Kerey.kz/Керей.кз » Зуқа батыр 150 жыл

Алтай өлкесінің Шыңжаңға өз еркінен тыс қосылғанына 100 жыл (1920-2020)
1920- жылға дейін Синьцзян мәселесіне Алтай өлкесі қамтылмайтын-ды. Алтай өлкесі 130 жылдай орталық үкіметке жеке қарап келді де, 1919-1920 жж арасындағы ішкі-сыртқы саяси һәм гео-стратегиялық мәселелерге байланысты жеке өлке статусы біржолата жойылған еді. Синьцзян губернаторы Яң-ның қолқа салуымен Алтай өлкесі Синьцзян провинциясының қарауына өтті.

Мына әкімшілік карта 1916-1920 жылдар арасында дайындалған. Осы картада Алтай Өлкесі анық көрінеді. Цин империясы құлаған соң билікке келген буржуазиялық үкімет бүкілмемлекеттік құрылтай жиналысын өткізеді сонымен бірге сол жылы уақытша үкіметтің кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Осы саяси іс-қимылға Алтай өлкесі жеке ел ретінде қатысқан. Ол туралы кейін айтамыз.

1905, 1908, 1912 жж арасындағы күрделі әкімшілік реформалардан кейін Алтай-Қобда елінде түбегейлі өзгерістер болды.

1914- жылы Құлжа өлкесі, 1916- жылы Тарбағатай өлкесі жеке-жеке Синьцзян провинциясына кірді. Бұрын Синьцзян территориясына Қашқарияның Алты-Шаһар аймақтары мен Еренқабырғаның аудандары қарайтын-ды.

Қазақтар тұрған өлке, аймақтар 1914, 1916, 1920 жылдардың нәтижесіне байланысты Синьцзян әкімшілігіне біржолата қарады. Сонымен мынадай тарихи жағдай қалыптасты:

Бірінші, Қазақтар Сиьцзян әкімшіліне қараған соң өз жерінде өзі аз халыққа айналып қалды. Мысалы, Құлжа өлкесі (1914), Тарбағатай өлкесі (1916) және Алтай-Қобда өлкесі (1920) жеке-жеке өз алдына әскери губерниялық үкімет болып тұрғанда қазақтардың тұрғылықты үлес салмағы 90% ға дейін ұстайтын еді, Синьцзян провинциясына қараған соң өлкеге шаққанда саны аз болып шыға келді. Бұған тек қазақтарды ғана қарастыруға болмайды, ұйғырлардың да үлес салмағын мысал ретінде келтіруге болады. Мысалы, 1912, 1914, 1916, 1920 жылдарға дейін Синьцзян өлкесінде 85-90% ке дейін басым салмақ Қашқария ұйғырларында еді, Алтай-Тарбағатай-Құлжа өлкелері Синьцзянға қосылған соң ұйғырлардың пайыздық саны жалпы провинцияға шаққанда 60% ке дейін төмендеді.

Екінші, Қазақ өлкелері өз еркінен тыс Синьцзян провинциясына қосылған соң жер мәселесі ұлттық мәселеге айналды. Синьцзиян губернаторы қазақтардың көңілін табу үшін салық реформасын жасағанымен жерге қатысты реформаны ауызға да алған жоқ. Қазақтар өз жерін өзі үкіметтен жалпап алып отырды. 1916-1918-1920-1922-1928 жылдар арасындағы орталық үкіметке жолдаған арыз-шағым құжаттарын қарасаңыз 95%-і “жер мәселесі” бойынша арыз өтініш жасаған. Бұл тұрғыда келгенде Синьцзиян губернаторлары патшалық Цин үкіметінің саяси ұстанымдарын жалғастырушы мұрагері болды.

Үшінші, Қазақтар әкімшілік басқару механизмінде кадрлық түйіткілге тап болды. Алтай, Тарбағатай, Құлжа өлкелері жеке әскери губернияға қарап Синьцзян өлкесіне қосылмай тұрғанда өзі тұрған аймақта саяси-әкімшілік статусы бар еді, оны көбінше Цин императоры жарлықпен бекітіп берген. Және дәуір айналып заман өзгерген тұста саяси статус атадан- балаға, әулеттен- әулетке қалатын. Қазақ өлкелері Синьцзян аймағына қосыла сала әкімшілік күрделі реформаға дөп келді де бұрынғы жоғары дәрежелі мәнсап статустары құр атаққа айналып қалды, жергілікті атқарушы билік аудан-қала әкімдерінің қолына өтіп кетті.

Біз жазып отырған Алтай өлкесі осы тарихи күрделі мәселенің ең соңғы ауыр мысалы еді. Биыл осы тарихи оқиғаға 100 жыл толып отыр.

Әрине, қазақ өлкесі өз еркінен тыс Синьцзян провинциясына қосылып берілген соң бұған байланысты ұлттық наразылық тоқталық қалған жоқ. Алтай, Тарбағатай, Құлжа өлкелеріндегі әрбір ұлтаралық мәселенің түп негізі- осы тарихи қасіреттен туындап отыр.

1920- жылы Алтай өлкесі соңғы болып Синьцзян аймағына қараған соң қазақтың тың саяси өмірі басталды. 1922- жылдан бастап Синьцзян орталығы Үрімжіде қазақтың жаңа зиялы шоғыры пайда бола бастады. Құмыл-Баркөл, Еренқабырға, Құлжа, Тарбағатай, Алтай қазақтарының сорпа бетіне шығар зиялы қауымы жаңа оқу орнын құра бастады. Мақсат- халықтың жаңа рухани санасын заманның озық технология күшімен қаруландыру сосын оянған халықты қозғап жеке ҰЛТТЫҚ АВТОНОМИЯ талап ету һәм бөлініп шығу.

Осы еңбектенудің нәтижесінде 1922-1932 жж небәрі он жылда қазақ зиялылары тарапынан АВТОНОМИЯ мәселесі саяси деңгейде көтерілді. Ондағы саяси мақсат- Синьцзян губерниясынан біржолата бөлініп шығып кету!

Осы түпкі саяси мәселенің нәтижесінде ең әуелі Құмыл-Баркөл қазағы түп қопарылды, жергілікті губернаторға наразы боп ішкі қытай, тіпті Тибет одан ары Пакістанға дейін асып кетті.

1939-1940 жж арасында Өр Алтай елі ұлт-азаттық көтерілісін бастады. Түпкі саяси мақсат- Алтай өлкесі Синьцзянға еркінен тыс қосылуы және қазақтардың саяси, рухани һәм әлеуметтік еркінің болмауы еді.

1944-1945 жылдары Құлжа өлкесі мен Тарбағатай өлкесінің қазақтары ұлт-азаттық ұйымдарын құрып, саяси төңкеріс жасады. Себеп- Құлжа мен Тарбағатай өлкесінің өз еркінен тыс Синьцзян аймағына қосылуы, ұлттық рухани һәм саяси құндылықтар мен еркіндіктің аяққа тапталуы еді.

Біздің Қазақстандық тарихшылар осыны ашық айта алмай келеміз.

1920- жылы Алтай өлкесі Синьцзян провинциясына еркінен тыс қараған соң Алтай тағы екіге бөлініп кетті. Қобда аймағы Моңғолия жағында қалды, Алтай окургы бері Синьцзян жағында қалды.

1917- жылы Алашорда үкіметі құрылған кезде қытай қазақтарына байланысты екі түрлі ұстанымы болды. Оның бірі, Синьцзян қазақтарына байланысты ұстаным; Екіншісі, Алтай өлкесі қазақтарына байланысты ұстаным. Алтай қазақтары жеке өлке, жеке отау ел ретінде Алаш үкіметімен дипломатиялық байланыстар жасады. Ал, Тарбағатай, Құлжа қазақтары ол кезде Синьцзян үкіметіне ерте қарап кеткендіктен жергілікті әкімшілік негіз шеңберінде ғана қарым-қатынастар жасады.

Алтай өлкесі 1917-1918 жылдары ең қауіпті шекара аймағы атанып орталық биліктің назарын өзіне аударды. Егер орталық билік Алтайға байланысты дер кезінде шара көрмесе Алтай тәуелсіздігін жария етуі де мүмкін еді (себебін кейін жазам). Осыған байланысты 1919- жылдан бастап Алтайды жою саясаты қабылданды. 1920- жылы Алтайдың саяси әкімшілік статусы күшін жойды, Синьцзян губерниясына қарасты шағын окургке айналды.

Отандық тарихшылар осы мәселеге қатты назар аударуы тиіс деп есептеймін. Қазіргі таңда көрші Синьцзян өлкесі біз үшін өте маңызды стратегиялық белдеуге айналды. Біз көрші өлкенің өткен ғасырдағы тарихын білмей бүгінгі жағдайға оңды тұжырым жасай алмаймыз. Түптің түбінде бұл іс ең маңызды мәселеге айналады. Ол үшін маман, кадр дайындауымыз керек.

Еллес ОРДА

25.11.2020

Бостандыққа ұмтылған қазақтар
Кәшмірдегі атақты Шринагарға кел­ген сол босқындардың арасында бір жылымды өткіздім. Олар Ор­талық Азия топырағын мыңдаған жылдар бойы мекендеп келе жатқан қазақ халқының өкілдері екен.

Мені қонақ еткен қайсар рухты үй иелері коммунистік биліктен қашып, Қытайдағы Шың­жаң провинциясынан қоныс аударған, аттың жалында өскен көшпенділердің ұрпақтары еді.

Әйелім екеуміз қасіреті мен қасиеті бірдей ұлы көш жолындағы осы халықтың жақын досына ай­налдық. Ұзақ жолға Шыңжаңнан 4000 үй шыққан екен, солардың 350-і ғана Кәшмірге жетіпті.

КӘШМІРДЕГІ ӨМІР. Иммигранттардың тағдыры шешілгенге дейін Кәшмір билігі қайырымдылық көрсетіп, оларды Джелам өзені жағасындағы бекініске паналатты.

Бастарындағы қасіретке қарамастан, қазақтардың ұнжырғасы түскен жоқ. Бізді құшақ жая қарсы алды, уақыт өте келе бір-бірімізге бауыр басып кеттік. Олармен етене араласып, қазақ тілін үйренген тұңғыш америкалық, бәлкім, мен болармын.

Жазда олар Шринагар қаласының ыстығы мен шаңынан қашып, жайлауға көшті. Кәшмірден уақытша мініске алған аттарымен тау етегіндегі жайлауға жетіп жайғасып, рақаттана уақыт өткіздік.

«Тянь-Шаньдағы жайлауымызға ұқсайды екен», – дейді ру көсемі Қалибек. Баурайы көкорай шалғын, аңғарларынан сылдырлап, кәусар мөлдір бұлақ аққан, төсі шыршалы-аршалы орманмен көмкеріліп, ұшар басына аппақ қардан малақай киген керемет жер.

Жаз жайлауға шыққанда қазақтар бір жеңілдеп қалады екен! Табиғаттың үй­реншікті сұлу тіршілігіне қайта оралып, бір-бірімен қалжыңдасып, күліп-ойнап мәре-сәре боп жатыр. Жақында ғана көрген ауыртпалықтары бір сәтке ұмыт болғандай.

Жайлауда – Қалибектің киіз үйіндемін. Жаңбырлы күндердің бірінде ол Сұлтан Шәріп деген рубасыны және тағы бірнеше игі жақсыларды үйіне әңгіме-дүкен құрып, өткен күндерді еске алуға шақырды.

Бір топ қазақ жігіттері орта­дағы түтіні бұрқыраған ошақты айнала отырды. Бастарында аң терісімен әдіптеліп, көк, қызыл, кейбірінде күлгін жібекпен көмкерілген шошақай тымақ.

Ұзын тондарының етегінің астынан жұмсақ етіктері жылтырайды. Бірі малдас құрып, кейбірі қызыл кілемге жантайған жас жігіттер бір-бірімен қалжыңдасып, алдарындағы мол да семіз етті алақандарымен толтыра асауда.

Әйелдер шыны ыдысқа шай және кілегей құйып беруде. (Кәшмірде көшпенділердің сусыны – қымызды табу қиын). Маған қонақ ретінде құрмет көрсетіліп, ағаш тегенеге салынған қойдың басы тартылды. Асқа бата жасалғаннан кейін ру көсемі еттің ең сыйлы жерін кесіп алып, алдыма қойды.

ҚАЗАҚ – КЕҢ ТАРАҒАН ХАЛЫҚ. Бұлар кімдер? Оларды туған жерінен безуге мәжбүр еткен қандай саясат?

Түркітектес бүгінгі қазақтардың дені Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында тұрады. Қытайдан Каспий теңізіне дейін созылатын бұл аумақты бірнеше миллион қазақ мекендейді.

Бүгінде қазақтардың көшпенді тайпалары батыс Қытайдың Шыңжаң провинциясындағы халықтың он пайызын құрайды. Жер аумағы Техастан екі жарым есе үлкен, ал халық саны Техастың жартысындай ғана болатын шөлейт Шыңжаң 1949 жылы Қытай коммунистік билігінің қоластына кірді. Бостандығына қа­тер төнген көп қазақ коммунистік билікке бағынғаннан гөрі басқа жерге көшіп кетуді жөн көрді.

Шыңжаң қазақтарының қуғын-сүргінде жүргенінен мен 1951 жылға дейін хабарсыз едім. Сол күзде, Гарвардта оқып жүрген кез­де Батыс Қытайдың коммунистік билігінен қашып, Кәшмірге келген қа­зақтар туралы жазылған мақа­лаға тап болдым.

Бұл жерде өзім үшін екі мүмкіндік болды. Біріншісі – қоғамдық қарым-қатынастар саласындағы докторлық дис­сертациямды мұсылман елін мысалға алып зерттеу болса, екіншісі – қуғын-сүргінді басынан өткізген жандардың айтқанын өз аузынан есту.

Босқындардың Кәшмір аста­насы Шринагарға келгеніне төрт-ақ ай болған­да мен Қалибектің үйінде, қазақтың сол бір батырымен достық ым-ишарамен және үйрен­ген бірнеше сөзбен түсінісіп отырдым.

СЕРГЕЛДЕҢГЕ ТҮСКЕН ӨМІР – АЙ . . . Жайлауда – киіз үйді төпелеп жатқан жаңбыр­да Сұлтан Шәріпті тыңдап отырмыз.

Ол шай құйылған кесеме бір түйір сары май­ды салып жіберіп: «Барыс жылының басын­да Жанымхан мен Оспан батыр бізді Шығыс Тянь-Шаньдағы Баркөлге үлкен жиынға шақырды. Коммунистер биліктің тізгінін мықтап ұстаған шақ. Басшыларымыз қай жолды таңдауды шешу керектін», – деп сөз бастады.

1949-50 жылдың күзі мен қысын қазақтар коммунистермен ұзақ та, қиын келіссөздер жүргізумен өткізді. Олар коммунистерден дін бостандығын, салт-дәстүрлердің сақталуын және Шыңжаң жерінде өз еріктерімен қоныс аудару құқығының сақталуын талап еткен бола­тын. Бірақ жаңа билік қазақтардың басы бірігіп кетуінен қорқып, оған жол бермеуге тырысты.

Қазақтардың көбі Баркөл кеңесіне қатысу үшін ұзақ жол жүріп келді. Қысқы боранда малдың көбі қырылып қалды. Қоздап жатқан қойларды жылы жерге апару мүмкін болмады. Бұл қазақтар үшін «қар төсеніп, мұз жастанған» зобалаң шақ еді.

1950 жылдың наурызына дейінгі халық тұр­мысы жақсы-тұғын. Әлі қары еріп үлгермеген кең жазыққа мыңдаған ел кеп қоныстанатын. Ұлдары әкелерінің шаңырағына қоңсы қонып, шақырымдарға cамаладай боп киіз үй тігілетін.

Сұлтан Шәріптің ауылында, кем дегенде, 15 000 кісі, 60 000 қой, 12 000 жылқы, 7000 бас ірі қара және мыңнан астам түйе болатын. Барыс жылының 28 наурызында мыңға жуық ру ақсақалдары туған жер – ал­тын бесігін тастап, оңтүстіктегі Үндістанға көшуге бел буды.

Бір аптадан кейін кеңес Қазақ автономиялық мемлекетін құрып, Жанымханды – елбасшы, ал Оспан батырды қолбасшы ретінде тағайындады. Екі басшы да билік ба­сында ұзақ бола алмады, дүниеден ерте озды.

Баркөлдегі әр үй, әр азамат, әр ана, әр бала ұлт ретінде ыдырап кету қаупін сезді. Алай­да қазақтар ұлттық болмыс пен күнделікті әдет-ғұрыптарға берік еді. Ересектер мал бақты, қарттар олардың тілеуін тіледі, ал бала­лар ойын қуды – бәрі әдеттегідей жүріп жатты.

Сәуірдің ортасында Баркөлдегі ауылға аяқ астынан коммунистер баса көктеп кірді. Мұздай қаруланған әскер әйелдер мен бала­ларға тездетіп үйлерін жығып, малын айдап, тауға кетуіне бұйрық берді.

Өздерінен күші басым жауға еті үйреніп қалған қазақтар үшін бұл ешқандай үрей туғызған жоқ. Ұрандаған батырлар өздерін аямай, жауға барынша қарсылық көрсетті. Қазақ мер­гендері «бір оқ ұшса – бір дұшпан жоқ» дейді. Бірақ жаңа қару-жарақпен қаруланған жауды жеңу мүмкін емес еді. Жүздеген қазақ мерт болды.

Бір кезде көсемдердің «Жәнібек!» деген ұра ны естілді. Жәнібек – осы рулардың бұрынғы өткен батырының аты. «Шепті бұзыңдар да, қашыңдар!». Бәрінен айырылған, әлсіреген, ыза кернеген халық оңтүстікке қарай жөңкілді.

Сұлтан Шәріптің айтуынша, Баркөлдегі 15 000 адамның 12 600-ы өліп, тұтқынға түсіп, хабарсыз кетті. Біразы тау-тастың арасына кіріп жан сақтады. Олар әлі де сол жерлерде тығылып жүруі мүмкін.

Із-түссіз кеткендердің ішінде қазақтың жаңа басшысы Жанымхан да бар болатын. Ол Қытай коммунистерімен Пей Шанда (Солтүстік таулар) болған қақтығыста тұтқынға түсті. Сосын оны асығыс Үрімші­ге апарып, 1951 жылдың ақпа­нында өлім жазасына кесті. Екі ай өте қазақтардың екінші қол­басшысы Оспан батырды да со­лай «айыптап», азаптап өлтірді.

ЖАРАҚАТТЫ ЖАЗҒАН ҚҰЛЫН­НЫҢ ІШЕК – ҚАРНЫ. Ол қақтығыста жеті-ақ адам аман қалды: олардың ішінде Жаным­ханның екі баласы Мәжит пен Дәлелхан бар. Шайқас барысында Дәлелхан жараланып, басқалардан адасып қалды. Ар­тынан Мәжит мен атақты Нұрғожай батыр оны таудан тауып алды.

«Бауырым ауыр жарақаттанып қалған еді, Нұрғожай батыр бір құлынды сойып, оның ішек-қарнымен Дәлелханның жарасын орады. Құлынның ішек-қарны майлы болғандықтан, арам қанды сорып алады. Күш жинап алу үшін біз де құлынның етін жедік. Ол – қазақтар үшін жеңсік ас», – деп еске алады Мәжит.

Аман қалғандар амалын тауып босқындарға қосылды. Оспан батыр, Сұлтан Шәріп және Дәлелханның басшылығымен Қара Нордың жанындағы Ганьсу провинциясына жетті.

Олар қалың дуалмен қоршалған Дуньхуан қаласынан 19 шақырым жердегі Мың Будда қасиетті үңгірлерінен өтті. Ол жерде екі шақы­рымдай жер аумағында араның ұясындай бо­лып ішінде түрлі фрескалар мен мүсіндері бар 500 үңгір орналасқан.

Дуньхуанның оңтүстігінде баркөлдік босқындар бөлек кетті. Оспан батыр Қананмбал маңындағы тауда қалуды жөн көрді. «Бөлініп қалғандар бізді осыннан табады, күтеміз», – деді Оспан батыр.

Сұлтан Шәріп пен Дәлелхан қолбасшыны өз­дерімен бірге оңтүстікке қарай жүруге үгіттеді. Бірақ Оспан батыр өз шешімін өзгертпеді. Бұл олардың соңғы көрісуі еді.

МАЛ ЖҮРІСТІ БАЯУЛАТТЫ. Босқындар талай шақырымды артқа тастап, тау-тастардан, иесіз қу мекиен даладан, бірде көкорай шалғындар­дан, бірде сұрғылт құмдардан өтіп келе жатты. Мал бәсең жүретіндіктен олар қуғыншылардан алыс ұзап кете алмады. Кейде коммунистердің шағын топтары шабуылдап тұрды. Босқындарды атқа ше­бер мінгендігі ғана құтқарып отырды.

Шұрайлы, қорғануға ыңғайлы жерлерге келгенде көш бірнеше күн аялдап, әлденіп, тыныстап алатын. Мұндай кезде күнделік­ті тірлік бұл елдің үйреніп қалға­нынан сәл ерекше болатын.

Әйелдер мен қыздар ат-түйелердегі жүк­терді түсіріп, құрғақ жерге демде киіз үйлер тігілетін.

Қазақтың киіз үйі дала тіршілігіне кере­мет жымдасады. Ол қыстың сақылдаған сары аязы мен жаздың шіліңгір ыстығынан, жауын-шашыннан жақсы қорғайды.

Үйдің ішіне ілінген шымылдықтар тұрғын­дардың әрқайсының өз орын көрсетіп тұрады. Қалибек сынды көсем түнде аю терісі төселген екі көрпесі бар кең төсекте демалады. Басына үлкен құс жастық жастанады.

Негізінде, мұсылман дәстүрі бойынша, қазақеркегінің төрт әйелге дейін алуына болады, алайда жағдайы төмен адам бір ғана әйел алуға шамасы жетеді. Қалибектің үш әйелі, көмекшісінің және Сұлтан Шәріптің екіден әйелі бар. Балалары екі жылға созылған көш кезінде дүниеге келді.

Сонымен, қабырғаны қайыстырған тағдырдың қиындығына, жау шапқын­шылығына қарамастан, ел өзінің оңтүстікке қарай бастаған сапарын жалғастыра берді. Енді олар аптап ыстық, көз ашырмай құм суырған жел мен су тапшылығына кез келді.

Олар алдымен Махайға, одан соң батыстағы Гәскөл мен Темірлікке қарай жүрді. Ру­басылар бұл жерде көп жыл бойы тіршілік етіп келе жатқан Құсайын тәйжіні тауып алды. Олар айырылған малдарының орнын Құсайын қолынан келгенінше толтырып бе­реріне сенімді еді.

Сол кезде Темірлікке менің досыма айналған Қалибектің бастамасымен елу шақты үй қазақ келді. Үрімші айналасындағы жайлауларда мал соңында жүрген олар Баркөлде болған сұмдықты естіпті. Рубасылар халқын тез арада Тянь-Шан­нан оңтүстікке қарай көшірді. Олардың да мақсаты Құсайын Тәйжінің елімен кездесу болды.

Дұшпанның шабуылымен, жағдайдың қиындығымен күре­се отырып Қалибектің көшкен елінің көрген қорлығы Сұлтан Шәріп пен Дәлелханның шығыста көргенінен де асып түсті. Жазбаларымда Қа­либектің көмекшісі Хамзаның Такла-Маканның шығыс шетіндегі Лоп Нор шөлінен өткендігі ту­ралы естеліктері бар.

Хамза: «Карта болмағандықтан біз Лоп Норға апаратын өзенді бойлай жүрдік», – деп еске алады. Біз өткен төбелерде адам мен мал сүйектері шашылып жатты. Арамыздағылар­дың көбі біздің де тағдырымыз сондай бола­ды деп қайғыланды. Бірақ оларға өлім біздің емес, дұшпандарымыздың тағдыры екендігін айттым. «Алға қарайық та, Аллаға сеніп жолы­мызды жалғастырайық», – дедім.

БҰЛАҚ ПА, ТҰЗАҚ ПА? Хамза әңгімесін әрі қарай жалғастырды: «Қыста, шөл даладан өтіп бара жатып бораған қар, құммен арпалыстық. Коммунистер бізді қолға түсіретін тұзақ ретінде қолданатын шығар деп қорқып, су көздеріне жоламауды жөн көрдік. Ал кішкентай құдықтардағы су қа­тып қалған болатын. Мұзды жарып, ерітіп ішіп, өзімізбен бірге мұз кесектерін алып жүретін едік».

Кейбіреулер бізден ажырап, адасып, мұз да таба алмай қалды. Басында малының сүтін ішті. Кейбірі ірі қара мен қойын сой­ып, қанын ішті. Сонда да көп адам қырылды. Жеті күннен кейін Құсайын Тәйжінің адамда­рын кездестірдік. Халық мәре-сәре боп қуа­нып, бір-біріне тарту жасасты».

Құсайын Тәйжі Темірлікке жеткенде Қалибек пен басқа рубасыларға жылқы, түйе, қой, ірі қара бөліп берді. Бірақ Қалибек оны сыйлық ретінде қабылдағысы келмеді. Құсайын Тәйжінің берген жақсы аттары мен түйелері үшін, оған өзінде қалған қойларын айырбасқа беруді жөн көрді.

Қазақтарда жылқы сатудың өзіндік дәстүрі бар екен. Қалибек пен Құсайын Тәйжі айырбасқа қойылған малды толығымен қарап, бағалап, делдалға жүгінді. Делдал ұзын жең ішіне біреуінің оң қолын, біреуінің сол қолын тығып ұстап екі көсемнің ортасына отырды.

Саусақтарының қимылы арқылы Қалибек өз шартын білдірді, делдал бұл ұсынысты Құ­сайын Тәйжіге дәл солай жеткізді. Ол өз ойын да дәл солай білдірді. Сауда осылай жүрді, үшеуі де тіс жармай, үндемей ойланып оты­рды. Қазақтар бұл сауданы оңайлатып, асы­ра мақтаудың, көп сөйлеудің алдын алады деп сенеді. Сауда аяқталған соң Қалибек пен Құсайын Тәйжі жайнамаздарын әкелді де, құбылаға қарап, қарттармен бірге екінді намазына жығылды. Ал жастар ер-тоқымда­рын әзірлей бастады.

Біраздан кейін бір топ атты жігіт көкпар тар­тысуға кірісті. Серкені ары тартып, бері тартып таласып жүр. Бір шетте балалар «қызбөрі» ой­нап жатыр. Бір бала қасқырдың басына ұқсас баскиім киіп, қатардың ең соңында тұрған ба­ланы тартып әкетуге тырысады.

Қазақтың ер балалары алты-жеті жасқа толғанға дейін жасырынбақ, соқыртеке немесе «Хан жақсы ма?» деген қол ша­палақтайтын ойын ойнайды. Садақпен тышқан аулайды. Осы жаста қазақтың ұл-қыздары кішігірім ер-тоқымға қонып, атқа мінуді үйренеді.

Сұлтан Шәріп пен Дәлелхан бастаған бір топ босқын 1950-51 жылдың қысында Тәжінорға көшіп кетті. Ал Қалибек өз адамда­рымен Темірлік маңында қалды.

«Жаз – жұмақ, қыс – тозақ», – дейді қазақ мәтелі. Жұт кезінде немесе қыстың бораны мен қытымыр аязында көп мал қырылып қалады.

Тәжінорда өткізген қыстың бірінде жерді көк тайғақ мұз құрсап тастады, жұрт өзі де азайып қалған малдың көбін союға мәжбүр болды. Бұл аяқ астынан еттің тым көбейіп ке­туіне алып келді. Ел үй-үйді аралап, ет таратып кетті.

ТОҚШЫЛЫҚТАН КЕЙІНГІ ЖОҚШЫЛЫҚ. Азапты күндер де келді. Жұрт тек шай ішіп, құрт жеді, кейде тарының талқанын талғажау етті. Бірде – құт, бірде – жұт, бірде – аш, бір­де – тоқ – қазақтың көбі осылай тіршілік етіп келеді. Жақсылық пен жамандық, көтеріңкі көңіл күй мен жабырқау күндер бір-бірімен алмасып кеп тұрады.

Ашаршылықпен күресу мақсатында Шыңжаң қазақтары бірді-екілі егіншілікпен айналысты. Олар жыл маусымына байланысты ыңғайлы жайылымдарға мекен ауысты­рып, негізінен малшылықты кәсіп етті.

Қыстаулары әдетте ықтасын алқаптарда немесе тау етегіндегі орманды жерлерде болады. Қар еріп, көктем шыға бастағанда тау баурайларындағы шүйгінді шалғындарға қарай көтеріліп, көктеуде отырады, сол жер­ден жайлауға көшіп кетеді.

Тамыз немесе қыркүйек айларында бір­неше үй малын бірігіп бағады. Қойларын қырқып, құрттарын кептіріп, соғымға сойылатын малды дайындап болғаннан кейін, олар ақырындап қыстауға көшеді. Ол жерде киіз үйлерін жиыстырып, жанында қашасы бар бөренеден жасалған үйлерде тұрады.

Тәжінарнордың суығында қолдары бос уақытта, алда не күтіп тұр екен деп бола­шақты болжай бастады.

Мұсылман болса да, қазақтар ырымшыл халық. 1950-51 жылдың сол бір қиын қысын­да олар қойдың жауырынын өртеп, сонда түскен сызықтарға қарап, алда не күтіп тұрға­нын болжайтын балгерге де талай жүгінді.

Келешекті болжаудың құралы ретінде қой­дың қатып қалған құмалағы да пайдаланылады. Құмалақтар­ды үшке бөліп қатарынан тізіп қойып, соған қарап отырып кімге қонақ келетінін, қандай оқиға болатынын, істеріне кім кедергі жасап жатқанын және өзге де нәрселерді бол­жап отырады. Балгерлікпен қабілетті кісілер айналысады. Кейде, бақсылар басқаларға байқатпай әруақтарды шақы­рып, солардың көмегімен де болашақты болжап отыратын. Дінбасылары бұл әрекетке қатты қынжылатын еді. Бірақ қайткен күнде де, бал аштыру ха­лықтың діни нанымының бір бөлігі боп келеді.

Нұрғожай батыр Кәшмірдегі қазақтарға ең танымал кісі. Ол жылы жүзді, қалжың­бас, байсалды әрі салмақты, бәріне достық қөңіл танытады. Шайқаста түлкідей айлакер, арыстандай қайратты.

Сонымен қатар, Нұрғожай батыр сыйлы бақсы еді. «Еді» дейтін себебім, бірнеше ай бұрын оны кездестіргенімде ол бақсылықты қойғандай боп көрінді. Түсінуімше, ол Кәшмірдей мұсылмандар көп тұратын жерде күлкіге қалмау үшін тастаған тәрізді.

ҚАСҚЫР ЖЫНДЫ ШАҚЫРУ. Бір күні, Шрина­гардағы жайлауда мен Нұрғожай батырдың бір жас баланың бойына қонған жынды қуып шыққанын көрдім.

Бала киіздің үстінде жатты, ал жан-жағын­да оның туыстары мен жынның шығарылуын көргісі келген адамдар жиылды. Нұрғожай батыр домбырасын сабалап, ат үстінде ша­уып жүрді. Бірнеше рет айналғаннан кейін ол аттан секіріп түсті де, домбырасын шетке қарай итере сала, баланың ішіне кіріп алған жынды шақыра бастады:

«Шақырамын, шақырамын,

көк қасқырды шақырамын.

Кел дегенде кел!

Үлкен тау кіші таудың түбіне түсті!

Тіліңді шығар, қайта жап.

Көзіңді аларт қайталап!»

Айнала тұрған домбырашылар Нұрғожай батырдың сөздеріне қосылғандай домбыра­сының шанағын сабалап тұрды. Жынның бар екені белгілі болғанда екі көмекші орында­рынан атып тұрып, Нұрғожай батырдың белін арқанмен орай бастады. Арқанның арасы­на шыбықтар тығып, Нұрғожай батырдың денесі қысылғанша бұрай берді. Бұл кезде Нұрғожай батыр гипнозға ұшыраған тәрізді болып көрінді. Ары-бері жүгіріп басын шай­қап, екі қолын алға қарай созып тұра қалды. Көмекшілер оны екі қолынан ұстап алған кез­де Нұрғожай батыр олармен бірге айналып отырып, түсініксіз сөздер айта бастады.

Биін жалғастыра отырып, қолына балта алды да бойына жын кірген балаға қарай сермеп, үрлей берді. Бұдан кейін ол балта басының бір шетімен көкірегін күштеп ұра бастады. Балтасын тастай сала, оттан шоқ шығарып аузына лақтырды. Қып-қызыл ыстық темірді жалаған кезде көздері айна­лып, денесі дірілдеп кетті. Мұның бәрі көрін­бей тұрған жынның әрекеттерін қайталау мақсатында жасалған еді.

Қаумалап тұрған адамдар «Шақабай! Шақабай! Шақабай!» (Шақабай деген Нұрғо­жайдың батыр атасы екен) деп ұрандады.

Бұл жынның баланың денесінен шыққанын көрсететін әрекет еді. Бұдан кейін бақсы жер­ге сұлап түсті.

Осындай әрекеттен кейін ұзақ әрі терең ұй­қыға батады екен. Қасындағылар денесін уқалап, басын сипалады. Бұндай рәсімнен соң ол белгілі мөлшерде май ішуі тиіс, әйтпесе оның ішінен қан кетіп, қауіпті дертке әкелуі мүмкін екен.

СӘТСІЗ КҮН, МҮШЕЛ ЖАС. Қазақтарда ата-бабаларынан қалған ырымдарды әлі ұстанаты­ны байқалады. Олар өмірін 12 жылдық циклға бөледі. Әрбір жылды жануар атауымен атайды. 25 және 37 жасты ерекше қауіпті әрі сәтсіз деп есептейді. Егер адам осы жастан аман шықса, киімін түгел таратып береді. Бұның себебі ке­лешегін жаңа киіммен қарсы алғысы келеді.

Әр отбасы аптаның белгілі бір күнін сәтсіз санайды. Бұл күні көшу туралы сөз қозғауға тыйым салынады.

Көктемде бірінші рет күн күркірегеннен кейін әйелдер далаға шығып, үйдің сыртын ағаш қасықпен ұрып шығады. Бұдан аспанда жүрген жындар үйге жоламайды деп сенеді.

Қоян жылының басында (1951 жыл) ком­мунистер Темірлік маңайында Қалибекке шабуыл ұйымдастырды. Жаудың қаруына тойтарыс бере алмаған ол халқын жинап, Тибетке қарай беттейді.

Ақпан айында Тәжінордағы қазақтарға Оспан батыр тұтқындалып, Қалибек ком­мунистердің соққысына ұшырағандығы ту­ралы хабар жетті. Көсемдер тез арада киіз үйлерді жықтырды да, Кунлун өткелінен асып, Тибет арқылы батысқа қарай қозғал­ды. Алланың көмегімен Кәшмірге жетіп те қалармыз деп үміттенді.

Боранды Кунлун артта қалса да, малға шөп табу қиынға соқты. Мал арып-ашып қырылып жатты. Қазақтардың ниетіне орай, бұл жер­лерде аңшылықпен айналысу мүмкіндігі бол­ды. Еркектер елік, бөкен және тауешкі атып әкелетін. Желінбей қалған етті ыстап немесе сүрлейтін. Жабайы аңдардың тезегін отқа жағып пайдаланды.

ЕТ ЖЕЙТІН ЖЫЛҚЫЛАР. Алла жіберген тағы бір жақсылық, «құлан» деп аталатын қоңыр түсті кішігірім жабайы жылқы болды. Қазақтар құланды аттың үстінен атып алатын. Еті дәмді әрі құнарлы.

Жас көсем Мәжиттің айтуынша, олар ар­тылған етті көшер алдында ер-тоқымына бай­лап алады екен. Бір күні Мәжит атының басын қайта-қайта бұрып келе жатқанын байқап қала­ды. Бұның себебі тоқымға байланған еттің иісі екен. Атының аш екенін білген Мәжит тоқтай салып, етті жегізбекші болды. Басында ат жегісі келмей басын тартқанымен, Мәжит етті аттың аузына күштеп тықты.

«Сөйтіп, мен атыма ет жеуді үйреттім. Бауы­рыма айтып едім, «ол бұны басқа аттар мен түйелерге де үйретіп көрейік» деді. Сөйтіп, аттарымыз бен түйелеріміз әлденсін деп ет беретін болдық».

Жолаушылардың тағы бір қасіреті тау ау­руы болды. Бұл ауру онсыз да әлсіреп қалған қазақтарды өлімге соқтырып, жол жүруге жарамсыз халге жеткізді. Әсіресе, Тибетке қарай таулы өткелдерде қиын болды. Бұл аурудың бастапқы белгілері: бас ауырады, бас айналып, жүрек айниды. Оны емдеу үшін жасалған ем-домдар көбіне нәтижесіз болды. Бақсының жын шығару рәсімінен де ештеңе өнбеді.

Кейде емші қатты тырысса, ауру айығып та кететін. Ауырғандардың бірі бақсыға барып, өзін құтқаруын өтінгені туралы айтып бер­ген еді. Бақсы қолындағы өткір қандауырмен адамның самайындағы тамырлардың бірін тіліп, қанын ағызыпты. Сонда аққан қою қара қан үш кесені толтырады. Бұдан кейін ол дәрілік шөп пен матаны қолданып, жараны орап тастайды. Екі күннен кейін ауру аяғынан тұрып кетеді.

Он күннен кейін қазақтар солтүстік жақтан өздеріне қарай келе жатқан бір топ адам мен мал үйірін байқады. Бұл Қалибек пен оның руынан қалғандар еді! Қайта кездескен қазақтардың қуанышында шек болмады.

Кейін, қауіпсіздік мақсатында біріккен топ қайта ажырап кетті. Дәлелхан өз жұртымен Қалибекке қосылды, ал Құсайын Тәйжі мен Сұлтан Шәріп бөлек кетті.

Қалибектің айтуынша, Тибетті асу жолында оның еліне жеті рет қарулы шабуыл жасалған. Бұл сапарда оның 42 адамы қақтығыста, 22 адамы тау ауруынан өліп, 9 адамы із-түзсіз жоға­лып кеткен екен. Бұған қоса, Тянь-Шань мен Кәшмірдің арасында олар 3000 бас қой, 200 ірі қара, 73 жылқы және 145 түйеден айырылыпты.

БІР ҚУАНЫШ, БІР ҚАЙҒЫ. Сәбидің дүниеге келуі, өлім, той ұзақ сапардың ажырамас бөлі­гіне айналған еді. Қуаныш не қайғы болсын, өмір үшін толассыз күрестің ішінде арқаны кеңге салатын кездер де болатын.

Қазақтар ұл мен қызды бесікте атастырып қояды. Оны «бесік құда» дейді. Ол таптық мәртебеге байланысты, мәселен, бай баймен құда болады.

Еуропа дәстүрінде үйлену шығынының басым бөлігі қалыңдықтың әкесі тарапынан қаржыланса, қазақтарда керісінше, жігіттің әкесі қалыңдықтың әкесіне «қалыңмал» төлеуге міндетті екен.

Қазақтардың байлығы – жылқысының санында. Кейбіреулер 40 жылқыға дейін қалыңмал береді. Сондықтан, олар ұлдарымен қатар әдемі қызы болғанын да қалайды. Бұның себебі, ұлы үшін берген қалыңмалдың орны қызын бергенде қайтып келетіндігінен болса керек.

Бір үй екінші үймен қыз берісіп, қыз алысып, қарсы құдаласса, ол үйлер қалыңмал бермей-ақ қоя салады.

Атастырып қойған ұл немесе қыз үйленбей тұрып қайтыс боп кеткен жағдайда қайтыс болған жігіттің немесе қыздың туыстары өз араларынан оның орнына басқа адам береді. (Жігіт пен қыз әке жағынан жеті атаға дейін қандас туыс болмауы керек).

Той көшпен қатар келгенде дәстүрдің көбісін орындау мүмкіндігі болмағандықтан, олар қысқартылатын. Бірақ қалыңдықты барынша әдемі киіндіруге тырысады. Дәстүр бойынша, әйелдер қыздың бас киіміне «үкі» тағуға келген жігітті шашу шашып, қарсы алады.

Молда жастардың некесін жай рәсіммен қиып, Құраннан аят оқиды. Содан соң ішіне күміс зат салынған кесеге су құйып, оны үрлеп, қыз бен жігітке береді. Қыз бен жігіт суды ішкеннен кейін ерлі-зайыпты атанады. Жігіт пен қыздан кейін екі отбасының мүшелері кеседен су ұрттайды.

Тойдың ерекше көңілді сәті – екі қыз бен екі жігіттің ән айтып жарысуы. «Бойы ұзын, нар тұлғалы батырым», – деп бастайды қыздың бірі. «Бәрінен де сен сұлу», – деп жалғастырады жігіт. «Құлағың мен аяғың ақылыңнан үлкен екен», – деп екінші қыз қағыта бастайды. «Көзің қысық, мұрның пұшық», – деп екінші жігіт ала жөнеледі.

Сөйтіп, қыздар мен жігіттер бір-бірімен айтысып, көңіл көтереді. Ол тараптардың бірі сөз таба алмай шатасқанға дейін созылады. Осылайша айтыс барлығының қыран-топан күлкісімен аяқталады.

Тойда жұрт түрлі ойын ойнап, күрес ұйымдастырып, бәйге жарысқа қатысады, домбыраның күмбірлеген ырғағына билеп көңіл көтереді.

Шыңжаңнан көшу кезінде батырлық көрсеткен тек сарбаздар ғана емес еді.

Бір күні, Шринагардың жайлауында бір топ адам малдас құрып алқа-қотан отырған едік. Бірнеше қыз шетте еркектердің әңгімесін тыңдап отырды. Кенет Қалибектің кіші әйелі Мүлия күйеуіне қарап: «Ерім! Жаудың біздің ауылға сіздер жоқта келгені есіңізде ме?» – деді.

ЕРЛЕРШЕ КҮРЕСКЕН АНАЛАР БАР. Сонда Қалибектің көзі жарқ етіп, әйеліне «айтып бер» дегендей ишара білдірді. Мүлияның жүзі алаулап, жанары нұрлана оқиғаны әң­гімелей бастады.

«Ерім адамдарымен бірге ауылдан тыс жерде дұшпанмен шайқасып жатқан. Аяқ астынан бізге қарай шауып келе жатқан әскерді байқадық. Әйелдер балаларын кө­тере сап, аттарына қарай жүгіре жөнелді.

Мен атқа мінгендердің ең соңғысы едім және атым қатты осқырынып, орнынан тапжылмай тұрып алды. Коммунистердің оғы ат­тың аяғын жанап өткенде, ат атырылып кетті.

Дұшпанның жақындап қалғанын сезсем де, атымның тізгінін сәл тартып, баланы жерден іліп алдым. Киіміме төрт оқ жанап өткенде, үрейім одан сайын күшейді. Құдай оңдап атым самдағай болды, сөйтіп қуғыншыларды тауда адастырып кеттім.

Көп кешікпей рулас Сүлеймен деген жігіт­ті кездестіріп қалдым, қой бағып жүр екен. Оған болған оқиғаны айтып бердім, екеуіміз ауылға төте жолмен қайта шауып бардық. Дұшпанның үйлерді тонау үшін келетінін біл­дік. Екі мылтық тауып алып, тығылып күттік.

Біз ойлағандай, олар ауылға қайта келді. Сүлеймен оқ жаудырып кеп берді, тонаушы­лар шошып, абдырап қалды. Сүлеймен бір мылтықтан атып жатқанда, мен екіншісін оқтап отырдым. Сол күні ерім адамдарымен келіп, қуып шыққанға дейін дұшпанды бес сағат бойы ауылға кіргізбей тұрдық. Ерім ерлік көрсеткенімді, ауылды құтқарып қалғанымды айтып, мені мақтады. Ол күнді ешқашан ұмытпаспын!».

Тибет арқылы 1000 шақырымнан астам жерді жеделдете жүргеннің өзінде үш ай уақыт алды. Шабуыл бола қалады-ау деген оймен көшпенділер тыңшылар болуы мүмкін ауылдарды айналып өтуге тырысты.

Ал тибеттіктерге келетін болсақ, олар қазақтардың өз жерімен өтуіне еш қарсылықсыз рұқ­сат берді. Көшіп бара жатқан қазақтар жол көрсету үшін қойшыларды жалдап отырды. Тибет те Қытай коммунистік билігінің қорлығын көріп жатқан еді.

Ол жақта көп өзеннен өту керек болды, ал қазақтардың көбі жүзу білмейтін. Ерлі-зайыпты­лар бір атқа мінгесіп, кішкентай балалар аналары­ның құшағына тығылды. Жас қойшы жігіттер екі қойдан иықтарына артып, мұзды суды кешіп өтті.

ТҮРІК ЕЛІНІҢ БИІК ПАРАСАТЫ. Бір күні алыстан мұз құрсанған Қарақорымның сілемдері көріне бастады. Шаршап-шалдығып, жақсылықтан үміт үзе бастаған көшпенділер тауларды алғашында сағымға ұқсатты.

Босқындар Кәшмірге жақын Тибеттің шеткі ауылы Рудоктың маңында аялдап, қалашықтың басшысын қонаққа шақырды. Ти­беттік қонаққа мылтық сыйлады, ол қазақтарға тұз, ұн және кірпіш шай берді, шекараға апаратын жолды көрсетіп, сәт сапар тілеп шығарып салды.

Кәшмірге кіреберістегі Пан­гонг Цо-ның маңында олар алғы шептегі шекарашылардың сүз­гісінен өтіп, қасиетті топыраққа аяқ басты.

Адам сенгісіз жеңіске жетіп, осы күнді көре алмай қалғандар туралы ойлағанда қуаныштары су сепкендей басылатын. Аман жеткендердің арасында баласы не жақын досы, туысы қайтыс болмаған, тұтқынға түспеген, жоғалмаған бір­де-бір жан жоқ еді.

Жаңа өмір өзге де қиындықтарға толы болды, әйтсе де, өлім мен өмір тайталасып өткен ұзақ жолдың азабымен салыстырғанда, түк емес, әри­не. Кәшмірдің таулы жайылымдары жергілікті малшылардың меншігінде болғандықтан, қа­зақтар бұрынғы өмір салтын жалғастырады деп айту қиын еді.

Шринагар сияқты үлкен қаланың мәдениетіне қалыптасу қазақтарға қиын тиді. Кәшмір мен Үндістанның шынайы қайырымдылығына қоса қазақтарға Түркия Республикасы да көмек қо­лын созды. Түркия босқындарға Шыңжаң да­ласына ұқсас Анадолы үстіртіне қоныстануды ұсынды. Оның үстіне, түріктер қазақтардың тіліне ұқсас тілде сөйлейді, әрі олардың ата тегі мен тарихы да бір.

1952 жылдың қараша және желтоқсан айла рында екі жүзге жуық қазақ Кәшмірден шығып, қара жолмен және теңізбен Түркияға аттанды. Артынан оларға тағы сексен бес қазақ қосылды, бәрі жаңа елге тамыр жайып, тез үйреніп кетті.

Қалибекпен бірге алпыс адам Кәшмірде тағы да он сегіз айға қалуды ұйғарды. 1954 жылдың маусым айында олар да Түркияға қоныс аударды.

Кәшмірдегі бір жылымыз да өте шықты. Әйелім екеуміз қайтуға жиналдық. Қазақ достарымыз біздің қалуымызды өтінді, оларға бізді де туған топырақ шақырып жатқанын түсін­дірдік. Мұны айтқанда қазақтар үнсіз қалды. Туған жердің қадірін олардан артық ешкім де сезінбес, сірә…

Қылшылдаған жас Мәжит, салмақты Сұлтан Шәріп, қызуқанды Қалибек бізді қоштасу қонақасына шақырды. Бәрі бір күнде! Әдептігімізді көрсету үшін барған әр үйдің тамағын аш адамдай жедік.

ҚОШТАСАРДА ҮЙ ИЕЛЕРІ ЖАБЫРҚАҢҚЫ ҚАЛДЫ. Ең соңында Шринагар керуен са­райындағы Қалибектің екінші қабаттағы үйінде жиналдық. Үйдің іші бізге соншалықты таныс: бұрыштағы ошақта от қызарады, еденге ашық түсті төсеніш төсел­ген, қабырғада қамшы, белдік, бас киім ілініп тұр. Ет жедік, жас қойдың сорпасын іштік. Самсаға ұқсас, арасына ет пен көкөніс салып, үшбұрыштап түйген тағам мен бауырсаққа тойдық. Және қайта-қайта, кесемізді толтыра шай сораптадық.

Басқалар да әйелдерімен келіпті. Менің зайыбым әйелдерге әшекейлер, ал Сұлтан Шәріптің әйелі оған бір уыс күміс тиын сый­лады. Қалибек әйелдерінің бірі жүзігін шешіп, әйелімнің саусағына салды.

Әдетте ұстамды келетін ер адамдар ке­нет көздеріне жас алды. Туған жерінен тық­сырылып, тауқымет тартып, Тәуелсіздігінің жолында құрбан болып келе жатқан қайсар жандарға қоштасарда мен былай дедім: «Қа­зақтың нақақ қанын төккендер ұзақ жылдар бойы өкінетін болады әлі!».

Авторы: Милтон Дж. Кларк

nationalgeographic.kz

ТАЛҒАТ КЕҢЕСБАЕВ. ҚАРАҢҒЫ ТҮННІҢ ЖҰЛДЫЗЫ
Аңызнама

«Ноқтаға басыңды ілсең,

шыға алмайсың…»

Шәкәрім

…Әлгінде ғана Найзатасқа  иегін сүйеген алып күн еңкейген сайын қынадай қызарып,  биік қарағайлардың арасынан Зуқаның ауылына қарай найзадай қадалып біраз тұрды. Әдемі сурет еді. Бәрін бір бүйірден шыға келген ай сәулесі бұзды. Ақ пен қызыл алмаса алмай кілк-кілк етіп біраз тұрды. Жел де соқпады. Шөп басы да қозғалмады. Бірақ сонау-сонау жартастан іркіт-іркіт боп құйылған ақ шуақ төңіректі билеп алып еді.

Ай жарықтық туыпты. Шермиіп-ақ тұр. Ақ сәуле жылжи-жылжи ауыл шетіндегі өзеннің үстінен, әрбір шаңырақтың төңірегінен саумалдай ақтарылып түскен. Үй ішіндегілер әлдеқашан ұйқыға кетсе де оның кірпігі айқаспай қойған. Өзін жайсыз сезінгені сондай, «түу, ертоқымды жастанып далаға жатпаған екенмін-ау» деп бір ойлап қойды.

Аспаннан ақ сәуле төгіліп тұр. Алты қанат ақ боз үйдің ішіне күміспен күптеп қойған сияқты сандық, кебежелердің сүйегі жылт-жылт етеді.

Зуқа  ұйықтай алмай әрі-бері дөңбекшіп, орнынан тұрды да иығына бешпентін іле салып, киіз үйдің сықырлауығын аша бергені сол еді, кіші ұлының: «Ауа-Ата, тайыма,  мінгізші…» деп ұйқысырағаны  естілді. «Әй, құлыным-ай, айналайын, сен де ат жалын тартып мінуге жарарсың!» деп іштей ойлана сыртқа шықты.

Құдайдың қара аспанында самсаған жұлдыз көп екен. Тіпті, күміс  тағаны  әдейілеп шегелеп қойған сияқты. Жалт-жұлт етуін қарашы. Толған Ай әне-міне жарылатындай шатынап-ақ тұр екен. Төңірек құлаққа ұрған танадай.

Желі бойы жер жүріп еді, алдынан ала тазысы шықты. Құйрығын бұлғақтатып, жанына келді де шоқиып жерге отыра кетті. «Қансонарды аңсап, құса боп жүрсің-ау», – деп басынан сипап еді, ойнақтап алдынан кетпей қойды. «Әй, адалым-ай, шибөрілер сенің енең мен ұяластарыңды  талап өлтіргенде, сүт араласқан қан-қан емшекті түртініп жатыр едің. Тіпті, көзіңді  ашпағансың. Солташым  биенің сүтімен асырап еді. Екі қар басқанда Алтайда қызыл түлкінің бәрін қынадай қырып едің».

Ала тазы құйрығын бұлғаңдатып жолын бөгей берді. «Көлге бармашы, үйге қайтшы» дегендей, үстінен аттап кетсе балағынан тістеп, қыңсылады дерсің. «Мынаны кешегілер оқытып қойған ба?»  деген ой келді. Кеше  қалың тұман сейіле бастағанда ауылға керуен келген.

– Анау Дихуадан  шығып,  Жеменейге бара жатыр едік, – деді ұйғырдың саудагері.  – Жолдан сәл қияс кетіппіз, құдайы қонақпыз. Оның үстіне түйелер тасырқады, – деп тең-тең жүктерін шешіп, ауылға ерулеп келген.

…Керуеншілер көңілді жігіттер екен. Дәл алтыбақан тіккендей қылып,  екі шетінен арқан  керіп тастады.  Үстінен жалаң аяқ жүргендеріне, аузымен шоқ шайнап, от бүріккендеріне ауылдың балалары, кемпір-шалы таң қалды. Бір шоқша сақалды сібе  жігіті иттермен  адамша сөйлесіп,  небір алыпсоқ төбеттерді дәл бір ерке баладай бұраңдатып қоятын сиқырын көрсеткенде,  ұлы  Солтан-Шәріп: «Әке, мыналар тегін адам емес, ұнамай тұрғаны» демесі бар ма? Оның бұл сөзін Зуқа естімегендей елеусіз қалдырған. Оның үстіне биыл ел сүрі қардан жүдеп шыққан.

Сарышұнақ аяздың құшағы қатты болды. Тебін болмай, жылқыны  сай- саланың қарын  аршып, үйір-үйірге бөліп, иіріп бағып, әйтеуір, күн көзі жылт еткенге дейін жазықтағы малды тау-тастың бүйіріндегі шөбін ағаш күрекпен күреп, күйсетпесе де, күйін келтірмесе де, қыс құрсауынан аман-есен алып шыққан.

…Зуқа ақырын басып көлдің жағасына келді. Биыл қар суы көп болғандықтан  арнасы кеңіп, бүйірі шығып қалған еді. Әскери машықтанудан кейін жігіттермен осында келіп түскенді ұнататын. Суы шымыр-шымыр етіп әр-әр тұстан адамның тынысын тарылтпай жігерін жанитын бір қасиеті барын ол іштей сезетін еді. Анадан туғандай тыр жалаңаш шешінді де суға қойып кетті. Құлаштап малтыды. Сүңгіп шықса жағалауда қалған ала тазы бір сілкініп алып үрді-ай дерсің…

«Бұған не көрінді?» Осы кезде байқап қалды, қараң-құраң еткен төрт адам төрт бұрышта тұр екен. «Бұлар кімдер?» деп ойлағанша болған жоқ,  шалманы кезек-кезек лақтырды. Біреуі оң білегін іліп алса, біреуі мойнына оратылды. Жағалауда тұрғандар арқанды тартқаны соншалық, Зуқа қылқынып демі шықпай бара жатты. Жантәсілім бар күшін жинап, өзіне қарай арқанды тартып еді, біреуі суға күмп ете түсті. «Ух» деп демалып алған кезде ала тазы да қыңсылап үрді.

Солтан-Шәріптің құлағына үңгірдің түбінен шыққандай үн естілді. Селк етіп оянды да орнынан атып тұрып, ештеңе түсінбей далаға шықты. Ай сүттей жарық екен. Ол жан-жағына қарады. Қазанбай ағасы дамбалшаң көлге қарай жүгіріп барады екен.

Зуқа аласұрды. Түнгі қарақшылар да жан-жаққа тартып, жанын қинап жатыр еді.

Ала тазы айнала үріп жүр. Солтан-Шәріптің бір бәле болғанын іші сезді. Жанұшыра айқай салды.

- Төлегетай аға! – деді Солтан айғайлап. – Аға, әкем…

Қол-аяғы дірілдеп, даусы шықпай қалды.

- Не болды?

Солтан жалт қараса Төлегетай ағасы да жүгіріп келеді екен. Айдың

жарығы көл жағасындағы арпалысты күндізгідей көрсетіп тұр еді. Әп дегенде Қазанбай үйдей біреуді тік көтеріп алды да жерге ыңқ еткізіп тастады. Анау байғұстың бір жері опырылып кетті ма ыңырсығанда даусы   қаттырақ  шығып еді. Қазанбайдың ту сыртынан кездікпен ұрғалы жатқан кезінде ала қаншық секіріп барып жаудың білегінен оңдырмай тістеп айырылмай қойды. Дәу қара шыр көбелек айналғанда тазы ит те онымен бірге айналды. Осы кезде жүгіріп келе жатқан Төлегетай екпінімен секіріп келіп қос аяқтап кеудесінен тепкенде, әлгінде ғана Зуқаға шалма лақтырған дәуді шалқасынан түсірді. Бір бүйірден шыға келген тапал төртбақ жігіт жерден жылқының басындай тасты көтеріп алып Қазанбайды ұрғалы жатқанда Солтан-Шәріп атылып келіп арқасына қона кетті де, басын әрі-бері бұрап жіберді.  Осы кезде Зуқа да жағалауға шығып мойнындағы арқанды сыпырып жіберді де лоқсып-лоқсып, тізерлеп отыра кетті.

– Әй, тірімісің? – деді Қазанбай.

Зуқа сөйлей алмаса да бір дыбыс шығарды.

– Иттің ғана баласы-ай, – деп Төлегетай Зуқаның алдындағы арқанды

алды да әлгінде ғана Солтан мойнын бұрап жыққан дәу қараны  шимайлап-шимайлап байлап тастады.

Ай бір сәтке тоқымдай қара бұлттың арасына кіріп-шығып, қайтадан

айнадай жарқырады.

- Зуқа, амансың ба? Бұл не? Бұл не? – деген Төлегетайдың сұрағына

тізесінен келетін суға отыра кеткен батыр әрең дегенде:

– Бұлар төр-теу, – деді үзіп-үзіп.

– Әне біреуі, міне екіншісі, – деді Қазанбай.

– Қалған екеуі қайда? – деп Төлегетай жан-жағына жалтақтай қараса

ешкім жоқ. Тіпті қамыс басы да қозғалмайды. Солтан-Шәріп әкесінің киімдерін алып барып киіндіре бастады.

– Ауылды оятып алмайық, – деді Зуқа ақырын ғана.

– Мына екеуін байлап тастадық. Өй, мыналар керуеншілер ғой, – деді Қазанбай.

– Қап, әттегене-ай, Солташ балам айтқанда мән бермеп едік. Қап, әттегене-ай…

- Не болды?

- Не болды?, -  деп ауылдан екі-үш адам келе жатыр еді, Зуқа ұлына

сыбырлап:

– Жәй балалар ойнап жүр ғой деп қайтарып жіберші аналарды, – деді.

– Ойнап… Ойнап жүрген бала екенбіз, – деп жерге былш етіп бір

түкірді Қазанбай. – Солташ, сен осы жерде қал, мен оларды қайтарайын.

Солтан-Шәріп әкесін киіндіре бастады. Айдың жарығымен байқап қалды, әкесінің арқан қиған күре тамыры күп болып ісіп шыға келіпті. Солтан-Шәріп әкесін киіндіріп болғанда Қазанбайдың дауысы қатқылдау шықты.

– Не болды сендерге?  Түн жарымда бөрінің көтіндей шулап?

Барыңдар ауылға. Зуқа екеуміз күресіп, Зуқаны жығып кеттім. «Қардың басын қар алар, қанның басын қан алар» деп өтірік күлген болды.

– Ой, түге, кәртайғанда сендерге не болған-ей? Түн жарымда алысып-жұлысып? Шошып кеттік қой, – десе, жуан дауысты біреуі:

– Қазан аға, сізді қараңғы түнде байқамай шапалақпен бір тартып

жібере жаздадым-ау. Қайын ағама қолым тисе ұят болды-ау, масқара бола жаздадым-ау, – деді екіншісі  тырқылдай күліп.

– Бар, жатыңдар! Жығылған күреске тоймайды деген, қазір

құрдасыммен тағыда бір алысайын.

– Түу, мыналарға дауа жоқ екен-ау! – деп жуан дауыс алыстай берді.

Төңіректі бір шолып шыққан Төлегетай алқын-жұлқын жетіп келді:

– Ана албастылар жын ба, шайтан ба, ізім-қайым жоқ, – деді. – Бұлар

керуеншілер. Қазір ауылымен жатқан жерінде лақша бақыртып сабайын, – деді Төлегетай.

– Қой, Төлеш, түн ішінде елді дүрліктірмейік. Таң атар, мына екеуін

байлап оңаша жерге апарыңдар. Қылбұрауды салыңдар. Анықтаңдар олардың кім екенін, – деді Зуқа.

Қазанбай жағалаудан түйежапырақты жұлып алып ыңырсығанның аузына тықты. Екіншісін құлақ шекеден бір ұрып талдырып тастады.

-  Ал, Төлегетай, мына екеуін саған тапсырдым. Біз ана керуеншілерге

барып, әкесін танытайық, – деді Қазанбай.

– Мен де барамын, – деп еді Солтан-Шәріп,

– Сен үйге бар, – деді ақырын ғана Зуқа. – Ана шешең алаңдап қалар.

Солтан-Шәріп үн-түнсіз үйге қарай кетті. Екі иығы төмен түсіп салбырап, өкпе-наласы бар баладай ақырын ілбіп басып барады. Сол түні қолдарына қару ұстаған үшеуі ауылды сыртынан бақылап жүріп таң атырды…

- Керуен қозғалмапты, бірақ ана иттердің бір де біреуі жоқ, жүктері

тең-теңімен үйіліп жатыр. Қыбырлаған біреуі болсашы, бәрі қашып кетіпті, – деп, күйінді Қазанбай.

Әйелдер жағы бие бау басына жинала бастағанда Төлегетай Зуқаға:

– Бауырым, түнде өліп қалсаң қайтер едік? – деді шын туыстық

пейілімен.

– Адам өлім туралы айтпау керек. Оны Алла ғана біледі. Алланың

жолындамыз. Кейінгі ұрпақ артымыздан құран оқып, атымызды айтып жүрсе онда біз дұрыс өмір сүргеніміз. Өлсем қара жердің құшағына енемін. Бір нәрсеге көзім жетті, Солташымның менің артымнан құран оқитынына сенемін. Адамның көзі тірісінде бұл да аз сүйеу емес.

Қазанбай осы жерде өзін іштей кінәлады. Алдыңғы күні Зуқаның үйде отырған жерінен өзі барып, «керуеншілердің ойын-сауығын көрейік»  дегені есіне түсті. Зуқа біраз тартыншақтағанымен, қадалып тұрып алып еді, досы еріксіз келіскен. Енді Қазанбай шындап өкінді. Өйткені керуеншілерге бара жатқанда:

– Ассалаумағалейкум, ағатай! – деп алдарынан шыққан  Солтан-Шәріп

қос қолдап  жылы жүзбен  амандасқан.

– Уағалейкум, балам! – деп құшақтаған Қазанбай оның қақпақтай иығынан қағып-қағып қойған.  –  Зуқа, қарашы мына батырға, айналайын балам,  ризамын саған. Ана жолы көкпарда жарадың, қыраным!

– Солташ, балам, мына керуеншілердің ойыны қалай? – деп Зуқа аспанға керілген арқанмен әрі-бері жүгіріп жүрген өзбек жігітіне күле қарап: – Адам ба,  шайтан ба мынау? Астапыралла, көрмегенді көреді екенсің ғой, -деді.

– Әке, осыларға  ішім жылымай тұрғаны, – деген Солтан-Шәріптің  қауіптене айтқан сөзін естімегендей, Қазанбай айналасына қарап кетті.

Ауылдың қабаған итін ұршықша иіріп, әрі-бері секіртіп жүрген ұйғыр жігітіне таңырқай қарады. Сол сәтте әкесінің қабағынан салқындықты аңғарған Солтан-Шәріп иығын сол жағына бұрып, олардың жанынан ұзай берді.

– Өзің айтпақшы, көрмегенді көреді екенсің ғой, ой алла-ай, иттің тілін білетін адам болады екен-ау!

– Керуеншілер  тұманда  адасып ауылдың іргесіне келгесін ауқаттанып,  тыңайып алсын деп қонақ еткенмін, – деді Зуқа.

– Естідім, – деді Қазанбай. – Жаңа Солташ бірдеңе дегендей болды ма, әлде мен қақас естідім бе?

– Әй, қойшы соны,  – деді Зуқа. – Әке, осы Жұқияның мінез-құлқы  ұнамайды  деді кеше. «Осыны келген жағына кері қайтарып жібергеніңіз дұрыс» – деп ақыл айтып отыр маған. Оған ұнамағанның бәрін қуа берсем жанымда адам қала ма менің?! Жұқия ұйғыр болса да менің жанымда жүрген жігіт емес пе? Оның сөзіне еріп, орыс Иванды бездірсем, менен пана іздеп келген Ильхом аканы да  қусам не болады?..  Менің Зуқа атыма жараса ма?!

– Солташым жақсы, – деді Қазанбай. – Ана жолы Ақыт  оның  зеректігі туралы бір тұщымды  сөз  айтып еді, – деп  келе жатыр еді, жандарына  мұртты саудагер жігіт келіп, сампылдап сөйлей бастады:

– Мәнті жеңіздер, ұйғыр жігіті Шәрәфат мәнті жасап жатыр еді. Дәмін татыңыздар! Тіл үйіреді, – деп асты-үстіне түсті. –  Зуқа аға, жеңгей үйде ме? Бір аздаған сыйлығым бар еді.

– Ол не сыйлық? – деп Зуқа гүр ете түскенде, анау жалт беріп, әңгімені басқа жаққа бұрып, «мәнтінің дәмін татыңыздаршы» деп иіліп әлек болған  еді…

…Киіз үйдің көлеңкесінде қамшы өріп отырған Зуқа құрық тастам жерде бес-алты баланың әңгімесін ап-анық естіп отыр.

– Ана жолы, – деді бөспебай Жарқын. – Екі кештің арасында Зуқа атам:  «Әй батыр бала, тайыңды ертте, менімен бірге барасың» дегесін, атымды ерттей сала қолыма шоқпарымды алып, ол кісіге ілесіп жүре бердім. Зуқа атам сөзге сараң ғой, жол бойы ештеңе демеді. Бір төбені асып түскеннен кейін астымдағы құла тайым құлағын қайшылап, осқырына бастады. «Әкем-ау, бұл не?» деп қоям. Таудан құлдилап бір үйір қасқыр бізге қарай келе жатыр.

– Ата! – дедім, «былай тұрыңыз, мен көрейін» деп, шоқпарды олай-былай сілтеп, екі-үшеуін домалатып түсіріп едім, қалғандары құйрықтарын бұтына қысып тауға қашты. Сонда Зуқа атам: «Әй, балам-ай, батыр екенсің ғой, келер жолы жорыққа сені ғана ертем» деп маған айтты ғой.

«Сен барғанда мен қалам ба» деп кішкене қара бала танауына келіп қалған мұрын боғын оң қолымен сол жағына бір тартты.

Зуқа жымиып күлді де олардың көзіне түспей үйге кіріп, шапанды желбегей жамылып, басына тартқан шытты көзіне түсірді. Балалардың жанына ақырын басып барып, ортада әңгімені естіп отырғандарға білдірмей,  Жарқынды желкеден лып еткізіп көтеріп ап, өзенге қарай әкете берді. Өзінің білген қалмақша сөздерін құрап, әлдене деп сөйлей бастады. Жарқын болса тілін тартар емес, тіпті қорыққаны да білінбейді.

Балалар болса, жерден тас алып, «қалмаққа» жаудырып жатыр.

– Ей, қуарған қу қалмақ, босат деймін, Зуқа атам білсе мойныңды шілдің мойнындай ғып бұрап алады. Жібер деймін саған, жекпе-жекке шық, қазақтың кім екенін көрсетейін мен саған! Жібер кәне! Жігіттер, қайдасыңдар?! – деп Жарқын бұлқынып жатыр. Осы кезде бағанадан Жарқынның әңгімесін тыңдап отырған бір топ бала келіп, шапанының етегінен тартқылай бастады. Тумысынан балажанды Зуқа еріксіз күліп жіберіп еді.

Аяғы жерге тиген Жарқын құлағына дейін қып-қызыл болып кетсе де:

– Ой, ата-ай, сіз бе едіңіз, баламен бала болып кеттіңіз бе? – деп өкпелей сөйледі. Дәл бір үлкен адамдай кесек сөйлеп, кеңірдегін қозғап тұрған Жарқынның басынан сипады.

– Әй, батырсың ғой бала, нағыз батырсың! – деді.

– Рас па, ата? Естідіңдер ме ей, жүгермектер, атам мені батыр деп айтқанын?

– Иә, иә, – деп әр тұстан міңгір-міңгір еткен балалар расында қорқып қалып еді. Осы кезде жандарына қозының қарнына айран құйған, балалар «ақ апа» деп айтатын үлкен кісі келді.

– Амансың ба, қайным? – деп амандасты Зуқамен.

– Амансыз ба, жеңеше? – деп Зуқа амандасып, былтыр орыстармен болған шайқаста қаза тапқан жас жігіттің анасына ілтипатпен сәлемдесті.

Көгалды жерге бір жапырақ шытты төсеп жіберіп, түйіншектегі бауырсағы мен құртын шашып жіберген кемпір балаларға айран құйып берді де:

– Қайным, ақ түйенің қарны жарылды, – деп зорлана жымиған болды. – Сүйінші, қайным, өзіңе үйге барайын деп жатыр едім, алдымен мына балаларға  айран беріп алайын деп  бұрылдым. Шулап жүрген бұлар да міне, аға болды бүгін! Еркек бала әкелді келінім! «Өлі арыстаннан тірі тышқан артық» деген, қайтеміз енді, – деп бір уһілеп алды.

– О, бауы берік болсын, жеңгей! Ұзағынан сүйіндірсін, сүйіншіңіз менен.

– Еее, сүйінші деген не тәйірі? Аман болсын! Ырымдап өзіңе ат

қойғызып алсам ба деген едім қырқынан кейін. Енді міне алдымнан шықтың. Сенің жолыңды берсін! Сен сияқты батыр болсын!

Осындайда тыныш тұратын Жарқын ба:

– Апа, менің атымды қойыңыз. Өмір жасы ұзақ болады. Жетім бала демесеңіз, мен де бір атаның баласымын. Мен Тобықты, оның ішінде Мотышпын, –  деп танауын делитті.

– Рас-ей, – деді Зуқа оның өткірлігіне сүйсіне қарап. – Осы бала сөз тауып кетті, ақ жеңеше, осы батырдың атын қойсақ лайық болар еді. Мен сіздің сүйіншіңізге екі құлынды бие, екі сауын сиыр, жиырма қой берейін. Баланың несібесі болсын! Ертең бәрін жинап, ұлым Солтан-Шәріп алдыңызға әкеліп береді.

– Түу, ата-ай, әттең, Доғал атамның  ауылы алыста ғой, менде бір үйір жылқы әкеліп берер едім, – деген кезде Жарқынның көзіне мөлт-мөлт етіп жас келіп еді.

– Қой, балам, оның не? – деп ауылдың бүкіл баласы «ақ апа» деп атайтын әйел адам оны бауырына басты. Құдай бұйыртып немерем қырқынан шыққан күні той жасаймыз, сонда тай жарысты сен  бастайсың  Жарқынбай.

– Рас па, ақ апа? Сарбаздарым естіп тұрсыңдар ма? – деп балаларға күле қараған кезде, Жарқынның көзінен жас тамып-тамып кетіп еді.

Зуқа әйел адаммен жылы қоштасты да, балалардың басынан бір-бір сипап, ауыл шетіндегі көрікті қыздырып жатқан ұстаханаға қарай аяңдады. Найман атаның ағайынды төрт жігіті осы ұстахананы ұстайды. Қылыш, найза осылардың қолынан шығады.

– Ассалаумағалейкүм, жігіттер!

– Әәә, Зуқа аға, уағалейкүмассалам, жоғары шығыңыз!

– Армысыз, аға!

– Аға, қымыз ішіңіз, – деп бір үлкен шарамен қымыз әкеп берген Әбубәкір, – Әбілдәбек, батыр отыратын бөстек әкел, тізе бүксін, – деді бауырына.

– Жоқ, тізе бүкпеймін, өздеріңнің амандықтарыңды білейін дегенім ғой.

– Міне, аға, мына қылышты қараңыз, – деді екі көзі оттай жанған Әбілдәбек. – Қара тасты қақ бөлетін, бөлсеңіз де жүзі қайтпайтын алмас қылыш. Келіп қалған екенсіз, сізге сыйлайын.

– Ой, бауырым-ау, бұның не? Мен сендерге айтпап па едім? Сендер жасаған әр заттың өзінің бағасы, құны бар деп айтып едім ғой. Тегінге мен ештеңе алмаймын.

– Батыр, ашуланбаңыз. Біз сауда жасап жүрген сарттар емеспіз, наймандармыз. Бізге пана болдыңыз. Бізде де жүрек, бізде де ықылас бар.  Алмасаңыз, інімнің адал ниетін аяққа бассаңыз төсімізді қолтықтап  «шүу, қарақұйрық» деп, еліміз Шәуешекке қарай тартып отырамыз.

Зуқа сөзден тосылып қалып еді.

– Жігіттер-ау, мен сендерден сыйлық алайын деген оймен келген  жоқ едім. Қызық болды-ау мынау өзі?

– Батыр, – деді Әбубәкір. – Менің де қолымнан шыққан бір бұйымымды сынап көріңізші. Мына найза темір құрсауды да, таспен қапталған қалқанды да тесіп өтеді. Сабы қайыңнан жасалып тұзға қайнатылған, өте ыңғайлы.  Кәне, сынап көріңіз. Сілтеңізші бір, қай жерге дейін ұшыра алады екенсіз, – деп ұста жігіт аңқылдай күлді.

Жеп-жеңіл үшкір найзаны қолына ұстаған Зуқаның көзі оттай жайнап кетті. Артынан ілесе шыққан найман жігіттеріне ризашылықпен қарап, найзаны алып бір-екі айналдырып «бісміллә» деп сілтеді дерсің.

Білеу-білеу білегінің бұлшық еттерін ойната, найзаны құлаштай лақтырған кезде ауада ұзақ қалықтап барып, бұлақтың арғы шетіндегі төбенің ұшына барып дік етіп қадалды.

– О, батыр! Атқа мініп, қазір барып алып келейін, – деді бозбала жігіт.

– Жә, – деді көзін жалт еткізген Әбубәкір. – Бұл саған не, баланың ісі ме, әлде тот басып қалатын ойыншық жасаппын ба мен?!

– Аға, енді осы найзаны бір ай жасадыңыз, асылға қызықпайтын адам бола ма? – деп еді.

– Қысқарт, – деді Әбубәкір көзі жарқ-жұрқ етіп. Тумысынан тірліктің береке-бірлігін ғана ойлайтын Зуқа ақырын ғана:

– Әй, Әбе, мынауың бір үйір жылқының жұмысы екен ғой, – деп шынайы ризашылығын білдірді.

– Батыр, беріп те жатырсың, алып та жатырмыз, ниетіңе рахмет! Мына

жиенім  бір қызды ұнатып қалып, үйлендірсек пе деген ойымыз бар еді. Апаратын қалың малымыз жоқ, несін жасырайын, темір-терсекті арқалап апармаймыз ғой енді.

Зуқа кеңкілдей күлді. Оның бұл күлкісі шынайы еді.

– Әттең, Қазанбай досым да картайыңқырап қалды. Оны да үйлендіретін

едім. Бірақ, мына жиеніңнің жолы екен, ол жас, бұны үй қылып,  шаңырақ көтеріп берейік. Анау найза қадалған жерге отау көтереміз. Оған дейін ырымдап, сол жерден найзаны алмайық, – деді.

– Алла риза болсын, батырым! Жастарға сенің батаң дарысын деп, құдалыққа дайындаламыз ендеше.

Зуқаның кеудесін шаттық кернеді. Бір қазақ өмірге келіп, бір қазақ үйленіп отау тіккелі жатқанын естіп, шын қуанып кеткен еді.

Кешегі керуеншілердің ылаңы ауыл арасына тарап кеткен, ұста

жігіттер олар туралы ырымдап сұрамаған. Тек батырдың мойнын арқан қысып көгеріп қалған жерлеріне ақырын ғана көз тастаған.

– Батырға қымыз әкеліңдер, – деді Әбубәкір ризашылықпен.

Шара толы қымызды сіміріп салған Зуқаның беліне Әбділдәбек алмас қылышты байлады. Олармен қоштасып, бұрылып бара жатқан кезде, сонау тау басынан сақ-сақ еткен пулемёттің даусы шықты. Зуқа аң-таң боп тау жаққа қарап, сілейіп орнында тұрып қалды:

– Бұл не?

«Бұл не?»  деді ішкі ойы үш рет қайталап. Жауап орнына тау жаңғырды.

Тауды жаңғыртқан алтын шайып жатқан қытайлардың айғайы еді. Олар оққа ұшып, жаралысы жанталаса ойбайлап жатқан дауыстары таудан-тасқа жаңғырып, ап-анық естілді.

– Атты әкеліңдер!

– Атты әкеліңдер! – деген дауыстар қатты естілді. Ауыл дүрлікті.

Пулемёттің сақ-сақ еткен дауысынан үркіп, желідегі құлындар шыңғыра кісінеді.

– Батыр! Батыр, міне ат! – деп Әбділдәбек ер салынбаған күрең атты

көлденең  тартты. Зуқа «Иә, аруақ!» деп қарғып мінді. Тауға қарай тұра шапты. Бұлақтан қарғып өткенде қадалып тұрған  найзаны іле жөнелді.

Бір бүйірден Қазанбай жігіттермен атқа қонып Зуқаның соңынан ілесіп:

– Терең сайға қарай, терең сайға қарай! – деп айғайлап келеді.

Зуқа оған жауап қатпастан, биік-биік шыңдарға, құз-жартастарға қарады.  Бір төбеден асып түскеннен кейін айналаны  ап-анық көрді. Сақылдаған пулеметтің аузынан от шашқандар жартастың ығын  паналаған екен. Алтын шайып, бейқам жүрген  қытайларға ажал отын төгіп жатыр.

Қазанбай Зуқамен қатарласа берді.

– Байқа, байқа! – деді. – Мен алдыға түсейін.

– Жоқ, – деді Зуқа ат үстінде айғайлап. – Мен алдыға түсейін, сен жігіттерді абайла!

– Жоқ, мен барамын, сен абайла! – деп Қазанбай атын қамшылай бастап еді, Зуқа алдыға озып кетті.

Пулемет сақ-сақ етіп, Зуқаның айналасына  оқ жаудырып,  оны шіліктің арасына бір-ақ тықты. Қазанбай артына қараса, тайына жайдақ мінген Жарқын шауып келе жатыр екен.

– Әй, қайт, қайт кейін! Жарқын, кейін қайт, қайт деймін мен саған!.. Жарқын болса  оның дауысын естімей, Зуқа атасының соңынан Шілікті кезеңге қарай тура салды. Сақ-сақ еткен пулемет оғын енді Жарқынға қарай атқылады. Осы кезде қия жартасқа қарай жаяу жүгірген Зуқа бойын жасырып үлгеріп еді. Найзасына сүйеніп тау басына тез-тез өрмелеп шықты. Шапшаң-шапшаң қимылдап, дәл бір тау барысы сияқты тастан-тасқа секіріп, пулеметшілердің төбесінен бірақ шықты. Көзі шалып қалды, құз  жартастың түбінде төрт-ақ адам екен.

Далақтап шауып келе жатқан бала Жарқын сақылдаған пулеметке қарсы шапты. Қолындағы таяғын сермеп-сермеп, әлденеге кіжініп келеді, оны қалқалай Қазанбай да тұра шапты. Осы кезде Жарқынның мінген тайына оқ тиіп, мұрттай ұшты.  Қазанбай құлап жатқан жерінен Жарқынды теңге ілгендей іліп алып, Шілікті сайға түсіп кетті. Қазанбайдың артынан ерген жігіттер жартастың басына шыққан Зуқаның белгісінен кейін сол жаққа қарай ауды. Пулеметтің оғы тастардың бетін отпен шабақтай бастады. Ыс-ыс еткен оқтың даусы тауды одан сайын жаңғырта түсті. Зуқаның көзіне қан толды… Найзаны тасқа тіреді де, төмен қарай секірді. Айналып-айналып кеп дік етіп, пулеметшілердің дәл төбесінен түсті. Әуелі басы айналып, көзі қарауытып ештеңені көре алмай қалған, оң жақ құлағының түбінен өтіп, бармағының басын тілгілеп өткен жау қылышынан кейін көзі қайтадан жарқ ете түсті. Әлгінде ғана Әбділдәбек берген қылышпен қауғабас орыстың басын шауып түсірді. Дудар-дудар басы шатқалға құлап кете барды. Басы жоқ денеден қан атқылады дерсің…

Екінші орыс пулеметтің мойнын Зуқаға қарай бұра бергенде, найзаны сермеп қалды. Дәл өңешіне қадалды. Басы шабылған орыс жерге жығылмай, әрі-бері жүгірді де гүрс етіп құлады. Тастың арасына қорыққанынан тығылған үшінші адам дәу ұйғыр еді. Күні кеше ғана керуенімен келген саудагер сияқты болып көрінген. Қолыңдағы наганын әрі-бері басқанымен, Зуқаны дәл көздей алмай қойды. Ту сыртынан жетіп келген Қазанбай оның үстіне секіріп қона кетті. Мойнын бұрап-бұрап жіберіп еді, бейшара көзі алайып сылқ етіп жерге құлады. Ауыл жігіттері де жетіп келді… Бәрінің көзінде үрей. Қан-қан болып жараланған Зуқаға тура қарай алмай өздерін кінәлі санап  тұрғандары көрініп тұр. «Тықыр» еткен дыбысқа жалт қараса, екі тастың арасында қалш-қалш етіп отырған кешегі саудагер қазақ екен.

– Ой, әкеңді… – деп Қазанбай ұмтылып еді.

– Тоқтай тұршы, – деді Зуқа даусы шаршап шығып. – Қазір, қазір, -

бармағынан аққан қан қылыштың арнасымен жүріп ұшына дейін барды.

- Зуқа аға, мен ғой, мен ғой, – деді жаны мұрнының ұшына келген

саудагер.

- Қазір, – деді  Зуқа тістеніп…

Екі тастың арасын паналаған саудагер қазақтың жанына келіп қылышты көтеріп тұрды.

– Батыр сауға, қазақпыз ғой. Кеше жеңешеме түкті кілем сыйлап едім ғой, жанымды қия көріңіз. Бұны істеген сіздің ата жауыңыз – Жин Шурын. Егер де алтын шайған қытайларды қырып тастасақ, бұның бәрін сізден көретін еді. Бұны істеткен анау, анау қытай, –  деп саусағын шошайтты. Өзі дір-дір етіп бұтына жіберіп қойды. Қазанбай «түй, иттің ғана баласы» деп жиіркеніп, теріс  бұрылды да жерге бір түкірді.

– Батыр, мына хайуанды маған беріңізші, азаптап өлтірейін, – деп ызаға булыққан жас жігітті Зуқа тоқтатты.

– Әәә, иттің ғана баласы, – деп қылышын сатқын қазақтың кеудесіне тіреп, – сен қазақсың ғой, – деді Зуқа.

– Иә, иә, Зуқа аға, мен қазақпын ғой, кеше жеңгейге арабы кілемді әкеп берген мен ғой, танымай қалдыңыз ба? Өлтірмеңізші мені! Үйде екі балам, ауру шешем, жас әйелім бар, сауға-сауға… жанымды қия көріңізші. Кешіріңізші, аға, Жин Шурын маған алтын береміз деген соң келісіп едім.

– Сен қазақсың ба?

– Иә! Иә, иә, аға, қазақпын, мен де орта жүзбін, аға! – деп кеңкілдеп жылады.

– Орта жүзден садаға кет, иттің баласы! Қазақтан садаға кет! Еркек болмай әнтек болғыр. Мен сені тірі қалдырамын, – деді Зуқа.

– Ой, Зуқа, не айтып тұрсың? Сен өлтірмесең, мен өлтірем, – деп Қазанбай алдыға түсіп келе жатыр еді, Зуқа оған зірк ете түсті. «Тұра тұр, бұндай өзінің халқын сатқан адамға өлім деген –  жеңіл жаза».

– Иттің ғана баласы, – деп Қазанбай бұзып-жарып келе жатыр еді, жанындағы жігіттер ұстап-ұстап қалысты.

– Сені өлтірмеймін, иттің баласы, – деді Зуқа тістеніп. – Өлім саған аз. Шейіт болған қазақтан садаға кет.

Зуқа қылышын көтеріп, ең ұшын оның танауына жақындатты. Ана байқұстың қорыққанынан екі көзі қылиланып, денесі дір-дір етті.

Алмас қылыш жарқ еткенде, оның таңқиған танауын ұшырып жіберді.

Бағанадан қан иісін аңдып, таста қонып отырған бір  құзғын аспанға ұшқан оның танауын іліп ап, терең сайға қарай ұша жөнелді. Тұрғандардың бәрі танауы қабағына дейін түбірімен сырылып қалған, екі көзі бірін-бірі жеуге ұмтылғандай жексұрын бейнені көріп, теріс айналды.

– Жігіттер, кеттік, тиіспеңдер мына сорлыға! – деді Зуқа.

Қазанбай жүрегі айнып, лоқсып-лоқсып жіберді. Жігіттер тасты шақыр-шұқыр басып, Зуқаның соңынан еріп төмен түсе берді. Алтын шайған қытайлардың басшысы әлдене деп шошына айғайлап, бұларға  шәңкілдей  бастады. Қорыққаны сондай, қол-аяғы дір-дір етеді. Бір сөзін ұғып, бір сөзін ұқпай тұрғанда,  қайдан жүргені белгісіз Әбдікәрім деген ұйғыр жігіті келіп, оның әрбір сөзін аудара бастады.

– Зуқа батыр, егер де сіз болмасаңыз бәрімізді өлтіріп, алтынымызды тартып алатын еді ғой, – деген сөздерін  Әбдікәрім аударғанда Зуқаның басы айналып тұрса да, тез есін жиып:

– Жігіттер, пулеметті сол жерде өртеп жіберіңдер, жаңағы хайуанға тиіспеңдер! Осыдан өлтірсеңдер, біріңді де аямаймын! – деп, даусы  қатты шықты.

Қытай үстіндегі жейдесін жыртып, Зуқаның жарасын таңғандай болды.

– Қазанбай, – деді ақырын ғана, – Жарқын қайда?

– Оққа ұшты, батыр. Кеудесінде жаны бар болатын. Шілікті сайда.

– Мені апар сонда.

Шілікті сайға бірін-бірі сүйеп екі дос жеткенде, жас бала Жарқын қансырап жатыр екен.

– Зуқа ата, Зуқа ата, амансыз ба? Қорқып кеттім ғой, сізге бірдеңе бола ма деп. Жаңа ғана мені марқұм әке-шешем жанына шақырып кетті. Бірақ  өлмеймін ғой, иә. Мен бүгін ғана тудым емес пе иә, ата. Осы таң ата ғана шық кеппей өмірге келдім ғой. Жаңа ғана әруақ болған ата-анам «бізбен бірге жүрші, балам, жанымызда болшы» деп шақырды. Мен оларға Зуқа атамның тірі екенін көрсем болды, арттарыңнан қуып жетем дедім. Мен уәдемде тұрамын, мен жігітпін. Мен әкем сияқты Алаштың баласымын. Алаш жолында садаға кетемін, ата-ау! Тірі екенсіз ғой, ата, шүкір…

– Тірімін, балам. Айналайын, кәне көтерейінші.

– Ата, мені қозғамаңызшы. Бетіңізге, қолыңызға не болған, ата-ау? Тек

сізден бір өтініш, басыма белгі қойғанда төте жазумен Жарқын, Тобықты, Мотыш, Доғал деп жазып қойыңызшы. Кішкентай Жарқынға жарқын болашақ тілеймін, ата-ау, – деген сөздерді ап-анық айтты да үзіліп жүре берді. Зуқа қолдары дір-дір етіп оның көзін алақанымен басты.

– Жігіттер, – деді даусы ақырын шығып. – «Бөрүү баласы  ит болмайды» деп қырғыздар айтпақшы, оның әкесі Алаштың арманын орындаймын деп Жарқынның кеудесіне нұр құйған. Жап-жас баланы арулап қояйық. Қазанбай, қырқы, жылы, басын көтеру екеуміздің мойнымызда.

Қазанбай тумысынан батыр жігіт, досқа адал, сөзіне берік, өте таза адам.

Досының бір ауыз сөзінде үлкен мағына жатқанын үнсіз түсініп, басын изеді. Келіскені…

Олар ауылға тас қараңғысында бірақ қайтты. Ертеңінде бесін уақытында ауылға бірнеше атты адамдармен Ақыт келді. Астына мінгені – былтыр Зуқа сыйлаған елік жирен. Құйрық-жалы төгіліп тұр, өмілдірік, құйысқаны күмістелген, тұрқы ұзын, өте сүйкімді ат еді. Жанына ерткені  – ақ шапан киген, боз жорға ат мінген қасиетті Албанның дуалы ауыз қариясы Дүрмекбай. Жас жігіттер жағы алдарынан иіліп, сәлем беріп, шылбырларын қолдарына алып, қонақтарын қолтықтап-қолтықтап түсіріп еді.

- Ассалаумағалейкүм!

- Уәликүмассалам!

Үлкендер жағы көздеріне жас алып, Зуқамен қауышса, Ақыт досымен күрсініп құшақтасты.

– «Жақсы би ауылымен көшіп жүреді» деген, бұның дұрыс болды, Ақыт, – деп Зуқа оны қайта-қайта құшақтады. Үлкендер жағы:

– Келін, батырыңды Құдай сақтап қалған екен, естіп жатырмыз, бар жаманшылық осымен қалсын, – десті.

– Аман болсын, айналайын!

– Елге жасаған жақсылығы көп қой.

– Ата-бабасы текті адам, көктегі Құдай да, жердегі періште де біледі.

Бабаң Нұрмұхамбет ұстаз болған, әкең Сәбит молданы көзіміз көрді. Марқұм кең еді ғой, ақылдың кені еді ғой.

– Қайнымның жақсылығын біз де білеміз, – деп әңгіме ауанын басқа жаққа бұрғысы келген жеңгесінің сөзі де ешкімнің езуін тартқызбады.

Дастархан жасалып, қонақтардың шынтағына қос жастық тасталды. Екі жігіт босағадан кішігірім торпақтай қызыл ісекті әкеп, төрде отырған Дүрмекбай ақсақалдан бата сұрады. Ақсақал ықыласпен батаны жасап тастады. Осы кезде Қызыекенің көзі алдыңғы күні «керегі жоқ» дегеніне қарамай саудагер жігіттің тастап кеткен арабы кілеміне түсті. Орнынан атып тұрып,  аяусыз кейіппен буылған кілемге қарап, кенеттен қайраттанып,  «үлкендер отыр екен-ау» демей, тік көтеріп есіктің алдына алып шығып, жанып жатқан оттың ортасына  тастай салды. Шытырлап жанған қу ағаш үстіне кілем түскен кезде одан сайын лапылдап жана бастады. Босағадан аттай бере Қызыеке жылап жіберді.

– Сіздердің жолдарыңызда садақа, – деді Қызыеке күрсініп.

Бұны сырттай бақылап тұрған Ақыт Қызыекеге риза болғаны сондай:

– Рахмет, айналайын, білгенің ғой, білгенің ғой, – деп тебірене тіл қатты.

Әңгімені басқа жаққа бұрғысы келген Қазанбай:

– Қызыекенің Солташтың бала кезінен болашақ қайын-жұртына жинаған дүниесі, күйе түскен соң отқа жаққаны ғой, бар бәле осымен кетсін, – деп әуелі отырғандарды күлдірмек еді, бірақ сөз аяғы күрсініспен аяқталғанын өзі де байқамай қалды. Осы кезде:

– Ассалаумағалейкүм! – деп ұста Әбубәкір кірді. Жанында шымыр келген жас жігіт бар.

–       Уағалейкүмассалам! – деп Зуқа орнынан атып тұрды.

–       Әй, Ақыт, мына жігіт Әбубәкір ұста – темірді қамырша илейтін азамат.

–       Аа, айтқансың, айтқансың. Кел, бауырым, төс қағыстырайық.

«Шебердің қолы ортақ» деп қазақ бекер айтпаған. Кел, кел! – деп жылы ұшырай амандасты.

Екеуі төс қағыстырды.  Әбубәкір отыра беріп, жанындағы жас жігітті таныстыра кетті:

–       Зуқа аға, мына жігіт Аягөзден келген Серікзат деген ақын жігіт.

Семейде Алашорданың бір жиынына қатысып, Шәкәрім қажымен жақын болғаны үшін қызылдар қудалап, соңына түсіпті.

–       Не дейді? – деп отырғандар үрпиіп қалды.

–       Қызылдар дейсің бе?

–       Сонау Хабар асуы арқылы ауылға әрең дегенде өтіп, әйтеуір жеті күн

дегенде Зуқа батырдың ауылы қай жерде деп сұрай-сұрай бізге жетіпті. Қонақ үстіне қонақ болғанымызға ғафу етерсіз! Біз кетейік.

–       Ол не дегенің, Әбіш-ау? Іздеп барып өзім де сәлем беретін едім ғой.

Алыстан келген екен, қош көрдім, бауырым!

Әлгінде ғана Зуқа бір шатақты шығара ма деп ыңғайсызданған Ақыт түсі жылып:

–       Айналайын, төрлей ғой, жол азабын көрген екенсің. Бұл үй ағаңның

ғана емес, осы отырған бәріміздің үйіміз. Бұл кешегі қажыға барған, ұстаз болған адамның үйі. Бұл шаңырақтың киесі бар. Осы үйдің әр уығында қазақтың несібесі бар, бірлігі бар, бауырым, – деген сөзіне Зуқа риза болып:

–       Ақыт ағаң өте дұрыс айтады, төрле, бауырым, төрле, – деді.

Зуқа мен Ақыттың достық пейілін аңғарып қалған төрде отырған Дүрмекбай:

–       Менің Бегалымдай ғана бала екенсің, кел, менің оң жағыма отыр, – деп

төрге шақырды.

Осы кезде үйге ақырын басып Төлегетай кірді.

-         Ассалаумағалейкүм, ақсақал!

-         Аа, Төлеш, амансың ба, барсың ба, балам, – деді Дүрмекбай.

–       Ақсақал, Бегалыңыз мықты азамат. Жиеніңіз өзіңізге тартып туған. Ой,

ана жолғы Шәуешектегі жәрмеңкеде күрескені-ай! Оңынан келгенді оңға, солынан келгенді солға жамбасқа алып әй, бір лақтырды-ау! Әй, Шақар ғой! Әй, батыр Шақар ғой! Шақар…

–       Иә, әңгіме айта отыр, балам, – деді Дүрмекбай Серікзатқа қарап.

–       Ақсақал, ниетіңізге рахмет. «Үлкен отырып кіші сөйлегеннен без»

деген, менің отырып домбыра тартып, ыңылдап ән айтатын әдетім бар еді. Рұқсат етсеңіздер маған сол жеңіл болар, – деп мейірлене күлген Серікзаттың жүзіне қарап Ақыт іштей риза болды да:

–       Шырқа, бауырым, шырқа, өзіңнің ағаңның үйі.

Мақсұтбайдың Серікзаты төрде ілулі тұрған домбыраны қолына алып, әрі-

бері шертіп отырды да алдындағы шара толы қымызды төңкеріп тастап:

-         Хабар асуы – ол қазақтың қаралы асуы екен ғой. Сол асуда менің де сүйегім қурап қалуы керек еді. Сол жерден шейіт болған жандардан менің жаным артық па? Алашым үшін шейіт болсам, арманым не? Бірақ маған ақ өлім де бұйырмады. Шәкәрім қажы: «Әй, Серікзат, қарағым, ақыл – денеге егілген дән, суғарылса кіреді оған да жан, табаныңның астында адамның денесі қалмасын» деп еді. Мен адамның қу сүйегінің үстімен өттім ғой. Өзімді кінәлі санаймын, – деп тоқтады.

–       Жоқ, бауырым, кінәлама өзіңді. Осы отырған тірі жүрген біздің де кінәміз жоқ. Алланың емес, бұл қу Советтің, Қызылдардың ісі. Қазақтың жері елдің көзінің құрты болған заман болып тұр ғой, бауырым-ау, – деп Зуқа толқып кетті.

Осы кезде көз жасы сақалынан тамып-тамып түскен Дүрмекбай «Балам, баста, баста»,  – деді ақырын ғана.

- Сол Хабар асудан өтіп, Жалаулының тұсында бір үңгірде тығылып жатып, үнімді шығармай, қурайды домбыра қылып, іштей егіліп жазған әнім еді. Хош көрерсіздер! – деп, Серікзат домбырасын сабалап-сабалап алды да, даланың қоңыр даусына салды.

«Басынан мұнар көшіп, бұлт аунаған,

Бабамның қонысы еді бұл тау маған.

Тарғыл жол жолбарыстай Тарбағатай,

Сен десе жүрегімнен жыр саулаған.

Беу, асқар белі даламның,

Ертеңіңе алаңмын.

Қиянатқа қимайтын,

Бауырыңда өскен балаңмын.

Қызылтас қыран ұшқан қия белім,

Япыр-ай, қай өлшемге сияр едің.

Майлышат – ер Қабанбай туын тіккен,

Ұлтыма құтты мекен, ұям едің!

Дастарған басында отырғандар теңіздей толқыды. Ертістей егілді.

Серікзаттың даусын сыртта отырып естіген ауыл адамдары:

–       Апыр-ау, біздің ауылды айтып жатыр ғой.

–       Біздің тауды айтып жатыр ма?

–       Не дейді, ата-қонысымды айтып жатыр ма? – деп, бұлар отырған киіз үйге жақындай түсті. Жүзін жас жуған Қызыеке сыртқа шығып кетіп,  бетін бір жуды да, қазан-ошақ басында жүрген келіндерден қуырдақ дайын болғанын естіп табаққа салғыза берді.

-          Ақсақал, елдің ағасысыз, исі Албанға ғана емес, бүкіл қазаққа қадірлі адамсыз. Менің әкемнің көзін көрдіңіз, әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін деген. Мен сізге ұзақ ғұмыр тілеймін, ақсақал!

-         Рахмет, рахмет балам! Бек ризамын, – деді Дүрмекбай.

-         Әй, Зуқа, екеуміз әкеге бала болдық, шешеге пана болдық. Осы Дүрмекбай ақсақалға не боламыз сонда? – деді Ақыт күлімсірей. Оның бұл сөзі әшейін достық, қазақи көңіл еді. Оны түсіне қойған Зуқа:

-         Бұл кісілерге бәле емес, бала боламыз да. Сені білмеймін, Ақыт,

менімен Қазанбай екеуміз бәле боламыз-ау, осы, -деп күлді.

-         Е, шіркін, – деп күлді Дүрмекбай. – Қаны таза, тегі түзу Албанда бір сөз бар,  «тексізден қорық» деген. Ал, екеуіңнің достығыңа, ішінара туыстықтарыңа бек ризамын. Балам, алты Алаштың баласы Ақыт пен Зуқадай болсын деп тілеймін.

-         Әумин, әумин! – деп, отырғандар қауқылдасып қалды.

Осы кезде дастархан басында отырған ақ жаулықты әйелдер қозғалақтап қалып еді, ішінен Қауия апа шығып:

- Қайным-ау, жүдеп қалыпсың ғой, – деді ақырын ғана. Бәрі үнсіз қалды.

Осы кезде Зуқа өткір көзімен ағасы Төлегетайды шақырды. «Не айтасың?»  деп еді ақырын ғана. Зуқа  «семіз бір тай болса»  деп сыбыр етті. Ағасы басын изеді де үйден елеусіз шығып кетті.

Қуырдақ пен бал қымыз ішіп, қонақтар біраз ес жинаған соң, жастар жағы отырғандардың қолдарына құмғанмен су құйып, қызмет қылып жатқанда екі дос Зуқа мен Ақыт төбе басына шықты. Оңаша әңгімелесіп тұр.

–       Зуқа, досым-ау, айтшы, саған не керек? Не жетпейді саған? Бабаң да, әкең

де ұстаз болған адамдар. Шәкіртке дәріс берген, не болған саған жаралы арыстандай аласұрып? Ел аман, жұрт тынышта өзіңе жау іздеп.

–       Мен бе? – деп Зуқа көзі жарқ ете түсті. – Мен бе осыны жасаған?

–       Сенің қарекетіңді имансыздың қарекеті демеймін. Сен батыр адамсың.

Батыр аңғал болады. Абайла, қызбаланба. Мен саған еліңді қорғама деп айтып тұрған жоқпын. Мен саған абайла деп тұрмын. Гомандиннің саясатын сен түзей алмайсың, бұл елдің өз заңы бар!

–       Кетсін біздің өр Алтайдан! Табанын жалтыратсын!

–       Еее, қайран өр Алтай, мен қайтейін биігіңді деген ғой. Екеуміз малтып

көрмеген теңіздің түбінде жатыр ғой көп сыр, Гомандиннің құйтырқы саясаты. Ей, аңғал досым-ай! «Құйрығы жоқ, жалы жоқ,  жылан қайтіп күн көрер» деген бабамыздың сөзі бар ғой. Желге қарсы шаптырмайды ғой мұсылман баласы.

–       Адам баласы ешқашан қолына бекер қару ұстамайды. Ал, жауласқанмен

жауласу, жауды жеңу адамның басты парызы деп білемін, – деді Зуқа.

– Ислам ағамыздың баласы Оспанға берген батаңды үлкен танымдық жол деп білемін. Сенікі ерлік. Өзіңнен кейін болмасын деген жаман ниеттен ада екеніңді көрсетеді. Сенікі кемеңгерлік.

–       Еее, Ақыт-ау, қалам ұстаған алдымда шәкіртім болса, жым-жырт жүре

беретін едім ғой. Мен әділетсіздікке төзбеймін.

–       Білем, білем! Қазақтың даласы кең еді ғой… Мына төбе біздікі еді.

–       Күндердің күнінде жаттың табаны тие ме деп қорқамын. Менің де үрейленетінім осы…

-         Иә, иә, дұрыс айтасың, досым! Ендігі үміт анау Маңғыстау даласындағы пір Бекеттің өмірін, Баянауыл жотасындағы Мәшһүр-Жүсіптің, Шыңғыстаудағы Абай ағамыздың асыл сөздерін қазақ баласы бойына сіңіре ала ма? Осы менің ойым. Біз соған үлгереміз бе? Әлімсақтан мұсылмандығымызды сақтай аламыз ба? Қабанбай атамыздың қазаққа осыншама жер алып бергендегі арманын жас ұрпақ «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып»,  береке-бірлік орната ала ма? – деді Ақыт күрсініп.

–       Иә, Ақыт-ау, менің де ойым сол. Кешегі хан Кененің басы қайда? Сол бастың ішіндегі арманы қайда? Алаштың ардақтысы, менің төл құрдасым Әлихан Бөкейханның қазақтың болашағын ойлағаны қайда? Кімнің қанжығасында кетті? Осы қазақтың мықтыларының арманын орындайтын ұрпақ тәрбиелей аламыз ба?  Күрескер болмасақ та солардың кеудесіне бір дән еге аламыз ба? Мен жатсам-тұрсам соны ойлаймын, досым-ау. Қазақтың басына үйірілген  бұлт сейіле ме? Айтшы. Бұл сұрақты сен қойсаң, мен жауап бере  алмайтынымды білемін… Өйткені ешкім қазақтың сұрағына жауап бере алмайтын заман келді.

Екеуі бір сәтке үнсіз қалды. Үнсіздікті Зуқа бұзды.

–       Ақыт-ау, – деді досының иығын қапсыра құшақтап. – Сенің жүрегің  қазақтың кең даласы сияқты. Сол даланы кімдер біздің қолымыздан тартып алмақ? Қызымызды күң,  ұлымызды құл етпек? Болашағымыз не болады? Мына жақтан орыс, мына жақтан қысық көз екі өкпеден  қысып бара ма деп қорқамын.  Солай болған күнде де қой екеш қой да бауыздар алдында тұяғын бір серпиді ғой. Күң әйелден құл бала туатынын әрбір қазақтың баласы білсе екен деймін.

Осы кезде астындағы жорғасын тайпалтқан Қазанбай келді.

–       Әй, екеуіңе не болды-ей? Дауыстарың қатты шығып жатыр ғой, – деп

аттан түсті. – Жігіттер бір семіз тайды жетектеп  келді. Асау екен,  қызыл май болмай тұрғанда  барайық. Обал болады.

–       Ой, Дүрмекбай ақсақал бар емес пе? – деді Зуқа.

–       Ол ақсақал бырылдап ұйықтап жатыр. Жүзге келу оңай деймісің, – деді

Қазанбай.

–       Шаршаған-ау қария.. Ақыт, сен бер батаны, – деді Зуқа.

Үшеуі аяңдап ауылға келгенде, жігіттер бүйірі тоқ қызыл тайдың аяғын буып жатыр еді.  Ақыт екі қолын алдыға созып бата бере бастаған кезде, бір жел толқып оның дауысын естіртпей жіберді. Тек бір ауыз сөзін ғана маңында тұрғандар естіп қалды: «Қазағымның бірлігі болсын! Әумин!». Зуқаның көкжал  жігіттері апаш-құпаш қимылдап, әп-сәтте тайды жәукемдеп, терісін есік алдындағы  арбаның  үстіне тұздап, жайып тастады. Ақыт үйге кірмей,  олардың әр қимылын  үнсіз бақылап тұрды. Көзінде қуаныш бар еді. «Шүкір, осы жастарым аман болса,  елім де, жерім де, кең далам да аман болар» деп іштей ойлады.

Палуан Мұқан деген жігіт келіп:

–       Ағалар, мынаны әкем марқұм бала кезімде шикідей асатушы еді, –  деп телшенің майынан бір-бір кесіп алып, – асаңыздаршы, –деді.

–       Пәлі, – деді Ақыт кеңкілдей күліп. – Біздің жігіттер қазақтың жөнін біледі екен-ау, ә, Зуқа?!

–       Оой, Ақыт-ау, бұл сонау Буыршынның  жігіті, Жәдік, оның ішінде Байғара атаның ұрпағы. Жауырыны жер иіскемеген палуан.

–       Тұлпардың тұрысынан, сұңқардың  қанат қағысынан белгілі ғой.

Көрініп тұр ғой, Зуқа, бұл бауырымыздың палуан екені, – деді Ақыт.

Дүрмекбайдың ұйқысы қанған кезде, жас ет былқып пісіп еді.

Бағанағыдай емес, Дүрмекбай көңілденіп жан-жағына мейірлене қарап: «Ас алыңдар, қарақтарым, ас алыңдар!» деп, жастарға бір-бір асатып қойды.

–       Ақсақал! – деді шетте отырған бір жас жігіт. – Баяғыда сіздің бала кезден бірге өскен досыңыз Кеңесжан ақсақал өз жаназасын өзі шығарар алдында «Кеңес аға, не арманыңыз бар?» дегенде, «Адам баласында арман көп қой, мен жасарымды жасадым, асарымды асадым. Немере-шөберелерім ат жалын тартып мінді. Құдайға шүкір, арманым орындалды. Бір-ақ арманым бар, артымда Дүрмекбай қалып бара жатыр» депті, –  деген кезде отырған жастар мырс-мырс күлді.

Жастардың күлетін де жөні бар еді. «Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды» деген, Дүрмекбай мен Кеңесжанның арасындағы қалжың елге көкжайлауға жайылған қалың жылқыдай кісінеп кетіп еді.

Дүрмекбай жағы Кеңесжанның балаларына «сендердің аталарың нашар, біздің атамыз көп жасады» десе, Кеңесжанның балалары «сендердің Дүрмекбай әкелерің біздің әкемізден бір мүшел жас кіші екен» деп, ауыл арасына сөз жарастырып, бала баламен, күйеу күйеумен, келін келінмен қалжыңдасып жататын.

–       Еее, қарақтарым-ай, Кеңесжан кең еді ғой. Өзгеге өлім тілемейтін,

өзіне өмір тілейтін адам еді. Елі мен жерін ойлаған кең адам болатын. Мықты аңшы, құралайды көзге атқан мерген еді ғой.., – деді Дүрмекбай.

Жаңа ғана мырс-мырс күлген жастар жағы ұялып төмен қарады. Екі қарияның екі дүниеде достығын сақтап қалғанына Зуқа іштей қатты риза болды. Әйелі  Қызыеке жаққа қарап,  көзімен «бері кел» дегендей белгі берді. Қызыеке –  текті елдің қызы. Дүниенің бетіне қарап қызықпайтын адам, бар тілегі ерінің үстінде.Ол лып етіп оның жанына келді. Зуқа сыбыр етті. «Ақсақалға  шапан». Қызыеке үйден ақырын білдіртпей шығып кетті де, әп-сәтте күйеуінің оң тізесіне таман  мұқият бүктелген  шапанды елеусіз ғана  әкеп қойды. Бұл шапан оқалы еді. Былтыр көктемде сонау Үрімшінің жәрмеңкесінен құлынды биенің құнын беріп алған-тын. Бөркі құндызбен көмкерілген, жағасы бұлғыннан тігілген мақпал шапан еді.

–       Ақсақал! – деді орнынан тұрып. – Елдің үлкенісіз, ауылымызға көптен келмеп едіңіз, мынау шапан сізге, -  деп, төрде отырған Дүрмекбайдың иығына жапты. Дүрмекбай Зуқаның шекесінен төмен қарай  сызып өткен қылыш ізін көріп, жүрегі шым етті де, дауысын қырнап:

–       Аман бол, қарағым!   «Алған жомарт па, берген жомарт па?» деген  сөз бар біздің қазақта. Сенің ауылыңды, амандығыңды көріп, кәрі көңіліме қуат берген, бізге жол бастап келген Ақыт баламның иығына жабайын.  Шырағым Ақыт, иығыңда тозсын осы шапан!  Жасың, ғұмырың ұзақ болсын! Кемеңгерсің! Екеуіңнің достығыңа  сызат түспесін, – деп, Ақыттың иығына жауып, басына бөркін кигізді де, Зуқа мен Ақытты қатар құшақтады. – Аман болыңдар, қарақтарым, елдің иесі де, киесі де осы сендерсіңдер! – деді.

Дастархан басында отырғандар толқып кетті.  Зуқа отыра бергенде, палуан Мұқанға жаныма кел дегендей ишара жасады. «Ауылдағы тәй-тәй басқан баладан, тайға мініп жүргендеріне  дейін жина, есіктің алдына әкел, ақсақалдан бата сұраймыз», – деп ақырын  ғана айтты. Мұқан екі бүктетіліп, есіктің сықырлауығынан білдіртпей шығып кетті.

Қонақтар ет жеп, сорпа ішіп тоғын басып қалған кезде, екінді уақытыболып қалған еді.

–       Ақсақал, – деді Зуқа, – жаңа сіз Ақыт екеуімізге достықтарың берекелі болсын дедіңіз. Рахмет! Алла риза болсын! Ағайын аман болсын, достық маған өте қымбат. Қазақтың қырық руынан менің ауылыма пана іздеп келген адамдар өсіп-өніп жатыр. Солардың ұрпақтарына бата беріңіз. Есік алдында жастар жиналып тұр.

–       Әп, бәрекелді, Зуқа батырым-ау, бұның білгендік. Текті атаның баласысың ғой. Менің батамда не тұр? Бірақ сен менің жасымның үлкендігін сыйлап тұрсың-ау. Жол Ақыттікі еді ғой.

-         Жоға, ақсақал. Албан деген қасиетті елдің үлкенісіз, бар деп аспайсыз, жоқ деп тозбайсыз. Жастарға үлгісіз, сізден бата алмаған ұрпақ кімнен бата алады?

-         Айтқаның жөн, Зуқа балам. Жол Ақыттікі болсын, білім мен парасаттың кені осы балам ғой.

–       Ата-ау, – деді Ақыт еркелей сөйлеп, – мені қартайта бердіңіз ғой.

–       Әй, Ақыт балам, кәрілік надандық емес, – қасиет, жастың наданынан сақтасын Құдай. Ал, сен ғұламасың, Зуқа батырым екеуің кемеңгерсіңдер. Сендер аман болыңдар! – деді Дүрмекбай.

Алты қанат үлкен үйден Дүрмекбайды Ақыт пен Зуқа қолтықтап шығарған кезде:

–       Ата! Ата!

–       Ата, бата!

–       Ата, бата! – деп шу-шу етті балалар.

Ақыт қолын көтергенде бәрі басыла қалды.  Жым-жырт. Бәрінің көзінде үміт оты оянып, жайнап сала беріп еді.

–       Ал, балалар, аталарыңның батасын тыңдаңдар!

Дүрмекбай «Әумин!» деп қолын жайды да, балалардың көздеріне қарап бір сәт тұрып қалды.

Әумин десең міне, бата -

Құлыннан тұлпар,

Балапаннан сұңқар.

Тұсау кесерден азамат,

Білектен күш,

Жүректен ниет,

Саумалдан сусын,

Аспаннан күн,

Жерден жомарттық,

Түннен жұлдыз болсын, сендерге!

Аман болыңдар, қазақтарым,

Бірліктерің мен тірліктерің бір болсын!

Ру-руға бөлінбей,

Жүз-жүзге жіліктенбей,

Бір қазақ болыңдар, құлындарым!

Әумин!

–       Әумин!

–       Әумин!

–       Әумин!

Әйелдер жағы шашу шашқан кезде, бала біткен шу-шу етіп ауылды мәре-сәре қылды.

Ай жарық еді.

Сүттей жарық еді.

Түндігі ашық,

Алты қанат ақ үйдің іші ондық шам шанбаса да жап-жарық еді.

Жап-жарық еді…

Ертеңінде қонақтар қайтуға ыңғайланғанымен, Зуқа әр нәрсені сылтауратып бөгей беріп еді. Бесін намаз уақытында Зуқа оларды дастархан басынан тұрғызды.  Дөң астындағы  әскери машық өткізетін жерге жүз жастағы Дүрмекбайды әуелі екі жігіт қолтығынан жетектеп келе жатыр еді, қария әрі-бері шапқылап еттерін қыздырып жүрген сарбаздарды көріп ана екеуінің қолын қағып тастап, өзі ширақ қимылдап аяғын тез-тез басып жүре берді дерсің…  Жан-жағына «ой, бәрекелді» деп  күлімдей қарап, «Ақсақал, атқа мініңіз» дегенге қарамай:

–       Ой, батырларым-ай, бар екенсіңдер ғой! – деп өңешін созып-созып қояды. Тіпті алдына палуан келсе күресе кететіндей ыңғайы бар. Ширақ.

Оюлы үлкен текеметті төбе басына жайып төрт жорға атпен ауылдан табақ-табақ жылқының еті мен бал қымызды жаяу жүргіншілерден бұрын жеткізді. Ауыр-ауыр құс жастықтар тасталып, бәрі әзірленіп қойылған екен.

–       Әй, Зуқа, сен бағанадан сөзді неге созып отыр деймін? Мына құрметті көрсетпек ойың бар екен ғой, – деп кеңкілдей күлді Ақыт.

–       Ақа, барымыз да, нарымыз да осы енді. Әдейі мақтан үшін көрсетейі деген жоқпын, бесіннен кейін жігіттердің «не бел кетер, не белдік үзілер» дейтіндері бар еді. Соған тұспа-тұс келіп қалдыңыздар, айып етпессіздер, – деді Зуқа.

–       Пәлі, о не дегенің? Сенің сарбаздарыңның әскери шеберлігін көрсек несі айып екен? «Сақтықта қорлық жоқ» деген, -  деп Ақыт тау жаққа қарады.

Оның бүйткен мінезін Зуқа кеше екеуара әңгімені жуып-шайғанын іштей сезді. Досының көрегендігіне риза болғандығы сондай:

–       Ақа-ау, өзің айтпақшы, сақтанғанды кім жек көрсін? Көзіңе түскен сарбаз болса, қолыңнан қақпаймын. Ауылыңа көшіріп, алдына малын салып отауын көтеріп беремін. Айтқаным айтқан. Саған салмақ салмаймын.

–       Батырым-ау, сенің екі сөйлемейтініңді білемін ғой, сенің сарбаздарың бүкіл Алтайға, қала берді қалың қазаққа пана болады. Маған сарбаз емес, бала шәкірт берсең болар еді.

–       Ой, пәлі-ай, балапанды ұядан ұшыру оңай деймісің? Бұғанасы қатпаған балаларды саған берсем онда менің кім болғаным? Алсаң әбден ысылған сарбаздарды ал. Сен бала оқыта алмайды дегенім емес, ертең мына қалың жұрт «тентек Зуқа, бұзақы Зуқа балаларға қарамай, шәкірттерін ауыл-ауылға бәсіредей таратып жатыр» деген әңгімеге қалармын. Оның үстіне балапанды ұядан таратпайды, ұшырады ғой.

Осы кезде жандарына жорғасын тайпалтып келген Төлегетай жасы үлкен

болса да елдің көзінше інісі Зуқаға:

–       Батырым, әскер дайын. Машықты бастай берейік пе? – деді. Бағанадан

делебесі қозып келе жатқан Дүрмекбай:

–       Баста, балам, баста! – деп айқайлап жіберді. Төлегетай жымиып Зуқаға қарап еді, ол көзімен Ақыт жақты ымдады.

–       Ұстаз аға, – деді Төлегетай Ақытқа қарап. – Сіз не дейсіз?

–       Не дейін, әкеміз Дүрмекбайды демін алып отыратын бір жерге отырғызсаңдаршы, түге, – деп жорта ашуланған болды.

Дүрмекбай болса ыңғайсызданып:

–       Әй, қарақтарым-ай, өздерің біліңдер. «Күлсең – кәріге күл» деп, менікі жай ғой, – деп сөздің аяғын жұтып қойды.

Олар төбеге келіп текеметтің үстіне жайғасты. Әкелген құс жастықтар қонақтардың шынтағына тасталды. Алма ағаштан әдемілеп ойылған үлкен кеселерге толтырылып қымыз құйылды.

Әуелі Зуқа бата сұрайын деді де, бұл ұрыс машығы екенін есіне түсіріп ойындағысын айтпай қалды. Есік пен төрдей жалы төгілген жорға мінген Төлегетай жігіттерді екі топқа бөліп аударыспақ ойынын бастап жіберді. Бұл аударыспақ деп аталғанымен, осы төңіректе көп ешкім көрмеген ойын болып шықты. Ат үстінен ұршықша иіріліп жерге түсіп, жүгіріп барып екінші аттың артына секіріп мініп жерге аударып тастау бір қараған кісіге қызық болғанмен кез-келген адамның бойына қорқыныш үйіретін ойын екен.

–       Арасында орыс, татар, өзбек көп екен, – деді отырғандардың бірі.

Бұл сөзді естігенмен, Зуқа мән бермеді. Есіл-дерті сарбаздардың амандығы, астына мінген аттардың аяғы шорт сынбасын деген ойдың жетегінде отыр еді. Төлегетай дабыл қағатын жігітке белгі берді. Дүңгірлеп дабыл қағылды. Дала дүр сілкінді. Тау-тас жаңғырды.

–       Иә, аруақ!

–       Аруақ! – десіп, айқұш-ұйқыш жебелер атылып, найзалар шаншылып жатты.

–       Абылай! Абылай! Абылай! – деді Төлегетай.

–       Қаракерей Қабанбай! – деді әскерлер.

–       Қанжығалы Бөгенбай! – деді Төлегетай.

–       Шапырашты Наурызбай! – деді әскерлер.

–       Шақшақұлы Жәнібек! – деді Төлегетай.

–       Батыр Баян! – деді әскерлер.

–       Абылай! Абылай! Абылай! – деп Төлегетай жорғасын тайпалтып шеңбер жасап ортаға кеп тұра қалды.

–       Ер Жәнібек! – деп ұрандатты Дүрмекбай. Әскерлер:

–       Ер Жәнібек! Ер Жәнібек! Ер Жәнібек!

–       Алаш! – деді Зуқа орнынан атып тұрып.

–       Алаш! Алаш! Алаш! – деп, бар әскер қаз-қатар тізіліп ту көтерді.

–       Батырлардың ұрпағы, бар екенсіңдер! – деп Дүрмекбай орынан атып тұрып, қолын көкке көтеріп. – Алашым бір болыңдар! Батыр болсаңдар Алатаудай, Алаш болсаңдар Әлихандай болыңдар, әумин! – деп, бетін сипады.

–       Әумин!

–       Әумин!

–       Әумин! – десіп, айнала ұран көтеріп кетті. Олардың дауысын

жартастар қағып алып, «Әумин! Әумин! Әумин!» деп, өр Алтайды жаңғыртып ала жөнелді.

Отырғандар енді қызу әңгімеге кірісті:

–       Анау жігіт батыр екен!

–       Анау жігіт айлакер екен!

–       Анау жігіт нағыз жоян екен! – десіп жатты. Шулаған жұртты Ақыт оң қолын көтеріп тынышталдырды:

–       Құдайға мың да бір рахмет, қазағымның бірлігін көрсеттіңдер,

жігіттер! Аллаға шын мадақ, Аллаға шын құрмет, Аллаға шын тағзым! Ризамын Алла қазаққа Зуқадай батыр бергеніңе!

–       Зуқа!

–       Зуқа!

–       Зуқа! – деп сарбаздар шулап кетті. «Қойыңдар» дегендей Зуқа оларға

күле қолын көтерді. Жүз шақты сарбаз меймандар отырған төбеге келіп қол берісіп амандасты. Бағана ғана жігерленіп отырған Дүрмекбай шаршап, жөтеліп қалып еді, жанындағы жігіттердің бірі тостағанмен қымыз ұсына қойып, ақсақалды тыныштандырды. Қазанбай келіп Зуқаның құлағына әлдене деп сыбырлады. Ол болса ақырын жымиып басын изеп-изеп қойды. Олар отырған жерге елу күзелген тай, жиырма құлынды бие, бір үйір өңкей күрең байталды екі жылқышы дүрілдетіп айдап әкелді.

–       Ақыт! – деді Зуқа даусы саңқ-саңқ етіп. – Мынау сенің ауылыңа берген сыйым, азырқанба.

–       Ойбай-ау, Зуқа, мынауың не? Мен сенен ештеңе сұрамап едім ғой, тіпті

дәметкен де емеспін, өзің білесің менің мінезімді де, – деп Ақыт қып-қызыл болып кетті. – Алмаймын.

–       Жә, достым, ол сенің жеке басыңа емес, елу тай шәкірттеріңе, жиырма құлынды бие солардың сусыны, бір үйір күрең байтал биылғы соғым болсын. Қолымды қақпа. Төбедегі басымды төменге сүйреме. Досым емессің бе?!

Биыл қыстан жүдеп шыққан  ауылыңның жағдайын жақсы білетін Дүрмекбай өзін өте сабырлы ұстады да:

–       Қарағым, Ақыт, ауылымызға беріп тұрған несібеге рахмет айтайық.

Бұл жас ұрпақтың ырысы ғой. Зуқаның әкесі Сәбит сені оқытып еді. Сәбиттің әкесі Нұрмұхамед маған ұстаз болып еді. Шегінерге жер қалмай тұр, арқалап апармаймыз, тұяқты мал ғой, айдасақ ауылға өздері барар. Жастар қуанар. Жетілмей тұрғандар жетілер. Жаңа ғана өзің айттың ғой, Аллаға рахмет Зуқаны қазаққа берген деп. Сол Алла берген қазақтың қолын қақпа, балам, – деді.

Екі дос қатты құшақтасты. Кешкі салқынмен ауылына көңілденіп қайтып

бара жатты…

…Жылжып жылдар, жүріп жолдар қысқарды. Зуқаның ауылынан небір қиыншылықтар, небір дауылдар, құйындар, борандар, жаймашуақ күндер өтті.

Желден жүйрік уақыт зымырап өтіп еді. Қара Ертіспен өмір ағып еді.

-         Ақ жеңешем келіп тұр, – деді Қызыеке.

Құран  аударып отырған Зуқа «қазір» дегендей ишара танытып, төрге барып малдас құрып отырды. Кигіз есікті ақырын көтеріп, бала көтерген кемпірмен бірге ұлы мен келіні кірді. Келін босаға жақта қалып, жас жігіт:

–       Ассалаумағалейкүм, батыр әке! – деп, қос қолдап амандасты.

Қызыкенің жанындағы отырған жас келіншек:

–       Әке, амансыз ба?! – деп басын изеп кеудесін қолына қойды.

«Бар бол!» деп ишара білдірген Зуқа мұрты тебіндеген жас жігітке үңіле қарап:

–       Оу, Жарқынбысың? – деді.

–       Иә, әке! – деді даусы саңқ-саңқ еткен жас жігіт.

–       Мынау сол Жарқыныңның күшігі бір жасқа келді. «Өлі арыстаннан

тірі тышқан артық» деген. Аумаған атасы емес пе? – деп күрсінді әйел.

«Бұлар қалай тез өскен?» деп Зуқа іштей ойлады да:

– Иә, жеңеше, не бұйымтайыңыз бар? Айта отырыңыз, – деді.

–       Батыр қайным-ау, елдің бұйымтайына үйреніп қалыпсың ғой, ақылдасайын деп келдім. Батаңды бер жастарға, заман осылардікі. «Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген атам қазақ. Ақыттың ауылына оқуға екеуін бірдей аттандырмақпын. Ал, мына балапанымды бауырыма басып, бұны да өзің сияқты батыр ғып шығарсам деймін. Бір қазақтың баласын тәрбиелейтін ақылым да, күш- жігерім де жетеді. Тек мына балалар қатарынан қалмасын, оқысын, рұқсат ет! Батаңды бер!

Зуқа ойланып отырып қалды да:

–       Еее, оған да талай заман өтіпті-ау. Арманшыл Алаштың Жарқыны оққа ұшқан күні туып еді-ау осы Жарқын. Қарашы, міне, уақыттың зымырағанын. Азамат болып қалыпты.

Осыдан екі жыл бұрын осы екі  жастың некелерін де қиып еді. Біле білсе келін бала мына ұлдан бес жас үлкендігі бар жауынгер жігіттің жесірі болатын. Сонда ақ жеңгесінің айтқаны ғой: «Жесірді елмен теңестіретін сыңары ғана.  Менің немерем азамат болды. Көзімнің тірісінде үйлендірейін деп рұқсат сұрап отырмын» деп.

–       Ал, қолдарыңды жайыңдар! – деді Зуқа.  Батыр болсаңдар Қабанбайдай болыңдар!  Аман болыңдар!  Жақсы ұстазға шәкірт болуға барарсыңдар. Қазақ даласын білектің күшімен ғана емес, біліммен сақтайтын заман келе жатыр. Оқыңдар! Жетіліңдер! Қанат қағыңдар! Қазақтың даласы кең. Әумин! – деп Зуқа бетін сипады.

–       Әумин! – деп екі жас та, ақ ана да:

–       Айтқаныңыз келсін! – деп беттерін сипады.

…Жылжып жылдар, жүріп жолдар қысқарды. Зуқаның ауылынан небір қиыншылықтар, небір дауылдар, құйындар, борандар, жаймашуақ күндер өтіп еді. Қамшының сабы сынды, қылыштың жүзі қайырылды. Көз жасы көл болды. Қан су болып ақты.

Бірақ.

Бірақ.

Өр Алтай шөкпеді.

Тек күңіренді.

Күңіренді…

Зуқа ұзақ жол жүрді.

Жол тым-тым ұзақ еді.

Шаршамады.

Оның атын қазақтың әр ауылы, әр тау-тасы, әр өзен-орманы «Зуқа-Зуқа» деп айтумен болды. Ол Такламакан шөлі, Тибет, Гималай, Кашмир, Түркия жерінде де ақырындап айтыла бастады.

…Жылжып жылдар, жүріп жолдар қысқарды. Зуқаның ауылынан небір қиыншылықтар, небір дауылдар, құйындар, борандар, жаймашуақ күндер өтті.

Зуқа өр Алтайдың басында тұр. Зуқаның рухын Жин Шурын өлтіре алмап еді. Өлтірмек түгілі сындыра алмады. Сындырмақ түгілі иілте алмап еді. Зуқа оған иілмей кетті. Өйткені Зуқа әлдеқашан Жұлдызға айналып кеткен болатын.

Көзге түртсе ештеңе көрінбейтін қараңғылық. Ешқандай дауыс та жоқ. Айсыз қара аспанда бір жарық жұлдыз жарқырап тұр еді. Бұл ерекше жұлдыз еді. Сол Жұлдыз қара түнде  ұзақ-ұзақ жол жүріп, Такламакан шөлі, Тибет, Ауғанстан, Иран, Ирак, Ресей, Моңғолия, Гималай, Кашмир, Түркия, Қытай жерлері арқылы ақырын жылжи-жылжи Ұлытаудың жерін басып өтіп, Есілдің ағысымен Арқадағы Қараөткел жеріне де жетті.

Сол бір заманда Зуқа қазақтың қараңғы түнінің жарық Жұлдызы болған еді.

P.S: Ал бүгінде ұрпағының адал ниетінің, тектілігінің, бар болғанының арқасында елдің мәңгілік жарық жұлдызына айналды.  Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған береке-бірліктің арқасында тәуелсіз елдің рухани батырына айналды.

Батыр ұрпағы қай ғасырда да текті…

Abai.kz

ТҮБІ БІР ТҮРКІМІЗ! Ауғанстандағы Хазара түркі халқының мәдени жағдайы
ТҮБІ БІР ТҮРКІМІЗ! Ауғанстандағы Хазара  түркі халқының  мәдени жағдайы

Ауғанстанда көп халық және түрлі-түрлі ұлттар тұрады, олардың бірі Хазара халқы.Хазаралар түркі халықтарының біреуі және түркі тамыры бар бір халық. Ауғанстанда тұратын хазаралар, бүкіл Ауғанстан халық санының шамамен 25-27 пайзын, және дүние жүзінде шамамен 12-15 миллион адамға жетеді. Олар Ауғанстанда, Иранда, Пәкістанда және т.б. мемлекеттерде тұрады, бірақ олардың көбісі осы 3 мемлекетте өмір сүреді. Хазаралар Ауғанстанда 2000 жылдан бері тұрып келеді және олардың көбісі бір ғасырдан көп Иранда және Пәкістанда тұрады.

Хазарлар өз ішінде тайпаларға бөлінеді. Олардың ішінде түркі тілдес аттары бар: татар, түрікмен, найман, қалаж (М.Қашқаридің жазбасында Жетісуді мекендеген тайпа ретінде көрсетіледі), батур жән т.б. Хазаралар бірнеше ғасыр бұрын Орталық Азиядан Ауғанстанға көшкен, ол қандай тарихи жағдайдан кейін және не үшін орын алғанын дәл айту қазір қиын. Бірақ олар түркі халқы. «Хазаралар мен қазақтар этникалық құрамысы көп жақын, сол үшін, осы екі түркі халқының сәлт-дәстүрі, мәдениеті және түрі бірі-біріне қатты ұқсас.» – Хазаралардың бүгінгі тарихшысы Аббос Дилджо деді. Және хазаралардың мәдениеті орталық азиядағы басқа түркі халқына да ұқсас.

Осы мақалада Ауғанистандағы Хазара халқының мәдени жағдайы туралы жазылды. Хазаралардың мәдени жағдайы, білім тарихы, хазаралардың білімге көзқарастары, хазара қоғамына білімнің әсері, хазаралардың өнері және тілі тулары және неге басқа түркі халықтары олар туралы аз біледі? мақсатымен зерттелді.

Хазараджатта (хазаралар тұратын жері, хазаражат деп аталады) білімінің тарихы және оның проблемалары.Жалпы, Ауғанстанда мемлекеттік білімнің тарихы 1903 жылы басталды, ал Хазараджатта 1946 жылы. Хазара халқына үкімет жағынан систематикалық кемсіту көрсетіліп және этникалық, географиялық проблемалары болғандықтан хазараджатта мемлекеттік білім алуда үлкен бөгеліс болды. Кемсітушілік үкіметтер жағынан хазараларға білім бермеу үшін ұйымдастырылған. 1946 жылға дейін, хазарлардың ешқандай білім алу құқығы болған жоқ, атап айтқанда, медицина, құқық, әскери және кәсіби мектептерде, университеттерде мен мемлекеттік жоғары оқу орындарында білім алуға құқығы жоқ болды. Қысқа бір мерзімде хазарлар білім ала бастады. Хазараджатта мектептер де кеш құрылды, сол үшін хазарлардың білім алу мен білім беру саласында ұзақ тарихы жоқ. Қазіргі уақытта, Хазарларда білім алудың елеулі үлесі бар, жыл сайын көптеген студенттер мектептерден жоғары оқу орындарына жоғары білім алу үшін мемлекеттік емтихан тапсырып жоғары оқу орындарына түседі.

Білім, хазара қоғамдастығына елеулі әсер етті. Бұл әсер, түрлі аспектілі экономикалық, саяси, мәдени және әлеуметтік жерлерде көрініс берді. Экономикалық ұтқырлық хазара қоғамындағы білім беруде маңызды нәтижелерінің бірі болды, және хазарлар білім арқылы еңбек нарығына шықты. Жас оқытылған хазарлар ауылдан қалаға келіп, негізгі экономикалық жұмыс орындарын тауып жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, хазаралар мектеп пен ЖОО-да бұрын, бір саяси оқшаулауда (изоляцияда) болған, бірақ қазір олардың саяси жағдайы өсті және саяси жұмыстарымен белсенді айналысуда. Білім алу арқылы, хазаралар Ауғанстанның парламентіне және басқа  үлкен мемлекеттік саяси план құра алатын жағдайға  жетті. Мәдениет тұрғысынан алғанда, Хазаралар білім беру және оқыту арқылы, қазіргі заманғы әдеби шығармалардың Ауғанстан саласындағы білімдерінде маңызды рөл атқарады.  Шамамен Ауғанстанда баспа мен бейне ақпараттар және бұқаралық ақпарат құралдарының жартысын хазарлар арқылы басқарылады. Сондай-ақ хазаралар Ауғанистандағы фильм шығаратын мекемелерде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, Ауғанстан қоғамындағы журналистер, жазушылар және сыншылардың ең көбі хазара халқынан. Әлеуметтік перспектива да, Ауғанстан хазара қоғамдастығындағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту туралы айта аламыз. Әйелдердің саясатқа кіруі, еңбек нарығына шығуы, және басқа әлеуметтік жұмыстарын істеуі, білім алудың әлеуметтік нәтижелерінің бірі болып табылады.

Ал егер Ауғанстандағы қазіргі әлеуметтік, саяси, білім, ғылым жайы қалай? – деп сұрасақ.

Жалпы, Ауғанстанда әлеуметтік жағдай орташа. Адамдар тұратын мекеніне қарай күн көреді. Қалалықтар ара­­сында белгілі фирмаларда, зауыт­тарда, тіпті шетелдерде жұмыс істеп ақша табатындары да бар. Ал ауылда тұратын адамдар көбіне ауыл шаруашылығымен, атап айтқанда егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысады. Ал білім, ғылым жағына келсек, әрине, салыстырмалы түрде бізде оның бәрі кенжелеп қалған. Мысалы, Ауғанстанда тұратындардың көбісі қыз балаларын оқытпайды, қоғамдық жұмыстармен айналысуына рұқсат бермейді. Бірақ бір қызығы біздің хазара халқы қыз балаларына ондай мүмкіндіктерді береді, бұл да біздің қазаққа және басқа түркі халқына бір табан жақындығымыздың белгісі болса керек. Мәселен, Ауғанстандағы тұңғыш әйел ғарышкері, Ауғанстан үкіметіндегі ең бірінші әйел министр доктор Сима Самар, бірінші әйел әкім доктор Хабиба Сараби, бірінші қалабасы доктор Озра Азими,  бірінші провинциялық кеңесінің басшысы Таиба Хавари Хазара қыздары болып табылады. Яғни бұл Ауғанстандағы Хазара халқының өзіндік деңгейін көрсетсе керек. Басқа халықтарға қарағанда, мысалы Ауғанстан тарихында бірінші рет Олимпиада ойындарына қатысып орын алған Рухила Никпа деген Хазара жігіті, сондай-ақ дүниежүзілік бокс чемпионы Хамит Рахими, Ауғанстандағы бірінші жас өнертапқыш Мустафа Ризаии, бірінші ең жас министрі Инаят Касими, ең жақсы оқытушы Азиз Руйеш те бәрі Хазара ұлтынан. Мұның бәрін не үшін айтты десеңіз, бұл деген Ауғанстанның қазіргі күйіне хазара халқының қосып жатқан үлесі деп білеміз.

Өнер; Хазарлардың өнері, трагическалық (қайғылы) өнер болып санылады. Себебі, хазарларда бірқайғылы және езгі тарихи жағдай болды. Езгі және қайғылы тарихы  жағдай хазаралардың өнеріне де көрініс тапқан. Хазарлардың өнері бірегей көркем стиль болып табылады. Домбыра Хазарлар арасында кең тараған аспап. Домбыра, басқа тайпаларда да бар, бірақ хазара стильі (хазараги) ерекше бір стиль.

Әдебиет әлемінде хазара халқы бір бай халық. Бірақ, МХТА және ДУБАЙТИ ең көрнекті рәміздер болып табылады. Махта поэтикалық нысанының бір түрі және хазарлар үшін бірегей,  оның қайғылы тақырыбы бар және бұл әнді әйелдер айтады. Бұл ән қайғылы жағдайда,  әсіресе бір қаһраман дүниеден кеткен кезде шырқалады.

ДУБАЙТИ, хазаралар арасында поэтикалық үздіксіздік нысаны, махаббат сияқты эмоционалдық тақырыптарымен, және домбыра поэмасымен байланысты.

Тіл; Хазаралар дари тілінде хазара диалектімен сөйлейді. Хазара диалекті басқа парсы-дари диалекттерге қарағанда ерекше диалект болып табылады. Хазаралар этникалық және географиялық оқшаулау болғандықтан, олардың тілі басқаша болып кетті. Хазаралар түркі халықтарының бірі сондықтанда хазара тілінде түркі сөздері (түркі тілдер ішінде: қазақшадан, өзбекшеден, түрікшеден т.б. тілдерден енген) көп. Өйткені, хазаралар Ауғанстанда Хазара диалектімен сөйлескенде әрқашан қорлануда болған. Ауғанстанда хазаралардың диалекті масқара болғандығын көрсететін көптеген мысалдар бар.

Біз баяу Ауғанстанға келіп күніне асыға күтеп, ал біз де бүкіл түркі халықтарымен тығыз қарым-қатыныста болайық деп үмітеміз. ТІЛДЕ, ІСТЕ, ПІКІРДЕ БІРЛІК!

Фотографтарда;

доктор Сима Самар, Ауғанстан үкіметіндегі ең бірінші әйел министр, Ауғанстандағы адам құқықтары комессиясының бастығы және Ауғанстаннан бірнеше мәртепе Нобель сыйлығын алған кісі.

Рухила Никпа; Ауғанстан тарихында бірінші рет Олимпиада ойындарына қатысып орын алған және Ауғанстандағы БҰҰ бейбітшілік елшісі.

Жазушы: Ясир Рашид

Зуқа батырдың кенжеұлы Сауат қажы Стамбулда қаласында 90 жасында қайтыс болды
Сауыт қажы Зуқа батыр ұлы 1928 жылы Алтай аймағының Көктоғай ауданында туған.  Зуқа батырдың кенже ұлы. Зуқа батыр 33 баланың әкесі еді. Төрт әйелінен 12 ұл және 8 қызының аты белгілі. Сауыт қажы ағасы Сұлтаншәріп бастаған көшпен бірге , тар жол-Тайғақ кешулерді бірге бастан өткізіп, Такламакан шөлін кесіп өтіп, Гималай асып, Түркияға жеткен. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Зуқа батырдың қара шаңырағы Алматы қаласыа көшіп келді.

1994- жылы Сауыт қажы Түркиядан арнайы Алтайға келіп, Зуқа батырдың басына қорғанын жаңалап салып, құран қатын түсіріп қайтты.

Жыл өтіп алпыс-алты өзгеріпті,

Өзгерген жайларды көз көріпті.

Зуқа батыр баласы Сауыт қажы,

Бұйрықша 94-жыл кез келіпті.

Дидар ғайып бұл міне арман екен,

Біздің ел Түркияға барған екен,

Әкесі өлген кезде Сауыт қажы,

Бөлеулі бесігінде қалған екен.

Дұшпанға қатал мінез ол қаһарман,

Халықтың ардагері батыр бабаң.

Арнайы Түркиядан жалғыз келіп,

Әке қорғанын Сауыт қажы жаңалаған.

Қалматай, Құдабай Нұғанұлы Сіләм,

Дастанның соңын ослай тамамдаған.

Зуқа батыр дастанынан үзінді.

Сіләм НҰҒАНҰЛЫ

Зуқа батыр- 1866 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында дүниеге келген. Зуқаның әкесі шығыс өңіріне аса танымал болған Сәбит дамолла. Арғы атасы Нұрмұхаммед абыз. Текті әулеттен шыққан батыр бабамыз, орыс отаршылдығы мен гоминдаң қытай езгісіне тап болған қазақ халқын азат ету жолында қаза табады. Биыл батыр бабамыздың туғанына 150 жыл толды.

Әлемнің оннан аса елінде, жирма қаласында аталып өтілді. ҚР шетелдегі елшіліктері, Халқаралық ұйымдар, ҚР әр қаладағы әкімшілітері мен жеке азаматтар демеушілік жасап ұйымдастырды.

“Зуқа батыр-150 жыл” ұйымдастыру алқасы мен  Kerey.kz ақпараттық порталы Сəнияхан апамызға және Зуқа батырдың ұрпақтарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Сауыт атамыздың жаны жанатта болсын…

Жаназа намазы 27 қараша бесін намазында Стамбул қаласында Гүнешлі Казаккент Алтай мешітінде оқылады .

Kerey.kz

М.Мағауин: “Шыңғыс ханның ең негізгі мұрагері – қазақ халқы”
Назарларыңызға kitap.kz сайтында жазылған жазушы Мұхтар Мағауиннің Шыңғыс хан жайлы айтқан сөзін ұсынғалы отырмын.

Жазуыма ешқандай бөгет болмаса да, тыныштық керек болғаннан кейін Прагада тұратын ұлымның қолына кеттім. Ол жаққа барғаннан кейін үлкен жұмысты бастау керек болды. Жеті күннен кейін-ақ жазуға отырдым. Алдымен бір шағын әңгіме жаздым. Содан кейін «Жармақ» деген көлемі үлкен болмаса да, салмағы ауыр роман жаздым. Өте тез жазылды. 18 күнде жазып бітірдім. Бір топ әңгіме жаздым. Содан кейін «Шыңғыс ханға» отырдым. Шыңғыс ханды жазуымның көп себебі бар. Айтылмаған сөз қалған жоқ, бәрін айтқанбыз. Менің «Алтын дәптер» дейтін студент кезде бастаған үлкен дәптерім болды. Соның ішінде болашақта жазатын барлық шығармаларымның сюжеті, сұлбасы бір ауыз сөзбен айтылған. Соның ішінде, мысалы, «Аласапыранның» сұлбасы бар, одан 15, 20, 25 жыл өткеннен кейін жазылған шығармалар бар. Қолма-қол жазылған шығармалар да бар. Бірақ, соның ішінде Шыңғыс ханның сұлбасы жоқ. Өйткені, совет заманында Шыңғыс ханның атын атамау керек болды. Атайтын болсаң, тек жамандау керек. Шыңғыс хан – бүкіл әлемге танылған тұлға. Ұлы тұлға, ұлы қолбасы. Ұлы мемлекет, ұлы империя құрған адам. Оны Цезарьмен де, Наполеонмен де, Атилламен де салыстыруға болмайды. Ол бәрінен жоғары. Шыңғыс хан қазақтың ұғымында әулие, ұлы хан. Аңыз бойынша, Тәңірінің нұрынан жаралған. Өзінің асыл тумысын дәлелдеу үшін халықтың алдында шешесі «садағыңды күннің сәулесіне ілдір» дейді. Киіз үйде шаңырақтан түсіп тұрған сәулеге садағын атқанда, жебесі сол сәулеге ілініп тұрып қалды деседі. Ал қалған билікке таласқан Шыңғыстың туыстарының оқтары ілінбейді. «Садағын сағымға ілдірген Шыңғыс хан» деп айтатыны содан. Бұл, әрине, аңыз. Бірақ, Шыңғыс ханға деген сенімнің көрінісі.

«ШЫҢҒЫСТАН ТУҒАН ХАНДАР-АЙ…»

700-800 жыл бойы, оның ішінде қазақ хандығы құрылған заманнан бастап Шыңғыс хан әулие болды. Қазтуған жыраудың атынан айтылған Мұрат ақынның зарын мақалаларымда талай рет айтып келтіргенмін:

Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз,

Қайран саланың жатқан аңғары-ай.

Ақ шалмалы пірлердің

Мешітке жаққан шамдары-ай!

Кәпірден теңдік алуға,

Қайтып та келер деймісің,

Мұсылманның баласы,

Шыңғыстан туған хандар-ай…

Мұрат – азаттық жыршысы, отаршылдыққа қарсы өлеңдер шығарған. Ғасырдың басында халық көсемі, ағартушы Ғұмар Қараш айтады:

Шыңғыс, Бату хандық құрып тұрған ел,

Қарақыпшақ Қобыландылар туған ел,

Ерегескен дұшпан-жауын қуған ел

Емес пе едің – жұртым саған не болды?!..

«АДАМЗАТТА ШЫҢҒЫСТАЙ ЕР ТУМАЙДЫ»

Осы сөзді дәл қазір айтуға болады. Ал Мағжан «Адамзатта Шыңғыстай ер тумайды» деген. Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Абайлар «Қазақ рулары Шыңғыс ханға өзі қосылды» деп айтқан. Орыс совет идеологиясы келіп жеткенге дейін бүкіл қазақ Шыңғыс ханды құрметтеген, қадір тұтқан. Ал одан кейін ұлттық санамыздан айырылғанымыз соншалық, орыстың идеологиясымен, орыс болғанда үлкен ғылымның идеологиясымен ғана емес, мектеп оқулығы дәрежесіндегі шовинистік идеологиямен әбден миымыз уланған. Шыңғыс ханды әлі күнге жауыз деп жүргендер сол санадан әлі арыла алмай отыр. Қазақтың жағдайы түсінікті. 70 жылдың ішінде ұлттық санасынан, дәстүр-салтынан айырылды. Қымыз ішуді, құрт қайнатуды ұмытып, барынан айырылды. Ол түсінікті жағдай, идеология солай болды. Қазаққа кінә қоймай-ақ қояйық. Ал арғы жақта – Қытайда бір жарым миллион қазақ отыр. Еліміз бар, жұртымыз бар деп көңілге медеу тұтатын едім. Олардың қазіргі замандағы сайттары – «Күлтегін» мен «Сен – қазақты» қарап отырамын. Қытайдағы қазақ совет идеологиясынан тыс болды. Оның үстіне, Қытай идеологиясы бойынша, Шыңғыс хан Ұлы мемлекетті негіздеуші адам. Шыңғыс хан бастады, ал Шыңғыс ханның немересі Құбылай біржолата бекітті. Сонда сол жақтағы қазақ неге Шыңғыс ханды балағаттап жатады? Мұндағылар жауыз деп сыпайы айтса, ондағылар түгін қалдырмай, арам қалмақ, пәлен-түген деп балағаттайды, оның ішінде «неге жазады?» деп мен де кетіп жатамын. Қайран қалатын нәрсе. Совет идеологиясынан тыс болды, Қытайдың бүгінгі идеологиясында да Шыңғыс хан жаман деген нәрсе жоқ. Сонда қайдан келді бұл? Анығын айту керек, бұл елдің, халықтың азып-тозып, ұлттық санадан біржола дерлік айырылғанының көрінісі. Бірақ, басқа халқымыз жоқ, осы халықтың санасы ашылу керек, осы халықтың ішінде санасы жоғары азаматтар бар, жастар да көп, арғы бетте де азшылық болса да сондай азаматтар бар, солар түсінуі керек. Шыңғыс ханды қанша жамандағанмен, жаман боп қалмайды. Бүкіл дүниежүзі мойындап отыр. Шыңғыс хан жөнінде неше мың мақала, зерттеу, жүздеген кітап жазылған.Ағылшын жазды, француз жазды, неміс жазды, американ жазды, жапон жазды. Шыңғыс ханды жапон өзіне тартады, қытай өзіне тартады, қазір орыстар Шыңғыс ханды славян болды деп өзіне тартып жатыр. Ал шын мұрагері, шын ұрпағы бола тұра, біз одан қашып құтыла алмай жатырмыз. Қаншама кітап жазылса да, айналып келгенде Шыңғыс хан әлі жоқ. Шыңғыс ханды ұлы қолбасы, данагөй саясаткер, ұлы империя құрған дейді. Шыңғыс ханның жасаған істері кейінгі заманға жалғасты дейді. Халықтардың арасындағы қатынас, дінге көзқарас турасында, халықаралық құқықтар саласында Шыңғыс ханның ашқан жаңалықтары өте көп. Еуропа соған енді жетіп жатыр, әйтпесе жетпей де қалып жатқан жайлар бар.

ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ БЕЙНЕСІН ЖАҢАДАН ЖАСАУ КЕРЕК

Шын мәнінде, Шыңғыс ханның бейнесі, шын тарихи тұлғасы әлі ашылған жоқ. Сонымен қатар, Шыңғыс ханға қатысты көптеген деректер бұрмаланады, нақты жеріне жетпей айтылады. Өйткені, қалай дегенмен, Шыңғыс ханның өзінің жұрты емес, жат жұрт, жауласқан жұрт. Монғол ағайындарға бұл ретте риза болу керек. Олар совет заманында да, идеология заманында да Шыңғыс ханнан ешқашан айырылған жоқ. Ол кезде ақтау үшін Шыңғыс ханның моңғолдың мемлекетін құрған әуелдегі қызметі дұрыс болды, кейінгі кездегі жаулаушылығы теріс болды деп екіжақты етіп шығарды. Шыңғыс ханның 800 жылдығын тойлады. Сол тойды ұйымдастырған, ескерткіш қойған Монғолияның компартиясының екінші хатшысы қудаланып, ақыры азапталып өлтірілді. Бірақ, бәрібір айныған жоқ. Олар – біржақты. Шыңғыс ханды тек монғол деп қарайды.

Бір сөзбен айтқанда, Шыңғыс ханға қатысты деректердің бәрі жер астында жатқан жоқ. Халықаралық тілдерге аударылған, оның ішінде орыс тіліне түгелдей дерлік аударылған. Шыңғыс ханның бейнесін жаңадан жасау керек. Болды! Арада жазған Рашид-әд-дин, Жүзжани, Жүвейни бар, қытай деректері бар, тағы басқа Еуропаның деректері бар. Барлығын да жинақтап, қарап келгенде, Шыңғыс ханның басқа бейнесі шығады. Асылық айтқаным емес, Шыңғыс ханның ең толық, ең нақты, ең әділ бағасын айғақтайтын, Шыңғыс ханның бүкіл ғұмырбаянын толық қамтитын, сол Шыңғыс хан ғана емес, ХІІІ ғасырдағы бүкіл түрік қауымының, Орталық Азияның тарихын айқындайтын кітап жаздым деп ойлаймын. Анық ақиқаты сол. Үш кітап бітті. Үшінші кітаптың күні кеше ғана алғашқы данасы шықты. Бірер айдың ішінде таралып, сатуға түсу керек. Алда төртінші кітап қалды. Тәңірі қуат берсе, бір жарым, екі жылдың ішінде оны да бітіріп қаламыз.

«ОТЫРАРДЫ ҚИРАТТЫ» ДЕГЕН ОРЫНСЫЗ СӨЗ

Шыңғыс хан «Отырарды қиратты» дегенге байланысты талай рет айттым да, жаздым да. Отырар Қарахан әулетінің құрамындағы шағын ғана мемлекет-қала болған. Илек хандардың басы, сұлтандардың сұлтаны деген Осман Самарқанда отырған, Османның інісі Қадыр Ферғананы билеген, сосын кіші қалаларда кіші туыстары болған. Османның немере інісі Тәж-әд-Дин Білге хан Отырарды билеп отырған. 1210 жылы парсы патшасы Хорезмшах Аладдин Мұхаммед Самарқанды басып алады. Тәж-әд-Дин Білге ханды тұтқынға алады. Османды бір жылдан кейін өлтіреді. Отырарды тонайды, қаншама халқы қырылады, қаншамасы шетке қашады. Отырар бай қала, көпестердің барлығы татар даласы Шыңғыс ханға қарай қашады. Отырарды мұсылман дінбасыларына дейін тастап кетеді. Артынан Тәж-әд-Дин Білге ханның басын алған. Ол туралы екінші кітапта толық жазылған. Содан кейін өзінің орнына Отырарды билеуге өзінің шешесінің әлде ағасынан, әлде інісінен туған Қайыр ханды отырғызады. Ал Шыңғыс хан келіп, Отырарды азат еткен. Керуеннің тоналуы және басқа да толып жатқан жағдайлар бар. Бізде советтің тарих ғылымының азып-тозғаны соншалық, қарақшыларды жақтай біледі. Тарихшылардың барлығы Отырарда керуеннің қырғынға ұшырауын үлкен жауыздық деп бағалаған. Адам қайран қалатын жағдайлар болған. Мысалы, өзіміздің Сарайшық қаласы. 1480 жылы Ермак Сарайшық қаласын басып алады. Содан қаладағы бүкіл халықты қырады. Ең соңында Алтын Орда хандарының күмбездері бар қабірді, сүйектерді қазып алып, үйіп өртейді. Соны кезінде Иван Грозныйдың өзі айыптаған. Осыны Тәжікстанда бәрі жауыздық деп айтады. Ал совет тарихшылары дұрыс жасады дейді. Қаланы тазарту керек деп есептейді. Сол сияқты жағдайлар өте көп.

Шыңғыс ханның зерттелмегені соншалық, Отырар, ондағы қырғын мәселесі және одан кейінгі жағдайлар да теріс пайымда баяндалады. Мысалы, Шыңғыс хан оның алдында Қытаймен соғысты. Солтүстік Қытайды қиратып, бағындырды. Оған Жалайыр Мұқалы-ноянды қойды. Қытайды біржола талқандау керек еді. Ел есін жию керек еді. Оңтүстік Қытай тағы тұр. Сол кезде мына жақтан жаңа майдан ашуға мәжбүр болды. Өйткені керуенді тонады, елшілерді өлтірді. Осы туралы екінші кітапта айттым. Соғыс жариялаған Шыңғыс хан емес, соғыс жариялаған Хорезмшах Аладдин Мұхаммед. Ал Шыңғыс хан қабыл алған. Тілегенің соғыс болса, аласың деген.

Бір сөзбен айтқанда, Шыңғыс ханның нақты тарихы, Шыңғыс ханның нақты мұрагері, ең негізгі мұрагері – қазақ халқы. Өйткені Шыңғыс хан ту көтерген кезде кейін монғол деп аталған татар даласындағы 25 ру – тікелей біздің бабаларымыз соның астында болған. Сосын барлық дәстүр-салты да монғол емес, түріктік.Шыңғыс ханның мөрі туралы екінші кітапта арнайы тарау жаздым. Мөрдің беті түрікше жазылған. Оны ешкім теріске шығара алмайды. Ал енді ойлап қараңыз, Орыс мемлекетінің мөрі ағылшын тілінде, француз тілінде болуы мүмкін бе? Англия корольдігінің мөрі неміс тілінде болуы мүмкін бе? Түрік мемлекеті – түрік тілінде. Сол сияқты толып жатқан мәселелердің бәрін нақтылауға тура келді.

Тәңірі қолдап, үш кітапты жазып шықтық. Енді төртінші кітапты жазсақ, Шыңғыс ханның жеке басы тәмам болады. Оның ар жағында тағы басқа әңгіме шығып жататын болады.

ҚАЗАҚ – ҮЛКЕН ХАЛЫҚ

Аудару деген – күрделі мәселе. «Абай жолының» өзі әлі күнге дейін дұрыстап аударылған жоқ. «Абай» көркем шығарма боғландықтан, оны аударудың қиындығы бар. Ал Шыңғыс ханды аудару үшін тарихтан хабары бар, орыс тілін жақсы білетін маман керек. Алдағы уақытта болатын шығар. Дәл қазір оған алаңдаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Адамның ғұмыры шектеулі. Мен қазір 74-ке келдім. Жүзге келсек те, жазатын нәрсеміз таусылмайтын сияқты. Кезінде әңгімелерімді аударта бастадым да, соншалықты машақаты көп екенін байқап, тоқтатып қойдым. 70-жылдың аяғында аударылу керектігін аңдағаннан кейін, керек болғасын аударта бастадым. Өте көп уақытым кетті. Мысалы, «Аласапыранның» екі кітабын екі-үш айда жаздым, ал екі кітапты аудартуға екі жылдай кетіп қалды. Жолма-жол аударма жасалады, бірден аударатын адам аударғасын тағы қарайсың. Соны зая кеткен бос уақыт деп кейін жаздым да. Енді еліміз орнында тұратын болса, халқымыз аман болатын болса, дүние оңалатын болса, біз бармыз ба, жоқ па, жоқшысы табылу керек. Ал керек болмайтын болса, жазған нәрсе ескерткіш болады да қалады. Әлгі құрып кеткен халықтардың құрдымға кеткен тілдері бар ғой. Сол сияқты. Бірақ, Құдайға шүкір, Қазақстан шегінде 11 миллион қазақ бар. 1 миллион халықтың өзі жойылуы мүмкін емес нәрсе. Қазақ – үлкен халық. Дүние оңалады деп ойлаймын.

Суреттер EL.KZ сайтынан алынды.

blogtime.kz

ҚҰРАЛАЙДЫ КӨЗГЕ АТҚАН ҚҰНДАҚБАЙ МЕРГЕН ҚАШАНҒА ДЕЙІН “БАНДЫ” АТАНДЫ?
Әкемнен естіген әңгіме: 5-6 жасар кезім-ау. Етекте отырған тау Орақтының  шағын ауылы тарс-тұрс  атылған мылтық үнін естіп, азан-қазан болды. Еркектер шитісін, айыр-сүйменін  дайындап, атына жүгіріп, әйелдер балаларды, қыздарды сай-салаға, ши арасына жасырып әлек. Осы кезде қырмен шауып келе жатқан адамдар да көрінді. Бір түп бұтаның  түбінде отырып бәрін көрдік. Алдағы отыз қаралы – қазақ жігіттері екен, ал соңында шұбап келе жатқан – орыстар. Ол кезде ақ-қызылыңды  қайдан түсінейік, бізге бәрі орыс болатын. Әуелі ойнап жүр екен дедік. Өйткені, қашып келе жатқандардың ең соңындағы бір адам атын шыр айналдырып тоқтай қалса, артынан қуып келе жатқан орыстар аттарынан түсе салып, жерге жабысады. Анау бір-екі рет тарс еткізіп, шаба жөнелгенде солдаттар да айғайлай атқа қонады. Суыр секілді әр жерден қылтиған балаларға үлкендердің мұнысы қызық көрінді.  Бір кезде қашқын жігіт тағы да атын шыр айналдырып, тарс-тарс еткізіп еді, орыстардың екеуі  ұшып түсті. Қалғандары жерге жабысты. Бұл кезде сарбаздар Сатылыға қарай  ұзап, көзден таса бола бастаған. Жалғыз мерген де атының басын бұрып, қаша жөнелді. Тым жақындауға батпай келе жатқан солдаттар жапа-тармағай атқанда жаңағы жалғыз қайқаң ете қалғандай болды. Сонда біздің ауылдың қарттары: «Қайран Құндақбай-ай, оқ тиді-ау», – деп жылаған.  Сөйтіп, қуғыншылар мен қашқындар қырмен ұзай берді. Құндақбай батыр құтылыпты. Араға күн салып  «Батыр аман!» деген хабарды ұзынқұлақ жеткізгенде әкем Сарыбайдың жанына жиылып, күңкілдесіп отырған үш-төрт шалдың түксиген қабағы жадырап сала берген.

Сол шайқаста Құндақбай мергеннің жігіттерін алға сап, олар ұзап кетуі үшін бір қора атты әскерді  жалғыз өзі бөгеп келе жатқанын кейін білдік қой. Мергеннің оғы мүлт кетпейді, сондықтан ол бұрыла қалғанда ана жаманның бәрі жапалақша жалп етеді екен ғой. Қыр басындағы көрініс әлі күнге көз алдымнан кетпейді.

Осы әңгімені айтқанда әкем бір күрсініп алатын. Ол кезде Балғалы деген шағын ауылда тұрамыз. Үлкендер Құндақбай жайлы көп айта бермейтін. Тек Орынбасар, Бөлеген Құндақбаев деген бозбалаларды үлкен кісілер «Өй, бандының күшігі», – деп қағытқанда «ақ бозды» жеңмен сүртіп жүрген біз түсінбеуші едік. Кейін білдік. Олардың Құндақбай батырға еш қатысы жоқ екен, тіпті аталас та емес. Тек сойы бөлек, ірі денелі, мінезді бозбалалардың қылығы мен  фамилиясы үлкендердің жүрегінің түкпіріндегі батырдың өр бейнесін оятып, еске түсіріп жібереді екен ғой.

Құндақбай – Күреңбелдің аңызы, біреуге – қылмыскер, біреуге – дала Робин  Гуды. Көзге ілінгенді қалт жібермейтін қолмерген болған адам екен. Совет үкіметі мергенді барынша жағымсыз етіп сипаттады, ұры-қарыға, басбұзар бандыға теліді. Соған ел сенгендей болғанымен Құндақбай туралы қарттардың әңгімелері көкейде өзгеше ой туғызатын. «Банды» Құндақбай жайлы көлемді мақалалар, көркем шығармалар әлі күнге  некен-саяқ. Сондықтан жұрт арасында қанды суша шашқан, тақымы кеппеген ұры жайлы кеңестік «деректерге» сенетіндер кездесіп қалады.  Ондай мәліметтер сол кезде ГПУ-да қызмет еткен адамдар жазып кеткен естеліктерде де баршылық. Жарайды, рет-ретімен айталық.

Құндақбай Төлендіұлы жасынан отаршылардың қара пиғылына қарсы шыққан адам екен. 2013 жылы  «Күреңбел қасіреті» деген кітап шығарып, мергенді Кіндікбай деген есіммен бас кейіпкерлердің бірі етіп енгізген  Құрманбай Еспенбетов ағамыз ел аузынан  Құндақбай жайлы көп дерек жинапты. Айтуынша, 1916 –17 жылдары Черкасск қорғанын талқандап, сол аймақты қан сасытқан атаман Анненковтан қашып, босқын болған Найман ауылдарын дәл осы Құндақбай мерген Көксу, Сатылы асулары арқылы Қытайға қарай өткізіп жіберген.  Ақты түре қуған қызылдардың билігі келгенде де маңдайға қызыл жұлдыз тағып, шекеден қарағандардың қазақтың шекесін қыздырмасын мерген бірден түсініпті. Сөйтіп өзі де арғы бетке көшіп кеткен. Өзіне ғана мәлім тау соқпақтары арқылы туған жерге жиі келіп, елден хабар алып тұрады. Большевиктердің қазаққа жасаған қиянатын көріп, көптеген ауылдарды көшіріп әкетеді. Ел ашыққанда кедеймен қолындағысын бөліспеген байлардың малын айдап, жұртқа үлестіріп берген. Кәмпескеге ұшыраған талай түлікті бір өңірден екінші өңірге қиқулай қуып, ашөзегіне түсе бастаған қазағына азық еткен. Міне, Құндақбайдың «ұрлығы», «баукеспелігі» осы. «Құлжада жата бермей, неге жортып жүрсің?» – дегендерге айтқан: «Келсем біреудің ақысын жегендерді тезге салуға, не құдайын ұмытқандарды жөнге салуға келемін», – деген батыр сертін Құрманбай аға кітабына енгізіпті.  1917–31 жылдар аралығында Күреңбел,  Қапал маңынан көшіп, қызылдар қиянатынан құтылған көп қазақтың арашашысы – Құндақбай.

1919–21 жылдары қазақты бір аштыққа ұрындырып,  одан кейін «Кіші Қазанның» қазандығына қуыра бастаған Совет үкіметінің саясатына қарсы болған қазақ көп. Тек осы Күреңбел өлкесінен атақты Тезек төренің ұлы Құдиярхан, Мұртазаның ұрпағы Омар төре, қызыл қаңлы Құндақбай секілді біраз адам кәдімгідей қарсылық көрсеткен. ГПУ осылардың бәрін бір-біріне қосып үлкен банды етіп сипаттай салған. Сондықтан Құндақбай Құдиярхан серіктерінің тізімінде аталады. Қолға түскен сарбаздарды тергегенде де елі үшін күрескен азаматтардың есімін  бір-бірімен байланыстыруға талпынған. Профессор Аман Шотаев пен өлкетанушы Азамат Ақылбеков ҰҚК мұрағатындағы  құжаттардан Құдиярханның 1930 жылдың 19 қарашасында ату жазасына кесілгенін тауып, анықтаған екен.  № 4341 сол істе  Малайсары ауданы, № 7 ауылдан ұсталған Қарабеков Бектастың тергеу хаттамасындағы жауабы: «…Құдиярхан, баласы Омар, Құндақбай, Нұртазинов Омар, т.б. ешқандай да «бандит» емес, бәрін де танимын. Ешкімге тиісіп көрген жоқ, ал Сіздер «банда» деп отырған Әлімжандарыңыз бізге жолай да алмайды, қорқады. Винтовканы Тұяқбаев Ерназар екеуіміз бірге Алматыдан сатып алдық. Аң аулауға қолданамыз. Үкіметке өткізу керектігін білмедік…».

Бұдан чекистердің қару асынған қарапайым аңшыға дейін банды деп тіркей бергенін байқаймыз. Ал, Омар төренің серігі болып, сонысы үшін қызылдың қиянатын көп көрген Бектас ақсақал беріде, 1989 жылы 84 жасында қайтыс болыпты. Қазағының азаттығы үшін күрескен азаматтардың бір-біріне жанашыр, үнемі байланыста  болғаны ГПУ құжаттарынсыз-ақ түсінікті.

Құдиярхан атылғаннан кейін Ералы төренің шөбересі Омар большевиктермен 2 жылдай күреседі. Қазақтың құрдымға кете бастағанын көріп атқа қонған намысты жігіттердің іс-әрекетіне Омар төре ұйытқы болады. Азаматтарды ашындырғаны – аз уақыт ішінде қазақтың екі мәрте аштыққа ұрынғаны еді. Күреңбелді жайлаған Жалайыр, Қаңлы, Суан босып, адам төзгісіз күйге түседі. Осы кезеңде еті тірі, жүрегінің түгі бар батырлар елді құтқаруға күш салады. Біраз ауылдарды Алтынемел, Көксу  асулары арқылы Қытайға өткізеді. Омар төре 1933 жылы көз жұмыпты.  Азамат Ақылбеков «Каждый стремиться к истокам…» деген жазбасында Омардың Керегетас деген жерде ГПУ қызметкерлерінің қарауылына іліккенін айтады. Аңдыған жаудың тасадан атылған оғы іштен тиіп, бұратыла құлаған Омар төре жаулары төніп келгенде: «Иттер-ай, еркекше ашық келмей, қатынша қалтарыстан аттыңдар-ау. Аттым сені, Қабыкен!» – деп, көз жұмыпты. Жазуы солай ма, әлде төре қарғысы тиді ме, Қабыкен көп ұзамай қайтыс болады. Бастаудан су ішкенде ішіне құрт түсіп, ол да бұралып,  қатты қиналып өліпті.

Жоғарыда аталғандардың, әсіресе, Құндақбай Төлендіұлының большевиктермен қатты егескенін, алдырмас жау болғанын чекистердің жазбаларынан-ақ түсінуге болады. Батырдың есімі ХХ ғасырдың орта шенінде басылған қазақстандық ЧК жайлы кітаптың барлығында бар. «Казақстан» баспасынан жарық көрген  «Незримый фронт» (1967 ж.), «Чекисты Казақстана» (1971 ж.)  және «Мы из ЧК» деген кітаптарда Совет үкіметі үшін аянбай күрескен ардагерлердің естеліктері жинақталған.  «Мы из ЧК» кітабындағы Ф. Ивановтың  «Преступление в урочище Чурук» атты очеркі Құндақбай бандысы жасады делініп жүрген бір қылмыс жайлы.  Онда Құндақбайдың сенімді үш жігіті жас өкіметтің жеріне арнайы келіп, Балабеков деген белсендіні асып өлтіріп, екі күннен кейін қайта барып мәйітін өртеп жібергені баяндалады. Қайсар комотряд  бандылардан қаймықпай, ерлікпен қаза табады…

Енді  осы оқиғаның ел ішінде қалай айтылатынына назар аударайық. «Күреңбел қасіретінде» де бір уәкілдің өлімі жайлы эпизод бар. Жаңағы Балабеков (кітапта фамилия жоқ, бұл прототип болуы мүмкін) кедейлердің қыз-келіншегіне маза бермейтін, күйеуін тапаншамен қорқытып, көзінше  әйелін зорлайтын озбырдың нақ өзі болған екен. Сол уәкіл Қиғаш деген жігіттің әйеліне тиісіп, дегеніне жете алмай сабап, басын жарып кетеді. Ауылда болмағандарына бармағын шайнап, намыстанған Асылбек бай, Хамза, Рақым, Қиғаш деген төрт кісі әлгінің артынан қуып барып,  Хамза  ақылы шолақ, ашуы тез уәкілмен жекпе-жекке шығады. Және жеңсе аман кететініне уәде береді.  Бір-біріне  қамшы сілтескенде уәкілдің шадыр мінез аты ойқастап, ала қашады да иесін  жарға жығады. Уәкіл мойны үзіліп өледі.  Жігіттердің қылмысы: «қандастың қанын, қарындастың жасын кешкен албастының соңы сен бол», – деп қурай, ағаш жинап өз ажалымен өлген уәкілдің өлігін өртеп жіберіп, алас жасағандары.  Және бұл оқиға,  Иванов жазғандай, Ақтөбешұрықта (Шұрықтың дұрыс атауы) емес, осы күнгі  «Сарыбұлақ» совхозының №2 фермасының маңында болыпты.  Хамзалар уәкіл сүйегінің қалдығын,  ат-әбзелдерін жар түбіне көмген екен. Бертін келе сол жерден үзеңгі табылыпты…

Совет қызметкерін  кім өлтіргенін таба алмай тығырыққа тірелген ГПУ басшылары Сарыөзек маңындағы ауылдардан 35 адамды қаматады. Солардың он алтысы  жаңағы  жігіттер тұратын «Он екінші ауылдан» екен. Мұны естіген Асылбек бай мен Хамза  өз еркімен милицияға барып беріледі де ауылдастарын босатуды өтінеді.  Ауылдас 16 адам азаттық алыпты, ал өзге ауылдардан ұсталған 18 адам… олар із-түссіз жоғалған. «Бұл болған оқиға. Хамзадан қалған ұрпақ бар. Бір немересі Талдықорғанда тұрады. Сол оқиғаға қатысқан, жекпе-жекті көзбен көрген Рақымның туыстары да бар, Сарыөзекте. Олардың Құндақбайға еш қатысы болмаған. Намыстан күйіп кеткен қарапайым қазақтар ғой», – дейді Құрманбай Еспенбетов.

Бұл дерек  Құндақбайға осы өлкеде болған барлық оқиғаның теліне бергенін дәлелдейді. «Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан». Деректермен таныса түскен сайын қазақ жігіттерін ең қатты шамырқандырғаны ұжымдастырудың ұраны да, аштықтың ылаңы да емес, қарагөз қарындастың көрген қорлығы екенін түсінесің. Чекистердің жазбасындағы банды Құндақбаймен «ауызжаласқан контра Омардың» да осындай бір оқиғасы бар. Ол Бектас атаның естелігінде де сипатталған. Онда  жігіттердің Матай тауының етегіндегі бір ауылда 7 солдаттың бас көтерер 4 азаматты қылышпен турап тастап,  жас қыздарды бір киізүйге жиып, зорлап  жатқанының үстінен түскені  айтылады. Омар төренің  жігіттері жаңағы алты орыс, бір тілмаш  татарды қолға түсіріп, ауыл сыртына алып шығып,  лақша бақыртып бауыздапты. Нақақ қан төкпейтін жігіттер осыны  «дақпырты алысқа кетсін,  большевиктер естіп, қазақ қызын қорлауға қорықсын», – деп жасаған екен.

Генерал-майор  А. Тілеулиев жетекшілік етіп, подполковник       Я. Я. Милованов, подполковник     А. С. Ивановтар құрастырып, 1980 жылы жарық көрген «Ответный удар» кітабындағы «Садырбай и Миша» деген очеркте  бандының ортасына сатқындардың қалай енгені, 1930-31 жылдары Құндақбайдың қыр соңынан қалмаған Беляев дегеннің отрядының сарбаздармен үш мәрте соғысқаны айтылады. Сол шайқастардың бірінде Беляев тас-талқан болып жеңіледі. Қотырқай, Шаған таулары арасындағы Қараңғысай деген жерде Құндақбай соңына ерген елді құтқарып, аман алып кетеді. Сол атыс кезінде оқ тиіп өлген ірі қараның сүйегі, арбаның сынықтары бертінге дейін шашылып жатыпты.  Қолкүрес шебері, Азияның бес дүркін чемпионы Әбдуәли Тастанов ағамыз: «Шаған тауында «Құндақбай үңгірі» деген үңгір әлі бар. Мерген жігіттерімен осы үңгірді талай мәрте паналаған екен. Бала күнімізде сол үңгірдің ішіне кіріп ойнаушы едік», – дейді.

Құндақбай мен қызыл отрядтың екінші қақтығысы «Шайтансай» шатқалында болған. Сәлім бай секілді көптеген ауқатты адамды ауылымен  Құлжаға аман жеткізіп, аштықтан қиналған қазақтың арасында есімі аңызға айналған Құндақбай батыр Күреңбелге тағы келіп, Хасан Көпесбайұлының ел-жұртын арғы бетке асырмақ болады. Ауылдың көшкелі жатқанын бір сатқын айтып қойып, көш аранға тап болады. Елең-алаңда  ұйқыдағы жұртқа оқ боратқан отряд ешкімді аямайды. Тұтас ауылдан үш-ақ адам – Хасанның өзі, бір баласы және бір әйел тірі қалады. Құндақбай жігіттермен шегіне атысып әзер құтылыпты. Тұтқынға түскен Хасанды большевиктер абақтыға жабады, баласын жетімдер үйіне жібереді. Осы ұрыстан кейін ГПУ қызметкерлері Талдықорғандағы ОГПУ басшысы Ивановқа «Құндақбай өлді, құрттық» деп есеп беріп, кейін өтірігі ашылып, масқара болады.

Үшінші шайқас аштық пен қорлық сүйегіне өткен қазақ атқа қонып, мерген қызылға қарсы қол жинаған 1932 жылы,  Түлкілісай деген жерде болған. Құндақбай батырдың жасақ жинауын чекистер «Ақ гвардияшылардың тапсырмасы. Конокрад қазақ революцияны қайдан білсін, айтақпен жүр» деп жазды. Қытай жақтан тапсырма беріп отырған «әміршісі» есебінде біресе  ақтың орыс офицері, біресе  сол ақтардың сапында болған қапалдық  Қаныбеков деген қазақ айтылады.  Десе де отаршылармен  15 жылдан аса уақыт алысқан Құндақбайдай ер біреудің айтқанымен қол жинады дегенге сенетіндер аз.

Түлкілісай шайқасы жайлы жазба  мәлімет жоқтың қасы. Чекистер бұл жайлы айтқысы келмеген. Есесіне Түлкілісайдың басында «Кісіқырылған» деген жер бар. Оның қасіретті тарихы ел арасында ауыздан ауызға айтылып келеді.   Басши ауылында ұзақ жыл ұстаздық еткен Жанқыдыр Қыдырбайұлы осы оқиғаны әкесінен естіген қарттардың бірі:

«Әкем Жиенқұлтегі Қыдырбайдан естідім, 1931-32 жылдың шамасы болса керек. Құндақбайдың жиған жігіттеріне аштықтан ыңыршағы шыққан ауылдар қосылып Түлкіліге көп халық жинала бастайды. Барып көрген адам ол сай біраз жүрген соң үшке бөлінетінін, олар  Түлкілі, Теректі, Қыздың сайы деп аталатынын біледі. Күнгейінде Басши жазығы, теріскейінде Қоғалы жатыр. Теректі – тұйық сай, текше жартастарға тіреледі. Ал қалған екеуімен тау арасын жарып өтіп, Қытайға қарай шығуға болады.  Құндақбай елді Қыздың сайының басына, қатар жатқан Теректі бітер тұсқа топтастырса керек. Осы жерден қол жинайды, арып-ашып көмек сұрай келген ауылдарды топтастырып, Сатылы асуы арқылы арғы бетке өткізумен айналысады.  Құндақбайдан көмек сұрағандар көп болған екен. Қашып-пысқан қазақтың, Құндақбай жігіттерінің Түлкілінің түбіне жасырынғанын сатқындар милицияға жеткізеді.  Тау ішіне жау қайдан келсін  деген қамсыз жұрт аз күзет қойып, ұйқыға кеткен бір түнде қызылдар операциясын бастайды.  Бейқам күзетші де мызғып кетсе керек, жақын маңда қараңдап жүргендерді байқамайды. Отряд командирінің бұйрығымен солдаттар бұқпантайлап келіп жақын  маңдағы  жартастардың басына екі пулемет қояды. Таң ата ел үдере тұрып, қозғала бастағанда  екі пулемет сақылдап сала береді. Қалтарысқа тығылып үлгермеген қарт, бала-шаға, қыз-келіншектерді, жылқыларды қарша бораған оқ баудай түсіріп көп адам өледі. Тастарды паналап үлгерген аз  жігіт атыса бастайды.  Пулеметтің оғы  Құндақбайға да тиіп, жеңіл жаралайды.  Құндақбай атысып отырып 10-15 жігітпен сытылып кетеді. Жау қаштылаған отряд бірен-саран тарс еткен мылтықтың үнін өшірем деп екілене түскенде тауда ортекеше орғып жүретін Құндақбай айналып, ту сырттарынан шығыпты. Мерген алыстан көздеп, екі пулеметшіні бір-бір оқпен жер жастандырады. Мылтық қайдан атылғанын түсінбей орнынан көтерілген комотряд та мұрттай ұшады.  Осыдан кейін мерген пулеметке ұмтылған солдаттарды жалғыз оққа жалындырып, маңына жолатпайды. Оқбүркер қарудан бір, командирден екі айырылып есі шыққан ротаны Құндақбайдың жігіттері қырып салып, қызылдардың азы ғана қашып құтылады. Ал Құндақбайлар құдай сақтап тірі қалған, жараланған адамдарын тездетіп жинап, Қытайға қарай жүреді. Өлген адамдарды көмуге де мұрсаттары болмайды.

Түлкілі басындағы қырғынды қоғалылық  қазақтар естіп, үш-төрт күннен кейін өліп жатқан  марқұмдарды сол маңға таспен бастырып, жерлейді. Ал сол қанды оқиғадан кейін бұл жер «Кісіқырылған» аталып кетіпті».

Түлкілі шайқасындағы масқарасын  жасырмақ болған чекистер жоғарыға тағы да «Құндақбай бандының көзін жойдық» деп есеп береді. «Күреңбел қасіретіне» бұл шайқас кірмепті. Авторы: «Естідім. Бірақ, нақты деректер таба алмадым. Түлкілісайда 1960 жылдары да адам сүйектері шашылып жатқан екен», –  дейді. Ол көмусіз қалған байғұс қазақтың сүйегі ме, Құндақбай жусатып салған солдаттардың сүйегі ме? Өлкетанушылар зерттеп, анықтайтын бір түйткіл осы.

Большевиктер жазбасы бойынша Құндақбай большевиктер оғынан қаза тапқан. Бірде қызыл әскердің операциясы сәтті болып, Құндақбай сарбаздарымен қоршауға түседі. Бір-екі адамның құтылып кеткені  болмаса банды түгел  қырылады… «Комотряд, снабженный подробными сведениями о расторжении главных сил бандитов, вскоре провел успешную операцию. Многие бандиты сдались. Кундакбай с наиболее верными своими приспешниками ушел к границе, но там, в районе Дубуна, был окружен заранее предупрежденными пограничниками и разгромлен. Только нескольким бандитам удалось вырваться из окружения. Сам Кундакбай был убит».  («Ответный удар», 1980 жыл).

Мергеннің қаза тапқаны жайлы әңгіме ел арасында да бар. Құндақбай расымен қоршауға түседі. Тек «бандиттердің» бәрі беріле салмаған. Қарттардың айтуынша, жігіттерді бұл жолы да Құндақбайдың мергендігі құтқарады. Ол екі серігімен жартасқа бекініп, қараң еткенді қағып түсіп, солдаттарға бас көтертпейді. Осыны пайдаланып сарбаздары сытылып кетеді. Оғы таусылғанша атысқан мерген сол жартастың басында сан жарадан жантәсілім етеді. Көрдіңіз бе, халық батырдың рас-өтірігі белгісіз өлімін де өр аңызға айналдырған!

Ел ішінде Құндақбай тірі кеткен, 60-жылдары бері қайтқан қандастармен бірге оралып, бөтен аты-жөнмен Кербұлақ ауданындағы «Амангелді» совхозында тұрып, қартайып көз жұмған деген де әңгіме бар.  Құрманбай Еспенбетов осы аңыздардың бәрін жоққа шығарып отыр. Ол кісі: «Құндақбай Құлжаға аман-есен жеткен, 40-жылдардағы Қытайдағы ұлт-азаттық соғысына қатысқан. Сол жақта қайтыс болған. Мұны арғы беттен оралған азамат, «Күреңбел қасіреті» кейіпкерлерінің бірі қарақалпақ Ермұраттың баласы Ақантайдың аузынан естіген адамдар бар. Ақантай арғы бетте батырдың сенімді серігі болған», – дейді. Сол Ақантай Ермұратұлының айтуынша, Құндақбай қалың қытайдың да жүрегін шайлықтырып, арғы бетте де аңызға айналыпты. Ол былай болған екен: ұлт-азаттық соғыста Құндақбай өзіне ұзақ уақыт адал дос әрі аудармашы болған Үйсінді (Ю-сунь) түн ортасында  қытай сарбаздарының қосынына жіберіп, мылтықтарының оқатарын (боек) бүлдіртеді.  Содан кейін өзі сол әскердің ортасына сап ете қалады. Мылтығын көлденең ұстап еркін  келе жатқан қазақты көрген қытай солдаттары қаруларына жармасып, ата бастайды. Бірақ сан мылтықтың бірінен тырс еткен дыбыс шықпайды. Құндақбай болса жалғыз мылтықпен сес көрсетіп, қалың қытайды отырғызып кетіпті. Содан кейін қытайлар арасында мылтық оғы дарымайтын көкжалдай киелі, көзінің оты бар  батыр туралы аңыз тарапты.

Міне, бары осы. Қолдағы кітаптарда, тарихи жазбаларда Құндақбай Төлендіұлы жайлы мәлімет өте аз. Жеке зерттеп жүрген өлкетанушылар, тарихшылар болса тапқан құжаттарын жариялап, даланың батыр ұлы жайлы елге білдіре түссе ғажап болар еді. Ал, әзірге ол – ақиқатынан аңызы басым тұлға. 95 жыл дегенде Кейкінің кетпенмен шабылған басына қолымыз жетті-ау, әйтеуір, ал Құндақбайдың сүйегі қайда қалды? Шатқалда қаза тапса қай тұсқа қаны тамды, Қытайда көз жұмса моласы қайда? Ата-әкелеріміз есімін құлағымызға сыбырлап айтқан батыр есімін ұрпағымыз  біліп жүруі үшін оған неге бір ескерткіш қоймаймыз немесе көше атын беріп, дәріптемейміз? Әлде қазақ тәуелсіз болғалы ширек ғасыр өтсе де Құндақбай «банды» болып қала бере ме?

Барлық оқиға осы Жетісу жерінде болғандықтан Құндақбайға қатысты тарихтағы жағымды-жағымсыз кейіпкерлердің бәрінің ұрпақтары  осы жерде өскен, өнген. Сондықтан, пікір де, көзқарас та әртүрлі болуы заңдылық. Бірақ «Әке үшін бала жауап бермейді» дегенді қаперде ұстап, бір нәрсені ескеру керек.  Кеңес үкіметіне қарсы соғыстардың Жетісуда да болғаны, оның қол-басшылары, сардарлары, даңқты сарбаздары да болғаны – ақиқат.  Біз солардың ең атақтысы, талай аштың аузына су тамызып аман алып қалған,  мекенін қорғаған көкжалдай желке күжірейтіп, күн-түн тынбай жортып, талай ауылды қорлық-зорлықтан құтқарған Құндақбайды да жете тани алмай жатырмыз.

С. Сейфуллиннің шығармасындағы Кудряков деген жалғыз кулакты Абдолла Қарсақбаев ағамыздың «Даладағы қуғын» фильмінде қалың әскер ерткен дала батыры Құдіреге айналдыруында бір сыр бар-ау… Тау шатқалы арқылы Қытайға өтіп қайтып оралу, екі пулемет секілді детальдар Жетісуды меңзейді-ау, Құдіре Құндақбайдың прототипі емес пе екен деп ойлаймын кейде…  Әлде бұл режиссердің Құлан Кейкіге сомдаған ескерткіші ме екен, әлде  маңғыстаулық Құрмаш мергенді ел ұмытпасын  дегені… Әлде біз әлі білмейтін мың Құндақбай-Кейкі-Құрмаш-Ораздардың бәрінің рухына бір туынды арнады режиссер ағамыз…

Саясат мұрнынан жетелеген қызыл хамиттердің дәуірі өткелі қашан, ал біз  Кеңес заманында  Абдолла ағамыз экраннан әлемге айтқызған «Еркін даланың батыры» деген сөзді қайталауға қаймығамыз!  Хамитке «Мен қазақ деген ел болғым келеді!», – деуші ме еді Құдіре?..

Серік Әбікенұлы,

журналист.

zhetysu-gazeti.kz

«Гималайдағы көште сегіз ай кебежеде отырдық»
Мюнхенде тұратын этникалық қазақ Талғат Қосжігіттің жұбайы Саадат Қосжігітпен түскен суреті. Алматы, 5 қазан 2016 жыл.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қытайдан Еуропаға көшіп барған қазақ диаспорасының өкілі Талғат Қосжігіт Азаттыққа берген сұхбатында жолдағы көш қиындығы жайында айтып берді.

Талғат Қосжігіт 1942 жылы Қытайдың Шыңхай аймағында дүниеге келген. Әкесі Сұлтаншәріп Зуқаұлы – 1950 жылы Үндістан арқылы Түркияға қоныс аударған қазақ көшін бастап барушылардың бірі. Алтайдан ауа көшкен кездегі көз алдында қалған көріністер жайлы ол Азттыққа берген сұхбатында әңгімелеп берді.

Азаттық: - Сіздің балалық шағыңыз бірыңғай «көштен» тұрады екен. Әңгімені көштің басынан бастасақ?

Талғат Қосжігіт: - Әкелеріміздің ата-қонысы Алтайдың Баркөл аймағы еді. 1938 жылы Шың Сы Сайдың зорлығы мен зомбылығынан қашып Шыңхайға қоныс аударды. Сол жақта мен 1942 жылы дүниеге келдім. 1947 жылы әкелеріміз Баркөлге қайта көшіп келді. 1949 жылдың күзінде коммунистер билік басына келді. Сосын менің әкем өзінің барлық туған-туыстарын бастап Тибетті көктей өтіп, Гималай таулары арқылы 1951 жылдың күзінде Үндістанның Кашмир уәлаятына жеттік. Сол жерде бізбен барған қазақтардың алды – екі жыл, арты үш жыл тұрды. Біз өзіміз 1954 жылдың көктемінде Түркияға қоныс аудардық.

Азаттық: - Бала Талғаттың көз алдында осы көштен қандай суреттер қалды?

Гималай таулары. (Көрнекі сурет)

Талғат Қосжігіт: - Гималай тауларын басып өткен кезде күн өте суық болды. Қарлы боран, көк мұз, әртүрлі жағдайда көз жұмған адамдар. Көк мұздың үстінде жер қаза алмай, ересектер қайтқан адамдардың мүрдесін шала-шарпы жасырып кетуге мәжбүр болды. Бізді кебежеге отырғызып, түйенің қомына артып қоятын. Сегіз ай бойы сол кебежеде отырдық. Үстімізден қалың көрпелермен жауып тастайтын. Таңертеңнен кешке дейін тоқтамай жүрген жүріске шыдай алмайсың. Әлі есімде, өңшең бала атаулы «қашан тоқтаймыз, қашан қонамыз?» деп шулап жылай беретін едік.

Азаттық: - Жат ел, жат жердегі тағдырларыңыз қалай жалғасты?

Үндістанға алғаш барғанымызда жергілікті үкімет бізді жақсы қабылдады… Содан кейін Түркияға қоныс аудардық. Түркия мемлекеті бізге жер берді, үй берді. Оқып, өсіп, қызмет істеп қалыптастық.

​Талғат Қосжігіт: - Үндістанға алғаш барғанымызда жергілікті үкімет бізді жақсы қабылдады. Сол жерде АҚШ-тың көмегімен құрылған ағылшынша білім беретін мектеп бар екен. Соған менімен бірге төрт-бес баланы қабылдады. Сонда бір жылдан астам уақыт оқыдым. Содан кейін Түркияға қоныс аудардық. Түркия мемлекеті бізге жер берді, үй берді. Оқып, өсіп, қызмет істеп қалыптастық.

Азаттық: - Сіз биыл 150 жылдығы тойланып жатқан Зуқа батырдың немересі боласыз. Осынша бейнетпен Еуропаға жетіпсіздер. Аяқтан тұрып кету қалай болды және отбасыңыз жайлы айта кетсеңіз.

Талғат Қосжігіт: - Түркияға аман жеткен қазақ жастары сонда үйленіп, тұрмысын оңдап, бас құрап жатты. Әйелімнің аты – Саадат Қосжігіт. Оның үлкен атасы әйгілі Зайып тәйжі деген кісі 1936 жылы Елісханмен бірге елді бастап Алтайдан Гансу аймағына көшіп барған. 1940 жылы Гансудан түп қопарыла көшіп, 1941 жылы Үндістанға жеткен. Қайын атам Ғұсман қажы -Үндістаннан Пәкістанға қоныс аударған қазақ ауылдарының көшбасшысы болған адам. 1953 жылы Пәкістаннан Түркияға жетіп, сол жерде тұрақтады. Қазір жұбайыммен екеуміз екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отырмыз. Екі қызым Түркияда, ал ұлдарым өзіммен бірге Германияда, Мюнхен қаласында тұрады.

Азаттық: - Мюнхенге қалай барып қалдыңыз?

Мюнхен.

Талғат Қосжігіт: - 1967 жылдан 1995 жылға дейін Азаттық радиосының қазақ бөлімінде қызмет істедім. Түркияда жүріп сол кезде Мюнхенде орналасқан Азаттық радиосына жұмысқа бардым.

Азаттық: - Иә, сіз Совет уақытында эфирге «Талғат Көкбұлақ» деген есіммен шығып тұрған едіңіз ғой?

Талғат Қосжігіт: - Қай газет екені қазір есімде жоқ, «Азаттық радиосының қазақ бөліміне тілші қабылдаймыз» деген хабарландыруды оқыдым. Бағымды сынап көрейін деп бірнеше мақала жазып, салып жіберген едім. Көп ұзамай шақыру келді. Сосын бірден Мюнхенге қоныс аудардым. Содан Азаттық радиосы Прагаға қоныс аударғанға дейін қызмет еттік. Азаттықта қызмет еткен жылдар мен үшін әсте естен кеткен емес. Естеліктерімді кітап етіп жазу ойымда бар. Әсіресе, 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы, онан кейінгі Қазақстанның тәуелсіздік алған кезіндегі Азаттықтың хабарлары өзіміз үшін де, тыңдарман үшін де әсерлі болған шығар деп ойлаймын.

Азаттық: - Сұхбатыңызға рахмет!

Зуқа батырдың 150 жылдық мерейтойы Қазақ елінде мәресіне жетті
Алматы қаласы маңындағы “Қазақ үй” салтанат кешенінде  Арыстан қажы және  атбал ел азаматтардың бастамасымен “Зуқа батырдың 150 жылдық мерейтойының” бір жылдық қорытынды шаралары салтанатпен өтті. Тойға әлемнің оншақты елінен мыңға жуық қонақтар қатынасты. Мерейтойлық шара жалпы халықтық сипатта өтті.

Тәуелсіз еліміздің 25 жылдық ұлытойымен тұспа-тұс келген шарада, алты қазақ үй тігіліп жалпы халыққа ас берілді.Гала-Концерт қойылды. Осы орайда Нұр-Мусахан мешітінде аруақтар рухына құран қатым түсіріліп, соңынан биылғы жылы жарық көрген Байахмет Жұмабайұлының «Рухы асқақ Ер Зуқа» және «Зуқа батыр» атты жинағы, қоғам қайраткері Сағат Заханқызының «Ұлы көш:Аңыз бен Ақиқат», Бақытбек Бәмішұлының «Зуқа батыр – аласапыран замана арыстаны» кітаптары және Нұрлан Бибрал мен Жұмабай Мәдібайұлы құрастырған «Зуқа батыр Сәбитұлының мерей тойынан» атты альбомның тұсаукесері өтті. Батыр баба туралы тың деректермен толықтырылған жаңадан басылған  бес кітап халыққа таратылды.

Кітаптың тұсауын мешітте өткізу бұрын соңды болмаған жағдай. Ақ батамен тұсау кесер рәсімін мешітте өткізу де тағылымды болса керек. Осы жиында сөз алған ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, филология ғылымдарының докторы, қайраткер Уәлихан Қалижанов мырза «Қазақтың Зуқа батыры» атты баяндама жасады. ДҚҚ біріші орынбасары Талғат Мамашов, Талғат Қосжігіт, Әбдірахман  қатарлы қоғам қайраткерлері лебіздерін білдірді. Қытайдан арнайы тойға әкелінген кәде силар таратылды. Таңертең басталған той алыстан келген қонақтарға арналған кешкі қонағасымен жалғасты.

7-ші қазанда елордамыз  Астана  қаласындығы ЕҰУ-тінің  “Отырар кітапханасы” ғылыми орталығында «Зуқа Сәбитұлы және Қытай қазақтары: тарихы мен тағдыры» атты халықаралық ғылыми конференция болып өтті. Германиядан Абдрахман Четин, Әлихан Жаналтай, Түркиядан Әбдіуахаб Қара, Есадулах Четин, Қытайдан Шайсұлтан Қызыр, Байахмет Жұмабайұлы және ЕҰУ-тінің  ғалымдары мен ғылыми қызметкерлері мен “Зуқа батыр-150 жыл” ұйымдастыру алқа мүшелері қатысты.

Конференция жұмысы барысында айтылған түйінді ой-пікірлер негізінде Зуқатану және Қытай қазақтарының тарихи мәселелерінің көкейкестілігін басшылыққа ала отырып, оған қатысышылар қарар қабылдады. Отандық тарих ғылымының   дамуын ескере отырып Зуқа батыр туралы зерттеулерді тереңдету және оның сындарлы ғылыми нәтижесін жалпы халықтық игілікке айналдыру. Тұлға тану бағытында Зуқа батыр туралы арнаулы басылымдар шығару және орталықтар ашу, «Зуқа Сәбитұлы және Қытай қазақтары: тарихы мен тағдыры» атты халықаралық ғылыми конференция материялдары университет баспасынан арнайы жинақ түрінде баспадан шағару қатарлы 8 түрлі қарар қабылдыды. Кешкісін батыр рухына арнап ас берілді.

«Рухы асқақ Ер Зуқа» және «Зуқа батыр», “Қазақтардың Түркияға көші”, «Зуқа батыр Сәбитұлының мерей тойынан» қатарлы  кітаптар “Отырар кітапханасы” қорына тапсырылды.

Жыл басынан басталған той аясында Зуқа батыр туралы 1 деректі филым жасалып республикалық Алматы теле-арнасынан көрсетілді.  Астанадағы ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінде көрме ұйымдастырлыды. 8 кітаптың түсауы кесілді. Оннан аса ғылыми-мақалалар жарияланды. Қазақстандағы және шетелдегі теле-радио, газет-журналдар мен ақпараттық сайыт-порталдарда жыл бойы жаңалықтар беріліп, батыр рухы халыққа насихатталды.

Әлемнің оннан аса елінде, жирма қаласында аталып өтілді. ҚР шетелдегі елшіліктері, Халқаралық ұйымдар, ҚР әр қаладағы әкімшілітері мен жеке азаматтар демеушілік жасап ұйымдастырды.

“Зуқа батыр-150 жыл” ұйымдастыру алқасы тойды өткізуге атсалысқан барлық азаматтарға зор алғыс айтады. Қазақ елінің тәуелсіздігі баянды болсы! Егемендіктің 25 жылдығы құтты болсын ағайын!

Зуқа батыр туралы деректі филым

КЕЙКІ БАТЫРДЫҢ БАСЫ ЕЛГЕ ЖЕТКІЗІЛДІ
Қалың қазаққа Кейкі батыр деген атпен таныс  Нұрмағамбет Көкембайұлының бас сүйегі  бүгін Ресей астанасынан Қазақстанға әкелінді. Бұл туралы “Егемен Қазақстан” сайты хабарлады.

Осыған дейін белгілі саясаткер Берік Әбдіғали мырза “Фейсбук” желісіндегі жеке парақшасында батырдың басын алып келе жатқандығын жазған болатын.

Саясаткердің айтуынша Астана уақытымен ертең таңғы сағат 04:50-де 1916 жылғы Ұлт азаттық көтерілісінің қаһарманы Кейкі батырдың (Нұрмағамбет Көкембайұлының) бас сүйегі арнайы бортпен Астанаға жеткізілді.

Сондай-ақ, жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін Үкімет жанынан арнайы комиссия құрылатыны да мәлім болды.

Айта кетейік, биылғы жылдың мамыр айында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы батыр бабамыздың бас сүйегі елге қайтарылатыны туралы хабарлаған болатын.

“Қазір біз бұл мәселені шеше аламыз. Ресейден келісім келді. Біздің ғалымдар да керек мәліметтерді жинап қойды. Тек оны әкелудің техникалық процедураларын шешу ғана қалды”, – деген болатын министр мырза.

Кейін өзінің ресейлік әріптесімен Мәскеуде кездескен экс-премьер-министр Кәрім Мәсімов те кунскамерада жатқан қазақтың соңғы ханы Кенесары мен Кейкі батырдың бас сүйегін елге қайтару мәселесін талқылайтынын мәлімдеген.

Кейін Кәрім мырзаның Ресей премьерімен кездесуінде тек Кейкі батырдың сүйегі туралы сөз қозғалғанын және келіссөздердің оң нәтиже бергенін айтқаны да есімізде.

Әйтсе де РФ басшылары Кейкінің басын қайтаруға сонау мамырда келісімдерін бергенін ескерсек, бұл мәселеге қатысты 25 жылда жақ ашпаған экс-премьердің пәрмені себеп болды деу қисынсыздау, рас. Дегенмен, “азаттық жолында мерт болған батырдың басы елге қайтарамын” деген уағда сөз  жұрт ішінде беделі түсе бастаған Кәрім Қажымқанұлына ұпай жинап берді десек те жалған айтпаған болар ек.

Осыған дейін Қазақстан тарихшылары бабаларымыздың бас сүйектерін елге қайтару мәселесін қотара-қотара көтергенімен еш нәтиже болмаған еді.

Қос-қосынан одақтас болып отырған Ресейдің топырағында енді, Хан Кененің басы қалды. Әлемдік геосаясатта іргелесіп, түрлі жағдайларда Ресейге әм оның саяси бастамаларына демеуші болып келе жатқан Қазақстанның және оның негізін құрушы қазақ ұлтының тағы бір ұлы Кенесары  ханның бас сүйегін қайтару мәселесі күн тәртібінде болуы талап!

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz