Бұл датада кие де, қасиет те жоқ.
100 жыл бұрын Еуропадағы классикалық марксшіл социализмнен ауытқып, лениншіл большевизм мен жаппай террор жолына түскен бір топ экстремист Бірінші дүниежүзілік соғыстың салмағы мен кедейліктің зарынан қажыған Ресей империясында әлеуметтік жеккөрушілікті әбден қоздатты. Ат үстіндегі көшпендісі модернизация, ауылшаруашылығына тәуелдісі индустриализация көшіне ілесе алмай алқынған қоғамдағы аш-жалаңаш ашулы тобырды мал біткен дәулетті адамдарға, жер иеленушілер мен өнеркәсіп қожайындарына айдап салды. Жекеменшік мүлікті еңбексіз тартып алу ерлікке, іскер топты істікке шаншып өлтіру ұлағатты іске, еркін ойлы адамды ессіз, я тыңшы деп жариялау нормаға айналды. Еуразияда дүние төңкеріліп түсті. 1991 жылдан бері есін жинағысы келіп қайта ырғалып жатыр. Әлі орнына келер емес. Бұл датада кие де, қасиет те жоқ. Адамзат тарихында оқтын-оқтын пайда болатын қан тілеуші, диктатура дәметуші қаскөй, қатыгез көп режимнің бірін еске салып тұрады. Бар болғаны – осы.
Ғалым БОҚАШтың facebook парақшасынан алынды
Пікір қалдыру