|  | 

Қазақ шежіресі

Керей таңба

Kerey taryhi

 

Керей шежіресіндегі  «Керей» атауы туралы көптеген әртүрлі пікірлер айтылып, ғылыми зертеулер жасалуда . Бірақ та ешкімде тарихты дәл болғанындай етіп шындығын жеткізе алмайтындығы өкінішті-ақ.Тек бірден бірге жалғасып, естіп білген жорамалдарға ғана сүйенетіндіктерінде болса керек. Жалпылай алғанда қазақ қауымында ауыз әдебиеті кеңінен өріс алып аңыз әңгімелер арқылы ғасырдан- ғасырға жалғасып тарихи мәліметтер бізге жеткені де баршаға аян. Құймақұлақ дана қариялардан қалған дала шежіресі, аңыз әңімелерінде  6-7-ғасыр шамасында қәзіргі монголия аумағы Орхон өзенінің жағалауына белгісіз сегіз «қоныс» келіп жайғасыпты. Оны сырттай көрген отырықты Монголдар «сегіз қоныс» немесе «келген сегіз» деп атап кетіпті. Ал монголдар сегіз санын «найман» деп атайды.

Қәзіргі қазақ қауымының  найман руының алғашқы осылай аталуы ғылыми түрде дәлелденіп тұжырымдалған. Алайда тағы бір деректе сегіз қоныс емес сегіз тайпа деп беріліпті. Осыған тахылеттес, сол өңірге оларға ұқсас сегізден «наймандардан» тобы көп қоныс «тайпа» келіп орналасады. Олар наймандардай емес қолдарына құс қондырып тауда, далада көп жүрсе керек. Бұрын қолдарына құс қондырған кісі көрмеген монголдар оларды сыртынан көріп, қолдарына қарға қондырып  алып жүр деп ойлап «қарғалы» деп атап кетіпті.

Жаңа көшіп келген қоныстың  негізгі кәсібі аң, құс аулау болса керек.Олардың қолдарына қондырған қыран құстарын сырттай көрген монголдар қарға деуінің себебі де осында жатыр. Ал «Керей» атауы дәл осы қарғалыдан басталады. Алайда монголдар қарғаны «керее» десе, қарғалы болса ол «керейт» немесе «кереет» болады.  Алайда керей  атауының алғашқы атауы «керейт» болғандығы ғылыми түрде дәлелденген. Найман сегіз ата оған нағашысынан Ергенек деген  бала келіп қосылып тоғыз ата болып таралатын шежіре де бар. «Тоғыз таңбалы-найман » -деуі де сонда жатыр.  Қай дәуір, қай кезеңді алсаңда Керей мен Найман егіз қозыдай ажырамай, қанаттас өмір сүріп келе жатқанының өзі, оның түп тамыры терең бір екендігін айшықтайды.  Әлбетте басқа өңірде  бір атаумен жүрген тайпа, бір кезеңде Монголдардың арасына ығысып көшіп барып екіге бөлініп  қоныстанып, екі топтық  жүйе қалыптастырып, отырықты  монголдардың олардың кім екендігін білмегендіктен  сырттай Керейт, Найман атап, сол маңдағы басқа  тайпалар да жаңа атаумен  атасып қалыптасып кетуі де ғажап емес. Керейлердің негізгі тіршілік көздерінің  бірі, әрі бірегейі даланың аң, құсын аулау болған. Алайда керей тайпасының аң, құс аулаудың әртүрлі айла – тәсілдерін ойлап табуының да заңды құбылыс екені де айдан  анық. Солардың бірі-«абақ». «Абақ» аң аулауға арналған, берік ағаштан  кірген аң қайтіп шыға алмай қалатындай етіп ерекше тәсілмен жасалған тор, шарбақ тәрізді құрал. Жалпы керейлердің аңшылықпен ерекше айналысқан, құсбегі екендігін  Жапондықтар да жеткізе зерттеп зерделегенге ұқсайды. Оның дәлелі Жапондықтардың Шыңғыс хан туралы киносында  Керей ханы Торы монголдарға қолына бүркітін қондырып, саятшылықтан келгенінің өзі жеткілікті дәйек.

Керей тайпасы ашамайлы және абақ деп екі тарауға бөлінеді. Ашамайлы-жалпы керейдің танып алатын таңбасы. Таңба-жайлауға, қыстауға және мекендеген өлкесіне тасқа қашалып салынып отырған. Ол жердің негізгі иесі керейлер дегенді білдіреді. Таңба  туға, мөрге, малға да, сатып алған құлға да салынатын болған. Басқа тайпаларға хат,  хабар жібергенде де таңба  басылатын. Ол қай ел, қай тайпаның хат-хабары екендігін білдіреді.

Керейдің “ашамай” таңбасы басқа ешкімге ұқсамайтын өзінің қол таңбасы. Ашамай – ең көне ат әбзелі. Қазіргі ертоқым оның жетілдірілген түрі. Кей өңірде ашамайды ыңыршақ деп те атайды екен. Ашамайдың екі басын төрт ағашты  екі – екіден айқастырып бекітіп, “х” ұқсас формада қосудын бас жағы қысқалау етіп, етегін ұзындау əрі кеңдеу аттың, өгіздің, түйенің арқасына тоқтамды болатындай етіп жасалған. Екі басын қосып қаптал орнатқан. Қазіргі ер тоқым сияқты жабдықтаған.  Ашамай үлкен адамға да, балаға да арналып, үлкенді – кішілі əртүрлі жасалған. Бертінде балаға арналған ашамайды ерекше сəндеген. Балаға ыңғайлы болу үшін үзеңгінің орнына бала аяғын салып отыратын тізеге дейін келетін дорба (тепкішек) әдемілеп оюлап жасаған. Ашамайға мінумен қатар ат, өгіз, түйеге жүк артқанда да керектенген. Ал, керей таңбасына келсек сол ашамайдың басының үлгісі “х” формасына ұқсас етегі сəл ұзындау болып келіп ашамай формасын айшықтай түсуге тиіс. Қазіргі керей таңбасы “+” пормасында. Сəл өзгертіп керейдің осы  ашамай таңбасын өзіне қайтарса нұр үстіне нұр болар еді.

Ашамай сөзінің жасалу жағынан алып қарастырсақ та бұрын ағаштан жасалған ондай әбзелге мініп көрмеген адамның алғаш мінгенде ашасы ауырып “ашамай ” деп айтып содан ашамай аталып кетуі де бек мүмкін. Өзгесі тоқым тартып атқа мініп жүргенде керей ашамайды өзі жасап атқа ерттеп ашамайға бұрын мініп “ашамайлы “атанған да болар. Ашамай да, Абақ та керей жасаған зат екені анық. Бұл екі атауды ешкім еш уақатта керейден ажыратып тастай алмайтыны да шындық.  Ол екеуі де кереймін деп айтып тұр. Ұлы  жүзде “Керейден ұл туса, ағашқа күн туады”деген көне мақал бар. Ол керейдің ағаш шебері болғанын айшықтап отыр. Шебер “абақ “жасаған жылы туған баласына “Абақ” деп, ашамай жасаған жылы туған баласына”Ашамай”деп ат қойған да болар. Мысалы: Азиада, Спартак, Жеңіс деген сияқты.

Бір анығы: “Ашамай таңбалы, Абақ ұранды кең қолтық Керей” деген танымдық үлгісі бар ел екендігімізде. Бұл танымдық үлгі аңыз боп қалған ел аузында əлі сақтаулы. Абаққа келсек,түрмеге түсті, торға түсті, абақтыға қамалды деген сөздердің əлгі аң ауылауға арналып жасалған құралдың түп төркінімен сабақтасып жатқанын аңғару қиын емес. Сол дəуірде біреу жаңалық ашса немесе жаңа дүние жасаса сол жасаған адамның атымен аталып кететін ескерсек, «Абақ» ағаш шеберінің аты болуы ықтимал немесе аңшы дала адамдарының қолбасшыларының бірі болуы мүмкін. Олай дейтініміз «Абақ есімінің ұранға айналып кетуінде.  Қай  ғасыр, қай заман, қай дәуірді алып қарасақ та әйел адам тайпа, рудың «ұраны» болғанын естіген емеспіз. Әйел адам ұранға айналуы мүмкін де емес.

Тайпа, ру ұрандарына тек ер адам айналып отырғаны тарихта аян. Ер адам болғанда да нағыз еркектің еркегі қайтпас қайратты, арыстан жүрек айбатты, жаудың мысын басып тұратын қасиетті, өзінің жақтастарына аруақтанып, шабыттанып, арқаланып кететін  өр рух сыйлай білетін, киелі нағыз батырдың батыры ғана «ұранға» айналып отырғандығы сөзсіз. Олай дейтініміз Керейдің көне ұраны «Абақ»  болғаны туралы тарихи мәліметтерде сирек  болса да кездеседі.Тіпті  Ақыр Жәнібек батыр «Абақ-абақ»-деп  ұран  салып жауға шапқаны тарихи жырларда жиі баяндалады.

Ертеректе Алтай  өңірінде мекендеген  Көкеш бақсы:

«Арғы бабам Абағым, тарылмасын қабағың.

Он жетімде жабысқан, он сегізімде табысқан – ақырын кел кәрі жыным»-депте жын шақырды делінеді. Біздің көне жырларымыз бақсылық сарында көп  жеткені де аян. «Ашамай» керейдің танып алар таңбасы, Абақ рух берер ұраны екеніне қарап-ақ «Абақ» өз тұсында ешкімгеде дес бермеген елі мен жеріне қорған бола білген батыр, аса дарынды қолбасшы болғандығын пайымдау қиын емес.

Қәзіргі  кейбір тарихшы ғалымдардың деректерінде Абақ-Әппақ деген әйел адамның атымен аталып кетті, Құттықожа имамның тоқалы еді деген тұжырымдары негізсіз екендігін пайымдау қиын да емес.Тоғызыншы ғасырда қәзіргі монголия даласы «Қатынбалықта»  Керей хандығы құрылып Шыңғыс дәуіріне дейін дербес билік жүргізіп келгендігін ескерсек, сол дәуірде сол өңірге Исләм діні жете қоймаған еді. Жалпы қазақ даласына Қарахан дәуірінде Исләм діні келіп тарай бастады десек те шындыққа жанаспайды. Керей хандығы тоғызыншы ғасырда құрылды десек «Абақ» атауы одан да ертерек болуға тиіс. Абақ – Құттықожа имамның  тоқалы болса, оның ұрпақтары  исләм дінінде болары анық енді ғой. Керейлер Шыңғыс ханға дейін басқа дін ұстанғанын бәріміз білеміз. Ол ертеректе біреулердің бөліп-жару ниетінен туындаған пікірі  болса керек. Керей тайпасы қәзіргі монгол даласында  9-ғасырда ықпалды Керей хандығын құрды. Керей хандығы Шыңғыс дәуіріне  дейін ауқымды дербес билік жүргізіп келді. Сол дархан далада  Монгол тайпалары,  татарлар, қоңыраттар, жалайырлар, меркіттер, наймандар мекендеді. 11-ғасырға қарай Найман хандығы құрылды. Ал 12-ғасырда монголдың ұсақ тайпаларын біріктіріп Темужин монгол хандығын құрды. Монгол хандығының құрылуына Керей хандығының ханы Тұғырыл «Торы» ықпал жасап қол ұшын берді. Алайда монгол хандығы жылдам нығая түсті. Ақыры Темужин өзінің әкесінің бұрынғы досы, өкіл әкесі, әрі ұстазы Тұғырылды елден бездіріп Керей хандығын жаулап тасталқан етті. Қайта қол жинап үлгермеген Тұғырылхан, найман қарауылдарының қолынан қаза тапты.Тағдыр тауқыметін тартқан Керейлер  Алтайды асып Ертіске қарай ығыса көшіп, өрлеп-құлдап жағалай қоныстанды. Керейдің бір бөлігі Шыңғыстың  айбынды әскеріне қосылды. Дегенмен бірден бағынышты болып қалыптаса қоймады. Тұрақтандырып қалыптастыру мақсатында Шыңғысхан өзінің ықпалды билігімен   Керейлерге билік жүргізуге бұрынғы Керей ханы Торының ұрпағы Тайбұғаны хан сайлайды. Ыдырап кеткен Керейлердің көбі қайта  шоғырлана бастады.  Тайбұғаның тұсында Керейлер алды Омбы, қәзіргі Түменге дейін бергі Тобыл, Есіл, Ертіс бойы, Қызыл жар, Көкшеге дейін  жайылып орналасады. Әрі егіншілікпен айналысып, орнығып қанат жая бастайды. Сібірге тек Ашамайлы керей ғана келді. Абақ керей Ертістің жоғарғы жағасы мен Еренқабырға маңында  тұрақтап қалып, Сібір, Омбы Қызылжар өңіріне келмеді деген пікірлер де өте күмәнді.

Омбы төңірегінде Абақ керейдің сол дәуірде мекендегенін айшықтайтын көне жер, су аттары  жеткілікті. Мысалы: Абақ көл, Қарақас көл Жастабан жал тоғайы, Жәнтекей жал тоғайы тағы сол сияқты. Бір аңызда: Есіл, Тобыл, Көкше, өңірін мекендеген керейдің бес руы Ордабек, Орманбет, Оңғарбек, Аббас, Қансадақтарды зеңбірекпен  атқылап түбегейлі жойып жібереді. Қансадақтан азғана  ғана адам қашып құтылып, Қарағанды маңына  ығысып кеткен Абақ керейге әзер қу сүлдері жетеді. Олардың аянышты қалін көріп: «баяғы Қансадақ емес қу терісі көні қалыпты»  деп мүсіркесе  керек. Көні қалған азғана Қансадақты әжуәләп «Көнсадақ» атап кетіпті-мыс. Абақ керейдің азғана Көнсадағы содан тараған ұрпақ деседі. Бұл оқиға 1720 –жылдардың тұсында  Қалмақ қырған кезеңінде болған. Кейбір нақтыланған тарихи  деректерде: «Батыс Сібір жерін де туысқан түрік тілдес тайпалардың бірлестігі  болды. Бірлестікте Керейлер басты рөл атқарды. Монгол шапқыншылығынан кейін Батыс Сібір Жошы ұлысына кіріп, Шайбаи әулетінің жері атанғанымен, елді басқару  бұрынғы Керей ханы Торының ұрпағы Тайбұға әулетінің қолында болды»-делінеді (дерек интернеттен алынды). Осыған қарап-ақ сырттай бағынышты болғанымен Керейлер  билікті ешкімге бермей сақтап келгендігін көрсетеді.1428-жылы Әбілхайыр хан Батыс Сібірге жорыққа шығып Шайбани ұрпағы Махмұт-Қожаны жеңіп шықаннан кейін Батыс Сібір Әбілхайыр ханның қармағына өтеді. Әбілхайыр хан қаза болғаннан кейін, Батыс Сібір Шайбанидің екінші ұрпағы Ибақ ханның билігіне оралады. Ибақ қазақ хандары Жәнібек, Керейлермен одақтасып Әбілхайыр ханың мирасқоры Шайх-Хайдарды өлтіреді. Оның баласы Мұхаммед Шайбани Астарханға қашып кетеді. Алайда Чимги-Тура, Тобыл, Ертіс бойын жақын жерлерді өз билігіне алады. Алайда Ибақтың Тайбұғалықтарды биліктен шектетуі жергілікті шонжарлар тобының  наразылығын туғызып, олар Тайбұға әулетінен Мұхаммедтің басшылығымен 1495-жылы күтпеген жерден Чимге-Турада шабуыл жасап, Ибақ ханды өлтіреді. Батыс Сібірдің билеушісі болып көне Керей тұқымы Тайбұға әулетінен Мұхаммед Хан жарияланады. Сөйтіп Керей тұқымы тағы да таққа отырады. Ол өлгеннен кейінде Сібір билігі Керей ұрпағы Тайбұға әулетінің қолында қалады. Алайда қазіргі қазақ даласында  15-ғасырда Шу бойына Шыңғыс әуетінен Керей, Жәнібек сұлтандар қазақ хандығын құрса, Солтүстік өңірде Батыс Сібір хандығы қәзіргі орта жүзде  Керей әулетінің билігіне өтіп, тағы бір қазақ хандығы тарих тақтасына оралады. Кейін Сібір билеушісі керей Мұхаммед ханды Керей, Жәнібек хандар құлатып түбегейлі қазақ хандығының құрамына енгізеді. Шыңғыс ханнан бұрын Қазақ-қазақ болғанын,үш жүз болғанын, қазақ тілі болғанын,Уаң хан, Шейх-Мұхаммед қазақ хандары болғанын  Қожаберген жырау нақты тұжырымдағаны белгілі. Өзбектен бөлініп «қазақ» бола қалдық деген тұжырым түбегейлі дұрыс еместігін анықтап көрсетеді..

Жалпы адамзат баласының басынан қандай қиын-қыспақ күндер өседағы «ұрпақ үзілмейді –су сүзілмейді»-деген халық  даналығының жалғасындай араға ғасырлар салып әйгілі жыршы Қожаберген батыр дүниеге оралады (1663-1762 ж). Ол тек керейге ғана емес жалпы қазақ атаулыға еңбегі ерен  тарихи тұлғалардың бірі.Тіпті де бірегейі. Ол Әз-Тәукенің тұсында жалпы қазақ халқынан бойындағы күш-қайратын аямай сарқып Үш жүздің қолын жиырма үш жыл басқарып,қырық жыл шайқас алаңында жүріп ел тірегі бола білді. Ол қарулы қол басқара жүріп, өзінен кейінгі ерлерге ұрыс алаңының негізгі айла-тәсілдерін үйретіп жаттықтырып, шынықтырып, ширатып отырған. «Бейбітшілік кезде төгілген тер, соғыс кезінде төгілетін қанды азайтады» деген де ұстаным рас. Олай дейтініміз әйгілі Бөгенбай батырдың ұстазы болғандығы «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы»деген нақылдың бекер еместігін әспеттейді. Ақтабан-шұбырынды қанды қырғын зобалаң заманды бастан кешірген, көзбен көргенін қағазға түсіріп нақты тарихи құнды мәлімет қалдырған тарихи ірі тұлға.

1705-1708-жылдардың шамасында  Орыс, Қытай, Жоңғарлар арасында құпия саяси келісім бастау алған тәрізді. Үштік саясаты  жер бетінен Қазақ атаулыны жойып жіберу болуы ықтимал. Сәлде болса  сол тұстағы қытай императоры Канси қарсылық білдірсе керек. Ол қайтыс болғаннан кейін алапат жойқын қаруымен Жоңғарлар қазақ даласына лап қойып 1723-жылы жапылай қанды қырғын басталып кетті. Яғни Батыстан орыс, шығыстан қытай жонғарларды зеңбірекпен бір мезгілде қаруландыруы  үштік саясаттың болғанын анықтайды.1718-жылғы Аягөз шайқасында да Жоңғарлар мылтық қолданды деуге боларлық.Тарихи әдебиеттерде 1723-жылдан бұрын  сол түстік батыста соғыс басталып кеткені айтылады. Алайда қазақ даласының солтүстік батыс өңірін орыстың  зеңбірекпен қаруландырған Қалмақ-жоңғарлар Сібірден бері жатқан Қазақ, Татарларды сол дәуірдің тілімен айтсақ от мылтықтан доп атып «зеңбірекпен» қырғынға ұшыратады. Ондайды көрмеген керей, уақ меркіт, татарлардың  қарулы қазақ қолы топ –тобымен қырылса да  шегіне жүріп бірнеше рет тойтарыс береді. Ақыры құрып кетерін сезінген Татар Сібірін, Ашамайлы- Қызылжар, Ертісін, Уақ, Меркіт -Көкшесін, Абақ керей- Абақ көлін, Аббас, Қансадақ «Көнсадақ»-Есілін, Жәнтекей-Жәнтекей жал тоғайын, Қарақас-Қарақас көлін, Жастабан-Жастабан жал тоғайын тастап ұрдалып үрке көшеді. Дәл осы оқиғаны көзбен көріп, қанды қырғынды басынан өткізген ашамайлы керей  Қожаберген жырау ашық әрі анық жырлайды.

Жалпы Абақ керейдің  тең жартысынан көбін Жәнтекей иемденетін ескерсек басқаларын алыстан іздемей-ақ қойса да  болады. Сол кезеңде Абақ керейдің сол өңірде болғаны айдан анық. Ешкім Қожаберген сияқты көзіммен көрдім –деп мәлімет қалдыра алмаған. Тіпті олай болмады деп сенімсіздік тудырмаңдар, солай болды деп өзі шегелеп  сөз етеді. Жеті жыл оқыған исләм дінін жете меңгерген адам ретінде  сөзінде сөгет болуы мүмкін емес.Қалмақ-жоңғар мал мүлікті тартып алса, Сібір Омбы төңірегіне босаған жерге орыстар бекініс салып иемдене бастайды. Ол әйгілі Ор бекіністері сол болуы ықтимал. Ол аздай оңтүсік шығыстан қытай қаруландырған жоңғарлар лап қояды. Қазақтар орыстан да, қытайдан да мылтық салтуды сұраса да сатпады. Өзбектен де, Түрікменнен де көмек сұрайды. Олардан да қайыр болмақ түгілі, жығылғанға жұдырық –дегендей сыңай танытты. 1723-жылғы әйгілі зобалаңда Қазақ атаулы жер бетінен түбегейлі жойылып кетуге шақ қалды. Ал Керейге келсек өлгенінен қалғаны, ыдырамай Ашамайлы Асқап батырға бағынып Уақтармен қарайлас Қорғалжың өңірінде «Құлан өтпес» деген жерге барып қамыс, тоғай арасына паналап  қыстайды. Үлгергені шымнан үй салып, көбі жер қазып, жер үй жасап астына құм төсеп күн көреді. Сол кезең өте ауыр, ауру  жаралы адам  көп болды. Керейлер  ел арасынан Байғара сияқты сынықшы, тамыршы, шөпші, емші-домшыларын іздеп тауып адамдарын емдетті. Оларға да өз үлестерін аяған жоқ. Өйткені ауруын жазып, жаралы әскерді қатарға қосу бәрінен де маңызды еді. Қәзір ғылым дамыды-деп тарихты теріске шығару да жөнсіз. Ауру, сырқауын емдеген сол заманның қабылетті адамдары болғанын білуіміз де қажет.

Сол тұста арқаның батыс жағы жау қолына өтпеген, бұрынғыдай көп мал жоқ солай ығысып жиі қоныстанады. Шығыстан бері Баян-ауыл, Ереймен, Қарқаралы өңірін Жоңғар билеп салық сала бастайды.Талас, Шу, Сыр, Қаратау да жау қолына өтіп, қазақ қоршауда қалады. Сәтін салғанда, кәрі кемпір, шал кейпіне еніп, тың тыңдап жүрген жаудың тыңшысын қолға түсіріп, жаудың осал тұсын біліп қоршауды бұзып, елді көшіріп, Бетбақ далаға Жоңғарларды адастырып қашып құтылады. Олардың көбі Шекті рулары. Бұларды Тарақтыдан Байғозы батыр бастады. Ағайынды Байрақ, Сайрақ, Тайлақ мергендердің ерлігі зор болды. Осы жолы лақтыратын қол оқ, аз да болса пілтелі мылтық керектенді. Олар да Сарыарқаға келді. Сол тұста Түркістан, Сайрам, Тараз,Ташкент маңында Орта жүз рулары көп мекендеген оларда жау қоршауында қалып, ақыры Сарыарқаның батыс бөлігін жау алмағанын қаңғыған сәудегерден естіп, арқаға үрке көшеді. Олармен бірге Кіші жүздің алшын рулары да келді.1724-жылы арғындарды қатты қырғындайды. Бөгенбай батырдың арғындарды азат ету жорығының нәтижесінде жалпы арғындар қорғап қалады. Сол шайқаста біздің бабамыз Байғараұлы Киікбай батыр ерен ерлік көрсеткені баяндалады. Тарихи жырларда Абылайханның  Бөгенбай, Қабанбай, Ер Жәнібектердің қалың қолдарын солтүстік Көкше, Қызылжар өңірлерін тазартуға жіберілгені туралы жырланады. Тарихи мәліметтерде солтүстік  өңір1745-жылы тазартылғаны айтылады. Осы тазарту жолындағы шайқаста керей Шеруші Байтайлақ батыр қаза тауып, өзімен бірге қайтыс болған сарбаздарымен қатар қәзіргі Солтүстік Қазақстан обылысы Талшық ауданы Жаңаауыл ауылының маңында жол бойында жерленіп белгі ретінде  басына шоқпарын жерге қағып кетті деп жорамалданады. Байтайлақ батырдың  зираты бүгінге дейін ешбір іздеушісі болмасада ұмытылмай сақталып, әр заманның адамдары батыр деп белгі қойып  құрметтеп келгенінің өзі оның аса дарынды батыр екенін айшықтайды.

Сол өңірде ел аузында (Алты айырлы аруақты Байтайлақ батыр-деген даңықты аңыз әлі де сақтаулы. Сол өңірді «Батыр төбе» деп те атағаны айтылады. Бертінде өз көзіммен  көрдім деген сол өңірдің тумасы, көкірегі ояу Төлеубай абыз ақсақалдың айтуынша әулиелі батыр деп екінші қанды соғысқа кеткен әскерлер аман елге жеңіспен оралсын деп басына құрбан шалып, зират етуші еді дейді. Шеруші Байтайлақ батыр өзімен тетелес батырлар сияқты тарихи дастан, жырларда көп аталмай қалуы оның өзгелердей ұзақ жасай алмай, өмірден ерте өтіп, көзге де, сөзге де ілікпей ерте ұмыт бола бастағанын айшықтайды.

Байтайлақ батырдың негізгі мекені қәзіргі Қарағанды обылысындағы Қарқаралы өңіріндегі Байтайлақ тауының маңы.1745-1746-жылдары Татар, Керей,Уақтармен бірге Көкше, Есіл, Қызылжар, солтүстік өңірге Атығай, Қарауылдар да алғаш көшіп келеді. Меркіттер Абақ кереймен бірігіп қалып қойды. Байтайлақ батыр қазақтың өзге батырлары сияқты 1727-жылғы атақты Бұланты шайқасында ерен ерлік көрсетіп өз үлесін қосты.Үш жүздің басы біріккен 1729-1730 –жылдары болған Балқаш көл жағалауындағы Абылайдың  Шарыстың басын алған шайқаста да қолбасшы аталы батырлармен тең қанкешті еш аянбай шайқаса білді. Байтайлақ батыр ақыр Жәнібек батырың қарулас серігі, ақылшы ағасы болғаны анық. Менің айтпағым бір ол ғана емес «қайран қазақтың Керейлері босағамыз тең болғанда, егеменді ел болғанда, құмға құйған судай сіңіп, біреудің жетегіне еріп, түп тамырынан жеріп, етегіне еніп, дегеніне көніп, байытам десе сеніп, рухы әлсіреп семіп, көз алдымда жоғалып бара жатқанын ойласам, мұлқаудың сөзіндей- зағип су қараңғы соқырдың көзіндей түпсіз тұңғиққа батып бара жатқандай жүрегім тулап, құлғым шулап есеңгірегендей күн кешетінімді ешкімнен жасырғым келмейді. Бергі хандықтың жұртында қалған, анау Түмен түбегіндегі, бергі Омбы өңіріндегі  жалпақ жайылған Керейлердің орыстанып кетуі, басқасын айтпағанда Қытай мен Монголдағы құйқалы қазақтың тілі дыбыстық жүйеде  сәлде болса өзгеріске ұшырауы, ішкі қалаларда мен қазақпын деп айталмайтын, айтуға ұялатын қазақтың ұрпағы өсіп келе жатқанын ескерсек, тапқанымыздан жоғалтарымыз өте көп екенін білесіз. Осы тұрғыда Қазақтың қара шалынан, қаз тұрған қара ұлына дейін ойлануымыз керек дегім келеді.

 

Билал Билимтай

kerey.kz

 

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Нұралы батырдың кесенесі  жөнінде

    Кейінгі кезде Нұралы батырдың кесенесі жөнінде әртүрлі әңгімелер шығып жүрген көрінеді. Оның бірі Моңғолиядан келген бір туысқанымыз басқа бір белгілі жерлесіміздің Нұралы батырдың зираты деп кигіз үй сияқты саман кірпіштен қаланған  әдемі зираттың жанына барып құран оқығанына куә болғанын келтіріпті. Ол жігіттің  көргені де, айтып отырғаны да шыңдық. Өйткені 1982 жылға дейін елдің көпшілігі, оның ішінде  мен де солай  ойладым. Әңгіме түсінікті болу үшін мен сол кездегі оқиғадан бастап баяндайын. Мен 1961 жылы Семейдің  мал дәрігерлік институтын бітіріп келдім. Мені  сол кездегі  С.М. Киров атындағы  колхозға мал дәрігері етіп жіберді. 1962 жылы бұл колхоз «Горный» совхозына айналды. Біз бала кезімізден: «Нұралы атамыздың зираты С.М Киров атындағы колхоздың жерінде орналасқан,   Бабамыз батыр болған кісі, ал оның жанындағы қабырдың  ұзындығы жеті кез, біздің  бабамыздан  да  асқан

  • Алыстағы ағайынның Атамекенге оралу жолын тұңғыш ашқан қазақтың қаһарман қызы

    Ол кім дейсіз ғой, турасын айтсам ол Сағат Зақанқызы. Тоқсаныншы жылдардағы алғашқы көш Моңғолия қазақтартарынан басталған. Сол көшті алғаш бастаған адам Сағат Зақанқызы. Бұған ешкімнің дауы жоқ. Жарғақ құлағы жасттыққа тимей, сонау қиын-қыстау заманында алыстағы ағайындардың жолын ашқан осы адамды қазақтың қаһарман қызы атауымыздың өзіндік себебі бар. “Көш басшысымен көрікті”  “Көргені жақсы көш бастар”  дейді атам қазақ.   Осы екі ауыз сөздің астарына үңіліп қарасақ, онда, үлкен мән мағына бар екеніне көз жеткіземіз.       Бұрынғы ауыл көшінің өзінде, көш басшылары төрт түлік малдың өрісінің жағдайына қарай, әр мезгілдегі ауарайының өзгерісіне сай, көшіп қонуда бір басына жетіп артылар  үлкен жауапкершілік  жүктесе, Моңғолияда тұратын қандастарымыздың бір жарым ғасыр ғұмыр кешкен ел жерінен ,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: