ЖАНАР ДҰҒАЛОВА
Түрквижн байқауының жеңімпазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанар Дұғалова мұндай әлемдік кәсіпқой бокс кешінде ән айту мен үшін үлкен бақыт дейді.
«Көк туды желбіретіп, қазақтың атын шығарып жүрген Қанат Исламды өте қатты құрметтеймін. Оның ұлтжандылығы әр жасқа үлгі. Әр қазақ Қанаттың жанкүйері. Жекпе-жегін көріп, жеңіс тілеп, тақым қысып отырады. Нәзік жанды болсам да мен де батырымыздың жекпе-жектерін көремін, жанкүйер боламын. Ол тек бокс емес. Ол жерде қазағымыздың намысы мен абыройы тұрады. Елдің атын әлемге танытып, кәсіпқой бокста әлі жеңілмеген Қанат Исламның жекпе-жегінде ән айту мен үшін үлкен бақыт. Қазір арнайы киім тіктіріп жатырмын. Әрине, қазақы стилде. Бұйыртса 10 күннің ішінде АҚШ-қа ұшып, 1-2 күн шоудың алдын ала дайындықтарына қатыспақпын. Жеңісті күндеріміз көп болсын! Мен бұл жолы да Қанаттың жеңетініне сенемін» – дейді әнші.
Естеріңізге сала кетейік Қанат Ислам әлемге әйгілі Роу Джонстың жекпе-жегінің алдында өнер көрсетеді. Жекпе-жек АҚШ-тың Уилмингтон қаласында өтеді. Жекпе-жекті Қазақстан арнасы тікелей эфирден көрсетеді деп жоспарланған.
Пікір қалдыру