Kerey.kz/Керей.кз » А. БАЙТҰРСЫН

ЖҮЗ ҮШ ЖЫЛҒА СОЗЫЛҒАН ҚУҒЫН
(немесе, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың отбасы мен өзінің қиын қыстауда өткен тағдыры туралы тарихи хикаят)

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ

1885-жыл, Қарғалы. Бұл Тосын болысының тоғайлы, сулы, көрікті жерінің бірі еді.Тосын болысы  өзеннің жағасы мен жиде тоғайының арасына  ылғи аппақ ақ щаңқан киіз үйлер тіккен. Болыс сайлауы өтіп, ояз бастығы қатысқан үлкен жиын болып,оған қарасты Торғай бекетінің, Ақкөл, Аққұм,Шөптікөл ауылдарының өкілдері қатысқан. Сайлау қорытындысына наразылық білдіріп, іштен тынып тұрған негізінен Ақкөл, Аққұмнан келгендер еді. Бұ жақтағы белсенді, белді, ел арасында беделділері -үмбетейліктер, оның ішінде Шошақ балалары Ақтас, Байтұрсын, Сабалақтың жүріс тұрыстары, сөздері де ірі еді. Жиналған жұрт сайлаудың қорытындысына көңілдері толмай, іштей тынғанмен, Ақтастай ірі қимылды ағасына сүйенді ме, Байтұрсын ортадағы онекі қанатты ақ үйден маң маң басып шығып, сұлу күрең атқа мінңп, уез орталығына қайтуға бет алған уез бастығы полковник Яковлевке сөз айтуға бекініп, күрең аттың жолын тоса берген. Уез бастығының екі жағында қайқы қылыш тағынған казактар Байтұрсынға қарай ұмтыла берген. Соған қарамастан Байтұрсын уез бастығына:

«Біз сайлау қорытындысына наразымыз!» деп айтып салды.  Яковлев қасындағыларға «Қалаға апарып, қамаңдар, мынаны!» бұйрық берген. Казактар Байтұрсынға ұмтыла бергені сол еді, үлгермеді, ол қолындағы шыбыртқымен Яковлевті тартып жібергенде, шыбыртқының ұшы мойнына оралып, уез бастығы атынан жерге мұрттай ұшып түсті. 1868-жылы орыс патшасының  Указымен Қазақ жерін аймақтарға, облыстарға бөліп басқару  жүйесі енгізілген болатын. Онда Батыс Сібір аймағы, Торғай, Сырдария, Түркістан, Жетісу облыстарына бөліп еді. Ол жүйе бойынша Торғай облысының орталығы Орынборда, Торғай уезінің орталығы Торғайда болған.

Ал, енді Қазақ жерінде отарлық аймақтық басқару жүйесі жүзеге асқан он жеті жыл ішінде «Орыстың уезд басқарып отырған полковник бастығын ұрған екен» дегендей ерек оқиға Торғайдан басқа еш жерде болып көрген емес. Содан ба, уез бастығы Яковлевті ұрған үшін Ақтастың, Байтұрсынның, Сабалақтың қолдарына кісен салынып, сол күні түрмеге айдалды.  Яковлевтің қатаң талабымен Шошақ балаларының барлық мүлкі, малы түгелдей кәнпескеленіп, малдары Торғайға айдалды. Шошақтың басқа балалалары, Ерғазы  атақты оқиға кезінде Қарғалыда болмағандықтан, олар тұтқындалудан аман қалды.

Бірақ, сотқа дейін, тергеушілердің Ақтас пен Байтұрсынға көрсетпеген қорлығы жоқ, сабады, ұрды, тепті. Тұтқындағы үш азаматта барлығына шыдады. Көп ұзамай уез соты болып, Ақтас, Байтұрсын, Сабалақты он бес жыл Сібір каторгасына айдау туралы шешім шығарды.

«Тұтқындарды Сібірге айдайды» деген күні Ақкөл,Аққұмнан келген ағайындар, уез орталығындағы «бұрын болмаған «қызықты» көру үшін қызыл түрменің шыға берісіне жиналған. Сәске ауа түрме есігі қылышты казактар жиналды да түрме есігі ашылып, одан кісендеулі үш тұтқын шықты. Сақал мұрттары өсіп кеткен.  Әуелі Ақтастың бәйбішесі Үбіжан күңіреніп, күйеуімен көрісті. Одан кейін жолын күтіп тұрған Ахметтің анасы Күңше Байтұрсынды еңіреп, жыр айтып көрісті. Басқа ағайындарда шулап, жылап жатыр. Казактардың старшинасы жиналған жұртқа айғайлап, қамшы сілтеп, айбар көрсетті. Олар тұтқындарды жедел түйе жегілген арбаға отырғызды. Екінші арбада тұтқындарды бақылайтын солдаттар отырған. Ақтастың бәйбішесі Үбіжан уез әкімшілігінен каторгаға күйеуі Ақтаспен бірге баруға ұлықсат қағаз алған. Үбіжан арбаға тұтқындармен бірге отырды. Жылап қоштасу өте ауыр болды. Бүкіл Торғай тітіркеніп кеткендей болды. Қылышты казактар қоршаған екі тұтқындар отырған арба Қостанай  жолына түсті, қайғылы адамдардан тез алыстағысы келгендей, түйелер даңғыл жолға түсіп жортып барады…

Осы қорлықтың бәрін көзімен көрген бала Ахмет

«Оқ тиіп, он үшімде ой түсіріп,

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам…» деп жазуы содан еді…

Сібірге айдалған Шошақ баласының үлкені Ақтастың Ерғазыға айтқан сөзі бойынша, оның үлкені Спандияр Торғайдағы мектепке  оқытылуы тиіс еді, Бірақ, Спандияр мектепте оқығысы келмей, Ерғазы төрт жылдық орыс қазақ училищесіне Ахметті апарды. Ахмет жетімдер мен сырттан келген балаларға арналған пансионда жатып  оқыды. Бала Ахметтің бұрын ауыл молдасынан оқып, анасы Күңшеден орыс кирилицасындағы әліппесін танығаны бар еді. Содан Ахмет екінші курста жүргенде орыс тілін еркін меңгеріп алған. Жаздағы каникулда ауылына бармады, пансионда жатып, кітапханадан шықпады төрт жыл бойы, орыс, шетел әдебиетін, географиясын тереңдеп оқуға құштарлығы артты. Кітапханадан бос кездері кезде пансионның сыртына шығып, оған жақын орналасқан казармадағы казак солдаттарының іс әрекеттерне қарап отырады. Балада болса, Ахметтің сондай кездері орыс империясының Торғай жерін иелене бастаған тарихын ойлайды. Уез әкімшілігі Торғайға келіп, үстемдіктерін еркін жүргізе бастағанына да көп уақыт болмаған екен, көз жіберсе, тамырларын әлі де тереңдеп енгізе бастаған сыңайлы, білген адамға. Бала Ахмет қолынан келер қайран жоғына күрсінді. Жазғы каникулда уез орталығында өткен үлкен астарда елге белгілі ақын жырауларды, термешілерді қызыға тыңдаған кездері болды. Содан кейін пансионға келіп,

Бұрын жазылған дәптердің сыртына, бос жерлеріне алғашқы өлеңдері әдемі өрнектей тізілетін. Әдемі демекші, училищедегі алғашқы күннен, анық, мәшинкеге түскендей біркелкі жазу тәртібіне үйренген. Оны Ахаңның кейінгі ғұмырындағы  қолжазбаларынан байқауға болады.

Ахмет Байтұрсынов  1891-жылы төрт кластық Торғай орыс қазақ училищесін жақсы аяқтап, Орынбордағы мұғалімдер жаялайтын  төрт жылдық училищеге түскен болатын.  Оны  1895-жылы ойдағыдай аяқтап,  Әулиекөлде бірер жыл ұстаздық жолында болды, тәжірибе жинақтады.

Ақтөбе, Әулиекөл мектептерінде ұстаздық қызмет еткен жылдары  жеткіншектерге білім беруде жаңа  әдістемелік жүйе қолданудың жолдарын іздестірді.

Қазақ кирилицадан басқа, әліппе жасауды ойластыра бастаған кезі. Сол үшін кітапханалардан әлем тәжірибесін зерделеп, латын, қолданыста жүрген арап әліпбиін терең зерттеп, олардың қазақ сөзіне, дыбысына ыңғайлы жақтарын қарастырды.  Ұстаздықта болған тоғыз жыл ішінде Ахмет Байтұрсынов әлемдік тарих, әдебиет, филология ғылымдарының біраз сырларына қанықты. Ахаң ұстаз болып жүрсе де, қоғамның саяси астарына үңіле бастады. Ресей отаршыларының қазақ жеріндегі билігін нығайта түсіп, қара қазақтың жеріне тереңдеп ене бастағанын, халықтың қабырғасы езгіден қайысып жүргенін  жүрегімен сезінді, көрді.

Сондай ақ, сауатсыз елдің отаршыларға қарсы қайраны да болмайтынын білді. Сондықтан, әдебиетпен жұрттың намысын қайрап, сауаттарын ашу қажеттігін мұрат етті.

«Ахмет Байтұрсынов Әулиекөлде қызмет етіп жүргенде Бәдрисафамен « 1896-1897-жылдары некелескені анық» деп дәлелсіз, құжатсыз деректерді тықпалап жүргендерде бар.

Біріншіден, А.Байтұрсынов пен Бәдрисафа Мұхамедсадыққызымен Әулиекөлде некелескені туралы еш нақты дерек, құжат жоқ.

Екіншіден, әкесі Байтұрсын мен ағасы Ақтастың Сібір каторгасында айдауда болуына байланысты А.Байтұрсыновтың ол «жылдары» үйлену «ойынада келмеді» десек, қисыны келер. Ахаңның ағалары мен әкесі Сібірге айдалып кеткенде Ахаңның туған ауылында анасы Күңше мен бауырлары Қали, Мәшен, қарындасы Жиляш қалған. Уез бастығы малдарын кәмпескелеп кеткесін ағайындар оншақты қой, бір сиыр, бір ат жинап беріскен. Уез әкімшілігінің қуғынынан кейін Шошақ балалары жүдеп қалған. Ахмет Байтұрсынов Әуликөлде мұғалімдікте жүргенде сағынсада, елге бара алмады. Әуликөлде мектептердегі қызметінде  кейде Ахаңа еңбек ақы да төленбей қалатын. Бірақ, Ахаң елден көмек сұрамады, өзінің маңдай терімен тапқан жалақысына күн көрді. А.Байтұрсыновтың Әуликөлде жүргенде үйленбеуіне де, елге бара алмауына да осындай себептер болды.

А.Байтұрсыновтың әкесі мен ағасы Ақтас Сібірдегі айдаудан  1902-жылы, он жеті жылдан кейін оралды. Ата жұртта Шошақ әулеті қайтадан абырой беделге ие бола бастады, тіршіліктері жөнделе бастады. А.Байтұрсыновтың содан кейін еңсесі түзелді, рухани тәрбиелік бағыттағы мақсаттарына еркін бас қойды.

Ахаңның әкесі айдаудан оралғаннан кейін, жеті жылдан соң, яғни, 1909-жылы алпыс алты жасында өмірден озған. Ал, анасы Күңші 1919- жылы өмірден өткен екен. Күңші қасиетті де, әулие адам болды десек те болады. Байтұрсын шаңырағында қос өркешті бір аналық түйе болған екен, сол түйе кешке жайылымнан келе жатып, ылғи Күңшінің бейітіне соғып, тізерлеп алып, боздап отырады екен. Соны көрген жұрт еріксіз көздеріне жас алады екен. Ахаңның әкесі Байтұрсынның ағасы Ақтас 1920- жылы қайтыс болыпты.

А.Байтұрсынов  И.Крыловтың мысалдарын ХХ- ғасырдың бас кезінде аударуды бастаған. «Аудару» деген тура айтқандағы мағынасы ғой, Ахаң  1909-жылы басылып шыққан «Қырық мысалды» қазақ өміріне бейімдеп, еркін, аударған.

Осы жылы Міржақып Дулатовтың да «Оян , қазақ» атты жыр кітабы басылып шыққан. «Оян, қазақ!» пен «Қырық мысалдың» сол кездегі қазаққа әсері мол болды.

1904-жылы А.Байтұрсынов Омбыдағы Торғай облысы оқу істері жөіндегі инспекторы Алекторовты іздеп барған. Оған мектептерде қазақ балаларын христиан дініне кіргізуді доғаруды, мұсылманша оқытатын қазақ кластарын ашу мәселелерін айтқан болатын. Бірақ, миссионерлік қызмет атқарып жүрген Алекторов А.Байтұрсыновтың көтерген мәселелеріне көңіл бөлмеді. Ресей отаршыларының қазақ жерінде мектеп ашқандағы мақсаттары, оларды христиан дініне көптеп тарту екенін А.Байтұрсынов содан түсінген.

Сол күннен бастап А.Байтұрсынов ағарту ісінде жаңа бағыт әкелу үшін ғылыми бағытта зерттеу жұмысына белсене кірісті.

Омбыда жүргенде Ахаңды Міржақып Дулатов іздеп келген. Жалындап тұрған ақын жігітке А.Байтұрсынов қатты ырза болып, екеуі достасып кетті, ел үшін бір мақсатта қызмет етуге белсене кірісіп кетті.

Содан екеуі мұғалімдікті  Семей облысында жалғасытырды.

Сөйтіп жүргенде, Ресейде  1905- жылы революция болып, одан іле демократиялық кейбір кеңдіктерге жол ашқан патшаның декларациясы шыққан. 1905- жылғы  Ресейдегі революциялық көтеріліс қазақтың оқығандарының арасында бір үміт отын жалғады.

Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов Семейден қазақтың қамын, келешегін ойлайтын оқыған озық ойлы азаматтармен танысты. Соның бірі заң саласында қызмет істейтін заңгер Жақып Ақбаев еді. Әлихан Бөкейханов Омбыда жүрседе, Ахаңмен,Міржақыппен хабарласып тұратын. Патшаға қазақ мәселесін көтеріп, аймақтық билікке петиция жазу идеясын көтерген со кісі. Он екі мыңдай адам қол қойған  әйгілі Петиция жазылып, Омбыдағы Ә.Бөкейхановқа жеткізілген. Ол патшаның, Ішкі істер министрлігіне, және аймақтық губернатор атына жазылған еді. Семей уезінің жандармериясының бастығы Осовскийдің губернаторға жеткізген деректері бойынша Ә.Бөкейханов ол Петицияны пошта арқылы  Петерборға жіберген. Содан кейін, Семей уезінің тыңшылары петиция жазғандарды іздеп, «күдікті» деп, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, Ж.Ақбаевтің және басқа бірнеше адамның артынан аңдыған. Соның нәтижесінде алғаш 1907-жыл А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев  және тағы бірер адамды аз уақытқа қамауға алған. Тыңшылардың Дала губернаторына жеткізуі бойынша «Қарқаралы» петициясының тексін жазған Ж.Ақбаев» делінген. Содан сол жылы сот болып, заңгер Жақып Ақбаев Жетісуға жер аударылған.

Ахаңа тергеушілердің күштеуімен «петиция жазуға қатысы бар» деп жала жапқандарымен алғаш түрмеге түскен ғой сол жолы.

«…Қинамайды ау, абақтыға жапқаны,

Қиын емес, дарға асқаны, атқаны,

Осылардың маған ауыр бәрінен,

Өз ауылыңның иттері үріп, қапқаны» деп мұңаятыны сол себептен еді.

Бір белгілі жазушы  « А.Байтұрсыновтың Бәдрисафа Мұхамедсадық қызына үйленген» деп жазуы осы оқиғадан кейін,яғни,1908- жылы. А.Байтұрсыновтың қолында өскен Самұрат Кәкішев өзінің атасы туралы кітапшасында «Ахаң «Бәдрисафа апаң мен түрмеде жатқанда тамақ тасып, кірімді жуып берді. Оған үйленбесем, менің азаматтығыма сын болар еді» дегенін  жазған.

Семей уезінің жандармериясы тұрақты аңдауда болған А.Байтұрсыновты 1909-жылы  1шілдеде «сепаратистік үгіт наихат жүргізді»деп тағы түрмеге қамаған. Жұбайы Бәдрисафа  Дала губернаторынан көмек көре алмағасын, Ресей Думасының депутаттарына А.Байтұрсыновтың хал жағдайын айтып арыз жазған.  Ресей Думасының депутаты Бәдрисафа Мұхамедсалық қызының арызына назар аударып, Ішкі істер министріне осы істі «қысқарту» туралы ұсыныс жасайды.  1910-жылы Семей уездік соты А.Байтұрсыновтың ісін қарап, оны он алты жылға жер аудару туралы үкім шығарған.

«Қош сау бол, Қарқаралы жуылмаған,

Айдай бер, қалса адамың қуылмаған…»деген жыр жолдары да жаны қиналған адамның сөзі ғой.

Ахмет Байтұрсынов айдауда болатын жері ретінде  Орынбор қаласын таңдады. Ахаң 1917-жылғы төңкеріске дейін осы Орынборда тұрды.

«Қарқаралы» ісін тергеушілер тергеуді бес жылға созған. Соңында 1910-жылы «осы іске қатысы бар» деп тауып, Ә.Бөкейханов пен М.Дулатовты түрмеге жапқан. Олар бір жылдай түрмеде отырып, шыққан. М.Дулатов одан шыққан соң, жандармериядан тасада болу үшін Түркістанға кетті. Достар тапты сол жерден.  1913-жылы М.Дулатов Орынборға кетерде сол достары біраз ақша жинап берген.

Сол ақшамен Міржақып Дулатов бірден А.Байтұрсыновқа келеді. Өйткені, екеуінің де арманы қазақша газет шығару еді. Міржақыптың қаржысына Қазан медресесінде оқып жүрген оқушыларда ақша қосады. Сөйтіп, Ахаң мен Міржақып шағын типография сатып алады. Ахаң Қазан қаласында өзі араб әліпбиі негізінде жасаған  Әліпбиіндегі  жиырма сегіз әріптің ұясын Қазанда темірден құйдырады. Газет шығатын қағаз сатып алады, типография тұратын үй жалдайды. Сөйтіп, біраз ұйымдастыру жұмыстарынан кейін, 1913-жылы 1-ші ақпан күні Орынбор қаласында «Қазақ» газетінің бірінші саны жарыққа шығады! Бұл қазақ елінің келешегі үшін жасаған өте маңызды қадам болды.Газетте сол кездері қазақ басында шешілмей жүрген басты мәселелердің бәрі жазылды. Жерді қазаққа бөлу мәселелері, жерді земствоға қарату мәселесі, қазақ кластарын ашу мен әліпбимен оқыту мәселесі, соттарда приясжныйлардың болуы, қазақтарды жер аударуды тоқтату мәселесі, орыс қарашекпенділерін қазақ жерінің шұрайлы жерлеріне қоныстандыруды тоқтату мәселесі деген сияқты өзекті мәселелерді көтеріп отырумен бірге, «қазақ қалай ел болады» деген тәрізді келешек қазақ  мемлекеттігіне қатысты ойларға түрткі болған.

Жергілікті үкімет «Қазақ» газетінде жазылған осындай мәселелерді «сепаратистік» деп 1914-жылы газеттің бас редакторы А.Байтұрсыновты тұтқындаған. Шамалыдан кейін елдің жинаған көмегімен А.Байтұрсынов  3000 сом (ол кезде бұл өте көп ақша) төлеп түрмеден босаған.  Бұл орыс патшалығы (дұрысы отаршылығы) тұсындағы Ахмет Байтұрсыновтың соңғы рет түрмеде отыруы еді.

Өз ғұмырындағы ең үлкен зорлық, ең үлкен қорлық біраз жылдан кейін Кеңес үкіметі тұсында болатынын Ахаң ол кезде сезбеді.

1913-жылдан  1929-жылға дейінгі аралықта А.Байтұрсынов елі үшін. Қазақтың келешектегі мемлекеттігі үшін атқарған қызметтері ұлан ғайыр. Қазақ Әліпбиін, бірнеше Оқу құралдарын, методикалық оқулықтар мен қазақ терминологиясын қалыптастырды. «Қазақ» газетіндегі мақалалардың көбін осы Ахаң мен Жахаң (М.Дулатов) жазған. Газетке келген мақалаларды түзетіп, өңдеп қайта жазып шығудың өзі қанша жұмыс.  А.Байтұрсынов не істеседе, ұлтының келешегі үшін істеді.  1923-жылы Ахаңның мерей тойында Үкімет мүшесі Сәкен Сейуллиннің «Қазақтың басқа оқығандары шен іздеп қызмет қылып жүргенде, сол заманда А.Байтұрсынов қазақ халқының қамын ойлаған жалғыз кісі еді» деген себебі сол.

А.Байтұрсынов  1917-жылы Ресейде Ақпан төңкерісі болғаннан кейін, Қазақ сиезін шақырып, Алаш партиясын құру туралы идея көтергендердің бірі.  1917-жылы сәуірде Орынборда Жалпы Қазақ сиезі болып, онда Алаш партиясы мен Алаш орда құрылды. Алаш партиясының бағдарламасын жазғандардың бірі А.Байтұрсынов. Бұл партия бағдарламасы қараша айында «Қазақ» газетінде жарияланды. «Алаш» партиясы Уқытша үкімметтен Қазақ автономиясын алудан үміттенген болатын Бірақ, күзде Ресейде Қазан төңкерісі үкімет болшебектердің қолына өткен.  А.Байтұрсынов ҚАЗАҚ АВТОНОМИЯСЫН осы Кеңес үкіметінен алуға бел буады.  1919-жылы наурызда Ә. Жангелдин бастаған онбір адаммен бірге А.Байтұрсынов Мәскеуге барып, Ленинмен, және Ұлт істері жөніндегі комиссар Сталинмен Қазақ автономиясын құру туралы келіссөзді тура төрт ай бойы, яғни шілде айына дейін жүргізеді. Ақыры, Ленин мен Сталин А.Байтұрсыновтың төрт ай ішінде жарыссөздерде айтқан мәселелерімен келісіп, Қырғыз автономиясын құру туралы шешім шығарады. Сол Қазақ автономиясын құру комиссиясының мүшесі болып тағайындалған А.Байтұрсынов Қазақ автономиясының шекарасын,  республикалық статусының жобаларын жазумен айналысады.  Соның негізінде 1920-жылы А.Байтұрсынов көрсеткен территориялар негізінде Қазақ (Қырғыз) автономиясының құрылғаны  туралы Жарлыққа Ленин қол қояды.

А.Байтұсынов сонымен бірге осы уақытта Алаш қайраткерлеріне кешірім жасау туралы Кеңес билігіне өтініш жазып, ол қабыл болып, Алаш қайраткерлері қысқа уақытқа болса да, Кеңес үкіметінің түрлі салаларында қызмет істеуге мүмкіндік алды.

КЕҢЕС ТҰСЫНДАҒЫ ҚУҒЫН мен ҚАНДЫ ҚЫРҒЫН

Кеңес өкіметі тұсындағы қуғын патшалық империя кезіндегі қуғыннан асып түсіп, қанды қырғынға жалғасты.Голощекин Қазақстандағы үкімет басына келгеннен кейін нағыз аласапыран басталды. Байлар деп аталғандардың мал мүлкі тәркіленіп, өздері отбасымен жер аударылды. Сосын Алаш қайраткерлерін түрмеге жаба бастады.  М.Дулатов, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов  1929-жылы тұтқындалып, түрмеге жабылды. Ахмет Байтұрсынов Бутырка түрмесінде үш жыл отырып, содан соң Архангелге ұзақ жылға каторгаға айдалды.

А.Байтұрсынов тұтқындалғанда, оның туыстарында қуғындау басталған еді. Ахаңның інісі Мәшен қажыныда НКВД тұтқындап, одан соң тіпті хабарсыз жоғалып кеткен. Содан көп ұзамай, Ахаңның ағасы Кәкіштің Аумат пен Қазихан деген екі баласын аудан милициясы мен ауыл белсенділері Ақкөлдің жағасында қуып жүріп, сабап, қорлап өлтірген.

Ахаң ұсталғаннан кейін Алматыда қалған жары Бәдрисафа Мқхамедсадық қызы жазушы Горкийдің әйелі Пешковаға хат жазып, «А.Байтұрсыновқа көмектесуін» өтінген. Сол кезде «Красный крест» деген мекемеде қызмет істеп жүрген Пешкова А.Байтұрсыновқа ара түскен. Содан кейін ғана А.Байтұрсынов 1934-жылы Архангелден Алматыға келген.  Бірақ, еш мекеме Ахаңды қызметке қабылдамаған. Тек бір орыс дәрігерінің қамқорлығына ілігіп, санитар болып жұмыс істеген.

Ахаңның тәрбиесінде болып, қолында тұрған өзінің «Ахаң туралы ақиқат» атты кітапшасында «Сабақтан үйге келсем, Ахамды НКВДнің адамдары келіп, алып кетіпті» деп жазады. Яғни, А.Байтұрсыновты НКВД  1937-жылы кұзде тұтқындаған. Бір апта өтпей, Ахаңның қарындасы Кәтездің күйеуі Рүстемді де (Әбдіғапар ханның баласы) тұтқындаған. Оның үйінен Ахаңның «Мәдениет тарихы» деген кітабын тауып, тергеуші алып кетіпті. Рүстемді сосын «Мемлекетке қауіпті адамның кітабын жасырған» деп айып тағып, оны да ату жазасына кесіпті.

Ахаң үшін бұл жолы ( 1937-жылы) Қали деген ағасының баласы Әмірді НКВД түрмеге тоғытып, оны да атып жіберіпті.

Ал, Ахаңның ауру халдегі жұбайы Бәдрисафаны асырап алған қызы Шолпанмен Том қаласына айдап жіберген. Содан Бәдрисафа Мұхаммедсадық  қызы  1941-жылы оралып, Қостанайдағы Әмірдің баласы Назардың үйін іздеп тауып алады. Олардың көрген күні нашар екен, содан Бәдрисафа Қостанай жанындағы Қарттар үйінен пана тауып, сол жерде көп ұзамай өмірден өтеді.

Ал, Ақтастың баласы Шәймерден Қостанай жақтағы орыстардың арасына кіріп кетіп, содан НКВДнің қуғынынан аман қалған.

Бар ғұмырын ұлтының мұратына сарп еткен  Мемлекет қайраткері, бірнеше ғылымның негізін қалаған ғалым, ақын, публицист Ахмет Байтұрсынұлы  1937-жылы НКВДнің үштігінің шешімімен қараша айында атылып кетті. Сөйтіп, А.Байтұрсынов тура 66 жасында қанды қолдылардың оғынан өмірі қиылды. Патша оязын ұрғаны үшін ұзақ жыл каторгада болған әкесі Байтұрсында елге келгеннен кейін,66  жасында өмірден баз кешіп еді.

Әңгімемізді Шошақ балары Ақтас, Байтұрсын, Сабалақтың оязды ұрып ұзақ жылға каторгаға айдалғанынан бастап едім. Қазақтың батыр тұлғаларының бұл ісі орыс отаршылдығына қарсы көрсеткен қайраты еді. Солай бола тұрса да, кейін, патшалық империя құлағаннан кейін, бұл ер азаматтарды ақтау туралы сөз қозғалмады. Кеңес билігі тұсында да солай болды. Солай болсада, біз А.Байтұрсыновтың ағалары,әкесі отаршыл, әділетсіз қоғамға қарсы айбат танытқаны үшін ғана айыпталғандарын, айдауда болғандарын іштей сеземіз.

Кеңес идеологиясы Алаш қайраткерлерін, оның ішінде  Ахмет Байтұрсынов тәрізді ұлы қайраткерді тұқымымен құртып жіберуді ойластырған еді. 1937-жылы НКВД Ахмет Байтұрсыновтан басқа, төрт туысын атып, ұрып өлтірген, екеуін Том қаласына жер айдаған.

Бірақ, осы аталған кісілер, НКВДінің кінәсінен қаза тапсада ақталмады. Тек 1988- жылы осы кісілердің ішінен Одақ бойынша ақталғаны -Ахмет Байтұрсынов.

1988-жылға дейін Ахмет Байтұрсыновтың атын атау қылмыс болып саналды. Сонда, әділдікті талап еткені үшін сотталып кеткен 1885-жылды қосып санағанда, Шошақ балалары  103-жыл жазықсыз «айыпты» болып келген екен. Сексенінші жылға дейін «А.Байтұрсыновтың сөзін, өлеңін, әнін айтқаны» үшін сотталып, қызметінен қуылған адамдар болды. А.Байтұрсыновтың қандай деңгейде қуғында болғанын содан біле беріңіз.

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ ,жазушы, тарихшы

kerey.kz

А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ТУЫСТАРЫ -ӨТКЕН ТАРИХТЫҢ КУӘГЕРЛЕРІ
Алаш тарихынан

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің жылы Ахаңның елу жылдық мерей тойында «Ахаң ұлт матбуғатының көзін ашпағанда, қоңсы кент ағайындардың біріне табынып, , таңбадан айырылып, кететін едік. Қазақтың дыбысына, сөзіне арнап, әліппе шығарып, тіл, һәм оқу құралдарын шығарып, қазақтың жалпақ тілін талайға үйреткен Ахаң еді. Ұлт қамы дегенді ескерген адам болмай, қазақ құлшылыққа кез болғанда,  бостандыққа жол көрсеткен Ахаң еді…» дейді.  1998-жылы Астанада өткен Ахаңның жылдық мерей тойында дарабоз жазушы Әбіш Кекілбаев өз баяндамасында «Ахаң тіл ғылымындағы, әдеиеттегі, этнография саласындағы алапат еңбектері,  саясаттағы қазақ халқының келешегі үшін жасаған  жанкештілік қызметтері даңқ, атақ үшін емес, ұлтының қамы, болашағы үшін жасаған қызметтері еді» деп атап өткен еді. Ә.Кекілбаев айтқандай, А.Байтұрсыновтың Ресей отаршыларының озбыр саясатына қарсы жанкештілікпен аянбай күресіп, халқына алапат қызмет етуінің сыры сонда неде?. Оның сыры- Ахмет Байтұрсынұлының орыс отаршыларының, оның қазақ жеріндегі өкілдерінің халықты озбырлықпен қанап, қазақты адам қатарына қоспай, қорлағандарын бала кезінен көріп, санасына сіңіріп, өз рухын осы отаршыларға қарсы күреске жас кезінен бейімдей, бағыттай алғанында болса керек. Мен А.Байтұрсынұлының өмірін, шығармашылығын, мемлекеттік, қоғамдық қызметтерін зерттеп, зерделеп жүріп, ол туралы алғашқы мақаламды 1998- жылы Арқалық қаласындағы «Торғай» атты газетте жариялап едім. Ахаңның еңбектерін зерттеп, ғылыми еңбек жазған ғалымдардың есімдерін «Мақтанышы елімнің», «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға» атты кітаптарымда атап көрсеткенмін. Ахаңның біраз туыстарын да танитын едім. А.Байтұрсынұлының ең жақын туыстарының бірін таяуда, Алматыда кездестірдім. Ол Ахаңның әкесі Байтұрсынның туған ағасы Ақтастың немересі Амандық. Амандық Ақтастың үлкені Шәймерденнен туған.Осы Амандықтан бұрын анық білмейтін кейбір деректерді білдім. Бұрын Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянын  жазушылар «1885-жылы Қарғалы аталатын жерде Шошақұлы  Байтұрсын намысына тигені үшін Торғай уезінің бастығы Яковлевті ұрады. Сол жылы ояз Яковлев Байтұрсын мен оның ағасы Ақтасты, інісі Собалақты 15 жылға Сібірге айдады» деп жазған -тын. Менің «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға» атты мақаламда да осы сынды жолдар бар еді. Байтұрсынның ағасы Ақтастың немересі ( Ақтастың баласы  Шәймерденнен туған) Амандықтың айтуы бойынша болыстыққа Байтұрсынның ағасы Ақтас та үміткер болған екен.Содан  болыстыққа сайлау өтіп жатқан жиында Торғай уезінің бастығы Яковлевтен Байтұрсын сайлаудың «ешкімге бұрмай әділ өтілуін» талап етіпті. Сол үшін ояз бастығы Яковлев Байтұрсынды жерден алып, жерге салып, боқтық сөзбен тілдепті.   «Бұрынғы аталарымыздың айтуы бойынша Сабалақ (Данияр) қызба, дөң мінезділеу болыпты» дейді Амандық, Содан ағасы Байтұрсынды тілдегені үшін Сабалақ сол жерде жиналып тұрған ағайындарының арасынан атымен тебініп шығып, ояз Яковлевті қамшымен тартып жіберіпті. Сол жерде Яковлев ағайынды Ақтас, Байтұрсын, Сабалақты қасындағы атты казактарына ұстатып, түрмеге жауыпты. Шамалыдан соң, сот үкімі шығып, ағайындыларды 15 жылға Сібірге айдап жібереді. Сотталғандармен бірге Ақтастың бәйбішесі Үбіжан бірге еріп, сонау Колыманың лагерінде бірге болған. Сабалақ жолда солдаттардың оғынан өліп, Үбіжан бірнеше жылдан кейін, Якутияда ауырып, қайтыс болған екен.

Сол кезде сонау Сібірдің түкпіріндегі Колымада 17 жыл отырып, одан тірі оралған қазақ оған болмаған еді. Колымада он жеті жыл отырып, Ақтас пен Байтұрсын 1902-жылы елге оралыпты. Сол кезде ақ, қазақ еліне  «Оязды ұрып, сотталған» деген аты мәлім болған Ақтас пен Байтұрсынды Шығыс Қазақстанның шетіндегі қазақ ауылдары құшақ жайып қарсы алып, қонақасы беріп, елдеріне жеткенше құрметтеген екен.Олар елдің құрметін көріп, туған ауылдарына бір жарым жыл жүріп жеткен екен. Ақтас пен Байтұрсын Торғайға келгенде ел жақсы қарсы алып, кейбір болыстықтардан Ақтас пен Байтұрсынға жүйрік ат сыйлап , құрметтепті. Сол жүйріктердің бірі Байтұрсынға сыйлаған Ақжелең атты тұлпар екен. ОЛ Торғайда өткен талай ат жарысында  бәйге алыпты. Ахаңның әкесі Байтұрсын 1909-жылы дүниеден өткенде Қарпық жырау үлкен жоқтау шығарыпты. Ол жоқтау бертінге дейін ел арасында айтылып, жоғалса керек. Байтұрсын қайтыс болғанда үмбетейлер үлкен ас беріп, атқаты Ақжелең жүйрікті «Байтұрсыннан артық па» деп құрбан шалған екен. Ахаңның  анасы Күңші бұ дүниеден 1919- жылы өтіпті. Күңші бейітке жерленгенде басына өзі өсірген түйесі бейіттің басында тізелеп жатып алып, көздерінен жас аққанын көрген жұрт бірге жылаған екен. Ақтас сексенге келіп, 1920-жылы қайтыс болыпты.

А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҚОЛЫНДА ӨСКЕН САМЫРАТ КӘКІШЕВ

Ахаңның ағасы Мәшеннің баласы Самырат пен інісі Мәшеннің қызы Шолпан А.Байтұрсынов Архангельден айдаудан келгеннен кейін қолында болған. Ахаңның соңғы жылдардағы өмірінің нақты куәгерлері осы Кәкіштің баласы Самырат пен інісі Мәшеннің қызы Шолпан мен ағасы Қалидың қызы Кәтез. (Бүгінде Шолпан апайдан туған Айман апамыз бар, жасы сексеннен асты). Ол кезде Самырат мектепте оқып жүрген. 1937-жылы 17-тамызда НКВД Ахаңды тұтқындапты. Самырат мектептен келгенде Ахаңды түрмеге алып кеткен екен. Бірақ, үй маңында жиналған адамдар болыпты. Содан Самырат жетімдер үйінде, одан кейін техникумға түсіп, уақыт өте келе адам болып кетеді. Мен Самырат Кәкішевті 70-жылдардың басында Сырағаңның үйінде көрдім. С.Кәкішев ол кезде үлкен құрылыс тресінің бастығы еді. Бұрынғы “Горный гиганттың” жанында Жазушылар одағының Демалыс үйі салынған жер бар еді. Сол маңнан Сырағаңа, С.Мұқановқа, С.Қирабаевқа және т.б. жазушы ақындарға саяжай салуға жер берген. Соған Сырағаң екі қабатты саяжай салды. Көршілері С.Қирабаев, одан әрі С.Мұқанов болды. Сырағаң ол кезде “Жұлдыз” журналының бас редакторы еді. Осы кезеңде ЦКаға “Сырбай екі қабатты үй салып жатыр” деп нешетүрлі жала жабылған арыздар көбейген. ЦКа сосын Сырағаңды “Жұлдыз” журналынан алып, “Қазақ әдебиеті” газетінің редакторлығына “төмендеткен”. Оны асханада Күнжамал жеңшемізге айқанынан естідім. Сырағаңа саяжайды салуға көмектескен осы С. Кәкішев еді. Самырат Сырағаңның жұбайы Күнжамал жеңгемізге аға болып келеді. Саяжай біткенде Сырағаң сонда жерге дастахан жайып қонағасы берді. Қонағасыға Самырат Кәкішев екінші қазақ жұбайымен келді.

(Бәйбішесі басқа ұлттан болатын). С.Кәкішев Алматы құрылыс тресінде көп жыл бастық болды. Одан кейін “Қазақстан” қонақ үйінде директор болды. 1988-жылы Ахмет Байтұрсынов атамыз ақталғаннан кейін Cамырат “А. Байтұрсынов атындағы қор» құрды. Сол қордың күшімен “АХАҢ ТУРАЛЫ АҚИҚАТ” және тағы бір кітап шығарды. Ахаң тұтқындалғанға дейін тұрған үйді (қазіргі) мұражай қылып жасақтаған осы С.Кәкішев. Алматыдағы қазіргі мұражайы тұрған жерімен бірге сол С.Кәкішев ашқан “А.Байтұрсынов қорының” жекеменшігіне өткен. Бүгінде “А.Байтұрсынов атындағы қор мен Ахаң атындағы мұражай Самырат Кәкішевтің алғашқы бәйбішесінен туған ұлы Серік (Сергей) Кәкішевтің иелігінде.

Ал, Ахаңның Қали ағасының бір ұлынан туған Әмірден  Болат Алматыда тері ауруларының бас дәрігері болып жүріп, зейнетке шықты. Соңғы жылдары «Ахмет Байтұрсыновә деректі фильмінің бас кейіпкерінің рөлін ойнаған сол Болат. Сондай ақ, Ахаңның Жиляш атты туған қарындасынан туған Меруерт атты жиені (жасы  те), қолында өскен Шолпаннан туған Айман жиені де Алматыда тұрады, сексенге келді.

ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ АҒАЙЫНДЫҚ ЖАҚЫНДЫҒЫ

Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ атамыздың руы үмбетей, (Аралбай). Нағашылары- Әулиекөлді мекендеген Сүгір. Ал, Әбдіғапар ЖАНБОСЫНҰЛЫНЫҢ (хан) руы қара қыпшақ), нағашысы- үмбетей, А.Байтұрсыновтың ағасы Ақтастың Алуа деген қарындасынан туған. Тарихтың тағы бір қызығы Әбдіғапар хан қайтыс болғаннан кейін, оның туған ұлы Алматыда жүріп, А.Байтұрсыновтың қолында тұрып жатқан Ахаңның ағасы Қалидың Кәтез атты қызына үйленеді. (Бұлардың тағдыры ақыры трагедиялы болды 37-күзде Ахаңды тұтқындағаннан кейін Рүстем мен Кәтездің үйін НКВД тінтіп, Ахаңның “Мәдениет тарихы” атты кітабын тауып алған. Рүстем содан “Мемлекетке қауыпты адамның кітабын сақтаған” деген айып тағылып, соңында атылған).

Қазақтың дарабоз ақыны Сырбай Мәуленовтің Ахаңмен туыстығына келейік. Сырағаңның шешесі Алмагүл әжеміз Үмбетей руынан (Аралбайдың Жатайынан)), Яғни, Сырағаңның нағашылары үмбетей. Ал, ақын Сырбай Мәуленовтің жұбайы Күнжамал жеңгеміз Ахмет Байтұрсыновтың туған ағасы Қалидың ұлы Әмірден туған. Тура айтқанда Сырбай Мәуленов Ахмет Байтұрсыновтың туған күйеу баласы есепті, Алмагүл әжемізден қуғанда жиені.

Байтұрсынның Қали, Кәкіш,Ахмет,Мәшен атты төрт ұлы, Жиляш атты бір қызы болған. Ахаңның қарындасы Жиляш (күйеуі Бәкібай Бейісов, тыл ардагері) бертінге дейін Алматыда тұрып, 1962-жылы бұ дүниеден өткен екен. Жиляштан туған Меруерт (Ахаңның туған жиені) қазір бар, Алматыда тұрады, жасы 75- те. Осы Меруерт апайдан былтыр  А.Байтұрсыновқа қатысты бір жаңа деректі естідім. Ахмет Байтұрсынов атамыз 1929-жылы осы күні Абай атындағы Қазақ педагогикалық университеті аталатын (бұрынғы Каз.ПИ) жоғарғы оқу орнында профессор лауазымында сабақ берген. Осы Каз.Пидің мұражайында 1990- жылдары А.Байтұрсыновтың туған жиені Меруерт апайдың күйеуі Таңжарық Тыныбеков деген азамат қызмет істепті. Сол Таңжарықтан А.Байтұрсыновтың қолында өскен баласы Самұрат Кәкішев мұражайдың қорынан Ахаңа қатысты құжаттар іздеуді тапсырыпты. Таңжарық Тыныбеков  сәті түсіп,Каз.Пидің мұрағат қорынан А.Байтұрсыновтың « Жеке құжаттарын» («Личное дело» аталған папкені тауып алады. Сол «Жеке құжаттар» папкесінде  1929-жылы А.Байтұрсынов өз қолымен жазған «Өмірдеректері»  табылады. Самұрат Кәкішев бұл өмірбаян Ахаңның өз қолымен жазылғанын растайды. Осы өмірбаян арқылы ғана А.Байтұрсыновтың  1873-жылы 28-қаңтарда емес, 1872-жылы 5-қыркүйекте туғаны анықталады. Осы бертінге дейін А.Байтұрсынов  1873-жылы туған деп жазылып келсе, соңғы табылған құжатқа орай, А.Байтұрсыновтың туған күні  5-қыркүйек, 1872- жыл деп өзгертілді. Ахмет Байтұрсыновтың өз қолымен жазылған өмірбаяны бар «Жеке құжаттары» папкесін бұрын айтып жүргеніміздей Ахаң мұражайының директоры Райхан Имаханбетқызы емес, Каз.Пидің мұражай қызметкері Таңжарық Тыныбеков тапқан болып шықты. Ахаңның бұл «Жеке құжаттары” бертінге дейін Ахаңның туған жиені Меруерт Бейісовада болған екен. Содан Меруерт апайдың айтуынша, Ахаңның Каз.Пидегі қызмет істеген кезіндегі «Жеке құжаттарының» барын естіп, Райхан Имаханбетова қолхат беріп,  бұл құжаттарды 2000-жылдардың бас кезінде алып кеткен екен.

Тағы бір қызық дерек. Сырағаның ортаншы ұлы, заң ғылымдарының кандидаты, полковник Ғазез Сырбайұлы (марқұм болды, жатқан жері жұмсақ болсын) Әбдіғапар ханның шөбересіне үйленіп еді. (Әбдіғапар ханның баласы Едігеден тараған).

Ахмет Байтұрсынов пен Ахмет Бірімжанов ХХ өғасырдың бас кезінде халқының келешегі үшін қызмет еткен қазақтың бірегей тұлғалары. Ахаң 1905-жылдары революциялық Алаш қозғалысының бастауында жүргенде Ахмет Бірімжанов -Ресейдің  және I-II- Думасының депутаты болып, қазақ жері және қазақ жеріне қоныстанушыларды шектеу туралы мәселе көтерген қоғамдық, мемлекеттік қайраткер. А.Бірімжанов Қазан университетінің Заң факультетін алтын медальмен бітірген өз заманының биік тұлғасы еді.  1917-жылдары төңкерістен кейін Алаш қозғалысына белсене қатысып, Алаш партиясының бағдарламасының заң аясында жазылуына үлес қосты.

Ахмет Бірімжановтың інісі Ғазымбек Бірімжановта Алаш қозғалысы мен партиясының белсенді мүшесі болған.

Кеңес өкіметі кезінде білімінің арқасында Ахмет Бірімжанов Жоғарғы соттың мүшесі болып қызмет істеді. Қызылорда Қазақ автономиялық республикасының астанасы болған кезінде Ахмет Байтұрсынов пен  Ахмет Бірімжанов араласып, сәлемдері түзу болып сирек болса да көрісіп тұрған. Бірімжановтың әкесі Қорғанбек, атасы Шеген Тосын болысын қырық жылдан астам уақыт билеген. Өз заманында дәуітбай тұқымдары мен үмбетейлер қақтығысып өткен. Яковлев Сібірге айдаған Ақтас, Байтұрсын,Сабалақ үшін екі рудың арасында сақталған кек бар еді. А.Байтұрсынов пен А.Бірімжанов зиялы, оқыған, қайраткер адамдар еді, олар екеу ара болған сөзде екі рудың ескі жарасын ашпады. Керісінше, Ахаңның ағасы Қалидың қызы Сакен А.Байтұрсыновтың Қызылордадағы үйінде жүріп, Ахмет Бірімжановтың туысы мұғалім Ғалымжан Бектемісовке күйеуге шығып,  екі рудың арасындағы жараны бітегендей болып, Ахмет Байтұрсынов пен Ахмет Бірімжанов құда болып қалады. Қазақ автономиялық республикасының Жоғарғы Сотының мүшесі болып қызмет атқарып жүргенде Ахмет Бірімжанов  жаман ауруға кез болып, 1927-жылы Петербордың ауруханасында қайтыс болыпты.

А.Бірімжанов сол Петерборда жерленіп, оған Әлихан Бөкейханов, сонда оқып жүрген Мұхтар Әуезов және басқада қазақтың зиялылары соңғы сапарға шығарып салыпты.

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ТУРАЛЫ ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТЫҢ АЙТҚАНЫ

Мен А.Байтұрсынов туралы бірнеше мақала жазғасын Ахаң туралы жазылған мақаларды зерделеп жүремін. Ахметтану 1923-жылы Ахаңның көзі тірісінде басталған. Ахметтанудың басында М.Әуезов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, Е.Шонанов және т.б. жазушы, әдебиеттанушылар тұр. А.Байтұрсынов ақталғаннан кейін оның шығармашылығын, өмірін біраз ғалымдар зерттеді. Дегенмен, 1998- жылы Астанада Алаш көсемдернің бірі, ақын, ғалым Ахмет Байтұрсыновтың 120- жылдық мерей тойында баяндама жасаған заманымыздың дара жазушысы Әбіш КЕКІЛБАЕВТЫҢ сөзі Ахметтануда ерекше орын алмақ. Ә.Кекілбаев бұл баяндамасында Ахаңның Қазақ Елі алдындағы жасаған еңбектеріне толыққанды талдау жасай келе отырып, мынадай қорытынды СӨЗ айтқан еді. Төменде Әбіш Кекілбаевтың сол баяндамасында айтқан сөзінен үзінді

“…Туған халқының рухани жаңғыртуының сырын тап ондай біліп,СОЛ ЖОЛДА ҚАЛТҚЫСЫЗ ЕҢБЕК ЕТІП, МӘҢГі ЕСКІРМЕЙТІН АҒЫЛ ТЕГІЛ МОЛ ҮЛЕС ҚОСА АЛҒАН ҚАЙРАТКЕР ҚАЗАҚ ТОПЫРАҒЫНДА ОҒАН ДЕЙІН ДЕ, ОДАН КЕЙІН ДЕ БОЛҒАН ЕМЕС”. деген.

ҮШ ҰЛЫ АҚЫННЫҢ ДОСТЫҒЫ

Сырбай Мәуленов Алматыға сонау елуінші жылдардың басында келді. Келген бойы ақын Қасым Аманжоловпен достығы ерекше жарасып кетті. Содан кейін іле Алматыға Ғафу да келген болатын. Ғафаң сол кезде Каз Пи атанған жоғарғы оқу орнына түсіп, Сырағаңды аға тұтып, оған жақындаған кезі. Бір күні Сырағаң Ғафуды дедектетіп Қасымның үйіне алып келеді. Қасекең ол кезде Осы күнгі Достық көшесінде бір бөлмелі пәтер жалдап тұрып жатқан кезі екен, үш ақынның достығы сол кезден басталған. Қасым ақынға Ғафудың домбыра тарту шеберлігі, әншілігі ұнайды. Қасымның өзі нешетүрлі музыка аспаптарында ойнайтын бесаспап болған музыкант та еді. Қасекең кейін елге кең тараған біраз ән шығарған. Сол әндерінің бірі “Дариғаны” Ғафу Қайырбеков бертінге дейін шебер орындады. Сырағаң Қасекеңмен көзі тірісінде құда болуға сөз байласқан. Кейін сол құдалық байлам бойынша Қасымның үлкен қызы Жанна (Сәпен апайдың қызы)

Сырағаңның үлкені Дүйсенге жылы күйеуге шықты.

Кезінде достығы жарасқан осы үш ақын да қазақ әдебиетінің бетке ұстар тұлғалары еді.

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ,жазушы, тарихшы

kerey.kz