|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Саясат

Ресейдің ғарыш проблемасы және Байқоңыр


"Союз" ғарыш кемесін ұшыру алаңына апара жатыр. Байқоңыр, 25 наурыз 2015 жыл.

“Союз” ғарыш кемесін ұшыру алаңына апара жатыр. Байқоңыр, 25 наурыз 2015 жыл.

Батыс басылымдары Ресейдің ғарыш бағдарламасын дамыту қиындықтары жайлы комментарийлер жариялады. Ал Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Байқоңырдағы экологиялық қауіпсіздік мәселесін қозғаған.

РЕСЕЙДІҢ ҒАРЫШ САЛАСЫНДАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАРЫ

АҚШ-тың Вашингтон штатының Columbian газеті “Алғашқы спутниктен кейінгі 60 жылдан соң Ресейдің ғарыш бағдарламасы қиындықтарға тап болып жатыр” деген мақаласында Ресейдің ғарыштық зерттеулер саласындағы ахуалға қатысты комментарий берген. “Ресейдің ғарыш бағдарламасы 60 жылдан кейін де алғашқы жасанды спутникті орбитаға шығарған зымыранның жетілдірілген нұсқасына сүйеніп отыр. Бұл – елдің технологиялық шеберлігіне деген құрметі ғана емес, өз жетістіктерін ары қарай дамыта алмауының да белгісі” деп жазған Columbian.

Газет ғарышты игеру – АҚШ пен СССР арасындағы бәсекелестіктің негізгі салаларының бірі болған “қырғи-қабақ соғыс” кезіндегідей емес, қазір Кремль ғарыштық зерттеулерге онша мән бермейтін сыңайлы” деп жазған. 1957 жылғы 4 қазанда “Союз” зымыраны орбитаға спутник шығарды, ал “Протон” зымыраны 1960 жылдары құрастырылды. Кезінде екеуінің және екеуінің жаңартылған нұсқаларының сенімді зымырандар деген атағы дүрілдеп тұрған болатын, “бірақ ұшыру кезіндегі сәтсіздіктер легі кесірінен кейінгі жылдары екеуінің беделі түсіп кетті, бұл Ресейдің ғарыш саласының баяғы үздік стандарттарды жалғастыру қабілетіне деген күмән тудырды” дейді Columbian газеті.

“Протон” мен “Союз” зымырандарынан былтыр шыққан ақаулардың арқасында Воронеж зауытындағы өндірістік кемшіліктер анықталып, “Роскосмос” агенттігі 70-тен аса зымыран қозғалтқышын зауытқа қайтаруға мәжбүр болған әрі “Протондарды” ұшыру бір жылға тоқтап қалған еді. Соның кесірінен былтыр АҚШ пен Қытай зымыран ұшыру саны жағынан тарихта бірінші рет Ресейді басып озып, SpaceX компаниясы жасаған Falcon 9 зымыран тасығыштарының беделі артқан.

Ресейлік "Протон" зымыранының әуеге көтеріле бергенде апатқа ұшыраған сәті. Байқоңыр, 2 шілде 2013 жыл.

Ресейлік “Протон” зымыранының әуеге көтеріле бергенде апатқа ұшыраған сәті. Байқоңыр, 2 шілде 2013 жыл.

“Протон” зымырандарының жуырдағы апаттары Қазақстан қоғамында жағымсыз реакцияға ұласқан. Байқоңыр ғарыш айлағынан ұша бере әуеде жарылған зымыран бөліктері құлаған далаға аса улы зымыран отыны – гептил төгіліп, экологияға біршама зиян келтірген болатын. Қазір Ресей “Протон” зымырандарының көмегімен ғарышқа қайтадан жүктерін жөнелтіп, спутниктерін орбитаға шығарып жатыр. Биылғы тамыздан бері Байқоңырдан сондай үш зымыран ұшырылды.

Ресейлік шенеуніктер “тақымдап келе жатқан SpaceX және өзге компаниялардың тегеурінін мойындайды, бірақ ел әлемдік нарықтағы орнын қалай сақтап қалғысы келетіні жайлы ештеңе хабарламайды”. Мақала авторлары Ресейдің ғарыш бағдарламасы тап болған проблемалар қатарында зымыран қозғалтқыштарын шығаратын Воронеж зауыты логистикасындағы іркілістер, “Ангара” жаңа зымыранын құрастырудағы қиындықтар, ресейлік “Союз” зымырандары монополиясына қатер төндіріп тұрған Dragon v2 SpaceX және Starliner Boeing компанияларының шапшаң дамуы, “Ғылым” модулін іске қосудағы және Восточный балама космодромын дамытудағы қиындықтарды атаған.

ВОСТОЧНЫЙ БАЛАМА БОЛА АЛА МА?

Columbian газеті әлгі мақаласында ғарыш бағдарламаларының көбін қаржыландыруды қысқартқанына қарамастан, “бұрынғы советтік көршісі Қазақстаннан Мәскеу жалға алған Байқоңыр ғарыш айлағына ықтимал балама ретінде Қиыр Шығыстағы жаңадан салынып жатқан Восточный космодромы құрылысына Ресей миллиардтаған доллар жұмсағанын” жазған. “Ресей зымырандарының көбін Байқоңырдан ұшыра беруге ниетті екенін ескергенде, жұрттың көбі жаңа нысанның мүмкіндіктеріне сенбейді” деп жазған Columbian.

Ресей президенті Владимир Путин (ортада) Қиыр Шығыста жаңадан салынып жатқан Восточный ғарыш айлағында. 2 қыркүйек 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин (ортада) Қиыр Шығыста жаңадан салынып жатқан Восточный ғарыш айлағында. 2 қыркүйек 2014 жыл.

Бұған қоса, Восточный ғарыш айлағының құрылысы жұмысшылардың жалақысын кешіктіру және қаржы жымқырды деп айыпталған шенеуніктерді қамау сияқты көптеген жанжалға ұласқан болатын. “Союз” зымырандарын ұшыруға арналған алаң 2016 жылы ашылған, бірақ салмағы ауыр “Ангара” зымырандары 2021 жылдың аяғында ғана ұша бастайтын тәрізді.

Ал қазақстандық Tengrinews сайты “Назарбаев Байқоңырдың экологиялық қауіпсіздігі мәселесін көтерді” деген мақаласында жуырда “Байқоңыр” кешеніне барған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Ресей арасында бекітілген “Байқоңыр” кешенін пайдаланудағы ынтымақтастықты ары қарай дамыту концепциясын, “Бәйтерек” бірлескен жобасын іске асыру барысымен танысқаны жайлы жазылған. Сапар кезінде Назарбаев аймақтағы экологиялық қауіпсіздік мәселесін де қозғаған.

ӨЗБЕКСТАН ҮНДІСТАНҒА УРАН САТҚЫСЫ КЕЛЕДІ

India Times тобына кіретін үндістандық Economic Times газеті “Өзбекстан уран сатып, Үндістанмен қатынасын күшейтуді көздейді” деген мақаласында Өзбекстанның Үндістанмен стратегиялық әріптестігін кеңейту жоспарлары, мысалы, Үндістанға уран сату жоспары жайлы жазған. “Үндістан өткен ғасырдың аяғынан бері уранды Өзбекстанның көршісі Қазақстан сатып алып отыр. Енді Ташкент уран тәрізді бағалы тауарды экспорттауды жоспарлау арқылы стратегиялық әріптес елдер тізімін кеңейткісі келетін білдірді” деп жазады Economic Times.

Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші ел, ал Өзбекстан қазір жетінші орында.

“Үндістан көптен бері уранды Өзбекстаннан импорттағысы келген. Бірақ Ташкенттің Үндістанға тауар тасымалдауына жол қатынасындағы қиындықтар кедергі болған. Үндістан үкіметінің жоғары лауазымды өкілінің айтуынша, [ШЫҰ елдерінің биыл маусымда өткен саммиті аясында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің] Астанадағы кездесуі Өзбекстан үкіметіне Үндістанға уран экспорттай бастауға мүмкіндік береді. Қазір Өзбекстан [уранды] Ресей, Қытай мен Жапонияға сатып отыр. Есеп бойынша, келісімге қол қойылғаннан кейін Үндістан Өзбекстаннан екі мың тоннадан артық көлемде уран импорттай алады” деп жазады Economic Times.

Economic Times басылымы “Үндістан мен Қытай – Орталық Азияның „Үлкен ойынындағы“ жаңа ойыншылар” деген өзге мақаласында Қытай мен Үндістанның Орталық Азия елдеріндегі ықпалын күшейтуге таласы туралы жазған. “Мұнай мен уранға бай Қазақстан – [Үндістанға] баяғыдан әріптес ел, ал Үндістанмен тарихи байланысы бар Өзбекстан Делидің аймақтағы тағы бір ірі әріптесіне айналып келеді. Өзбекстан үндістандық кәсіпорындар үшін арнайы жеңілдіктер қарастырып, аймақтар құруды, терроризмнен қорғану және оған тойтарыс беру саласында [транспорттық және коммуникациялық] желілер құру бастамалары арқылы Үндістанмен ынтымақтастығын кеңейтуді, бұл елдің аймақтағы және Ауғанстандағы ықпалын күшейту мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынады” деп жазған Economic Times газеті.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

  • “Қазақстан дұрыс бағытта”. Деколонизация, Украинадағы соғыс және Қаңтар. Балтық елшілерімен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК Балтық мемлекеттерінің Қазақстандағы елшілері (солдан оңға қарай): Ирина Мангуле (Латвия), Эгидиюс Навикас (Литва ) және Тоомас Тирс. Совет одағы ыдырай бастағанда оның құрамынан бірінші болып Балтық елдері шыққан еді. Өзара ерекшеліктері бар болғанымен, сыртқы саясатта бірлігі мықты Латвия, Литва және Эстония мемлекеттері НАТО-ға да, Еуроодаққа да мүше болып, қазір көптеген өлшем бойынша әлемнің ең дамыған елдерінің қатарында тұр. Ресей Украинаға басып кіргенде Киевті бар күшімен қолдап, табандылық танытқан да осы үш ел. Соғыс басталғанына екі жыл толар қарсаңда Азаттық Балтық елдерінің Қазақстандағы елшілерімен сөйлесіп, екіжақты сауда, ортақ тарих, Ресей саясаты және адам құқығы тақырыбын талқылады. Сұхбат 8 ақпан күні алынды. “БІЗДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ДҰРЫС БІЛМЕЙДІ” Азаттық: Сұхбатымызды Балтық елдері мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасы

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

  • АҚШ сенаты Украинаға қаржылай көмек қарастырылған заң жобасын мақұлдады

    АҚШ конгресі.  АҚШ сенаты 13 ақпанда Украина, Израиль және Тайваньға 95 млрд доллар болатын қаржылай көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады. Сенатта демократтар басым орынға ие. Енді заң жобасын Республикалық партия басым Өкілдер палатасы қарайды. Өкілдер палатасында жобаның заң статусын алуға мүмкіндігі аз деген болжам да айталады. Президент-демократ Джо Байден біраз уақыттан бері екі палатаны Украина мен АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхит аумағындағы серіктестеріне көмек беруді жылдамдатуға шақырып келеді. Украина билігі басты одақтасы АҚШ-тан қолдау азайған тұста қару-жарақ жетпей жатқанын бірнеше рет мәлімдеген. Украина президенті Владимир Зеленский бүгін, 13 ақпанда АҚШ сенатының бұл заң жобасын мақұлдағанына алғыс айтты. Құжатта Киевке 61 млр доллар беру қарастырылған. “Американың көмегі Украинаға бейбіт өмірді жақындастырып, әлемдік

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: