|  |  | 

Жаңалықтар Шоу-бизнис

Астанада Азиядағы Ядролық кооперация форумының 18-ші Кеңесі өтті

FNCA 311 қазанда Астанада 12 елдің ірі лауазымды тұлғаларының қатысуымен
Азиядағы Ядролық кооперация форумының (FNCA) министрлер деңгейіндегі
18-ші кеңесі өтті. Екі жылда бір рет өтетін шарада «Қоршаған ортаны қорғау
үшін ядролық ғылым мен технологияларды қолдану» тақырыбы қарастырылды.
Қазақстан Республикасының энергетика Министрі Қанат Бозымбаев
Кеңесті алғы сөзбен ашты. Кеңестің жоғары деңгейн атап өткен Қ.Бозымбаев
Азия аймағының дамуы үшін оның маңыздылығына тоқталды.
«Қазақстан Азиялық ядролық кооперация форумының құрамына 2010
жылдан бері мүше. Содан бері еліміз ұйым жұмысына белсене қатысып келеді.
Біз атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану бойынша әлемдегі
қоғамдастықтармен әріптестік орнатуға мүдделіміз», деп атап көрсетті
Қ.Бозымбаев.
«Форумның қызметіне қатысу Қазақстанда ядролық медицина саласындағы
жаңа әдістерді және ауыл шаруашылығына арналған жаңа материалдар
өндірісін ілгерілетуге септігін тигізеді, радиациялық қауіпсіздік және РАҚ-пен
жұмыс істеу саласындағы біздің тәсілдерді жаңаша бағалауға мүмкіндік береді,
зерттеу реакторларын және электрондық үдеткіштерді пайдалану саласындағы
білімімізді кеңейтеді және ядролық физикалық қауіпсіздік пен таратпау
саласындағы дұрыс жолды таңдаудағы сенімділігімізді нығайтады», деп
қорытты өз сөзін Министр.
Атап өту керек, 2000 жылы Жапонияның Атом энергиясы жөніндегі
комиссиясының бастамасымен Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі мемлекеттер
арасындағы ядролық және радиациялық технологиялар саласындағы тиімді
ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында Азиядағы Ядролық кооперация
форумы (Forum for Nuclear Cooperation in Asia, FNCA) құрылды.
Форум Азия елдерінің жетекші мамандарының жыл сайынғы
конференциясының шешімімен құрылды, оның негізгі міндеті – ядролық
технологияларды және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану.
Қазіргі уақытта Форумға 12 ел қатысады: Австралия, Бангладеш, Вьетнам,
Индонезия, Қазақстан, Қытай, Корея, Малайзия, Монғолия, Таиланд, Филиппин
және Жапония.
Бүгінде FNCA-ге қатысушы елдердің ынтымақтастығы 8 бағыт бойынша
жүргізіледі. Олар: радиациялық онкология, мутациялық селекция, радиациялық
қауіпсіздік және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, физикалық ядролық
қауіпсіздік және кепілдемелер, зерттеу реакторларын қолдану,
биотыңайтқыштар, электрондар үдеткіштерін қолдану, климаттың жаһандық
өзгеруін зерттеу.
Форум жұмысы қатысушы елдердің өзара іс-қимылының 3 деңгейлі
жүйесін қамтиды:
 министрлердің қатысуымен өтетін үкіметтік деңгейдегі жыл сайынғы
кеңес;
 үйлестірушілер мен ірі лауазымды тұлғалардың жыл сайынғы кеңесі;
 бірлескен жобалар көшбасшыларының семинарлары, онда бұл
жобаларды іске асыру мәселелері талқыланады.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі

Related Articles

  • Алматыда аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы: күдікті ұсталды

    видео кадры Қазнетте аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz . Видеода белгісіз адам жігітке бірнеше соққы жасайды. Диалогтан жәбірленушінің қандай да бір қаржылық қарызы бар екені белгілі болады. Кадр сыртындағы дауыс оның басынан ұрмауды сұрайды. Скриншот Алматы полициясы күдіктілерді ұстады. “Зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Алматыда зілзала болса, ең алдымен қандай үйлер қирауы мүмкін? Сәулетші Айдар Ерғалимен сұхбат

    Пётр ТРОЦЕНКО Алматының жоғарғы жағындағы көпқабатты ғимараттар. 18 шілде, 2022 жыл Қазақстандық сәулетші Айдар Ерғали егер күшті жер сілкінісі болса, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан Алматы қаласы қандай қиындықпен бетпе-бет келетінін, совет кезінде салынған үйлер қазіргі заманғы көпқабатты ғимараттармен салыстырғанда жер сілкінісіне төтеп беруге неліктен әлсіз екенін айтты. 23 қаңтар күні Алматыда жер әдеттегіден қаттырақ сілкініп, елді дүрліктірді. Бұл оқиға кең ауқымдағы табиғи апатқа қала билігі мен тұрғындар қаншалықты дайын деген әңгімені қайта қоздырды. Жұрт әсіресе төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ерте хабарлау жүйесі дұрыс жұмыс істемегенін, СМС-хабарламалар дер кезінде түспегенін де сынға алды. Жер бірінші рет сілкінген сәтте Алматы тұрғындары жапа-тармағай үйден сыртқа қарай жүгірді, кейбірі тіпті сырт киімін де кимеген

  • Цифрлі теңге “жаңа экономика” құруға көмектеспек

    Блокчейн технологиялары Қазақстанды жемқорлықтан барынша тазартып шыға алады. Бүгін Мемлекет басшысы бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін цифрлық теңгені пайдалана отырып, ақшаны таңбалау кілті туралы айтып өтті. Цифрлі теңгенің ең мықты жері осы. Программаланған токен болғандықтан ақша кімнен кімнің қолына өтті, бақылап отыра аламыз. Мысалы, мемлекеттік тендерлердің барлығын цифрлі теңгеге ауыстырып, осы тендерлік цифрлі теңгені қолма-қол ақша ретінде шешіп алу мүмкін болмайтындай жасап қоюға болады. Сонда біз тендер жеңімпазының ақшаны қалай жұмсағанын, кімнен тауар алғанын, кімдерге қанша айлық төлегенін көріп, содан үлкен BIG Data базасын құраймыз. Дәл осы кезде, мемлекеттік ақшаға мүмкіндігінше қазақстандық тауар алынғандығын бақылап, мәжбүрлеп отыруға мүмкіндік бар. Осы арқылы жемқорлықты атымен жойып, отандық бизнеске мықты қолдау көрсете алмақпыз.

  • Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болды

    Алматы көшелерінде тұрған адамдар. 24 қаңтар 2024 жыл. 23 қаңтар сағат 00.09-да Алматыда қатты жер сілкінді. Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан 264 шақырымда, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған. Жер дүмпуінің магнитудасы 6,7. МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда жер дүмпуі – 5 балл, Шымкентте 2 балл болған. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев адам шығыны мен қираған ғимараттар жайлы ақпарат түспегенін мәлімдеді. ТЖД халықты лифт қолданбауға, тез арада үйлерінен шығып, қауіпсіз аймақ табуға, газ, су және жарықты сөндіруге шақырды. Ведомство халықты сабыр сақтауға үндеді. Ал сағат 00:44-те Алматыда жүр дүмпуі қайталанғаны, екінші жер сілкінісі шамамен 2-3 балл болғаны

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: