Kerey.kz/Керей.кз » Орталық Азия

ИСЛАМҒА ДЕЙІН ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ДІНИ ЖАҒДАЙЫ ҚАНДАЙ ЕДІ?
Орхон жазуларындағы: «Көк Тәңірі  аспан мен жерді жаратқанда, арасына адам баласын жаратты» деген жолдар көне түркілердің бір Тәңірге сенгеніндігін білдіреді. Сондай-ақ, Х ғасырдың алғашқы жартысында Сыр бойына келген ибн Фадлан да түркілердің «басын көкке созып, «бір Тәңір» деп мінәжат қылатынын» хабарлайды. Осындай көне деректерге қарап арғы түркілердің сенімі – бір Тәңір болғанын бажайлауға болады. Әйткенмен, түркілердің кейбір ру-тайпалары келе-келе өзге дін насихатшыларының ықпалымен Тәңірден басқа да діни сенімдерді қабылдаған.

Мысалы, Әл-Идрисидің «Нузхат әл-муштақ фи-ихтирақ әл-афақ» атты шығармасында Орталық Қазақстанда орналасқан Лалан қаласының тұрғындарының пұтқа табынатынын, қимақтардың мәжуси дінін ұстанатынын, Хақан қимақтарының күнге мінәжат ететінін, Азкиш түркілерінің сәуле шығаратын барлық заттарға құлшылық қылатынын, ал түркештердің отқа табынатынын жеткізеді. Ал, Зәкәрийа ибн Казунидің (1203-1283) «Әсар әл-билад уа ахбар әл-ибад» (Елдер ескерткіштері және Алланың құлдары жайлы хабарлар) атты еңбегінде: «Түркілер нақты бір дінді насиқаттамайды. Олардың ішінде жұлдыздарға, отқа табыннатындар, христиан, манехей, дуалистер, сиқыршылар бар» дейді. Сондай-ақ, Ибн Казуни осы жазбасында татарлардың күнге табынатынын, оғыздардың насрани екенін, қимақтардың қарт адамға сиынатынын, Түркістан түріктерінің пұтқа, жұлдызға, отқа және христиан дінін ұстанатынын айтады.  Қудама ибн Жағфардың (948 жылы қ.б) «Китаб әл-харадж уа санат әл-китаба» («Салық және хатшы өнері туралы кітап) атты жазбасында Нушажанды мекендейтін қарлұқтардың көпшілігі мәжуси, кейбіреулері дінсіз екенін хабарлайды. Ибн Хордабек «Китаб әл-масалик уа-л-мамалик» (Жолдар мен мемлекеттер) атты еңбегінде «тоғы-оғыз түркілерді мәжуси және зиндық» (дінсіз) деп сипаттайды. Әл-Мақдиси (947-1000) «Ахсан ат-тақасим фи марифат әл-ақалимда» Такабкет және Харран қаласында зиндықтардың (дінсіз) тұратынын баяндайды. Әл-Бакри (ХІ ғ) «Әл-масалик уа-л-мамалик» атты еңбегінде түркілердің көпшілігінің манихейлікті ұстанатынын  жеткізген.  Орта ғасырлық тарихи дереккөз «Насабнамада» (Сафи ад-дин Орун Қойлақи. Насабнама. 27 бет) VIII ғасырда Түркістан аймағын мекендеген түркілердің «муғ» (манихейзм немесе зороастризм) сенімінде болғандығы баяндалады. Көріп байқағанымыздай түркілер әу баста Тәңірге сенгенімен, кейін басқа халықтармен байланысу арқылы олардың дін уағызшыларының ықпал етуімен түрлі сенімдерді ұстанған. Тіпті, түрлі сенімді ұстану түркілердің рухани ғана емес, саяси тұтасығына сына қағылғанын аңғарамыз. Яғни, исламға дейін Орталық Азияны мекендеген түркі халықтарының діни сенімі біртұтас емес еді.

Мұхан Исахан

Kazislam.kz

Депутат Мәулен Әшімбаев Орталық Азияда жаңа одақ құруды ұсынды
Орталық Азияда жаңа өңірлік одақ құру мәселесін қарау керек. Қазақстан бұл одақта жетекші орынға ие болып, Орталық Азия елдеріне ресми гуманитарлық көмек көрсетер еді. Өйткені өңірдегі теріс ықпалдардың аймақтағы елдерге, соның ішіндегі Қазақстанға да кесірін тигізуі мүмкін. Мұндай бастаманы бүгін ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі үкіметтік сағатта төменгі палатаның халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев көтерді.

Оның айтуынша, өңірде трансшекаралық өзендердің ресурстарын пайдалану мен өзге де мәселелер бойынша жиналып қалған проблемалар бар. Ал өңір елдерінің өзара бірлікке келуінен басқа жолы жоқ.

«Сол себепті қазір Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін не істеу керектігін ойлау маңызды. Өңірдегі көптеген проблемалар өзара түсіністік арқылы шешілуі керек. Мәселен, трансшекаралық өзендердің ресурсын пайдалану, экологиялық мәселелердің шешілуі, өңірдің транзиттік-байланыс әлеуетін арттыру, терроризм және экстремизмге қарсы күрес мәселелері. Сол себепті өңірдегі ықпалдастықты арттырып, жаңа деңгейге көтеру керек», — деді депутат.

Депутаттың пікірінше, аймақта жаңа өңірлік одақ құруға да қажеттілік бар.

«Біздің пікірімізше, Орталық Азия елдерінің арасындағы байланысты ретке келтіру керек. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі аясында осы мәселенің көтерілуі керек. Өз кезегінде ҚР СІМ мен өзге де тиісті мемлекеттік органдар ортаазиялық елдердің өзара қатынасының қалай дамуы керектігі туралы сараптап, ұсыныс жасауы керек», — деді мәжілісмен.

Сонымен қатар, Қазақстанның шетелге гуманитарлық көмек көрсетуінің маңыздылығына тоқталды.

«Елімізде проблемалар бар кезде өзге мемлекеттерге сыртқы көмек жасаудың қажеттігі жоқ деген пікірдің бар екенін білемін. Осы ретте дамуға ресми көмек жасау — ол қайырымдылық емес, яғни басқа елдерге бірреттік көмекке жатпайды. Бұл өз кезегінде нақты сыртқы саяси мақсаттарға жету үшін икемді тетік болып табылады. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының көптеген елдері осындай саясатты жүргізіп келеді. Сондықтан да дамуға ресми көмек жасау қадамдарын терең ұғынып жасап, сыртқы саясаттың басымдықтарына нақты орайластыру керек», — деді Әшімбаев.

Осы орайда ол гуманитарлық көмек жасауды қысқарту дұрыс емес екенін, егер де көршілес елдер проблемалар шырмауынан шыға алмай жатса, ешбір мемлекет ұзақ мерзімді дамудан үміттене алмайтындығын жеткізді.

«Орталық Азия тұрақсыздықтың, заңсыз көші-қонның, лаңкестіктің аумағына айналса, онда бұның салдары еліміздегі жағдайға ықпал етпей қойматыны анық», — деді депутат.

«ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН»