|  |  | 

Мәдениет Руханият

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫН САҚТАҒАН, БАЯН-ӨЛГЕЙІММЕН МАҚТАНАМ

Nuriz Bioee

«Әр қазақ менің жалғызым» – деп ақын Садыр Адай айтқандай, бұл күндері әлемнің 50-ге жуық елдерінде қазақтар өмір сүреді. Соның ішінде өзінің ұлттық құндылықтарын көзінің қарашығындай сақтап, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін жоймай келген, аз болса да көпке үлгі болған өр рухты – Моңғолия қазақтары.

Моңғолия қазақтарының басым бөлігі шоғырланған Баян-Өлгей аймағында қазір 100 мыңнан астам қандастарымыз өмір сүреді. Қазақи әдет-ғұрыпы мен дәстүрін сақтаған баян-өлгейліктер әрқашан біздің мақтанышымыз. Ұлттық мереке Наурыз мейрамын да қандастарымыз салтанатты түрде тойлайды. Биылғы Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамына орай Баян-Өлгей аймағының орталық алаңында 1000 домбырашы бүлдіршін қатар тұрып күй тартқаны туралы бейнебаянды қандас бауырымыз зерттеуші, журналис Шынарбек Сейітханұлы өзінің (Seytkhan Shinarbek) ғаламтор парақшасына жариялаған болатын.

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» дегендейін 1000 бүлдіршіннің қатар тұрып, бірдей күй тартқаны тарихи оқиға болуымен қатар, күллі қазақтың рухын көтеріп, интернет желілерінде қызу талқыға түсіп, қандас бауырымыз жариялаған бейнебаянды 1 күннің ішінде 30 мыңнан астам адам көріп үлгерді. Ұлттық салт-дәстүрін ұлықтап жүрген қандас бауырларға алғыс білдіреміз.

Қазақтың қара домбырасының шанағынан төгілген күйлер әр шаңырақта көптеп естілсін!

https://www.facebook.com/seytkhan.shinarbek/videos/1292230327563016/                                                                                                                                                 kerey.kz

Related Articles

  • …ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз.

    Әлеуметтік желіде осы отандасымызды қызу талқылап жатыр екен. Көбі сын айтып жатыр. Видео жазбаның толық нұсқасы жоқ, пікір-талас тудырған бөлігі ғана тарап жатыр екен. Соған байланысты өз ойымды айта кетпекшімін: Бірінші, отандасымыздың видеосы, фотосы әлеуметтік желіде желдей есіп тарап жатыр. Ол азаматтың (азаматшаның) жеке құпиясы саналатын фотосы, видео жазбасы кімнің рұқсатымен тарап жатыр екен? Өз басым осы постты жазу үшін ол азаматтың (азаматшаның) видеодағы бейнесін қара бояумен өшіріп тастауды жөн көрдім. Және рұқсатынсыз фото бейнесін жеке парақшама салғаным үшін одан кешірім сұраймын. Діни ұстанымы, ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз. Екінші, отандасымыздың діни ұстанымына байланысты айтқан сөздері қоғамда қатты пікір тудырған екен. Тіпті оны “ұлт дұшпаны”

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

  • ТӘҢІРІ ҚАЛАУЫ ТҮСКЕН ЖАН

    Мандоки Қоңырдың туғанына 80 жыл толуына орай «Тәңірі мені таңдады»  Мұхтар Мағауин Мандоки Қоңыр Иштван – отаны Мажарстан ғана емес, күллі түркі дүниесі қастерлейтін ұлық есімдер қатарындағы көрнекті тұлға. Шыңғыс жорығы тұсында Карпат қойнауындағы мадиярлар арасынан пана тапқан құман-қыпшақ жұртының тумасы Мандоки Қоңыр оннан аса тілді еркін меңгерген, бұған қоса зерттеушілік қарымы ерен, Тұран халықтарының фольклорлық-дүниетанымдық санасын бойына дарытқан ғалым. Ол түркология ғылымымен дендеп айналысып қана қоймай, ХХ ғасырдың төртінші ширегінде Шығыс пен Батыс­тың арасында алтын көпірге айналды, миллиондардың ықылас алқауына бөленді. Яки ол халықтар арасын жақындас­тырған мәмілегер, озықтарға ой салған көреген еді. Замана алға жылжыған сайын мерейтой иелері туралы айтылатын жайттар естелік пен өткен шақ еншісіне көшеді. Көзі тірі

  • ҮЛКЕН МЫРЗА…….

    Мұса Шорманұлы (1818-1884) – Баянауыл аға сұлтаны, меценат, ағартушы. Ол жайлы Г.Н.Потанин: “Мұса Шорманұлы – Шоқанның туыс ағасы, ол даладағы өте беделді адам еді, дала басшыларының құрметіне ие болды, орыс полковнигі деген шен алған. Біраз жылдай Омбыда тұрды, екі рет Петерборға барған, жалпы айтқанда қазақтың нағыз еуропаланған тұлғасы” деп жазды. Біржан сал: “Қазақта бір құтым бар Мұса Шорман, Үзілмей келе жатыр ескі қордан” десе, Мәшһүр Жүсіп: “Бес жаста “бісмілла” айтып жаздым хатты, Бұл дүние жастай маған тиді қатты. Сегізден тоғызға аяқ басқан кезде, Мұса еді қосақтаған Мәшһүр атты” деп жырлаған. Мұсаны Баянауыл орыстары “Большой господин”, ауыл қазақтары “Мұса мырза” деп атаған. Өз қаржысына Баянауылда мешіт, медресе салдырады. Інісі Исамен бірге

  • Ninety One тобы ЮНИСЕФ-тің ізгі ниет елшілері атанды

    Азаттық радиосы Ninety One тобының мүшелері мен ЮНИСЕФ өкілдері баспасөз мәслихатында. Алматы, 16 мамыр, 2023 жыл. Q-pop жанрында ән салатын Ninety One тобы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы ізгі ниет елшілері атанды. Бүгін, 16 мамырда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен топ мүшелеріне осындай сертификат тапсырды. Топ мүшелері қормен бірге балалар құқығын қорғауға күш салмақ. – Ninety One тобы ұсынысымызды қабыл алғаны – біз үшін үлкен мәртебе. Қазақстандағы балалардың ең өзекті мәселелеріне назар аудартуда топтың таланты мен танымалдығы өте маңызды рөл атқарады. Қазір бірлескен маңызды іс-шара бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жақында Ninety One тобын UNICEF Talks-та (жастар конференциясы – ред.) көретін боласыздар, – деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: