|  |  | 

Саясат Әлеумет

Оралмандар Қытайда қамаудағы туыстарының дерегін білуді сұрады


Қытайдан көшіп келген оралмандар Қазақстан сыртқы істер министрлігі өкілдігінің алдында жиналып тұр. Алматы, 24 қазан 2017 жыл.

Қытайдан көшіп келген оралмандар Қазақстан сыртқы істер министрлігі өкілдігінің алдында жиналып тұр. Алматы, 24 қазан 2017 жыл.

Сейсенбіде сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігінің алдына Қытайдан көшіп келген бір топ оралман жиналды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, олар 2017 жылдың қаңтар айынан бері Қытайда қамауда жатқан туыстарынан нақты бір дерек алып беруді сұрап келген. Жиналғандардың бірі Гүлшира Еркешқызы өзінің туған інісі Серік Еркешұлының “осыдан бес ай бұрын қамауға алынғанын, осы күнге дейін қайда жатқанын, не үшін қамалғанын біле алмай отырғанын” айтады.

- Інім жергілікте жердегі имам болатын. Діни білімді Қытайдың өзінен алған. Заңды түрде жұмыс істеп жүрген. Үрімжіге жиынға шақырып, сол жерден қамауға алыпты. Қазір қайда екенін біле алмай отырмыз, – деді Гүлшира Еркешқызы Азаттық тілшісіне.

Жиналғандарды жекелеп қабылдаған министрлік өкілі олардың арыз-шағымдарын Астанаға жеткізу үшін жинап алды. Ішке журналистердің кіруіне рұқсат берілмеді.

Азаттық бұған дейін Алматыға Қытайдан көшіп келген оралмандардың туыстары Шыңжаңға қыдырып барғанда ұсталып, сотталғаны, туыстарының оларға қандай айып таққанын біле алмай отырғаны туралы жазған болатын.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • “Ресейдегі демократияны құртуды Ельцин бастаған”

    Азаттық радиолы Ресей парламенті алдында тұрған әскери танкілер. Мәскеу, 4 қазан 1993 жыл. 1993 жылы Жоғары Кеңесті тарату Ресей демократиясына соққы болды ма? Неліктен Вашингтон Борис Ельциннің күмәнді іс-әрекетін қолдады? Ельциннің тұлғасы мен түпкі ниетін бағалаған батыс сарапшылары мен саясаткерлері қателесті ме? Владимир Путин – Борис Ельциннің адал ізбасары ма? Wall Street Journal басылымына “Ресей демократиясы қалай өлді” деген мақала жариялаған америкалық публицист Дэвид Саттер постсоветтік Ресейдің бірінші парламентін таратуға 25 жыл толуына орай Азаттыққа сұхбат берді. 1993 жылы қыркүйектің 21-і күні Ресей президенті Борис Ельцин “Ресей Федерациясындағы кезеңді конститутциялық реформа туралы” №1400 жарлығын шығарды, оның бірінші тармағында ең жоғарғы заң шығарушы орган – Жоғары Кеңес пен халық депутаттары кеңесін тарату туралы

  • Қытайдың саяси жүйесіндегі саяси командалық топтар мен тұлғалар

    Қытайдың саяси жүйесіндегі жік-жікке бөлінген саяси командалық топтар мен тұлғалар қытайдағы барлық жағдайға тіке ықпал жасайтын басты себеп екені қаймана жұртқа анық. Саяси команда мен олигархтар арасындағы астыртын бақастық пен күрес керек десеңіз ең төменгі атқарушы билікке дейін көрініс беріп жатады. Әр команда өз жақын жақтасының көп әрі білікті, сенімді болуын қалайды. Сонымен бірге қытайдың саяси билікте жік-жікке бөлініп бақас болуының тағы бір себебі- байлық пен билік арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы себеп болып отыр. Қытайда ұлттық капитализм еркін даму жолына түскісі келеді, ал көне сүрдек коммунист билік шет-шетін ернеулеп, ұлттық капитализмнің ағытылып жүгенсіз кетуінен бек қатты алаңдайды және тежеп отырады. Алда жалда капитализмның басы ноқтаға симаса, ол- кәртең коммунисттерді биліктен аластайтыны

  • Кремльдің «жансызы» Бағлан Майлыбаевтың құпиялары

    Мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін сотталған ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев шет мемлекеттің өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста болғаны баршаға мәлім. Алайда осы ынтымақтастықтың егжей-тегжейін көпшілік біле бермейді. Ал дәл осы ақпарат соңғы жылдарда орын алған көптеген оқиғаларды айқындай түсер еді.  ҚР ҚК 361-бабының 4-бөлігімен және 185-бабының 3-бөлігімен көзделген қылмыстарды жасағаны үшін 2017 жылдың маусым айында бес жылға бас бостандығынан айыруға сотталғаннан кейін ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев баспасөз назарынан тыс қалды. Дегенмен, оның резонансты ісі әлі де көңіл бөлуге тұрарлық, өйткені, біріншіден, Кремльдің теріс реакциясына қарамастан, тіпті өте жоғары деңгейдегі қазақстандық мемлекеттік қызметкерлердің ресейлік әріптестерімен қажетсіз байланыстарын тоқтатуға Ақорданың қабілетін көрсетеді, және, екіншіден, Қазақстанда билік басындағылармен жанжалдасудың

  • Соғыс кезіндегі өкілеттікті “анықтайтын” тұжырымдама 

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы елдерінің бірлескен әскери жаттығуы. Алматы облысы, 22 мамыр 2018 жыл. Екі апта бұрын қоғамдық талқылауға ұсынылған “соғыс жағдайы мәселелері жөніндегі” заңнамаға түзету енгізу туралы жоба тұжырымдамасына (онда Қазақстанда тұрақсыздық болса, онымен күресу үшін “гибридтік” әдіс қолдану мүмкіндігі туралы жазылған) ешбір пікір айтылмады. Кей сарапшылар президентке қосымша өкілеттік беру қарастырылған құжатта саяси контекст бар дейді. ӨКІЛЕТТІКТІ “АНЫҚТАУ” “Қазақстан Республикасының соғыс жағдайы мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасының тұжырымдамасы соғыс бола қалған жағдайда президенттің, үкімет пен билік органдарының өкілеттігін “нақтылауды” ұсынады. Құжат тамыздың 22-сі күні нормативтік-құқықтық актілер сайтына шықты – қоғамдық талқылауға бөлінген екі аптада (қыркүйектің 5-інде аяқталған) ол бойынша

  • «Адал жол – Честный путь» марафоны қазыналы Қарақия ауданынан

    Жаңаөзен қаласына табысталды Айта кету керек, «Адал жол» марафоны сәуір айында Ақтау қаласынан бастау алған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара осыған дейін Түпқараған, Маңғыстау, Бейнеу, Қарақия аудандарында болып, енді міне Жаңаөзен шаһарына табысталды.   Қарақия ауданының орталығы Құрық ауылында өткен шара кезінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Байгебаев және Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Ержан Кұмісқали сөз сөйлеп,іс-шараның маңыздылығына тоқталып өтті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру баршамызға ортақ парыз. Марафон жоғары деңгейде өткізіліп келеді. Барлық аудандар барын салуда. Енді алда Мұнайлы ауданы күтіп тұр. «Адал жол» кітабына өздеріңіздің ұсыныстарыңыз немесе тілектеріңізді қалдыра аласыздар. Мұның тәрбиелік мәні зор, әсіресе жастар үшін.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: