Кония – Түркияның Түркістаны Кония қаласында тропикалық көбелектер бағы бар. Қыстың кезінде іші +30°С болып тұрады. Үш мыңнан аса көбелек түрі бар. Жылына 400 мың саяхатшы келетін орталық, шынымен де ғажап. Айнала толы түрлі-түсті, үлкенді-кішілі көбелектер. Бұл табиғаттың ғажап сыйын қолмен жасалған әйнек ғимараттың ішіне жинап, оған жайлы орта жасау, кім-кімнің ойына келе бермес дүние. Көбелектер бір аптадан, бір жылға дейін өмір сүреді. Айтпағымыз, әрине бұл емес. Тәжтажал өршіп тұрса да #SafeTourismTurkey деп ұрандатып, сол айтқандарын шын мәнінде көрсетіп жатыр. Барлық жеке қолданатын заттарды пакетпен қаптаған. Ас ішетін қасық пен нанға дейін. Дені сау адам бұл елге қорықпай-ақ демалуға келсе болады. Желтоқсанның 13-21 аралығында әлемнің түрлі мемлекеттерінен 30-дан БАҚ құралының
Пікір қалдыру