Kerey.kz/Керей.кз » Зуқа батыр

Бақытбек Бәмішұлының “Алтын Аралдың Арғымақтары” атты шығармашылық кеші өтеді.
Биыл Оспан батырдың туғанына 120 жыл толуына байланысты “Ер Жәнібек батыр” атындағы халықаралық қоғамдық қоры жыл басынан бері Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесіп бірқатар мәдени іс-шаралар өткізіп келеді.

Алдағы күндері қор ұжымы Жазушылар одағымен бірлесіп,  аталмыш шаралардың көшін жалғастырып, өнер сүйер жұртшылықты маусымның 19 күні өтетін белгілі ақын-жазушы, публицис, аудармашы, филрлргия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Бақытбек Бәмішұлының  шығармашылық кешіне шақырады.

Өтетін орыны: Алматы Ұлттық кітапханасы. Уақыты: 19 маусым, сағат 16:00 де.

Бақытбек Бәмішұлы: Баян-Өлгей аймағының Бұлғын сұмынында Үлкен Теміртінің Норты жайлауында  1958 жылы 25 мамырда дүниеге келген. 1975 жылы Бұлғын сұмындық 8 жылдық, 1977 жылы Ұланбатыр қаласында Хосе Марте атындағы 52- ші он жылдық орта мектепті бітірген.

1977 жылы Ресейдің Ленинград (Санкт-Петербург) қаласында Политехникалық институттың дайындық курсында оқып, академик Образцов атындағы Темір жолдар институтын 1983 жылы тамамдап, инженер-электрик мамандығы бойынша «автоматика, телемеханика және байланыс» маманы болып шығады. Моңғолияның Мемлекеттік Университеті жанындағы Басқару қызметкерлерін даярлау институтын тәмамдаған.

Филология ғылымдарының кандидаты, ақын-жазушы, публицист, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Халықаралық «Көш» газетін бірнеше жыл басқарды. «Minber.kz» ұлттық интернет газетінің атқарушы редакторы. Алматы «Метрополитен қызметкері.

«Махмуд Қашқари және моңғол тілі» және «Моңғолия қазағының тілі: әлеуметтік қыры» атты монографиялар жазды. О.Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабын моңғол тіліне, ал моңғол ақыны Р.Чойномның «Алтай» дастанын, түріктің халық ақыны Қараожалан, түркімен ақыны Ораз Ягмуров өлеңдерін қазақ тіліне аударды.

«Мәңгі көк аспан астында» (1998 ж), «Тұмарлы таң» (2003 ж), «Бай Бұлғын жерім-ай» (2008 ж), «Оспан батыр» (2008 ж), «Айторы ғұмыр» (2012 ж), «Азанбай абыз» (2013 ж), «Зуқа батыр – аласапыран замана арыстаны» атты өлеңдер мен поэмалар жинақтары, «Ажалсыз адам» (2016 ж) атты әңгімелер мен хикаяттар, «Алтын аралдың арғымақтары» (2018 ж) өлең-роман кітабы жарық көрді. «Байбесік тұмалары» (Е.Ақберенмен бірігіп), «Шер – шежіре», «Таразы», «Ләу» қатарлы жинақтарды құрастырды. Оннан астам өлеңдеріне ән жазылды.

Бақытбек Бәмішұлының  шығармалары туралы әр саланың мамандарының (халықтың) пікірлері:

Мұзафар Әлімбаев, ҚР-ның халық жазушысы:

«…Ең әділі, ең әсерлісі өзі сөйлеп, өнерін, өрісін танытып тұрған өлеңінің өзін оқу, қайталап оқу, алған ләззатың жайында ойлап, толғану. Әсерің жайында содан кейін барып жаныңдағыларға айта жүру, оларды өлең қадірін білуге шақыру – поэзия патшалығына әлсін-әлсін сапар шеккізу…».

Тұрсынбек Кәкішұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор:                                                                   Мен Бақытбекті ертеден білемін. Өзі – ақын, екіншіден, Совет елінде оқып, Ленинградта темір жол институтын бітіріп, енді «Көш» газетін шығаруда. Осының барлығы да азаматтың  азаматтығын көрсетеді. Енді тіл білімінен диссертация қорғауының негізі де азаматтықта жатыр.

Уәлихан Қалижан, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:

Зор ризашылықпен Һәм құрметпен филология ғылымдарының кандидаты, ақын, көсемсөзші, азамат інім Бақытбек Бәмішұлының «Зуқа батыр – аласапыран замана арыстаны»  атты кітабының тұсауын кескім келеді. Кітап өміршең. Қаламың қарымды болсын, Бақыт інім!

Бақытжан Хасанұлы,  Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор:

Диссертант қорытындысы мен тұжырымдары, барлық зерттеу нәтижелері негізделген әрі нақты мәліметтерге құрылған. Б. Бәмішұлы зерттеулерінен ғылымға тән бірнеше қасиетті байқауға болады. Оның Моңғолия қазағының тілін тұңғыш рет әлеуметтік лингвистикалық қырынан зерттеуі, бұл – жаңалық. Қазақ диаспорасын тілдік жағынан зерттеуді диаспорология ғылымының лингвистикалық диаспорология саласы деп атауы әбден орынды. Осы ретте Б. Бәмішұлы қазақ диаспорасының тілін  әлеуметтік лингвистикалық тұрғыда тұңғыш рет ғылыми айналымға түсірген.

Ұлықбек Есдаулет, ҚР-ның Еңбек сіңіоген қайраткері, Мемлекеттік сыйлық иегері

Өмірде де, әдебиетте де қос қанат атанған бауырларым Бақытбек Бәмішұлы мен Есенгүл.

Ғалым Жайлыбай, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Жұлдыз» журналының бас редакторы:

Біз бұл жасқа «сау» етіп түсе қалған жоқпыз. Құрдастарыммен, ақын достарыммен қатар, қиын кезеңдерді бастан кешіре отырып жеттік. Ақын құрдастарымды ерекше қадірлеймін. Әубәкір Қайран, Қа­сым­хан Бегманов, Жұмабай Құлиев, Бақыт­бек Бәміш сияқты құрдасымның бәрі поэ­зия­н­ың азабын да, тозағын да көрді. Біздің буын өтпелі, өлара кезеңге түсіп қалдық. Еш­қайсымыз да Үкіметтің кеңшілігін көрген жоқ­пыз. Қаламақыға қарқ болғанымыз да ша­малы. Он бес жылымыз жоғалып кетті. Елу­ге келгенше, жас ақын атандық. Кі­таптарымыз оңай шыққан жоқ. Осы аза­маттың бәрін барлық кемшілігімен жақсы көремін! Өйткені бұл ақынның бәрі өз мақ­саттарына адал болып қалды;

Зуқай Шәрбақынұлы, белгілі ақын, қоғам қайраткері, ҚЖО, МонЖО-ның мүшесі

Жетелеп намыс, шығыпсың биік сүмбірге,

Өткеннің шынын, жеткіздің жазып бұл күнге.

Бір мүшел ғұмыр, арнапсың есіл уақыт,

Лайық осы, өзіңдей өрен дүлдүлге.

Сәтей Нұртазаұлы, қоғам қайраткері, жазушы

Әу, дегенде ашыла қоймайтын, айтпақ сырын астарына жасырған тіркестер мен өмірдің өтпелігі, замана,  тағдыр жайлы толғанған философиялық ойларға тәнті боласыз.

Әділғазы Қайырбеков, ақын, филология ғылымдарының кандидаты

Ақынның жан жүрегін жайлаған қайғы-мұң өлең болып сорғалап қағаз бетіне түскен екен. Жан ауыртып жазғаны әр өлеңнен айқын байқалады. Зар кітабы. Кітап бірнеше бөлімнен тұрса да бір тұтастықты құрайды. Ақын жеке бастың зар-мұңы емес, адзамзат баласының ортақ қайғысын жырлайды. Мәселен, су апатынан орасан зардап шеккен «Қызыл ағаш» оқиғасы да орынды орын тапқан.

Әлібек Шегебай, ақын, Т.Айбергенов атындағы, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлықтарының лауреаты. Адамның адамға деген махаббаты, әкенің балаға деген махаббаты әр қашанда суымақ емес. Алғаш қолыма тигеннен бұл кітап өзіне еркше назар аудартты. Түгеліммен шедевр деуге болмайды, шығармашылық жұбату, тұтас алғанда шығарып алған жас.

Нұрлан Асқаров, филология ғылымдарының кандидаты.

Бәмішұлы әдебиеттің өз адамы, қзақ поэзиясына өз бетімен келмеген нағыз қазақ ақыны екенін көреміз. Ақындық бойына ананың сүтімен, атаның қанымен дарыған эпик ақын, өлеңдері жүрегінің түбінен төгіліп шығады

Автордың бөліп көрсетуге тұрарлық бір ерекшелігі ретінде оның дарынды сөздің дәстүрлі үлгілерін терең біліп қана қоймай, сонымен бірге қазіргі поэзияның қол жеткізген әдіс-тәсілдері мен үлгі-өрнектерін де жетік меңгеруін айтуға болады.

Нұржан Қуантайұлы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты

Тоғыз жыл жазылған, тілі төгілген осынау үлкен еңбек қазақ әдебиетіне қосылған сүбелі туынды.

«Алтын Аралдың Арғымақтары» таза тарихи роман болмағанымен тарих, этнография, әдебиет, өнер зерттеушілерінеің назарын өзіне аудартады деп ойлаймын.

Абай Мауқараұлы, журналист, жазушы, дін танушы.

Өлеңнің әр сөзінен өлең иесінің өмірі елес беріп тұрса, оның шынайы болғандығы. Онда әр шумағында жанды сурет, бүтін тұлғасында үзік тағдырлар көрініп тұрмағы аян. Сонда өлеңнің өзі өмір баламасына айналады… Бақытбектің, әнтек, халыққа айтарын әр кез астармен, нақты мекенін  – айырықша нышанмен, тіршілік тауқыметтерін емеуірін түйіндермен меңзейтінін аңғара бермейтініміз өкінішті;

Болат Жетекбай, ақын:

Өлең өзекті өмірден, өксікті көңілден бөлінбей, тұтас тірі образ түзіп, табиғи таза күйінде көркемдікпен құйылып түссе, ғажап қой! Ал, онда жүрек шымырлатқан қимас сезім, көкірекке тұнған сартап сағыныш – ұланғайыр қазақы әлем жатса ше?!

Ақынның  әлеуетін танытатын бір өлең. Ақырзаманнан хабар келіп жатқан екіұдай мына заманда әлі де осындай өлең жаза алатын ақын бар екен. Шүкір!

Жәди Шәкенұлы, ақын-жазушы:

Иілмейтін

Өр Алтай шынарындай….

Расында Баукеңнің сыңарындай…….

Қобдадан қомдап ұшып қос қанатын.

Көрінді көгілдір “Таң тұмарындай”…….

Саят Қамшыгер, ақын

«Үгілген тасқа біткен қынадай» ішкі жан дүнесінің запыран сырын өлеңмен сырласу арқылы сыртқа шығарып, өзіне қайрат-жігер жиып, жаңа бір бағытқа бет бұрғаны өз ара жақсы байланысқан тарауларда көрініс табады. Ақынның тілі тамаша.

Болған оқиғаны желдіртіп баяндай бермей көңіл күйін қазіргі заман ауанымен астастыра отырып өмірдің, қоғамның мұң мен зарын шертуі үлкен шеберлік.

Ермек Қаныкейұлы,  филология ғылымдарының кандидаты:

Аласапыран алуан түрлі ойға түсіріп, рухыңды оятып, өзегіңе дейін түсіп барып, өзіңді танытатын өлең, өнер қуаты дегеніміз осы. Бұл мұратқа еңбегімен өзі де жеткен, оқырманы бізді де жеткізген үлкен ақын Бақытбек Бәмішұлы екен!..

Дәулетбек Байтұрсынұлы, ақын

Мына кітаптың әсіресе бірінші бөлімі өте ауыр оқылады. Тебіренбей, көзге жас алмай оқу мүмкін емес. Солай болуға да тиісті. Мұндай жоқтау өлеңдер бізде Абайдан бастап бұрыннан бар. Алайда ақын осы кітап арқылы өмірге жаңа көзқараспен, басқаша оймен бет бұрған.

Бүркітбай Файзулла, халық салт дәстүрін жаңғыртушы кәсіпкер, ұстаз:

Еліңнің тұлпарысың тағалаған.

Бәйгеде, аламанда  ағалаған.

Ел үшін екпіндей түс, шарықтай бер,

Жыр сұңқар, үміт артқан саған адам.

Сұраған Рахметұлы, ақын, филология ғылымдарының кандидатыАқын Бақытбек теріскей Алтай – бұла Бұлғынның төл тумасы екенін білем. Жырғылтының сол жақ шаған иығындағы заңғар шыңына тырмысып шыққам бірде.Көктің бауырына ұмсына біткен жалбыр шашты сұсты құзарлар Бақытбекке бек ұқсас.Айбын жамылған зау биіктің айдынға қарай құлаған тұсынан аққан Түргін өзені оның ақжайма жырларын қайталап тұрардай еді.Бақытбекті сағынам! Жүрегінен лек-лек қоңырқаз иісі төгілген тұмалағыл ақынның сәл мұңлы дауысы қалқып өтіп жатады.Ол, жерұйық Жетісуда жүрсе де Бұлғынына бұрқақ жырларымен келіп қайтып жүреді.Қаракөлдің Аршаты жақ иінінде баялышы балбырап арша өседі.Бал аршаның иісін Бақытбектей жырлаған ақынды білмеймін,білгім де келмейді.Бақытбек алтыға нөл жалғаты. Жүзде жиырма, арыда қырық жасқа келуіне тілектес емеспін.Бұла ұйығы сексенге шығыпты биыл.Оны биікке лақтырған – Бұлғыны, оны ақғайып ақын еткен – Бұлғыны.Иә…

Жүкел Хамай, ақын, халықаралық поэзия фествалінің алтын медал итегері

Тан дəуірі жазбасынан кейінгі Алтын тау мен құндар туралы бір керемет шалқыма болыпты. Рас, айтылғанның барлығы көкейге қонымды.

Алтай қазақтарының төңкерістік үкіметі
(Оспан батырдың туғанының 120 жылдық мерей тойына арналады)

Ерзат Кәрібай

Қытайдағы қазақтар тарихында жане Шыңжаң тарихында «үш аймақ төңкерісі» не дұрыс

тарихи баға беріліп Шыңжаң жерліе тарихынан орын берілген, әрине аталған үш аймақта

(Алтай ,Тарбағатай, Іле) қазақтар басым бола тұра, төңкерістеде жетекші рол ойнағанына

қарамастан оны Ұйғұрдың еншісіне меншіктеп берді, халқарадада осылай таным

қалыптасқан. Оған негіз 1944 жылы12 құрылған үкіметте басшылықта қазақтар болмады,

үкімет тілі ұйғұр тілі болды, тарихи суреттерімен хұжаттарыда дерлік солай болды!

Демек екінші шығыс түркістан жерлік халық сайламаған заңсыз үкімет еді! Егер заңды

үкімет болса тұтас үш аймақтағы 720 мың халықтың 53% ін ұстайтын қазақ билікте

болған болар еді! Кейінгі аталмыш үкімет қазақ мүддесіне саятында ешқандай жұмыс

істемеді, Қытай үкіметімен келіссөздеде ұйғұрдың мүддесін алға тартты. Ал көп жұрыт

назардан тыс қалдырған тағы бір үкімет болған, ол «Алтай қазақтарының төңкерістік

үкіметі» болатын! Оның басшылары түгел қазақтар, қарулы күштеріде қазақтардан

құралған болатын, деседе бұл туралы көп айтылмай тасада қалған, қатысты тарихи

суреттерімен хұжаттарыда әлі ашылмаған! Бір қызығы 1954 жылы сол үш аймақта «Іле

қазақ автономиялы облсы» құрылған, осы облс құрамына сол заманның өзінде 100

мыңдай қазақ қоныстанған шығыс аймақ Тәңіртау-баркөл кірмей қалды. Қазыр сол

жерлерде Қытай үкімет санағымен 300 мыңнан аса қазақтар өмір сүруде! Демек сол

заманда рухы жәншілмаған жарты миллион қазақты екі империя Ресей мен Қытай

жақтырмады, ерлік тарихының өзін басқаға бұруға тырысты. 1940 жылы өр Алтайдан

басталған көтерілістен тартып 1944 жылы 24 қазанда Алтайда қазақтардың төңкерістік

үкіметі орнады, 1945 жылы қазанда «шығыс түркістан» ға қаратылды. «Алтай

қазақтарының төңкерістік үкіметі» қалай құрылды? Не үшін таратылды? Халық көңілінен

қалай орын алды? Деген сұрақтардың тууы заңды, төменде осы тақырыпқа шамамызша

тоқталамыз.

Үкіметтің құрылуына негіз болған тарихи тамыр

Алтайдағы қазақтардың төңкерістік үкіметі сол топырақты мекендеген қазақтардың ұлт

азаттық күресі нәтижесінде барлыққа келген. Тарихи тамырын «Көгедай ордасы»

кезеңінен іздеген дұрыс, үйіткені 1790 жылы Пекинде Мәнжоу патшасымен жолққан

Көгедай орталыққа төте қарайтын, жылына 81 ат қана алман төлейтін, ішкі жақта тәуелсіз

өзін-өзі билейтін шартты қабылдатып , өзі сұлтандық шен алған болатын. Өз алдына заңы

бар дербес кнняздық ретінде өмір сүрді. 1912 жылы Мәнжоу империясы құладыда Қытай

билігі орнай бастады, Алтайдың орталық үкіметке төте қарайтын статусы жойылды,

осыдан бастап Қытай билігі аудандар құрып сақшы орналастырып, алман –салықты

ауырластырды, оған қарсы жүздеген адамдық қарулы қосынын бастап Зуқа батыр қарсы

шықты, 1929 жылы Зуқа батырдың басы алынды, онан кейін Жантайлақ, Әкім батырлардыңда

басы алынды. 1932 жылы баркөлде қарулы қосыны бар Әліп үкірдайдің басы алынып 107

адам қоса қырғындалды. 1933 жылы коммунис Шың шысай Шыңжаң билігін тартып

алды, ол бастабында қазақтарға қарата жақсы саясаттар қолданды, Шәріпқан көгедайев

Алтайдың билеушісі болып тағайындалды, сол тұста Алтайда оқу –ағарту зор табыстарға

қол жеткізп 6000 нан аса қазақ баласы жаңаша мектептерден оқыды, Кеңес одағына

оқушы жіберілді, 1920 жылдары келген «алаш зиялылары» да ағарту жұмыстарына аямай

үлес қосты, солардың бірі Ғапбас мүпти еді. Алтайда «ерікті алтай» , «жаңа алтай» сияқты

газет журналдар шығып отырды. Осылайша халықтың сауаттылық деңгейі біршама

көтерілді. Сонымен қатар алтай бетінде көптеген қанды соғыстарда көп болған, «беген

шабалған қара сеңгір», «қызыл аяқ шапқыншылығы», « бөке ауған», «ақ орыс шапқыны»,

«қангелді-секел қырғыны» сияқты соғыстарда болған, халықта көшпенді жауынгерлік рух

сақталған еді.

Зуқа батыр

Қан кешкен өр алтай-бірінші көтеріліс

1939 жылы Баркөл қазақтары шың шысайға қарсы көтеріліп шығыс провинцияларға

көшті, бұнің соңы трагедялы «тибет асқан көш» ке ұласты. Сонымен қоса сол жылы

алтайда жиындар ашылып «мылтық жинау» әрекеті басталды. 1930-1933 жылдары шығыс

шыңжаңда болған төңкеріске қатысқан қазақтар көп болатын, баркөлдегі Әліптің түбінеде

осы төңкерістің сәтсіз аяқталуы жеткен болатын. Баркөлмен Алтай елі бір ел еді, баркөл

қазақтары дерлік алтайдан барғандар еді. 1937 жылы Қытай –Жапон соғысы басталдыда

Кеңес үкіметі Қытайды қолдап оларға қару-жарақ берді, тасымал жолы бойында қазақтар

отырғандықтан түрлі сылтаулармен жол хауіпсіздігі дегенді сылтау етіп қазақтарды

аяусыз жаныштады. 1939 жылы Алтай аймағы бойынша Шәріпқан Көгедайев, Ақыт қажы,Бұқат бейсі, Дәлелқан, Қалел тәйжі, Сақсайбай үкірдай, Қарағұл залың басаған 40 адам қолға алынды, онын басқа ру басылардыда жіпке тізгендей етіп шетінен қолға ала бастады. Исілам дінін қорлап құран кітаптарын өртеді, ақыры ыза кернеген халық ақ сойылын қолға алып атқа мінуге мәжбүр болды!

Шәріпқан көгедайев

1940 жылдың басында Көктоғай ауданындағы Молқы руының үкірдайы (болыс ) Есімқан

иманбай ұлы мылтық жинағалы келген аудан әкімі Шүй ыр линді жеті адамымен өлтіріп

қаруын алды, Қарақас Ақтеке біи сақшы сарноғаймен қоса үш адамды өлтірді, осылайша

екі рудан 700 түтін көтеріліске шығады. (негізгі баяндаулар сол уақиғалар куагері уахит

тәйжі халел ұлының естелігі негізінде жазылды). Оларға Шіңгілден ырысбек бастаған 80

әскер бастықтыруға жіберіледі көтерілісшілер оларды түгелімен жояды, тек 3-4 адам ғана

құтылады, 100 түйе әскери заттар олжаға түседі. Осы соғыста Сүлеймен нүсіп ұлы

мергендігімен көзге түседі. Осыдан соң Ноғайбай, Ырысхан, Зәтелбай, Мұса мерген

бастаған 1000 отбасы Шіңгіл елі көтеріліске қосылады. Бір ай бойы соғыс болып

Ноғайбай, Зәтелбай бастаған 40 тан аса азамат ерлікпен қаза болады, 500 ден аса Қытай

әскерін жойып , 500 ден аса қару, 700 ат, 300 түйе әскери заттарды олжалайдыда

көтерілісшілер тіпті күшейеді. Онан Моңғолия шегарасына барғанда Моңғол әскерлері

оқ атып қамысқа өріт қойып 100 ден аса адам опат болады, Есімқан, Ақтеке, Мұса мерген

бастаған топ үлкен қаптыққа кетеді, Сүлеймен бастаған 100 ден аса жігіт қарамайлыға

бекінеді. Қаптыққа беттеген елді 2000 атты әскермен қуалайды, осы соғыста жау

әскерінен 3 адам ғана құтылып қалғаны түгел қырылады, Мүса мерген осы соғыста оққа

ұшады, кішікей атты қазақ Орыс генералын жекпе-жекте өлтіреді. Орыс генералының

басын сұрағанда Ырысқан: «сендер бізге Маскеуге апарып атып тастаған әлиқанның

басын әкеліп берсеңдер береміз!» деп жауап қайтарыпты. Сол кезде Оспан батыр 40

адаммен барып 40 қанша жауды өлтіріп 200 түйеге артылған әскери заттарды қолға

түсіреді, осыдан бастап «Оспан батыр» атала бастайды. Ел бәйтікке беттеп бара жатқанда

тағыда ұрыс болып Ақтеке батыр бомбыдан қаза болады. Көтерілісшілер тұрғындағы(жер

аты) қарақас пен шерушіден 300 үйді құтқарады арал елімен біріктіреді. Сүлеймен

қаратүңкеде жаумен соғысып 70 тен аса жауды жояды, қарашорада 50 ін жояды. 1940

жылы маусымнан тамызға дейін жау қолынан тағы 300 үйді босатып алады, арал елінен

2000 үй көтерілісшілерге қосылады, сүлеймен, оспандар 500 адаммен барып жау қолынан

тағыда 400 үйді құтқарып алады. Осылайша көтерілісшілер 3000 нан аса түтінге, 2000

қарулы қосынға ие болады. Қазан айындағы соғыстарда 700 ден аса жауды қырып

тастайды. Сол кезде Шың шысай елдесу талабын қойып үгіт қағаздарын ұшақпен бората

бастайды.

Көтерілісшілер ақылдаса келе үкіметке мынадай талаптарды қояды:

1. Қолға алынған барлық алтай уакілдерін босату, өлгендерінің сүйегін беру;

2. Көктоғай-Шіңгілде сақшы мекемесін құрмау;

3. Алтайда қазақтар басшы болу;

4. Өткен істі қузамау;

5. Қаруды жимау;

6. ҚИЫНШЫЛЫҚТА ҚАЛҒАН МАЛШЫЛАРҒА ҮКІМЕТ КӨМЕК БЕРУ;

Әккі Шың шысай қару жимау деген шарттан басқасының бәрін қабылдағанын білдіріп

мақұл болады, Алтайға қазақтар басшы болу деген шарттың өзінен көгедай заманынанбергі жалғасқан алтай қазақтарының өзін-өзі басқару дағдысын қайта жаңғырту

тілегін көруге болады. Шарт бойынша бір бөлім адамдар босайды Бұқат Алтайға уәли,

Жанымқан орынбасары болады, Дәлелқан сүгірбай Сарсүмбенің орынбасар әкімі,

Рахат халел Көктоғай әкімі , Кәдірбай көктоғай сақшы бастығы, көксеген Шіңгіл әкімі

болады. Осыдан соң қарудың көбі тапсырылып көтеріліс уақытша тоқтайды.

Қан кешкен өр алтай-екінші көтеріліс

Шың шысай мыңдаған әскерді кен ашады деген сылтаумен Көктоғайға тасиды, Көктоғай

сақшы бастығы Кәдірбай із-тозсыз жоғалады. Ырысқан ауырған кезде Жанымқан

жіберген емші оған қастық жасап өлтіріпті деген сөз таралады, Рахаттың сары ізіне шөп

салынып басы қатерде қалғанда қырдағы үйіне қашып кетіп үйін алдырып алады.

Осылайша көтеріліс тағы басталады да оған көктоғай-шыңгілден 3800 үй 20 мыңға таяу

адам қатынасады, бірақ жау әскері қаруы, әзірлігі күшты болады, көтерілісшілер бірнеше

айда жауды әлде неше рет есеңгірете жеңіп мыңдаған жауды қырады. Сол жылы өр

алтайда табиғат ана өзгеше мінез көрсетіп қар қалың жауады, бір соғыста көтеріліс

басшысының бірі сүлеймен оққа ұшады, ел ішіне іріткі түседіде көтерілісшілер ырықсыз

орынға түседі. Қиын сәтте Жанымқанды «құдай ,құран» дегізіп елшілікке жібереді, оған

сенген ел басылары бағынады, көтеріліс басшыларынан халел, рахат, есімхан, бұқат

қатарлы 14 адам қолға алынып Үрімжіге жөткеледі, олардың көбі түрмеде өледі.

Дәлелқанды Кеңес консулы ұрлап кеңес одағына әкетіп екі жыл тәрбиелейді. Оспан

бастаған 40 шақты адам бағынбай құмға кіріп кетеді.

Оспан бастаған қозғалыс

Оспан құмға кіріп кеткеннен кейін оны жоюға бөріпжап бастаған 100 ден аса әскер

жіберіліп оның екінші әйелімен үй ішін қолға алады. 1943 жылы Оспан қолы 400 адамға

көбейеді. Осы жылы Алтайдағы Қытай армиясының саны 20000 нан асып кетеді. 1943

жылы Шың шысай Бұрын өзі арқа сүйеген Кеңес одағынан бет бұрып , кеңестік мыңдаған

адамды бір түнде шегарадан қуып шығады. Осыдан бастап Кеңес үкіметі оспанды

қолдауға өтеді.

1943 жылы шілде айында Моңғолиядан оспан батырға елшілер келіп кезігіп қайтады,

қыркүйек айында оспан батыр Моңғолияға Қапас, Шердиман қатарлы уакілдерін жіберіп :

ендігары Моңғол шегарасын мазаламайтынын; Кеңестік кеншілерге тиіспейтінін; есесіне

Моңғолияға мал апарып қаруға айырбастауға жол қоюын талап етті. Қазан айында

Шіңгілдің бұлғын өзені бойында «Алтай қазақтарын көркейту комитеті» құрылып оспан

бастық болды, Сұлубай әскер басы сардар болып сайланды, әр руға хат жазылады. Осы

жиында мынадай 8 түрлі мақсат алға қойылады:

1. Қазақ ұлтын еркіндік ,теңдікке шығару.

2. Алтайдың әр ауданын қазақтар өздері басқарып өздері үкімет құру.

3. Алтайда қазақ қарулы күштерін құру.

4. Қытай үкіметі қолға алған адамдарды босатып алу.

5. Қытай үкіметінің қазақ малшылардың малына тисуінен сақтану.

6. Үкіметке алман-салық төлемеу.

7. Алтайдан Қытайларды қуып шығыу, Қытайлардың қоныстануын шектеу.

8. Кеңес одағы, Моңғолия сияқты елдермен сауда барыс келісті күшейту.

Осы жиында оспан батыр : «ұлт мүддесін қорғайтын батырлар менің соңымнан еріңдер!

Қолдарыңа қару алыңдар! Әйітпегенде ата-бабалардың аруағына шет келген боласыңдар!»

деп ұран тастайды. Жыл соңында оспан 300 әскермен үрімжіге шабуыл жасамақ болады.

Осы кезде 5000 нан аса қытай әскері ауыр қарулармен қаруланып оспанның 500 жасағына

шабуыл жасайды, соғыс қара бұлғын мен дүре арасында болады, екі жақ қатты

шайқасады, жау әскері он есе көп, оның үстіне танк, зеңбірегі мен соғыс ұшағы

болғандықтан оспандар шегінеді, осы барыста қоршауда қалған оспанды сұлубай келіп

құтқарып алады.

1944 жылы көктемде оспан Моңғолия басшысы чойбалсанмен кездеседі, Моңғолия

оспан тобына 395 винтерка, 30 пулемет, 70 автомат береді. Көкек айында көтерілісшілер

700 үйге көбейеді. Көп ұзамай бұлғындағы қытай базасына шабуыл жасайды, Моңғолия

соғыс ұшағымен көмек береді,оспанның қолы 1000 адамнан асып соғыста мыңнан аса

қытай әскерін жойып Шіңгіл ауданын азат етеді, сұлубай батыр соғыста ерлікпен қаза

болады. 24. 04 .1944 көктоғай ауданына шабуыл жасайды, маусымның екісі күні

көктоғай алынады, 3 мыңнан аса қытай әскері жойылады. Көтерілісшілердің қол

астындағы халық саны 30 мыңнан асып кетеді, өр алтайдың екі ауданы азат болады. 1944

жылы маусымда 1000 нан аса қазақ қосыны сарсүмбеге (қазіргі алтай қаласы) шабуыл

жасайды. Көп ұзамай батыс бес ауданға 1000 нан аса қарулы күштер жіберіледі.

Оспан батырмен Чойбалсан

1944 жылы 12 қазанда шіңгілдің бұлғын өзені бойында « Алтай қазақтарының

төңкерістік үкіметі» құрылады. Үкімет бастығы оспан батыр болады, осы жылы көктемде

Кеңес одағынан Моңғолия арқылы оралған дәлелқан сүгірбай ұлы әскери басшы болады.

Момынбай би

Үкіметте 12 тұрақты жора болады, олар : 1. Оспан 2. Дәлелқан 3. Әділқан 4. Көксеген 5.

Момынбай би 6. Уәтқан 7. Ләтіп 8. Сүлеймен 9. Асхат мәңкей 10. Кәріп зәңгі 11. Рамазан

залың 12 . Молла сілам(Ұйғұр) .Әр ауданның әкімі белгіленеді, қарулы күштер саны 2380

адамға жетеді. Оларды 9 үлкен топқа бөледі, әр руда бірден әскер басы болады, мысалы

Молқы жасағына қапас, жылқайдар басшы, Шақабай жасағына Қуанышбай, Нұрғожай

басшы болады. Моңғолиядан келген ақылшыларға екі үй тігіледі, оларды «ақ үй», «көк

үй» деп атайды, олардың ішінде Мәжік, Богданов, Қалқабай, құрманқан сияқты

жансыздар қызымет етеді. Жыл соңына таяғанда Моңғолия ақылшылар үйырмесі мен

Дәлелқан сүгірбайлар төменгі алтайдың бес ауданындағы халықты бері көшіріп алу

ұсынысын ортаға қояды. Нұрғожай бастаған топ өрмегейті асуы арқылы сарсүмбеге барып

бурылтоғай, сарсүмбе елін Моңғолия арқылы көшіріп щіңгілге әкеледі. Буыршынның

жарым елі көшпей қалады да, қаба мен жеменей елі Кеңес жеріне апарылады. Төменгі

алтайдан келген елге жер жетіспейді, Моңғолия жақ сөзінен танып жер бермегендіктен ел

қатты қиыншылыққаұшырайды, сол жылы ауыр апат болып қар қалың жауады, мал

қырылады, көптеген адам аштан қырылады. Бұл Кеңес үкіметінің «Қазақ үкіметі» не

жасаған қастандығы болатын! Олар үшін Қазақстанмен іргелес жерде қазақ үкіметінің

болуы аса тйімсіз есептелінді, ендігі жерде есепті басқадан соғып, қазақ жерінен қазақсыз

үкімет құрмақ болды.

Қос үкімет қатар өмір сүрген бір жыл

1944 жылы шың шысай нанкин үкіметіне орман минстрі болып ауысып орынына у

жұңшин келеді. 1944 жылы тамыз айында Іленің нылқы ауданында әкбәр бастаған қазақ

партизандар көтерілісі туылады, екі айда 1300 адамға жетеді, 1944 жылы 11 айда осы

партизандармен Кеңестен келген әскерлер қосылып құлжа қаласын басып алып 12

қарашада «Шығыс түркістан республикасы» құрылды. Бұл онан бұрын Алматы қаласында

құрылған болатын! Әлихан төре үкімет бастығы болады, хакімбег қожа орынбасары

болады. Үкіметте 16 мүше болады, олар: 1. Әлихан төре (өзбек), 2. Хакімбег қожа (ұйғұр,

тұрпан бегінің баласы), 3. Бука әмбал(Моңғол) 4. Палинов (белорус) 5. Патеи юанович

лескин(орыс) 6. Рақымжан сабырқажы(ұйғұр) 7. Әбдікарым аббас(ұйғұр), 8.Салжанбай

бабажан(өзбек), 9. Ғани иолдаш (өзбек), 10 Абдұрұп мақсұм(өзбек), 11. Әбілқайыр

төре(қазақ) 12. Қайнам әбдұлла (ұйғұр, ғайни батыр аталады) 13. Әнуар мұсабайев (ұйғұр)

14. Мұқамеджан мақсұм (өзбек) 15.Қасымжан қамбари(ұйғұр) 16. Сәйпиден әзези(ұйғұр).

ШТР үкімет басшылары солдан оңға қарай: Әнуар мұсабайев, Ахметжан қасми,

Рақымжан сабырқажы, Әбдікарым аббас

Іле аймағында 450 мың халық болып оның 220 мыңы қазақ, 140 мыңы ұйғұр болатын,

қалғаны моңғол, сібе ,қытайлар, қалаларда аздаған өзбек, орыс, татарлар бар болатын,

Кеңес одағы қазақ ұлтының мүддесімен санаспай халық сайламаған «Шығыс түркістан

республикасы» заңсыз үкіметін құрып шығады, құрамында жалғыз қазақ әбілқайыр төре

еді, ол мал шаруашылығы минстры болады. Бұл шынын айтқанда үлкен қорлау болатын,

Іледегі көтерілісті бастаған әкбар мен сейітті жасырын өлтіріп үкімекте саны аз өзбекті

басшы қылады, үкімет тілі ұйғұр тілі болып, іс қағаздар мен құжаттар осы тілде жүріледі.

ШТР үкіметінің бір құжаты

ШТР үкімет банкының зайомы

Кеңес үкіметі құлжадан үкімет құрумен бірге 14-15 мың ауыр қарумен қаруланған өз

әскерін қоса кіргізді, мысалы Кеңсай атты полкы Қазақстанның қазақ-орыс жасақтарынан

құралған болатын, командир лескин, міндеті Алтай мен тарбағатайды аралап сондағы

үкімет орындарын қызылдандырып кеңестік адамдарды қою болатын. Ал текес атты

полкы Қырғызстан әскерлері болып Торғайев, Мәуленов деген басшыларыда

қырғызстандықтар еді. Егерде осы тәжірибелі әскерлермен ауыр қарулар болмағанда

үкімет әскерінің берік қорғандарын талқандау қиын еді. Іленің қазақтарынан тоғызтарау

5- атты полык құрылады. 1944жылы Алтайда 20 мыңнан астам қытай әскері соғысқанда

іле де 2.5 мыңдай ғана қытай әскері қалған болатын, қаруларыда көнерген болатын, осыны

ескерген Кеңес үкіметі Құлжадан ШТР құрып шығады. Үкімет Кеңестік формада

жасақталып кеңес көнсулының нұсқауымен әрекеттенеді, ШТР әрмиясыда кеңес киіміне

ұқсас киім киді. Іленің 11 ауданында тек тоғыз тарау мен күнеске ғана қазақтан әкім

қойылады.

Тарбағатай аймағында 1945 жылға дейін тыныштық болды, 170 мың халықтың 100

мыңнан артығы қазақтар болатын. Толы ауданыкөлемінде жыл басынан бастап қазақтар

әрекеттене бастайды, шілдеде 700 адамдық партизандар пайда болады, Олардан

тарбағатай 6- атты полык құрылып оған тағыда Кеңестік қайса дүйсенбеков командир

болады. Тарбағатай аймағы алынып болған соң кезінде Кеңеске Герман соғысына 500

атты ер-тұрманымен берген жомарт бай қазақ басбай уәли болады, бірақ оның төңірегін

Ұйғұр, өзбекпен толтырады. Үрімжі аймағына қарасты сауан ауданында қалибек,

тәкімандар бастаған партизандар құрылып 1700 ден аса жауды жояды.

Алтай қазақ қарулы күштері

1945жылдардағы оспан батыр

1945жылы Алтайдағы соғыс қимылдары баяулайды, қарулы күштер саны 5000 адамнан

асады, төменгі алтайдың аудандары азат бола бастайды, бурылтоғай көктоғайдан бұрын

алынған болатын. Ал дәлелқан Кеңестің бұйрығы бойынша сарсүмбені қоршап кеңсай

атты полкының алтайға келуін тосады, одан бұрын жеменей мен қаба азат болады, осы

кезде Алтай қарулы күштері аймақтың 90 % жерін меңгереді. Көп ұзамай кеңсай атты

полкы келіп алтай қарулы күштерімен бірге буыршынды оңай алады. Қыркүйекте

сарсүмбеге жетеді, 3000 нан аса қытай әскері тізе бүгеді. Кеңсай атты полкы дәлелқанмен

бірге алтайда үкімет құрады, оспан келмеседе оны уәли сайлайды, Кеңестік әріпбай

орынбасары болады, ұйғұр молла сіламді сарсүмбеге әкім сайлайды, кеңестік адамдар

мен басқа ұлыттар үкімет пен сақшы,аудандағы мекемелердің жартысынан артығын иелеп

кетеді, керісінше бұрынғы алтай төңкерістік үкіметінің басым көп санды адамдарын

жұмысынан алып, қарулы күштердің қаруы жилып алынсын деген қаулы шығады.

Оспанға Кеңестік адамдар ақыл салып алтайға әкеледі, осылайша бір жылдық «Алтай

қазақтарының төңкерістік үкіметі» үкімін жояды.

ШТР мен арадағы алауыздық

Дәлелқан Сүгірбайев

Алтай ШТР дың бір аймағы болуы сондағы халыққада, бұрынғы төңкерісшіл күштерге

ұнамады, ШТР алтай халқының мүддесімен есептеспей алтай қарулы күштерін

қарусыздандырып орынына басқа жақтан келген адамдардан 1000 адамдық алтай атты

аскер полкын құрады. Оспан үкімет орындарына өз адамдарын ұсынғанымен оны ешкім

тыңдамайды. Бұрынғы алтайдағы соғыс қаһармандарының еңбегі жоққа шығарылады,

Алтайда 83 мың халықтың 90 % қазақ бола тұра үкіметтің жартысынан артығы тағы басқа

ұлыттардан қойылады. Бұл оспанға тіпті ұнамады, көктоғайға салық тәйжі, шіңгілге нәзір,

бурылтоғайға мұхаметжан, қабаға көкенай, жеменейге мәмедолла әкім болады. 1946

жылы ШТР күшінен қалдырылып «Шыңжаң бірккен үкіметі» құрылды. Оспан үкіметке

жора, алтай уәлиі болады. 25 мүшенің 8 ұйғұр, 3 қазақ болады, келісім дерлік ұйғұр

мүддесіне шешіледі. ШТР дің 30 мың адамдық әрмиясындағы 14-15 мың кеңес әскері

еліне кетеді, Кеңестің мициясын орындаушы әлихан төреде жасырын қайтарылыд. 1946

жылы Кеңестер одағы ядролық атом бомбасын жасау үшін көктоғайда үлкен уран қорын

байқап соны ашады, 1946 жылы қытайда екі үйектену басталып Америкашыл гомин

үкіметі мен Кеңеске бейім компартия қатар өмір сүреді, Америка Кеңестің ядролық қаруд

жасауына кедергі болу үшін Гомин арқылы алтайдағы оспанмен жалғасады, Оспанмен

Гомин үкіметінің байланысы қоюлайды. Сол жылы оспан батыр көктоғай, шіңгілдегі ел

басыларын жинап жиын ашады. Осы жылы екі аудан халқы ШТР ға алман төлемейді, бұл

дербестік алудың белгісі еді. Дәлелқан мен ысқақбек барып ақыл айтқанмен оспан оны

тыңдамайды. Сол жылы Гомин үкіметі 400 бесатармен оспан тобын қаруландырады,

оспан тобы 350 адам бурылтоғайды алаып сарсүмбенің сібеті деген жерінде ШТР

қосынымен қақтығысады, жылқайдар 200 адаммен көмекке келеді. Оспандарға қарсы

5000 мыңнан аса адам жұмылдырылады(қобық 2- атты полкі мен алтай атты полкі), оған

дәлелқан, Нүсіпқан көнбай, жағыда бабалықтар басшылық етеді. Оспан тобы бәйтікке

шегінеді, 1947 жылдың ортасында өр алтайдан бәйтікке 1000 нан артық отбасы көшіп

барады, олардан 1000 нан аса адам қаруландырылады. Маусым айында Моңғолия әскері

бәйтікке шабуыл жасайды, оспан олармен соғысып жеңіп шегіндіреді, осыдан соң атағы

аспандап Америка газеттеріне басылады үрімжідегі Америка консулы мен сөйлесулер

басталады. ШТР дың 5000 әскері алтай еліне зорлық зомбылықтар жасайды, соған

байланысты қыркүйек айында оспанның қапас бастаған 1000 нан артық жасағы алтайға

лап қойып ШТР әскерінің денін қырып тастап алтайды басып алады. Бір айдан кейін

10000 нан аса ауыр қарумен қаруланған ШТР мен Кеңес әскері алтайға қайта шабуыл

жасайды, жағыдайдың тиімсіз екенін көрген оспан тобы алтайдан шегінеді, 19 мыңнан аса

халық оспанмен ере көшіп боғда бетіне қоныстанады. Сонымен бір уақытта қалибек

сауанда ШТР мен соғысып 13 мың халқымен манасқа шегінеді.

1947 жылы қыста Қытай генералы сұң чи лиян оспанмен кездескен, сұң чи лиян

естелігінде оспан оған былай деген: «Мен Шыңжаң қазағымын, Кеңестегі қазақтармен

қанымыз бір туыспыз, Кеңестік төңкерістен кейін Кеңестіктер Россиядағы қазақтарға

жантүршігерлік жәніштау жүргізді, көп адамды қырып, малын тартып алды, дінни

сенімінен айырды. Қазыр Шыңжаңдағы кей қазақтар сол зұлыматтан қашып келгендер,

сондықтан біз Кеңес одағына кектенеміз!… Іле оқиғасында әлиқан төремен тоқтамға

келіскемін… Кейін байқасам Іле төңкерісінің басшылары Кеңестіктер екен, кеңестік қазақ,

өзбек, ұйғұр, қырғыздар екен. Кейбірі Кеңестен оқыған, Кеңестің құлжадағы консулы

құлжадағы оқиғанға басшылық еткен, олар ШТР ды құрып шықты. Іле жақ мені өздерін

қолдамайды деп ойлап менің көзімді құртпақ болды, орыныма дәлелқанды қойып сол

арқылы менің орынымды бастырмақшы болды, сондықтан мен үкіметтін қолдау күтемін,

олармен соңына дейін айқасамын!» деген.

Бұдан оспан батырдың қазақ ұлытшылы екенін көруге болады, ол Қазақтарға зүлмат

орнатқан Кеңес үкіметі мен коммунизмге жан –тәнімен қарсы болған.

1948 жылы оспан батырды гомин үкіметі үрімжіге қонаққа шақырған кезде түскен сурет

1948 жылы оспанды нанкин үкіметі құрылтайға шақырады, оған ұлы шердиманды

жібереді. Боғда бетінде Алтай әкімшілігі құрылып оспан уәли болады, оспанның елінен

1000 нан аса адам әскерлікке алынып дербес полік болып құрылады.

Қызыл қытаймен арбасу жане қырғын соғыс

Оспан батыр

1949 жылы баркөл жерінде түскен сурет

1949 жылы Америка Гомин үкіметін қолдауын тоқтатты, ал Кеңес үкіметі компартияны

бар күшпен қолдады, соның нәтижесінде Қытайда қызылдар билікке келді. 1949 жылы

қазанда қытайдың 100 мың қосыны Шыңжаңға кірді, гомин армиясы зізе бүкті, ал ШТР

сатқын армиясыда бір тал оқ атпай берілді.

Қызыл қытай әскерімен ШТР әскерінің кездесуі

Оспан тобы қызыл үкіметпен аралық сақтап тұрды, ал ШТР лар оспанды қызыл қытайға

құбыжық ретінде сипаттады. 1950 жылдың көктемінде ақыры қанды соғыс басталады.

Қытай әскерінің бас қолбасшысы уаң жін өз естелігінде былай айтады:

« 1949 жылы 25 қарашада шыңжаң азат болды, бірақ кейбір оспан сияқты теріс азулар

бас көтерді, олар басында 4000 адам болатын, оларға гоминның тізе бүккен әскерлері

қосылып 20000 нан асып кетті. Олар бізді қуып шығып өздері патша болмақ еді, осы

жылы оспан гоминның көне генералдарымен астасып шығыс алты ауданда бүлік тудырды.

6000 гомин әскері мен 45000 нан аса халық қатынасты. 1175 адамды өлтіріп 340000 малды

бұлап кетті. Оспан қару алып тұрып : Құмылды алып қытайдың шегінер жолын кесіп

тастап , онан үрімжіні алып шыңжаңды коммунизімге қарсы базаға айналдыру керек! деп

ұрандады. Осылайша шыңжаңда бандыларды аластау басталды, мен үкімет

армиясына(гомин әскеріне) қанықпын , бірақ оспандарға атты әскерді өзек етіп ( Яғни

ШТР ұлттық армиясін) қимылдауымыз керек болды. Олар атқа мінсе жолбарыс, ал аттан

түссе қой сияқты болады, сондықтан алдымен олардың аттарын жойыңдар, оларға

снарияд, зеңбірек арқылы шабуылдап аттарын шошытып бытырату керек! Дедім. 1-

сәуірде армиямыз 4 бағытта аттанды , оспанда тұрақты әскер жоқ болғандықтан ,

маңындағы руластарымен ақ орыстардан басқасы соғысқа ебдейсіз екен, армияміз әр руға

атылған жолбарыстай тап берді, қарсы жақтан бандыларда қайтарма соққы жасады. Сол

сәтте гүрсілдеп жарылған снарияд дауысы құлақ тұндырды ( демек қытай армиясы танк,

зеңбіректі көп қолданған) , бандылар жер бауырлап шегініп кетті, қазақ малшылары

малдарын айдап кете алмай азаттық армия жақсы деп қол көтеріп бағына бастады.

Армиямыз тағыда шабуылдап 150 бандыны жойып, 800 ін тұтқындап , 9 рудан 14000

адамды құтқарды, оспан қалдық қолымен бәйтікке шегінді… Осы кезде тағы бір банды

атаманы оразбай Тәңір таудың биігіне 2000 жасағымен қоса манас, құтыби , санжыдан

20000 қазақты бастап армиямызға шабуылға өтті, оспан оны естіп қуанып : Оңтүстікке

тартайық! Қытаймен бәйтікте алыспай оразбаймен бірігейік! Депті. Онан хабар алған

армиямыз оның жолын кесті, ол қалдық қолымен төтеп бере алмай гансуға өтіп кетті. 1951

жылы көктемде армиямыз оспанды қайызда 50 үймен отырғанда қолға түсіріп , оған қоса

263 адамды тұтқындады, жәнәбіл бастаған 39 адам өлді, 1100 адам бір жақтылы етілді,

сәуірдің 29 күні оспан үрімжіде өлім жазасына кесіліп атылды, оны көруге 80 мың халық

жиналды…» .

Оспан батырдың қолға түскендегі суреті

Оспан батыр жане бірге жазаға кесілген қытай генералдары

Оспан батыр жане бірге жазаға кесілген қытай генералдары

Оспан батырдың ақтық бейнесі

Бұдан көретініміз оспан батыр бастаған 20 мың өр алтай халқы мен олармен қандас

кезінде алтайдан ауған үрімжі аймағы мен баркөлдегі 60 мыңнан аса қазақтар 1950 жылы

қызыл қытайға қарсы азаттық соғысқа аттанды, оған жиыны оспанға ерген 42000 қазақ

тағы оразбайға ерген 20000 қазақ қатынасқан. Қасан өр алтайдың естелігінде сауанда

қалған арыстанбай моллаларда қытайға қарсы көтеріліс жасап соңынан атылған, ал қазақ

атты полкының генералы закария әшен ұлы қолға түскен қазақ әскерлерді түгелдей

қырғызғаны үшін ашумен келіп уаң жіннің бетіне түкірген, сонысы үшін олда ату

жазасына кесілген. Ал оспандарға қарсы соғысқа тағыда ШТР дың қазақ атты әскерлерін

пайдаланып тағыда қазақты қазаққа салған. Оразбайды биік таудан барлай алмай оның

бұрынғы дұңған досын жансыз етіп жіберіп соңында оларды қоршауға алып жойған! Осы

соғыстарда мыңдаған қытай әскерінің қырылғаны анық! Бірақ әлі күнге оны өздері ашып

айытпаған. Осы күреске қатынасқан қалибек хакім, сұлтаншәріп ауылдары осы жылы

тибет асып кашмирге жетеді, олармен бірге дәлелқан жанымқан ұлы, оспанның

серіктерінің бірі нұрғожай молдажан ұлы, құсайын тәйжілер бар еді, олар 350 адам болып

1942 жылы үндістанға келген 1400 қазақпен қосылып кейін Түркияға жетті. Іледе

тоғызтарау әкімі жанболат сөрті ұлыда қызыл қытайға қарсы күрес бастап, олда өлімге

кесілді, мәлік ажы бастаған бірәзі тибет асқан елге қосылмақ болып жолы болмай қолға

түсіп оларда атылады. ШТр жақтың адамдары кейін түгел қызыл қытайдың жақтастары

ретінде мәнсап алды, 1954 жылы ШТР ға қарасты үш аймақты (алтай, тарбағатай, іле)

Кеңес ұйғұрлық шапан кигізген болса қызыл қытайлар ондағы қазақтың санының

көптігіне мән беріп онда «Іле қазақ автономиялы облсы» құрылды, дәлелқан

сүгірбайевтың ұлы пәтіқан облс бастығы болды. Керісінше 1950-1951 жылдары қызыл

қытайға қарсы оқ атқан санжы, баркөлде сол кезде 100 мыңдай қазақ мекендеп сол жердің

байырғы әрі негізгі тұрғыны бола тұра қазақ облсының құрамына ол жерлерді кіргізбеді,

тек мори , баркөл аудандарын қазақ автономиялы ауданы етіп құрды. Қазыр сол жерлерде

300 мыңнан аса қазақ өмір сүріп жатыр, көбі кезінде алтайдан ауғандар болатын. Оспан

батыр атылғаннан кейін ұлы шердиман өр алтайға қайта оралды, боғдаға ауған ел қайта

орала бастаған болатын, шердиман қарақас қатарлы рулардан 500 адамдық қосын құрып

жалғасты күресе берді, 1952 жылы барып келісімге келді, қытай жақ оспан батырдың

мүрдесін қайтарып береде. 1957 жылы 1947 жылы ауған ел тегісімен мекеніне оралады,

келесі жылы коммуналасу басталғанда қалман ақыт ұлы мен дәлелқан палуан бастаған

көтеріліс туылып көктоғай –шіңгілден 700 ден аса қазақ қатынасты, бір жылда көтеріліс

Оспан батырдың зираты, Шыңжаң, Алтай, Көктоғай ауданы, Күрті ауылы, Қалбағай қыстағы.

жәнішталып көптеген адамдар тарым лагеріне айдауға жіберілді. Сонымен қатар 1951

жылы тибетке шығып кеткен қазақтардың қарсылығыда осы жылы зорға тоқтады, гансуда

«ақсай қазақ автономиялы ауданы» құрылды. Осылайша қатайдаға қазақтардың ұлыт

азаттық күресі түбегейлі тоқтады.

Алтай қазақтарының төңкерісі мен төңкерістік үкіметінің кейбір ерекшеліктері

1. Алтай қазақтарының төңкерістік үкіметінің туы Абақ керейдің аруақты батыры ,

ұраны болған Ер жәнібектің Абылай ханның қолынан алған ақ туы болды, бұл ту

Жәнібек батыр ұрпақтарында сақталып, осы төңкерісте оны алып шығып ұран

шақырып батырларды топтаған, бұл көгедай ордасындағы кей жағыдайлармен

ұқсас, көгедай ордасы кезіндеде қызыл аяқ, беген шабылған қара сеңгір қатарлы

соғыстарда қол бастаған батырлар осы туды көтерген. Негізі сол орданың

дәстүріне сай «төріт би-төре заңы» ел ішіндегі дау –шарларды шешуге

қолданылды.

2. Әскери құрлымы жағынан руларды негіз етіп қосын құрылды, әр рудан қос

жасақталды, Молқы, Қарақас, Жәнтекей сияқты рулардың тағы басқа рулардың

қосы болды, бұл Шыңғысхан заманындағы әр рулардан құралған мыңдықтарды

есімізге түсіреді, мысалы Қоңыраттың 3 мыңдығы, ойраттың 4 мыңдығы

дегендей. Қосын көбейгенде 5000 адамға дейін жеткен, алғашында шоқпар,

қылыш сияқты қаруларды қолданса кейін мылтық, автомат, пулемет қолданды.

Негізі атты әскерлер болып әр жауынгердің аты мен қаруы өзінен болды, далада

аң атып жеп , арқасына тұлыпқа салған талқанына май араластырып жеп түзде

жүре беретін, бұл жағынанда Шыңғысханның атты әскерінің дәстүрінің сарқыны

бар, ол алтын орда, қазақ ордасынан бері үзбей жалғасып келгені анық. Киінісі

жағынанда қарапайым болып үстінде ішігі, басында тымағы болды. Ұрыс

тәсілдеріде далалық көшпенділердің дәстүрі бойынша болып, өз жерінде отырып

өздерінен он есе көп жауды қырып тастап отырды, 11 жылдық соғыста 40 мыңнан

аса қытай шеріктерін қырғынға ұшыратты.

3. Осызамандық сипаттары. Негізі 20 ғасырдағы от қарулармен қаруланды, кейін

телеграмма сияқты хабарласу аспаптарын қолданды. Төңкерісшілерге

Алашордашылардың идеясы 1920 жылдардағы оқу –ағарту арқылы әсіресе 1933-

1939 жылдардағы Шәріпқанның тұсында жаппай таралды.

Далалық әскерлер

kerey.kz

Оспан батырға соғыс өнерін үйреткен Зуқа батыр
Годфрей Лиас атты ағылшын дипломаты және журналисті 1956 жылы Лондонда басылып шыққан “Kazakh Exodus” яғный “Қазақ босуы” атты кітабында Оспан батырды жастайынан соғыс өнері мен тактикасына Бөке батырдың баулығанын келтіреді.

Кітапта Оспан батыр туралы жан жақты мәлімет беріледі. Бұл кітапты Оспан батыр туралы шетелдерде көлемді мәлімет берген алғашқы еңбек деп айтуға болады. Онда сонымен қатар Түркиялық көш жетекшілері Қалибек әкім, Хамза Шөмішбайұлы, Сұлтан Шәріп Тәйжі, Құсайын Тәйжі туралы көптеген мәліметтер келтіріледі.

Оспан батырды есімін алғаш рет Түркия қазақтарынан естіп білгенін айта келіп Годфрей Лиас Оспан батырдың Түркияның Қайсары қаласына орналасқан Құсайын Тәйжі аулына барғанда ақын Қарамолла Сейітханұлының әңгімелеп бергенін мәлімдейді. Қарамолланың осы кездесуден аз алдын ғана Оспан батыр жайында бір дастан жазып шыққанын атап өтеді. Осы дастанды магнетофонға да жазып алған автор Оспан батыр шәйіт болғанына жаңа ғана бес жыл толса да ол туралы аңыз-әңгіме шежірелердің бұл қазақтар арасында айтыла бастағанын келтіреді.

1987 жылы Түркияның Ыстамбұл қаласында қайтыс болған Қарамолланың отбасына хабарласып осы дастанды сұрадық. Өкінішке орай, Қарамолланың үлкен ұлы Сұлтан ол дастан қол жазбаның болғанын, бірақ 1990 жылы Баркөлден келген нағашысының қадала сұрап оны кітап қып Үрімшіде шығаратынын айтып алып кеткенін айтты.

Годфрей 1956 жылы басылып шыққан еңбегінде Оспан батырдың балалық шағынан тұтқынға түскен 1951 ақпан айына дейінгі өмірі мен күресін жан жақты баяндайды. Әрине кітап ол кездің, яғни бұдан 60 жылдан аса уақыт алдыңғы мәліметтері тұрғысынан алып қарағанда құнды кітап. Ал бұгінгі мәліметтер тұрғысынан онда бір қатар кемшіліктер мен қателіктердің болғаны байқалады.

Мәселен автор, Оспан батырды жастайынан соғыс өнері мен тактикасына Бөке батырдың баулығанын келтіреді. Оның бұл пікірін түрік зерттеушілері арасында да тараған. Өйткені бұл кітап 1960 жылдары Түрік тіліне аударылып басылады. Сол себептен түрік ғалымдары арасында Оспан батырдың соғыс өнерін Бөке батырдан үйренгені жайында ұғым қалыптасқан. Біздіңше бұл мүмкін емес, өйткені Бөке батыр Тибетте 1904 жылы ыстан қайтыс болғанда Оспан батыр небары бес-ақ жаста еді. Бұл жастағы баланың соғыс өнерін үйрене алмасы анық. Сондықтан қазақ тілін білмейтін кітап авторының Бөке батыр мен Зуқа батырды шатастырған болуы керек. Өйткені екі есім айтылу тұрғысынан ұқсас келеді. Екі батыр арасындағы байланыстарды қарастырғанымызда ойымыздың негізсіз емес екенін байқадық.

Зуқа батыр

Қолда бар мәліметтер Оспан батырды соғысқа үйреткен, немесе батырлық тұлғасына елігіп өскен көтерілісшінің Зуқа батыр болуының әбден ықтимал екенін көрсетеді. Өйткені олар 1929 жылы қытайлар айлакерлікпен қолға түсіріп шәйіт еткен Зуқа батыр мен Оспан батыр арасында байланыс болғанын айғақтайды. Бай-манаптар мен өктем әкімдерден алып кедейлер мен жетім-жесірлерге үлестіріп берген, сондықтан қазақтың Робин Гуды деп атауға болатын Зуқа батырдың жас кезінен Оспанның тегін жігіт емес, кейін үлкен батыр болатынын болжағаны жөнінде де деректер баршылық.

Сонымен бірге Зуқа батыр Оспан батыр ауылымен құдандалы болып келеді. Зуқа батырдың Оспан батырдың руы молқыдан бес келін түсірген. Тіпті біреуі, атап айтқанда төртінші ұлы және бүгіндері Алматыда Райымбек аулында тұратын Арслан Тосын ағамыздың әкесі Шәдетке құда түскен келіні Салиха Оспан батырға немерелес болып келеді. Сондықтан, Зуқа немересі Пазила Сұлтаншәріпқызы Жаналтайдың бізге берген мәліметіне қарағанда, Оспан батыр Салиха апайына барып келіп Зуқа ауылымен араласып жүреді екен. Әсіресе Шәдет балдызым деп Оспанмен әзілдесіп күресіп жүреді екен.

Оспан батыр

Бір күні Зуқа батыр Көктоғай Күреде тары торбалап жатқанда жас Оспанды көреді. Оның мықтылығын ұлы Шәдеттен естіп жүрген Зуқа батыр оны сынау мақсатында бір дорба тарыны арқасына салуды сұрайды. Сонда 100 кг тарыны Оспан батыр көтерген екен. Мұны көрген Зуқа бұл жігіт тегін емес, кейін үлкен батыр болады деген. Осыдан кейін арада бір неше жыл өткеннен кейін Зуқаның жігіттері Оспан ауылының жылқыларын алып кетеді. Оспан арттарынан қуып жетіп Зуқанын үш – төрт жігітін жығып жылқыларды алып қалады. Мұны естіген Зуқа батыр бұрынғы айтқан сөзін еске алып “Мен сіздерге баяғыда айтып едім, бұл мықты жігіт болады деп. Оны шақырыңдар” деп шақыртып шай береді. Шайдан соң Оспанға батасын берген Зуқа ауыл адамдарына “бұл жігітті құрметтеп жүріңдер” депті.

A Communist delegation at Hami, November, 1949 to demand the surrender of Osman Batur (third from right)

Зуқа батырдын Алматыда тұратын тағы бір немересі Арслан Шәдетұлы Тосұнмен әңгімелескенімізде Оспан батыр мен Зуқа батыр арасындағы қатнастар туралы мәліметтер айтып берді. Зуқа 1929 жылы ұсталып шәйіт етілгеннен кейін Сұлтан Шәріп бастаған Зуқа ұрпақтары Шынқай жаққа ауып кетіп қалады. Арада он бес жылдай уақыт өткеннен кейін, атап айтқанда 1946 жылы Оспан батыр Алтайға уәли болғанда оларға хат жіберіп “Қайтыңдар ел тынышталды” деп Алтайға шақырады. Сұлтан Шәріп мұны хабар алады, бірақ өздерің шақырған Оспанның қай Оспан екенін білмейді. Сонда жездесі Шәдет “Бұл тақ менің балдызым Оспан болу керек” деп қасына үш жігіт ертіп Алтайға аттанады. Бұлар Оспан ауылына жақындағанда, Оспан бір төбеде отыр екен. Алыстан үш – төрт атты кісінің қарасы көрінгенде “Алдында келе жатқан Зуқаның төртінші ұлы Шөден болуы керек” дейді. Адам жақындағанда расында алдағы кісі Шәдет болып шығады. Сонда қасындағылар “Оның Шәдет екенін сонау алыстан қайтып біліп қойдыңыз?” деп сұрағанда Оспан: “Өйткені ол менің жақын жездем, атқа мінгенде бір аяғын алдына салып отырады.” деген.Сөйтіп 15 жылдан кейін жездесін қарасынан танып қойған екен. Оспан оларға бес атар мылтық, ат беріп еліне қайтарады.

Сонымен қорыта айтқанда, ағылшын дипломаты және журналисті Годфрей Лиастың 1956 жылы Лондонда басылып шыққан “Kazakh Exodus” атты кітабында айтқанындай, Оспан батырды жастайынан соғыс өнері мен тактикасына баулыған Бөке батыр емес, Зуқа батыр. Жоғарыда біз айтқан фактилерді еске алатын болсақ, Зуқа батыр, Оспан батырға бәлкім әдейі соғыс өнері туралы тәлім-тәрбие бермеген болуы да мүмкін. Бірақ, Оспан батырдың жастайынан Зуқа батырдан бата алғаны және оған еліктеп өзіне үлгі (роль модель) етіп өскені ақиқат. Сондықтан 1940 жылы бүкіл халық қаруларын тапсырып Шың Шы Сайға беріліп жатқанда, ол қаруын алып өзі жеке дара да болса мүдірмей тауға шығып күреске бекініп отыр. Міне сондықтан биыл оннан аса мемлекетте 150 жылдығы тойланып жатқан Зуқа батыр тек халқын зорлық-зомбылықтан, әділетсіздіктен қорғаған мықты батыр емес, сонымен қатар батыстық тарихшылар “қазақтың алтын анызы” деп жоғары баға берген Оспан батырға соғыс өнерін үйреткен немесе оған халқының ұлттық мүдделерін қорғау жолында күреске ұмтылуында үлгі болған ұлы тұлға да. Жаны жаннатта болсын!

Әбдіуақап Қара

Мимар Синан Көркем Өнер Университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы

kerey.kz  ақпараттық-танымдық порталы

Ғалым Жайлыбай:Сарсүмбе, Қаракөпір
Осы көпірдің оң босағасына жауыздар

Зуқа батырдың басын бірнеше күн іліп қойған деседі

Боздайды ботасы өлген ғасыр – інген,

Сен менің алшы түскен асығым ба ең!

Сұлтаным ұлтан болған сонау жылы

Зуқаның бұл көпірге басын ілген.

Бас мұнда…

қайда қалған жансыз дене?!

айналса опат дей бер нар сүлдеге.

Қартайдым қара көпір саған жетіп

Алтайдың алқасындай Сарсүмбеде.

Сарысүмбе,

Сен не дейсің, Қыран өзен?

Сауалға жауап таппай жылады өзен.

Жасында жазмышымның тамшысы бар –

басыңда тұрса қандай мына кезең.

Сарғайған сағым күнге санам өкіл,

Қайысып қайғы ойламас қала нөпір.

Ғаламның ғазауатын сенен көрдім

Бабамның басы ілінген, Қаракөпір!

Жартасы,

жағалауы жасыл орман,

Әр тасы өр Алтайдың асыл арман.

Ақынның осы өлкеде шерлі жыры –

Батырдың бұл маңайда басы қалған.

Жалғанға күнде елеңдер шерлі көшім,

алғанда дүрбелеңдер елдің есін.

Сор, қайғы батырыңның басын алса –

Ол жайлы Қаракөпір,

Сен білесің…

Қолымда қара кітәп,

қап-қара күн,

Уақыттың шер-шеменін ақтарамын.

Қыранның үстіндегі – Қаракөпір

Арасын бөліп жатқан ақ-қараның.

Айт енді,

маған бүгін,

қозға,

сырды!

Білемін Рухым өлмей тозбасымды.

Зуқаның басы ілінген,

Қаракөпір –

Мен сенен іздеп келдім өз басымды…

Жәке бидің айтқандары
Жәке Қойтанұлы 1830 жылы  қазіргі Зайсаң өңірінде өмірге келіп, 1914 жылы ҚХР дың алтай өңірінде дүниеден өткен. Абақ керейдің Меркіт руынан шыққын әділ би, тапқыр шешен. 1883 жылы 800 үй меркіт руын бастап Сауыр тауына барып қоныстанған, сол рудың үкірдайы болып сайланған. Керей, Найман тайпаларына төрелік айтып, би болған. Түрлі дау-дамайларда әділдігімен көзге түсіп, “керейдің Жәкесі, меркіттің әкесі” атанған. Біз бүгін Жәке бидің ел арасына кеңінен тараған тапқыр сөздері мен әділ билік айтқан аңыздарын ел назарына ұсынып отырмыз.

Тарбағатайдың жамбылын салғанда Тарбағатай губернаторы хат жазып, керейден көмек сұрапты. Керей билері Мәми мен Қара Оспан ақылдасып, Тарбағатайдан бөлініп шығуды ойлап, Қара Оспан: «керейден жәрдем бергізбеймін» деп, Мәми «жәрдемдесейік» деп, сонымен керей екіге бөлініп, «әлі бірлікке келе алмай жатырмыз» деп хабар беріп, жұмысты әдейі кейінгесоза беріпті. Осыдан барып Алтай керейлері мен Тарбағатай ұлықтары арасындағы дүлдараздық ұлғая түсіпті. Сонда Жәке: Мәми кетсе керейден ақыл кетеді, Оспан кетсе Керейден айбар кетеді, – деп баға берген екен. Осы кезде губернатор Жәкені шақырыпты. Сол жылы Жәке Шылан деген әскербасының үйінде болғанда сар шегір, сақалды кісі Жәкеге Шылан: Е, Жәке, сені мақтаған ел «Керейдің Жәкесі, меркіттің әкесі» дейді, жамандаған ел «Тауда жүрген тау текенің текесі» дейді ғой, – депті. Е, Шылан сені мақтаған ел «Тарбағатайдың Шыланы» дейді, жамандаған ел «қан сорғыш кара шұбар жыланы» дейді, – депті Жәке. Оның тапқырлығына риза болған, әрі оның шешендігінен ығысып қалған Шылан «бұдан былай дос боп өтейік»деген екен. *** Бір кезде Жәке өзіне қарасты жәнтекей руларын Мәми бейсінің қарауына өткізіп беріп, оның есесіне Бурылтоғайдағы үш зәңгі ел меркітті өз қол астына қаратпақ болып, губернатордан бекіту қағазын түсіріпті. Осыдан соң меркіт руларының бастықтарымен бас қосып ақылдасып, өзіне қарасты зәңгі, залыңдардың алман-ақуларын белгілеп беріпті. Соңынан зәңгі, залыңдар Жәкеден: Сіз өзіңіз қанша қазан алман аласыз? – деп сұрапты. Сонда Жәке: Құдай маған бақытты өзі берген. Өз малым өзіме жетеді. Қазан алман алмаймын, қайғы-уайым салмаймын, – деп жауап беріпті.

Бір кезде бір жерден әкімшілік аудан құру үшін оның егістік жерінің көлеміне қарайтын болған. Алтай аймағында егістік жері 100 хуға (бір ху – жеті гектар мөлшеріндегі Қытайдың аумақтық өлшемі) толсағана бір аудан болып бөліне шығады екен. Сол кезде Жеменей ауданында әрең 60 ху егістік жер болса керек. Осы себептен ол буыршын ауданына қарайды екен. Жәке губернатордантағы да 40 гу жерге қағаз алып, ол жерді меркіт руына бөліп беріп, Ласты өзенін бұрып, тоған салдырыпты. Келер жылы Жеменейге аудан деген ат беріліп, әкім жіберіліпті. Сауыр керейлері: «Қытай келіп алман алатын, өзімізге кесел салатын болды. Осыған мұрындық болған сен,» – деп Жәкеге наразылық білдіріпті. Сонда Жәке: Бес уақыт намазын дұрыс оқысаң, құдайдың сенде несі бар? Алман-салығын толық берсең қытайдың сенде несі бар? – деп жауап берген екен.

Жұмажан дейтін би ауырып жатып, халы азайғанда Жәкені шақырып алып арыздасыпты: – Самырат,меркіт ақылымыз бір, жақсылық-жамандықты тең көріп келе жатқан ел едік. Самырытта сойыл алып жауға шабатын, сөз алып дауға түсетін азаматтар әзірге жоқ. Ер жетіп келе жатқан жас балалар елдің қамын ойлап біріктіре ме, өз басын ғана сақтап бірліктен айрыла ма, белгісіз. Самыратты саған тапсырдым. Сені құдайға тапсырдым. Есесін жіберме, намысын тигізбе, – депті. – Айтқаның жөн. Мен тірі тұрғанда ешкімге есесі кетпес, – депті Жәке. Сонан аттанып былайшыққансоң, Жұмажанның халының нашарлығын ойлап: Басында қара таудың бір бәйтерек, Бұл бәйтерекқұласа біз қайтер ек. Дәм бітіп бұл дүние аударылса, Жиған мал, істеген іс неге керек? – деген екен қасындағыларға.

Жұмажан өзінің үлкен ұлына дөртуылдың бір байының қызына құдаласады екен. Жұмажанның баласы тұйықсыз қайтыс болыпты да, самырат жағы оң жақтағы қызды Жұмажанның інісі Тайкешкенге қаратамыз деп кісі салса, құдасы қамшысының ұшын бермей, барған адамын қуып жіберіпті. Самыраттар: «Жесірімізді алып бер» деп Жәкеге алты қанат ақ үй тігіп, аузын буған кішкене саба апарыпты. Жәкеге сарқасқа қойға бата істетіп, самыраттарға көкқасқа құнажын әкеліп бата қылдырыпты. Тайкешкен ыза болып, сабасын жарып, құнажынның мүйізін қағып алыпты. Сонда Жәке: Дөртуыл, мен сендерді сөкпеймін, Жұмысым бітпей кетпеймін. Жақсы ісңді жарылқаймын, Жаман ісіңді тектеймін. Бізді күтпе, самыратты күт, Олардыңбасы қаралы, Беті жаралы. Құдай дескен құдаң, – депті. Қызды шақырып алыпсұраған екен: Күйеуім өлген тұлмын. Мен самыратқа бармаймын. Керейден басы сау біреу табылар. Тайкешкен де мен сияқты әйел, – депті. Тайкешкен қамшысын білеп: Әкең мен шешеңді шақырып кел, әйел ме екем, ер ме екем, солардың алдында көрсетейін, – депті. Үй ішіндегілер қамшы білесіпәзер тоқтатыпты. Тайкешкен еліне хабарбергізіп, алпыс адам алдырыпты. Дөртуыл да байлығы менмықтылығын көрсетуге қамданыпты. Сонда Жәке: Дөртуыл, күштілігіңді көрсетпе, байлығыңа мақтанба. Асатынталай бел бар,алдыңда қазулы ор бар. Жесір дауын көргеміз, керейдің талай қызын найманға ұстатып бергенбіз. Сенің қызың сонан артық па? Керей-найманның жолын сендер өзгерте алмайсыңдар, –депті. Соңында қыз өзі келіп, Жәкеге мұң-зарын айтып жылапты. Дөртуыл жағы да тарығып, «билікті, Жәке, өзің айт» депті. Жәке былай депті: – Екі түрлі билік бар. Дөртуыл таңдағаныңды ал. Біріншібилік қалыңмалға алған екі жүз қой, екі айғыр үйір жылқы, құдасы мен құдағиына берген ақ бас түйе мен ақ жамбысын, жүйрік атын қайтарасың. Келген қонақты мазақ етіп, керей-найманның қонақасын бұзғаның үшін ат-шапан айып, қыздарың Тайкешкенді қаралағаны үшін бір тоғыз айып тартасың. Бұған көнбесең, екінші билік – жесірін қолына беріп, самыратты жолға саласың. Өзің таңдап біріне көн. Ақыры малмен бітім жасалыпты.

Бір жолғы дау үстінде Жәке бір қажыны «сен» деп қалыпты. Оның үстіне бір өтірігін де ұстатып алыпты. Сөз аңдып отырған қу жігіттер осыдан ұстап Жәкені жеңбек болып: Әй, Жәке, біздің қажыға «сен» деп неге тігіл сөйлейсің? Оның үстіне мына айтқаның тіпті өтірік қой, – депті. Сонда Жәке: Е, қажы болса қайтейін, Лақ бидің шақшасы да қажығабарып келген. «Сіз» деген сөз «сен» деген сөздің келіні емес пе? өтірік сөз шын сөздің желімі емес пе? – деген екен.

Жәкенің қартайған шағында Бұтыбайдың үйінде бір топ адам Жәкені мақтап отырса керек. Сол арада отырған, Жәкенің балдызы іспеттіболып келетін саркідір әйел сөзге қалжың араластырып: Қартайғанда Жәкені мақтап, қаупаштай беріп қайтетін едіңдер? – депті. Сонда Жәке: Иә, осы балдызымдікі жөн-ау. Біздің елде Көтбай дейтін ақын бар. Сол ақын қартайғанда балдыздары ойнап мазасын алып болмағанда: Ішінде көпжемістің алма жақсы, Құрықтан қашағанға шалма жақсы. Жас күнде балдыздарға перідей ем, Бұл күнде менен дағы мал ма жақсы, – деген екен. – Мұныкі де сол ғой баяғы, – деп үйтолы адамды қыран күлкі еткен екен.

Кезінде меркіт руынан шыққан Дәмежанды ұстап беруге қатысы бар делінген Мамырбек төре бір кезде Тарбағатай елінің қысымына ұшырап, Сауырдағы Жеңісхан төреге келіп паналапты. Жеңісхан оның бұрынғы өкпесін тарату үшін Жәке бидің үйіне ертіп барыпты. Қонақтарға қонағасы әкелініп, бата тіленіпті. Батаны өзіңіз істеңіз, – депті қонақтар жасы үлкен Жәке биге жол беріп. Сонда Жәке би: А, құдай, жас бер дедім, жас бердің. Бас бер дедім, бас бердің. Алдыма қызыл, артыма қара көк тас бердің. Көгекемнің аруағына көкқасқа тайымды айттым. Кейіс көрген төреге бейістен шыққан қойды айттым. Аллаһу акбар, –деген екен.

Жәнтекейдің қазыбек руы мен меркіт руы ұзақ жыл қанаттас отырғандықтан жер таласы толассыз болып отырыпты. Сөз жүйесіне келгенде Жәке би дендесе, он бір сәмембеттің көптігіне, одан қалса керейдің төрт биіне сүйенген Лақ би меркіт руын ығыстырып, Ластының шығыс жағынан асырмапты. Ершімді сөзі, елеулі пікірі ақпаған Жәке би найманның Бұтабай биін шақырып, осы жұмысқа ақыл сұрапты. Сонда Бұтабай: «Жәнтекей мен жәдік кісі өлтірсе, қарақас пен молқы құн тартады» дейтін сөз бар. Оның үстіне, айырығы мол бір арнаға құятын өзен секілді тасып та жататын, ордасына сыймай асып та жататын ел ғой. Ағызбаймын дегненге бөгеу бермес, Жайылмадан тосып бұрмасаңболарма? Сіз Лақ биді қалай бағалайсыз? – депті. Жәке бт оған: Ол ұялы теректің бүрінен шыққан сібірткі ғой. Үші тозғанмен бүрі қалады. Бүрі таусылса, көктейтін түбірі қалады емес пе? – деп жауап беріпті. Дұрыс айтасыз, олай болса алдымен өзім барып келейін, – деп Бұтабай Лақтыкіне келіпті. Ықыласпен жақсы қарсы алынған Бұтабай би Лақ биден: Осы Жәкені қалай бағалайсыз? – деп сұрапты. Е, Жәке құбыланың қызыл желі емес пе? Бір ағытылса басылар ма? Өздігінен айықпаса ашылар ма? Сол үшін іргені көміп, сақтықпен отыр емеспіз бе? – депті Лақ. Бұтабай би аттанар алдында Лақ онан қандай бұйымтаймен келгендігін сұрапты. Сонда Бұтабай: Қонынсымыз шалғай болғанымен, туысымыз бір, Орта жүздің кіндіктестеріміз ғой. Бірінші жұмысым- жәнтекей, меркіт абақ керейінен тараған, төскейде малың, төсекте басың қосылған туыссың. Жәке екеуіңніңортаңда шешілмей жүрген кірбіңдіктерің бар екен. «Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» дейтін аталы сөз бар. Басқаны қойғанда, көшсең қонысың бір, мал қайырсаң өрісің бір, ауылараласотырған ағайынсыңдар. Берекеге келіп, ынтымақтассаңдар деген тілекті білдіргелі келдім, – депті. Бұл сөзге жығынды болған Лақ би: Онда бұл даудың өзіңнің бітіруіңе бердім, – деген екен. Сонымен қазыбек пен меркіт рубарының ортасындағы жершекарасын Ластының шығысы Ошарбай деп белгілеп, әр екі жағын бітімге келтіріп, Бұтабай кетерінде Жәке биге: – Ел алдында еселі сөзіңді жіберме. Бірақ көршілес отырған ағайындарға алая бергеннен қолтыққа тартқан жақсырақ болады. Лақтың сене жасы үлкен, қартайып қалған қадірлі қария. Батасын алған жөн,– депті.

Жәке жас кезінде қайындап барып қайтар жолында сәлем беріп Бұтабайдың үйіне түскен екен. Жәкені сүріндірмек болған бір топ жас жігіттер: – Ей, Жәке, әнеугүні қайныңа кетіп бара жатқанда тіпті ажарлы, үскінді едің. Енді қайтарыңда ұнжірғаң түсіп, сүлпиіп қалыпсың ғой, – депті. Сонда Жәке аспай-саспай: – Е, оның рас. Барарда қараша, қожанның жігіттеріндей адыраңдап-ақ барып едім, қайтарымда саты мен сайболаттың жігіттеріндей сүлпиіп қайттым деген екен. Өз руларының аты аталған жігіттер үндей алмай қалыпты. Сонда Бұтабай көзінен жас аққанша күліп: – Іздегендерің осы ғой. Өздеріңе де обал жоқ. Айғыр мен ойнаған ат арқасын алдырады, – деген екен.

Жәке қайыншылап жүріп атының шөбі таусылып қалып, Қыдырбай деген біреуден бір тең шөп алып қайтыпты. Аз күн өтіп ол шөптаусылған соң Қыдырбайға тағы келіпті. Жәкенің келе жатқанын көрген Қыдырбай өтірік ұйықтап, төсегіне жатып алыпты. Сәлем берсе, естімеген болыпты. Қыдырбайдың бәйбішесі де шәйін тез құйып, кетіруге асығыпты. Әрі: – Жәке, шәйіңді іштің, енді не бұйымтайың бар? – депті. Сонда Жәке: Қырынқарап жатады шөпті кісі, Екі сұрап алады епті кісі. Шөп сұрайын деп отырмын, – дегенде Қыдырбай күліп жіберіп, басын көтерген екен.

ТАЛҒАТ КЕҢЕСБАЕВ. ҚАРАҢҒЫ ТҮННІҢ ЖҰЛДЫЗЫ
Аңызнама

«Ноқтаға басыңды ілсең,

шыға алмайсың…»

Шәкәрім

…Әлгінде ғана Найзатасқа  иегін сүйеген алып күн еңкейген сайын қынадай қызарып,  биік қарағайлардың арасынан Зуқаның ауылына қарай найзадай қадалып біраз тұрды. Әдемі сурет еді. Бәрін бір бүйірден шыға келген ай сәулесі бұзды. Ақ пен қызыл алмаса алмай кілк-кілк етіп біраз тұрды. Жел де соқпады. Шөп басы да қозғалмады. Бірақ сонау-сонау жартастан іркіт-іркіт боп құйылған ақ шуақ төңіректі билеп алып еді.

Ай жарықтық туыпты. Шермиіп-ақ тұр. Ақ сәуле жылжи-жылжи ауыл шетіндегі өзеннің үстінен, әрбір шаңырақтың төңірегінен саумалдай ақтарылып түскен. Үй ішіндегілер әлдеқашан ұйқыға кетсе де оның кірпігі айқаспай қойған. Өзін жайсыз сезінгені сондай, «түу, ертоқымды жастанып далаға жатпаған екенмін-ау» деп бір ойлап қойды.

Аспаннан ақ сәуле төгіліп тұр. Алты қанат ақ боз үйдің ішіне күміспен күптеп қойған сияқты сандық, кебежелердің сүйегі жылт-жылт етеді.

Зуқа  ұйықтай алмай әрі-бері дөңбекшіп, орнынан тұрды да иығына бешпентін іле салып, киіз үйдің сықырлауығын аша бергені сол еді, кіші ұлының: «Ауа-Ата, тайыма,  мінгізші…» деп ұйқысырағаны  естілді. «Әй, құлыным-ай, айналайын, сен де ат жалын тартып мінуге жарарсың!» деп іштей ойлана сыртқа шықты.

Құдайдың қара аспанында самсаған жұлдыз көп екен. Тіпті, күміс  тағаны  әдейілеп шегелеп қойған сияқты. Жалт-жұлт етуін қарашы. Толған Ай әне-міне жарылатындай шатынап-ақ тұр екен. Төңірек құлаққа ұрған танадай.

Желі бойы жер жүріп еді, алдынан ала тазысы шықты. Құйрығын бұлғақтатып, жанына келді де шоқиып жерге отыра кетті. «Қансонарды аңсап, құса боп жүрсің-ау», – деп басынан сипап еді, ойнақтап алдынан кетпей қойды. «Әй, адалым-ай, шибөрілер сенің енең мен ұяластарыңды  талап өлтіргенде, сүт араласқан қан-қан емшекті түртініп жатыр едің. Тіпті, көзіңді  ашпағансың. Солташым  биенің сүтімен асырап еді. Екі қар басқанда Алтайда қызыл түлкінің бәрін қынадай қырып едің».

Ала тазы құйрығын бұлғаңдатып жолын бөгей берді. «Көлге бармашы, үйге қайтшы» дегендей, үстінен аттап кетсе балағынан тістеп, қыңсылады дерсің. «Мынаны кешегілер оқытып қойған ба?»  деген ой келді. Кеше  қалың тұман сейіле бастағанда ауылға керуен келген.

– Анау Дихуадан  шығып,  Жеменейге бара жатыр едік, – деді ұйғырдың саудагері.  – Жолдан сәл қияс кетіппіз, құдайы қонақпыз. Оның үстіне түйелер тасырқады, – деп тең-тең жүктерін шешіп, ауылға ерулеп келген.

…Керуеншілер көңілді жігіттер екен. Дәл алтыбақан тіккендей қылып,  екі шетінен арқан  керіп тастады.  Үстінен жалаң аяқ жүргендеріне, аузымен шоқ шайнап, от бүріккендеріне ауылдың балалары, кемпір-шалы таң қалды. Бір шоқша сақалды сібе  жігіті иттермен  адамша сөйлесіп,  небір алыпсоқ төбеттерді дәл бір ерке баладай бұраңдатып қоятын сиқырын көрсеткенде,  ұлы  Солтан-Шәріп: «Әке, мыналар тегін адам емес, ұнамай тұрғаны» демесі бар ма? Оның бұл сөзін Зуқа естімегендей елеусіз қалдырған. Оның үстіне биыл ел сүрі қардан жүдеп шыққан.

Сарышұнақ аяздың құшағы қатты болды. Тебін болмай, жылқыны  сай- саланың қарын  аршып, үйір-үйірге бөліп, иіріп бағып, әйтеуір, күн көзі жылт еткенге дейін жазықтағы малды тау-тастың бүйіріндегі шөбін ағаш күрекпен күреп, күйсетпесе де, күйін келтірмесе де, қыс құрсауынан аман-есен алып шыққан.

…Зуқа ақырын басып көлдің жағасына келді. Биыл қар суы көп болғандықтан  арнасы кеңіп, бүйірі шығып қалған еді. Әскери машықтанудан кейін жігіттермен осында келіп түскенді ұнататын. Суы шымыр-шымыр етіп әр-әр тұстан адамның тынысын тарылтпай жігерін жанитын бір қасиеті барын ол іштей сезетін еді. Анадан туғандай тыр жалаңаш шешінді де суға қойып кетті. Құлаштап малтыды. Сүңгіп шықса жағалауда қалған ала тазы бір сілкініп алып үрді-ай дерсің…

«Бұған не көрінді?» Осы кезде байқап қалды, қараң-құраң еткен төрт адам төрт бұрышта тұр екен. «Бұлар кімдер?» деп ойлағанша болған жоқ,  шалманы кезек-кезек лақтырды. Біреуі оң білегін іліп алса, біреуі мойнына оратылды. Жағалауда тұрғандар арқанды тартқаны соншалық, Зуқа қылқынып демі шықпай бара жатты. Жантәсілім бар күшін жинап, өзіне қарай арқанды тартып еді, біреуі суға күмп ете түсті. «Ух» деп демалып алған кезде ала тазы да қыңсылап үрді.

Солтан-Шәріптің құлағына үңгірдің түбінен шыққандай үн естілді. Селк етіп оянды да орнынан атып тұрып, ештеңе түсінбей далаға шықты. Ай сүттей жарық екен. Ол жан-жағына қарады. Қазанбай ағасы дамбалшаң көлге қарай жүгіріп барады екен.

Зуқа аласұрды. Түнгі қарақшылар да жан-жаққа тартып, жанын қинап жатыр еді.

Ала тазы айнала үріп жүр. Солтан-Шәріптің бір бәле болғанын іші сезді. Жанұшыра айқай салды.

- Төлегетай аға! – деді Солтан айғайлап. – Аға, әкем…

Қол-аяғы дірілдеп, даусы шықпай қалды.

- Не болды?

Солтан жалт қараса Төлегетай ағасы да жүгіріп келеді екен. Айдың

жарығы көл жағасындағы арпалысты күндізгідей көрсетіп тұр еді. Әп дегенде Қазанбай үйдей біреуді тік көтеріп алды да жерге ыңқ еткізіп тастады. Анау байғұстың бір жері опырылып кетті ма ыңырсығанда даусы   қаттырақ  шығып еді. Қазанбайдың ту сыртынан кездікпен ұрғалы жатқан кезінде ала қаншық секіріп барып жаудың білегінен оңдырмай тістеп айырылмай қойды. Дәу қара шыр көбелек айналғанда тазы ит те онымен бірге айналды. Осы кезде жүгіріп келе жатқан Төлегетай екпінімен секіріп келіп қос аяқтап кеудесінен тепкенде, әлгінде ғана Зуқаға шалма лақтырған дәуді шалқасынан түсірді. Бір бүйірден шыға келген тапал төртбақ жігіт жерден жылқының басындай тасты көтеріп алып Қазанбайды ұрғалы жатқанда Солтан-Шәріп атылып келіп арқасына қона кетті де, басын әрі-бері бұрап жіберді.  Осы кезде Зуқа да жағалауға шығып мойнындағы арқанды сыпырып жіберді де лоқсып-лоқсып, тізерлеп отыра кетті.

– Әй, тірімісің? – деді Қазанбай.

Зуқа сөйлей алмаса да бір дыбыс шығарды.

– Иттің ғана баласы-ай, – деп Төлегетай Зуқаның алдындағы арқанды

алды да әлгінде ғана Солтан мойнын бұрап жыққан дәу қараны  шимайлап-шимайлап байлап тастады.

Ай бір сәтке тоқымдай қара бұлттың арасына кіріп-шығып, қайтадан

айнадай жарқырады.

- Зуқа, амансың ба? Бұл не? Бұл не? – деген Төлегетайдың сұрағына

тізесінен келетін суға отыра кеткен батыр әрең дегенде:

– Бұлар төр-теу, – деді үзіп-үзіп.

– Әне біреуі, міне екіншісі, – деді Қазанбай.

– Қалған екеуі қайда? – деп Төлегетай жан-жағына жалтақтай қараса

ешкім жоқ. Тіпті қамыс басы да қозғалмайды. Солтан-Шәріп әкесінің киімдерін алып барып киіндіре бастады.

– Ауылды оятып алмайық, – деді Зуқа ақырын ғана.

– Мына екеуін байлап тастадық. Өй, мыналар керуеншілер ғой, – деді Қазанбай.

– Қап, әттегене-ай, Солташ балам айтқанда мән бермеп едік. Қап, әттегене-ай…

- Не болды?

- Не болды?, -  деп ауылдан екі-үш адам келе жатыр еді, Зуқа ұлына

сыбырлап:

– Жәй балалар ойнап жүр ғой деп қайтарып жіберші аналарды, – деді.

– Ойнап… Ойнап жүрген бала екенбіз, – деп жерге былш етіп бір

түкірді Қазанбай. – Солташ, сен осы жерде қал, мен оларды қайтарайын.

Солтан-Шәріп әкесін киіндіре бастады. Айдың жарығымен байқап қалды, әкесінің арқан қиған күре тамыры күп болып ісіп шыға келіпті. Солтан-Шәріп әкесін киіндіріп болғанда Қазанбайдың дауысы қатқылдау шықты.

– Не болды сендерге?  Түн жарымда бөрінің көтіндей шулап?

Барыңдар ауылға. Зуқа екеуміз күресіп, Зуқаны жығып кеттім. «Қардың басын қар алар, қанның басын қан алар» деп өтірік күлген болды.

– Ой, түге, кәртайғанда сендерге не болған-ей? Түн жарымда алысып-жұлысып? Шошып кеттік қой, – десе, жуан дауысты біреуі:

– Қазан аға, сізді қараңғы түнде байқамай шапалақпен бір тартып

жібере жаздадым-ау. Қайын ағама қолым тисе ұят болды-ау, масқара бола жаздадым-ау, – деді екіншісі  тырқылдай күліп.

– Бар, жатыңдар! Жығылған күреске тоймайды деген, қазір

құрдасыммен тағыда бір алысайын.

– Түу, мыналарға дауа жоқ екен-ау! – деп жуан дауыс алыстай берді.

Төңіректі бір шолып шыққан Төлегетай алқын-жұлқын жетіп келді:

– Ана албастылар жын ба, шайтан ба, ізім-қайым жоқ, – деді. – Бұлар

керуеншілер. Қазір ауылымен жатқан жерінде лақша бақыртып сабайын, – деді Төлегетай.

– Қой, Төлеш, түн ішінде елді дүрліктірмейік. Таң атар, мына екеуін

байлап оңаша жерге апарыңдар. Қылбұрауды салыңдар. Анықтаңдар олардың кім екенін, – деді Зуқа.

Қазанбай жағалаудан түйежапырақты жұлып алып ыңырсығанның аузына тықты. Екіншісін құлақ шекеден бір ұрып талдырып тастады.

-  Ал, Төлегетай, мына екеуін саған тапсырдым. Біз ана керуеншілерге

барып, әкесін танытайық, – деді Қазанбай.

– Мен де барамын, – деп еді Солтан-Шәріп,

– Сен үйге бар, – деді ақырын ғана Зуқа. – Ана шешең алаңдап қалар.

Солтан-Шәріп үн-түнсіз үйге қарай кетті. Екі иығы төмен түсіп салбырап, өкпе-наласы бар баладай ақырын ілбіп басып барады. Сол түні қолдарына қару ұстаған үшеуі ауылды сыртынан бақылап жүріп таң атырды…

- Керуен қозғалмапты, бірақ ана иттердің бір де біреуі жоқ, жүктері

тең-теңімен үйіліп жатыр. Қыбырлаған біреуі болсашы, бәрі қашып кетіпті, – деп, күйінді Қазанбай.

Әйелдер жағы бие бау басына жинала бастағанда Төлегетай Зуқаға:

– Бауырым, түнде өліп қалсаң қайтер едік? – деді шын туыстық

пейілімен.

– Адам өлім туралы айтпау керек. Оны Алла ғана біледі. Алланың

жолындамыз. Кейінгі ұрпақ артымыздан құран оқып, атымызды айтып жүрсе онда біз дұрыс өмір сүргеніміз. Өлсем қара жердің құшағына енемін. Бір нәрсеге көзім жетті, Солташымның менің артымнан құран оқитынына сенемін. Адамның көзі тірісінде бұл да аз сүйеу емес.

Қазанбай осы жерде өзін іштей кінәлады. Алдыңғы күні Зуқаның үйде отырған жерінен өзі барып, «керуеншілердің ойын-сауығын көрейік»  дегені есіне түсті. Зуқа біраз тартыншақтағанымен, қадалып тұрып алып еді, досы еріксіз келіскен. Енді Қазанбай шындап өкінді. Өйткені керуеншілерге бара жатқанда:

– Ассалаумағалейкум, ағатай! – деп алдарынан шыққан  Солтан-Шәріп

қос қолдап  жылы жүзбен  амандасқан.

– Уағалейкум, балам! – деп құшақтаған Қазанбай оның қақпақтай иығынан қағып-қағып қойған.  –  Зуқа, қарашы мына батырға, айналайын балам,  ризамын саған. Ана жолы көкпарда жарадың, қыраным!

– Солташ, балам, мына керуеншілердің ойыны қалай? – деп Зуқа аспанға керілген арқанмен әрі-бері жүгіріп жүрген өзбек жігітіне күле қарап: – Адам ба,  шайтан ба мынау? Астапыралла, көрмегенді көреді екенсің ғой, -деді.

– Әке, осыларға  ішім жылымай тұрғаны, – деген Солтан-Шәріптің  қауіптене айтқан сөзін естімегендей, Қазанбай айналасына қарап кетті.

Ауылдың қабаған итін ұршықша иіріп, әрі-бері секіртіп жүрген ұйғыр жігітіне таңырқай қарады. Сол сәтте әкесінің қабағынан салқындықты аңғарған Солтан-Шәріп иығын сол жағына бұрып, олардың жанынан ұзай берді.

– Өзің айтпақшы, көрмегенді көреді екенсің ғой, ой алла-ай, иттің тілін білетін адам болады екен-ау!

– Керуеншілер  тұманда  адасып ауылдың іргесіне келгесін ауқаттанып,  тыңайып алсын деп қонақ еткенмін, – деді Зуқа.

– Естідім, – деді Қазанбай. – Жаңа Солташ бірдеңе дегендей болды ма, әлде мен қақас естідім бе?

– Әй, қойшы соны,  – деді Зуқа. – Әке, осы Жұқияның мінез-құлқы  ұнамайды  деді кеше. «Осыны келген жағына кері қайтарып жібергеніңіз дұрыс» – деп ақыл айтып отыр маған. Оған ұнамағанның бәрін қуа берсем жанымда адам қала ма менің?! Жұқия ұйғыр болса да менің жанымда жүрген жігіт емес пе? Оның сөзіне еріп, орыс Иванды бездірсем, менен пана іздеп келген Ильхом аканы да  қусам не болады?..  Менің Зуқа атыма жараса ма?!

– Солташым жақсы, – деді Қазанбай. – Ана жолы Ақыт  оның  зеректігі туралы бір тұщымды  сөз  айтып еді, – деп  келе жатыр еді, жандарына  мұртты саудагер жігіт келіп, сампылдап сөйлей бастады:

– Мәнті жеңіздер, ұйғыр жігіті Шәрәфат мәнті жасап жатыр еді. Дәмін татыңыздар! Тіл үйіреді, – деп асты-үстіне түсті. –  Зуқа аға, жеңгей үйде ме? Бір аздаған сыйлығым бар еді.

– Ол не сыйлық? – деп Зуқа гүр ете түскенде, анау жалт беріп, әңгімені басқа жаққа бұрып, «мәнтінің дәмін татыңыздаршы» деп иіліп әлек болған  еді…

…Киіз үйдің көлеңкесінде қамшы өріп отырған Зуқа құрық тастам жерде бес-алты баланың әңгімесін ап-анық естіп отыр.

– Ана жолы, – деді бөспебай Жарқын. – Екі кештің арасында Зуқа атам:  «Әй батыр бала, тайыңды ертте, менімен бірге барасың» дегесін, атымды ерттей сала қолыма шоқпарымды алып, ол кісіге ілесіп жүре бердім. Зуқа атам сөзге сараң ғой, жол бойы ештеңе демеді. Бір төбені асып түскеннен кейін астымдағы құла тайым құлағын қайшылап, осқырына бастады. «Әкем-ау, бұл не?» деп қоям. Таудан құлдилап бір үйір қасқыр бізге қарай келе жатыр.

– Ата! – дедім, «былай тұрыңыз, мен көрейін» деп, шоқпарды олай-былай сілтеп, екі-үшеуін домалатып түсіріп едім, қалғандары құйрықтарын бұтына қысып тауға қашты. Сонда Зуқа атам: «Әй, балам-ай, батыр екенсің ғой, келер жолы жорыққа сені ғана ертем» деп маған айтты ғой.

«Сен барғанда мен қалам ба» деп кішкене қара бала танауына келіп қалған мұрын боғын оң қолымен сол жағына бір тартты.

Зуқа жымиып күлді де олардың көзіне түспей үйге кіріп, шапанды желбегей жамылып, басына тартқан шытты көзіне түсірді. Балалардың жанына ақырын басып барып, ортада әңгімені естіп отырғандарға білдірмей,  Жарқынды желкеден лып еткізіп көтеріп ап, өзенге қарай әкете берді. Өзінің білген қалмақша сөздерін құрап, әлдене деп сөйлей бастады. Жарқын болса тілін тартар емес, тіпті қорыққаны да білінбейді.

Балалар болса, жерден тас алып, «қалмаққа» жаудырып жатыр.

– Ей, қуарған қу қалмақ, босат деймін, Зуқа атам білсе мойныңды шілдің мойнындай ғып бұрап алады. Жібер деймін саған, жекпе-жекке шық, қазақтың кім екенін көрсетейін мен саған! Жібер кәне! Жігіттер, қайдасыңдар?! – деп Жарқын бұлқынып жатыр. Осы кезде бағанадан Жарқынның әңгімесін тыңдап отырған бір топ бала келіп, шапанының етегінен тартқылай бастады. Тумысынан балажанды Зуқа еріксіз күліп жіберіп еді.

Аяғы жерге тиген Жарқын құлағына дейін қып-қызыл болып кетсе де:

– Ой, ата-ай, сіз бе едіңіз, баламен бала болып кеттіңіз бе? – деп өкпелей сөйледі. Дәл бір үлкен адамдай кесек сөйлеп, кеңірдегін қозғап тұрған Жарқынның басынан сипады.

– Әй, батырсың ғой бала, нағыз батырсың! – деді.

– Рас па, ата? Естідіңдер ме ей, жүгермектер, атам мені батыр деп айтқанын?

– Иә, иә, – деп әр тұстан міңгір-міңгір еткен балалар расында қорқып қалып еді. Осы кезде жандарына қозының қарнына айран құйған, балалар «ақ апа» деп айтатын үлкен кісі келді.

– Амансың ба, қайным? – деп амандасты Зуқамен.

– Амансыз ба, жеңеше? – деп Зуқа амандасып, былтыр орыстармен болған шайқаста қаза тапқан жас жігіттің анасына ілтипатпен сәлемдесті.

Көгалды жерге бір жапырақ шытты төсеп жіберіп, түйіншектегі бауырсағы мен құртын шашып жіберген кемпір балаларға айран құйып берді де:

– Қайным, ақ түйенің қарны жарылды, – деп зорлана жымиған болды. – Сүйінші, қайным, өзіңе үйге барайын деп жатыр едім, алдымен мына балаларға  айран беріп алайын деп  бұрылдым. Шулап жүрген бұлар да міне, аға болды бүгін! Еркек бала әкелді келінім! «Өлі арыстаннан тірі тышқан артық» деген, қайтеміз енді, – деп бір уһілеп алды.

– О, бауы берік болсын, жеңгей! Ұзағынан сүйіндірсін, сүйіншіңіз менен.

– Еее, сүйінші деген не тәйірі? Аман болсын! Ырымдап өзіңе ат

қойғызып алсам ба деген едім қырқынан кейін. Енді міне алдымнан шықтың. Сенің жолыңды берсін! Сен сияқты батыр болсын!

Осындайда тыныш тұратын Жарқын ба:

– Апа, менің атымды қойыңыз. Өмір жасы ұзақ болады. Жетім бала демесеңіз, мен де бір атаның баласымын. Мен Тобықты, оның ішінде Мотышпын, –  деп танауын делитті.

– Рас-ей, – деді Зуқа оның өткірлігіне сүйсіне қарап. – Осы бала сөз тауып кетті, ақ жеңеше, осы батырдың атын қойсақ лайық болар еді. Мен сіздің сүйіншіңізге екі құлынды бие, екі сауын сиыр, жиырма қой берейін. Баланың несібесі болсын! Ертең бәрін жинап, ұлым Солтан-Шәріп алдыңызға әкеліп береді.

– Түу, ата-ай, әттең, Доғал атамның  ауылы алыста ғой, менде бір үйір жылқы әкеліп берер едім, – деген кезде Жарқынның көзіне мөлт-мөлт етіп жас келіп еді.

– Қой, балам, оның не? – деп ауылдың бүкіл баласы «ақ апа» деп атайтын әйел адам оны бауырына басты. Құдай бұйыртып немерем қырқынан шыққан күні той жасаймыз, сонда тай жарысты сен  бастайсың  Жарқынбай.

– Рас па, ақ апа? Сарбаздарым естіп тұрсыңдар ма? – деп балаларға күле қараған кезде, Жарқынның көзінен жас тамып-тамып кетіп еді.

Зуқа әйел адаммен жылы қоштасты да, балалардың басынан бір-бір сипап, ауыл шетіндегі көрікті қыздырып жатқан ұстаханаға қарай аяңдады. Найман атаның ағайынды төрт жігіті осы ұстахананы ұстайды. Қылыш, найза осылардың қолынан шығады.

– Ассалаумағалейкүм, жігіттер!

– Әәә, Зуқа аға, уағалейкүмассалам, жоғары шығыңыз!

– Армысыз, аға!

– Аға, қымыз ішіңіз, – деп бір үлкен шарамен қымыз әкеп берген Әбубәкір, – Әбілдәбек, батыр отыратын бөстек әкел, тізе бүксін, – деді бауырына.

– Жоқ, тізе бүкпеймін, өздеріңнің амандықтарыңды білейін дегенім ғой.

– Міне, аға, мына қылышты қараңыз, – деді екі көзі оттай жанған Әбілдәбек. – Қара тасты қақ бөлетін, бөлсеңіз де жүзі қайтпайтын алмас қылыш. Келіп қалған екенсіз, сізге сыйлайын.

– Ой, бауырым-ау, бұның не? Мен сендерге айтпап па едім? Сендер жасаған әр заттың өзінің бағасы, құны бар деп айтып едім ғой. Тегінге мен ештеңе алмаймын.

– Батыр, ашуланбаңыз. Біз сауда жасап жүрген сарттар емеспіз, наймандармыз. Бізге пана болдыңыз. Бізде де жүрек, бізде де ықылас бар.  Алмасаңыз, інімнің адал ниетін аяққа бассаңыз төсімізді қолтықтап  «шүу, қарақұйрық» деп, еліміз Шәуешекке қарай тартып отырамыз.

Зуқа сөзден тосылып қалып еді.

– Жігіттер-ау, мен сендерден сыйлық алайын деген оймен келген  жоқ едім. Қызық болды-ау мынау өзі?

– Батыр, – деді Әбубәкір. – Менің де қолымнан шыққан бір бұйымымды сынап көріңізші. Мына найза темір құрсауды да, таспен қапталған қалқанды да тесіп өтеді. Сабы қайыңнан жасалып тұзға қайнатылған, өте ыңғайлы.  Кәне, сынап көріңіз. Сілтеңізші бір, қай жерге дейін ұшыра алады екенсіз, – деп ұста жігіт аңқылдай күлді.

Жеп-жеңіл үшкір найзаны қолына ұстаған Зуқаның көзі оттай жайнап кетті. Артынан ілесе шыққан найман жігіттеріне ризашылықпен қарап, найзаны алып бір-екі айналдырып «бісміллә» деп сілтеді дерсің.

Білеу-білеу білегінің бұлшық еттерін ойната, найзаны құлаштай лақтырған кезде ауада ұзақ қалықтап барып, бұлақтың арғы шетіндегі төбенің ұшына барып дік етіп қадалды.

– О, батыр! Атқа мініп, қазір барып алып келейін, – деді бозбала жігіт.

– Жә, – деді көзін жалт еткізген Әбубәкір. – Бұл саған не, баланың ісі ме, әлде тот басып қалатын ойыншық жасаппын ба мен?!

– Аға, енді осы найзаны бір ай жасадыңыз, асылға қызықпайтын адам бола ма? – деп еді.

– Қысқарт, – деді Әбубәкір көзі жарқ-жұрқ етіп. Тумысынан тірліктің береке-бірлігін ғана ойлайтын Зуқа ақырын ғана:

– Әй, Әбе, мынауың бір үйір жылқының жұмысы екен ғой, – деп шынайы ризашылығын білдірді.

– Батыр, беріп те жатырсың, алып та жатырмыз, ниетіңе рахмет! Мына

жиенім  бір қызды ұнатып қалып, үйлендірсек пе деген ойымыз бар еді. Апаратын қалың малымыз жоқ, несін жасырайын, темір-терсекті арқалап апармаймыз ғой енді.

Зуқа кеңкілдей күлді. Оның бұл күлкісі шынайы еді.

– Әттең, Қазанбай досым да картайыңқырап қалды. Оны да үйлендіретін

едім. Бірақ, мына жиеніңнің жолы екен, ол жас, бұны үй қылып,  шаңырақ көтеріп берейік. Анау найза қадалған жерге отау көтереміз. Оған дейін ырымдап, сол жерден найзаны алмайық, – деді.

– Алла риза болсын, батырым! Жастарға сенің батаң дарысын деп, құдалыққа дайындаламыз ендеше.

Зуқаның кеудесін шаттық кернеді. Бір қазақ өмірге келіп, бір қазақ үйленіп отау тіккелі жатқанын естіп, шын қуанып кеткен еді.

Кешегі керуеншілердің ылаңы ауыл арасына тарап кеткен, ұста

жігіттер олар туралы ырымдап сұрамаған. Тек батырдың мойнын арқан қысып көгеріп қалған жерлеріне ақырын ғана көз тастаған.

– Батырға қымыз әкеліңдер, – деді Әбубәкір ризашылықпен.

Шара толы қымызды сіміріп салған Зуқаның беліне Әбділдәбек алмас қылышты байлады. Олармен қоштасып, бұрылып бара жатқан кезде, сонау тау басынан сақ-сақ еткен пулемёттің даусы шықты. Зуқа аң-таң боп тау жаққа қарап, сілейіп орнында тұрып қалды:

– Бұл не?

«Бұл не?»  деді ішкі ойы үш рет қайталап. Жауап орнына тау жаңғырды.

Тауды жаңғыртқан алтын шайып жатқан қытайлардың айғайы еді. Олар оққа ұшып, жаралысы жанталаса ойбайлап жатқан дауыстары таудан-тасқа жаңғырып, ап-анық естілді.

– Атты әкеліңдер!

– Атты әкеліңдер! – деген дауыстар қатты естілді. Ауыл дүрлікті.

Пулемёттің сақ-сақ еткен дауысынан үркіп, желідегі құлындар шыңғыра кісінеді.

– Батыр! Батыр, міне ат! – деп Әбділдәбек ер салынбаған күрең атты

көлденең  тартты. Зуқа «Иә, аруақ!» деп қарғып мінді. Тауға қарай тұра шапты. Бұлақтан қарғып өткенде қадалып тұрған  найзаны іле жөнелді.

Бір бүйірден Қазанбай жігіттермен атқа қонып Зуқаның соңынан ілесіп:

– Терең сайға қарай, терең сайға қарай! – деп айғайлап келеді.

Зуқа оған жауап қатпастан, биік-биік шыңдарға, құз-жартастарға қарады.  Бір төбеден асып түскеннен кейін айналаны  ап-анық көрді. Сақылдаған пулеметтің аузынан от шашқандар жартастың ығын  паналаған екен. Алтын шайып, бейқам жүрген  қытайларға ажал отын төгіп жатыр.

Қазанбай Зуқамен қатарласа берді.

– Байқа, байқа! – деді. – Мен алдыға түсейін.

– Жоқ, – деді Зуқа ат үстінде айғайлап. – Мен алдыға түсейін, сен жігіттерді абайла!

– Жоқ, мен барамын, сен абайла! – деп Қазанбай атын қамшылай бастап еді, Зуқа алдыға озып кетті.

Пулемет сақ-сақ етіп, Зуқаның айналасына  оқ жаудырып,  оны шіліктің арасына бір-ақ тықты. Қазанбай артына қараса, тайына жайдақ мінген Жарқын шауып келе жатыр екен.

– Әй, қайт, қайт кейін! Жарқын, кейін қайт, қайт деймін мен саған!.. Жарқын болса  оның дауысын естімей, Зуқа атасының соңынан Шілікті кезеңге қарай тура салды. Сақ-сақ еткен пулемет оғын енді Жарқынға қарай атқылады. Осы кезде қия жартасқа қарай жаяу жүгірген Зуқа бойын жасырып үлгеріп еді. Найзасына сүйеніп тау басына тез-тез өрмелеп шықты. Шапшаң-шапшаң қимылдап, дәл бір тау барысы сияқты тастан-тасқа секіріп, пулеметшілердің төбесінен бірақ шықты. Көзі шалып қалды, құз  жартастың түбінде төрт-ақ адам екен.

Далақтап шауып келе жатқан бала Жарқын сақылдаған пулеметке қарсы шапты. Қолындағы таяғын сермеп-сермеп, әлденеге кіжініп келеді, оны қалқалай Қазанбай да тұра шапты. Осы кезде Жарқынның мінген тайына оқ тиіп, мұрттай ұшты.  Қазанбай құлап жатқан жерінен Жарқынды теңге ілгендей іліп алып, Шілікті сайға түсіп кетті. Қазанбайдың артынан ерген жігіттер жартастың басына шыққан Зуқаның белгісінен кейін сол жаққа қарай ауды. Пулеметтің оғы тастардың бетін отпен шабақтай бастады. Ыс-ыс еткен оқтың даусы тауды одан сайын жаңғырта түсті. Зуқаның көзіне қан толды… Найзаны тасқа тіреді де, төмен қарай секірді. Айналып-айналып кеп дік етіп, пулеметшілердің дәл төбесінен түсті. Әуелі басы айналып, көзі қарауытып ештеңені көре алмай қалған, оң жақ құлағының түбінен өтіп, бармағының басын тілгілеп өткен жау қылышынан кейін көзі қайтадан жарқ ете түсті. Әлгінде ғана Әбділдәбек берген қылышпен қауғабас орыстың басын шауып түсірді. Дудар-дудар басы шатқалға құлап кете барды. Басы жоқ денеден қан атқылады дерсің…

Екінші орыс пулеметтің мойнын Зуқаға қарай бұра бергенде, найзаны сермеп қалды. Дәл өңешіне қадалды. Басы шабылған орыс жерге жығылмай, әрі-бері жүгірді де гүрс етіп құлады. Тастың арасына қорыққанынан тығылған үшінші адам дәу ұйғыр еді. Күні кеше ғана керуенімен келген саудагер сияқты болып көрінген. Қолыңдағы наганын әрі-бері басқанымен, Зуқаны дәл көздей алмай қойды. Ту сыртынан жетіп келген Қазанбай оның үстіне секіріп қона кетті. Мойнын бұрап-бұрап жіберіп еді, бейшара көзі алайып сылқ етіп жерге құлады. Ауыл жігіттері де жетіп келді… Бәрінің көзінде үрей. Қан-қан болып жараланған Зуқаға тура қарай алмай өздерін кінәлі санап  тұрғандары көрініп тұр. «Тықыр» еткен дыбысқа жалт қараса, екі тастың арасында қалш-қалш етіп отырған кешегі саудагер қазақ екен.

– Ой, әкеңді… – деп Қазанбай ұмтылып еді.

– Тоқтай тұршы, – деді Зуқа даусы шаршап шығып. – Қазір, қазір, -

бармағынан аққан қан қылыштың арнасымен жүріп ұшына дейін барды.

- Зуқа аға, мен ғой, мен ғой, – деді жаны мұрнының ұшына келген

саудагер.

- Қазір, – деді  Зуқа тістеніп…

Екі тастың арасын паналаған саудагер қазақтың жанына келіп қылышты көтеріп тұрды.

– Батыр сауға, қазақпыз ғой. Кеше жеңешеме түкті кілем сыйлап едім ғой, жанымды қия көріңіз. Бұны істеген сіздің ата жауыңыз – Жин Шурын. Егер де алтын шайған қытайларды қырып тастасақ, бұның бәрін сізден көретін еді. Бұны істеткен анау, анау қытай, –  деп саусағын шошайтты. Өзі дір-дір етіп бұтына жіберіп қойды. Қазанбай «түй, иттің ғана баласы» деп жиіркеніп, теріс  бұрылды да жерге бір түкірді.

– Батыр, мына хайуанды маған беріңізші, азаптап өлтірейін, – деп ызаға булыққан жас жігітті Зуқа тоқтатты.

– Әәә, иттің ғана баласы, – деп қылышын сатқын қазақтың кеудесіне тіреп, – сен қазақсың ғой, – деді Зуқа.

– Иә, иә, Зуқа аға, мен қазақпын ғой, кеше жеңгейге арабы кілемді әкеп берген мен ғой, танымай қалдыңыз ба? Өлтірмеңізші мені! Үйде екі балам, ауру шешем, жас әйелім бар, сауға-сауға… жанымды қия көріңізші. Кешіріңізші, аға, Жин Шурын маған алтын береміз деген соң келісіп едім.

– Сен қазақсың ба?

– Иә! Иә, иә, аға, қазақпын, мен де орта жүзбін, аға! – деп кеңкілдеп жылады.

– Орта жүзден садаға кет, иттің баласы! Қазақтан садаға кет! Еркек болмай әнтек болғыр. Мен сені тірі қалдырамын, – деді Зуқа.

– Ой, Зуқа, не айтып тұрсың? Сен өлтірмесең, мен өлтірем, – деп Қазанбай алдыға түсіп келе жатыр еді, Зуқа оған зірк ете түсті. «Тұра тұр, бұндай өзінің халқын сатқан адамға өлім деген –  жеңіл жаза».

– Иттің ғана баласы, – деп Қазанбай бұзып-жарып келе жатыр еді, жанындағы жігіттер ұстап-ұстап қалысты.

– Сені өлтірмеймін, иттің баласы, – деді Зуқа тістеніп. – Өлім саған аз. Шейіт болған қазақтан садаға кет.

Зуқа қылышын көтеріп, ең ұшын оның танауына жақындатты. Ана байқұстың қорыққанынан екі көзі қылиланып, денесі дір-дір етті.

Алмас қылыш жарқ еткенде, оның таңқиған танауын ұшырып жіберді.

Бағанадан қан иісін аңдып, таста қонып отырған бір  құзғын аспанға ұшқан оның танауын іліп ап, терең сайға қарай ұша жөнелді. Тұрғандардың бәрі танауы қабағына дейін түбірімен сырылып қалған, екі көзі бірін-бірі жеуге ұмтылғандай жексұрын бейнені көріп, теріс айналды.

– Жігіттер, кеттік, тиіспеңдер мына сорлыға! – деді Зуқа.

Қазанбай жүрегі айнып, лоқсып-лоқсып жіберді. Жігіттер тасты шақыр-шұқыр басып, Зуқаның соңынан еріп төмен түсе берді. Алтын шайған қытайлардың басшысы әлдене деп шошына айғайлап, бұларға  шәңкілдей  бастады. Қорыққаны сондай, қол-аяғы дір-дір етеді. Бір сөзін ұғып, бір сөзін ұқпай тұрғанда,  қайдан жүргені белгісіз Әбдікәрім деген ұйғыр жігіті келіп, оның әрбір сөзін аудара бастады.

– Зуқа батыр, егер де сіз болмасаңыз бәрімізді өлтіріп, алтынымызды тартып алатын еді ғой, – деген сөздерін  Әбдікәрім аударғанда Зуқаның басы айналып тұрса да, тез есін жиып:

– Жігіттер, пулеметті сол жерде өртеп жіберіңдер, жаңағы хайуанға тиіспеңдер! Осыдан өлтірсеңдер, біріңді де аямаймын! – деп, даусы  қатты шықты.

Қытай үстіндегі жейдесін жыртып, Зуқаның жарасын таңғандай болды.

– Қазанбай, – деді ақырын ғана, – Жарқын қайда?

– Оққа ұшты, батыр. Кеудесінде жаны бар болатын. Шілікті сайда.

– Мені апар сонда.

Шілікті сайға бірін-бірі сүйеп екі дос жеткенде, жас бала Жарқын қансырап жатыр екен.

– Зуқа ата, Зуқа ата, амансыз ба? Қорқып кеттім ғой, сізге бірдеңе бола ма деп. Жаңа ғана мені марқұм әке-шешем жанына шақырып кетті. Бірақ  өлмеймін ғой, иә. Мен бүгін ғана тудым емес пе иә, ата. Осы таң ата ғана шық кеппей өмірге келдім ғой. Жаңа ғана әруақ болған ата-анам «бізбен бірге жүрші, балам, жанымызда болшы» деп шақырды. Мен оларға Зуқа атамның тірі екенін көрсем болды, арттарыңнан қуып жетем дедім. Мен уәдемде тұрамын, мен жігітпін. Мен әкем сияқты Алаштың баласымын. Алаш жолында садаға кетемін, ата-ау! Тірі екенсіз ғой, ата, шүкір…

– Тірімін, балам. Айналайын, кәне көтерейінші.

– Ата, мені қозғамаңызшы. Бетіңізге, қолыңызға не болған, ата-ау? Тек

сізден бір өтініш, басыма белгі қойғанда төте жазумен Жарқын, Тобықты, Мотыш, Доғал деп жазып қойыңызшы. Кішкентай Жарқынға жарқын болашақ тілеймін, ата-ау, – деген сөздерді ап-анық айтты да үзіліп жүре берді. Зуқа қолдары дір-дір етіп оның көзін алақанымен басты.

– Жігіттер, – деді даусы ақырын шығып. – «Бөрүү баласы  ит болмайды» деп қырғыздар айтпақшы, оның әкесі Алаштың арманын орындаймын деп Жарқынның кеудесіне нұр құйған. Жап-жас баланы арулап қояйық. Қазанбай, қырқы, жылы, басын көтеру екеуміздің мойнымызда.

Қазанбай тумысынан батыр жігіт, досқа адал, сөзіне берік, өте таза адам.

Досының бір ауыз сөзінде үлкен мағына жатқанын үнсіз түсініп, басын изеді. Келіскені…

Олар ауылға тас қараңғысында бірақ қайтты. Ертеңінде бесін уақытында ауылға бірнеше атты адамдармен Ақыт келді. Астына мінгені – былтыр Зуқа сыйлаған елік жирен. Құйрық-жалы төгіліп тұр, өмілдірік, құйысқаны күмістелген, тұрқы ұзын, өте сүйкімді ат еді. Жанына ерткені  – ақ шапан киген, боз жорға ат мінген қасиетті Албанның дуалы ауыз қариясы Дүрмекбай. Жас жігіттер жағы алдарынан иіліп, сәлем беріп, шылбырларын қолдарына алып, қонақтарын қолтықтап-қолтықтап түсіріп еді.

- Ассалаумағалейкүм!

- Уәликүмассалам!

Үлкендер жағы көздеріне жас алып, Зуқамен қауышса, Ақыт досымен күрсініп құшақтасты.

– «Жақсы би ауылымен көшіп жүреді» деген, бұның дұрыс болды, Ақыт, – деп Зуқа оны қайта-қайта құшақтады. Үлкендер жағы:

– Келін, батырыңды Құдай сақтап қалған екен, естіп жатырмыз, бар жаманшылық осымен қалсын, – десті.

– Аман болсын, айналайын!

– Елге жасаған жақсылығы көп қой.

– Ата-бабасы текті адам, көктегі Құдай да, жердегі періште де біледі.

Бабаң Нұрмұхамбет ұстаз болған, әкең Сәбит молданы көзіміз көрді. Марқұм кең еді ғой, ақылдың кені еді ғой.

– Қайнымның жақсылығын біз де білеміз, – деп әңгіме ауанын басқа жаққа бұрғысы келген жеңгесінің сөзі де ешкімнің езуін тартқызбады.

Дастархан жасалып, қонақтардың шынтағына қос жастық тасталды. Екі жігіт босағадан кішігірім торпақтай қызыл ісекті әкеп, төрде отырған Дүрмекбай ақсақалдан бата сұрады. Ақсақал ықыласпен батаны жасап тастады. Осы кезде Қызыекенің көзі алдыңғы күні «керегі жоқ» дегеніне қарамай саудагер жігіттің тастап кеткен арабы кілеміне түсті. Орнынан атып тұрып,  аяусыз кейіппен буылған кілемге қарап, кенеттен қайраттанып,  «үлкендер отыр екен-ау» демей, тік көтеріп есіктің алдына алып шығып, жанып жатқан оттың ортасына  тастай салды. Шытырлап жанған қу ағаш үстіне кілем түскен кезде одан сайын лапылдап жана бастады. Босағадан аттай бере Қызыеке жылап жіберді.

– Сіздердің жолдарыңызда садақа, – деді Қызыеке күрсініп.

Бұны сырттай бақылап тұрған Ақыт Қызыекеге риза болғаны сондай:

– Рахмет, айналайын, білгенің ғой, білгенің ғой, – деп тебірене тіл қатты.

Әңгімені басқа жаққа бұрғысы келген Қазанбай:

– Қызыекенің Солташтың бала кезінен болашақ қайын-жұртына жинаған дүниесі, күйе түскен соң отқа жаққаны ғой, бар бәле осымен кетсін, – деп әуелі отырғандарды күлдірмек еді, бірақ сөз аяғы күрсініспен аяқталғанын өзі де байқамай қалды. Осы кезде:

– Ассалаумағалейкүм! – деп ұста Әбубәкір кірді. Жанында шымыр келген жас жігіт бар.

–       Уағалейкүмассалам! – деп Зуқа орнынан атып тұрды.

–       Әй, Ақыт, мына жігіт Әбубәкір ұста – темірді қамырша илейтін азамат.

–       Аа, айтқансың, айтқансың. Кел, бауырым, төс қағыстырайық.

«Шебердің қолы ортақ» деп қазақ бекер айтпаған. Кел, кел! – деп жылы ұшырай амандасты.

Екеуі төс қағыстырды.  Әбубәкір отыра беріп, жанындағы жас жігітті таныстыра кетті:

–       Зуқа аға, мына жігіт Аягөзден келген Серікзат деген ақын жігіт.

Семейде Алашорданың бір жиынына қатысып, Шәкәрім қажымен жақын болғаны үшін қызылдар қудалап, соңына түсіпті.

–       Не дейді? – деп отырғандар үрпиіп қалды.

–       Қызылдар дейсің бе?

–       Сонау Хабар асуы арқылы ауылға әрең дегенде өтіп, әйтеуір жеті күн

дегенде Зуқа батырдың ауылы қай жерде деп сұрай-сұрай бізге жетіпті. Қонақ үстіне қонақ болғанымызға ғафу етерсіз! Біз кетейік.

–       Ол не дегенің, Әбіш-ау? Іздеп барып өзім де сәлем беретін едім ғой.

Алыстан келген екен, қош көрдім, бауырым!

Әлгінде ғана Зуқа бір шатақты шығара ма деп ыңғайсызданған Ақыт түсі жылып:

–       Айналайын, төрлей ғой, жол азабын көрген екенсің. Бұл үй ағаңның

ғана емес, осы отырған бәріміздің үйіміз. Бұл кешегі қажыға барған, ұстаз болған адамның үйі. Бұл шаңырақтың киесі бар. Осы үйдің әр уығында қазақтың несібесі бар, бірлігі бар, бауырым, – деген сөзіне Зуқа риза болып:

–       Ақыт ағаң өте дұрыс айтады, төрле, бауырым, төрле, – деді.

Зуқа мен Ақыттың достық пейілін аңғарып қалған төрде отырған Дүрмекбай:

–       Менің Бегалымдай ғана бала екенсің, кел, менің оң жағыма отыр, – деп

төрге шақырды.

Осы кезде үйге ақырын басып Төлегетай кірді.

-         Ассалаумағалейкүм, ақсақал!

-         Аа, Төлеш, амансың ба, барсың ба, балам, – деді Дүрмекбай.

–       Ақсақал, Бегалыңыз мықты азамат. Жиеніңіз өзіңізге тартып туған. Ой,

ана жолғы Шәуешектегі жәрмеңкеде күрескені-ай! Оңынан келгенді оңға, солынан келгенді солға жамбасқа алып әй, бір лақтырды-ау! Әй, Шақар ғой! Әй, батыр Шақар ғой! Шақар…

–       Иә, әңгіме айта отыр, балам, – деді Дүрмекбай Серікзатқа қарап.

–       Ақсақал, ниетіңізге рахмет. «Үлкен отырып кіші сөйлегеннен без»

деген, менің отырып домбыра тартып, ыңылдап ән айтатын әдетім бар еді. Рұқсат етсеңіздер маған сол жеңіл болар, – деп мейірлене күлген Серікзаттың жүзіне қарап Ақыт іштей риза болды да:

–       Шырқа, бауырым, шырқа, өзіңнің ағаңның үйі.

Мақсұтбайдың Серікзаты төрде ілулі тұрған домбыраны қолына алып, әрі-

бері шертіп отырды да алдындағы шара толы қымызды төңкеріп тастап:

-         Хабар асуы – ол қазақтың қаралы асуы екен ғой. Сол асуда менің де сүйегім қурап қалуы керек еді. Сол жерден шейіт болған жандардан менің жаным артық па? Алашым үшін шейіт болсам, арманым не? Бірақ маған ақ өлім де бұйырмады. Шәкәрім қажы: «Әй, Серікзат, қарағым, ақыл – денеге егілген дән, суғарылса кіреді оған да жан, табаныңның астында адамның денесі қалмасын» деп еді. Мен адамның қу сүйегінің үстімен өттім ғой. Өзімді кінәлі санаймын, – деп тоқтады.

–       Жоқ, бауырым, кінәлама өзіңді. Осы отырған тірі жүрген біздің де кінәміз жоқ. Алланың емес, бұл қу Советтің, Қызылдардың ісі. Қазақтың жері елдің көзінің құрты болған заман болып тұр ғой, бауырым-ау, – деп Зуқа толқып кетті.

Осы кезде көз жасы сақалынан тамып-тамып түскен Дүрмекбай «Балам, баста, баста»,  – деді ақырын ғана.

- Сол Хабар асудан өтіп, Жалаулының тұсында бір үңгірде тығылып жатып, үнімді шығармай, қурайды домбыра қылып, іштей егіліп жазған әнім еді. Хош көрерсіздер! – деп, Серікзат домбырасын сабалап-сабалап алды да, даланың қоңыр даусына салды.

«Басынан мұнар көшіп, бұлт аунаған,

Бабамның қонысы еді бұл тау маған.

Тарғыл жол жолбарыстай Тарбағатай,

Сен десе жүрегімнен жыр саулаған.

Беу, асқар белі даламның,

Ертеңіңе алаңмын.

Қиянатқа қимайтын,

Бауырыңда өскен балаңмын.

Қызылтас қыран ұшқан қия белім,

Япыр-ай, қай өлшемге сияр едің.

Майлышат – ер Қабанбай туын тіккен,

Ұлтыма құтты мекен, ұям едің!

Дастарған басында отырғандар теңіздей толқыды. Ертістей егілді.

Серікзаттың даусын сыртта отырып естіген ауыл адамдары:

–       Апыр-ау, біздің ауылды айтып жатыр ғой.

–       Біздің тауды айтып жатыр ма?

–       Не дейді, ата-қонысымды айтып жатыр ма? – деп, бұлар отырған киіз үйге жақындай түсті. Жүзін жас жуған Қызыеке сыртқа шығып кетіп,  бетін бір жуды да, қазан-ошақ басында жүрген келіндерден қуырдақ дайын болғанын естіп табаққа салғыза берді.

-          Ақсақал, елдің ағасысыз, исі Албанға ғана емес, бүкіл қазаққа қадірлі адамсыз. Менің әкемнің көзін көрдіңіз, әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін деген. Мен сізге ұзақ ғұмыр тілеймін, ақсақал!

-         Рахмет, рахмет балам! Бек ризамын, – деді Дүрмекбай.

-         Әй, Зуқа, екеуміз әкеге бала болдық, шешеге пана болдық. Осы Дүрмекбай ақсақалға не боламыз сонда? – деді Ақыт күлімсірей. Оның бұл сөзі әшейін достық, қазақи көңіл еді. Оны түсіне қойған Зуқа:

-         Бұл кісілерге бәле емес, бала боламыз да. Сені білмеймін, Ақыт,

менімен Қазанбай екеуміз бәле боламыз-ау, осы, -деп күлді.

-         Е, шіркін, – деп күлді Дүрмекбай. – Қаны таза, тегі түзу Албанда бір сөз бар,  «тексізден қорық» деген. Ал, екеуіңнің достығыңа, ішінара туыстықтарыңа бек ризамын. Балам, алты Алаштың баласы Ақыт пен Зуқадай болсын деп тілеймін.

-         Әумин, әумин! – деп, отырғандар қауқылдасып қалды.

Осы кезде дастархан басында отырған ақ жаулықты әйелдер қозғалақтап қалып еді, ішінен Қауия апа шығып:

- Қайным-ау, жүдеп қалыпсың ғой, – деді ақырын ғана. Бәрі үнсіз қалды.

Осы кезде Зуқа өткір көзімен ағасы Төлегетайды шақырды. «Не айтасың?»  деп еді ақырын ғана. Зуқа  «семіз бір тай болса»  деп сыбыр етті. Ағасы басын изеді де үйден елеусіз шығып кетті.

Қуырдақ пен бал қымыз ішіп, қонақтар біраз ес жинаған соң, жастар жағы отырғандардың қолдарына құмғанмен су құйып, қызмет қылып жатқанда екі дос Зуқа мен Ақыт төбе басына шықты. Оңаша әңгімелесіп тұр.

–       Зуқа, досым-ау, айтшы, саған не керек? Не жетпейді саған? Бабаң да, әкең

де ұстаз болған адамдар. Шәкіртке дәріс берген, не болған саған жаралы арыстандай аласұрып? Ел аман, жұрт тынышта өзіңе жау іздеп.

–       Мен бе? – деп Зуқа көзі жарқ ете түсті. – Мен бе осыны жасаған?

–       Сенің қарекетіңді имансыздың қарекеті демеймін. Сен батыр адамсың.

Батыр аңғал болады. Абайла, қызбаланба. Мен саған еліңді қорғама деп айтып тұрған жоқпын. Мен саған абайла деп тұрмын. Гомандиннің саясатын сен түзей алмайсың, бұл елдің өз заңы бар!

–       Кетсін біздің өр Алтайдан! Табанын жалтыратсын!

–       Еее, қайран өр Алтай, мен қайтейін биігіңді деген ғой. Екеуміз малтып

көрмеген теңіздің түбінде жатыр ғой көп сыр, Гомандиннің құйтырқы саясаты. Ей, аңғал досым-ай! «Құйрығы жоқ, жалы жоқ,  жылан қайтіп күн көрер» деген бабамыздың сөзі бар ғой. Желге қарсы шаптырмайды ғой мұсылман баласы.

–       Адам баласы ешқашан қолына бекер қару ұстамайды. Ал, жауласқанмен

жауласу, жауды жеңу адамның басты парызы деп білемін, – деді Зуқа.

– Ислам ағамыздың баласы Оспанға берген батаңды үлкен танымдық жол деп білемін. Сенікі ерлік. Өзіңнен кейін болмасын деген жаман ниеттен ада екеніңді көрсетеді. Сенікі кемеңгерлік.

–       Еее, Ақыт-ау, қалам ұстаған алдымда шәкіртім болса, жым-жырт жүре

беретін едім ғой. Мен әділетсіздікке төзбеймін.

–       Білем, білем! Қазақтың даласы кең еді ғой… Мына төбе біздікі еді.

–       Күндердің күнінде жаттың табаны тие ме деп қорқамын. Менің де үрейленетінім осы…

-         Иә, иә, дұрыс айтасың, досым! Ендігі үміт анау Маңғыстау даласындағы пір Бекеттің өмірін, Баянауыл жотасындағы Мәшһүр-Жүсіптің, Шыңғыстаудағы Абай ағамыздың асыл сөздерін қазақ баласы бойына сіңіре ала ма? Осы менің ойым. Біз соған үлгереміз бе? Әлімсақтан мұсылмандығымызды сақтай аламыз ба? Қабанбай атамыздың қазаққа осыншама жер алып бергендегі арманын жас ұрпақ «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып»,  береке-бірлік орната ала ма? – деді Ақыт күрсініп.

–       Иә, Ақыт-ау, менің де ойым сол. Кешегі хан Кененің басы қайда? Сол бастың ішіндегі арманы қайда? Алаштың ардақтысы, менің төл құрдасым Әлихан Бөкейханның қазақтың болашағын ойлағаны қайда? Кімнің қанжығасында кетті? Осы қазақтың мықтыларының арманын орындайтын ұрпақ тәрбиелей аламыз ба?  Күрескер болмасақ та солардың кеудесіне бір дән еге аламыз ба? Мен жатсам-тұрсам соны ойлаймын, досым-ау. Қазақтың басына үйірілген  бұлт сейіле ме? Айтшы. Бұл сұрақты сен қойсаң, мен жауап бере  алмайтынымды білемін… Өйткені ешкім қазақтың сұрағына жауап бере алмайтын заман келді.

Екеуі бір сәтке үнсіз қалды. Үнсіздікті Зуқа бұзды.

–       Ақыт-ау, – деді досының иығын қапсыра құшақтап. – Сенің жүрегің  қазақтың кең даласы сияқты. Сол даланы кімдер біздің қолымыздан тартып алмақ? Қызымызды күң,  ұлымызды құл етпек? Болашағымыз не болады? Мына жақтан орыс, мына жақтан қысық көз екі өкпеден  қысып бара ма деп қорқамын.  Солай болған күнде де қой екеш қой да бауыздар алдында тұяғын бір серпиді ғой. Күң әйелден құл бала туатынын әрбір қазақтың баласы білсе екен деймін.

Осы кезде астындағы жорғасын тайпалтқан Қазанбай келді.

–       Әй, екеуіңе не болды-ей? Дауыстарың қатты шығып жатыр ғой, – деп

аттан түсті. – Жігіттер бір семіз тайды жетектеп  келді. Асау екен,  қызыл май болмай тұрғанда  барайық. Обал болады.

–       Ой, Дүрмекбай ақсақал бар емес пе? – деді Зуқа.

–       Ол ақсақал бырылдап ұйықтап жатыр. Жүзге келу оңай деймісің, – деді

Қазанбай.

–       Шаршаған-ау қария.. Ақыт, сен бер батаны, – деді Зуқа.

Үшеуі аяңдап ауылға келгенде, жігіттер бүйірі тоқ қызыл тайдың аяғын буып жатыр еді.  Ақыт екі қолын алдыға созып бата бере бастаған кезде, бір жел толқып оның дауысын естіртпей жіберді. Тек бір ауыз сөзін ғана маңында тұрғандар естіп қалды: «Қазағымның бірлігі болсын! Әумин!». Зуқаның көкжал  жігіттері апаш-құпаш қимылдап, әп-сәтте тайды жәукемдеп, терісін есік алдындағы  арбаның  үстіне тұздап, жайып тастады. Ақыт үйге кірмей,  олардың әр қимылын  үнсіз бақылап тұрды. Көзінде қуаныш бар еді. «Шүкір, осы жастарым аман болса,  елім де, жерім де, кең далам да аман болар» деп іштей ойлады.

Палуан Мұқан деген жігіт келіп:

–       Ағалар, мынаны әкем марқұм бала кезімде шикідей асатушы еді, –  деп телшенің майынан бір-бір кесіп алып, – асаңыздаршы, –деді.

–       Пәлі, – деді Ақыт кеңкілдей күліп. – Біздің жігіттер қазақтың жөнін біледі екен-ау, ә, Зуқа?!

–       Оой, Ақыт-ау, бұл сонау Буыршынның  жігіті, Жәдік, оның ішінде Байғара атаның ұрпағы. Жауырыны жер иіскемеген палуан.

–       Тұлпардың тұрысынан, сұңқардың  қанат қағысынан белгілі ғой.

Көрініп тұр ғой, Зуқа, бұл бауырымыздың палуан екені, – деді Ақыт.

Дүрмекбайдың ұйқысы қанған кезде, жас ет былқып пісіп еді.

Бағанағыдай емес, Дүрмекбай көңілденіп жан-жағына мейірлене қарап: «Ас алыңдар, қарақтарым, ас алыңдар!» деп, жастарға бір-бір асатып қойды.

–       Ақсақал! – деді шетте отырған бір жас жігіт. – Баяғыда сіздің бала кезден бірге өскен досыңыз Кеңесжан ақсақал өз жаназасын өзі шығарар алдында «Кеңес аға, не арманыңыз бар?» дегенде, «Адам баласында арман көп қой, мен жасарымды жасадым, асарымды асадым. Немере-шөберелерім ат жалын тартып мінді. Құдайға шүкір, арманым орындалды. Бір-ақ арманым бар, артымда Дүрмекбай қалып бара жатыр» депті, –  деген кезде отырған жастар мырс-мырс күлді.

Жастардың күлетін де жөні бар еді. «Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды» деген, Дүрмекбай мен Кеңесжанның арасындағы қалжың елге көкжайлауға жайылған қалың жылқыдай кісінеп кетіп еді.

Дүрмекбай жағы Кеңесжанның балаларына «сендердің аталарың нашар, біздің атамыз көп жасады» десе, Кеңесжанның балалары «сендердің Дүрмекбай әкелерің біздің әкемізден бір мүшел жас кіші екен» деп, ауыл арасына сөз жарастырып, бала баламен, күйеу күйеумен, келін келінмен қалжыңдасып жататын.

–       Еее, қарақтарым-ай, Кеңесжан кең еді ғой. Өзгеге өлім тілемейтін,

өзіне өмір тілейтін адам еді. Елі мен жерін ойлаған кең адам болатын. Мықты аңшы, құралайды көзге атқан мерген еді ғой.., – деді Дүрмекбай.

Жаңа ғана мырс-мырс күлген жастар жағы ұялып төмен қарады. Екі қарияның екі дүниеде достығын сақтап қалғанына Зуқа іштей қатты риза болды. Әйелі  Қызыеке жаққа қарап,  көзімен «бері кел» дегендей белгі берді. Қызыеке –  текті елдің қызы. Дүниенің бетіне қарап қызықпайтын адам, бар тілегі ерінің үстінде.Ол лып етіп оның жанына келді. Зуқа сыбыр етті. «Ақсақалға  шапан». Қызыеке үйден ақырын білдіртпей шығып кетті де, әп-сәтте күйеуінің оң тізесіне таман  мұқият бүктелген  шапанды елеусіз ғана  әкеп қойды. Бұл шапан оқалы еді. Былтыр көктемде сонау Үрімшінің жәрмеңкесінен құлынды биенің құнын беріп алған-тын. Бөркі құндызбен көмкерілген, жағасы бұлғыннан тігілген мақпал шапан еді.

–       Ақсақал! – деді орнынан тұрып. – Елдің үлкенісіз, ауылымызға көптен келмеп едіңіз, мынау шапан сізге, -  деп, төрде отырған Дүрмекбайдың иығына жапты. Дүрмекбай Зуқаның шекесінен төмен қарай  сызып өткен қылыш ізін көріп, жүрегі шым етті де, дауысын қырнап:

–       Аман бол, қарағым!   «Алған жомарт па, берген жомарт па?» деген  сөз бар біздің қазақта. Сенің ауылыңды, амандығыңды көріп, кәрі көңіліме қуат берген, бізге жол бастап келген Ақыт баламның иығына жабайын.  Шырағым Ақыт, иығыңда тозсын осы шапан!  Жасың, ғұмырың ұзақ болсын! Кемеңгерсің! Екеуіңнің достығыңа  сызат түспесін, – деп, Ақыттың иығына жауып, басына бөркін кигізді де, Зуқа мен Ақытты қатар құшақтады. – Аман болыңдар, қарақтарым, елдің иесі де, киесі де осы сендерсіңдер! – деді.

Дастархан басында отырғандар толқып кетті.  Зуқа отыра бергенде, палуан Мұқанға жаныма кел дегендей ишара жасады. «Ауылдағы тәй-тәй басқан баладан, тайға мініп жүргендеріне  дейін жина, есіктің алдына әкел, ақсақалдан бата сұраймыз», – деп ақырын  ғана айтты. Мұқан екі бүктетіліп, есіктің сықырлауығынан білдіртпей шығып кетті.

Қонақтар ет жеп, сорпа ішіп тоғын басып қалған кезде, екінді уақытыболып қалған еді.

–       Ақсақал, – деді Зуқа, – жаңа сіз Ақыт екеуімізге достықтарың берекелі болсын дедіңіз. Рахмет! Алла риза болсын! Ағайын аман болсын, достық маған өте қымбат. Қазақтың қырық руынан менің ауылыма пана іздеп келген адамдар өсіп-өніп жатыр. Солардың ұрпақтарына бата беріңіз. Есік алдында жастар жиналып тұр.

–       Әп, бәрекелді, Зуқа батырым-ау, бұның білгендік. Текті атаның баласысың ғой. Менің батамда не тұр? Бірақ сен менің жасымның үлкендігін сыйлап тұрсың-ау. Жол Ақыттікі еді ғой.

-         Жоға, ақсақал. Албан деген қасиетті елдің үлкенісіз, бар деп аспайсыз, жоқ деп тозбайсыз. Жастарға үлгісіз, сізден бата алмаған ұрпақ кімнен бата алады?

-         Айтқаның жөн, Зуқа балам. Жол Ақыттікі болсын, білім мен парасаттың кені осы балам ғой.

–       Ата-ау, – деді Ақыт еркелей сөйлеп, – мені қартайта бердіңіз ғой.

–       Әй, Ақыт балам, кәрілік надандық емес, – қасиет, жастың наданынан сақтасын Құдай. Ал, сен ғұламасың, Зуқа батырым екеуің кемеңгерсіңдер. Сендер аман болыңдар! – деді Дүрмекбай.

Алты қанат үлкен үйден Дүрмекбайды Ақыт пен Зуқа қолтықтап шығарған кезде:

–       Ата! Ата!

–       Ата, бата!

–       Ата, бата! – деп шу-шу етті балалар.

Ақыт қолын көтергенде бәрі басыла қалды.  Жым-жырт. Бәрінің көзінде үміт оты оянып, жайнап сала беріп еді.

–       Ал, балалар, аталарыңның батасын тыңдаңдар!

Дүрмекбай «Әумин!» деп қолын жайды да, балалардың көздеріне қарап бір сәт тұрып қалды.

Әумин десең міне, бата -

Құлыннан тұлпар,

Балапаннан сұңқар.

Тұсау кесерден азамат,

Білектен күш,

Жүректен ниет,

Саумалдан сусын,

Аспаннан күн,

Жерден жомарттық,

Түннен жұлдыз болсын, сендерге!

Аман болыңдар, қазақтарым,

Бірліктерің мен тірліктерің бір болсын!

Ру-руға бөлінбей,

Жүз-жүзге жіліктенбей,

Бір қазақ болыңдар, құлындарым!

Әумин!

–       Әумин!

–       Әумин!

–       Әумин!

Әйелдер жағы шашу шашқан кезде, бала біткен шу-шу етіп ауылды мәре-сәре қылды.

Ай жарық еді.

Сүттей жарық еді.

Түндігі ашық,

Алты қанат ақ үйдің іші ондық шам шанбаса да жап-жарық еді.

Жап-жарық еді…

Ертеңінде қонақтар қайтуға ыңғайланғанымен, Зуқа әр нәрсені сылтауратып бөгей беріп еді. Бесін намаз уақытында Зуқа оларды дастархан басынан тұрғызды.  Дөң астындағы  әскери машық өткізетін жерге жүз жастағы Дүрмекбайды әуелі екі жігіт қолтығынан жетектеп келе жатыр еді, қария әрі-бері шапқылап еттерін қыздырып жүрген сарбаздарды көріп ана екеуінің қолын қағып тастап, өзі ширақ қимылдап аяғын тез-тез басып жүре берді дерсің…  Жан-жағына «ой, бәрекелді» деп  күлімдей қарап, «Ақсақал, атқа мініңіз» дегенге қарамай:

–       Ой, батырларым-ай, бар екенсіңдер ғой! – деп өңешін созып-созып қояды. Тіпті алдына палуан келсе күресе кететіндей ыңғайы бар. Ширақ.

Оюлы үлкен текеметті төбе басына жайып төрт жорға атпен ауылдан табақ-табақ жылқының еті мен бал қымызды жаяу жүргіншілерден бұрын жеткізді. Ауыр-ауыр құс жастықтар тасталып, бәрі әзірленіп қойылған екен.

–       Әй, Зуқа, сен бағанадан сөзді неге созып отыр деймін? Мына құрметті көрсетпек ойың бар екен ғой, – деп кеңкілдей күлді Ақыт.

–       Ақа, барымыз да, нарымыз да осы енді. Әдейі мақтан үшін көрсетейі деген жоқпын, бесіннен кейін жігіттердің «не бел кетер, не белдік үзілер» дейтіндері бар еді. Соған тұспа-тұс келіп қалдыңыздар, айып етпессіздер, – деді Зуқа.

–       Пәлі, о не дегенің? Сенің сарбаздарыңның әскери шеберлігін көрсек несі айып екен? «Сақтықта қорлық жоқ» деген, -  деп Ақыт тау жаққа қарады.

Оның бүйткен мінезін Зуқа кеше екеуара әңгімені жуып-шайғанын іштей сезді. Досының көрегендігіне риза болғандығы сондай:

–       Ақа-ау, өзің айтпақшы, сақтанғанды кім жек көрсін? Көзіңе түскен сарбаз болса, қолыңнан қақпаймын. Ауылыңа көшіріп, алдына малын салып отауын көтеріп беремін. Айтқаным айтқан. Саған салмақ салмаймын.

–       Батырым-ау, сенің екі сөйлемейтініңді білемін ғой, сенің сарбаздарың бүкіл Алтайға, қала берді қалың қазаққа пана болады. Маған сарбаз емес, бала шәкірт берсең болар еді.

–       Ой, пәлі-ай, балапанды ұядан ұшыру оңай деймісің? Бұғанасы қатпаған балаларды саған берсем онда менің кім болғаным? Алсаң әбден ысылған сарбаздарды ал. Сен бала оқыта алмайды дегенім емес, ертең мына қалың жұрт «тентек Зуқа, бұзақы Зуқа балаларға қарамай, шәкірттерін ауыл-ауылға бәсіредей таратып жатыр» деген әңгімеге қалармын. Оның үстіне балапанды ұядан таратпайды, ұшырады ғой.

Осы кезде жандарына жорғасын тайпалтып келген Төлегетай жасы үлкен

болса да елдің көзінше інісі Зуқаға:

–       Батырым, әскер дайын. Машықты бастай берейік пе? – деді. Бағанадан

делебесі қозып келе жатқан Дүрмекбай:

–       Баста, балам, баста! – деп айқайлап жіберді. Төлегетай жымиып Зуқаға қарап еді, ол көзімен Ақыт жақты ымдады.

–       Ұстаз аға, – деді Төлегетай Ақытқа қарап. – Сіз не дейсіз?

–       Не дейін, әкеміз Дүрмекбайды демін алып отыратын бір жерге отырғызсаңдаршы, түге, – деп жорта ашуланған болды.

Дүрмекбай болса ыңғайсызданып:

–       Әй, қарақтарым-ай, өздерің біліңдер. «Күлсең – кәріге күл» деп, менікі жай ғой, – деп сөздің аяғын жұтып қойды.

Олар төбеге келіп текеметтің үстіне жайғасты. Әкелген құс жастықтар қонақтардың шынтағына тасталды. Алма ағаштан әдемілеп ойылған үлкен кеселерге толтырылып қымыз құйылды.

Әуелі Зуқа бата сұрайын деді де, бұл ұрыс машығы екенін есіне түсіріп ойындағысын айтпай қалды. Есік пен төрдей жалы төгілген жорға мінген Төлегетай жігіттерді екі топқа бөліп аударыспақ ойынын бастап жіберді. Бұл аударыспақ деп аталғанымен, осы төңіректе көп ешкім көрмеген ойын болып шықты. Ат үстінен ұршықша иіріліп жерге түсіп, жүгіріп барып екінші аттың артына секіріп мініп жерге аударып тастау бір қараған кісіге қызық болғанмен кез-келген адамның бойына қорқыныш үйіретін ойын екен.

–       Арасында орыс, татар, өзбек көп екен, – деді отырғандардың бірі.

Бұл сөзді естігенмен, Зуқа мән бермеді. Есіл-дерті сарбаздардың амандығы, астына мінген аттардың аяғы шорт сынбасын деген ойдың жетегінде отыр еді. Төлегетай дабыл қағатын жігітке белгі берді. Дүңгірлеп дабыл қағылды. Дала дүр сілкінді. Тау-тас жаңғырды.

–       Иә, аруақ!

–       Аруақ! – десіп, айқұш-ұйқыш жебелер атылып, найзалар шаншылып жатты.

–       Абылай! Абылай! Абылай! – деді Төлегетай.

–       Қаракерей Қабанбай! – деді әскерлер.

–       Қанжығалы Бөгенбай! – деді Төлегетай.

–       Шапырашты Наурызбай! – деді әскерлер.

–       Шақшақұлы Жәнібек! – деді Төлегетай.

–       Батыр Баян! – деді әскерлер.

–       Абылай! Абылай! Абылай! – деп Төлегетай жорғасын тайпалтып шеңбер жасап ортаға кеп тұра қалды.

–       Ер Жәнібек! – деп ұрандатты Дүрмекбай. Әскерлер:

–       Ер Жәнібек! Ер Жәнібек! Ер Жәнібек!

–       Алаш! – деді Зуқа орнынан атып тұрып.

–       Алаш! Алаш! Алаш! – деп, бар әскер қаз-қатар тізіліп ту көтерді.

–       Батырлардың ұрпағы, бар екенсіңдер! – деп Дүрмекбай орынан атып тұрып, қолын көкке көтеріп. – Алашым бір болыңдар! Батыр болсаңдар Алатаудай, Алаш болсаңдар Әлихандай болыңдар, әумин! – деп, бетін сипады.

–       Әумин!

–       Әумин!

–       Әумин! – десіп, айнала ұран көтеріп кетті. Олардың дауысын

жартастар қағып алып, «Әумин! Әумин! Әумин!» деп, өр Алтайды жаңғыртып ала жөнелді.

Отырғандар енді қызу әңгімеге кірісті:

–       Анау жігіт батыр екен!

–       Анау жігіт айлакер екен!

–       Анау жігіт нағыз жоян екен! – десіп жатты. Шулаған жұртты Ақыт оң қолын көтеріп тынышталдырды:

–       Құдайға мың да бір рахмет, қазағымның бірлігін көрсеттіңдер,

жігіттер! Аллаға шын мадақ, Аллаға шын құрмет, Аллаға шын тағзым! Ризамын Алла қазаққа Зуқадай батыр бергеніңе!

–       Зуқа!

–       Зуқа!

–       Зуқа! – деп сарбаздар шулап кетті. «Қойыңдар» дегендей Зуқа оларға

күле қолын көтерді. Жүз шақты сарбаз меймандар отырған төбеге келіп қол берісіп амандасты. Бағана ғана жігерленіп отырған Дүрмекбай шаршап, жөтеліп қалып еді, жанындағы жігіттердің бірі тостағанмен қымыз ұсына қойып, ақсақалды тыныштандырды. Қазанбай келіп Зуқаның құлағына әлдене деп сыбырлады. Ол болса ақырын жымиып басын изеп-изеп қойды. Олар отырған жерге елу күзелген тай, жиырма құлынды бие, бір үйір өңкей күрең байталды екі жылқышы дүрілдетіп айдап әкелді.

–       Ақыт! – деді Зуқа даусы саңқ-саңқ етіп. – Мынау сенің ауылыңа берген сыйым, азырқанба.

–       Ойбай-ау, Зуқа, мынауың не? Мен сенен ештеңе сұрамап едім ғой, тіпті

дәметкен де емеспін, өзің білесің менің мінезімді де, – деп Ақыт қып-қызыл болып кетті. – Алмаймын.

–       Жә, достым, ол сенің жеке басыңа емес, елу тай шәкірттеріңе, жиырма құлынды бие солардың сусыны, бір үйір күрең байтал биылғы соғым болсын. Қолымды қақпа. Төбедегі басымды төменге сүйреме. Досым емессің бе?!

Биыл қыстан жүдеп шыққан  ауылыңның жағдайын жақсы білетін Дүрмекбай өзін өте сабырлы ұстады да:

–       Қарағым, Ақыт, ауылымызға беріп тұрған несібеге рахмет айтайық.

Бұл жас ұрпақтың ырысы ғой. Зуқаның әкесі Сәбит сені оқытып еді. Сәбиттің әкесі Нұрмұхамед маған ұстаз болып еді. Шегінерге жер қалмай тұр, арқалап апармаймыз, тұяқты мал ғой, айдасақ ауылға өздері барар. Жастар қуанар. Жетілмей тұрғандар жетілер. Жаңа ғана өзің айттың ғой, Аллаға рахмет Зуқаны қазаққа берген деп. Сол Алла берген қазақтың қолын қақпа, балам, – деді.

Екі дос қатты құшақтасты. Кешкі салқынмен ауылына көңілденіп қайтып

бара жатты…

…Жылжып жылдар, жүріп жолдар қысқарды. Зуқаның ауылынан небір қиыншылықтар, небір дауылдар, құйындар, борандар, жаймашуақ күндер өтті.

Желден жүйрік уақыт зымырап өтіп еді. Қара Ертіспен өмір ағып еді.

-         Ақ жеңешем келіп тұр, – деді Қызыеке.

Құран  аударып отырған Зуқа «қазір» дегендей ишара танытып, төрге барып малдас құрып отырды. Кигіз есікті ақырын көтеріп, бала көтерген кемпірмен бірге ұлы мен келіні кірді. Келін босаға жақта қалып, жас жігіт:

–       Ассалаумағалейкүм, батыр әке! – деп, қос қолдап амандасты.

Қызыкенің жанындағы отырған жас келіншек:

–       Әке, амансыз ба?! – деп басын изеп кеудесін қолына қойды.

«Бар бол!» деп ишара білдірген Зуқа мұрты тебіндеген жас жігітке үңіле қарап:

–       Оу, Жарқынбысың? – деді.

–       Иә, әке! – деді даусы саңқ-саңқ еткен жас жігіт.

–       Мынау сол Жарқыныңның күшігі бір жасқа келді. «Өлі арыстаннан

тірі тышқан артық» деген. Аумаған атасы емес пе? – деп күрсінді әйел.

«Бұлар қалай тез өскен?» деп Зуқа іштей ойлады да:

– Иә, жеңеше, не бұйымтайыңыз бар? Айта отырыңыз, – деді.

–       Батыр қайным-ау, елдің бұйымтайына үйреніп қалыпсың ғой, ақылдасайын деп келдім. Батаңды бер жастарға, заман осылардікі. «Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген атам қазақ. Ақыттың ауылына оқуға екеуін бірдей аттандырмақпын. Ал, мына балапанымды бауырыма басып, бұны да өзің сияқты батыр ғып шығарсам деймін. Бір қазақтың баласын тәрбиелейтін ақылым да, күш- жігерім де жетеді. Тек мына балалар қатарынан қалмасын, оқысын, рұқсат ет! Батаңды бер!

Зуқа ойланып отырып қалды да:

–       Еее, оған да талай заман өтіпті-ау. Арманшыл Алаштың Жарқыны оққа ұшқан күні туып еді-ау осы Жарқын. Қарашы, міне, уақыттың зымырағанын. Азамат болып қалыпты.

Осыдан екі жыл бұрын осы екі  жастың некелерін де қиып еді. Біле білсе келін бала мына ұлдан бес жас үлкендігі бар жауынгер жігіттің жесірі болатын. Сонда ақ жеңгесінің айтқаны ғой: «Жесірді елмен теңестіретін сыңары ғана.  Менің немерем азамат болды. Көзімнің тірісінде үйлендірейін деп рұқсат сұрап отырмын» деп.

–       Ал, қолдарыңды жайыңдар! – деді Зуқа.  Батыр болсаңдар Қабанбайдай болыңдар!  Аман болыңдар!  Жақсы ұстазға шәкірт болуға барарсыңдар. Қазақ даласын білектің күшімен ғана емес, біліммен сақтайтын заман келе жатыр. Оқыңдар! Жетіліңдер! Қанат қағыңдар! Қазақтың даласы кең. Әумин! – деп Зуқа бетін сипады.

–       Әумин! – деп екі жас та, ақ ана да:

–       Айтқаныңыз келсін! – деп беттерін сипады.

…Жылжып жылдар, жүріп жолдар қысқарды. Зуқаның ауылынан небір қиыншылықтар, небір дауылдар, құйындар, борандар, жаймашуақ күндер өтіп еді. Қамшының сабы сынды, қылыштың жүзі қайырылды. Көз жасы көл болды. Қан су болып ақты.

Бірақ.

Бірақ.

Өр Алтай шөкпеді.

Тек күңіренді.

Күңіренді…

Зуқа ұзақ жол жүрді.

Жол тым-тым ұзақ еді.

Шаршамады.

Оның атын қазақтың әр ауылы, әр тау-тасы, әр өзен-орманы «Зуқа-Зуқа» деп айтумен болды. Ол Такламакан шөлі, Тибет, Гималай, Кашмир, Түркия жерінде де ақырындап айтыла бастады.

…Жылжып жылдар, жүріп жолдар қысқарды. Зуқаның ауылынан небір қиыншылықтар, небір дауылдар, құйындар, борандар, жаймашуақ күндер өтті.

Зуқа өр Алтайдың басында тұр. Зуқаның рухын Жин Шурын өлтіре алмап еді. Өлтірмек түгілі сындыра алмады. Сындырмақ түгілі иілте алмап еді. Зуқа оған иілмей кетті. Өйткені Зуқа әлдеқашан Жұлдызға айналып кеткен болатын.

Көзге түртсе ештеңе көрінбейтін қараңғылық. Ешқандай дауыс та жоқ. Айсыз қара аспанда бір жарық жұлдыз жарқырап тұр еді. Бұл ерекше жұлдыз еді. Сол Жұлдыз қара түнде  ұзақ-ұзақ жол жүріп, Такламакан шөлі, Тибет, Ауғанстан, Иран, Ирак, Ресей, Моңғолия, Гималай, Кашмир, Түркия, Қытай жерлері арқылы ақырын жылжи-жылжи Ұлытаудың жерін басып өтіп, Есілдің ағысымен Арқадағы Қараөткел жеріне де жетті.

Сол бір заманда Зуқа қазақтың қараңғы түнінің жарық Жұлдызы болған еді.

P.S: Ал бүгінде ұрпағының адал ниетінің, тектілігінің, бар болғанының арқасында елдің мәңгілік жарық жұлдызына айналды.  Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған береке-бірліктің арқасында тәуелсіз елдің рухани батырына айналды.

Батыр ұрпағы қай ғасырда да текті…

Abai.kz

Сарсүмбе, Қаракөпір
Ғалым Жайлыбай

ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары,

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

Сарсүмбе, Қаракөпір Осы көпірдің оң босағасына жауыздар

Зуқа батырдың басын бірнеше күн іліп қойған деседі.

Qara kopir(Altayqalasi)

Боздайды ботасы өлген ғасыр – інген,

Сен менің алшы түскен асығым ба ең!

Сұлтаным ұлтан болған сонау жылы,

Зуқаның бұл көпірге басын ілген.

Бас мұнда…

қайда қалған жансыз дене?!

айналса опат дей бер нар сүлдеге.

Қартайдым қара көпір саған жетіп

Алтайдың алқасындай Сарсүмбеде.

Сарысүмбе,

Сен не дейсің, Қыран өзен?

Сауалға жауап таппай жылады өзен.

Жасында жазмышымның тамшысы бар

– басыңда тұрса қандай мына кезең.

Сарғайған сағым күнге санам өкіл,

Қайысып қайғы ойламас қала нөпір.

Ғаламның ғазауатын сенен көрдім,

Бабамның басы ілінген, Қаракөпір!

Жартасы,

жағалауы жасыл орман,

Әр тасы өр Алтайдың асыл арман.

Ақынның осы өлкеде шерлі жыры–

Батырдың бұл маңайда басы қалған.

Жалғанға күнде елеңдер шерлі көшім,

алғанда дүрбелеңдер елдің есін.

Сор,

қайғы батырыңның басын алса–

Ол жайлы Қаракөпір,

Сен білесің…

Қолымда қара кітәп,

қап­қара күн,

Уақыттың шер­шеменін ақтарамын.

Қыранның үстіндегі – Қаракөпір

Арасын бөліп жатқан ақ­қараның.

Айт енді,

маған бүгін,

қозға,

сырды!

Білемін Рухым өлмей тозбасымды.

Зуқаның басы ілінген,

Қаракөпір

– Мен сенен іздеп келдім

өз басымды…

Өр Алтайдың бұлттары Жарық барда

жаныңда лауласа үміт,

Хас батырдай аттанған жауға асығып.

Анам түткен түбіттей үлпілдейді,

Өр Алтайдың бұлттары тауға асылып.

Сырбаз кейпі ұқтырып сыртқа дерек,

Жаратылған пендедей жұрттан ерек.

аспандағы аққудың ұлпасындай,

Өр Алтайда бауырым,

бұлт та бөлек.

Әнге басып тұрғандай бала ғашық,

көктің бүгін қалқатай,

жанары ашық:

«…Ауылың көшіп барады таудан асып,

Таудан асқан бұлттармен араласып…».

Бұл өлкенің мінезі таудай бұла,

аспанында ақ нұрлар аунайды ма?

дүркіретіп,

қанатын сілкіп өтіп

– Бүгін жаңбыр жауа ма, жаумайды ма?…

таудан сағым жоғалар жыраққа асып,

тірлік кешсек қайтеді мұраттасып.

…Өр Алтайдың жұртына жұртым ғашық,

Өр Алтайдың бұлтына бұлақ ғашық.

Елді көріп тіктейін еңсемді енді,

Көз суарып кетейін өлсем де енді…

Өр Алтайдың бұлттары­ай,

өре көшкен,

Енді қашан көремін мен сендерді!..

Зер іздесең боларсың зердеңе абай,

Мен келгелі соңымнан ерген Арай.

…Бура бұлтты бұйдалап таң бозында,

тартып кеткім келіп тұр Елге қарай.

Қазақ әдебиетi

Зуқа батыр – 150 жыл: Сұхбат( “Қазақ радиосының” “Қазақ Елі” бағдарламасы)
Зуқа батырдың 150 жылдығына орай “Қазақ радиосының” “Қазақ Елі” бағдарламасынан журналист Ерқанат Көпжасарұлының ақын, филология ғылымдарының кандидаты Бақытбек Бәміүшұлы мен саясаттанушы Досан Баймолдаұлымен жүргізген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.