Kerey.kz/Керей.кз » ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВ

ШӘМШІ АТЫНДАҒЫ КӨШЕНІҢ АТАУЫ ӘКІМНІҢ ӘКЕСІНІҢ АТЫНА ӨЗГЕРТІЛЕ МЕ?
Еліміздің Әнұраны авторларының бірі, вальстің падишасы атанған атақты сазгер Шәмші Қалдаяқовты білмейтін қазақ жоқ десек те болатын шығар. Біраз елді мекендерде ол кісінің аты берілген көшелер бар. Ал таяуда сондай көше­лер­дің бірінің атауы басқаша болып өзгермекші екен. Бұл жөнінде бізге Сарыағаш ауданындағы Қызылжар ауылдық округінен хабарласқан Жамал Рамазанова есімді азаматша былай деді:«Аудандық «Сарыағаш» газетінің өткен нөмірін оқып отырып шағын хабарламаға көзім түсті. Онда: «6-маусым күні сағат 11.00-де Б.Майлин атындағы мектепте Жаскешу ауылындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы көшенің атауын өзгертіп, оған Жұпарбек Үмбеттің есімін беру туралы ұсыныс талқыланады» деп жазылыпты. Сонда Шәмші кім, Жұпарбек кім? Мен Шәмшіні білемін, ал Жұпарбек деген адам туралы мүлде естімеппін де. Мен секілді адам мыңдап саналады. Президенттің өзі біреудің көкесінің атын көшеге беруді тоқтатыңдар деген жоқ па? Тіпті бергісі келсе басқа көше құрып қалды ма? Атауы жоқ көшелер көп емес пе? Жаңадан ашылған­ көшелерге берсін, неге Қалдаяқовтың есімін көшеден алып тастау керек?»

Бұдан кейін біз Қызылжар ауылдық округіндегі іс бас­қарушы Ғазиз Маириховқа хабарласқанымызда ол кісі былай деді:

«Жұпарбек Үмбет – бұрынғы әкім Жаппарбек Үмбеттің әкесі. Сол кісі Қалдаяқов көшесін әкесінің атына өзгерту туралы бірнеше ұсыныс берді. Енді біз оны тұрғындардың талқысына салуға міндеттіміз. Ш.Қалдаяқовты білеміз, Әнұранның авторы, сазгер. Ал Жұпарбек Үмбет – соғыс ардагері. Не болатынын енді тұрғындар шешеді».

Әрине, Қызылжарға көрші Құркелес ауылына Жаппар­бек Үмбеттің әкім болғанын біреу білсе, біреу біле қоймас. Бірақ бұрынғы әкімнің бұл ауылға ықпалы жүр­мейді, беделі жоқ деп ешкім айта ал­майды.­ Сондықтан мектепте өтетін жиын кезінде жергілікті тұрғындар Ш.Қалдаяқов туралы мүлде ұмытып, рушылдық пен жершілдікке салынып кетпесіне кім кепіл? Сондықтан біз бұл мәселеде аудан әкімінің орынбасары Құдірет Қыстаубаевтың пікірін білмек болып ол кісіге де хабарластық.

«Бұл мәселеден аз-кем хабарым бар, – деді әкімнің орынбасары. – Ж.Үмбет соғыс ардагері болғандықтан ұрпақтары көшеге атын бергісі келетін шығар. Оны тұрғындар шешеді. Бірақ тұрғындардың тоқсан пайызы Ж.Үмбеттің туысқаны, ағайын-жекжаттары болып шығатынын да ескеру керек.

Негізі көше мен ауыл атауларына адамның атын бермеу­ туралы мораторий­ бар еді. Бірақ жуырда Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаевтан соғыс­ ардагерлерінің есімін көшелерге беруге болатыны тура­лы нұсқау болды. Бұл кісілер соған сүйеніп отырса керек».

Міне, Сарыағаш жақта осындай бір жай орын алып тұр. Жалпы, Шәмші Қалдаяқов атындағы көшеге Жұпарбек Үмбеттің есімін беру мәселесі әзірге толық шешілген жоқ. Дегенмен алдағы уақытта көше атауы өзгермейді деп айтуға да болмайтын секілді. Бұған басқалар не дер екен?

Ұ. ҮМБЕТ.

zamana.kz