Kerey.kz/Керей.кз » ҰБТ

Үш әріптен тұратын жаман сөзді айтыңызшы – бәлкім, ол ҰБТ шығар?
ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Осы күндері мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналары көңілдері қобалжып, Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелерін күтуде. Ол ересек өмірге өзінше жолдама болады. Білімді тексерудің осы әдісінің шынайылығы туралы дау қазан-ошақ қасындағы әйелдерден бастап парламентарийлерге дейін тынбай келеді. Бірыңғай тестілеудің жақсы және жаман жақтары туралы кезінде өзі ҰБТ тапсырған ҚазТАГ агенттігінің тілшісі айтып береді. Биыл тестілеуге 87 мың жалпы білім мектеп оқушылары қатысады. Бұл былтырғыдан 20 мың адамға аз. Статистика көрсеткендей, егер 2014 жылы мектеп бітірушілердің 80% оқушылары ҰБТ тапсырса, биыл – 71% тапсырып отыр. Бұл ел бойынша орташа пайыз. Ал егер цифрларды өңірлер бойынша алсақ, онда парламент мәжілісінің депутаты Әсима Бимеңдинаның айтуынша, Қарағанды облысында былтыр тестілеуге қатысу пайызы 44,3, Қостанай облысында – 56,2, Солтүстік Қазақстанда – 58,4 болды. Бұл ретте ол негізгі проблема ретінде Ұлттық бірыңғай тестілеуге кіргізу процедурасы барлық оқушыларға бірдей қолжетімді емес, себебі мектеп әкімшілері, олардың пікірінше, мектептің жалпы көрсеткішін төмендетеді-ау деген оқушыларды емтиханға кіргізбейді деп атап өтті. Бір жағынан, мектеп оқушылары мен директорларын түсінуге болады, себебі олардың жалақылары мен мансабы қарамағындағылардың нәтижелеріне тікелей байланысты ғой. Ал адам, нашар оқыған және оның жалақысы мен мансабына әсер ете алатын оқушыға шынайы көзқараспен қарай ала ма? Әй, қайдам. Сондықтан табиғи сұрыптау 9 сыныпта-ақ басталады. Бәзбіреулер колледжге өз қалауы бойынша кетеді, біреулеріне «солай істе» деп айтады, үшіншілерін соған мәжбүрлейді. Ал 11 сыныпты аяқтағысы келгендерден ҰБТ-ға қатыспайтындығы туралы уәделерін алады. Сөйтіп, жастар үшін әлеуметтік саты ретінде тетік болып жоспарланған бірыңғай тестілеу өзінің ондай функциясын атқармайды. Оқыту білім беру жүйесі алмастырылып, ҰБТ-ға дайындау жүйесіне айналды.

ҰБТ аттестатта қазір ең басты баға емес

2015 жыл бітірушілеріне тестілеу нәтижелері аттестаттағы ең басты баға болмай қалды. Жақында білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім еткендей, «биыл аздаған жаңалықтар да болды, біз жария еткендей, аттестатқа биыл орташа баға қойылады, яғни ҰБТ балы мен оқушының жылдық бағасының орташасы қойылады. Біз оны әділ деп есептейміз». Ең көп алаңдататыны «аздаған жаңалықтар»… Тестілеу тарихының «аттестатқа ҰБТ бағасы» форматында өткен 11 жылында 1 млн 422 мың адам емтихан тапсырып, олардың кейбірі сәтті тапсырып, тегін білім алды, кейбіреулері әр түрлі себептермен емтихандарын құлатты. Екі жағдайда да, ол үздік оқушы ма, немесе екінші ме, бәрібір болды. Бұл ретте аттестаттағы орташа балл ЖОО- дағы тегін орынды қарастыруға тікелей әсер ететінін еске салайық. Екінші жағынан қазіргі бітірушілерге аса бір қуанатын да ешнәрсе жоқ. Біз бейтарап ҰБТ енгізу арқылы құтыламыз ба деген, мұғалімдердің сүйікті оқушыларына және ондай еместерге деген даралайтын көзқарастары қайтадан оралып отырғандай. Тұйық шеңбер сияқты болып тұр. ҰБТ нәтижелері бойынша ЖОО-ға түсу немесе түспеу мәселесі тұрғандықтан, оқушылар мен олардың ата-аналары сол жерлерде жемқорлық етек жаюына қолайлы жағдай жасап, нәтижені көтеру үшін бәріне дайын. Одан басқа әр түрлі дайындық курстарында ақша істеп, байып қалғысы келетіндердің бизнесі гүлденеді. Оның ішінде, кейін белгілі болғандай, психологиялық дайындық курстары да бар екен. Олар емтихан нәтижесі психологиялық дайындыққа тәуелді деп, емтихан тапсыру нәтижесін 20-30 балға арттыруға уәде етеді. Оған қоса, жаттығу тестілеулері дегендерді шығарып, сонымен ақша табу бизнесі де гүлденіп отыр. Біздің депутат атап кеткендей, тағы бір бизнес өзекті болып отыр. Ол – аудиторияда тестілеу жауаптары мен басқа да артықшылықтарды саудалау бизнесі.

Мектеп пен институт арасындағы буфер

ҰБТ өткізу жылдары елде колледж оқушыларының саны өскенін атап кету керек. Көптеген оқушылар емтихандардан құлап кетемін деп қорқып, колледждерге барады. Сөйтіп, орташа білім беру мекемесі идеясының өзі аяқ асты болады. Қазір сол халық шаруашылығы үшін кәсіби мамандарды дайындайтын мекемелер мектеп пен институт арасындағы буферге айналды. Оған 10 сыныпқа бармағандар мен қажетті балл ала алмағандар жиналады. Олар келесі жылы әрекет етуге дейін тағы бір жыл жоғалтпау үшін құжаттарын колледждерге апарады. Сондықтан да әрбір институттың қасында өзінің колледжі барлығы да кездейсоқ емес. Сондықтан колледждер ЖОО-лар үшін қосымша пайда көзі ме деген сезім пайда болады. Көрнекі болу үшін оқушыға тегін жоғары білім алу қаншаға шығатынын санап шығуға болады. Әдебиеттен бастайық – көп мұғалімдер жеке хрестоматиялар шығарады, оларда бірыңғай тестілеу сұрақтарына қатысты материал қысқаша сипатталады. Ондай кітаптар гуманитарлық ғылымдар бойынша өзекті, оларда «сұрақ-жауап» дейтін құрғақ тезистер емес, сипаттаманың дәл өзі бар. Жаратылыстану ғылымдары үшін тапсырмалар жинағы бар. Осы ретте аталған құралдар жыл сайын жаңа сұрақтармен толықтырылып отырады. Себебі біздің креативті министрлік қайдағы бір жерден жаңа тапсырмаларды табады да, жылма-жыл сұрақтар базасын 30-35%-ға жаңартады емес пе. Солайша, мысалы, Қазақстан тарихы толықтыруымен – 1, 2, 3 және т.б. бөлімдері – пайда болады, ал толық даярлану үшін, әрине, тұтас жиынтықты сатып алу қажет. Ол орташа есеппен әр бөлімге Т600-ден шығады. Айталық, ондайлар 4-еу – барлығы Т2400. Сондай-ақ орта есеппен Т500-ге шығатын тест жинақтарына шығындалу керек. Өйткені пән 5- еу болғасын, сәйкесінше, бұл дегеніміз ендігі Т2500. Дайындық курстарын да ескерейік, олардың құны 4 негізгі пәнге бір айға әзірлену үшін Т22 шақты мыңды, ал таңдаған пәнге Т8 мыңды құрайды. Білімдегі бүкіл олқылықтарды жоюға және ҰБТ-ны барлық 125 балға тапсыруға уәде берілетін курстар 6 айға жуық созылады. Ақырында бес пән бойынша даярлық үшін Т180 мыңды аламыз. Одан өзге, мектептерде сынақ тестілеу дейтіндер өтеді. Олар, әрине, тегін емес – Т300-ге жуық, егер ҰБТ сынағы әр апта өткізілетін 4 айлық аралықты алатын болсақ, онда бұның өзі Т4800 деген сөз. Бір оқушыға кететін барша шығынды есептей келе, біз соңында Т189 700-ді көріп отырмыз, ал бұл болса әркімге бір қолжетімді емес…

Білімнің орнына – жаппай құрғақ жаттау

Бұл, байқасақ, айсбергтің тек шыңы ғана, ал оның су астындағы бөлігі бар – ҰБТ мамандары деп аталатын қызметтер жоқ емес, олар емтихан кезінде мессенджердің көмегімен жәрдем беруді ұсынады. Ал пара менен жап-жаңа құрал-жабдықты ешкім де жоққа шығарған емес. Бұдан басқа, алаяқтарды да естен шығармаған жөн. Мәселен, ҚР БҒМ тестілеудің алдында ҰБТ балын арттыру үшін қаражат жинау жөніндегі ақпаратты таратты, оны министрліктен келетін бақылаушылардың қызметіне төлеу үшін жинап жатқан көрінеді-міс. Жарты жыл ішінде ҰБТ-ға әзірлеумен айналысатын репетиторлардың, әртүрлі компаниялардың балды бәрінен жиі көтеріп, ал ұстаздардың, егер олар ақылы репетитор болып табылмаса, сол міндетті бір жылда орындай алмай жататыны таң қалдырады. Дайындық курстары санының шексіз болуы мұғалімнің тестілеуге әзірлігі тегін өткізілетіндігімен және бәрі тек кезекті аттестациядан өте алмау және ҰБТ-ның нашар нәтижелері үшін «шапалақ» алып қалудан қорқуда бекініп тұрғанымен байланысты ма? Тестілеудің қорқынышты бәлесі бұл әдістің оқушыларды білім алудың орнына құрғақ жаттаумен айналысуға мәжбүрлейтіндігінде.

Себебі бірыңғай тестілеу емтихандарын тапсыруға әзірлену мен білім алу – мүлде екі түрлі нәрселер ғой. Бұның ойлау дағдарысына әкеліп соғатыны және біздің 3-4 сөзден тұратын жауаптың бір нұсқасын жаттап алған жаттампаздар буынын көретініміз әрі ол жатталғанның кейін ұмытылатыны түсінікті. Мысалы, оқушылар Қазақ хандығының қашан құрылған датасын білетін болады, бірақ Жәнібек пен Керейді Әбілқайыр ханнан қоныс аударуға итермелеген себептер жайлы айта алмайды. Қазақстанның әлемдік аренада елдің бәсекеге қабілеттігін арттыру бойынша бірқатар сан түрлі мемлекеттік бағдарламалар қабылдап жатқанын есепке ала отырып, басты сауал шенеуніктерге жолдануы тиіс: кешегі оқушылар, ендігі ҰБТ идеясындағылар, сол бағдарламаларды тұрмысқа асыра ала ма? Не дегенмен, амбициялы міндеттерді жүзеге асыру үшін, бейстандартты ойлау қажет, ал тестілеу оқушыны қысқа жауап варианттарымен шектеп, кеңірек ойлауға мүмкіндік бермейді. ҰБТ-ға көшу – тәуелсіз Қазақстанның құрылу жүйесіндегі ең ауқымды жаңалық. Оның 10 жылдан астам өтіп келе жатқанына қорытынды жасауға болады. Өкінішке қарай, ол адам аярлық халде. Өз кезінде білім вице-министрі Мұрат Әбеновтың тіпті 2015 жылдан бастап ҰБТ-ның алынып тасталатыны туралы мәлімдегені есімізде, алайда, көріп отырғанымыздай, министрлер келеді де кетеді, тек ҰБТ ғана өмір сүруін тоқтатпайды және уайымдамайды. Сонымен қатар өкілетті органның бізге тестілеу қажет пе, әлде жоқ па деген пікірі де қалыптаспады. Биыл да бірыңғай тестілеуде масқаралықтар күтіп тұрғанына күмәнданбаймыз: орынсыз сұрақтар, нашар ұйымдастыру және жанжалды нәтижелер. Мінеки енді үш әріптен тұратын жақсы емес сөзді атаңыз деген сауалға тіпті әйтеуір бір жерден ҰБТ дегенді естуге болады…

kaztag.info

Қытайдан келген Қазақ оқушы «Алтын белгі» иегері атанды
Қытайдан келген Расул Сұңқар Мәдениетқызы Қоянды орта мектебінің тұңғыш «Алтын белгі» иегері атанды.

Тағы бір оқу жылын артта қалдырған Қоянды орта мектебінің оқушылары арасында 11 сынып бітіруші түлектер алтын ұяларымен қимай-қимай қоштасты. Он бір жыл бойы төккен тер мен еңбектің ақталар сәті – ҰБТ екені анық. Қоянды орта мектебінде тұңғыш «Алтын белгі» иегері Сұңқар Мәдениетқызы ата-анасының, ұстаздарының үмітін ақтап, өз білімін қорғап шықты.

1996 жылы 10 қарашада ҚХР-да дүниеге келген Сұңқар көздеген мақсатына жету үшін ерінбей оқып, ізденіп, көптеген байқауларға қатысып, жүлделермен оралған. Түркістан қаласында өткен Республикалық Ясауи олимпиядасынан үшінші орын алып, Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің грантын қанжығаға байлап қайтқан еді.

«Алтын белгі» иегері асқақ арманына қанат бітірген мектеп басшысы Жәди Шәкенұлы мен аяулы ұстаздарына алғысының шексіз екенін айтты. Биыл осы мектепті бітіруші түлектердің көпшілігі жоғарғы ұпайлар жинап, мектептің абыройын ақтап шықты.

ҰБТ қарсаңындағы жүйке мен қалтаның жұқаруы
Ұлттық бірыңғай тестілеу маусымның 2-сі күні басталады. Алматы облысы Талғар қаласындағы №2 орта мектеп түлегі Арайлым Қаратай «сынаққа дайынмын» дейді.

ҰБТ тапсырып шығып келе жатқан түлектер. Алматы, 3 маусым 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Биыл Арайлым Қаратай 11-сыныпты «4 пен 5-ке бітірмек». Оның сыныбы қыркүйектен бастап күні бүгінге дейін ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындалып келеді. Бойжеткеннің айтуынша, тестке дайындыққа көп уақыт пен қажыр-қайрат жұмсаған әрі бұл процесс әке-шешесінің қалтасын да «жұқартқан».

- Сабағымыз ауыр, оның үстіне түстен кейін сағатына 500 теңге төлеп, ақылы сабақтарға барамыз. Таңертең көңілім алаң болып оянамын. Кейде отырып «төмен ұпай алып қалсам қайтемін, әке-шешемнің жайы не болады, туыстарым не ойлайды» деп уайымдаймын. Осы ойлар жегідей жеп жүр, – дейді Арайлым Қаратай.

Соңғы қоңыраудан кейін түлектер күн сайын мектептегі қосымша сабақтарға барып жүр. Таңғы сағат тоғыздан кешкі алтыға дейін «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Қазақстан тарихы», «Математика» және таңдаған пәні бойынша тестке дайындалады.

Арайлым Қаратай мен анасы Марина Сәрсенбаева. Алматы, 26 мамыр 2015 жыл.

Арайлымның анасы Марина Сәрсенбаева қызы оқитын мектепте орыс тілі пәнінен сабақ береді. Ол «Мына қосымша сабақтар балаларды мүлде діңкелетіп жіберді. Биыл қызымның жүйкесі жұқарып бітті, селқос болып барады» дейді.

- Қазір балалар таңнан кешке дейін мектепте болады. Меніңше, одан да үйде, тыныштықта отырып дайындалғаны дұрыс сияқты. Мектепте бәрібір баланың көңілі бөлінеді, дұрыс тамақтанбайды ғой, – дейді Марина Сәрсенбаева Азаттық тілшісіне.

Арайлымның анасы ҰБТ сынағын алып тастайтын шығар деп үміттенеді.

- Одан да емтихан тапсырып, мұғаліммен көзбе көз тілдесіп, ойын тілмен жеткізгені жөн болар еді. Қызым тест сұрақтары жауабын құр жаттаумен жүр. Айналдырған екі сағат баланың тағдырын шеше салады. ҰБТ-ны алып тастап, орнына балама бірдеңе ойлап тапса екен, – дейді ол Азаттық тілшісіне.

Арайлым көргенін есте сақтау қабілеті мықты екенін айтады. Есте жақсы сақтау үшін ол жауаптарды түрлі түспен белгілейді. Жыл бойы ол 45 сынақ тесттерін сатып алған. Бірақ ол «математикадан нашармын» деп уайымдайды.

«Сүйікті пәні география» екенін айтқан Арайлым «бүкіл әлемді аралап шыққым келеді әрі ағылшын тілінен қиналмаймын» дейді.

- Жыл бойы аптасына екі рет 400 теңгеден ақылы тест тапсырып жүрдік.Ақылы тестке әр отбасы қыруар ақша жұмсады. Тестке төлейтін ақша таппай қиналған отбасылар да бар, – дейді Арайлым Қаратай.

Арайлымның анасы айына 90 мың теңге (480 долларға жуық) жалақы алады. Әкесі құрылыс компаниясында маусымдық жұмыстар істейді.

Арайлым Қаратайдың ҰБТ-ға дайындалып жатқан тест жинақтары.

«Менің оқуымның ақшасын төлеуге әке-шешемнің шамасы келмейді» деген Арайлым грантқа түсуді армандайды. Бірақ ол біліміне сенеді және Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «әлеуметтік-мәдени сервис» факультетінде оқығысы келеді. Бұл университетке ауылдық квотамен 86 балмен түсуге болады.

Арайлым Қаратай бос уақытында табиғат аясында серуендегенді, велосипед тепкенді жақсы көреді, әдеби кітапты көп оқиды. Ол бұрын дәмді тағамдар әзірлеуді, бәліш пісіруді ұнататынын, ал қазір оған уақыты жоқ екенін айтады.

- Біздің мектеп тестті бірінші ағыммен тапсыратын болды. Тексеруден өтетінімізді ойлап уайымдайды екенсің. Егер аяқасты бірдеңе шығып қалса, бәрін ұмытып қалуың мүмкін. Біз тест тапсыратын аудиторияның балконында полицейлер, ал әр қатарды мұғалімдер бақылап тұратынын айтты. Былтыр тапсырған түлектер «Мұғалімдер аралап, шпаргалкаңды шығар деп талап етеді. Тіпті шпаргалкаң жоқ болса да айғайлап, есіңді шығарып жібереді де, бәрін ұмытып қаласың» дейді. Мұны ойласам, тамағым құрғап кетеді, – дейді Арайлым Қаратай.

Ол тиісті пәндерден дайын шпаргалкалардың бағасы 500-1000 теңге (шамамен 2,6-5,2 доллар) тұратынын да біледі. «Мүмкін, математикадан шпаргалкаға сүйенетін шығармын» дейді ол.

- Бәрін уақыт көрсетеді, бірақ ҰБТ-ны өз күшіммен тапсыруға тырысамын, – дейді Арайлым Қаратай.

Арайлымның сыныбы ҰБТ тапсырғаннан кейін Алматы түбіндегі Есік көліне барып демалмақ.

Алма КЕНЖЕБЕКОВА

azattyq.org