Kerey.kz/Керей.кз » Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ

МЫСЫР ПИРАМИДАЛАРЫ: ҚАЛАНҒАН БА, ӘЛДЕ ҚҰЙЫЛҒАН БА?
Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ

(Рим мен Спартактан басталып Сейiлбек Қышқашевпен аяқталған хикая)

Бұл хикаяны баян етпес бұрын осының бәрiне себеп болған, осы мақаланы жазып отырған автордың дүниета­нымына елеулi дәрежеде әсер еткен адамды үстiртiн болса да таныстырып өткен дұрыс шығар.

… Мен онымен 1977 жылы таныстым. Әскерден келiп ҚазПИ-дiң филология факультетiне түсiп, бiрiншi курсты тәмәмдап, екiншi курсқа өткен кезiм. Ол да әскерден келiп, осы институттың тарих факультетiне түсiптi. Күз едi. Институт факультеттерiнiң арасында көркемөнерпаздар жарысы басталған. Өз факультетiмнiң атынан бәйгеге түсiп, домбырамен бiрнеше күй шертiп, сахнаның сыртына шыққанымда бiр жiгiт келiп қолымды қысып құттықтады. Аты Ерiк екен. Ерiк Көкеев. Ортадан биiктеу бойы бар. Сым­батты. Қоңырсары шашын сол жаққа қайырып қойған. Қылаң өңдi. Көзi… көзi алғашында көк сияқты көрiндi (кейiн уақыт өте оңып, шағырға айналды). Шылымды асықпай, баппен шегiп, түтiндi жез мұртының арасынан қалқытып шығарады.

Бiрақ, менi алғаш танысқанымызда, оның еуропалықтарға ұқсайтын бет-әлпетi емес, бiлiмi таңқалдырған едi. Бiрiншi курс студентiнiң сөз саптасынан оның ерек бiтiмi, айбынды сойы – айна-қатесiз көрiнiп тұр едi. Кейiн таныса келе шық­қан тегiне де қанықтым. Әкесiнiң аты Әнуар екен. Кезiнде Қытайда «Мәдени революция» заманында репрессияға ұшыраған бiр топ қазақ интеллигенциясы осы Әнуар ағамыздың шәкiрттерi болып шықты. Бергi бетке өткеннен кейiн де ұстаздық қызметтен қол үзбеген Әнуар Көкеев ақсақалды Аягөз өңiрi әлi ұмытқан жоқ.

Бұл бiздiң бағыт-бағдарымыздың, ұстанатын мұрат-мүддемiздiң анықталған кезi. Гуманитарлық саланы таңдап алып, ендi алаңсыз бiлiм жолына түскен, бiр күнiмiздi, бiр сағат уақытымызды бос жiбермей, кiтап оқуға кiрiскен кезiмiз.

Ғылым академиясының кiтапханасы, Пушкин атындағы ұлттық кiтапхана – қазақтың екi ұлы бiлiм ордасы бiздiң пайдалануымызда. Кiтапхана таңертең 8-де ашылады, 8-де кiремiз. Кешкi 8-де жабылады, 8-де шығамыз. Көп ұзамай студенттiк өмiрдi Алматының көшесiн таптап жүру, уақытты сыраханада сауық-сайранмен өткiзу деп түсiнетiн курстас достарымызбен арамыз ашылып болды. Арақты бiрге iшiп, айықтырғышқа бiрге түспегенiмiз үшiн, яғни бiрге болып, бiрге өлмегенiмiз үшiн сол курстастар өкпелеп, қастасып кеттi. Кейiн бiрнешеуiмен кездейсоқ кездесiп қалып, сөйлестiм. «Сатқындығымызды» кешпептi.

Досым Ерiк бiр курс барысында өзiнiң кiм екенiн дәлелдеп  болған. Сабаққа бiрде барып, бiрде бармайды. Емтиханға елдiң алды болып кiредi, көздi жұмып тұрып қолына iлiнген билеттi алады, сол тұрған жерiнде жауап бередi, «бестiк» бағаны алып, шығып жүре бередi. Аспирантураны жаңа ғана бiтiрiп, жаңа ғана қорғап келген, күшi бойына сыймай тұрған бiр жас кандидат, студенттiң осынша бiлiмдi болғанын көтере алмай, досымды жұрт көзiнше масқаралап, екi қойып шығарып жiберген. Бiрақ, көп ұзамай өзi масқара болды. Конфликт комиссиясының алдында қайыра емтихан тапсырған Ерiк аталмыш кандидатты қирата жеңiп, «бес» алып шықты. Осыдан кейiн «қатерлi студентке» ешкiм де қараптан-қарап соқтыққан емес. Шағым оның тәртiбiне ғана айтылар едi. Жоғарғы курсқа барғаннан кейiн Ерiк досым сабақ дегендi мүлдем қойды. Бiрақ, қандай шытырман емтихандардан оп-оңай, жан қинамай өтедi. Оның сабаққа келмей үздiк оқуы үйреншiктi нәрсеге айналып, ақыры жұрт оның бар-жоғына назар аудармайтын болды.

1979 жылдың көктемi болатын. Ерiк Көкеев бiр сұмдық та­қырыпқа баяндама оқығалы жатыр екен деген қауесет тарады. Айтылған күн, айтылған сағатта ҚазПИ-дiң жаңа ғи­маратындағы акт залына жиналдық. Аздан соң тарих факультетiнiң мұғалiмдерi келдi. Зал лық толғаннан кейiн есiктен шырттай киiнген Ерiк кiрдi. Мiнберге көтерiлген ол баяндамасын, анда-санда қазақша түсiнiктеме берiп тұрып, орысша оқыды. Әңгiме Спартак жайында едi. Иә, иә, жүрегi дауалап Римге қарсы қару көтерген Спартак жайында және оның … көшпендi тайпадан шыққандығы жайында едi. Көлемi жердiң алтыдан бiрiн жайлаған алып империяның кезi, өмiрдiң бар саласы, мәдениет пен ғылым-бiлiм, бiр пiкiрлi тоталитаризмге толықтай бағындырылған заман. Шынын айту керек, Ерiктiң бұл баяндамасы нағыз күпiрлiк едi. Олжас Сүлейменовтiң «Аз и Я»-сының дауы жаңа ғана басылған. Көп жұрт үрейлi. Бiрнеше адам орындарынан тұрып, залдан ақырын ғана шығып кеткен. Жүрегiмiз қалтырап, әңгiменiң аяғын күттiк. Iстiң насырға шапқанын кеш сезген мұғалiмдердiң бiреуi орнынан айқайлай көтерiлген.

– Айналайын-ау, сен не айтып кеттiң? Тоқтат, қане! Осы былықтырғаның да жетер!

Әлбетте, орысша айтты. Себебi, мәжiлiске бiрнеше орыс мұғалiм қатысып отырған. Сол-ақ екен, кафедра мүшелерi жапатармағай айқайлап, Ерiктiң үнiн өшiруге тырысқан. Бiрақ, пәлекет пен лаң ұшқындаған сайын балшабектiң жаны кiредi емес пе. Орыс мұғалiмiнiң бiреуi, өктем қимылына қарағанда үш әрiптiң адамы (қазақша айтқанда, «органның адамы») қолын көтерiп жұртты тыйып тастады.

– Шуламаңыздар! Жас оқымысты ойындағысын толықтай айтсын.

У қорғасындай заһар шашқан көздерiн Ерiктiң жүзiне қадаған.

– Продолжайте, молодой человек.

Ерiк, балшабек мұғалiмнiң дөңайбатынан айылын да жиған жоқ. Тағы да жарым сағаттай көсiле сөйлеп, үндi-еуропалық теорияның да, саясиланған тарих ғылымының да быт-шытын шығарып, талқандаған. Залда сiлтiдей тыныштық орнады. Жасы 50-лердi алқымдаған, студенттердiң еркiн ойына үнемi жол беруге тырысатын, демократтау бiр профессор ағамыз бар едi. Барлығымыз сол кiсiнi жақсы көретiнбiз.

–    Ал, не болса да, болары болды, – деген едi сол профессор ағамыз шарқ етiп күлiп, – Ендi, артын қайырлы қылсын.

Сол күлкi әлi күнге дейiн құлағымнан кетпейдi. Онда бәрi де бар едi. Қызыл тiлдi әлi күнге дейiн бұғаулап ұстап отыруға тырысқан тоталитаризмге деген наза, ашу-ыза және студенттiң  көзсiз ерлiгiне деген сүйсiнiс… Бәрi, бәрi бар едi сол күлкiде. Ендi ағамыздың атын-жөнiн айтайын. Ол, профессор – Асхат Әбiлқаев едi. Мүмкiн мен қателесiп отырған шығармын. Асхат ағамыз ол кезде профессор да болмаған шығар. Бiрақ, тарихи грамматика пәнiн жете меңгерген бiлiмдi ұстазды бiз академиктен кем көрмейтiнбiз.

–    Шытырманға кiрдiң, Ерiк, – дедi Асекең, – Бiрақ, мен – сен жағыңдамын.

Ендi, балшабек орыс мұғалiм сөз алды. Сұрақты қардай боратқан.

– Спартакты көшпендi Скиф әулетiнен дейсiз. Оған қандай дәлелдерiңiз бар? – деген көгерiп-сазарып.

– Тацитты тарихшы деп мойындайсыз ба? – дедi Ерiк сауалға сауалмен жауап берiп.

– Әрине, мойындаймын, – дедi орыс мұғалiмi, – Ол антика, қадым заманындағы ең беделдi тарихшы.

– Ендеше, сiз байқамаған болуыңыз керек? Тацит өзiнiң кiтабында Спартак хақында «Номадикус генус» дегендi айтады, – дедi Ерiк жайбарақат, – «Номад» – әлемдiк этимологияда «көшпендi Скиф» дегендi бiлдiредi, ал «Генус», яғни «Ген» – тұқым, шыққан тек дегендi бiлдiредi.

– Спартак Скифтiң даласында емес, Фракияда тұтқынға түстi емес пе? – дедi орыс мұғалiм кекете жымиып. – Ал, Фракия – қазiргi Болгарияның жерi.

– Бұл бар болғаны орыс этимологиясынан, фонетикалық транскрипциядан кеткен қате, – дедi Ерiк тағы да  жайбарақат дауыстап. – Мысалы, гректер өз астанасын Атина дейдi, ал орыстар Афина дейдi. Сұлулық пен махаббаттың құдайын гректер Атродита деп атайды, ал орыстар оны Афродита дейдi. Сондықтан, сiз қазiргi Болгария деген елдiң ескi аты Фракия емес – Тракия. Болгарияның бiр уәлаяты қазiр де осылай деп аталады. Ал түрiктiң, оның арғы атасы скифтiң жазуында, әлiпбиiнде дауысты дыбыстар жазылмайды.

– Яғни? – дедi орыс мұғалiм күйiп кетiп.

– Яғни, Спартак сiз айтқандай, қазiргi Болгарияның жерiнде емес, Рим әскерiнiң кезектi бiр жорығында «Түркия» деп аталатын Қара теңiз маңайындағы бiр далалықта тұтқынға түскен. Оның жалғыз өзi емес, қатын-баласымен, үй-орманымен қолға түсуi осыған меңзейдi.

Содан соң Ерiк, сөзiн үстеп, тағы бiрқатар көне Рим тарихшыларын куәлiкке тартқан.

– Жарайды, – дедi орыс мұғалiм қолын сiлтеп, – В конце-концов, қолайыңа жаққан деректердi терiп алып, бiр-бiрiмен қиыстырып концепция жасауға болады. Бұны компиляция дейдi. Сiздiң айтып тұрғаныңыз компиляцияның үлгiсi. Ендi сiз маған мынаны айтыңызшы. Осы келтiрген деректерiңiздiң сыртында, Спартактың көшпендi скиф екенiн куәландыратын темiрдей берiк уәжiңiз бар ма? Уәжiңiз, аргументiңiз бүгiнгi өскелең ғылымға сай болуы керек.

Ерiк ойланып, төмен қарап, сәл үнсiз қалды. Орыс мұғалiм масаттанып орнына отырды. Залда шыбынның ызыңы естiлердей өлi тыныштық орнаған. Кенет Ерiк басын жерден алып, мұң ұялаған көздерiн орыс мұғалiмнiң жүзiне қадады.

– Сiз, «Спартак» фильмiн көрдiңiз бе? – деген даусы сәл қарлығып.

– Әрине, бiр емес, бiрнеше рет көрдiм, – дедi орыс мұғалiм. – Бiрақ, ол фильм әлемдiк тарихтың фундаментальдiк мызғымас деректерi мен қағидаларына сүйенiп жасалған. К вашему сведению.

Ерiк сабырмен сөз аяғын тосқан.

– Ол фильмнiң мына бүгiнгi сiздiң «сенсациялық» баяндамаңызға нендей қатысы бар екенiн түсiнбей тұрмын, – дедi орыс мұғалiм алдыңғы сөзiн кекете үстеп.

Ерiк суық жымиып, жөткiрiндi. Оппоненттi жермен-жексен қылардағы әдетi. Ар жағы не болар екен деп алабұртып күтiп тұрмыз.

– Қалай ойлайсыз, Римге қарсы қанша көтерiлiс болды? – дедi Ерiк.

– Бiрнеше, – дедi орыс мұғалiм, – Тарихта белгiлi бiрнеше көтерiлiс болған.

Ерiк жөткiрiнiп алып, келесi сауалын қойды.

– Атап айтқанда?

– Мысалы, Ганнибалдың көтерiлiсi, Бар-Кохбаның көтерiлiсi, өзiмiз әңгiме етiп отырған Спартак, – орыс мұғалiм саусақтарын бүгiп, Ерiкке таңдана қараған.

– Ганнибал көтерiлiсшi емес, – дедi Ерiк, – Карфаген кейiннен, Ганнибал өлгеннен соң барып Римнiң қоластына кiрдi. Оған дейiн ол егемендi ел, жеке мемлекет болған. Яғни, Римдi күйретем деп соғысқан Ганнибал көтерiлiсшi болып есептелмейдi. Ал, Бар-Кохбаны да көтерiлiсшi деуге келмейдi.

– Неге? – дедi орыс мұғалiм әдетiнше кекетiп, – Бар-Кохбаның көтерiлiсi Римнiң әскерi Иудеяны бағындырып болғаннан кейiн басталды. Сiз өзiңiзге өзiңiз қайшы келiп отырсыз.

– Ешқандай да қайшылық жоқ, – дедi Ерiк. – Бар-Кохбаның күресi Римнiң басқыншылығынан кейiн көп ұзамай басталды. Яғни, еврейдiң көңiлiнде еркiндiктiң сәулесi әлi өшпеген кез, ол аз десеңiз, алаулап жанып тұрған кезi. Сондықтан, бiз, Бар-Кохбаны көтерiлiсшi деп айта алмаймыз. Жалпы, көтерiлiс деген терминнiң өзi дұрыс емес. Қолданыс­тан алып тастау керек сияқты. Адам тайпаларының еркiндiк жолындағы күресi ғана, сол күрестiң түрлi тағдыры ғана бар. Мысалы, 1930 жылдары поляктар мен финдердiң Сталиндiк системаға қарсы күресiн мен сол Бар-Кохбаның Римге қарсы күресi сияқты ұлт-азаттық күрес деп есептеймiн.

Орыс мұғалiмнiң тiзесi қалтырап, бүгiлiп бара жатқаны сезiлдi.

– Ал ендi Спартакқа қайтып келейiк, – дедi ол баяу дауыстап.

– Жақсы, – дедi Ерiк, – «Рим империясының үстiнде ешқашан күн батпайды» деген мақал қалыпты сол заманнан. Шындыққа жақын, себебi бүгiнгi күн Британия аралынан ары асып, батып бара жатқанда,  Кiшi Азия жақтан ертеңгi күн шығып келе жатады екен. Мiне, осының бәрi Римнiң колониялары. Осы жарты дүниенi алып жатқан ұланғайыр империяда еркiндiктiң, теңдiктiң, жалпы рухтың үнi толықтай өшiрiлдi. Рим тоталитарлық империя болатын. Империяның территориясында өлi мен тiрiден не бар – барлығы Римнiң мүддесiне бағындырылған едi. Есiңiзде болар, «Спартак» фильмiнде, Спартактың жанында жүрген бiр ақын жiгiт Рим әскерiнiң тұтқынына түсiп қалады. Бiр түнi император тұтқын ақынды қолтықтап балконға алып шығады да, қару-жарағы ай сәулесiмен шағылысып, Спартакқа қарсы аттанып бара жатқан сансыз шерiктердi қолымен меңзеп, «Қарашы, құл-құтаннан әскер жинаған Спартак бiзге қарсы не iстей алады? Римдi жеккөру, онымен өш болу, онымен күресу мүмкiн бе? Жоқ! Римдi тек қана сүю керек. Римге тек қана қызмет ету керек!» дейдi. Императордың бұл сөзi Рим идеясын айна-қатесiз жеткiзiп тұр. Яғни, Римнiң дәргейiндегi халықтарда неше ғасырлық тепкiнiң салдарынан күрес идеясы бiржола өлген. Римдi соғысып жеңу былай тұрсын, онымен күресу, оған қарсы шығу деген ешкiмнiң ойына да келмейдi. Мiне, осындай кезде, ғайыптан келген бiр адам Римге қарсы күрес бастайды. Және Красс пен Помпей сияқты атағы жер жарған Римнiң қолбасшыларын бiрнеше рет ойсырата жеңедi. Бұның сыры неде?

– Өзiңiз қалай деп ойлайсыз? – дедi орыс мұғалiм.

– Менiң ойымша, және бұл мен осылай ойлағандықтан болған нәрсе емес, ақиқаты сол – бұл Спартактың құлдық жайлаған Рим империясында емес, адам бостандықта туып, еркiндiкте жетiлетiн, басқа, ерiктi қоғамның перзентi екенiн дәлелдейтiн үлкен дерек, айнымас дерек. Яғни, скиф қоғамы Рим үстемдiгiн мойындамаған. Немесе қарапайымдап айтатын болсақ, сахара, көшпендiлер әлеуметi Римнiң құдыретiне, Римнiң егемендiгiне түкiрмейдi де. Жалғыз Спартак Римнiң әскерiн осынша әуреге салды. Ал көшпендiлер, скифтер, ғұндар дегеннiң не екенiн Рим кейiн, Атилланың кезiнде көрдi. Римнiң әмiршiлерi, бүкiл Римнiң сенаты «Қаланы қирата көрмеңiз, халықты қыра көрмеңiз» деп Атилланың алдында тiзерлеп тұрып, тарту-таралғыға сұлу қыздарын, керуен-керуен алтындарын алып келген. Сенбесеңiз, Момзен мен Гумилевтi оқыңыз. Бұл ғұндардың Қытайдан жеңiлiп, Хуанхэ – Сарыөзендi тастап шығып, Еуропаға ауған кезi. Әскерiнiң оннан тоғызы қырылып, әлсiреген кезi. Соның өзiнде Римдi тiзерлетiп тұрғызып қойған. Ал күшi толық болса, ғұн әлеуметi қандай iстер тындырар едi? Мiне, осы скиф, ғұн деп отырғанымыз Спартактың артында тұрған қасиеттi жұрты. Бүгiнгi баяндамада айтайын дегенiм осы. Көңiл қойып тыңдағандарыңыз үшiн рахмет.

– Тұра тұрыңыз, – дедi орыс мұғалiм, – Соңғы сауал.  «Спартак» сөзiнiң этимологиясы туралы ойланып көрдiңiз бе?

– Мен сiздiң ненi меңзеп тұрғаныңызды түсiндiм. Спартактың есiмiн көне Грекиядағы Спарта қаласына апарып тiремексiз. Айтайын сiзге, бұл жасанды, қате этимология, – дедi Ерiк.

– Сiзше қалай болар едi? – дедi орыс мұғалiмi.

Ерiк қалтасындағы шылым қораптан бiр темекi суырып тiсiне тiстедi. Артынша өзiнiң қайда тұрғаны есiне түскен болуы керек, темекiнi жұлып алып, қайтадан қалтасына салып қойды. Отырған жұрт ду күлген.

– Менiңше былай, – дедi Ерiк. – Бұлғардың ханы Құбраттың үш ұлы болған ғой. Баян, Аспарух және Ботбай. Хазарлардың жорығы кезiнде Құбрат елдi үшке бөлiп үш ұлына табыстайды, үшеуiн үш тарапқа аттандырады. Баян мен Ботбай бастаған елдi хазарлар қуып жетiп қырған. Ал Аспарух бастаған ел Балкан түбегiне аман-есен жетiп, қазiргi Болгария мемлекетiнiң негiзiн қалаған. Аспарух осы болгар хандары­ның түп атасы болып саналады. Қазiргi Жамбыл облысында Аспара деген тау бар. Мiне, Аспарух, Аспара және Спартак барлығы бiр түбiрден тараған сөздер. Яғни скифтiң, одан кейiн ғұнның жалқы есiмдерi.

Бұдан кейiнгi залда орнаған тыныштықты мен Гогольдiң «Ревизорындағы» «мылқау көрiнiске» теңер едiм. Мiнберде советтiк тарих ғылымының алпыс жылдық өтiрiгiн ойран-ботқа қылып, астын-үстiне келтiрген қаршадай бала залда кафедра мұғалiмдерi және қызық көрiп келген басқа факультеттiң студенттерi… Өлi үнсiздiк…

Кенет бағанадан берi баяндамашымен тоқтаусыз салғыласқан орыс мұғалiм орнынан тұрып.. қол соқты. Содан кейiн ғана басқа мұғалiмдер соған ерiп шапалақ ұрған. Бiрақ, көп адам бұл баяндаманың iзсiз кетпейтiнiн сезген едiк. Солай болды да. Бiрнеше күннен кейiн Ерiк оқудан шығарылды.

Бiрақ күзде академияның кiтапханасынан Ерiктi ұшырастырып, сәл таңданып жөн сұраған едiм.

– Мен қайтадан оқуға қабылдандым, – деген едi Ерiк, әдетiнше шылымын баппен сорып тұрып, – Профессор Шойынбаев кiрiсiп, оған Асхат ағамыз қосылып, алып қалды. Ендi оқу бiтiргенше тыныш жүр дедi.

Қатты қуандым. Өзiм де оған, күшiңдi қолыңа диплом алып алғаннан соң көрсетесiң, әзiрге тыныш жүр деп ақыл қостым. Алайда, Ерiк Көкеевтiң «қара тiзiмге» iлiнгенi анық едi. ҚазПИ-дi бiтiргеннен кейiн Мәскеу университетiнiң Тарих факультетiне түспек болды. Әрекетiнен ештеңе шықпады. Ол кезде iстiң жөнi қазiргiден басқашалау болатын. Кеңес Одағының астанасына абитуриент қаптап кетпес үшiн Мәскеудiң жоғары оқу орындарынан арнайы комиссиялар келiп емтиханды ұлттық республикалардың астаналарында өткiзетiн. Оқуға осы қатал сыннан өткен азғантай адам ғана аттанатын. Ал өз бетiмен Мәскеуге барған адам әдетте емтиханнан құлап қайтатын. ВГИК, ГИТИС, МГУ, Горький атындағы әлем әдебиетi институты, т.б. оқу орындарының мұғалiмдерi жазда Алматыда жүретiн. Ерiк осы Алматыдағы емтиханға жiберiлмеген. Ендi Мәскеуге барса да ештеңе шықпайтынын бiрден сездi.

– Қара тiзiмдегi жоғарғы топ – элитаға кiрген болуым керек, – деген тағы бiр жолыққанда, – Барлық жерде жол жабық. Ештеңенi түсiндiрмейдi. Бiрақ өткiзбейдi.

Кейiннен аспирантураға барды. Бiрақ, тақырыпты алдын-ала жасалған тiзiмнен таңдап алу керек екенiн көргенде, бұрылып жүре берген.

– Социалистiк системаны жырлайтын адамдар менсiз де жеткiлiктi, жыртылып-айрылады, – дептi ғылыми хатшының бөлмесiнен шығып бара жатып.

Бiрақ, Ерiк бiлiмге қанығудан айныған жоқ. Туған ауылы Аягөзде екi-үш жыл ұстаздық қызметте болып, содан соң үй iшiмен Алматыға, қаланың түбiндегi Райымбек ауылына көшiп келдi. Ендi ұшан-теңiз мол бiлiмдi публицистикалық жолмен жарыққа шығармақ болды. Бiрақ бұл тарапта да жолы болмады. Әлбетте, бұл жердегi ең үлкен кедергi – идеология. Ерiктiң тақырыбы – қалай жасырып амалдасаң да, қалай майласаң да өтпейтiн тақырып. Себебi оның iлiмi, мұраты, үндiеуропалық теорияға, дәлiрек айтқанда, қара халықтарды кiрiптар күйде ұстауды көздеген, ғылымға қатысы шамалы саяси теорияға қарсы едi. Қазiр көп адам ұмытып кеттi. Ал Кеңес заманында солай болған. Барлық кiтапта сенiң қор болғаның, кем болғаның айтылады. Сен сондайсың дейдi. Және бүгiн ғана емес, баяғыдан солай болған, әлмисақтан берi табанымыздың астында жатқансың, сенi адам қылған бiз дейдi. Ендi қияметке дейiн осылай болады, тiптi, қияметтен кейiн де осылай болады дейдi. Мыңжылдықтар бұрын бiздiң басымыздан өткен, әлемдiк тарих сөзсiз мойындаған ерлiк дәуреннiң өзiн терiске шығарады, айтқызбайды, жазғыз­байды.

Екiншi кедергi – баспасөз, бұқаралық-ақпарат құралда­рының басында отырған өз қазағыңның бiрде ашық, бiрде жасырын қиястығы. Қандай болмасын газеттiң өнер, мәдениет немесе ғылым бөлiмiн меңгерiп отырған әлдебiр шаласауат журналистiң, алдына келген талантты автормен бақас, бақталас болуы – қазақ мәдениетiн тұралатқан ең ауыр iндеттiң бiрi осы едi. Инемен құдық қазып жүрiп тапқан дүниенi көзмайыңды тауысып, ойланып-толғанып жазасың. Мұратың – қайткенде қазақтың өресiн, абыройын өсiру, тарихта кеткен есесiн қайтару. Редакцияға, ғылым, мәдениет бөлiмiне алып келесiң. Ол жерде ҚазМУ-дiң журналистика факультетiн жаңа ғана бiтiрген немесе бiтiрмей жатып жұмысқа алынған бiр «кiсi» отырады. Бiр ғажабы (талай байқаған нәрсем) әдетте ол «кiсi» айнаға қарап тотыдайын таранған, ернi қаймақтай жұқа сұлуша, талдырмаш жiгiт болып шығады. Сен автор емессiң, ғалым емессiң, оның тырнағын алып сәнденуiне кедергi келтiрiп тұрған шыбын сияқтысың. Мақалаңды алады. Аллахуакбар. Өзiнiң түсiнуге өресi жетпесе, бас редактормен ақылдасу деген болмайды. Оның үстiне қолжазба авторға қайтарылмайтыны бар емес пе. Сонымен, мақалаңыз iзiм-қайым жоғалады. Күндердiң күнiнде аталмыш сұлу ол мақаланы өз атынан жариялап жiберсе, қайран қалмайсыз. Әрине өзiнiң сұлулық деңгейiне сай етiп өзгертiлген, дәлiрек айтқанда, дым түсiнбей интерпретация жасалған. Мысалы, зiлдiң (мамонт) сүйегiнен жасалып, терiсiмен қапталған лашықтың жетiле келе қалайша қазақтың киiз үйiне айналғандығы жайында жазылған Ерiк досымның тамаша мақаласы кейiннен ғылыми журналда отырған әлдебiр редактордың атынан жарияланғандығын өз көзiммен көрген едiм.

Сонымен барлық тарапта жолы кесiлген Ерiк Көкеев қатардағы ауыл мұғалiмi болып қалды. Бiр рет қана фило­софия институтының аспирантурасына барып жөн сұрады да, ауылына қайтты. Кейiннен бiр топ жас оқымыстылардың Ерiктi үйiрсектеп жүргенiн байқадым. Бiр ғалым әйел ай бойы Ерiктiң ақыл-кеңесiн алды. Көшпендi өркениет тудырған ұлы мәдениеттiң ең асқақ көрiнiсi –  аспан тари­хының барлық кiлтипандары, бүкiл шежiресi, жер сiлкiнуден бастап, жұтқа дейiнгi аралықтағы табиғаттың барлық құбы­лыстары мен апаттары ескерiлiп, орын алған қазақтың алпыс жылдық күнтiзбесiнiң бүкiл қыр-сырын Ерiк бiрнеше күннiң iшiнде сол адамға айтып бергенiн де мына пендеңiз көрiп едi. Кейiннен ол ғалымның докторлық диссертациясы моногра­фия болып шықты. Оқыдым. Авторлар мен мәлiмет берген адамдардың тiзiмiнен Ерiк досымның есiмiн таба алмадым.

Кейiннен жанындағы iшiп кетер, жеп кетерлерден әбден жерiген, өзiне лайықты орта таба алмаған Ерiк ақырындап iшкiлiкке салынды. Салына-салына нағыз маскүнемдiк жолға түстi.

…Ол 2004 жылы 48 жасында дүниеден қайтты. Сүйегi сол Райымбек ауылының маңайындағы қабырстанға жерлендi. Кейiн мен досым жайлы көп ойландым. Әрине, өмiр бойы құрметтеп өтем. Бiрақ, неге осылай болды деген ой маза бер­мейдi. Атадан асып туған, құдай осындай биiк сана, осыншама өнер берген адам неге осындай абыройсыз өлiмге барды? Серiкбол Қондыбайдан зағип емес едi ғой. Серiкбол омыртқасы мертiгiп,  тоғыз  жыл арбада отырып-ақ бiр ғылы­ми институттың iстейтiн жұмысын жалғыз өзi тындырып кеттi. Әрқайсысы сайдың тасындай 16 кiтап жазды. Ал Ерiктiң артында өресi тым биiк бiрнеше мақала мен дастархан басында «пәлен жерде, түглен жерде былай айтқан екен» деген ауызекi әңгiмелер ғана қалыпты.

Ойымша ол күйрек адам болған. Бiр-екi адам емес, бүкiл система ғылымның өркендеуiне қарсы екенiн көргеннен кейiн күрт омырылған. Сол күйрегеннен оңалмаған. Бұндай бойкүйездiк пен апатияны осылай ғана түсiндiруге болатын сияқты.

О дүниеге барып-қайтқандай куәландыра алатын кейбiр адамдардың айтысына қарағанда, Алла тағала адамнан жауап алғанда «Мен саған осындай да осындай өнер бердiм, қабiлет бердiм, сен соны не iстедiң? Қандай жолға жұмсадың?» деп сұрайды екен. Осы рас болса, онда менiң абзал досым  қазiр Жаратушының алдында қатал тергеүде отыр. Тек Жаппар Ием оның адамдық, пенделiк әлсiздiктерiне кешiрiммен қараса екен деп тiлеймiн.

Бүгiнгi әлемдiк ғылым Мысыр пирамидаларының шыққан тегiн түсiндiрiп бере алмайды. Бар қабiлетi бұл алып құбылыстардың өлшемдерi мен пропорцияларының қазiргi математиканың деңгейiнен еш кем емес, ал кейiнiректе одан артық екенiн мойындап, бас шайқауға ғана жетедi.

Бiрде мен Ерiктен осы жайында сұрадым.

– Сенiң ойыңша бұл пирамидаларды кiм салған және қалай салған? – дедiм мен, – Сенiң гениальный миың бұл жөнiнде не ойлайды?

Ерiк әдетiнше шылымын тұтатып, ойлана отырып баяу әңгiмелеп кеткен.

– Мен бұл жайында тәуiр-ақ ойландым. Әлемдiк ғылымда теория көп. Бiр ғалымдар бұл пирамидаларды атланттар, яғни, бұдан 100-120 мың жыл бұрын өмiр сүрген алыптар салған дейдi. Гректiң мифологиясындағы атланттар бар емес пе. Солар. Бiрақ өзiң ойла, пирамидаларды құрап тұрған блоктың ең жеңiлi 60 тонна екен. Айуанның ең үлкенi кит те бұндай салмақты тарта алмайды. Ал пiл орнынан да қозғалта алмайды. Осындай блокты көтерiп, тасып, қалап шыққан ондай алып адамдардың тым құрмаса бiреуiнiң қаңқасы осы уақытқа дейiн табылуы керек едi ғой. Мен әлемдiк археологияға қатысты журналдарды қарап, ең соңғы мәлiметтердi қалт жiбермей қадағалап отырамын. Әзiрге атланттардың қаңқасы, скелетi табылды деген дерек жоқ. Екiншi бiр топ ғалымдар бұл жерде алып гранит таулар мен төбелер болған, көне адамдар сол тау мен төбелердi қашап, шауып осы пирами­далардың формасына келтiрген дейдi. Әрине, бұл балаң теория. Себебi, жынысына қарағанда ол жерде тау болмау керек. Шөл дала. Керiш құм. Жарайды, тауларды қашап болды дейiк, бiрақ блоктардың арасындағы жiк қалай жасалған? Ол мүмкiн нәрсе емес. Бұл теория да түкке жарамайды. Ендi бiр топ ғалымдар бұл блоктарды еңiс жолымен жоғары сүйреп шығарып, қалаған дейдi. Ертедегi адамдар осылай iстеген дейдi.

– Пiл мен мамонт тарта алмаған блокты адам қалай сүйрейдi? – дедiм мен.

Ерiк жымиып күлдi.

– Солай дейдi. Қайдан бiлейiн. Блоктың жүретiн еңiс жолын үйкелiстi азайтатын маймен майлап, блоктың өзiн ұзын трос байлап, шығыршықпен тартқан дейдi.

– Ал ендi Ерiк Көкеев бұл турасында не айтады екен, соны тыңдайық, – дедiм мен қалжың-шыны аралас.

Дәл осы кезде бөлмеге Ерiктiң шешесi кiрiп, үстел үстiне бiр ескi шәугiмдi қойды.

– Ерiк, мына шәугiмдi не көршiлерге бере сал, не күресiнге лақтыр. Қағы қалыңдап, түкке жарамай қалды, – дедi де, бұрылып шыға бердi.

Аздан соң шәй үстiнде Ерiк, қарындасын шақырып алған да, қолына ақша ұстатып, сыбырлап бiр тапсырма берген. Шәйден кейiн Ерiктiң бөлмесiне кiргенiмiзде, үстел үстiнде күйесiнен тазартылып айнадай жарқыраған шәугiм мен бақандай алты  бөтелке сiрке қышқылы тұр едi.

– Мiне, қара, – дедi Ерiк орындыққа отырып жатып, – Мынау шәугiмнiң қағы үш елi болып кетiптi. Мана сызғышпен өлшедiм, 6 см. Қағы қалыңдаған сайын бұл шәугiмнен шәй iшу қиындай бередi. Әсiресе асыққанда қайнамай ит қылады. Кем дегенде бiр сағат тосу керек. Бiздiң қазақ ат қойғыш халық қой. Мынадай шәугiмдi не деп айтады бiлесiң бе? «Таскөт» шәугiм дейдi. Ендi қара. Уксус эссен­циясын осының iшiне құямын. Алты  бөтелкенiң барлығын тоғытқан Ерiк шәугiмнiң қақпағын шүберекпен нығыздап жапты, шүмегiн қағаз тығынмен тығындады. Содан соң әлденеше қабат целлофанмен орап, орамалдармен қымтап, шкафтың iшiне қойып, есiгiн құлыптап тастады.

–    Бiр аптадан кейiн кел, – дедi маған, – қызық көресiң.

Қолым тимей, бiр апта емес,  араға он күн салып келдiм. Ерiк сабақтан кейiн демалып жатыр екен. Амандасқаннан кейiн, шкафты ашып, орамал-целлофандарды шешiп, шәугiмдi алды, iшiндегi исi аңқыған қышқылды басқа бiр ыдысқа құйды.

– Ал, ендi қара, – дедi шәугiмдi үстел үстiне қойып.

Қолына үлкен қасықты алды да шәугiмнiң iшiндегi баттасқан қақты жұмсақ балмұздақ құсатып, қырып алып тастады. Үлкен тегешпен орта тегеш қоймалжың сұрғылт балшық болып шықты.  Ерiк сол қақты қалыпқа құйып, кесе жасады (кейiннен, кепкеннен соң, бүйiрiне стронций бояуымен әдемi сурет салып, отқа күйдiрiп шыңдап алды да, ұзақ жылдар бойы сол кесемен шәй iшiп жүрдi.

– Пирамида туралы сұрап едiң ғой, – дедi күлiп, шылымын тұтатып жатып, – мiне, менiң жауабым осы.

– Сонда қалай болғаны? – дедiм мен өз көзiме өзiм сенбей.

– Солай болған, – дедi Ерiк түтiндi бiр бұрқ еткiзiп, – пирамиданы осылай жасаған. Көне өркениет тасты ерiтетiн технологияны меңгерген. Мыңдаған тонна граниттi осылай ерiтiп, ағаш қалыпқа бетон құсатып құйып, пирамиданы осылайша жасап шыққан.

– Көңiлiмде осыған қатысты күмән қашан пайда болды  дейсiң ғой? – дедi Ерiк алдыңғы сөзiн үстеп, – 1930 жылдары болса керек, ұмытпасам, ең үлкен пирамиданың бiрi – Хефреннiң пирамидасының iшiнде, қазына тұрған бөлмеге апаратын дәлiзден  адамның шашы табылған. Үлкен ғалым­дардың жанында ерiп жүрген екiншi қатардағы археологтар­дың бiрi қабырғадан елеусiз ғана шығып тұрған шашты байқап қалады. Содан соң, кейiннен өзiнiң естелiгiнде осы жайында жазады. Осы мәлiметтi оқығандағы таңқалғанымды көрсең. Көп ұзамай пирамидалардың құпиясын түсiндiм. Бiрнеше тал шаш, ол құрылысшылардан кездейсоқ қалып қойған нәрсе. Немесе, көне өркениет осылайша, бұл жұмбақтың шешiмiн өзi айтып та кетуi мүмкiн. Осыдан келiп тастағы жазулардың сыры ашылды. Бұл жерде үш технология бар. Бiрiншiсi, бұл эпитафияларды жоғарыдағыдай құйып жасаған. Тас қата бастағанда барып жазу жазылған. Екiншi, бұл бұрыннан белгiлi амал, тасты қып-қызыл қылып қыздырады да, сiрке сумен жазу жазады. Тас суығаннан кейiн ысқылағанда, уксустың тиген жерi езiлiп, суға жуылып кетедi. Үшiншi амал, көне адамдарда қазiргi құлпытасқа жазу жазатын бұрғыға ұқсас үлкен айналыста тасты жеп шығатын асыл бұрғы болған. Ал тасты қашап жазды дегенге мен сенбеймiн. Бiр әрiптi қашауға 1-2 апта уақыт кетуi мүмкiн. Ал мыңдаған әрiптен тұратын үлкен текстердi қашап шығару үшiн қанша уақыт керек? Тағы бiр технология бар. Қыш кiтапшаға жазу жазады, кептiредi, күйдiредi, содан соң суға салып тастайды. Қыш кiтап суда жатып ақыры берiшке айналады. Бiрақ, бәрiбiр оның қыш екенi көрiнiп тұрады.

Естiгенiмдi ақылға сыйғызу қиын едi.

– Сонда тұтас бiр тауды қалай құйып шығады? – дедiм әлi де күмәнiм сейiлмей.

– Оның несi таң? – дедi Ерiк өз кезегiнде таңқалып, – Қытайлар алты мың шақырымдық алып қабырғаны қалай тұрғызды, сол сияқты. Мысалға жүз мыңдаған адам шелекпен құя бередi, құя бередi. Әйтеуiр бiр күнi бiтiредi. Мiне, сондай да сондай көп болған көне дүниеде.

– Ал сенiң ойыңша, осы пирамидалар не үшiн салынған? – дедiм мен.

– Кiм бiлiптi, – дедi Ерiк қолын жайып.

– Жоқ, менiң бiлгiм келетiнi, сенiң ойыңша қалай? – дедiм қайталап.

Ерiк шылымын сорғыштап ұзақ үнсiз отырып қалды.

– Кiм бiледi, – дедi содан кейiн қайтадан қолын жайып, – Жанартаулардан, жер сiлкiнетiн тектоникалық жiктерден аулақ жатқан таулардың қараптан-қарап балқып қатып қалғанына қарағанда, жер бетiнде, ықылым замандарда ядролық соғыс болған сияқты. Содан кейiн Үндiстанның «Рамаяна» мен «Махабхарата» сияқты ұлы эпостарында жер дүниенi өртеп, тауларды балқытқан әлдебiр от қару жайында көп айтылды. Тiптi, қазiргi ұшақтарға ұқсас әуенмен ұшатын аппараттардың болғандығы айтылады. Ол аппарат «виман» деп аталған екен. Ойымша, жер өркениетi бiр емес, бiрнеше рет жой­ылған.  Пайда болған. Дамиды. Шыңға шығады. Жойы­лады. Осылайша бiрнеше рет қайталанған. Сол себептi, мемлекет дегеннiң, ғылым-бiлiм, өнер дегеннiң, жалпы, фәни дүниенiң баянсыз, тұрлаусыз екенiне көзi жеткен адамзат, дәлiрек айтқанда, құдыреттi перғауындар келер ұрпаққа өсиет ретiнде адамзат тарихын осылайша таңбалап кеткен болуы керек. Пирамидалар толық зерттелiп болған жоқ. Егерде кейiн ол жерден бұрын ешкiм байқамаған құпия бөлмелер, ол бөлмелерден адамзаттың шежiресi табылып жатса, таңқалмас едiм. Келер ұрпаққа арналған шежiре мен өсиет. Ол ұрпақ жердiң адамы бола ма, әлде ғарыштан келетiн басқа адамзат тайпасы бола ма – айырмасы жоқ. Әйтеуiр саналы тiршiлiк иесiне жолданған хат.

– Ғарышта тiршiлiк бар деп ойлайсың ба? – дедiм мен.

– Мен ғалымдарға таңқалам, – дедi Ерiк тағы бiр шылым тұтатып, – жердiң орбитасына шығарылған телескоптардың есептеуiнше, аспанда миллиондаған галактика, триллиондаған жұлдыздар мен планеталар бар көрiнедi. Осынша шетсiз-шексiз дүниеде тiршiлiк жоқ деп қалай айта аласың? Сол сансыз планеталарды аралап келiп барып, көз жеткiзiп барып айтқан абзал болар. Ал аспанға қарап тұрып, «Жерден басқа планетада, бүкiл ғарышта тiршiлiк жоқ» деп айта салу, надандық болып саналады. Әрине, Чарльз Дарвин тiршiлiктiң шығу тегiн дәлелдемек болған, тiршiлiк күрделене келе маймылдан адам пайда болды дегендi айтады. Бiрақ, дарвинизм – көп теорияның бiрi ғана. Ал бiз, жердi мекендеп жатқан адамзат, ғарыштың қай түкпiрiнен келгенiмiздi бiлмеймiз. Қайсымыздың қай жақтан келгенiмiздi бiлмеймiз.

Мен қайран қалдым.

– Оны қалай түсiнуге болады?

– Менiң ойымша, жердiң халқы әр ғарыштан келген түрлi тайпалардан құралған, – дедi Ерiк, – болды, ендi осымен бұл тақырыпты доғарайық.

…Шамамен осы кезде мен өнертапқыш Сейiлбек Қыш­қашевпен танысқан едiм. «Заман – Қазақстан» қазақ-түрiк газетiнде орыс бетiнiң редакторы қызметiндемiн. Бұл Қазақ­стан егемендiк алып, орыстiлдi баспасөз мемлекеттiк тiлге қарсы күрес бастаған кез. Әрине, қазақ баспасөзi, қазақ журналистерi бұндай «құбылыстарға» жақсылап жауап бередi. Бiрақ, орыс пен қазақ мәдениетi, екеуi екi тiлде өрiстегеннен кейiн, бiр-бiрiмен жанасауы қиын. Қазақ баспасөзi не жауап жазса да орыс оқырманына жетпейдi. Ал олар ойындағысын айтып отыра бередi. Мiне, осы кезде орысқа орысша жауап берген екi адам болды. Бiрiншiсi – Алдан Айымбетов, ал екiншiсi – осы Сейiлбек ағамыз едi. Орыс газеттерiндегi материалдарға ертесiне-ақ жақсылап жауабын берiп, артынша жауапқа тартылып, қисапсыз соттарда шыңдалған Сейiлбек ағамен 1997 жылы танысып, араласа бастадым. Араласа келе, оның қазақ қоғамының қорғаушысы ғана емес, тамаша өнер­тапқыш екенiне де көзiм жеттi. Бiрде, кезектi сотта итжығыс түсiп, редакцияға қайтып келiп, түстен кейiнгi шай үстiнде отырғанбыз. Журналист қыз-жiгiттер әңгiмелесiп отырып, ақыры пирамида тақырыбына ойысқан. Әңгiмеге мен де араласып, Ерiк досымнан естiгендерiмдi айттым. Сейiлбек аға елең ете қалды.

– Ойпыр-ай, мынауың бiр данышпан адам болды ғой.

Содан соң қулана жымиып алды да, – Ертең жұмыста бол, бiр нәрсе көрсетем, – дедi.

Ертеңiне түске қарай келген ол сөмкесiнен бiр жарым литрлiк пластик шишаға құйылған қанқызыл сұйықтықты суырып алды.

– Бұл не? – дедiм мен.

– Кейiн айтам, – дедi Сейiлбек аға, – Оймақтай ғана ыдыс керек.

Сол жерде басқа шишаның қақпағын алды да, күрең сұйықты меймiлдете құйған. Редакцияның iшiн әлдебiр қышқыл иiс алып кеттi. Қақпақты менiң үстелiмнiң үстiңгi бос тартпасының түкпiрiне қойып, еппен жапты.

– Құлыпта, – дедi содан соң, – Үш күнге дейiн ашпа. Өзiм келем. Бәрiн түсiндiрiп көрсетем.

Үш күннен кейiн келiп ашқанда, о керемет қақпақтың iшiнде тас қатып тұр екен. Сейiлбек аға бәкiсiн алып қақ­пақты кесiп тастады да үлкен таблетка сияқты дөңгелек қызыл тасты қолыма ұстатты.

– Бұл не ғажап? – деп сұрадым.

– Бұл гранит, – дедi Сейiлбек аға, – Сенiң әнеукүнгi досың айтқан ерiтiлген тас осы. Мен бұны осыдан төрт жыл бұрын таптым.

– Ендi былай, – дедi кеудесiн кере демалып, – Мен қайткенде сенiң сол досыңмен танысуым керек. Мiндеттi түрде. Менi ертiп апар. Жолықтыр. Ағалық өтiнiшiм.

– Өй, жарайды, – дедiм мен, – одан оңай нәрсе жоқ. Ол өте қарапайым адам. Сiздей адаммен танысқанына ол қайта қуанады.

Жайнаған көктемнiң кезi едi. Сейiлбек аға екеумiз «Қырғауылдыдан» түсiп, Райымбек ауылына жаяу тарттық. Ерiк әдетiнше жұмыстан келiп, демалып жатыр екен. Екеуi танысып, аздан соң, бiрiн-бiрi бұрыннан бiлетiн адамдай шүйiркелесiп кеттi. Мен тыңдаушы ғана болып отырдым.

– Ерiкжан, – дедi Сейiлбек аға, – Пирамиданың iшiнен адамның шашы табылғаны жайында мен де оқыған едiм. Содан соң түрлi тәжiрибе жасай бастадым. Уксуспен, басқа заттармен. Кейiннен жер бетiнде бiрде-бiр өсiмдiк синтездей алмайтын уксустың бiр түрi бар екенi жайында оқыдым. Ол уксусты жылқының сүт бездерi ғана синтездей алады екен. Осыдан кейiн мен қымызбен тәжiрибе жасай бастадым. Биенiң сүтi, қымыз, жалпы, сүт атаулы қасиеттi нәрсе ғой, жасаған тәжiрибелерiмдi құдай кешiрсiн.

– Тәжiрибелер кезiнде қанша қымызды құртқанымды құдай бiледi, – дедi Сейiлбек аға, – Ал мынау ең соңғы нәтиже. Әрқайсысына он екi литрден, 24 литр қымыз кеттi.

Ерiк екi шишаны да айналдырып көрдi.

– Керемет, – дедi ойлана, – Мiне, тасты осылай ерiткен ғой. Пирамидалардың жанынан балшық айдайтын қырманға ұқсас өте үлкен бассейндер табылған. Оның не үшiн екенiн ешкiм де айтып бере алмады. Ойымша бұл, сол тас ерiтетiн бассейндер.

Содан соң досым өнертапқыш ағаға сауал тастаған.

– Ал, Сейiлбек аға, бұл ашқан жаңалықты не iстедiңiз? Патент алдыңыз ба?

– Қайдағы патент, – дедi Сейiлбек аға қолын сiлтеп, – Бардық, патент тiркейтiн жерде бiр «кiсi» отыр. Сөзiмдi тыңдап болып, өзiмдi тәлкек қылды. Бұның не керегi бар, қазiр гранитiңнiң әкесiндей небiр бетонның түрлерi бар. Ол бетонды, тiптi, теңiздiң суы тоздыра алмайды дейдi. Жаңалығыңды қолтығыңа қыс та, қайқай дедi. Мiне, бiздiң патенттiң сиқы.

– Адамды мезгiлсiз ажалдан құтқарып, оның өмiрiн ұзарта алатын ұлы шипа тапқаныңызды ол бейбақ қайдан бiлсiн, – дедi Ерiк шылымын сораптап отырып.

Сейiлбек аға көзi жарқ етiп Ерiкке қараған.

Сөз соңы: Алдияр аруағыңа ет пен қымыз!

– Қазақтар ертеде неге ұзақ жасаған? – дедi Ерiк, – Өйткенi, қымыз iшкен. Әрине, байырғы тарихтағы қазақ азаматы әдетте майданда өлетiн болған. Бiрақ өлмей, әлдеқалай аман қалған адам өте ұзақ жасайтын болған.  Үш жүзге келiп өлген Майқы,  жүз тоқсанға келiп өлген Сыпыра жырау… жүзден асып,  жүз он, жүз жиырмаға келу – қазақ үшiн әдепкi нәрсе едi. Жүзден асып өлген аталарымызды көзiмiзбен көрдiк. Мiне, осының бәрi – қымыздың құдыретi.

– Дұрыс айтасың, – дедi Сейiлбек аға, – Әрине, қазақ бұрын ауырмаған. Өйткенi, бала жасынан қымыз iшкен, ет жеген, ағзасы, бүкiл организмi тап-таза. Әжелерiмiз айтушы едi, пәлен атамыз, түглен бабамыз жасы жетiп өлгенде, мәйiтi сәбидей буланып, нұрланып жатушы едi деп. Қымыздың құдыретi.

– Себебi, граниттi ерiте алған қымыз, адамның бүйрегiндегi құм мен бауырына байланған тасты, атеросклерозға ұшыраған адамның қан тамырларын бiтеп баттасып тұрған холестерин, бәрiн күл-талқан қылып ерiтiп, су қылып ағызып жiбередi. Сондай-ақ, сыртқа айдап шығуға адамның өз ағзасының күшi жетпей отырған небiр зиянды өңез, iшек құрттарын да қымыз оп-оңай қырып салады, ағызып жiбередi. Зияндыны жояды, пайдалыны күшейтедi. Қымыздың құдыретi осында, – дедi Ерiк, – Ал ағзасы осындай тап-таза, тамырларын кернеп нұрлы, шипалы қан аққан адам ұзақ жасамағанда қайтедi.

– Қазақ бұрынғыдай саба-саба қымыз iше алмайды, – дедi Сейiлбек аға, – Бiрақ, мен тапқан дәрiнi нашарлау қымызға, айранға қосып, тiптi жай суға тамызып iшсе де әсерi тамаша. Осыны айтып, Денсаулық сақтау министрлiгiне де бардым. Онда отырған «кiсi» тыңдап болып, ыржиып, қолымды қысып құттықтады да, шығарып салды.

– Себебi, медицина қазiр фармацевтиканың қолжаулығына айналды, – дедi Ерiк, – Бұрын дәрi өндiру саласы медицинаға бағынатын. Ендi, керiсiнше, медицина дәрi өндiруге бағынады. Сiздiң тапқан дәрiңiздi қабылдаса, онда шет елдiң бауыр тазалап өт айдайтын, бүйрек тазалайтын дәрiлерiнiң керегi болмай қалады. Өнертапқыштың, әсiресе, қазақ сияқты елдiң өнертапқыштарының тағдыры осы.

Екеуi түнi бойы отырып сөйлестi. Ертеңiне қалаға қайттық. Сейiлбек аға жүзi нұрланып жол бойы автобустың терезесiнен сыртқа қарады да отырды.

– Өзiңмен пiкiрлес адамды кездестiрген қандай жақсы, – деген едi ол қоштасып тұрып, – Жақсымен өткiзген бiр күнiң – жылға тең. Бiрақ, ол күнде бола бермейдi ғой.

Содан берi пәленбай жыл өттi. Сейiлбек аға да, Ерiк досым да баяғыда көз жұмған. Кей-кейде әртүрлi iстiң бабында жүрiп сол бiр ғажайып кештi, екi тiрi гений, тiрi данышпанның бiрiн-бiрi қалай құрметтеп, сыйласқанын есiме түсiрем. Көңiлiм бiртүрлi босап қалады. Иә, екеуi де өмiрде жолы болмаған, тауы шағылған адам едi. Бiрақ, екеуi де туған елiн жанындай жақсы көрген, қазаққа қашан да болсын деген адал перзент едi. Жатқан жерлерi жайлы болсын дегеннен басқа не келедi бiздiң қолдан. Тәмәм.

“Алматы ақшамы”   20.03.2014

АҢЫЗ ЖАЙЫНДАҒЫ АҢЫЗ
немесе ауызекi мәдениеттiң пайда болуы турасында бiр-екi толғам

Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ

Ескi ақылдың пайдасы

Бұл 1966 жылы болған оқиға едi. Осының алдында ғана қазiргi Шығыс Қазақстан, бұрынғы Семей облысының Аягөз ауданы екi ауданға айналдырылған, Шұбартау деген жаңа әкiмшiлiк нысан пайда болған. Сол жылдары Тельман Құсатаев деген адам бiздiң ауылымызға директор болып келдi. Керемет iскер басшы едi. Аз жылдың iшiнде бiздiң ауылымыз миллионер кеңшарға айналды. Мiне, осы 1966 жылқы жылы ерте көктемнiң басында ауылдың бiр топ жөн бiлетiн қариялары директордың қабылдауына барады. Тумысында тектi, көргендi және Сталин заманы­ның қатал тәрбиесiнен өткен Тельман ағамыз үлкен адамдарды иiлiп қарсы алады, жақсылап мәжiлiс құрады. Осы мәжiлiс үстiнде жыл санаумен бала кезiнен жақсы таныс қариялар директорға алдағы жыл – қой жылында жұт болатынын, сол жұтқа дайындалу керегiн айтады. Тельман ағамыз ал­ға­шында қатты күмәнданып, қой жылы жұт бола ма екен, жұт әдетте доңыз жылына келмеушi ме едi дейдi. Үлкендер жөн-жобаны қайыра түсiндiредi.

Осыдан кейiн директор дайындыққа кiрiседi. Әуелi арық-тұрақ, көтеремнiң барлығын сұрыптайды, етке айдайды. Таңбалы жас малды iрiктеп алып, кәрi табынды, кәрi отарды шығарып тастайды, оны да етке айдайды. Алыстағы шабындықтарды алдымен шауып, пiшендi қыстауларға ерте тасытады. Осы тынымсыз дайындық өз нәтижесiн бердi. Қой жылы қыс қатты болды, құрық бойы қар жауды. Ол қар бiрнеше күн қысқы шiлде кезiнде азынаулақ дегдiп, ерiп, қаңтардың қызылшұнақ аязында темiрдей болып қатты. Содан соң бүкiл аудан, бүкiл Арқа көлемiнде малдың қырғыны басталды. Бұл жұт туралы сол кездегi бұқаралық ақпарат құралдарынан мәлiмет iздеп әуре болмай-ақ қоюға болады. Себебi, марксистiк ком­мунистiк теория бойынша социалистiк қоғамда малдың жұттан, iндеттен қырылуы мүмкiн емес. Жалпы жұттың, яки басқа апаттың болуы мүмкiн емес, социалистiк қоғамда. Себебi… себебi, жаратылыстың өзi социалистiк қоғамға ықылас-пейiлдi. Табиғат құбылыстарының өзi Ленин атаның айтқанымен жүрiп-тұрады. Сол себептi, баспасөз, ештеңе болмағандай, социализмдi жырлап отыра бердi. Сол себептi Семейдiң Шұбартау ауданы Калинин атындағы кеңшарының директоры Тельман Құсатаевтың бiр бас малды шығынға ұшыратпай алып шыққан әрекетi елеусiз қалды. Естуiмiзше, қыс-қыстаудың нәтижелерiне және алдағы мiндеттерге байланысты Семейде өткен, облыстың бүкiл кеңшар директорлары қатысқан партак­тивте жоғарғы басшылар, қоғамдық дәулеттi қорғаудың, сақтаудың таңғажайып үлгiсiн көрсеткен директорды бiр ауыз сөзбен атап кетуге де жарамапты.

Ал Тельман ағамызға ақыл-кеңес айтқан қариялар ше? Олардың бар-жоғын ешкiм бiлмейдi. Және ол шалдар, былайша айтқанда… өздерiнiң ерлiк iстегенiн бiлмептi. Бiлетiндерiн бастыққа айтты, ескерттi. Болды. Азынаулақ малын бағып, шайын iшiп, кемпiрiмен бiр ұрсысып, бiр татуласып, қазақтың шалы осылай жүре берiптi. Тек ақылды бастық жұттан кейiн ес жиған жаз келiп, жаздан кейiн күз келгенде қарияларды үйiне қонаққа шақырып, рахметiн айтып, сый-сияпатын берiп шығарып салыпты.

Ретiмен жылжып уақыт өттi. Есейiп, әрқайсымыз өз жолымызды таптық. Әскерден кейiн Абай атындағы Қазақ педагогика институтының филология факультетiне оқуға түстiм. Бiрiншi курстан кейiн жазда үш мұғалiм – Асхат Әбiлқаев, Мереке Жаманов және Мұхтар Мағауин елу студенттi бастап Талдықорған облысының Ақсу ауданына фольклорлық практикаға бардық. Ел iшiнен ауыз әдебиетi үлгiлерiн жинадық. Алматыға қайтып келiп, үйдi-үйiмiзге тарардың алдында барлығымызға «өз ауылдарыңнан да ертегi, аңыз-әңгiме жинай жүрiңдер» деп тапсырма берген.

Ауылға келгеннен кейiн сөз бiлетiн қарияларды шұқылай бастадым. Менiң нағашы атам, күйшi Жүнiсбай Стамбаевпен өмiр бойы сыйласып өткен Мырзахан деген ақсақал бар едi. Баяғы Тельман ағамызға жұт жайын ескерткен адамның бiрi екенiн бiлемiн. Осы турасында әңгiме болды. Мырзахан ақсақал бiрнеше отырыста мүшел дегеннiң не екенiн, ескi жыл санаудың жөн-жобасын ұғындырған. Ал «осы жыл санау не үшiн керек?» дегенiмде, ақылды қария ойланып отырып былай дедi:

– Мына дүниенiң қуаныш-сүйiнiшi, қасiретi мен қайғысы өзiнiң ретiмен, кезегiмен келiп отырады, қарағым. Жақсы мен жаман қалай болса солай келе салмайды. Нәубет болсын, нәсiп болсын, өз жүйесiмен келедi. Жыл санайтын есепшiлер осыны, жұттың қай жылдары қай­таланып отыратынын, тағы да толып жатқан нәрселердi бiледi. Үйренсең сен де бiлетiн боласың.

Содан соң ет пенен шай алмасып келiп отыратын қазақ­тың ұзақ дастарханында сенудiң өзi қиын мәлi­меттерге қанықтым. Он екi жыл – бiр мүшел. Мүшел бес рет айналады. Бұл «айналма мүшел» деп аталатын алпыс (60) жылдық кезең қазақта «бiр жас» деп айтылады екен. Мысалы, «екi жастың бiрiне де келмей өлдi» деген сөз алпысқа жетпей өлген адамға айтылады.

– Алпыс жыл – «бiр жас», немесе «бiр жыл» деп аталады екен, олай болса биыл, сондай жылдың нешiншiсi? – деп сұрадым.

Қазақ Ордасының шамамен 1456 жылы құрылғанын, содан берi тағы да шамамен 521 жыл өткенiн бiлемiн. Қағаз-қарындашымды алып, iлезде есептеп шығардым. Алпыс жылдық «айналма мүшелдiң» сегiз жарымы өтiптi. Осыны айттым.

– Сегiз жарым мүшел шығар? – дедiм.

– Жоқ, – дедi Мырзахан ақсақал басын шайқап күлiп.

– Ендi қанша?

Қария төбемнен тоңқ еткiзген.

– Биыл 270-жыл.

Есептедiм. Сенбедiм. Себебi, есеп бойынша 16 200 жыл болып шықты. Осыны айттым.

– Иә, жылға айналдырса солай болатын шығар, – дедi ақсақал келiсiп.

Үйге келгеннен кейiн қайтадан есепке отырдым. Ол 1977 жылдың шiлде айы едi. Бүкiл әлемде қабылданған христиан календары бойынша солай. 1977 жыл. Мұсылман календары (Хиджра) бойынша 1398 жыл. Ал бiздiң жыл санауымыз бойынша 16200 жыл. Егерде жер бетiнде қазақ­тың жыл санауы деген бар болса, онда бiздiң календары­мыз (немесе, қазiргiше айтқанда – күнтiзбемiз) бойынша осылай. 16200 жыл!

Сене алмадым. Ешкiмге көрсеткем жоқ. Өзiм сенбесем, бас­қаны қалай сендiрем. Әрi-сәрi күйде едiм. Сенбейiн десем, бұл мәлiметтi берген Мырзахан ақсақал өмiрiнде өтi­рiк айтып көрмеген адам. Сенейiн десем, ақылға сиятын емес.

Кейiннен Асқар ағаға (Сүлейменов) айттым. Сендi.

– Солай екенiне ешқандай күмәнiң болмасын, – деген едi ол әдетiнше сигаретiн бұрқыратып отырып, – тек жазба мәлiмет қана керек. Анау Карл Ясперс деген, адамзат тарихын зерттегенде, бес мың жылдан арыға баруға болмайды, деп «жарлық» шығарып қойыпты ғой.

(Асекеңнiң айтып отырғаны, белгiлi немiс ғалымы Карл Ясперстiң «Смысл и назначение истории» – «Тарихтың мәнi мен мұраты» деп аталатын кiтабы едi. Бұл кiтабында ғалым, адамзат тарихына қатысты ең көне жәдiгердiң жасы – 5 мың жыл. Одан арғы тарихты куәландыратын бiр жапырақ қағаз жоқ. Сол себептi, бiз, осы 5 мың жылдық тарихты ғана әңгiме ете аламыз, тарих ғалымы осы кезеңнен ары бара алмайды, бармау керек, тек осы кезеңге ғана үйiрiлуi керек деп жазған).

Содан соң Ерiк досыма (Көкеев) көрсеттiм есеп-қисаптарымды. Қалтқысыз сендi. Асқар ағаның сөзiн қайталап, «жазба мәлiмет болса, қазақ календары деген ұғымның ғылыми айналысқа енуi ғажап емес» дедi.

Джеймс Черчвардтың ерлiгi

Күндердiң күнiнде шумертану (шумерология), асси­риятану (ассирология) деген iлiмдердiң бар екенi, адамзат тарихы жоғарыда аты аталған Карл Ясперс белгiлеп берген 5 мың жылдық мерзiмдi қанағат ете алмайтындығы, ол шектен баяғыда өтiп кеткендiгi аян болды. Сондай-ақ, Олжас Сүлейменовтiң «Аз и Я» кiтабы жарық көргеннен кейiн қазақтардың шумертанумен айналысуға хақысы жоқ екенi және аян болды. Шамасы, ғалымның қолында байырғы қаңлы (скиф) мен ассирия, қаңлы мен Бабылдың арақатынасы тарихына қатысты мол мәлiмет болған. Алайда «Аз и Я»-дан кейiн Ресей ғалымдары бастаған лаңның әсерiнен, кесiрiнен, Қазақстанда 37-жылдың елесi қайта тiрiлгендей болды. Одақтық  және қазақстандық баспалардан шығайын деп жатқан қаншама кiтаптар тоқтатылып, қайыра цензурадан өткiзiлдi. Әрине, ол мәлiмет жерде қалған жоқ, ақынның «Қыш кiтап» («Глиняная книга») атты әйгiлi поэмасына өзек болды. Бiрақ, бәрiбiр, оқи бiлетiн адамға, сюжетте келтiрiлген мәлiметтер дастанға сыймай лақылдап төгiлiп жатқаны, ғылым бола алмағандықтан, амалсыз көркем шығармаға айналғандығы айқайлап көрiнiп тұрар едi. Кейiннен заңды-заңсыз жолдармен тағы да қаншама мәлiметке қол жеткiздiк. Содан соң кеңес халқының интеллектуалдық дамуын бiр ғасырға, ал қазақ ойының жетiлуiн кем дегенде екi жарым-үш ғасырға кешеуiлдеткен «темiр перде» құла­ғаннан кейiн, батыстан озық әдебиет келдi. Ағылшынның белгiлi ғалымы Джеймс Черчвардтың еңбектерiмен осы кезде танысып едiм. ХIХ ғасырдың 60-жылдары Үндiстандағы ағылшынның отарлық армиясының офицерi Джеймс Черчвард сол жердегi ғибадатханалардың бiрiнде ұмытылып кеткен көне жазумен жазылған қыш кiтаптарға жолығады. Осыдан бастап Д.Черчвард жер бетiнде болған, кейiннен жойылып кеткен көне өркениеттердiң тарихымен айналысады. ХIХ ғасырдың аяғы мен бүкiл ХХ ғасыр бойы батыс әлеуметiнiң ғылыми хрестоматияларының бiрi болған ғалымның еңбектерi арада кем дегенде 130 жыл өткенде бiзге әзер жетiп отыр.

Мiне, құрметтi оқырман, менiң замандасым болсаңыз – өзiңiз көрген, ал бағыңызға қарай дүниеге кейiн келген болсаңыз, онда өзiңiз көрмеген, бүгiнде өткен тарихқа айналған кеңес қоғамы мен оның ғылым-бiлiмiнiң сиқы осындай едi.

Сонымен, әңгiме, Д.Черчвардтың басты еңбегi – «Көне континент Му» («Древний континент Му») кiтабы жайында. Бүгiнде ат төбелiндей аз ғалымдар тобы ғана бiлетiн, санскриттен де арғы, ең көне жазумен жазылған қыш, тас кiтаптарды тiрнектей зерттеген, тағы да қаншама қосалқы мәлiметтердi қатыстырған ғалым ақыр соңында таңғажайып тұжырымға келген. Бұл тұжырым бойынша Тынық мұхитта, қазiргi Мұхитстан (Океания) жерiнде алып құрлық (континент) болған. Құрлық Гонолулу мен Гавай аралдарынан оңтүстiкке Фиджи аралына қарай 5 мың мильге (1 миль – 1,6 шақырым), қазiргi Палау аралынан шығысқа, Француз Полинезиясы, Туамоту аралдарына қарай 3 мың мильге созылып жатыпты. Әлемдiк картаға қарасаңыз, Жаңа Гвинея мен Австралия және сол Мұхитстанның әр жерiнде шашырап жатқан сансыз арал­дар осы ұлан-ғайыр континенттiң аман қалған бөлшектерi, сынықтары ма деп қаласыз. Мiнекей, әлемдiк ғылым тарихи жәдiгер  деп көп мойындағысы келмейтiн осы қыш кiтаптарда айтылғандай, аталған құрлықта осыдан 50 мың жыл бұрын адамдық тiршiлiк басталыпты. Кiтаптарда бұл материк Му деп аталады. Дами келе, өркендей келе, бұл құрлық бүкiл әлемге өзiнiң үстемдiгiн орнатады. Халқының саны өсе келе 60 миллионға жетiптi. Санасы өте биiк өркениет жер бетiнде иманды, әдiлеттi заман орнатады. Ескi жәдiгерлерде көп айтылатын, адамзат басынан өтiп кеткен ұжмақтай Алтын заман осы екен. Құрлық – арасы тар бұғаздармен бөлiнген үш аралдан тұрады екен, осы үш алып аралда негiзгi жетi үлкен қалалар мен ауылдар болған. Құрлық тұтастай аса биiк емес төбелерден тұрады екен, тропикалық ықылымда тұрғандықтан қалың жыныс орман, сай-сала сылдырап аққан бұлақ, қисабы жоқ өзен мен көл, игерiлген жерде таңғажайып миуа, хош иiстi гүлдер. Адам мейiрiмдi, қоғам мейiрiмдi болғаннан кейiн даланың тағы аңдары еш сескенбей үй малымен қатар жайылады. Әлеумет өте бiлiмдi болған. Әсiресе, астрономия, сәулет өнерi, математика, теңiзшiлiк биiк деңгейде дамыған. Бүгiнгi заманда әлемнiң әр түкпiрiнде қалай есептелiнiп, қалай салынғаны белгiсiз заңғар ғимараттар, пирамидалар, тағы да толып жатқан құрылыстар сол ұлы өркениеттiң бiзге жеткен жұрнақтары дейдi ғалым.

Әлбетте, Джеймс Черчвард ағылшын болғандықтан, қанына тартпай тұрмайды. Му континентiнiң халқы негiзiнен ақ нәсiл едi, бiрақ, сонымен қатар сары, қоңыр, қара нәсiлдiң өкiлдерi де болды деп жазады ғалым. Алтынмен аптап, асыл таспен безендiрiлген алып сарайлар алғаш осы құрлықта салынған, әлемдi шарлайтын алып кемелер алғаш осы құрлықта жасалған. Нәсiлшiлдiк, адамды кемсiту атымен жоқ, сол себептi империяның қай салада жеткен жетiстiгi болса да бүкiл әлемге, барлық адамзатқа ортақ. (Және, Д.Черчвардтың сөзiнiң жаны бар екенiн мойындауымыз керек, себебi, Мұхитстан аралдарының қазiргi тұрғындары шынында да қан, ген жағынан ақ нәсiлге өте жақын екенi белгiлi болып отыр).

Әлем бiр ғана билiкке мойынсұнған, бiр ғана императорға бағынған. Ол кезде планетада игерiлмеген жер болмапты. Жер шарында қанша топырақ бар, қанша жұрт бар – барлығы да есепте. («Ашылмаған жер», «Жаңа жер» – бұл ХV ғасырда Еуропа теңiзшiлiгi өркендеп, ақ нәсiл географияны меңгерiп, жер шарын қайта тани бастағанда пайда болған терминдер). Империяның құрамында қанша түрлi нәсiл, халық бар – барлығы да тең құқықты. Ол кездегi империяның колониясы бiздiң ұғымымыздағы отар емес. Ол кездегi дiннiң асылдығын, дүниетанымның тазалығын айна-қатесiз бейнелей алатын термин табу қиын. Бiз ойланып отырып (және қинала отырып) сол ықылым замандағы адамдық мәдениетке ең жақын келедi-ау деп «экологиялық сана» деген анықтаманы таңдап алдық. Бұл терминдi қазiргi ұғымда, яғни адамның таби­ғатқа, қоршаған ортаға деген жауапкершiлiгi мағынасында емес, аса кең мағынада түсiнген абзал.

«Адам нәсiлдерi ғана емес, адам мен хайуанат, адам мен өсiмдiк – барлығының құқығы тең, себебi, барлығын Құдай жаратқан». Мiне, қысқашалап айтқанда, Д.Черчвард әңгi­ме етiп отырған, осыдан елу мың жыл бұрын тiршiлiк кеш­кен қоғамның ұстанған негiзгi ұстанымы осы. Ол кездегi колония – империяның қамқорлығындағы жұрт дегендi бiлдiредi. Кезi келедi, колония есейiп, өзiн-өзi билей алатын дәрежеге жеткенде империядан бөлiнiп шығады. Алайда, жаңа егемендiк, империядан еншiсiн алып бөлек шық­қа­нымен адамдық қоғамнан бөлек кетпейдi. Колонияның жерiнде де бүкiл империяға ортақ, ең әуелi және ең соңын­да, яғни басынан аяғына дейiн адамшы­лыққа, экология­лық санаға негiзделген заңдар жүрiп тұрады. Жоғарыда айт­қа­нымыздай, бұл кезең, адамзаттың ең көне жәдiгер­лерiнде «Алтын ғасыр», «Алтын заман» деген атпен қалыпты.

Құрлықтың күйреуi

Му континентi қалай күйредi, таңғажайып, ертегiдей әлеумет адамзат тарихынан қалай кеттi, көне жәдiгерлерде көп айтылған алып құрлық бүгiнгi карталарда неге жоқ? Ендi шама-шарқымызша осы сұрақтарға жауап беруге тырысайық. Бүгiнгi тарих ғылымы Карл Ясперс кезiнде белгiлеп берген 5 мың жылдық уақыт кеңiстiгiнде өрiстедi. Ал бұл мерзiмде адамзаттың есiнде қалатындай бүкiл­планеталық апат бола қоймаған сияқты. Бола қалған күннiң өзiнде ол апат есепке алынбас едi, себебi, апаттар теориясы, Ч.Дарвин қалыптастырған, эволюциялық жолмен бiртiндеп даму теориясына қайшы келедi. Д.Черчвард және тағы басқа ғалымдар қалыптастырған бұл теория адамзат тарихын жердiң геологиялық тарихымен байланыста қарайды, сол себептi бүгiнгi ғылым жауап бере алмайтын көптеген сауалдарға аталмыш теория ғана жауап бере алады. Жер бетiнде кездесетiн феноменальдық артефактардың шығу тегiн дарвинизм түсiне алмайды. Және түсiндiрiп бере алмайды. Мысалы, адамның етiн қорек ететiн, дамудың ең төменгi сатысында тұрған бiр тайпа табылды дейiк. Сол табылған жерiн атам заманнан берi, мыңдаған жылдар бойы мекендеген. Күндердiң күнiнде ғалымдар тайпаның жерiнен алып пирамида, немесе асыл таспен безендiрiлген салтанатты сарайдың сынықтарын табады. Бұндай сарайды тұрғызу бүгiнгi техниканың қолынан келуi де мүмкiн, келмеуi де мүмкiн. Ал ендi осы сарай мен пирамида немесе табылған басқа құрылыстың табиғатынан танылып тұрған өркениеттiң деңгейiн жер иесi – жабайы тайпаның даму деңгейiмен салыстырып көрiңiз. Әрине, салғастыра алмаймыз, себебi, арасы жер мен көктей. Ал апаттар теориясы (ғылыми тiлде «катастро­физм теориясы» – «теория катастроф», «теория катастрофизма») салғас­тырып түсiндiре алады, себебi, өркениеттiң жаратылыс құбылыстарымен бiрге iлгерiндi-кейiндi дамитынын басшылыққа алады.

Осы күнi бiрқатар ғалымдар (мысалы Иммануил Великовски) Библияда айтылатын ақырзаман суреттерiнiң Қиямет суреттерi екенiне күмән келтiредi. Бұндай сұмдық көрiнiстi, адам өз бетiнше тұрып елестете алмайды, ақырзаман туралы сол ақырзаманды көзбен көрген адам ғана жаза алады дейдi И.Великовски. Демек, Iнжiлдiң пайғам­барлары, жер бетiнде болған ғарыштық апаттардың бiрiнiң немесе бiр­нешеуiнiң куәсi болған. Му континентiнiң жойылуын сондай ғарыш­тық апаттың бiрi деп қараңыз, Д.Черчвард келтiрген көне жәдiгерлердiң айтысында Му екi апатқа ұрынған. Алғашында бүкiл құрлық бiрнеше рет сiлкiнiп барып тоқтаған. Әрине, қаншама қалалар, алып сарайлар, тағы қаншама құрылыстар қираған. Континеттiң халқы қирағанның барлығын қалыпқа келтiредi де, осымен тыным табады. Апат қайта­лануы мүмкiн, келесi апат ақырзаман болуы мүмкiн, құрлық жойылып кетуi мүмкiн деген ой ешкiмнiң басына келмесе керек. Сонымен уақыт өтiп, алғашқы зiлзала ұмытылып, ертегiге айналғанда екiншi және соңғы апат басталады.

Ғалым келтiрген «Троан манускрипты», «Кортестiң кодексi», «Лхасаның шежiресi» сияқты көне жәдiгерлер континенттiң түбiне жеткен апатты былай суреттейдi: «Бүкiл құрлық орнынан көтерiлiп, толқында тұрғандай шайқалды. Жер дауыл кезiндегi ағаштың жапырағындай қалтырады. Алтын сарайлар мен ғибадатханалар, ескерткiштер опырыла құлады. Қалалар тау-тау үйiндiге айналды», «Мыңдаған адамдардың өлiм алдындағы айқайынан құлақ тұнды. Барлығы алтын сарай мен ғибадатханадан пана iздедi, алайда, жердiң жарығынан шыққан өрттен қашып, қайыра далаға шықты. Адамдар қолдарын жайып, «Құтқара гөр бiздi, Му!» деп жалбарынды». «Бiр түннiң iшiнде алып құрлық бөлек-бөлек сынып, күндей күркiреп мұхитқа батты. Тұтастай өрт алған континент жаһаннамның тұңғиығына бойлай бердi», «Өрт барлығын жалмады. Му және оның 64 миллион тұрғыны құрбандыққа шалынып кете барды». Құрлық жойылғанан кейiн, ендi жаңа зiлзала келдi. Ол – сексен миллион шаршы шақырым су, бүкiл Тынық мұхит едi. Жан-жақтан қаумалаған су, аспанмен таласқан алып толқындар бiр кездегi ұлы өркениеттiң орта тұсына келiп, бiр-бiрiне шапшып барып тыным тауыпты.

«Бақытсыз құрлық, адам атты мақлұқаттың алғашқы отаны, өзiнiң байтақ шаһарларымен, алтын сарайларымен, барлық өнерiмен, бiлiмiмен көрген түске айналды» деп жазады Д.Черчвард.

Ал ендi осы жойқын апаттан аман қалғандар бар ма едi? Бар болса, олардың тағдырлары не болды? Д.Черчвард бұл турасында былай дейдi: «Апаттан аман қалғандар маңайдағы аралдар мен архипелагтарды паналады. Бiр-ақ күнде барлығынан айрылған бұлардың қолында ештеңе жоқ едi. Iс жарататын сайман да, киiм де, жейтiн ас та, ештеңе де жоқ. Тек қана тулақтай жер мен шетсiз-шексiз мұхит.

Олардың бойын билеген үрей мен түңiлiстi елестету қиын емес. Өркениеттiң бар базары жойылды. Ендi не қалды? Қарап отырып аштан өлу. Мыңдаған шақырым жерде қалған бұрынғы колонияларға жүзiп баратын кеме де, қайық та, сал да жоқ.

Көп адамның апат әсерiнен жынданып кеткенiне ешқандай күмән жоқ, басқалары тезiрек өлiм тiледi. Себебi, өлiм азаптан құтқарады. Бұлар үшiн тiрi қалудың бiр ғана жолы бар едi. Ол – каннибализмге бару, яғни, бiр-бiрiнiң етiн қорек ету. Осылайша аса биiк дамыған өркениет өкiлдерi жабайылықтың ең төменгi деңгейiне түстi.

Өркениеттi адамның бұндай астан алғашында жиiркенгенiне ешқандай күмән жоқ, сондықтан олардың көбi аталған жахилдiкке бармай аштан өлдi деп сенейiк. Алайда, ғасырдан ғасыр өттi, ұрпақтар бiрiн-бiрi тоқтаусыз алмастырды. Осылайша аралдардың бейбақ тұрғындары жабайылықтың тұңғиығына бата бердi. Дiнмен тиянақ­талған, ұрпақтан-ұрпаққа өткен iзгi дәстүрлер ақырында толықтай ұмытылды. Адам санасынан көне абырой мен кiсiлiк өштi.

Му деп аталатын ұлы құрлықтың колониялары метрополияның өркениет жетiстiктерiн тағы бiраз уақыт жоғалтпай ұстап тұрды, алайда, империяның қамқорлығы тыйылғаннан кейiн, ақырындап олар да азып-тозды, ақырында жер бетiнен жойылды. Ал көне өркениеттiң, өлген өркениеттiң жұртында жаңа өркениеттер пайда болды».

Бұл жерде Д.Черчвард, Мұхитстанның көптеген аралдарын мекен­деген, ген тұрғысынан ақ нәсiлге жақын, алайда, тас дәуiрiндегi жабайы­лықта өмiр сүрiп жатқан тайпалар, ақиқатында, баяғы жоғары дамыған өркениеттiң, Му деп аталатын ұлы империяның мұрагерлерi дегендi айтып отыр. Джеймс Черчвард бұл жаңалықты ХIХ ғасырда ашты. Арада ғасырдан астам уақыт өттi. Әрине, жаратылыстану ғылымы осындай ұзақ уақыт барысында бiр орнында тұрған жоқ. Дамыды. Техниканың ең соңғы жетiстiктерiн пайдаланды, үлкен жетiстiктерге жеттi. Бүгiнде жаратылыстану ғылымы, тарих ғылымы Д.Черчвард сияқты пионер­лердiң айтқандарын, өткен ғасырда күпiрлiк болып саналған ойларын жарым-жартылай болса да мойындап отыр.

Топанға дейiнгi көне өркениеттердi зерттеген ғалымдар Джеймс Черчвардпен бiр мәселеде ғана келiсе алмайды. Д.Черчвардтың қатесi – бiр континенттiң апатын бүкiләлемдiк апаттан бөлiп қарауында. Егерде Му континентiнiң жойылуы жергiлiктi апат болатын болса, онда бәрi де басқаша болар едi. Апаттан кейiн апта өтпей, империямен екi арадағы қатынастың үзiлгенiнен, күнделiктi жолаушылар мен түрлi тауар тасыған кемелердiң келуi сап тыйылғанынан секем алған империяның басқа жерлерiнiң, колониялардың тұрғындары не болғанын дереу анықтауға тырысар едi. Болған жайға қанғаннан кейiн тiрi қалған адамдарды тасып алып кетер едi. Немесе, басқаша айтатын болсақ, Д.Черчвард айтқан, «Мұхитстан аралындағы жабайы қоғам» пайда болмас едi. Ұлы ғалым осы жерден ғана сүрiнген.

Ол айтқан, жоғары өркениеттi Му континентi адамдарының Мұхит­стан аралдарына жетiп, сол жерде жабайыланып, примитив деңгейге түсуi бiр ғана жағдайда – әлемдiк апат бүкiл адамзатты жалмағанда  ғана мүмкiн. Осылай болғанда ғана, құрлықтардың барлығы күйреп, адамдар бiр-бiрiн құтқармақ түгiлi басымен қайғы болып кеткенде ғана, осындай дамыған өркениет iздеусiз қалады. Яғни, Д,Черчвард өз еркiнен тыс, бүкiл әлемдi қиратып, жайпап өткен, өркениет атаулыны жойған ұлы апат – Топанға келiп тiрелген. Алайда, қолындағы мәлiмет жетiмсiз болғандықтан үлкен тұжырымдарға  бара алмаған.

Енді әңгімеміздің басындағы қазақ күнтізбесіне қайтып келейік.

Көне елдік

Д.Черчвард қытайдың жылнамасына сілтеме жасап отырып арғы түріктер өркениеті осыдан 17 000 жыл бұрын өзінің шыңына жетті дейді. Арғы түрік империясы Мудың бас колониясы екен. Джеймс Черчвард келтірген картада империясының жері біздің, яғни түрік халықтарының Отаны – Еуразияны алып жатыр. Жері де, аты да біздікі. Яғни, Арғы түрік империясы – біздің бабаларымыз құрған көне елдік. 17000 жыл… әрине, ақылға симайды. Бірақ, біздің бүгінгі ақылымызға ғана. Совет заманында біздің жазба тарихи ғылымымыз қайыра жаңғыра бастады. Осы жаңадан дүниеге келген, немесе қайыра дүниеге келген тарихи ғылым қалт етпейтін қадағалауда болды. Осы кезде, тоталитарлық тарих, сананың езгісі әсерінен біз «жүз жылдық», «екі жүз жылдық», «үш жүз жылдық» деген «тарихтарға» үйрендік. Бізді осыған үйретті. Одан арыға баруға болмайды. Тіпті, Қазақ Ордасының бес ғасырлық тарихының өзін бізге қимайтын. Ал төңіректегі Қытай, Иран, Индия, Мысыр, Қиыр Шығыс жұрттары ондаған мың жылдық тарихтарын айтып отырады. Және оларға әлемдік ғылымның мойындаған­мойындамағанының керегі жоқ. Ең бастысы – сол жерде тұрып жатқан халық өз тарихына сенсе болды. Арғы түрік империясы, Д.Черчвардтың айтысында Тынық мұхиттан бастап Батыс Еуропаға дейінгі, оңтүстікте Индия, Бирма мен Парсыдан солтүстікте Сібірге дейінгі жерді алып жатыпты. Сібір жақтағы анық шекарасы белгісіз, алайда оңтүстік Сібірден арғы түрік қалаларының жұрттары табылған. Көне Индияның жәдігерлерінде олардың Орталық Еуропаны жаулап Ирландияға дейін, батыс пен оңтүстік тарапта қазіргі Франция, Испания және Балкан түбегіне дейін жеткені айтылады. Еуразияда адам нәсілінің пайда болуын тиянақтайтын археологиялық мәліметтер, ақиқатында, арғы түріктердің Еуропаға жылжуының, Еуропаны жаулауының тарихи куәліктері болып табылады, деп жазады Д.Черчвард. «Арғы түріктердің тарихы – арийлердің тарихы, олардың астанасы қазіргі Гоби шөліндегі Хара­Хото. Арғы түрік империясы кезінде қазіргі Гоби шөл емес – жазыл жазира абат өлке екен. Арғы түріктер биік өркениетке жетті, астрология, тау­кен ісі, тоқыма өндіріс, сәулет, математика, ауылшарушылық, жазу­сызу, медицина – осының бәрі арғы түріктерде болды. Жібек пен басқа мата, тері, ағаш пен металлдан түрлі әшекей, алтын, күміс, қола, қыш мүсіндерді жасауды, арғы түріктер әйгілі Мысыр өркениетінен көп бұрын үйренген. Арғы түрік империясының бір бөлігі Му континенті суға батардан бұрын, ал қалған бөлігі бас құрлықтан кейін жойылды. Пржевальскийдің сүйікті шәкірті, профессор П.К.Козлов, Хара­Хото төңірегінде қазба жұмыстарын жүргізіп, 18 метр тереңдікте таңғажайып қазынаға тап болған. Бұл қазынаны алмақ түгілі қол тигізуге рұқсат бермегеннен кейін, ол, фотоға түсіріп алған. «Санди Американ» журналының рұқсатымен мен бұл фотосуреттерге қол жеткіздім. Осы фотосуреттердің екеуін кітабымда жариялап отырмын, себебі бұл – символға толы бедер» дейді ғалым. «Бұл суреттегі заттардың 17­189 мың жылдық тарихы бар екеніне менің ешқандай күмәнім жоқ. Бірінші фотографияда жібекке салынған сурет тұр; әйел патша мен оның жұбайы. Әуелі әйел патшаның бойындағы символиканы зерделейік. Басына кигені үш айыр тәж. Тәждің ортасында – үш сәулелі шеңбер. Патшаның артында үлкен шеңбер – Күн, желкесінде кішірек шеңбер – Кіші Күн тұр. Үлкен шеңбер – бас патшалық Му, кіші шеңбер – Арғы түрік империясы. Патшаның сол қолында үш айыр аса. Үш айыр – ілкі Отан, Мудың символы. Патша, ілкі Отанның символы – қауызы алақандай ашылған қасиетті лотос гүлінің үстінде отыр. Бұл, патшаның алтын тағы мен қолындағы биліктің ілкі Отаннан, бас патшалық Мудан тамыр тартатынын көрсететін символ. Патшаның жұбайында бұл символдар жоқ. Алайда, оның басындағы тәждің үш айыр болып келуі – бұл да ілкі Отанның сан арқылы бейнеленетін символы. Козлов бірнеше асаның суретін түсірген. Біздің кітабымызда келтірілген екінші суреттегі асатаяқтың, әйел патшаның қолындағы асатаяқтан айырмасы бар; бұл кейінгі вариант, бірақ символика сол бұрынғы күйінде қалған. Асатаяқтың жоғары жақтары үш айыр болып келеді. Үш – ілкі Отанның сандық символы. Сонымен, Азия, Америка, Оңтүстік теңіздердің аралдары мен Жаңа Зеландияның символикасы сол жерді мекендеген халықтардың аңыздарымен астас келеді екен. Бұдан артық, анық, бұдан нанымды куәлік табуға болар ма еді? Кім біледі. Ол үшін көне бабаларымызды көрден тұрғызып, Му континентінің тағдырын өз ауыздарынан айтқызуымыз керек шығар» деп қорытады бұл тарауды Д.Черчвард. Арғы түрік империясы қалай күйреді? Топанның тарихын зерттейтін ғалымдар бұл күнде бір пікірге келген. Біз «Топан суы» деп атайтын, әлемдік өркениетті күйретіп, бүкіл адамзат баласын кері – жахилдікке қарай апарып тастаған планетарлық апат осыдан 11500 жыл бұрын болған. Олай болса біздің жыл санауымыз апаттан 4700 жыл бұрын басталған. Алайда, Д.Черчвард қытай мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, Ұлы Арғы түрік империясы осыдан 17000 жыл бұрын өркениеттің шыңына шыққан дейді. Империяның, бас билік, Му континентіндегі орталық өкіметтен қашан егемендік алып шыққаны белгісіз. 16200 жылдық күнтізбе Арғы түрік өркениеті гүлденген кезден сегіз (8) ғасыр бері жатыр. Осы сегіз ғасырда не болды, оны біз білмейміз. Және жорамалдай да алмаймыз. Білетініміз, қандай да болмасын жыл санау, күнтізбе, әлдебір ұлы оқиғадан басталады. Мысалы, қазіргі жыл санау Айса ғалайыссаламның дүниеге келген жылынан басталады. Содан бері 2013 жыл өтіпті. Мұсылман жыл санауы Мұхамед пайғамбардың Мәдинадан Мекеге өткен жылынан басталады. Содан бері 1434 жыл өтіпті. Ал осыдан 16200 жыл бұрын Ұлы Арғы түрік империясында не болды, оны, егерде аяқ астынан бір жазба мәлімет табыла қалмаса, Құдай ғана біледі дейміз. Қолымызда қазақтың есепші қарияларының ауызша айтқан мәліметі ғана бар. Болды. Бірақ, есесіне, көне өркениеттер жайындағы, байырғы жәдігер орталықтарынан табылып жатқан мәлімет ұшан­теңіз. Осы мәліметтерді байыптай зерделеп, батыстың жаратылыстанушы, тарихшы ғалымдарының жазған еңбектері де Құдайға шүкір, жетерлік. Міне, осы жерде біз, байырғы мәдениеттің өзін болмаса да, көзін көргендерді көріп отырмыз. Иә, құрметті оқырман, әлем тарихында Ұлы Арғы түрік мәдениетінің ізі, еткен ықпалы сайрап көрініп жатыр. Сол ізді, сол ықпалды тек оқи білу керек.

Топанның қарсаңы және «кітап­адамдардың» пайда болуы

Ұлы Арғы түрік империясы әлемдік апаттың келе жатқанын білген бе? Әлбетте. Білген. Бірақ қара халқы емес. Күнделікті тіршілік күйбеңімен жүрген қара тобыр, импрам, тіпті білген нәрсесінің өзін ұмытып қалуы мүмкін. Апат жайын билеуші әулет білген. Олай болса, біле тұра неге тиісінше дайындық жасамаған деген сауал бой көтереді. Осы жерде мынадай бір нәрсені түсіндіріп кеткіміз келеді. Бүгінде дүниеде қаншама сенсациялық оқиғалар болып жатады. Барлық уақыттағыдай. Бұның бірі рас болса, бірі өтірік, пиар­технологиямен қолдан жасалған сенсация екені көп ұзамай аян болады. Бірақ бір қызығы жергілікті үкіметтер болсын, оның сыртында барлығының төбесінен қарайтын әлемдік үкімет болсын, бұл сенсацияларға ешқашан комментарий бермейді. Неге? Халықты дүрліктірмеу үшін. Биліктің бұл тарапта үнсіз қалуының басты бір себебі – осы. Дүрліккен, бұлғаққа шыққан халыққа ие болу қиын, кей жағдайда тіпті тоқтату мүмкін емес. Сондықтан сенсацияның төңірегінде «үнсіздік қабырғасын» орнату, жұртты дүрліктіріп жүрген бұлғақшыл адамдардыСондықтан сенсацияның төңірегінде «үнсіздік қабырғасын» орнату, жұртты дүрліктіріп жүрген бұлғақшыл адамдарды амалын тауып көзін жою – биліктің ежелгі пайдаланатын тәсілі. Мынадай бір мысал. Осман империясын ұлы жеңістерге жеткізген уәзір Мехмет паша Соколович (түрікше Соколлу Мехмет), кезінде, әскерді бұлғаққа жібермеу үшін таңғажайып тәсіл пайдаланған. Еуропаға жасалған кезекті жорық кезінде армияны өзі басқарып барған сұлтан өледі. Сонда Стамбулға қайтып келе жатқан Мехмет паша жабық күймеде келе жатқан сұлтанның мәйітімен тірі адаммен сөйлескендей сөйлеседі. Ешкім ештеңе байқамаған, сұлтанның өлгенін ешкім білмеген. Әскерді аман­есен Стамбулға жеткізген Мехмет паша жаңа сұлтанды таққа отырғызып, бүкіл армияны жаңа әміршіге антқа келтіргеннен кейін ғана барып сұмдық хабарды жариялаған. Топанға дейінгі дәстүрлі өркениетте астрономия өте жоғары дәрежеде дамыған дедік. Астрономия дегеніміз, қарапайымдап айтсақ, аспанның тарихы. Нәубет болсын, игілік­нәсіп болсын белгілі бір ретке, ырғақ заңына (бүгінгі ғылымда бұл «ғарыштық цикл» – «космический цикл» деп аталады) бағынады дедік. Яғни, осыдан 11500 жыл бұрын, немесе біздің қазіргі жыл санауымыздан 9487 жыл бұрын, немесе сол Арғы түрік заманынан келе жатқан күнтізбе бойынша 4700­ші жылы империяның билеуші әулеті кезекті ұлы нәубеттің тақағанын біледі. Қондыгер­қаңлылар туралы жазған екі тарихшы бұл жайында азғантай болса да мәлімет береді. Адамдар зілзала нәубеттің келе жатқанын он төрт (14) жыл бұрын білді, бірақ ол нәубеттің қандай кепте келетінін, қай жердің жойылатынын, қай жердің аман қалатынын, болжай алмады, Жаратқан Иенің қай қабиланы құрбандыққа бұйырғанын, қай қабиланы аман алып қалатынын біле алмады. Сол себепті ақырзаман келеді екен, ақыр барлығымыз құриды екенбіз, олай болса Құдайға деген құлшылықта не мән, не мағына бар деп, адамның айтуға аузы бармайтын күнәға батқан пенделер болды. Бұларды патшалар аяусыз жазалады. Ақырзаман келе жатқанын айтып ел ішін дүрліктіріп жүрген жұлдызшы­сәуегейлердің барлығының басы шабылды дейді көне тарихшылар. Содан кейін тағы бір елеусіз ғана, бірақ біз үшін зор мағынасы бар мәліметті сөз арасына қыстыра салады. Патшалар үлемдерді (ғалымдарды) жинап барлығына кітап жаттатты дейді. Ол кітапты не үшін жаттатқаны айтылмайды. Бірақ бізге оның керегі де жоқ. Біз үшін осы бір ауыз сөз, жетіп­артылатын мәлімет. Осы жерде мен «Дәстүрдің эвакуациясы» деген жаңа терминді айналысқа енгізгім келеді. «Эвакуация» – «көшіру» деген сөз. Көне өркениеттің әлемдік апат алдындағы теңдесі жоқ әрекетін бейнелей алатын басқа сөз таба алмадым. Еуропа тілдерінде, орыс тілінде «эвакуация», түрлі апат, соғыс кезінде бейбіт халықты болашақ майданның жерінен басқа жаққа көшіру дегенді білдіреді. Сондай­ақ бұл сөздің мал­мүлік, түрлі дәулетке де қатысы бар. Ал біз аталмыш терминді басқаша мағынада қолданғымыз келеді. Ұлы Арғы түрік империясының әміршілері ғалымдарға бүкіл жазба мұраны жаттатқан. Яғни, Дәстүрді көшіруге, эвакуацияға дайындаған. Бірақ, бұл, бір өлкеден екінші бір өлкеге көшірудің дайындығы емес. Арғы түрік империясы өзінің ұлы мәдениетін заманнан заманға көшіруге дайындаған. Немесе бұдан да түсінікті қылып айтсақ, біздің көне бабаларымыз топаннан кейінгі, ақырзаманнан кейінгі өмірге, тіршілікке дайындалған. Әлбетте, мәдениетті сол жазба күйінде де сақтауға әрекет жасалғанына ешқандай күмән жоқ. Осы орайда мынадай бір оқиға есіме түседі. Ерте көктемнің лайсаңды көңілсіз бір күні еді. Асқар аға, менің Ерік досым үшеуміз консерваторияның фольклор кабинетінде отырғанбыз. Күн жексенбі. Консерваторияда бірді­екілі студент болмаса ешкім жоқ. Әр тақырыптың басын шалған әңгіме ақырында көне мәдениет мәселесіне келіп тірелген. – Менің ойымша, Мысыр пирамидалары перғауындардың қабырстаны емес, – деді Ерік, – Ол кейіннен қабырстанға айналуы мүмкін. Ал шындығында пирамида – қолдан жасалған тау. Өте биік, жасанды тау. Олай болса пирамиданың ұшар басында жасырын камералар бар. Ол камераларда топанға дейінгі ең негізгі кітаптар сақтаулы тұруы мүмкін. Асекең қатты риза болды. Ол кісінің мынадай әдеті бар еді. Өзі құрметтейтін адамның жанында отырғанда, жайшылықтағыдай сигарет емес, қорқорға гаваналық сигараның хош иісті жапырағын салып шегетін. Бұл жолы да қорқорын тұтатып, жұпар түтінді бұрқыратып, бөлмені ары бір, бері бір кезіп өтті. – Сен генийсің, – деді содан соң Еріктің бетіне қарап , – Осы күні мысыр өкіметі пирамидалардың ішін ақтаруға тыйым салған көрінеді. Ол жерде не бар екенін біз, әрине, білмейміз. Және көпке дейін білмейтін боламыз. Сенің жорамалың керемет.

Арменияның атақты кітапханасы

Матенадарана Арарат тауының ең биік жеріне орналасқан Көзбен көре алмадық. Бірақ таныстырғыш әдебиеттен барынша толық мәлімет алдық. Осыған қарап отырып, адамның көңілінде нешетүрлі күмәнді ойлар пайда болады. Армян ғалымдары бұл кітапхананың тіпті Алтын Орда кезіндегі Кавказдағы қыпшақ хандарының кітапханасы екенін мойындамайды. Алғашында Эчмиадзин монастырінің кітап қоймасы болды, артынан Ереванға көшірілді, осылайша Арменияның бас кітапханасы, музейі болды дейді. Осымен әңгіме бітті. Ал ол кітапханадағы қыпшақ тілінде жазылған кітаптар қайдан келіпті, заманында Алтын Орданың билігінен тыс тұрған ол қандай Армян мемлекеті, әрине, бұл сауалдарға жауап жоқ. Және, армян бауырлар, бұл сұрақтарға жауап беруді керек деп таппайды. Ғалым Ақселеу Сейдімбеков «Социалистік Қазақстан» газетінде қызмет етіп жүрген кезінде Арменияға, осы Матенадарана кітапханасына барып қайтқан екен. Бір әңгімесінде – Армянның кітапханасы емес­ау, – деді басын шайқап отырып, – Алтын Орданың ғылыми орталықтарының бірі­ау. Кітаптардың ескілігі сондай, қол тигізсең үгітілейін деп тұр. Копиясымен жұмыс істей беруге болады. Ал түпнұсқалар сенімді қоймаларда тығулы жатыр. – Тас, қыш кітаптар бар ма? – деп сұрадым. Ахаң сәл үнсіз қалды да, – Кім біледі, – деді, – Қоймаларына ешкімді кіргізбейді. Өздерінің айтысына қарағанда, 5­6 мың жыл бұрын жазылған кітаптар бар екен. Кіріп, өз көзіңмен көре алмағаннан кейін, не айтуға болады? Біз де «кім біледі?» дегеннен басқа ештеңе айта алмаймыз. Осынша құпиялап сақталғанына қарағанда, көлденең жұртқа көрсетуге болмайтын жәдігерлердің жасырулы жатқанына ешқандай күмән жоқ. Ал өзімнің жеке пікірімді білгіңіз келсе, айтайын, құрметті оқырман. Матенадарана – Топанға дейінгі кітаптар сақтаулы тұрған қойма. Армян ғалымдары бұл қойманы кейін, көп кейін пайда болған өз мемлекеттерінің тарихымен матастыра салған. Жазулары кеше ғана пайда болған ел. Месроп Маштоц деген адам 405 жылы армян әліпбиін тиянақтаған екен. Алғашқы армянның жазба мұрасы – Библияның армян тіліне аударылған нұсқасы. Месроп Маштоц пен католикос Саак Партев өз оқушыларымен әуелі аударма жасаған, содан соң төл шығармалар жазған. 405 жыл армян жазба әдебиетінің туған жылы болып есептеледі. Содан бері 15 ғасыр уақыт өтіпті. Олай болса 5­6 мың жыл бұрын жазылған кітап оларға қайдан келді? Және армян ғалымдары бұл кітаптарды тым «жасартып» жіберген. Бұл кем дегенде 12 мың жылдық мұра. Бұндай мұраны сатып алу, айырбастап алу, немесе көшіріп алу мүмкін емес. Бұндай мұра не бар болады, не жоқ болады. Бағына орай армяндарда бар. Тек ақиқатына жетуге өре жібермейді. Ал, шындығында бұл Арарат тауының ең биік жерлерінің біріне аманаттап көміп кеткен Арғы түрік империясының кітапханасы. Көмулі кітап сақталуы мүмкін, сақталмауы да мүмкін. Алайда, Дәстүрдің адамдары кітапты, жазба мұра атаулыны сақтайтын ең сенімді қойма – адамның санасы деп білген. Нәубет, зілзала мәңгі тұрмайды, бір күні аяқталады. Содан соң, өркениетті қалыпқа келтіру кезеңі басталады. Кітаптарды жаттаған адамдар, отырып, жадындағы текстерді, бір әрпін түсірмей қағазға қайыра қотарады. Осылайша кітап қайтадан жаратылады. Міне, көне тарихшылар «Арғы түріктердің патшалары ғалымдарға кітап жаттатты» деп елеусіз ғана айтып кеткен бір ауыз сөздің тасасында осындай сыр, осындай тарих жатыр. Тұтас кітаптарды жаттау, еске сақтау, әлемдік апаттың қарсаңында ғана пайда болған амал ма? Жоқ. Ұлаңғайыр кітапханаларды жадында сақтаған «Кітап­Адамдар» қашанда болған. Ондаған эпикалық жырларды, жүздеген ертегілерді,мыңдаған мақал­мәтелді комментарий­түсіндірмелерімен, арғы­бергі ақын­жыраулардың мұрасыен мүмкіндігінше толықтай есіне сақтаған адамдарды өз көзімізбен көрген едік. Осы күні бірқатар ғылыми еңбектерде арийлердің, немесе кейде атлант деп аталатын әлдебір нәсілдің солтүстіктен оңтүстікке қарай алып көшкіні жайында айтылады. Мерзімі – өте көне, біздің жыл санауымыздан әлденеше мың жыл бұрынғы заман. Әлбетте, батыстың нәсілшіл, толықтай саясатқа бағынған ғылымы бұл жерде де көп нәрсені бұрмалап көрсетеді. Бірақ, қалай қитұрқыласа да ең басты нәрсені – солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталған ұлы көшкінді, ұлаңғайыр жаугершіліктің өзін жасыра алмаған. Иә, солай болған. Бірақ батыстың ғалымдары айтқандағыдан сәл өзгеше. Көшкін Еуропаның, Азияның қиыр солтүстігінен басталмаған. Себебі, топаннан кейін ол жақта тірі жан қалмаған. Жаугершілік баяғы Ұлы Арғы түрік империясының территориясынан басталған. Топаннан аман қалған азынаулақ арғы түріктер арада, шамамен 1500 жыл өткенде ес жиып, айна­қатесіз бұрынғы қалпын таппаса да, көбейіп қайтадан үлкен жұртқа айналады. Содан соң, адамзат баласын түгендеп, қандай тайпа, қабила жойылды, қандай тайпа, қабила аман қалды, осыны анықтау мақсатында, ал шындығында, бұрынғы ұлы өркениетті қалпына келтіру мақсатында оңтүстікке бағытталған даңқты арғы түрік жорығы басталады. Міне, осы күнгі Еуразияның көне тарихына қатысты жазылған еңбектердегі атланттардың, немесе арийлердің Оңтүстікке қарай ұлы көшкіні дегеніңіз осы. Себебің, бұндай жаһандық, геосаяси жоспарды бұрын Еуразияны билеген, осы жаһандық идеяны есінде сақтаған (кітап­адамдар) және алғышарттары келісіп, күші толғанда қайтадан іске асыра алатын тек қана байырғы Ұлы Арғы түрік империясы еді. Мифологиясы өзін қоршаған орманнан сыртқа шығуға рұқсат етпейтін, тыйым салатын, жабайыланып кеткен тайпаларда жаһандық сана, жаһандық, геосаяси идея болмайды. Бұны әлемдік ғылым сансыз рет дәлелдеген.

«Кітап­Адамның» кейінгі тағдыры

Қазақтың көне аңызында, бүгінде аттары ұмытылған көптеген ұлы кейіпкерлер болған. Солардың екеуін айтайық. Бұлар Құмыра пайғамбар мен Құлайыс пайғамбар. Мені бір нәрсе қатты таңқалдырады. Шоқан Уәлиханов, Мәшхүр Жүсіп Көпеев, Әбубәкір Диваев – осы үш ұлы фольклористің портфельдерінде Құмыра пайғамбар мен Құлайыс пайғамбар жайында бір ауыз сөз жоқ. Нұх пайғамбардан бұрын туған деп куәландырылатын, демек топанға дейінгі мәдениеттің өкілі болып саналатын бұл даңқты екі кейіпкер жайлы аңыз­әңгімелер заманында қазақтың үш жүзінде де айтылса керек. Сексенінші жылдардың аяғында консерваторияның бір мұғалімі мен екі студенті және мен, төрт адам Алматының түбіндегі Жамбыл ауданында тұратын белгілі айтыскер ақын Әсімхан Қосбасаровтың үйінде болдық. Фольклорлық экспедицияның мақсатын анықтап, ежіктеп алғаннан кейін, ақсақал бірде қара сөзбен, бірде өлеңмен ұзақ толғады. Қисапсыз мәлімет магнит таспасына сыймай қалды. Қалғанын құлақпен тыңдадық. Бала кезімде, жасөспірім кезімде талай естіген мәлімет осы жерде де расталды. – Құмыра мен Құлайыс пайғамбар дегенді естігендерің бар ма? – деп алған қария ұзақ­ұзақ әңгіме шертті. – Бұл мәлімет Шоқан Уәлихановтың бес томдығында жоқ сияқты еді ғой, – деді жанымдағы мұғалім. – Бір адам бір халықтың мұрасын тауыса алмайтын шығар, – деді Әсімхан ақсақал. Қалжыңбас екен. – Шоқан Уәлиханов маған келмеді ғой. Келсе айтып беретін едік қой, – деген жымиып. Күлісіп алдық. – Мен енді Орта жүз бен Кіші жүзде болғам жоқ, ол жақта қалай айтылатынын білмеймін, – деді Әсімхан ақсақал соңында, – Ал өзім көргенде мынау біздің Шапырашты ғана емес, Ысты, Ошақты, Қаңлы, Дулат, Сіргелі, барлығында осы Құмыра мен Құлайыстың әңгімесі айтылатын. Келесі күні Дегерес ауылында, сөз ұстаған шежіреші қарт Нүсіпбай Маяковтың үйінде болдық. Қария дастархан басында тосын әңгіме айтты. – Жүсіпбек қожаның «Құбыра пайғамбардың өлімі» деген дастаны бар, – деді шайын сораптай ішіп отырып, – Шама­ шарқымша айтып блерейін. – Құбыра ма, Құмыра ма? – дедім мен. – Біреулер Құмыра дейді, біреулер Құбыра дейді, айырмасы жоқ, – деді Нүсіпбай ақсақал, – Жүсіпбек қожа осылай деп, Құбыра деп жазған. Енді Құмыра пайғамбардың есімін пайымдап көрейік (себебі, Құлайыс пайғамбар күйші болған, демек оның есімінің төңірегіндегі аңыз­әңгімеден саз өнерінің тағдырын тануға болады, алайда бұл басқа әңгіменің). Бұрынғы парсы (фарси), бүгінгі иран тілінде «құмыраның» мағынасы «шарап» сөзінен шығарылады. Осыдан біраз бұрын жазылған, қондыгер – қаңлы жайындағы мақаламызда «хаома» (адамды мас қылатын ішімдік атаулы) дегенді айтқанбыз. Осы «хаома» сөзі «хуома – хума – хум» фонетикалық құбылу тізбегінен өтіп «кум» сөзіне айналған. Сонымен парсы­иран тілінде шарап – «кум» деп аталады. Ал шарап сақтайтын қыш ыдыс тиісінше «кумра» (кум­ра) деп аталады. Тамаша версия. Бірақ бізді қанағаттандырмайды. Себебі, парсы­иранның «кумрасы» мен әуелі арғы түріктің, содан кейін қондыгер­қаңлының «құмырасы», әншейін фонетикалық тұрғыдан бір­біріне сәйкес келген түбір сөздер ғана. Екі түбір бір­біріне мүлдем жанаспайтын қайнарлардан пайда болған. Құм менен тас қазақ ұғымында ежелден жазудың, еске сақтаудың т.б. символы болып саналады. Енді осыны таратыңқырап айтайық. Әрине, бұл символдарды қазақ ойлап шығарған жоқ. Арғы бабаларымыз қондыгер­қаңлыдан, ал оларға ұлы арғы түрік жұртынан келген абзал ұғымдар. «Қорқыттың жеті кебі» деген аса көне аңызда Қорқыт бабамыздың бір кебі – тас. Қорқыт, дүниеге жеті түрлі болып келеді. Бір келгенінде, тас болып келеді. Қазақтың ру­тайпалары (немесе арыдағы қаңлы, арғы түрік) биік тастардың, биік құз бенен ұшырымдардың жанында тұрып анттасатын болған. Екі немесе бірнеше тайпа анттасып, серттесіп анда болғанда, өздерінің рулық, тайпалық таңбаларын тасқа қашайды. Себебі, Тас Қорқыт екі рудың антына куәгер. Немесе, бүгінгіше айтқанда, екі рудың н куә болып қол қояды. Құз­жартас жоқ жерде қазақтар жерден қолына ілінген тасты, тас болмаса бір уыс құм, яки топырақты алып, соны ұстап отырып анттасады. Қорқыт­тас, Қорқыт­құм менен топырақ. Тассыз, құмсыз, топырақсыз жер жоқ, яғни, қайда жүрсең де Қорқыт – көз алдыңда, Қорқытпен бірге, берген антың да – көз алдыңда, бүкіл дүние – ұятыңа тіл қатып тұрған белгі, бүкіл дүние – иман менен. Енді бір, бүгінгі ғылымның жетістігінен алынған мәлімет. Компьютердің информацияны есіне сақтайтын тетіктерінің барлығы құмнан жасалады. Неге? Себебі, құм – мәлімет сақтағыш зат. Мынадай бір мысал. Бұл шөл далада сансыз рет болған, және бұдан кейін де бола бермек құбылыс. Шағылдардың арасында шөлден өліп келе жатқан адам кенет жайқалған абат өңірді, сылдырап ағып жатқан бұлақ немесе өзен, шалқып жатқан көлді көреді. Екі өкпесін қолына ұстап жүгіріп барса… ештеңе жоқ. Сол баяғы аптап қуырған шөл дала. Керуен тартқан саудагерлер, далада қалған шопырлар сағым салған суреттің неше атасын көрген. Негізінен, жер бетінен баяғыда көшіп кеткен өркениеттердің көріністері, көне қалалар. Егерде адам сағымнан өз заманының суреттерін көрсе онда оны әлдебір атмосфералық құбылыстармен түсіндіруге болады. Алайда алдыңыздан, міне, 2013 жылы өмір сүріп отырған сіздің алдыңыдан баяғыда жойылған Отырар немесе Баласағұн немесе тұрған орнының қайда екенін ешкім білмейтін Баршынкент шықса… онда не істер едіңіз? Баяғыда жойылған, орны да жоқ қаланың сағым болып біздің бүгінгі заманымыздан қалқып шыққанын атмосфераның қандай құбылысымен түсіндірер едіңіз? Кибернетика ғалымдары жалтақтап отырып мынадай пікір айтады: құм, бұл дүниеде не оқиға болды, соның барлығын кванттық деңгейде «квантавая память) «есіне» сақтайды. Шөл дала, белгілі бір жағдайда, әсіресе қатты ыстық болғанда, осыкванттық деңгейде «квантавая память) «есіне» сақтайды. Шөл дала, белгілі бір жағдайда, әсіресе қатты ыстық болғанда, осы кванттық суреттерді сыртқа шығарады. Бүгінгі ғылым үшін жұмбақ құбылысты осылай ғана түсіндіруге болатын сияқты. Бір компьютерші айтып еді, компьютердегі чиптың бойындағы осы көне заманнан келе жатқан мәлімет кенеттен «іске қосылып», бүгінгі программамен қақтығысып қалады, сол кезде компьютер көпке дейін істен шығып «қалқып» қалады, көпке дейін қосылмай қояды деп. Топанға дейінгі өркениет, Дәстүрдің адамдары құмның осы түсініксіз қасиетін білген. Сол себепті алғашқы кітапты құмнан жасаған. Яғни, көне дүниеде, арабтың «китаб» сөзі әлі жоқ кезде жазба мұра атаулы «құм» немесе «құмыра» деп аталған. Бұл жерде «құмыраның» құрамындағы «ыр» қайдан келді десеңіз, оның жауабы баяғыда берілген. «Ыр» – бұл «йыртмақ», немесе қыпшақша «жыртпақ», «жырту» деген тұйық етістіктің қысқарған түрі. Көне адам қазіргі «жазу» деген сөздің орнына «жырту» (енді ғана кебе бастаған құм (қыш) тақтаның бетіне ойып, «жыртып», «жырып» әріптің суретін салу) сөзін пайдаланған. Кейіннен папирус пен теріге жазу қалыптасты. Шамасы, содан кейін де тас кітап пен қыш кітап, жаңа кітаппен қатар жасаған болуы керек. Соңыра, заманнан заман озғанда енді «құмыра» деп жазба мұраны сақтайтын, қыштан күйдіріп жасалған үлкен ыдыстарды атаған. Мысалы, Израильдегі Өлі теңіздің жанынан табылған «Құмыран жазбалары» – үлкен қыш құмыралардың ішіне салынған кітаптар. Бұлар бүгінгі текше кітаптар (кодекс) емес – баяғы шиыршық кітаптар (свиток). Енді, осының барлығын қорыта келгенде, Құмыра пайғамбар дегеніміз кім? Егерде кейіннен бір білімді дегдар келіп, Құмыра пайғамбардың кім болғанын қолмен қойғандай қылып айтып берсе – нұр үстіне нұр болар еді. Ал әзірге өзіміздің жорамалымызды ғана ортаға салайық. Құмыра пайғамбар, топанға дейінгі ұлы өркениеттің жазба мұрасының бүкіл тарихи тағдырын бойына жинақтаған жиынтық бейне. Бірақ өмірде болмаған адам. Мәселе, оның өмірде болған, болмағандығында емес. Мәселе, көне адамның осы Құмыра пайғамбар бейнесі арқылы сол даңқты заманның ең асқақ идеалдарын бізге, мына бүгінгі ұрпақтарына жеткізе білгендігінде. Енді Нүсіпбай ақсақал айтып берген Жүсіпбек қожаның «Құмыра пайғамбардың өлімі» атты дастанын қысқаша мазмұндап берейін. Ескерте кететін бір нәрсе: бұл дастан қазақтың үш жүзінде де айтылатын Құмыра пайғамбар жайлы әңгімелердің өлеңмен өрілген нұсқасы ғана. Сюжетінде, ел ішінен өзіміз естіген әңгімелерден ешқандай айырмасы жоқ себепті айтып отырмыз бұл сөзді. Ерте­ерте­ертеде он сегіз мың ғаламның білімін тауысқан Құмыра деген ғалым болыпты. Сол елдің патшасы ғалымды жанына алдырып уәзір етіпті. Сарайдағы басқа уәзірлер Құмыраның патшаға сыйлы болғанын көре алмайды екен, нешетүрлі қитұрқы арқылы патша мен екеуінің арасын ашпақ болған екен талай рет. Алайда, патша ақылды болыпты, уәзірлерінің әрекетін жазбай танып, Құмыраға қарсы жасалған лаңның барлығын тыйып тастап отырады екен. Күндердің күнінде кәрі патша өледі. Сонымен Құмыраның басына азапты күн туады. Жас патша ақымақ екен, уәзірлердің азғырғанына еріп, Құмыраны жанынан қудыртып, ол аз болса терең зындаға салып, аузын бекітіп, үстіне егін айдаңдар деп жарлық береді. Құмыра осылайша жер астында мың жыл отырыпты. Қолында бір дәрісі бар екен, бір иіскесе (басқа нұсқада бір жаласа) бір жыл тамақ ішпей отыра алады екен. Осылайша заманнан заман өтеді. Жер бетінде бұл кезде әлденеше ел, әлденеше патша әулеті ауысады. Содан соң халыққа сұмдық нәубет келеді. Елдің барлығы соқыр бола бастайды. Ең соңында, адамға күн бе, түн бе, бәрібір болыпты, әкесі баласын, баласы әкесін танымапты. Содан кейін, бұл аз болғандай, елдің барлығы саңырау болыпты, анасы өз ұлын, ұлы өз анасын, ағасы қарындасын, қарындасы ағасын көрмейтін, естімейтін болып, бүкіл қабила, айтуға адамның аузы бармайтын қиянаттар істеп, күнәға батыпты. Ел ішінде құдайына сыйынған бір пірадар бар екен, сол адам ғана бұл сұмдық сырқаттан аман қалыпты. Бір күні Жаратқан Ие сол пірадарға аян беріпті. Ей, пәленше, еліңнің осындайға ұшыраған себебін сен білмесең мен айтайын, ертеде, осыдан мың жыл бұрын осы патшалықта Құмыра деген адам жасаған. Ізгілігі, тазалығы, имандылығы сондай, атаусыз пайғамбар еді, он сегіз мың ғаламның тілін білсе де, ештеңе біломеймін, бәрін Құдай біледі деуші еді. Сол адамды ақымақ патшаларың зынданға тастап, көміп тастады. Сенің қабилаң ақылға келер деп мың жыл күттім. Ақылға келмедіңдер. Ақыры осындай қылдым. Енді мен өзім жіберген зауалдан құтылудың жолын айтайын. Пәлен­пәлен жерде, қырық құлаш зынданда Құмыра әлі тірі отыр. Соны шығарып алыңдар. Сонда мен қарғысымды қайырып алам депті. Пірадар сарайға барып, түк көрмей маңайын сипалап отырған патшаға (патша соқыр болса да құлағы естиді екен) болған жайды айтады. Осылайша Құмыра пайғамбар зынданнан шығыпты. Қолындағы дәрісін соңғы рет иіскеп тауысып, өлер шаққа келіп отыр екен. Құмыра келіп, қаланың ортасындағы майданға шығып жар салғанда Жаратқан Иенің әмірімен халықтың көзі ашылып, құлағы жарылыпты. Жұрт, патша бастатып Құмыраның аяғына жығылыпты. Содан соң, сол елдің басынан ешқашан бақ таймаған екен деп аяқтайды Жүсіпбек қожа.

Соңғы сөз

Байырғы заман шығармаларын зерделеуге бүгінгі әдеби талдау принциптері жетімсіз. Көне дүниенің символдық шығармаларын сол символдық принципте талдау керек. Байырғы аңыз­жырлардағы Құмыра пайғамбар, топанға дейінгі бүкіл адамзаттың ой­өресінің, жазба мұрасының, жалпы мәдениетінің символы дедік. Құмыра пайғамбармен тату болған, оны құрметтеген, жанында ақылшы қылып ұстаған кәрі патша – топанға дейінгі қоғамның символы. Ал кәрі патшаның орнын басқан, Құмыраны зынданға тастатқан, оның атын ұмыттырып, өшіруге тырысқан жас патша – топаннан кейін орнаған, байырғы адамшылықтан, байырғы имани қоғамның қағидаларынан бас тартқан, бұрынғы ескі сара жолдан бөлекше басқа бір жол ашып, сонымен жүрмек болған ақымақ қоғам. Бүкіл елдің, арада мың жыл өткенде тұтастай соқыр, саңырауға айналуы, байырғы дүние салған Дәстүрлі жолдан айныған жұрттың неге ұрынатындығының көрінісі. Ал Құмыра пайғамбардың жер бетіне шығуы және халықтың соқыр­мылқау күйінен арылуы – азған адамзат бұрынғы ескі жолға, Дәстүрге қайтып келе ме деген үміттің символы. Жүсіпбек қожа, топанға дейінгі Алтын Ғасырдың иманды тарихына, топаннан кейінгі Темір ғасырдың ғапыл тарихына куә болған Құмыра пайғамбар жайлы аңыз­әңгімелердің қорытып, бір дастанның ішіне осылай сиғызған екен. Топаннан кейін орнаған қоғамға, адамзаттың ондаған мың жылдық мәдени тәжірибесін бойына жинақтаған, Құмыра пайғамбар деп аталатын Кітап­Адамның керегі болмапты. Керегі болмай қалыпты. Карл Ясперс айтқан «кіндік өркениеттер» бізді сыртқа теуіпті. Әрине, әуелі арғы бабаларымыз түріктер, одан кейін бергі бабаларымыз қондыгер­қаңлылар әрекетсіз қалмаған, екі қолын бос тастап қарап отырмаған. Оңтүстік тарапты, «кіндік өркениеттерді» әлденеше рет жаулапты, бағындырыпты. Бірақ топанға дейінгі дүниенің заңдарына нандыра алмапты. Қондыгер ерлікке толы жүрегімен соғысса, «кіндік өркениеттер» ешқашан тозбайтын, шаршамайтын қару – Ақшамен соғысты. Ақырында қондыгердің семсері майрылды. Әлем ақшаның билігіне көшті. «Кітап­Адамдардың» бұдан кейінгі тағдыры жайында бірер ауыз сөз. Топанға дейінгі дүниеде жазба әдебиет, ауызекі әдебиет, жазба мәдениет, ауызекі мәдениет деген болмаған. Бұл терминдерді, біреуді жоғары, біреуді төмен қойып жаман дәндеген батыс және орыс ғылымы ойлап шығарған. Мәдениетті бұлай бөлу, кәдімгі нәсілшілдіктің ғылымда көрініс тапқан формасы. Көне дүние адамдарының, бүкіл жазба мұраны жаттап, есіне сақтауы, бұл, топанның алдында ғана басталған үрдіс емес. Бұл амал, яғни мәдениеттің ауызша және тас, қыш, қағаз кітапқа таңбаланып жазбаша сақталуы – мәңгі жайт. Белгілі ғалым Ролан Барттың «Хатсыз мәдениет болмайды» («Бесписьменных культур не бывает») деген сөзі бар. Көне дүниеде мынау жазба мәдениет, яғни, жақсы мәдениет, мынау ауызекі мәдениет, яғни, жаман мәдениет деп бөлмеген. Информацияны сақтаудың екі формасы қатар жүрген. Ал қандай да болмасын өркениеттің күйреуінің қарсаңында Дәстүрдің эвакуациясы, Дәстүрді көшіру басталғанда, қағазға жазып қалдырғаннан гөрі еске сақтау әлдеқайда сенімді амал екені белгілі болады. Иммануил Великовский және тағы басқа көне дүниені зерттеуші ғалымдардың пікірінше жер бетінде арасы пәленбайболады. Иммануил Великовский және тағы басқа көне дүниені зерттеуші ғалымдардың пікірінше жер бетінде арасы пәленбай мың жыл болып келетін пәленбай планетарлық апат болыпты. Адамзат пәленбай рет жойылып, пәленбай рет қайта жаратылыпты. Осы, әлсін­әлсін өркениетті, тіршілік атаулыны жалмап кетіп отыратын апаттардан, адамзат, ешқашан ескірмейтін, мән­мағынасы ешқашан жойылмайтын бір ғана ұлағат алып шығыпты. Ол ұлағат, «Дүние – жалған, онда мәңгі ештеңе жоқ. Өмірдің, тіршіліктің тағдыры қашанда қыл үстінде тұрады. Болмыс кез­келген сәтте жойылуы мүмкін» деген екі­ үш­ақ ауыз сөзден тұрар еді. Сол себепті көне дүниенің адамы, қашан да болсын қамданып, өзінің жеткен өркени, мәдени жетістіктерін қағазға да таңбалаған, және ең сенімді қойма – өзінің санасына да сақтаған. Содан кейін ғасырдан ғасыр озып, батыс жұртының үстемдігі басталды. Ориентализм (шығыстану), фольклористика деген ілім­ғылымдар пайда болды. Дамудың сатысы деген ұғымдар келді. Тарихи тағдырдың, тұрмыс қалпының әсерінен төл мәдениетін өз санасына сақтаған халықтар «ауызекі мәдениеттегі халықтар» (бұның астарында «дамуын енді ғана бастаған, махлұқаттық тіршіліктен адамдық өмірге енді ғана өткен» деген жасырын пікір тұр) деп атанып, аталмыш мархаматты «дамудың сатысының» ең төменгі тепкішегіне қойылды. (Бұл «сатыдан» мүлдем алып тастаса, бұл «сатыға» мүлдем жолатпай қойса қайтер едіңіз. Осыған да шүкір дейік). Бұл күнде ауызекі мәдениеттің екінші қатардағы, екінші сортты (қазақшасы – екінші сұрып) мәдениет екені қалыптасқан, дау тудырмайтын пікір. Біздің ойымызша, фольклористика я басқа ғылым, қандай да болмасын мәдениетке баға бергенде оның сақталу формасына (ауызша немесе жазбаша) емес, ең әуелі сапасына, ойының өресіне назар аударуы керек. Оның сыртында әлемдік ғылым топанға дейінгі өркениетті мойындап, зерттеудің бағытын, мән­мағынасын, мұратын өзгертуі керек. Солай болғанда ғана бүгінде ғылым үшін шешуін таптырмайтын жұмбақ болып отырған көптеген жайттардың шын сыры ашылмақ. Құмыра пайғамбар әлі тірі деп, ақымақ жас патша әлі ақылға келеді деп сенейік.

“Алматы ақшам” газеті