|  |  |  | 

Тарих Тұлғалар Қазақ шежіресі

Алаш арысы Райымжан Марсектің ата-тегі жөнінде.

Alash arystary

 

    Ресей империясының отарлық езгісіне қарсы тұрып, одан кейінгі коммунистік-шовинистік кезеңде ұлт мүддесін қорғап, ұлттық саяси партия құрып, қазақтың мемлекеттілігін қайта жаңғыртуға талпынған қазақ зиялылары мен оқымыстыларының  жарық жұлдыздарының, ірі қайраткерлерінің бірі найман-терістаңбалыдан шыққан Райымжан Марсек еді.  Райымжан Марсектің өмірі, қазасы жөнінде бірталай зерттеулер жүргізіліп, кітаптар да жазылған.  Алаш арысының артында қалған ұрпақтары жөнінде, Раймыжанның туған інісі Шериязданның қызы Тұрдықан апайымыздың «Кешулер» атты кітәбінде толығымен айтылған.  Осы апайымыздың жазған кітәбі мен  тарих ғылымдарының докторы Әбжановтың жауапты редакторлығымен жазылған Райымжан Марсек туралы «Қазақ қайда бара жатыр?» атты кітәптерде айтылмаған  бірер деректерді келтіруді жөн көрдім.Raqymjan Marsek

   Төңкерістен кейін Райымжан Марсектің контрреволюцияшыл аталғаны белгілі. Былтыр жазда байжігіттің атақты шежіресі болған, Дәулетбай батырдың егізі Есенгелді бидің ұрпағы Мәлік аға Мұқашұлы жүрек талмасынан дүниеден өткен еді. Кезінде осы Мәлік аға марқұм Тарбағатай ауданының әскери комиссариатында қызмет жасап жүріп көптеген құпия деректерді білген болған.  Елінде «тірі энциклопедия» атанған  Мәлік ағаның  қолынан мен ең алғаш осы Райымжан Марсек жөніндегі чекистердің дерегін көрдім. Бір кездескенімізде сатыбалдылармен құдандас екенімізді естіген Мәлік аға, Райымжанның бабасы терістаңбалы Сатыбалды батыр туралы әңгімесін бастап кетіп, кезінде, әскери комиссариатта қызмет жасап жүрген күндерінде шекарашыл чекистерге қызмет еткен Рашид Меркурбановтан Райымжан Марсек туралы естігендерін айтып берді. Меркурбанов Зайсанның татары еді. «Тарбағатайдың қызыл қырандары» атты большевиктердің әйгілі әскери отряды Қытаймен шекарада контрреволюцияшылдардың шабуылдарына төтеп біруге жұмылдырғаны белгілі.  Осы Меркурбанов пен Ақжар ауылының азаматы болған Интин Қасен атты ақсақалдар, Қытайға өтіп кеткен Райымжанның атының Зайсан-Тарбағатай өңірінде жаңғырып тұрғанын айтып кетеді. Райымжанның: «Көкпекті, Тарбағатай, Қалба, Бөкен, Қызығын қайта айналып көрер ме екен?!» деп кезінде өлең айтып жүргені бекер болмаған.  Алаш қозғалысына шексіз берілген Райымжан Марсек  қызылдардың Семейде  үстемдікке ие болып, Алаштан Райымжанды күшпен айырған кезде ол Зайсан қаласына келіп Алашорда комитетін құрып, оған басшылық жасаған. Демек, Ұлан ауданының тумасы болған Райымжан Зайсан-Тарбағатай халқына да танымал болған. Ең алдымен ол өзінің батырлығымен, алғырлығымен көзге түскен. Кейін, Бақты арқылы Қытайға өтіп кеткенде контрреволюцияшыл топ жинап, екі күннің бірінде «қызылдарды шабамын!» деп жүреді екен.  Сол кезде Қытайдағы Қызыр төре Райымжанның осы қызбалығын біліп, елімен ақылдасып: «Осыған арамыздан бір қыз беріп қосалық, балалы-шағалы болған соң, сотқарлығын қояр!» деп керейдің Нұржамал деген қызына қосқан.  Райымжан үйленіп, бала оқытып жүрсе де, өзінің контрреволюцияшыл әрекеттерін қоймағаны жөнінде, Мәлік ағаның қолынан алған деректен де аңғаруға болады. Өзінің іс-әрекеттерін Райымжан жанұясына сездірмеген дейді.  1992-ші жылы «Ақиқат» журналында жарық көрген бұл деректе былай делінген екен:

   «Қытайдағы қазақтың Контр. Рев. Орталығының қызметі туралы»,  Шекараның арғы бетінен түскен материалдардағы мәлімет бойынша, шекараның арғы бетіндегі ұлтшыл қазақ контррев. Орталығының жетекшісі Марсеков өткен жылдың соңғы күндерінде Джанрдан Шара-Сумэ қаласы ауданына келген: жолшыбай Мәрсеков қабықтағы бай Ақыш Шерединовқа тоқтаған. Марсеков кейбір қазақтарға өзінің Алтайдағы маңғол байларымен бірігуді көздейтінін мәлімдеген, Мәрсековтың ізінше-ақ қаңтардың алғашқы күндерінде қабық арқылы үш линиялы винтовкамен 30 адамдық Алаш отряды жүріп өткен. Дам мекенінде отряд Қонысбаев Хасенге тоқтаған. Отряд Алтайға кетіп барады. Сапарлары анықталмаған».ajLkYfK-7vE

   Міне, осы  мәліметтерден  кейін арғы беттегі Райымжан чекистердің нысанасына мықтылап алынған еді.  Анау-мынау қашқын емес, орыстың Савинковы сияқты, Қытайдағы контреволюциялық Орталықтың басшысы болған Райымжанның қазасы туралы әртүрлі нұсқалар айтылады. «Тірідей көмді» дегеннің қайдан айтылғаны жөнінде Мәлік аға, Меркурбанов пен  Интин Қасеннің аузынан естігендерін де маған айтып берді. 1938-ші жылы Сталиннің тапсырмасымен Қытайдағы контрреволюционерлердің бәрі де тұтқынға алынып, жүз шақты адам өлім жазасына кесіледі. Үкімді орындаушылардың көбісі қытай коммунистерінің қатарындағы ұйғырлар екен. Олар қолдары арттарына байланған қазақтарды Саяпіл даласына апарып шеттерінен бауыздап өлтіре бастағанда, Райымжан бой бермей кеткен соң, соны ғана басынан атып құлатқан.  Қазақтарды әкеткенде сатырлатып атылған мылтықтардың дауысы әдеттегідей естілмеген соң,  ел арасында «тірідей көмді» деген лақап тарап кеткен.  Міне, бергі жақта атағынан ат үркіген, қызыл қырандардың өздерінің назарында болған  Райымжанның қазасы жөнінде қызыл қырандар отрядына осындай мәлімет келген екен.

  Бұл нәубеттен қаратайдың Әбдікерім болысының батыр ұлы Шабдан ғана құтылып кеткен еді. Өзіміздің матайлық Әди Шәріпов ағамыз Кеңес дәуірінде Лондонға барғанында осы Шабданды көріпті.  Ағылшын әйеліне үйленген, екі қызы бар екен. «Мен Әбдікерімнің Шабданымын, мен тірімін!» деп айқай салған дейді ақын-жазушы Шекербану Рахметолдақызы өзінің жазған «Есте қалар есімдер» атты кітәбінде.

   Енді бір ақын-жазушы, Қытайдан қайтқан оралман бауырымыз төртуылдық  Иманғазы Нұрахметұлы Қытайда жүрген кездерінде Әбдікерім болыстың екі немересін көрсе, Иманғазының  қайын атасы Райымжанды көрген екен. Райымжан Иманғазының қайын жұрты Есіргептерге «туысымыз» деп келіп жүрген дейді.  Бір терістаңбалы болған соң «туысымыз» деп айтқан болса керек. Райымжанның туған бауыры Шерияздан, терсітаңбалы Жәнібек батырдың ұрпағы Дүсіп қажының қызы Оқа апаны алған еді. Есіргептегі Мейірбаевтардың шешелері Масара апа да осы Жәнібек батырдың ұрпағы болады.   Оқа апа да, Масара апа да Райымжанның замандастары болған соң, осы құдандалықты біліп «туысымыз» деді ме екен, кім білсін.  Кезіндегі Марсек болыстың ұрпақтары, немере інілері, Сатыбалды әулетінің өкілдері қазіргі Қасым Қайсенов кентіндегі мектепке Райымжанның атын беріп, алдына мүсінін қойып өнегелі іс бітірді.  Алаш қайраткері Райымжан Марсекті құрметтеу ілтипаты осымен тоқтамау керек деймін.     

   Терсітаңбалы Ақтанадан Айтқұл, Сатый, Жарылғаптар сияқты, Райымжанның бабасы Сатыбалды да батыр болған. 1771-ші жылы Көкжал Барақ қырғыздың қалың қолының қоршауына түскенде, өздері түгелімен қырылса елге хабар жетпей қалатынын сезіп,  мерген болған соң қуғынға алдыртпас деп Сатый батырды бабамыз қоршаудан шығартып жіберген екен.  «Көкжал Барақ қашқанда қуып па едің?» деген шапырашты Сүйінбайдың елінде бұл оқиғалар айтылып жүреді. Дулаттардың айтқанында Шу өзенінің маңында Көкжал Барақтың екі адамы қоршаудан құтылып кеткен екен. Екінші адамды мен Сатыбалды ма деп жүруші едім. Кейін, Маканшыдағы тума Шыңқожа батырдың ұрпақтарынан екінші адамның осы Шыңқожа болғанын естідім. Алай да, Шыңқожа батыр Іледен өткенде суға ағып кетеді. Сатыйдан суық хабарды естіген сарыжомарттық Танаш батыр мен шанышқылы Бердіқожа батырлар Көкжал Барақ бабамның кегін қайтару үшін қырғызға барғанда, ағайынды Сатыбалды мен Сатый батырлар бабамыздың қазасына себепші болған қырғызға кірме, түбі саяқ-шапырашты Садыр батырдың екі ұлдарын Садырдың көзінше бауыздап тастаған.  Сатый батыр садағымен атып атынан ұшырған Садырды  Бердіқожаның өзі бауыздайды. Танаш батыр жекпе-жекте қатарынан екі қырғыздың батырын өлтіреді. Кейін, әкесін өлтірген Танаш батырды олжаға алынған қырғыздың қызы, батырдың суға түсіп жүрген кезінде садақпен атып өлтіреді. Бердіқожаны сексен қырғыз келіп Аякөз маңында ұстап алып өлтіріп, денесін мүшелеп қарнына тығып ай далада тастап кеткен екен.  Соның үшін ұсталған қырғыздың бір манабының баласын Бердіқожа батырдың төрт әйелі: «қырғызды бізге беріңдер» деп, өз колдарымен пышақтап өлтіреді. «Бердекемнің мінгені қараалаяқ, сұм қырғыз кескілепті аямай-ақ!» деп жоқтау айтады. Міне, жоңғарларды құртқаннан кейін солардан бос қалған жерлерге қазақ-қырғыз таласының бел ортасында терістаңбалы Сатый мен Сатыбалды батырлар да жүрген. Сатый батыр Шығыс Қазақстан жерін жоңғарлардан азат етуде басшылық еткен.  Осы оқиғалар жөнінде жоғарғы Шекербану Рахметолдақызы жеңгеміз Алматыда тарихи роман жазу үстінде. Былтырғы жазда Шекербану жеңгеміз Сатый батырдың ұрпағы Бақытгүл ханымға еріп, Айыртаудың түбіндегі сәуегей үңгірдің қасындағы Сатый батырдың бұлағының басына Қабанбай, Көкжал Барақ, Сатый, Сатыбалды батырлардың кездескен жерін көруге барып қайтты. Жоңғарларды құрту жоспарында Сібеге келіп жоңғарлардың қамалын алғандар Қабанбай батыр, Барақ сұлтан, Көкжал Барақ, тоғас Байбарақ батыр, садыр Майлы батыр, тарақты Байғозы батыр, терістаңбалы Жарылғап, Сатый мен Сатыбалды батырлар еді. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың бастауымен Аблайкит аталатын осы жоңғардың қамалы қайтадан қалпына келтіріліп жатыр. Алай да, бұл батырларды ешкім де есіне алып отырған жоқ. Бұл қамалды Қалдан Серен қиратқан деп адасып жүр. Бұл қамалдың бас жағындағы жартаста менің бабам Көкжал Барақтың жоңғарлармен бәстесіп көтеріп әкеліп қойған тастың тұрғанын да білмейді. Ал енді, жергілікті халық болса, бұл аңызды жатқа айтады. Көкжал Барақ бұл қамалды бұзбаса, бұл аңыз қайдан калған? Иә, рухани жаңғырып жатқанымыздың сиқы осы болар. Бабаларымыз қырып тастаған жоңғарды жаңғыртып жатырмыз. Барақ бабамның енді бір ұрпағы, тарихшы  Советхан Қалиғожин ағамыз өзінің жазған жырында:

                                  «Сарықұл, Атығай мен Сатыбалды,

                                  Жауына жолбарыстай атылады,

                                  Бір жылда жиырма бір жау батырын,

                                  Жайратып жекпе-жекте атын алды».

     - деген екен. Сатыбалдының батыр болғаны Кеңес дәуірінде Райымжанның бабасы болған соң, көп айтылмаған еді.

                                     Қайрат Зарыпхан. Шежіретанушы.

kerey.kz

Related Articles

  • Күлтегін жыры

    Күлтегін Құтлық (Елтеріс) қағанның екінші ұлы, Білге қағанның (Могилян) туған інісі. Шешесі Елбілге қатұн. Жеті жасында әкесі Құтлық (680-692 жж. билік құрған) қайтыс болады. Қаған тағына оның інісі Қапаған (692-716 жж.) отырады. Күлтегін мен Білге, Қапағанның інісі Бөгүні (716ж.) тақтан тайдырып, қағандық билікті Білге қолына (716-734жж.) алады. Тарихи деректерге қарағанда, Күлтегіннің он жасында ер атанып, алғаш көзге түскен соғысы – 694 жылғы Жау жыу және Дин жыу аймақтарында болған соғыс. Қапаған осы соғыста 90 мың тұтқынды қолға түсірген. Міне, осыдан былай Күлтегіннің ерлік жолы басталады. Тарихи деректер сол кездегі ел тәуелсіздігін сақтап қалу жолында болған қырғын соғыстардың бірде-біреуінің Күлтегінсіз өтпегенін аңғартады. Батыр 47 жасқа жетіп, қаза тапқанда, төрткүл дүниеден түгел

  • Уахабизм идеясын таратамын деп, Үрімшіде ұсталып, Пекин түрмесіне түскен Ливандық Шами дамолла

    Sanjar Kerimbay facebook парақшасынан 1924 жылы Ленин өлді. Билік Сталиннің қолына өтті. Осыдан соң біз ғана емес жалпы Совет жұртының ішкені ірің, жегені желім болды. Орта Азия халқы да ГУЛАГ-тарға тоб-тобымен кетіп жатты. Артынша ашаршылық та басталды. Атажұрттан жаппай безу белең алды. Бірақ ел құлағдар болған ақпаратты індетіп жазбаймыз. Бұл жолы мәселеге басқа қырынан келеміз. Ілім ше, ілім? Оның жайы не болды? Елді ұйыстырып ұстап тұратын, кісінің көкірек көзін ашатын, қарапайым пендеден арына ғана құлақ түретін рухани тұлғаны жасап шығатын ілім иелерінің тағдыры не болды? Қазақтың рухани платформасы қалай қирады? Енді сол жайлы тарата кетелік. Құдай қаласа, осылайша рухани жаңғырып та қалуымыз мүмкін. Ал, Тәңірім, өзің жар бола көр! Большевиктер

  • Ғалым Жайлыбай:Сарсүмбе, Қаракөпір

    Осы көпірдің оң босағасына жауыздар Зуқа батырдың басын бірнеше күн іліп қойған деседі   Боздайды ботасы өлген ғасыр – інген, Сен менің алшы түскен асығым ба ең! Сұлтаным ұлтан болған сонау жылы Зуқаның бұл көпірге басын ілген. Бас мұнда… қайда қалған жансыз дене?! айналса опат дей бер нар сүлдеге. Қартайдым қара көпір саған жетіп Алтайдың алқасындай Сарсүмбеде. Сарысүмбе, Сен не дейсің, Қыран өзен? Сауалға жауап таппай жылады өзен. Жасында жазмышымның тамшысы бар – басыңда тұрса қандай мына кезең. Сарғайған сағым күнге санам өкіл, Қайысып қайғы ойламас қала нөпір. Ғаламның ғазауатын сенен көрдім Бабамның басы ілінген, Қаракөпір! Жартасы, жағалауы жасыл орман, Әр тасы өр Алтайдың асыл арман. Ақынның осы өлкеде шерлі

  • ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЖАПОНИЯМЕН БАЙЛАНЫСЫ БОЛҒАН БА?

    “Жапонияда білім алған Қытайлықтар” атты (中国人留学日本史) бұл кітапта 19-20 ғ аралығында Жапонияда әр салада білім алған қытайлық оқушылардың тариxын түгендепті. Жапония қытайдың саяси мәдениеті мен саяси өзгерісіне қозғаушы күш болған бірден бір ықпалды мемлекет екенін бүгінгі қытай билігі ашып жарып айтпаса да Қазақстандық төл қытайтанушылар айтабілуі тиіс деп есептеймін. Цин үкіметін аударып билікке демократиялық қытай элитасының келуіне Жапондардың тіке ықпалы бар. Жапон-қытай қырғиқабақтығы себебінен екі ел арасындағы тариxи саяси ықпалдастық туралы бүгінгі көменес қытай билігі (共产党) көбінше жумған аузын ашпайды. Осмынлы үкіметі үшін Францсиядан білім алғандар қаншалық ықпалды болса, Цин мемлекеті үшін де Жапониядан білім алған қытайлықтар да әне сондай ықпалды болған. Цин-Жапон соғысынан (1894-1895 жж) кейін Жапония қытайдың терістік-шығыс

  • Бұл датада кие де, қасиет те жоқ.

    100 жыл бұрын Еуропадағы классикалық марксшіл социализмнен ауытқып, лениншіл большевизм мен жаппай террор жолына түскен бір топ экстремист Бірінші дүниежүзілік соғыстың салмағы мен кедейліктің зарынан қажыған Ресей империясында әлеуметтік жеккөрушілікті әбден қоздатты. Ат үстіндегі көшпендісі модернизация, ауылшаруашылығына тәуелдісі индустриализация көшіне ілесе алмай алқынған қоғамдағы аш-жалаңаш ашулы тобырды мал біткен дәулетті адамдарға, жер иеленушілер мен өнеркәсіп қожайындарына айдап салды. Жекеменшік мүлікті еңбексіз тартып алу ерлікке, іскер топты істікке шаншып өлтіру ұлағатты іске, еркін ойлы адамды ессіз, я тыңшы деп жариялау нормаға айналды. Еуразияда дүние төңкеріліп түсті. 1991 жылдан бері есін жинағысы келіп қайта ырғалып жатыр. Әлі орнына келер емес. Бұл датада кие де, қасиет те жоқ. Адамзат тарихында оқтын-оқтын пайда болатын

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: