|  |  | 

Көз қарас Суреттер сөйлейді

Қытайдың бас ауыруына айналған ұлт мәселелері

22687822_953345788162342_5839095284926446021_nСіз қытайдың ұлт мәселесіне қатысты қандайда бір кітаптар мен мақалаларды оқып көрдіңіз бе? Онда қытай ғалымдары қытайдың бас ауыруына айналған ұлт мәселелеріне жан-жақты талдау жасайды. Сол талдауларында қытайдың шекара аумағында қоныстанған ұлттар мәселесін, орталық азиядағы ұлттардың қайта ояну кезеңін және оның қытайға жасаған ықпалын жеке-жеке зерттеп сарапқа салып отырады. Сол барыста көмескі түрде болса да “Қазақ қаупі” мәселесін тілге тиек етеді.

Осында қытайдағы “ұлт мәселесі” туралы қытай саясаттанушы мамандарының бірқанша кітаптарын салып қойдым. Қазақстандағы ұлт саясатының Шыңжаң өлкесіндегі шекара аттаған ұлттарға (мәселен, Қазақтарға) ыпқал жасайма деген сыңайда жазылған мақаланы да әкелдім (суретте бұлар көрсетілген). Ары қарай зерделеп көріңіздер, қытайда бұндай түйткіл (Қазақ Қаупі) болмаса қытай мамандары бұны тектен текке ауызға алмайды ғой.Eldeç Orda суреті.

Әрине, қытай экономикасы мығым, саяси ықпалы жоғары, күш-құдіреті әлемдегі ең алпауытты елдердің қатарына еніп отыр. Дейтұрғанымен бұл қытай ешнәрсені қауіптенбейді, қытай ешнәрседен алаңдамайды дегендік емес! Қытай үшін қытайдың “тәтті ұйқысын” қашыратын талай ұлттық мәселелер мен түйткілдер толып жатыр… соның бірі қытайдағы ұлт мәселесі және ұлт мәселесін шешуде сақталған мәселелер.

Қытай ұлт мәселесін бірқанша категорияларға бөліп қарастырады: қытай мәселесі; қытай еместер мәселесі; қытай еместердің ұлт мәселесі; шекара аумағындағы ұлттар мәселесі; шекара аттаған ұлттардың ұлттық мәселесі; т.б

Қытайдағы ұлттанушылар мен саясаттанушылардың кітап, мақалаларын оқысаңыз қытай қоғамын мүлде басқа қырынан танитын боласыз. Қытайлар әрбір мәселенің барлығын жіпшелеп, жіңішкелеп маржанға тізгендей ғып құныттап жазып шығады.

Қытай Қазақстанға экономика (және басқа) жағынан көп ықпал жасап тұрғанымен, Қазақтардың да қытайға ықпалы зор.Eldeç Orda суреті.

Қазақтар- қытайда қытай мемлекетін құрушы ең байырғы xалық саналады. Қазақтар былайша айтқанда қытайдың ең көне тұрғындарының бірі есептеледі. Біле білсеңіз, қытайда ұлт деп тану бір басқа, байырғы ұлт деп тану екінші бір басқа әңгіме. Екеуінің арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Мысалы, орыс xалқы қытайда тіркелген 56 ұлттың құрамына кіреді, ал байырғы немесе осы мемлекетті құраушы, қалыптастырушы байырғы ұлт санатына жатпайды. Бұнымен қатар Моңғолия мемлекетінде де Қазақтар заңды, байырғы ұлт ретінде мойындалып атазаңдарына ойып жазған. Сосын, Моңғолияда Қазақтың ұлттық аймағы бар. Ал енді қараңыз, қытай Қазақстанда тіркелген заңды, мемлекет құрушы ең байырғы xалық санатына жата ма? әрине жатпайды.

Қазақтар- қытайда шекара аттап қоныс тепкен (跨界民族) байырғы xалық санатына жатады. Қытайда ондай шекара аттап қоныстанған ұлттар санатына Мұңғолдар, Кәрістер (Korea) мен Қырғыздар, т.б кіреді. Бұған xалқының 95% Қазақтардан тұратың Баян Өлгий аймағын қосыңыз. Моңғолиядағы Қазақ аймағы, Қытай Шыңжаңдағы Қазақтар тәуелсіз Қазақ елімен тұспа-тұс, географиялық тұтастығы бір белдеуде шоғырлы тұрғандықтан қытай ұлтшылдары осы біртұтас ұлттық белдеуден қатты алаңдайды. Қытай назарына іліккен Ұйғыр, Тибеттерде бұндай факты жоқ. Қазақстандағы ұлттық жаңғыру, ұлттың жаңа сапаға өрлеуіне қатысты қадамдар Шыңжаңдағы Қазақтарғы және өзгелерге ықпал етпей қоюы мүлде мүмкін емес нәрсе. Оның бір жағында бұл өңір яғни Қазақтар мекендеген өңірлер бұған дейін ұлт-азаттық күрестер толастамаған жер саналады. 80-жылдардан кейін қызыл қытай үкіметіне қарата оқ атқан гомендаң қытайдың бірсыпыра әскери тұлғалары ақталса да қазақтың кейбір әскери, мәдени, саяси тұлғалары әлі ақталған жоқ. Қытай ондай тұлғалардың көп дәріптелуін қаламайды.Eldeç Orda суреті.

Қазақтар қытайда ең байырғы заңды тұлға болғаны үшін жеке автономия алуына мүмкіндік туды. Оны құрудың өзі айырым бір тақырып. Бүгінгі күндері автономия ауыз толтырып айтарлықтай болмаса да қытай құжатына автономияның заңды шекарасы белгіленді. Қазақстанда қытай түгіл ешбір өзге ұлтқа автонрмия жоқ.

Қытайда Қазақ тілінің жылдан жылға тараюына қарамастан Қазақ Тілі заңды құжатта белгіленген аумақтық маңызды тіл. Қытайдың белгілі аумағында Қазақ Тілі- баспасөз, білім алу, заң-закон мен ақпарат тілі. Ал, Қазақстанда қытай тілі- ешқашан мемлекет құжатына енбеген тіл. (белгілі салада сұраныс өсіп келеді).

Айта берсеңіз салыстырулар көп.Eldeç Orda суреті.

Қытай ұлт мәселесін шешуде орталық азия мен Шыңжаңға баса назар аударуының себебі анық. Шыңжаң өлкесі европаға Қазақстан арқылы шығады (Пакістан Қарачи оқиғасын кейін айтайық). Қазақстандағы әрқандай ұлттық ізденіс Қытайға тіке әсер береді. Ол әсерді күні бұртын сезіп сараптап отыру қытайдың күнделікті өмірінде маңызды дағдыға айналып кеткенін білуіміз керек.

Eldeç Orda
Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.Eldeç Orda суреті.

Related Articles

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • …ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз.

    Әлеуметтік желіде осы отандасымызды қызу талқылап жатыр екен. Көбі сын айтып жатыр. Видео жазбаның толық нұсқасы жоқ, пікір-талас тудырған бөлігі ғана тарап жатыр екен. Соған байланысты өз ойымды айта кетпекшімін: Бірінші, отандасымыздың видеосы, фотосы әлеуметтік желіде желдей есіп тарап жатыр. Ол азаматтың (азаматшаның) жеке құпиясы саналатын фотосы, видео жазбасы кімнің рұқсатымен тарап жатыр екен? Өз басым осы постты жазу үшін ол азаматтың (азаматшаның) видеодағы бейнесін қара бояумен өшіріп тастауды жөн көрдім. Және рұқсатынсыз фото бейнесін жеке парақшама салғаным үшін одан кешірім сұраймын. Діни ұстанымы, ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз. Екінші, отандасымыздың діни ұстанымына байланысты айтқан сөздері қоғамда қатты пікір тудырған екен. Тіпті оны “ұлт дұшпаны”

  • Үш анық

    Үш анық: Бірінші, әлеуметтік желіде пост жазу біреу үшін ермек немесе уақыт өткізу құралы болуы мүмкін. Олардың ортасы, шақыратын қонағы, әңгімесі де бөлек дегендей. Адамдар әлеуметтік желіні мәдени ортаға айналдыруы міндетті емес. Кейбір азаматтар үшін әлеуметтік желі пікір алмасу ортасы, білім ошағы, ақпарат алу алмасу орыны. Әлеуметтік желіде сапалы контент ұсыну, мәдени орта қалыптастыру, әдепті пікір-талас өткізу тұлғалық дамуыңа қосымша әсер етеді. Кейде түрлі ортаның адамдары сапырылысып араласып жатады. Сенің ұлтқа, мемлекетке деген шынайы күйінішіңнен туған дүниеңді ермекке айналдырғысы келеді. Оларға да ешкім қой демейді, сондай еркін. Бір қарасаң жақсы, бір қарасаң шынымен ыңғайсыз. Өз басым көбінің өз ойын айтуына ерік беруге тырысамын, аузын қақпаймын. Өйткені ол да осы елдің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: