Kerey.kz/Керей.кз » теория және бүгінгі күн

Қазақ хандығының тарихы ҚазҰУ-да талқыланды
ҚазҰУ-да Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ хандығы: тарих, теория және бүгінгі күн» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Аталған іс-шараға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты А. Тұртаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжолова, Ш. Уәлиханов атындағы институт директорының орынбасары Н. Атығаев және өзге де құрметті қонақтар мен университет оқытушылары мен студенттері қатысты.

ҚазҰУ ректоры академик Ғ. Мұтанов шараны ашып: «Қазақ хандығының 550 жылдығымен шектелмей, ары қарай қазақ елінің тарихын зерттеуді жалғастыруымыз қажет. Себебі, біз – іргелі елміз. Алға жетелеп келе жатқан Елбасшымыз бар. Жастарды өз елінің патриоты етіп тәрбиелеу – басты мақсатымыз», – дей келе, конференция жұмысы мен қатысушыларына табыс тіледі.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова  өз сөзінде: – «Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген дана сөз бар. Білім алып жатқан әрбір қазақ баласы өз елінің тарихын біліп, оны зерттеуі қажет. Осы тұрғыда жастарға сапалы білім, патриоттық тәрбие беруде ҚазҰУ ғалымдары үлкен үлес қосып отыр», – деді. Сондай-ақ, жиында сөз алған Нұрлан Атығаев ғалымдарға тарихымызды зерттеуде үлкен сәттілік тілеп, ыстық ықыласын білдірді.

«Қазақ тарихының тамыры тереңде жатыр. Ұлттық тарихымызда Қазақ хандығының құрылуы – Қазақ мемлекетінің қалыптасуы ретінде тарихи маңызды кезең болып табылады. Тарихсыз ұлт жоқ, бірақ тарихын ұмытатын ұлт бар. Сондықтан ұлт болу үшін, өз еліміздің тарихын жетік біліп,  барлық елге паш етуіміз керек», – деген ректор Ғалым Мұтанұлының ашылу салтанатындағы түйінді сөздері көпшіліктің көңіл төрінен орын алып, жастарға қарата айтылды. Туған елін, жерін және оның тарихы мен салт-дәстүрін білуге, құрметтеуге шақырды.

Жалпы конференция барысында Германия, Испания, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғыстан, Қарақалпақстанның тарихшы-ғалымдары Қазақ хандығының құрылуы мен тарихи дамуының өзекті мәселелерін талқылады. Олар өз баяндамаларында әр мәселенің түйінді тұстарын ғылыми тұрғыдан негіздеп, жаңа көзқарас тұрғысынан талдады.

Конференция аясында «Қазақ хандығы қалыптасуының алғышарттары және саяси-этникалық негіздері», «Қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасы», «Қазақ хандығының қалыптасуы, дамуы және жойылуының тарихи-методологиялық  мәселелері», «Қазақ хандығы және тәуелсіз Қазақстан: тарихи сабақтастық  және қазіргі мемлекеттілік мәселелері» атты секциялар жұмыс жасады. ҚазҰУ мен Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты бірлесіп ұйымдастырған шара жоғары деңгейде өтті.

Баспасөз қызметі