Kerey.kz/Керей.кз » Еркiн Iзбасар

«Арбаға таңылған адамды соққыға жыққан» елде әдiлеттiлiктi қайдан табасың?
Ақтөбе облысында заңсыз мұнай өндiрумен, ұрлаумен және оны заңсыз тасымалдап, сатумен айналысты, осы мақсатта ұйымдасқан қылмыстық топ құрып оған жетекшiлiк еттi деп айыпталған Еркiн Iзбасардың адвокаты Серiк Сәрсенов өзiнiң қорғауындағы азаматты кiнәсiз деп санайды. Оның айтуынша, елiмiзде спортшылардың қамқоршысы, мүгедектер ұйымының белсендi мүшесi, кей ортада қылмыс әлемiнiң беделдi тұлғасы ретiнде көрсетiлген Е.Iзбасар абақтыда дәлелсiз айыптармен заңсыз отыр. С.Сәрсеновпен сұхбатымызда айыпталушылардың құқығы туралы сөз болды.

Тiлшi: – Серiк Қамбарұлы, қорғауыңыздағы адамның құқықтары бұзылды деп санайсыз ба? Оның қамауға алынуын неге заңсыз дейсiз?

С.Сәрсенов: – Мен көтергелi отырған мәселе елiмiзде қылмыстық жауапқа тартылған мыңдаған адамға тiкелей қатысты. Мен қылмыстық жауапқа тартатын органдар, прокуратура және соттар тарапынан болып жатқан сорақы заңсыздықтарға назар аударғым келедi. Бұл бiрiншi кезекте азаматтардың өзiн қорғауға, сапалы заңгерлiк көмек алуға деген конституциялық құқықтарының өрескел бұзылуына қатысты. Халықаралық құқықтың осындай iргетасы қиратылып, елiмiзде адам құқығы аяққа тапталуда.

Е.Iзбасарды қамауға алған кезде, 9-10 желтоқсанда, тергеу абақтысында оны ұрып-соққанын айтпай-ақ қояйын. Шешесi мен әйелiнiң сөзiнше, арбаға таңылған, қорғансыз адамды абақты қызметкерлерi соққыға жыққан. Дәрiгерлiк көмек те көрсетiлмедi деп естiдiм. Мiне, адам құқығы бiзде қалай қорғалатынын осыдан байқай берiңiз.

Ендi нақты заң бұзушылықтарға тоқталайын. 9 желтоқсанда күдiктi ретiнде Еркiн Iзбасардың iс-әрекетiн саралау туралы қаулы шықты. Ол екi бiрдей ауыр қылмыс жасады деп айыпталуда. Осы қаулыдағы оның қылмыстық әс-әрекетiнiң мән-жайларын баяндау жағы небәрi 4 жолға сыйып кеткен. Бұл – түкке тұрғысыз жалған айып. Неге олай екенiн прокурорға жазған шағымымда бастан-аяқ түсiндiрiп бердiм. Бұл қаулы осындай құжаттарға Қылмыстық кодекстiң 113 және 204-баптары қоятын талаптарға жауап бермейдi. ҚК-нiң 4-бабында қылмыстық жауапқа тартуға тек қылмыс құрамы ғана негiз бола алады делiнген. Қылмыс құрамы қылмыстың белгiлерiнен, қылмыс жасалған уақыт, орын және күдiктiнiң iс-әрекетiнiң объективтi белгiлерiнен тұрады. Е.Iзбасарға қатысты оның қашан және қандай жағдайда ұйымдасқан топ құрып, оған қалай жетекшiлiк еткенi, қаулыда көрсетiлген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерiнiң әрқайсысы қандай нақты қылмыстық iске барғаны, Е.Iзбасар қай жылы және қандай жағдайда белгiсiз жандармен мұнай ұрлығымен айналысқаны, ұрланған мұнайды қашан және қалай, қанша көлемде және кiмдерге сатқаны туралы, тағы басқа толып жатқан қылмысты дәлелдейтiн деректер мен оның белгiлерi көрсетiлмеген. Екi ауыз сөзбен ол мұнай ұрлап, оны заңсыз тасымалдап, сатумен айналысты деп жаза салған.

Тiлшi: – ҰҚК бұлтартпайтын дәлелдерсiз кiнәсiз адамға ауыр айыптар тағып, ұстамайтын шығар?

С.Сәрсенов: – Демек, онда отырғандар не заң бiлмейтiн дүмбiлездер немесе адамға қорғануға мүмкiндiк бермеу үшiн оның бәрiн әдейi жазбаған. Және үшiншi жорамал, оларда ешқандай дәлел жоқ. Өзiм де ұзақ жыл iшкi iстер органдарында қызмет еттiм. Егер күдiктiнiң кiнәлi екендiгiн бұлтартпайтын айғақтары болса, оны жасырудың, осылайша заң бұзудың қажетi қанша? Мен оның бәрiн қаулыға тiзiп жазар едiм. Осындай жағдайда мұнай ұрлады деп айыптаса да, оның қашан және қалай мұнай ұрлағаны туралы бiрде-бiр дәлел көрсетпесе, Е.Iзбасар оны қалай жоққа шығара алады? Егер Е.Iзбасар мен онымен бiрге тұтқындалғандардың қылмыстық әрекетiн толық баяндап, дәлелдер келтiрсе, бұл қаулының айыптау бөлiгi төрт жол сөзбен бiтпес едi. Бұл – мүлдем сауатсыз айыптау. Осындай шала және заңсыз құжаттың негiзiнде ол бiр айдан астам уақыт қорғану құқығынан айырылып отыр, ал менi заңгерлiк көмек беру құқығынан айыруда.

Олар бiзге қорғануға мүмкiндiк бермеу үшiн, заңсыз әрекеттерiне шағымдануға уақыт қалдырмау мақсатында әдейi осылай iстеген деген күдiгiм бар. Менiң тәжiрибемде мұндай жағдайлар көп кездестi. Аяғына дейiн заңсыз, шала-жансар қаулылармен аяқ-қолымызды тұсаулайды да, тергеу аяқталуға жақын қалғанда ойлап тапқан айыптауларын қолымызға ұстата салады. Ал ол кезде тергеу аяқталып, iстi сотқа өткiзiп жiбередi.

Тiлшi: – Сiз оны неге қорғай алмай отырсыз?

С.Сәрсенов: – Мен осы заңсыздықтар туралы Ақтөбе облысының прокурорына шағым жолдадым. Прокурордың берген жауабы мынау (екi беттiк қағазды көрсеттi). Ол iс жүзiнде менiң барлық шағымымды жоққа шығармаса да, оны қанағаттандырудан бас тартты. Үш күн iшiнде жауап беруi керек болса да, бiзге не деп жауап берерiн бiлмей бiр апта жазды. Бас прокурордың нұсқауында қаулыда шағымда көрсетiлген әрбiр дәлел келтiрiлуi және әрбiр дәлел бойынша нақты жауап берiлуi керек делiнген. Оның бiрi де жоқ. Демек облыстың прокуроры бас прокурорға да, президентке де, Конституция талаптарына да бағынбайды деген сөз.

Тiлшi: – Мұныңыз асыра айтқандығыңыз болар. Сiздiң қорғауыңыздағы адам көпшiлiкке қылмыс әлемiнiң беделдi тұлғасы ретiнде танымал емес пе?

С.Сәрсенов: – Мұндай ақпарды ҰҚК әдейi таратты.

Тiлшi: – Сiз адвокаты ретiнде осылай дейсiз…

С.Сәрсенов: – Жоқ. Сiз алдымен оны ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшiсi ретiнде таныған сот шешiмiн көрсетiңiз. Ондай шешiм жоқ.

Сiздi ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшiсi ретiнде тануым үшiн мен сiздi есепке алып, агентуралық, жедел iс-қимыл жұмыстарды ұйымдастыруым керек, сiздiң қылмыстық топ жетекшiсi екенiңiздi дәлелдеуге тиiспiн. Сiздi осы үшiн жауапқа тартып, сот тиiстi үкiм шығарған соң ғана сiздi ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшiсi ретiнде атауға болады. Менiң бiлуiмше Е.Iзбасарға қатысты ондай үкiм жоқ.

Тiлшi: – Бұған қатысты күмәнiм бар..

С.Сәрсенов: – Күмәнiңiз болса, соңғы бiрнеше жылда елiмiзде қанша адамның 262-баппен ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған жетекшiлiк еткенi туралы соттарға сұрау жолдаңыз. Соттардың сiзге жауап бермейтiнiне кепiлдiк беремiн. Мен осы бойынша сан мәрте хабарласқаныммен, ештеңе өндiре алмадым. Дәл осындай сауалыңызға ҰҚК, IIМ, қаржы полициясының да ақпарат бермейтiнiне шүбәм жоқ. Егер Е.Iзбасар мен оның жақтастары мәселен, соңғы 5 жылда ұйымдасқан қылмыстық топ құрса, осы уақытқа дейiн қылмыс жасамаған ол қандай топ? Осы кезге дейiн неге қылмыстық жауапқа тартпаған? Менiң долбарымша, олар кейбiр адамдарды әдейi таңдап ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшiлерi мен мүшелерi ретiнде тiркеп қояды. Сондай есепте тұрғандардың тең жартысы ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресiп жатырмыз деген жалған есеп беру үшiн ғана тұр деп санаймын.

Тiлшi: – Бiрақ Е.Iзбасар бiрнеше жыл бұрын сотталған едi ғой?

С.Сәрсенов: – Еркiндi жауапқа тартқан ол iсте оған тағылған айыптың бiрi –өзгенiң мүлкiн ұрлау деген бап едi. Сотта ресейлiк бiр компания Е.Iзбасар бiзден қаржы жымқырды деп айыптаған. Мен Мәскеуге барып Ресейдiң мемлекеттiк органдарынан аталған фирма туралы анықтама жинадым. Ресми орындар берген анықтама бойынша ондай компания еш жерде тiркелмеген, мөрлерi қолдан жасалған, ал құжаттарындағы нөмiрлер мен өзге де мәлiметтерi басқа компаниялардыкi болып шықты. Осы құжаттарды бiздiң сот қабылдаудан бас тартты. Жоғарғы сатыдағы соттар да осы заңсыздыққа көз жұмды. Мiне, оны осылай соттаған едi.

Тiлшi: – Сiз Еркiн Iзбасармен кездестiңiз бе?

С.Сәрсенов: – Жоқ. Менi кездестiрмедi. Еркiннiң менiмен кездескiсi келмейтiнi туралы айтқанын жеткiздi. Кейiн Еркiннiң өзi мұны жоққа шығарды. Сiз оның әйелiне хабарлассаңыз, ол Еркiндi абақтыда қалай ұстап отырғаны туралы егжей-тегжейлi айтып бередi. Ол өзiн кiмдердiң қалай соққыға жыққанын да айтып бере алады.

Тiлшi: – Е.Iзбасармен бiрге қанша адамды ұстады және оларға тағылған айыптар туралы не бiлесiз?

С.Сәрсенов: – Бiлуiмше, Е.Iзбасармен бiрге 10-12 адам ұсталған. Және оларға қатысты шығарылған қаулының мазмұны бiрдей. Яғни олар да заңгерлiк көмек алу, қорғану құқықтарынан айырылды. Бiр айдан астам уақыт бойы олар заңсыз абақтыда отыр.

Еркiнге көмектесiп жүрген, қазiр тергеу абақтысында жатқан Ауқат, Iлияс есiмдi жiгiттермен жеке-жеке көзбе-көз сөйлестiм. Олардың екеуi де ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерi ретiнде ұсталғандардың ешқайсысын танымайды, бiлмейдi. Және ең назар аударатын мәселе, қаулыда Е.Iзбасар анықталмаған тұлғалармен ұйымдасқан қылмыстық топ құрды делiнген. Белгiсiз тұлғалармен қалай байланыс орнатып, қылмыстық топ құруға болады? Бұл – ақылға сыймайтын дүние.

Тiлшi: – Қаулының заңсыз екенi туралы сотқа неге шағым түсiрмедiңiз?

С.Сәрсенов: – Иә, заң бойынша, 106-бапқа сүйенiп олай етуге құқығым бар. Неге өйтпедiм? Өйткенi соттың дәл прокурор секiлдi шағымымды қанағаттандырудан бас тартатынына сенiмдiмiн. Бұл жағдайда мен жоғары сатыдағы соттарға шағымданамын. Олардың да шағымымды өзгерiссiз қалдыратыны белгiлi. Сол кезде преиюдиция ұғымы күшiне енедi. Жалпақ тiлмен айтқанда, соттар бұған дейiн заңды күшiне енген сот шешiмiне қатысты iстi дәлелдер мен айғақтарды тексермей-ақ қабылдауға мiндеттi болады. Яғни, барлық соттар шағымды қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда мына заңсыз қаулыны өз қолыммен заңдастырған боламын. Одан әрi еш жерге қаулының заңсыздығын айтып шағымдана алмай қаламын. Егер Қазақстанда әдiл сот болса, мен прокурорға жазбай ақ бiрден сотқа шағымданар едiм.

Тiлшi: – Ендi не iстейсiз?

С.Сәрсенов: – Мен Ақтөбе облыстық прокурорының жауабына байланысты бас прокурорға шағым жаздым. Ол жақтан да оң шешiм болатынына көзiм жетпейдi.

Тiлшi: – Басқа жол жоқ па?

С.Сәрсенов: – Одан әрi президент әкiмшiлiгi мен парламентке хат жазу қалады. Тергеу орындарынан бастап, облыстық прокурор және бас прокурордың заң бұзғандарын, заң бұзушылыққа жол бергендерiн көрсетемiн. Бұл – прокуратураның тiкелей конституциялық мiндеттерiн орындамағанының дәлелi. Мен осындай қылмыстық әрекетсiздiгiмен прокурорлар президентiмiздiң атына кiр келтiрiп, қорлап отыр деп санаймын. Өйткенi Конституция бойынша адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi болып табылатын президенттiң қоластындағылар Конституция талаптарын орындамау арқылы президентке бағынбайтындарын, керек десеңiз қорлайтынын көрсетiп бередi.

Тiлшi: – Сiз атышулы iстерде Челах, Ибрагимов секiлдi сотталушыларға қорғаушы болдыңыз. Және оның бәрiнде жеңiлдiңiз. Бұл жолы да солай болады деп ойламайсыз ба?

С.Сәрсенов: – Ал сiз маған мемлекетпен соттасып жеңiске жеткен бiр адвокаттың есiмiн атаңызшы. Қазақстанда әдiлеттi сот жоқ деп санаймын, сондықтан жеңiлетiнiмдi де бiлемiн. Сот заттай айғақтарды зерттеудi мiндеттейтiн заң талаптарын белден басса қалай жеңуге, әдiлетке қол жеткiзуге болады? Мәселен, Челахтың iсiнде оның кiнәсi толық дәлелдендi деп айта аласыз ба? Бiздiң соттар оны кiнәлi деп тапты. Ал БҰҰ адам құқықтары жөнiндегi комитетi Челахтың iсiне қатысты шағымымды қарауға қабылдады. Демек, олардың бұл iске қатысты күмәнi бар.

Әрине, қарапайым екi адам соттасқанда көп жағдайда әдiлет салтанат құрады. Ал мәселен, үлкен қылмыстардың ақиқатын бүркемелеу қажет болса, әйтеуiр бiр қорғансызды жазалаумен iстi жабуды көздесе, онда жазықсыздың өзiн жауыз ету билiк үшiн түк емес. Өкiнiшке қарай, бiздiң қоғамда солай.

Әдiл ҰЗАҚБАЙ

zhasalash.kz

“Қазақ спортының дамуы үшiн үлесiн қосты”
Із

7 желтоқсанда Ақтөбе қаласында жүргiзiлген арнайы iрi операция кезiнде мұнай ұрлады деген күдiкпен қылмыстық топтың бiрнеше мүшесi құрықталған едi. Сондай-ақ Алматыда да арнайы iс-шара ұйымдастырылып,  Еркiн Iзбасар, көлiк жүргiзушiсi ұсталған болатын.  Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң арнайы ұшағымен Ақтөбеге жеткiзiлген күдiктiлердi тергеу, тағыл­ған айыптың қаншалықты дәлелдi, дәлелсiз екенiн анықтау тиiстi органдардың құзыретiндегi шаруа. Редакциямызға бiлiктi бапкер Бауыржан Нұрмаханов келiп, Еркiн Iзбасарды ұзақ жылдан берi танитынын айтып, оның спортқа қосқан еңбегi жайлы жазған мақаласын ұсынды.

Мен   Еркiн Iзбасар­мен 1980 жылдардан берi таныспын. Екеумiз күрес залында танысып, таныстығымыз достыққа, жолдастыққа ұлас­ты. Ол Ақтөбе өңi­рiнде еркiн күрестiң дамуына ерекше көңiл бөлдi. Өзi де жастайынан күресiп, жол апатына ұшырағанға дейiн спортпен шұғылданғандығынан болар.

Еркiн Ақтөбе өңiрiнiң еркiн күресi дамуы үшiн, жастар өсiп шы­ғуы үшiн көп күш салды. Жастар өсiп шығуы үшiн Ресейдiң Хасавюрт қапласындағы бапкер­лердi шақыртып, бiздiң балуандарды сол жаққа жiберiп, Хасавюрттың, Ресейдiң ұлттық құрамасына енген спортшыларын Ақтөбеге шақыртып, бiрлескен оқу-жаттығу жиынын өткiздi. Күнi кеше Алматыда аяқталған Конфедерация кубогы үшiн өткен додаға әзiрлiктi Ақтө­бенiң еркiн күрес бал­уандары Хасавюртта өткiздi. Хасавюрттағы жаттығу жиынына жүре­тiн балуандардың жолына қысылтаяң уақытта қаражат табылмай, Еркiн балуандарды жi­беру үшiн ақша iздеп қиналғанын бiлемiн.

Бiрде Ақтөбеге бар­ғанда Еркiн менi бал­уандардың әзiрлiк өткi­зе­тiн залына ертiп барды. Өзiнiң болашақта атқаратын шаруасымен бөлiскен едi сонда. “Бауыржан, неге бiздiң Ақтөбе қаласында да Хасавюрттағыдай балуандар мектебi болмайды? Хасавюртта Магомед Гусейнов ашқан   мектеп-интернатта 200 балуан бар. Солардың бәрi интернатта жатады, сол жерде жаттығады. Бәрi iшiнде. Осы мектептiң түлек­терi арасынан әлем чемпионы,Олимпиада ойындарының жеңiм­пазы мен жүлдегерлерi шықты. Неге бiз де сондай жүйемен жұмыс iстемеймiз? Еркiн күрес елiмiзге келгелi алпыс жылға жуықтады, әлi бiрде-бiр әлем чемпио­ны жоқ. Жарайды, ке­зiнде КСРО-ның шетқақпайлауымен   Әбiл­сейiт Айханов, Аманжол Бұғыбаев, Амангелдi Ғабсаттаровтың жарқырап көрiнуiне мүмкiндiк болған жоқ дедiк. Тәуелсiз­дiгiмiздi алғанымызға да 25 жыл толды, еркiн күрестен есе­мiздiң кетiп жүр­генiне қарным ашады” деген едi. Және өзi балуандар мектебiн саламын деген жерге ағаш көшеттерiн де отырғызып, алғашқы қадамын бастаған да болатын. Еркiн күрестен биылғы Рио Олимпиадасында 57 келi салмақта елi­мiз­дiң намысын Нұр­ислам Санаев қорғады. Рас, бұл да легионер. Ресейден алдырған балуан, бiрақ бұл балуан Қазақстанға келгенге дейiн Ресей­дiң iшкi бiрiншiлiгiнде топ жарып, құрамасына iлiнген жоқ. Күрес жолында ендi-ендi көрiнiп келе жатқан Санаевтан тамаша балуан шығатынын бiлiп елiмiзге алдырды. Былтырғы АҚШ-та өткен әлем бiрiншiлiгiнде жолдаманы иеленiп, Рио Олимпиадасында бел­дестi. Нұрислам Санаев Бразилияда өткен жаз­ғы Олимпиада ойындарында әзiр­байжан балуаны Гаджи Алиевпен күрескенде Са­наев­тың алты ұпайын төрешiлер көпе-көрнеу бермей қойды. Сонда Еркiн Iз­басар белдесуге тө­релiк еткен қа­зылардың бәрiн жиып алып сiл­кiлеп-сiлкiлеп ұрысқан болатын. “Бұларды осылай тойтарып қоймаса, қазақ балуандарына тiзесiн батыра бередi” деп күйiнген едi сонда.   Бразилия жерiнде кү­реске тө­релiк еткен қазыларды жиып қойып ұрысқан Еркiннiң қасында тұрып Дәулет Тұр­лыхановтың балуандарымыз үшiн күйген, ара түскен кезi есiме түстi.

Мен бапкер ретiнде төрт жазғы Олимпиада ойындарына балуан баптап қостым. Даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановтың бiздiң бал­уандардың есесi кеткен жерде тiкелей өзi араласып, төрешiлер­дiң бұра тартуына жол бермегенiн көргенмiн. Еркiн де қазақ спортының, балуандардың намысы үшiн деп жүрген азаматтың бiрi мен үшiн.Қазақ спортының дамуы үшiн үлесiн қосты.

Бауыржан Нұрмаханов,

Қазақстанның еңбек сiңiрген бапкерi,

Алматы қаласы

zhasalash.kz