|  |  |  | 

kerey.kz TV Тарих Қазақ шежіресі

АЛТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚ АУЫЛЫ – ЖАҢА АУЫЛ

Image result for Алтай Республикасының Қошағаш ауданыАлтай Республикасының Қошағаш ауданы Жаңа ауыл қазақтары өзге елдің ордасында ұрпағын өсіріп, ұлттық болмысын жаңғыртып, өзгелермен терезесі тең өмір кешіп отыр- деп жазды e-history.kz.

Алтай Республикасы Қошағаш ауданындағы қазақтардың ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты, тіл мен дінді, ұлттық болмысымызды сақтауға деген ұмтылысы қай қазақтың жүрегін болсын елжіретпей қоймайды. «Өздерін байырғы көк түріктердің, ұлы бабаларымыздың қасиетті қоңсы мекенінде тұрып жатырмыз»,-деп әркез ұлықтайтын Қошағаш қазақтары бұл жерді ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап мекендеп келеді.Related image

Шүй жазығындағы қазақтар да басынан талай нәубеттерді, ХІХ ғасырдағы, Кеңес үкіметі және ХХ ғасыр басындағы түрлі тарихи төңкеріс кезеңдерін бастарынан өткізді. Соған қарамай Қошағаш қазақтары сол нәубеттерден ұрпағын, дәстүрін жоғалтпай абыроймен бүгінгі бейбіт өмірге жеткізді. Семей өңірінің қазақтары

Шүй өлкесіне қоныстанған қазақтар тарихы

Ал, осынау өлкеге қазақ рулары қай ғасырдан бастап қоныстана бастады дегенге келетін болсақ, бірнеше тарихи еңбектерді атап өткеніміз жөн. Бесайдар Алашқызының «Шүй жеріндегі қазақтар» атты мақаласында: «Таулы Алтай өңірінің Оңтүстігі саналатын Шүй алқабына қазақтар ХІХ ғасырдың аяғында яғни, 1870 жылы көшіп келген» деген деректі айтады. Шүй өлкесінде дүниеге келген өлкетанушы Пионер Мұқтасыровтың «Бәйтеректің оқшау шыққан бұтағы» атты еңбегінде Шүй жазығына өр Алтайдағы Қаратай бабаның мекені Шабанбайды патша үкіметі меншіктегеннен кейін басталғанын айтады.  «Құлжабайлар «жер құдайдікі, су сұлтандікі, жағдайыма қарай көшіп жүре берем» деп жүргенде, қытай мен орыс патшасы қазақтың жерін 1864 жылы екіге бөліп алған. Атышулы жер бөлістен үш жыл өткенде, ақ патша жарлық шығарып: «Шындығатайға қарасты Шабанбай жайлауы – патшаның меншікті жері» деп жариялаған соң, жерсіз қалған ата-бабамыз көштің басын Шүйге бұрған».

 2007 жылы Новосибирскі қаласынан шыққан «Таулы Алтай Қазақтары» атты мәдени-танымдық энциклопедияда: «…1860 жылдың аяқ шенінде өр Алтайдағы Қаратай атаның мекені Шабанбайды, Марқакөлді патша үкіметі меншіктегеннен кейін Шәкірттің атасы Қалдеке, өз әкесі Абдоллалар 300-400-дей түтін ағайынын бастап қазіргі Қытай жеріндегі қазақтардың арасына барып Шіңгіл бойын бірер жыл паналайды. Ол жердің тарлығынан Моңғолия жақтағы қазақтар арасына өтіп, онан айналып Таулы Алтайдағы өздері білетін Үкөк даласына көршілес Шүй өзенінің теріскей жағасындағы жазыққа келіп орын тебеді», – дейді.

Әлімсақтан көк түріктердің атамекені болған Шүй өлкесі қазақтарға жайлы жайлау, торқалы топыраққа айналды. Осы Шүй алқабында алғашқы қазақ ауылдары отауын тікті. Іргесін бекітті. Бұрындары Жазотыр жайлауы ғана қазақ ауылы ретінде аталып келсе, 80-90 жылдары Қошағаш ауданында алғашқы жаңа қазақ ауылы бой көтерді. Бұл ауылдың аты – «Ақтал» аталды. Жаңа ауылдың бой көтеруіне қазіргі Қошағаш ауданының әкімі Әуелхан Жатқанбаев бас болып, өзі сол ауылдың алғашқы басшысы болды.

Алғашқы қазақ ауылы – Ақтал

Ақтал ауылы 1986 жылы 5 мамырда іргесін қалады. Алғаш қазық қағылып, құрылыс жоспарындағы 5 үй салынды. Кеңес үкіметінің шалғай ауданында, инфрақұрылымнан жырақ қалған Қошағаштағы қазақ ауылын тұрғызуға құрылыс отрядтары іргедегі Моңғолияның Бай-Өлке аймағынан келген. Олар бұл өлкедегі қазақ ағайындардың құтты қонысын салып, мектеп құрылысына да қол үшін созған. Бірақ кейін Ақтал ауылының астынан су шығып, мазасы кеткен халықты бүгінгі аудан әкімі ел еңсесі тіктеген уақытта «Жаңа ауыл» іргесіне көшірді. Осылайша ендігі қазақ ауылының іргесі «Жаңаауылда» түленді.  Ақталдың барлық халқы осы ауылға көшіріліп, апатты жағдайдан аман қалған. Жерден қайта-қайта су шығып, сазға батқан ауылды қыр жаққа, Монғолияға өтетін үлкен жолдың үстіне орналастырған Әуелхан ағаның көрегендігіне ауыл тұрғындары әлі де аузынана тастамайтындарын байқадық. 30 жылдан астам тарихы бар «Жаңа ауыл» уақыт көшінен қалмай, көркейіп, өркендегенін көз көрді. Бізде Алтай экспедициясы аясында «Жаңа ауылдың» түленгенін көрдік. Кіре берісіне домбыра бейнеленіп, «қош келдіңіздер» деген қазақша жазу алыстан көз тартады. Өткен-кеткенге дастарханы жайылып, сусыны дайын тұратын ауылдың берекесі сезіліп тұрады екен.Image result for Алтай Республикасының Қошағаш ауданы жаңа ауыл

Алтай қазақтарының музейі

«Шүй қазақтары тоқсаншы жылдары, ел есін жиған уақытта «Жаңа ауыл» бой көтеріп бүкіл республиканы дүр сілкіндірді» дейді ауыл тұрғындары. 1990 жылдан бастап Жаңа ауылда аудан бойынша алғашқы мешіт, қазақ мектебі құрылысын бастаған. Республикалық қазақ қоғамы, Наурыз мейрамы да жаңаауылдықтардың бастамасымен іске алғаш рет асырылған.

Осы жұмыстардың басы-қасында қазіргі аудан әкімі Әуелхан Жазитұлы Жатқанбаев әр кез қолдау көрсетіп, ағайындарына барлық мүмкіндікті жасап берген. Осының арқасында қазақтың байырғы қоңсы мекені «Жаңа ауыл» ауылында орналасқан «Алтай қазақтарының музейі» ашылды. Ұлттық құндылықтарымыз бен жәдігерлеріміздің орталығына арналған мәдени ошаққа Қошағашқа ат басын бұрған туристер мен қазақтардың соқпай кетпейтіні анық.

  Алтай қазақтарының музейі Горно-Алтайск қаласындағы этнограф, композитор, ағартушы А.В. Анохин атындағы «Ел музейінің» филиалы. Музей қызметкері Тілеубек Көшерхан бізді де күтіп алып, музейдегі жәдігерлермен өзі таныстырды. Мұражай 1999 жылы 31 шілдеде Ресей қазақтарының құрылтайы күні есігін айқара ашқан. Содан бері шүй қазақтарының тарихын дәріптеуде маңызды қызмет атқарып келеді. Мұражайға арғы ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі бұйымдардың барлығы қойылған.  

«Мақсатымыз келешек ұрпаққа ұлттық өнеріміз бен мәдениетіміз жайлы мағлұмат беріп, оларға тәлім-тәрбие беру болды. Бүгінде музейдегі экспонаттар саны үш мыңнан асады. Мұражай қызметкерлері мектептерге барып, қосымша дәріс оқиды. Балалар өздерінің ұлттық байлығын ұмытпай, оны жалғастыратын деңгейде болу негізгі міндет болып есептеледі», – дейді Т. Көшерхан ағамыз музей залдарын таныстыру барысында. 

Ауызбіршілігі мен бірлігі ұйыған жаңауылдықтардың ұлттық болмысымызды жаңғыртып, дәстүрімізді ұлықтап отырғанын көз көрді. Оған біз мұра­жай­ға бас сұққанда куә болдық. Жаңаауылдағы мұражай қыз­мет­кері Тілеубек Көшерхан ағамыздың айтуынша, музей экспонаттарын өздерін жинап, халық болып құнды жәдігерлердің санын арттырып, жаңғыртып отырған. «Бұл музей экспонаттарын Алтай қазақтары өздері жинап, жиыстырды.

Тіпті құрылысын алғаш рет қазіргі аудан әкімі бастама көтеріп, Моңғолиядан келген ағайын-бауырларымыз Әтімхан, Нұрдыхан Риянұлдарының шеберлігімен жасалды. Олар осында екі жылдай тұрып, музейдің ішін сәндеп безендіріп, халық кәдесіне жаратып кетті»,-дейді музей қызметкері. Алтай қазақтары мұражайын аралап көргенімізде әдебиет бөлімдері мен тарихымыздан орын алған батыр бабаларымызға арналған жеке бөлмелері бізді бір қуантып тастады.

М. Әуезов пен Абай Құнанбаев шығармалары, көркем суретті портреттері, Оралхан Бөкей мен Асқар Алтайдың кітаптары зал көрмелерінен орын тепкен. Батыр бабамыз Қаракерей Қабанбай бастап, Шүй қазақтарынан шыққан Совет Одағының батыры Елеуісов Жәнібекке дейін тарихтары жазылып қойылғандай көрме залдары көмкерілген.

Ұлттық киімдер мен мәдени-рухани тұрмыстық кешендері залы өткен кеткенімізден хабар беріп, ескіні жаңғыртып, жаңаны толықтырып тұрғандай әсерге бөлейді. Бір ауылдың, алтайдағы қазақтар тарихын осы музейге бас сұққаннан-ақ толық біліп шығуға жетер ақпараттың толыққаны кімді де болсын қуантары анық.

Ең бастысы Алтай Республикасының Қошағаш ауданы Жаңа ауыл қазақтары өзге елдің ордасында ұрпағын өсіріп, ұлттық болмысын жаңғыртып, өзгелермен терезесі тең өмір кешіп отыр. Жеті атаға дейін қыз алыспай, дәстүрімізді жоғалтпай, ислам дініне құшақ жайып отырған ағайындарымыздың көздеріндегі мұңды оқи алмай бізде Жаңа ауыл тұрғындарымен қоштасқан болатынбыз. Дегенмен «Жаңа ауыл» жаңарған қазақтың этно ауылы екені анық.

Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚҰЛЫ


 e-history.kz

Суреттер әлеуеттік желіден алынды

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: