|  |  |  | 

Жаңалықтар Спорт Тұлғалар

ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ӨМІРІНІҢ СОҢЫ НЕГЕ ЖОҚШЫЛЫҚПЕН ӨТТІ?

 QajimuqanҚажымұқан ұлтымыздың ұлы перзенті, алып күш иесі, теңдесі жоқ кәсіпқой балуан болғанын күллі қазақ біледі. Күрес өнерінің майталманы болған ол – әлем чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақ батыры. Ресей, Түркия, мұхит асып, Америка, Араб елдерінде танымалдылығының артқаны соншалық, онымен жекпе-жек шығуға өзге елдің балуандары жүрексінген. Әлемнің 28 мемлекетін аралап, сол жерлердің мықтыларымен белдесіп, қоржынына 56 медаль салған. 

   Бірақ бұл жерде айта кететін жайт, қазақ балуанының күрестегі жетістіктерін білгенімізбен, өмірінде жасаған нағыз жігіттік істері мен қиыншылық кезеңдері айтыла бермейді.

   Қажымұқан байлық, дүние көзін жинамаған, қолындағы барын кедей-кепшікке үлестіріп жүрген екен. Жасы 70 шамасында болса да бойында қара күштің селі бар еді дейді көзін көрген қариялар. Майданға аттануға өтініш білдіргенмен, егде жастасың деп қабылдамай қояды. Тіпті Ұлы Отан соғысы жылдары ел аралап, өнер көрсетіп, жиналған ақшаға ұшақ сатып алып, қазақ атымен атауын өтініп, Сталинге хат жазады. Бұл мақсаты орындалды да.

  Алайда, Қажымұқан қазақтың маңдайына сыймады. Қазақ балуаны қартайған шағында көп жоқшылық, таршылық көрген деседі. Қалайша? Кезінде дүркіреген атын тез ұмытқандары ма? Немесе 70-тен асқан шағында пайдасы жоқ қария деп ешкімге керек болмай қалғаны ма? Ккөзі тірісінде Үкіметтен қайыр болмаған, батырды еш елемеген. Кішкентай балаларымен ескірген кішкентай лашық үйде тұрған екен. Неліктен соншалықты сорланып қалды екен деген сұрақ туындайды. Тіпті, балуан кезінде жеңіске жетіп, еңбегімен алған алтын медальдарының барлығын күн көру үшін сатуға мәжбүр болған. 

   Бұған Үкіметтен қаражат сұрап жазған хаты дәлел: «Мен өмірімнің 55 жылын күреске арнадым. Талай рет өлім аузында болдым. Америкадан өзге шетелдердің бәрін де араладым. Қазір жасым 75-те. Менің қазіргі тұрмыс жағдайым нашар» деп өз қолымен 1945 жылдың 26 маусымы күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Төрағасы Әбсәмет Қазақбаевқа хат жазған.Qajimuqan Munapas

   Бір жұтым су мен қара нанға зарығып отырған жайым бар, зейнетақы тағайындап бер деп өтінгенгенімен, оған жауап келмейді. Осылайша, 1948 жылы қазақ балуаны назалы күймен дүниеден озды. «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» деп бекер айтылмаған. Бұл мақаламен ешкімге кінә тақпаймыз. Әрине, қазақ бар кезде Қажымұқан есімі ұмытылмасы анық. Айтпағымыз, тырнақ астынан кір іздей бергенше, бүгінгі кезде жарқ етіп шығып жатқан өнерлі жігіттерімізді, балуандарымызды, спортшыларымызды қадірлей білсек деген ой ғана…  

Гүлниса Алдажар 

Kazakh-tv.kz

Related Articles

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • ТӘҢІРІ ҚАЛАУЫ ТҮСКЕН ЖАН

    Мандоки Қоңырдың туғанына 80 жыл толуына орай «Тәңірі мені таңдады»  Мұхтар Мағауин Мандоки Қоңыр Иштван – отаны Мажарстан ғана емес, күллі түркі дүниесі қастерлейтін ұлық есімдер қатарындағы көрнекті тұлға. Шыңғыс жорығы тұсында Карпат қойнауындағы мадиярлар арасынан пана тапқан құман-қыпшақ жұртының тумасы Мандоки Қоңыр оннан аса тілді еркін меңгерген, бұған қоса зерттеушілік қарымы ерен, Тұран халықтарының фольклорлық-дүниетанымдық санасын бойына дарытқан ғалым. Ол түркология ғылымымен дендеп айналысып қана қоймай, ХХ ғасырдың төртінші ширегінде Шығыс пен Батыс­тың арасында алтын көпірге айналды, миллиондардың ықылас алқауына бөленді. Яки ол халықтар арасын жақындас­тырған мәмілегер, озықтарға ой салған көреген еді. Замана алға жылжыған сайын мерейтой иелері туралы айтылатын жайттар естелік пен өткен шақ еншісіне көшеді. Көзі тірі

  • Нұралы батырдың кесенесі  жөнінде

    Кейінгі кезде Нұралы батырдың кесенесі жөнінде әртүрлі әңгімелер шығып жүрген көрінеді. Оның бірі Моңғолиядан келген бір туысқанымыз басқа бір белгілі жерлесіміздің Нұралы батырдың зираты деп кигіз үй сияқты саман кірпіштен қаланған  әдемі зираттың жанына барып құран оқығанына куә болғанын келтіріпті. Ол жігіттің  көргені де, айтып отырғаны да шыңдық. Өйткені 1982 жылға дейін елдің көпшілігі, оның ішінде  мен де солай  ойладым. Әңгіме түсінікті болу үшін мен сол кездегі оқиғадан бастап баяндайын. Мен 1961 жылы Семейдің  мал дәрігерлік институтын бітіріп келдім. Мені  сол кездегі  С.М. Киров атындағы  колхозға мал дәрігері етіп жіберді. 1962 жылы бұл колхоз «Горный» совхозына айналды. Біз бала кезімізден: «Нұралы атамыздың зираты С.М Киров атындағы колхоздың жерінде орналасқан,   Бабамыз батыр болған кісі, ал оның жанындағы қабырдың  ұзындығы жеті кез, біздің  бабамыздан  да  асқан

  • Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болды

    Алматы көшелерінде тұрған адамдар. 24 қаңтар 2024 жыл. 23 қаңтар сағат 00.09-да Алматыда қатты жер сілкінді. Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан 264 шақырымда, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған. Жер дүмпуінің магнитудасы 6,7. МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда жер дүмпуі – 5 балл, Шымкентте 2 балл болған. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев адам шығыны мен қираған ғимараттар жайлы ақпарат түспегенін мәлімдеді. ТЖД халықты лифт қолданбауға, тез арада үйлерінен шығып, қауіпсіз аймақ табуға, газ, су және жарықты сөндіруге шақырды. Ведомство халықты сабыр сақтауға үндеді. Ал сағат 00:44-те Алматыда жүр дүмпуі қайталанғаны, екінші жер сілкінісі шамамен 2-3 балл болғаны

  • Алыстағы ағайынның Атамекенге оралу жолын тұңғыш ашқан қазақтың қаһарман қызы

    Ол кім дейсіз ғой, турасын айтсам ол Сағат Зақанқызы. Тоқсаныншы жылдардағы алғашқы көш Моңғолия қазақтартарынан басталған. Сол көшті алғаш бастаған адам Сағат Зақанқызы. Бұған ешкімнің дауы жоқ. Жарғақ құлағы жасттыққа тимей, сонау қиын-қыстау заманында алыстағы ағайындардың жолын ашқан осы адамды қазақтың қаһарман қызы атауымыздың өзіндік себебі бар. “Көш басшысымен көрікті”  “Көргені жақсы көш бастар”  дейді атам қазақ.   Осы екі ауыз сөздің астарына үңіліп қарасақ, онда, үлкен мән мағына бар екеніне көз жеткіземіз.       Бұрынғы ауыл көшінің өзінде, көш басшылары төрт түлік малдың өрісінің жағдайына қарай, әр мезгілдегі ауарайының өзгерісіне сай, көшіп қонуда бір басына жетіп артылар  үлкен жауапкершілік  жүктесе, Моңғолияда тұратын қандастарымыздың бір жарым ғасыр ғұмыр кешкен ел жерінен ,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: