|  |  |  | 

Жаңалықтар Оқиға Шоу-бизнис

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері мен полиция полковнигі ұсталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қалалық Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүргізген арнайы операция барысындағы суреттерді жариялады деп хабарлайды NUR.KZ. 

ҰҚК Алматыда жүргізілген арнайы операцияның суреттерін жариялады

ҰҚК Алматыда жүргізілген арнайы операцияның суреттерін жариялады

ҰҚК Алматыда жүргізілген арнайы операцияның суреттерін жариялады

ҰҚК Алматыда жүргізілген арнайы операцияның суреттерін жариялады

ҰҚК Алматыда жүргізілген арнайы операцияның суреттерін жариялады

ҰҚК Алматыда жүргізілген арнайы операцияның суреттерін жариялады

ҰҚК Алматыда жүргізілген арнайы операцияның суреттерін жариялады

ҰҚК Алматыда жүргізілген арнайы операцияның суреттерін жариялады

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 29 мамырдан 30-на қараған түні Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп кәсіпкерлерден ақша бопсалау, Қазақстан мен Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы контрабанда каналдарын ұйымдастыру және адам ұрлау, тапсырыспен адам өлтіруді қоса алғанда, басқа да қылмыстармен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу үшін арнайы операция жүргізген болатын.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық топтың жетекшілері мен белсенді мүшелері ұсталды, олардан едәуір көлемде атыс қаруы мен оқ-дәрілер алынды. Сонымен қатар, көрсетілген ҰҚҚ жетекшілерімен байланысы бар Алматы қаласы ІІД Әуезов АІІБ-ның бұрынғы бастығы полиция полковнигі Б.Қасабеков ұсталды.                                                                                 Дереккөз: NUR.KZ

Related Articles

  • Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады

    Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің қарулы күштерінің қазіргі жағдайы және министрліктің биылғы жұмыс жоспарының іске асырылу барысы жөнінде есеп берілді-деп хабарлайды Ақорда баспа-сөз қызметі. Қазақстан Президенті әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету шараларының жүзеге асырылуына ерекше назар аударып, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Қорғаныс министрі Мемлекет басшысына еңбекақыны көбейту жөнінде шешім қабылдағаны үшін әскери қызметшілердің ризашылығын жеткізді. Бұдан бөлек, Сәкен Жасұзақов Елбасыға жалдамалы тұрғын-үй мен тұрғын-үй құрылыс жинақ жүйесінің тетіктерін пайдалану арқылы әскери қызметшілердің тұрғын-үй мәселесін шешуге бағытталған шаралар жөнінде мәлімдеді. Сондай-ақ, Қорғаныс министрі Мемлекет басшысына Қазақстан армиясын материалдық-техникалық тұрғыда жабдықтау және 2017 жылы ел жастарын әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімет ұсынды. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті

  • БҰҰ комитеті Семей өңірі бойынша қарарды мақұлдады

    Семей қаласы орналасқан Шығыс Қазақстан облысының картадағы орны (Көрнекі сурет). БҰҰ Бас ассамбелясының экономика және қаржылық мәселелер бойынша комитеті Семей өңірінің халқын сауықтыру, қоршаған ортасы мен экономикалық дамуын қалпына келтіру мақсатындағы іс-қимылдарды үйлестіру және халықаралық ынтымақтастық туралы қарар жобасына келісті. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, құжат 23 мемлекеттің демеушілігімен және өзара уағдаластығымен мақұлданған. Министрлік ақпаратына қарағанда, қарарда Қазақстан үкіметінің Семей өңірін сауықтыру және дамытудағы рөлі атап өтіледі. Сонымен қатар құжат халықаралық қауымдастықты “Қазақстанның зардап шеккен тұрғындарды емдеу және оларға қызмет көрсетудің арнайы жобалары мен бағдарламаларын дайындап, іске асыруына және аймақты орнықты дамытып, экономикалық өсімге қол жеткізудегі жұмыстарына көмектесуге шақырады. Министрлік бұл қарарды БҰҰ Бас ассамблеясы Семей өңірі бойынша 1997 жылдан

  • АСПАННАН ТҮСКЕН МИЛЛИОНЕР

    Erlan Toleutai facebook парақшасынан “Сығанақ” қаласының ішінде “Қазақ елі” тарихи сериалының “Халық көтерілісі” сахнасын түсіріп жатқан едік. Дəл төбемізден “гүр” етіп, “Бидайықтың көл жайқаған жалғызындай” бір тікұшақ ұшып өте шықпасы бар ма! “Мынау қайтеді-ей”, – деп қойып, түсірілімді жалғастыра бердік. Сәлден соң, түскі асқа берілетін 40 минуттық үзілісті пайдаланатын əдетіммен Іле бойын жағалап кеттім. Жоғары өрлеп келе жатыр едім, бағанағы тікұшақтың өкпе тұсымнан шыға келгені. Тым төменде ұшып жүр, қамысқа қонайын деп жүрген кəдімгі инелік сияқты, үшкіл тұмсығымен су жағасындағы алып жартастарға сүйкене таяп барып “үңіледі” де, қайта серпіледі. Бір кезде шұғыл бұрылып, осының бəрін қызықтап қарап тұрған маған қарай төтелей салды. Əуелде өтіп кетер деп ойлаған ем, жоқ, тура

  • Қолөнер көрмесі өтеді.

     Қолөнері дамыған қазақтың тұрмыстық заттарының тарихы өте тереңде. Ел арасындағы шеберлердің шын ықыласының арқасында бабадан қалған асыл мұрамыз көпке қайта таныла бастады. Рухнаи жаңғыруда жадыға сақтап, Ұлттық кодымызды айшықтайтын, өзгеде жоқ ерекше дүние, ол – қолдану кезінде пайдасы көп, ағаштан ойылып, ою салып сапалы жасалған қазақтың көнеден келе жатқан тұрмыстық заттары. Сан түрлі заттардың түрін тұрмақ, атауында ұмытқалы қашан? Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында оқушылар, студент жастарға, жалпы жұртқа үш күндік көрме көрсетілмек. Аяқ, Аяққап, Астау, Бақыраш немесе жолаушы жанында жүретін, Жанторсық, май шайқайтын Жуаз, күміспен, сүйекпен шекетулеген Зерен, Күбі – талдан, аршадан қиып жасалатын, айран, қымыз пісуге арналған іші кең ыдысты, болмаса теріден қатырып жасалынған бие сауатын шелек –

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: