Kerey.kz/Керей.кз » Жұмат ӘНЕСҰЛЫ

Торғайдан ұшқан көк торғай
Аян -Сейітхан Нысаналин, ақын, жазушы

Торғайдан ұшқан көк торғай

(Журналист- жазушы, ақын Жұмат Әнесұлы туралы эссе)

Қазақтың Ұлы даласының қай пұшпағы болса да қасиетті, қымбат маған. Бірақ, тұнып тұрған тарихы тарау тарау Торғай топырағын  қаршадайымнан  бір басуға құмартып,  көптен ойда жүр еді.

Ақыры, реті келіп, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») іссапарға жұмсады. Арқалық әуежайынан түсіп, Амангелді мен Жангелді аудандарын  армансыз аралап, сапар оңтүстікке қарай ойысты. Ойдым ойдым орман тоғай , қыр белеске ұласқан құмдауыт жазық басталып,төңірегі балхаш жасыл төбешіктерге толы ботакөз бұлақ бастаулар тынысты ашып, кеңейтіп жібергендей. Керімсал самал іштен тына күрсініп, жанға ерек рахат сыйлады.  Көз ұшындағы  көкжиекте бұлың бұлың бұлдыраған  жатаған жоталарға  қарадым. Қызыл шағыл шаңғыт жолдардан бұлтылдап пыр пырлай сары бауыр  бұлдырықтар ұшты.Көк кіндігіне қадалып қалғандай таң торғайы бозторғайлар безілдеп, тәтті әуен төкті. Аспан шайдай ашық. Күн жарқырап тұр.

Кеңшар басшысы:

-Қызбелді көріп отырсын деп, киіз үйдің есігін солай қаратып тіктірдім -деді келе жатып әзілдей. Ризашылығымды білдіріп, мырс еттім.

Ал, мен үшін жыр перісі Нұрхан Ахметбеков сиқырлы бір сұлу әлем, сұлу елес. Бала кезімде әне бір жылы Жетімтауға тұңғыш рет кино келді.  Дуалға керілген ақжайма жанданып, Амангелді арғымағымен ойқастап  өткенде бала қиялына қанат біткендей болып еді. Содан бері сағынышты сүйіспеншілікке айналған  аймақ бұл.

Сырағаң (Сырбай Мәуленов) пен Ғафаң (Ғафу Қайырбеков) өмір кешкен  өлке менің көкірегіме ән күй болып, күмбірлеп солай кіріп еді.  Мектепке алғаш барғаннан бастап, Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылығы» жатталып,

құлақта жез қоңыраудай сыңғырлап тұрғаны әлі. Оның қадіріне жеттік пе? Әлде…

Сөйтіп жүргенде Кеңшілік Мырзабеков пен Серік Тұрғынбеков кездесті.

Әріптестер ішінде үзеңгілес болуға жарайтын марқасқа жігіттер еді. Кеңшілік мәңгілік ғұмыр жырға айналып, бізге ауыр аманат арқалатып кетті.Осылай әрі сәрі күйде қалып, қамыққан сәтте Жұмат Әнесұлы жолығып, өлеусіреп өше бастаған  сағыныш оты қайта лаулады, әңгімесі  құлақ құрышын қандырды. Суретшілігінен сыр шертті, ақындық әлеміне сүңгітті. Сөз майын тамызып, құлақ құрышын қандырды. Онымен жиі жиі ханқамауда (шахмат)жан беріп, жан алысқан жекпе жек үстінде бірде жеңіп, бірде жеңіліп, уақытты сыныптай сырғытып өткізген кезіміз болды. Жансая Әбдімәліктің  Академиясы бізге еңселі есігін ашты.

Торғайда бірде облыс ортлығы болып, бірде жабылып, беймаза күй кешіп, қаңырап қалған. Алаш орданы туын тіккен Сарыарқаның дарбазасындай Семейде сөлекеттікке тап болып, тоз тозы шыққан шаңдары, сар даланың мұңды ақселеуінің басына қонғандай. Алтын мен мысты құшағына сыйғыза алмай жатқан Ұлы Ұлытаудағы Жезқазғанның түрі анау!

Бетті күйдіріп, тура тіліп айтатын Ғ.Боқаштың «  миллион тұрғыны бар Стамбұл мен дәл сондай халқы бар Қазақ елін салыстыра айтқаны маған көп ой салды. Аяулы Алаш қайраткерлерінің ордасы болған Торғай жерінің орталығы болған Арқалық қаласынан аялы алақанымыздың жылуын аяғанымызды Алла кешіре ме?

Біз бірді айтып, бірге кеткелі отырған жоқпыз. Менің әріптесім Жұмат ӘНЕСҰЛЫ осы Торғайдың, Арқалықтың азаматы. Азамат дейтін себебіміз,кезінде  осы Торғай облысы жабылғаннан кейін, Торғай жерінің, Арқалық қаласының әлеуметтік жағдайы күрт төмендеп кеткенін республикалық басылымдарда баса  жазған тілді, журналист жазушы.

Қанатты пырақ мінген Ол  әр жанрға  әзiл сықақ,  жыр мен эссеге аялдап, қазық қағып,шабыт шаңқан бозына  бір жақты шідер салуға болмайтынын түсініп, тұлғатануда ғылымдық, танымдық  маңызды мақалалаларын  жариялап жүргені құптайтын жемісті жол. Әйтпесе, ол тарих тамырына терең көп үңіліп, зерделейді. Ағалары мен замандастарына келгенде шешен сөйлейді. Өз қолтаңбасы бар зерделі зерек, шеберлік шыңына көтеріліп, іңкәр ізденісін жалғастырып келе жатқан жазушы. Дарын дәнегіне дәніккен  оқырманның аз жылда «»Желтоқсаннан кейін», «Мақтанышы елімнің», «Езу тартар», «Ұлтына ғұмырын арнаған тұлға», «Күлдір дүлдір және сырлы мұң», «»Алаш туын көтергендер» атты кітаптармен қауышуы үлкен еңбекқорлықтың дәлелі.

Ж.Әнесұлы өзінің «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға» атты  еңбегінде 1923-жылғы қаңтардағы «Еңбекші қазақ» үнжариясында шыққан  Сәкен Сейфуллиннің  « …Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде,қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлттық намысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз ақ Ахмет еді…» дейтін парасаттыда, пайымды пікірін мысалға келтіре отырып, ұлы ұстаздың өнегелі өмірі мен шыңыраудан рухани қазына шығарған шығармашылығына кеңінен тоқталып өтеді. Оның Нұрмағанбет атасы туралы да топшылауы ден қойғызады « Балуан Шолақ ғадетінде зорлық зомбылық дегенді жақтырмаған, бірақ, елдің ашу ызасына шыдай алмай, отаршылардың әлімжеттік әрекеттеріне қарсы күресу ниеті пайда болады. Содан орыс казактарының жазасын беруді ойластырған. Бір күні көптеген арбамен шөп тиеп селоға апара жатқан казактармен кездесіп қалады. Сол жолы Балуан Шолақ бір өзі көп казакты ұрып соғып, қол аяқтарын байлап, солардың өрістегі сексен өгізін айдап кетіп қалады. ХХ-ғасырдың бас кезінде Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы отаршылдыққа қарсы ашық саяси күресін бастаса, сол кезде Балуан Шолақ орыс қарашекпенділерінің жергілікті қазақтарға көрсетіп жүрген озбыр істеріне қарсы бұдан бұрын адам естімеген күшпен қайрат көрсетіп, қарашекпенділердің бетін бір уақыт қайтарып тастаған». Расында, Ж.Әнесұлының Балуан Шолақ туралы жазған осы хикаятында ұлт батырының, ақын композиторының айқын образы бар еді.

Жұмат Әнесұлының кезінде   С.Мұқановты, С.Мәуленовті, Ғ.Қайырбековті қарсы алып, сол кезде көңілге түйгендерін жазған естеліктері де көңілді қанаттандырып жіберетіндей деңгейде әдемі шыққан дүниелер. Ол қаламгер зертханасынан хабар бере отырып, тыныс тіршілігін де ұмытпай, еске сала кетеді.

Мәселен, осы кітапқа енген Жұмат Әнесұлының «Торғайға келген Сәбит Мұқанов» атты естелік хикаяитында Сәбеңнің өзінің бір әңгімесінде «Мөлдір махаббат» романына осы Қызбелде болған ғашықтық оқиғасы себеп болғанын айтады. Жұматтың  Сәбең туралы естелігінде мынандай жолдар бар:

«…Жазушы Сәбит Мұқанов  жылы  шыққан «Адасқандар» арқау болса, кейін жылы қайта өңделіп «Мөлдір махаббат» деп аталған осы романына негізінен Торғай елі деп аталған  ауылдың тумаларының  арасындағы махаббат  оқиғасы себеп болған. Шығармадағы кейіпкерлер Бәтес, Бүркіт, Мүсәпірдің  прототиптері тарихта болған қызбелдіктер Бәтима Мұқашқызы, Сұлтанбек Әбеуұлы, Мұстафа Көшекұлы. Яғни,  осы «Мөлдір махббат» романының басты кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Олардың жастық шақтары сол ауылда бірге өткен. Ер жете келе Бәтима мен Сұлтанбек бір біріне ғашық болған. Бірақ, бұлар туыстығы жағынан жақын болып, ағайындары қосылуға рұқсат бермепті. Сұлтанбек көрікті жігіт, әрі ақындығы болған екен. Оның жазғандары әлі қолда бар» деседі».

Жұматтың айтуынша Сәбит Мұқанов Сырбай Мәуленовтің мерей тойына бірге келгенде Қызбелге арнайы  соғыпты. Сонда Сәбең Қызбелдегі «Қыземшек» деген жерді көріп тұрып, Сәбең: «Апыр ай, ә! Кезінде роман жазып жүргенде бұл жерді бұрын көрмесемде, қолмен қойғандай -ақ суреттеген екенмін» деп өзіне өзі разы болған екен. (Жұматтың сол естеліктегі сөзі. Автор).

Жұмат Әнесұлының осы кітапта жыр тұлпары Сырбай Мәуленов туралы жазған естеліктері, танымдық мақалалары да бір төбе.Оның бәрін әрине бұл шағын мақалада тізіп жатпаймын. Дегенмен, сондағы Сырбай Мәуленов туралы мына бір жолдарды мысалға келтіре кетейін:

«…Бүкіл адамзатқа зардап шектірген алапат соғыс кезеңіне арналған өлең жырларды оқып отырып, толғанасың, күйінесің, күрсінесің.Сырбай Мәуленов поэзиясы соғыс құрбандарына мәңгі тұрғызылған ескерткіш тәрізді. Сырағаңның туындылары  сондықтан көздің ұясынан жаңа шығып,  жерге тамбай, қатып қалған көз жасының бір түйір тамшысы сияқты әсер қалдырады қашанда»… Тамаша пікір.

Күні кеше ғана құлын тайдай тебісіп, тел өсіп, өнер өлкесіне  еркін қанат қаққан  замандас туралы  тебірене толғаy оңай  шару емес.  Бұл әркімге азаматтық жүк артады. Кеңшілік -Жұмат егіздің сыңарындай болғандығы былайғы қаймана жұртқа қызық көрінетіндігі   рас.  «Ұлт ақыны атанған Кеңшілік», «Кеңшіліктің бала кезіндегі айтқан бір сөзі» атты Жұматтың біраз естеліктері мен хикаяттары республикалық басылымдар арқылы оқырмандарға жақсы таныс. Олардың барлығы дерлік Жұматтың кітаптарына енген.

«…Біздің балалық шағымыз бір ауылда, бір мектепте өтті. Осы күні Кеңшіліктен (Мырзабеков) естігенім мен көргенімді саралап отырсам,  оның әуелден арқалы ақын екенін, анадан туа бітті қанымен, жaнымен  ақын болып туғанын  байқауға болатын еді…» дейді Жұмат «Кеңшіліктің бала кезінде айтқан бір сөзі» атты эссе естелігінде. Одан әрі сол естелікте « …Ол оқуға ыждағатты болып еді деп айту қиын., бірақ, , құдайдың құдіретімен туғаннан ақын болып жаралған  жан өте сезімтал- тын. Сондықтан ес біле бастаған шағынан бастап ол көргендерін, естігендерін кинолента тәрізді  ми қабатына қабылдай берген, сіңіре білген, есінде сақтай берген, яғни, он сегізге толғанда  оның оқығанынан, жадына тоқығаны  көп еді…»деп жазылған онда . Жұмат Әнесұлы Кеңшілік Мырзабековтің шығармаларындағы бүгінде сирек қолданылатын әдеби сөздерді талдағанда да біраз әдебиеттанушылардың алдын ораған.

Жұмат Әнесұлының бүгінге дейін баспадан жеті кітабы басылып шықса, олардың ішіндегі танымдық мақалалардың біразы А.Байтұрсынов, С.Мәуленов, Ғ.Қайырбеков, Н.Ахметбеков, К.Мырзабеков тәрізді қазақ поэзиясындағы белгілі тұлғалардың өмірі мен шығармаларын зерделеуге арналған. Олар сонысымен құнды. Жұматтың сол жеті кітабының бірі «Жұматтың ғазелдері мен әзілдері» деп аталады.  Ондағы өзіндік айтар ойы бар, қысқа да, нұсқа өлең жырлары назар аударарлық дүниелер. Әсіресе, сондағы «Татыр мен Үрпек арасы» атты тарихи хикаятын ерекше атап өтуге болады. Онда сонау 16-жылғы Ұлт азаттық көтерілісінің тәп тәуір суреттері көз алдыңызға келеді. Сондықтан, өлең жырлары бірнеше кітапқа енген, елге тараған  Жұматтың ақындық қырына тоқталмасқа біздің арымыз да жібермес еді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, Жұмат өнерге кездейсоқ келген жоқ. «Сегіз қырлы, бір сырлы» жан кeудесі қазнаға толы қайраткер қаламгер.  Оның сурет саласының  қыр сырын меңгергені бір төбе.  Әдебиеттің айбынын асырып, айдынын жарқыратып ашуы  да ұзақ әңгіме арқауы. Оның көп төл кітабынан шабыт шуағы шашырайды.  Алған әсер мол, түйген тәлім зор. Құдай бұйыртса, Жұмат жүрек сөзін айта береді әлі. Әрқашан оқушыңды тосын тақырыппен назарын аударып, қуанта бер. Жазар көбейсін, Жұмат!

«Сарыарқаның желі қандай екпінді,

Сар қаңбақты домалатып барады.

Сарыарқаның қыздары қандай, текті үнді,

Сөздері өткір, өңменнен өтіп барады.

Сарыарқаның белдері қандай әдемі,

Жайлауға жол арқадан асып барады.

Ақбоз үйден шыққан жаңа бұраң бел,

Қиық көзбен жымиып маған қарады»

(«Жұматтың ғазелдері мен әзілдері» кітабынан)

деп жырлаған ақын орта жолда қалмас -ау!  Тағы бір арнап айтар сөз, ол Жұмат Әнесұлының тек шығармашылығымен ғана емес, мінезі де ешкімге ұқсамайтын жан. Әңгімесіне қарасаң, Жұмат көкте қалықтап жүрген адам тәрізді. Бұл мақала эссені «Торғайдан ұшқан көк торғай» атауымның да себебі сол.

Аян -Сейітхан НЫСАНАЛИН, ақын,жазушы,сыншы                                                                                                                                                            kerey.kz

АҒАЙЫНДЫ БІРІМЖАНОВТАР- АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ
«Алаш партиясы мен Алашорданың құрылғанына 100 жыл

суретте  Думаның депутаты Ахмет Бірімжанов Дума депутаттарымен тұрған сәті (сол жақтан бірінші)

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ

АҒАЙЫНДЫ БІРІМЖАНОВТАР- АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ

1905-жылы бүкіл Ресейді қамтыған Орыс революциясы мен император Николай II-  нің 1905-жылдың тамызында қол қойған Манифестіндегі 1-ші тарауындағы «Сөз, жеке тұлғаның бостандығы,жиындар мен қоғамдық ұйымдардың бостандығы» туралы тарауы Қазақ даласына үлкен өзгерістер әкелді. ХХ- ғасырдың басында -ақ, ел қамын жеп отаршыларға қарсы саяси көзқарасы қалыптаса бастаған Қазақ зиялылары енді елдің басын қосып, империяның озбырлығына бірігіп күресуді бастаған еді. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов. М.Дулатов, Ж.Ақбаев ұйымдастырып,мыңдаған қазақ аймақтарының өкілдері қол қойып, патшаның атына, премьер министр Столыпиннің атына, Ішкі істер министрінің атына жазылған жолданған ПЕТИЦИЯ осы Алаш қозғалысының бастауы болатын.Ол петицияларда атап көрсетілген он төрт бап патша Манифесінде жазылған заңдық баптарға сәйкес, қазақ халқының сол кездегі билікке жеткізілмей жүрген мұң мүддесі еді.

Осы тарихи кезең туралы өткен жылдың аяғында бірнеше сайттарда жарияланған «Алаш туын көтергендер» атты зерттеу мақаламда жазған болатынмын. Оны қайталағанның жөні болмас. Дегенмен, АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫН осы жылдары бастаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,М.Дулатов, Ж.Ақбаев, М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов тәрізді тұлғалармен бірге, ағайындылар Ахмет,  Ғазымбек БІРІМЖАНОВТАРДА осы Алаш қозғалысының ортасында жүрді.

Орынбор гимназиясын, Қазан университетінің Заң факультетін Алтын медальмен бітірген Ахмет Бірімжанов  1906-жылғa дейін Орынбор, Том қалаларында сот саласында қызмет етіп жүрді. Бұл кезде А.Бірімжанов халықшылдығымен ел құрметіне ие болып үлгерген заңгер еді. Сондықтан ол  1906-1907-жылдардағы Ресейдің және  I-II-ші Думасына Торғай облысы атынан депутат болып сайланды.Екі Думаның да ғұмыры қысқа болғанмен депутат Ахмет Бірімжанов Думадағы Мұсылмандар фракциясының белсенді мүшесі болып, Ресейдің  отар елдерде жүргізіп отырған  озбыр аграрлық саясатын шектеу, қазақ жеріндегі әскери дала соттарын жоюды, қоныстанушыларды шектеуді, оларға жер бөлу жөнінде іс әрекет тек Дума қабылған Заңдар бойынша жүзеге асуы талап етті.

Орталық Азияда жер бөлу істері туралы кейбір заңдарды Думада қабылдауға ықпал еткен Мұсылмандар фракциясының белді мүшелері ішінде Б.Қаратаев (Орал облысынан),А.Қалменов (Батыстан) ,М.Тынышпаев, Ж.Құлманов(Жетісу облысынан) тәрізді депутаттар болды.

I-ші және II-ші Дума мүшелерінің қатарында эсер, меньшевиктердің, социалистік халық партиясының да өкілдері болды. Осы партиялар мен Дума депутаты Ахмет Бірімжанов пен мұсылмандар фракциясы ұсынған заңдардың көбісі Премьер министр Столыпинге жақпады. Өйткені, жоғарыда аты аталған партиялардың талабы бойынша ішкі әлеуметтік жағдайды көтеруге империяның экономикалық мүмкіндігі де жоқ еді. Сондай ақ,Орта Азияда отаршылдық бағыттағы саясатын кері өзгертуге патшалық Ресейдің ойы да болмаған тын.

Яғни, бұл кезеңде Ресейдің көптеген шаруалары, қара шекпенділері Орта Азияға, оның ішінде Қазақ жерінің ең шұрайлы жерлеріне жаппай орналастырыла бастаған кез еді. 1906-1907-жылдардағы екі бірдей Думаның қызмет мерзімінің өте қысқа болуы орыс социалистік партиясының және Мұсылмандар фракциясының ұсынған Заңдары премьер министр Столыпинге жақпай қалуынан болды. Сосын патша Николай II- өз жарлығымен Думаның қызметін тоқтатты.

Ал, қазақ елінің мәселелерін Думада көтерген депутат Ахмет Бірімжановқа  келесі Думаға өзінің кандидатурасын ұсынуға және еліне қайтуға тыйым салынып, оған тек Ресейдің Бұзылық қаласында қызмет етуге рұқсат берді.

Ал,  III-ші Думаға Орта Азия өкілдеріне депутат болуға шек қойылды.  Осы III-ші Дума ең ұзақ «өмір сүрген» Дума БОЛДЫ.  III-ші Думада қазақ депутаттарының болмауы Алаш қайраткерлерін алаңдатты. Сосын келесі  IV-ші Думаға  қазақ Орынбордан депутат өткізу мақсатымен Ахмет Байтұрсынов 1912-жылы «Қазақ, һәм, Дума» атты мақаласын жазған. А.Байтұрсынов  одан бұрын да «Айқап»журналы арқылы Түркістан жұртынан, башқұрт, ноғай, татар жұрттарынан IV-ші Думаға қазақтан депутаттыққа бір өкіл өткізуге көмек сұраған екен. Ахаңды Түркістан, ноғай, татар жұртының өкілдері қолдап, қол ұштарын беруге келіскенімен Ресей билігі IV-ші Думаға да қазақ депутаттарын өткізбей қойған. Сөйтіп жүргенде, Бірінші дүниежүзілік соғыс басталып, Ресей ішінде аласапыран оқиғалар болып жатты.

1917-жылы патша Николай II- тағынын күштеп түсіріліп, оның орнына кадет партиясының белді мүшесі Керенский бастаған Уақытша үкімет келді.

Бұл кезде белгілі заңгер болып атағы шыққан Ахмет Бірімжанов Орынборға көшіп келді. Сол  күннен бастап Алаш қозғалысына белсене араласты.  Орынбордағы 1917-жылы сәуір айынан басталған Жалпықазақтық бірнеше сиезге қатысты. Күзде өткен сиезде Уақытша үкіметтің Торғай уезіндегі комиссары, одан кейін Қостанай уезіндегі комиссары қызметтерін атқарды. Алаш партиясының және үкіметінің сайланбалы мүшесі болды.  1919-жылы Кеңес өкіметі Алаш орда қайраткерлеріне  ресми кешірім жасалғаннан кейін, Ахмет Бірімжанов Қазақ автономиясы Жоғарғы Сотының мүшесі, одан кейін де Жоғарғы сот саласында жауапты қызметтер атқарды. Қызылорда республиканың астанасы болғанда қазақтың зиялы тұлғалары А.Байтұрсыновпен, Ә.Бөкейхановпен, М.Дулатовпен, олардың отбасымен араласып, сыйласып тұрған. Ахмет Бірімжанов 55 жасында қауіпті кеселге ұшырап, содан Ленинградта, (қазіргі Петербургте) 1927-жылы қайтыс болып, сонда жерленген. Соңғы сапарға Ә.Бөкейханов, М.Әуезов, Ә.Марғұлан шығарып салыпты.

суретте Алаш қайраткерлері (оң жақтан) Ғазымбек Бірімжанов, Міржақып Дулатов,  Ахметсафа Юсупов

А.Бірімжановтың жастық шағына қысқаша шолу

Ахмет Бірімжанов Қазан университетінің заң факультетінде В.Ульяновпен (Ленин) бірге оқыған. Бірақ кіші Ульянов соңғы курста ағасының террористік ұйымға қатысып, сотталғаны себепті,  университеттен шығарғандықтан, ол дипломды экстренно экзамен тапсырып алған. Ал, Ахмет Бірімжанов Қазан университетінің заң факультетін Алтын медальмен бітірген.А.Бірімжанов гимназияда оқып жүрген кезінде ақ Орынбор жандармериясының бақылау тізіміне енген. Оның екі себебі бар еді А.Бірімжанов гимназияда оқып жүргенде халықшыл сөздер айтып, орыс отаршыларының қазақтардың жері тартып алып жатқан әрекеттеріне наразылық пікірлерін айтқан. Бұл біріншіден, екіншіден, А.Бірімжанов атақты тархан Шақшақ Жәнібек батырдың ұрпағы еді.  Шақшақ Жәнібек батыр Тархан атағын Ахметтің атасы Дәуітбайға мұра етіп қалдырған. Дәуітбайдан Мұса, Мұсадан Шеген, Шегеннен Бірімжан, Бірімжаннан Қорғанбек, Қорғанбектен Ахмет, Ғазымбек және т.б. 1868-жылы Tорғай уезі құрылғаннан бері Шегеннен бастап, оның ұрпақтары Дәуренбек, Жақып, Қорғанбек Ресей патшалығы құлағанға дейін Тосын болысын басқарды. Солай десек те, ел арасында өте беделді Шеген ұрпақтарының  бәрін уездік жандармерия үнемі бақылауда ұстап, айтқан сөздерін, істеген істерін тіркеп отырған. Ахмет Бірімжановтың да жандармерия бақылуында болуының да осындай себептері бар еді.

Ғазымбек БІРІМЖАНОВ -АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚАЙРАТКЕРІ

1917-жылы сәуір айында Орынбор қаласындағы Жалпыхалықтық қазақ сиезіне қатысқанда Ғазымбек бар болғаны 21 жаста еді. Бұл кезде Ғазымбек Бірімжанов Орынбор гимназиясын үздік  бітірген, башқұрша, орысша  тілдерді меңгерген жан жақты ұлтшыл жас еді. Оған бірден бір себеп, Ғазымбек бала кезінен ағасы Ахметтің қолында, тәрбиесінде болып, Бұзылық, Орынбор қаласында оқуы.

Мамыр айында ОрынбордағЫ Жалпыхалықтық сиезде Алаш партиясы мен Алаш орданың белсенді мүшесі болды. Сол жиында башқұрт тобының атынан сөз сөйлеген. Алаш автономиясын құру жөніндегі идеяның жақтаушысы ретінде, Әлихан Бөкейхановтың жағында болған. Алаш орда үкіметінің әскерін құруға біраз үлесін қосқан.  Ол қазақтардың мықты әскерін құруды армандайды.  Ғ.Бірімжанов осы мәселемен нақты айналысқан М.Дулатовпен көп кеңескен.  Олар Алаш орда әскерін құру үшін қазақ жастарын әскер тәртібіне, мылтық ату машығына үйретуді уақыт ұттырмай, тез арада қолға алу керектігін түсінген.            Сол жылы олар Алаштың қолына түскен қаржыға винтовкалар, оқ дәрілер алып, кейбір орыс әскерилерін жалдап, жастарды әскери тәртіпке үйрете бастаған.

Алаш орда басшылары  тек винтовкамен, оқ дәрімен қазақ әскері дәрменсіз болатынын түсініп, Колчактан зеңбіректер, пулеметтер, винтовкаларды көптеп беруді сұрау үшін, елшілікке орысша, қазақша шешен сөйлейтін Ғазымбек Бірімжановты елші етіп, келіссөзге жібереді. Бірақ,Сібірді «ақтар» деп аталып кеткен Сібір әскерін басқарып тұрған  Колчак монархист еді, ол ескі монархияны қайта орнатуды көздеп жүрген адам еді. Бұрынғы бұратана елдердің «автономия» болуына мүлде қарсы пікірдегі әскери тін. Алаш орда атынан келіссөзге келген Ғазымбек  Ресейде Уақытша үкімет пен большевиктер мен арасында үлкен шайқастар жұріп жатқанын айтып, Алаш орда әскеріне мол қару жарақ бөліп, әскери мамандар беруді сұраған. Бірақ Алаш орда мен Колчак арасындағы келіссөз сәтсіз аяқталған. Өйткені, Колчак сол жерде Азия елдерінің Ресейден бөлшектенуіне мүлде қарсы екенін айтып, әскери қару жарақтар беруден мүлде бас тартқан. Бұл 1918- жыл еді. Бұл көптеген саяси күштердің арпалысып, жан берісіп, жан алысып тұрған заманы еді.  Қазақ жеріне біресе Колчак әскері көктеп кіріп, біресе большевиктeр жеңіп, құбылып тұрған жылдар еді.

Ал, арада бір жарым жыл өткеннен кейін, 1919-жылы Кеңес әскері  Колчактың әскерін біржола Қытайға ысырып, барлық жерде өз өкіметін орнатты.  1920-жылы Қазақ автономиясы құрылды. Осы кездері сөзге шешен, ділмар, публицист Ғазымбек Бірімжанов «Ақ жол» газетінің редакторы қызмтін атқарған. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың елу жылдық мерей тойы Тәшкенде аталып өткенде,Ахаңның халқына сіңірген еңбектері турлы мақала осы «Ақ жол» газетінде жарияланып, кейін ол мақала талай зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде көрсетілді.1922-жылы Тәшкен инститын бітіріп, дәрігер мамандығын алған Ғазымбек Бірімжановты Үкімет басында жүрген Тұрар Рысқұлов Берлиннің Мал шаруашылығы университетіне оқуға жібереді. Ғ.Бірімжанов оны 1928-жылы өте жақсы аяқтап, «мал дәрігері» мамандығын алып келе жатқан жолда, Мәскеуде тұтқындыйды. Оны сол жерде соттап, Карелияға лагерьге айдап жіберген. Ғазымбек Бірімжанов сол айдауда жүріп, «Ақ теңіз Балтық» каналын қазуға қатысқан. Бірер жылдан соң. Яғни, 1937-жылы тағы түрмеге қамалып, үштіктің сотымен Алаш қайраткері ретінде ату жазасына кесілген. «Кеңес ұкіметіне қарсы күрес(Тәшкенде тұсірілген сурет)ті, Колчакпен байланыс жасаған, контрреволюционер» деген айыптар таққан.Үкім 1938-жылы орындалған.

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ,жазушы тарихшы

ҚУ- ҚУ, ДУ- ДУ
Жұмат ӘНЕСҰЛЫ

ҚУ- ҚУ, ДУ- ДУ

( Жұматтың әзілдері мен қалжыңдары)

«Беті бес елі қалың ұятсыз өсекші арамызда жүр екен ғой!»

Ауылдағы жаңалықтарды үйден үйге жеткізіп отыратын бір ақ әйел бар. Оны жұрт “Қаражорға” деп атайды. Aуылға бір “жаңалық тараса “Кім айтыпты” деп сұрағанда, “Қаражорға” айтты” десе, бітті, “Ә,ә! Қаражорға айтса, қалт айтпайды” дейді екен жұрт.

Содан ойда жоқта Қаражорғаға бір бәсекелес шығады. Соңғы кезде көрші қаладан жеткен “жаңалықтар” пайда бола бастайды. Сосын Қаражорға өзінен басқада “жаңалық” айтушыны іздеп, көршісінен: “Кім айтып жүр бұл әңгімені?” деп сұрайды. Көршісі: “Ауылсоветтің қатыны жексенбі сайын қалаға барып келеді, сол айтты” десе, Қаражорға: “Көтек! Беті бес елі қалың ұятсыз өсекші өзіміздің арамызда жүр екен ғой!”деп бетін шымшылаған екен.

«Менікі автобустың газынан тазарақ!»

Бір жігіт артымен де, аузымен де САСЫҚ ЖЕЛ шығарғыш екен.

Замандасы: “айналаңды сасытып бара жатсың ғой” десе, анау:

“Менікі автобустың газынан тазарақ!” деп құтылған екен.

«Бір шекілген қант әрі қарай шекіле береді»

Ерте заманда біздің Торғай жақтағылар қант, шәй және тұрмысқа қажетті ол пұл заттарды Атбасар, Қарқаралы базарына барып, малға айырбастап әкелген. Ол кездегі қант ат басынанда үлкен, шетінен шекіп жейтіндей ірі болған. Сол базаршылап келген бір жігіт ағасы үлкен шаруа бітіріп келгеніне ырза болып, төрде көрпенің үстінде, жастыққа жантайып,маңызданып жатады. Алдына дастархан жайылып, құрт, ірімшік, маймен шәй ішу басталса керек, сонда базардан келген жігіт ағасы:

-Қатын ау, дастарханға анау Атбасардан әдейі әкелген ат басындай қантты қойсай, аузымыздың дәмін алып, рахаттанып бір шәй ішейік”- десе, бәйбішесі:

-Алда наурыз келе жатыр, одан кейін жайлауға шығамыз. Жазға дейін жетсін деп жүрген ғой менікі. Қант дегенің шетінен бір шекіліп кесе, әрі қарай шекіле береді ғой!- депті. Сонда күйеуі

-Қатына ай, бұрын аузыңа түспеген ұлағатты сөз айттың ғой!

Жарайды, сонда да әкел бері,көршімен бірге тәтті шәй ішіп бір көрейік -депті.

«Келесі жолы екі миллион берсе, өзім ақ жығыла салам!»

Екі мықты боксшы Төрт миллион үшін рингте ұзақ шекіседі. Ақырында біреуі ұпай санымен жеңіп шығады. Ұпаймен жеңгені 2,5 миллион алып, жеңілгені 1,5 миллион сыйақы алады. Сонда жеңілген боксшы доллармен сыйақы алып тұрып: “Келесі жолғы шайқаста маған екі миллион берсе, өзім ақ жығыла салам!” деген екен.

«Мұның денесін шыныға салып, ғылым үшін сақтау керек»

Көл жағасында тасбақа мен жылан қыдырып келе жатады. Бір кезде алдарынан төрт аяғы көкке көтеріліп өліп жатқан жасыл қоңыз кездеседі. Жылан әп дегенде жасыл қоңызды жұтып жіберейін деп ,

тілін сумаңдатып жатқанда, оған тасбақа:

-Тоқта! Бұл өліп жатқан әлемге атағы шыққан дүниедегі ең ҚУ ЖУЧОК еді. Бұл көп өмір сүреді деуші еді, неғып өліп қалған?

-Енді, ажалы жеткен шығар.

-Иманды болсын. Мұны лақтырмау керек. Бұл өте сирек кездесетін қу ҚОҢЫЗ. Бізде кунсткамера бар ма?

Жоқ

Ал, ғылыми лаборотория бар ма?.

-Ондай бар ғой.

-Бар болса, сондағы шыныға салып, мұның басының ерекшелігін , денесін ғалымдарға зерттеуге беру керек.Ал, саған жемтік любой уақытта табылады ғой- депті тасбақа жыланға.

«Ойбай, онда мұныңды алып кет, мен бұл столға отырмаймын!»

Бір жігіт телеарнаның бастығы қызметінен босап, орнына бiр құрдасы келіпті. Кетіп бара жатқан экс бастыққа құрдасы:

-Мына жерде қимайтын затың болса, қалдырма, алып кетсейшi- деп күледі.

-Иә, әсіресе, мына столды қимаймын. Бұл столдың менің кезімде көрмегені жоқ. Талайға ыстық төсек те болды ғой- депті. Сонда Жаңа келген бастық шошып кетіп:

-Ойбай, олай болса, мұныңды қазір алып кет! Мен бұл столға отырмаймын! -депті.

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ,жазушы

КҮЛЕЙІН БЕ, КҮЛМЕЙІН БЕ? (әзіл -қалжыңдар)
Жазушы, тарихшы Жұмат ӘНЕСҰЛЫ

«Бар бол!…»

“Сөзбен ұрғанды

сөзбен жығам,

көзбен ұрғанды

көзбен жығам

Күшпен ұрғанды,

күшпен жығам” деп бір жігіт ағасы топтың арасында мақтанып тұр екен. Қасында тұрған палуан денелі жігіт сөзуар жігіттің сөзін ұнатпай қалса керек, жұдырығымен сілтеп қапты. Анау тәжірибелі боксшы болса керек, соққыдан жалт ете қап, жұдырық сілтеген жігітті ұрып қапты. Сонда ана жігіт құлап жатып, мынаған: ” Мәләдессің! Сөзің де, күшің де бар жігіт екесің! Бар бол!” деген екен.

Мысықтың әуресі

(“әзіл)

Қызық боп жатыр,

Әлде шыжық болып жатыр.

Жолбарыс барысқа,

Барыс түлкіге айналып кеткен заман.

Түлкі -мысыққа,

Нансаңыз да, нанбасаңызда мейліңіз,

Бірақ, сол мысық

Жолбарысқа ұқсаймын деп

Жалын күдірейтті,

Дауысын дүрілдетті,

бақырды, шақырды,

Сонда да барысқа ұқсай алмады.

Содан сол мысық,

өзінің барыс емес екенін мойындап,

“Әуелде оқымаған жаман екен,

Текті боп тумаған жаман екен” депті.

«Биылғы жылды да командировкада өткізетін болдым ау!»

Желтоқсан айының аяғы. Кешкілік қараңғы түскен кез.Бір қырықтар шамасындағы, мұртты жігіт ” кешті бірге өткізетін таныс біреу кездесе ме” деп, тоңарсыған аяғын біріне бірін соғып, ауыл дүкенінің бұрышында тұрған. Тілегі қабыл болып, көп ұзамай бір таныс құрдасы кездесе қалды. Ол дүкеннен екі бөтелке алып, мұны үйіне шақырды. Екі құрдас дастархан басында келе жатқан “жаңа жылдың» құрметіне ішіп отыр, ішіп отыр. Қонақ болып отырған мұртты жігіт бір сөзінде: “Бұл менің биылғы жылғы соңғы ішуім. Ертең, қаңтардан бастап бір ұрттам арақ аузыма алмаймын. Арақты қоям. Отбасына қарауым керек дегендей” деп біраз әңгіме айтады. Оған құрдасы: “Сөйт. екеуміз биыл қатты ішіп кеттік” деп кеңес береді. Сөйтіп отырып, екеуі екі бөтелкенің соңғы тамшысын қаққанда, сағат екі боп қапты. Мұртты жігіт орнынан қиралаңдап тұрып, үйіне қарай беттейді. беттейді.

Үйінің есігіне таяп келіп, кіруге әйелінен сескеніп, қорадағы үйілген шөптің арасына құлай кетеді. Таңертеңгі сағат 9. Қорадаға сиыр “Жаңа жыл құтты болсын” дегендей, шөптің арасында жатқан бұған қарап мөңірейді. Оған ояну қайда! Сосын үйдің алабай иті бұған кеп арсылдап әрең көзін аштырады. Мас жігіт сонда барып әрең әрең көзін ашса, үлкен ит бұған қарап үріп тұр екен. Мас көзін ашыңқырап қараса, өзінің үйінің қорасы емес, көршінің қорасына кіріп кеткен екен. Сонда мұртты жігіт атып тұрып “Қап, биылда өмірімді командировкада өткізетін болдым ау!” деген екен.

Тіпті бар ғой, күйіп кеттім»

(бір бойдақ келіншектіңәңгімесі)

Бір әдемі сүр келіншек ерігіп отырып, түнгі клубқа барыпты.Жарқыраған екі санды айқастырып отырып, бардан коктейль ішіп отырып, бұлшық еттерімен түйе көтергендей әдемі спортшы жігітке көзі түседі. Келіншек жігітке қызығып, көзін алмай отырады. Анау жігіт те соны байқаған болуы керек, келіншектің жанына кеп отырады. Сөздері келісіп қыздыңүйіне барады. Екеуі біраз шарап ішіп, біраз сүйісіп, диванда отырады. Түн ортасы болғанда әлгі жігіт “У меня ежедневно тренировка. Маған күнде көп энергия тратить етуге болмайды” деп орнынан тұрыпты. Осы оқиғаны әдемі келіншек подружкесіне былай деп суреттеп беріпті. “Жігіт бар ғой, супер! Бірақ, бәрі енді енді болады” деп отырғанда тұрып кетті. Тіпті бар ғой соған күйіп кеттім. Күйгенде бар ғой, шыдамадым, “мына дамбалды несіне киіп жүрсің” деп жігіттің шортын жыртып жібердім” депті.

СҰЛУ КЕЛІНШЕКТІҢ ИТІНІҢ СӨЗІ

Күйеуінен айрылысқан бір сұлу келіншек кішкентай канделаки итін жетектеп паркте қыдырып жүреді.Сөйтіп, ойда жоқта келіншек бір жігітпен танысады. Сөздері жарасып, келіншектің үйіне келеді. Әңгіме созылып, шәй ішіседі. Сосын төсекке ауысып, сүйіседі. Кішкене канделаки төменгі төсекте жатып,тілін анда санда жалаңдатып, “бұлар не істеп жатыр” дегендей оларға тесіле қарап отыр. Төсек жақтан ентіккен, шаршаған дыбыс шығады. Сонда оларға ерінбей тесіле қарап отырған кішкентай ит: “Қап мынау жаман жігіт, менің подружкамды рахаттандырудың орнына шаршатып тастады ғой” деген екен.

СҰЛУҒА ҚАРАЙТЫНДАР КӨП БОЛАДЫ

Бір азаматтың әйелі сұлу екен. Сол бір күні таныстарын, көрші қолаңды қонаққа шақырады. Қонақтарының көңілін аулайын деді ме, әлде басқа себеппен, сөздің реті келгенде үй иесі “Қазақта “Қыздың көңілі далада ” дейтін сөз бар еді. Менің бәйбішем әлі қыздай ғой, қонақ шақыру десе, қонаққа бару десе, қыдыру десе, ерекше елеңдеп тұрады ғой” депті. Сонда отырғандардың бір екеуі “ә,ә” дессе, бірі “Сіздің бәйбішеңіз әлі қыздай ғой” депті. Сонымен қонақтар тарқасады. Сонда кетіп бара жатқандардың бәйбішелерінің бірі “Манағы үй иесінің айтқаны не сөз! Әйелі қызығын көшеден іздейді ау деймін” десе, екінші әйел “Мұның әйелі жүрген жымын білдірпейтін қу сияқты” дейді. Үшінші әйелде әңгімеге қосылып, “Сұлуларға қарайтын адам көп болады!”депті. Сонда төртінші әйел “Сендерде айтады екенсіңдер. Оныкіде біздікі сияқты тесік шығар” деп бет аузын тыржитқан екен.

Мысықтың айтқаны

Мысық интернетті басып қалса,

Біреуі шуылдатып жатыр екен,

екіншісі дуылдатып жатыр екен.

Соған біріншісі “Сенікі бұрыс” деді,

екіншісі “Жоқ менікі дұрыс” деді,

Анау есінеп, “мүмкін сенікі дұрыс болса,

дұрыс шығар,

бүгін массажым болмай, арқам “құрыс” деді.

Бірақ интернетте сол “айтыс” басталып жатыр,

шуылдақ пен дуылдақтың дауысы

бірін бірі басып жатыр.

Түрлі өсектің басын шалып жатыр.

Бос сөзден жалыққан мысық,

диванға жайғасып, уже пырылдап жатыр.

“Өмірде ұйқыдан тәтті ешнәрсе жоқ” деп сырылдап жатыр.

Бір қызығы екі айтысушы өмірлерінің соңына дейін,

кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін өмірден білмей өтті.

Ал, мысық жүзге келіп,

Өмірден елеусіз өтті.

Жазушы, тарихшы Жұмат ӘНЕСҰЛЫ

kerey.kz

А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ТУЫСТАРЫ -ӨТКЕН ТАРИХТЫҢ КУӘГЕРЛЕРІ
Алаш тарихынан

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің жылы Ахаңның елу жылдық мерей тойында «Ахаң ұлт матбуғатының көзін ашпағанда, қоңсы кент ағайындардың біріне табынып, , таңбадан айырылып, кететін едік. Қазақтың дыбысына, сөзіне арнап, әліппе шығарып, тіл, һәм оқу құралдарын шығарып, қазақтың жалпақ тілін талайға үйреткен Ахаң еді. Ұлт қамы дегенді ескерген адам болмай, қазақ құлшылыққа кез болғанда,  бостандыққа жол көрсеткен Ахаң еді…» дейді.  1998-жылы Астанада өткен Ахаңның жылдық мерей тойында дарабоз жазушы Әбіш Кекілбаев өз баяндамасында «Ахаң тіл ғылымындағы, әдеиеттегі, этнография саласындағы алапат еңбектері,  саясаттағы қазақ халқының келешегі үшін жасаған  жанкештілік қызметтері даңқ, атақ үшін емес, ұлтының қамы, болашағы үшін жасаған қызметтері еді» деп атап өткен еді. Ә.Кекілбаев айтқандай, А.Байтұрсыновтың Ресей отаршыларының озбыр саясатына қарсы жанкештілікпен аянбай күресіп, халқына алапат қызмет етуінің сыры сонда неде?. Оның сыры- Ахмет Байтұрсынұлының орыс отаршыларының, оның қазақ жеріндегі өкілдерінің халықты озбырлықпен қанап, қазақты адам қатарына қоспай, қорлағандарын бала кезінен көріп, санасына сіңіріп, өз рухын осы отаршыларға қарсы күреске жас кезінен бейімдей, бағыттай алғанында болса керек. Мен А.Байтұрсынұлының өмірін, шығармашылығын, мемлекеттік, қоғамдық қызметтерін зерттеп, зерделеп жүріп, ол туралы алғашқы мақаламды 1998- жылы Арқалық қаласындағы «Торғай» атты газетте жариялап едім. Ахаңның еңбектерін зерттеп, ғылыми еңбек жазған ғалымдардың есімдерін «Мақтанышы елімнің», «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға» атты кітаптарымда атап көрсеткенмін. Ахаңның біраз туыстарын да танитын едім. А.Байтұрсынұлының ең жақын туыстарының бірін таяуда, Алматыда кездестірдім. Ол Ахаңның әкесі Байтұрсынның туған ағасы Ақтастың немересі Амандық. Амандық Ақтастың үлкені Шәймерденнен туған.Осы Амандықтан бұрын анық білмейтін кейбір деректерді білдім. Бұрын Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянын  жазушылар «1885-жылы Қарғалы аталатын жерде Шошақұлы  Байтұрсын намысына тигені үшін Торғай уезінің бастығы Яковлевті ұрады. Сол жылы ояз Яковлев Байтұрсын мен оның ағасы Ақтасты, інісі Собалақты 15 жылға Сібірге айдады» деп жазған -тын. Менің «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға» атты мақаламда да осы сынды жолдар бар еді. Байтұрсынның ағасы Ақтастың немересі ( Ақтастың баласы  Шәймерденнен туған) Амандықтың айтуы бойынша болыстыққа Байтұрсынның ағасы Ақтас та үміткер болған екен.Содан  болыстыққа сайлау өтіп жатқан жиында Торғай уезінің бастығы Яковлевтен Байтұрсын сайлаудың «ешкімге бұрмай әділ өтілуін» талап етіпті. Сол үшін ояз бастығы Яковлев Байтұрсынды жерден алып, жерге салып, боқтық сөзбен тілдепті.   «Бұрынғы аталарымыздың айтуы бойынша Сабалақ (Данияр) қызба, дөң мінезділеу болыпты» дейді Амандық, Содан ағасы Байтұрсынды тілдегені үшін Сабалақ сол жерде жиналып тұрған ағайындарының арасынан атымен тебініп шығып, ояз Яковлевті қамшымен тартып жіберіпті. Сол жерде Яковлев ағайынды Ақтас, Байтұрсын, Сабалақты қасындағы атты казактарына ұстатып, түрмеге жауыпты. Шамалыдан соң, сот үкімі шығып, ағайындыларды 15 жылға Сібірге айдап жібереді. Сотталғандармен бірге Ақтастың бәйбішесі Үбіжан бірге еріп, сонау Колыманың лагерінде бірге болған. Сабалақ жолда солдаттардың оғынан өліп, Үбіжан бірнеше жылдан кейін, Якутияда ауырып, қайтыс болған екен.

Сол кезде сонау Сібірдің түкпіріндегі Колымада 17 жыл отырып, одан тірі оралған қазақ оған болмаған еді. Колымада он жеті жыл отырып, Ақтас пен Байтұрсын 1902-жылы елге оралыпты. Сол кезде ақ, қазақ еліне  «Оязды ұрып, сотталған» деген аты мәлім болған Ақтас пен Байтұрсынды Шығыс Қазақстанның шетіндегі қазақ ауылдары құшақ жайып қарсы алып, қонақасы беріп, елдеріне жеткенше құрметтеген екен.Олар елдің құрметін көріп, туған ауылдарына бір жарым жыл жүріп жеткен екен. Ақтас пен Байтұрсын Торғайға келгенде ел жақсы қарсы алып, кейбір болыстықтардан Ақтас пен Байтұрсынға жүйрік ат сыйлап , құрметтепті. Сол жүйріктердің бірі Байтұрсынға сыйлаған Ақжелең атты тұлпар екен. ОЛ Торғайда өткен талай ат жарысында  бәйге алыпты. Ахаңның әкесі Байтұрсын 1909-жылы дүниеден өткенде Қарпық жырау үлкен жоқтау шығарыпты. Ол жоқтау бертінге дейін ел арасында айтылып, жоғалса керек. Байтұрсын қайтыс болғанда үмбетейлер үлкен ас беріп, атқаты Ақжелең жүйрікті «Байтұрсыннан артық па» деп құрбан шалған екен. Ахаңның  анасы Күңші бұ дүниеден 1919- жылы өтіпті. Күңші бейітке жерленгенде басына өзі өсірген түйесі бейіттің басында тізелеп жатып алып, көздерінен жас аққанын көрген жұрт бірге жылаған екен. Ақтас сексенге келіп, 1920-жылы қайтыс болыпты.

А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ҚОЛЫНДА ӨСКЕН САМЫРАТ КӘКІШЕВ

Ахаңның ағасы Мәшеннің баласы Самырат пен інісі Мәшеннің қызы Шолпан А.Байтұрсынов Архангельден айдаудан келгеннен кейін қолында болған. Ахаңның соңғы жылдардағы өмірінің нақты куәгерлері осы Кәкіштің баласы Самырат пен інісі Мәшеннің қызы Шолпан мен ағасы Қалидың қызы Кәтез. (Бүгінде Шолпан апайдан туған Айман апамыз бар, жасы сексеннен асты). Ол кезде Самырат мектепте оқып жүрген. 1937-жылы 17-тамызда НКВД Ахаңды тұтқындапты. Самырат мектептен келгенде Ахаңды түрмеге алып кеткен екен. Бірақ, үй маңында жиналған адамдар болыпты. Содан Самырат жетімдер үйінде, одан кейін техникумға түсіп, уақыт өте келе адам болып кетеді. Мен Самырат Кәкішевті 70-жылдардың басында Сырағаңның үйінде көрдім. С.Кәкішев ол кезде үлкен құрылыс тресінің бастығы еді. Бұрынғы “Горный гиганттың” жанында Жазушылар одағының Демалыс үйі салынған жер бар еді. Сол маңнан Сырағаңа, С.Мұқановқа, С.Қирабаевқа және т.б. жазушы ақындарға саяжай салуға жер берген. Соған Сырағаң екі қабатты саяжай салды. Көршілері С.Қирабаев, одан әрі С.Мұқанов болды. Сырағаң ол кезде “Жұлдыз” журналының бас редакторы еді. Осы кезеңде ЦКаға “Сырбай екі қабатты үй салып жатыр” деп нешетүрлі жала жабылған арыздар көбейген. ЦКа сосын Сырағаңды “Жұлдыз” журналынан алып, “Қазақ әдебиеті” газетінің редакторлығына “төмендеткен”. Оны асханада Күнжамал жеңшемізге айқанынан естідім. Сырағаңа саяжайды салуға көмектескен осы С. Кәкішев еді. Самырат Сырағаңның жұбайы Күнжамал жеңгемізге аға болып келеді. Саяжай біткенде Сырағаң сонда жерге дастахан жайып қонағасы берді. Қонағасыға Самырат Кәкішев екінші қазақ жұбайымен келді.

(Бәйбішесі басқа ұлттан болатын). С.Кәкішев Алматы құрылыс тресінде көп жыл бастық болды. Одан кейін “Қазақстан” қонақ үйінде директор болды. 1988-жылы Ахмет Байтұрсынов атамыз ақталғаннан кейін Cамырат “А. Байтұрсынов атындағы қор» құрды. Сол қордың күшімен “АХАҢ ТУРАЛЫ АҚИҚАТ” және тағы бір кітап шығарды. Ахаң тұтқындалғанға дейін тұрған үйді (қазіргі) мұражай қылып жасақтаған осы С.Кәкішев. Алматыдағы қазіргі мұражайы тұрған жерімен бірге сол С.Кәкішев ашқан “А.Байтұрсынов қорының” жекеменшігіне өткен. Бүгінде “А.Байтұрсынов атындағы қор мен Ахаң атындағы мұражай Самырат Кәкішевтің алғашқы бәйбішесінен туған ұлы Серік (Сергей) Кәкішевтің иелігінде.

Ал, Ахаңның Қали ағасының бір ұлынан туған Әмірден  Болат Алматыда тері ауруларының бас дәрігері болып жүріп, зейнетке шықты. Соңғы жылдары «Ахмет Байтұрсыновә деректі фильмінің бас кейіпкерінің рөлін ойнаған сол Болат. Сондай ақ, Ахаңның Жиляш атты туған қарындасынан туған Меруерт атты жиені (жасы  те), қолында өскен Шолпаннан туған Айман жиені де Алматыда тұрады, сексенге келді.

ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ АҒАЙЫНДЫҚ ЖАҚЫНДЫҒЫ

Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ атамыздың руы үмбетей, (Аралбай). Нағашылары- Әулиекөлді мекендеген Сүгір. Ал, Әбдіғапар ЖАНБОСЫНҰЛЫНЫҢ (хан) руы қара қыпшақ), нағашысы- үмбетей, А.Байтұрсыновтың ағасы Ақтастың Алуа деген қарындасынан туған. Тарихтың тағы бір қызығы Әбдіғапар хан қайтыс болғаннан кейін, оның туған ұлы Алматыда жүріп, А.Байтұрсыновтың қолында тұрып жатқан Ахаңның ағасы Қалидың Кәтез атты қызына үйленеді. (Бұлардың тағдыры ақыры трагедиялы болды 37-күзде Ахаңды тұтқындағаннан кейін Рүстем мен Кәтездің үйін НКВД тінтіп, Ахаңның “Мәдениет тарихы” атты кітабын тауып алған. Рүстем содан “Мемлекетке қауыпты адамның кітабын сақтаған” деген айып тағылып, соңында атылған).

Қазақтың дарабоз ақыны Сырбай Мәуленовтің Ахаңмен туыстығына келейік. Сырағаңның шешесі Алмагүл әжеміз Үмбетей руынан (Аралбайдың Жатайынан)), Яғни, Сырағаңның нағашылары үмбетей. Ал, ақын Сырбай Мәуленовтің жұбайы Күнжамал жеңгеміз Ахмет Байтұрсыновтың туған ағасы Қалидың ұлы Әмірден туған. Тура айтқанда Сырбай Мәуленов Ахмет Байтұрсыновтың туған күйеу баласы есепті, Алмагүл әжемізден қуғанда жиені.

Байтұрсынның Қали, Кәкіш,Ахмет,Мәшен атты төрт ұлы, Жиляш атты бір қызы болған. Ахаңның қарындасы Жиляш (күйеуі Бәкібай Бейісов, тыл ардагері) бертінге дейін Алматыда тұрып, 1962-жылы бұ дүниеден өткен екен. Жиляштан туған Меруерт (Ахаңның туған жиені) қазір бар, Алматыда тұрады, жасы 75- те. Осы Меруерт апайдан былтыр  А.Байтұрсыновқа қатысты бір жаңа деректі естідім. Ахмет Байтұрсынов атамыз 1929-жылы осы күні Абай атындағы Қазақ педагогикалық университеті аталатын (бұрынғы Каз.ПИ) жоғарғы оқу орнында профессор лауазымында сабақ берген. Осы Каз.Пидің мұражайында 1990- жылдары А.Байтұрсыновтың туған жиені Меруерт апайдың күйеуі Таңжарық Тыныбеков деген азамат қызмет істепті. Сол Таңжарықтан А.Байтұрсыновтың қолында өскен баласы Самұрат Кәкішев мұражайдың қорынан Ахаңа қатысты құжаттар іздеуді тапсырыпты. Таңжарық Тыныбеков  сәті түсіп,Каз.Пидің мұрағат қорынан А.Байтұрсыновтың « Жеке құжаттарын» («Личное дело» аталған папкені тауып алады. Сол «Жеке құжаттар» папкесінде  1929-жылы А.Байтұрсынов өз қолымен жазған «Өмірдеректері»  табылады. Самұрат Кәкішев бұл өмірбаян Ахаңның өз қолымен жазылғанын растайды. Осы өмірбаян арқылы ғана А.Байтұрсыновтың  1873-жылы 28-қаңтарда емес, 1872-жылы 5-қыркүйекте туғаны анықталады. Осы бертінге дейін А.Байтұрсынов  1873-жылы туған деп жазылып келсе, соңғы табылған құжатқа орай, А.Байтұрсыновтың туған күні  5-қыркүйек, 1872- жыл деп өзгертілді. Ахмет Байтұрсыновтың өз қолымен жазылған өмірбаяны бар «Жеке құжаттары» папкесін бұрын айтып жүргеніміздей Ахаң мұражайының директоры Райхан Имаханбетқызы емес, Каз.Пидің мұражай қызметкері Таңжарық Тыныбеков тапқан болып шықты. Ахаңның бұл «Жеке құжаттары” бертінге дейін Ахаңның туған жиені Меруерт Бейісовада болған екен. Содан Меруерт апайдың айтуынша, Ахаңның Каз.Пидегі қызмет істеген кезіндегі «Жеке құжаттарының» барын естіп, Райхан Имаханбетова қолхат беріп,  бұл құжаттарды 2000-жылдардың бас кезінде алып кеткен екен.

Тағы бір қызық дерек. Сырағаның ортаншы ұлы, заң ғылымдарының кандидаты, полковник Ғазез Сырбайұлы (марқұм болды, жатқан жері жұмсақ болсын) Әбдіғапар ханның шөбересіне үйленіп еді. (Әбдіғапар ханның баласы Едігеден тараған).

Ахмет Байтұрсынов пен Ахмет Бірімжанов ХХ өғасырдың бас кезінде халқының келешегі үшін қызмет еткен қазақтың бірегей тұлғалары. Ахаң 1905-жылдары революциялық Алаш қозғалысының бастауында жүргенде Ахмет Бірімжанов -Ресейдің  және I-II- Думасының депутаты болып, қазақ жері және қазақ жеріне қоныстанушыларды шектеу туралы мәселе көтерген қоғамдық, мемлекеттік қайраткер. А.Бірімжанов Қазан университетінің Заң факультетін алтын медальмен бітірген өз заманының биік тұлғасы еді.  1917-жылдары төңкерістен кейін Алаш қозғалысына белсене қатысып, Алаш партиясының бағдарламасының заң аясында жазылуына үлес қосты.

Ахмет Бірімжановтың інісі Ғазымбек Бірімжановта Алаш қозғалысы мен партиясының белсенді мүшесі болған.

Кеңес өкіметі кезінде білімінің арқасында Ахмет Бірімжанов Жоғарғы соттың мүшесі болып қызмет істеді. Қызылорда Қазақ автономиялық республикасының астанасы болған кезінде Ахмет Байтұрсынов пен  Ахмет Бірімжанов араласып, сәлемдері түзу болып сирек болса да көрісіп тұрған. Бірімжановтың әкесі Қорғанбек, атасы Шеген Тосын болысын қырық жылдан астам уақыт билеген. Өз заманында дәуітбай тұқымдары мен үмбетейлер қақтығысып өткен. Яковлев Сібірге айдаған Ақтас, Байтұрсын,Сабалақ үшін екі рудың арасында сақталған кек бар еді. А.Байтұрсынов пен А.Бірімжанов зиялы, оқыған, қайраткер адамдар еді, олар екеу ара болған сөзде екі рудың ескі жарасын ашпады. Керісінше, Ахаңның ағасы Қалидың қызы Сакен А.Байтұрсыновтың Қызылордадағы үйінде жүріп, Ахмет Бірімжановтың туысы мұғалім Ғалымжан Бектемісовке күйеуге шығып,  екі рудың арасындағы жараны бітегендей болып, Ахмет Байтұрсынов пен Ахмет Бірімжанов құда болып қалады. Қазақ автономиялық республикасының Жоғарғы Сотының мүшесі болып қызмет атқарып жүргенде Ахмет Бірімжанов  жаман ауруға кез болып, 1927-жылы Петербордың ауруханасында қайтыс болыпты.

А.Бірімжанов сол Петерборда жерленіп, оған Әлихан Бөкейханов, сонда оқып жүрген Мұхтар Әуезов және басқада қазақтың зиялылары соңғы сапарға шығарып салыпты.

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ТУРАЛЫ ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТЫҢ АЙТҚАНЫ

Мен А.Байтұрсынов туралы бірнеше мақала жазғасын Ахаң туралы жазылған мақаларды зерделеп жүремін. Ахметтану 1923-жылы Ахаңның көзі тірісінде басталған. Ахметтанудың басында М.Әуезов, М.Дулатов, С.Сейфуллин, Е.Шонанов және т.б. жазушы, әдебиеттанушылар тұр. А.Байтұрсынов ақталғаннан кейін оның шығармашылығын, өмірін біраз ғалымдар зерттеді. Дегенмен, 1998- жылы Астанада Алаш көсемдернің бірі, ақын, ғалым Ахмет Байтұрсыновтың 120- жылдық мерей тойында баяндама жасаған заманымыздың дара жазушысы Әбіш КЕКІЛБАЕВТЫҢ сөзі Ахметтануда ерекше орын алмақ. Ә.Кекілбаев бұл баяндамасында Ахаңның Қазақ Елі алдындағы жасаған еңбектеріне толыққанды талдау жасай келе отырып, мынадай қорытынды СӨЗ айтқан еді. Төменде Әбіш Кекілбаевтың сол баяндамасында айтқан сөзінен үзінді

“…Туған халқының рухани жаңғыртуының сырын тап ондай біліп,СОЛ ЖОЛДА ҚАЛТҚЫСЫЗ ЕҢБЕК ЕТІП, МӘҢГі ЕСКІРМЕЙТІН АҒЫЛ ТЕГІЛ МОЛ ҮЛЕС ҚОСА АЛҒАН ҚАЙРАТКЕР ҚАЗАҚ ТОПЫРАҒЫНДА ОҒАН ДЕЙІН ДЕ, ОДАН КЕЙІН ДЕ БОЛҒАН ЕМЕС”. деген.

ҮШ ҰЛЫ АҚЫННЫҢ ДОСТЫҒЫ

Сырбай Мәуленов Алматыға сонау елуінші жылдардың басында келді. Келген бойы ақын Қасым Аманжоловпен достығы ерекше жарасып кетті. Содан кейін іле Алматыға Ғафу да келген болатын. Ғафаң сол кезде Каз Пи атанған жоғарғы оқу орнына түсіп, Сырағаңды аға тұтып, оған жақындаған кезі. Бір күні Сырағаң Ғафуды дедектетіп Қасымның үйіне алып келеді. Қасекең ол кезде Осы күнгі Достық көшесінде бір бөлмелі пәтер жалдап тұрып жатқан кезі екен, үш ақынның достығы сол кезден басталған. Қасым ақынға Ғафудың домбыра тарту шеберлігі, әншілігі ұнайды. Қасымның өзі нешетүрлі музыка аспаптарында ойнайтын бесаспап болған музыкант та еді. Қасекең кейін елге кең тараған біраз ән шығарған. Сол әндерінің бірі “Дариғаны” Ғафу Қайырбеков бертінге дейін шебер орындады. Сырағаң Қасекеңмен көзі тірісінде құда болуға сөз байласқан. Кейін сол құдалық байлам бойынша Қасымның үлкен қызы Жанна (Сәпен апайдың қызы)

Сырағаңның үлкені Дүйсенге жылы күйеуге шықты.

Кезінде достығы жарасқан осы үш ақын да қазақ әдебиетінің бетке ұстар тұлғалары еді.

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ,жазушы, тарихшы

kerey.kz

Күлдір – дүлдір ( Жаңа жылдық кешке арналғанәзіл қалжыңдар)
Жұмат ӘНЕСҰЛЫ

«Әлі бұзылмаған қазағым бар екен» деп барайын»

Үлкен сарайда концерт жүріп жатады. Әншілер өзбек, қырғыз, тәжік, үндіс, орыс, ағылшын ырғағында ән шырқап жатады. Осы кезде сахна сыртында (кулисаның арты) бір кемпір әншілер боянатын есіктердің бірін ашып, бірін жауып жүреді. Оны көрген бір жігіт: “Кімді іздеп жүрсіз?” деп сұрайды. Кемпір: “Осы әншілердің ішінде қазақы ән айтатын адам бар ма екен деп соны іздеп жүрмін” депті. Сол кезде қатардағы боянатын есіктен шыққан бір әнші қыз: “Жүріңіз, апа, мен қазір қазақы ән айтамын” деп үлкен кісіні қолтығынан алыпты. Сол кезде кемпір: “Сөйтші, айналайын.Сенің алдыңдағылардың айғайынан құлағым бітеліп қалды. Бір құрышымды қандырып, қазақи әндер айтшы. Үйге әлі бұзылмаған қазақ бар екен деп барайын” деген екен.

«Жалаңаш шоу көрсетеді»

Ауыл ғой. Бір орта жастан асқан әйел көрші үйге кіріп, өзімен шамалас, пештің жанында от жағып жүрген әйелдің жанына отыра кетеді.

-Құдағи ау, біздің үйдің телевизоры түгілі, радиосы да істемейді. Сендердікі құдайдың рахаты, күні түні телевизор қараудан қолдарың тимейді- дейді.

-Ойбай, айтпа, әсіресе, балалар мен өзіңнің құрдасың сол көк жәшіктен көз айырмай отыруды әдет қылды. Осы үйде тек мен ғой, үйдің шаруасымен жүретін.

-Сонша жабысатын, осы көк жәшіктерің не көрсетеді?.

-Не көрсетеді дейсің. Қарасаң, адам жалығады. Таң сәріден концерт, содан соң шоу, одан кейін концерт, сосын шоу, түстен кейін әншілердің өсегін, аспанға ұшып кеткен “жұлдыздардың” шоуын көрсетеді.

-Ал, түнде не көрсетеді?.

-Түнде ме? Сол түнге лайық жалаңаш шоу көрсетеді. Таяуда бар ғой, жалаңаш дүкенге кіріп тамақ алғандарды көріп талып қалдым.

-Жалаңаш кіріп, тегін тамақ алғаны қалай?

-Ойбай, үлкен қалалардың бірінде жалаңаш кіргендерге 5 мың теңгеге тегін тамақ беріпті.

-Ой, мынауың жақсы жаңалық қой! Ондайды біздің ауданның дүкендері жасамай ма екен?. Үйде шалдың пенсиясы да, менің балаларға алатын жәрдем ақым да бітіп, қазанымыз тақырлап қалып еді- деген екен көрші үйден келген әйел.

«Менің хатшым сұлу, әрі ақылды»

Қымбат мейрамханада екі үлкен мекеменің екі басшысы түскі тамақ ішіп отыр. Біріншісі екіншісіне:

-Менің хатшы қызымды көрдің бе?- деп сұрайды.

-Көрдім.

-Қалай, сұлу ма?

-Иә, әдемі екен. Ал, менің хатшыма назар аударсаң, ол да сондай сұлу, әрі ақылды!

-Ақылды? ! Ол қандай мағынада?

-Ой, сен қызық екенсің ғой! Менің үйдегі әйелім тексеріп күнде жұмысыма келеді. Сонда да ол менің хатшы қызбен жүретінімді сезбейді -депті екіншісі.

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ

«Мен мен онымен жата алмаймын»

Бір әйелдің ерке қызы күйеуге шығып, той жасайды. Той бітіп, алғашқы түні қыз бөлмесінен “Мама!”деп айқайлап атып шығып, мамасының жатқан бөлмесіне жетіп келіпті. “Не болып қалды?” дейді мамасы таңданып, сонда қызы: “Мама, оның денесінің бәрін жүн басып кеткен, маған жақындаса болды, денемді қышытады, мен онымен бірге жата алмаймын!” депті.

«Сөз айтпай күлдіруге бола ма»

Жұрт “Қиқу тартар” деген комедияны көріп отыр. Алдыңғы қатарда комедияның режиссері мен театр сыншысы отыр. Комедия жүріп жатыр, бірақ жұрт күлмейді. Сосын режиссер: “бұл жұрт неге күлмейді?” дегендей, сыншығы қайта қайта жалтақтап қарай беріпті.Ұзаққа созылған күлместерден қажыған режиссер қасында отырған сыншыға қарап: “Жұрт неге күлмейді?” деп сұрапты. Оған жауап ретінде театр сыншысы: “Қайдан күлсін, комиктің орында трагик, трагиктің орнында комик ойнап жүрсе!” депті. Сонда режиссер сыншыдан: “Онда елді сөз айтпай күлдіруге бола ма?” деп сұрайды. Оған сыншы: “Болады! Ол үшін Чаплин болу керек қой!” деген екен.

«Сыншылар бар болса, осы отырғандарды бәрі неге классик»

Бір топ ақын жазушылар бір жерде бас қосып қап, ішіндегі біреуі: ” Біздің әдебиет қазір “Алтын ғасырға” өтті. Өлең десең өлең, дастан десең дастан, роман, эпопея, трилогия десең де бәрі бар. Сыншылардың көптігі сондай, аяқ алып жүре алмайсың” деп шалқыпты. Сонда сол жерде отырған бір қисықтау әдебиетші: “Бізде сыншылар бар болса, осы отырғандардың бәрі неге классик?” деген  екен.

«Екеуміз қосылғаннан бері мұның көзіне бір шөп салған емеспін»

Тілші “Қарттар” үйіндегі 90- ға келген шал кемпірден сұхбат алуға келеді.

-Мерейлі тойларыңызбен құттықтаймын! (Тілші екеуіне гүл тапсырады). Шал мен кемпір:

-Рахмет!

-Рахмет!- дейді.

-Екеуіңіздің отбасын құрғандарыңызға қанша жыл болды?

-Жиырма жыл.

-О о! Керемет! Осында бақытты ғұмыр кешіп жатырсыздар?

-Иә.

-Иә.Тілші сосын кемпірден:

-Екеулеріңіз қосылғанға дейін басқа отбасыңыз болмап па еді?

-Болған. Мен бұған дейін бес күйеуге тигенмін. АЛ, осы шалға тигеннен кейін мұның көзіне бір шөп салып көрген емеспін!- деген екен.

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ, жазушы

kerey.kz