Kerey.kz/Керей.кз » МҰСТАФА ШОҚАЙ

ЖАТ ЖЕРДЕ ҚАЛҒАН ҚАЗАҚТАР
Кеңестік жылдары қазақ халқына қарсы жасалған большевиктердің зұлымдық саясатының құрбаны болған  талай мыңдаған, миллиондаған қазақтың сүйегі атажұртынан тыс жерлерде, жат жұртта қалды. Әсіресе, большевиктердің қолдан ұйымдастырған  1929-1933 жылдарғы ашаршылық кезінде қазақ жерінен ауып, шетелдерге бас сауғалаған талай  қазақ сол жақта өлім құшты. Көбі көмусіз иен далада қалды.

Бірақ біздің айтпақ болып отырғанымыз, «Ұлы Отан соғысы» деп аталатын Германия мен СССР арасындағы 1941-1945 жылдары Екінші дүниежүзілік соғысқа қатыс­қан талай боздақтың елге қайтпай, жат жұртта қалғаны. «Соғыс тұтқы­ны» аталған осы қазақтар соғыс біт­к­ен соң «елге қайтсақ, сталиндік террордың құрбаны болармыз» деген қауіппен Германияда қалуды жөн санайды. Олардың көбі «Түр­кіс­тан легионы» құрамында болды. Кезінде Мұстафа Шоқайдың көме­гі­мен неміс концлагерлерінен бо­сан­ған осы азаматтардың кейбірі қазақ тілінде газет, журналдар шыға­рып, онда өздерінің атажұртқа де­ген сағынышқа толы ойлары мен мақалаларын жазып тұрды.

Солардың бірі соғыс жылда­рын­да Берлин қаласында шығып тұрған «Милли әдебиет» (Milli Adebyet) журналының бас редакторы болған Мәжит Айтбай еді. Ол 1914 жылы Қызылорда облысында дүниеге келіп, Алматыда Қазақ педа­го­ги­ка­лық институтын бітірген соң, 1937-1939 жылдары Қызылорда педа­­гогикалық институтында оқы­­ту­­шы, студенттер даярлау кур­сының бастығы, Қазақстан Жазушылар ода­­ғынының Қыз­ы­лорда облы­сы бойынша бөлімшесінің бас­ты­ғы қызметтерін атқарған. 1941 жылы соғыстың алғаш­қы күн­­де­рі неміс қолына тұтқынға тү­се­ді. М.Шоқайдың көме­гімен неміс концлагерінен босан­ған ол, «Түркістан ұлттық бірлік комитетіне» мүше болып, «Жаңа Түркістан» (Jeni Turkestan), «Милли Түркістан» (Milli Turkestan) газеттерін шығарысқан, 1943 жылы Берлинде «Абылай хан» атты өлеңдер жинағын шығарған. Оған екі дастан, үш баллада, төрт ән, 41 өлеңі енген. Шығармаларын «Қобызшы Қорқыт» деген бүркеншік атпен жазған, Мәжит Айтбай 1945 жылы АҚШ пен Англияның Дрезден қаласына жасаған әуе шабуылы кезінде қаза болды. Марқұмның қабірі қайда екені белгісіз қалды.

Жат жерде қабірінің қайда еке­ні белгісіз қалған тағы бір қа­зақ Мәулікеш Қайбалды (Асан қайғы) Ленинград университетінің философия факультетін бітірген соң, Алматы университетінде орыс әдебиеті пәнінен сабақ беріп жүргенде әскерге шақырылып, соғыс кезінде немістердің қолына тұтқынға түскен. Оны Мұстафа Шоқайдың өзі тұтқыннан босат­ты­рып, Берлинге алдыртқан екен. Соғыста немістер қолына түс­кен, ортаазиялық және қазақ­стан­дық тұтқындар арасын­да таратылып тұрған «Милли Түр­­кіс­тан» журналында «Асан қайғы» деген бүркеншік атпен Мәулікеш Қайбалды Алашорда қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев және Сәкен Сейфуллин мен Бейімбет Май­линнің жазған еңбектерін көп­ке таныстыруда біршама ең­бек еткен. Өз білім жігерін үл­кен мақсатқа жұмылдырған М.Қай­бал­ды Берлинде сегіз айлық ау­дармашылар курсын оқып біті­ре­­ді, одан кейін Майндағы Франк­фурт университетінің неміс фи­ло­софиясы және ағылшын тілі факультетінде білім алады. Оның неміс журналдарында әдеби мақа­ла­лары жарияланып тұрады. Гер­ма­нияда неміс тілінде «Жұмақтан жеткен жансауға үні» атты романы жеке кітап болып, жарық көреді. «Азаттық» радиосының «Түркістан» редакциясының алғашқы дирек­то­ры болып істеген Асан қайғы (Мәулікеш Қайбалды) 1969 жылы белгісіз жағ­дай­да қайтыс болады. Оның өлі денесі Мюнхен қаласы шетіндегі теміржол бойынан табыл­ған. Мар­құм­ның қабірі о баста Мюн­хен қаласының шетіндегі мұсыл­мандар зиратында болса, кейін ол жерден шығарылып тасталған.

Соғыс тұтқыны ретінде елге қайт­пай, Германияда қалуды жөн санаған қазақтардың бірі – Қарыс Қанатбай. 1911 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. 1936 жылы Свердловск қаласындағы тау-кен институтын бітірген соң, Қазан қаласында инженер, кейінірек басшы қызметтерін атқарған. Герман – Кеңес соғысына офицер шенінде қатысып, 1941 жылы тұтқынға түсіп, түрмеден Мұстафа Шоқайдың көмегімен босап шығады. 1942 жылы Түркістан ұлттық комитетінде жауапты хатшы қызметін атқарған. Түр­кістанның ұлттық тәуелсіздігі үшін қызмет еткен тұлғалардың ара­­сында Қарыс Қанатбай есі­мі Мұстафа Шоқайдан кейін ай­ты­ла­ды. 1951 жылдың қыркүйек айын­да Мюнхен қаласында «Түркелі – Түркістан Азаттық Комитетінің органы» деген атпен екі тілде: түрік­ше және орысша «Түркелі» жур­­налын шығарып тұрған. Ол – «Азаттық» радиосының Орта Азия редакцияларының ашылуына тіке­лей араласқан, өзіндік ықпалы болған күрескер тұлға. Қ.Қанатбай антикеңестік эмигранттардың Вис­ба­ден конференциясына делегат ретінде қатысқан. Қ.Қанатбайдың жазған естелігі, жарияланған ең­бек­те­рі бізге әзірше беймәлім. Неміс әйелге үйленген Қарыс Қанат­бай­дың артында ұрпақ қалмаған. Дегенмен де оның көптеген тарихи маңызды істерге куә екені белгілі, ол 1982 жылы 71 жасында қайтыс болды. Марқұмның қабірі Мюнхен қаласының шетіндегі мұсылмандар зиратында жатыр.

Екінші дүниежүзілік соғыста немістер қолына тұтқынға түсіп, кейін Германияда қалып қойған тағы бір қазақ – Дәулет Тағыберлі (1919-1987). Дәулет Тағыберлі Арқа жақтағы керей руынан, соғыстан бұрын Қазақстанның оңтүстік бөлі­гін­де тұрыпты. Оның соғыс кезінде қашан, қалай тұтқынға түскені және одан кейін қайда болғаны анық емес. «Азаттық» радиосының «Түркістан» редакциясында Асан қайғыдан кейін қызмет істеген – қазақ бөлімінің жеке редакция болып құрылуына белсене атсалысқан қазақтардың бірі. Д.Тағыберлі басқарған кез­де­гі «Азаттық» радиосының «Түркіс­тан» редакциясында болған бір айтулы оқиға – қазақ тілінде ғана ха­бар беретін «Түркістан – 3» деп атал­ған редакцияның жеке бөлі­ніп шыққандығы. Неміс әйелге үй­­леніп, өмірінің соңғы жылдарын АҚШ-та өткізген Д.Тағыберлі 1987 жылы қайтыс болып, сүйегі Мюн­хен қаласындағы мұсылмандар зира­тына жерленген.

Жат жерден топырақ бұйырған тағы бір қазақ – Жәкебай Бапыш (1922-2000). Қызылорданың Қармақшы ауданында дүниеге ке­­ліп, сондағы пединституттың екін­ші курсын бітірген соң 18 жа­­сында әскерге алынып, кіші офи­цер­лер курсын оқып жүргенде соғыс басталады. Майданда қор­шау­да қалып, тұтқындалған. 1945 жылы неміс түрмесінен қашып шы­­­ғып, қалжырап, сырқаттанып, та­­лай бейнетті көріп, әрең деп өлім ауызынан қалған соң, елге қай­т­пай, Германияда қалып қой­ған қазақ. Қиыншылықтарға қарамастан, Германияның Нюрн­берг қаласындағы радио-техника институтына оқуға түсіп, «Азаттық» радиосының көмегі мен қолдауы арқылы сол білім ошағын ойдағыдай бітіреді. Д.Тағыберліден кейін радио­ның қазақ бөлімшесінің директоры болған Жәкебай Бапыш – радиода 1955 жылдан 1986 жылға дейін 31 жыл, ең көп жұмыс істеген ардагер қызметкер. Өмірінің соңғы жылдары Мюнхенде өмір кешкен, Ж.Бапыш ақсақал 2000 жылы 31 мамырда 78 жасында қайтыс болды. Қазір Мюнхен қаласының шетіндегі мұсылмандар зиратында жатыр.

Германия жерінде топырақ бұйырған тағы бір қазақ – белгілі диссидент Махмет Құлмағамбетов (1930-2009). 1930 жылы Қостанай облысының Меңдіқара ауданында дүниеге келген. Кейін Қазақ мем­­лекеттік университетінің фи­ло­со­фия факультетін бітірген. 1954-1958 жылдар аралығында Түр­­кіменстандағы Чарджоу жо­ғары оқу орнында және одан ке­йін Қырғызстанның Фрунзе қа­­ласындағы медицина және по­ли­­­техника институттарында дә­­ріс берген. М.Құлмағамбетов ке­ңес билігіне қарсы үгіт-насихат жүр­гізіп, марксистік-ленинистік бағытты қатаң сынағаны үшін 32 жасында тұтқындалып, 1963 жылы Қазақ КСР Жоғарғы сотының үкімімен 7 жылға сотталып, жаза­сын қатаң режимдегі колонияда өтеу­ге кесіледі және 3 жылға жер аударылады. Жазасын өтеп шық­қан­нан кейін М.Құлмағамбетов елге қайтпай, Украинаның Харьков қаласында тұрған. 1970 жылдардың соңында Кеңес Одағынан ше­тел­­ге эмиграцияға шыққан М.Құл­ма­ғам­бетов «Азаттық» радиосына сая­­си шолушы ретінде қызметке тұ­рып, өмірінің соңына дейін Кеңес елі­нің шындық жай-күйін, өзі көріп біліп, басынан кешкен ауыр да тау­қыметі қиын жағдайларды «Азат­­тық» радиосының толқыны арқылы талмай баяндайды. Махмет Құл­ма­ғамбетов 2009 жылы 78 жа­сын­да Мюнхен қаласында қайтыс болды.

«Азаттық» радиосында ұзақ жыл­­­дар қызмет еткен Хасен Орал­тай 2006 жылы Түркияның Из­мир қаласында жарық көрген «Елім-айлап өткен өмірден соң» кітабында, Германияның Мюнхен қаласындағы және Берлиндегі мұ­­сыл­­мандар мазарында жатқан қа­зақтар қабірінің жағдайына алаң­­даушылық білдіре отырып, «Берлиндегі мұсылмандар мазарына Мұстафа Шоқай жерленген, ал Мюнхендегі мұсылмандар мазарын­да ондаған қазақтың қабірі бар бо­ла­тын-ды. Қазір олардың көбі орнында жоқ, жыл сайын төленуі тиіс ақша төленбегені үшін немістер жағынан қабірлерінен шығарылып тасталған. Қазақстанда зиялы қауымға есімі белгілі Мәулікеш Қайбалды (Асан Қайғы) қабірінен шығарылғандар қатарында» деп дабыл қаққаны есімізде. Жат жұртта қалған қазақтар тағдырын осылайша сөз еткен қоғам қайраткері, жазушы, публицист Хасен Оралтай 2010 жылы 77 жасында Мюнхенде ауыр науқастан қайтыс болды. Марқұмға бауырлас Түркия жерінен топырақ бұйырып, Салихлы қаласының орталық мазарындағы әкесі Қалибек Раймбекұлы Хакімнің қасына жерленді.

Жуырда Орал қаласынан Се­рік Қанатбай есімді азамат осы ма­қа­ла­ авторының жөн сілтеуімен Мюнхен қаласына барып, қала шетіндегі мұсылмандар зиратында жатқан атасы Қарыс Қанатбайдың қабіріне бас иіп, Құран оқытып, елден апарған бір уыс топырақты сеуіп қайтты. Қаншама жылдар бойы атасының қабірінің дәл қайда екенін біле алмай жүріп­ті. Аталарының қабірінің суре­тін тауып, интернет арқылы жол­­дағанымда барлық туыстары жи­на­лып, ұлар-шу болыпты. Кеңес жылдары аталарын іздеуге, сұрау салуға тыйым салынғандықтан, тә­уел­сіздіктің арқасында ғана ұзақ жылғы сағыныш армандары осы­лай орындалса да сол маңайдағы қа­зақтардың қабірлерінің елеусіз күйде, ешбір қоршаусыз, көбін арамшөп басып кеткені жанын ауыртыпты. Неміс заңы бойынша әр қабірдің жеріне марқұмның туыс-туғандары жер салығын, яғни, шамамен жылына 70-80 евро көлемінде төлемақы төлеп тұрулары тиіс екен. Немістер бол­са, марқұм болған туысқандары үшін жер салығын бірден 10 жыл не 20 жыл уақытпен төлеп тастайды екен. Осы уақытқа дейін Түркиядан Германияға жұмыс істеуге барған «гастарбайтер» қазақтар «соғыс тұтқыны» ретінде елге қайтпай, Гер­ма­нияда қалып қойған осы қа­зақ­­тардың қабірлерінің басына барып, Құран оқытып, шама-шарқынша жер салықтарын төлеп жүріпті. Қазір ол қазақтар да қартайып, қай­сы­бірі бұл өмірмен хош айтысса, қайсыбірі Түркияға қайтып кеткен. Естуімізше, егерде жер салығы бірнеше жылдар бойы төленбесе, он­да неміс өкіметі қабірді сүріп тас­тап, жерді басқаға сатуға құқылы көрінеді.

Осы орайда басқа елдердің жат жұртта қалған өз адамдарына деген ықылас, пейілі қалай болатыны туралы мына жайтқа көңіл аударуды жөн көрдік. Туысқан Әзербайжан елінің бұрынғы президенті Әбілфейіз Елшібей ресми сапармен Түркия астанасы – Анкараға барған күні ертеңінде ерте тұрып, қасына молда ертіп, сондағы зиратта жерленген Әзірбайжанның 1918-құрылған Ұлттық үкіметінің бастығы Мехмет Емин Расулзаденің қабіріне барып, Құран оқытыпты. Мұны марқұм Хасен Оралтай ағадан естіген едім.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қазақ жеріне де соғыс тұтқыны ретінде әкелініп, ауыр жұмыстарға са­лын­ған жапон әскерлерінің қай­сы­бірі қиын, ауыр жағдайға шы­­дамай о дүниелік болғаны бел­гілі. Кейін Жапония үкіметі Қазақстандағы сол азаматтарының жат­қан қабірлерін тауып, олар­ға ескерткіштер тұрғызып, сырты­на қоршау салдырып, күзет қой­дыр­ғаны туралы естіген боларсыз. Ол ол ма, Жапониядан шетелдерге баратын үкіметтік деңгейдегі деле­га­­цияның өзі егер сол елде жапон сар­баздарының қабірі бар болса, міндетті түрде соған барып, гүл шоқтарын қойып, тағзым етеді екен. Қазақстаннан шетелдерге баратын үкіметтік делегацияның сол елдерде қандай бір себептермен қалып қойып, жат жерден топырақ бұйырған қазақтарын іздепті деген хабарды естімедік. Неге солай? Хасекеңнің айтуынша, Әзір­бай­жан президентін таң атпай Ан­ка­ра зиратына апарған – оның бо­йындағы бұлқынған рухани күш пен ұлттық сананың жоғары болуы.

Қазақ халқы да – ғасырлар бойы өлгенін құрметтеп, еске алып, жоқтап өскен халық. Сон­дық­тан да «өлі риза болмай, тірі байымайды» деген қанатты сөз бар. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жақындағы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақала­сын­да қазақ халқының алдындағы рухани жаңғыру қажеттілігін алға қойғаны белгілі. Ендеше, жат жұрт­тан топырақ бұйырған осы қазақ­тарды үнемі еске алып, олардың қабірлеріне қоршау тұрғызып, ие болу бәріміздің әсіресе, ең әуелі ел үкіметі тарапынан жасалуы тиісті маңызды іс.

Бұл орайда, Берлиндегі түрік зиратына жерленген Мұстафа Шоқайдың қабіріне және Германия­ның Мюнхен қаласының шетіндегі мұсылман зиратында елеусіз жат­­қан «соғыс тұтқыны» болған қа­зақ­­тарға Берлиндегі Қазақстан елшілігі, Мюнхен қаласындағы Қазақстанның бас консулдығы иелік етсе, біздің нағыз ел екенімізді халықаралық деңгейде жақсы жағынан таныта алатын тағы бір оңды іс болған болар еді.

Досан Баймолда                                                                                                                                                                                                                                 «Айқын» газеті

МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ БЕЙІТІН ҚАЛАЙ ТАПТЫҚ?
27 желтоқсан қазақтың бір туар мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқайдың дүниеден қайтқан күні. Осыдан тура 75 жыл бұрын, атап айтқанда 1941 жылы 27 желтоқсан күні Берлинде Уиктория Кранкенхауста дүние салған еді. Жұбайы Мария Яковлевна Горина сонда азаматтық істеп Шоқайды сол дүниежүзілік соғыс жылдарынын қиын қыстау кезінде Берлиндегі түрік зиратына жерлеуге мұрындық болды. Біз сол үшін Мария Яковлевнаға қарыздармыз. Сөйтіп есіл ер 1942 жылы 2 қаңтар жұма күні Берлиндегі түрік шәйіттері зиратына жерленді. Бірақ соғыстан кейін сол зират елеусіз, ескерусіз қалды. Кеңес Одағы тұсында Қазақстаннан Берлинге Шоқайдың бейітін іздеп келу былай тұрсын, оның ел ішінде атын атауға тиым салынды.

Шоқайдың бейітін сонда алғаш кім іздеді, кім тапты деген сұрақ ойға келеді. Оны тапқандар Германия қазақтары. Біз сол оқиғаның бел ортасында жүрген, бүгіндері Алматыда Райымбек ауданында өмір сүретін Зуқа батыр ұрпағы Арслан Тосын ағамызбен осыдан екі жыл алдын, айтқанда 2014 жылы, 24 қыркүйек күні кездескенде сұхпаттасып айтқандарын бастан аяқ жазып алып едік. Бүгін Қазақстан, тіпті бүкіл Орталық Азия елдерінің тәуелсіздігі үшін саналы өмірін арнаған Мұстафа Шоқайдың дүниеден өткеніне 75 жыл толуына байланысты бейітінін қалай табылғаны туралы Арслан ағаның айтқандарын төменде назарларыңызға ұсынамын.

“1966 жылы алғаш Германияға барған кезіміз. 5 жолдаспыз. Бекей, Ырысбай, інісі және бір кісі. Берлинге келдік. 3-4 күн демалық ес жиғаннан кейін, Берлинде деп естіген Шоқайдың бейітін іздейік деп келістік. Тіл білмейміз. Ым қағып сөйлейміз. Шоқай дейміз, қазақ дейміз, өлген дейміз. Ешкім білмейді. Әйтеу, сөйтіп жүріп бір қанша неміс бейіттерін аралап шықтық. Үш күн іздедік. Таба алмадық.

Үшінші күні Темплог дейтін жерде едік. Біреу: “Мына жақта бір бейіт бар. Бірақ түріктікі. Түріктердін бейіті бар. Сонда болмасын” деді. Біз не болса болсын, оны да көрейік дедік. Ол кезде машина көп жоқ. Жаяу жүріп барып таптық. Биік дуал, дуалдың үсті тікенекті сымдардармен қоршап тастаған. Үлкен темір есігі құлыптаулы.

Көп те жақындай алмаймыз. Өйткені немістің кемпір шалдары қиын болады. Сөйтіп бес адамның құлыптаулы бейіттін айналысын торып жүргенін көрсе, милицияға шағым жасайды. Сөйтіп бізді қамап тастай ма? деп алаңдаған жайымыз да бар. Оның үстіне өзіміз Германияга жаңа келдік. Заң білмейміз, тіл білмейміз.

Есікте жазу бар екен. Онда бейіттің Осман патшаларынын елшілері мен консулдарының бейіті екені жазулы. Бейіттің ішіне кіру мүмкін емес. Дуал биік, оның үстіне тікенекті сым темірдер. Сөйтіп бейітті айнала қарап кіретін тесік, қолайлы жер іздедік.

Осылайша алаңдап қарап тұрғанда бір кемпір мен шал көрінді. Бізді көріп қасымызға келіп нағып тұрғанымызды сұрады. Біз ымдап қазақпыз, соғыста адамымыз өлген еді. Сонын бейітін іздеп жүрміз. Мынаның ішінде ме екен деп жүрміз. Оның аты Мұстафа Шоқай, Шоқай дедік. Шал бізге қарады. Түсінді. Бір көзін қысып тұрып “Шоқай, Шоқай” деп күбір күбір етіп ойланды. Сәлден соң, “Иә, иә, Шоқай деген бір бейіт осында бар еді” деді.

Қуанып кеттік. Енді табады екеміз дестік. Бірақ зиратқа кіру мүмкін емес. Қоршаған дуал, тікенекті сым темірдер. Тағы қарай бастадық. Бір жерінде дуал аздап шөгіп темір сым өтетіндей болыпты. Бесеуміз қарап тұрдық. Кім секіріп дуалдың ар жағына түседі дедік. Ешкім ұмтылмады. Сонда не болса да, мен көрейін дедім. Жігіттердің көмегімен дуалға шығып сымдардың үстінен ар жаққа секіріп түстім.

Дуладың іші толған бейіт екен.  Ары қарап бері қарап жүріп Шоқай жазулы бейітті таптым. Дуалдың ар жағындағы жігіттерге айғайладым. “Бар екен, таптым” дедім.

Олар “Онда сен бейіттің басында тұрып Құран оқы, біз осы жерден әумін дейік” деді. Сөйтіп мен Құран оқыдым. Олар сырттан әумін деді.

Осыдан кейін қайтайын десем, 2,5 метр биіктігіндегі дуалға шыға алмаймын. Сырттағы жолдастарыма ағаш бір деме тауып келіндер шығайын десем, олар ағаш жоқ қайдан табамыз дейді. Енді шыға алмайтын болған сон, олар “Біз үйге кеттік ертен сені бір деме қып шығарып аламыз. Бүгін сен Шоқайдың қасында жат” деп кетті. Олар кетпей мен не істейді екен деп біраз жерге барып күтіп отырады.

Ал мен бейіттің ішін араласам бүгін мешіт салынған жерде ағаштар жатыр екен. Мешіт ол күнде жоқ еді. Мешіт 70-ті жылдардан кейін салынды.

Ағашты дуалға сүйеп шықтым. Секіре бергенге дуалдағы тікенекті сымдар шалбарымның арт жағынан тіліп кетті. Сөйтіп жыртық шалбармен үйге қайттым.

2-3 айдан кейін сол мандағы әскери басқармаға барып бейітті ашып беруін айттық. Ол кезде бір немісше де үйреніп қалдық. Бір аскер бізбен жүрмекші болды. Қай жерде деді. 3 км дегенде ұзақ бармаймын деді. Онда машинамен барайық деді. Сөйтіп бір машинамен бейітке бардық. Онын күзетшісіні таптық. Күзетшіге есікті аш десек, кілті жоқ ашалмаймын деді. Кілтті тот басқан екен.

Сөйтіп қайтып келдік. Арадан 3 жыл өткеннен кейін 1969 жылы қайта барсақ, есігі ашылыпты. Түріктер ашып тазалапты. Сөйтіп онда естелік болсын деп Бекей Сарбас, Ырысбай Ерол, Нигметолла (Дюрін деп те атайды) Ұзман төртеуміз суретке түстік.”

Міне бұл Арслан ағамыздың өз аузынан Шоқай бейітінің табылу хикаясы. Қазақ халқы, тіпті бүкіл түркі халықтары үшін құрбан болған Шоқайды Алла алдынан жарылқасын, жатқан жері торқа, барған жері ұжмақ болсын!

Әбдіуақап Қара

Мимар Синан Көркем Өнер Университетінің

профессоры, тарих ғылымының докторы

abdulvahapkara.com