Kerey.kz/Керей.кз » Нұрсұлтан Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
КІРІСПЕ                                                                                                                                                                                                                                                  Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.  Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық.              Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.         Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ­сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет­кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес.                                      Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық. 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағ­дарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен төл тарихымызға қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинап, зерттедік. Енді осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды бастағалы отырмыз.    Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қа­лай қадам басатынымыз және бұқаралық сана­­ны қалай өзгертетініміз туралы көзқарас­тарым­ды ортаға салуды жөн көрдім. І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.                                       ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас­тау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.   Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық.   Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс­ты­рып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле­сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр­намасы.   Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен  ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын.   Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қа­зақ­стан­дықтың санасын жаңғыртудың бір­неше бағы­тын атап өтер едім.                                                                                                                                                                                                                     1. Бәсекелік қабілет Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық­тың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана та­быс­қа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа­бі­летімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ­стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы,  ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.                                                                                                                                                                                                                                     2. Прагматизм Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгерт­пейінше, біздің толыққанды жаңғы­руымыз мүмкін емес. Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады. Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді. Тек өткен ғасырдың ортасында, небәрі бірнеше жыл ішінде миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Ықылым замандардан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, ас та төк ысырапшылдыққа ұласты. Соның кесірінен, Жер-Ана жаратылғаннан бері шөбінің басы тұлпарлардың тұяғымен ғана тапталған даланың барлық құнары құрдымға кетті. Түгін тартсаң майы шығатын мыңдаған гектар миялы жерлеріміз экологиялық апат аймақтарына, Арал теңізі аңқасы кепкен қу медиен шөлге айналды. Осының бәрі – жерге аса немқұрайлы қараудың ащы мысалы. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті  көрсетеді.   Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы. Бұл – заманауи әлемдегі бірден-бір табысты үлгі. Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі, елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда болады.                                                                                                                                                                                                                             Өкінішке қарай, тарихта тұтас ұлттардың ешқашан орындалмайтын елес идеологияларға шырмалып, ақыры су түбіне кеткені туралы мысалдар аз емес. Өткен ғасырдың басты үш идео­логиясы – коммунизм, фашизм және либерализм біздің көз алдымызда күйреді. Бүгінде радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Енді айқын, түсінікті және болашаққа жіті көз тіккен бағдарлар керек. Адамның да, тұтас ұлттың да нақты мақсатқа жетуін көздейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола алады. Ең бастысы, олар елдің мүмкіндіктері мен шама-шарқын мұқият ескеруге тиіс. Яғни, реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды.                                                                                                                                                                                     3. Ұлттық бірегейлікті сақтау Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгіле­рі­нің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгі­сін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ре­тінде қарастыруда болып отыр. Алайда, өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй­лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана. Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мей­лін­ше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді. Мысалы, жершілдікті алайық. Әрине, туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ, одан да маңыздырақ мәселені – өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте  болмайды. Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қос­қан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап баға­ланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейді. Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отыр­ғандағы мақсатым – бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақ­стан­дық­­тардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.                                                                                                                                                                                                                                                                                     4. Білімнің салтанат құруы   Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.   Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маң­дайалды университеттерінде оқытып, дайын­дадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жыл­дарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдар­ламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгей­дегі бірқатар университеттер ашылды, зият­керлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды.   Дегенмен, білімнің салтанаты жалпыға ор­тақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себеп­­тері бар. Технологиялық революцияның беталы­­сына қарасақ, таяу онжылдық уақыт­та қазір­гі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді. Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген. Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.   Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлі­нетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлем­дегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санаты­на қосылып отырмыз.     Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.                                                                                                                                                                     5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы Биыл Еуразия құрлығының ұлан-ғайыр ау­ма­ғын астаң-кестең еткен 1917 жылдың қазан айын­дағы оқиғаға 100 жыл толады. Күллі ХХ ғасыр революциялық сілкі­ніс­терге толы болды. Бұл осы аумақтағы барша ұлт­­­тар­ға мейлінше әсер етіп, бүкіл болмысын өзгерт­ті.   Әрбір жұрт тарихтан өзінше тағылым алады, бұл – әркімнің өз еркіндегі шаруа. Біреуге өзіңнің көзқарасыңды еріксіз таңуға ешқашан болмайды. Бізге тарих туралы өздерінің субъективті пайымдарын тықпалауға да еш­кім­нің қақысы жоқ. Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке то­лы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды. Біріншіден, ұлттық дамудың ықылым заманнан жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды.         Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демо­графиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді. Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құр­дымға кете жаздады. Төртіншіден, еліміздің көптеген өңірлері эко­ло­гиялық апат аймақтарына айналды. Әрине, тарих тек ақтаңдақтардан тұрмайды. ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де берді. Индустрияландыруды, әлеуметтік және өнді­рістік инфрақұрылымдардың құрылуын, жаңа ин­теллигенцияның қалыптасуын осыған жат­қызуға болады. Бұл кезеңде елімізде белгілі бір  жаңғыру болды. Бірақ, бұл – ұлттың емес, аумақтың жаң­ғы­руы еді. Біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек. Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен  мазмұны түбегейлі өзгерді. Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақи­қатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өр­кен­деуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді. Бұдан сабақ ала білмесек, тағы да тарихтың темір қақпанына түсеміз. Ендеше, эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс. Бірақ, қоғамның эволюциялық дамуы қағида ретінде мәңгі тұмшаланудың синонимі емес.   Сол себепті, тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп,  болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды. Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, эко­номикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз.   Сондықтан, әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйе­сінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұ­мысының бір бөлігі.                                                                                                                                                                           6. Сананың ашықтығы Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің «от басы, ошақ қасы» аясында қалуынан туын­дайды. Бір қарағанда, жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш дәлелдеуді қажет етпей­тіндей. Еуропалық Одақтың 400 миллионнан астам тұрғыны ана тілдері – неміс, француз, испан, итальян немесе басқа да тілдерді  сыйламай ма? Әлде 100 миллиондаған қытай мен индонезиялықтар, малайлар ағылшын тілін еріккеннен үйреніп жатыр ма? Бұл – бәзбіреулердің әншейін қалауы емес, жа­һандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс істеудің бас­ты шарты.   Бірақ, мәселе бұған да тіреліп тұрған жоқ. Са­наның ашықтығы зерденің үш ерекшелігін біл­діреді. Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.   Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек. Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава – Жапония мен Қы­тай­дың бүгінгі келбеті – осы мүмкіндіктерді тиімді пай­даланудың нағыз үлгісі. «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – та­быстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсет­кіш­терінің бірі. Егер қазақстандықтар жер жүзіне үйден шық­пай, терезеден телміріп отырып баға беретін болса, әлемде, құрлықта, тіпті іргедегі елдерде қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды. Көкжиектің арғы жағында не болып жатқанын да біле алмайды. Тіпті, бірқатар ұстанымдарымызды түбегейлі қайта қарауға мәжбүрлейтін сыртқы ықпалдардың байыбына барып, түсіне де алмай қалады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          ІІ.  ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР                                                                                                                                                                      Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағи­да­ларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді. Осыған байланысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынамын. Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық.   Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатынын білесіздер.   VI-VII ғасырлар – ерте орта ғасыр кезеңі. Бұл уақытта Еуразия құрлығында ғылымға «Орхон-Енисей жазулары» деген атаумен танылған көне түркілердің руникалық жазуы пайда болып, қол­данылды. Бұл адамзат тарихындағы ең көне әліпбилердің бірі ретінде белгілі. V-XV ғасырларда түркі тілі Еуразия құрлы­ғының аса ауқымды бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі болды.   Мәселен, Алтын Орданың бүкіл ресми құ­жат­тары мен халықаралық хат-хабарлары негізінен ортағасырлық түркі тілінде жазылып келді. Халқымыз Ислам дінін қабылдаған соң руни­калық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бастады. Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Ко­мис­сар­лары Кеңесінің Президиумы латындан­дырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі ал­фавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқын­далып келді. Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім. Бұл – сол кезден барлық салаларда біз латын қар­піне көшуді бастаймыз деген сөз.   Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліп­биімен басып шығара бастауға тиіспіз.   Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қа­жетті дайындық жұмыстарына қазірден кірі­семіз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көші­ру­дің нақты кестесін жасауы керек. Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр­дағы ғылы­ми және білім беру процесінің ерекше­лік­теріне байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес.       2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет.   Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс. Әрине, жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде бел­гілі бір уақыт кириллица алфавиті де қол­даныла тұрады.   Екіншіден, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға аламыз. Оның мәні мынада:                                                                                                                                                                    1. Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Гуманитарлық зиялы қауым өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарындағы гума­нитарлық кафедраларды қайта қалпына келтіру арқылы мемлекеттің қолдауына ие болады. Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет.                                                                                                                                                                                        2. Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таң­даулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз.                                                                                                                                                                    3. Ол үшін қазіргі аудармамен айналысатын құрылымдар негізінде мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросын құру керек. Ол Үкіметтің тапсырысы бойынша 2017 жылдың жазынан тиісті жұмыстарға кірісе бергені жөн. Бұл бағдарлама арқылы неге қол жеткіземіз?   Ең алдымен, жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім бере бастаймыз. Бұл – білім саласындағы жаһандық бәсекеге не­ғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз.     Оған қоса, жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қо­ғам­да ор­нықтыратын басты күшке айналады. Осылайша, болашақтың негізі білім орда­ларының аудиторияларында қаланады.         Біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық. Әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-ақ жемісін бере бастайды. Сол себепті, уақыт ұттырмай, ең заманауи, таңдаулы үлгілерді алып, олардың қазақ тіліндегі аудармасын жасауымыз керек. Бұл – мемлекеттің міндеті.   Үкімет мұны аудармашы мамандармен қамтамасыз ету, авторлық құқық, оқу-әдістемелік бағдарламалар мен профессорлық-оқытушылық құрамды белгілеу сияқты жайттарды ескере отырып, кешенді түрде шешуі керек. Үшіншіден, Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады. Мәселен, «Ауылым – әнім» атты әнді  айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл – мағынасы өте терең сөздер. Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті. Туған жерге деген сүйіспеншілік нені біл­діреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде? Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді  абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс. Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек. Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағ­дар­ла­масын жинақылықпен және жүйелі­лікпен қолға алуға тиіс. Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек. Бұл жерде де көп жұмыс бар.   Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жо­ғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады.   Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады. Төртіншіден, жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағ­дар­ламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген. Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз. Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ.   Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мав­золейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жеті­судың киелі мекендерін және басқа да жерлер­ді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді. Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлт­тық бірегейлігінің мызғымас негізін құрай­ды. Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек. Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құн­ды­лықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз. Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі. Сондықтан, мыңжылдық тарихымызда біз алғаш рет осындай ауқымды жобаны жасап, жүзеге асыруға тиіспіз.     Биыл Үкімет жұртшылықпен ақылдаса отырып, жобаны әзірлеуі керек.  Онда үш мәселе қамтылғаны жөн. Нақтырақ айтқанда:                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       1. Аталған «Мәдени-географиялық бел­деу­дің» рөлі мен оған енетін орындар туралы әрбір қазақстандық білуі үшін оқу-ағарту дайындығын жүргізу қажет.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          2. БАҚ осыдан туындайтын ұлттық ақпараттық жобалармен жүйелі түрде, мықтап айналысуы керек.                                                                                                                                                                                          3. Ішкі және сыртқы мәдени туризм халқы­мыздың осы қастерлі мұраларына сүйенуге тиіс. Мәдени маңыздылығы тұрғысынан біздің Түр­­кістан немесе Алтай – ұлттық немесе құр­лықтық қана емес, жаһандық ауқымдағы құн­дылықтар. Бесіншіден, заманауи әлемдегі бәсекелік қабілет – мәдениеттің де бәсекелік қабілеті деген сөз. АҚШ-тың «қырғи-қабақ соғыс» кезін­дегі табысының қомақты бөлігі Голливудтың енші­сінде. Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы сая­сат­тағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек. Бұл жоба нені көздейді? Бірінші, отандық мәдениет БҰҰ-ның алты тілі – ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тілдерінде сөйлеуі үшін мақсатты ұстаным болуы шарт. Екінші, ол бүгінгі қазақстандықтар жасаған және жасап жатқан заманауи мәдениет болуға тиіс. Үшінші, мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудың мүлдем жаңа тәсілдерін ойластыру керек.   Мәдени өнімдеріміз тек кітап түрінде емес, әртүрлі мультимедиалық тәсілдермен де шыққаны абзал. Төртінші, бұған ауқымды мемлекеттік қол­дау жасалуы қажет. Сыртқы істер, Мәдениет және спорт, Ақпарат және коммуникациялар министр­ліктері жүйелі түрде, қоян-қолтық жұмыс істеуі керек. Бесінші, бұл жұмыста шығармашылық зиялы қауым, оның ішінде Жазушылар одағы мен Ғылым академиясы, университеттер мен қоғамдық ұйымдар үлкен рөл атқаруға тиіс. Біз заманауи мәдениетіміздің қандай өкіл­дері әлемдік аренаға жол тартуы керектігін анық­тап алуымыз керек.   Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін ірік­теп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныс­тыру рәсімдерін өткіземіз.   2017 жыл жер жүзіне мәдениет саласындағы қай жетістіктерімізді көрсете алатынымызды ай­қындап алу тұрғысынан шешуші жыл болмақ. Содан соң бірегей бағдарламаны 5-7 жылда тың­ғылықты жүзеге асырамыз.   Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз тұңғыш рет әлемнің барлық құр­лық­тарына жол тартып, басты тілдерінде сөйлейтін болады. Алтыншыдан, ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс. Мен бүгінгі замандастарымыздың жетіс­тік­терінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн.   Еліміздің Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 25 жыл болды. Бұл – тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезең. Әрине, жасалған жұмыстардың маңызы мен ауқымына ешбір күмән жоқ. Дегенмен, осы қыруар істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардың тасасында қалып қояды. Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады.   Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөз­дің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуел­сіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнері­мен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш. Сондықтан, оларды телевизиялық деректі туындылардың кейіпкеріне айналдыруымыз керек. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек. Қазіргі медиамәдениетті суырыла сөйлейтін «шешендер» емес, өмірдің өзінен алынған шы­найы оқиғалар қалыптастырады. Мұндай оқи­ғаларды көрсету бұқаралық ақпарат құрал­дарының басты нысанасына айналуға тиіс.   Бұл жоба үш мәселені шешуге бағытталғаны жөн.                                                                                                                                                                      1. Ақылымен, қолымен, дарынымен за­манауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адам­дар­ды қоғамға таныту.                                                                                                                                                                    2. Оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал ету­­дің жаңа мультимедиалық алаңын қалып­тас­тыру.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       3. «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау. Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс.                                                                                                                                                                                                            ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                                                                                    Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жал­ғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңы­зын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңына көміліп қала береді.                                                                                                                                                                      Egemen.kz

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың алдында тұрған заманауи сын-қатерлерге назар аударды
Елбасы жұртшылық және зиялы қауым өкілдерімен, саяси қайраткерлермен кездесті-деп хабарлайды Ақорда баспа сөз қызмті.

Кездесуге М.Жолдасбеков, К.Сағадиев, Р.Шырдабаев, О.Әбдікәрімов, Б.Ізмұхамбетов, М.Қасымбеков қатысты.

Басқосу барысында конституциялық реформаларды талқылаумен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, денсаулық сақтау, ғылым және білім, шағын және орта бизнес салаларын жаңғыртумен, жүргізіліп жатқан жекешелендірумен байланысты халық үшін маңызды экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық ауқымды мәселелер талқыланды.

Мемлекет басшысы тәуелсіздіктің 25 жылында Қазақстан күрделі жол жүріп өткенін атап өтіп, республикамыздың одан әрі дамуының негізгі бағыттарына қатысты өз ойын ортаға салды.

– Қазақстан танымал елге айналды, экономикамыз қарқынды дамып келеді. Енді «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауда белгіленген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін қол жеткен жетістіктерімізді пайдалана білу қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың алдында тұрған заманауи сын-қатерлерге назар аударды.

– Нарықтық қатынастар жолын таңдаған қоғамымыздың алдында орындалу тиімділігі елдің одан әрі дамуына ықпал ететін түбегейлі жаңа міндеттер тұр. Жаһандық экономика дәуірінде инновация күн тәртібіндегі басты мәселеге айналды. Индустриялық төңкеріс бізді айналып өтпеуге тиіс. Біз экономикамызға инновациялық технологияларды енгізе білуіміз қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті бұл мақсаттың жүзеге асырылуы тиісті қаржы жұмсауды қажет ететінін атап өтті.

– Егер инновациялық технологиялар әзірлеуге қаражат бөлмесек, онда бізге әлемдік жаңа экономикалық құрылымның ауқымынан тыс қалу қаупі төнуі мүмкін. Жаппай өндірісті дамыту үшін жаңашылдықтар енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттырған жөн. Бұған кәсіпорындардың, сондай-ақ елдің жетекші жоғары оқу орындарының жанынан ғылыми-зерттеу институттары құрылып, оларға тиісті қолдау жасалғанда ғана қол жеткізу мүмкін болады. Мәселен, мұндай ғылыми-зерттеу институттарын «Алатау» инновациялық технологиялар паркінің, Назарбаев Университетінің жанынан құруға мүмкіндік бар, – деді Елбасы.

Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысы бастамашы болған, мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлуге бағытталған реформаларды толық қолдайтындарын білдірді. Бұл ретте ең алдымен Парламенттің және Үкіметтің өкілеттігін кеңейтуге, оның дербестігі мен жауапкершілігін күшейтуге бағытталған қадамдардың дер кезінде жасалғаны, прогрессивтілігі атап өтілді.

Бұған қоса, кездесуге қатысушылар республикалық және жергілікті бюджет қаражатының жұмсалуына қоғамдық бақылау жасауға, салалық бағдарламалардың орындалуына, жер реформасына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы орнықтырып, «мүлдем төзбеушілік» саясатын тиімді жүзеге асыруға, сондай-ақ Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша Ұлт жоспарында белгіленген міндеттерді кезең-кезеңмен орындауға қатысты түйткілді мәселелерге тоқталды.

Мәсімовті келешек билік транзитінің “модераторы” деп атайды
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен сол кездегі премьер-министр Кәрім Мәсімов. 10 қаңтар 2007 жыл.

Қазақстанның жоғарғы билігіндегі ауыс-түйістерді талдаған әлем баспасөзі билік транзиті сөзсіз болатыны жайлы жазып, Өзбекстан тәжірибесімен салыстырған. Шетелдегі, оның ішінде Қазақстан да бар, коррупцияға қатысты айыпталған британдық Rolls-Royce компаниясына салынған миллиондаған айыппұл туралы тақырып та қозғалған.

ҚАЗАҚСТАНДА БИЛІК ҚАЛАЙ АУЫСУЫ МҮМКІН?

Жапонияның Diplomat газетіндегі “Қазақстанда билік өзбекстандық жолмен ауысуы мүмкін бе?” деген мақалада Қазақстандағы билік транзитінің болжамды сценарийлерін былтыр тұңғыш президенті Ислам Каримовті жерлеген Өзбекстанмен салыстыра талдаған. Мақалада билік тармақтары арасында өкілеттерді бөлу туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасынан кейін құрылған жұмыс тобының желтоқсанның 13-інде өткен алғашқы отырысы және Қазақстан билігінің маңызды қызмет орындарындағы ауыс-түйістер туралы да жазған.

“Қазақстан үкіметінде ауыс-түйіс жүргізуге көрші Өзбекстандағы оқиғалар түрткі болды” деп жазады Diplomat. Бұл қадамдар Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанның саяси жүйесін алдағы билік транзитіне дайындау үшін Өзбекстан тәжірибесін қолдануды ұйғарғанын” көрсетуі мүмкін. Бірақ екі елдің арасындағы айырмашылықтарға байланысты билік транзитінің өзбекстандық сценарийін “Қазақстанда іске асыру айтарлықтай қиын болады”.

ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов (ортада) арнайы жасақпен бірге. ҰҚК шығарған видеороликтен скриншот.

Мысалы, “Қазақстанда Назарбаевтан кейін ең ықпалды саясаткерге айналған Кәрім Мәсімовті” ҰҚК төрағасы қызметіне тағайындау “өтпелі кезең тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болуы мүмкін”. Бір жағынан, Өзбекстанға қарағанда, Қазақстанда ҰҚК-нің ықпалы “едәуір кем”, өйткені Қазақстан қоғамы “ашықтау”. Ал екінші жағынан алғанда, Кәрім Мәсімовтің ұлты жартылай ұйғыр болғандықтан, оны президент қызметіне кандидат ретінде емес, көбінесе “билік ауысуының модераторы” ретінде қарастыратын тәрізді. Бірақ тіпті Мәсімов транзитті қамтамасыз ету беделін иеленген күннің өзінде, оның президенттіктен үміткер жаңа кандидатқа қатысты “жоспары Назарбаевтың ойындағыдан өзгеше болуы мүмкін”.

“Нұрсұлтан Назарбаев – өте тәжірибелі әрі сұңғыла басшы. Қазақстан саясатындағы қазіргі билік тепе-теңдігі түпкілікті ме әлде уақытша конфигурация ма, мұны ешкім айта алмайды” деп жазады Diplomat. Түбінде транзиттің қай сценарийі таңдалса да, Қазақстан қоғамы мен саяси истеблишменті жаңа проблемаға тап болады. Сондықтан “тұрақтылықты сақтау” негізгі басымдыққа айналады деп жазылған мақалада.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ROLLS-ROYCE БЕРГЕН ПАРА

АҚШ әділет департаменті сайтында жарияланған хабарда “Rolls-Royce plc шетелдегі коррупциямен күрес туралы заң бойынша қозғалған істі жабу үшін 170 миллион доллар төлеуге келісті” делінген. Мақала премиум-класына жататын көліктер шығаратын британдық Rolls-Royce компаниясы арасында Қазақстан да бар алты елдің шенеуніктерін сатып алу үшін пара берген деген айыппен Ұлыбритания, АҚШ және Бразилия билігінің бастамасымен қозғалған тергеу ісін реттеу үшін 800 миллион доллардан асатын үлкен айыппұлдың бір бөлігі ретінде 170 миллиондай доллар төлеуге келіскенін хабарлайды. Rolls-Royce компаниясы Қазақстаннан бөлек, Әзербайжан, Ангола, Ирак, Таиланд және Бразилия елдерінде де пара беру практикасын пайдаланғаны тексеріліп жатқаны жазылған. Мақалада әділет департаменті өкілі Эндрю Уэйсменнің “Rolls-Royce бәсекелестерін жеңіп, келісім-шарттарға отыру үшін пара беру практикасын бүкіл әлем елдерінде бірнеше мәрте пайдаланған” деген сөздерін келтірген.

Британдық Rolls-Royce автоконцерні шығарған көлік Женевадағы көрмеде. 2013 жылғы наурыз.

Мысалы, Қазақстанда шамамен 2009-2012 жылдары “Rolls-Royce комиссиялық төлемдердің кемі бір бөлігі Қазақстан мен Қытай үкіметтерінің екі елдің арасында газ құбырын тарту жөніндегі бірлескен жобасына ықпал ете алатын шетелдік шенеуніктерге пара беру үшін пайдаланылатынын біле тұра қаптаған кеңесшілерге шамамен 5,4 миллион соманың комиссиясын төлеген” делінген мақалада. Бұған қоса, “2012 жылы компания Қазақстанда жергілікті дистрибьюторды оның жартылай иесі Қазақстан нарығында Rolls-Royce компаниясының жұмысын жалғастыруға қатысты шешім қабылдауға өкілетті жоғары лауазымды қазақстандық шенеунік екенін біле тұра жалдаған. Мемлекеттік бірлескен кәсіпорын Rolls-Royce компаниясына көптеген келісімдерін сол кезде берген” деп хабарланды.

АРЗАН МҰНАЙ МЕН ҚАЗАҚСТАН

Bloomberg сараптамалық агенттігі сайында Қазақстан ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы, ал қазір әлі құрылмаған “Астана” халықаралық қаржы орталығын басқарушы Қайрат Келімбетовпен сұхбатын жариялаған. Келімбетов қаржы орталығының жұмысы, Қытайдың “Жаңа Жібек жолы” бағдарламасына Қазақстанның қатысуы туралы айтып берген.

Қытайды Түркіменстанмен жалғайтын Asia Gas Pipeline құбыр жобасының қазақстандық бөлігі бойында кетіп бара жатқан қытай жұмысшысы. Жамбыл облысы, желтоқсан, 2009 жыл.

Агенттікке берген сұхбатында Келімбетов Қазақстан мұнай бағасының құлдырауы мен санкциялардан зардап шегіп отырған Ресей экономикасындағы рецессия ушықтырған қиын экономикалық ахуалды еңсеруге тырысып жатқанын айтады. Келімбетовтің айтуынша, Қазақстан монетарлық саясатында инфляциялық таргеттеуге бет бұрып, экономиканы диверсификациялау, ұлттық компанияларды жекешелендіру бағытында реформаларды жоспарлайды және жаңа қаржы орталығын құруды көздейді. Қазақстан үш жылдық бюджетті мұнай баррелінің бағасы 40 доллар шамасында болады деген болжаммен жоспарлаған.

Қазақстанның банк секторындағы қиын жағдайға қатысты сұраққа Келімбетов “қазір бұл тақырыпты үкімет, ұлттық банк және банктер қоғамдастығы талқылап жатыр” деп жауап берген. Оның айтуынша, елдің банк секторы мұндай дағдарысқа бұрын да – 2008-2010 жылдары тап болған. Келімбетов ол кезде үкімет қаржылай көмек бөліп, төрт жүйе құрушы банкке көмектескенін еске салған.

Анна КЛЕВЦОВА

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

ЕЛБАСЫН МҰРАТЫНА ЖЕТКІЗЕ ГӨР, ТӘҢІРІМ
Менің білуімше, біз «Ұлы дала еліміз» деп саналуымыз керек. Кейбіреулер «аспан асты еліміз» дейді, кейбіреулер «күншығыс еліміз» дейді. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Осы далада біздің ата-бабамыз даланы сақтап қалған. Қан төгіп, тер төгіп сақтап қалған. Қазақстан мен «Ұлы дала елі» екеуі қатар жүрсе, дұрыс болады деп ойлаймын!

Нұрсұлтан Назарбаев,

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөйлеген сөзінен.

Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз – солардың жалғасымыз, Ұлы Даланың мұрагерлеріміз. Осынау кең байтақ Ұлы Даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып Жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз – ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала Елі! Бұл – біздің тағдырымыз! Бұл – біздің таңдауымыз! Мәңгілік Елімізде бейбітшілік пен береке болсын! Халқымыз аман болсын!

Нұрсұлтан Назарбаев,

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық  конференцияда сөйлеген сөзінен.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы даламызды Тәуелсіз Қазақстанның мәңгілік мекені екендігін әр саналы көкейге кемеңгерлікпен жеткізіп келеді.

Елбасы ұлы дала жайлы тағы да бір кемел ой толғады!

Елбасы Ұлы даланы ұлықтау ұлағатын көрсетіп берді!

«Біз «Ұлы дала еліміз» деп саналуымыз керек»,- деген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл пайымды да салиқалы ойынан әрқайсымыздың көз алдымызда көсіліп жатқан және де әрқайсымыздың санамызда жаңғырып жатар  ұлы даланы мәңгілікке ұлықтау мен сол ұлы даланы Мәңгілік елдің мәңгілік мекені болып тұруы үшін бүгінгі және келер ұрпаққа айтылған аманат сынды бұл тұжырымды сөздің терең де тарихи маңызы бар. Және де Елбасының бұл ойынан     Ұлы даланы Мәңгілік елдің мәңгілік мекені етіп ұстап тұру ол бүгінгі Тәуелсіздігімізді ұстап тұру екендігін де әр саналы көкейдің жықпай танығаны да болды. Өйткені Елбасы өзінің көңіл толғанысындағы бір сәтінде:

Бабамның қаны, анамның жасы,

Сіңген бұл далам, қымбатсың маған,

Береке, бірлік-қамалдың басы,

Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам!,- деп    жыр көңілімен толғанғандығын да әр қазақ баласы жақсы білеміз. Ендігі арада Ұлы даламыздың ұлылығын  бүгінгі және келер ұрпақ тани білсе екен деген ниеттегі сөз бұл.  Елбасының «Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам!»,-деп және де толғанары ендігі ұрпақтың кіндігі де, ниеті де, еңбегі де, ой-мүдде мақсаты да Ұлы даламен мәңгілікке байланысып жатса екен деген бағзы бабалар аманатыменн үндесіп тұрған ұлағат есебінде қабылдар едік.

Елбасы толғанысынан ой түйе отырып, Ұлы дала деген  қасиетті де, қастерлі ұғымға Уақыт пен Кеңістіктің ақыл жетпейтін өлшемі сыйып жатқандай көрінері және де бар.  Әуелі дала – кеңістіктің  өлшемі. Дала – біздің бағзы тарихымыздың бастауы, бүгінгі жылнамамыздың жалғасы. Дала –  біздің баба тарих, бастау көзіміз! Даламыз қаншалықты кең болса, тарихымыз да соншалықты ауқымды. Ұлы даланың ол шеті мен бұл шеті қаншалықты  кең болса, тарихымыз да соншалықты жықпылды да көп қатпарлы. Ұлы дала қаншалықты шиыр болса, тарихымыз да соншалықты щым-шытырық. Соны сұңғыла көңілімен түйсіне алған Елбасы осы Ұлы даланың тарихы жайлы Ұлытау баурайында толғана айтқаны да жадымызда.

Ұлы дала тарихын жинақтау үшін Елбасымыз қай қазынасының болмасын қақпасын кім көрінгенге аша бермейтін іргедегі Қытай басшылығымен өзі келісіп, шығыстағы Парсы мен Мысырға дейін ғалымдарды жұмсап, шашырап қалған құнды құжаттарды жинатып алып жатқандығы да кемел ойлы кемеңгердің елдің жайын ойлағандығы деп білеміз. Сол оймен қазақ хандығының 550 жылдығын айтулы да аталы шараға ұластыра білген Елбасы ұлы даланың бүгінгі ұландарының санасын бір сілкіндіріп алмағы және де ұлы даланың өткеніне бір үңілсін, ұлы даланың үніне құлақ түрсін деген парасат пайымы еді.

Дала бізге кеңдікті, дарқандықты, жомарттықты, қонақжайлылықты, қайырымдылықты үйретті. Осынау қасиеттердің бәрі де әр қазақтың қанында бар. Ұлы даламыз кең болғаннан кейін көңіліміз де кең, тарылайық десек те тарыла алмас едік. Ұлы даламыз дарқан да,  жомарт та  болғаннан кейін біз де солмыз! Ұлы даламызға, оның өн бойына қазақтың адал ниетінің дастарханын жаратқанның өзі ырысымен бірге жайып тастаған, қонақжайлылығымыз да сол жаратқаннан! Ұлы дала бізге әрдәйім қайырымдылықпен қарап келеді. Кей кейде сол даланың сәл еңкейіп-ақ алар олжасынан құр қалып жатарымыз да бар. Асқақ көңілмен шауып өте шығамыз. Сонда да сол дала өз баласына деген бір сыбағасын сақтап ақ отырады. Тарықтырмайды, өзегіңді талдырмайды, Әманда солай!

Ұлы даланы игеру, оған иелік ету қай-қашанда ата-бабаларымызға оңайлыққа түспепті. Сондай сәтте де ата бабаларымыздың далалық даналығы, кең даладай көсілген шешендігі мен көсемдігі құтқарып қала алған екен. Мына қараңыз, 1742 жылы ойраттың қолына түскен Абылай сұлтанды құтқарып алу үшін елшілікке барған қаз дауысты Қазыбек би қалмақтың қонтайшысының қоңыр ордасының қақ төрінде отырып, былай демеп пе еді:

Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басынан сөз асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз,

Дәм-тұзымызды ақтай білген елміз.

Атадан  ұл туса, құл боламын деп тумайды,

Анадан қыз туса күң боламын деп тумайды.

Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.

Сен қалмақ болсаң, біз қазақ қарпысқалы келгенбіз

Сен темір болсаң, біз – көмір, еріткелі келгенбіз.

Қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз

Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз,

Танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз.

Сен қабылан болсаң, мен – арыстан, алысқалы келгенбіз.

Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз,

Тұтқыр сары желіммін жабысқалы келгенбіз.

Берсең жөндеп бітім айт, не тұрысатын жеріңді айт!

Ұлы даланың жайдары жайсаңдығы да, ұлы даланың айбынды айбары да би бабамыздың мінезімен  дала үні, дала айбары және де дала рухы болып жау алдында да осылайша асқақтағанын қайтерсіз?!

Ел бірлігі- Ұлы даланың ұлы бабаларының аманаты!«Көп қорқытады, терең батырады. Тұлпардың төрт тұяғындай бірлігің бұзылмай, берекелі болғаныңа еш нәрсе жетпейді.Қилы-қилы заман болар. Сыйлассаң жекжат та туыс. Жекжатты сырттан ізде. Тілектес көбейер, тынысың кеңейер. Туыстық тұтастығың нығайып, жекжаттығың жалпақ елге жайылып жатса, елдігіңнің үстем болғаны!»- деген Өтжан би  Күржіұлының  өсиеті бүгінгі күнімізге де жарап тұрған ұлағат емес пе?! Және де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың « Ел бірлігі-ең асыл қасиет. Біздің бабаларымыз тірі болуы үшін бір болған, біз ірі болуымыз үшін бір болуымыз керек»,-деген пайымды пікірінен дала даналығының сабақтастығын аңғарар едік. Бұл Ұлы дала рухының бүгінгі ұрпақ санасынан кетпегені де, өшпегені де  болар бәлкім! Қлы даланың бүгінгі санасын да рухын да жаңғыртушы Елбасы екендігін айтқанды да жөн санап отырмыз.

Ұлы дала бізге сұлулықты сыйлады, әсемдікке, ізгілікке, мейірімге үйретті. Ұлы дала – осынау қас-қағым сәттей өмірдің «Дүние ойлап тұрсам шолақ екен, адамдар бір біріне қонақ екен»,- дегізіп мына дүниенің жалғандығын түсіндірді, аттың жалы, түйенің қомында жүріп «Дүние күнде өтеді, түнде өтеді, көңілден өлең айтсақ кір кетеді»,-деп мына  дүниені сүюді паш етті. Шырқап салар  әсем әніміз де , күмбірлете тартар шалқар күйіміз де,  «құс салып айдын көлді дабылдатқан» саятшылық өнеріміз де, серілеу де салдау дегдар болмысымыз да осы даламен біткен мінез бен  қасиет дегеніміз де абзал.

Тау –  біздің әкеміз, Дала – анамыз іспетті. Біз далаға қарап сәйгүлігімізді баптайтын халықпыз! Дала – менің жөргектегі үнім болып уілдеп, бесік жыры болып  тербетеді, тәй-тәй басқан әр қадамымның куәсіндей көрінеді, құлын ғұмырымның ойқастай шапқан алаңсыз тірлігі болып шаттанады, асау тайдай аласұрған алапат бұла күшімнің айғағындай бұлқынады, ошақ жағып, отау тіккен адами тірлігімнің көк түтіні болып көлбейді, далаға тән дархан болмысымның туындай болып желбірейді, тал бесіктен жер бесікке дейін керуен тартқан ғұмыр көшімнің сыбызғылы сырындай, қара домбыраның шанағынан  төгілген мамыражай күйдей әлдилейді, қара  қобыздың  шегінен  шер болып төгілген сарындай сай сүйегімді сырқыратады. Дала – менің  марал оты көктеген мамыражай тіршілігімнің, майда қоңыр сағынышымның айғағы!

Біз –  тауға қарап қыранымызды баптайтын халықпыз! Тау-менің өмір бойы талпынып келе жатқан биіктегі асқақ арманым, қол жетпей кеткен ардағым, сарқырап ағар ғұмыр өзенім, ойға жаңбыр жауғанда, шың басына жауар әппақ қарым мен  көгілдір мұнарым, құмарым мен тұмарым, салқын самалым мен саумалым! Арман да арман биігім!

Ұлы Дала! Жазылып жатқан жалпақ кеңістік, жасанып, түрленген жазира жайлау,  жусаны мен жуасы бұрқырап, боз көдесі мен ақселеуін жамылған шапқат өлке, жасыл шалғыны мен жалаңаш көлдері көз тартатын көкшіл дүние, ерке өзендері есіле аққан ат шаптырым алқап, ат шоқытып шығатын адыр белең, қиялай тартатын қырат, кербезден желпитін керімсал леп, сарайыңды ашатын самал жел, көкжиекті көмкере шөккен көк өңез мұнар, сағыныштың белгісіндей сарсаң қылған сары сағым, шаңқай түсте шалқалап келіп жай тастайтын шағырмақ бұлт, бәрі-бәрі сенің өн бойыңда өріліп жатқан жоқ па?!

Ұлы дала!  Жасанған, жайнаған жазира дүниенің бар базары ғана емессің, кеңдіктің, дархандықтың, шексіздіктің, батылдықтың, еркіндіктің  баба текті рәмізісің, асқақ арманның, биік мұраттың,  мағыналы мақсаттың, жүйрік көңілдің, ұшқыр қиялдың, селкеусіз кезімннің, патша парасаттың, тулаған жүректің, тасыған қанның, лықсып шыққан ұлы шежіренің мәуелі бағысың, тартылмаған тамырысың!

Ұлы дала! Сенің қылтанақтан қылтиып көрінер көгілдір көктемің де, жадыраған шуақпен жаны кіріп жайқалған жасыл барқыт жайдары жазың да,  мұңлы бір әнімен қайтқан қазбен бірге қайтар базар қызығыңды бауырыңнан беретін қоңылтақ қоңыр күзің де,  ақ жамылып, аяз бен үскірікті үрлеп тұратын алтайы ақ боранды қысың да  ғажап қой, шіркін! Соның бәрі де даланың  мезгіл бояуымен, мір өрнегімен, тіршілік ғадетімен, өніп  өрнектеліп келе жатқан  өмір ғой, өмір!

Ұлы дала! Сенің төсіңді мекендеген қазақ деген қайсар, қайратты да бейбітсүйгіш халықтың табиғатына тарту, тарихына  таралғы еткен  өшпес  ерлік, өкінбес мәрттік,  кемеңгер ой мен  кемел ақылдылық, ханындай қаһарлы, биіндей пайымды, батырындай айбарлы ақсүйек бекзада болмыс, ән болып шалқып, күй болып төгілген зор махаббат, ағыл-тегіл қопарлып дария дүниенің өзін шайып кететін өлең-жыр, аңыз-дастан осы даланың үстімен көшіп,  бұлдырлы  бұлыңғыр уақыттың бұлтымен бірге жөңкіліп, замана көшінің зар запыранындай ақтарылып, сезім дүниесінің селі болып  төңкеріліп, көз жасы болып мөлтілдеп, көңіл қаяуы болып сөгіліп,  шаттық жыры болып шалқып,  сазы болып баурап, бізге жеткені ғажабы мен имани шүкіршілігі бүгінгі Тәуелсіздік! Қазақтың Тәуелсіздігі!

Тұтас бір елдің, тұтас бір халықтың ғасырлар бойы армандап келген  тәуелсіздігін өзі жариялап, сол тәуелсіздіктің көк байрағын өз қолымен тұңғыш көтерген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сынды тарихи тұлғаның ерлігі мен ұлылығын  айта келіп, кезінде  «Тәуелсіз қазақ елінің тарихы сол елдің екі тізгін, бір шылбырын өз қолына ұстаған Нұрсұлтан Назарбаевтың тағдыры, бұған керісінше Елбасының тағдыры қазақ елінің тағдыры мен тарихы болып қалыптасты. Бұл қос тағдыр-тұтас бір халықтың тағдыры!  Назарбаев нені де болса елімен бірге көрді, елімен бірге төзді, елімен бірге жеңді! Қазақ елін, қазақ деген ұлтты әлем ең әуелі Назарбаев есімімен, Назарбаев келбетімен таныды. Бұл – тарихи ақиқат!»,-деген пікірімізді де жариялаған едік.

Елбасының өз жүрегінде тербеп келе жатқан мына  Ұлы даланың   көгілдір заңғар аспанында қырандар ғана  қалықтап,   кең жазира төсінде  сәйгүліктер мен киелі киіктер ғана жүйткісе екен!  Қазақстан сынды Ұлы дала елінің ұрпақтары Тәуелсіздіктің  көк байрағын  биікке  көтере отырып,  ел экономикасының жақсы жетістіктерімен, ынтымағы жарасқан халқының мызғымас бірлігімен төрткүл дүниені сүйсіндіре берсе екен!

Елбасының Ұлы дала елін Мәңгілік ел етсем  деген аңсарлы арманы мен мұратына жеткізе гөр Тәңірі!

Жабал Ерғалиев, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Парламент Сенатының депутаты

Abai.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық жастар форумына қатысты
Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық жастар форумына қатысты-деп хабарлайды Ақорда баспа сөз қызметі.

Астана қаласы, Тәуелсіздік сарайы

Форумға Қазақстанның барлық өңірінен 1000-нан астам адам, соның ішінде кәсіпкерлер, өндірістің түрлі саласының еңбеккерлері, ғалымдар, студенттер, танымал спортшылар мен жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде еліміз тәуелсіздік алған бастапқы уақыттағы мемлекеттілікті қалыптастырудың қиын кезеңі туралы әңгімелеп, республикамызда жастардың өмірден өз орнын табуына бірегей мүмкіндіктер жасалғанына, жедел өзгеру үстіндегі қазіргі әлемнің заманауи талаптарына сай келетін, сын-қатерлеріне лайықты төтеп беретін сапалы білім алудың маңыздылығына назар аударды.

Қазақстан Президенті еліміздің жеткен табысының тарихы – ең алдымен оның жастары қол жеткізген табыстың тарихы екенін атап өтті.

– Жас ұрпаққа, өткеніміз бен келешегімізге қамқорлықпен қарау әрқашан менің саясатымның басты мән-маңызы болып келеді. Әрбір жас қазақстандықтың білім алуына, жұмыс істеуіне, отбасын құруына, баспана алуына мүмкіндігі бар, – деді Елбасы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев «Баршаға – кәсіби білім» бағдарламасының енгізіліп жатқанын айтты.

– Мемлекет баршаның өндірістен жұмыс орнын табуына кепілдік беретін өмірдегі алғашқы жұмысшы мамандығын тегін алуға мүмкіндік туғызып отыр, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету ісіне зор мән беріліп отырғанын айтты.

– Тек 2016 жылғы бірінші жартыжылдықта жас бизнесмендердің 55 жобасына банк несиелерінің пайыздық төлемдерін мемлекет тарапынан субсидиялау түріндегі қаржылық қолдау көрсетілді. Біздің мақсатымыз – еліміздің шағын және орта бизнесінің Қазақстан өнімінің жартысынан астамын өндіруіне қол жеткізу, – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті «Жасыл ел» студент және жастар жасақтары жұмысына қатысушыларға айрықша ризашылығын білдірді.

– Еңбек жасақтарының жұмысына 250 мыңнан астам жас атсалысты. Олар 150 мың гектар жерге 50 миллионға жуық ағаш отырғызды. Еңбек жасақтарының ізгі мақсаты – елімізді көгалдандыру және оның экологиялық тұрғыдан таза болуын қамтамасыз ету, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарында жас зерттеушілер мен ғалымдар санының артқанын айтты.

– Жастарымыздың әлемдік деңгейдегі Назарбаев Университетінде білім алуына мүмкіндіктері бар. Бүгін жастар алдында бар әлемнің есігі ашық. Сіздер жақсы уақытта өмір сүріп, болашаққа нық қадам басып бара жатқан елмен бірге өсіп келесіздер. Ел ішінде де, әлемде де, соның ішінде мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас саласында да жұмыс жасайтын бір ғана қағида бар, ол – бәсекеліктің мәңгілік механизмі, – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті ғылымды қамтитын экономикаға көшу оның өсімінің икемділігін, қарқындылығын және орнықтылығын қамтамасыз ететінін атап өтті.

– Сондықтан Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуы ғылымды қамтитын экономикаға негізделуге тиіс. Әлем жаңа технологиялық дәуірге аяқ басты. Оның үрдістері таңғалдырады, тәнті етеді және тамсандырады, сонымен бірге ол елдің келешегіне қатысты мәселеге орай қатаң талап қояды. Болашақ біздің алдымызға мынадай үзілді-кесілді шарт қойып отыр: бар бол, жетіл немесе жоқ бол! – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа технологиялар заманында қоғам үшін сын-қатер болып саналатын құбылыстарға айрықша тоқталды.

– Бұл инновациялардың артында тұрған негізгі әлеуметтік сын-қатер ол – көптеген кәсіп түрінің жойылуы, жұмыс орындарының жаппай қысқаруы, яғни жаһан бойынша жұмыспен қамту аясының тарылуы. Осы орайда бұған дейін менің бастамаммен әзірленген инновациялық индустрияландыру, «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» ұлт жоспары бағдарламаларымен тығыз байланысты Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының өзектілігі ерекше артып келеді, – деді Елбасы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті дамыған елдердің университеттерінде қарқын алып келе жатқан жастар инновациясына баса назар аударды.

– Қазақстан студенттері ортасында да стартап санының артуы үшін осындай қолайлы жағдай жасау қажет деп санаймын. Қазір еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында да алғашқы табысты жобалар пайда бола бастады. Осы тәжірибені өрістете түсу керек. Бұл – Білім және ғылым министрлігі басшылығының, жоғары оқу орындары мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшыларының міндеті, – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті туризм, құрылыс, халыққа қызмет көрсету салаларында, жеңіл өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында еңбекпен қамтуға және кәсіпкерлікті дамытуға мол мүмкіндіктер бар екенін айтты.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев спортшылар мен шығармашыл жастарға, барлық жас өнер қайраткерлеріне ыстық ықыласын білдірді.

– Мәдени бағдарлама аясында және «Болашақтың энергиясы» атты тақырыппен өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіндегі волонтерлер жұмысы барысында Қазақстанды лайықты деңгейде танытуларыңа тілектеспін, – деді Мемлекет басшысы.

Соңында Қазақстан Президенті баршаға денсаулық, бақыт және игілік тілеп, мемлекеттің барлық табысына еліміздегі тұрақтылықтың, тыныштықтың және 100-ден астам этнос өкілдері достығының арқасында қол жеткізілгенін атап өтті.

Форум барысында Астана қалалық мәслихатының депутаты А.Оралов, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, театр және кино әртісі А.Әлімжан, «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ басқармасының төрайымы Ә.Жиенбаева, Қазақстан халқы Ассамблеясының белсендісі М.Споткай, 2016 жылғы Азия IT конференциясының жеңімпазы С.Нәукенов, «Қазақстан алюминийі» АҚ экономисі Ә.Досанова, «Open Technologies Group» компаниясының негізін салушы Қ.Ахметов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқармасының төрағасы Қ.Төлеушин, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабы» жекеменшік мекемесі басшысы Р.Хамидуллин, Қарағанды мемлекеттік университеті «Роботтар мен ақылды машиналар зертханасының» меңгерушісі Н.Есмағамбетов, гроссмейстер, шахматтан халықаралық турнирлер чемпионы Д.Сәдуақасова, кәсіпкер, «Қазақстандық OTAN сағат компаниясының» басшысы А.Тоқсанбаев, Мюнхендегі Максимилиан Людвиг университетінің докторанты Қ.Әбдиева, «TERRAPOINT» ЖШС инженері Д.Хоменко сөз сөйледі.

Назарбаев Астана атауын өзгертуге қатысты пікірін айтты
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Бүгін Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев модернизация бойынша ұлттық комиссияның кеңесінде Астана атауына өз атын кірістіру ұсынысына қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

“Қай нәрсе болса соған “нұр”, “нұрлы “деген сөзді қосады. Бәрін менің атыммен байланыстырады. Мен бұл тақырыпқа бірнеше рет өз ойымды айттым. Барлығы мен бәр жерге нұрлы деп жазуға бұйрық беріп жатыр деп ойлайды. Кеше парламент Астана атауын менің есімімен атауды ұсыныпты. Мен мұндай ойды ешкімге айтқан жоқпын… Қазақстанның 25 жылдағы жеткен жетістігін мен жалғыз жасаған жоқпын. Сіздердің де (үкімет мүшелері – ред) қосқан үлестеріңіз көп. Парламентке декларация үшін рахмет, адам ретінде олардың айтқандары маған ұнады. Парламент жеке билік тармағы ретінде өз ойларын айтуға, шешу шығаруға құқылы. Бірақ елді мекендердің атын өзгертетін болсақ талқылап барып шешім шығарамыз” деді ол.

Назарбаев үкімет пен парламентке нақты істерді шешумен айналысу керектігін де айтты.

23 қарашада Астанада парламенттің біріккен отырысында мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов Астана атауын “Нұрсұлтан” немесе “Назарбаев” деп ауыстыруды ұсынған. Оның ұсынысын басқа да депутаттар қолдаған. Депутат Мәулен Әшімбаев бұл идеяны «дұрыс әрі маңызды» деп бағалады. Зағипа Балиева Астана атауын «Назарбаев» деп өзгертуді, Бақытгүл Хаменова «Елбасы» деген атауды құптайтынын айтты. Сенат депутаты Михаил Бортник «Астана-Елбасы» деген атауды ұсынды. Бұл ұсыныс баспасөзде жарияланған соң әлеуметтік желілерде наразы сипаттағы түрлі пікірлер айтылған.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы