|  |  | 

Руханият Тұлғалар

«АЛАШ ОРДА» МЕН ХАЛИФА АЛТАЙҒА 100 ЖЫЛ

unnamed (5)Еліміздің  тәуелсіздік алып, өркендеп дамумен бірге тамырлы тарихымыз қайта жаңғырып, егемендігіміздің еңсесі биік, іргесі бекем. Ұлы дала Көш басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтің 2017 жылғы халыққа жолдауы мен 12 Сәуір күнгі «Болашаққа бағыдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласына сайкес, ел тарихында аттары алтын әріппен жазылған, кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге болған Алаш арыстарын еске алыу, олардың ұлы еңбектерін ұрпақ санасына сіңіру нықтап қолға алынды.

Осыған орай, ғұлама-ғалым, жазушы, дін танушы, ақын Халифа Алтай  Ғақыпұлының туылғанна ғасыр толуына байланысты оның еңбектері мен өмір кешірмелерін, отаншылдық рухын нәсихаттау және рухына арнап ас беріп, құран бағыштау мақсатында 2017 жылы 29 маусым күні «Халифа Алтай» халқаралық қайырымдылық қоры, Халифаұлы Абдырайым Алтай, Қайнола Зейноллаұлы, Барлыбай Бауржан Әбдіманатұлы, Дәулетжан Шаймұранұлы, Алмас Бекжанұлы, Нұрбақыт Атанұлы, Айбек Асқабылұлы, Сайранбек Әбдімәлікұлы, Адалбек Қатыранұлы, Гүлнұр Оразбайқызы және ғылыми конференцияның ұйымдастыруына жауапты Жарқынбек Жұмаділ қатарлы азаматтардың атсалысумен Талдықорған қаласында «Алаш» партиясы мен көрнекті қайраткер, ағартушы-ғалым Халифа Алтайдың 100 жылдығына орай «Ұлттық сана және рухани жаңғырудағы тектілік феномені» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция және алаш арыстары мен Халифа Алтайдың рухына арналған ас өткізілді.

Игілікті шараның құрметті қонақтары ретінде, игі жақсылар және өнер тарландары мен елімізге танымал спорт саңлақтары қатысты. Айталық жазушылардан Дулат Исабеков, Бақыт Беделхан, Қанат Тілеухан бастаған топ аста бой көрсетті. Спортшылардан Қанат Ислам, Жасұлан Қыдырбайев. Өнер адамдарының ішінде әнші Рамазан Стамғазиев, Өмірқұл Әйниязов, Жұбаныш Жексенұлы, Талғат Жорабаевты атауға болады.

Халифа Алтайдың ұрпақтарыда іс-шараның басында болды. Оларды атайтын болсақ: Бибәтіш Алтай Жүніс қызы – Халифа Алтайдың жұбайы (Алматы қаласы),  Әбдірақиым Алтай – Халифа Алтайдың Халқаралық қайрымдылық қоры төрағасы (Алматы, қаласы), Әбдулсәмет Алтай -  Халифа Алтайдың үлкен ұлы (Франция, Париж), Шакира Алтай – Халифа Алтайдың қызы (Түркия, Ыстамбұл), Шекүре Алтай – Халифа Алтайдың қызы (Түркия, Ыстамбұл),  Мешкүре Алтай – Халифа Алтайдың қызы (Түркия, Ыстамбұл), Айсен Алтай – Халифа Алтайдың қызы (Түркия, Ыстамбұл), Ясемин Алтай – Халифа Алтайдың немересі (Түркия, Ыстамбұл), Селим Алтан – Халифа Алтайдың немересі (Түркия, Ыстамбұл), Айналқан Алтан – Халифа Алтайдың келіні (Түркия, Ыстамбұл).

Халифа Алтайдың күйеу балалары : Нехмет Овалі (Түркия, Ыстамбұл), Башри Сөнмәз (Түркия, Ыстамбұл).

Бұл айтулы іс-шараға игі жақсылар жиналды. Ас берілді, Халифа Алтайдың әруағына арнап құран оқылды, ғылыми конференцияда Дулат Исабеков бастаған игі жақсылар баяндама оқыды.

Олардың қатарында: Ислам Жеменей, филология ғылымдардың докторы, профессор, ҚР мәдениет қайраткері, Халықаралық түркі мәдениетінің қоры Стратегиялық зерттеулер комитетінің төрағасы (Алматы қаласы), «Халифа Алтай – қазақ руханиятының ойшыл қайраткері». Ерімбетова Құндызай, Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты (Астана қаласы), «Қазақтың тектілік феномені ( Халифа Алтай мысалында)». Аманқос Мектеп-тегі Құлтанұлы, Филология ғылымдарының кандидаты, доцент(Алматы қаласы), «Азаттық үшін азапты ғұмыр кешкен». Өтениязов Самат Көшенұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, Мадрид университетінің профессоры(Алматы қаласы), «Халифа Алтай әдеби мұрасының тарихи маңызы». Ашамайлы Сиезхан Дәулетханұлы, жазушы – зерттеуші (Өскемен қаласы), «Шығыс Қазақстандағы Шақабай батыр есімімен байланысты топонимдік атаулар». Досан Баймолда, PhD докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры (Алматы қаласы), «Халифа Алтай және шетелдегі қазақтар». Құдайбергенова Айжамал Ибрагимқызы, тарих ғылымдарының докторы, доцент, Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитеті Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері (Алматы қаласы),«Қазақ диаспорасының исламға қайта бет бұруы: Халифа Алтайдың қосқан үлесі».

Халифа Алтай халықаралық қайырымдылық қоры ас пен ғылыми конференцияға ат салысқандардың барлығына дипломдар мен хаттар тапсырды.

Жарқын Жаналтай

Related Articles

  • …ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз.

    Әлеуметтік желіде осы отандасымызды қызу талқылап жатыр екен. Көбі сын айтып жатыр. Видео жазбаның толық нұсқасы жоқ, пікір-талас тудырған бөлігі ғана тарап жатыр екен. Соған байланысты өз ойымды айта кетпекшімін: Бірінші, отандасымыздың видеосы, фотосы әлеуметтік желіде желдей есіп тарап жатыр. Ол азаматтың (азаматшаның) жеке құпиясы саналатын фотосы, видео жазбасы кімнің рұқсатымен тарап жатыр екен? Өз басым осы постты жазу үшін ол азаматтың (азаматшаның) видеодағы бейнесін қара бояумен өшіріп тастауды жөн көрдім. Және рұқсатынсыз фото бейнесін жеке парақшама салғаным үшін одан кешірім сұраймын. Діни ұстанымы, ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз. Екінші, отандасымыздың діни ұстанымына байланысты айтқан сөздері қоғамда қатты пікір тудырған екен. Тіпті оны “ұлт дұшпаны”

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

  • ТӘҢІРІ ҚАЛАУЫ ТҮСКЕН ЖАН

    Мандоки Қоңырдың туғанына 80 жыл толуына орай «Тәңірі мені таңдады»  Мұхтар Мағауин Мандоки Қоңыр Иштван – отаны Мажарстан ғана емес, күллі түркі дүниесі қастерлейтін ұлық есімдер қатарындағы көрнекті тұлға. Шыңғыс жорығы тұсында Карпат қойнауындағы мадиярлар арасынан пана тапқан құман-қыпшақ жұртының тумасы Мандоки Қоңыр оннан аса тілді еркін меңгерген, бұған қоса зерттеушілік қарымы ерен, Тұран халықтарының фольклорлық-дүниетанымдық санасын бойына дарытқан ғалым. Ол түркология ғылымымен дендеп айналысып қана қоймай, ХХ ғасырдың төртінші ширегінде Шығыс пен Батыс­тың арасында алтын көпірге айналды, миллиондардың ықылас алқауына бөленді. Яки ол халықтар арасын жақындас­тырған мәмілегер, озықтарға ой салған көреген еді. Замана алға жылжыған сайын мерейтой иелері туралы айтылатын жайттар естелік пен өткен шақ еншісіне көшеді. Көзі тірі

  • Нұралы батырдың кесенесі  жөнінде

    Кейінгі кезде Нұралы батырдың кесенесі жөнінде әртүрлі әңгімелер шығып жүрген көрінеді. Оның бірі Моңғолиядан келген бір туысқанымыз басқа бір белгілі жерлесіміздің Нұралы батырдың зираты деп кигіз үй сияқты саман кірпіштен қаланған  әдемі зираттың жанына барып құран оқығанына куә болғанын келтіріпті. Ол жігіттің  көргені де, айтып отырғаны да шыңдық. Өйткені 1982 жылға дейін елдің көпшілігі, оның ішінде  мен де солай  ойладым. Әңгіме түсінікті болу үшін мен сол кездегі оқиғадан бастап баяндайын. Мен 1961 жылы Семейдің  мал дәрігерлік институтын бітіріп келдім. Мені  сол кездегі  С.М. Киров атындағы  колхозға мал дәрігері етіп жіберді. 1962 жылы бұл колхоз «Горный» совхозына айналды. Біз бала кезімізден: «Нұралы атамыздың зираты С.М Киров атындағы колхоздың жерінде орналасқан,   Бабамыз батыр болған кісі, ал оның жанындағы қабырдың  ұзындығы жеті кез, біздің  бабамыздан  да  асқан

  • Алыстағы ағайынның Атамекенге оралу жолын тұңғыш ашқан қазақтың қаһарман қызы

    Ол кім дейсіз ғой, турасын айтсам ол Сағат Зақанқызы. Тоқсаныншы жылдардағы алғашқы көш Моңғолия қазақтартарынан басталған. Сол көшті алғаш бастаған адам Сағат Зақанқызы. Бұған ешкімнің дауы жоқ. Жарғақ құлағы жасттыққа тимей, сонау қиын-қыстау заманында алыстағы ағайындардың жолын ашқан осы адамды қазақтың қаһарман қызы атауымыздың өзіндік себебі бар. “Көш басшысымен көрікті”  “Көргені жақсы көш бастар”  дейді атам қазақ.   Осы екі ауыз сөздің астарына үңіліп қарасақ, онда, үлкен мән мағына бар екеніне көз жеткіземіз.       Бұрынғы ауыл көшінің өзінде, көш басшылары төрт түлік малдың өрісінің жағдайына қарай, әр мезгілдегі ауарайының өзгерісіне сай, көшіп қонуда бір басына жетіп артылар  үлкен жауапкершілік  жүктесе, Моңғолияда тұратын қандастарымыздың бір жарым ғасыр ғұмыр кешкен ел жерінен ,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: