|  |  |  | 

Көз қарас Руханият Тарих

ТЕКТІЛІК ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Qazaq jasagiМарат Токашбаев

Әлгінде осы әлеуметтік желіден қазақ халқы мен қалмақ халқының «тектілігі» туралы пікірлер оқып қалдым да осы постты жазуға құлқым ауғаны. Жалпы «тектілік» деген құбылыс тұтас этносқа байланысты айтылмайды. Мысалы француздар – текті, берберлер – тексіз, конкистадорлар – текті, Чиганчук – тексіз деп айта алмаймыз. Текті адамдар да, тексіз адамдар да барлық ұлтта, брлық этноста кездеседі.

Қазақ халқы әлемдегі еш халықтан артық та емес, кем де емес. Анығын айтқанда қазақ халқында тектілер де көп, тексіздер де жетіп жатыр. Егер ұлт ретінде керемет текті болсақ, 1937 жылы бір-бірімізді оққа байлап, ұстап бермес едік. Дәл бүгінгі күні Ата заңымызды аяққа таптатып, орыс тіліне үстемдік беріп қоймас едік.

Ана бір жылы мәскеулік қалмақ жазушысы Олег Манжиевпен тарих туралы әңгімелесіп отырғанымызда «1771 жылы Еділдің жағасынан атамекені Жоңғарияға сарбаздар болса бір сәрі, бейбіт көшіп бара жатқан 30 мыңнан астам қалмақ отбасын («Шаңды жорық» -М.Т.) қазақтар неге аяусыз қырдыңыздар?» дегенде бұған себеп ретінде «ата жауға өшпенділік пен кек әділеттілігін» көлденең тартқанбыз. Артынан ойланып қалғанмын. Қазақ текті болса бәлкім олардың бала-шағасын қырмай аман-есен жіберер ме еді, кім білсін? Алайда өтер іс өтті, жеңімпазға сот жоқ. Бірақ тектілік ұлтқа қатыссыз ұғым екеніне осы мысалдар жеткілікті деп ойлаймын.

Сонымен тектілік деген не? «Тектілік – адам бойындағы асыл қасиеттердің, парасаттылықтың үлгісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа рухани сабақтастықпен берілуі» дейді Уикипедия. Ал хәкім Абай: «Адам-адамнан, тек білімі арқылы артық» дей отырып: «Әуелі адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нәрселерменен. Мұның табылмақтығына себептер – әуелі хауас сәлим (ізгі сезім – М.Т) һәм тән саулық. Бұлар туысынан болады, қалмыс өзгелерінің бәрі жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», – дейді өзінің 38 қарасөзінде. Яғни тектілік дегеніміз әрі қанмен, әрі тәрбиемен келетін асыл қасиеттер екен. Ал асыл қасиетке «талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым» жататынын Абай атам айтып қойған. Зиялы қауым оған өз тарапынан сыпайылық пен кешірімшілдікті де қосып жатады.

Қандай қиын жағдайда да адамдық, адамгершілік биіктіктен түспеу – тектіліктің көрінісі. Сондықтан “қазақ – текті”, “қалмақ – текті” деп бағалау асыра айтылған сөз. Қалмақты қайдам, Алла тағалам, қазақ халқын сондай тектілік деңгейіне жеткізе көрсін!

facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Қытайдағы экономикалық крезис

      Қытай экономикасының тарихы Біздің ерамыздың 138жылы Қытай елшісі жаң циан батыста ферғанаға дейін келіп қайтады.Бұл кезде Қытайдың Хань империясымен көшпенді Ғұн империясының арасында бітпес соғыстар етек алған болатын.Бұл соғыста тек қана жер територия таласы ғана емес үлкен экономикалық мүдделерде жатқаны анық,олай дейтініміз ол заманда Қытай халқы негізі егіншілікпен қосымша тоқымашылық,аздап қолонеркасыппен айналысты.Басты өндіріс өнімі саналатын фарфор мен жібекті сату үшін ұлкен базар керек еді.Хан уди патшаның тұсына дейінгі империяторлар тұсына дейін халықтан тек1/30 салық жиналып тұрдыда халықтың әл -аухаты жақсарды,бұны сол кездегі деректерде:«дала мыңғырған малға ,қамбалар астыққа толып,қазына алтын,күміс ақшаларға толып кетті,тіпті санын алудың өзі мүмкін емес еді»деген деректен көруге болады.Хань патшалығы алғаш құрылған кездері Ғұндардан ойсырай жеңіліп жылына

  • Алаш астанасының үкімет ғимараттары

    Орынборда 1917 жылы желтоқсанның 5-і мен 13-інің аралығында өткен Екінші Жалпықазақ құрылтайының қаулысында Семей қаласы Алаш аутономиясының астанасы, Алаш Орда халық кеңесінің орнатылатын жері болып жарияланды. Нақты айтқанда, Алаш үкіметінің ғимараттары Ертістің сол жағасындағы Жаңа Семейде орналасқан. Жаңа Семейді ол кезде орысша Заречная слобода деп атаған, ал қазақша халық оны аталмыш тарихи оқиғаларына байланысты Алаш қаласы деп жүрген. Сол кездегі Жаңа Семей Тінібай, Тарақты және Жоламан қалашықтарынан құрастырылған еді. Ал Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романының екінші томында Бер жақ, Бас жатақ деген атаулары да кездеседі.         Ресей империясының заманында Семей ірі бір аймақтың әкімшілік орталығыеді, Семей қаласына қазіргі Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары, Қарағанды облысының бір шеті қараған. Сонымен қатар, қала ірі

  • Шәкерім қажының атына қатысты

    Шәкерімді “Шәкәрім” деп атау қалыптасып кетті. Өзім де осылай айтып жүргем. Мұхтар Мағауин ақсақалдың екі уәжінен соң пікірімді өзгерттім. Ақсақалдың сөзінше, біріншіден, Шыңғыстау, Бақанас пен Шұбартаудағы ағайыны көзі тірісінде һәм кейін шайырды “Шәкерім” деп атаған. Екіншіден, тіпті замандастарының көзін көріп, сөзін естігендерге сенбеген жағдайда, мынадай қисынға тоқтауға болады: қазақ тілінде “әкә” деген буын мүлдем жоқ, сөз ішінде кездеспейді, фонетикалық заңдылыққа қайшы. “Әке”, “дәке” (марля), “Сәке” деген сияқты атаулар соның айғағы. Ақсақалдың осы бірінші уәжі-ақ өз басыма жеткілікті еді, екіншісі мұның дұрыстығын әбден ұғындырып тұр. Ғалым БОҚАШтың facebook парақшасынан алынды БАС ТӘУЕЛСІЗДІГІ Адамның шын мінезі, ой-пікірі һәм қабілеті жеке басы үшін саяси-экономикалық тәуелсіздік туғанда ғана білінеді (салыстырмалы түрде айтып отырмын, абсолют

  • Айдос САРЫМ: ЕСЕЙГЕН ҚОҒАМНЫҢ БҰТЫНА  КОЛГОТКИ КИГІЗУ – АҚЫМАҚТЫҚ

    ДАТ!  • Өтіп бара жатқан жылдың қоғамдық қорытындысын және болашаққа саяси жоралғы жасауды белгілі саясаттанушы Айдос Сарым мырзадан сұраған едік. Сондағы ой-таразы топшылаудың тоқетері төмендегідей болды. – Айдос мырза, сонымен тағы да бір жылды түгесетін кез келіп қалды: әлеуметтік желіде әзіл-бірқақпайлар жазып қоятын әдетіңіз бар еді – биылғы ең бір қызғылықты жазбаңызды еске алайықшы? – Шынын айтайын, дәл қазір нақты бір себепті, не оқиғаны айтудың өзі қиын болып кетті. Себебі, ашығын айтайық, жылдан-жылға, күннен-күнге бүгінгі билік өзін-өзі күлкіге айналдырып келеді. Биліктің ең мықты, ең керемет деген идеяларының өзі аяқ астынан күлкіге, сайқымазаққа айналып кетіп жатқан уақытта өмір кешіп жатқан түріміз бар. Бұның барлығын шенділеріміз әдейі істеп жатыр деп те айта

  • СӘТБАЕВ НЕГЕ ҚУҒЫНДАЛДЫ?

           Қазақ жеріндегі ұлттық Ғылым академиясын құру идеясы Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан уақытта пайда болған еді. Көрнекті ғалым соғыстың қиыншылығына мойынсұнбай, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастыру ісін табанды түрде қолға алды. Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы республикамыздың ғылыми тұрғыда дәлелді шешімдерін тұжырымдауға, ел экономикасының, ғылымы мен мәдениетінің өркендеуіне үлкен мүмкіндіктер ашты. Ғылым академиясының құрамына зерттеу институттары, кітапханалар мен мұражайлар, лабораториялар, сонымен бірге базалар мен филиалдар қарайды, сондай-ақ, бұл мекемелердегі тиісті салаларды жоғары білімді мамандар және қызметкерлермен қамтамасыз етеді.        Қазақ КСР Ғылым академиясы ашылғаннан кейін дербес ғылым салаларында зерттеу институттарының ашылуы етек ала бастайды. Қоғамдық және жаратылыстану ғылым салаларында көптеген ғылыми зерттеу орталықтарының ашылуы, олардың дамуына

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: