Kerey.kz/Керей.кз » Стаффан де Мистура

Астанада Сирия жөніндегі “техникалық” кездесу өтпек
БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура. Астана, 23 қаңтар 2017 жыл.

Сирия жанжалын реттеу бойынша техникалық кездесуге қатысушылар бүгін Астанада алдын ала кеңесулер өткізіп жатыр деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан агенттігі. Ертең Астанада Сирия бойынша бірлескен жедел топтың отырысын өткізу жоспарланған. Иран, Ресей және Түркия делегациялары мен БҰҰ өкілі өткен жылғы желтоқсанның 29-ы күні жасалған келісімге сәйкес орнаған бейбітшілік тәртібін бақылауға қатысты мәселелерді талқылауға жиналмақ.

Бұған дейін қаңтардың 23-24 күндері Астанада өткен келіссөздер қорытындысы бойынша Иран, Ресей және Түркия ресми өкілдері Сириядағы атысты тоқтату тәртібін қадағалаудың механизмін құру туралы келіскен. Бірақ олар Сирияда алты жыл бойы жалғасып келе жатқан азамат соғысын саяси реттеу бағытында нәтижеге қол жеткізе алмаған еді. Мәскеу мен Тегеран президент Башар Асад үкіметіне, ал Анкара Асад билігіне қарсы күресіп жатқан оппозиция күштерінің бір бөлігіне қолдау білдіреді. Астанада қаңтарда өткен Сирия үкіметі өкілдерімен жанама келіссөздерге қатысқан Сирия оппозициясы сол жолы кездесуге қатысушылардың қорытынды мәлімдемесі көңілдерінен шықпайтынын айтқан.

Женевадағы Сирия бойынша бейбіт келіссөздердің жаңа кезеңі кезекті рет кейінге қалды. Ақпанның 1-і күні БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура келіссөздердің екі аптаға кейінге шегерілгені туралы хабарлап, бұл уақыт Сирия үкіметіне қойылған кейбір шарттарға қатысты ойланып-толғануға, ал оппозицияға бірлескен делегация құруға мүмкіндік береді деп санайтынын айтқан.

Сирия жанжалын реттеу бойынша Женевадағы келіссөздер бұның алдында 2016 жылғы сәуірде өткен.                                                                     Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Назарбаев БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнаулы елшісі Стаффан де Мистурамен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнаулы елшісі Стаффан де Мистурамен кездесті-деп хабарлайды Ақорда баспа сөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар Сириядағы қақтығысты реттеу жөніндегі алдағы келіссөздер мәселесін талқылады.

Мемлекет басшысы Астананың келіссөздер өткізуге дайын екенін айтып, барлық қатысушылар үшін жағдай жасалғанын атап өтті.

– Мен Ресей, Түркия және Иран Президенттерінің Астанада келіссөздер өткізу жөніндегі ұсынысын қабыл алдым. Біз кездесудің жемісті өткенін қалаймыз. Қазақстан кездесуге қатысатын тараптардың бәрімен тең әрі сенімді қарым-қатынаста болғандықтан, келіссөздер қалыпты өту үшін барлық жағдай жасалады деп ойлаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Сирия мәселесі бүгінде Таяу Шығысты ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырғанын атап өтті.

– Тараптар да болып жатқан оқиғаларға біз сияқты алаңдаушылықпен қарап отыр деп үміттенемін. Сарапшылардың айтуынша, қақтығыс басталғалы 300 мыңнан астам адам қаза тапқан. Осының бәрі бізді бұл мәселені бейбіт жолмен ғана шешуге үміттенуге жетелейді, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті БҰҰ-ның арнаулы елшісіне Астанадағы кездесу Женевадағы бейбіт келіссөздерге дайындық барысына елеулі ықпал ететінін айтты.

Стаффан де Мистура Нұрсұлтан Назарбаевқа Астанада келіссөздер өткізуге мүмкіндік бергені үшін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериштің атынан алғыс білдірді.

– Сіздің еліңіз халықаралық аренадағы ең күрделі түйткілдерді реттеу ісінде зор тәжірибесін көрсетіп, үлгі болып келеді. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігі Сирия қақтығысын шешудегі қосымша мүмкіндік болып саналады, – деді Стаффан де Мистура.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қарулы қақтығысты одан әрі реттеу шаралары жөнінде пікір алмасты.