|  | 

Тұлғалар

ҚАРЖАУБАЙ САРТҚОЖАҰЛЫ 70 ЖАСТА!

Karzhaubay-gazetke--1000x700

Қаржаубай Сартқожаұлы-Қазақстан мен әлемдік түркологияда айырықша орны бар тұлға. Оның ғылымдағы басты жетістіктері мыналар:
1- Ғылымда алғаш рет көне түркі ескерткіштерін кешенді түрде зерттеді. Атап айтқанда, ескерткіштердің археологиялық сипаттамасы, сақталу сақталу жағдайы, жазылуы мен оқылу тарихы, тілдік ерекшеліктері, жазу тағбасы және олардың қолданылуы, сөздік қоры секілді мәселелерді жүйелі қарастырды;
2- Көне түркі ескерткіштері мәтіндерінің бұрын да түрлі атлас-альбомдарда, монографияларда, хрестоматиялар мен академиялық басылымдарда жарияланған нұсқаларының болуына қарамастан, аталған мәтіндерді өз көзімен көріп, қолымен сипай отырып, заманауи технологиялардың көмегімен қайта бастан көшіріп, транскрипциялап, аудармасын жасап шықты;
3- Көне түркі ескерткіштерін алғаш ашып, ғылым әлеміне белгілі еткен В. Томсен, В.В. Радлов, С.Е. Малов сынды ғалымдардың зерттеулеріне сын көзбен қарап, олар тарапынан орныққан тұжырымдардан 500-ден астам қатені тауып шықты. Бұл қателердің көбі мәтіннің транскрипциясына, аудармасына және түсіндірмесіне қатысты болды;
4- Көне түркі руникалық жазуының түп тегін, дамуын зерттей келе аталмыш жазудың түркілердің ата-бабасынан келе жатқан төл жазуы екенін дәлелдеп шықты және осы тақырыпта «Көне түркі жазуының генезисі» деп аталатын көлемді монография ұсынды;
5- Ғылымда Ұйғыр қағанаты деген атпен орныққан Біріккен түркі қағанатының руникалық ескерткіштері туралы біріыңғай зерттеу жасап, Елетміш Білге қағанның үш бірдей ескерткішіне текстологиялық сараптама жасап, қағанаттың саяси тарихын, оның іргесін қалаушы Құтлық Көл Білге қағанның мемлекетті құруы мен дамытуы, қағанаттың билік жүйесі мен мемлекеттік құрылымы сынды басты түйіндерді жүйелі зерттеп, «Объединенный каганат тюрков» атты арнайы ғылыми зерттеу еңбегін (монография) дүниеге әкелді;
6- Көне түркі ескерткіштеріне арналған эпиграфикалық талдаулар мен жүйелі әдіснамалық ұстанымдарды ұсынған, байырғы түркілік киелі орындар мен оларға жасалған кең көлемді археологиялық сипаттауларды, көне түркілердің дүниетанымы мен олардың тарихын, мәңгітас мәтіндерін зерттеуді бір арнаға тоғыстырған екі томдық «Орхон мұралары» атты бірегей іргелі зерттеу еңбегін жариялады;
7- Қазақ және орыс тілдерінде «Орхон ескерткіштерінің атласы» (Атлас орхонских памятников) деп аталатын кең форматтағы екі бірдей ауқымды еңбегі жарық көрді;
8- 2013 жылы жаз айында жас түрколог Жантегін Қаржаубаймен (ұлы) бірлікте Орталық Моңғолиядан көне түркілердің жерлеу кешенін тапты және ол ЮНЕСКО-ның әлемдік тарихи мұралар тізімдігіне енгізілді.
ОСЫ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ АЯСЫНДА:
1- Қ. Сартқожаұлы Білге қаған кешеніне жасалған археологиялық зерттеу жұмыстары кезінде қазақтардағы қойдың басын кәделі асқа қосып тарту дәстүрі көне түріктерде болғанын, сол арқылы қазақтардың көне түріктердің тарихи, генетикалық және этникалық жалғасы екенін дәлелдеп шықты;
2- Көне түркі мәтініндегі «Umaj teg ögüm qatyn quutyŋa inim Kül-tigin er at boldy» деген сөйлемге этномәдени, этнопсихологиялық және лингвстикалық талдау жасап, археологиялық және тарихи деректерден дәйектер үсына келе, оның мағнасы « Ұмай текті анамның құтына (бағына) Күлтегін сүндеттелді» деген сөз екенін және сүндеттеу дәстүрінің исламияттан бұрын да түркі, парсы, араб-еврей халықтарында болғанын дәлелдеп берді;
3- Моңғол Алтайынан табылған көне музыкалық аспаптың қазақтың қара домбырасының түркілік дәуірдегі нұсқасы екенін зерттеп, дәлелдеп шықты және ол туралы халықаралық басылымдарда мақалалар жариялады;
4- Күлтегін мәтініндегі «Teŋri teg. Teŋride bolmys türük bilige qaɣan bu ödke olurtym» деген тіркестегі «Teŋri teg» сөзін бұрындары аударылып жүргендей «Тәңір спетті=Тәңір секілді» деп еменс, «Тәңір бір» деп аударылатынын, тұтас мәтіннің «Тәңір бір, Тәңірден жаратылған Түрік Білге-қаған бұл заманда [таққа] отырдым» деген мағна беретінін дәлелдеді;
5- Қ. Сартқожаұлы Екінші Түркі қағанатының құрушысы, көне түркі тарихында айырықша орны бар тарихи тұлға, Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Қапаған қағанның ағасы − Елтеріс Құтлық қағанның VIII ғасырда тастан сомдалған бас мүсінін (түп нұсқа) Қазақстанға жеткізді. Қазір бұл бас мүсін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас корпусындағы Күлтегін жайымында− жазу тарихының мұражайында тұр.

Жоғарыда келтірілгендер ғалым Қаржаубай Сартқожаұлының талай жылдарға созылған іргелі зерттеулерінің бір парасы ғана. Қаржекең мен үшін қадірлі аға әрі ұлағатты ұстаз. Оның кеңес беруімен және қолдап-қуаттауымен мен «Көне түркі ескерткіштеріндегі қытай жазбалары және олардың Отан тарихынан деректік әлеуеті» (古突厥碑铭汉文记载及其历史文献价值) деп аталатын докторлық диссертация жаздым әрі қорғадым.
Оның менің ғылымда өз жолымды табуыма сіңірген еңбегі мен ағалық ақыл-кеңесіне көптен-көп рахмет айта отырып, ғалым ағамызды алда келе жатқан 70 жылдық мерей тойымен шын жүректен құттықтаймын және ағамызға мол денсаулық, шығармашылық шабыт, отбасына бақыт, амандық-саулық тілеймін!!!

Тұрсынхан Зәкенұлы

Related Articles

  • ТӘҢІРІ ҚАЛАУЫ ТҮСКЕН ЖАН

    Мандоки Қоңырдың туғанына 80 жыл толуына орай «Тәңірі мені таңдады»  Мұхтар Мағауин Мандоки Қоңыр Иштван – отаны Мажарстан ғана емес, күллі түркі дүниесі қастерлейтін ұлық есімдер қатарындағы көрнекті тұлға. Шыңғыс жорығы тұсында Карпат қойнауындағы мадиярлар арасынан пана тапқан құман-қыпшақ жұртының тумасы Мандоки Қоңыр оннан аса тілді еркін меңгерген, бұған қоса зерттеушілік қарымы ерен, Тұран халықтарының фольклорлық-дүниетанымдық санасын бойына дарытқан ғалым. Ол түркология ғылымымен дендеп айналысып қана қоймай, ХХ ғасырдың төртінші ширегінде Шығыс пен Батыс­тың арасында алтын көпірге айналды, миллиондардың ықылас алқауына бөленді. Яки ол халықтар арасын жақындас­тырған мәмілегер, озықтарға ой салған көреген еді. Замана алға жылжыған сайын мерейтой иелері туралы айтылатын жайттар естелік пен өткен шақ еншісіне көшеді. Көзі тірі

  • Нұралы батырдың кесенесі  жөнінде

    Кейінгі кезде Нұралы батырдың кесенесі жөнінде әртүрлі әңгімелер шығып жүрген көрінеді. Оның бірі Моңғолиядан келген бір туысқанымыз басқа бір белгілі жерлесіміздің Нұралы батырдың зираты деп кигіз үй сияқты саман кірпіштен қаланған  әдемі зираттың жанына барып құран оқығанына куә болғанын келтіріпті. Ол жігіттің  көргені де, айтып отырғаны да шыңдық. Өйткені 1982 жылға дейін елдің көпшілігі, оның ішінде  мен де солай  ойладым. Әңгіме түсінікті болу үшін мен сол кездегі оқиғадан бастап баяндайын. Мен 1961 жылы Семейдің  мал дәрігерлік институтын бітіріп келдім. Мені  сол кездегі  С.М. Киров атындағы  колхозға мал дәрігері етіп жіберді. 1962 жылы бұл колхоз «Горный» совхозына айналды. Біз бала кезімізден: «Нұралы атамыздың зираты С.М Киров атындағы колхоздың жерінде орналасқан,   Бабамыз батыр болған кісі, ал оның жанындағы қабырдың  ұзындығы жеті кез, біздің  бабамыздан  да  асқан

  • Алыстағы ағайынның Атамекенге оралу жолын тұңғыш ашқан қазақтың қаһарман қызы

    Ол кім дейсіз ғой, турасын айтсам ол Сағат Зақанқызы. Тоқсаныншы жылдардағы алғашқы көш Моңғолия қазақтартарынан басталған. Сол көшті алғаш бастаған адам Сағат Зақанқызы. Бұған ешкімнің дауы жоқ. Жарғақ құлағы жасттыққа тимей, сонау қиын-қыстау заманында алыстағы ағайындардың жолын ашқан осы адамды қазақтың қаһарман қызы атауымыздың өзіндік себебі бар. “Көш басшысымен көрікті”  “Көргені жақсы көш бастар”  дейді атам қазақ.   Осы екі ауыз сөздің астарына үңіліп қарасақ, онда, үлкен мән мағына бар екеніне көз жеткіземіз.       Бұрынғы ауыл көшінің өзінде, көш басшылары төрт түлік малдың өрісінің жағдайына қарай, әр мезгілдегі ауарайының өзгерісіне сай, көшіп қонуда бір басына жетіп артылар  үлкен жауапкершілік  жүктесе, Моңғолияда тұратын қандастарымыздың бір жарым ғасыр ғұмыр кешкен ел жерінен ,

  • КЕНЕСАРЫ ХАНҒА ТАҒЗЫМ

    Жүз елу жыл! Биыл Кенесары ханның шәйіт болғанына бір жүз елу жыл толды. Кенесары ғана емес. Наурызбай бахадұр сұлтан, Ержан сұлтан, Құдайменде сұлтан. Қыпшақ Иман батыр, Тама Құрман батыр, Дулат Бұғыбай батыр, Дулат Жауғаш батыр, Дулат Медеу би, қылыштың жүзі, найзаның сүңгісі болған тағы қаншама азамат. Қазақ Ордасының ең соңғы жарақты жасағында қалған үш мыңнан астам аламан. Бәрі де шәйіт болды.Кенесары ханның, оның ең соңғы жауынгер серіктерінің қасиетті қаны шашылған ақырғы сағатта төрт ғасыр бойы төре таңбалы қызыл туы желбіреген ұлы мемлекет Қазақ Ордасы шайқалып барып құлады. Алаш баласы сонау Үйсін, Ғұн, Түрік заманынан тартылған, Алтын Ордаға жалғасқан, Қазақ Ордасына ұласқан, Орталық Азия төсінде жиырма ғасырдан астам, ғаламат ұзақ уақыт

  • НКВД атқан ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ

    Сталиндік репрессия жылдарында Алаш қайраткерлерімен бірге атылған қазақтың қайсар қызы Шахзада Шонанова атылған қазақтың үш қызының бірі. НКВД жендеттерін Шахзаданың шыққан тегі шошытты, сондықтан айуандықпен әбден азаптап болғасын атып тастады. Сонымен Шахзада Шонанова кім ? Шахзада Аронқызы Шонанова-Қаратаева 1903 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым (Жымпиты) ауданында дүниеге келді. Әкесі Арон Қаратаев, алаш қайраткері, Ресей Думасына депутат болып сайланған Бақытжан Қаратаевтың інісі. Шахзаданың өзі Шыңғысханныі тікелей ұрпағы еді. Шахзаданың тегі былай: Шыңғысхан-Жошыхан-Тоқай Темір-Өз Темір-Өз Темір хожа Бадақұл ұғылан-Орысхан-Құйыршық хан-Барақ хан-Жәнібек хан-Өсік сұлтан-Қаратай сұлтан-Бисәлі-Дәулетжан-Арон-Шахзада. Шахзаданың анасының да тегі мықты, Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің немересі Хұсни-Жамал Нұралыханова. Қазақтан шыққан тұңғыш жоғары білімді мұғалима 1894 жылы Бөкей ордасында қазақ қыздарына арналған алғашқы мектеп ашты,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: