Kerey.kz/Керей.кз » Айдос Жұқанұлы

Бізге Саакашвили сияқты әкімдер керек!
Украинаның Одессасына әкім болып барған Михаил Саакашвили өткенде базар аралап, сатушылармен әңгімелесіп жүрген еді. Бүгін “маршруткаға” отырып алып, бір ауылға кетті. Жол үстінде жолаушылармен әңгімелесіп, елдің нақты жағдайын біліп алды. Осыны көріп отырып өзімнің біраз қылықтарым есіме түскені. wink emoticon

2005-жыл. “Қазақстан” Ұлттық телеарнасының ШҚО бойынша меншікті тілшісімін. Сөз бостандығы аздап болсын бартұғын. Облыстық мәслихат сессиясына қатысамын. Әр тақырыпқа орай құжаттарды алып кетемін.

Тәкс… Жарма ауданына “Таза су” бағдарламасы бойынша бәлембай млн. теңге бөлініпті. Оның осыншасы Қалбатауға бөлінген. Жол бойына құбыр тартып, колонкалар орнатылған деген есеп те әкімнен беріліп қойған.

Тәк-тәк… ал мынау не… мынау Зайсан ауданы туралы. Сары ши мен Қаратал ауылына электр сымын тартуға бәлембай млн. бөлінген. (Діңгектері тұр. Ал сымды 90-жылдары қытай асырып жібергенбіз).

Салып ұрып Өскеменнен 110 шақырым жердегі Жарма ауданына барамын. Әкімнің қолы тимейді. Қабылдамайтынын біліп отырмын. Базарға барам. Ашулы әйелдер екі қолын бүйіріне таянып тұрып, “су көрсек көзіміз шықсын” деп бастап, аудандағы бүкіл мәселені айтып береді. Біреу ана жаққа жеткізе қояды. Ол жақтан аудан әкімінің орынбасары да дереу жетіп келеді. “Айеке, әкім Сізді күтіп отыр. Шаршап келген шығарсыз. Мейрамханада дастарқан жаюлы. Біз онда барғанша, шопырыңызды жанармай бекетіне жібере салыңыз. Бензин құйып алсын.” Енді мен қырсыға қаламын. Әкімнің “қолы тимегені” есіме түсе кетеді. Қырсығатын жөнім бар. Өйткені, қолда бопсалайтын материал тұр. Сол шалқайған қалпы Зайсанға тартамын. Қаратал ауылына қараңғы түсе жетеміз. Ертеңінде ауылдың бір ақсақалын тауып аламын. “Бір таудың қуысында, бір Құдайдың уысында жатқан елміз” деп бастайды. “Мынау немене нәрсе?”. “Бұл “күнжарық” деген нәрсе” дейді қариямыз. Қытайдан әкелген. Күннен қуат алады. Үйге жарық беруге күші жетеді. “Электр сымы қайда, осынша ақша бөлініпті ғой” деймін мен. “Қайдағы электр сымы?!” деп өзіме ұрсады. Мұның бәрін камераға жазып аламын.

Ой, барлық ауданды араладық қой. Бородулиха ауданына да талай бардым. Қазақты емге таппайсың. Тапқаның тілін ұмытып қалған. “5 семья оралман келген қытайдан. Қашып кетті Семей жаққа” деп жамандайды әкімі. “Неге?” деймін ғой. “Білмеймін. Үй бердік. Бәрін бердік” дейді. “Қашқындарды” қуалап жүріп тауып аламын. “500 шақырым жердегі Өскемендегі интернатқа балаларымызды беріп қойдық” деп бастайды жігіт ағасы. “Неге” деймін тағы. “Мұнда қазақ мектеп жоқ. Жалпы қазақ жоқ. Ешкіммен адамша сөйлесе алмаймын. Құса болдым” дейді.

Бұл материалдарды Астанаға жібереміз. Көрсетсе көрсетті, көрсетпесе қойды. Көбінесе көрсетіп жатады. Көрсетуінің себебі, жаңалықтар бөлімін басқарып Galym Bokash деген жігіт отыр. Айтпақшы, туған күніңіз құтты болсын! Қайда жүрсеңіз де, аман болыңыз!

Сонымен… аудан әкімдері мені көрсе қашады. Мен олардан қашып базарға барамын.

Айтайын дегенім, бізге Саакашвили сияқты әкімдер керек. Әр қалаға. Әр ауданға. Әр ауылға. Сонда жемқорлықпен күрес агенттігі жұмыссыз қалар еді.

Өскеменен Айдос Жұқанұлы, Александр Петелин. “Қазақстан” ҰЛТТЫҚ телеарнасы. smile emoticon

Айдос Жұқанұлы facebook парақшасынан алынды