|  |  | 

Көз қарас Саясат

ҚЫТАЙДА ҚАЗАҚ ҚАУПІ БАР МА?

22688786_952237488273172_5790767837012587680_n

Қазақ Елі қытайдан қауіптенеді, қытай қаупі, қытай үрейі мәселелері Қазақстанда әр деңгейде қоғам пікірін тудырып жатыр. Әлбетте, Қазақ мемлекетінде “қытай қаупі мәселесі” барын жоққа шығармаймыз. Деседе біз “Қытайда Қазақ Қаупі Бар Ма?” дейтін сұраққа жауап іздемекшіміз. Қытайда әрине Қазақ қаупі бар! Әуелі қазақ қаупі мәселесін “Панқазақизм” немесе “Ірі Қазақ Ұлтшылдығы”, “Ірі Қазақизім” деп те атап жүр. Бұл термин қытайдың саяси сөздік қорына тым ертеден еніп қалыптасып орныққан термин-дір. Қытайшасы: 大哈萨克主义 немесе 泛哈萨克主义. Суретте көрсетілген (қарап көріңіз).

Қытайда Қазақ қаупінің ТӨРТ кезеңі бар:

Бірінші кезең, Цин мемлекетінен (清朝) Яаң Зыңшин (杨增新) дәуіріне дейінгі кезеңдегі Қазақ Қаупі мәселесі;

Екінші Кезең, Шың Дубан (盛世才) кезеңінде өршіген Қазақ Қаупі мәселесі;

Үшінші кезең, Қытай Көменес (共产党) билігі дәуірі кезіндегі Қазақ қаупі мәселесі;

Төртінші кезең, 1991 ден бергі Қазақ қаупі мәселесінің жаңа кезеңі;

Енді біз осы төрт кезең төңірегінде әңгімемізді өрбітпекпіз…

Қазір кезең-кезеңімен талдау жасап көрейік. Бісмілдә…
Цин мемлекетінің алғаш рет ҚАЗАҚ (哈萨克) атын xатқа түсіруі 17- ғасырдан бастау алады. Содан бері төрт ғасыр өтсе де Қытайлар (қытайдағы төрт ірі үкімет) әлі күнге Цин империясы xаттап құжатқа түсірген 哈萨克 (Ха Са Кы/Қазақ) иероглифін өзгерткен жоқ, бұл термин де, иероглиф таңбалауы да өзгерусіз сол күйі қолданылып келеді. Бұның себебі әртүрлі. Жоңғар мемлекеті күшейе келе Қалқаларды жеңіп Цин іргесіне іркес-тіркес шабуыл жасап мазасын ала берген соң Цин үкіметі Жоңғарға қарсы соғыста өзіне одақтас болатын ел іздеу ниетінде болған. Сол кезде Цин жазбаларына алғаш рет Жоңғар айналасындағы xалықтар әсіресе ҚАЗАҚтар туралы, атауы, тұрмыс-тіршілігі, әскери күші, орталық азиядағы саяси ықпалы қатарлы бірмұнша ақпарат xатталып түсірілген. Бұл 17-ғасырдың соңындағы кезең-ді. Ал, саяси одақтасы Қазақтардан қауіптенуі Жоңғарлар жойылған соң-ақ басталды. Қазақтар ежелгі атақонысы Алтай, Еренқабырға, Тарбағатай, Іле аңғары мен Хан Тәңір бөктерлеріне ағын судай ағытылып үркін-дүркін көшкен кезде ҚАУІПтенген-ді. Цин елінің әскери күші ешқашан бұл көшті тоқтата алған емес. Сол себепті Циннің орда ақылшылары шарасыздықтан “Алтай, Іле мен Тарбағатай айналасындағы жойылуға беталған, сізге қауіп төндірмейтін Моңғол, Ұраңқай, Сұмын торғауыттарына мәнсап беріп, мәртебесін көтеріп қойыңыз, содан солардың қолтаңбасымен бұл өңірді Пекинге төте қаратып алыңыз, сосын ауып келген Қазақтардың ру ақсақалдарына кіші мәнсап беріп әлгі қауқарсыз ұсақ xалықтардың ұлықтарына телміртіп қойыңыз” деп ақыл-кеңес берген. Айтса айтқандайын, Қазақтар мекендеген Алтай, Тарбағатай, Іле мен Еренқабырға аумағындағы ұраңқай, торғауыттардың ТӨРТ ҮЛКЕН УАҢЫ (王) болған. былайша айтқанда қауқары әлсіз, аты бар заты жоқ төрт үлкен КНЯЗЬы болған. Күншығысқа ауған Қазақтың бәрін осы төрт князь арқылы басқарып, саяси тұйықтыққа матап отырған. Қазақтар мұндай саяси дағдарыс кезінде Шыңғыс Хан тұқымдарын алдырып (Қазақ xандығынан) ақ кигізге көтеріп Хан ғып сайлағап саяси, руxани байланысын ҚАЗАҚ Хандығынан ешқашан үзбеге тырысқан. Бұның көп мысалын тариxи деректерден көруіңізге болады. Қазақ Хандығы мен Цин мемлекеті арасындағы шекара келсімшарттар толық аяқталмай жатып араға Патшалық Ресей отаршылдары араласқандығы себепті, бұл өңірдегі шекара сызығы ешқашан ҚАЗАҚ ХАЛҚЫның қалауі бойынша сызылмады. Керісінше Ресей мен Цин заң бұзушы отаршылдары келсе келмес бөліске салды. Тариxи деректерде Зайсан, Аягөз, Іле-Жетісу өңірлерінде ҚАЗАҚ xалқының ұлт тағдыры мәселесін ақылдасқан үлкенді-кішілі құрылтайлары болғанын білеміз. Бұл Қазақ құрылтайлары Пекин мен Петербуркте шешіліп жатқан Қазақ шекара мәселесіне қандай ықпал жасады деп ойлауыңыз мүмкін? әрине, ықпалы болған. Мысалы, екі мемлекетте қалған Қазақтарға қай елге бағынышты болуын таңдау мәселесінің мерзімін он жылға дейін ұзартқан; Қазақ саудагерлері салықсыз кіріп-шықсын дейтін бап қостырған; Құжатсыз шекарадан кіріп-шығуына еркіндік берілсін дейтін баптарды қостырған; Үлкенді-кішілі Қазақ құрылтайларының қарарлары Пекин мен Петербурктегі екжақты келсімдерде ескеріліп отырған. Соның арқасында ел екіге айрылса да арадағы саяси, мәдени әм әлеуметтік байланыстар ешқашан үзілмеген. Ал, Цин үшін Қазақтардың қауіпті сезілуі де осыдан еді. Патшалық Ресей Қазақтарындай емес Цин Қазақтарының саяси әлеуеті басым, жан-саны тығыз еді де, Циннің әскери қосыны қауқарсыз, саны жағынан Қазақтармен мүлде салыстыруға келмейтін. Сол үшін ішкі қытайдан Манжур әскерін, сегіз жалаулы Мұңғол жасағын көптеп Қазақтар тұрған өңірге көшіре бастаған. Неше мың Манжу, Мұңғолдар мен Юннан (云南), Цинxайдағы (青海) бүлікші Дұңғандарды Қазақтар тұрған Алтай, Тарбағатай мен Іле, Еренқабырғаға жер аудартып, тегін жер-су беріп Қазаққа айдап салып отырған. Қоныс аударып орналасқан Манжуларды астық қамбасымен қамтамасыз ету үшін Алтышаһар мен Құмыл, Үштұрпан өңірінен Тараншы мен Ұйғырларды жер аударып зорлықпен қоныстандырған. Олар Қазақтар тұрған өңірге зорлықпен қоныс тепкен соң көбі кері қайтқан, тіпті кері қайтушылар мен қашып кетушілер саны артқан соң Цин үкіметі “бір үйден бір адам қашса, сол үй түгелдей өлім жазасына үкім етіледі” деп заң шығарған. Бұның нәтижесі Еренқабырға өңірінде Шонжы мен Үрімжі, Іле өңірінде Күре мен Құлжа, Тарбағатай өңірінде Дөрбілжін мен Шәуешекте көп ұлтты xалықтардың пайда болуына әкеліп соққан. Цин қанша жерден қолдан көп ұлтты өңір қалыптастырғысы келсе де олардың саны Қазақтардың оннан біріне де жетпеген. Бұның себебі, Қазақтардың ішкі өсімі өте жоғары болды. Сонымен бірге Патшалық Ресейден әртүрлі қысым көріп мың түтіндеп қөшіп келуші Қазақтардың саны ерепайсыз көп-ті. Қазақ санының көбейуіне байланысты ЖЕР мәселесі үздік туындап тұрды. Цин ұлықтары жер мәселесін әділ шешіп бере алмады, бұның аяғы ұлттық қайшылықтарға ұласаты. Осы мәселені болдырмау үшін Қазақтарды Цин ұлықтары белгілі мәнсаптарға тағайындауына мәжбүр болды. Қазақ ру басылары мен игі-жақсыларын “аудан әкімі” немесе “аймақ уәлиі” дәрежесіне дейін танитын құқықтар әперіп қолына заңды Мөр таңбасын ойып жасап берді. Бұған дейін Қазақтар өз ру-тайпасының түтін басы, ел ағасы атанып сайын далада еркін жүрсе, осы үрдістен соң өз руы, түтіні ғана емес, сол аумақтағы Мұңғол, Тараншыларға да үкім жүргізетін заңды мөрі бар әкімші тұлғаларға айнала бастады. Осыдан соң Қазақтардың жер иемдену жылдамдығы екі-үш есе арта бастаған. Жамбыл қорғанында жатқан Цин ұлығының еш қабар-ошарынсыз жайлаулық, көктеулік, қыстаулық бекіттіру науқаны артқан. Одан бір қызығы осы кезеңде Қазақтардың ұзақ шетелге шығуы артқан. Соның ішінде қажыға баратындар саны көбейген. Қазақтар Патшалық Ресей Паспортымен Қажылық сапарын жасайтын болған. Тіпті, Осыманлы Сұлтаны екінші Әбдүлқамидтің жеке қабылдауында да болған. Яң Зыңшін (杨增新) дәуіріне келген жылдары ол көпе көрнеу “Қазақты Тежеу” дейтін саяси бағыт ұстанған. Оның себептерін Яң Зыңшін өз күнделігінде анық жазады. Оның “Бугужай жазбалары” атты күнделігі әлі ашылмаған құпия. Онда “Қазақ қаупі” мәселесі туралы арнайы тақырыппен астын сызып тұрып жазған. Қалқалардың ояну кезеңі мен Алаш-Орда үкіметінің қазақтарға саяси ықпал жасауын тежеу үшін Шыңжаң қазынасын түгелдей сарқып жұмсағанын Бұрқан Шаһиди де естеліктерінде жанамалай айтып ситат келтіреді. Жалпы, Яң Зыңшін дәуірі Цин дәуіріндегі Қазақ қаупі мәселесінің қоламтасы қызара бөртіп бір үрлегеннен қалмай лап ете түсуге бейім тұрған өлара кезең еді. Оның бір жағында патшалық Ресей тарапынан неше жүз мың Жетісу Қазақтары қоныс аударып “қазақты тежеу” мәселесін одан ары ушықтырған-тын. Яң Зыңшін Қазақтың игі-жақсыларын Диxуаға (迪化/Үрімжі) шақырта бастады, оларға мәнсап ұсынып айлық қаражат ажыратып қаймана Қазақтан алыс ұстауға тырысты. Бұл оқиғадан соң Үрімжіде Қазақ зиялы, мәнсаптыларының жаңа ошағы қалыптаса бастады. Бір Яң Зыңшін дәуірі кезінде Үрімжіден қытайша білім алған Қазақтардың ұзын саны жүзден асты. Олардың кейбірі Үрімжіде мәнсапқа ұсынылған, көбі аудармашы болған. Осы барыстан соң қытайдың ішкі-сыртқы саясатын түсіне бастаған қазақ зиялылар шоғыры қалыптасып үлгірді. Олар Яң Зыңшінге әртүрлі әлеуметтік, саяси талаптарды ашық қоя бастаған. Қазақ Қаупі мәселесі Яң Зыңшін дәуірінде де толық сейілмей жаңа кезеңге көтерілді.

Шың Дубан (盛世才) дәуірінде Шыңжаңдағы қытай билігі жаңа кезеңге өткен еді. Билікке қытайдың ірі саяси, әскери оқу орны мен Жапониядан оқып келген қытайдың жаңа сападағы оқымыстылары араласа бастаған-ды. Бұның ішінде Шың Дубанның өзі де бар-тын. Бұл кездері Қазақтар билікке көптеп араласа бастады. Бұның себебі, қытай ұлтшылдары Пекин үкіметін тңкеріп 1928- жылы Нәнкиңде (南京) жаңа ұлтшыл Гоминдаң (国民党) үкіметін құрады. Сосын, Шыңжаң билігін Нәнкиңге өткізіп алу үшін астыртын “төңкеріс” ұйымдастырып Яң Зыңшінді аударып, орнына Гоминдаңшыл кадрларды билікке тағайындайды. Бұл саяси үрдіс толық аяқталмай тұрып Совет одағының қолтығына су бүркуінен пайда болған Құмыл мен Алтышаһарда ұлт азаттық көтерілісі бұрық ете түседі. Шыңжаң әп-сәтте Шығыс Түркістаншылдар мен Орталық билік және Гоминдаңшылдар мен Советшіл қытай күштерінің талас-тартыс саяси майданына айналып кетеді. Осы қым қуыт кезеңде Шың Дубан Совет одағымен астыртын тіл біріктіріп Шыңжаңдағы Шығыс Түркістаншыл күштер мен Гоминдаң күштерді қидай сыпырып Жаңа үкімет құрады. Үкімет Нәнкиңдегі қауқары енді ғана қанат жайып келе жатқан Гоминдаң үкіметінен біржолата ат кекілін кесіседі. Шың Дубан кезінде “Қазақ Қаупі” мәселесі тіптен “өршіп” кетеді. Қазақ мәдениеті, баспасөзі мен оқу-ағарту аясы бұрын соңды болмаған жылдамдықпен арта бастайды. Ташкен, Алматы, Зайсанға оқуға аттанған Қазақ оқушыларының ұзын саны үз жүзден асады; Қазақша басылған кітап саны неше жүз мыңнан асады; қазақша газет-журналдың таралымы неше он мыңнан асады; әр қала, аудан орталықтарынан Қазақ театры ашыла бастайды; әр Қазақ елді-мектебінде Қазақ мектептері ашыла бастайды, мектепке оқытушы дайындау үшін педакогикалық колледждер ашыла бастайды; мектеп саны мен сапасы артып, одан неше он мың қазақ балалары оқу тауысады; Қала қазақтана бастайды, қалаға Қазақ зиялылары мәдениет үйі мен мектеп, театыр салғыза бастайды; бұндай белсенділік Шың Дубанға “Қазақ Қаупі” мәселесін одан ары үдете бастайды. Сонымен 1939- жылдан бастап “Қазақ-Қырғыз Құрылтайы” деген сылтаумен бүкіл Қазақтың игі-жақсылары мен зиялыларын Үрімжіге шақыртып қырғыншылық жүргізе бастайды. Бұл кезең “Қазақ Қаупі” мәселесінің әбден пысып жетіліп саяси күшке айнала бастаған кезі еді. Бұл “қауіпті” Совет одағы, Моңғолия және Шың Дубанның уақытша билігі бірлесіп ортақ тұншықтыра бастайды. Ал, Нәнкиңдегі Гоминдаң билігі Шыңжаңды Советтік күштерден (Үш Аймақ үкіметі, Моңғолия бар) тазарту үшін уақытша “Қазақ Қаупі” бар күштерімен санаса бастады. Бұл кездері Қазақтар бірмұнша саяси билікті қолына ала бастады. Бірақ, Қазақтың дені Советші Шарқи Түркістаншыл болғандықтан саяси жікке бөліну өте ауыр болды. Саяси танымы бөлек болғаны үшін бір-бірінің жағасына жармаса бастады.

Көменес қытай билігі (共产党) орныға бастаған соң Пекин үкіметі “Қазақ Қаупін” сейілту үшін астыртын Шарқи Түркістаншыл Қазақтар мен Чин Түркістаншыл Қазақтарды әдейі ерегестіріп қойды. Сонымен жаңа саяси билікке келуші Қазақ зиялылары біріккеннің орнына жікшілдікке, тапқа бөліне бастады. Шарқи Түркістаншыл Қазақтар билік құрамынан Чин Түркістаншыл Қазақтарды Пекинге жамандап, оларды аластай бастады. Орталық Пекин үкіметі Шарқи Түркістаншыл Қазақтарды пайдаланып Чин Түркістаншыл күштерді саяси биліктен тазартқан соң 1955-жылдан бастап Шарқи Түркістаншыл Қазақтарға да қырғидай тисе бастаған. Сонымен 1955-1962 жылдар арасында жүз мыңдаған Қазақтар (көбі Шарқи Түркістаншылдар) Совет одағына дүркін-дүркін қоныс аударған. Бұл кезең Қытайда “Қазақ Қаупі” мәселесінің бір мезгіл сейілген кезеңі саналады. Көне көз зиялылар аласталып орнына көменес қытай билігі өзі тәрбиелеп шығарған нағыз қып-қызыл белсенді кадрлер келе бастаған дәуір-ді. Бұның соңы қытайда Латын жазуына көшу мен Он жылдың саяси, мәдени былықпалыққа ұласқан еді.

Қытай билігі 1972- жылы әлемдік қауымдастық жағынан ресми мойындалған соң қытай-совет одағының жаңа саяси қарым-қатынасы басталған-ды. Совет одағы мен қытай қарым-қатынасының нәшарлап ушығуына байланысты совет саясатшылары қытайды іштен саяси әбігерге салу үшін “Қазақ қаупі” мәселесін тыңнан қоздырған-тын. Бұл кезеңде “Үшінші Шығыс Түркістан Респубиликасы қайтадан Құрылады” деп даурыққан-тын. Совет әскері қытайға басып кіріп, Қазақ пен Ұйғырға тәуелсіз мемлекет құрып береді деген жеосөз желдей еседі, тіпті 500 кісілік астыртын “Шығыс Түркістан Халық Тқңкерісі Партиясын” астыртын құрғызып әр өңірден бөлімшелерін ашқыза бастайды. Бұл кезең “Қазақ Қаупінің” жаңа өрлеуге көтерілген кезі еді. Өйткені, 1955-1962 де Советке ауған Шарқи Түркістаншыл көне көздер әлі басым-ды. Оның біржағы Шыңжаңда қытайдың саны аз, әскери қауқары шағын-ды. Бұл кездері Мәскеуден “Отан Құтқару” радиосы әуе толқынында еркін таралып, Бішкектен Қазақша-Ұйғырша “Алатау” телеарнасы ақпараттық соғысын дамыл қақпай жүргізіп тұрған-ды. Онымен қоса, қытайда қытай билігіне қарсы әдеби ағым пайда болып оның неше он мың оқырманы бар-ды. Совет одағымен арадағы кірбеңдік кесірінен советпен барыс-келіс тоқтап шекара тарс жабылды. Қытай Қазақтарының Қазақстанмен байланысы тоқтады.

Кейін, Совет ыдырады, қытай билігі саяси, эконмикалық әм әлеуметтік жаңа реформалар жасай бастады. Қытай билігіне ірі саяси тұлғалар келе бастады. Олар ашық әрі жанамалай “қытай ұлтшылдығын” дәріптеп қытайды жаңа алпауыт елге айналдыруды көздеді. Совет одағының ыдырауына байланысты қытайдың батысы мен терістік-батыс шекарасы жаңа тәуелсіз мемлекеттермен толысты. Қытайдың сыртқы саясаты жаңа дәуірге аяқ басты, қытай шекара тың мәселесіне дөп келді, шекара аттаған ұлттардың (мысалы, қазақ) ұлттық мәселесі пайда болды. Осындай жаңа оқиғалар ішінде Қытай назарын айрықша аударғаны- Қазақ Мәселесі. Қытайдың 90- жылдардағы мемлекет басшылары мен Шыңжаң тізгінін ұстаған қытай кадрлары бұл тақырыпқа өте айрықша мән беріп, үнемі бақылап басқару жүргізіп отырды. Қытайдың ПАНҚАЗАҚИЗМ немесе ІріҚазақ Ұлтшылдығы атауын беруі де осы кезде шырқау шыңға шыққан-ды. 90- жылдары ұлтшыл Қазақ зиялыларының жүрегі күпті еді, ол кезде әкімшілікте, саясатта, барлық салаларда Қазақтың қарасы көп еді, Қазақ мектептерінің саны екі мыңнан асатын, Қазақы елді-мекендер басым-ды. Алда жалда саяси толқу немесе референдум жасалса Қазақтар басым түсуі айдан анық-ты. Қазақтар толқыса қытайдағы ұлттық мұраты ішінде қайнап жүрген басқа ұлттардың да толқуы бойбермей елде үлкен былық басталуы әбден мүмкін еді, қытай саясаткерлерінің де үрейі осылар болатын. 91-жылдан соң Қытай билігі “Қазақ Қаупі” мәселесімен қайта әбігерлене бастады. Шекара ашылды, барыс-келіс үдеп, сауда жанданды, ал қытайда ұлттық капитализм мешеу, қауқары саябыр еді, сол себепті ықпал-күші әлсіз болды. Қазақстан туралы саяси таным әлсіз болды, маман-кадр тапшы болды. Осы олқылық орнын толықтыру үшін әрі “Қазақ Қаупін” әлсірету үшін Жаңадан Қазақтану, Қазақстантану, Орта Азиятану салаларына жол ашылды. Қысқа уақыт ішінде Қазақстантану мәселелері өте көп кітаптар мен ғылми мақалалармен толықты. Қазақ тілі мен орыс тіліне айрықша ден қойыла бастады. Қазақстанда да Қазақ жазушылары Шығыс Түркістан тариxы мен Оспан Батыр туралы жалпы қытай Қазақтары мен қытайдың әл-қуаты туралы кітаптар мен мақалалар жарық көре бастады. Екі ел Қазақтарының мәдени, туысқандық ауыс-күйісі жаңа бағытқа түсе бастады.
2000- жылдардан соң екі ел де (Қазақстан-Қытай) жаңа нарытық жолға түсе бастады. Экономикалық, әлеуметтік әлеует артты. Қытайда Қазақтардың Қазақстанға сүйенген ұлттық орта және шағын сауда өнеркәсібі дами түсті. Қазақстан азық-түліктері мен ұлттық өнімдері қытай базарын жаулай бастады; Қазақстан ән-күйі мен көңілашар театрлері қытайда өте белсенді қолдауға ие болды; Талай өнер жұлдыздары мәдени әм ұлттық ауыс-күіс жасады; Қазақстан жазушыларының әдеби шығармалары мен шетел әдебиеті Қазақстан арқылы қытайға бұрын соңды болмаған ғаламат жылдамдвқпен тарап руxани ықпал жасады; Керек десеңіз, Қазақстанның сапалы азық-түліктері базарды жаулаған соң қытайдың Шәуешек, Құлжадағы ұн заводы, сумай заводы күйреп тоқтап қалды; Қытайдағы Қазақ жастары “Қазақстан Акцентінде” сөйлеуді, Қазақстан өнер жұлдыздары мен ақын-жазушыларына еліктеуді МОДЫ немесе МӘДЕНИЕТ санады; Қазақстанға оқуға аттанушы жастардың саны орасан зор молайды; Қазақстан байрағын асып жүрушілер көбейді; Қазақстан телеарналары мен сайт-портал, радиосын тыңлаушылар саны жаңа өрлеу дәуіріне аяқ басты; қытай әлеуметтік желілеріндне KZ деп қолданушы Қазақ жастарының саны ЖҮЗ МЫҢнан асқан; отбасын, тыныс-тіршілік келешегін Қазақстанмен байланыстыратындардың саны ғаламат көп болды. Қытай ұлтшылдары, Қытай ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақтарға сенімі азайып, бұның алдағы нәтижесінен алаңдады… Өйткені, Қазірдің өзінде ҮШ ЖҮЗ МЫҢ ҚЫТАЙ ҚАЗАҒЫНЫҢ ҚОЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН ЫҚТИЯРХАТЫ БАР. Ал, неше он мың Виза кезегін алушылар мен неше жүз мың Қазақтың паспорт жасауға өтініш беруінің өзі ОҢАЙ САЛМАҚ емес.

Бүгінгі күндері қытайда Қазақ xалқына байланысты әрқандай саяси теріс науқандар бірі, Қазақ Қаупі мәселесін түбегейлі жойып болдырмау мақсатында туындайды. Екіншісі, Қытай ұлтшыл зиялыларының саяси билікте шындап кірісе бастағанының нақты белгісі ретінде байқалады. Әрине, қытай бүгін немесе ертең ҚАЗАҚ ҚАУПІ мәселесінен арылайвн деп тұрған жоқ. Бұл алда жалғасын таба беретін қытайдың көп бас ауыруының бірі ғана.

Елдес ОРДА Таңғы 4:18

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: