Kerey.kz/Керей.кз » Марат Тәжин

Марат Тәжинның министр кезіндегі бір ерлігі
Марат Тәжин. Фото: forbes.kz

Дипломат, қоғам қайраткері, қазақ тілінің үлкен жанашыры Сайлау Батырша-ұлының мемлекет және қоғам қайраткері, қазір Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Марат Тәжин туралы естелік әңгімесі.

С.Батырша-ұлы: М.Тәжин дипломатия саласына келмей тұрып, жоғары лауазымды қызметтер атқарғанын білесіздер. Түрлі жиын барысында оның ресми тілде көп сөйлейтінін көруші едім. Содан Сыртқы істер минситрі болып тағайындалды дегенді естігенде «министрліктегі қазақ тілі тағы кері кетеме екен» деп қауіптендім. Бірақ, жаңа министр менің бұл мазасыздығымды өз ісімен айықтыра бастады. Ол жиналыстарда таза қазақша сөйлеп, баяндамаларының денін қазақ тілінде жасай бастады.

Осыған орай мен министрге өзге елдер үшін жазылатын ноталарды қазақ тілінде жазсақ деген ұсынысымды білдірдім. Өйткені, басқа мемлекеттердің дені солай өз мемлекеттік тілдерін қолданады. М.Тәжин бұл ойымды қолдады. Бірақ министрліктің шешіміне Ресейдің Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарников қарсы болды. Дипломатиялық корпустың сол кездегі дуайені (елшіліктердің ішіндегі келген уақыты мен стажы ең көбі, басқа елшіліктердің арасындағы басты өкілдігі болып таңдалады) Түркменстан елшілігі арқылы біздің министрлікке наразылық нотасы келіпті. Онда өздерінің Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің бұл шешімімен келіспейтіндігін, өйткені көптеген елшіліктерде қазақ тілін оқи алмайтынын, соған байланысты алдағы уақытта ноталарды орыс тілінде жазып жіберуі керектігін айтыпты.

Бұны көрген соң менің көңілім су сепкендей басылды. Себебі, Мәскеу не айтса соны үнсіз атқарып үйренген басшылық бұндай наразылық нотасын көргенде жалт бұрылып, құжаттарды орыс тілінде қалдыратын шығар деп ойладым. Алайда, М.Тәжинге хабарласып едім ол қазақ тілінде қалдырамыз деген жауап айтты. Және дуайенге қазақ тілінде жауап хат жазды. Онда «барлық әлем елдерінде қабылдаған халықаралық тәжірибеге сай іс-қағаз сол елдің мемлекеттік тілінде жүреді, Конституция бойынша Қазақстан мемлекетінің мемлекеттік тілі қазақ тілі. Ал, кімде-кім қазақ тілін оқуға мүмкіндігі келмесе тәртіп бойынша аудармашы жалдасын» деп жазылған. Сөйтіп, біз артқа шегінген жоқпыз. Министр М.Тәжин де өз ұстанымында берік тұрды.

Кейін мен Түркіменстан елшісімен кезіккен уақытта нота жайын сұрадым. Соның алдында Әзербайжан және басқа да елшіліктерден нотаға наразылық білдірген-білдірмегендері туралы сұраған едім. Олар наразылық нотасына қол қоймағанын, халықаралық тәртіп бойынша аудармашы алып жұмыс істеп жатқанын айтты. Содан мен Түркіменстан елшісіне «бізді қолдағанның орнына бұл қалай істегендерің деп» сұраған едім ол «қайдан білейік, Ресейдің елшісі келіп, басқа елшіліктермен де келістік, орыс тілінде жазсын деп талап қояйық деген соң солай нота жібердік» дейді. Бірақ, Ресей елшісінің бұл айласы мен қарсылығы бәрібір іске асқан жоқ, М.Тәжин азаматтық көрсетіп, олардың ойлағанын орындатпады.

Міне, Марат Мұхамбетқазыұлы осылай сыртқы істер саласында елеулі істер атқарып, өз қолтаңбасын қалдырған басшылардың қатарына енген болатын.

“The Qazaq Times”

«Тәуелсіздік жолындағы дипломатия» эссе-диалог кітабынан үзінді. Авторы Мұрат Алмасбекұлы

ТӘЖИН ОРАЛДЫ. САЯСИ РЕФОРМА БАСТАЛА МА?
Астанада тағы да ауыс-түйіс. Осы уақытқа дейін Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі болып қызмет еткен Марат Тәжин Президент жарлығымен қайтып оралды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Марат Мұханбетқазыұлы ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған.

Ал бұл қызметті атқарып келген Бағлан Майлыбаев Мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылған.

«Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылсын», — делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.

Марат Тәжин – әлеуметтану ғылымдарының докторы. Бір жылдары Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды. Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Президенттің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болды. 2007 жылы қантардың 11-інде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 2013 жылдың 16 қаңтар күні Президент өкімімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы лауазымын иеленді. 2014 жылдан бері бүгінге дейін Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып қызмет етті.

Марат Тәжиннің елге оралуына қатысты саясаткерлер түрлі болжамдар айтуда. Тіпті, Марат Мұханбетқазыұлының Қазақстанға оралуы елдегі болатын саяси реформаның бастамасы деген пікірлер де бар.

Әміржан Қосанов, саясаткер:

- Тәжин мен Майлыбаевты салыстыруға болмас: екеуі – екі бөлек болмыс. Бұл кадрлық өзгерістің бір оң тұсы бар: Елбасы мемлекеттің ішкі саясатының дағдарысқа ұшырағанын түсінген сияқты. Сондықтан да осындай маңызды қадамға барып отыр. Тәжин, сөзсіз, досы да, дұшпаны да мойындаған интеллектуал, саяси технолог, тереңнен ойлайтын, алысты болжай алатын стратег. Нақты, практикалық саясаттағы тәжірибесі де баршылық. Ондай адамдар билік ішінде саусақпен санарлықтай. Елбасы билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу туралы айтып жатыр, тиісті жұмыс тобын құрды. Тәжиннің басты миссиясы сол жұмысты ұйымдастыру болар. Бірақ бір үлкен сұрақ бар. Тәжиннің таланты мен тегеуріні шынайы, елді алға жетелейтін, транзиттік кезеңде мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ете алатын саяси реформа жасауға жұмсала ма, әлде тағы да, саяси жүйені сылап-сипап қана қоятын көзбояушылыққа пайдаланыла ма? Оны уақыт, Елбасы, Тәжин… өздері көрсете жатар…

Abai.kz