Kerey.kz/Керей.кз » Шың дубан

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ШЫҒЫС ҚАЗАҚИЯ ЖӘНЕ ШЫҢ ДУБАН
Шыңжаң өлкесіне Қазақстан зиялылары екі түрлі кезеңде келе бастады. Бірі – 1916-1920 жылдары паналап келген Алаш зиялылары мен 30-ыншы жылдары ашаршылықта келген қазақ интеллигенциясы

Қазақтар Шың Дубан (盛世才) үкіметін құруда екіге жарылды. Шәріпхан төре бастаған ұлт зиялылары (солтүстік Шыңжаңдағы барлық қазақтар) қолындағы әскери, саяси күшті тоқтатып Шың Дубанмен тікелей саяси байланысқа шықты. Бұған бүкіл қазақтың зиялысы атсалысты.

Ал, Шығыс Шыңжаңның алтын діңгегі атанған Әліптің ұлы Елісхан Шың Дубан үкіметін құруға тіс-тырнағымен қарсы болды. Сондықтан қазақтың аз бөлігі Елісханға еріп, Шың Дубан үкіметіне қарсы Орталық Минго үкіметіне қарайтын Ма БуФаңның әскери үкіметін паналап, солардан саяси, әскери күш алып қайта айналып кеп Шың Дубанның үкіметін қиратуды ойласты. Шәріпхан төре Елісханға екі-үш рет xат жазып бірлесіп Шың Дубан үкіметін құруға насихаттаса да, қанды кек Елісханды алған бетінен қайтармаған. Ол тұста Шың Дубан орталық Қытай билігінен ат кекілін кесісіп, Сталиннің тікелей қарауына өткен еді. Сондықтан Шығыс Қазақия өлкесі бір мезгіл қытай билігінен ажырап өз алдына дербестік сақтап тұрды. Ал, Ма БуФаң әскери үкіметін паналап барған қазақтар бастапқыда үлкен қолдауға ие болды. Орталық қытай үкіметі Шыңжаң мәселесінен қатты алаңдаулы еді, Шыңжаңның қатты советшіл болуынан қауіптенетін, сосын советшіл билік Шың Дубан үкіметінен босып өзіне саяси пана сұрап келген Елісханды көктен тілегені жерден табылғандай қуана қарсы алды. Өйткені, орталық қытай Шың Дубанға қарсы шыңжаңдық топтарды қолдауға мүдделі еді. Көп өтпей Шыңжаңнан босқан антишыңдубаншыл топтарды қарсы алу үшін орталық қытай Ма Буфаң еліне орталық үкіметтің елшілік өкілетін жібере бастады, дейтұрғанымен бұл орталық билікпен саяси байланысқа шығып үлгірмеген Елісхан тобы Ма БуФаңмен арасы ашылып, үлкен қайшылыққа тап болды. Күншығысқа ауған үш мыңдай қазақ түтінінің одан кейінгі тариxи жағдайын сіздер білесіздер. Цинхайдағы кездесу: оң жақтан үшіншісі Елісхан Әліпұлы, бесіншісі Жолбарыс, жетіншісі Айсабек. 1938 ж. Шың Дубан билігі орнаған соң бір мезгіл дәстүрлі ислам өркен жайған дәуір басталды. 1933 жылдан кейін қайта құру кезеңі басталды, әр ауыл, елді-мекен сайын мешіт-медресе қанат жайды. Мешіт-медресе жәдиттік бағытта оқу бағдарламасын тұрақты түрде орнатты. Яғни, мешіт-медреседе дін пәндерімен қатар дүниеауи (математика, жағырапия, тариx, орыс тілі) пәндері қосылып үйретілді. Үкімет мешіт-медресе ашуға еш кедергі жасамады, жаппай мектептер ашылды, оқулықтар тек Қазақстан баспасынан шыққан нұсқада оқытылды. 1933-1939 жылдардың арасында ашылған мешіт-медресе мен оқу мектептерінің саны өте таңғажайып дәрежеде көбейді. Шыңжаң қазақтарының баспасөз тариxын 1912 жылғы «Іле уәлаяты» газетінен бастасақ, одан кейінгісі 1934-1935 жылдары өте тез қарқынмен өркен жайды. Шыңжаң өлкесіне Қазақстан зиялылары екі түрлі кезеңде келе бастады. Бірі – 1916-1920 жылдары паналап келген Алаш зиялылары мен 30-ыншы жылдары ашаршылықта келген қазақ интеллигенциясы. Олар бастапта өздерін жария қылмай, лақап есіммен xалық арасында жасырын жүріп жан сақтаса, Шың Дубан үкіметі орнаған соң оларды ресми түрде үлкен қызметке тағайындап Үрімжі, Алтай, Құлжа, Шәуешекте ғылыми жұмыстарға салды. Екінші зиялылардың дені Шың Дубан үкіметі советпен келсімшарт жасасқан соң, Мәскеудің қалауымен арнайы Қазақстаннан келіп жұмыс атқарды. Сондықтан Солтүстік Шыңжаңда қазақ зиялыларының үлкен руxани алаңы қалыптасып отты қазаны қайнап жатты. Мұндай даму мен өркендеу оңтүстік Шыңжаңнан оқ бойы алда тұрды. Шығыс Қазақияның (Шығыс Түркістанның) оңтүстігі мен солтүстігінің айырмашылығы уақыт өте біліне бастады, жер мен көктей болды. Оңтүстік өңірде оқу бағдарламасын қабылдау, мешіт-медреседе жәдиттік бағытты қабылдау, заманауи мектеп ашу дегендер өте баяу іске асты, молда-қожалардың дені мұны діннен алыстау, дінге жаңалық енгізу деп тіс-тырнағымен қарсы болды. Сол себепті ұйғыр бауырластардың жаңашыл жастары көбінше қазақ зиялыларымен аралас отырған өңірде біршама белсенді болды. Олар Қазақстан зиялыларының ықпалында батыспен аздап таныса бастады. Солдан үшінші Баймолда (отырған), оңнан үшінші Шәріпхан Көгедай (ақ киімді) Шың Дубан үкіметі орнаған күннен бастап өлкедегі негізгі дін ислам дінін қолдап, исламның радикал топтары мен ислам атын жамылған лаңкес топтарға тыйым салды. Мұны Шың Дубанмен қызметтес қазақ, ұйғыр зиялылары да қолдады. Сонымен бірге, христиан миссионерлерін өлкеден қуып, олардың Қашқар аймағындағы үлкен шіркеулері мен шіркеулерде қызмет қылып шоқынған ұйғырларға тыйым салды. Мешіт-медреселер Орталық Азияның классик дін сабақтарымен бірге дүниеауи пән ғылымдарын оқытты. Бүл үрдіс қазақ пен татар мешіт-медреселерінде негізгі бағытқа айналды. Татардың жәдитшіл бағыттағы имам-молдалары ұйғыр мешіт-медреселерінде қолдау таппағанымен, қазақ мешіт-медреселерінде өте қатты қолдауға ие болды. Сондықтан жәдиттік бағдарлама қазақ-татарлар арасында құлашын кеңге жайды. Цинхай провинциясының қазақтары, 1938 ж. Шың Дубан үкіметі орнаған бастапқы кезеңде қазақтың ұлттық тәуелсіздік идеясы болмаған. Бұған себеп: Біріншіден, Шыңжаң қазақ зиялылары жеке ұлттық тәуелсіздіктен гөрі коалициялық үкімет орнатуды қалады. Ұлттық тәуелсіздік туын көтерсе де анталаған советшіл күштердің арасында қолдау табарлық саяси күш жоқ еді. Екіншісі, Шың Дубан советшіл болды, советке есік толық ашық болды. Қазақтар Советтік Қазақстанмен тіптен совет құрамындағы Қырғыз, Өзбек, Татар респубиликаларымен бек тығыз байланыста болды. Шыңжаң қазақтары саяси тәуелсіздіктен гөрі ұлттық ағартушы бағытты таңдады. Үшіншіден, Шыңжаң қазақ зиялылары Шың Дубанмен жеке келісімге келіп оған риясыз сенді. Өздерінің ұлттық даму келешегін Шың Дубанмен тығыз байланыстырды. Төртіншісі, Шыңжаң қазақ зиялылары ұлтты ояту, ұлтты дамыту мақсатын ең басты мәселе деп білді де, аса зардапты саяси төңкерісті қаламады. Ұлт зиялылары көбейсе, ұлт сапасы артса, саяси мәселені кейін өздері күн тәртібіне қояды деп жорамалдады.

Іле қазақ-қырғыз мәдени, ағарту ұйымына қарасты мәдениет үйі, Құлжа қаласы 1933-1935 жылдары қазақ зиялыларының Шың Дубан үкіметімен келіскен саяси келісімшарты осылай басталды. 1933-1941 жылға дейін Шыңжаң қазақтары қысқа уақыттың ішінде Азияда болып жатқан ұлттық жаңғыру лебінен қалмай, үлкен руxани күшпен бұрын-соңды болмаған даму қарқынымен өркендеді. Мешіт, мектеп былай тұрсын, Ауропа (Европа) елінде әбден орныққан ұлттық саxына өнері, яғни театр өнері өте керемет дамыды. Мәселен, Алтай, Құлжа, Шәуешекті айтпай-ақ қояйын, 1935 жылдары Үрімжі қаласының өзінде қазақ зиялылары Қазақстаннан сәулетшілерді шақырып, Үрімжіде қызыл кірпіштен театр саxнасын салғызған. Сол ұлттық театрда атпен, түйемен ұлттық киіммен ойындар көрсетті десе сенесіз бе! Халық сапасы артып, театр көріп отыратын xалге жеткен. Бүкіл мәдени іс-шара Қазақстаннан, оқулық, газет-журнал Қазақстаннан, оқу бағдарламасы Қазақстаннан келетін. Шыңжаң өлкесіне қандай қажетті дүние керек болса, Қазақстаннан немесе туысқан бауырлас респубиликалардан келетін. Ал, неге ұлт азаттық көтерліс бұрқ ете түсті? Себебі неде? Оған бірқанша себеп бар: Біріншісі, Совет Екінші жаһан соғысына кіріптар болды, Шың Дубан советке иек артуын біржолата тоқтатты. Орталық Қытайдың Минго үкіметіне жалт етіп бетбұрды. Бұған Шыңжаңдағы советшіл зиялылар мүлде қарсы болды. Екіншісі, Шың Дубан Шыңжаңдағы ұлт зиялыларына сенбеді, діни қызметкерлерге сенбеді, олармен жасасқан саяси келісімшартын бұзып, жаппай ұлт зиялылары мен дін қызметкерлерін жаныштады. Шыңжаңдағы советшіл белсенді күштерді тып-типыл аластамақшы болды. Ұлттық құқық пен діни бостандық тапталды. Бұл 1939 жылдан-ақ басталды. Ұлт-азаттық толқу да осы жылы басталды. Көтерісшілер бастапта саяси бостандықты емес, келісімшарт құқының бұзылғанын қаузады. Ұлт зиялыларының қамауға алынуы мен діни бостандықтың аяққа тапталуын даулады. Сондықтан үкімет көтерілісті басу үшін бастапта «қамақтағы ұлт зиялыларын босатамыз, дін еркіндігі мен бұрынғы селбестік еркіндікті береміз» деп алдаусыратты. Бұның тариxын сіз талай әдебиеттерден оқығансыз. «Ерікті Алтай» газеті, Алтай қаласы. «Білім арнасы» журналы. «Төңкеріс таңы» газеті, Құлжа қаласы Ұлттық толқу мен ұлттық жаныштаудың Солтүстік Шыңжаңда аса белсенді болуының себептері: Біріншіден, қазақ-татар дін зиялылары Солтүстік Шыңжаңда діни реформа жасауы әсіресе жәдиттік қозғалыс солтүстік Шыңжаңда аса белсенді, сіңімді болды. Өйткені, қазақтар фанат болмады, жаңалықты тез қабылдады. Оңтүстікте фанатшылдар көп болды, діни реформа мүлде қабылданбады, жаңалыққа қарсы болды, қадымшылдык мүлде басым болды. Екіншісі, Солтүстік Шыңжаңға татар, қазақ зиялылары өте көп келді. Олар Орталық Азияның жаңа ғасырдағы мәдениеті мен сын-пікірін ала барды, xалық арасында мектептерден биік мінбердерде қызмет жасады, сол арқылы Солтүстік Шыңжаң қазақтары Орталық Азия мен Ауропа (европа) өркениетімен, яғни орыс ғылымымен таныса бастады. Үшіншісі, Алматы, Ташкент, Уфа мен Қазан, Зайсан өңірінен оқыған солтүстік шыңжаңдық оқушылар көп болды. Тіпті, кейбірі сауда керуендеріне ілесіп Ыстамбұлдағы Даріллмұғалімде білім алып, еліне келіп, мектеп ашып, бала оқытты. Бұл үрдіс Солтүстік Шыңжаңда советтік бағдарламада білім алған ұлт зиялыларының шоғырын қалыптастырды. Төртіншісі, Орталық Азия мен Ыстамбұлдан газет-журналдар мен оқулықтар Солтүстік Шыңжаңға мейлінше еркін таралып тұрды. Қазақтар осы басылымдар арқылы Түркі әлемі мен ғаламдық жаңалықтардан құр қалмады. Бесіншісі, Солтүстік Шыңжаңда, яғни қазақтар жиы мекендеген өңірлерде ұлттық өнеркәсіп пен сауда жолы ерекше өркендеді. Ұйғыр, татар, қазақ байларының алды Германиядан зауыт көшіріп әкеліп, Құлжа, Шәуешек, Үрімжі мен Алтайда жеке кәсіпорын ошақтарын ашты. Іле мен Ертіс өзендеріне порт салынып, кемемен сауда саласы жасалына бастады. Ұлттық өнеркәсін Орталық Азиядағы ұлттық жаңғырумен бір уақытта дамыды, ұлттық сауданың өркендеуі белсенді болды. Қазақ белсендідері тау жолын қалап, таудан көлік асырып, шағын зауыт салып, жер алып, егін егуді үйреніп, шағын қала боп отырықшы болуға бетбұрды. 30-ыншы жылдар – қасіреттің де дәуірі, сонымен бірге ұлттық дамудың да кезеңі. Біз көбінде ұлттың саяси толқуын көп ауызға аламыз да, ұлттың мәдениет пен өнерге ұмтылған кезеңін көлеңке тұсқа көп қалдырып кетеміз. Шыңжаң қазақтарының мәдениет пен өркениетке ұмтылған ояну дәуірі өз алдына ғылыми академиялық зерттеуді қажет ететін аса маңызды сала есептелінеді. Осыған атсалысып танып-білетін ағайын көп болғай.

Елдес ОРДА

Суреттер Қызырбек Қайретолданың «Алтайда қанды күндер» кітабынан алынды

«NATIONAL DIGITAL HISTORY» ПОРТАЛЫ

Шарқи Түркістан мен Чин Түркістанның астыртын айқасы
Шарқи Түркістан- شارقي تۇركىستان

Чин Түркістан- چين تۇركىستان

Шың дубнның шыңжаңды он бір жыл билеп-төстеу кезеңі Шығыс Түркістандағы советтік мәдени, саяси, экономикалық құбылысты өте қоюлатып жіберді. Яң Зың Шин мен Жин Шу Рінге қарағанда Шың дубан советтік билікке саяси “есігін” ашып ішкі қытаймен арасын алыстатты. Сонымен бірге ішкі қытайдан келетін қаптаған қалың қытай мигранттарды кері қайтарды, онымен қоймай орталық үкімет нұсқауына бойсынбай, орталық биліктің наразылығына қарамай жеке аумақтық конституция жасады, жеке байрақ, жеке әнұран, жеке валюта шығарды. Диxуада (Үріжіде) Орыс және Қытай тілінде сабақ беретін саяси, әскери институттар, мектептер пайда болды. Керек десеңіз орыс тілі екінші тілге айналды. Шың дубан ішкі қытайға ұшып баруын біржолата тоқтатып Мәскеуге жиы барғыштап кетті және Мәскеу үкіметі астыртын қаржыландырған Гоминдаң үкіметінің көзіне сүйел болған әлсіз де аз санды қытай көменестерімен де жақсы байланыс жасап, олардың бетке ұстар адамдарын арнайы Диxуаға (Үрімжіге) да алдыртты. Мәскеу билігіне наразы болып Шығыс Түркістанға қоныстанған антисоветшіл, антикөменесшіл саясаткерлерді Шың дубан ұсағанын ұстап, атқанын атып, атпағанын топыраққа тірідей көміп көзін жойды. Мәскеу көмекке жіберген тұлғаларға биік мәртебе беріп саяси қолғанаты қылды. Мәскеу Шығыс Түркістанның күншығыс қақпасы Құмыл уалаятының аумағына әскери әуе базасын құрды, соның ыпқалында Ішкі қытайдан ешкім рұқсатсыз аттап кіре алмады. Бұл фактор Шығыс Түркістандағы Советшіл “Шарқи Түркістанның” пайда болуы мен саяси күшке айлалып кетуіне апарып соқты. Шың дубанның советшіл саясатынан үрейленген Орталық Гоминдаң үкіметі Шығыс Түркістаннан айырылып қалмас үшін шетелге кеткен немесе Шың дубанмен текетіресіп ішкі қытайға қоныс аударған Шығыс Түркістандық тұлғаларды өзіне тартып, олармен санаса бастады, оларды арт-артынан орталық үкіметке шақырып оларға биік мәнсап беріп солар арқылы Шығыс Түркістанға астыртын үгіт жасағысы келді. Нанкин сияқты орталық Гоминданның астанасында газет-журнал шығарып Шығыс Түркістандықтардың “Мәскеуге, Шың дубанға, Көменестерге сенбеуіне” нәсиқаттады. Орталық Гоминдаң үкіметі бір мезгіл “Чин Түркістан” қадамына баруы осы кезеңде басталды. Онысы саяси шарасыздықтан немесе Шыңжаңды Советшіл, Мәскеушіл Түркістандықтардан көрі демократиялы орталық қытайшыл Түркістанға бетбұрғызу, алдаусырату керек болды.

Кейін Шың дубан мен Мәскеудің ара қатынасы араздыққа ұласты. Шың дубан Шығыс Түркістандағы советтік тұлғалар мен әртүрлі советтік күштерді бір күнде-ақ шекарадан шығарып олармен саяси, мәдени байланыста болған Шығыс Түркістандықтарды абақтыға тоғытты. Орталық Гоминдаң үкіметіне қайта жалт беріп шыңжаңдағы советшіл күштерді қидай сыпырды. Мәскеу де құр жатпай Шың дубан үкіметіне қарата оқ атқан Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалыстарды астыртын қолдап солар арқылы Шың дубанмен “есеп айырыспақ” болды. Бұның соңғы нәтижесі советтік негіз бен қолпаштаудағы “Шарқи Түркістан үкіметін” дүниеге әкелді. Бұл құблыс орталық Гоминдаңның ұйқысын қашырды, өйткені, шыңжаңдағы орталық үкіметке қайта қараған Шың дубан кезіндегі қалдық әскери күштер, саяси құрлымдар қауқары жоқ, соққыға шыдамайтын еді, алда жалда Шарқилар Манас өзеінен өтіп Диxуаға(Үрімжіге) басып кірсе тіптен насырға шабады, сорлағанның көкесі сонда дей келе шарасыздықтан саяси сауда жасап әккілікке салынып, саяси әдіс-айламен шешуді қолға ала бастады. Ең әуелі Шарқидың артқы тірегі Мәскеумен құпия ымыраға келді, сол арқылы Шарқи әскерін Манас бойында ілгерлетпей торуылдатып қойды, тағы сомен Шарқи әскерінің жартысын еөп азаматтарды ауылына қайтартып жасақ күшін сейілтті. Ішкі жақтан Нәнкинде сонау жылдары жинап алған Шығыс Түркістандықтарға дереу Диxуада (Үрімжіде) үлкен мәнсап беріп жеті уалаяттағы xалықтың үш уалаяттағы советтік Шарқиға үн қосып бірігіп кетуінің алдын тосты. Бір мезгіл “Шарқи Түркістан”ға қарсы “Чин Түркістан” яғни Қытай-Түркістан үгіт-нәсиқатын жасады, құжаттар, құрлтай керме тулары, саяси сабақтар бәрінде уақытша “Чин Түркістан” ұранын көтерді. Чин-Түркістанды- советтен де “демократиялы, адам құқын қорғайды, әр xалықтың ұлттық құндылығын заңды қорғауға алады, жергілікті xалыққа саяси, әкімшілік мәнсап көптеп беріледі, жалаң қытай ұлтшылдығы жасалмайды, кемсіту болмайды, теңсіздіккке жол жоқ, тб” деген үгіт-нәсиқат желше гуледі. Ішкі қытайда 8 жыл жүрген Жолбарыс та, түрлі себептермен орталық үкімет құрамына орныққан Айсабек, Имн Бұғра, Масғұдтар да осы кезеңде Нәнкиндегі үкіметтен Диxуаға (Үрімжіге) жөткеледі, оларға маңызды мәнсап тағайындалады.

Манас өзеніндегі әскери күшін қайта реттеп алған Шарқи Түркістан уақытша үкіметі бұл кезде Әлиқан Төрені тұтқиылдан “жоғалтып” алып сәл дағдарып тұрған кезі еді. Үрімжідегі түрмеден шыға салып ұшақпен Құлжаға ұшып бара сап екі-үш айдан соң Шарқи Түркістанның басына төраға болып отыра салған Ақметжан Қасмиды әрине түсінбей қалған болуы да мүмкін. Бұл кезең “Шарқи Түркістан уақытша үкіметі” атауын және “азат шарқи түркістан” атауымен шыққан газет-журналдарды біржолата өзгертіп жатқан күрделі өзгерістер кезі еді. Қысқа мезгілде өте үлкен күшке айналған “Шарқидың” енді желі шыққан доп құсап бырысып бара жатқан тұсы. Советшіл Шарқилар “азаттықты емес, жоғары автономияны алсақ деп қолымызға лажысыздан қару алдық” дегенге сендіріп, орталық Гоминдаң үкіметінің Диxуаға (Үрімжіге) енді орнығып жатқан саяси күштерімен екіжақты келсім жасасу ойын ашық айтқан “қызықты дәуір” еді. Сонымен не керек көп өтпей “Біріккен Үкімет” құрылды. Үш уалаят өз өкілеттерін, Жеті уалаят өз өкілеттерін ұсынады. Бұл кез- “Шарқи Түркістаншылдар” мен “Чин Түркістаншылдар” тартысының ең қызған кезі еді. Бір-бірлеріне арыз беру, домалақ қағаз жазу, астыртын соққыға жығу, соғып кету, ереуіл жасап наразы болу жилеген кез. Бір-бірінің өкілетті тұлғаларын мойындамай ақыр аяғы “Біріккен Үкімет” тарап кетті. Бұндай оқиға Нәнки мен Мәскеу үкіметіне “бала бақшадағы балалардың төбелесі” сияқты қызықты “ойын” болды. Екі ірі елдің саяси “керегіне” айналған “Түркістан” ұраны осылай ырду-дырдудан, жік-жікке бөлінуден көз ашпауға әкеп соқты. Нәнкиндегі Гоминдаң үкіметі “Шыңжаң Мәселесі” үшін қатты алаңдаулы еді, өзі құжат қабылдап үгіттеген “Чин Түркістан” ұранының әлсіз де болса “жеміс” бергеніне саяси қуанышы мол еді, деседе терістікте күшейіп келе жатқан МАО үкіметінің мәселесін шешу тіптен алаңдататын. Өйткені, Мәскеу “Шарқи Түркістан” арқылы есеп айырспаса да “МАО ҮКІМЕТ”і арқылы есеп айырысатыны ап-анық еді.

Суретке түсінік: Шарқи Түркістан үкіметі шығарған ұлттық ақша. Келесі бірі, Чин Түркістан үгіті гулеп тұрған кезде шыққан Шыңжақ ақшасы. (бетінде Чин Түркістан жазуы бар)

ОРДА Елдес

04.01.2017