|  |  |  | 

Саясат Әдеби әлем Әлеумет

«Қыздар Императорға келін болуға қызықпайды»

Жақында Жапонияның Сыртқы саудаға қолдау көрсету ұйымы жанындағы Дамушы экономикалар институтының аға ғылыми қызметкері, доктор Нацуко Оканың «Другая Япония. Жизнь без чайной церемонии» деп аталатын кітабы жарық көрді. Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың жеке қорының қолдауымен шыққан кітапта жапон қоғамының қыр-сыры кеңінен сөз болған. Нацуко санның аталмыш кітабынан кейбір деректерді оқырман назарына ұсынып отырмыз-деп жазды  egemen.kz.

Жапонияда балаларға қатысты атқары­латын жоралғы, дәстүрдің түрі көп. Бала туғанда кіндігін кесіп, ағаш қобдишаға салып сақтайды. Оны хэсоно деп атайды. Мен де баламның хэсоносын сақтап қойдым. Сондай-ақ, ұлдар үшке және беске, қыз бала үшке және жетіге толғанда атап өтетін шичигосан деп аталатын ғұрыптық мереке бар. Ұл бала беске толғанда хакама деп аталатын шалбар киеді. Ал қыз жетіге келгенде кимоносының белін оби белбеуімен буынады.

* * *
Менің білуімше, қа­зақ танымында туыс-туғанға қамқорлық жасау маңызды са­налады. Жапондар қазақ сияқты туысымен жиі ара­ласпайды. Сол себепті жұ­мыс істемейтін, туған-туысы көмек­теспейтін жан­да­рға үкімет жәр­демақы тө­лейді. Мы­салы, ең қым­бат қала са­на­латын Токиода үш адам­­нан тұратын отбасына үкімет тарапынан ай сайын күнкөріс үшін 1538 доллар, тұрғын үйіне көмек есебінде 678 доллар төленеді. Ал жалғыз бас­ты қарияға күнкөрісі үшін 725 доллар, тұрғын үйі үшін 521 доллар көлемінде жәрдемақы беріледі.

* * *
Қазақстанның ірі кәсіпкерлері жапон императорынан анағұр­лым бай шығар. Өйткені, ІІ дүние­жүзілік соғыстан кейін император әу­летінің жекеменшік мүлкі мемлекетке өткізілген. Сон­дықтан император әулеті асқан дәулетті деуге болмайды: олар­дың барлық шығындары мемлекет қазынасынан төленеді. Жапонияда қыздар император әулетіне келін болуға немесе сол маңда жүруге ұмтылмайды. Неге десеңіз, жапон императоры мен оның әулетінің мүшелері көптеген ережелер мен дәстүрлерге бағыну керек. Олардың мойнында күрделі ресми міндеттер бар, барлығын қаз қалпы сақтап, орындау оңай емес.

* * *
2010 жылғы статистикаға сүйенсек, 50 жастағы әр бесінші жапон еркегі ешқашан үйленбепті. 1990 жылы сүрбойдақтар барлық еркектердің 5,6 пайызын құраса, 2000 жылы бұл көрсеткіш 12,6 пайызға жеткен. Бұл статистика жапон қоғамында үйленуге құлықсыз азаматтардың көбей­генін дәлелдесе керек. Сүрбойдақтардың көбеюіне ел эконо­микасының баяу дамуы кінәлі деген пікірлер де бар.

* * *
Менің жалғыз ұлым бар. Құрбы­ларымның арасында екі және одан да көп баласы бар отбасылар өте аз. Статистикаға жү­­гінсек, 2015 жылғы 1 қазан күнгі халық санағының қоры­тын­дысы бойынша Жапо­ния тұрғындарының саны (шетелдік­терді қосқанда) 127 миллион адам болған. Бұл жа­пон­дар санының кемігендігін көрсетеді. Жал­пы, халық санағы Жапонияда 1920 жыл­дан бері әр бес жыл сайын жүргізіліп келеді.

* * *
Әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық институттың алдын ала есебі бойын­ша 2048 жылы жапон аралдарында тұрғындар саны 100 миллионға жетпейтін көрінеді. Ал 2060 жылы 87 миллион жапон қалады, яғни қазіргіден 30 пайызға азаяды деген сөз. Егер 1970 жылдардың басында Жапонияда жыл сайын 2 миллион бала дүниеге келсе, 2014 жылы бар болғаны 1 миллион сәби туған.

* * *
Соңғы жылдары бір әйелге шаққанда бала саны 1,4 деңгейінде қалып отыр. 2015 жылы премьер-министр Синдзо Абэ бұл көрсеткішті 1,8 деңгейіне жеткізу туралы мәлімдеді. Ал 2013 жылы премьер-министр «Экономикалық өсудің стратегиясында» «Бала үшке толғанша ана құшағында болсын» деген ұран тастады. Бұл ұран жүзеге асу үшін Синдзо Абэ компанияларға бала күтіміне байланысты демалысты үш жылға дейін ұзартуды ұсынды.

* * *
Жапонияда әйелдер заң жүзінде бала туғанға дейін 6 апта және босанғаннан кейін 8 апта жұмыстан босатылады. Ал бала күтіміне байланысты демалыс сәби бір жасқа толғанға дейін деп белгіленген. Егер балабақшадан орын табылмаса, әйел баламен бір жарым жасқа толғанша үйде отыра алады. Мен жұмыс істейтін институтта баламен екі жылға дейін отыруға рұқсат етілген.

* * *
Жапонияда баланы дүниеге әкелу мен оны күтуге байланыс­ты бір реттік жәрдемақы – 420 мың иен (4078 доллар). Бұл қаржы бір балаға медициналық сақтандыру есебінен және әйел­дің жұмыс істеу-істемеуіне байланыссыз беріледі. Жүктілік кезіндегі демалыста әйелдерге айлық жалақының үштен екісі мөлшерінде жәрдемақы төленеді.

Әзірлеген
Шарафат Жылқыбаева

АЛМАТЫ

egemen.kz

Related Articles

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

  • “Қазақстан дұрыс бағытта”. Деколонизация, Украинадағы соғыс және Қаңтар. Балтық елшілерімен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК Балтық мемлекеттерінің Қазақстандағы елшілері (солдан оңға қарай): Ирина Мангуле (Латвия), Эгидиюс Навикас (Литва ) және Тоомас Тирс. Совет одағы ыдырай бастағанда оның құрамынан бірінші болып Балтық елдері шыққан еді. Өзара ерекшеліктері бар болғанымен, сыртқы саясатта бірлігі мықты Латвия, Литва және Эстония мемлекеттері НАТО-ға да, Еуроодаққа да мүше болып, қазір көптеген өлшем бойынша әлемнің ең дамыған елдерінің қатарында тұр. Ресей Украинаға басып кіргенде Киевті бар күшімен қолдап, табандылық танытқан да осы үш ел. Соғыс басталғанына екі жыл толар қарсаңда Азаттық Балтық елдерінің Қазақстандағы елшілерімен сөйлесіп, екіжақты сауда, ортақ тарих, Ресей саясаты және адам құқығы тақырыбын талқылады. Сұхбат 8 ақпан күні алынды. “БІЗДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ДҰРЫС БІЛМЕЙДІ” Азаттық: Сұхбатымызды Балтық елдері мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасы

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

  • Жер сілкінді, ал санамыз сілкіне ме?

    Бірінші, Алматы жер сілкініс белдеуі аймағына жатады, ол ғылымда әлдеқашан дәлелденген, оған құмалақ ашып жаңалық айтудың керегі жоқ. Орталық Азияның қауіпті сілкініс белдеуінің бір жолағы Қазақстанның біраз аймағын қамтып жатыр. Жер кеше сілкінген, бүгін сілкінді, түптің түбінде ертең де сілкінеді және сілкіне береді. Жер- күнәнің көптігі үшін сілкінді деп аңыраған жұртқа құрғақ ақыл айтатын қаймана уағыз қай қоғамда болсын табылады, жер- атеист пен тәңіршілге “Аллаһты еске салды” дейтін міскін ой, асығыс тұспал қай жамағатта болсын табылады, бірақ табылмай тұрғаны ҒЫЛЫМ, мән берілмей тұрғаны да осы. Екінші, жерді кім сілкісе де мейлі, маңыздысы ол емес, онсыз да сілкініс белдеуінде тұрып жатырмыз, “ұйқыдағы” сілкініс пен жанар тау бізде онсыз да баршылық. Мәселе

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: