|  |  | 

Тарих Тұлғалар

НӘЗИПА ҚҰЛЖАНОВА- АЛАШТЫҢ  ҚАЙРАТКЕР ҚЫЗЫ

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ

Изображение 2173

Нәзипа Құлжанова ХХ -ғасырдың бас кезінен бастап қазақтың білім саласының, қазақ журналистикасының,этнография ғылымының, сондай ақ, мәдениеті мен әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан қоғам қайраткері. Н.Құлжанова сонымен бірге Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы туралы 1917- жылы Семей қаласында өткен сиезге қатысып, оның қызметтеріне белсене араласқан, Алаш орда партиясының Семей қаласындағы бөлімшесінің төралқа мүшесі болған  Алаштың қайраткер қызы.

Нәзипа Құлжанованың алғашқы тегі Сегізбаева.  1902-жылы ол Қостанай орыс қазақ гимназиясын бітіріп, сол жылы Торғайдағы екі жылдық орыс қазақ училищесінің мұғалімінің көмекшісі қызметін атқарған. Одан кейін Орынбордың екі жылдық мұғалімдер мектебін аяқтаған.  Осы кезде Нәзипа Орынбор мұғалімдер мектебін бітіріп, қызмет істеп жүрген жерлесі, ағайыны Нұрғали Құлжановқа кездеседі. Екеуінің көңілдері жарасып, қосылғаннан кейін, олар 1905-жылы Семей қаласына келіп, екеуі де осы Семей қаласындағы семинарияда сабақ беріп, ұстаздық жасаған.

Екі жас осы кезде қазақтың салт дәстүрі, мәдениеті туралы Орыс географиялық қоғамының вестнигіне мақалаларын жиі жазып тұрған. Осы еңбектері үшін Нәзипа Құлжанова мен Нұрғали Құлжанов Орыс географиялық қоғамына мүше болып қабылданған. Нәзипа Құлжанованың түрлі мәдени шаралар ұйымдастырып, еңбегімен Семейде атағы шыққаны осы кез. Семейдегі оқыған қазақ жастарының

Нәзипа Құлжановадан тәлім алып, оның маңына үйіріле бастағаны осы кез. 1910-жылы Ахмет Байтұрсыновтың «Абай Құнанбаев қазақтың бас ақыны»мақаласы  шыққаннан кейін, Абайды қазақ оқи бастаған уақыт еді.

1914-жылы Абай Құнанбаевтың қайтыс болғанының он жылдығына орай, Нәзипа Құлжанова Семей қаласында үлкен мәдени, әдеби кеш өткізеді. Жастар Абайдың өлеңдерін оқып, әндерін орындаған. Содан кейін Нәзипа Құлжанованың ұйымдастыруымен сол кездегі ең жас жазушы Мұхтар Әуезовтың «Еңілік Кебек» пьесасын сахналаған. Ондағы рөлдерді ойнауға М.Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Қ.Сәтпаев, және басқа да сол  Семейдегі өнерпаз жастар қатысқан. Н.Құлжанованың үлкен энтуазизммен ұйымдастырған А.Құнанбаевқа арнаған осы мәдени шарасы осы күнге дейін аңыз болып айтылады.  Н.Құлжанова 1915- 1919-жылдары да осы Семей қаласында Абай шығармашылығына арнап әдеби кештер өткізген. Осы кезеңдерде Семейде даңқы шығып тұрған Н.Құлжановаға А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, С.Сейфуллин өлең арнап жазған. Сол кездері атағы шығып жүрген жас ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров Н.Құлжановаға арнаған өлеңінде:

«…Неше күнде қыдырсаң да таба алмайсың,

Семейде одан өтер адал жанын…» деген жолдар бар еді. Ақын бұл өлеңінде Н.Құлжанованың адами тұлғасын бейнелегені көрініп тұр ғой.

А.Байтұрсынов 1910-жылдары жергілікті өкімет қудалап жүргенде Нәзипа қарындасына арнап жазған өлеңінде:

«Рахатсыз өтсе де өмір жасым,

Бұл жөнімнен құдайым айырмасын.

Ұзақ жолға ниет қып бір шыққасын,

Жарым жолда қайтпаспын, қарындасым!…» деп мұңын шаққаны бар еді.

Н.Құлжанованың домбырамен ән айтатын өнері де болған. Ол Семейге қазақ халқының әндерін жинаушы А.Затаеевичь келгенде оған қазақтың  «Ғайни ау, сәулем», «Қадыр зары» аты әндерін нотаға түсірткен.

Нәзипа Құлжанова қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш журналист. Ол сонау 1913-жылдан бері «Қазақ» газетіне әйелдер теңдігі және басқа да елдік мәселелерге мақаларды жиі жазып тұрған.  1922-жылы жаңа іргесі қаланған «Еңбекші қазақ» газетінің редакциялық коллегиясының мүшесі болған. Н.Құлжанованың Қазақ автономиясы кезінде шыққан барлық газет журналдарда мақалалары ғана емес, әдеби еңбектері, оның ішінде аудармалары да жарияланып тұрған. Н.Құлжанова Л.Толстойдың, В.Короленьконың, М.Горкийдің шығармаларын аударып, қазақ оқырмандарына таныстырған.

1920-жылы Қазақ автономиясы құрылғаннан бастап, ондағы Халық ағарту комиссариатының  оқулықтар жөніндегі комиссиясының мүшесі қызметін атқарған. Н.Құлжанованың бала тәрбиесіне қатысты бірнеше методикалық оқулықтары осы кезде баспадан басылып шықты. Н.Құлжанованың осы саладағы еңбектері әлі де бала тәрбиесінде пайдалануға болатын құнды еңбектер.

Нәзипа Құлжанованың өмірі, оның түрлі саладағы еңбектері тәуелсіздік алғаннан кейін нақты зерттеліп, жазыла бастады. Осы 2000-жылдарға дейін Нәзипа Құлжанованың өмірін, шығармашылығын, мемлекеттік және қоғамдық деңгейде атқарған қызметтерін біршама зерделеген, әрі бірнеше мақалалар жазып насихаттаған кісінің бірі -арқалықтық Мұратқали Камалов еді. Мұратқали Н.Құлжанованың жақын туысы болатын. Әрі Нәзипа мен Нұрғали Құлжановтың өмірін бүге шігесіне дейін білетін адам еді. Мұкең қатарынан екі үш жыл қала әкіміне қайта қайта кіріп жүріп, Арқалық педагогика училищесіне Нәзипа Құлжанованың есімін бергізді. Сол училищенің өзінде Нәзипа Құлжанова мен Нұрғали Құлжановқа арналған шағын мұражай бар. Оғанда біраз құжаттар жинап берген Мұратқали Камалов болатын

Алашорда қозғалысының қайраткері, қазақтың тұңғыш журналисі,этнограф, аудармашы, ұлықты ұстазы Нәзипа Құлжанованың өмірі мен артында қалған мол мұрасы бүгінде жас ұрпаққа өнеге болып тұр.

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ,жазушы, тарихшы                                                                                                                                                                                           kerey.kz

Related Articles

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

  • Шағын сараптама:Шыңжаң өлкелік үкіметі, шетелге оқушы жіберу жұмысы

    Шағын сараптама 1934-35 жылы жаңа Шыңжаң өлкелік үкіметі құрылған соң шетелден оқу, шетелге оқушы жіберу жұмысы кешенді жүзеге асты. Соның негізінде өлкелік үкімет Совет Одағынан оқитын жас талапкерлерге конкурс жариялап арнайы үкіметтің оқу стипендиясын бөлді, нәтижесінде 1935-39 жылдары ұзын саны 300-ге тарта студент Совет Одағында білім алды. 1935 жылдары Шығыс Түркістандық студенттердің ең көп оқуға түскен білім ордасы- Ташкендегі САГУ еді, атап айтқанда Орталық Азия Мемлекеттік Университеті. Ташкеннен оқыған Шыңжаңдық студенттер Шығыс Түркістанның барлық аймақтарында түрлі қызметте жұмыс істеді, оларды кейін “Ташкентшілдер” деп те атады. 1939 жылдан кейін Мәскеу мен Шыңжаң өлкелік үкіметтің арасы дипломатиялық дағдарысқа ұшырады, соның кесірінен ресми Үрімжі Совет Одағы құрамындағы студент азаматтарды елге шақыртып алды. Білім

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: