Kerey.kz/Керей.кз » Абай 170

Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шараларға қатысты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шараларға қатысты-деп хабарлайды Ақорда баспа сөз қызметі.

Абай атындағы театрға барған Мемлекеттік хатшы «Адамзаттың Абайы» атты салтанатты іс-шараға қатысты, іс-шара соңынан мерекелік концерт ұйымдастырылды. Саяси және қоғам қайраткерлері, белгілі ақын-жазушылар, абайтанушы ғалымдар, ұлы ойшыл туындыларының аудармашылары мерекенің құрметті қонақтары болды.

Мемлекеттік хатшы «Жұлдыз-Ардақ» жеке меншік балабақшасының жұмысымен танысты, онда 350 бала заманауи инновациялық әдіспен тәрбиеленуде. Г.Әбдіқалықова Абай шығармаларының желісі бойынша салынған суреттерді, сондай-ақ «Қара сөздерді» мәнерлеп оқитын балалардың концертін көрді.

Елдегі ірі медициналық радиологиялық кластер құрамына кірген «Өңірлік онкологиялық диспансері» ядролық медицина орталығында болған кезінде Гүлшара Әбдіқалықоваға су жаңа медициналық құрал-жабдықтар көрсетіліп, өңір халқына онкологиялық көмек көрсетуді дамыту келешегі туралы айтылды. Ядролық медицина орталығының жұмысы ядролық технологияны бейбіт мақсатта пайдаланудың жарқын мысалы болып табылады.

Дәл осы күні Мемлекеттік хатшы 1985 жылы іргесі қаланған Невзоровтар әулеті атындағы Семей бейнелеу өнері мұражайында болды. Қазіргі таңда мекеме көркемсурет құндылықтары жинақталған Қазақстандағы ең ірі мұражайлардың бірі саналады. Мұнда 3600-ден астам өнер туындысы,  сондай-ақ түрлі дәуірлерге жататын орыс және шетел көркем туындылардың Қазақстандағы ірі коллекциялары жиналған. Сонымен қатар, мұражайда Орталық Азия, Ресей, Грузия, Белоруссия елдерінің өнер туындылары қойылған.

Г.Әбдіқалықова сондай-ақ 1940 жылы құрылған «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорығы – Абай мұражайында болды. Мұражай қорында араб, парсы және түркі тіліндегі 500-ден астам көне кітап сақталған. 2014 жылы мұражай Халықаралық ІСОМ мұражайлар қоғамдастығына кірген.

Мемлекеттік хатшы сапар қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.