|  |  | 

Тұлғалар Әдеби әлем

Кеңесбаевтың  кеңістігі

 

Бағына таласпаған кім,

Иті де үрген қаланың.

Соқтықпай кетті, оған кім,

Тікенек тілген табанын.

Есілге барса егіліп,

Ертіс боп, аққан жанары.

Кербұғыдай керіліп,

Алтайға аңсары ауады.

Автор.Talgat Kenesbay

 

Ілкіде бір әңгіме естіп, зәудеғалам шұқшиып отыра қалғаным сол еді. Жетім қоңырау ( жалғанбаған телефон сигналы) ыңқ ете қалды да, ғайып болды. Не тізімге де түспей қалған. Сөйтсем Ақжолтай інім арман сапарын Астанадан бастамақшы болып, отарба да кетіп бара жатыр екен. Сол кезде есіме бәріміз танитын Талғат аға Кеңесбаев түспесі бар ма. Ініме екеміз әңгіме ауанын солай бұра жөнелдік. Оның құлағы менде, ал бастайын.

 

Астананың қақаған аязына екі беті сәл-пәл домбығып кеткен, төртбақ тұлғалы алпамсадай қара кісіні жолықтырған болсаңыз. Ол, сізге қадала қарап ауызын ашса болғаны бүкіл әлемі көрінеді. Ол сабазың кәдімгі Саржалдың « Жынды баласы». Мың да тоғыз алпыс бірдің тумасы. Дәл қазір Алпысты алқымдаған шағы.  Небәрі он тоғыз жасында имене келіп, Абай бастаған қазақ әдебиетінің жезқоңыраулы көшіне ілескен. Тұңғыш шығармасы «Қара таңбалы құс» еді, кейін «Француз әтірінің иісі» болып  мың тоғыз жүз тоқсан да жарық көрген болатын. Өткен жылы дүниежүзі бойынша жиырма елде 150жылы аталып өткен керей ата ұрпағы Зуқа батыр Сәбитұлы туралы жазған «Қараңғы түннің жұлдызы» атты шығармасы көршілес қырғыз елінде кітап болып басылды. Бұл таңда, көркемдік көкжиегіне қарай, өзіндік әлемі, күлтелі ойының күрделі мәнері бар жазушы деп атауға лайық. Дейтұрғанмен  жүдә, сол жақсы да бір мұң бар. Оны ешкім білмейді…

Сіз осы кездесуіңізде,  пақырдан өзі туралы түкте сұраудың қажеті жоқ.  Оған қарата жапырақша жауып, қарша бораған сұрқиялардың сөзі жетерлік. «Классик емес»,-дейтін бір топ әпенді бөрінің артынша шулап әлек. Атаң қоқилардың көксегені не, оны біз түсінсек бұйырмасын. Айналайын!

Жазушы болу үшін даңқты классик болу шарт емес. ол тек дүбәра, желөкпе халтуршиктердің шымшыма қағажуы ғана. Тағаланған  Тахаң оларға тасырқай қойсын ба?

«Ертістей жаны таза мәрт кісі осы қала да қайдан жүр»,-деп ой шүңетіне шым батуыңыз әбден мүмкін. Ол сондай жаратылған болмыстың иесі… Өзіне ғана тән тәбиғатының аласапыран кезеңі оны солай қалыптастырып үлгерген.

Жарамсақтанған жәутіктерді жағалаудан гөрі, Есілдің бойын жағалағанды артық санайды. Жағымпаздық бұл дерт тұтас бір буынның кеселі, рухани от уколмен емдесе, басқа шара жоқ. Кееңсбаевтың бұл сырқаттан ада екенін көзі ашық жұрт жақсы біледі.

Қолы қалыт ете қалса, қонақ шақырып «Мені бағалаңдар! »,- дейтін мысық тілеуге жаны қас. Өзінде барды қанағат тұтып, жан баласына зәбір келтірмей жүру бала кезден көксеген  мұраты. Қазір денсаулығына байланысты қалам ұстауының үзі мұң болған. Қолы еркін икемге келмейді. Ойланып-толғанып болғасын бәйбішесіне айтады, ол кісі қағазға түсіреді. Ойлап көріңіз, осы адамның қасіреті мен қасиетін сәлде болса бағалап, елеп-ескеру мұз құрсанған қоғамның есіне де түспеген болар.

Сыртынан сөз айтпай тұрып, ішкі әлеміне үңілу бүгінгі санаға қалыптаса қою екіталай. Себебі қызғаныштың қызыл  итінің  семіргені сонша, шарбысы ақтарылып жатыр. Өмір бойы өзгені бағаламай өтетін бәзбіреулер үшін «Адам» атымен атаудан ұяласың.

Әркім өз қалауының қолғанаты десекте , көркем әдебиет үшін біреудің көкжиегіне тұман тілеу, жалпы қазақтың арда әдебиетіне зобалаң тілеу болып саналады. Бір-біріміздің жақсылығымызды көретін санамызда көз болсын!

Айболсын  ЖАНТӨРЕ.

kerey.kz

Related Articles

  • ТӘҢІРІ ҚАЛАУЫ ТҮСКЕН ЖАН

    Мандоки Қоңырдың туғанына 80 жыл толуына орай «Тәңірі мені таңдады»  Мұхтар Мағауин Мандоки Қоңыр Иштван – отаны Мажарстан ғана емес, күллі түркі дүниесі қастерлейтін ұлық есімдер қатарындағы көрнекті тұлға. Шыңғыс жорығы тұсында Карпат қойнауындағы мадиярлар арасынан пана тапқан құман-қыпшақ жұртының тумасы Мандоки Қоңыр оннан аса тілді еркін меңгерген, бұған қоса зерттеушілік қарымы ерен, Тұран халықтарының фольклорлық-дүниетанымдық санасын бойына дарытқан ғалым. Ол түркология ғылымымен дендеп айналысып қана қоймай, ХХ ғасырдың төртінші ширегінде Шығыс пен Батыс­тың арасында алтын көпірге айналды, миллиондардың ықылас алқауына бөленді. Яки ол халықтар арасын жақындас­тырған мәмілегер, озықтарға ой салған көреген еді. Замана алға жылжыған сайын мерейтой иелері туралы айтылатын жайттар естелік пен өткен шақ еншісіне көшеді. Көзі тірі

  • Нұралы батырдың кесенесі  жөнінде

    Кейінгі кезде Нұралы батырдың кесенесі жөнінде әртүрлі әңгімелер шығып жүрген көрінеді. Оның бірі Моңғолиядан келген бір туысқанымыз басқа бір белгілі жерлесіміздің Нұралы батырдың зираты деп кигіз үй сияқты саман кірпіштен қаланған  әдемі зираттың жанына барып құран оқығанына куә болғанын келтіріпті. Ол жігіттің  көргені де, айтып отырғаны да шыңдық. Өйткені 1982 жылға дейін елдің көпшілігі, оның ішінде  мен де солай  ойладым. Әңгіме түсінікті болу үшін мен сол кездегі оқиғадан бастап баяндайын. Мен 1961 жылы Семейдің  мал дәрігерлік институтын бітіріп келдім. Мені  сол кездегі  С.М. Киров атындағы  колхозға мал дәрігері етіп жіберді. 1962 жылы бұл колхоз «Горный» совхозына айналды. Біз бала кезімізден: «Нұралы атамыздың зираты С.М Киров атындағы колхоздың жерінде орналасқан,   Бабамыз батыр болған кісі, ал оның жанындағы қабырдың  ұзындығы жеті кез, біздің  бабамыздан  да  асқан

  • Алыстағы ағайынның Атамекенге оралу жолын тұңғыш ашқан қазақтың қаһарман қызы

    Ол кім дейсіз ғой, турасын айтсам ол Сағат Зақанқызы. Тоқсаныншы жылдардағы алғашқы көш Моңғолия қазақтартарынан басталған. Сол көшті алғаш бастаған адам Сағат Зақанқызы. Бұған ешкімнің дауы жоқ. Жарғақ құлағы жасттыққа тимей, сонау қиын-қыстау заманында алыстағы ағайындардың жолын ашқан осы адамды қазақтың қаһарман қызы атауымыздың өзіндік себебі бар. “Көш басшысымен көрікті”  “Көргені жақсы көш бастар”  дейді атам қазақ.   Осы екі ауыз сөздің астарына үңіліп қарасақ, онда, үлкен мән мағына бар екеніне көз жеткіземіз.       Бұрынғы ауыл көшінің өзінде, көш басшылары төрт түлік малдың өрісінің жағдайына қарай, әр мезгілдегі ауарайының өзгерісіне сай, көшіп қонуда бір басына жетіп артылар  үлкен жауапкершілік  жүктесе, Моңғолияда тұратын қандастарымыздың бір жарым ғасыр ғұмыр кешкен ел жерінен ,

  • АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҮРІМШІДЕН ҚАЙТЫП КЕЛЕ ЖАТҚАНДА

    Болған оқиға ізімен Болған оқиғаның ізімеН…   Алаш жұртының бір емес, бірнеше съезі өтіп, Әлиханның Колчактан беті қайтып, “Енді қайтып тәуелсіз ел боламыз” деп жүрген кез еді. Семй Алаш қайраткерлерінің ордасы еді. Семейде жүрген Ахмет Байтұрсынов бастаған бір топ алашордашылар Қытай шекарасындағы Үрімші қаласына барып, ондағы қазақ жұртының хал жағдайын біліп қайтуға жолға шыққөан. Ол кезде Үрімшінің көбі қазақ еді Үйлері негізінен саздан құйылған. Орта Азияның көп қалаларын еске салғандай. Біраз үлкен кісілер мен жастар Ахаңның төте әліпбиімен кітап газет оқиды. екен. Ахаңды бұрын көрген адамдар да кездесті. Дегенмен, Ахаң Үрімші қазақтарының тәелсіз автономия құру туралы ойлары да жоқтығын байқаған. Соныменг, Үрімші қазағының және Қытайға жақын басқа ұлттардың басты тұрмысы

  • БІР АУЫЛДАҒЫ  ЕКЕУДІҢ ТАҒДЫРЫ

      Жұмат  ӘНЕСҰЛЫ   ( Махаббат туралы әңгіме) “МЕН СЕНЕН БАСҚАНЫ ӨЛГЕНШЕ  КӨРМЕЙМІН ДЕП СЕРТ БЕРІП ЕДІМ ӨЗІМЕ” “ДЕДІ БУЫНЫП ӨЛЕЙІН ДЕП ЖАТҚАН МАЙСА ДЕГЕН ҚЫЗ.. Бұл БАЙТӨБЕ деп аталатын ауыл. БҰРЫН ҮЛКЕН ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫ БОЛҒАН.ОҚУ АЯҚТАЛЫП, МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕР МЕКТЕПТІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АЛМА БАҒЫНДА МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРДІҢ ТОЙЫ МЕН  СЫНЫПТАС ЖАРАС ПЕН МАЙСАНЫҢ ТОЙЫ БІРГЕ ӨТЕІЗІЛЕТІН БОЛҒАН. ЖАРАСТЫҢ ƏКЕСІ ФЕРМЕР, АЗДАП ЕГІСТІГІ БАР. Ал Жараспен біргн оқыған Əміренің əкесі əкімшілікте қызмет жасайды, əрі жеміс өсіреді. БҰЛ ЖАРАС ПЕН МАЙСАНЫҢ ҮЙЛЕНУ ТОЙЫ БАСТАЛАЙЫН ДЕП ЖАТҚАНДА БОЛҒАН ТРАГЕДИЯ. ЖАРАС ПЕН МАЙСА МЕКТЕП БІТІРІП,, ӨЗ СЫНЫПТАСТАРЫМЕН МЕКТЕПТІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ҮЛКЕН БАҚТА ҮЙЛЕНУ ТОЙЛАРЫН МЕКТЕП БІТІРУ ТОЙЫМЕН ЖАЛ,ҒАСТЫРМАҚШЫ ЕДІ. МЕКТЕПТІҢ БАҒЫ АЛҚЫЗЫЛ ГҮЛМЕН ЖАЙНАП ТҰР. оҒАН ТҮРЛІ ТҮСТІ ЛАМПАЛАР ҚОСЫЛҒАН. сЫРТЫНАН

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: