|  |  | 

Тарих Қазақ шежіресі

Қарамай мен Майтау өңірі қазақтың ежелден бергі атамекені(Шығыс Қазақия)

22405431_946673135496274_565604594081602953_nБұл жердің аты Майтау (独山子), суретте Майтау мұнай бұрғылау құрылғылары түсірілген. Шыңжаңда ол жылдары (40-жж) мұнай бұрғылайтын озық құрылғылар болмаған тұрса, аталмыш өңірдегі мұнайды кімдер бұрғылап жатыр? Совет (сәбет) одағымен қаншалық қатысы бар? Айтпақшы, сурет Шығыс Түркістан үкіметі құрылған жылдары түсірілген.

Шығыс Түркістан үкіметін құруда Сәбет (совет) үкіметі сирек қазба байлықтарға астыртын мүдделі болған. Соның бірі- Уран және бірі- Мұнай. Уранды Алтайдан тапқан да мұнай-газды осы Майтау (独山子) мен Қарамайдан (克拉玛依) тапқан. Бұған дейін бұл өңірге (Майтауға) сәбеттің кен барлайтын тыңшылары келіп жер шарлап, астыртын картаға түсіріп қағазға нобайын қондырып кеткен. Жалпы, Қарамай мен Майтау өңірі қазақтың ежелден бергі атамекені саналады. Ұшы қиырсыз осы өңірде қазақтар мал төлдеткен, жер бетіне бұрқылдап шығып жатқан қап қара майды қойға белгі ғып жаққан, шамға білте ғып қолданған, отқа тамыздық қып істеткен.

Сәбет үкіметі Алматыда және Зайсанда Екінші Реткі Шығыс Түркістан Үкіметін құру үшін құпия саяси курстар ашып кадр жетістірген. Төңкеріс жасау үшін арнайы әскери ауыр қарулар жасап қаражаттар бөлген және газет-журнал, оқулықтар дайындатқызып баспадан шығарған. Жаһан соғысының әбігерінен енді сейілген Сәбет Одағы мұнша шығындар болуының себебі неде? Шығынды қайтып еселеп қайтарып алған? Әрине, бірі- Алтайдағы Уранмен, екіншісі- Майтау, Қарамайдағы мұнай-газбен қайтарып алған деп жорамал айтуға болады. Қазақтар ұлт-азаттық көтерілісін жасаған кезде оларға көмек көрсетуінің түпкі себебі де теңдессіз кен байлығын ұрлауға шаныс табу. Былайша айтқанда, қытай мен қазақтарды (Шығыс Түркістанды) қырылыстырып қойып Сәбет үкіметі мұнай-газдерді астыртын бұрғылап тасып әкетіп жатқан.

Алтайдағы Оспан Батыр саяси ойынды ерте түсінді де ат тонын ала қашты әрі Алтайдың алтыны мен уранын ұрлағалы келген қытайлар мен Сәбет одағының кеншілерін Алтайға бастырмады. Тіпті, Құлжадағы Шығыс Түркістан үкіметімен де ұзақтан силасып аңысын аңдап жатты. Кезі келгенде Шығыс Түркістан үкіметімен де әскери қақтығысқа дейін барды. Алтайдағы жер асты кен байлығын қызғыштай қорыды. Ал, Майтау мұнай-газын ше? Ол туралы ашық ақпарат Мәскеуде жатыр. Сәбеттің демеуіндегі Шығыс Түркістан әскері Қарамай-Майтауды алған соң негізгі әскери күшті Манас бойы мен Алтайдағы Оспанға шоғырландыруы мұнай мен газға қаншалық қатысы бар? Не үшін мұнай-газлы өңірде әскер сиреп кетеді? немесе Уранды қорыған Оспанға неге әскери соққы жасалады?

Бұл өңірдегі мұнай мен газды Жоңғар шөлі мен Орқашардың үш құлыстайынан Шәуешек Бақты өткелі арқылы ешбір “кедергісіз” машинамен тасымалдаған. Алтайдай құз қия тау шыңдар мен күрделі қайқаң қиябеттер бұл өңірде болмайды. Екі жол жорамалын айтқым келеді. Бірі, Орқашарға жетпей Майлы-Жәйірді кесіп Алатау сағасынан өтеді, екіншісі Орқашарды басып Үш Құлыстайлатып отырып Бақты арқылы Зайсанға өтеді.

Қортындылай келгенде екінші реткі Шығыс Түркістан үкіметін құруда Сәбетке қазба байлықтар қаншалық мүдделі болды? Уран мен Мұнай-газды астыртын қалай тасымалдады? Шығыс Түркістанды құрудың барлық шығынын Сәбет Үкіметі қалай еселеп қайтарып алды? Бұл сұрақтар Шығыс Түркістантануда тың белестерге жетелеуі бек мүмкін. Ендігі пікір былайғы жұртта болсын.

* Бүгінгі күндері Майтау мен Қарамайдан шыққан мұнай мен Газ қытайдың экономикасына орасан зор ықпал етіп отыр. Қытайдың экономикалық қолқа жүрегіне айналған теңіз жағалауындағы зәулім қалалар Қарамай мен Майтаудың мұнайы мен газының күші арқылы бой көтерген.

Eldeç Orda

Related Articles

  • Қытай Қазақтарының ең алғашқы газеті

    Қытай Қазақтарының ең алғашқы ақпарат баспасөз тариxы осы газеттен бастау алады. Газеттің аты- Іле Байxуа газеті (伊犁白话报). Газет 1910-жылдың сәуір айынан 1911-жылдың желтоқсан айына дейін бір жыл сегіз ай дамылсыз шығып тұрған. Газетті Іледегі төңкерісшіл алғабасар зиялылар шығарған. Газет- қытай жаңа жазба (白话) тілінің әдеби нормасы бойынша жарық көрген. Ұмытып барамын, газет қытай және Шағатай әдеби жазба тілмен шыққан (екі тілде). Газеттің шағатайша нұсқасы- ІЛЕ УАЛАЯТЫ ГАЗЕТІ деп аталған. Жеке қорымда газеттің 1910-11 жж аралығындағы төрт-бес парағы сақтаулы тұр(Шағатайша). Онда Іле уалаяты қазақтарының саяси, әлеуметтік түйткілдері сөз болған. ІЛЕ УАЛАЯТЫ ГАЗЕТін- қытай Қазақтарының ең алғашқы баспасөз тариxының бастауы деп кәміл айта аламыз. Газет 1912-жылдың басында Құлжа-Үрімжі арасындағы азаматтық соғысқа байланысты

  • Оспан батырға соғыс өнерін үйреткен Зуқа батыр

    Годфрей Лиас атты ағылшын дипломаты және журналисті 1956 жылы Лондонда басылып шыққан “Kazakh Exodus” яғный “Қазақ босуы” атты кітабында Оспан батырды жастайынан соғыс өнері мен тактикасына Бөке батырдың баулығанын келтіреді.   Кітапта Оспан батыр туралы жан жақты мәлімет беріледі. Бұл кітапты Оспан батыр туралы шетелдерде көлемді мәлімет берген алғашқы еңбек деп айтуға болады. Онда сонымен қатар Түркиялық көш жетекшілері Қалибек әкім, Хамза Шөмішбайұлы, Сұлтан Шәріп Тәйжі, Құсайын Тәйжі туралы көптеген мәліметтер келтіріледі. Оспан батырды есімін алғаш рет Түркия қазақтарынан естіп білгенін айта келіп Годфрей Лиас Оспан батырдың Түркияның Қайсары қаласына орналасқан Құсайын Тәйжі аулына барғанда ақын Қарамолла Сейітханұлының әңгімелеп бергенін мәлімдейді. Қарамолланың осы кездесуден аз алдын ғана Оспан батыр жайында

  • Алтайдағы қазақтар Алаш Орда үкіметіне жолдаған ТІЛЕУЛЕСТІК xаты

    Осыдан бір ғасыр бұрын Қазақ-Қырғыз жұрты бірлесіп Алаш Орда үкіметін құрған кезде оған қолдаушы болып, тілеулестік білдірген шетжұрт қазақтарының бірі- Қытай Қазақтары еді. Алтай, Шәуешек және Құлжадан арт-артынан тілеулестік құттықтау xаттары мен Қазақ төл баспасына көмек сомаларын жолданған. Бір ғасыр бұрын Алтайдағы қазақтар Алаш Орда үкіметіне жолдаған ТІЛЕУЛЕСТІК xатынан үзінді. Хат Семейден шығатын “Сарыарқа” газетінде 1918-жылы басылған. Тілеулестік Қытай жұртына қараған Алаш ұранды Абақ Керейінен. Газеттен көруіміз бойынша Росияға қараған Қазақ-Қырғыз бірігіп, өз алдына жұрт болып, Алаш ордасын тігіп, Алаш туын көтерді дегенді естіп, патшамыз басқа болса да, ұранымыз Алаш, нәсіліміз Қазақ болғандықтан Алаш баласының басы қосылып жұрт қатарына кіруіне тілектестігімізді білдіреміз. Ойлаған ой орнынан шығып іске сәт берсін. Ұлт

  • Санкт-Петербургте Кенесары ханның кісесі сақталғаны анықталды

    Алаш әскері тақырыбын зерттеп жүріп, Сейілбек Жанайдаровтың 1915 жылы Санкт-Петербургтегі Ресей этнографиялық музейіне Кенесары ханның кісесін тапсырғаны туралы дерек кездестірдім. Бұл жәдігер «Ксе – пояс киргизского хана Средней Орды» деген атпен аталған музейдің қорында бүгінгі күнге дейін сақталған екен. Оны мәдениет және спорт министірі Арыстанбек Мұхамедиұлымен Санкт-Петербургтегі музейге барғанда өз көзімізбен көруге мүмкіншілгі туды. Сейілбек Жанайдаров 1918 жылы Атбасар Алаш әскери дивизионын құрған әрі Алашорда үкіметінің кандидат мүшесі болған азамат. Бұл жәдігер Сейілбек Жанайдаровтың қолына қалай түскенін зерттей келе анықтағанымыз – ол кісені Сейілбектің атасы – Кенесары ханның әскери қолбасшыларының бірі Жанайдар Орынбайұлынан қалған мұра екен. Жанайдар батырдың ерліктері туралы Мұса Шормановтың, Мәшһүр Жүсіптің, Доскей ақынның, Жамбылдың, Иманжан Жылқайдарұлының естеліктері

  • “НАМЫСҚА” — 25 ЖЫЛ! Биыл елімізде ҰЛТТЫҚ КӘСІПҚОЙ “НАМЫС”

    ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ құрылғанына тура 25 жыл толды! Сонау Кеңес Одағының кезінде футбол секілді миллиондар ойынында қазақтың кегі кетті деген патриоттық оймен,намыспен қолға алған бұл Қозғалыс,бұл Жоба жарияланған жылдар бар қазақтың арманы орындалғандай кезең болғаны жасырын емес. …Табиғатымызда да бар болар,дегенмен,Қазақ университетін бітірген жылы қызметке келген республикалық “ЛЕНИНШІЛ ЖАС” газетінің бас редакторы,ғұмыры жүзіне шаң түсірмес ұстазым СЕЙДАХМЕТ БЕРДІҚҰЛОВТЫҢ Ұлтжандылық тәрбиесінен ұлы сабақ алған басым, 1991 жылдың қаңтар айында еліміздегі тұңғыш әрі жалғыз “СПОРТ” газетіне бас редактор болып тағайындалғаннан кейін ұзамай,1 тамыз күні газеттің бірінші бетінде ҰЛТТЫҚ КӘСІПҚОЙ “НАМЫС” ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ құрылатындығы жайлы республика жұртына ҮНДЕУ жарияладым! Онан арғы оқиғалар көрген түстей… Бүкіл республика болып бұл ИДЕЯНЫ тік көтеріп әкетті. Әсіресе қазақ

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: