|  |  | 

Жаңалықтар Әлеумет

Ресейге көшушілер «баяу да болса көбейіп барады»

Теміржолдағы «Россия» жазуы. (Көрнекі сурет)

Теміржолдағы «Россия» жазуы. (Көрнекі сурет)

Ресей ішкі істер министрлігі сайтындағы дерекке сәйкес, 2016 жылы Қазақстаннан кеткен 37 837 адам Ресей азаматтығын алған. Бұл деректерді наурыздың 30-ы күні Астанада «Еуразия мониторингі» сараптамалық зерттеулер орталығында өткен кездесуде «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер ғылыми-зерттеу орталығы директоры, тарих ғылымы докторы, профессор Зиябек Қабылдинов пен «Сібір-Еуразия» сарапшылар клубы жариялады. Оның сөзінше, 2015 жылы Қазақстаннан Ресейге шамамен 32 мың адам кеткен, олардың негізгі бөлігі – этникалық орыстар немесе орыс тілді халық.

НЕГЕ КЕТЕДІ?

Орыс тілді азаматтардың Қазақстанда қалғысы келмеуінің көп себептері бар екені айтылып жүр. Тарих ғылымы докторы Зиябек Қабылдинов ең әуелгі себеп ретінде «Ресейдің отандастарын өз территориясына көшіруге арналған бағдарламасын» атайды. Оның пікірінше, бұл бағдарлама жақсы жұмыс істейді, ол «Қазақстандағы оралмандарды көшіріп әкелу бағдарламасынан әлдеқайда жақсы». Оның айтуынша, 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғаларынан кейін Қазақстан этникалық қазақтарды тарихи отанына қарқынды көшіруді тоқтатқан.

- Қазір 2017 жыл, бірақ этникалық қазақтарды көшіру механизмі әлі түсініксіз. Бұл жағынан Ресей Федерациясының варианты жақсы. Оларда аса жетілдірілмеген болса да, бірінші, екінші, үшінші аймақтарға көшіріп,жұмысқа орналастыру, жол шығынын, мүлкін төлеп беру қарастырылған бағдарлама бар әрі ол жұмыс істеп тұр, – дейді Зиябек Қабылдинов.

Қазақстан президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Айгүл Көшербаева мен «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер ғылыми-зерттеу орталығы директоры Зиябек Қабылдинов. Астана, 30 наурыз 2017 жыл.

Қазақстан президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Айгүл Көшербаева мен «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер ғылыми-зерттеу орталығы директоры Зиябек Қабылдинов. Астана, 30 наурыз 2017 жыл.

 

Бірақ Ресей президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы мен мемлекеттік қызмет академиясының филиалы – Сібір басқару институтының ғылыми-ұйымдастыру бөлімі бастығы, саяси ғылым кандидаты Елена Шевцованың пікірінше, «Ресейдің отандастарды көшіруге арналған әлгі бағдарламасында кемшіліктер жетеді. Мысалы, қоныс аударушыларды шақыратын Сібірде жалақы мардымсыз, сондықтан адамдар елдің өзге аймақтарынан жұмыс іздеуге мәжбүр».

Бұған қоса, Зиябек Қабылдинов Ресейде зейнет демалысына ерте шығу тәртібі сақталғанын, ал Қазақстанда ер адамдар 63 жасында, ал әйелдер қазір 58 жасында шығатынын, бірақ ол біртіндеп ұлғайып, 60 жасқа дейін жететінін де айтады.

Эмиграцияға кеткен қазақстандықтар үшін «Ана капиталы» деген бағдарлама да көшуге түрткі факторға айналған. Биыл Ресейде бұл сома 453 026 рубльді (сегіз мың долларға жуық) құрайды. Қазақстанда мұндай ақша бермейді. Бұдан бөлек, профессордың сөзінше, көрші ел коммуналдық қызмет ақысын төлеуге көмектесу, ауылдық жерлерде отын, көмір түсіріп беру сияқты түрлі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді де жалғастырып отыр.

Мамандар көшуге түрткі болатын себептердің бірі ретінде 2019 жылы Қазақстан мектептерінде пәндерді үш тілде оқыту бағдарламасын енгізуді де атайды. Сол кезден бастап биология, химия, информатика сияқты пәндерді ағылшын тілінде, ал орыс мектептерінде Қазақстан тарихын қазақ тілінде оқыту жоспарланған. IQ-Expert.ru порталының жауапты редакторы Ольга Казанцева:

- Көшуді жоспарламаған көп адам қазір тек осы факторға ғана сүйеніп, көшу жайлы ойланып әрі әрекет етіп жатыр, – дейді.

Тарих ғылымы докторы Зиябек Қабылдиновтің пікірінше, таяу жылдары орыс тілді азаматтардың көшуі «үдей түседі».

- Ресейге қоныс аударуға Украинадағы оқиғалар да мәжбүрлеп отыр. Қырымға байланысты жағдай қаласақ та, қаламасақ та болды, оны аннексия деп атасаң да, ерікті түрде қосылу референдумы деп атасаң да бәрібір, бірақ жағдай осылай болды, ал оның зардабы постсоветтік республикалардың территориясында тұратын орыс тілді халыққа жанама түрде тиіп жатыр, – дейді Зиябек Қабылдинов.

Оның сөзінше, Ресейге кету себептерінің тағы бірі – Батыс елдері салған санкцияларға қарамастан, жақсы жұмыс табу мүмкіндігі. Қабылдиновтің дерегінше, ол жақта Ресей төлқұжатын үш ай ішінде алуға болады. Оның пікірінше, адамдар Қазақстаннан коррупцияның кесірінен де кетіп жатыр, соның кесірінен елде қалғысы келмейтіндер көп.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘРЕКЕТІ

Қазақстан президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры, экономика ғылымдарының докторы Айгүл Көшербаева азаматтардың Қазақстаннан кетуі адам капиталы сапасына әсер етеді деп санайды. Оның пікірінше, эмиграцияға кетуге түрткі болатын факторлардың әсерін әлдебір амалмен әлсірету қажет.

Мұның бәрінің негізгі себебі бар, ол – тұрмыс сапасы. Ресеймен шекаралас аймақтар қазір тұрмыс сапасын жақсарту саясатына үміт артып отыр.

- Мұның бәрінің негізгі себебі бар, ол – тұрмыс сапасы. Ресеймен шекаралас аймақтар қазір тұрмыс сапасын жақсарту саясатына үміт артып отыр. Қазақстанда урбанизация саясатына байланысты, «Мәңгілік ел» тұжырымдамасы аясында әлдебір шаралар істеліп жатыр. Бізде көшуге итермелейтін факторлар ғана бар деуге болмайды, бұдан өзге осы саясатқа, яғни білікті мамандардың көптеп кетуіне тосқауыл қоюға тырысатын ішкі шаралар да бар, – дейді Айгүл Көшербаева.

«КӘСІПҚОЙЛАРДЫ ІЗДЕП БАРАДЫ»

26 жастағы қазақстандық Армен Степанян – екінші жоғары білім алу үшін Мәскеуге кеткен жастардың бірі. Зерттеушілер оның жағдайын оқу іздеп, Ресейді қолайлы көріп кеткендер санатына жатқызар еді. Бақылаушылар дерегінше, қазір Ресейге көбінесе жастар, одан кейін аға буын өкілдері кетіп жатыр.

- Қазір Ресей жоғары оқу орындары мен олардың Қазақстандағы филиалдарында Қазақстанның 69 мыңдай азаматы оқып жатыр. Бұл өте көп, ал ол жаққа оқуға түсу әлдеқайда қиын, бірақ Ресейде сапасы жақсырақ білім алу үшін жастардың көбі тіпті ақылы негізде болсын, оқуға түседі, – дейді тарих ғылымы докторы Зиябек Қабылдинов.

Армен Степанянның BBDO (жарнама желісі тобы) жанындағы коммуникация академиясында музыкалық видео режисері мамандығын оқығанына жарты жыл болған. Бір жылдың оқу ақысы – 225 мың рубль (төрт мың доллар шамасында). Степанянның бірінші жоғарғы білімі мұнай өндіру саласымен байланысты. Ол Тюмень мемлекеттік мұнай-газ университетін бітірген. Студенттің айтуынша, қазір оқып жүрген мектебіне жақсы пікірлердің әсерімен түскен, бірақ шеберханадағы оқу деңгейі оның күткенінен әлдеқайда әлсіз болып шыққан.

Армен Степанян.

Армен Степанян.

 

- Қазақстанда ондай оқудың баламасы болмады, өйткені бізде кино саласы мамандарын даярлайтын бар-жоғы екі ЖОО бар әрі екеуі де әлсіз. Тіпті бізде баламасы болса да, ол жаққа тәжірибе алмасу үшін кетер едім. Болашақ жұмысым шығармашылықпен байланысты. Егер түбінде менен жақсы кәсіп иесі шығып жатса, әлемді шарламақпын. Роллан Сейсенбаевтың «Желтоқсан күндері» деген шығармасы бойынша фильм түсірсем деп армандаймын. Мен үшін туған жердің орны бөлек, сондықтан оның кәдесіне жарауға тырысамын, өйткені ол жақтағы адамдар, халық мені жақсы көрді, нанымен бөлісіп, үнемі ақ пейілін көрсетті ғой. Оларға деген ризашылығымды пайдамды тигізу арқылы білдіргім келеді, – дейді Армен Степанян.

Жас жігіт астаналық өзге студенттермен де араласып тұрады екен. Оның айтуынша, ол үшін «Ресейде қалудын әлдебір пайдасы немесе перспективасы жоқ, өйткені Ресей де проблемаларының симптомтары бірдей постсоветтік ел».

- Жұрт Ресейге де, Мәскеуге де емес, Мәскеуде өте көп тұратын білікті, есімі әлемге танылған нақты кәсіпқойларды іздеп барады. Ресейге көшкендердің көбі мемлекеттегі, тілге қатысты өзгерістерді сезінген славяндар шығар. Бұл жағынан алғанда, олар өздерінің тарихи отанына, оның мәдениеті мен тіліне оралып жатыр деп ойлаймын, ал бұл – еврейлер немесе армяндардың эмигранттық легі сияқты табиғи процесс, – дейді Армен Степанян.

Оның сөзінше, Семейде тұратын әке-шешесі ешқайда кетуді жоспарламайды.

Related Articles

  • Алматыда аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы: күдікті ұсталды

    видео кадры Қазнетте аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz . Видеода белгісіз адам жігітке бірнеше соққы жасайды. Диалогтан жәбірленушінің қандай да бір қаржылық қарызы бар екені белгілі болады. Кадр сыртындағы дауыс оның басынан ұрмауды сұрайды. Скриншот Алматы полициясы күдіктілерді ұстады. “Зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Жер сілкінді, ал санамыз сілкіне ме?

    Бірінші, Алматы жер сілкініс белдеуі аймағына жатады, ол ғылымда әлдеқашан дәлелденген, оған құмалақ ашып жаңалық айтудың керегі жоқ. Орталық Азияның қауіпті сілкініс белдеуінің бір жолағы Қазақстанның біраз аймағын қамтып жатыр. Жер кеше сілкінген, бүгін сілкінді, түптің түбінде ертең де сілкінеді және сілкіне береді. Жер- күнәнің көптігі үшін сілкінді деп аңыраған жұртқа құрғақ ақыл айтатын қаймана уағыз қай қоғамда болсын табылады, жер- атеист пен тәңіршілге “Аллаһты еске салды” дейтін міскін ой, асығыс тұспал қай жамағатта болсын табылады, бірақ табылмай тұрғаны ҒЫЛЫМ, мән берілмей тұрғаны да осы. Екінші, жерді кім сілкісе де мейлі, маңыздысы ол емес, онсыз да сілкініс белдеуінде тұрып жатырмыз, “ұйқыдағы” сілкініс пен жанар тау бізде онсыз да баршылық. Мәселе

  • Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болды

    Алматы көшелерінде тұрған адамдар. 24 қаңтар 2024 жыл. 23 қаңтар сағат 00.09-да Алматыда қатты жер сілкінді. Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан 264 шақырымда, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған. Жер дүмпуінің магнитудасы 6,7. МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда жер дүмпуі – 5 балл, Шымкентте 2 балл болған. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев адам шығыны мен қираған ғимараттар жайлы ақпарат түспегенін мәлімдеді. ТЖД халықты лифт қолданбауға, тез арада үйлерінен шығып, қауіпсіз аймақ табуға, газ, су және жарықты сөндіруге шақырды. Ведомство халықты сабыр сақтауға үндеді. Ал сағат 00:44-те Алматыда жүр дүмпуі қайталанғаны, екінші жер сілкінісі шамамен 2-3 балл болғаны

  • “Жеңіліс ауыр тиді”. Қазақстан Еуро-2024 додасына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ әлі бір мүмкіндігі бар

    Словения-Қазақстан матчы. Любляна, 20 қараша, 2023 жыл Футболдан Қазақстан құрамасы Люблянада Словения құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп, 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ Қазақстан келесі жылы наурызда Еуро-2024 додасына лицензия алуға тағы бір рет талпынып көрмек. Словениядағы ойын қалай өтті? Қазақстан құрамасының бас бапкері жеңіліс жайлы не деді? Люблянадағы матчқа барған Азаттық тілшісінің репортажы. МАТЧ ҚАЛАЙ ӨТТІ? Ойын бастала сала Словения құрамасы шабуылға көшіп, матчтағы басымдықты өз қолына алуға тырысты. Матчтың 26-минутына дейін Словения ойыншылары Қазақстан қақпасына төрт рет қауіпті соққы жасап үлгерді. Ойынның 40-минутында қазақстандық қорғаушы Ян Вороговский Петар Стояновичті қақпа маңында шалып шығып, польшалық төреші Шимон Марчиняк Қазақстан қақпасына пенальти белгіледі. Бұл 11-метрлік пенальтиден

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: