Kerey.kz/Керей.кз » АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫ

ЖҮЗ ҮШ ЖЫЛҒА СОЗЫЛҒАН ҚУҒЫН
(немесе, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың отбасы мен өзінің қиын қыстауда өткен тағдыры туралы тарихи хикаят)

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ

1885-жыл, Қарғалы. Бұл Тосын болысының тоғайлы, сулы, көрікті жерінің бірі еді.Тосын болысы  өзеннің жағасы мен жиде тоғайының арасына  ылғи аппақ ақ щаңқан киіз үйлер тіккен. Болыс сайлауы өтіп, ояз бастығы қатысқан үлкен жиын болып,оған қарасты Торғай бекетінің, Ақкөл, Аққұм,Шөптікөл ауылдарының өкілдері қатысқан. Сайлау қорытындысына наразылық білдіріп, іштен тынып тұрған негізінен Ақкөл, Аққұмнан келгендер еді. Бұ жақтағы белсенді, белді, ел арасында беделділері -үмбетейліктер, оның ішінде Шошақ балалары Ақтас, Байтұрсын, Сабалақтың жүріс тұрыстары, сөздері де ірі еді. Жиналған жұрт сайлаудың қорытындысына көңілдері толмай, іштей тынғанмен, Ақтастай ірі қимылды ағасына сүйенді ме, Байтұрсын ортадағы онекі қанатты ақ үйден маң маң басып шығып, сұлу күрең атқа мінңп, уез орталығына қайтуға бет алған уез бастығы полковник Яковлевке сөз айтуға бекініп, күрең аттың жолын тоса берген. Уез бастығының екі жағында қайқы қылыш тағынған казактар Байтұрсынға қарай ұмтыла берген. Соған қарамастан Байтұрсын уез бастығына:

«Біз сайлау қорытындысына наразымыз!» деп айтып салды.  Яковлев қасындағыларға «Қалаға апарып, қамаңдар, мынаны!» бұйрық берген. Казактар Байтұрсынға ұмтыла бергені сол еді, үлгермеді, ол қолындағы шыбыртқымен Яковлевті тартып жібергенде, шыбыртқының ұшы мойнына оралып, уез бастығы атынан жерге мұрттай ұшып түсті. 1868-жылы орыс патшасының  Указымен Қазақ жерін аймақтарға, облыстарға бөліп басқару  жүйесі енгізілген болатын. Онда Батыс Сібір аймағы, Торғай, Сырдария, Түркістан, Жетісу облыстарына бөліп еді. Ол жүйе бойынша Торғай облысының орталығы Орынборда, Торғай уезінің орталығы Торғайда болған.

Ал, енді Қазақ жерінде отарлық аймақтық басқару жүйесі жүзеге асқан он жеті жыл ішінде «Орыстың уезд басқарып отырған полковник бастығын ұрған екен» дегендей ерек оқиға Торғайдан басқа еш жерде болып көрген емес. Содан ба, уез бастығы Яковлевті ұрған үшін Ақтастың, Байтұрсынның, Сабалақтың қолдарына кісен салынып, сол күні түрмеге айдалды.  Яковлевтің қатаң талабымен Шошақ балаларының барлық мүлкі, малы түгелдей кәнпескеленіп, малдары Торғайға айдалды. Шошақтың басқа балалалары, Ерғазы  атақты оқиға кезінде Қарғалыда болмағандықтан, олар тұтқындалудан аман қалды.

Бірақ, сотқа дейін, тергеушілердің Ақтас пен Байтұрсынға көрсетпеген қорлығы жоқ, сабады, ұрды, тепті. Тұтқындағы үш азаматта барлығына шыдады. Көп ұзамай уез соты болып, Ақтас, Байтұрсын, Сабалақты он бес жыл Сібір каторгасына айдау туралы шешім шығарды.

«Тұтқындарды Сібірге айдайды» деген күні Ақкөл,Аққұмнан келген ағайындар, уез орталығындағы «бұрын болмаған «қызықты» көру үшін қызыл түрменің шыға берісіне жиналған. Сәске ауа түрме есігі қылышты казактар жиналды да түрме есігі ашылып, одан кісендеулі үш тұтқын шықты. Сақал мұрттары өсіп кеткен.  Әуелі Ақтастың бәйбішесі Үбіжан күңіреніп, күйеуімен көрісті. Одан кейін жолын күтіп тұрған Ахметтің анасы Күңше Байтұрсынды еңіреп, жыр айтып көрісті. Басқа ағайындарда шулап, жылап жатыр. Казактардың старшинасы жиналған жұртқа айғайлап, қамшы сілтеп, айбар көрсетті. Олар тұтқындарды жедел түйе жегілген арбаға отырғызды. Екінші арбада тұтқындарды бақылайтын солдаттар отырған. Ақтастың бәйбішесі Үбіжан уез әкімшілігінен каторгаға күйеуі Ақтаспен бірге баруға ұлықсат қағаз алған. Үбіжан арбаға тұтқындармен бірге отырды. Жылап қоштасу өте ауыр болды. Бүкіл Торғай тітіркеніп кеткендей болды. Қылышты казактар қоршаған екі тұтқындар отырған арба Қостанай  жолына түсті, қайғылы адамдардан тез алыстағысы келгендей, түйелер даңғыл жолға түсіп жортып барады…

Осы қорлықтың бәрін көзімен көрген бала Ахмет

«Оқ тиіп, он үшімде ой түсіріп,

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам…» деп жазуы содан еді…

Сібірге айдалған Шошақ баласының үлкені Ақтастың Ерғазыға айтқан сөзі бойынша, оның үлкені Спандияр Торғайдағы мектепке  оқытылуы тиіс еді, Бірақ, Спандияр мектепте оқығысы келмей, Ерғазы төрт жылдық орыс қазақ училищесіне Ахметті апарды. Ахмет жетімдер мен сырттан келген балаларға арналған пансионда жатып  оқыды. Бала Ахметтің бұрын ауыл молдасынан оқып, анасы Күңшеден орыс кирилицасындағы әліппесін танығаны бар еді. Содан Ахмет екінші курста жүргенде орыс тілін еркін меңгеріп алған. Жаздағы каникулда ауылына бармады, пансионда жатып, кітапханадан шықпады төрт жыл бойы, орыс, шетел әдебиетін, географиясын тереңдеп оқуға құштарлығы артты. Кітапханадан бос кездері кезде пансионның сыртына шығып, оған жақын орналасқан казармадағы казак солдаттарының іс әрекеттерне қарап отырады. Балада болса, Ахметтің сондай кездері орыс империясының Торғай жерін иелене бастаған тарихын ойлайды. Уез әкімшілігі Торғайға келіп, үстемдіктерін еркін жүргізе бастағанына да көп уақыт болмаған екен, көз жіберсе, тамырларын әлі де тереңдеп енгізе бастаған сыңайлы, білген адамға. Бала Ахмет қолынан келер қайран жоғына күрсінді. Жазғы каникулда уез орталығында өткен үлкен астарда елге белгілі ақын жырауларды, термешілерді қызыға тыңдаған кездері болды. Содан кейін пансионға келіп,

Бұрын жазылған дәптердің сыртына, бос жерлеріне алғашқы өлеңдері әдемі өрнектей тізілетін. Әдемі демекші, училищедегі алғашқы күннен, анық, мәшинкеге түскендей біркелкі жазу тәртібіне үйренген. Оны Ахаңның кейінгі ғұмырындағы  қолжазбаларынан байқауға болады.

Ахмет Байтұрсынов  1891-жылы төрт кластық Торғай орыс қазақ училищесін жақсы аяқтап, Орынбордағы мұғалімдер жаялайтын  төрт жылдық училищеге түскен болатын.  Оны  1895-жылы ойдағыдай аяқтап,  Әулиекөлде бірер жыл ұстаздық жолында болды, тәжірибе жинақтады.

Ақтөбе, Әулиекөл мектептерінде ұстаздық қызмет еткен жылдары  жеткіншектерге білім беруде жаңа  әдістемелік жүйе қолданудың жолдарын іздестірді.

Қазақ кирилицадан басқа, әліппе жасауды ойластыра бастаған кезі. Сол үшін кітапханалардан әлем тәжірибесін зерделеп, латын, қолданыста жүрген арап әліпбиін терең зерттеп, олардың қазақ сөзіне, дыбысына ыңғайлы жақтарын қарастырды.  Ұстаздықта болған тоғыз жыл ішінде Ахмет Байтұрсынов әлемдік тарих, әдебиет, филология ғылымдарының біраз сырларына қанықты. Ахаң ұстаз болып жүрсе де, қоғамның саяси астарына үңіле бастады. Ресей отаршыларының қазақ жеріндегі билігін нығайта түсіп, қара қазақтың жеріне тереңдеп ене бастағанын, халықтың қабырғасы езгіден қайысып жүргенін  жүрегімен сезінді, көрді.

Сондай ақ, сауатсыз елдің отаршыларға қарсы қайраны да болмайтынын білді. Сондықтан, әдебиетпен жұрттың намысын қайрап, сауаттарын ашу қажеттігін мұрат етті.

«Ахмет Байтұрсынов Әулиекөлде қызмет етіп жүргенде Бәдрисафамен « 1896-1897-жылдары некелескені анық» деп дәлелсіз, құжатсыз деректерді тықпалап жүргендерде бар.

Біріншіден, А.Байтұрсынов пен Бәдрисафа Мұхамедсадыққызымен Әулиекөлде некелескені туралы еш нақты дерек, құжат жоқ.

Екіншіден, әкесі Байтұрсын мен ағасы Ақтастың Сібір каторгасында айдауда болуына байланысты А.Байтұрсыновтың ол «жылдары» үйлену «ойынада келмеді» десек, қисыны келер. Ахаңның ағалары мен әкесі Сібірге айдалып кеткенде Ахаңның туған ауылында анасы Күңше мен бауырлары Қали, Мәшен, қарындасы Жиляш қалған. Уез бастығы малдарын кәмпескелеп кеткесін ағайындар оншақты қой, бір сиыр, бір ат жинап беріскен. Уез әкімшілігінің қуғынынан кейін Шошақ балалары жүдеп қалған. Ахмет Байтұрсынов Әуликөлде мұғалімдікте жүргенде сағынсада, елге бара алмады. Әуликөлде мектептердегі қызметінде  кейде Ахаңа еңбек ақы да төленбей қалатын. Бірақ, Ахаң елден көмек сұрамады, өзінің маңдай терімен тапқан жалақысына күн көрді. А.Байтұрсыновтың Әуликөлде жүргенде үйленбеуіне де, елге бара алмауына да осындай себептер болды.

А.Байтұрсыновтың әкесі мен ағасы Ақтас Сібірдегі айдаудан  1902-жылы, он жеті жылдан кейін оралды. Ата жұртта Шошақ әулеті қайтадан абырой беделге ие бола бастады, тіршіліктері жөнделе бастады. А.Байтұрсыновтың содан кейін еңсесі түзелді, рухани тәрбиелік бағыттағы мақсаттарына еркін бас қойды.

Ахаңның әкесі айдаудан оралғаннан кейін, жеті жылдан соң, яғни, 1909-жылы алпыс алты жасында өмірден озған. Ал, анасы Күңші 1919- жылы өмірден өткен екен. Күңші қасиетті де, әулие адам болды десек те болады. Байтұрсын шаңырағында қос өркешті бір аналық түйе болған екен, сол түйе кешке жайылымнан келе жатып, ылғи Күңшінің бейітіне соғып, тізерлеп алып, боздап отырады екен. Соны көрген жұрт еріксіз көздеріне жас алады екен. Ахаңның әкесі Байтұрсынның ағасы Ақтас 1920- жылы қайтыс болыпты.

А.Байтұрсынов  И.Крыловтың мысалдарын ХХ- ғасырдың бас кезінде аударуды бастаған. «Аудару» деген тура айтқандағы мағынасы ғой, Ахаң  1909-жылы басылып шыққан «Қырық мысалды» қазақ өміріне бейімдеп, еркін, аударған.

Осы жылы Міржақып Дулатовтың да «Оян , қазақ» атты жыр кітабы басылып шыққан. «Оян, қазақ!» пен «Қырық мысалдың» сол кездегі қазаққа әсері мол болды.

1904-жылы А.Байтұрсынов Омбыдағы Торғай облысы оқу істері жөіндегі инспекторы Алекторовты іздеп барған. Оған мектептерде қазақ балаларын христиан дініне кіргізуді доғаруды, мұсылманша оқытатын қазақ кластарын ашу мәселелерін айтқан болатын. Бірақ, миссионерлік қызмет атқарып жүрген Алекторов А.Байтұрсыновтың көтерген мәселелеріне көңіл бөлмеді. Ресей отаршыларының қазақ жерінде мектеп ашқандағы мақсаттары, оларды христиан дініне көптеп тарту екенін А.Байтұрсынов содан түсінген.

Сол күннен бастап А.Байтұрсынов ағарту ісінде жаңа бағыт әкелу үшін ғылыми бағытта зерттеу жұмысына белсене кірісті.

Омбыда жүргенде Ахаңды Міржақып Дулатов іздеп келген. Жалындап тұрған ақын жігітке А.Байтұрсынов қатты ырза болып, екеуі достасып кетті, ел үшін бір мақсатта қызмет етуге белсене кірісіп кетті.

Содан екеуі мұғалімдікті  Семей облысында жалғасытырды.

Сөйтіп жүргенде, Ресейде  1905- жылы революция болып, одан іле демократиялық кейбір кеңдіктерге жол ашқан патшаның декларациясы шыққан. 1905- жылғы  Ресейдегі революциялық көтеріліс қазақтың оқығандарының арасында бір үміт отын жалғады.

Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов Семейден қазақтың қамын, келешегін ойлайтын оқыған озық ойлы азаматтармен танысты. Соның бірі заң саласында қызмет істейтін заңгер Жақып Ақбаев еді. Әлихан Бөкейханов Омбыда жүрседе, Ахаңмен,Міржақыппен хабарласып тұратын. Патшаға қазақ мәселесін көтеріп, аймақтық билікке петиция жазу идеясын көтерген со кісі. Он екі мыңдай адам қол қойған  әйгілі Петиция жазылып, Омбыдағы Ә.Бөкейхановқа жеткізілген. Ол патшаның, Ішкі істер министрлігіне, және аймақтық губернатор атына жазылған еді. Семей уезінің жандармериясының бастығы Осовскийдің губернаторға жеткізген деректері бойынша Ә.Бөкейханов ол Петицияны пошта арқылы  Петерборға жіберген. Содан кейін, Семей уезінің тыңшылары петиция жазғандарды іздеп, «күдікті» деп, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, Ж.Ақбаевтің және басқа бірнеше адамның артынан аңдыған. Соның нәтижесінде алғаш 1907-жыл А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев  және тағы бірер адамды аз уақытқа қамауға алған. Тыңшылардың Дала губернаторына жеткізуі бойынша «Қарқаралы» петициясының тексін жазған Ж.Ақбаев» делінген. Содан сол жылы сот болып, заңгер Жақып Ақбаев Жетісуға жер аударылған.

Ахаңа тергеушілердің күштеуімен «петиция жазуға қатысы бар» деп жала жапқандарымен алғаш түрмеге түскен ғой сол жолы.

«…Қинамайды ау, абақтыға жапқаны,

Қиын емес, дарға асқаны, атқаны,

Осылардың маған ауыр бәрінен,

Өз ауылыңның иттері үріп, қапқаны» деп мұңаятыны сол себептен еді.

Бір белгілі жазушы  « А.Байтұрсыновтың Бәдрисафа Мұхамедсадық қызына үйленген» деп жазуы осы оқиғадан кейін,яғни,1908- жылы. А.Байтұрсыновтың қолында өскен Самұрат Кәкішев өзінің атасы туралы кітапшасында «Ахаң «Бәдрисафа апаң мен түрмеде жатқанда тамақ тасып, кірімді жуып берді. Оған үйленбесем, менің азаматтығыма сын болар еді» дегенін  жазған.

Семей уезінің жандармериясы тұрақты аңдауда болған А.Байтұрсыновты 1909-жылы  1шілдеде «сепаратистік үгіт наихат жүргізді»деп тағы түрмеге қамаған. Жұбайы Бәдрисафа  Дала губернаторынан көмек көре алмағасын, Ресей Думасының депутаттарына А.Байтұрсыновтың хал жағдайын айтып арыз жазған.  Ресей Думасының депутаты Бәдрисафа Мұхамедсалық қызының арызына назар аударып, Ішкі істер министріне осы істі «қысқарту» туралы ұсыныс жасайды.  1910-жылы Семей уездік соты А.Байтұрсыновтың ісін қарап, оны он алты жылға жер аудару туралы үкім шығарған.

«Қош сау бол, Қарқаралы жуылмаған,

Айдай бер, қалса адамың қуылмаған…»деген жыр жолдары да жаны қиналған адамның сөзі ғой.

Ахмет Байтұрсынов айдауда болатын жері ретінде  Орынбор қаласын таңдады. Ахаң 1917-жылғы төңкеріске дейін осы Орынборда тұрды.

«Қарқаралы» ісін тергеушілер тергеуді бес жылға созған. Соңында 1910-жылы «осы іске қатысы бар» деп тауып, Ә.Бөкейханов пен М.Дулатовты түрмеге жапқан. Олар бір жылдай түрмеде отырып, шыққан. М.Дулатов одан шыққан соң, жандармериядан тасада болу үшін Түркістанға кетті. Достар тапты сол жерден.  1913-жылы М.Дулатов Орынборға кетерде сол достары біраз ақша жинап берген.

Сол ақшамен Міржақып Дулатов бірден А.Байтұрсыновқа келеді. Өйткені, екеуінің де арманы қазақша газет шығару еді. Міржақыптың қаржысына Қазан медресесінде оқып жүрген оқушыларда ақша қосады. Сөйтіп, Ахаң мен Міржақып шағын типография сатып алады. Ахаң Қазан қаласында өзі араб әліпбиі негізінде жасаған  Әліпбиіндегі  жиырма сегіз әріптің ұясын Қазанда темірден құйдырады. Газет шығатын қағаз сатып алады, типография тұратын үй жалдайды. Сөйтіп, біраз ұйымдастыру жұмыстарынан кейін, 1913-жылы 1-ші ақпан күні Орынбор қаласында «Қазақ» газетінің бірінші саны жарыққа шығады! Бұл қазақ елінің келешегі үшін жасаған өте маңызды қадам болды.Газетте сол кездері қазақ басында шешілмей жүрген басты мәселелердің бәрі жазылды. Жерді қазаққа бөлу мәселелері, жерді земствоға қарату мәселесі, қазақ кластарын ашу мен әліпбимен оқыту мәселесі, соттарда приясжныйлардың болуы, қазақтарды жер аударуды тоқтату мәселесі, орыс қарашекпенділерін қазақ жерінің шұрайлы жерлеріне қоныстандыруды тоқтату мәселесі деген сияқты өзекті мәселелерді көтеріп отырумен бірге, «қазақ қалай ел болады» деген тәрізді келешек қазақ  мемлекеттігіне қатысты ойларға түрткі болған.

Жергілікті үкімет «Қазақ» газетінде жазылған осындай мәселелерді «сепаратистік» деп 1914-жылы газеттің бас редакторы А.Байтұрсыновты тұтқындаған. Шамалыдан кейін елдің жинаған көмегімен А.Байтұрсынов  3000 сом (ол кезде бұл өте көп ақша) төлеп түрмеден босаған.  Бұл орыс патшалығы (дұрысы отаршылығы) тұсындағы Ахмет Байтұрсыновтың соңғы рет түрмеде отыруы еді.

Өз ғұмырындағы ең үлкен зорлық, ең үлкен қорлық біраз жылдан кейін Кеңес үкіметі тұсында болатынын Ахаң ол кезде сезбеді.

1913-жылдан  1929-жылға дейінгі аралықта А.Байтұрсынов елі үшін. Қазақтың келешектегі мемлекеттігі үшін атқарған қызметтері ұлан ғайыр. Қазақ Әліпбиін, бірнеше Оқу құралдарын, методикалық оқулықтар мен қазақ терминологиясын қалыптастырды. «Қазақ» газетіндегі мақалалардың көбін осы Ахаң мен Жахаң (М.Дулатов) жазған. Газетке келген мақалаларды түзетіп, өңдеп қайта жазып шығудың өзі қанша жұмыс.  А.Байтұрсынов не істеседе, ұлтының келешегі үшін істеді.  1923-жылы Ахаңның мерей тойында Үкімет мүшесі Сәкен Сейуллиннің «Қазақтың басқа оқығандары шен іздеп қызмет қылып жүргенде, сол заманда А.Байтұрсынов қазақ халқының қамын ойлаған жалғыз кісі еді» деген себебі сол.

А.Байтұрсынов  1917-жылы Ресейде Ақпан төңкерісі болғаннан кейін, Қазақ сиезін шақырып, Алаш партиясын құру туралы идея көтергендердің бірі.  1917-жылы сәуірде Орынборда Жалпы Қазақ сиезі болып, онда Алаш партиясы мен Алаш орда құрылды. Алаш партиясының бағдарламасын жазғандардың бірі А.Байтұрсынов. Бұл партия бағдарламасы қараша айында «Қазақ» газетінде жарияланды. «Алаш» партиясы Уқытша үкімметтен Қазақ автономиясын алудан үміттенген болатын Бірақ, күзде Ресейде Қазан төңкерісі үкімет болшебектердің қолына өткен.  А.Байтұрсынов ҚАЗАҚ АВТОНОМИЯСЫН осы Кеңес үкіметінен алуға бел буады.  1919-жылы наурызда Ә. Жангелдин бастаған онбір адаммен бірге А.Байтұрсынов Мәскеуге барып, Ленинмен, және Ұлт істері жөніндегі комиссар Сталинмен Қазақ автономиясын құру туралы келіссөзді тура төрт ай бойы, яғни шілде айына дейін жүргізеді. Ақыры, Ленин мен Сталин А.Байтұрсыновтың төрт ай ішінде жарыссөздерде айтқан мәселелерімен келісіп, Қырғыз автономиясын құру туралы шешім шығарады. Сол Қазақ автономиясын құру комиссиясының мүшесі болып тағайындалған А.Байтұрсынов Қазақ автономиясының шекарасын,  республикалық статусының жобаларын жазумен айналысады.  Соның негізінде 1920-жылы А.Байтұрсынов көрсеткен территориялар негізінде Қазақ (Қырғыз) автономиясының құрылғаны  туралы Жарлыққа Ленин қол қояды.

А.Байтұсынов сонымен бірге осы уақытта Алаш қайраткерлеріне кешірім жасау туралы Кеңес билігіне өтініш жазып, ол қабыл болып, Алаш қайраткерлері қысқа уақытқа болса да, Кеңес үкіметінің түрлі салаларында қызмет істеуге мүмкіндік алды.

КЕҢЕС ТҰСЫНДАҒЫ ҚУҒЫН мен ҚАНДЫ ҚЫРҒЫН

Кеңес өкіметі тұсындағы қуғын патшалық империя кезіндегі қуғыннан асып түсіп, қанды қырғынға жалғасты.Голощекин Қазақстандағы үкімет басына келгеннен кейін нағыз аласапыран басталды. Байлар деп аталғандардың мал мүлкі тәркіленіп, өздері отбасымен жер аударылды. Сосын Алаш қайраткерлерін түрмеге жаба бастады.  М.Дулатов, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов  1929-жылы тұтқындалып, түрмеге жабылды. Ахмет Байтұрсынов Бутырка түрмесінде үш жыл отырып, содан соң Архангелге ұзақ жылға каторгаға айдалды.

А.Байтұрсынов тұтқындалғанда, оның туыстарында қуғындау басталған еді. Ахаңның інісі Мәшен қажыныда НКВД тұтқындап, одан соң тіпті хабарсыз жоғалып кеткен. Содан көп ұзамай, Ахаңның ағасы Кәкіштің Аумат пен Қазихан деген екі баласын аудан милициясы мен ауыл белсенділері Ақкөлдің жағасында қуып жүріп, сабап, қорлап өлтірген.

Ахаң ұсталғаннан кейін Алматыда қалған жары Бәдрисафа Мқхамедсадық қызы жазушы Горкийдің әйелі Пешковаға хат жазып, «А.Байтұрсыновқа көмектесуін» өтінген. Сол кезде «Красный крест» деген мекемеде қызмет істеп жүрген Пешкова А.Байтұрсыновқа ара түскен. Содан кейін ғана А.Байтұрсынов 1934-жылы Архангелден Алматыға келген.  Бірақ, еш мекеме Ахаңды қызметке қабылдамаған. Тек бір орыс дәрігерінің қамқорлығына ілігіп, санитар болып жұмыс істеген.

Ахаңның тәрбиесінде болып, қолында тұрған өзінің «Ахаң туралы ақиқат» атты кітапшасында «Сабақтан үйге келсем, Ахамды НКВДнің адамдары келіп, алып кетіпті» деп жазады. Яғни, А.Байтұрсыновты НКВД  1937-жылы кұзде тұтқындаған. Бір апта өтпей, Ахаңның қарындасы Кәтездің күйеуі Рүстемді де (Әбдіғапар ханның баласы) тұтқындаған. Оның үйінен Ахаңның «Мәдениет тарихы» деген кітабын тауып, тергеуші алып кетіпті. Рүстемді сосын «Мемлекетке қауіпті адамның кітабын жасырған» деп айып тағып, оны да ату жазасына кесіпті.

Ахаң үшін бұл жолы ( 1937-жылы) Қали деген ағасының баласы Әмірді НКВД түрмеге тоғытып, оны да атып жіберіпті.

Ал, Ахаңның ауру халдегі жұбайы Бәдрисафаны асырап алған қызы Шолпанмен Том қаласына айдап жіберген. Содан Бәдрисафа Мұхаммедсадық  қызы  1941-жылы оралып, Қостанайдағы Әмірдің баласы Назардың үйін іздеп тауып алады. Олардың көрген күні нашар екен, содан Бәдрисафа Қостанай жанындағы Қарттар үйінен пана тауып, сол жерде көп ұзамай өмірден өтеді.

Ал, Ақтастың баласы Шәймерден Қостанай жақтағы орыстардың арасына кіріп кетіп, содан НКВДнің қуғынынан аман қалған.

Бар ғұмырын ұлтының мұратына сарп еткен  Мемлекет қайраткері, бірнеше ғылымның негізін қалаған ғалым, ақын, публицист Ахмет Байтұрсынұлы  1937-жылы НКВДнің үштігінің шешімімен қараша айында атылып кетті. Сөйтіп, А.Байтұрсынов тура 66 жасында қанды қолдылардың оғынан өмірі қиылды. Патша оязын ұрғаны үшін ұзақ жыл каторгада болған әкесі Байтұрсында елге келгеннен кейін,66  жасында өмірден баз кешіп еді.

Әңгімемізді Шошақ балары Ақтас, Байтұрсын, Сабалақтың оязды ұрып ұзақ жылға каторгаға айдалғанынан бастап едім. Қазақтың батыр тұлғаларының бұл ісі орыс отаршылдығына қарсы көрсеткен қайраты еді. Солай бола тұрса да, кейін, патшалық империя құлағаннан кейін, бұл ер азаматтарды ақтау туралы сөз қозғалмады. Кеңес билігі тұсында да солай болды. Солай болсада, біз А.Байтұрсыновтың ағалары,әкесі отаршыл, әділетсіз қоғамға қарсы айбат танытқаны үшін ғана айыпталғандарын, айдауда болғандарын іштей сеземіз.

Кеңес идеологиясы Алаш қайраткерлерін, оның ішінде  Ахмет Байтұрсынов тәрізді ұлы қайраткерді тұқымымен құртып жіберуді ойластырған еді. 1937-жылы НКВД Ахмет Байтұрсыновтан басқа, төрт туысын атып, ұрып өлтірген, екеуін Том қаласына жер айдаған.

Бірақ, осы аталған кісілер, НКВДінің кінәсінен қаза тапсада ақталмады. Тек 1988- жылы осы кісілердің ішінен Одақ бойынша ақталғаны -Ахмет Байтұрсынов.

1988-жылға дейін Ахмет Байтұрсыновтың атын атау қылмыс болып саналды. Сонда, әділдікті талап еткені үшін сотталып кеткен 1885-жылды қосып санағанда, Шошақ балалары  103-жыл жазықсыз «айыпты» болып келген екен. Сексенінші жылға дейін «А.Байтұрсыновтың сөзін, өлеңін, әнін айтқаны» үшін сотталып, қызметінен қуылған адамдар болды. А.Байтұрсыновтың қандай деңгейде қуғында болғанын содан біле беріңіз.

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ ,жазушы, тарихшы

kerey.kz

Алаш зиялыларының елдік сана тұрғысындағы тұжырымдары
Ұлтына, жұртына қызмет қылу білімнен емес, мінезден».

Әлихан Бөкейханұлы

Ұлттық рухты асқақтататын – елдiк сана. Елдiк сана – ұлттық идеологияның өзегi.  Елдік сана ұлттық рухтың көрсеткіші. Елдік сана биік болса ана тiлi жат идеологияны таратушы құралға айналмай, өзiнiң дiттеген мақсатына жетедi. Елдік сана мен мемлекетшілдік сана егіз ұғымдар. Рухани тамырлар негізінде мемлекетшілдік сана тамырын тереңге жаяды. Мемлекетшілдік санаға жол ашатын тұлға бойындағы ұлттық рух. Адам саяси ілімдер, саяси теориялар мазмұнын зердесіне құйғанымен мемлекетшілдік санамен қарулана алмайды. Мемлекетшілдік сана ұлттық саяси білімдер арқылы қалыптастын дүние. Мәселен, тарихымыздағы  біртуар хандар өз заманының әлемдік саяси тұжырымдарын білмесе де, халқының төл тарихын, болмысын, түйткілдерін жетік білгендіктен, аласапыран уақыттарда елінің етек – жеңін жинап, елдікті бекемдеп, ұлттық рухтың қазығы бола білді. Билер мен жырауларымыз заманына қарай амалы деп, ұлт болашағын болжап, төніп келе жатқан қауіптен жұртын ұлттық рух сезімін күшейту, мемлекетшілдік сананы көтеру арқылы қорғай білді.

Ұлттық рухтың діңгегі – ұлттық намыс. Сөзімізге халқымыздың намыс категориясына қатысты этнографиялық мәні зор мақал-мәтелдер дәлел. Ұлттық намыс дегеніміз өзіңді жатқа қадірлету, ұрпағыңа ата-бабаңның тегін аяқ асты еткізбейтіндей биіктікте ғұмырлық тәрбие беру, еліңді өзге ниетке қор еткізбеу. Елдік сана ұлттық мінездің қалпына орай тамырын жаяды. Ұлттық мінезді қалыптастыратын бірнеше факторлар бар. Ұлт мінезінің мәйегі географиялық ортаның ерекшелігіне орай бейімделе қалыптасатын шаруашылық қалпы. Шаруашылық қалпының халықтың тұрмысын тікейте білу халіне қарай  әлеуметтік өмір көрініс береді. Егерде шаруашылық қалпы халықтың бақуатты өмірін қамтамасыз ете алмаса, онда сол елдің замана биігіне шығуы дүдәмәл болатындығы анық. Түйіндеп айтарымыз, кез-келген білім ұлттық тәрбиенің қуаттылығын күшейтуге қызмет етуі тиіс. Мәселен, «Қазақ» газетінде жарияланған мақалаларда елдік сана, ұлттық намысқа қатысты мәселелер көп көтерілген. «Қайтсек жұрт боламыз» деген мақалада «Жұрт болудағы мақсат осы күнгі тірі жүрген адам баласына ғана емес, кейінгі нәсіл-нәсіп, үрім-бұтақтың кем – қор болмауы үшін керек зат. … Кейінгі буынның ата – бабасы осы күнгі тірі жүрген біздер. …Алла құзырында, тарих алдында біз жауапкер емеспіз бе?!…Алаш тілегіне қарсы болатын кімдер екені белгілі. Бұлар екі түрлі. Бірі – қаны қарайған, ұлт намысы дегеннен бейхабар, жамандықты кәсіп қылып қалған ант ұрғандар. …Бұларға елдің тыныштығынан бүлінгені керек.  Жұрт тыныш болса, мұндайларға абырой жоқ. Осыны олар жақсы біледі. Екінші түрі – ел ішіндегі партия құмарлар. Бұар істеп жүрген істері жұртқа зиянды екенін ойламай, партия қуғанын, «баққа таласып жүрміз» деп адасып жүрген надандар. …әркім бетімен жайылып, «баққа таласып», баяғы Иванға шауып баратын болса, Алаш тілегіне қарсы болды деген осы» [1, 440 б.],- деп жазылып, одан әрі бірлік – береке қылған ұлттың болашағы зор екендігі түйінделіп, халыққа ұғындырылған. Ұлттық намыс болған жерде Алаш идеясының өміршең болатындығы дәлелденген. Көріп отырғанымыздай, мелекеттіліктің дамуына қауіпті нәрселер – қаны қарайған, ұлт намысы дегеннен бейхабар, жамандықты кәсіп қылып қалған ант ұрғандар; партия қуғанын, «баққа таласып жүрміз» деп адасатын надандар.

Қазақ ұлтының ұлттық рухы тұрғысында пайымдау жасағанда, ең алдымен өзiмiздiң ұлт зиялыларының осы мәселе тұрғысындағы тұжырымдарына сүйенуiмiз шарт. Еуропаорталықтанған көзқарастардың жетегінде кетсек, ұлттық рух категориясын кейінгі ұрпаққа ұғындыра алмағанымыз. Ахмет Байтұрсынов «Рух ұлы мақсат, ұлы мұрат үстiнде керек. Жұрт үшiн, көп үшiн құрбандыққа шалынуға даяр болған кезiңде сезiнесiң… рух үшiн қымбат дүние – жұрт қамы, жұрт iсi» [2, 114 б.],-  – деп ұлттық рухтың мазмұнын айқындады. Ал Шәкәрiм ғұлама: «Рух деген дiнсiз таза ақыл, мiнсiздiң iсi шын мақұл. Нәпсi дер рухсыз жандарды» [3, 25 б.],- – деп ұлттық рухтың мазмұнын мiнсiздiк проблемасы арқылы ұғындырды. Естi, парасатты, бiлiктi де бiлiмдi, бiр сөзбен айтқанда, тектiлiк (бұл жерде азаматтың жеке басының тектiлiгiн айтып отырмыз – автор) келбетi жоғары адамды рухы биiк тұлға деймiз. Ұлттық рух тарихымыздағы қазақы келбетпен дәйектеледі.  Елдік сананың тамырын терең жаюы зиялылардың жұрт ісі жолындағы сан-салалалы қызметімен парықталады. Ал, қазақ зиялысының тарих өрісіндегі өзіндік келбеті бар. Зиялылық деңгейiн анықтайтын ұғымдардың негізгісі адалдық десек-те қателеспеген болар едiк. Адалдық – ар қуатының көзi. Ойшыл Шәкәрiм айтқандай – ұждан дәлелi. Шәкәрім ғұлама: Адамдық борышты халқыңа еңбек қылып, ақ жолдан айнымай, оны ар сақтау қажеттігін тереңнен түсіндірген еді.

Алаш зиялылары халықты шындықпен тәрбиелеп, ақиқаттан ажырамауға шақырды. Ақиқат дегеніміз талқылауға келмейтін әрі адамның жетегінде жүрмейтін категория. Адам баласы керісінше ақиқаттың жетегінде жүруі тиіс екендігін де зерделей білуіміз қажет. Ақиқатты ақыл көзімен көре білгендер шындықтан ажырамайды. Ал, шындықтың жалынан айрылмаған жандар ақиқаттан адаспайды. Ақиқаттан адасу адам боласын ессіздікке итереді. Ессіздік ақылдан адастырып, арды арамдыққа апарып былғаныш етеді. Міне, осы тұста нағыз трагедия басталады. Ар ілімін аяқ асты еткендер елдік сананың іргесін өз қолдарымен сөгетіндер. Арамға былғаныш болған ардың адалдануы екі талай. Бұл мәселені Шәкәрім қажы

«Қазақтың көзсіз баласын,

қаңғытып қайда барасың?

Арыңды сатып арамға,

Адалдап қалай аласың?»[3, 38]-

деп төтесінен қойған еді. Ұлт зиялылары түзу діни білімнің арқасында ақиқатты өмірлік ұстаным еткен-ді.

Міржақып Дулатұлы «Қазақ зиялылары» деген мақаласында «Адамның алдымен адам сипаты болуы шарт. Өзінен басқаның тілегін тілей алмаған, арын, иманын қара басының пайдасы үшін қысқа күнде қырық сататын соғылғандардан қаны тамып тұрған ұлтшыл артық. Бірақ, біздің қазақтың ұлтшылдары өзге жуан елдердің ұлтшылдарындай емес екені бәрімізге белгілі. Бізді ұлтшыл қылған нәрсе – біздің кемдікте, қорлықта жүргендігіміз еді… » [4, 54 б.], – деп жазған-ды. Қазақ зиялыларының басты ерекшелігі бәрінен де адам мәселесін жоғары қойғандығы еді. Қазақ зиялылары ұлтшыл деп ұлтын сүйген адамды зерделеді. Міржақып Дулатұлының: «Шынын айтқанда, кү­ні кеше бәріміз де ұлтшыл емес пе едік? Қазақ оқығандарының ең әуелгі тобы ұлтшылдар емес пе еді? -деп жазғаны тарихи шындықты көрсетеді. Ұлтшылдық түсінігін кеңестік билік тұсында қалыптасқан «үлгіге» салудың еш қисыны жоқ. Нағыз ұлтшылдарды тамырынан қиған, ұлтсыздандыру саясатының зардабынан толық арылу үшін ұлтшылдықты өз мәнінде қайта жаңғыртудың қажеті артып тұр. Ұлтшыл деп өз ұлтына қалтқысыз қызмет ететін, өзге ұлттарды өзіндей қадірлейтін адамды айтамыз. Ұлтшылдықты дұрыс ұғынсақ, зиялылардың қызметін де бағалай білеміз.

Тарихшы ғалым М.Қойгелдиев жазғандай:  «…біздің қазақ ұлтшылдығының негізін қалыптастырған тағы да – Әлекең. Қазақ ағартушылығымен бірге, қазақ ұлтшылдығы да өмірге келді. Бұл да қажеттіліктен туған нәрсе болатын. Мысалы, кез келген ұлттың ағартушылық кезеңінде ұлтшылдық ағымы қалыптасады. Қазақ ұлтшылдығының қалыптасуы да – ХХ ғасырдың басында қазақ ұлтының дұрыс даму жолына түскендігінің көрінісі. Ал Ресейдің патша өкіметі мен одан кейінгі Кеңес өкіметінің идеологиялық орындары өз құралдары арқылы бас көтерген ұлтшылдыққа мүлдем басқаша мазмұн-сипат беруге тырысты» [5].

Зиялылық түсінігіне кең мағынада қараған жөн. Нағыз зиялы ұлтын сүйеді. Оны қазақы түсінікпен ұлтшылдық қалып деп те атаймыз. Мағжан Жұмабайұлы «Ойлау» мақаласында ойлаудың ұғымдардан жасалатындығын, ең жалпы, ең жоғарғы ұғым категория деп аталатындығын тереңнен түсіндірген еді[6, 151 б.]. Мәселен, естілік, елдік, ерлік, даналық пен даралық, ұлтшылдық ұғымдарын өрімтал жас өз деңгейінде ұғына ала ма? – деген де сауал еріксіз туындайды. Оларды өз биігінен түсіну үшін билердің, жыраулардың, Абай, Шәкәрім, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Жүсіпбек және өзге де ұлт зиялыларының шығармашылығымен терең сусындау қажет. Қазіргі таңда Алаш идеясын жас ұрпақ санасына тереңнен сіңірудің қажеттілігі де артып-ақ тұр. Бұлай дейтін себебіміз, Алаш рухы дегеніміз қазақ рухы, демек қазақ иісі аңқыған ұрпақты тәрбиелеу ісі. Алаш идеясы дегеніміз қазақ ұлтын өміршең қылудың қазығы, қазақ болмысын зерделейтін тағылым, әрі талай ұрпақты естілікке, елдікке, ерлікке, даналық пен даралыққа тәрбиелеудің соны үлгісі.

Жүсіпбек Аймауытов «Абай» журналының 1918 жылдың 2 қазанында жарияланған «Ұлтты сүю» деген мақаласында ұтшылдық туралы былай деген еді: ««Өзіңе тілегенді біреуге де тіле», «адам баласын бауыр тұт» деген көркем тілек далада қалып, тұрмыс күресі, қанішерлік майдандап тұр. Ұлты үшін құрбан болуға шыдағандық – ұлтшылдықтың осы күнде ең берік ережесі.

Зорлық, қиянат, қанішерлік жоғалып, бір заманда адам баласы бірін бірі маңдайға шертпейтін, жер жүзіне ұжмақ орнайтын шақ бола ма? Жоқ па? Белгісіз болса, алыс. Өзі көксеу – тәтті қиял; заман көксететін емес. Ендігі мақсат – аяқ астында қалмай, тырбанып тырна-қатар ретке кіру, дүние жүзінен жоғалып кетпес қамын қылу. Ұлтын шын сүйіп, аянбай қызмет қылған азаматы көп жұрт күшті, өнерлі, білімді жұрт болып, күресте тең түсіп, басқаларға өзін елетіп отыр. Ұлты үшін құрмет қылмай, бас қамын ойлап жүрген азаматтардың елі артта қалып отыр. Ұлтшыл жұрттар, әне, Германия, Япония, Англия, Түркиялар, олардың баласы жасынан «ұлтым» деп өседі. Есейген соң бар білімін, күшін өз жұртының күшеюіне жұмсайды. Олардың әр адамы – мемлекеттің керегі, қызметкері». Қазақ зиялыларының ұлтшылдық қалпы өзгелерге өзіндей қараған  адами көзқараспен түйінделеді. Алаш зиялылары жазғандай: «…Теңдік жолында адам дәрежесі кім болса ол болсын тең боларға тиіс. Түрі, діні, тілі, тегі, күші, ісі, әл-ауқаты бірдей болмағанмен адам баласының адамдығы бірдей. Дінсіз болсын, тілсіз мақау болсын, тексіз құл болсын, малсыз жарлы болсын адам емес деп ешкім айта алмайды. Адам болған соң адамдық дәрежесі бірдей болуы тиіс» [1, 350 б.]. Бұл жолдар қазақы болмыстың табиғатын ашып тұр. Қазақ болмысына қатысты анықтаманы Алаш зиялыларынан асып ешкім де бере алмайды. Сонымен, біздің ойымызша елдік сананың басты көрсеткіші – адамның ұлтын сүю қасиеті. Әлихан Бөкейханұлы  жазғандай: «Оқу-білім болса, мақсат бәрі табылады дегендей көрінеді. Бұлай болса, ол – адасқандық. Біліммен мақсат шықпайды. Ібіліс жұмақтан білімсіздігінен қуылған жоқ, имансыздығынан қуылды. Ұлтына, жұртына қызмет қылу білімнен емес, мінезден».

Ал, ұлтты сүюге жетелейтін түзу тарихи білімнен өрілетін тарихи сана. Біздің тарихи жадымыз ауызша тарихпен ұрпақтан-ұрпаққа берілген еді. Алаш зиялылары айтқандай тарих түзушіліктің кітабы. Келешек күннің қандай болашағын білуге тарих анық құрал болады[1, 16 б.]. Кеудесі қазына бабаларымыз ауызша тарих арқылы елдік сананы өрімтал жастың жүрегіне  жеткізіп, санасына сіңіре білген еді. Ал, қазақтың тарихына өзгенің көзілдірігімен қарағандар қаламынан туған төл тарихымыз елдік санаға қызмет ете алмады. Қазақ тарихының бұрмаланбауы үшін Алаш зиялылары «Қазақ» газеті беттерінде ғылыми мақалаларын жариялады. Алаш түсінігін талдауға ерекше мән берді. Өйткені, Алаш атауының қазақ өмірінде, бүгінгі тілмен айтқанда, идеялық тұрғыдан маңызы зор, ал өткеннің түсінігімен айтсақ, қазақ үшін қасиеті зор болды. Халқының жанын ақылмен ұғынған хандар, батырлар, билер және басқа да зиялыларымыз Алаш сөзінің мәнін ұғынды, ұлттық идеяға қызмет етті. Нәтижесінде Мағжан ақынның:

Алты Алаш Абылайдай арғымағын,

Алаштың аруағына пар қылатын.

Бетіне Абылайдай ардагердің,

Келуді алты алашқа ар қылатын, –

деген жыр жолдары тарихта қалды[6, 150 б.]. Жалпы, қазақ баласы қасиет пен кие, обал, сауап ұғымдарына ерекше мән берген-ді. «Мен киелі Алашпын» – деген мағынадағы жыр жолы ұлт зиялылары өлеңдерінде тым жиі кездеседі.  Алаш зиялылары алаш идеясын халық жанынан ажыратпау үшін қазақ тарихының теориялық-әдістемелік мәселелерін қамтыған мақалалар да жазды. Мәселен, Міржақып Дулатұлының «Қазақтың тарихы» атты мақаласында қазақтың тарихына қатысты арабша, түрікше, орысша кітаптарда тұщымды тарихтың жазылмағандығы дәйектелген. Ресей империясының қазақ пен қырғызды айырмауының түпкі мәнін зерделеп, «…Орыста бұрын атқа міну қажеті болмаған. Осы күнгі хохолша сиыр жегіп, өгіз мініп күн көрген… Салт қызмет етіп, біздің қазаққа ұқсаған соң, «казачье» атанып кеткен. Орыстың атты ғаскері «казак» атанғандықтан, біздің қазақ атынан айырылып, «қырғыз» атанып жүрмекші емес. Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ. Осы ғасырдағы ғылым жарығында қазақ көзін ашып, бетін түзесе, өзінің қазақшылығын жоғалтпағандай және өзіміздің шарқ ғадетіне ыңғайлы қылып «қазақ мәдениетін» құрып, бір жағынан қазақ әдебиетін тұрғызып, қазақшылығын сақтамақшы»,- деп жазған еді[4, 194 б.].  Ал, «Қазақ» газетінің 1913 жылдың 22 наурыздағы №7 санында Түрік баласы жазған «Қазақтың тарихы» деп аталатын мақалада төмендегідей деректер жазылған: Жошы ұлысында алты ру болғандықтан «Алты Алаш» болады. «Алаш» деген сөздің алғаш мағынасы – Отан кісісі (соотечественник) деген сөз болады…. Және қазақта «Алаң келе ме, Алаш келе ме» деген бір мәтел сөз бар. Сондағы Алаң – шет елдің кісісі, Алаш – Отан кісісі мағынасында болады». Осылайша, Алаш зиялылары қазақ тарихына қатысты ұлттық болмысқа сай көптеген мақалалар жариялады. Қожа Ахмет Иассауи, Абай сынды тарихи тұлғалар тұрғысында қалам тербеді. Мақсат-ұлттың рухын көтеру. Тарихи санасын биіктету.

Алаш зиялыларының еңбектерін зерделегенде ұлттық рухтың қуатын көреміз. «Біз суды теріс ағызған атаның баласымыз» (Міржақып Дулатұлы айтқаны – автор) деген жолдар ата- бабаларымыздың биік рухын, рухани сүрлеуден адаспауды меңзейді. Сол рухпен қаруланған өткен ғасыр басындағы ұлтын сүйгендер үш жүздің баласы бәрің де қазақсың, атақ үшін баратын жол бұл емес (билік мәселесін айтып отыр), деп халықты түзу тәрбиеледі.

Түзу діни сана мен білім елдік сананы биіктетуге қызмет етеді. Ахмет Байтұрсынұлының «баланы ұлша тәрбиелесең ұл болмақшы, құлша тәрбиелесең құл болмақшы» – деген даналығы немесе «елде жоқ рух ақын сөзінде қайдан болсын» [2, 56 б.] – деген шындығы зерделі жанға жақсы таныс. Ал, Әлихан Бөкейханұлы «Рамазан айы жақындау тақырыпты» деген мақаласында: «Садақаны халық мұқтаждығына жұмсау ісін ұғындырады: «Алла тағала құран кәрімде пайалы орынға өздеріңнің сүйген нәрселерің мен малдарыңды шығармай тұрып ізгілік, жақсылық деген нәрсеге жетісе алмайсыңдар деп бүтін адам баласын шын көңілімен ұлт ісіне қызмет етуге қызықтырады. … Әр нешік мұндай парыз, уәжіп садақалар бір кісінің пайдасына ғана емес, бүтін ұлт пайдасына беріледі. Ол ұлт пайдасы мектеп, медресе сияқты жұрттар салып, бала оқыту секілді істерде табылады» [1, 307 б.], – деп Құран кәрімде баянды етілген садақа орындарын халыққа түсіндірген. Әлихан Бөкейханұлы сынды зиялыларымыз дәстүрге негізделген  мұсылманшылықтан ажырамауға күш салды. Қошке Кемеңгерұлы тұжырымдағандай: «Үкіметтің қара қуғын жасаған күндерінде, айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей ғана азаматтың тобы болды. Бұл топты баулыған Әлихан. Әлиханның қазақ еліне істеген тарихи қызметі: әдеби тіл тууына себеп болды, өзіне ерген топты діни фанатизмге қарсы тәрбиеледі. Бұдан барып татардан іргесін аулақ салған қазақ ұлты туды»[7, 44 б.].

Ахмет Байтұрсынұлы «Бастауыш мектеп» атты мақаласында бастауыш мектеп қандай болу керек? – деген мәселені көтеріп, «…бастауыш мектептер оқуы қазақ үшін бес жылдық боларға тиіс. Әуелгі үш жылда балалар кілең қазақша оқуы тиіс. Соңғы екі жылда кілең орысша оқу керек»[1, 100 б.],-дей келе қазақ балаларының тегіс оқуы жөнінде құнды пікірлерін тұжырымдайды. Орыстандыру саясатына тікелей қарсы пікір білдіре отырып, қазақты жазуынан, дінінен ажырату «үкіметке» орындалмайтын дүние екендігін ескертеді.

Елдік сананың тамырлануы саяси элитаның қызметіне қатысты айқындалмақ-шы. ХХ ғасырдың басында Алаш зиялылары ұлтына пайдалы адамдардың бейнесін былайша сомдаған-ды: Ақ жүрек таза болса. Жұртты я сатып, я алдап кетпейтін болса. Халық үшін ерінбей қызмет етерлік, екі талай жерде жанын қиярлық ер жүректі болса. Өз пайдасынан жұрт пайдасын артық көретін болса. Саясат ісіне жетік болса. Білімді, шешен, көсем, оқыған болса. Халықтың қалпына, салтына, тұрмысына жете таныс болса. Міне депутат болуға осындай адамдар лайық [1, 413 б.]. Сонымен қатар, билікке ұмтылу атақ үшін қылатын іс, жолым кетті деп өкінетін жол бұл еместігі, әркім жақынына, облысына, уезіне, ұранына тартса ұлттың болашағы күмәнді болатындығы да Алаш зиялыларының назарынан тыс қалмады.

Елдік сананы халықтан ажырататын бөлінушілік. Ұзақ ғасырларға созылған отаршыл саясат зардабынан руға, жүзге, жерге бөліну тамыр жайды. Алаш зиялылары «бөліп ал да, билей бер» саясатына қарсы күресті. «Үш жүздің баласы бәрің де қазақсың. Алған бәйгең қазақтікі болады, алдарсың да, қазақты алдырасың. … жақсы болу үшін депутат болу шарт емес. Депутат болу үшін жақсы болу шарт. .. біздің қазақ алаштан шыққан жүйрікке үкі тағу керек. Соның тілегін тілеу керек…»[1, 413 б.], – деген мазмұндағы жолдар сөзімізге дәлел. Өрімтал жас атақтың адамға жолдас болмайтындығын әріден ұғынып өсуі шарт. Атаққұмарлық – мәдениеттің қас жауы. Қызылдар ылаңының «мұрасы» болып қалған «рушылдық, жүзшілдік, жершілдік» секілді тексіз қылықтар қазақ мәдениетіне жат екендігі даусыз.

Сонымен, елдік санасы биік ұлт қызметкерін тәрбиелеу үшін тарих тағылымын  жас ұрпақ бойына сіңіру қажет. Тарихқа философиялық көзқарас арқылы, тарих, тұлғалар даналығы арқылы өскелең ұрпақ елшіл болып қалыптаспақ. Ақиқатына келгенде, жеке адамның атағы уақытша, ал ұлтқа қызмет еткен істің ғұмыры ұзақ, тіпті мәңгілік деп те айтуға болады. Мағжан ақынша айтқанда: Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған, Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас. Шәкәрім ғұламаша түсіндірсек: Жоба тап, Жол көрсет, Келешек қамы үшін…. Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң –Шын бақыт, Осыны ұқ, Мәңгілік өлмейсің![3, 78 б.]. Ел мен ер бірін-бірі жетелейді. Елсіз ер шықпас, ерсіз ел алысқа шаппас.

Ұлт ісін жөндеу ісін Алаш зиялылары айтқандай «Жұрт ісінде кімге де болса жұмыс табылады. Жұрт жұмысының жөні, мақсаты бір, істеу жолы түрліше. Соның әр түрін әркім қолға алып жұртқа керек жөнімен мақсатқа қарай жүргізу керек» [1, 254б.].

Пайдаланылған әдебиет тізімі:

Қазақ/ Құраст. Субханбердина әне т.б.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»,1998.- 560 б.

Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш.-Алматы: Атамұра, 2003.-208 б.

Құдайбердіұлы Ш. Иманым.-А., 2008.-150 б.

Елім деп соққан жүрек /Құраст. Күзембаева В.Қ. А., 2002.- 362 б.

Қойгелдиев М. Ол ақырғы деміне дейін адал болды. //Аңыз адам.-2011.- №20(32).-15-16 бб.

Жұмабаев М. Көп томдық шығармалар жинағы.- 1 том.-Алматы: «Жазушы», 2008.-208 б.

Кемеңгерұлы Қошке Қазақ тарихынан.-Астана, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ типографиясы, 2015.-324 б.

Құралай Қуандыққызы, Тарих ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті

Abai.kz

АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫ ДІНГЕ ҚАЛАЙ ҚАРАДЫ?
Қазір мемлекетшілдікті аз ойлайтын, ел туралы сөйлегенде қисынсыздыққа жиі жол беретін сабаздар отандық дін тарихын бұрмалап түсіндіріп жүр. Әрине, өкінішке қарай! Кеңестік қиын жылдары данышпан Мұхаң – Мұхтар Әуез амалсыз айтқан «Абайдың діні – ақылдың діні» деген тезисті қате долбарлағаннан шыққан «дін басқа, ақыл басқа» деген бейдауа пайым қазақ қалаларындағы мінберлі орындардан жырақ кетпеді. Таяуда алмаған атағы, отырмаған қызметі қалмаған ақсақал жасындағы бір академик осылай деп тұр. Бұл – ғылым сөзіне пародия ғой.

Тағы да бірер мысал. Неге екенін білмедік, абайтанудың қазіргі қайсыбір мамандары Шығысты, дана ақынның діншілдігін ауызға ала отырып, «Қазақ жеріне ислам күшпен келген, ол ескі жәдігерліктерімізді түгел жойды» деп, түйеден түскендей қойып қалады. Дәл осы сөз санамызға «әке-шешем бекер үйленген, мен одан да жақсы адамдардан туатын едім» дегендей болып қабылданады. Қазақстан философ-ғалымдарының мақала-еңбектерін қараңыз: «тәңіршілдік дін» дегеннен көз сүрінеді. Байыптап көріңізші, айталық, ертедегі түрік дәуірінде бабаларымыз бір мезгілде көкке, айға, күнге, отқа, суға т.б. табынды. Сонда, «тәңіршілдік дін» қайда? Қазір бәріміздің көзіміз ашық, мұны ғылымда «пұтқа табыну» немесе «мәжусилік» дейді. Сол кезден ауысып, Абайға жеткен Тәңір сөздік ұғым ретінде Алланың балама атауы ғана болып тұр (парсыдан енген Құдай сөзі сияқты).

Отандық гуманитарлық ғылымның тісі бата алмай жүрген әйгілі Қарахан дәуіріндегі исламдық түрік құндылықтарын былай қойғанда, Асан қайғыдан Абайға дейінгі көркем сөзіміз, руханиятымыз дін қуаттайтын ғылыммен, таныммен суарылған. Алайда, ел қорғау, қилы жорық пен күрес, отаршылдық азап дәуірінде «ойпаң жерге он отау, қыраң жерге қырық шатыр» тігіп, мешіт-медресенің шуағын шашатындай, дінді билік пен ақылдың жолбасшысы ететіндей уақыт болды ма?.. Сөйте тұра, «мұсылман мен кәуірдің арасын өтіп бұзып дін ашқан» алаш баласы аз шықпағанына тарих куә. Алайда шындықтың аты – шындық, Көкбай ақынның дерегіне қарағанда, хакім Абай «Мысырдан төте жолмен оқу шықты, Сол қашан келеді деп шөлдеуші еді». Бұл – әу бастағы ғылымы мен білімі мықты исламға қайту және оны жаңаша серпілту (жәдитшілдік) жолы еді. Қазақ даласына бұл соқпақ Қырым татары Ысмайыл Ғаспыралының (Исмаил Гаспринский) «Тәржіманы» арқылы тартылды. Алаш қайраткерлері Батыс пен Шығысты тең тұтқан, ғылыми исламды өмірінің мәніне айналдырған Исмаил Гаспринскийдің шекпенінен шықты.

Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейхан 1910 жылы  императорлық Ресейдің  көптомдық тарихнамасында жариялаған «Қазақтар» атты еңбегiнде мынандай мәлiмет келтiредi: Ақмола облысының бiр мұсылман азаматы  дiнiмiздi түгенше деген священник қорлады деп Омбы Архипастырына арыз жазады. Ал, бұл дiни орын: «Батыл арызқой қазақ Түркияда емес, православ-христиан дiнiндегi Ресейде тұратынын ұмытқан екен. Өзгерiссiз қалсын!» деген қарар қабылдайды. Әлихан бүй дейді: «Мен қазақтарға Л.Н.Толстой туралы айтып берiп едiм, олар қобдиынан әлгi қарарды шығарып, «сiрә, Толстойыңыз орыс емес, мұсылман шығар, әйтпесе, орыс дiнiне пiкiрiн бiлдiре алмас едi» дедi».

Ә.Бөкейхан еңбегiнен  қазақтар тұңғыш рет патша өкiметi саясатына қарсы прокламацияны (1905 жылғы Петициядан әлдеқайда бұрын) 1902-1903 жылдар шамасында жазғанын бiлемiз. «Қазақтың бiрiншi прокламациясында орыс өкiметiнiң ислам дiнiне  жасап жатқан зорлығы мен христиандандыру саясатына бiр кiсiдей қарсы тұруға шақырды. Бұл идея прокламацияда жалаң айтылмай, орыстандыру саясатына байланысты нақты фактiлермен дәлелденген. 1902 жылдан ендiрiлген «крестьян начальнигi» жүйесiне, елдегi ресми мектептердегi араб тiлi мен жазуын қолдануға тыйым салынуына қарсылық бiлдiрген. Өтiнiш қанағаттандырылмаған соң, халық прокламация авторлары айтқан имансыз шаралардың жүзеге асатынына көзi жеткен», – деп  көрсетедi Әлихан. Осы зерттеуiнде Ә.Бөкейхан 1903 жылдан бастап дiндарлар қуғындалды, кiтаптары тәркiлендi деген кейiнгi Садуақас Ғылмани  жазбасын толық растайтын дәлел келтiредi.

Алаш баласына үлгілі Науан хазіреттің тарихи орнын орыс үшiн  Ломоносов қандай болса, қазақ үшiн сондай деген Әлихан: «Прокламацияға байланысты қазақтың әйгiлi игi жақсыларын, молдалары мен жаңаша оқыған мұғалiмдерiн алғаш рет саяси тұрғыдан  ресми тiнтiдi. Кiтаптары, хат-жазбалары тәркiлендi. Бiрақ, оларды 2-3 жылдан соң азаттық күндерi қайтарып бердi. Наурызбай (ел оны құрметтеп сыпайы атпен Науан дейдi) Таласұлы шәкiрттерiмен бiрге жер аударылды», – деп жазады. Күрделi кезеңнiң зиялылары, Ә.Бөкейхан пiкiрiнше, 1905 жылы 17 сәуiрдегi «Сенiм төзiмдiлiгi туралы» Жарлықтан соң көзқарас-тұжырымдарын ашық бiлдiре бастаған.  Қайраткер ұлт оқығандарын екiге бөледi: бiрi – «батысшылдар», олар орыс әдебиетiн оқып өскендер, батыс мәдениетiмен халқын ағартқысы және көркейткiсi келгендер, дiндi екiншi кезекке қоюшылар, 17 сәуiр жарлығына үмiт артушылар; екiншiсi – «түрiкшiлдер» (тюркофильдер), бұлар – дiндi бiрiншi кезекке қоюшылар, ғылым-бiлiм мен дiндi бiртұтас деп қараушылар, дiндiк бiрлiк пен ұлттық бiрлiктi тең көрушiлер. Әлихан осы екi топтың соңғысының қатары көп деп көрсетедi. Бұған қосымша ол: «Қазақ даласындағы орыстандыру саясатының осы кезге дейiн жалғасып келуi мұнда батыс ағартушылығы мен мәдениетiне салқын көзқарас туғызған», – дейдi.

Жоғарыдағы Ә.Бөкейхан ойларынан мынандай тұжырым жасауға болады: бiрiншi, 1905 жылдары, тiптi бiз шартты түрде межелеген  1911 жылға дейiн қазақтың оқыған қауымы (Әлихан да бiр сөзiнде шығысша оқығандардың есепке алынбай жүргенiн ескертедi) әрi-сәрi күй кешкен, iзденген; екiншi, басымдылық табиғи түрде Шығыс, яки, ислам жағында болған. Осы тұжырымды мысалмен де дәлелдеу қиын емес.

Мұсылмандық ағартушылыққа түсiнiспеншiлiкпен қараған Ә.Бөкейханның саяси-қоғамдық қызметi мен саналы ғұмырындағы әрiптестерi мен пiкiрлестерiнiң iшiнде Ә.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлының орны бөлек. Ендi, осы тұлғалардың алғашқы «Оян, қазақ» пен «Қырық мысал», кейiнгi  «Маса» мен «Азамат» кiтаптарын  алып қарайық. Мұның қай-қайсысы да халықты ағартуға, оятуға бағыт ұстаған. Ешқайсысы дiнсiз де өмiр сүремiз демейдi. Қайта дiндi сақтауды ұлтты  сақтаумен  тең қарайды. Ахметтiң «Маса» еңбегiне енген «Жиған-терген» өлеңiнде: «Молдаларда не ғамал?..» – деген сұрақ бар. Сұрақтың дәл осылай қойылуы және оған қайтарылған жауап А.Байтұрсынұлының исламға әл-Маржани, И.Гаспринскийше қарағанын, жәдитшiлдiктiң қазақ нұсқасын қалыптастыруға жұмылғанын көрсетедi. Ал, М.Дулатұлы «Үлкенiмiз қадимлыққа жазылып, Жәдит деген партияда жас болдық», – деп бұл ағымды қолдау қажеттiгiн ашық айтады. Әйткенмен де, осы қайраткерлердiң жәдитшiлдiгiнде дабыра да, дақпырт та жоқ, түсiндiру ыңғайындағы дабыл және өз халқының жағдайына сәйкес iс бар. Бұлардың жәдитшiлдiгiнiң зайырлығы басым.

Жәдитшiлдiктi үйрену негiзiнен тiкелей И.Гаспринский еңбектерiн және Қазанның жаңаша оқығандарының газет-журналдарда жариялаған мақалалары мен  жазған оқулықтарын  пайдалану арқылы жүзеге асты. Дәл қазіргі күнi Қазақстан Ғылым академиясы Орталық Ғылыми кiтапханасы мен Ұлттық кiтапхана қорында И.Гаспринскийдiң “Ходжа-и сыбян” атты әлiппесi (Бақшасарай, 1892 және 1902), “Адәб-и Шаркия уа адәб-и ғарбия” атты эстетика туралы кiтабы (жылы  көрсетiлмеген), “Кутиб-хана-и жәдидә” атты библиографиялық-анықтамалық сипаттағы еңбегi (Бақшасарай, 1902), “Мәшһүр пайтәхләр” атты тарихи-жағрафиялық анықтамалығы (Бақшасарай, 1901), “Мубад-и тәмәддән исламиян Рус” атты Ресей мұсылмандары мәдениетiнiң   тарихы туралы зерттеуi (Бақшасарай, 1901), “Мир Али Шер Науаи” атты ғұмырбаян очеркi (жылы белгiсiз), “Насихат тиббия” атты дәрiгерлiк (медицина) хақындағы жиған-тергенi (жылы белгiсiз), “Татар хаятидан мең икнче кича” атты кiтабы (Бақшасарай, 1907), “Тарих әғләмәт уа ихтирәғәт” атты iрi тұлғалар мен оқиғалар туралы еңбегi (жылы белгiсiз), “Түркстан ғалимасы” атты ғұламалар жөнiнде танымдық еңбегi (Бақшасарай, 1900), “Хукәмай-и ислам” атты мұсылман философтары хақында, “Хукәмай-и юнан” атты грек философтары туралы еңбектерi (жылдары белгiсiз), “Кырык еди хәдис шәриф” атты жинағы, “Хатунлар дүниясы” атты кiтабы (Бақшасарай, 1905), “Кадинлар” (хатун – атақты әйел, кадин – жалпы әйел делiнген) атты кiтабы, “Крылов тәмсиләтидән тәржумәләр” атты аудармасы, “Зорәки табиб” атты 3 актiлi комедиясы, “Дар-ур-Рахат мусулманлары” атты көркем шығармасы (бiр зерттеушiлер повесть десе, ендi, бiреулер роман дейдi) сақталған. Нақты  айтуға болатын нәрсе: осы еңбектер әуелгiден Қазақстан жерiне жеткен (кейбiр кiтаптарда Қызылжарлық мұсылман азаматтарының  мөрi басылған), яғни, кiтапхана кейiн  сатып, яки, ауыстырып алған дүниелер емес.

И.Гаспринскийдiң осынау оқулықтары, танымдық кiтаптары, ағартушылық аудармалары және Ресейлiк түрiк дүниесiндегi алғашқы һәм бағыты жүйелi «Тәржiман» газетi – қайраткердiң «Орыс мұсылмандығы», «Орыс–Шығыс келiсiмi» еңбектерiнде айтқан арман-мүддесiнiң үдесiнен шыққанын көрсетедi. Мысалға әйгiлi «Түркiстан ғұламасын» («Түркстан ғалимасы. Туркстәнда етишiн ғафан уа машайық дин бағзалары», Бақшасарай: Тәржiман, 1900) алайық. Осы кiтабының алғысөзiнде И.Гаспринский: «Бiз Түркiстанда туып-өскен ғұламалар туралы бiлмеймiз. Кейбiреулер «мұның керегi не?» деп қарайды. Оқыған азамат бұлай демесе керек. Сол үшiн Түркiстан мен Мауренахрда туған атақты ата-бабамыз туралы мәлiмет берудi көздедiк. Еуропа ғылымы өсiп өркендедi, бiз қалып қойдық. Сондықтан, кемiстiктi толтырып, мағлұмат берудi қаладық», – деп жазады.

Енді аса көрнекті ағартушы топтастырған Түркістанның тарихи тұлғаларына көз салыңыздаршы:

Түркiстанның аса бiлгiрлерi

Шах Нағышбәнд

Шайых Нәджiмеддин Кубра

Ғабдул Халық  Ғаждауани

Ғали Рамадини Бұхари

Ғазиз Нәсiфи

Шайх Ибрагим Бәдахшани Нахшәбанди

Шайх Масғұт Бұхари

Муаиаддин Жұмди

Мәуләна Шайх Саддридин Кунуи

Iзбасарлары

Әбiлқасым Мұхаммәд бин  Ғұмар Әззамхажари

Мәуләна Кәшiғи Сәбзауари

Мәуләна Жамалиддин Әбу Ғабдулла Бәлхи

Мәуләнә Шайых Шағабуддин

Әбулләйас Самарқанди

Әби Хафас Ғұмар Әннасфи

Имам Әбумансұр Матриди

Мәуләна Шайых Ғәли әс-Самарқанди

Әбу Хафиз Ғұмар  бин Ысхах  бин Ахмад әл-Ғазнауи

Хафизуддин Әбулбәракат  Ғабдолла бин Ахмад бин Махмұт ән-Нәсфи

Түркiстанның атақты хадистанушылары

Әбу Ғабдулла Мұхаммед бин Исмағил әл-Бұхари

Мұхаммед бин Ғайса Термези

Ибраїим Шәкистани

Әбу Ғабдурахман Ахмад бин Шұғайып ән-Нәсаи

Исмағил бин Мүсiлiм Шәкани

Имам Ахмед бин Ханнбал

Әбу Мұхаммад Ғабдулла  бин Ғабдрахман Дирами

Әбу Бәкiр Шаши (Тәшкенди)

Әбу Бәкiр Ахмед бин Мұхаммед әл-Хорезми

Түркiстанда туған сөз өнерi бiлгiрлерi (идеологтар)

Әбу Мансур Матриди

Мәуләна Бахаи Хорезми

Әбулиляс Самарқанди

Мәуләна Ғабдулла бин Масғұт Бұхари

Ғабдулла  бин Ғұмар  бин Ғайса Абу Саид Дәбуси

Садру Шариха Ғабдулла бин Масғұт  Һарум

Әмiр Кәтiп ибн Ғұмар әл-Ғамиди

Түркiстанның әдебиет ғалымдары

Әбу Насыр Исмағил  бин әл-Хамади әл-Жауһари

Сираждин Юсуп Әскаки

Ғұлама Махмуд Ғазнауи

Әбу Ғабдулла Мұхаммед бин  Ғали Термези

Әбу Ибраїим Фараби

Мәуләна Хасан Сәбзауари

Раишддин Утуат Бәлхи

Насыр бин Ғабдусағит бин -Ғали әл-Матарази

Әбiлқасым Бәлхи

Түркiстанның атақты шайырлары

Хакiм Сәнәи Ғазнауи

Шах Бадахшани

Сағир Фариаби

Фатаул Хорезми

Кәмаладдин Жұманди

Шәукат Бұхари

Сұлтан Хұсайын Байғара

Ғали Шир Науаи

Әсiреддин Ахастаки

Сейфуддин Есфарани

Мақтұмқұли

Мәуләна Лұтфи

Әбулфаттах Бәсти

Әмiр Хұсрау Дәхлауи

Мұхаммед Салих

Түркiстанның  хакимдерi мен тәбиптерi (дәрiгер-емшi)

Ибн Сина

Фараби (Мұхаммед бин Мұхаммед бин Узлах бин Тархан) аты   Әбунасыр

Хожа Фахреддин бин Әухади Сәбзауари

Хаким Әзрахи Маруаи

Бәдреддин Самарқанди

Нәжибуддин Әбу Хама Самарқанди

Ғабдраман  әл-Хасан әл-Хатан әл-Марзауи

Әбдi Ибраһим Гургани

Шариф Шарафуддин

Әбулғаббас Ахмед бин табип Сархажи

Түркiстан ғарышшылары (астроном)

Әбу Махшар Бәлхи

Мұхаммед бин Мұса әл-Хорезми

Ахмед бин Ғазир Фәрғани

Мұхаммед бин Мұхаммед Жағмини

Мәуләна Ғали Құсшы

Шамсуддин Самарқанди

Әулат Шах Темурден  Ұлығбек

Мұхаммед Ходжанди

Ғали ибн Мажур және оның ұлы Абулхасан

Ғабдулла бин Сағил әл-Фарғани

Әбу Райхан  әл-Бируни әл-Хорезми

Түркiстанда туған  тарихшылар мен жағрафияшылар

Ғиясудин Мұхаммед

Хафиз Абру

Жамаледин Ғатаулла Низабури

Әбу Сағит Самғани әл-Маруази

Ахмед бин ат-Табип ас-Сархи

Ғали Құсшыы

Ғабдуразах Самарқанди

Әбу Жағпар Мұхаммед Мұса әл-Хорезми

Мир Ғабдулкәрiм Бұхари

Түркiстаннан шыққан  исламның фикх (шариғат туралы iлiм) ғұламалары

Әбу Матфах Балхи

Кәкiм ас-Шаид Әбул Фазыл Мұхаммед бин Мұхаммед Ахмед әл-Маруа

Әбул Қасым Сафар Балхи

Шәмсул Има Сарахи

Фахруддин Ғали Яздауи

Бурханиддин Мир Ғанани

Нәджумуддин  Әбу Хафиз Ғұмар бин Махмұт Ахмед ән-Насфи

Зейнуддин Гәтаби Бұхари

Мiне, осы тұлғалардың бiз келтiрген ұзақ тiзiмiнен  И.Гаспринскийдiң қаншама iзденгенiн байқауға болады. Әрине, ол есiмдердi құрғақ атамай, бұлардың нендей iс атқарғанын және Шығыс ғылымында қандай орны барын жазды. «Орыс мұсылмандығында» айтқандай, И.Гаспринский түрiк жұртына қарыштай дамуға негiз, яки, құнарлы топырақ барын жақсы аңғарған. Бiздiңше, ХХ ғасыр  басындағы жәдитше медреселерде ағартушының «Түркiстан ғұламасы» сынды танымдық еңбектерi шәкiрттерге оқуға ұсынылған. Азаматтық тарихымыздан мәлiм жай, Абайға дейiн де, одан кейiн де қазақ оқығандары өзiне етене Шығысты меңгеруге ұмтылған, мұның дүрiлдеген шағының үзiлiп қалғанына өкiнiш бiлдiрген. Ғылымның екi дүниеге де қажеттiгiне иманы сенген. Мұны Абай: «Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза, қылған қаж ешбiр ғибадат орнына бармайды»,-деп түйiндегенi мәлiм. И.Гаспринский атаған ғұламалардың барлығы дерлiк дiн мен ғылымды ажыратып қарамағандар, яки, бiржақтылық ойына да кiрiп шықпағандар едi. Дәлiрек айтсақ, дiнге ақылмен келгендер-тiн. Шәкәрiм қажы Құдайбердiұлы:

Таза ақылмен таппаған дiн –

Шын дiн емес, жындылық, – дейдi. Сонымен бiрге, осы ойшыл ақын бiржақтылыққа ұрынған замандас кейбір «дiндарлар мен оқығандардың» қателiгiн дөп көрсетедi:

Молдалардан дiн сұрасаң,

Сандырақтап сандалар.

Пәншiлермен бас құрасаң,

Жан, құдай жоқ, дер тұрақ.

Бiз хақиқат елегiне

Осы екеуiн елесек,

Түкке тұрмас керегiңе,

Екеуi де қалжырақ.

Енді, байыптай беріңіз: біз И.Гас­принский дерегіндегі ғұламалардың 15-20 пайызын білеміз бе?.. Бүгінгі қазақ 60-жылдардың басында ғана атын естіп, бөркін аспанға атқан Әбу Насыр әл-Фараби осы тізімде жүр. Кейде «ақын Мағжан әл-Фарабиды қайдан білген?» деп жатамыз-ау… ХХ ғасыр басындағы дін һәм руханият мәселесінде отарлаушы мен отарланушы қарым-қатынасын Ахмет Байтұрсынұлы да зерделепті. Ағартушы бүй дейді: «Хүкіметке (патшалық – Д.Қ.) керегі – жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, әр халыққа керегі – өз діні, тілі, жазуы сақталу». Ақаңның «дінмен байланысқан жазу дін жоғалмай, жоғалмайды» деген тұжырымдамасы бар. Мұны бүгінгі танымға жатық етіп айтсақ, біздің мыңдаған жылғы дүниетанымымыз, әдебиетіміз, тіліміз исламмен суарылған, одан айырылу – бәрінен айырылу, оны түсінбеу – өмір сүру мәнісін түсінбеу. Осы орайда данышпан ағартушы қазір де көкейкесті пікір айтады: «Қазақ дінге нашар күйден өткен, енді, қазақты басқа дінге аударамын деу құр әурешілдік». А.Байтұрсынұлы сөзінің бүгінгі шындығына мысал да келтіруге болады. Әне бір жылдары «тәңіршілдік дінді» жаңғыртамыз дегендердің әрекетінен ештеңе де шықпады. Өйткені, ол негізсіз, жүйесіз, құр сандырақ бір нәрсе еді… Бірақ, өкініштісі, ондайлар өздері ғана адаспай, жас буынды түсініксіз жолға салуы мүмкін ғой.

Ұлт зиялылары дін қайраткерлері мен қызметкерлеріне де айрықша қарады. 1925-1927 жылдары Қазақстанның Халық ағарту министрі болған Смағұл Садуақасұлы 1920 жылы былай деп жазды: «Қазақтың молдалары бір жағынан дінді үйретсе, екінші жағынан балаларға хат танытуды үйретті (соңғы жұмыс үшін орыстарда учитель дегендер болушы еді). Қысқасын айтқанда, орыстың поптары мен қазақтың молдаларын бір көзбен өлшеуге болмайды. Олай болса, орыстар поптарын жамандайды, біз де молдаларды жамандайық деудің қисыны жоқ». Осы таным-түсінік бүгінгілерді де ойлантуға тиіс. Мәселен, 1917 жылы Алаш Орданы жасақтайтын құрылтайда, сол кезге дейін 4-5 кітап шығарған, маңызды мәселелер бойынша келіссөзге бірнеше мәрте империя астанасына барған ақын, діндар Ғұмар Қараштың қази болып сайлануы да осындай таныммен орайласып жатыр.

Біз Алаш қайраткерлерін керемет дінтанушылар демейміз. Олардың өзіндік миссиясы болды, сөйте тұра адамзаттың дұрыс һәм орнықты даму заңдылығын білгендіктен, көтерген мәселесінің ретіне қарай иман мен дәстүрге адалдықты әркез еске салып отырды. Қанша зайырлы болса да дінсіз мемлекеттің бір бүйірі төмен түсіп тұратынын жиі ескертті.

Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ,

профессор

«Ақиқат»