығын бір мезет басып алған.
Тарбағатайдағы қарулы күштер
Тарбағатай аймағы толық азат болғаннан кейін ондағы қазақтарды негіз еткен қарулы күштер ұйымдастырылды.
Қожай Доқасұлының айтуынша:
«Дөрбілжін 4-атты полк, командирі Айтуған(қазақ), орынбасары Юсупов(татар), саяси комицсар Ахыметшаев, жиыны 1200 адам.
Тарбағатай 6-атты полк, орыны Шыхызы(Тасырқай), командирі: Қайса Дүйсенбеков. Орынбасары Қайса Жұмыкеұлы. Саяси комицсар Әбдрахман Оркен ұлы, штап бастығы Саму Сәбитов(ол Шепейзіні алу соғысында қаза болып орынына Нұрлан Бөгенбайев тағайындалды), штап бастығының орынбасары Жағыда Бабалықов.1200 адам.
Жағыда Бабалықұлы
Сауан 7-атты полк, командирі Қазықан Манасбаев, саяси комицсар Сәрсенбек Әбішұлы(Қожай Доқасұлы.  Отқа оранған жылдар. 10-11 беттер)
Бұндағы Дүйсенбеков, Бөгенбайев, Сәбитов, Өркенұлы қатарлы полк бастықтары негізі түгел Кеңестер одағынан келген әскери адамдар еді, бұл тұтас сол кездегі Шығыс Түркістан үкіметі мен армиясындағы қалыпты құбылыс болған, әскери киімі, дохтырханасы, ауыр қарулары, финанс, экономика, кен саласы қатарлы органдардың бастықтары мен ақылшылары дерлік Кеңестер одағынан келген әр ұлт өкілдері болды, Кеңестер одағының әр саладағы ықпалы өте зор еді, деседе 1940-1950 жылдардағы осы,Кеңестер одағынан Шыңжаңға келген азаматтардың денінің ұлттық көзқарасы жақсы болған, ол туралы Қасен Өр Алтай өз естелігінде:
«Әкем Тарбағатай 6-полктің басшылары Қайсамен жақсы қатынаста болды, оларды қазақшыл білімді азаматтар, әттең орысқа қор болды ғой-деп айтып отыратын дейді. Қайсада Қалибекке: Мына орыстар әр істе өзінен асып істемесең сені адам құрлы көрмейді…»-деп баяндайды.
8-айдың 11-күні ұлттық армиядан 600 дей адамы Совет  одағының әскери ақылшысы Бәйділдә Доскеновтың бастауында Қобыққа жетіп 8-айдың 22-күні Қобықты азат етті.(Үш аймақ төңкерісі тарихы. 147-бет. Ұлттар баспасы. Пекин.2000ж) Осыдан кейін кеңсай атты әскер полкі Алтайға аттанды. Бұдан байқайтынымыз кеңсай атты полкі тұтас үш аймақта әрекет жасаған, әсіресе Тарбағатай мен Алтайда көбірек  соғысқан, осы өңірде Шығыс Түркістан үкіметі орнауына үлес қосқан, әрі Кеңеске бейім адамдармен Кеңестік агенттерді билікке қойып отырған. Кеңсай атты полк Алтайға барғанда Алтай жері негізі азат болып тек Сарсүмбе мен Буыршын қалашығында қытай әскері болған, Буыршындағы бір баталион әскерге Алтай қазақ қарулы күштері мен кеңсай атты полк шабуылдап оңай алады, көп шығын болмайды, ал Сарсүмбе соғыссыз алынады, осы кезде Оспан батыр Көктоғайда еді, оған хабар берместен осы полк жане Құлжадан келген ШТР басшылары Алтай аймағының ШТР дың бір бөлігі екенін жариялап, әкімшілік мекемелерді құрып оның жарымынан көбіне өзге ұлттар мен Кеңестер одағының адамдарын қойып үлгередіде ШТР дан бұрын құрылған Алтай қазақтарының төңкерістік үкіметі мүшелерімен, қарулы күш жетекшілерін биліктен қағалы, Доскенов Көктоғайға барып Оспан батырмен жолығады әрі оны  Сарсүмбеге көшіріп әкеледі, Оспанды Алтай әкімі етеді, бірақ ешкімге сөзі өтпейтін жағыдайда болады. Сонымен Оспан бастаған «Алтай қазақтарының төңкерістік үкіметі» күшін жояды, Оспан қарулы күштері 5000ға жуық еді, ендігі жерде оларға барлық қаруларын тапсыру бұйырылады, осылайша Оспан ШТР үкіметіне сенбей, оларға наразы болады, бұл жарты жыл өтпей ашық қарсылыққа ұласады.
Еренқабырға көтерілісі
Еренқабырғадағы Шиху мен сауан аудандары ол кездері Үрімжіге қараайтынын айттық, Құлжадағы «Шығыс Түркістан» үкіметі Үрімжіден Ілемен Тарбағатайға баратын көлік жолдарын, телефон сымдарын үзіп жау әскерінің шабуыл жолын кесу үшін осы өңірдегі қазақтарды аттанысқа келтіруді көздейді, бұл маңызды стратегиялық мәнге ие еді.
Қалибек Райымбекұлы
Такыман батыр
1940-Жылдары қолға алынған Қалибек босатылып Қызылөзен мен Қорқыс арасындағы елдің бастығы болған еді. Осы кездері (1945-жылдың басы) Іле өңірі негізінен азат болған еді, Ілеге Үрімжіден келетін қытай әскерінің жолы дәл осы Сауанмен Шихуды, Жыңды басып өтеді, онда тасымал жолдарымен, телефон сымдары бар, Тарбағатай, Шиху, Жың әлі қытай әскерінің қолында олардың Үрімжімен ара қатынасын үзу үшін Сауан елі күреске шығып Шығыс Түркістан үкіметіне өтуі керек еді, осы мақсатта Кеңестер одағынан келген Қазықан Манасбаев бастаған 400 Кеңес әскері(ішінде Ілелік қазақтарда бар) Сауан маңына жіберіледі, олар тасымал жолының түйіні Анжықай көпірін бұзбақ болған. Қалибекте қытай үкіметі елді қорға деп берген оншақты мылтық қана бар болатын.
Сауан маңындағы Майтау мұнай кенін күзететін 80 адамдық ұйғыр ротасының бастығы Сопахұн көтеріліс жасап Ілеге өтпек болып жараланған әскерін уақ Нұрпай батырға қалдырып өздері үрке шегінеді, қуа келген қытай әскерімен Нұрпай жалғыз атысып қаза табады, оның үй ішін қытай әскері түгел өлтіріп елге сес көрсетпек болады. Қалибек Манасқа жиынға кеткен кезде Тәкіман, Балақамзалар қытай қоржаларына шабуыл жасап оларды ауылымен қырадыда Қалибекті амалсыз қытайға қарсы көтеріліске шығуға мәжбүрлейді. Қалибек қайтып келген соң болған істі көріп елді жиып ақылдасады, соңында елдің көбі қытай үкіметімен ат кекілін кесісіп көтеріліс бастауға келіседі, олар нахшбанди тарихатын нәсихаттаушы Бахауидин әулие қолдай гөр деп тілек тілейді. Такіман Майтаудан қашқан ұйғыр әскерлердің бірін атып өлтіріп тоғызын тұтқындап қаруларын тартып алған екен, сонымен қолда бар мылтық 21 ге жетеді. Бұл мылтықтарды Қалибек мерген азаматтарға беріп қалған 300 азаматқа шоқпар дайындатып қаруландырады. Елдің көтеріліске шыққанын біліп басуға келген 300 қытай әскері(пулемет, зеңбірегі бар) шабуылға өтеді, атыс жарты күнге жалғасады, Қалибек қатарын молайту үшін шығыс тау елімен батыстағы Сауан еліне хат жазады, өзі қолдан Шығыс Түркістан үкіметі мөрін жасатып оны хаттарға басады. Осы атыста жауды жеңіп шығады, дегенмен оқ дәрі, қару тапшы, сол үшін Қалибек Қамзаны Құлжадағы Шығыс Түркістан үкіметінен көмек сұрауға жібереді. Екінші рет шабуылға шыққан қытай әскерінің саны 3000 шамалы адам екен, бұлар тек Қалибекпен соғысу үшін ғана келмеген, Қалибекті жеңіп онан батысқа Жың, Шиху, Бұраталаға бармақ. Осы қарасы мол жаумен соғыста Мөрдіқан мерген У Жаужін деген қытай әскер басын атып түсіреді. Кеңарал, Абдулла қатарлы азаматтар оққа ұшады, ел батысқа ығыса көшсе, азаматтар елді қорғап жауды тоса ұрыс салды. Дәл осы кезде Қазықан бастаған топ яғни Шығыс Түркістан әскері көмекке келеді, олар тағыда Анжықай көпірін бұзуға келген екен,  осы көмектің арқасында жауды тағы бір  мәрте тойтарады.  Осылайша жаз бойы қытай әскерімен үздіксіз соғысып тұрады, күзге қарай Қалибек тобы Бөрітүңкені алды, осы соғыста жеті азамат қаза тапты, деседе Үрімжіден шыққан қытай әскерінің 38 машинасын қолға түсіреді, онда 1800 мылтық бар еді. Осыдан көп ұзамай Тарбағатай мен Ілеге баратын қытай әскерінің жолы мен телефон, телеграф жүйесі кесілді. Сауан жері толық азат болып Қалибек Сауан ауданының әкімі, Тәкіман аудандық полицияның бастығы болады. Еренқабырға көтерілісі төріт айға созылды, Қалибек  бастаған қазақ азаматтары 1700 ден аса қытай әскерін атып өлтіріп күреске елеулі үлес қосады.
Шиху соғысы
ШТР дың үш аймағын қытай әскерінен тазарту соғыстарының ішінде әйгілі соғыстарға: Дабусұн соғысы(Алтай жерінде болып 1500 ден артық жауды жойған), Айранбақ соғысы(1300 ден аса жауды жойған), Жың соғысы(900ден аса жауды атып өлтірген), Шиху соғысын жатқызуға болады. Осы үлкенді-кішілі соғыстарда ұлттық армия жаудың 20 мыңан артық әскерін жойған.
8-Айдың 27-күні ұлттық армия Шепейзіні қоршауға алды, Шепейзібегі қытай әскері Шихуға қашты. 9-айдың 4-күні ұлттық армия Шихуға жалпы шабуыл жасады. Соғысқа Совет армиясыда қатысты, сүйдің1-жаяу полк, Тарбағатай 6-атты полк, моңғол атты әскері баталионы қатысты. Қиян-кескі соғыс арқылы 5-күні 1-қорғаныс шебі талқандалды. Бірақ ұлттық армия шығыны ауыр болды. 7-күні ұлттық армия күшті шоғырландырып Совет одағы ұшақтарының көмегімен 2-қорғаныс шебін бұзды. 8-Күні 3-қорғаныс шебін бұзып Шихуды алды. 1000 нан аса жауды жойып,мыңын тұтқындады,(Үш аймақ  төңкерісі  тарихы. 156-бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2000ж)
Осы Шиху соғысына қатысқан Тарбағатай 6-атты полк алда жүріп атой салып көп құрбандық береді, жиыны осы полктен 153 азамат құрбан болады. Осы соғысқа қытай жағынан алты мың, ШТР жағынан төрт мыңнан аса әскер соғысқа қатысқан екен.
Тарбағатай аймағы әкімшіліктерінің құрылуы
Шихумен Сауан алынып Тарбағатай толық азат болған соң оны «Шарқи Түркістан республикасы»ның бір бөлегі деп жариялап, Басбай Шолақұлын әймақ уәлиі, Қасымахұн Сымайылов(ұйғыр) пен Советтік ақылшы Мәнсүр Розыевті орынбасар уәли етті. Әбілимит Хажиев(өзбек) хатшы болып белгіленді. Азат болған Шиху, Сауан аудандары Тарбағатай аймағына қарайтын болады. Кеңестер одағы әдейі түрде қазақ басым аймақтың әкімшілігіне саны аз ұйғыр, өзбек ұлттарын көптеп қояды, сонымен қатар Кеңестер одағының агенттеріне басты әрі нақты ұқықты ұстатады
Тарбағатай аймағының Орталығы Шәуешек азат болғаннан кейінгі бұқаралық жиналыс.1945-жыл. 7-қараша
Тарбағатай аймағының әкімі-Басбай Шолақұлы
Аймақтың орынбасар әкімі Кеңестер одағынан келген өзбек Әлімжан Хакімбаев.
Тарбағатай аймағының ішкі істер(КГБ) басшысы Әбілез Рахыманов(Кеңес одағынан)
8-айдың басынан бастап аудандық үкіметтер құрылды, Өмәрахұн (Ұйғыр) Шәуешек әкімі, Қалдыбай Қанапияұлы Шағантоғай әкімі, Нұрсапа Сейтжанұлы Дөрбілжін әкімі, Нәсіридин(ұйғыр) Шиху әкімі, Сауан әкімі Қалибек Райымбекұлы(Қалибек Райымбекұлы 1947-жылдың аяғында  басым көп Сауан елін бастап Манасқа өткен соң иен қалған ауданға Сәбит Буақажы деген кісі әкім болған) Сауан әкімі болды, Гүңчың лама (моңғол) Қобықсары әкімі болды.(Үш аймақ  төңкерісі тарихы. 169-бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2000ж).
Қалдыбай Қанапияұлы
Әсілі Тарбағатай аймағында Қобықсарыдан өзге барлық ауданда қазақ басым болған, Кеңестер одағы әдейі аймақтың орталығы болған Шәуешекке ұйғырдан әкім сайлайды, Шихудада қазақ басым еді, тіпті Алтайдың орталығы Сарсүмбегеде ұйғырдан әкім сайлаған, бұл ШТР үкіметінде қазақтардың саяси күш алып кетуінің алдын алған тәсіл болған.
Екі үйектену дәуіріндегі  күрестер
Ялта конференциясы
1945-жылы екінші дүние жүзілік соғыс аяқтауға жақын қалған сәтте Ялта кеңесі шарты бойынша Моңғолияның тәуелсіздік мәселесін қытай мойындауға міндетті болды. Бірақ оның есесіне Кеңестер одағынан қытайдың Манчжурия мен Шыңжаңның териториялық тұтастығын мойындауын шарт ретінде ортаға қойды. 1945-жылы қазан айынан 1946- жылдың жаз айларына дейін гомин қытай үкіметі Кеңестер одағына көп рет өкіл жіберіп осы мәселені талқылады. Кеңестер одағы ұлттық армияға бұйрық түсіріп Манас өзені бойында шеп құрып бұйрық күтуді бұйырды. Ол кезде 150 км жердегі Үрімжі қаласында әскерде, қаруда, азық-түлікте тапшы болатын. Осындай тарихи орайды жіберіп алды, мәселе ШТР(Шығыс Түркістан республикасыны) армиясының басшылары дені  Кеңестер одағынан келгендер еді.
Гомин қытай президентінің ұлы Жияң Жинго Маскеуге сапармен барғандағы сурет.
Ақыры Кеңестер одағы Манчжуриядағы тізе бүккен Жапон армиясының 800 мың қаруы арқылы коммунистік қытайларға бір жылда 1.2 миллион армиясы, 100 миллион халқы бар күшке ие етіп Қытайды Америкаға қарсы жартылай коммунистік жүйеге айналдырмақ болды. Оған қарсы Америка құрамма штаттарі гомин қытай билігіне қолдау білдірді. Кеңестер одағы өзінің Сібериядағы териториясына болашақта қытай қауып төндіреді деп қарап екі мемлекет ара бір белдеулік ел құруды жоспарлап Моңғолияны біріккен ұлттар ұйымы таныған ел етіп құруға мүдделі болды, «Шығыс Түркістан операциясы» ның түпкі мақсаты, оған Кеңестер одағының бар күшпен кірісуінің себебі осы болатын. Осылайша Шығыс Түркістан республикасы 12. 11.1944 құрылған болса 1946-жылы 6-айдың ортасында Кеңестер одағы жағынан тарих сахынасынан кетті.
Шығыс Түркістанның таратылғандығын хабарлаған газет
Демек Кеңестер одағы Тарбағатай, Алтай, Іледегі халықтардың азаттық күресін өз мүддесі үшін шебер пайдаландыда мақсатына жеткен соң сатып кетті. 24. 08.1945 гомин қытай үкіметі Моңғолияның тәуелсіздігін мойындады. Бірақ Кеңестер одағы Солтүстік Қытайда коммунистерді күшейту үшін уақытты соза берді. Тамыз айының соңынан басталған гомин қытай үкіметі мен коммунистік қытайлар ара келімсөздер қазан айының 10-күні ақырласып екі жақ соғыспау келісіміне келді. Осылайша Кеңестер одағынығның парменімен Рахымжан Сабырқажы(Қашқарлық ұйғыр), Әбілқайыр Рабатұлы (Іле қазақтарының төресі), Ахыметжан Қасми (Қазақстан ұйғыры) ШТР ға өкіл болыр Үрімжі қаласында Жаң Жыжұң бастаған гомин қытай үкіметімен келіссөз бастады.
Әбілқайыр, Рахымжан, Ахметжан(Солда)
Келіссөз 1946-жылы 6-айдың 6-күні зорға аяқталды, бұған Кеңестер одағы мен Гомин қытай билігі арасындағы саяси келіспеушіліктер әсер етіп әдейі уақытты созғанын байқауға болады. Осы айдың 18-күні Шыңжаң біріккен үкіметі орнап оған 25 жора мүше болды, қазақтан Оспан батыр, Дәлелқан Сүгірбаев жане Тарбағатайдан Сәліс Әміреұлы (Дөрбілжін ауданынан) мүше болды. Деседе келіссөз пайдасы қазақтардан гөрі ұйғырлардың пайдасына шешілді, қытаймен соғысқан үш аймақ халқының 58% қазақ , 23% ұйғыр(дені Іле аймағында) бола тұра ұйғырларға автономия беру, үкіметте ұйғыр тілі қытай тілімен қатар қолданылу мойындалды. Үш аймақ әліде Кеңестер одағының ықпалында бола берді, тек Кеңестік әскерлермен ақылшылар еліне қайыттыда ұлттық армия 30 мыңнан(60% қазақ әскерлер)14 мыңға қысқартылды. Шыңжаңның кейін автономия болуына, Іле қазақ автономиялы облысының құрылуында осы ұлт азаттық күрестің маңызы зор болды.
ШТР ұлттық армиясы, жоғарғы сурет негізі Кеңестер одағының әскерлері екені байқалады.
1946-жылы күзде гомин қытай үкіметі мен коммунистік қытай ара ішкі соғыс басталды. Осы орайда Алтайда Оспан батыр үш аймақтан бет бұрып Кеңестер одағына қарсы шығып соғыс бастады, бірақ күші әлсіз болғандықтан 3-4 мың адамымен Бәйтік тауына қарай шегінді, Тарбағатай аймағынан дәл Оспан батыр сияқты үш аймаққа, ал нағында Кеңестер одағына қарсы күрескен Сауан ауданының әкімі Қалибек Райымбекұлы болды. Оспан батыр бет бұрған кезде қарулы қарсылыққа ашық шықпағанымен гомин қытаймен ара жасырын келісулер жиілеген. Қасан Өр Алтай өз естелігінде:«Кеңестер одағы көп рет Қалибек әкімге силықтар беріп, халық қаһарманы атағын берген, тіпті Тарбағатай аймағының әкімі болуғада ұсыныс жасаған». Гоми қытай  үкіметі Құтыби ауданының әкімі Оразбай Қалиұлы арқылы Қалибек жігіттерінн 500 ден аса қару жеткізілген, кейін мыңнан асқан.
1947-жылы Шыңжаң өлкелік кеңестің 1-реткі жиынына үш аймақтан 35 адам қатысты, оның 19  қазақ болатын, Тарбағатай аймағынан сегіз адам болып Нұрсапа, Өндірқандар өкіл  ретінде қатысты.
1946-жылы Үрімжіде Америка консулы орнады, олардың басты мақсаттары Кеңестер одағының атом бомбасын жасауда шикізат көзі Алтайдың Көктоғайында екенін біліп оның қазылуы мен Кеңестер одағы жаққа тасымалдануына  кедергі жасау болды, сол себепті олар гомин қытай Шыңжаң билігі арқылы Оспан батырды Кеңестер одағының кеншілеріне айдап салды, қақтығыс екі держава арасына дейін жалғасты. Оспан жасақтары Алтайдан шегінген соң оның мыңнан аса жігіті қаруландырылып әскери машық жасады. Анығында Алтай қарулы күштері Санжының шығыс төрт ауданындағы қазақтарды өзіне қаратқан 1944-жылдың аяғынан бастап гомин қытай билігімен ара қатынастар орнаған, Сүлеймен, Нұрқожайлардың бет бұруы осыған байланысты еді, Оспан ауқымға қарап басында ШТР ға үміт артты, бірақ Алтайда әкім болған жарты жылда барлығынан хабар тауып көзі жеткен соң түбегейлі бет бұрады.
Алтайдағы Оспан бүлігіне  жауап ретінде үш аймақ жақ Тұрпан ұйғырларын желіктіріп бүлік шығартты. Осы Дүрбелеңнен аман қалған жүзден аса адам Ілеге барды. Ақыры тамыздың 12-күні үш аймақ өкілдері Құлжаға қайтып біріккен үкімет ыдырады. Осы тұста Құрамма штаттар мен Кеңестер одағының арасы шиеленісе түсті, ал Ішкі қытайдағы азаматтық соғыста екі империя бірі гомин қытайға, бірі коммунистік қытайға қару беріп бір-бірімен қырқыстырды. Ендігі майдан осы ұлт азаттық күресі болған үш аймақтағы қазақтар ара қырқысуға әкелді, гомин қытай, Америка жақтаған Оспан батыр, Қалибек бастағандармен үш аймақтың Кеңестер одағына адал топтары қатынасы шиеленісті.
Алтай, Тарбағатайдағы соғыстар
1947-жылы Оспан батыр мыңнан аса қарулы азаматтарын Қапас Тіркешұлына бастатып Алтайға шабуылға өтті. Олар Көктоғай, Шіңгіл халқының қолдауымен екі ауданды басып алды, Қарашора, Сарыбұлақ шайқасыеда үш аймақтың Қобық атты полкін негізінен жойып жіберді.(Бұл полк Іле мен Тарбағатай азаматтарынан құралған, Қожай Доқас ұлының айтуынша: Кеңестік кері үгіт арқылы Өр Алтай елін банды, қарақшы санап елге тізесін батырған, сол себепті оңай жеңілген)Алтай атты полктіңде талқанын шығарып тұтас Алтайды басып алып бір ай иелеп тұрды.
Дәлелқан, Нүсіпқандар Тарбағатайға келіп 4200 әскер жасақтайды(көбі 1946-жылы ұлттық армия қысқарғанда қосыннан шегінгендер), Кеңестер одағынанда әскери көмек алады, Тарбағатайдың әр жерінде халық, үкімет жылу жинап көмек береді. Осылайша 5 мыңнан аса әскермен Алтайға шабуыл жасап Оспан жасақтарын Алтайдан ығыстырды, бірақ Өр алтайдың екі ауданынан 20мыңға жуық қазақ Боғда, Бәйтікке көшіп кетеді, бұл бастысы Кеңестер одағының Көктоғайдан уран тасып Семей-Курчатовта атом бомбасын сәтті жасауы үшін жасалған қадам еді.
1947-жылы шілде айында Қалибек үш аймаққа әшкере қарсы шығып тауға көшіп кетті. Сауан қазағы дені оны қолдады. Бірақ Сауан Манастың іргесі, үш аймақпен гомин қытай әскері тіресіп тұрған шеп, онда үш аймақ армиясы өте көп шоғырланған еді, сол үшін бұл аса қатерлі әрекет еді.
Қобықсарыдағы тұрғұт ханзадасы Жаужапта үш аймақтан әшкере бет бұрып қарсы әскери қарсылықтар жасап, жолдан өткен үш аймақ әскери көліктеріне тыным бермеді.
Оспан тобын Алтайдан аластаған соң үш аймақ үкіметі назарын Сауанға аудардыда Сауан жеріне Құлжа жаяу 2-полк, моңғол баталионы, Шиху жаяу полк,  зеңбірекші баталиондын орналастырды, тағы Сауан атты полкін қайта құрды.
Такіман үш аймақ әскерінен жан аямай соғысып оларды үлкен шығынға ұшыратты, бірақ ол жақтағы әскердіңде көбі қазақ жастары еді. Такіман тобы Тәңіртаудың адам баспаған шыңдарына шығып киізді ат пен түйенің табанына салып биік шыңдардан асып Манас жаққа өтті, ол кез 1948-жылдың басы еді. Такыман көшінен көшке ере алмаған 200 дей адам үш аймаққа қолды болады, олардың біразын Жәйірдағы уақ ішіне апарған екен.
Осылайша Құрамма штаттар мен Кеңестер одағы ара суық соғыстың алғашқы зардабын Алтаймен Тарбағатайдағы қазақ бұқарасы тартып сан мыңдағсн адам соғыста опат болды.
Қалибек тобының кейінгі әрекеттері
Қалибек пен Оспан батыр елінен 33 мың адам Санжы еліне қосылды, Алтай төресі Әлен ауылыда Боғдаға көшті, Толының тумасы Әлен уаңның ханымы Қадуан Мамырбек қызы Үрімжі аймағының әкімі болды, Үрімжіге қаоасты Манас , Құтыби, Санжы, Фукан, Жемсары, Шонжы, Морида сол кезде 100 мың қазақ жасап жатты, әр ауданға қазақ әкім сайланды.
Үрімжі аймағының әкімі-Қадуан Мамырбекқызы
Шыңжаң билігінде қаржы минсьры Жанымқан Тілеубайұлы, Шыңжаң үкіметінің орынбасар хатшысы Сәліс Әміреұлы болды. 1948-жылы осы аймақтағы қазақтардан әсіресе Оспан батыр, Қалибек азаматтарынан 8-қазақ полк ұйымдастырылып оған Жәйірдің қазағынан шыққан Зәкария Әшен ұлы бастық болды.
1948-жылдың соңына қарай соғыста коммунистік қытайлар басым келе бастайды, гомин қытай үкіметі Құрамма Штаттардың көмегінен айырылып қаруы азайып, экономикасы тығырыққа тіреліп 1949-жылы күзде түбегейлі жеңілдіде Тайуаньға шегінді, 1949-жылы қазанда 100 мың қытай коммунистік әскерлері Шыңжаңға кірді, Кеңестер одағының бұйыруымен үш аймақ армиясы бір оқ атпай оларға берілдіде Манастан шығысқа өтіп Үрімжіге келіп оларды қарсы алды. Ендігі жерде Қалибек тобы Қарашар аймағына, Оспан тобы Баркөлге шегінді. 1950-жылы Оспан батыр мен Құтыби әкімі Оразбай Қалиұлы Санжы мен Баркөлден 30мың елді қызыл қытайға қарсы көтеріліске шығарып төрт ай соғысты, Оспан Гансуға шегінді, одан сәл бұрын Қалибек еліде Гаскөлге келген еді.
Құтыби әкімі Оразбай Қалиұлы
Оспан батыр Қайызда қолға түскен соң Қалибек тобынан 240тай адам Тибет жотасына шығып арттан қуған қытай әскерімен соғыса жүріп 1951-жылы Пәкістанға жетті, жалпы аман барған адам саны 174 жан еді, олармен бір уақытта еріп келген Дәлелқан Жанымқанұлы, Нұрқожай батырлар 19 адам болатын, Сұлтаншәріппен Құсайынға ерген 160 жан қосылып жиыны 355 адам болады. Олар 1940-жылы Елісқан, Құсыман бастап келген елмен бірге жиыны 1800дей адам 1953-1954жылы Түркияға жетіп тоқтайды.
1947-жылдың соңынан 1949-жылдың соңына дейін Шыңжаң жері негізі бейбітшілікте болды. 1944-1949 жылға дейінгі қысқа ғана төрт жыл үш аймақ халқының әсіресе қазақ халқы үшін кей жағынан тиімсіз болды десекте жақсы жетістіктерде көп болды. Мектептер көптеп ашылды, сауатты қазақ саны арта түсті, медицина дамыды, жолдар салынып,кендер ашылды, газет, журналдар қазақ тілінде шығып отырды. Үкімет құжаттары тек жоғарыда ұйғырша болғаны болмаса аймақтан бастап негізі қазақ тілінде жүрілді, бұл осы үш аймақтағы қазақ тілді жүйенің қалыптасуына, қазақ мадениетінің дамуына үлкен үлес қосты.
1944-1949 жылдары шыққан қазақ  тіліндегі газет-журналдар
Шәуешектегі ұлттық армия жауынгерлерімен бір бөлім басшылары. 1949-жылы. 1-мамыр
Толы ауданының құрылуы
1947-жылы Шыңжаң өлкелік біріккен үкіметтің 1-реткі мәжілісі ашылды. Оған Тарбағатай аймағынан сегі адам сайланды, оладык бірі Нұрсапа Сейтжанұлы болды(298-бет). Дөрбілжін ауданына 1949-жылдан кейін Мақсұтқан Қызырұлы әкім болды.
Мақсұтқан Қызырұлы
Толы аудандық полиция басшысы Ахат Кәрібаев
Дөрбілжін  ауданының 8-9-10 райондары аудан қалашығынан ьым алыста болғандықтан бұл  жерлерді бөліп шығарып«керей жарым ауданы» құрылдыда аудандық үкімет Толыға орналастырылды.(Үш аймақ  төңкерісі тарихы. 381-бет. Ұлттар баспасы. Пекин. 2000ж).
1954-жылы ескі уақ руыда қосылды, саяси жағыдайларға байланысты тайпа атын қолдану шектеліп аудан аты “ Толы ауданы” деп өзгертілді.
11.05.1951. Шыңжаң өлкелік құрылтайға қатысқан Тарбағатай аймағының өкілдері.
Тарбағатай. Майлы жәйлауы. 1954ж
1949-жылы үш аймақ қызыл қытай билігіне өткенімен Кеңестер одағының ықпалы әліде зор еді, үш аймақ армиясы 4-корпус болып қытай мемлекеттік армиясы қатарвна кірді, деседе оларды 1950-1958 ге дейін қытайға бағынбаған Оспан, Оразбай тобына қарсы соғыстырды, Баркөл еліне қарсы қойды.
1954-Жылы үш аймақта Іле қазақ автономиялы облысы құрылды. 1944-1945 те опыс үш аймақ билігіне ұйғыр, өзбек, татарды қоса, қытайлар қазаққа билік берді, облыс басшысы Пәтіқан Дәлелқанұлы, кейін Жағыда Бабалық ұлы болды. 1956-жылдан бастап үш аймақта көп жыл жұмыс істеген кеңес азаматтары еліне қайта бастады. Олармен бір қатарда Тарбағатай аймағының әкімшілігі мен әр ауданда әкім болған, полиция бастығы болған барлық шенеуліктер жаппай совет граждандығын алды, 1959 дан бастап екі ел қатынасы ушықты,  ұлттық армия таратылды,  армияда болған  бірталай адамдар Кеңестер одағына кетті. 1962-жылы Ілемен Тарбағатай дан шегара асқан 100 мыңдай қазақ Кеңестер одағына өтті. Осы күрестердің басты жемісі 1954-жылдан 2015жылға дейін 60 жыл қытайдағы қазақ автономия болып тұрып өз тілінде оқыды, өз ахпарат, баспа сөзі болып өз ұлттық болмымын сақтай алды, бұл осы күрестің жемісі еді.
Қазақ-жоңғар дін үшін соғыспаған!
Қазақ-жоңғар дін үшін соғысқан дегендер мына дерекке сүйенсе керек:
1691 жылы 6 ақпанда Иркутск қаласында Жоңғар ханы Галдан Бошогту (моңғол. Галдан Бошигт; Қалм. Галдан-Бошигт; 1644 – 1697) елшілерінің Қазақ хандығы туралы әңгімесі.
«…Шабармандар: «Осыдан он жылдай бұрын олар, Қалмақ Бушухту ханы мен Казак Ордасы, діні әртүрлі болған. Бушухту хан қалмақтармен және басқа да орда мүшелерімен бірге Далай-ламаға сенеді, ал казак ордасы әсіресе Мұхаметке Қырымдық жолмен сенеді, бұсурмандық жолмен сүндеттеледі. Ал Бушухту хан Казак Ордасына онымен, қалмақ Бушухту ханымен және Орданың басқаларымен бір Далай Ламаға бірігіп буддаға сенсін деп жіберді. Сондықтан да олармен жанжал туындады, өйткені олар қалмақ жолымен Далай-ламаға сенгісі келмеді, осының салдарынан үлкен шайқастар болып, Бушухту хан олардың көптеген қалаларын қиратты. Ал сол шайқастарда казак ордаларының Тәуке ханның Солтон деген баласын тұтқынға алады. Солтонды алып, Далай Ламаға жіберді. Сол де Солтон күні бүгінге дейін Далай Ламамен бірге және ол өз қалауы бойынша өмір сүріп, лайықты құрметке ие.».
Егер жоңғарлар дін үшін соғысса не үшін өздеріне бағынған ұйғыр мұсылмандарын буддаға сенуге шақырмайды деп сұрақ қоюға болар еді! Демек бастысы дін емес жер үшін соғыс болған!
Ерзат Кәрібай
БӨРІНІҢ АТЫН АЛҒАН ИТЕЛІ МЕН МОЛҚЫ
(«”В”дыбысының өмірі» мақаласынан үзінді)
Ворг(ворк). Бұл кәдімгі көк түсті және осыған байланысты бөріні білдірді. Бөрі деген сөздің өзі көк түсті ұғындырады. Ворг(ворк) сөзі В дыбысының “ұб, об, аб, ба, бо, бұ, ұ, у” болып түрленуіне сай, бурғ, ворғ, буры, влуе, бөрі, бөрік, волк сөздерін тудырды. Волк – өлекшін. Влуе(бөре, бөле) – ағылшын тіліне көк түсті білдіретін атау ретінде ғұндар жағынан енді. Волф(бөріп) сөзі оларда бөріні білдіреді. Бурыл түс те көк түсті негіз етеді. Қазақта “бөріктіріп қырады” деген сөз бар. Бұл біріктіріп қырады деген мағынаны береді. Қазақтың бірігу деген сөзінің әубаста туылуына да бөрілердің азығын ұстаудағы ұйымшаң әрекеті әсер еткен. Волк(бөрғ) – Шығыс Еуропа жерінде бөріні білдірді. Волк сөзі болғ, болқы болып та дыбысталады. Молқы руының аты осыдан келген болуы мүмкін. Молқы шежіресінде Молқының анасы қалмақ қызы еді, ол баласын “Болғ немесе Болқы” деп шақырып жүріп, бұл ұрпақ Молқы атанып кетті дейді. Он екі Абақ Керейдің бірі Молқы, Уақтың Ереншісінен туатын молқы мен Ереншінің ұлы Елшіден туатын молқы, Арғынның Қарпық руының Көзейінен, оның Тоқасынан туатын молқы бар. Мұның бәрі бір ру.
Кок-волк(көк бөрі) атауы уақыт өте келе Көкбұлақ болып айтылып, ителі шежіресінің негізгі атауын тұлғаландырған. Көк бөрі сөзінен шыққан Көкбұлақты көшпенді өмірдегі бөрінің атын тіке атамайтын әдет бойынша, Көкбұлақтың тұқымдарын “ит елі” атап кеткен.
Енді осы Ақмерген(Күйік), Ақбақты, Ақмалай(Тыныбек) деп танылған үш ителінің атасы болған Көкбұлақтың Ахметәлі, Ақберді деген екі ұлының ішінде, Ахметәліден үшеуі тарайды. Көкбұлақтың келесі бір ұлы болған Ақберді атауына келсек, Ах-бөрт(Ақбөрі) деген сөздің кеңітіп айтылуынан келіп шыққан. Қазақтың Алаша руы Ақберлі, Тоқберлі деген екі үлкен тармаққа бөлінеді. Яғни, ақ бөрілі, тоқ бөрілі деген мағыналарда. Осы Тоқбөрліден Бөріше тұқымы шығады. Осындағы ақбөрлі мен ителідегі Ақберді екеуі бір ұғым. Осы Ақберді(Ақбөрі) есімін Ашамайлы атанған адамның нақ өз аты дейтін шежірелер бар. Олай болса оның ағайыны Ахметәлінің шын есімі Абақты болып шығады да, кейінгі молда-қожалар арабшаға бейімдеп Ахметәлі қылып жіберген. Ал, үш ұлдың бірі болған Ақбақты сол абақты сөзінің өзгерген нұсқасы. Ежелден, абақты немесе абақлы, ашамайлы деген атпен көптеген ұлыстардың құрамында осы екі керей тобы кірді. Шежіреде Ақбақтыдан тарауға тиісті Ақмерген мен Ақмалайды оның ағайындылары етіп қойған. Сонымен, бұлар үш ителіні құрап тұр. Бір қызығы, осы үшеуінің жеке-жеке шежіре таралымында Ақбақтыдан Қазеке, Дәуіт, Дәуітқали, Есенбақты. Қазекеден Жаңбыршы, Кенжебай. Жаңбыршыдан Ақмалай болып таралып тұр. Бұл біздің Ақмалай да, Ақмерген де Ақбақтыдан шығады деген қисынымызды бекемдей түседі. Есенбақты деген атаудың өзі бізді ойландырады. Есен-Абақты (Изен-Абақты) немесе Үйсін-Абақты сөзін қисынға келтіреді. Өйткені, абақтың бір шеті сары үйсіннен шығады. Ал, үш ителінің бірі болған Ақмалай Дәулетінен Қиғылық, Қиғылықтан Жандалы тараса, қазіргі уақтың жартысы Жандалы(Жантелі) деп аталады. Осы Ақмалайдың Қалматайынан Шәйкөз туады. Ал, шәйкөз болса уақтың сегіз маңызды руының бірі. Ал, осы Елтоқтың бес баласының бірі Изенберді(Изенбөрі, Есенбөрі). Керей мен уақ рулары да Изен, Жусан деген адамдардан тараған ұрпақ. Ал, Елтоқтың бес баласының бірі болған Ағанастан Қараш, Қараштан Изенберді, Жусанберді деген тағы екі тармақ тарап тұр. Ал, уақтың ішінде сіргелі руы бар. Ұлы жүз сіргелінің ішіндегі Ақкөңірдек руы Елтоқ, Жантоқ деген екі тармаққа бөлінеді. Уақта сарыбағыс руы бар. Арғында ақбағыс руы бар. Арғындағы ақбағыстан қарақас туады. Керейдегі абақтан қарақас туады. Демек, ақбағыс деп жүргені абақас дегеннен келіп шыққан. Сарыбағыс дегені сары абақас дегеннен келіп шыққан. Ителінің Ақбақтысы да Абақты ғана емес, Ақ Абақ деген ұғымды да жүктеп отыр. Бағаналының шегелегі ішіндегі ителі, қаракерейдің қожамбеті ішіндегі ителі, қанжығалы ішінде барғанадан туатын ителі және Керей шежіресіндегі Мағаналы(барғаналы, бағаналы) атауы өзара туыстыққа ие. Бұлардың бәрі шашыраған Керей Ителінің тұқымдары.
Зерттермен: Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы
ТҰҒЫРЫЛ ХАННЫҢ ӘЛЕМДІ БИЛЕГЕН ҰРПАҚТАРЫ
Тұғырыл ханның Нылқы шамғұн(санғұн), Еке(Үкі), Тайбұға деген үш ұлы болды. Нылқы шамғұннан тараған әулет Торғауыт, Қалмақ, Абақ-Сахара қатарлы ордалардың билеушілері болса, Тайбұғадан тараған әулет Сібір, Төмен хандықтарын биледі. Тұғырыл ханның інісі Жақа қамбының қызынан туған жиендер Ұлы Моғол ордасын, Қытайды, Иранды билесе, өзінің Құлағудан туған жиендері Иранды тағы дүбірлетті. Тұғырыл ханның ұрпақтарынан Қазан, Қажы-Тархан(Астрахан), Қасым хандықтарының тағына отырғандар да болды. Қырым хандығын билеген Тұғырыл хан ұрпақтары тұтас Жошы ұлысындағы барлық хандықтарды шеңгелінде ұстады. Жошы ұлысынан шыққан хандықтардың тәуелсіздігін қорғау жолындағы шайқастарды ұйымдастырушы болды.
Қырым хандығын билеген Тұғырыл ханның ұрпақтары
Қырым хандарының есімінің бәрінде Керей қосымшасы бар. Бұл туралы Орыс зерттеушілері екіге жарылады. Бірі, Қажы
-Керейді Тұғырыл хан әулетінен десе, бірі Шыңғыс әулетінен шықты деп есептейді.
1. Қажы-Керей (1438 — 1466)
2. Нұрдәулет-Керей (1466 — 1478)
3. Меңлі-Керей (1468 — 1514)
4. Қайдар-Керей (1475)
5. Жәнібек(Алтын Орда ханы Ахметтің жиені(1478 — 1479)
6. Мұхаммет-Керей(1514 — 1523)
7. Қазы-Керей (1523)
8. Сәдет-Керей (1523 — 1526)
9. Ислам-Керей (1526 — 1537)
10. Сахып-Керей (1532 — 1551)(1521 — 1524жылдары Қазан хандығының ханы болды)
11. Дәулет-Керей (1551 — 1577)
12. Екінші Мұхаммет-Керей (1577 — 1584)
13. Екінші Ислам-Керей (1584 — 1588)
14. Екінші Қазы-Керей (1588 — 1608)
15. Пәтіх-Керей (1596)
16. Тоқтамыс-Керей (1608).
17. Саламат-Керей (1608 — 1610)
18. Жәнібек-Керей (1610 — 1635)
19. Махмұт-Керей (1623 — 1627)
20. Инаят-Керей (1635 — 1636)
21. Бахадүр-Керей (1636 — 1641)
22. Төртінші Махмұт-Керей (1641 — 1666)
23. Үшінші Ислам-Керей(1644 — 1654)
24. Әділ-Керей (1666 — 1671)
25. Сәлім-Керей(қажы)- (1671 – 1704)
26. Мұрат-Керей (1678 — 1683)
27. Екінші Қажы-Керей (1683 — 1684)
28. Үшінші Сәдет-Керей (1691 — 1692)
29. Сапа-Керей(1692)
30. Екінші Дәулет-Керей (1699—1716)
31. Үшінші Қазы-Керей (1704 —1707)
32. Қабылан-Керей (1707 — 1736)
33. Үшінші Қара-Дәулет-Керей (1716 — 1717)
34. Төртінші Сәдет-Керей (1717 — 1724)
35. Екінші Меңлі-Керей (1724 —1739)
36. Екінші Пәтіх-Керей (1736 — 1737)
37. Екінші Саламат-Керей (1739 — 1743)
38. Екінші Сәлім-Керей (1743 — 1748)
39. Арсылан-Керей (1748 — 1756) (1767)
40. Ғалым-Керей (1756 — 1758)
41. Қырым-Керей (1758 — 1769)
42. Үшінші Сәлім-Керей (1764 — 1771)
43. Масығұт-Керей (1767 — 1772)
44. Төртінші Дәулет-Керей (1769)
45. Екінші Қабылан-Керей (1770)
46. Екінші Сахып-Керей (1772 — 1774)
47. Шаһин-Керей (1777 — 1785)
48. Екінші Бақадүр-Керей (1781-1785)
49.Сабаз-Керей ( 1787 — 1789)
50. Бақты-Керей (1789 — 1794)
Сібір хандығын билеген Тұғырыл хан ұрпақтары
Мар хан (1468—1480)
Абақ хан (1468—1495)
Мұхаммет-Тайбұға хан — (1495—1502)
Аңғыс хан (1502—1516)
Касым хан (1516—1530)
Едігер хан (1530—1563)
Бекболат хан — (1555—1563)
Сейтақ хан — (1583—1588)
Әли хан (1598—1616)
Бақадұр хан (1607—1616)
Есім хан (1616—1624) Торғауыт-Керейт тәйжісі Өрліктің күйеу баласы
Абылай-Керей хан (1628—1631) Қырым хан әулетінен.
Дәулет-Керей сұлтан, 1662—1665. Қырым хан әулетінен
Күшік сұлтан, Қырым хан әулетінен(1662—1664), Башқұрт көтерілісінің көсемдерінің бірі.
Абыға хан, Қырым хан әулетінен
Асан хан, Қырым хан әулетінен
Есім-Шөбек хан, Қырым хан әулетінен
Сұлтан-Мұрат хан – Қырым хан әулетінен әрі Қарақалпақ ханы.
Есмахамбет хан – Қырым хан әулетінен әрі Қарақалпақ ханы.
Төмен хандығын билеген Тұғырыл хан ұрпақтары
Абақ хан (1468—1495)
Мамық хан (1495—1496)
Ағалақ хан (1496—1505)
Күлік сұлтан (1505—1530)
Едігер хан (1530—1563)
Бекболат хан
Едігер хан (1555—1563)
Торғауыт ордасын билеген Тұғырыл хан ұрпақтары:
Абақ тәйжі. 1400 жылы таққа отырып, 20 жыл билік құрған.
Соған тәйжі Абақұлы. 30 жыл тақта отырған.
Баян башыр тәйжі Соғанұлы. 30 жыл тақта отырған.
Мақаш мерген тәйжі Баянұлы. 30 жыл тақта отырған.
Шұғам бұқа тәйжі Мақашұлы. 30 жыл тақта отырған.
Шеге тәйжі Шұғамұлы. 30 жыл тақта отырған.
Өрлік тәйжі Шегеұлы. 30 жыл тақта отырған. Сібір хандығының керей ханы Есім ханға қызын берді.
Жорықты хан Өрлікұлы. 35 жыл тақта отырған.
Қалмақ хандығын билеген Тұғырыл хан ұрпақтары:
Қорлық тәйжі Өрлікұлы. Ол торғауыт, дөрбіт, бұзау руларынан құралған Қалмақ хандығын құрып, өзі қалмақтардың билеушісі ретінде 11 жыл тақта отырған.
Шүкір тәйжі. 17 жыл тақта отырған.
Моншақ тәйжі. 11 жыл тақта отырған.
Аюке хан. 55 жыл тақта отырған.
Шақты жам. 8 жыл тақта отырған.
Серен дондық. 11 жыл тақта отырған.
Дондық амбы. 6 жыл тақта отырған
Дондық тәйжі. 20 жыл тақта отырған.
Ұбаш хан. 10 жыл тақта отырған.
Абақ-Сахара ұлысын билеген Тұғырыл хан ұрпақтары:
Дөт би. Еділде калған қалмақтарды 19 жыл билеген.
Ассарай Дондық-Амбыұлы. Еділде калған қалмақтардың Дөтбиден кейінгі билеушісі.
Дондық амбыдан Ұрандыл, Дөтби, Ассарай, Жаубасар деген 4 ұл Дәлек, Монығара деген екі қыз туады. Бұл Абақ-Сахара ұлысы 1930 жылға дейін өмір сүрді. Ұлыс Жем, Барын деген екі аймақтан тұрған.
Абақ Керей ұлысының төрт төбе биге дейінгі ақ тулы иелері:
Ер-Жәнібек Бердәулетұлы(сары)
Қожаберген батыр Жәнібекұлы(шұбарайғыр)
Байтайлақ батыр Бәйімбетұлы(шеруші)
Шәу жырау Апашұлы(ботақара)
Абақ Керейдің бейресми ханы:
Бөке батыр Жырғалаңұлы(молқы)
Абақ Керей ордасын Көгедай ханмен қатар билеген төрт төбе бидің ордасы:
Көкен би Мамытұлы(базарқұл) – Жұртбай би – Мәми би(бейсі) – Қанапия бейсі.
Топан би Сатайұлы(барқы) – Бапы би – Жақып би.
Бейсенбі би(ұлы күйші) Дөненбайұлы – Қара Оспан би – Закария бейсі.
Құлыбек би Жантеліұлы – Нашын би – Өміртай би(Биқажы). Арғы атасы би әрі батыр Қуандық Байғараұлы.
Абақ Керей ұлысының әрі онымен аралас отырған найман, уақтың ортақ ханы:
Оспан батыр Сіламұлы(молқы). 7 жыл хан болды.
Мұрагері Шердиман Оспанұлы. Хан атанбағанымен әкесінің күресін жалғастырды.
Әлемнің әр тарабын билеген Тұғырыл хан жиендері
Тұғырыл ханның қызы Тоғыс қатын мен інісі Жақа қамбының қызы Сорғақтан бикені Шыңғыс ханның ұлы Төле жар етті. Төле өлген соң Тоғыс қатынды Құлағу алды. Сорғақтан бикеден Ұлы Моғол ордасының ұлы ханы Мөңке, Юан патшалығын құрған Құбылай хан, Иранды билеген Құлағу хан, Ұлы Моғол ордасының ұлы ханы Арықбөке туады.
Орыс ішіндегі керей әулеттерінен:
Анатолий Тихонович Керей (1923-1990) – кеңестік барлаушы және барлаушы, мемлекеттік қауіпсіздік генерал-майоры.
Александр Алексеевич Керей(1833-1910) – орыс атты әскер генералы, көрнекті славянофиль публицисті.
Киреев, Иван Васильевич (1803-1866) – 8-артиллериялық бригаданың прапорщигі, декабрист.
Николай Алексеевич Керей (1841-1876) – қоғам қайраткері, Петербург славян комитетінің мүшесі, серб-черногориялық-түрік соғыстарына қатысушы.
Николай Иванович Керей(1922-1944) – жердегі нысанаға әуеден соққы жасаған кеңестік ұшқыш.
Сергей Яковлевич Керей(1901-1990) – кеңестік партия жетекшісі, Бүкілодақтық большевиктер коммунистік партиясы Горький облыстық комитетінің бірінші хатшысы.
Керей, Василий Фадеевич (1879-1942) – орыс армиясының генерал-лейтенанты, Украина Халық Республикасы армиясының корнет генералы.
Керей, Иван Федорович – кеңестік каллиграфия профессоры.
Керей, Михаил Ильич (1936 ж.т.) — кеңестік партия жетекшісі.
Қырымдағы Керейлердің соңғы сарқындары:
Сұлтан Қадір Керей (1891-1953), патша әскерінің полковнигі. Азамат соғысы кезінде жараланып, Түркияға, одан АҚШ-қа қоныс аударып, «Черкес-Грузин қоғамын» құрды.
Шыңғыс Керей (1921 жылы туған) Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол Америка барлауында қызмет етті. Жазушы және ақын, «Күш көлеңкесінің» авторы.
Жұматай Керей (1916-1976) Түркістандағы Басмашылар отрядының басшысы. Коммунизмге қарсы күресті.
Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы
Оспан Батырдың Чойбалсан маршалға жазған хаты
Суретте Оспан Батырдың 1944 жылы наурыз айында Чойбалсан маршалға жазған хаты берілген. Хатта Оспан Батырдың өз қолы қойылған, мөрі (таңбасы) басылған.
Хаттың аудармасы:
Аса құрметті маршал жолдасқа сәлем
(жазамын мәнісі:)
Ол жақтағы біздің әскерлердің кемшілік* нәрселер болса біздің мына барған кісілерден айтып жіберіңіздер. Және де сол әскерлер жауды қамап алған екен, асса 10 күн, қала берсе 6-7 күн, шамалары болса қамасын, егер азық басқалай нәрселері болса оны бұл жерден толық қып береміз, кемшілік* нәрселеріне біз міндеттіміз, сол үшін әскерлерге осы хабарларды даньбау* арқылы тиілсе екен деп құрметпен Батыр Оспан (қолтаңбасы, мөрі).
33. 3/3
Қысқаша түсіндірме:
Кемшілік*: хатта бұл сөз мінездеме мағынасында емес, қажеттілік, бұйымтай, керек-жарақ сияқты әлеуметтік һәм тұрмыстық мағынада қолданып тұр.
Даньбау* (қытайша:电报): диань бао, телеграмма яғни жеделхат.
Ескерту: Хат нұсқасы 2016 жылы Моңғолияда жарық көрген “Оспан Батыр” атты 440 беттік ғылми еңбектен алынды. Еңбекті шығарушылар:
Х.БАТ-ОЧИРЫН БОЛД
Х.БАТ-ОЧИРЫН ТУЯА
1943 жылғы Оспан-Чойбалсан кездесуі, екіжақты ортақ келсімшарттарға отыруы жаңа саяси кезеңнің басталуы еді. Сол жылы Алтайда ұлт-азаттық көтеріліспен жүйелі айналысатын уақытша үкімет құрылды. Уақытша үкіметтің төрағасы, қоманданы, жеке әскері және алған қойған саяси мақсаттары болды. Уақытша үкіметтің туы, іс-қағазы, үкімет ағзалары болды. Суретте көрсетілген хат үлгісі, қолтаңба һәм мөр соның тарихи дәлелі еді. Бірақ, кейін совет одағы Алтайда құрылған осы уақытша үкіметке бүйрегі аз бұрылды, өңірдегі саяси жобаның картасын қайта шилап жаңа саяси ойындарды ұйымдастырды. Мұның бірқанша себебі бар еді, олар:
Бірінші себеп: Германияда құрлыған Түркістан Легионының дін істерін басқаратын легион мүфтилігі құрылады да, олар совет құрамындағы түркі мұсылмандарға саяси һәм рухани пропаганда жасай бастайды. Совет орталық билігі Германияның діни пропагандасының ықпалын әлсірету мақсатында 1943 жылы Ташкенде діни басқарма САДУМ-ды жасақтап шығады. САДУМ-ға қарасты Қазақстан діни басқармасы да құрылады, оны Қазиат деп атайды. САДУМ жасақтала сала елдегі діни ахуалды қайта жандандырған-сымақ болады, мешіттер қайтадан соғылады, діни кітаптар қайтадан жарық көреді. САДУМ құрыла сала Моңғолия Баян-Өлгийде, Алтай, Шәуешек, Құлжада өз пропагандасын бастап кетеді. Әсіресе Құлжа тараншы, өзбек, татарлары САДУМ ықпалына ұшырап совет пропагандасын аймақтарға тарата бастайды. Бірақ, Алтай халқы бұрынғы ишандық және қазылық Бұхара ислам мектебі мен дәстүрін берік сақтағандықтан советтік діни саясаттың ықпалын, діни кадрларын мойындамай қойды. Алтайда Әбілпейізұлы Көгедай ұрпақтары керейдің хан-төресі, Бұхаралық Мұхамбет ишан ұрпақтары керейдің ешені (ишаны) болып бекітілгеніне жүз жылдар өткендіктен діни һәм саяси өмірлерін бір жолда өзгерту аса қиын еді. Сол себепті советтің саяси һәм дін атын жамылған рухани пропагандасы бұл өлкені айналып өтіп жатты. Алтай сол беті тұра берсе қазақтардың кейінгі саяси жағдайы советтің өңірдегі сыртқы саясатына сөзсіз кереғар ықпал етеді, бұл советтің пайдасына шешілмейді. Бұл бірінші себеп!
Екінші себеп: Алтай халқы 1939-40 жж бастап ұлт-азаттық төңкеріске белсенді араласқандықтан өлкедегі қытайдың әскери күші негізінен Алтайға аууып Құлжа сияқты халқы тығыз, этникалық құрамы күрделі өңірлер стратегиялық жақтан бейғам қалады. Былайша айтқанда Іле уалаятындағы қытайдың әскери күші Алтайға жұмсалып бұл аймақ барынша қорғаныссыз күйде қалып қояды. Ол кезде яғни 1943-44 жж Алматыда “Шыңжаң мәселесі” жіті қадағаланып бақылауда еді. Жүздеге кадрлар “Шыңжаң мәселесі” бойынша тыңдаудан, дайындықтан өтетін. Оларды Жәркент, Қорғас арқылы бейғам ел Құлжаға жеткізу тиімді-тін. Сосын совет пен САДУМ адамдары Құлжада көбірек үгіт-нәсихат жүргізді, тіпті Құлжадағы совет консульствосы өте белсенді болды.
Үшінші себеп: Іле уалаяты қазақ халқының басым санды болуына қарамастан көпұлтты, көпдінді, көптілді аймақ еді. Совет үшін өңірдегі саясатқа татырмас мүмкіндік. Үкімет құрамын әр халықтан жасақтау, нақты қай этникалық топтың мүддесін анық көрсетпеу кейінгі бөлу мен билеудің бүгінгі алғы шарты-тын. Совет консулы, САДУМ кадрлары 1943 жылдан бастап Құлжадағы бай-шонжарларға ашық үгіт-нәсиқат жасап алдын астыртын төңкеріс жасауға келістірді.
Бұл өлкенің тарихына қатысты ғылми айналымға түскен еңбектерде өңірге тіке қатысты діни-рухани мәселелер аса ауқымды зерттелмей келеді. Егер шындап кірісіп зерделенсе бір ғана діни-рухани мәселелерден өңірдің саяси тарихына қатысты кейбір жанама факторларды анық байқауға болатын еді.
Елдес ОРДА
01.02.2021
Алтай өлкесінің Шыңжаңға өз еркінен тыс қосылғанына 100 жыл (1920-2020)
1920- жылға дейін Синьцзян мәселесіне Алтай өлкесі қамтылмайтын-ды. Алтай өлкесі 130 жылдай орталық үкіметке жеке қарап келді де, 1919-1920 жж арасындағы ішкі-сыртқы саяси һәм гео-стратегиялық мәселелерге байланысты жеке өлке статусы біржолата жойылған еді. Синьцзян губернаторы Яң-ның қолқа салуымен Алтай өлкесі Синьцзян провинциясының қарауына өтті.
Мына әкімшілік карта 1916-1920 жылдар арасында дайындалған. Осы картада Алтай Өлкесі анық көрінеді. Цин империясы құлаған соң билікке келген буржуазиялық үкімет бүкілмемлекеттік құрылтай жиналысын өткізеді сонымен бірге сол жылы уақытша үкіметтің кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Осы саяси іс-қимылға Алтай өлкесі жеке ел ретінде қатысқан. Ол туралы кейін айтамыз.
1905, 1908, 1912 жж арасындағы күрделі әкімшілік реформалардан кейін Алтай-Қобда елінде түбегейлі өзгерістер болды.
1914- жылы Құлжа өлкесі, 1916- жылы Тарбағатай өлкесі жеке-жеке Синьцзян провинциясына кірді. Бұрын Синьцзян территориясына Қашқарияның Алты-Шаһар аймақтары мен Еренқабырғаның аудандары қарайтын-ды.
Қазақтар тұрған өлке, аймақтар 1914, 1916, 1920 жылдардың нәтижесіне байланысты Синьцзян әкімшілігіне біржолата қарады. Сонымен мынадай тарихи жағдай қалыптасты:
Бірінші, Қазақтар Сиьцзян әкімшіліне қараған соң өз жерінде өзі аз халыққа айналып қалды. Мысалы, Құлжа өлкесі (1914), Тарбағатай өлкесі (1916) және Алтай-Қобда өлкесі (1920) жеке-жеке өз алдына әскери губерниялық үкімет болып тұрғанда қазақтардың тұрғылықты үлес салмағы 90% ға дейін ұстайтын еді, Синьцзян провинциясына қараған соң өлкеге шаққанда саны аз болып шыға келді. Бұған тек қазақтарды ғана қарастыруға болмайды, ұйғырлардың да үлес салмағын мысал ретінде келтіруге болады. Мысалы, 1912, 1914, 1916, 1920 жылдарға дейін Синьцзян өлкесінде 85-90% ке дейін басым салмақ Қашқария ұйғырларында еді, Алтай-Тарбағатай-Құлжа өлкелері Синьцзянға қосылған соң ұйғырлардың пайыздық саны жалпы провинцияға шаққанда 60% ке дейін төмендеді.
Екінші, Қазақ өлкелері өз еркінен тыс Синьцзян провинциясына қосылған соң жер мәселесі ұлттық мәселеге айналды. Синьцзиян губернаторы қазақтардың көңілін табу үшін салық реформасын жасағанымен жерге қатысты реформаны ауызға да алған жоқ. Қазақтар өз жерін өзі үкіметтен жалпап алып отырды. 1916-1918-1920-1922-1928 жылдар арасындағы орталық үкіметке жолдаған арыз-шағым құжаттарын қарасаңыз 95%-і “жер мәселесі” бойынша арыз өтініш жасаған. Бұл тұрғыда келгенде Синьцзиян губернаторлары патшалық Цин үкіметінің саяси ұстанымдарын жалғастырушы мұрагері болды.
Үшінші, Қазақтар әкімшілік басқару механизмінде кадрлық түйіткілге тап болды. Алтай, Тарбағатай, Құлжа өлкелері жеке әскери губернияға қарап Синьцзян өлкесіне қосылмай тұрғанда өзі тұрған аймақта саяси-әкімшілік статусы бар еді, оны көбінше Цин императоры жарлықпен бекітіп берген. Және дәуір айналып заман өзгерген тұста саяси статус атадан- балаға, әулеттен- әулетке қалатын. Қазақ өлкелері Синьцзян аймағына қосыла сала әкімшілік күрделі реформаға дөп келді де бұрынғы жоғары дәрежелі мәнсап статустары құр атаққа айналып қалды, жергілікті атқарушы билік аудан-қала әкімдерінің қолына өтіп кетті.
Біз жазып отырған Алтай өлкесі осы тарихи күрделі мәселенің ең соңғы ауыр мысалы еді. Биыл осы тарихи оқиғаға 100 жыл толып отыр.
Әрине, қазақ өлкесі өз еркінен тыс Синьцзян провинциясына қосылып берілген соң бұған байланысты ұлттық наразылық тоқталық қалған жоқ. Алтай, Тарбағатай, Құлжа өлкелеріндегі әрбір ұлтаралық мәселенің түп негізі- осы тарихи қасіреттен туындап отыр.
1920- жылы Алтай өлкесі соңғы болып Синьцзян аймағына қараған соң қазақтың тың саяси өмірі басталды. 1922- жылдан бастап Синьцзян орталығы Үрімжіде қазақтың жаңа зиялы шоғыры пайда бола бастады. Құмыл-Баркөл, Еренқабырға, Құлжа, Тарбағатай, Алтай қазақтарының сорпа бетіне шығар зиялы қауымы жаңа оқу орнын құра бастады. Мақсат- халықтың жаңа рухани санасын заманның озық технология күшімен қаруландыру сосын оянған халықты қозғап жеке ҰЛТТЫҚ АВТОНОМИЯ талап ету һәм бөлініп шығу.
Осы еңбектенудің нәтижесінде 1922-1932 жж небәрі он жылда қазақ зиялылары тарапынан АВТОНОМИЯ мәселесі саяси деңгейде көтерілді. Ондағы саяси мақсат- Синьцзян губерниясынан біржолата бөлініп шығып кету!
Осы түпкі саяси мәселенің нәтижесінде ең әуелі Құмыл-Баркөл қазағы түп қопарылды, жергілікті губернаторға наразы боп ішкі қытай, тіпті Тибет одан ары Пакістанға дейін асып кетті.
1939-1940 жж арасында Өр Алтай елі ұлт-азаттық көтерілісін бастады. Түпкі саяси мақсат- Алтай өлкесі Синьцзянға еркінен тыс қосылуы және қазақтардың саяси, рухани һәм әлеуметтік еркінің болмауы еді.
1944-1945 жылдары Құлжа өлкесі мен Тарбағатай өлкесінің қазақтары ұлт-азаттық ұйымдарын құрып, саяси төңкеріс жасады. Себеп- Құлжа мен Тарбағатай өлкесінің өз еркінен тыс Синьцзян аймағына қосылуы, ұлттық рухани һәм саяси құндылықтар мен еркіндіктің аяққа тапталуы еді.
Біздің Қазақстандық тарихшылар осыны ашық айта алмай келеміз.
1920- жылы Алтай өлкесі Синьцзян провинциясына еркінен тыс қараған соң Алтай тағы екіге бөлініп кетті. Қобда аймағы Моңғолия жағында қалды, Алтай окургы бері Синьцзян жағында қалды.
1917- жылы Алашорда үкіметі құрылған кезде қытай қазақтарына байланысты екі түрлі ұстанымы болды. Оның бірі, Синьцзян қазақтарына байланысты ұстаным; Екіншісі, Алтай өлкесі қазақтарына байланысты ұстаным. Алтай қазақтары жеке өлке, жеке отау ел ретінде Алаш үкіметімен дипломатиялық байланыстар жасады. Ал, Тарбағатай, Құлжа қазақтары ол кезде Синьцзян үкіметіне ерте қарап кеткендіктен жергілікті әкімшілік негіз шеңберінде ғана қарым-қатынастар жасады.
Алтай өлкесі 1917-1918 жылдары ең қауіпті шекара аймағы атанып орталық биліктің назарын өзіне аударды. Егер орталық билік Алтайға байланысты дер кезінде шара көрмесе Алтай тәуелсіздігін жария етуі де мүмкін еді (себебін кейін жазам). Осыған байланысты 1919- жылдан бастап Алтайды жою саясаты қабылданды. 1920- жылы Алтайдың саяси әкімшілік статусы күшін жойды, Синьцзян губерниясына қарасты шағын окургке айналды.
Отандық тарихшылар осы мәселеге қатты назар аударуы тиіс деп есептеймін. Қазіргі таңда көрші Синьцзян өлкесі біз үшін өте маңызды стратегиялық белдеуге айналды. Біз көрші өлкенің өткен ғасырдағы тарихын білмей бүгінгі жағдайға оңды тұжырым жасай алмаймыз. Түптің түбінде бұл іс ең маңызды мәселеге айналады. Ол үшін маман, кадр дайындауымыз керек.
Еллес ОРДА
25.11.2020
РИМ БИЛЕУШІЛЕРІ ҰЛЫ ДАЛАДАН БАРҒАН БА?
Ителі руы – іргелі рулардың бірі. Атауы жағынан Ителі кәдімгі Ителгі құстың атауының ғасырлар легінде ғ, г әріптері түсуіне байланысты өзгеріске ұшыраған түрі болуы мүмкін. Екінші жақтан алғанда, Ид-Телы, Иди-Теле болып ежелгі Алтайлық Телелердің бір бұтағы болуы мүмкін. Ид-Телы, Иди-Теле атаулары оларды Жер-Телелері(отырықшы Теле) және қасқырды төтем еткен Телелер ретінде көрсете алады. Ителінің шежіре бойынша Көкбұлақ деген атаның немересі екенін танысақ, Көк сөзінің Құдайы сипаттар мен көк бөріге, киеге қатыстылығын ескерсек ит сөзінің әрі жағында қасқыр төтемі жатады. Италияндардың ит емген(қасқыр емген) екі баланы төтем санап, күні бүгінге дейін Ителі атауынан Ителия(Италия) болып тұрғанын біле аламыз. Оның үстіне Көкбұлақ аталатын кей жерді халық Көкебұлақ деп те айтады. Көкебұлақ – Тыва тілінде Көктегі бұлақ, Көктің бұлағы деген мағынада. Дулыға сөзінің Торык, Түрік деп те айтылатыны, Түркі тілдері сөздігінде және бүгінгі Тывалардың тілінде ат тұяғының жүрекшесін білдіретін Тұлұн сөзі ауыз екі тілде Тұрғын болып, р мен л-дың ауысымдылығын зерделесек, Көкебұлақ сөзі – Көке Бура, Көк Бөрі сөзінің өзі болуы да мүмкін.Ал, Ителі шежіресіндегі Ахметәлі есімді адамның пайда болуын кейінгі Араб-Парсы текті Қожалардың Қазақ шежіресіне салған бүлігінің бір парасы ретінде, ойдан қосылған адам есімі ретінде біріңғай қарай алмаймыз. Ахметәлі есімін шежірені бүлдірушілер Абақлы, Абақты сөздерін бұрмалаудан келіп шықты дей аламыз. Ителі ішіндегі Абақты(Ақбақты, Абақлы) және Ителінің Абақ Керейге қарасты екенін білсек те жеткілікті. Ителі руы Қазақта бар, Башқұртта бар. Бір қызығы екі халықта да бұл ру Керей ұлысына жататын болып есептеледі. Башқұрт Керейлері өз ішінен Ителі және Орман болып екіге бөлінеді. Башқұрттағы Ителі тобының рулары: Ақ Төбетай, Зайнолла, Мүйтен, Мүтин, Мұқсын, Махмұт, Тұяқ, Хасан, Апти, Сәлиқ, Есекей, Таршан.
Қазақтағы Керей ішіндегі Ителі тобының рулары: Ақбақты, Ақмалай(Күйік), Ақмерген(Тыныбек) қатарлы үш ру. Мұндағы Ақбақты руының түп атауы Абақты, Абақлы немесе Ақ Абақ болуы да мүмкін екенін және бір айтып өтеміз. Ителі руының Керейдің “Ноқта ағасы” екенін білеміз. Ендеше, бұл ру – ең ескі Керейдің бірі.
Құрметпен: Көкбөрі Мүбарак
Өткен күні “Ителі мен Италия” деген тақырыпта жазба жариялап едім. Бір қатар кісілер қасқыр емгендерді ит емген деп ырымдап айтатынымызды білсе де, Италия елінің ит емгендерді(қасқыр емген) төбесіне көтеріп мүсінін оятынын көрсе де, бәрібір Италияның түп сөзі Ителі болуы мүмкін бе деп екіұдай күй кешті. Бірінші мемлекеттің атын азғантай ат төбеліндей билеуші топ қояды. Кешегі өткен заманда Азияның басым көп жері “Моғол” атанды ғой. Үндістанға қалың Хазар басып кіріп еді, бәрібір билеуші топ “Моғол” есімін сыйға тартты жаңа мемлекеттеріне. Ноғай деп те, Өзбек деп те ұлы хандардың атына қауымдардың белгілі бөлегін атаған билеушілер өз қалағандарын жасады. Азғантай орыс билеушілері күллі Ферғана, Мырзашөл, Жиделі-Байсын тұрғындарымен санаспай-ақ Өзбек этносын шыт жаңа біріктірді ғой?! Біз Ұрым деп атаған, Еуропа Рим деп атаған елді бірлікке келтіріп патшалық еткен ит емгендер біздің даладан барған болуы мүмкін ба?
Бірінші, Оғыз хан болсын, Ғұн заманы болсын, Үйсін мен Көк Түрік кезеңі болсын, Шыңғыс ханның да тұсы болсын ит емгендердің ұрпағы ретінде өздерін қарастыратын. Шыңғыс хан кезінде “Біз Бөрте-Шөнеден” тараймыз десе, одан бұрынғы уақытта Ашинадан тараймыз десті. Цин империясын құрған көшпенді Шүршіттер де(Манжулар) билеушісінің атына Айшинжело деген мәртебені үнемі қосып отырған. Мұны Қазақтар Ежен деп қабылдаған. Ағайынды Ромул мен Рем қасқыр еміп есейген уақытта, оларға тоқылдауық пен қызғыш құс жем тасып көмектесіп отырған делінеді. Ромул інісі Ремді өлтіріп жеке дара билігін бастайды. Ромул біздің заманымызға дейінгі 753жылы 21сәуірде өзінің орлалық қалашығын салып, оған Рома деген ат береді. Ал, Ремнің баласы Сени деген адам Сиена қаласын салған. Көшпенділер өмірінде Ашиналар өздерін ит емгендерлің(қасқыр емген) ұрпағымыз деп санаған. Ашинаның Асиде деп оқылатын түрі де бар. Мұндағы а сөзі ұлықтау үшін қосылған жұрнақ. С мен Ш әрпі жақсы, жақшы деп қолданыла беретініндей, Ремнің баласы Сениге а жұрнағын қоссақ Асени, Ашини болып табылады. Сени де ит емгеннің ұрқы, Ашина да ит емгеннің ұрқы. Ортақ шежіре. Екі халықтағы адамдар да ит емгендер, ит емген мүсін мен ит емген аңызды қалдырып кеткен ителілер. Италияның түп атауы осы Ителі атауынан шығуы өте мүмкін. Ромул патшаның Еуропа адамдарына ұқсамайтын бір қасиеті “қыз алып қашқан”. Алғаш құрған шағын мемлекетіне әйел жетіспегенде де осы әдісті іске асырған. Бәрібір бұл ағайындының тегі ұлы даладан болуы мүмкін. Бірінші түрде шежіресі ұқсады,екінші түрде бөрілік оқиға ұқсады, үшінші түрде қыз алып қашу әдеті ұқсады. Біз ұнатсақ та, ұнатпасақ та өзара қыз алып қашу көшпенділер өмірінде жиі кездесетін құбылыс. Шыңғыс ханның әйелін де, анасын да алып қашқан. Ол да оның зардабын тартқан. Төртінші түрде ұқсайтыны мемлекет байрағында екі басты құстың суретінің ұқсауы. Бөрі ана ағайынды Ромул мен Ремді емізгенде оған екі құстың, яғни тоқылдауық пен қызғыш құстың азық тасуға көмектескенін айттық. Алтын Орда болсын,Рим болсын,бәрінің мемлекет гербінің бірдей екенін тамашалаңыздар.
Құрметпен: Көкбөрі Мүбарак
Шонжының Гео-Стратегиялық Шындығы (сараптамалық мақала)
Бұл аудан (Шонжы) қарасаңыз шекараға тиіп тұр. Шекараның күншығыс бетінде аты қаззаққа берілген Іле Қазақ Автономиялы Облысы бар (екінші сүгірет). Онда жер қайысқан қалың қазақ тұрады. Автонрмиялы облыс ШУАР’дан бұрын құрылған. Орталығы Құлжа қаласы (үшінші сүгіреттегі 1-ге қараңыз).
Осы автономиялы қазақ облысына қазір сегіз аудан, бір қала төте қарайды. Олар:
КҮНЕС, НЫЛҚЫ, ТОҒЫЗТАРАУ аудандары (үшінші сүгіреттегі 5,6,9-ға қараңыз). Бұл үш аудан Іле аңғары мен Іле дариясының басына орналасқан қазақ ең көп, ең іргелі қоныс тепкен, тарихы өте терең, байырғы қазақ жері. Осы үш аудан қазақтары 20- ғасыр басында Орынборға арнайы хат жазып, Алаш баспасөзін қолдап қаржы жолдап, өздерін де Алаштың алыстағы бір бөлшегі санаған-тын. Осы үш аудан тың игеріп, там соғып отырықшы дәстүрге өте бастаған алғашқы қазақ аудандарының бірі. Осы ауданнан шыққан тұлғалар Алаш ұранды, қазақ жанды болғаны үшін 20-ғасыр басында көп атылып кетті. Уақты келсе оны да айтамыз. Қазір осы үш ауданның әр бірінде 100-150 мыңнан астам қазақ иінтіресіп тұрады. Тіпті Күнес деген аудандағы қазақтың ұзынсаны 150 мыңнан әлде қашан асып кеткен.
ТЕКЕС, ӨРТЕКЕС (Моңғолкүре), ШАПШАЛ (үшінші сүгіреттегі 7,8,10-ға қараңыз) Іле дариясының орта, төменгі ағарына (сол жақтағы) жағалай орналасқан исі қазақтың жер қайысқан құтты мекені. Текес пен Өртекестің елі өр рухты, арлы келеді. Ана жылы Қаражон жайлауын жат қолына бермейміз деп қалың қазақ тіке Бейжіңмен текетіресті. Тәңір таудың таза ауасын жұтып, мөлдір суын төте бастау көзінен ішетіндіктен бұл елдегі қазақтың болмысы мүлде бөлек. Бұл жердеің әрбірінде 100 мыңдап қалың қазақ тұрады. Елі шекараның бергі бетіндегі Нарынқол, Кеген, Райымбек аудандарымен туыс, етене жақын келеді. Нарынқол, Кеген мен Райымбек қандай Текес пен Өртекес әне дәл сондай. Бұл жерден небір аты аңызға айналған игі-жақсы, жайсаңдар өтті.
ҚОРҒАС, ҚҰЛЖА қаласы, ҚҰЛЖА ауданы (үшінші сүгіреттегі 1,3,4-ке қараңыз). Неше жылдың алдында өзім шағын ғылми экспедиция ұйымдастырып, соның жұмыс бабымен Құлжа қаласына бардым, содан облыстық, қалалық, аудандық ішкі материялдарды жинадым, Тәптіштеп отырып әрбіріне сараптама жасап жатып, сонда Қорғас ауданына қатысты бір таңғажайып мәліметтерге тап болдым. Тарихшы Мәмбет Қойгелді ағамыз “1989 жылы, Орынбор архивінде он күн отырып пойызбен елге қайтқанда, жолда купеде солқылдап тұрып жылап бардым” деуші еді. Артық айтқандық емес, Құлжа-Үрімжі бағытындағы отарбаның купесінде мен де дәл сондай хәл кештім, дәл солай солқылдап жылап, ішкі жан дүнием езіліп қайтты. Неге дейсіз ғой, 20- ғасыр басында осы Қорғас бастаған Іле қазақтарының құмға көмілген қилы тарихы жүрегіңізге ине шаншиды. Бір мысал айтайын, 20- ғасыр басында Қорғас жері Сүйдін және Қорғас болып екіге бөлініп тұрған, сондағы Сүйдің қаласында тұрған қазақтың ұзынсаны 30 мыңнан асқан (1944), Қорғасты қоспағанда. Іле уалаяты бойынша қазақ ең іргелі орналасқан әрі ең ерте заманауи оқу орнын ашқан, өркениет шырағын ерте жаққан, ерте оянған өңір-ді. Осы өңірде туған Әбдіқадір Әпенді туралы өткен апта халықаралық Түркістан апталық газетіне арнайы мақала жаздым. 20 ғасырдың 40-50 жылдары осы елді-мекен көп қасіретке, қиянатқа тап болды. Бара-бара қазағы ең аз, жатжұрты ең көп болып шыға келді. Қазір бұл өңір “Құлжа-Қорғас экономикалық белдеуі” аталып қытайдың орталық азия арқылы еуропаға шығатын құрлықтағы бірінші портына айналып отыр. Құлжа қаласы да, Құлжа ауданы да жатжұрттың ең шоғырлы қоныстанған мекеніне айналды. Бірақ, Құлжа ауданында бүгінгі күні 60 мыңнан астам қазақ тұрады. Қазақтар әлі өзінің байырғы қалпын сақтаған. Жер-су аты қазақша қалпы. 20- ғасыр басында бүкіл Іле уалаяты қазақтары Құлжаға жиналды. Құлжада заманауи оқу ордасын ашты, қазақ баспасын құрды, қазақ театрын жасақтап “қыз-жібек”, “ер тарғын”, “қалқаман-мамыр” қойлымдарын Құлжаның алаңында, қалалық қазақ театр орталығында, қалалық мәдениет үйінде үзбей қойып тұрды. Іледегі қазақтың бүкіл байлары жүздеп, мыңдап төрт түлігін сатып қаржысын қаладағы қазақ руханияты мен мәдени өркендеуіне жұмсады. Коммунизм қалай келді, Шарқи Түркістан қалай пайда болды бәріне қиянат жасалнды. Уалаятты қазақ мүддесіне жат меңіреу мекенге айналдырды.
КҮЙТІН қаласы (үшінші сүгіреттегі 2- ге қараңыз). Жер қайысқан қазақтың төл мекеніндегі иен жер еді, бұрын қазақ мал төлдететін көктеулік-тұғын. Кейін коммунистік биліктің әскери стратегиялық дивизиясы орналасты, кішкентай ғана қышлақ мекен Бейжің, Шанхайға жетеқабыл қалың қытайдың ордасына айналып үлгірді. Қазір қаладағы қазақтың ұзынсаны 15 мыңдай. Қаланың айналасы қазақша жер-су аттарға толып тұр. Қалада қазақ баспасының төл қарашаңырағы, қазақ институттары, айталық, көркемөнер институты, ағарту институты бар. Қаланың стратегиялық орналасуы өте маңызды. Батыс әлемі мен шығыс әлемін түйістіріп тұрған ноқта десек те артық айтпаған боламыз.
Қазақ автономиясынан бөлінген Боратала облысын және Алтай, Тарбағатай аймағы мен бұрынғы Үрімжі уалаятын, Құмылға қарасы таза қазақ аудандарын бұған дейінгі посттарымда да бүге-шігесіне дейін айтқамын. Қайталап жатпаймын. Менің айтпақ болғаным мынау. Не себепті, қалың қазақ иінтіреліскен автономиялы облыстың Қазақстан жағында мемлекеттің жері мен мүддесін бөлшектейтін ұрандар айтылып қалып жатады? Қытайдағы қазақ автономиясын түбегейлі ыдырату үшін шекараның бергі бетіндегі біреулердің қолтығына су бүркіп жүрген жасырын күштер кімдер? Қытайдағы қазақ автономиясы онсыз да, аты бар заты жоқ күйде, тіпті қытайдағы ШУАР да сондай хәлде қалды. Қытай билігі үшін Жетісу үлкен арман. Ал, осы армандарын кейде алатақиялы азаматтардың аузына салып беріп жүргені, жерді де, елді де солардың тілімен бөлшектеп жүргені өтірік емес қой. Анау алатақиялылар “иетісу бізнің иер” деп ұрандап жүргенде қытайдың стратегиялық тұзағына түскенін білмейтін сияқты. Ал, қытайға керегі “иетісуниң ұйғырники” болғаны. Атап айтқанда “иетісу ұйғырники” болса, ол- қытайдікі де деген сөз. Бұны қытай айтса- дипломатиялық қателік болады, оданда тараншының аузына түкіріп бергені абзал.
Қытай орталық азияны осындай стратегиялық тактикалар арқылы ұзақтан мекгеріп отырғысы келеді. Бұны қытайдың “Чин Түркістан” проектісі дейміз. Бұл проектіде бізге беймәлім ондаған баптар бар, осы проекті құрамында қытайдың “чин түркістан туркологиясы” дейтін жобасы тағы бар. Оны қысқаша сізге былай түсіндірейін, қытай Тұран даласындағы тарихи тұлғаларды бірінші тараншыға теліп, бәрін тараншыдан таратуға астыртын қолдау білдіреді. Тараншыларға бұл оңынан келеді де, Аттиладан тартып бүкіл түркі жұртына ортақ тұлғаларды тараншы етіп жасап шығарады, таратады. Бүкіл біртуар тұлғаның, өркениеттің тараншы болғаны- қытай болғаны. Қытай оған- Жуньхуа (中华) деп ат қойған. Қытай пікірінше бұның бәрі ұлы жуньхуа (中华民族) ұрпақтары. Осы идеялогияны ойлап тауып, жасап шыққандар 19-20 ғасырдағы Жапоннан, Франциядан, Ақш пен Англиядан оқып келген қытай саясаткерлері. Бұл идеялогия қытайдан тыс 20- ғасыр басында Иран, Түркия, Германия сосын арап әлемінде қатты жүрді. Бұл идея біздің қазақ зиялыларын да айналып өткен жоқ, қазақ саясаткерлері 20-ғасыр басында “Түркістан” және “Алаш” концсепциясын ұсынды.
Қош, не керек, қытай дұңғандар арқылы мұсылмандар әлеміне, моңғолдар арқылы көшпенді кигіз туырлықты жұртқа (есіңізде болсын, қытай кигіз үй дегенді “蒙古包” дейді), ал тараншы арқылы Тұран жұртына стратегиялық тұзақ құрған. Әуелі өркениет сарқыншағы мен тарихи тұлға, жер-су атаулыны осы аталмыш аттарға тиеп береді, содан өзіне тиеп алады. Былайша айтқанда, қармақ ретінде қолданады, қармаққа ілінгенін өзіне алады.
Есіңізде болса, кезінде совет одағының ислам саясаты екі түрлі болды. Бірі, ішкі тарихи феномен ислам; екіншісі советский ислам және сыртқы советский ислам саясаты; Әлем елдерінің біразы “советский исламды” көріп кеңес одағы елдеріндегі мұсылмандар бейбіт өмір сүріп жатыр деп ойлайтын. Қазіргі қытайдың сыртқа импорттайтын “қытайский ислам” саясаты мен “қытайский туркология” стратегиялы саясаты және “қытайский монгол” саясаты бар. Аталмыш қытайский исламда дұңғандар ең белсенді рөл ойнайды. Бір мысалы келтірейін, пәленше сахабаның түгенше ұрпағы деп қолдан шежіре жасап немесе қытайдағы мыңжылдық тарихи мешіттердің сыртын жылтыратып жөндеп стратегиялық жақтан арап әлемін шырғалап, содан Бейжіңге жіпсіз байлайды да, араптан аса мол қаржы мен инвестиция тартады. Осыған байланысты қытайдың бірқанша порт қаласында арнайы “арап көшесі” бар. Бейжіңге жіпсіз байланған арап әлемі, қытайдың “қытайский исламын” ғана көреді де “қытайда бәрі жақсы, мұсылмандар тату-тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр” деп үн шығармай отыра береді.
Ал, қытайский монгол стратегия саясаты тіпті қызық. Бүкіл кигіз туырлықты, қалқан бет, найзалы жауынгер халықты дала өркениетімен қосып монголға теліп береді, сөйтеді де сол монголды өзі асықпай отырып жұтады. Монголға телінген кигіз туырлықты дала өркениеті монголмен бірге жұтылады. Оларды жалпылама “жуньхуа миньзу” ұрпақтары дейді. Қытай пікірінше қытайды жаулаған көшпенділер әуелде “жуньхуа миньзу” болған, содан олар қытайда билік құрып, қытайға жер кеңейтіп берген.
Қытайский туркологияның мысалдарын жоғарыда айттым. Қытайский туркология проектісінде Қашқар ең өзекті стратегиялы тұзақ және Махмуд Қашқари ең өзекті тұлға. Қытайдың стратег саясаткерлері алдымен бұл тұлғаны тараншыға теліп берді де, оның рухани һәм мәдени шығармасын “ұлы қытай, ұлы жуньхуа минзу” халқының тарихи туындысы етіп шығарды. Қытайдың осы стратегиялы тұзағын ең алдымен сезген ресейдің стратег саясаткерлері Тұран әлемін қытай ықпалынан тартып алу үшін “тұранда әуелде славян халықтары болған, тұранның тегі- орыс, алтын орда- орыс мемлекеті” дегенді біртіндеп қарастырып жатыр.
Ұзын сөздің қысқасы қытайдың орталық азияға бағытталған стратегиялық тұзағы алдағы уақытта өз жемісін көрсете бастайды. Сол саясатқа білдей бір ұлт істікке шаншылып жатыр. Мынаны анық білуіміз тиіс, стратегиялық тұзақты- стратегиялық саясат қана түбегейлі тоса алады. Бәріміз “гуманист-адамбыз, бәріміз мұсылманбыз, бәріміз түркі бауырмыз, бәріміз көпұлтты берекелі Қазақстанбыз” дейтін жалпақ шешей ұран ешқашан тосқауыл бола алмайды. Бізді буынсыз пышақтайтын, жіпсіз қылқындыратын стратегиялық тұзақтар қаумалап тұр. Өте сауатты ақыл-парасатпен ғана шырмаудан ада қалмақпыз.
Елдес ОРДА
20.06.2020
Кенесары Хан мен баласы Сыздық Сұлтан туралы дерек Осман мұрағатынан
Кенесары Хан мен баласы Сыздық Сұлтан туралы дерек Осман мұрағатынан кездесуі бек мүмкін. Бұған ешқандай да шүбәңіз болмасын.
Бірінші сүгірет, Осман елінде жарық көрген “Басират” (basîret) атты газет.
Екінші және үшінші сүгірет, Осман мемлекетінде жарық көрген “Уақыт” атты газет.
Төртінші сүгірет, Осман сұлтаны Әбдүләзиздің Қашқарияға көмекке жіберген әскери қару-жарақ, оқ-дәрісінен бір парша көрініс.
Кенесары мен Сыздық Сұлтан туралы Осман деректері шыны керек әлі толық зерттелген жоқ. Хан Кенесарының ұлт-азаттық көтерілісін Қазақстан аймақтарымен шектеп бөліп қарау ең үлкен қателік саналады. Хан Кене мен Шығыс Түркістандағы қазақ, ұйғыр, дұңған көтерілістері арасындағы саяси, әскери қатынастар туралы дерек те қытай мұрағатында көмулі жатыр. Онда Шәуешек, Құлжа және Үрімжі қалаларындағы қазақтардың Хан Кенемен және кейінгі Сыздық Сұлтанмен жасасқан құпия хаттары сақтаулы. Осы тұста Осман мемлекетінің сыртқы құпия барлау қызметі Цин үкіметіне қарсы ұлт-азаттық көтеріліс ұйымдастырған мұсылмандар туралы рапорт дайындады. Онда Құлжа, Шәуешек, Үрімжі және Қашқария мұсылмандары туралы хаттамалар топталған. Хаттаманың келесі бумасы Хива, Бухара және Қоқан хандықтарының Ресей саясаты мен отарына байланысты жинақталған. Хан Кенесарының аты мен іс-қимылдары сонда толықтай кездеседі.
Кейін Кенесары өз әскери іс-қимылын Шығыс Түркістан беттерінде жалғастыруды да көздеді. Өйткені, Ішкі қытайда Цин үкіметіне қарсы көтерілістер арт-артынан туылып, манжурлардың Құлжа мен Үрімжідегі қазақ, дұңған және ұйғырлар көтерілісін басып жаншуға күші дәрменсіз қалған еді. Осыдан соң манжурлардың Құлжа (Күре) арқылы тұтас орталық азияға саяси экспансия жүргізу жобасы тас-талқан болды. Құлжа мен Үрімжідегі ұлт-азаттық көтеріліс Хан Кенесары үшін жақсы орай болды. Хан Кене енді Тәңір тау мен Алтай арасындағы қазақ жерін артқы база ретінде қолдануды көздеді. Бұл алқап атасы Абылай кезінен бері хандар аузынан түспеген күншығыс жайлы аумақ-ты. Атасы Абылайға айбар шеккен Цин үкіметі қазір қауқарсыз, көтеріліс күн санап өршіп келеді. Бірақ Кенесары бұл арманына жетпеді, мақсаты Алатаудан аса алмады…
Хан Кенесары өлген кезде Сыздық Сұлтан тоқым қағар жаста болды. Орындалмаған саяси арманды Сыздық сұлтан атқарды. Ол ішкі қытайдағы манжур билігіне қарсы “Тайпиьн тиянь го” бұлғағын сәтті пайдалана отырып, Үрімжі мен Құлжа және Шәуешек қалаларындағы қазақ көтерілісіне болысты және қысқа уақыт ішінде саяси тұлға ретінде танылды.
Дәл осы тұстағы әскери оқиғалар Ыстанбұлда жарық көрген “Басират” пен “Уақыт” газеттерінде көп жазылды. (сүгіреттер газеттің кейінгі нұсқалары). Ол газеттер Қашқария мен Жоңғария туралы апталық ақпараттық сараптама жасап тұрды. Газет тіпті ол жақтан келген елшілердің Сұлтан Әбдүләзизбен сарайдағы жолығуын да апталық ең маңызды жаңалық ретінде беріп отырды. Сұлтан Әбдүләзиз әскери қару-жарақ пен оқ-дәрі және сонымен бірге әскери соғыс маманы мен әскери технолог кадрларын жерорта, қызыл теңізден кесіп өтіп парсы шығанағы арқылы үнді мұхитына одан бомбайға дейін жеткізген. Бомбайдан Қашқарияға дейін Ыстанбұлдағы Ағылшын дипломаттарына қолқа салып жүріп Қарақұрым тауынан аткөлік аман асырған. “Басират” пен “Уақыт” газетінің 1971-1972 жылғы көне нұсқаларында осы туралы айтылады (кеме бастапта свейіш каналы маңында қайраңдап көп тұрып қалған, кейін түрік сұлтаны кемені өңдеп қайта жіберген).
Сыздық Сұлтан Құлжа, Шәуешек және Үрімжі қалаларында белсенді әскери қимыл жүргізген кезінде Алтайдағы Көгедай ордасы Абақ Керей билігі мен Қашқариядағы Яқұп Бек Хан арасында бізге әлі беймәлім дипломатиялық қатынастар жүріп жатты.
Ұзын сөздің қысқасы, бұл кезеңге байланысты ғылми айналымға түспей қалған тың деректер Осман мұрағатында шаң басып жатыр. Сол деректерді онтологиялық талдаудан өткізіп, адал жолмен ашса білсек (бұрмалаусыз) Хан Кенесары мен Сыздық Сұлтан туралы бізге беймәлім тың деректер көптеп кездесері анық.
Сұлтан Әбдүләзизден соң билікке келген Сұлтан Екінші Әбдүлқамиттың Ыстанбұлда құпия құрылтай өткізіп Шығыс Түркістаннан қазақ өкілдерін үлкен құрмет және ұлы сеніммен шақыруы тегін емес. Тарих сахнасында олар “қажыға барған қазақтар” деген атпен ғана сақталды, ал шын мәнінде қажылық сапарды сылтау қыла отырып, сұлттанның арнайы құпия құрылтайына бара жатқанын қайдан білсін…
Елдес Орда
12.06.2020