|  | 

Жаңалықтар

Бішкек: Назарбаев өз үкіметіне шекарадағы жағдайды реттеуді тапсырды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Сочи, 11 қазан 2017 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Сочи, 11 қазан 2017 жыл.

Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен қырғыз-қазақ шекарасындағы жағдайды талқылады деп хабарлады Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі.

Кездесу Ресейдің Сочи қаласында өткен Еуразия экономикалық кеңесінің жиынында болған. Исаков Назарбаевқа шекарадағы жағдайды айтқан. Ол шекарадағы жағдайдың нашарлауынан қырғызстандықтар ғана емес, Қазақстан мен өзге елдің азаматтары да зардап шегетінін де айтқан.

Қырғызстан үкіметінің хабарауынша, келіссөзден соң Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке шекарада туындаған мәселелерді шешуді тапсырған.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекарадан өту 10 қазаннан қиындаған. Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің мәліметінше, Қазақстан шекарадан өту тәртібі мен тексеруді күшейткен. Бұның салдарынан шекарадан өту бекеттерінде кезек пайда болған.

Қазақстан президентінің баспасөз қызметі Назарбаевтың Қырғызстан үкімет басшысымен кездескені немесе үкіметке шекарадағы жағдайды реттеуді тапсырғаны туралы әзірге хабарламады.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • СІМ Қытай қазақтарының ісіне “араласа алмайды”

    Тимур АЙТМҰХАНБЕТ Ардақ Мәдиев, Қазақстан сыртқы істер министрлігі консулдық қызмет департаментінің директоры. Астана, 14 желтоқсан 2017 жыл. Желтоқсанның 14-інде Қазақстанның сыртқы істері министрлігі Астанада өткен баспасөз жиынында Қытайдан көшіп келген, Қазақстан азаматтығын алған этникалық қазақтардың “туыстарымыз Қытайда негізсіз қылмыстық қудалауға ұшырап жатыр” деген шағымына байланысты жауап берді. СІМ-нің консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиевтің айтуынша, Қазақстан билігінен көмек сұраған репатриант қазақтардың шағымдары министрлікке түскен. – Оларда проблема жоқ емес, бар. Жағдайды бақылап отырмыз. Мұнымен қоса әңгіме өзге мемлекеттің қарамағындағы басқа елдің азаматтары туралы екенін түсіну керек. Барлық мәселені келісе отырып шешу қажет және ондай жұмысты атқарып отырмыз. Қытай халық республикасымен қарым-қатынасымыз өте жақсы. Бірақ Вена конвенциясына сәйкес өзге елдің юрисдикциясына

  • Елбасы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына қатысушылармен кездесті

    Мемлекет басшысы жобаға қатысушыларға әлемде болып жатқан өзгерістер жөнінде айтып, қазіргі жағдайларға бейімделу қажеттігіне назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық өзгерістер дәуірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өзектілігін атап өтіп, оны іске асырудың аралық нәтижелеріне тоқталды. Қазақстан Президенті мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жоба туралы айтып, бұл үрдістің басты мақсатын атап өтті. – Бүгінде ғылым және мәдениет туралы ақпараттың 70 пайызға жуығы ағылшын тілінде таралады. Біз үш тілде білім беруге көшетінімізді жарияладық. Жастарымыз қазірдің өзінде ағылшын тілін меңгерген. Латын қарпіне көшу дамып келе жатқан ортақ ақпарат әлеміне енуімізге мүмкіндік береді, – деді Елбасы. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы «Жаңа гуманитарлық білім» және «Туған жер» жобаларының іске асырылу барысына тоқталды. – Біз егер қазақ

  • Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады

    Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің қарулы күштерінің қазіргі жағдайы және министрліктің биылғы жұмыс жоспарының іске асырылу барысы жөнінде есеп берілді-деп хабарлайды Ақорда баспа-сөз қызметі. Қазақстан Президенті әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету шараларының жүзеге асырылуына ерекше назар аударып, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Қорғаныс министрі Мемлекет басшысына еңбекақыны көбейту жөнінде шешім қабылдағаны үшін әскери қызметшілердің ризашылығын жеткізді. Бұдан бөлек, Сәкен Жасұзақов Елбасыға жалдамалы тұрғын-үй мен тұрғын-үй құрылыс жинақ жүйесінің тетіктерін пайдалану арқылы әскери қызметшілердің тұрғын-үй мәселесін шешуге бағытталған шаралар жөнінде мәлімдеді. Сондай-ақ, Қорғаныс министрі Мемлекет басшысына Қазақстан армиясын материалдық-техникалық тұрғыда жабдықтау және 2017 жылы ел жастарын әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімет ұсынды. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті

  • ПМХЗ-ны жаңғырту мерзімдері сақталмаған жағдайда ҚМГ топ-менеджменті жұмыстан босатылады

      ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2017 жылғы 1 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның мұнайды тасымалдау, қайта өңдеу және маркетинг бойынша атқарушы вице-президентінің міндетін атқарушы Данияр Тиесовтің және «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Шухрат Данбайдың қатысуымен Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту барысы мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді. «ПМХЗ» ЖШС-да жаңғыртуды аяқтау және жоғары октанды бензин мен дизель отынын шығару үшін қажетті қондырғыларды іске қосу мерзімдері бойынша артта қалушылық белгілі болды. Жаңғыртуды аяқтау мерзімі «ПМХЗ» ЖШС үшін 26 қазан, ал Атырау мұнай өңдеу зауыты үшін 16 қыркүйек белгіленген болатын. Алайда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мерзімдерді ағымдағы жылдың желтоқсан айының бірінші жартысына ауыстырды. Д. Тиесов пен Ш. Данбайдың ақпаратын тыңдап, министр жақын арада жоғары октанды бензинмен

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: