|  |  |  | 

Суреттер сөйлейді Тарих Тұлғалар

БАЛУАН ШОЛАҚТЫҢ ФОТОСУРЕТІ және палуанның өмірінің белгісіз тұстары туралы

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ

БАЛУАН ШОЛАҚТЫҢ ФОТОСУРЕТІ және

палуанның өмірінің белгісіз тұстары туралыБАЛУАН ШОЛАҚТЫҢ ФОТОСУРЕТІ және

Төмендегі Балуан Шолақтың қолдан салынған суреті емес, ФОТОСУРЕТІ. Сәбит Мұқановтан кейін жазушылар Ж.Бектұров, Б.Қойшыбаев және басқалар Шолақ атамыздың фотосуреті болмағанын жазып жүрді. Ал, мен сонау 90-жылдары тауып алған мына сурет -ЕСКІ ФОТСУРЕТ көшірмесі. Мұның фотосурет екендігі Б.Шолақтың артындағы шымылдықтан көрініп тұр. Ал, штрихтап салынған, немесе, акварельмен салынған сурет болса, ол анық байқалар еді. Сонымен бұл- Балуан Шолақтың фотосуреті. Бұл фотоға Балуан Шолақ шамамен 1917-жылы Жетісуда (Алматыда,Верныйда болған кезінде түскен деп шамалауға болады.автор) Астында Б.Шолақтың туған, және қайтқан жылы шамамен 50-60- жылдары жазылған тәрізді. Шамамен 2010-жылдан кейін осы фотопортреттен қарап салған Балуан Шолақтың суретшілер жазған портреттері пайда бола бастады, бірі штрихтап, бірі майлы бояумен жазса да ДӘЛ ФОТОСУРЕТТЕГі бейнесін айнытпай қайталаған. Қалай десек те, төменде тұрған
атақты БАЛУАН ШОЛАҚТЫҢ ФОТОСУРЕТІ

Атақты палуан, kомпозитор, ақын Балуан Шолақтың өмірінің соңғы кезеңдері әлі толық зерттелмегенін осыдан бес жыл бұрын жазған едім.
Аңыз болған “Сексен өгіз” оқиғасының қай жылы болғаны туралы нақты дерек жоқ. Бұл оқиғадан кейін Балуан Шолақ губерн сотының үкімімен бір жыл түрмеде отырған. Бұл оқиға шамамен 1914-1915-жылдары болған. Сол кезде Б.Шолақтың
“…Бойыма күш біткенге еттім шүкір,
Қиналсам, абақтыда бетке түкір.
Темірін екі итеріп тартқанымда,
Кірпіші жерге түсті күтір күтір…”деп айтқаны бар.
Сол оқиғадан кейін Балуан Шолақ ата бабаларының туған жері Қаратауға барып паналайды. Жетісуда болады. Жетісу жері палуанды құшақ жайып қарсы алған. Үлкен астарда болған. Өнерін көрсеткен. Ол кездеКенен Әзірбаев 18-19-жастағы жігіт болса керек. Кейін К.Әзірбаев Б.Шолақтың оннан астам әнін ел арасында орындап жүріпті.
Зерттеушілер, жазушылар Балуан Шолақтың қай жылы туған жeріне қайтқанын әлі күнге анық білмейді. Тіпті, “Б.Шолақ 1916-жылы қайтыс болған” деп дәлелсіз пікір айқандар да болды.
Логикаға сүйенсек, Балуан Шолақ Көкшетауға 1918- жылы қайтып келген. Оның басты себебі, патша өкіметі құлап, баяғы “сексен өгіз ісі” бойынша Уақытша үкімет “қуғындамайды” деген сенімде болған. Расында, бұрынғы “іс” бойынша Б.Шолақты қуғындайтын Көкшеде тұрақты үкімет те жоқ тын ол кезде.
Бірақ, КЕК САҚТАҒАН КАЗАКТАР бар екен. Солар Балуан Шолақтың оңаша сәтін аңдып жүреді. Балуан Шолақ тоғай ішінде ағайындардың арасынан үйіне келе  жатқан бетінде қарсы алдынан атады. Винтовка оғы палуанның ішінен тиген екен. Мықты қайрат пен күштің арқасында Балуан Шолақ жаралы болғанын білдірмей, аттан нық түсіп, үйге кіріп, жарасын шешeсіне жудырып, таңдырады. “менің оқтан жаралы болғанымды ешкімге айтпаңдар” депті. Өсиетінде ” “Қай жерге жерленгенімді де ешкім білмесін” деген екен. Шамасы, казактар бейітімді қорламасын” деген болуы керек. Сонымен, Балуан Шолақ 1916-жылы емес.1919- жылы наурыз айында қайтыс болған.
Сол кездегі тарихи оқиғаларды талдай келе:,
1.Балуан ШОЛАҚ араласқан “сексен өгіз оқиғасы” 1914-1915- жылдaры болған,
2.Қаратау мен Жетісу өңірінде болған кездері 1916-1917-жылдар.
3.Балуан Шолақтың Көкшеге оралған кезі 1918-жыл,
4.Қайтыс болған жылы 1919-жыл” деген қорытындыға келуге болады.

Төмендегі суретте Балуан Шолақтың Жетісуда жүргенде, Верный қаласында (қазіргі Алматы) түскен фотосуреті берілген.
Жұмат ӘНЕСҰЛЫ, жазушы, тарихшы                                                                                                                                                                                 kerey.kz

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: