Kerey.kz/Керей.кз » Шыңжаң

Кремльден келген пәрмен
Қазақстаннан тыс жерде өмір сүрген қазақ диаспорасының да бастан өткерген қилы-қилы тарихы бар. Соның бірі – Шыңжаң өлкесіндегі Алтай қазақтарының жергілікті билеушілерге қарсы көтерілісі. Бұл оқиғаның туындауына негізгі себеп, 1937-1938 жылдары Кеңес елінде жүргізілген репрессия науқаны 1938 жылдың соңын ала қытай қазақтары арасында да жалғасуы еді. Өйткені, ол кезде Шыңжаң өлкесін басқарушы өкіл Шен Шицай КСРО көсемі Сталиннің тапсырмасын орындаушы қуыршақ билік иесі болып саналатын.Бірақ, екінші дүниежүзілік соғыс басталған тұста Шен Шицай қамқоршылық танытып келген Кеңес елінен қол үзді. Себебі, ол бұл соғыста Кеңес армиясы сөзсіз жеңіледі деп ойлады. Сөйтіп, 1943 жылдың басында Шыңжаңда қызмет атқарып жүрген кеңестік мамандар мен әскери күштік құрылымдарын елден аластатып, оның орнына Чан Кайши басқарған гоминьдан әскерлерін енгізді.              Шығыс Түркістан өлкесін бақылау қолдан шығып бара жатқанын аңғарған Сталин өлкеде гоминьдан әскеріне қарсы тұрған жалғыз күш Оспан батырды қолдау қажет деген шешім шығарды. Бұл ойын жүзеге асыру үшін Шыңжаң-Алтай өңіріне шекаралас Моңғолияны пайдалануды көздеді. Оның сыртында, батыс шекарада пайда болған соғыс өрті араттардың да мазасын қашырып ығыр бола бастаған-тын. Моңғолия басшысы Чойбалсан 1943 жылы КСРО Сыртқы істер министрі В.Молотовқа хат жолдап, батыс шекарадағы тұрақсыздыққа байланысты Қытай еліне ресми нота жолдауға рұқсат  сұрайды.1943 жылдың 27 желтоқсанында Моңғолиядағы КСРО-ның Төтенше және өкілетті елшісі И.Иванов Үкімет төрағасы Чойбалсанға жолығып, оған «дереу келсін» деген Мәскеудің сәлемін жеткізеді. 1944 жылдың 14 қаңтары күні Мәскеуге табаны тиген Моңғолия басшысын КСРО Сыртқы министрлігіндегі Шыңжаң мәселесімен айналысушы В.Деканозов күтіп алады. Қаңтар айының 22-сі күні Шыңжаң мәселесі бо­йынша Молотов, Иванов, Чойбалсан үшеуін Сталин қабылдайды. Бұл басқосудан шыққан қорытынды: Шыңжандағы гоминьдан күшін әлсіретудің жолы Оспан бастаған көтерілісшілерді пайдалану дегенге тоқталады. Сталин дереу армия генералы А.Антонов пен Забайкалье әскери округінің қолбасшысы М.Ковалевті шақырып алып, Чойбалсан арқылы Оспанға беретін қару-жарақтың мөлшерін айтып, дереу орындаңдар деген бұйрық береді.                                                                                          Сөйтіп, Сталиннің бұйрығы бойынша 1944 жылдың 28 ақпанында Моңғолияның батысы Қобда аймағының Алатөбе деген жерінде Чойбалсан мен Оспан жолығады. Бұл кездесу 3 сағат 30 минутқа созылған. Чойбалсанның қасында елші Иван Алексеевич Иванов бірге болады. Оспан батырдың сарбаздары қабылдаған қару-жарақ туралы хаттамада: 1. Бесатар – 395. 2. Жеңіл пулемет – 30. 2. Ауыр пулемет – 6. 3. Граната – 2000. 5. Бесатар оғы – 200 000. 6. Автомат – 45. 7. Автоматтың оғы 100 000 деп көрсетілген.Осыларды өткізіп беруші ретінде хаттамаға Моңғолия Ішкі істер министрі Шағдыржап, генерал-майор Курбатов және Хасен Панатаров деген қазақ азаматы қол қойған.Арада көп уақыт өтпей, яғни наурыздың 5-і күні маршал Чойбалсан көтеріліс басшысы Оспан батырмен екінші рет қайта жолығады. Бұл кездесудің хаттамасы қағазға түспеген. Бірақ, сол тұста Моңғолия Әуе күштерінің бас қолбасшысы, қазақ генералы Жайсанып (Зайсанов) Мүдәрісұлы ол екеуіне тілмаштық жасаған. Яғни, ертеңінде, наурыз айының 6-сы күні Чойбалсан Сталиннің атына бұйрықтың орындалғаны туралы: «Мәскеу. Жолдас Сталинге. Оспан туралы толық мәлімет алдық. Ол сөзге сараң, секемшіл, діндар, тақуа адам екен. Қару-жарақты түгел тапсырдық. Қатты риза болды. Оспан кешікпей Алтай аймағын гоминьдан әскерінен азат етуі тиіс…» деп сүйіншілеген радиохабар жіберген.Мақаладағы фотолар, құрметті оқырман, Оспан мен Чойбалсанның кездесу кезінде түсірілген. Бұл суреттер Лхағасурен деген фототілшінікі. Осы кісіден фото-құжаттарды Баян Өлгейдегі тарихшы бауырымыз Ербол Доманұлы деген азамат бірнеше жылдың алдында қалап алған екен. Өткен ақпан айында Моңғолияға барған сапарымызда Ерболдың қолындағы сирек суреттердің оншақтысын біз қалап алған едік. Солардың бірнешеуін тұңғыш рет жариялап отырмыз.                                                                                       Бекен Қайратұлы, «Егемен Қазақстан»                                                                                                                                                                                 Моңғолия, Баян Өлгей аймағы

Қытай құрамасындағы қазақ конькиші
Қытай құрамасындағы қазақ конькиші Дәстүр Тұрсынжан. Алматы, Универсиада, 5 ақпан 2017 жыл.

Қытайдағы Шыңжаң өңірінің қазағы Дәстүр Тұрсынжан Алматыда өтіп жатқан қысқы универсиаданың коньки жарысына қатысты. Ол биыл Қытай чемпионатында үздік үштікке енген.

21 жастағы Дәстүр Тұрсынжан Алматыдағы универсиадада конькимен 5000 метрге жүгіруден 7 минут 27 секунд уақыт көрсетіп, 17-орын алды. Ал командалық есепте Қытай құрамасы 4-орын иеленді. Спортшы Медеу мұз айдынында көрсеткен нәтижесіне көңілі толмайды.

- Қытайдың ішкі жарыстарында 5000 метрді жақсы жүгіргем (6 минут 52 секунд). Алматыға сол нәтижені көрсетемін деп келгенмін. Егер өз нәтижемді көрсеткенде үштікке енер едім. Бірақ бұл жарысқа бабым дұрыс болмай қалған сияқты, – дейді спортшы.

ҚЫТАЙДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Қытайдағы жарыстардың бірінде жүрген Дәстүр Тұрсынжан (Сурет спортшының жеке архивінен алынды).

21 жастағы конькиші ұзақ қашықтықтарға жүгіруге машықтанғанын айтады. Биыл қаңтардың 19-ы мен 20-сы Харбинде өткен Қытай чемпионатында коньки көпсайысының қола медалін алған. Ал 2016 жылы желтоқсанда Харбиндегі Қытай кубогының екінші кезеңінде 5000 метрге жүгіруде – алтын, 1500 метрге жүгіруде күміс жүлде иеленген. Осы жетістігінен кейін ол Қытай жастар құрамасына еніп, Алматыдағы универсиадаға жолдама иеленген.

- Кубок – Қытайдағы екінші деңгейлі жарыс. Көбіне жас спортшылар қатысады. Қытай кубогында жеңіске жеткен соң жастар құрамасына шақырды. Ал биыл алғаш рет Қытай чемпионатында медаль алдым, – дейді ол.

Дәстүр коньки спортымен бала кезінен айналысатынын айтады. Қытайдағы ішкі жарыстарға 2010 жылдан бері қатысқан. Жасөсспірімдер арасындағы Қытай чемпионатының қола жүлдегері.

- Коньки жарыстарын теледидардан көп көрсететін. Содан қызыға бастадым. Оқушы кезден айналысып жүрмін. Негізінен Үрімшіде жаттығамын. Нәтиже бірден болмайды. Ақырындап барлығы келе жатыр. Келер жылы Қытай құрамасына еніп, әлем кубогы мен әлем чемпионатына, олимпиадаға қатысқым келеді, – дейді конькиші.

Дәстүр Тұрсынжан 2016 жылы Үрімшіде өткен Қытай қысқы ойындарына Шыңжаң құрамасы сапында қатысып, 1500 метрлік жарыстан 7-орын алғанын айтады.

Дәстүр Тұрсынжан мұз айдынында жаттығып жүр. Алматы, Универсиада, 5 ақпан 2017 жыл.

- Қытайдың қысқы ойындары – елдегі өте беделді жарыс. Олимпиада сияқты төрт жылда бір рет өтеді. Оған қатысу – кез келген спортшының арманы. 2016 жылы Үрімшідегі ойындарға қатыстым. 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы олимпиадаға да қатысқым келеді, – дейді конькиші.

Дәстүрдің ата-анасы Шыңжаңда тұрады. Өзі Үрімші қаласындағы Шыңжаң спорт колледжінде жаттықтырушы мамандығы бойынша оқып жүр. Конькиші Алматыдағы жарыстан соң Үрімшіге оралып, дайындығын жалғастырмақ. Алдағы уақытта ол Қытай кубогының кезеңдеріне қатысады.

Бұл – Дәстүрдің Қазақстанға алғаш келуі. Келешекте ата-анасын алып келіп, тарихи отанын көрсеткісі келеді.

Руслан МЕДЕЛБЕК

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

ІЛЕ УАЛАЯТЫ ҚАЗАҚТАРЫ
Бұл Шың Дубан (盛世才/ Шың Шы Сай) дәуірі (1933-1944 жж) кезінде Іле уалаятында жасаған ҚАЗАҚтардың тұрмыс-тіршілігі көрсетілген көне суреттер. Сіз суреттерден 30-шы жылдарда Іле уалаяты, Іле өзен аңғары өңірінде жасаған ҚАЗАҚтардың тіршілік бейнесін шынайы көре аласыз. Шың Дубан (盛世才/ Шың Шы Сай) билікті қанды төңкеріспен тартып алған соң көп өтпей арнайы комиссия ұйымдастырып xалық санағын жүргізген. Бұл Дубан үкіметінің (Шың Шы Сай) саяси қианаты мен қаскөйлігінің бастауы блды. Комиссия xалық санын жүргізу, жер-су, аумақ иелігін анықтау, құрал-жарақты тіркеу, мал басын есептеу, xалық тұлғаларын xаттау (Мәселен; Гүң, Уаң, Бейсі, Тәйжі, Үкірдай, Ақалақшы, Зәлің, Шаңя, Манпаң, тб билік тұлғалары) шетелден келген немесе шетелде оқыған (Ташкен, Алматы, Семей, Зайсан, Қазан, Ыстанбұл, тб) зиялыларды (30-шы жылдары бір Алтай уалаятының өзінен 300ден астам адам Совет одағында білім алған) тіркеу, Кітаптар (Құран, Қадыс, Тәпсір, Шежіре, Қазақстан, Түркия, Қазан, Ұфадан әкелінген кітаптар, оқу құралдары, тб) сияқты құжаттарды жинап алып Диxуада (Үрімжіде) “Біртұтас Қазақ-Қырғыз-Мұңғол құрылтайына” (қысқаша үшұлт құрылтайы дейді) шақырған. Диxуада ашылған үшұлт құрылтайы шынтуайтында құрылтай емес, алдамшы тұзақ еді. Шығыс Түркістандағы бүткіл ҚАЗАҚтың игі-жақсыларын, зиялыларын, ел ағаларын Диxуада (Үрімжіде) түрмеге қамалды, сұрақтарға тартылды, ол ол ма Диxуа (Үрімжі) маңайына (Ұланбай сияқты жерлерге) жүздеген ҚАЗАҚты топыраққа тірідей көмді. Бұл қорлықты көзімен көріп “тамұқтан” тірі шыққан Таңжарық ақын өлеңінде:

Бәрі қан Үрімжінің айналасы,

Ескі там, ұңғыл-шұңғыл, сай-саласы.

Ішегін өлген жанның иттер сүйреп,

Домалап, қарға шоқып жатыр басы.

Барсаңдар Үрімжінің қаласына,

Көзің сал қалтарыс сай-саласына.

«Ұмытпа өле-өлгенше осыны» деп,

Тапсырып кет балаңның баласына.

Алаштың игі-жақсысын абақтыға тоғытқан соң бассыз, басшысыз қалған арт жақтағы ел Алтайда, Іледе ұлт-азаттық көтерлісті бастаған. Ақиқатты оқпен шешуге белбайлаған. Бұл туралы аз айтылмады, аз жазылмады. Сол кеде “қан сасыған” ескі Диxуаның (Үрімжінің) да суреттерін қоса кетуді жөн көріп отырмын.

40-шы жылдары Шыңжаң үкіметіның жүргізген ішкі санайғағы бойынша (Шыңжаң үкіметі ішкі құжаттары) Іле уалаятында 210 мың 672 ҚАЗАҚ (екі жүз он мың алты жүз жетпіс екі), 76 мың 229 ұйғыр (жетпіс алты мың екі жүз жирма тоғыз), 27 мың 661 қытай (жирма жеті мың алты жүз алпыс бір) болған екен. Іле уалаятындағы Қазақ аудандарының әкімшілікке бөліну кезеңі 30-шы жылдары қарқынды жүрілді. Бір аудан аумағынан бөлініп жаңа аудан немесе жартылай аудандар қалыптасты. Бұрын Ақалақшы немесе Үкірдай болғандар аудан әкімі немесе әкімнің орынбасары болды. Жоғартында айтылған аталмыш санақта Іле өзені аңғарын мекендеген ҚАЗАҚтардың нобай саны. 1916-шы жылдары Қазақстаннан өткен Албан елінің Іледегі саны анық емес. Қалғандары мен қайтқандары қанша, қырылғаны қаншалық ешкім нақты айта алмайды және олар Іледегі санаққа қаншалық толық кіргізілді, белгісіз?! Тағы бұл Санайғақта 40-шы жылдары Шығыс Түрістандағы Ұйғырлардың негізгі ұзын санын 2 миллион 800-900 мың яғни шамамен 3 миллион деп көрсеткен. Жоғарда мен Іле уалаяты Қазақтарының санын деректер негізінде беріп отырмын. Іле Уалаятына ол кезде Бұратала қаласы, Арасан ауданы, Жың ауданы бірдей қарап тұрған. қазір аталмыш бір қала екі аудан Іле уалаятынан айрылып жеке Бұратал облысы деп құрылды. Бұдан тыс Тарбағатай уалаяты (Қарамайлы мен Майтау бірге) Қазақтары, Алтай уалаяты Қазақтары, Үрімжі уалаяты қазақтары (бір мезгіл Үрімжі-Баркөл уалаяты деп аталған) санайғағы тұрақты емес. Бөкенің елі Еренқабырғаны басып Тибетке асуы, Алтай уалаяты Қазақтарының Еренқабырғаны бойлап Баркөлді басып Гансу, Цинxай провинциясына қотарылуы, 30-шы жылдардың соңында басталған азаттық соғыс, үркін, қырғын, толассыз аштық, жұт т.б себептерден түтін саны, кісі бас саны анық құжатталмаған. Қалқа үкіметі қарулы әскер шығарып Алтайдың теріскей бетін тартып алғандықтан БайӨлке құрамында қалған қазақтар кейінгі Алтай Уалаятының құрамына (1920дан соң) кірмейді. 40-шы жылдары Төменгі Алтайдің жарты елі Қазақстан Зайсанға, жартысы Қобда асып айнала өтіп Өр Алтайға (Көктоғай, Шіңгілге) бірақ қотарылып көшкені себепті елді-мекендер қаңғырап қалған жағдай көп болған. саны сол себепті тұрақты болмады немесе болжал санақ болды деп тұспалдаймыз. Алтайдың Бөкейxановы Шәріпқан КӨГЕДАЙҰЛЫ өзі бас болып қолға алған “Шыңжаң-Алтай” газетінде (газет аты кейін Ерікті Алтай-ға өзгерген) 1938-шы жылы бір мақаласында Шығыс Түркістан Қазақтарын 500 мыңнан асып жығылады деп көрсеткен. 1912-шы жылы Пекинде саяси төңкеріс туылып Манжулар билігін ұлтшыл демократиялық қытай үкіметі тартып алғанда алғаш рет санақ жүргізілген. Сол кезде (1912) Шыңжаң өлкесінде Қазақтар 210 мыңнан астам деп көрсетілген. Бірақ ол кезде Алтай уалаят емес жеке Өлке ретінде Пекин әкімшілігінің тіке басқаруында болғандықтан Шыңжаң өлкесінің санағына кірмеген. Алтайдың 1920-шы жылға дейінгі бүтін құжаты ҚОБДА мен ПЕКИНде сақтаулы. 1916- шы жылға дейін Тарбағатай уалаяты, 1914-шы жылға дейін Іле уалаяты Шыңжаң өлкелік билігін мойындамай сырттай бағынышты іштей жеке әскери билік ұстанған. Тіпті Іле Құлжа билігі мен Шыңжаң өлкелік Диxуа (Үрімжі) билігі арасында 30 жыл саяси текетіресу болған. 1914-шы жылы Диxуа үкіметі Құлжа билігін жеңіп Іле уалаятын тіке Шыңжаң өлкелік билікке қаратып ” 30 жылдық текетіреске” нүкте қойған еді. Айтпақшы, 34-шы жылы “Ұйғыр” атауын тұрақтандыру туралы өлкелік үкімет арнайы қаулы шығарған. Сол жылдары саны жағынан Татардан көп НОҒАЙлар біртұтас “татар” атауына өзгертілген. Үрімжідегі “Ноғай мешіт” атынан бұл өңірде Ноғай бауырларымыз көп болғанын білуге болады. Біреу білсе біреу білмес, Үрімжідегі “Ноғай Мешіттің” 70-шы жылдарға дейінгі имамы мен азаншысы Қазақтар болған. Кейін он жыл “мәдениет революциясы” кезінде мешіт жұмысын тоқтатып қайта ашылғанда ұйғырлардың қармағына өткен.

Орда ЕЛДЕС

11.01.2017

kerey.kz