Kerey.kz/Керей.кз » Ермұхан Бекмаханов

Астанада тарихшы Е.Бекмахановтың тағдырын баяндайтын «Аманат» фильмінің тұсаукесері өтті
суретті Ғабит МАДАЛИЕВ түсірген

Бүгін, 31 мамырда, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, Астанада көрнекті ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы «XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты еңбектің авторы, қазақ тарихының жанашыры, біртуар тұлға Ермұхан Бекмахановтың тағдырын баяндайтын «Аманат» атты толықметражды фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Фильмнің желісі бірнеше уақыт аралығын қамтиды: XIX ғасырдың орта тұсы Кенесары ханның тәуелсіздік жолындағы күресі, XX ғасырдың ортасы және 60-жылдардың соңы. Тарихи туындыда қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтеріліске арналған зерттеулері үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған тоталитарлық жүйенің құрбаны, алаш арысы Ермұхан Бехмахановтың тағдыры баяндалады.

Фильмнің режиссері және сценарий авторы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Франция киноакадемиясының Жорж Садуль атындағы сыйлығының лауреаты Сатыбалды Нарымбетов.

Фильмде басты кейіпкер Ермұхан Бекмахановтың рөлін Берік Айтжанов, Халима Бехмаханованың рөлін Қарлығаш Мұхамеджанова сомдайды. Кенесары хан рөлінде Санжар Мәдиев ойнайды. Сондай-ақ, фильмге Әзиз Бейшенәлиев, Құралай Анарбекова, Ерден Телемісов, Азат Нұртаев, Шынар Жанысбекова, Ажар Ыбыраева, Артем Митнев қатысады.

Фильмнің түсірілімі Алматы қаласы және Алматы облысында жүргізілді. Сол заманның бітім-болмысын дәлме-дәл ашып көрсету үшін шығармашылық топ біраз жұмыстар атқарған. Атап айтсақ, сол дәуірді өз көзімен көрген тұлғалармен кеңесе отырып іс жүргізу, заманға сай костюмдер тігіп, интерьер мен декорацияны жасау тәрізді жұмыстар жасалған. Фильмнің қоюшы суретшісі Мұхтар Мырзакеев, продюсері Арман Әсенов.

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының көптен күткен әрі маңызды жобасының тұсаукесеріне еліміздің белгілі мемлекет, қоғам және мәдениет қайраткерлері, Ермахан Бекмахановтың туыстары мен жақындары, сондай-ақ фильмнің шығармашылық тобы қатысты.

bnews.kz