Kerey.kz/Керей.кз » Шыңғыс хан

Ғалымдар ШЫҢҒЫС ХАНДЫ Қазақ деп мойындады

ШЫҢҒЫС ХАН ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ ҚАЙДА?
Жұмат ӘНЕСҰЛЫ

XIV-ғасырдан бері Шыңғыс хан туралы сан мыңдаған ғылыми еңбектер, мақалалар мен көркем шығармалар жазылып келді. Бір қызығы соның бәрі негізі екі еңбектің -Рашид ад диннің «Жамиғат ат Тауарихы» мен Әбілғазы ханның «Түрік шежіресі» атты шығармаларға сүйенген. Шыңғыс хан туралы осы күнге дейін жүздеген мың ғылыми зерттеулер мен мақалалар жазылса, Рашид ад дин мен Әбілғазының жазғандарын негізге алған. Бүгінге дейін Ұлы Хан туралы жазылған қай еңбекті алсаңызда сол, бірі XIV-ғасырда  екіншісі XVII-ғасырда жазылған осы екі тарихшының деректерін талғажу етеді.

Жалпы орта ғасырда Орта Азия мемлекеттерінің тарихы туралы жазылған еңбектер біршама болғанымен, олардың ішіндегі ең атақты, әлемге белгілі еңбектер үшеу. Олардың ең алғашқысы Рашид ад диннің «Жамиғат ат тауарихы» 1311- жылы жазылған. Одан кейінгі ең атақты тарихи шежіре Бабырдың «Бабырнамасы» 1530-жылы елге тарады. Ал, Әбілғазы ханның «Түрік шежіресі» мен «Жамиғат ат тауарихтың» арасын 352 жыл бөліп тұр.  Осының ішінде Шыңғысханның тарихына арналғаны «Жамиғат ат тауарих» пен «Түрік шежіресі».

Ұлы Моғол империясының негізін қалаған Бабырдың «Бабырнамасына» келетін болсақ, бұл тарихи шығарма  ғасырдағы Орта Азия мемлекеттері мен Үндістандағы Ұлы Моғол империясының тарихын баян етеді.

«Тарихтың аты тарих»  дегенімізбен, тарих қоғамдық даму сатысының өзгеруіне байланысты, не мемлекетті ұзақ билеген патшалардың ықпалымен қайта жазылған кезеңдері болған. Мәселен,  XIV-ғасырларда Иранды билеген (Хұснидтер мемлекеті кезінде) Толы ханның ұрпағы  Газан хан (Хасан хан) уәзірі Рашид ад динге  «Шыңғысхан мен Алтын орда тарихын жазуды міндеттеген. Рашида ад дин «Жамиғат ат тауарих» атты екі томдық еңбегін 1311-жылы жазған. Рашид ад дин «Жамиғат ат тауарихтың» үшінші томында  Еуропадағы мемлекеттердің де, яғни «Әлем тарихын» тарихын жазуды ойластырған екен, бірақ, ол арманын жүзеге асыра алмай, сарай ішіндегі интригалардың себебінен  қаза болған.

Дегенмен, Рашид ад диннің «Жамиғат ат тауарихы» әлемдегі ең алғашқы атақты тарихи шығарма болып қалды. Екінші бір тарихи атаулы еңбек Рашид ад диннің «Тарихынан» шамамен 252-жылдан кейін жазылған Әбілғазы ханның «Түрік шежіресі» атты шығармасы. Бұл еңбек 1663-жылы аяқталған.

Әбілғазы осы «Түрік шежіресін» жазуды бастаған шақта, Шыңғысхан туралы «Жамиғат ат тауарихтан» басқа он жеті шығарманың болғанын айтады.

«Сол Рашид ад диннің тарихы қазір мен пақырдың алдында жатыр. Кітаптың басында айтқанмын,бұдан басқа да  Шыңғыс тарихы жазылған он жеті кітап әзір тұр.  Осы кітаптардың керек жерінен көшіріп, осы шежірені жазып отырмын…» дейді Әбілғазы өзінің «Түрк шежіресі» кітабының бастауында. (30-бет). Одан әрі Әбілғазы хан осы еңбегінде өзіне дейінгі Шыңғысхан туралы жазылған көптеген шығармаларды  аударушылардың парсы, түрік тілдерін жақсы білмегендіктен, көп қатеге ұрынғандықтарын атап көрсеткен.

Ғасырларға созылған уақыт ішінде тек Шыңғысханның тарихы ғана емес, әлемдегі жалпы тарихта екі түрлі ықпалдың әсерінен көптеген өззгерістерге түсті.

Біріншісі, ғасырлар қойнауынан табылған парсы, түрік, қытай тілдеріндегі құжаттарды, тарихи шығармаларды, шежірелерді аударушылар түпкі сөздің мәнін, мағынасын тап басып,  түсінбегендіктен, Әбілғазы хан айтқандай, еркін аудармаға жол берілген.

Екіншісі, «Әр патша өзінің тарихын жаздырады» деген түсінік тарихта ертеден қалыптасқан. Мәселен, Иранды билеген Шыңғысханның ұрпағы Хасан хан (Газан хан) Рашид ад динге «Шыңғысханның тарихын жазуды тапсырса, Ресейді әлемдік деңгейдегі державаға айналдырған император I-Петр өзінен кейінгілерге «Орыс тарихын патриоттық рухта жазуды» өсиет еткен.

I-Елизавета патшайым Петрдің өсиетін жүзеге асырды. Патшайым әуелде осы мақсатта орыс тарихын Францияның атақты философы Вольтерге жаздырмақ болған. Бірақ, іс жүзінде «История Государства Российского» атты және осыған орайлас тарихи еңбектерді орыс тарихшылары жазып шықты. Ресейдің тарихшы ғалымдары Н.Карамзин, С.Соловьев, В. Ключевский осы үдерістен шықты. Карамзиннің 12 томдық «История Государства Российского», Соловьевтың 29- томдық «История России» орыс тарихының негізгі өзегі сияқты болса, , Ключевскиийдің  9-томдық « Курс истории России» атты шығармалары әлемдік беделге ие болған. Ресейде осы атақты ғалымдардан кейін де  тарихшы ғалымдары көп шықты.

XIV-XVII-ғасырларда Орта Азия мемлекеттерін тарихын баян ететін «Жамиғат ат тауарих», «Шыңғысханның тарихы», «Түрік шежіресі», «Рашид ад дин Тауарих», «Бабырнама» атты және т.б. көптеген тарихнамалық әлемге жайыла бастаған кезде орыс тарихы әлі жазыла қоймаған кез еді. Ресейдің шамамен оныншы ғасырлардан басталатын тарихы  XIX-ғасырдың бас кезінен бастап жазыла бастады.  Ресейдің тарихы туралы ең жүйелі еңбек Н.Карамзиннің «История Государства Российского» атты еңбегінің алғашқы томдары 1811 жазыла бастады. Жазушы, тарихшы Н.Карамзин осы еңбектерінің он екіші томын 1818-жылы аяқтаған.

Ресей тарихы әлемдік тарихтарға қарағанда кешірек дамыса да, патшалық кезеңде, Кеңес дәуірінде де отарлықта болған елдердің, кейін Кеңeстер одағының құрамында болған республикалардың тарихының қалыптасуына идеологиялық тұрғыда кері әсерін тигізді.

Қазақ  тарихы Кеңес билігі тұсында жазылды да, сол идеологияның талаптарынан шыға алмады, Тіпті, Қазақ тарихы бұрмаланып жазылды десек, артық емес.

200 -жылға жуық отарлық құлдықта,  70-жыл Кеңестер Одағының идеологиясының құрсауында болған қазақ еліне өзінің өткен тарихына, талай бұрмаланған тарихына  Шынның жүзімен қарау оңай болды ма! Әрине, оңай емес. Қазақ тарихын сонау Шыңғысханның кезінен бастап, қайта жазып шығу қажет ақ!

Мәселе, тарихтың жүздеген ғасырлар бойы бұрмаланып кетуінде. Әбілғазы ханның  өзі осыдан 550 жыл бұрын «Түрік шежіресінде» түрлі тілде жазылған еңбектерді аударушылар тілді білмегендіктен көп қателер жібергендіктерін айтқан. Тарихтағы қателесу, ертедегі құжаттардың қате аударылған БІР АҚ СӨЗІ (не транскрипциясы) ғасырлардан ғасырларға жалғасатын теріс тұжырымдардың қалыптасуына әсер етуі мүмкін.

Мәселен,  XIX-ғасырдың ортасына дейін «МОҒОЛ ТАТАР»деп жазылып жүрген тіркес,  XIX-ғасырдың  ортасынан бастап, «татар моңғол» деген тұрақты тіркеске айналып кетті.

Парсы тілін білетін Әбенай тәрізді тарихшы зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, Рашид ад диннің «Жамиғат ат тауарих» атты еңбегінде «моңғол» деген тіркес атымен жоқ көрінеді. Олай болса, осы «Жамиғат ат тауарихты» өзінің «Түрік шежіресінде» пайдаланған Әбілғазы хан Шыңғысхан туралы жазбаларына «моңғол» тіркесті пайдалануы логикаға сыйымды, мүмкін бе еді. Әрине, мүмкін емес. Бірақ, Әбілғазы ханның «Түркі шежіресін» аударған Әбілқасымов (1991-жыл) осы аудармасында «моңғол» деген тіркесті еркін пайдаланған. Мен мұны сол кездегі Кеңес идеологиясының ықпалынан еріксіз болған пайым деп бағалаймын. Солай бола тұрсада «Түрік шежіресі» қазақ оқырмандарына біршама түсінікті жақсы аударылған деп санаймын.

Сондықтан, оқырмандарға бұрыннан танысырақ, Әбілғазының «Түрік шежіресіндегі» жазылған Шыңғысханның тарихына және одан басқа деректерге жайттарға талдау жасап көреміз.

Ең бірінші, бұл еңбектің «ТҮРІК ШЕЖІРЕСІ» деп аталғанына назар аударыңыз.  Әбілғазы хан осы шығармасындағы әңгімесін Моңғолдың ( мүмкін МОҒОЛ. Автор) арғы атасын таратуды Нұх пайғамбардан бастап, ең үлкен атасын ТҮРІК ( осы кітаптың 12-беті) екенін атап көрсетеді.Содан Моңғолдан Қара ханды туғызады да, оның Есіл, Тобыл бойын мекендегінін айтады. Осы шежіреде Қара ханнан Оғызды туғызып, одан Жұлдыз ханның, одан Меңлі ханның, одан  Теңіз ханның, одан Ел ханның туғанын айта келіп, Ел ханнан Қиянды туғызады. Қиян- Есугей бахадүрдің руы. Сoл, Есугей Шыңғыс ханның әкесі.  Сонда Шыңғыс хан қалай МОҢҒОЛ болып шығады?.

Шыңғыс ханның баларының есімдері де түрік тектес Жошы, Шағатай, Үгедей, Толы.

Сосын мына бір қызық дерекке назар аударыңыз, 1311-жылы жазылған Рашид ад диннің «Жамиғат ат тауарихтан» бастап   1818-жылы жазылып біткен Н.Карамзиннің «История Государства Российского» атты тарихи еңбегіне дейінгі 500-жылдан астам уақыт ішінде Шыңғыс хан, оның бар әулеті, Алтын Орданы билеушілер мен оның eл жұрты неге «МОҒОЛ», не «МОҒОЛ ТАТАР» деп аталып келген!

Ал, Н.Карамзиннің сол тарихында Шыңғыс хан мен Алтын орда туралы жазғандарында бірде бір «МОҢҒОЛ» деген тіркес жоқ. Олай болса, 1850-жылдан кейінгі тарихтарда «моғол татар» тіркесін «Моңғол татар» тіркесіне аударып жіберілуінің себебі қандай?!

Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарын, Алтын Орда билеушілерін  әлемге белгілі «Жамиғат ат тауарихтан» бастап, 500 жыл бойы  «МОҒОЛ» деп атап келіп, XIX-ғасырдың бас кезінен бастап, негізінен орыс тарихшылары Шыңғыс ханды, Алтын Орда билеушілерін «МОҢҒОЛ» тектес деп. «Моңғолиядан шыққан» деген ұғымды тарихта қалыптастырып тастады. Мұның бәрі батыс шығыста иеліктерін кеңейтіп, Ресей империяға айналғаннан кейін, отарланған елдерге менсінбей қарап, орыс тарихын патриоттық рухта қайта жазып, тарихтың өңін айналдырудан туындаған еді.

«Орта ғасырдан әрі де Қап тауының солтүстік жақ бетін сонау Қырымға дейін қыпшақтар, половецтер мекендеген, Алтын Орданы Жошы бастаған қазақтар билеген» десең, орыс саясатына жаға ма, жақпайды. Міне, 500-жыл бойы «Моғол» атанған Шыңғыс ханның кейін «моңғол» болып кетуі содан деп білемін.

«Қазақстан тарихының» Кеңес Одағы тұсында жазылғанын жоғарыда айттым. Онда қазақ жерінің орта ғасырдағы тарихы туралы бір сөз де жоқ десе болады. Әсіресе, қазақ хандықтарының кезеңдері көрсетілмеген. Ал, Кенесары хан туралы жазған тарихшы Бекмаханов сотталып кетті.  Кеңес тұсында Тарих ғылымы болғанмен, ондағы жазылған шығармалар «Марксизм Ленинизм институтымен» қадағаланып, тексеріліп отырды. Марксизм Ленинизм идеологиясына қарсы көзқарастағы адамдар тарихты зерттеушілердің қатарына жіберілмеді, тарихты зерттеушілердің қатарында басқа көзқарастағы адам болған күнде де, оларға диссертацияларын қорғатпады.

Мынандай бір оқиға еске түседі. Мен КазГудің тарих факультетін бітіретін болып, диплом жұмыстарының тақырыбын ұсынғанда бұрын ешкім жазбаған «Моңғолия компартиясының тарихын» жазуды таңдап алған едім. Сол диплом жұмысын  қазіргі Ұлттық кітапханада отырып

eкі ай ішінде жазып шыққанмын. Сол дипломдық жұмысымды «Марксизм- Ленинизм  институты» бір ай тексерді. Содан кейін ғана дипломдық жұмысым деканатқа түскен. Сонда әлгі ғылыми институт қарапайым студенттің дипломдық жқмысын тексеріп отыр. Мінеки, Кеңестік идеологияның тарихты бақылауы осындай қатаң тәртіпте болып еді.

Міне, 700 жылдан кейін, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Шыңғыс ханның шынайы тарихын зерттеушілер енді шығып жатыр.

Жазушылар Б.Нұржекеев, Х.Қожахмет және де басқалай тарихшы ғалымдар  Шыңғыс хан туралы жаңа көзқараста еңбектер жариялап жүр. Мен осылардың тұжырымына қосыламын.

Кеңес идеологиясының ықпалы санасына сіңісіп кеткен  Шыңғыс хан мен Алтын орда тарихын сол көзқарас пен концепцияда  Шыңғыс хан тарихын жазып, ескі сүрлеумен жүргендер де бар.

Олар Шыңғыс хан туралы жазғанда, орыс тарихын көп аударыстармай, іздене бермей ақ,  көбінесе шығыстанушы И.Березиннің, Бартольдтің еңбектеріне сүйенеді.  И.Березин 1858-жылы Рашид ад диннің «Жамиғат ат тауарихын» орысшаға аударуға тырысқан. «Тырысқан» дейтін себебім, ол «Жамиғат ат тауарихты» толық аударып шықпаған.  Онан басқа, И.Березиннің парсы тілін жетерліктей меңгергені де белгісіз. Солай болса да, Кеңес тұсындағы қазақ тарихшылары ғылыми жұмыс жазғанда көбінесе осы Березиннің аудармасына сүйенгенін байқауға болады.

Осы бірер жыл бұрын белгілі бір газетте, белгілі бір тарихшының «Шыңғыс хан туралы шындық» атты мақаласы шықты. Сол мақаланың жарымы шығыстанушы И.Березиннің аудармасынан келтірілген орысша үзінділер. Бұл дегеніңіз, ертеде империялық үстемдік идеологиясының негізінде аударылған дүниенің тұжырымдамасын қайталап шығу болып табылады.

Шыңғыс хан дәуірінен бері 700 жыл ішінде қоғамның түрлі формацияға өтуіне байланысты, сол кезеңдердің тарихи құжаттарын әр аудармашының түрлі  аударуларына байланысты және түрлі кезеңдерде  империялық, кеңестік идеологияның жетегінде кетуіне байланысты Шыңғыс хан тарихы, Алтын Орда тарихы, соған орай Орта Азия мемлекеттерінің орта ғасырдағы тарихы бұрмаланып жазылды.

Сондықтан қазіргі кезеңде  Шыңғыс ханның тарихының, Алтын Орда тарихының шындықтарын ашуға әлі де мүмкіндіктер бар. Мәскеу архивінде Орта Азия тарихына қатысты тіл мамандарының жоқтығына байланысты зерттелмеген Сібірден әкелінген мыңдаған  құжаттардың жатқанын атақты тарихшылардың бірі В.Ключевский жазып кеткен еді.  Содан кейін де ол құжаттарды іздеген ғалым болмады.

Тәуелсіз мемлекет болуымызға орай, Шыңғыс ханның тарихының, Алтын Орданың тарихының, орта ғасырдағы Орта азия мемлекеттерінің тарихтарының шындығы терең зерттеуді қажет етіп отыр.

Шыңғыс ханның шындығы қайда! Міне, көкірегімізде әлі күнге сайрап, шыңғырып жүрген ойлар осы.

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ, жазушы, тарихшы

kerey.kz

Шыңғыс ханның Жамуқаны жазалауы
(«Құпия шежіре» баяны бойынша)

Бақытбек Бәмішұлы

Жарты әлемді жалпағынан билеп, дүниені дүр сілкіндірген Шыңғыс ханның түркі текті ру-ұлыстардың басын қосып, бір тудың астына жинап, біріктіруге ұмтылған жолындағы ең басты қарсыластарының бірі әрі тонның ішкі бауындай жастайынан жарасқан, етене ең жақын андасы Жамуқа еді. Жамуқа мен Темүжіннің (Шыңғыс ханның) түп атасы Боданшар ғой. Алайда Жамуқа Боданшарға тигенде екі қабат келген алғыншақ әйелінен туған атадан тарайды. Сондықтан олардың тұқым-жұрағаты түбі жат, бөтен адамның балалары болғандықтан «жад» (жат) аталып, содан Жадаран руы аталыпты дейді көне шежіре.

1204 жыл. Көшпенділердің жыл қайыруы бойынша тышқан жылы. Шыңғыс хан Алтай, Қаңғай, Кентай тауларының қойнау, қолаттары мен сол мұзарт шыңды, сеңгір таулардан бастау алатын Қобда, Тамыр, Орқон, Селеңгі, Онон, Тула, Керлің атты керемет көрікті жеті өзен бойын мекендеген, Ұлы Ғоби шөліне дейінгі ұланғайыр даладағы ең қуатты ұлыстар Найман хандығы мен Керей хандығын тұтастай талқандап, бір шаңырақ, бір тудың астына біріктірді. Бірақ та қарауындағы қамұқ жұртын талаттырып, өзі найман хандығына барып паналаған гүр хан Жамуқадан хабар жоқ еді. Өкпеге қиса да, өлімге қимайтын андасы Жамуқа бірде жақтасып, тізе қосып жауына қарсы күш біріктіріп жанынан табылса, бірде жоқ нәрседен сылтау тауып, жандалдасып бөлініп кететін. Жамуқаны түптің түбінде не ойлағанына жету де қиын еді. Өйткені ол әскери өнерге өте жеттік, аса айлакер, ер жүрек қолбасшы, жүрсе ізі білінбес жылан, құрық баспайтын, құйрығын да ұстатпайтын қу болатын. Шыңғыс ханның ендігі көкейін тескен жалғыз мақсаты жапанның жалғыз арланы Жамуқамен жауаптасу еді. Ал Жамуқа болса жеке шайқаста Шыңғыс ханға әлінің жетпейтінін ат жалын тартып мінген, ақыл-есі кірген күннен жақсы білетін. Тетелес ер жетіп, ел ағасы болып, бір тайпа елді он үш, он үш рудан тең бөліп алса да жеме-жемге келген теке тіресте Шыңғыс ханды жеңе алмайтынына көзі талай мәрте жеткен. Сондықтан Жамуқа Керей хандығы мен Найман хандығының ішіне Шыңғыс ханнан жәбір көрген, ел-жерінен қуылған азапқор ретінде тереңдей еніп, сеніміне кіретін де шын мәнінде Шыңғыс ханға қолқабыс көрсетіп, астыртын болысып отыратын. Ондағы мақсат екі хандықты Шыңғыс хан арқылы басып, оның күші әлсіреген тұста тың қолмен келіп, тұтқиылдан тиіп, тарпа бас салып бүкіл үстірт елін дара билеу еді. Жамуқа осы оңтайлы сәтті ыстыққа күйіп, суыққа тоңып, қан кешулер кеше жүріп ұзақ күткен-ді. Сол күннің келетініне де кәміл сенген-ді. Алайда тағдыр жолы сенің ойлағаныңдай бола берсін бе, өмір тегершігі теріс айналып жүре берді. Таян хан мен Шыңғыс ханның соғысында, асыға күткен ең ақырғы шешуші сәтте,  сәтсіздікке ұшырап танауы тасқа тиген Жамуқа Тағна тауына қашып шығып, бас сауғалауға мәжбүр болды. Тағна тауы – Қанғай тауымен жалғасып, қатарлас жатқан орман-тоғайлы, нулы да сулы, аң-құсы мол өлке. Осы көрікті мекеннің көк тіреген көк шыңдарының бірінен кер балақ, кереге мүйіз кер құлжаны атып алып қанды көйлек бес нөкерімен қақтап жеп отырған да Жамуқа:

– «Кімнің ұғұлдары осы күні құлжа өлтіріп, өстіп жеді екен»,– дейді. Жамуқаның жұмбақтай айтқан әлгі сөзінің мәніне нөкерлерінің еш қайсысы зер салмастан сол жерде оны бас салып ұстайды да Шыңғыс хан ордасына алып келеді. Жамуқа келді дегенін естіген Шыңғыс хан андасын көруге асыға ұмтылады. Байлаулы, матаулы Жамуқаны көргенде Шыңғыс хан қатты қаһарланып, таңған арқан-жібін қидырып, оны деру босаттырып:

– Андам-ай, амансың ба? Мынау неткені?! Ханын байлауға қалай қолдары батты екен?! – деп аңырап келіп Жамуқаны қапсыра құшақтап, қатты қысып, бауырына басып, біраз тұрады. Сәлден соң Жамуқа Шыңғыс ханның екі бұғанасына алақанын тең салып шегіндіре итеріп тұрып, қабағын қарыс түйіп, ішін удай күйдіріп бара жатқан намыстың ащы жасына толған мұңлы жанарын Шыңғыс ханның көзіне тіке қадап сөйлейді.

–  «Қара қарға қарала үйректі ұстайтын болды. Қарашы құл хан иесіне қол тигізетін болды…  Хан ием, бұл қалай?!». – Шыңғыс хан сонда селт етіп, басын қақшаң еткізіп, шалт қимылдап, екі аттап ілгері шығып тоқтады. Осыдан біраз бұрын керейдің Тұғұрұл ханының хас батыры Қадақ баһадүр қоршауда қалған ханын қорғап үш күн, үш түн соғысып, алдына келгенде, «Өз қолымызбен ханымызды қалай көзімізше ұстатып, қайтіп өлтіртеміз деп өлгенімізше алыстық. Төзіп, тырмыстық. Қара тұяқтан қал кеткенде «жаныңды қорғап кеткей» деп, ханымызды оқшау шығарғанша күрестік, біз. Енді өлтірсең, өлейік. Шыңғыс хан жарылқаса, күшімізді біріктірейік» деп тарығып-талықсып, түсіп берген-ді. Шыңғыс хан «Өз иесін ақырғы суы сарқылғанша, ақырғы дәні таусылғанша тырысып, қорғап, жаныңды сақтап кеткей деп қоршаудан аман-есен шығарып, шайқасқан ер, нағыз ер ғой, ол басқадардан артық қой. Нөкерлесуге болатын кісі екен» деп жарылқаған-ды. Ал өз иесін өз қолымен өлімге байлап әкеліп тұрған мына пенделерге не істеуге, қандай жаза бұйыруға болады? Шыңыс хан түлкіге түсер қырандай шүңірейіп, оң қолын алға соза көтеріп, сұқ саусағымен көрсете:

– Өз ханына жақсылық қылмаған адам, өзгенің жанын жарылқай ма? Ондай жан басқаға  қандай жырғау әкелмек?! Мұндай пенделермен қалай нөкерлесуге болады?! Жойыңдар!– деп бұйырды. Сонан соң Шыңғыс хан далаға, көк майса үстіне дастарқан жайдырып, Жамуқа екеуі ас-су ішіп, ұзақ әңгімелесіп отырды.

– Анда,– деді Шыңғыс хан,– көрінбесең де, көңілден кетпейсің. Онон мұзының үстінде асыр сап, асық ойнағанымыз есің де ме?

– Әй, Темүжін-ай, есіңде ме дейсің. Сонда ғой, сен қорғасын құйған құлжа сақаңды маған беріп, мен құралай сақамды саған беріп андаласқанымыз.

– Иә, жазғытұрым садақ тартып ойнап жүргенде, атқанда ыңыранып, үн шығарып, алысқа ұшатын жебеңді де маған сыйлап едің, неткен тамаша күндер деші.

– Е, андым, балалықтың бал дәурені жырақта жүрсек те жадыңнан қалмайды екен. Түнде түсіңе кіреді, күндіз көкейіңде тұрады.

– Бөрте қатынымды меркіттер бұлап әкетіп, телімделіп кеткен қатын-қалашты құтқарып беріңдер деп Хан әкей Тұғұрұлмен нөкерлесіп, Жамуқа андама тіл жеткізгенімде, андам қаһарлы туын көтеріп, қара бұқаның терісімен қаптаған дабылын қатты-қатты соғып, қара тұлпарын мініп, қара тамақ найзасын қарына іліп, қауырсын жебесін қаптатып «андамның төсегі құр дейді, өзегім ауырды, Бөртені құтқарайын» деп екі түмен шерікпен жетіп келіп еді-ау.

– Туымыз желбіреп барып, желкілдеп қайтты емес пе?!  – Жамуқа сәл ойланып, табан астындағы көк шөпке қадала қарап отырды да миығынан жымиып: – Жастық махаббаттың құштарлық қуатының күштілігін айтсайшы,– деді. – Жамуқа не деп сөйлер екен деген күдікпен Шыңғыс хан оған қабағының астымен қарап қалды. Жамуқа және бір мәрте мырс етіп алып, оған назар аудармаған қалпы сөзін жалғай берді. – Сенің көзге түртсе көргісіз тас қараңғы түнде сатырлап, лаулап жанған ордалардың жалын отын жапырып, «Бөртелеген» дауысың құлағымнан кетпейді. – Шыңғыс хан сонда барып кеудесін тіктеп, бүкіл денесімен шалқалай қарқылдап күлді. Оң қолының саусақтарын барынша бадырайта жазып, оң жағында отырған Жамуқаның иығынан басып қойып айтты:

– Құлағымнан кетпейді дейсің бе? Кі-кі-кі… көңіліңді босатып, көзіңе жас алдыратын, естен кетпейтін, еш өшпейтін ескі күндер көп болды ғой, Жамуқа анда…Әкем Есукей тоғыз жасымда тоғайлы өзенді кесіп өтіп, ұлым Темүжінге нағашы жұртынан қыз айттырамын деп шығысты бетке алған жолда қоңыраттың Тай шешенінің үйінде қонақ болды. Сонда Тай шешен әкемнің орман-тоғайлы Онон өзенінен аттанып, олхноуд еліне бара жатқан жайының мәнін түсініп, осы Бөртені көрсетеді. «Ұнатсаң берейін, қоңыраттың қыздары әрі сұлу, әрі ақылды болады» дейді. Әкем көрген жерден Бөртені ұнатқаны сондай бір сөзге де келмей, Тай шешеннің белдеуіне жүйрік құласын байлап, құдандаласып, «екі бала бір-біріне бауыр бассын» деп мені сонда қалдырып аттанған еді… Кейін не болғанын өзің білесің… Әкем Есукей сол жолы татарлар қолынан қаза тапты…  Содан тоғыз жыл өткенде әрең қолым жеткен Бөртені ескі кегі қозған үш меркіт бұлап әкетті. Қапелімде тиген жауға қарсыласып қайрат көрсете алмай қапыда Бөртеден айырылып қалдым. Содан жыл айналғанда анда Жамуқа мен Тұғұрұл әкейдің арқасында үш меркітке түн ішінде қораға түскен қасқырдай тиіп, ордасын отқа орап, атой сап кіргенде іздегеніңді таппасаң, жалынды жапырмақ түгілі жасын найзағайды жалаңдаған қылышпен емес жалаңаш қолмен қиып, қара өгіздің терісімен қабаттап қаптаған қалқан емес қара кеудеңді төсеп ес-түссіз жүргенде даусымның қалай зор шыққанына қарады дейсің бе? Өкіре зулаған жебеңді өштескен жаудың өңменінен өткізіп, кектенген жаудың көк желкесін қылпылдатып қайраған көк қылышпен қиып, ордасын отын қылып, туырлығын турап тоқым етіп, туын құлатып қоқым етіп, мал-жанын бұлап, мол олжаға батып, Тула өзеніндей тасып,  масайрап қайттық қой. Қалай мұтасың?!

– Мұтпайсың, Темүжін, мұтпайсың!

– Қалай мұтайын, сен, Убас меркіттің Дайыр усунынан олжалап алған алтын белбеуге қызықпай беліме буындырып, жер баспайтын, желден жүйрік мүйізді лақ бозын алдыма көлденеңтартып, маған мінгіздің емес пе. – Жамуқа Шыңғыс ханның сөзін аяқтатпай жалғай жөнелді.

– Ойпырым-ай, олжаға кенеліп, оңды-солды сілтеген күндер еді ғой. Сен де тарлық жасамадың, Темүжін анда. – Жамуқаның жүзі жанып, жадырай сөйледі: –  Сол меркіттің Тоқтағанының белінен шешкен кіселі алтын белбеуді беліме байлап, оның судай жорға сұры құласын сыйға тарттың. Андалығымыз ай маңдайланып, беки түсті.Соған аспандағы ай, жер бетіндегі орман-тоғай куә еді ғой.

Шыңғыс хан елжіреп кетті, Жамуқаны арқа жағынан қапсыра құшақтап өзіне қарай тартып сөйледі.

– Сол түні екеуіміз түні бойы кеңесіп, жұлдызды аспанды жамылып, бір көрпенің астында түнеп шыққанымызды айтсайшы.

– Сол түні аспанда жұлдыздар тым көп еді,– деді Жамуқа үніне діріл пайда болып, басын изеп, ауыр күрсініп.

– Жұлдыздар дейсің бе? – Темүжін оған тағы да қабағының астымен қарады. Жамуқаның жанары анау ұшықұйрығы көкпен көміліп, көз ұшында жатқан ұлан ғайыр далада еді. Көкейін суытып, кеудесіне бір салқын леп енгендей болды Жамуқаның.

– Жұлдыздар азаймайды, Жамуқа. Бір жұлдыз сөнсе, енді бір жұлдыз жарқырап көрінеді. Тіпті кейбіреуі қатар тұрып та жарқырай береді. Аспан кең, көңіл сыйса, жер де тарлық қылмайды. Міне, екеуіміз қатар отырмыз ғой. Қаласаң оң қолым боласың. Алысып, табыстық. Енді араздаспайық. Бұрынғыша сырғақтап сытылып шыға берме. Көкіректе кірбің болса ұмытайық. Жылылық болса сергітейік. «Аспанға күндіз күн, түнде ай ие. Жерде екі хан қалай болмақ. Шығыстан бір сойқан шығып, Оң хан – Тұғұрұлды қорамсақ-қарумен қорқытып, бездіріп өлтіріпті. Енді өзі хан болмақ дейді. Соларға барып сауыт-сайманын жинатып әкелейін» деп астам сөйлеген Таян ханды сөзіңмен шошытып, Керей ханының құпиясын жеткізгенің арқасында жеңіске жеттім.

– Е, Темүжін андам-ай, оның бәрі рас қой. Сен көтерілген таққа меннің шыққым келмеді дейсің бе? Күшіміз де тең еді. Сені Көк Тәңірі жебеді. Сеніңақылың асты, алысты болжадың. Төңіректегі ұлысты түгел тыныштандырып, бір тудың астына біріктірдің. Ханның орны саған жөн. Менің әзір асқа тік қасық болғаным неге қажет. Менің айлам өзіме опық жегізді. Хан андам мені жарылқап, қатемді кешіріп, амырақтығымызды артырып нөкерлесейік дейді. Нөкерлесер шақта нөкерлеспеген мен, бәрі дайын шақта қай бетіммен нөкерлесемін. Түнде түсіңе кіріп, күндіз көңіліңнен шықпай, жолыңа шөгір болып шығып, жағаңа бит болып жабысып, бөгет боламын. Андам, ақыр сөзімді екі етпей, Онон өзенінің жағасына апарып, қызыл қанымды шашпай жүрегімді тыныштандырса. Бұрқан қалдұн тауының бөктерінің бір биігіне жерлесе деймін. Андам солай етсе тәнім туған жердің топырағына айналып, жаным Мәңгі Көк Аспаннан ұрқыңның ұрқына дейін аялап тұрар Ақ батамды берейін,– дегенде Шыңғыс хан ұзақ ойланып, Жамуқаға арқасын беріп тұрып былай деді:

– Адам баласының іс-әрекеті арам болғанымен оның жаны адал. Адамды ақыл басқарады. Ол қандай ақыл? Жан ­­- қызметші. Адал жанды себеп-салдарсыз қалай қиюға болады? Қиянат қылмаған жанға зиян келтіруге ынтаң түсіп, қолың қалай батады, болмайды. Андам Жамуқаның алысып, алыс жүрсе де адал жаныма қастандық жасамақ болған ниетін еш естімеппін. Қалауыңды орындау үшін де орынды сылтау керек… – Шыңғысхан тағы да кідірді. Содан соң: – Ертеде Жөші дармаланың жылқысын тонаған Тайшарды жақтап, қақтығысып, Ононның Жерені қысаңына дейін қуып тығып, жанымды мұрынымның ұшына келтіріп қатты қорқытып едің. Енді өз қалауың,  дегенің болсын,– деді Шыңғыс хан.

Арғы Қаңғайдан аттанған күймелі қосын асықпай жүріп Онон өзенінің бойына жетті. Бұрқан қалдұн тауының теріскей бөктері. Тап-таза, тұяқ тимей тусып жатқан жер. Таңның шеті құлан иектеніп, жаңа сөгіліп келеді. Жамуқа аспан төрінде ерек

ше айқын жарқырап тұрған жұлдызға қадала қарап, сілейіп тұр. Бет әлпетінен, тұрысынан ешбір қобалжу нышаны сезілмейді. Шыңғыс хан екі-үш аттап, Жамухқаның алдына шықты.Оған арқасын беріп, Бұрқан қалдұн тауының басына ілінген көгілдір сәулеге көз жанары ілінді. Тап осы мезетте арт жағынан, тап қара құсы тұсынан сықырлап барып шарт еткен жан түршігерлік сүйкімсіз, суық  дыбысты естігенде жанарының алдын жасыл нұр кесіп өткендей болды да ып-ыстық жасы ыршып шықты.Түндейтүнеріп тұрып, «Көк Тәңірім кешір!» деді.

2016 жыл

minber.kz

Жапония неге Қытайдың отарына айналып кетпеген…
Кейінгі кезде Жапония тарихына қызығып жүрмін.Генри Киссинджер жазған бір деректі оқып, айран-асыр қалып, тәнті болдым.

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Киссинджер кіп-кішкентай Жапонияның неге дәл жанындағы алып Қытайдың отарына айналып кетпегенін былай түсіндіреді.

Киссинджер “Ежелгі жапон қоғамының басында, жапон дүниетанымының биігінде император тұрды. Жапон халқы да Қытай еліндегідей императорды “Құдайдың баласы”, “адамдар әлемі мен құдайлық әлемнің арасын жалғаушы” деп таныған. Жапон мен Қытай сарайлары хат алмасқанда (әуелі Қытай жағы бағыныңдар деп хат жазады) жапон протоколының Ұлы Қытаймен қандай да бір диалогқа мүлде сәйкес келмейтіні белгілі болады. Жапон саяси танымында Құдай алғашқы императорды туып, оның тұқымдарына жер бетін басқаруды бұйырған. Қытай елшілері хатты тапсыра алмай қиналған, өйткені Құдайдың алдында тұрғандай императордың алдында сәждеде жатуы тиіс болған” деген сарында жазады. АҚШ саясаткері “осындай мемлекеттілік-саяси танымы арқасында жапондар ешкімге бодан бола алмай-ақ кетті” деп тамсанады. Былай қарасаңыз, бір ғана аңыз.

Біз де ақырын-ақырын жылжып, мемлекеттілік дәстүрімізді осындай қалыпқа, яғни Шыңғыс ханға жалғаймыз. Одан басқа жол да жоқ. Мағауин Шыңғыс ханның арғы атасы Боданшар мен оның анасы Алан-Құба туралы мынадай аңызды келтіреді:

“Ері өлген Алан-Құба жесір қалыпты. Арада аз ба, көп пе, уақыт өткенде таңғажайып іс болады. Бірде түн ішінде Алан-Құба ұйықтап жатқанда шаңырақтың жабығынан аппақ шапақ шығады да, оның нұры әйелдің құрсағына түседі. Ес пен түстің ортасында бәрін анық аңдаған Алан-Құба болған жайды ешкімге айтпайды. Көп ұзамай жесір әйел өзінің жүкті екенін біледі… Сірә, үшінші мәртеде, ғажайып сәуле елесті кісі бейнесінде көрініпті. Нұрға шомған жирен шашты ақсары адам қасына келіп жатып, құрсағын сипап нұрын сіңіреді де, таңға жақын сабалақ сары төбет кейпінде есіктен шығып кетеді. Туған баланың аты Боданшар екен… сайыпқыран Шыңғыс хан Мәңгі Тәңірінің шапағы – Нұрдан жаралған!”.

Жапондардың қисыны – өздеріне, өзіміздің аңыз бізге жетіп-артылып-ақ тұр. Нұрдан жаралған Ұлы Қаған ұрпақтары құрған мемлекеттің мұрагері екеніміз рас. Алайда, мұндай мемлекетшілдік сананы биліктегі біреулер меншіктей алмайды, қазақта император жоқ, бірақ алтын ұрпақтан қалған ұлысты (Қазақстанды) Тәңірдің аманаты деп ұғыну жаппай азаматтық дәрежеде болғаны дұрыс, әлбетте.

Рахат Мамырбековтың facebook парақшасынанн алынды