Kerey.kz/Керей.кз » 26-БАП

“Әркім” туралы
Қазірде 26-бап туралы әркім айта бастапты және «сендер түсінбейсіңдер, заңнан сауатсызсыңдар?!» деп сөгушілер пайда болды. Бәрінің пікіріне құрметпен қарай отырып, Конституциямызды бір шолып шығалық. Ең әуелі меншік жайында, 6-бап:

1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.

2. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.

3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.

3-тармақты қысқарта айтсақ «Жер жеке меншікте бола алады» деп тұр. Ал 26-бап осы меншік кімге берілетінін айқындайды:

1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.

2. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.

3. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін.

4. Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.

Бары осы. Ауыз көпіртіп сағаттап түсіндірер түк те жоқ меніңше. Конституция – мемлекет іргетасы, ең қуатты заң. Елдегі барлық заңдар мен нормативтік актылар осы Конституцияны негізге ала отырып жазылады, түсініксіз тұс болса осы ЗАҢға жүгінеді. Білуімше біздің Конституцияны Салық Зиманов бастаған білікті ғалымдар әзірледі. Олардың дәл 26-бапқа «Қазақстан республикасының азаматтары» дегенді нығырлап жазуы бекер емес. Мұндай нақтылық Конституцияға міндетті түрде керек. Мәселен 33- бапта :

Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар, делініп тұр. Оны “әркімнің құқығы бар” деуге болмайды. Ал, «әркім» сөзі ортақ тұрғыда көп қолданылады:

Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы. (13-бап. 1)

Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар. (16-бап)

Еңбек құқығын талдайтын 24-бапта да «әркім» деген сөз баршылық. Рас, біз зайырлы ел ретінде әркімнің (отандасымыз, шетелдік) құқығын сақтауға, баршаға тең білім алуға мұрсат беруге, еңбек етуіне рұқсат беруге тиіспіз. Заң аясында. Ал, бұл республиканың жер-су, байлығына тек Қазақстан азаматы иелік ете алады! Бұл мемлекеттің егесі болғандықтан әркімдер санатына қосылғысы келмеген азаматтарды жазғыруға болмас…

Serik Abikenнің facebook парақшасынан алынды

26-БАПҚА ӨЗГЕРІСТІҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ! Әділеттілік шектелмеуге тиіс!
1995 жылы 30-тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жобамен мұқият танысып шығып кеңейтілген көлемде пікір білдірмек болып жүр едім, алайда 26-бапқа байланысты дау-дамай бей-жай қалдырмай қолға қалам алдыртты. Мәселенің мән-жайына үңілейік. Ұсынылып отырған жобада 26-баптың 1 және 2-тармақтарын мынадай редакцияда жазу ұсынылады:

«1. Әркiм заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады.

2. Жеке меншік құқығына қол сұғылмайды. Меншiкке, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiледi. Егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, заңды жолмен алынған мүлікке меншік құқығын шектейтін немесе одан айыратын заңдарды және өзге де құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді.».

Ал қолданыстағы Конституцияда не делінген? Онда:

«26-бап. 1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады.

2. Меншiк, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiледi» делінген.

Жобаның 1-тармағындағы «әркім» сөзі қолданыстағы Негізгі заңдағы «Қазақстан азаматы» тіркесін алмастырып тұр. Бұл нені білдіреді? Өз басым «әркім» дегенді «әр қытай» деп қабылдаймын. Бұл кез келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ жандар Қазақстанда меншікке, оның ішінде жерге меншік иесі болып шыға келмек. Қытайдан әкелінетін 51-зауыттың қожасы қазақ жерінде алшаң басады деген сөз. Қазақстандағы нарық пен демократия әлі күнге шалажансар қалып отырған жағдайда бұған үзілді-кесілді жол беруге болмайды. Ол іс жүзінде Қазақстан байлығын талан-таражға салудың жетілдірілген тетігіне айналып кеткелі тұр. Бұдан гөрі Қазақстан заңдары шетелдік компаниялардағы қазақстандықтардың құқығын қорғауды жеріне жеткізе алса соның өзі ұтыс.

Жобадағы 26-баптың екінші тармағындағы «Егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, заңды жолмен алынған мүлікке меншік құқығын шектейтін немесе одан айыратын заңдарды және өзге де құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді» деген толықтыру жобасы тіпті сорақы. Ол конституцияның әділдік пен әділеттілік қағидаларына қайшы. Қазіргідей коррупция өрістеген шақта олигархтардың, латифундистердің, тіпті қытайлардың мүлкінің (жер кесінділері, кеніштер, кен орындары, кәсіпорындар, т.б.) заңды жолмен алынғандығына халықтың еш сенімі жоқ. Екі жарым мың шенеуніктің істі болып жатқаны анау.

Бұл жоба қабылданып кетсе махинациялық әрекеттермен, рейдерлік басып алушылықпен меншік иелеріне айналған ұйымдасқан қылмыстық топтың өкілдері еркінсіген үстіне еркінсиді. Өйткені оларды мүлкінен айыратын тетіктер жойылады. Тіпті соттың өзі рейдерлік қылмыскерді мүлкінен айыра алмай қалады. Бұл қылмыстың мүлде жаңа түрлерін туғызуы ықтимал.

Іс жүзінде керісінше Конституцияда ӘДІЛЕТТІЛІКТІ шектейтін немесе одан айыратын заңдарды және өзге де құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмеуге тиіс. Сондықтан 26-баптың қолданыстағы формулировкасына өзгерістің де, толықтырудың да мүлде қажеті жоқ!

Марат Токашбаевтың  facebook парақшасынан алынды